Сабақ болуы тиіс өткен өмірдің ащы-тұщысын дәл елестете аламыз ба? Міне, осынау сұраққа жауап



жүктеу 334.6 Kb.
Pdf просмотр
Дата15.09.2017
өлшемі334.6 Kb.

Тарих тасасындағы іздер 

 

Егемендік,  еркіндік  байсал  тауып,  тәуелсіздіктің  орайлы  болуы 



тарихымызды  пайымдауға  жол  ашты.  Ойсызға  да  сабақ  болуы  тиіс  өткен 

өмірдің ащы-тұщысын дәл елестете аламыз ба? Міне, осынау сұраққа жауап 

іздеу  –  тірінің  парызы,  аруақ  алдындағы  қарызы.  Сондықтан,  ғасырлардың 

қойнауынан  тірлік  төркінін  іздеуді  ойлап,  барыс-келісіміз  жарасқан,  бір 

кездегі  Қазақ  елінің  алғашқы  астанасы  болған  Орынбордан  өткен  тарихтың 

баршасына  зейін  қойып,  біраз  оқиғаның  басын  ашып,  көп  жайды  түсінуге 

болады.  Елікпей-желікпей  шындыққа  көз  жеткізесің.  Басараздықты  да, 

өштікті  де,  қастықты  да,  қулық-сұмдықты  да,  үстемдіктің  езгісін,  отарлық 

дүлей  күштің  екпінін  аңғаратын  түрлі  құжаттар  архивтерде  сақталған.  Бас 

көтертпей баспалаған басқыншылықтың құйтырқы қимылының шындығына 

да  көз  жеткізгендей  боласың.  «Түйесі  жоғалмағанның  бәрі  есті»  дегендей, 

езіліп-жаншылып, үстемдіктің төзгісіз қорлығын көрсе де, жоғын жоқтауды, 

қақын  қайтаруды  талап  ету,  небір  зұлымдықтан  қорғауды  қара  халық 

билеушіден  күтеді.  «Сыр  бойындағы  Карпиннің  120  түйесін  Бұқара  байы 

ұрлаттырып  алады...  Әскери  комиссариат  іздеу  салады»  (ф.6.  оп.10).  Бұл 

қолымызға  түскен  бірінші  папкідегі  оқиға  еді.  Ел  арасы  ашылып, 

барымтаның  басынуы,  әлсізді  әлдінің  тонап-талап  алуына,  зорлық-

зомбылыққа  әскерилер  басалқы  ақыл  айтып  бітістірумен  тынса  ғой.  Жоқ, 

қарудың  күшіне  жүгініп,  талай  адамның  өмірі  қиылып  тынады.  «Казактан 

жолдасың болса,  жаныңда  айбалта  жүрсін»  деп  сақтандырған  қатыгез  кезең 

еді. 

Әбілқайыр  1732  жылы  (ф.6.  оп.7.)  Орынборға  келіп,  Ресеймен  одақ 



боламыз деп сөз байласқасын заң жүзінде халқының өмірі, байлығы, тірлігі, 

құқы  қорғалуын  екіжақты  шешуді  мақсат  еткен.  Армияның  заң  жүзіндегі 

бағыт-бағдары екі елдің мүддесіне сай болуын заңдасты-ру шаруасы екен. ІІ 

Екатеринаның Орынбордағы басшы Ренсдаржуға жазған хатында:  «Қырғыз-

қайсақтармен  тіл  табыс,  кінәсына  қарай  жазалауды  түсіністікпен  жүргіз!»  – 

дегені де бар екен. Үстемдік оны ескере бере ме? 

Айта  кетелік,  Ресейдің  архив  мекемелері  94  853  мекемелермен 

байланыс жасайды, оның 19 911 мекемесі мемлекеттік емес, жыл сайын 632 

945 іс қағазы, түрлі құжаттар сақтауға өткізіледі. Ал архивтерде 5 миллион іс 

тұрақты  сақталады.  Қызметкерлері  ұлан-байтақ  жерді  мекендеген 

халықтардың  тағдырын  баяндайтын  деректерге  мән  беріп,  көздің 

қарашығындай  сақтауға  бастығып  алған.  Отар  елдерді  басқару,  олардың 

шаруасына  араласу  қақындағы  белгілі  бір  құжаттарда,  яғни  Орынбордың 

генерал-майоры Бахметовтың төмендегіше рапортында:  

«1798 жылы Кіші жүз ханы Айшуақтың жиналысқа келуін, оның аман-

есен  жүріп-тұруын  бақылау  қамтамасыз  етілді.  Сол  сықылды  31  октябрьде 

өтетін  сұлтандардың  басқосу  жиналысына  қатысатындардың  өмірі  қауіпсіз 

болуына  түрлі  шаралар  қолданылды  (ф.6.  оп.13.  71  іс)...»  делінген.  Әрине, 

отарлық  үстемдік  егесу,  таласусыз-ақ  билік  жұмысында  бәсеңдік  танытпаса 

да, түрлі бейбастақтықтан сақтануы хақ. Бейқам көңілдің де, бейпіл сөздің де 



сұрауы болатынын аңғарудың тетігі де белгілі. Мысалы, жоғарыдағы түйені 

ұрлап  барымталауды  заңдылықпен  шешуде  отарлық  үстемдік  екі  елдің 

немесе рулардың тартысынан да өз пайдасын шығарады. Езіп-жаншу тәсілін 

пайдаланды.  Ал  түрлі  шаруаны  басқаруға  да  өздеріне  жағымды  адамдарды 

ғана  тағайындады.  Оны  «Тургайская  газетаны»  оқып  отырып  байқағандай 

боласың.  Газеттің  58-санында  губерния  секретарьлары  Бубенов  пен 

Тұяқовтың  қол  қоюымен  орман  шаруашылығын  басқаруға  Исақовты 

тағайындаса,  «Красный  крест»  мекемесін  басқаруға  Ардашевті  бекітеді. 

Газетте Ресей мен Қазақ елінің сауда қатынасы хақында да көптеген деректер 

орын  алған.  Ежелден  қоңсы  қонған  көрші  елдің  өсіп-өркендеуі,  ықылым 

тірлігі  сауда  байланысына  қатысты  болса,  оған  газет  белсенділік  танытады. 

Жөнсіз  билеп-төстеуден  гөрі  емін-еркін  сауда  қатынасының  жөні  бөлек 

десек,  газеттің  1895  жылғы  62-санындағы  мақалаларда  25  августтен  бастап 

25  сентябрьге  дейін  Темір  қаласында  жәрмеңке  басталып,  қала  табысына  1 

миллион  рубль  кіріс  кіргені  айтылса,  оған  Орск,  Орынбор  қалаларынан 

жәрмеңкеге  адамдардың  көптеп  келуі,  оларға  125  сауда  нүктесі  қызмет 

еткенін  тілге  тиек  етеді.  Бұл  әрбір  ұлт  адамдарының  көрші  елдік  қарым-

қатынасының дәнекері деп түйіндейді. Газет дерегінде айтылғандай, барлық 

жерде  статистикалық  комитеттер  құрылып,  негізгі  мақсаты  белгіленіп 

экономикалық және әлеуметтік, мәдени жағ-дайларға байланысты жергілікті 

жерлерде  есеп  жүргізіле  бастайды.  Бұл  қазақтың  тұрмыс-тіршілігін,  салт-

санасын,  өнерін,  қолөнер  шеберлерінің  еңбегін  басқа  ұлттарға  насихаттауға 

мүмкіндік берген. Осы мақсатта Торғай облысында да комитет құрылып, оны 

вице-губнернатор В.В. Бельгардтың өзі басқарып, ерекше істер жөніндегі аға 

чиновник  Дербісәлі  Беркімбаев  және  Мырзағұл  Шыманов,  С.  Асауов,  С. 

Нұрмағамбетовтер қазақ халқының тірлігін жан-жақты көрсетуді қолға алып, 

1896 жылы Нижний Новгородта өтетін өндіріс көрмесіне қазақ жерінде өсіп-

өнетін 72 түрлі жануарлардың тірідей көнектелген терілерін, одан жасалатын 

түрлі  өнімдерді  көрмеге  жеткізеді.  Сөйтіп,  қазақ  халқының  қолөнері, 

зергерлік  түрлі  бұйымдары,  мәдени  саладағы  толып  жатқан  жетістіктері, 

спорт,  ат  бәйгесі,  күрес  сықылды  үлкен  шеберліктері  бүкіл  ресейліктердің 

марапатына  ие  болады  (Торғай  облыстық  статистикалық  есеп,  1896  ж.  – 



Оренбург, 1898. – 7-19-б.). Содан-ақ, Дербісәлі Беркімбаев Торғай облыстық 

статистикалық  комитетінің  мүшесі  болып  тағайындалыпты.  Торғай 

облысына  қатысты  қандай  дерек,  құжаттарды  қарасаңыз,  біразында 

Дербісәлінің  заманында  тарихи  тұлға  екеніне  шәк  келтірмейсіз.  Патшалық 

Ресей  әкімшілігі  оны  ұлтын  қорғай  білетін  ақылды,  шешімді,  айлалы,  аз 

сөйлеп,  өзінің  құнды  пікірін  жүзеге  асыра  білетін,  халықтың  рухани 

қазынасын  өзгелерге  бағалата  алатын  биіктен  көрсетеді.  Ол  1896  жылы  ІІ 

Николайға императорлық тәж кигізу ресми салтанатына, сондай-ақ бұрынғы 

император  ІІ  Александрге  арналған  ескерткішті  ашу  салтанатына  қатысқан 

екен. Мұны біреулер құлдық ұрушы деп бағалауы да мүмкін, екінші маңызды 

мағынасы қазақ ұлтын басқа халықтармен тең дәрежеде сыйлау десе де артық 

болмас  еді.  Елінің  басшысын  сыйласа,  халқына  көрсеткен  құрметі  емес  пе! 

Мәселен,  «Тургайская  газетінің»  1896  жылғы  4  мамыр  күнгі  74-санында 


Торғай  губерниясынан  Дербісәлі  Беркімбаев  пен  Сейіт  Нұрмұхамбетов 

императордың  құрметті  қабылдауында  болғаны,  ағайын-туыстарымен  бірге 

театрға  барып,  Петров  сарайында  қонағасы  берілгені,  сол  кездесулерде 

Дербісәлі  императорға  күмістен  құйып  жасалған  түйе  скульптурасын 

сыйлағаны  жазылған.  Кездесуде  қазақтың  зергерлік  өнерінің  әлемде  жоқ 

үлгісі барлығын айтқан. Император бұған аса ықылас танытқанын мақаладан 

оқуға болады. 

Тағы бір мысал, 1896 жылы қазақ делегациясының құрамында 12 адам 

болса,  соның  бір-екеуі  –  Торғай  облысы  әскери  губернаторы  жанындағы 

ерекше тапсырмаларды атқарушы аға чиновник Дербісәлі Беркімбаев, Торғай 

уезі  Тосын  болыстығының  болыстық  басқарушысы  Дәуренбек  Бірімжанов 

екен (Тургайская иллюстрированная газета. №27, 29 маусым, 1896 ж.). 1876 

жылы  «Ресей  империясының  құрметті  дворяны»  деген  атағын  алған 

Дербіләлі  Беркімбаев  Географиялық  қоғамның  Орынборлық  бөлімшесіне 

және Орынбор Мұрағаттық Алқасына толық мүше болып сайланыпты (Труды 

Оренбургской Ученой Архивной Комиссии. Выпуск 1. – Оренбург, 1896. – С.7). 

Айта  кетелік,  «құрметті  дворяны»  деудің  мағынасы  «Патша  сарайының 

сенімдісі» дегенге саяды. Демек, Дербісәлі заманында қазақ ұлтының жоғын 

жоқтаушылардың, 

өзге 

ұлттарға 



жақсылығын 

танытып 


насихаттаушыларының  бірі  болып,  халқымыздың  терең  тамырлы  тарихын, 

асыл қасиеттерін, ұлылығын өзге ұлттармен тең танытуды қажет деп тауып, 

болашаққа  болжам  жасап,  таптық  қайшылықтан  сақтандырушылардың 

қатарында аталады. Қазақ жаратылыстағы шын болмысынан кеммін деп айта 

алмайтынын  үстемдікке  жеткізе  білген.  Отарлық  озбыр,  басқыншылық 

саясаты  бойынша  «бөліп  ал  да  билей  бер,  әлсізді  нанша  илей  бер»  деген 

қаскөй  пиғылын  сабырға  шақырып,  көрші  хақы  татулық  екенін  Ресей 

патшалығына  айта  білген  оны  ақыл  иесі  деп  тануға  әбден  болады.  Оған 

мұрағаттарда сақталған құжаттар мен деректер айқын дәлел. 

 

* * * 



 

Бәрібір күшті күштілігін танытпай тұрмайды. Қазақта «Көп қорқытады, 

терең батырады» деген сөз қалған. Бағыну борышым деп түсінетін босаң бар, 

ашаңға  айдаса,  қуаңға  қашатындай  ақылы  кем  басшыға  ерген  ауыл-аймақ 

бар.  Бөгденің  сойылын  соғып,  өз  туысын  бөтенсінетін  ақылсыз  бар.  Дігір 

салған  дүлей  күшке  қарсы  тұра  алмай,  дыраусығанның  ашса  алақанында, 

жұмса жұдырығында кететіндік – қоғамның дімкастігі. Ойлыда мақсат бар – 

жеткізе  алмайды,  ақылын  көпке  өткізе  алмайды,  көңілі  талпынады  – 

дәрменсіз,  діттегенге  жету  жолы  тар.  Үстемдік  иесі  жөнсіз  діңкілдесе  әлсіз 

жым  болады.  Отарлық  езгінің  есалаң  ететінін  тарихтан  діңкең  құрып 

түсінесің. 1889 жылы Ахмет Кенесариннің қанын сорғалатып, отаршыл Ресей 

саясатын  әшкерелеп  жазған  «Сұлтан  Кенесары  және  Сыздық»  шығармасы 

Ташкент қаласынан басылып шығып, жұртқа тараған екен. Оған қарап егесіп 

еркіндігін ала алар ма? Езілу мен езушіні түсінсе де дүлей күш беттете қояр 



ма?  Дегенмен,  езушіні  сәл  де  болса  жібітетін  кез  туатыны  сықылды 

болатыны тағы бар. 

«Дала уәлаяты газетінің» 1891 жылғы санындағы 18-құжатта Торғайда 

қыз  балаларды  оқытатын  мектеп  ашылып,  онда  біраз  жастар  білім  алғаны 

туралы  жазылған.  Ал  1859  жылы  Оралда  Шалмұрат  Құлыбеков  орыс-қазақ 

мектебін ашады. Мектепті ұстауға 300 рубль күміс есебімен қаржы бөлінген. 

Мектепті  ашуға,  қажетті  оқу  құралдарын  жабдықтаудың  жай-жапсарына 

көмектесуге  Ыбырай  Алтынсарин  Орынбордан  арнайы  өкіл  етіп  жіберіледі 

(ф.6.  оп.10).  Ыбырайдың  талап  етуімен  осындай  мектеп  Ақтөбе,  Орск 

қалаларында да  сол  жылдары  шаңырақ  көтеріп,  қазақ  жастарына білім бере 

бастайды.  Әрине,  мұндай  жебеу  жайдан-жай  емес,  ұлт  ойшылдарының 

орынды  талаптары,  ұсыныс-пікірлері  екені  даусыз  еді.  Әйтпесе,  езуші 

оңайлықпен  жәрдем  беріп  көркейте  қояйын  дейді  дейсің  бе?  Қанша  ғасыр 

өтсе  де  халқына  сіңірген  еңбегі  тарих  бетінен  еш  ұмытылмайтын  адамдар 

болады. Қазақ даласында Ыбырай жаққан шырақтың куәсіндей болып, 1841-

1869 жылдарда қаншама мектептер ашылып, көптеген жастар білім алды. Бір 

ғана  Орск  уезінде  1913  жылы  62  мектепте  90  мұғалім  дәріс  оқыса,  16  оқу 

орны  қазақ,  орыс  жастарын  ғылымға  баулыған.  1887  жылы  3015  адам 

сауатты болса, 1897 жылы мектептен білім алғандар саны 14 016 екен, 1910 

жылы  21  803  адам  білімді  маман  атанған.  Бұл  –  Орынбор  губерниясы 

халқының  20-44  пайызына  тең.  Ал  Орскіде  Ыбырай  ашқан  мектептерді 

бітіріп  білім  алғандар  саны,  яғни  халқының  сауаттылығы  26-24  пайызға 

жеткен. Орск халқының саны 1861 жылы 1800 адам болса, 1917 жылы 18 230 

адамға  көбейген.  Заманының  ойшылы  В.И.  Даль  1801-1872  жылдары  Орск, 

Орынбор қалаларын мекен етіп, сол жерде жұмыс істеген. Орскіні айтқанда 

Әбілқайыр  хан  еске  түсе-ді.  Қазақ  елі  мен  Ресейге  ортақ  әскери  бекініс 

салуды қол-ға алған Әбілқайыр болды. Өлкелік музейде сарматтар-дың қару-

жарағы,  түрлі  бұйымдар,  мамонт  сүйегі,  тас  дәуіріндегі  адам  бейнесі, 

домбыра, ыдыс-аяқ, қола айна, Әбілқайыр хан бейнесі, толып жатқан жиһаз-

мүлік, қазақ ұлтына қатысты жәдігерлер жетерлік. Әбілқайырдың ұрпақтары, 

немере-шөберелері де осы өңірді мекен еткен. Нұралы ханның әйелі Орын – 

Сырым  батырдың  қарындасы,  Жалтыр  сұлтанның  шешесі  екенін 

айғақтайтын дерек Орынбор мұрағатының қорында сақтаулы (ф.5. оп.1, 59 іс, 

192-б.).  Сол  Орын  туыс-ту-ғандығын  пайдаланып,  Сырым  мен  Есім 

Нұралыны татуластыруға әрекет еткен. Бірақ, Сырым алған беттен қайтпай, 

ақырында  сарбаздар  Есім  ханды  өлтіріп  тынған.  Жазушы,  зерттеуші,  орыс 

ғалымы Левшиннің жазбасында айтылғандай, Нұралы ханның 16 әйелінен 40 

ұл,  35  қызы  болған  екен.  Солардан  тараған  ұрпақ  әлі  күнге  Орск  өңірін 

мекендеп отыр. 

 

* * * 



 

Отарлық езгі жетесінде ақылы барды да, жетесінде саңылау жоқты да 

жеміріп,  мысын  құртпайынша  тынбаған.  Мына  бір  папкідегі  деректе  тама 

Жабалов, Кенізбаев және Үкібаевтар малына атақонысы жайылымдық жерін 



бермей,  барымташыдан  зәбір  көріп  отырғанын  генерал-губернатордан 

өтінген.  1864  жылғы  21  қазан  күнгі  №6129  шағым  қағазы  бойынша  дұрыс 

шешім қабылдау керек деп шешкен екен (ф.6. оп.6). Осы папкіде 1862 жылы 

Түркістан  мен  Бұқарадағы  казак  әскери  құрамының  бестен  бірі  қысқарып, 

қаржылық  қиындықтың  шеті  көрінгенін  байқатады.  Дегенмен,  Орынбор 

облысы  бо-йынша  43  пұт  алтын  өндіріліп,  жекешеден  84  пұт  алтын 

жиналғанын, сонымен қатар Қаратау, Донск кен орындарының жұмыстарын 

баяндайтын  деректер  бар.  Бірақ  осынша  байлықтың  жол-жөнекей 

кедергілерге  ұшырағаны  да  айтылады.  Езуші  күйзеле  бастаса  езілушінің 

іргеге тақалып, шыр жұқпайтын арып-ашуға тап болары тағы да белгілі. Оған 

дәлел  ретінде  Орынбор,  Орск  қалаларының  инженерлік  құрылысын  ұстауға 

жылына 16 932 рубль, қазыналық үйді ұстауға 4434 рубль қаралып, жаңадан 

құрылыс салуға мүмкіндік жоқтығы құжатқа жазылған екен. Ал 368-папкіде 

Жиембет  тана  Байтеміров  Жайық  жағасындағы  атақонысын  қайтарып 

алудың дауы шешілмей отырғанын әкімшіліктен сұрапты. Мұндай жер дауы 

кейбір  құжаттарда  кездесіп  қалады.  Бұдан  Ресей  патшалығының  басты 

мақсаты – қазақтардың мекендеген жерінен аластатуға, күшпен тартып алуға 

ба-ғытталған  әрекетіне  наразылық  байқалады.  Сондай-ақ,  ІІ  Екатерина 

патшалық  құрған  кезеңде  Кіші  жүздің  ноғай  тобы  Волга,  Астрахань 

хандығын  құрып,  1552  жылы  Ресейдің  қол  астына  кіргендігі  туралы  дерек 

бар (ф.6. оп.6.). Ал сенат заңдарының толық жинағының 574-бетін-де 14 682 

қалмақтың  Ресейдің  қарауындағы  халық  есебіне  кіргені  жазылған.  Осы  заң 

құрастырмасының  толық  жинағының  257-бетінде:  «...Қалмақтар  Ақтөбе 

аймағын  игерумен  айналыссын.  Екіншіден,  қалмақ  полкі,  полк  командирі, 

шені  барлар,  Астрахань  және  Оралдағы  казактардың  әскери  армиясы,  оның 

басқарушысы 

генерал-фельдмаршал 

Графа 


Паскевич-Эриванскийге 

бағынатын болсын», – деген жолдар бар. Мүның өзінен қа-зақтың кең-байтақ 

жерін  отарлауды  әскери  күшпен  де  иліктіріп  алудың  жөн-жосығы,  айқын 

бағыты көрініп тұр. Отарлаудың жоспарлы бағыты 1863 жылы Орынбордан 

бастау  алып,  Созақ,  Түркістанмен  сауда  қарым-қатынасын  жөн-жобалап, 

Түркістанға  5  рота,  оның  екеуі  казактардан  жасақталған,  16  артиллерия 

жіберілген.  Ал  Хиуа  хандығы  мен  Бұқара  қалаларында  да  сауда  қатынасын 

себеп  қылып,  казактар  қару-жарағымен  келіп  орналаса  бастаған.  Бұл 

деректер  де  отарлау  саясаты  өз  қанатын  кеңге  жайғанын  дәлелдейді  (ф.  6. 

оп.6).  Оны  азсынсаңыз,  мынаған  назар  аударыңыз:  1756  жылғы  патша 

жарлығы  бойынша қазақтарға  Жайық бойында  қыстауға  ты-йым салынғаны 

турасында  «ХV-ХVIII  ғғ.  қазақ-орыс  қатынасы»  атты  папкінің  337-бетінде 

тайға  таңба  бас-қандай  жазылған.  Осы  папкідегі  Орынбор  губернаторы  И. 

Неплюевтің хатындағы: «...Сұлтан Барақты Орынборға шақырып байлардың 

қатарын көбейтуге, оған сенім грамотасын тапсырып, бағалы сыйлық беріп, 

үлкен  үміт  артамын»,  –  деген  жазба  пікірге  сүйенсек,  Әбілқайыр  ханды 

өлтіртуге  Неплюевтің  қатысы  бары  аңғарылып  тұрғандай.  Сол  құпия 

қимылды  Әбілқайыр  сезді  ме,  Орск  бекінісінен  кейін  Орынборға  соқпай, 

Неплюевпен кездеспей кеткенін де жазған. «На обратном пути встретились с 

Бараком, дрались немало... у Барака люди было больше, но Абульхайыр хан 



остался  убит  до  смерти»  (Казахско-русское  отношение  в  ХVI-ХVIII  веках.  – 

с.398).  Орыс-қалмақ  қатынасына  қатысты  жазба  деректің  147-бетінде 

Әбілқайыр  ханның  1747-1748  жылдары  ұлы  Ералымен  Торғай  өңірінде 

қыстайтынын  айта  кетейік.  Торғай  аймағы  ханға  жайлы  болғанға  ұқсайды. 

Балаларын баулып Торғайды мекендеуге үйреткен сыңайлы. Сол арқылы үш 

жүздің татулығын қалыптастырғысы келді ме, әйтеуір ханның бір жүйелі ойы 

болған-ау дейсің. П.С. Преображенскаяның жазбасына сенсек, Қаратау өңірін 

жайлаған арғындар «ақтабан шұбырынды» тұсында Торғай өңірінен қолайлы 

қоныс тапқан. 



 

* * * 

 

Екі жүз жыл бойы қазақтармен соғысқан қалмақтар қалай жан сақтады 



деп біреулер айтады. Оны дәлелсіз дей алмаймыз. Дәмдеспіз, жерлеспіз деп 

отырып себепсізден-себепсіз қан төксе, «таспен ұрғанды аспен ұр» деп қалай 

бітуажаға  шақыра  аласың?!  Дау-жанжалға  үйір  қып,  мекендеген  жерді 

қайткен  күнде  тартып  алуға  тырысса,  қалмақтарды  мұздай  қаруландырып, 

ішіндіріп-киіндіріп,  патша  озбырлары  айдап  салып,  қырғын  салып  отырса 

соғыс  болмай  қайтеді?!  Қалмақтардан  тұтас  армия  құрып,  оларды  әскери 

тәртіпке  баулып,  баскесерлерін  даралап  дайындап,  далиып  жатқан  қазақ 

даласын  еншіле  десе,  жұлдызы  оңынан  туатындай  елірмей  ме.  1848  жылы 

Астрахань  қаласында  қалмақтың  ер  балаларын  дайындайтын  училище 

ашылып,  онда  білім  берумен  қатар,  әскери  тәртіпті  үйрету  болғанын  түрлі 

құжаттардан  көріп-біліп  отырмыз.  Патшалықтың  озбырлығы  ұсақ  ұлттарды 

бір-біріне айдап салып, қырып, әлсіретіп ұпайын түгендеп отырған. Ресейдің 

әлемдік беделі жерін кеңейтумен байла-нысты деген қағида құпия сақталған 

екен. 


 

* * * 


 

Бытыраған  мал  –  бөрінің  жемі,  ауызбірлігі  кеткен  ел  ажалдың  жемі 

болатындай, ұлт бірлігін сақтап, жұдырықтай жұмылуға үн тастаған «Қазақ» 

газетінің  78-санында,  жалғасы  79-санында  жарияланған  «Россиядағы 

ұйымшылдық»  атты  мақала  1914  жылы  Ресейдің  үстемдік  иелерін  біраз 

абыржытса  керек.  Пәленің  шетін  басса  ортасы  былқылдап  жататындай, 

«мұнда  отаршыл  саясатқа  халық  қарсы  тұрсын  деген  пікір  бар»  деп  газет 

редакторы  Ахмет  Байтұрсыновқа  екі  жыл  мерзімге  жер  аудару  үкімін 

шығарады. Сондай-ақ, 1914 жылғы 91-санындағы газет бетінде жарық көрген 

«Бұл  қалай?»  деген  мақала  үшін  Ахметке  екі  ай  түрмеде  отыру  үкімін 

шығарылады.  Міне,  отарлық  езгінің  былжырап  батпаққа  батып  бара 

жатқандағы жанталасы осындай. 

Қазақ  ұлылары  не  үшін  арпалысып,  басын  бәйгеге  тікті  дейсің?  Олар 

езгіден  құтылудың  айқын  жолы  білімде  деп  ұқты.  Білімді  адам  ғана 

өзімсінген,  танауын  көкке  көтер-ген  дүлейдің  алдында  жөнсіз  бәйек  бола 

алмайтынын  ұғынды,  ұлтына  солай  түсіндірді.  «1884  жылы  Торғай  облысы 



бойынша Қазан қаласындағы жоғарғы оқу орындарына 6422 жас оқуға түссе, 

Торғайда екі кластық 2 училище және бір кластық 11 орыс-қырғыз училищесі 

білім  беруде,  онда  оқушылар  саны  –  600»,  –  деп  жазады  «Дала  уәлаяты 

газеті» және «Известия общества Археологии, Истории и Этнографии» (т. 18, 

вып.  6.  с.  556).  Бұл  құжаттар  мен  деректер  Ыбырай  Алтынсариннің  ұлтына 

сіңірген  орасан  мол  қызметін  дәлелдейді.  Өсіп  келе  жатқан  ұрпақ  бірін-бірі 

баулып,  бірін-бірі  оқуға  тартқан  үлкен  үрдіске  айналған.  Қазан 

университетінде  оқыған  (1895-1899)  бидің  ұлы  М.  Жасмағамбетов, 

сұлтанның  ұлы  К.  Арынғазиев  және  1900-1903  жылдары  Қазанның 

мұғалімдік  семинариясын  бітірген  И.  Қарабаев,  М.  Қарабаев,  А.  Көгербаев, 

Ю.  Ниязғалиев,  М.  Тунганшин,  М.  Сатбаев  –  барлығы  Торғай  облысынан 

білім  алып  шыққан  10  маманның  ал-тауы  сұлтан  ұрпағы  екен 



(Интеллигенция.  Власть.  Народ.  с.  276-277).  Осылардың  қай-қайсысы  да 

туған  жеріне,  еліне,  қазақ  ұлтына  заманында  қызмет  етті.  Мысалы, 

«Алашорда» ұлыларының қатарында Қазаннан білім алған С. Аманжолов, А. 

Бірімжанов,  Б.  Маметов,  В.  Таначев,  М.  Бекімов,  М.  Боштаев,  И. 

Қашқынбаев,  С.  Нұралыхановтар  Халық  Советінің  кандидаттары  болса, 

олардың  құрамында  А.  Алдияров,  А.  Иманбаев,  Г.  Ибрагимов,  И. 

Тұқберлинов,  Б.  Жанқадамов,  Г.  Бердиев,  Т.  Есенқұлов,  С.  Әжігереев,  Р. 

Мәрсеков,  С.  Мангелдин  сықылды  жастар  «Алашорда»  жұмысына  үлес 

қосқан  екен  («Жизнь  национальности».  27.  02.09.1920).  Ал  Торғай  облысы 

бойынша  білім  дамып,  ұлт  зиялыларының  саны  артқанын  мына  деректен 

көруге болады: «Тургайский областной съезд казахов (2-8 апреля 1917 года) 

высказался  за  демократическую,  парламентскую  и  децентрализованную 

Республику» (Мартыненко А. «Алаш-Орда». – Сб. документов, с. 27). 

 

* * * 



 

Арып-ашқан  әлсіз  елге  не  түрлі  індет  үйір  болып  жұтатып  тастайды. 

Ондайды  басынан  талай  кешірген  қазақ:  «Жұт  жеті  ағайынды,  олақтықпен 

сегіз, салақтықпен тоғыз», – деп сақтандырған. Қанша қорғанып сақтанса да, 

шалғыдай  орып  түсетін  оба,  тырысқақ,  күйдіргі,  түйнеме,  шешек,  жегі,  соз 

сықылды  жұқпалы  аурулар  1870-1880  жылдары  малды  да,  адамдарды  да 

жалмап  кеткен.  Қазақ  даласында  миллиондаған  мал  қырылып  қалған.  Жегі, 

соз,  сифилис,  алапес  ауруына  шалдыққан  адамдар-ды  ертеде  халық 

«Барсакелмес»  аралына  апарып  тастаса,  Ресей  патшалығында  жұқпалы 

аурумен  күресу  мақсатын-да  арнайы  комитеттер  құрылып,  жұмыс  істеген. 

1891  жылы  Орал,  Торғай,  Ақмола  облыстарында  29  малдәрігер-лік  пункт 

құрылып, 80 мал дәрігері және адам дәрігер-лері қызмет істеген (Коропов В. 

История ветеринарии в СССР. – Москва, 1954 г.). Осы кезде Якут елінде ала-

пес  ауруы  шығып,  халықты  емдеуге  торғайлық  ірі  ға-лым  Мұқамбетжан 

Қарабаев  барып  қызмет  істеп,  елге  оралғасын  Жанкелдин  отрядында,  одан 

соң  Бурабай  курортында  дәрігер  болып  ұзақ  жыл  қызмет  еткен.  Ал  Қазан 

қаласындағы  малдәрігерлік  институтының  түлегі,  1877  жылы  оқуға  түсіп 

білім  алған  М.  Ақтанов  Торғай  облысының  тумасы  екен.  Сондай-ақ  1881-



1887  жылдары  15  студент  малдәрігерлік  мамандығын  алып  шығады.  Атап 

айтқанда,  Н.  Рүстембеков,  Ф.  Имамбаев,  У.  Базанов,  Т.  Есенқұлов,  К. 

Сермұхамедов  сықылды  би-сұлтандардың  ұрпағы  екен  (69  ЦГА  РТ,  ф.  534. 

оп. 3. л.д. №2191, с. 4). Ғылым да, білім де қазақ даласына осылай аз-аздап 

жетіп  жатты.  Байлықтың  бағыты  білімге  ауа  бастады.  Отарлық  езгіге 

жаншылған  ел  озбырдың  табанын  жалаудан  білім  арқылы  құтылып, 

қансорғыштықтан жан сақтаудың жолы ғылым-білім арқылы жалпақ жұртқа 

даритынын ұқты. Орыс, қазақпыз деп мың жерден бастас, қоныстас болса да, 

дүлейлерінің қорлығы бастан асып жатты. Одан қорғануға тырысып бақты. 

 

* * * 



 

Рас,  Ресей  патшалығының  билеп-төстеген,  емін-еркін  жұлымын 

қырыққан зарлы күндер өтіп, Қазан революциясы халқымызды жарылқайды 

деген  үн  қалың  елдің  үмітін  оятты.  Жұрт  бейсаясат  деген  жоқ,  ел-елдегі 

бишікештер атқа қонды. «Лениндік партия жасасын!» деп жаңғы-рықтыра үн 

қатып,  биіктікке  қол  созғандардың  мұраты  болып  жатты.  Орынбор 

архивіндегі «Степная правда» газеті саясат бағытынан талай сырды ақтарып 

тастады.  1921  жылғы  8  тамызда  шыққан  бүкілодақтық  ОАК  мен  СНК-нің 

қаулысына  сәйкес  1921  жылғы  14  қарашадағы  НКВД-ның  №448 

инструкциясы бойынша бай-кулактар-дың мүлкін тәркілеп, жерін, байлығын 

түгел  тартып  алуды  жүзеге  асырған.  Бай-кулактар  бет-бетімен  бас  сауғалап 

қашып  жатқан.  Жаппай  дау-жанжал,  бетегеден  биік,  жусаннан  аласа  боп 

бұғып жүргендерін де  аңдығандар алмай қоймаған кез-тін. 1922 жылдың 11 

қыркүйегінде  бүкіл  қырғыздардың  советтік  съезіне  500  делегат  қатысса, 

олар-дың 157-сі қазақ екен. Съезде аштыққа ұрынған адамдар саны 1 213 026 

адам  дегені  1921  жылдың  желтоқсанында-ғы  есеп  болса,  1922  жылдың 

қаңтар  айында  ашыққан  адамдар  саны  –  1  354  197,  ақпанда  –  1  625  386, 

наурыз  айын-да  –  1  714  327,  сәуірде  –  2  305  591  адам  аштықтың  қыл 

бұрауында екені айтылған. Денсаулық сақтау орындары бар болғаны – 9392, 

дәрігерлер  жетіспейді,  індет  етек  алуда  делінген.  Франция  территориясына 

тең  Адай губерния-сында 270 000 халық есепте тұрады, бірақ медициналық 

көмек жоқ. «Степная правда» газетінің 1922 жылғы 17 қарашадағы санында: 

«1917  жылы  Орал  губерниясында  адам  саны  482  020  болса,  1922  жылғы 

аштық  нәубетінен  247  457  адам  қалған,  яғни  48,8  пайызға  азайған.  Осы  гу-

бернияда 1917 жылы мал саны 2 571 770 бас болса, 1922 жылы 307 535 мал 

қалған,  яғни  малдың  88  пайызы  шығын  болған,  мемлекетке  етке  өткізілген. 

Бөкей  губерниясын-да  1920  жылы  400  мың  мал  болса,  1921  жылы  195  000 

мал қалған, аштықтан адам өлімі де көп. 1921 жылы осындай елдің күйзеліп 

аштыққа  ұрынуына  қарамастан,  400  мың  орыс  эмигранты  қоныстануға 

келген.  1922  жылы  жетім  қалған  балалар  саны  189  233-ке  жетіп  оларды 

орналастырып,  өмірін  сақтауда  қиындықтар  жетіп  жатты.  Съезге  қатысқан 

делегаттар  11  450  соғыс,  түрлі  қақтығыстардан  жараланған  мүгедектерді  де 

қорғау,  оларға  азық-түлік  тауып  берудің  шаруасын  айтқан.  Тарих 

ғылымдарының кандидаты Зәкіратдин Байдосұлы 1922-1923 жылғы аштықта 



қазақ  ұлты  кем  дегенде  800  мың  халқынан  айырылды  деп  дерек  келтіреді. 

Бұны нақты дей алмаймыз.  

Жоғарыдағы жазба дерек бойынша 1 892 330 жетім баланың қаншасы 

өлді,  есептеп  үлгере  алмаған  да  болар.  Өйткені,  аштық  қырғыны  алапат 

болса, Мәскеудегілердің иті май жемей жатты емес пе? Кеңес үкіметі орнаған 

алғашқы жылдарда-ақ қазақ елінің аштыққа ұрынуының себептері жетерлік. 

Өндірілген  астық  шетелге  техника,  құрал-жабдық  алуға  шығарылып  жатса, 

тұқым  қорына  дейін  Отанға  тапсырыс  деп  зорлықпен  жинап  алғандығы 

белгілі. 

Дүркін-дүркін  оралған  аштық  қырғынын  қарның  тоқ,  көйлегің  көк, 

уайымың  жоқ,  жетіскен  тұсыңда  бір  сәт  ойға  шомып  көз  алдыңа  елестетіп 

көр? «1932-1933 жылдары аштықтан алты-жеті миллиондай адам өлді деуге 

негіз  бар.  Мұның  үстіне  1,5-2  миллион  кедей  шаруалар  масақ  тергені  үшін 

тұтқындалып  кете  барғаны,  түрмеден  өлі  шықты  ма,  тірі  қалды  ма,  толған 

сұрақты қосып көріңіз?» («Трагическая статистика». АиФ., №5, 1989 ж.)  

Ойды ойға осылай жалғайсың. Ертеректегі бір жолсапарымда Кемерово 

қаласындағы  архивтен  біраз  дерек  та-уып  едім.  Онда  Батыс  Сібір 

крайкомының 

бірінші 

хатшысы 


Эйхоның 

Сталинге 

жіберген 

телеграммасында:  «Сібір  өңірінде  аштықтан  іскен,  қаңғырған  қазақтар 

қаптап  кетті,  не  істеуіміз  керек?  Көмектесіңіз!»  –  деген  хаты  өзіне  «халық 

жауы»  атандыратынын  білді  дейсің  бе?  Эйхо  талай  қазақты  жұмысқа 

орналастырып,  жатақхананы  бас-пана  етіп  жанын  сақтап  қалғанын  білеміз. 

Оны  архив  құжаттары  да  растайды.  1989  жылғы  19  қыркүйектегі  «Правда» 

газетінде:  «Аштықтың  себебі  басқада,  атап  айтқанда,  мынада  болатын: 

Сталиннің  басшылығымен  колхоздағы,  жеке  қожалықтардағы  астық 

түгелімен сыпырып алынды... Шетелге астық сату шектен тыс  арттырылды. 

Колхоздар  тұқым  қорынсыз  қалды.  Сібірде,  Поволжьеде,  Қазақстанда, 

Солтүстік  Кавказ  бен  Украинада  аштық  басталды  деген  шындықты  қалай 

жасырасың?!  Ауыл,  елдің  арасындағы  қан  сасыған  адамдар  өлігін  жинап, 

көміп  үлгере  алмағанды  қариялар  айтып  отыратын.  Қырғынды  көзі 

көргендердің  сөзін  қайтіп  ұмытасың?!  Классик  жа-зушы  Жиенғали 

Тілепбергеновтің  шығармаларында  қы-зын  бір  табақ  етке,  бір  бөлке  нанға 

сатқанын егіліп отырып жазып, өзі де аштан өлгенін ұмытамыз ба? «Степная 

правда»  газеті  1921  жылғы  4  тамыздағы  санында:  «КирСовет  Орал 

губерниясына  сұраныс  бойынша  250  мың  пұт  астық  бөлсе,  120  мың  пұт 

астық  әлі  керек.  Аштықпен  күрес  қорында  50  миллион  рубль  бар,  Орал 

губерниясы  бойынша  29  детдом  бар,  оларға  5  мың  жетім  бала  орналасты. 

Жымпиты  ауданында  30  мың  адам  аш...  көмек  жетіспей  жатыр...»  –  деп 

жазды.  Бүкілодақтық  ОАК  мен СНК-ның  (21.12.1922  ж.) қаулысы  бойынша 

әрбір  губернияда  тұқым қоры  құрылған.  Мысалы,  Ақтөбе облысы  бойынша 

10  000  пұт  тұқымның  өзі  жеткіліксіз  делінген.  Газеттің  осы  жылғы  29 

қарашадағы  санында  Қостанай  губерниясындағы  мал  саны  туралы 

салыстырмалы мәлі-мет бар: 1920 жыл бойынша жылқы – 306 373, түйе – 105 

139, сиыр  – 195 468,  қой-ешкі  –  609 374  бас. 1921 жыл  бо-йынша жылқы  – 

113  718,  түйе  –  77  308,  сиыр  –  100  776,  қой-ешкі  –  213  634  бас.  Оны  газет 



1917 жылғы мал басымен салыстырып, әрбір түлік түрі 80 пайызға азайғанын 

айтады.  Қостанай  губерниясында  ғана  осындай  төзгісіз  жай  дейсің  бе? 

Барлық  губернияларда  аштықтың  аузын  арандай  ашқанын  жеткізеді.  Ал  25 

800 шаруашылық, 49 мың шаруа қожалығы 1 500 000 гектар жерге егін егуге 

тиіс, оған тұқым қоры жетіспейді. Дүрбелең жайы қазақ елінде осылай қалың 

қайғы болғанын, Түркістан, Торғай өңірлерінен тамақ іздеп Орынбор өңіріне 

шұбырған  ха-лықтың  жолшыбай  қырылып  қалғанын  түрлі  деректерден 

байқайсың.  Газет  хабарында  Лев  Николаевич  Толстойдың  аштық  туралы 

пікірі  бар.  Онда  Ресейде  1898  жылы  аштық  болғанда,  елдің  азып-тозған 

кезінде  не  түрлі  жұқпалы  ауру  тарағанын  мысалдап,  сақтандыруға  меңзеп 

өтеді. Сол аштықта топырақты суға қайнатып, суын ішкендер аман қалыпты 

деседі. Газеттің 1921 жылғы 23 шілде күнгі санында Орынбор губерниясында 

тырысқақ  жұқпалы  дертімен  637  адам,  барлық  губерниялар  бойынша  817 

адам ауруға шалдыққанын тағы бір хабарда жазады. 

Ауыр  жылдарда  «Қазақ»  газеті  де  үнсіз  қалмаған  екен.  Газеттің  48-

санында: «Қазіргі қазақ мәселелерінің ең зор мәселесі – жер мәселесі. Бұл – 

қазақтың тірі, я өлі болу мәселесі. Бұл турасында түсініп жетпей, қателесіп, 

қазақты теріс жолға салғанымыз  – 5 миллион адамның обалын мойнымызға 

жүктегеніміз», – деп ұрандаса, малынан, жерінің билігінен айырылған 1921-

1922  жылдардағы  аштықтан  қанша  халық  қырылды,  дөп  басып  ешкім  айта 

алмас.  1918  жылы  «Тургайская  газетаның»  16-санында:  «...Облыстық 

әкімдерге сенім жоқ, олар өздерін тым еркін сезінеді», – деп жазады тілші В. 

Наурызбаев.  Еркін  сезіну,  жөнсіз  зобалаң  көп  жерде  лаңға  айналды.  Мал-

мүлкін, азық-түлігін тартып алу белең алған. Басқа республикалардан көшіп 

келген  орыстілділер  шовинизмдік  қаскөй  пиғылын  таныта  бастайды. 

Мысалы, Қостанай ауданының «Броневик» кеңшарында БК(б)П-ның мүшесі 

Кочура ашыққандарға көмек астығынан қазақтарға 300 грамм, орыстарға 600 

грамнан  бидай  бергенін  ашына  жазған  дерек  бар  (ф.  13,  оп.  2.  31-бет). 

Саясаттың  дүмпуі  қатты,  оны  жүзеге  асырамыз  деген  көптеген  әкімдердің 

әділетсіздігі  қиындықтан  көзді  аштырмай,  өмір  сүруге  еркін  қадам  бас-

тырмай жатты. 

Елде  ақ  байпақ  киген,  қару-жарағын  асынған  бел-сенділер  халықтың 

соңғы  үнеміне  дейін  қапысын  тауып  қағып  түсіп  жатқан  кезде:  «Бірден 

социализмнің жұмағына кіреміз десе, қария иегі кемсеңдеп: «Оған дейін бір 

жайлы  болармыз,  партия  сәулетті  болашақты  орнатады  дейсің-ау,  сәулеті 

өзіңе бұйырсын, қолыңнан келсе нәубеттен құтқар. Бірді-екілі малымызды да 

үкіметке  бердік,  саясаттарыңа  көндік,  өлер  жерімізге  күліп  баруға  төндік. 

Құрманғазы айтыпты, патша жендеттері қырды не, табиғат апаты қырды не, 

қырылған  қазақ  қырылып  жатыр  деп.  Енді  отарлық  езгіден  өлдік  не, 

партияның  «рахатын»  көріп  өлдік  не,  өзекті  жанға  бір  өлім  екенін  тездетіп 

көріп  жатырмыз»,  –  депті.  Аштық  он  жылға  созылып,  1932  жылы  тағы  да 

күшіне  енген.  Бұл  екі  ортада  партия  семсерлері  қулықты  ойлап  тауып 

«Союзхлеб»  дегенді  ұйымдастырып,  1929  жылы  6  маусымнан  бастап  егін 

піскен  бойда  қамбаға  құйдырмай,  «Қызыл  керуен»  атандырып  Отанға  деп 

жөнелте бастаған. Күн сайын 7 мың 463 вагон толы астық қиырдан-қиырға, 


одан соң шетелге кетіп жатқан. Егер жоспарлы астықты тапсырмаса «Контр 

степных гигантов» деген қаулы бойынша түрмеге жаба бастаған. 1928 жылы 

Ақтөбе  облысының  кеңшарлары  бо-йынша  әрбір  елді  мекенде  40-50  диқан 

қалып, олар 70-200 гектарға ғана егін салыпты. Бұл облыстағы егіс көлемінің 

50-60  пайызы  екен.  Өйткені  көп  шаруашылықтарда  тұқым  қоры  болмаған. 

Бай-кулакпен күрес қызып тұрғанда, тәркілеудің топалаң көрінісінде Акулов, 

Гориенко,  Огищенко  және  басқалары үкіметтің  арып-ашыққандарына астық 

бергенше  далада  шіріп  қалған  астықты  жасырған,  олардан  5-6  тоннадан 

астық  тартып  алынған.  Сол  жылы  100  000  рубльге  Жұрын  элеваторы 

салынып, жиналған астықтың 80 пайызын Отанға жіберіп үлгеріпті. «Астық 

жинаудың  мылтықсыз  майданы  жүріп  жатыр»,  –  деп  жазады  «Степная 

правда»  газеті  (1929  жыл,  №25  (252)).  Ал  сол  газеттің  29  (286)-санында: 

«...На вечернем заседании сессии ВЦИК 21 ноября были заслушаны доклады 

замнаркомфина  т.  Карпа,  бюджет  РСФСР  на  29-30  годы  составляет  159 

миллионов 450 тыс. рубль...» деп халыққа қаржы беріп жарылқап жатырмыз 

демей  ме?  Бұл  кезде  қызыл  жағалы,  жырық  етектілердің  өліп-өліп,  өлім 

сарқытындай  тірі  қалған  адамдарды  түрмелерге  жинап  жатқанын  Сталин 

сезді ме, болмаса оларға жігер-қайрат, айбат беріп желіктіре түскісі келді ме, 

газеттің  292-санындағы  бас  мақалада:  «...В  чистке  Соваппарата 

неудивительно  поэтому,  что  буржуа  всех  стран  питают  к  ГПУ  животную 

ненависть.  Нет  такой  клеветы,  которую  бы  не  распространяли  про  ГПУ.  А 

это значит, что ГПУ правильно отраждает интересы революций (Сталин)», – 

делінген.  Көсем  нұсқады,  ГПУ  айтқанын  асыра  орындады.  Жоғарыдағы 

«Степная  правда»  газетінің  83  (290)-санында  жазылғандай,  терроршы 

кулактар  үш  ағайынды  –  Александр,  Михайл,  Андрей  Пузанневті  ОГПУ 

ұстап,  он-он  бес  минут  тексеріп,  оларға  Кеңес  үкіметін  құлатуға  әрекет, 

астық  дайындауға  қарсы  үгіт  жүргізген  деген  айып  тағып  атып  жіберген. 

Газеттің  осы  санындағы  хабардың  бірінде  революциялық  әскери  кеңес 

басшысы  Ворошилов  жолдасқа  «Астық  майданы  дайындаған  вагондарды 

Ақтөбеден Москваға жөнелттік» деген телеграмма да кездеседі. Бұл газеттің 

1929 жылдың 15 желтоқсанында жарыққа шыққан саны болатын. «Хлебный 

фронт» бо-йынша әрбір бес күн сайын 67 395 пұт астық дайындалып, Отанға 

жөнелтіліп  отырған.  Елде  халықтың  аштығын  ескеру  назардан  тыс  қалғаны 

өзінен-өзі  түсінікті.  Аштықтың  бұғауы  бұғананы  үзіп  жатса,  не  түрлі 

жыртқыштық  оқиға  да  қылаң  береді  екен.  Оған  ОГПУ  басшысы  Кемердің 

Ақтөбе крайкомының жиналысындағы есебінде: «Батбаққара ауданында 1932 

жыл мен 1933 жылдың ақпан айына дейінгі аралықта аштан 4781 адам өлген, 

өлім тыйылған жоқ. Азық жоқ. Аш адамдар көп. Ойыл ауданында 353 аштан 

өлген,  167  адам  ашығып  өлімші  халде,  шұғыл  көмек  керек.  Ал  Темір 

ауданында  566  жанұя  адамдары  аштыққа  ұрынған.  Көмек  жетпеген.  Торғай 

ауданының  ауылдарында  күн  сайын  2-3  адам  аштан  өледі.  Милициялардың 

тексеруі  нәтижесінде  үш  адамды  сойып,  етін  кашіге  араластырып  сатып 

тұрған жерінен Безматерный деген зұлым қолға түсіп, тергеу жұмысы жүріп 

жатыр.  Батбакарин  ауданында  Қ.  Абдрахманов,  Ж.  Ерғалиев  дегендер 

қоймадан  160  пұт  астықты  ұрлаған.  Ойыл,  Табын,  Темір,  Ақтөбе,  Ақбұлақ 


аудандарында үкіметке қарсы 107 бай, діншіл 10 адам елге іріткі салып жүр. 

Олардың  34  ұсталып  түрмеге  жабылды.  Ақтөбеде  Е.  Қаналин 

«Союзплодовощта»  қызмет  істеп,  ұрлық  жасап  екі  рет  сотталған,  мекеме 

бастығы  коммунист  Шілдібаев  азық-түлік  ұрлауға  көмектескен.  Олар  да 

жазасын  тартады»,  –  делінген.  Бұл  есепке  ОГПУ-дың  облыстық  бөлім 

бастығы  Кемер  және  ОГПУ  орынбасары,  СПО  бастығы  Бурдаков, 

Духовичтің қол қойған құжатын көресің (ф. 13. оп. 2. акт обкома 40391). 1921 

жылдан  бастап  аштықта  қырылған  халықтың  есебі  туралы  құжаттар  сараң 

ашылады. Қызыл империя шу дегеннен улы тырнағын қазақ еліне батырып, 

онсыз да жартылай қырылған халықтың 1922 жылы жиналған жаңа егінінің 

417  миллион  пұт  астығын  салық  есебінде  тартып  алған  екен.  Ауыл 

айтқыштары:  «Айналайын  үкімет,  ажал  бергеніңе  шүкір  ет,  бетімдегі  бес 

тесік үшін, жаныма біткен екі қолым үшін, артымда қалған ізім үшін, үйдің 

мұржасынан қисық түтін шыққаны үшін, қызыл жағалының қадірін ұққаным 

үшін, бір үзім нан таба алмай көзімнің шыққаны үшін, сүрінсем өле кетейін 

деп  тұрған  арса-арса  түрім  үшін,  іштен  тынатын  үнім  үшін,  көретінім  күн 

емес, қап-қараңғы қауіпті түнім үшін», – деп зарлаған халықтан 277 миллион 

сом  салықты  алтынға  балағанға  теңгеріп  жинап  алды.  Соны  орындаушы 

қызыл жағалылар ырқ-ырқ күліп: «Далада тышқан көп, соны аулап жесеңдер 

өлмейсіңдер, итті, мысықты жеп тауысыпсыңдар. Көлдің балығы үкіметтікі, 

оны  ұстауды  байқаңдар.  Айтпақшы,  мия  тамыры,  дән  араластырған  көк 

сабан, борық, доңызқоға түйнегін, тары кебегін, атқұлақты – бәрі-бәрін теріп 

жесеңдер,  борсықтай  аппақ  боп  семіресіңдер.  Ақылды,  іскер  әйелдер  адал 

шөп  түрлерінен  отыздан  астам  тағам  дайындап,  жанұясын  аштықтан  аман 

сақтап  жүр.  Өлмейсіңдер,  ең  бастысы,  әлемді  жақсылығымен  жарылқайтын 

үкімет  өлмеуі  керек»,  –  деп  кейбірі  үгіт  айтпады  деймісің.  Сонда  сақалын 

тарамдаған  қарияның:  «Далада  тышқан  құрыған.  Тышқан  аулау,  терісін 

мемлекетке  өткізу  науқаны  нені  қойсын?!»  –  деген  сөзінің  жаны  бар. 

«Актюбинская  правда»  газетінің  (18  және  26  наурыз,  №6,  12.  1932  ж.) 

сандарында:  «Қазақстан  4  миллион  штук  тышқан  терісін  дайындауы  керек. 

Әсіресе жеті ауданда тышқан мол. Торғай және Ақтөбе аудандарының құмды 

өңірлерінен  тышқанды  ерте  аулап,  жоспарды  асыра  орындауға  болады»,  – 

дей келіп: «Облыста сүт өнімдерін дайындау наурыз айында 51 862 центнер 

ғана, бұл аз, сиыр қысыр қалған ба? Облыста көктем егісіне тұқым қоры 15 

пайыз  ғана,  жұмысшы  күші  де  жет-пейді.  Облыста  109  кеңшар  бар,  оларға 

Москва  (РОСТА)  дәнді  дақылдың  тұқымын  жеткізуі  керек  еді,  әлі  күнге 

тұқым келген жоқ. СССР қаулысы бойынша Қазақстанға 107 000 тонна, оның 

49  000  тоннасы  бидай  тұқымын  Мәс-кеу  жеткізуді  жобалаған.  Бірақ  5 

наурызға жоспардың 5 пайызы ғана орындалып, шаруашылықтар тұқым қо-

рынсыз отыр», – дейді. Міне, халықтың өзі өндірген азық өнімін үкіметке деп 

жинап  алып,  шаруаның  қарбалас  уақытында  көмек  болмаса  аштықты  әдейі 

ұйымдастыру  демей  не  дер  екенсің?  Қатайған  қатыгездік  жасырын  түрде, 

қанішер зұлымдық заңдастырылған белгісіз күйде жүргізіліп жатқанда, аққу 

ұшып,  қаз  қонатын  көлде  балық  жоқ, даласында  тышқан жоқ,  туған  жердің 

ылдиы  мен  өрі,  сай-саласы,  жазық даласы  өлікке  толды.  «Жүдегенді демеп, 


жылағанды  жұбататын  үкімет  қайда?»  деген  зарды  қызыл  жаға  тыңдар  ма? 

Тірлігіне үнемдеген азығын тонайды, алдымен заң осылай деп айтады. Үгітке 

көнбесе  қызыл  жаға  мылтыққа  жүгінеді.  Бермесін  тартып  алады.  Сорлы 

халық  «Ажал  тау  сыртында  деп  жүрсек,  ту  сыртымызда,  іштен  шыққан 

ұрпағымыздан  болғаны  ма?»  деп  естен  танады.  Елдегі  ақыл  иесі  қариялар: 

«Аштық:  «Қайдан  табайын?»  –  дейді.  Қайғы:  «Мұңымды  кімге  шағайын?» 

деп  тынады.  Тірісінде  бір-бірінің  етін  жесе  де,  сүйегін  далаға  тастамайтын 

халық  дала  толған  өлікті,  қала  толған  өлікті  жерлеп  үлгере  алмағанын 

естігенбіз», – деп отырушы еді. Осы қалың қайғыны Қазақстанның Орта-лық 

Атқару Комитетінің тұңғыш төрағасы әрі аш халық-қа жәрдем ұйымдастыру 

жөніндегі комиссияның төрағасы Сейітқали Меңдешев Бүкілодақтық Атқару 

Комитетінің  төрағасы  М.И.  Калинин  мен  Ұлт  істері  жөніндегі  халық 

комиссары И.В. Сталинге халықты аштық қырғынынан сақтауды айтып үсті-

үстіне  хабарлап  көмек  сұрайды.  Еділ  бойындағы  аштыққа  ұрынған  деп  23 

миллион  халықтың  біразын  қазақ  жеріне  қоныс  аударуға  шешім  шығарып, 

олардың көшіп келіп кейбірі әлсіздерді тонап, талап зәбірлеп жатқаны, қазақ 

еліндегі  аштықтың  үлкен  нәубетке  айналғанын,  кейбір  ауыл  түгелдей 

қырылып  қалғанын,  460  мыңнан  астам  бала  қамқорлықсыз  қаңғып,  біразы 

өліп жатқанын баяндайды. 1922 жылғы 25 шілдеде С. Меңдешев басқаратын 

комиссия  атынан:  «Қазақстанда  аштық  ұлғайып  шегіне  жетті.  РКФСР-дың 

орталық  органдарынан  ашыққандарға  жәрдем  көрсетуді  сұраймыз, 

босқындарды  қабылдауға  мүмкіндік  жоқ,  келгендерін  кері  қайтарып  алуды 

өтінеміз», – деп дабыл қаққанға ешқандай көмек болмаған. Бұл деректерді де 

тарих  жоққа  шығара  алмас.  Сол  кезді  есіне  алған  есті  қарияның  бірі: 

«Мәскеуде  адамның  қанына  отырмаса  дерті  жазылмайтын  антұрғандар 

отырған шығар!» – деп түңіліпті деседі. Әлді адам әлсіздің етін жеп жатқан 

оқиғаны жоғарыда айттық. Бүгін не ертең өзім де өлемін-ау дегендердің бір 

әулиеден жұмақ пен тамұқтың рахаты мен бейнетін сұрай берген соң: 

–  Асықпасаң,  жұмағының  да,  тамұғының  да  қызығын  тездетіп  өзіміз 

көрерміз,  –  депті.  –  Қан  су  емес,  жас  емес,  жүрек  сорлы  тас  емес,  бірақ 

тарихта әрбір көсемнің өзгенің көзіне көрінбейтін жетекшісі болады. Егер ол 

тасжүрек Ібіліс болса, халықтың қаны судай шашылудан кенде болмас, – деп 

ақын  жүректі  әулие  жер  шұқыпты.  Ел  еңсесін  көтертпей  есалаң  қалыпқа 

түсіріп, үрейлі халықты басқарудың жолын тапқан сталиндік заманның 1921 

жылғы  «Петроград  жауынгерлік  ұйымы  туралы  іс»,  осыдан  кейін  арасын 

суытпай «Эсерлер процесі», одан кейін мылтықты кеудеге тақап, қылмыскер 

жаппай  атылсын  деген  ұрда-жық  үнмен  «Шахтинский  процесі»,  «Пром-

партия  ісі»,  «Меньшевиктер  процесі»,  «Тухачевский  ісі»,  «тексіз 

космополиттер»,  «соттан  тыс  органдар»,  «әйгілі  үштіктің  ерекше  процесі», 

сайып  келгенде,  мұның  бәрі  тырс  етсең  тыраң  еткізетін,  кеңірдегіңді 

алмаспен қиып, о дүниеден қылаң еткізетін, қалың қайғы-қасіреттің зардабы 

қанша  ғасыр  өтсе  де  ұмытылмайды.  Жоғарыдағы  істерге  байланысты  деп 

ұсталғандардың  көбін  үштік  он-он  бес  минут  қана  сұрақ-жауаппен  істі 

жауып,  атуға  үкім  шығарып,  жазаны  өтей  салғандығы  туралы  деректер 

жетерлік.  Сонымен,  аштық  отыз  екінші  жылдарға  ұласты  делік.  Сол  екі 


ортада  Қазақстанда  1928  жылы  27  тамызда  «Байлардың  шаруашылығын 

конфискілеу  туралы»  декрет  қабылданып,  630  бай  тәркіленіп,  олардан  140 

000  бас  мал  тартып  алынды.  Сүргін  кезеңдерінде  37  миллиондай  малдан 

айырылу халықтың тірлігін обадай опырып кетті. ОГПУ-дың 1933 жылдың 6 

қыркүйектегі өлкелік кеңес хатшылығына тапсырылған хатта (ф. 13. оп. 2.): 

«Батбаққара ауданындағы 70 ауылдың 18-і қалған. Бәрі өлген. №1, 3, 5, 6, 7 

ауылдарда адам етін жеу, өлген ит-мысықты жеп өлу фактісі бар. Темірде 30 

адам  өлген.  Екінші  ауылда  ашыққандарға  көмекке  бөлінген  астықты  бай 

Айманқұловқа  берген.  Қылмыстық  іс  қозғалды...  Ырғыз  ауданында  60  адам 

аштан  өлген,  ашыққандарға  дер  кезінде  көмек  жетіспей  жатыр...  Екінші 

ауылда  Дүрия  Сүлейменованың  төрт  баласы  бар,  күйеуі  өлген,  бір  қысыр 

сиыры  бар,  аштыққа  ұрынған.  Бір  пұт  тары  бергіздік.  Ол  қаншаға  жетеді?! 

Қарақұмдағы 35 шаруашылықты мекендейтін кедейлер аш, Жаңаталапта ТОЗ 

құрылыпты,  бағымдарында  128  жылқы,  113  түйе  бар,  басқадай  азық  қоры 

жоқ.  Сегізінші  ауылда  сельпо  бастығы  Ұзақбаев  атқамінер,  інілері  – 

Танманбет,  Бекманбет,  Кеуімбет  болып  «біз  үштікпіз»  деп  әлсіздерге  зәбір 

көрсеткенін  анықтадық.  Ауылдардың  бірде-біреуінде  дәрігер  жоқ.  Ауру, 

түрлі  індет  бар»,  –  делінген.  Бұл  –  ОГПУ-дың  бір  ғана  жолсапарындағы 

обкомға жазған құпия хаты. Бұдан талай ауыл-аудандарда аштық белең алған 

қалпынан тоқтау таппағаны байқалып тұр. 

 

* * * 


 

Ұлтымыздың  ойшылдары,  даналары,  біліктілерінің  қай-қайсысы 

болмасын, дербес мемлекет болуды, басқа республикалармен экономикалық 

қарым-қатынас  арқылы  дамуды  көздеп,  сол  жолда  күрескендігі  де  белгілі. 

Олар  қырғыз-қайсақ  деген  сөзден  құтылып,  РКФСР  құрамында  болса  да 

Қазақ  Автономиялық  КСР-ін  құру  мақсатында  1920  жылғы  26  тамыздағы 

Бүкілодақтық Орталық Атқа-ру Комитеті мен РКФСР Халық Комиссарлары 

Кеңесі-нің декреті бойынша әкімшілік-аумақтық шекара, қар-жы, техникалық 

құралдар,  басқа  да  толып  жатқан  істер  тетігін  белгілеген  болатын.  Оған  Т. 

Рысқұлов,  С.  Қожанов,  А.  Байтұрсынов  және  басқаларының  құнды 

ұсыныстары,  қосымшалары  тапсырылған.  Бұған  И.  Сталин  көнер  ме?  Егер 

Кеңес Одағына, бір партияға, бір ұлтқа негізделіп құрылмаса, лениндік идея 

да жүзеге аспасы белгілі. Сондықтан Сталин ұлтшыл, солшыл, оңшыл деген 

сықылды  саяси  астар  беріп  басқыншылық  тәртіпті  нығайтпаса,  онсыз  да 

мешеу  елдер  бет-бетімен  түйе  айдағандай  болады  деп  түсінбеді  деймісің. 

Сондықтан  Сталин:  «Қырғыз  партия  ұйымдары  ұлттық  саясат  негіздерін 

жете  меңгермеген  және  оны  практикада  бұрмалайды»,  –  деп  бір  тәртіптеп 

алса,  1923  жылы  ГПУ-ға  Алашорданың  қызметінде  нендей  шикілік  барын 

тексеруді  тапсырып  табыстайды.  Көсем  айтты,  жүз  пайыз  орындалады. 

«Степная  крестьянская  газетаның»  154-санында,  17  наурызда  Орынбор 

қаласының облыстық съезінде: «...На съезде стоял вопрос о форме будущей 

власти.  Комиссар  г.  Оренбурга  Букейхан,  призывал  голосовать  за 

конституционную  монархию»,  –  деген  сықылды  мәліметтерден  Сталин 


хабардар  емес дейсің  бе?  Сөйтіп,  Кеңес  Одағында  1927  жылы  қуғын-сүргін 

басталды  да  кетті.  Онсыз  да  аштықтан  еңсе  көтермей,  қырылып  жатқан 

халықты  осы  кезде  де  түн  ұйқысынан  шошытатын  үрей  кезді.  Ерлі-

зайыптылар  түнде  ұйқыға  жатар  алдында  таңға  тірі  шығамыз  ба,  жоқ  па 

деген күмәнмен бақиласып жататын-ды. Тарих ғы-лымдарының кандидаты З. 

Байдосов  1922-1923  жылғы  аштықта  қазақтардың  800  мың  адамы  қырылып 

қалды деуі, қандай деректен алса да, тым аз деп жоғарыда айттық. Өйткені, 

ол  кезде  халық  саны  да  нақты  емес  және  далада  босып,  қырылып  қалған 

адамды кім санап көмді дейсің?! Сондықтан екі-үш жылға созылған аштықта 

кем дегенде екі миллион адам аштан өлген болуы әбден мүмкін. 

«Степная правда» газетінің 1929 жылғы 48 (255)-санында төмендегіше 

мәлімет  бар:  Ресей  соғыстарда  халқының  екіден  бір  бөлігінен  айырылды,  1 

миллион 700 мың адам өлді, 300 мың адам жараланды, 500 мың адам шетел 

тұт-қынында  өлді.  Германия  67  миллион  халықтан  65  мил-лионға  азайды, 

Австро-Венгрия  52  миллион  халқынан  49  миллионға,  Франция  39 

миллионнан 35 миллионға азайды. Соғыстың үш жылында Англия, Франция, 

Германияда  өлім  7,11  пайызға  өсті.  Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  зардабы 

осындай  болуымен  қатар,  жер  шарында  испан  тұмауы  12  миллион  адамды 

жалмап  кеткендігін  газет  жазады.  Мұндай  адам  шығыны  қазақ  елінде  де 

болды  ғой.  Испан  тұмауы  да  талай  қазақты  ажалынан  бұрын  о  дүниеге 

әкеткенін  бабаларымыздан  қалған  сөздер  нақтылай  түседі.  «Жылың  тұман 

болсын, ауруың тұмау болсын» деп қарғаса, енді бір сөзін «Тұманның соңы 

жұт, тұмаудың соңы құрт» деп түйіндеген. Осындай аумалы-төкпелі кезеңде 

халық  зарын  шексе  де  тірілері  болашақтан  үмітін  үзбеді.  Кеңес  үкіметі 

жарылқайды деген сенім мықты еді. Капиталис-тік қоғамнан көрген зәбірден 

түңіліп, буржуазиялық саясатқа жиіркенішпен қарады. Оған дәлел ретінде га-

зеттің  1929  жылғы  22  тамыздағы  санында  жарық  көрген  М.  Горькийдің 

«Если  вспыхнет  война»  мақаласындағы:  «Фашистердің  «стальный  шлем», 

«война  родит  героев»,  «бесстрашные  люди»  сықылды  Американың 

сақтандыру  ұйымы  1913  жылы  ұрланған  мүлік  үшін  2  миллион  доллар 

төлесе, 1927 жылы 17 миллион доллар төлеген. Банды мен ұрыларды мұндай 

ынталандыру,  мемлекеттің  сақтандыру  қоры  арқылы  қаржыландыру 

буржуазияға  тиімді  әрі  өте  керек...»  –  деген  ойын  алға  тартамыз.  Демек, 

Кеңес  үкіметі  мұндай  бандылар  мен  ұрыларға  жол  бермей,  заңмен  қатаң 

жазалайтынын  санаға  жеткізіп  отыр.  Газет  25  қарашадағы  санында  33 

кулактың  1000  пұт  астықты  халықтан  жасырып,  тығып  қойған  қоймасы 

табылғанын жазады. Демек, ұрлықпен күрес бастау алғанын оқушы түсінеді. 

Аштан  өліп  жатқандар  обалымызға  бай-кулактар  қалып  отыр  деп  ұғынады. 

Көп  ретте  өзі  солай  болғаны  анық  та  шығар.  Өмір-тіршіліктегі,  ғаламдағы, 

бүкіл әлемдегі түрлі-түрлі өзгеріс бір елден екінші бір елге ауысып, жаңарып 

немесе  азып-тозып  жатпай  ма?  Кеңес  Одағы  бірегей  біртұтас  әділетті 

мемлекет  атанып,  дүлегей  айбарын  әлемге  танытқан  тұста  еркіндік  аңсаған 

халықтың бас көтерулері жиі екенін газеттің хабарларынан білеміз. «Степная 

крестьянская  газетінің»  1927  жылғы  30  тамыздағы  142-санында  электр 

столына  отырғызылып,  өлім  жазасына  кесілген  Ванцетидің  ұлы  Саккоға: 


«Сенің әкең – қылмыскер емес, әлемдегі таңдаулы адамдардың бірі, еркіндік 

аңсаушы,  адам  құқын  қорғауды  заңдылықпен  шешуді  талап  етуші.  Әкеңнің 

адалдық  жолындағы  ісі  жұмыр  жердегі  қорланушы  халықты  оятады!  Сау 

болыңдар,  еркіндік  аңсаушылар,  сау  болыңдар,  әйелім,  балаларым, 

достарым!»  –  деген  сөзі  бар.  Кейін  Сакко  да  электр  столына  отырғызылып 

өлім  жазасын  тартады.  28  тамызда  әлемнің  түкпір-түкпірінде  Сакко  мен 

Ванцетидің жерленген күнінде ереуіл толқулары болғанын жазады. Олардың 

есімімен талай көшелер аталады. Еркіндік туын көтергендерді өлім жазасына 

кескендерге қарғыс айтылады. Газеттің осы санында хабарланғандай, КСРО 

ОАК-нің сессиясы 1927-1928 жылдың бюджетіне 6 миллиард 88 мың рубль 

қаржы бөледі. Бұл қаржы еркіндік аңсаған елдің қажетін өтеді ме, өтемеді ме, 

оны уақыт тарихтың қараңғы қойнауына жасырды. Ақпарат құралдарындағы 

хабарларда  Арал  балық  зауыты  500  000  центнерден  балық  өндірсе,  оның 

өнімі  де  аш-жалаңаштардың  өмір-тірлігіне  бұйырмай,  Отанға  жөнелтіліп 

жатқан көрінеді. Жоғарыда Еділ бойынан қазақ еліне 23 миллион халықтың 

біразы  жер  аударылуын  Сталиннің  бұйрығы  екенін  айттық.  Оларға  азық-

түлік,  үй  жағдайлары  құпия  тапсырыстармен  нәтижелі  қаралса,  жергілікті 

жерлерде олардың тарапынан үстемдік, тартып алу, тонау, түрлі ұрлық, зәбір 

көрсетулер  байқалып  жатқан.  «Актюбинская  правда»  газетінің  бір  санында: 

«Жетіқара  ауданының  РПС  мекемесінің  бастығы  Молчанов:  «Егер  жұмыс 

істей  алмасаң,  аштан  өл!  Өлігіңді  итіме  жегізем!»  –  деп  қазақтарды 

қорлады»,  –  деген  ақпар  бар.  Шовинизмдік  көзқарас  басқа  жерлерде  де 

байқалған. Аштық, зорлық-зомбылық, ар-намысты қорлау, өлімші ету, мазақ, 

түрлі жазалау сықылды дүмпуге шыдамаған халықтың наразылығы күшейіп, 

ақырында 1929-1932 жж. аралығында 372 көтеріліс болғаны аздап айтылады. 

Бұл  толық  зерттеуді,  шындықты  келер  ұрпаққа  ашық  жеткізуді  талап  етеді. 

Орыстілділердің  қазақ  жеріне  қо-ныс  аударулары  толассыз  жүргізіліп 

отырған.  Мәселен,  Ақбұлақ  ауданына  388  жанұя  көшіп  келісімен,  билікті 

қолдарына  алып,  шаруашылықтардың  азық-түлігін,  мал-мүлкіне  қожалық 

етіп, жергілікті қазақтарды шеттете бастаған  (ф. 13. оп. 2. 31-бет). Осындай 

қорлық  ереуіл,  көтеріліс  туғызбай  қайтеді?!  «Ұра  берсең  жылқы  да  шам 

шығарады»  деп  еркіндіктің  нақты  жолын  аңсаған  ұлт  көсемдері  Сакко  мен 

Ванцетидің  есімдерін  тарихымызға  алтын  әріптермен  жазу  керек-ақ.  Қызыл 

жендеттердің  жылтырақ  саясатына  малданғандар  мен  тесік  құлқынын, 

орынтағын  күйттегендердің  шындық  айтуға  батылы  жетпей,  қайта  ұлттың 

даналары мен ұлы тұлғаларын түрмеге тоғытып, атып, тіпті тұқымына дейін 

жойып жатты. Саясаты қарапайым халықты қолдау емес, қорлауға айналды. 

Оған дәлел сол, 1920 жылы елден аластатылған Әлихан Бөкейхан, Жаһанша 

Досмұхамбетұлы,  Ахмет  Байтұрсынұлы,  Мұстафа Шоқайұлы  және  барлығы 

47 адамға сот болып әр түрлі жаза алса, 1937-1938 жылдары «Алаштың» көш 

бастар  көсемдері  «халық  жауы»  деп  атылып  кетті.  Халқымыздың  данасы 

Ахметті жоқтаған ақын Уәлі Беспақұлы: 



...Айдарлым түсті азапқа, 

Болатын тұтқа қазаққа. 

Ахметке қол салу – 

Көрсеткен бізге мазақ па? 

 

Кетсем де белден тозағым, 



Досыма қолды созамын! 

Ахаң мен Жақаң айдалды, 

Кімнен мен сірә озамын?! 

 

Өзіме-өзім оқ аттым, 



Өсекті қардай бораттым. 

Осылай жүріп мен сорлы, 

Абыройымды тонаттым, – 

деп  зарлаған  толғауы  халық  жадынан  ұмытылар  ма?  Сталиндік  зұлматты 

кешіре  алар  ма?  Торғай  екеш  торғай  да  ұясын  қорғайды,  қорғанышынан 

айырылған ұяда не қалады?! Жылан жатады өз інінен безінген. Ұяға қайтып 

келіп  қонақтайтын  құсты  аңдиды.  Жылан  ылаңы  да  құпия.  Сол  сықылды 

ессіздік, үрей, қорқақтық, сатқындық кеуделерге бір ұяласа, одан еркіндікті, 

азаттық ойды, ақылды сұраудың өзі қиянат. «Жатыпатар жалбаңбайым» деп 

іштен  тынып  күпіңді  бүркеніп,  ажал  қашан  келер  екенсің  деп  бүк  түсіп 

жатасың.  Халық  аузында  «Сужүректік...  түбіңе  сол  жетеді,  өлім,  үрей  – 

ағайынды  екеуі»  деген  мәтелге  айналған  сөз  қалды.  Оны  түсінгендер 

күрсінер,  түсінбегендерге бәрібір. 1931  жылы  Батпаққара  ауданында 46  246 

жанұя  болған,  тәркілеу,  тартып  алу  дүрілдеген  тұста  қару  асынғандардан 

дірілдегендер  малдарын  сойып,  етін  жерге  көміп,  өзен-көлге  тастап, 

қорқыныш-үреймен  жаппай  аштыққа  өздері  ұрынған.  «Оқтаусыз  мылтық  та 

атылады,  пышақты  кезенбе»  деп  суық  қару  ұстамаған  қарапайым халықтың 

өз  ажалынан  бұрын  өлгендерінен  1932  жылы  12  884  адам  тірі  қалғанын, 

олардың  иелігінде  бар  болғаны  8597  мал  қалғанын  айтып,  аудан  хатшысы 

Ибрагимов  пен  аудандық  кеңес  басшысы  Торғаев  амалсыздықтан  жұқарса, 

оны  кім  тыңдапты?!  Қарапайым  есепке  жүгінсек,  46  246  жанұяның 

әрқайсысында  4  адамнан  болды  дегенде,  184  874  адамның  аштан 

қырылғанынан  қалғаны  12  884  болса,  ажалынан  бұрын  өлген  171  990 

адамның обалы кімге? Қызыл жендеттерге ме? Бәрібір бір өлім деп, қайраты 

барлар  көтеріліс  жасамай  қайтеді?!  Бұл  бір  аудандағы,  бір  кезеңдегі  қанды 

қырғынның  көрінісі  болса,  қазақ  еліндегі  көптеген  аудандарда  қан-шама 

халықтың қырылғанын айтып жеткізу қиын шы-ғар. Өйткені шындықты айту 

мылтықтың  қарауылына  іліндірген  қауіп-қатерлі  кезеңде  әркімге  жан  тәтті. 

Бір  күн  болса  да  көрер  жарықты  қимау  баршылық.  «Кештік  өмірің  болса, 

түстік мал жи» деген қазақы пиғыл және бар. (ф. 13. оп. 2. 5 февраля, 1933 г.) 

Социализм, адамдарға жасалған қатыгез сынақ ерте ме, кеш пе, капитализмге 

айналып  соғар  деушілер  де  табылған  шығар,  ертеңін  болжайтын  естілер 

болмады  деймісің.  Голощекиннің  нұсқауымен  Сталиннің  келісімі  бойынша 

1930 жылы 20 ақ-панда Орталық Комитеттің: «Экономикалық жағынан артта 

қалған  ұлт  аудандарындағы  коллективтендіру  және  кулактармен  күрес 

туралы»  қаулысын  орындау  мақсатын-да  белсенділер  жойқын  зұлымдықты 

танытып, сүргінді бастаған. 1932 жылғы 7 тамызда Қазақстаннан қазақтар-ды 


тазарту  үшін  колхоз  мүлкіне  қол  сұққан  адам  ату  жазасына  бұйырылатын 

болған.  Мұны  естіп  үрейленбей,  зәрең  зәр  түбіне  кетпей  көрсін.  Қостанай 

ауданының  Қызыл-жар  ауылдық  кеңесінің  бастығы  Жармұхамбетовтің 

жанұясы  да  көппен  бірге  аштыққа  ұрынса,  үрейлілік  емей  немене?  Ал 

Шалқар ауданы хатшысының мына хаты: «Шалқар ауданының 18 ауылында 

58 шаруа, 733 адам «Нан бер, тойындыр, жұмыс жасаймыз, егін егеміз!» деп 

отыр. Ауданға БК(б)П крайкомының және КСНК-ның 1931 жылғы қаулысы 

бола  тұра  ашыққандарға  көмек,  азық  жеткізу  бес-алты  айдан  бері  болған 

жоқ»,  –  деген  мәтінмен  обком  хатшысы  Жармұхамбетовке,  облисполком 

бастығы  Ивановқа  тіреп  жазылыпты  (ф.  85.  оп.  1.  41-іс,  1932  ж.).  Мұндай 

зобалаң,  топалаң  қырғында  алдымен  кісілігі  мықты,  ажалдан  бұрын 

адалдығын  ойлайтын  елдегі  жақсылар  өледі.  Халық  сүт  бетіндегі 

қаймағындай  ардақтыларынан  айырылғасын,  сұм-сұрқия, жағымпаз,  қорқақ, 

сатқын,  қаскөй  ойлы,  өсекшіл  ойсыз,  есалаң  ессіздер,  дәрменсіз  дәлдірлер 

көбейіп,  ұлттың  қадірі  кете  ме  деп  ойлағандар  да  болған.  Дағдарған  елдің 

саналы  адамдары  бүйте  берсе  азғантай  ұлттар  да  жойылып  кетер  деп 

күмәнданбады деймісің. Көтерілістердің шығу себептерінің негізі «қарынның 

ашқаны  емес,  қадірдің  қашқанына»  тұяқ  серпердей  сұс  көрсету  болды  ма? 

1920 жылдары КГБ-ның қарамағындағы ғалымдар адам миындағы ақыл-есті, 

кісілікті  жоюдың  тәсілін  тауып,  тіпті  адамның  қабырғаларын  титаннан 

жасатып,  сезімсіз,  тасжүректілікті  құпия  дайындап,  іске  асырып  жатты. 

Қылмысым жоқ дегендерді ұрып-соғып, әбден қажытып, одан соң бір стақан 

химиялық  қоспасы  бар  су  ішкізіп,  тергеуші  не  айтса  соны  қайталатқызып, 

қылмысы жоқ болса да қылмыскермін дейтіндей амалды да жүзеге асырды. 

Ал  ірі  ғалым  Иванов  негр  әйелдің  жатырына  маймылдың  ұрығын  жіберіп 

қолшоқпар,  аяусыз  адамды  дүниеге  әкелмектің  жұмысымен  айналысты. 

Мұның бәрі тек Кеңес Одағының халықтарын ғана емес, әлемді үрей арқылы 

жеңіл басқарудың жолдары, жоспарлары емес пе екен?! Білікті ұлыларымыз 

қырғынның себептерін болжап, одан құтылудың жолын таппай дал болғаны 

анық. 


Аштық қазақ елін бүтіндей қаусатып, үрерге ит, тігерге тұяқ қалдырмай 

жатқанын біле тұра, Мәскеудің тапсырмасымен көшіп келушілер тоқтамаған. 

Ақбұлақ,  Қостанай  және  басқа  елді  мекендерге  Ресейдің  орта  Волжский 

облысынан  3777  жанұя,  былайша  13  427  адам  көшіп  келген.  Оларға  бірден 

3500  пұт  астық  бөлініп,  үй  жағдайына  орналастырылған  (ф.  13.  оп.  1.  1932 

ж.).  Осы  папкіде  Тұрыстай,  Жалмұрат,  Бекмұрат  Тынышбаевтар 

губернияның  Адам  ауданында  тұрып,  Орск  қаласына  көшіп  кеткен  байлар 

«Қазақстан  керек  емес,  қорлау,  өлу,  не  түрлі  зәбірлеуге  шыдамадық.  Патша 

кезінде  қалай  жақсы  тұрдық,  Орскіде  солай  өмір  сүреміз»  деген  сөз 

қалдырыпты.  «Мал-мүлкін  тәркілеуге  үлгермедік»,  –  деген  ОГПУ  бастығы 

Титов пен СПО бастығы Духовичтің қол қойып, обкомға тапсырған мәліметі 

де,  оған  қоса  «Торғай  ауданында  күніне  25  адам  аштан  өледі,  Обаған 

ауданында  300  адам  өледі,  Батбаққара  ауданында  –  585  адам,  Семизорда  – 

10-15 адам, Ойыл ауданында 181 адам аштан өлген. Меңдіқара ауданында екі 

айда  халқының  елу  па-йызы  ісіп-кеуіп  кеткен,  өлім  алдында»,  –  деген 


ақпаратты да ОГПУ хатқа тіркеп көрсеткен. Азық көмегі жоқтығын айтқан. 

Мұндай  хат-хабарлар  Мәскеуге  дейін  жетіп  жатқан.  Бірақ  тым-тырыс, 

үнсіздік,  аштықтың  лаңына  тоқтау  салып,  көмек  беруді  Мәскеу  қаперіне  де 

алмаған.  ОГПУ-дың  шындықты  айтып,  шала  бүлінуі  де  саясаттың  мың 

қатпар  қулығы  деуге  саяды.  Өйткені,  ашыққандарға  көмек  көрсету  үшін 

адамдар  жіберіп,  жай-күйді  нақты  анықтадық,  бай-кулактардың  зымияндық 

әрекеті  бо-йынша  қылмыскерлерді  түрмеге  жауып,  шара  қолданып 

жатырмыз,  социализмнің  адал  ісін  бүлдіргіштерге  жол  бермейміз  дейтін 

деректер көп. Айта кетелік, аштық 1934 жылға дейін тоқтамаған (ф.13. оп. 3. 

1934 ж., 11-20-п.).  

«Ырғыз  ауданында,  –  деп  жазады  аудандық  партия  комитетінің 

секретары.  –  120  адам  аштан  өлді.  Екі  жетім  балалар  үйінде  –  470  бала, 

Ырғыз интернатында  – 300 бала бар. Оларды азық-түлікпен, киім-кешекпен 

қамтуға  жос-пар  бойынша  419  039  рубль  керек  болса,  алғанымыз  54  372 

рубль. Тұрмыс ауыр, аш-жалаңаштыққа көмек жетпей жатыр... 1931 жылы 13 

ақпандағы  «Степная  правда»  газетінде  жарияланған  Голощекиннің 

баяндамасында:  «...Астық  дайындау  компаниясында  республика  бойынша 

182  аудан  жоспарларын  орындай  алмады.  Ет  өн-діру  майданында  да 

кешірімсіз  кемшіліктер  жетерлік,  1  апрельден  бастап  700  000  тонна  ет 

дайындап  Отанға  жөнелтуге  тиістіміз»,  –  делінген.  Революцияға  дейін  әр 

үйде  40-50  мал  болса,  кедейленіп  аштық  ауырлығын  тартып,  аман  қалған 

үйлердің әрбірінде бірер бас мал қалғаны анық. Оны да белсенділер тартып 

алмай тынбаған. 

 

* * *  



 

Жұрт өліп жатыр екен, халықтың қырғыны көп екен деп уақыт бәрібір 

күтіп тұрмайды. Жаратқан өз билігін өзі біледі, тек адам баласы ғана қысқа 

ғұмырын-да  өзгелермен  қырқысып,  пендешілікке  салынады.  Сүт  бетіндегі 

көбіктей  әр  күн  жоғалады,  қайта  оралмайды.  1932  жылы  қазақ  елінде  бар 

болғаны еңбекке жарамды 657 000 адам делінсе, аштықтан қанша халықтың 

қырыл-ғанын  оп-оңай  есептеп  шығаруға  болады.  «Актюбинская  правда» 

газетінің  1932  жылғы  4  қазан  күнгі  санында  мектептерде  –  927  000  оқушы, 

техникумдарда  –  38  000,  жоғарғы  оқу  орындарында  –  9500  жастар  оқыған 

деген дерек бар. 

КСРО Халық Комиссарлар Советі мен БК(б)П Орталық комитеті және 

КСРО  Наркомземі  1932  жылғы  5  сәуірдегі  қаулысында:  «1480  совхоз 

ұйымдасты, онда 2,5 миллион ірі қара, 4,7 миллион қой-ешкі, 850 мың шошқа 

өсіріледі»,  –  деп  жазады.  Бұл  жойылып  кеткенді  қаншалық  жаңарта  алады? 

Белгісіз.  Ақтөбе  облысы  бойынша  егістікке  дән  себу  9  пайыз  орындалған, 

тұқым қоры жоқ, жұмысшы күші жетіспейді. Облыс бойынша 65 000 тонна 

ет  дайындалып  Отанға  өткізілген.  Елдің  жаппай  аштыққа  ұрынуын  ойлап, 

азық қорын сақтау мәселесі айтылмайды. Зұлымдықтар деректерден көрініп 

тұрса  да,  барлық  пәле  бай-кулактардан  деп  із  кесіледі.  «Жетіқара 

ауданындағы Ворошилов кеңшарының байы құл ұстаған, 300 ірі қарасы бар 



екен.  Кеңшардың  жылқысын  ұрлап  малына  қосып  алған,  20  центнер  шөп, 

біраз  астық  ұрлаған  фактілері  анықталды.  Үкіметке  қарсы  үгіт  жүргізіп, 

елден  қашып  көшіп  кетпекші  болған  екен.  Қылмыстық  іс  көтерілді»,  –  деп 

жазыпты құжатта. 

1932  жылдың  28  қыркүйегінде  өткен  крайкомның  төртінші 

пленумында:  «Облыс  бо-йынша  Отанға  астық  тапсыру  31,7  пайызға 

орындалға-нын  кешіруге  болмайды,  –  дей  келіп  Голощекин  одан  ары,  – 

Развитие  животноводства  в  ауле  является  задачей,  которую  нельзя 

изолировать  от  задач  оцененных»,  –  деп  жиналғандарды  жерге  тірідей 

қазықтай қағып, зекіп өтпей ме. Жаны алқымға келген талайының аяқ-қолы 

дірілдеп, малдың жоқтығын, егіннің шықпағанын дәлелдеп, бір ауыз сөз айта 

алды  дейсің  бе?  Түсіністіктің  болмағанын  әрбір  дерек  айғақтайды.  Құзғын-

жалмауыздың  үстемдігі  жалындырады,  тіміскілеуі  түбіңе  жетеді.  Өмір  мен 

өлім  белдескенде  өлім  жеңеді.  Аштықта  жастығын  қалдырған  Ақан 

Ыбырайұлы былайша зарлап еді: 

Заман жаман ит боп қапқан балақтан, 

Имансыз ғып зұлымдарды жаратқан. 

Ар-ожданды санадағы кірлетіп, 

Адамдықты ит пен құсқа талатқан. 

 

Шайтан кеулеп, көкіректі күпті етіп, 



Аузымызды айға қарай қаратқан. 

Татар дәмі таусылғанда адамдар, 

Үміт күтті ме екен, дорақтан? – 

дегенін кім ұмытар дейсің... 

Тіміскілеудің  сорақысы  аштық  нәубетімен  бірге  келген  ойран  1927 

жылы  басталып  1953  жылға  дейін  Кеңес  Одағында  40  миллион  адамды 

қуғын-сүргінге  ұшыратып,  қазақ  елінде  103  мың  адам  ұсталып,  оның  25 

мыңы  табанда  атылып  кеткен.  НКВД  жанынан  үштік,  «Ерекше  мәжіліс», 

«Әскери  трибуналдар»  құрылады,  оның  төрағасы  НКВД-ның  бастықтары, 

олар  Мәскеуден  арнайы  дайындықтан  өтіп,  бұйрық  бойынша  «қылмысты 

істің» үкімін ғана оқып, оны тез орындайды. Қарапайым пікірлесудің кере-гі 

жоқ,  жоспар  уақыт  күттірмейді.  Мәселен,  «Темірбек  Жүргеновтің  ісін  1938 

жылы  14  ақпанда  КСРО  Жоғарғы  Соты  әскери  алқасының  көшпелі 

мәслихаты  15  минут  қана  қарап,  ату  жазасын  бірден  кескен.  Ақтөбе 

облысында  1789  адамның  30  пайызының  қылмысты  ісі  осылай  шапшаң 

қаралып, атылып кеткен», – деп жазады тарих ғылымдарының кандидаты З. 

Байдосов. 

Таң  атады,  күн  батады,  табиғат  уақыт  керуенімен  өзгереді,  жақсы-

жаманды  да  көз  көріп,  құлақ  естіп  жатады.  Ажал  түу  алыста  емес,  дәл 

қасыңда  екенін  сез  мейлің,  сезбе  мейлің,  өзің  түсін.  Өлгенді  жоқтағанмен 

шер  көңіл  басылар  дейсің  бе?  «Главгруппаның»  №2  комбинат  туралы  про-

токол  көшірмесін  қарап  көріңіз!  «Варшава  университетін  бітірген  «Қанды-

ағаш – Гурьев» теміржолында қызмет істейтін Вацлав Антонович Богуцкийді 

1938  жылы  10  қа-занда  «Польша  тыңшысы»  деп  үштік  ұстап,  сол  түнде-ақ 



атып жіберген. «Актюбнефть» тресінде студент-инженер Трампенау диплом 

жазып отырған жерінде ұсталып, дереу шетел шпионы деп атылған (ҚР ҰҚК 

архиві.  №49  332,  28-том).  Қазан  айының  5-де  Ырғыз  ауданына  жіберілген 

дабыл мынадай: «Аса қауіпті деп 1-категорияға – 21 адам (атуға – 3 адам), 2-

категорияға 60 адамды ұстап, оның ішінде ұлтшыл-контрреволюционер – 40 

адам, байлар  –  20  адам,  панисламистер  –  15,  шетел  тыңшылары  5 адам  деп 

тұтқындайсыздар!  Бұл  істерді  жүзеге  асыруды  санкциясыз,  ың-шыңсыз 

өткізіңіз!»  Ақтөбе  облыстық  НКВД  басқармасының  бастығы  Ф.П. 

Демидовтың бұйрығы осы. Ол жүз пайыздан асыра орындалады. 

Ойыл,  Темір  аудандарынан  да  талай  жазықсызды  о  дүниеге 

аттандырып,  қылмыскер  деп  таныған  деректер  жетерлік.  Мәселен,  ОГПУ-

дың  аса  құпия  делінген  (ф.  13.  оп.  2.  6  сентября,  1933  г.)  дерегінде: 

«Карвинен Вильям Павлович  – фин, 1915 жылы туған, НКВД СССР шпион 

болғаны  үшін  (2.04.38.)  атты.  Калашников  Александр  Андреевич  –  орыс, 

1901 жылы туған, Орынбор қаласындағы бұрынғы НКВД қызметкері, НКВД-

ның астыртын әңгімесін жариялап сөйлегені үшін сотталған. Қарабаев Жұма 

Орынбордағы  астыртын  ұйымға  қатысы  барлығы  үшін  сотталған»,  – 

делінген. 

Жоғарыдағы  құжатта  Жоғарғы  соттың  консультанты  Нұртаз 

Байменшин,  сондай-ақ  Темір  ауданының  колхозшысы  Әбілғазы  Қарағұлов 

контрреволюциялық  үгіті  үшін,  Ойыл  ауданы  «Жаңа  талап»  колхозының 

колхозшысы  Хасан  Қаражанов  ұлтшылдық  ұйым  мүшесі  болғаны  үшін 

ұсталып,  Хасан  түрмеде  өлген.  Құлжанов  Құсайын  Ойыл  өңіріндегі 

зиянкестік әрекеті үшін, Құспанов Жалғаспай контр әрекеті үшін, Мектепов 

Тұрнияз  лаңкес,  терроршы,  Мұхтыбаев  Жанар  саяси  сенімсіз,  Лим  И  Габ  – 

кәріс жер ауып келген, шпиондық әрекеті үшін, осы сықылды толып жатқан 

адамдар  1937  жылдың  25  қарашасында  үштіктің  шешімімен  атылғаны  бар, 

түрмеге қамалғаны бар. Ал ОГПУ-дың 1933 жылғы 13 мамырдағы (ф. 13. оп. 

2.  46-б.)  жазбасында  ОГПУ  бастығы  Бурданов  пен  СПО  бастығы  Духович: 

«Бай-кулактар  30  центнер  астық  ұрлаған,  10  адам-ды  жауапқа  тарттық. 

Тамды МТС-ында 70 адам астық ұрлаған, оларды түрмеге жаптық. Ақбұлақ 

ауданында  2  аш  кедей  40  кг  астық  ұрлаған,  астығын  тартып  алдық.  Аштан 

өлетінін  айтып  жылады.  Көмек  берілмепті.  Ырғыз  ауданында  Досанов, 

Баймұратов  егін  даласынан  астық  ұрлаған,  оларды  да  түрмеге  жаптық. 

Ақтөбе ауданында қойма күзетшісі Омаров 7 пұт бидай ұрлаған, үйін тінттік, 

азық  жоқ,  аштыққа  ұрынған.  Батбаққара  ауданында  Тәкібаев,  Нұғыманов, 

Көшенов, Елемесовтер 2 ат, 2 өгіз, 4 сауын сиырды ұрлаған. Қылмыстық іс 

қозғадық.  Ұрылардың  қолына  кісен  салынды.  Жетіқара  ауданында  Бойко, 

Чернуха  дегендер  байдың  атын,  сиырын  ұрлап,  байды  атып  өлтіріп,  әйелін 

жаралаған. Қылмыстық іс қозғалды...» – деген. Демек, аштық зобалаңы 1934 

жылы да тоқтамаған. Бір таңғаларлығы, қазақ халқының аштықтан қырылып 

жатқанын  әлем  білген,  сөйте  тұра  «Қызыл  крест»  қоғамының  көмек 

көрсетпеуіне  Сталиннің  ықпалы  болды  ма  деген  күмәнді  сұрақ  мазалайды. 

Тіпті  теміржолмен  жолаушылап  жүргендердің  129  адамы  аштан  өлсе,  не 

сұмдық  дерсіз?!  Ал  (9  сәуір,  1934  ж.,  №1  папкі)  Ақтөбе  обкомының 


секретары  Досовтың  Мирзоянға  жазған  хатында  облыс  бойынша  құрқұлақ 

ауруынан  150  адам  өлгенін,  дәрі-дәрмек  жетіспейтінін  айтып,  аштықтың 

тоқтамағанын,  қосымша  азық  керектігін,  Торғай,  Жетіқара,  Ырғыз,  Шалқар 

аудандарына 450-455 центнер азық жеткізілгенін жазады. 

Егер  Сталиннің  саясатымен  халқымыз  қырылмағанда,  бұл  күнде,  ең 

кем  дегенде,  қазақтың  саны  жиырма  алты  миллионға  жетіп,  бәлкім  одан  да 

асып  кетер  ме  еді?!  Көсемнің  қанды  қырғынды  саясаттандырып  жасауына, 

қан теңізіне халықты білдірмей батыруына ойлап тапқан қулық-сұмдығының 

ептілігіне найза бойламас. Өзек өртейтін өкінішті жұртқа жариялап, кеңінен 

таныстырып,  «кеше  кім  едік,  бүгін  кімбіз?»  деуде  де  салақтығымыз 

баршылық.  Ұрпақ  өсті,  аспан  асты  тыныштық,  бірақ  жаралы  жүректер  ата-

анасының  қайғысын  ұмытпайды.  Сонау  жетпісінші  жылдарда  Ізмұқанмен 

әкесі бір Сақыпкерей Мәжитұлы Құрамысовтың әйелі Қанапия, оның анасы 

Зылиқаны  да  көрдім,  дәмдес  болдық.  Кейуана  бұйығы,  тым-тырыс  күйінде 

отырады  да,  терезе  алдында  тоқтаған  машинаның  дыбысы  шыққан  бойда 

есікке тұра ұмтылады. «Қара машина... аман-сау қайта әкелген шығар. Қатты 

сағындым  ғой,  жүзіңді  бір  көріп  өлсем  арманым  жоқ»,  –  деп  күбірлейтін. 

Сексеннен асқан кезде екі арысын іздеп: «Ізмұқан мен Сақыпкерей үйді таба 

алмай жүр ме?! Біз мұндамыз, Жамбылда», – деп көшеге шығып кететін еді. 

«Біздің  бұл  қалаға  көшіп  келгенімізді,  ұлы  Шапайдың  басшылық  қызметте 

екенін  қайдан  біледі.  Ұлды  өсірдік,  немерелерін  көрсін.  Нағима  деген 

келініміз адал сүт емген енесін де, мені де өбектеп бағып отыр», – деген бо-

луы  мүмкін-ді.  Сол  ана  қара  жерге  жамбасы  тигенше  «Ізмұқан  мен 

Сақыпкерей  тірі  жүрсе  келеді,  түсім  жақсы,  олар  келеді,  көремін,  сүйіп 

мауқымды  басамын»  деумен-ақ  о  дүниелік  болды.  Әйтеуір  1957  жылы 

ақталғаннан  кейін  адамдардың  жүзіне  ұялмай  қарайтын  болдым,  –  дейтін 

Сәуле Құрамысова. Ал Қанапия жан күйігіне шыдай алмай, көкірегінен өлең 

жолдарын  да  ағытатын  еді.  Сақыпкерей  Шу  ауданында  бірінші  хатшы  боп 

жүргенде «халық жауының» тұқымы деп жазықсыз атылып кетті. 

Тағдырдың  жазғаны-нан  озған  кім  бар  деп  жаны  түршігіп  отыратын 

аналар  да  төбе  басына  кетті.  Олардың:  «Әйелдің  көреген  көзі  алыс-ты 

болжамаса  шаңырағын  шайқалтпайтын  міндетінен  жаңылады,  бауыр  етің  – 

балаларыңның  бақытын  ойла!»  –  деген  сөзін  аманат  қып  жүктеп  алғандай 

сезінесің кейде... 

 

* * * 


 

Контрреволюциялық  қозғалыстың  дем  берушісі,  ұйтқысы  өлкелік 

орталықтан  басталғандығы  анықталған.  Оның  құрамында  БК(б)П  мүшесі, 

бұрынғы  Ойыл  ауданының  прокуроры  Нұрпейісов,  бұрынғы  Алашорда 

ұйымының 

мүшесі, 


бұрынғы 

Ойыл 


аудандық 

атқару 


комитеті 

председателінің  орынбасары  Жұмағалиев  және  байдың  тұқымы,  СССР  Ішкі 

сауда жөніндегі Қазақстан бойынша өкілі Наренов Кеңес үкіметін құлатудың 

түрлі  жолдарын  қарастырған.  Ерпейіс  Нұрпейісов  өзінің  түсінігінде:  «1932 

жылдың  қаңтар  айының  басында  сот  қызметкерлерінің  Алматыдағы 


жиналысына  барып,  «Наркоматтан»  Жұмағалиевті  кездестіріп,  бос 

уақытымызда Нареновтың үйіне бардық. Жұмағалиев аштық қыспағын айта 

келіп  халықтың  біразы  Волга  бойына,  Башқұртстанға  көшіп  жатқаны,  егер 

азық  іздеп  көшпесе  қырылып  қалатын  түрі  бар.  Халық  ет,  астық  тапсыру 

жоспарын  орындаудан  бас  тартып  отыр,  мүмкіндік  жоқ.  Наренов  көшіп 

кеткендердің  елге  қайта  көшіп  келмеуін  ойластыру  керек.  Өйткені,  түрлі 

жоспар, салық халықты қырғынға ұшыратып отыр (8.06.33 ж.). 

Осыдан  кейін  Наренов  Табын  ауданына  келіп,  Нұрпейісов, 

Көбеновтермен  әңгімелесіп:  «Біздің  қазақ  мынадай  ауыр  жағдайда  тірі 

қалып,  өмір  сүре  алмайды.  Бандылардың  жұрттан  тартып  алған  малын 

қайтартып, бандиттік ұлттық саясатымызға жатпайды», – деп түсінік берген. 

Одан  кейін  Қожахметов  Ойыл  ауданының  күйі  барлары  қашып  көшіп 

жатқанын, Ыстыбаев басшылығындағы қызметкер астық тапсыру жоспарын 

орындаудан  бас  тартып,  қоймадағы  астықтың  біразын  рұқсатсыз 

ашыққандарға  таратып  бергені  үшін  партия  қатарынан  шығарылған...  Одан 

кейін  «Қожахметовтың  үйінде  Нұрпейісов,  Медетов,  Көпжасаров, 

Жұмағалиевтар  жиналып,  бас  қостық.  Мәселен,  Қарақалпақ  еліне  жаппай 

қоныс  аударудың  жөн-жобасын  талқыладық.  Ал  мен  Қарақалпақ  және 

Түркімен  елінде  кеңшарлар  мен  кооператив  басшыларын,  коммунистер  мен 

активтерді  бандылық  топтар  өлтіріп  жатқанын  естідім,  мен  ол  жаққа  бара 

алмаймын»,  –  деп  Жайынов  түсінік  береді.  Сондай-ақ  үштіктің 

тергеушілеріне  Д.  Нұртілеуовтің  жазбаша  пікірі  былайша  екен:  «Ойыл 

ауданының  «Сартоған»,  «Күпсен»,  «Құмсай»  ауылдарында  Әлиев  байдың 

баласы,  арғы  аталары  Әбілқайыр  ханнан  тарайды.  Боранбаев  кеңшарды 

құлатуға  үгіттеп  контрреволюциялық  ұйымға  мүше  болды.  11  ауылда 

Ермұханов,  Ажайықов  сықылды  байлар,  молданың  ұлы,  қойма  меңгерушісі 

Тілекешов, байдың ұлы, кеңшар хатшысы Дарыбаевтар көрші кеңшарлардың 

малын  ұрлаумен  айналысып,  көктем  егініне  қажетті  тұқым  қорынан  50  пұт 

бидайды өз топтарының қажеті үшін жасырды. Нұрпейісовтердің үгітімен екі 

жүзден астам жанұя басқа жаққа көшіп кетті. Қазір жұмысшы күші жоқтың 

қасы». 

Бұрынғы  Ойыл  ауданы  «Колхозодақ»  мекемесінің  бастығы,  БК(б)П 



мүшесі  Хасен  Жауынбаевтың  түсінігі:  «Ойыл  ауданы  орталығында 

контрреволюциялық  топ  жұмыс  жасады.  Оның  құрамында  Нұрпейісов, 

Қожахметов,  Аманов,  Алшынбаев,  Шектібаев,  Амантұрлин,  Жұбаев, 

Ишанов,  Жұмағалиевтер  болып,  олардың  әрбір  ауылда  топтары  құрылып, 

қажетті тапсырмалар алып тұрды (22.05.33 ж.). 

Темір аудандық партиясының бұрынғы хатшысы Абдуғали Акимовтың 

жазбаша куәгерлік сөзі: «М. Наренов маған туыс болады. Туғанның айтқанын 

орындамасаң,  қиянат  деп  түсініп  байлардың  малын  тәркілеуден  сақтадым. 

Оны  мойындаймын.  Басқадай  Кеңес  үкіметіне  қарсы  ісім  болған  жоқ 

(15.06.33  ж.).  8  ауылда  300  сауын  сиырдан  –  80,  210  жұмыс  көлігінен  85-і 

ғана қалған, мал ұрланған, сойылған. 41 шаруашылықта тұқым қорын ұрлау 

орын алған.  



Ал  Шалқар  ауданының  3  ауылдық  партиясының  хатшысы  Марқа 

Құбалдиннің  түсінігі:  «Кеңшардың  қырманынан  молда  Нұртайға  21  қап 

астық  берген.  Бақбергенов  хат  жазып  Кемелов  арқылы  Аралбаев,  Шүкіров 

оқып танысқасын, Қарақалпақтағы бандылық топтың бастығы Бөлекбаев пен 

Дәрібаевқа  тапсырылмақ  еді.  Мақсаты  Бижан-Ханды  қарумен  қамтамасыз 

ету,  ол  үшін  пойызды  тонау,  Жалғасов  арқылы  оқ-дәрі,  қару  ұрланғанын 

білемін, өзімнің оған қатысым жоқ». 

Сонымен  БК(б)П-ге  кандидат,  облыстық  соттың  бұ-рынғы  мүшесі 

Көптілеуовтің  өтініш  жауабы:  «Өзімді  жауаптымын  деп  түсінем, 

контрреволюциялық  ұйымға  Жауынбаевтың  үгітімен  қосылып  кеткенімді 

мойындаймын. Кешірім өтінем (19 наурыз, 1933 ж.)». 

Облыстық  ОГПУ  бастығы  Кемер,  сосын  Титов  қол  қойып, 

куәландырған 

(9.06.33 

жылғы 

988841-3) 



құжаты 

бойынша 


контрреволюциялық  ұйымдардың  қылмыстық  ісі  аяқталып,  Табын,  Темір, 

Шалқар,  Ойыл,  Ақбұлақ  аудандары  бойынша  және  Ақтөбе  облысының  6 

ауданының орталығынан 45 адам тұтқындалғаны белгілі болады. Күрделі де 

қайғылы  оқиға.  Ұсталғандар  атылды  ма,  түрмеден  аман шықты  ма, оны  сөз 

етпегенде  халықтың  ағыл-тегіл  төгілген  қанының  үстіне  социализм  қызыл 

жалауын  желбіретіп,  дым  білмегендей,  дым  көрмегендей  жып-жылмағай 

саясатты  дамытып,  көшті  ілгері  тарта  жөнелді.  Бүкіл  Одақтың 

еңбекшілерінің  ұлы  көсемдері  В.И.  Ленин  мен  Сталиннің  саясатына  шаң 

жуытпай,  «коммунизм  ана  қырдың  астында»  деп  тартып  кеткен  қазақ  хал-

қының жүрегіндегі шемен шерді қашанғы бүкпелейміз? 



 

Табыл ҚҰЛЫЯС, жазушы, мұрағатшы 

жүктеу 334.6 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет