С. Сейфуллин атындағы облыстык қазақ драма



жүктеу 74.76 Kb.
Pdf просмотр
Дата09.09.2017
өлшемі74.76 Kb.

ТЕАТРДЫ 

ТӨРГЕ 


ШЫҒАРҒАН 

С.Сейфуллин атындағы 

облыстык  қазақ драма 

театрынын бас режиссері, 

«Қазақстан 

Республикасының еңбек 

сіңірген  қайраткері» 

Әлімбек 0РАЗБЕК0В 

туралы әңгіме 

— Туып-өскен жерім Тарба-

ғатай ауданы, Ақжар селосы. 

1971 жылы орта мектепті 

бітірісімен  Құрманғазы атын-

дағы мемлекепік консерватори-

яның театр бөліміне түсіп, 

актерлік мамандық бойынша 

жоғары білім алдым, — деп бас-

тады бізбен әңгімесін Әлімбек. — 

Театр өнерінің құпиясын меңге-

ру актер үшін де, режиссер үшін 

де оңай жүк емес. Театр қашан-

нан адамдар мен қайнаған өмір 

арасында делдалдық қызмет ат-

қаратын киелі орын. Онда бәрі 

де  қарапайым. Ең алдымен, 

адам, оның дауысы, сезімі мен 

сенімі, еңбегі мен көрерменді 

иландырып, толғандыра алатын 

билігі де қарапайым. Ол әр адам-

ның рухани жағынан жетіліп, 

өзінің кім,  қандай азамат екен-

дігін бағалап, пайымдауына 

жәрдемдесетін, адам жанын 

жақсылыққа уағыздап, соған 

бейімделуге себепкер болатын 

өнер ордасы, тағылым-тәрбие 

берер орын. Демек, театр өнері, 

сахна  құдыреті  қай заманда, 

қандай қоғамда болмасын өзінің 

қасиеті мен  қадірін, орны мен 

ролін әсте жоғалтпайды. 

Өркениетке  қадам басқан 

сайын бұл ерекшеліктері мен 

артықшылықтары жаңғырып, 

жандана, жақсара түседі... 

1975 жылы актерлер сыныбын 

бітірген топ түлектері бірау-

ыздан Талдықорғанға жаңа те-

атр ашуға аттанады. Жердің 

шалғайлығын желеу етпей, өнер 

саңлақтары шоғырланған астана-

дан жыраққа кететіндіктеріне 

өкініш білдірмей, бір кісідей тоқ-

тамға келіп, жаңа өнер ордасы-

ның шаңырағын көтеріп, уығын 

қадауға уағдаласуы да ерлікпен 

пара-пар. Бұл — өнердің құдіреті 

мен  қасиетін бағалап, түйсіне 

білудің белгісі. Сондай тың баста-

мамен аттанған түлектер сол 

жылдың 7  қарашасында жаңа 

қазақ театрының шымылдығын 

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» драма-

сымен ашқан еді. Осы тусаукесер 

пъесада Әлімбек Қозы ролін сом-

даған болатын. 

Әрине, жаңаның аты — жаңа. 

Сахналарда ысылмаған жас ак-

терлерге алғашқыда қиындықтар 

аз кездеспеді. Тыңнан бой көтер-

ген өнер ордасының материалдық 

жабдықталуы да, актерлер 

шеберлігі де сырт көзге үлкен сын. 

«Өңкей шуылдаған жастар 

үмітті ақтай аларма екен» деген 

күдік пен сенімсіздік де естіліп 

жатты. Бірақ өз ықылас-

ниеттерімен аса жауапты іске 

кірісуге бел шешкен жастар 

бірден-ақ көрермендердің ыстық 

ілтипаты мен құрметіне бөленіп 

сала берді. Кәнігі сахна шеберлері 

секілді бірегей өнер туындыларын 

талапқа сай дәрежеде шығара 

алатындай қабілет-қарымдарын 

көрсете бастады. 

Әлімбек те өсіп-жетілу, 

шеберлікті шыңдау, бойдағы та-

лант-дарынды жетілдіре тусу 

секілді жолдардан өтіп, сахна 

құпиясы мен ерекшелігін меңгеру-

ге бет бұрды. Ол талпыныс-

ізденістері нәтижесіз болған жоқ. 

Бірнеше басты рольдерде ойнады, 

төрт фильмге түсті. Әсіресе, 

«Қырғызфильм» тусірген «Көзім-

нің  қарасы» фильміндегі және 

С.Нарымбетовтың «Жас аккор-

дионшының естелігі» атты Гран-

при жүлдесін жеңіп алған 

фильміндегі басты рольдер жас 

актердің кәсіби жағынан шыңда-

лып, өнердің тылсым  құпиясын 

терең түсінуге, шеберлігін шың-

дай түсуге  қозғау салғандығын 

әсте ұмыта ма ол. 

— Театрға келуімнің өзі де бір 

қызық. Мектепте жүргенімде би 

үйірмесіне қатысып, аудандық, 

облыстық байқауларда талай 

жүлделерді  қанжығама байлаған 

едім, — деп жалғастырды әңгіме-

сін Әлімбек, — 1971 жылы Алма-

тыда «Көктем ырғағы» деп атала-

тын халықаралық би фестивалі 

болды. Міне, осы сындарлы сы-

нақта үшінші орынды жеңіп ал-

дым. Сол тұста «Гүлдер» ансам-

блінің мүшелерімен бір жатақхана-

да тұрып жаттық. Менің би өнерін 

меңгергеніме тәнті болған олар, 

оқуды бітірісімен Алматыға 

келуіме  қолқа салды. Үгіттеп, 

Т.Тұяқовтың класына  қабылдат-

тыратын болды. Емтихан кезінде 

менің бойымдағы өнерге деген 

ұшқын мен сезімді байқап  қалса 

керек, комиссия мүшелері театр 

институтына түсуге кеңес берді. 

Менің өмірімнің театрмен сабақ-

тас, жалғас бір сыры осында... 



Ә.Оразбеков 1985 жылы 

Т.Жүргенов атындағы театр және 

өнер институтындағы М.Байсерке-

новтың класына режиссерлыққа 

түсті. Бұл Әлімбектің өзін-өзі 

таныту, мойындату, келешіг-

інен үміт күттірерліктей 

қабілетін көрсету кезеңімен 

үйлес келді. 1990 жылы оқуды 

бітіргеннен кейін Талдықорған 

облыстық  қазақ драма теат-

рында кезекші режиссер, 

кейіннен бас режиссер болып 

қызмет істеді. Ал мұнда ұжым-

ның психологиялық ахуалы қиын-

дап тұрған шақ еді. Бір-екі жыл 

ішінде жеті режиссер ауысып, 

жаңа театрдың берекесі де 

кете бастаған. Актерлер жаңа 

пьеса қою түгілі, өздерінің қара-

қан басының қамымен әуре бол-

ған қиын кезең еді. 

Әлімбек те, бірге оқыған 

әріптестері де өздерін жаңа 

қырынан таныту, сахна 

құдыреті арқылы көрермен 

жүрегін жаулап алу секілді өрелі 

міндеттерді алға  қойып, сол 

деңгейден көрінуге талпынды. 

Ол мұрат орындалды. Қаладағы 

өнер ұжымы жоғалта баста-

ған беделімен абыройын қайы-

ра қалпына келтірді. Бұл кезде 

орыс театры да оңып тұрған 

жоқтын. Білімі де, актерлік, 

режиссерлік қабілеті де жетіп ар-

тылатын Әлімбекті енді осы өнер 

ұжымына режиссерлыққа жіберді. 

Әрине, қазақ жігітінің орыс теат-

рына шақырылуына осындағы орыс 

ұлтты актерлер тарапынан күдік аз 

болған жоқ.  Қазақ орыстың өнер 

құдыретін түсініп, оның тереңіне 

бойлай алмайтын шығар деген 

сенімсіздік бел алды. Бірақ, Әлімбек 

орыс түгілі, әлем әдебиетінің де 

өлмес туындыларын біліп қана қой-

май, терең меңгергендігін мойында-

та білді. Аз жылда орыс театрын 

да аяғынан тік тұрғызып, өнер 

ұжымының қалыптасып, көрермен 

ықыласына бөленуіне берік негіз жа-

сап берді.  Қай театрда болмасын 

өзінің іскерлік қабілетімен танылғ-

ан, өнерге шынайы берілген оны 1994 

жылы Мәдениет министрлігі 

өзіміздің Сәкен Сейфуллин атын-

дағы қазақ драма театрына бас ре-

жиссер етіп бекітеді. 

Театр ұжымы ол кезде басында 

баспанасы болмай, қаладағы ыңғайы 

келген ғимараттарды паналап, 

«жүдеп» жүрген кезі еді. Режиссер 

тұрақтамай, белді актерлер басқа 

жаққа қарай жылыстап кетіп жа-

тқан-ды. Театрдың бас режиссер-

лығына жаңадан келген Ә.Оразбе-

ков алпыс жылдан астам уақыт 

ішінде 

қаншама биіктерден 

көрінген, еліміздің таңдаулы өнер 

саңлақтары түлеп ұшқан қара ша-

ңырақтың бұрынғы бедел-абыройын 

қайтаруға ә дегеннен кірісті. Әр 

маусым сайын  қойылатын жаңа 

қойылымдар, олардың орындалу 

деңгейі, актерлер шеберлігі, режис-

сер тапқырлығы бәрі-бәрі бір-

бірімен үйлесіп, үндесе кетті. Театр 

сыншылары да, көрермендер де бұл 

серпілісті байқап, аңғарып жүрг-

«Шойын  қатын» комедиясымен 

ашқан болатынбыз. Неге? «Ұлы 

Мұхаңның жылы келе жатыр. 

Әуезовтың бір шығармасымен 

неге ашпадындар» деп өкпе-реніш 

білдіргендер көп болды. Ал, 

тереңірек үңілер болсақ, бүгінгі 

күннің талабы  қандай? Айналаға 

сын көзбен бір  қараңыздаршы. 

Қиыншылықпен  қымбатшылық, 

жұмыссыздық пен алыпсатарлық, 

қылмыс атаулы бел алып кетті ғой 

сол кезеңде. Еңбекақы уақтылы 

берілмеді. Пәтерлеріміз  қыста 

суық болып, жарығы жалп-жалп 

етіп сөніп тұрды. Осындай 

келеңсіздіктердің кесірінен адам-

дардың бір-біріне деген мейірімі 

мен жылы жүзі жоғалып кете жаз-

дады. Сол шақтың адамдары біз 

қойған «Шойын қатын» комедия-

сындағы Роботқа өте  ұқсайтын. 

Міне, осы қойылым арқылы адам-

дарды содан сақтандырғым келді, 

ойлануға, толғануға шақырдым... 



Иә, Ә. Оразбеков келгелі те-

атр қойылымдарының көтерер 

жүгі мен айтар ойы өмірдің, 

бүгінгі тірліктің барлық жағын 

қамтитындай міндеттерге 

орай іріктеліп, сұрыпталғанын 

аңғару  қиын емес. «Құлыным 

менің», «Замана неткен тар 

едің?», «Қылмысты оқиға», «Бір 

түп алма ағашы», «Атың шық-

паса...», «Қорғансыздың күні» 

спектакльдері кез келген көрер-

менге бізде мынадай дүниелер 

бар деп мақтанышпен айта ала-

тындай қойылымдар болғанына 

дау жоқ. Бұл драмалардың көте-

рер жүгі де ауыр, тақырып аясы 

да сан алуан, тарих та, бүгінгі 

тірлік те, тәрбие мен тағылым 

да қамтылған. 

— Режиссерлық кәсіппен 

айналысқалы отыздай спек-

такль қойдым, — деп жалғас-

тырды әңгімесін Әлімбек.. — 

Актерге роль керек. Рольді 

таңдап, актерге бөліп беру, 

сомдап шығару режиссер 

міндеті. Әр актерге лайық 

спектакль  қоя білудің де 

ерекшелігі мен құпиясы жетіп 

артылады. Қазір бізге бір маусым-

да бес спектакль қою керек. Бұл, 

әрине, көптеу. Өйткені оның саны 

өскенімен, сапасына нұқсан 

келеді. Әр спектакль терең толға-

ныста ғана сәтті шығады. Мәсе-

лен, Ресейдің үлкен сахналарын-

да кейбір аса маңызды полотнолар 

7-8 ай дайындықтан соң ғана 

көрермен назарына  ұсынылады. 

Ол драманың айтар ойы мен берер 

тағылымын автор ойлап-толғанғ-

андай деңгейде шығаруға 

мүмкіндік береді. 

Осы орайда,  қазақ театрлары 

үшін репертуар мәселелесінің жыл 

сайын  қиындап келе жатқанын 

айта кету керек. Өйткені көрер-

менге ұялмай  ұсына алатын жақ-

сы драмалық шығармалар жоқтың 

қасы.  Қолынан  қаламы, ойынан 

өмірдің  қалтарыс-бұлтарысы 

түспейтін  қаламгерлер драма жа-

зудан бас тарта бастады. Өйткені 

қаламақы аз. Бұрын министрлік 

тарапынан бұл мәселе жан-жақты 

ойластырылатын.  Қазір жақсы 

драма қойғың келсе, авторға өзің 

жүгінуге тура келеді. Ол, көбінесе, 

сәтсіз аяқталады.  Қаламақы үшін 

қаржыны  қайдан аламыз?  Қазақ 

театрлары бастан кешіп отырған 

осы бір  қиындыққа мемлекеттік 

тұрғыдан келетін кез жеткен 

секілді. 



Театр репертуарындағы көпте-

ген спектакльдер талай сынақтар 

мен фестивальдарда жүлделі орын-

дарды жеңіп алғандығынан хабар-

дармыз. Мәселен, Жезқазған қала-

сында өткен Ж.Жабаевтың мерей-

тойы құрметіне өткізілген байқау-

да «Бір түп алма ағашы» спектаклі 

(авторы Әлімбек Оразбеков) бірінші 

орынды жеңіп алса, М.Әуезовтің ме-

рейтойы құрметіне арналған 17 те-

еніне талай куә болдық. Бұл жерде 

Әлімбектің еңбегі мен білгірлігінің, 

ізденгіштігі мен шеберлігінің елеулі 

ықпал тигізгенін қалай айтсақ та 

орынды. 

Әр спектакльдің көтерер жүгі, 

репертуардың бүгінгі күн талабымен 

үндестігі, актерлердің шығармашы-

лықпен бел шеше кірісуі, ұжым ара-

сында берік орныға бастаған жақ-

сы хал-ахуалы осы режиссер есімімен 

тығыз байланысты. Бұл туралы 

кезінде театрдың әр  қойылымын 

тұрақты тамашалайтын көрер-

меннің де, ойнау шеберлігін ұштай 

түсуге бекінген актердің де тара-

пынан талай естіген болатынбыз. 

Қарағанды сахнасының көркі болғ-

ан актерлердің де оралуын бас ре-

жиссермен байланыстырсақ, ешқ-

андай сөкеттігі жоқ. Бұл сөзімізге 

Ә. Оразбеков келгелі театрдың та-

лай байқаулардан тек жүлделі орын-

дардан көрініп келе жатқандығы 

айқын дәлел. 

— Белгілі бір драманы сахнаға 

шығарар алдында қай режиссерді 

де екі түрлі ой мазалауға тиіс, — 

дейді Әлімбек, — біріншіден, күн 

талабына, заман ағымына жауап 

берерліктей, халықтың рухани 

азығы боларлықтай дүние болуы 

үшін не жетіспейді? Екіншіден, не 

үшін  қоямын? деген мәселе жан-

жақты ойластырылуы  қажет деп 

есептеймін. Бұл жерде, көрермен 

талғамы мен таным-түсінігі де ба-

рынша ескерілсе нұр үстіне нұр. 

Қазір театр сахналарында жақсы 

драмалық шығармалар жетіспейді. 

Бүкіл адамзаттық  құндылықты, 

рухани дүние мен адамгершілікті, 

адалдықты жырлайтын дүниелер 

азайып барады. 

1997 жылғы маусымды  қырғ-

ыз драматургы Ш.Башпековтің 



атр қатысқан халықаралық фес-

тивальде «Қорғансыздың күні» 

екінші орынды жеңіп алды. 

Еліміздің өнер сүйер қауымы мен 

зиялы өкілдері, әрі театр сыншы-

лары көп Алматыда осындай 

құрметті орыннан көріну театр 

ұжымының, бас режиссердің 

қабілетімен шығармашылық та-

лант-дарынының  қаншалықты 

жоғары екендігіне бұлтартпас 

айғақ. Ал Қарағандыда өткен VI 

республикалық фестивальде 

Г.Гориннің «Атың шықпаса...» 

спектаклі гран-прийге ие болды. 

Өткен жылы Ғаппаровтар-

дың «Киота» спектаклімен Каир 

қаласына өнер сапарымен болып 

қайтты. Шетелдік көрермендер 

спектакльдің қойылу шеберлігіне, 

режиссердің тапқырлығына тәнті 

болды, үлкен абырой-атақпен 

оралды. Осы спектакль Павлодар-

да өткен VІІ өнер фестивалінде I 

орынды жеңіп алды. Соңғы жыл-

дар ішінде қол жеткізген мұндай 

табыстар, әрине, мақтауға 

тұрарлық. Қарағандыдағы қазақ 

өнерінің қара шаңырағы — С. Сей-

фуллин атындағы драма театры-

ның жетер биігі мен алар асуы әлі 

де алда деген үмітті нақтылай 

түседі. Себебі, қазақ театрының 

құдыретімен бедел-абыройын ас-

қақтата алатындай, өнерге жан-

тәнімен берілген бас режиссері бар 

бұл ұжым талай көрерменін тәнті 

етіп, тамсандырарына еш күмән 

жоқ. 

Ә. Оразбеков кино өнерінде де 

өзін мойындатып жүрген белді 

актерлердің бірі. Ол бүгінге дейін 

төрт фильмде бас кейіпкер болып 

түсіп үлгеріпті. Қазақ киносының 

бүгінгі қиын жағдайы оны да ма-

зайлайды екен: 

— Иә,  қазақ киносы соңғы 

жылдары жақсы  қырынан 

көрініп, өзінің даму үстінде 

екендігін мойындатып келеді. 

Қазір жас кино режиссерлер 

қатары көбейе түсуде. Бұл жақ-

сылықтың нышаны. Еліміздің 

кино өнерін әлемге таныта ала-

тындай жастар да бар. Өкінішке 

қарай, сол жастардың талантын 

ел игілігіне айналдыруға мүм-

кіндік мүлдем жоқ. Мәселен, 

1999 жылы  қазақ киноре-

жиссерлерінің бірде-бір кино 

түсіре алмағандығын  қалай 

ақтай аламыз. Өткен жылдың 

күзінде тұсауын кескен, өзім 

түскен «Қазадан кейінгі жаза» 

фильмі де әлі аяқталған жоқ. 

Қаржы жетпейді. Ал оған жаны 

ашып,  қарайласар пенде әзірге 

табылмай отыр... 

...Театр — тәрбие мектебі. 

Оның берері күнделікті тірлікте 

байқалмайды.. Ол — рухани азық 

пен тағылым-тәрбиенің ордасы. 

Міне, осындай үлкен жауапкер-

шілік арқалап отырған Сәкен Сей-

фуллин атындағы облыстық қазақ 

драма театры сол деңгейден 

көріне алатындай қара шаңырақ. 

Актерлерді осынау абыройлы 

міндетті өз мәнінде атқаруға 

жұмылдыра алатын  қасиет бас 

режиссер Әлімбек Оразбековтың 

бойында жетіп артылады. Ол 

ертеңгі күннің міндетімен жауап -

кершілігін бүгіннен бастап 

сезінген, соны көрерменге өнердің 

құдіретімен сезіндіре білетін үлкен 

өнер иесі. Ә. Оразбековтың өткен 

жылдың  қараша айында «ҚР 

еңбек сіңірген 

қайраткері» 

құрметті атаққа ие болуын осы 

тұрғыдан бағалаймыз. Өйткені ол 

адам жанының рухани шипасы 

бола алатын туындыларды сах-

налауға  қабілет-қарымы толық 

жететін, кәсіби шеберлігі шың-

далып, өсіп-өркендеу биігіне 

көтерілген режиссер. 

Дәулетбек МАҚАШ. 

ҚАРАҒАНДЫ. 

Орталық Қазақстан. - 2001. - 14 ақпан. 



Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Oner -> Kaz dram teatr
Oner -> Жүсекең бала кезінде ағасы Жақыпбектен көп үйренді. Ол мен ағамның қасында әншімін бе?- деп
Oner -> Өмірбаянын айтудың қажеті шамалы. Шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың
Oner -> Өмірбаяны мен шығарма шылығын зерттеп, жұртшылыққа насихаттап жүрген Республикалық домбырашылар конкурсы
Oner -> Күй күмбезі Тәттімбет Рымбек Смағұлов
Oner -> Ұлы əншіні ұлықтаған үш күн
Oner -> 26 қараша күні «Шалқыма» концерт залында композитор Сыдық Мұхаметжанов шығармаларынан концерт болады. Оған Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптары оркестрі қатысады
Oner -> Тарлан әнші
Oner -> «ЖАҚсының аты өшпейді»
Oner -> Ұшқан Жүрсін Молдашұлы қазақтың көнеден тамы р тартқан айтыс өнерінің
Kaz dram teatr -> Театр жобасы дайын

жүктеу 74.76 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет