Сабақ 6 Тақырыбы: Жоғары білім берудегі инновациялық әдістер


Қашықтықтан оқыту дегеніміз



жүктеу 22.79 Kb.
бет7/7
Дата09.02.2022
өлшемі22.79 Kb.
#17091
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Практ 6.каз.
Пифагор және оның мектебі қызметі
Қашықтықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.

Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.

Кері байланыс.

Қашықтықтан оқыту кезінде оқушылармен байланыс ең маңызды болып табылады. Тапсырманың анық-қанығын, оқу материалдарына толық қолжетімділіктің болуын және т.б. үнемі бақылау қажет.

Қашықтықтан сабақ өзінің құрылымындағы (дидактикалық бөлім) күндізгі сабақпен бірдей болатындығын есте сақтау қажет, атап айтқанда:

а) Ұйымдастыру сәті және міндеттер мен мақсаттардың құрылымы - оқушыларға материалды игеру уақыты, сабақ кестесі және т.б. көрсетілген нақты тапсырмалармен анықталады.

ә) Үй тапсырмасын тексеру - оқушылардың жетістіктері мен сәтсіздіктеріне жалпы шолу, қиын сәттерді түсіндіру және т.б.

б) Білімнің өзектілігі - жаңа материалды - бейнероликтерді, оқу тапсырмасын оқуға деген ынтасын арттыру үшін түрлі әдістерді қолдану.

в) Жаңа білімді игеру - бұл жалпыға қолжетімді ресурстарға орналастырылған білім беру порталдарының немесе мұғалімнің әзірлемелерінің ресурстарын пайдалану.

г) Сабақты түсіну мен қорытындылаудың алғашқы сынағы - бұл жаңа материалды зерделеу, білім мазмұнын тапсырмалармен, интерактивті модельдермен және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

ғ)Сабақты меңгеру, жіберген қателерді талдау және түзету

д) Үй тапсырмасы және оны орындауға арналған нұсқаулық.

е) Рефлексия және кері байланыс.

Әдебиет:

1. Рапацевич, Е.С. Педагогика. Большая современная энциклопедия/Е. С. Рапацевич.- Минск: Современное слово. – 2005

2. Тюнников, Ю.С. Анализ инновационной деятельности общеобразовательного учреждения: сценарий, подход/ Ю.С. Тюнников// Стандарты и мониторинг в образовании. - 2004. -№ 5. Лазарев, В. С. понятие педагогической и инновационной системы школы/ В.С. Лазарев// Сельская школа. - 2003. - № 1.
жүктеу 22.79 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет