{С Қырыкбай Мніанұлы Алдабергенов Ерлаи Мұхтарұлы Арын



жүктеу 0.65 Mb.
Pdf просмотр
бет7/13
Дата09.01.2017
өлшемі0.65 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13


Сын  сойылынан  күтылу  жолы  -   іздену,  маңдай  терді 
сорғалатып,  еңбектену,  өзгеше  өрнектер  табу,  көптін  ойынан  шығу... 
Сыннын  еркесі  атану  деген  сөз  -   бүзылу,  астамсу,  ақыры  қожырау. 
Олай еркешолжың атанбағаннын өзі  игі!..
-  Кезінде  Ю.  Фучик туралы  дастан  жазып,  М.Иманжановка 
окытып,  үнатпаған  соң  сәтсіздігіне  налып,  жыртып  тастапсыз. 
Бүдан  кейін  де  «мынау  окырманнан  ынгайсыз»  деп  әлдекандай 
шыгармацызды  ұсынудан  -бас  тарткан  кезініз  болды  ма?  Әлде 
«кекселене бастаған талант кемісін аңдайды» демексіз бе?
-  Біріншіден,  жас  талапкерлерге  айтарым:  жаксы  үлкен,  жаксы
кенесшіл, 
әдеби 
жанашырын,  талантты  тәлімгерің  болсын. 
Екіншіден,  мен  соңғы  20-25  жыл  әлетінде  өлен  өзі  келмесе,  каламды 
зорлауды  қойған  автормын.  Ән-өлеңдерді  авторлар  колқалағанда 
еріксіз  өзімді  ізденіске  көндірем...  Қазір  де  қағаз  бетінде  айшығын 
тапты-ау  дегендердш  талайы  дәптер  бетінен  үзамай,  кезекті  бір 
тәжірибе  ретінде  ғана  өз  архнвімде  калып  жатады.  Мәселен,  1962 
жылы  басталып,  1985  жылы  аякталған,  көлемі  3500  жолдай  «Кек 
жастыгы»  дастаным  бір-екі  жолдасыма  ғана  окытқан  калпында 
сандығымда жатыр.  Қайта жазудан да аулакпын.  Жол  тәртібі жөнінде 
бапаларға  арналған  бір  үлкен  топтамам  еш  кітабыма  кірген  жоқ. 
Публицистикалык  макалаларым  мен  балаларға  арналған  әнгімелерім 
осы  күнге  дейін  кітап  болып  басылмаған.  «Іштен  шыккан  шүбар 
жылан»  деп  іріктемей,  топтамай  беру  -  әбестік.  Сүзген  сөзіннін  өзін 
сүрыптай білу -  о да таланттылыктын кыры екен-ау...
Аяншак акын  аянышты  халге  үшырайды,  ал  өз басыңа,  өз сөзще
қаталдык елдін пайдасына шығады?
-  Ж алты лдакка  жүлдызым  һәманда  карсы»  дейсіз,  Мүзаға. 
Ж аксынын 
жарығын 
түсірмей 
кезінде 
жалтылдактын 
әдебиетімізге 
талай 
кесірін 
тигізгені 
белгілі. 
Бүгін 
де 
жалтылдактын жолы  кесілген  жок.  Акшанын  күшімен  әркім  кез-
келген  дүние  ш ығарып  жатыр.  Сонда  калай  әдебиетті  ақша
билегені ме? Дарын калай күн көреді?

Пүлдың  күшімен  жыр  дүниесінен  орын  тебем  деу  - 
әурешілдік!  Айдан  да  анық  акикат  болса  да,  осыны  үғынбай,  әрі 
үғынғысы  келмей,  кнелі  әдебнетке  килігіп,  кітап  соңынан  кітап 
тоғытып  жаткан  беймәлім,  бидарын  бейшаралар  астанада  да,  облыс 
ортапыктарында  да,  аудандарда  да  каптап  барады.  Бүл  -  әдеби  апат!
79

Бұған  тыйым  салар  органды  да  күшті  де  мен  көре  алмай  жүрмін. 
Халтураны,  жасық  кітапты  жазалаудьің  ең  әділ  жолы  биік  талғамды 
окырманның ондай  кітаптарды сатып алмауы, окымауы.
Ал,  таланттын  калай  күн  көрерін  мен  де  айта  алмаймын.  Қазір 
үш-төрт  баспада  қолжазбаларым  козғалыссыз  жатыр.  Қаламгер  үшін 
жүрек  канымен,  акыл-нәрімен  суарған  сөзінің  халыкка  жетпеуінен 
аскан  азап  пен  корлык  болмаса  керек.  Нарық  заманы  казір  акын- 
жазушыларды  үш-төрт  жыл  ішінде  кайыршылар  катарын  камап
тастады. 
Зейнеткерлердің  ауыз  жарытары 
шамалы 
болса  да, 
талғажаулығы  бар  ғой  әйтеуір.  Ал  тепсе  темір  үзер  жастағыларымыз 
лайықты  қызмет  таба  алмай,  үйінде  пүшәйман,  кіріптар  күйінде 
күйініш  хал  кешуде...  Дүркіндік баспасөзде  жарияланған  туындылары 
үшін апған  қаламакысы қатын-баласын асырауға әсте жетпейді.
Үкіметіміздің  өнер  мен  әдебиет  қайраткерлері  камын  ойлауға 
карыздар.  Рухани  корексіз  қалған  қоғам-кауымның  күні  не  болмак?! 
Муза  иелерін  мүктаждықтан,  жоқшылықтан  түншығуына  жол  беріп
кою -  маскара! 
Д
Ондаған  жылдар  бойына  біздің  кітаптарымыздан  мемлекет
канша  пайда  тапты.  Ол  қаражат-сомалар  айналымға  түсіп,  каншама 
өсім  берді.  Ендеше  мынадай  қолымыз  қысқарған  түста  біздің  сол 
материалдык көмегіміз үшін  мемлекет төлемін бізге төлеуге тиісті.
Таланттылар  тарықса,  халыктың  да,  тарихтың  да  сәні  кетеді. 
Рас,  бір  жамандыктың  бір  жақсылығы  бар  демекші.  Енді  ортанкол 
дүниесымақтар өнер туындысы саналмауы тиіс!

Сіз  бір  өлеціцізде  «Біреуге  киям еттей  қ и ы н   кай гы   тірлікте 
бір ж ы л ы  сөз бұй ы рм ай ды » депсіз. Б үл  қасы м ,  М үкағали , Төлеген 
си як ты   біртуар  д ар ы н д ар ға  қ а т ы с т ы   десек,  кезінде  олар  туралы  
ж ы л ы   сөз  ай та  ал д ы ң ы з  ба?  (М ұкағали  ту р а л ы   соңғы   ж ы лдары  
ж азы лған  эссеңізді  ай тп аган д а)  д ар ы н д ар д ы   бағалауға  неге 
тар ты н ш ак п ы з?
Кезінде 
Төлеген 
Айбергенов 
поэзиясының 
көпке 
танылуына 
бір 
көмегім 
тигені 
бар. 
Жастар 
поэзиясының 
республикапық  фестивалі  өтті.  Мен  әділказылар  алкасынын  төрағасы 
болдым.  Сонда  әлі  ешкім  тани  қоймаған  жас  акын  Т.Айбергеновке 
екінші  бәйге  беруге  басқа  алка  мүшелерін  көндіргенім  бар. 
Көндіргенім  деп  отырғаным  бәйге  қорытындысын  түжырымдап 
калган  сәтте,  оның  өлеңдері  кешігіп  келігт,  тіркелмей  жаткан  жерінен 
тауып  алып,  сол  арада  табанда  окып  шығып,  өзгелерге  окыттым, 
озыктығын, өзіндігін, тартымдылығы  мен татымдылығын дәлелдеуіме 
тура  келген...  Ал,  Қасым  мен  Мүқағали  көзі  тірілерінде  менін 
өнериетім  (шығармашылығым)  жайында  жылы-жылы  сөздер  айтып,
80

жазып  үлгерген.  Ал  мен  болсам  өзге таланттылар  жаиында  колымнан
келгенімше,  көзім  жеткенше  колдау  сөздер  айтсам  да,  аса  қүдіретті 
талантгар  -   бір  ағам  мен  бір  інім  жөнінде  көніл  лебізімді  білдіре 
алмағаныма  катты  өкінемін...  Рас^  өзің  айтқандай,  екеуі  жайында  да 
елден  бүрынырақ  зерттеу  жазғанымды  өзіме  жүбаныш  көріп,  іштей 
шүкірана  дейтінімді  жасыра  алмаймын.  «ДарынДарДіі  бағалауға  неге 
тартыншақпыз?» деген  сауалға әр  қырынан  жауап  беруге тура келёді. 
Ірі  таланттарды  үғу,  біріншіден,  кез-келгеннің  қолынан  келмейтін 
қабілет.  Аскарларды тануға да асқаралық  керек.  Екіншіден;  іштарлык 
дейтін  ішмерез де қырсығын тигізетін шығар. Талантты тану мектебі  -  
бізде  әлі  қалыптаса  коймаған  мектеп.  Аңысын  аңдып,  аузын  багып
отыратын.әдебиетші-ғалымдар. көпшілік  болып,  бір  пікірге,  бір  бағаға
үйыганша  үнсіз  жататыны  оқіндіреді.  Шалағай  сыншылар  таразыға 
тарткандай  салмактап. көкжиекте жаңа көрінген  жаңа дарынды бірден 
көзбен емес, 
к ө ң іл  
көзімен аныктап, копке танытуға дәрменсіз...
Өз  басым  ондаган  жас  талапкерлерге  «жол  болсын!»  деп  сәтгі 
кадамдар  тілеген  агамын.  Үмітімнің  ақталмай,  сенімімнің  семіп 
калган  түсы  некен-саяқ...  Олардың  бәрінің  атын  атап  жатсам  ерсілеу 
болар:  батамды  алгандар  казір  катарымызда  қалам-кайратын  жүмсап,
қажымай жүргені  ғаиибет!

«Данғайыр  данкы  биік  даңғыл  адам,  акын  боп
елестейді Ж амбыл  маған» деп  өзіңіз жырлаған  үлы  Жамбылға да 
сонау  ресейлік  композитор 
И.Бродский 
сиякты,  бізде  де 
әлдекімдер 
«Сталинді, 
Ворошиловты 
жырга 
косты» 
деп 
үлылыгын  көлеңкелегісі  келетіні  калай?  Өзініз  бір  арнау 
өленіиізде  «Ж ыр  Жамбылды  сақтандар!»  деген  жоксыз  ба?
Алыптар кашан да алыптар болып  кала бермей мс/
Біріншіден,  үлы  ақын  Жамбыл  өнериетін  өзіміз  де
түбегейлі білмейміз, түптеп зерттемегенбіз. Әдебиетшілердщ әспеттеп
ондаган  жылдар  бойы  насихаттаганы  акыннын  советтік  дүниені,
сонын  косемдерін  марапаттаган  жырлары  гана.  Ал,  заңғар таланттын
аргы-бергі 
заман 
жайын 
толгаған 
теңдессіз 
өлең-жырлары,
дастандары, жас  шагындагы  жалын  аткан  әжуа-сыкактары  қаншама?!
Халкымен  катар  жасайтын  казына  мүрасы  барда  Жамбыл  атына  шан
жүкпайды.
Жәкен  есімі  халкымыздын  екінші  атына  айналгаНдаи  кезенде 
Сәбит  Мүканов  айткан  әңгіме  ойга  орапады.  Шри-Ланкаға  барганда, 
ЗООхазірет алдында сөз сөйлеп,  казак халкы дегеннен бейхабар жүртка 
«Жамбыл  акынды  атаганда  барып,  казак  елі  жайынан  бірдеңе 
үктыргандай  болдым»  деген  еді  Сәбең...  Жамбыл  -   казак  халкын 
бүкіл  планетага  кең  танытқан  ауыз  әулиелеріміздің  бірі.  Бүл  үшін
81

аруағына  бас  иіп,  мактануымыз  керек.  Әрі  Жамбыл  мүрасының  нағыз 
касиетімізді 
кадір 
түтқызар 
көркемдік 
куатын 
бүкіл 
әлемге 
насихаттай  беруіміз  парыз,  планетадағы  барлык  тілдерге  аударту  —
 
борышымыз.  Өз  басым  Жәкеңнің  Қазак  революциясына  деиінгісін 
әлсін-әлсін  кайталап  оку  әдетім.  Оку  үстінде  өлең-ажар  берер  тың-
тәсілдер, сөз байламдарын табамын...
-Тербетіп 
әнмен 
тұрады, 
кемедей 
біздін 
кең  дала»
дегенініздей, «А км аң дай лы м », «А ксүнкары м », «А лм аты   кешінде»
сиякты  көптеген  әсем  әндерге  әдемі  өлен  жазған  акы н  ретінде де
танымалсыз.  Әсіресе,  Шәмші  Қалдаяқов,  Әсет  Бейсеуов  сиякты
мыкты  композиторлармен  бірге  өнер  одағында  көп  еңбек  етгіңіз.
Жаксы  әннің  өмірге  келуіне ортактасу да  ақы н  бақы ты   емес  пе?!
Аталған композиторлардың кандай ерекшелігін  бағалайсыз?
-  Мен  алғаш  әнге  өлеңді  1949  жылы  жазыппын.  Содан  бері
менің  300-ге  жуық  өленім  ән-әуенге  айналыпты.  Латиф  Хамиди,
Сыдық  Мүхамеджанов,  Әбілахат  Еспаев,  Ғазиза  Жүбанова,  Қүдыс 
Қожамияров,  Нүрғиса  Тілендиев  сиякты  сазгерлермен  өнердос 
болғаныма  оңашада  мактан  түтып  қоям.  Ал  Шәмші  мен  Әсеттің 
талант-талғамымен  өзгешеліктері  жөнінде  екеуіне  арнап  жазған 
макалаларымда  егжей-тегжейлі  токталғанымен  (екеуі  де  кезінде 
«Социалистік  Қазакстанда»  жарияланған  еді).  Екі  сазгердің  ортақ 
касиеттері  деп  айтарым  — Шәмші  де,  Әсет  те  тек  өзі  туған  ауылдың, 
өзі  өскен  өңірдің ән-саздары  стиліне  жаптақтап  карайламайды -  бүкіл 
казак  музыкасынын  озык  дәстүрлеріне  сүйенеді.  Барша  қазақтың 
күлағына  жағар,  көкейіне  қонар,  көкірегіне  сәуле  -ш үғы ла  себелер 
саз-әуендер  табады.  Сол  себепті  олардың  өте  өнерлі  туындыларының 
күшағы  кең,  күлашы  жазык,  жүрегі  ыстык!  Иі  шала,  иіні  түсіңкі, 
еңсесіз  дүниесін  елге  үсынудан  іркілгіш ...  М әселен,  1974  жылы 
шыгарған  (менің  өлеңіме  негізделген)  «Толкыған  әнім,  Торғайым» 
деп аталатын  жаңа сазын Әсет әлеуметке үсынбай  келеді...
Жас сазгерлердің Шәмшіден де, Әсеттен де үйренер үрдісі  мол!
-  Балалар  әдебиетінін  көрнекті  өкілі  ретінде  сізге  кояр 
сұрагым  -   қазір  ана  тіліміз,  әдет-гүрпымыз  кайта  оралып 
отырган сәттегі  балалар әдебиеті  калай болуы  керек?
-  Балалар 
әдебиеті  ежелгі  үлттық  әрі  елдік  касиеттеріміздін
нағыз  жаршысы,  үраншысы,  шебер  насихатшысы  болуға  тиіс.  Тарих
тағлымдарын  көркем  тілмен  тамылжыта  тартымды,  әрі  жан-жакты, 
әрі  тереннен  қопара  үсынуға  міндетті  ол  әдебиет.  Қазір  бүған  үлы 
мүмкіндіктер  туып  отыр.  Мәселен  осы  күнге  дейін  аттарын  атауға да 
тыйым  салынып  келген  қаншама  аруакты  бабалардың  ғибратты 
ғүмыры  мен  каһармандыктарын  канаттана жырлауға,  әр   жастағы  жас
82

буынға  арнап,  жазуға  қақпа  кең  ашылды.  Сонау  Асанқайғыдар, 
әл-Фарабилерден тартып, Төле би, Қаз дауысты  Қазбек,  Әйтеке билер, 
Абылай,  Кенесары,  Наурызбайлар  қазактың  үлы  зиялылары  (Ахмет, 
Әлихан,  ,Міржақып,  Мағжан,  Шәкәрімдер және тағы  басқа)  бәрі-бәрі 
барша  жанрларда  әр  кырынан  әсем  суреттеуді  күтіп  тұр.  Мәселен, 
кішкентайларға  арнап,  казақтың  үлы  үл-кыздарын  жырға  қосқан  бір 
цикл өлең жаздым,  газет-журналдарда жарияладым.
Туған  жердің  әр  өңірінде,  әр  өзеніне,  тауына,  сай-саласына 
акындарымыз  тамаша  жырлар  арнаса  екен.  Отанньщ  топонимикалык 
бірде-бір  атауы  өлең-жыр  қүшағынан,  тыс  қалмаса,  бүл  да  -  
ултжандылыкка баулудың  ең бір әсерлі  жолы!  Жас  бөбектердің тілдік 
корын  байыту  үшін  үмыт  калған  атауларды  да  өлеңмен  өрнектеп, 
такпак  аркылы  үктыруымыз  керек.  Бүл  түрғыдан  да  мен  үдкен  бір 
топтама  жаздым,  бүған  туыс  тілдерден  де  материалдар,  өз  тілімізге 
енгізетін  әбден болатын  күнды сөздер табыяады.. ’
Балалар  әдебиетінде  прозалык  мыеадцар  әлі  де  болса  нашар 
дамып  келеді.  Ал  бүл  түр  кішкентайлар  үғымына  жеңіл,  әрі  ыкщ.ам 
ойлы  жанр.  Қазір  Қадыр  Мырзалиев  екеуіміз  оалада  едбектеніп 
жүрміз.  Жас  талапкер  прозашылар,  прозалык  мысалдар  тудыруда  өз 
күш-таланттарын  сынаса  екен  дегіміз  келеді.  Балалар  әдебиетін 
көркейтуде  барша  газет-журналдарымыз  атсалысса  екен  дейміз.  Басы 
«Егемен  Қазакстан»  «Алматы  акшамы»  болып,  бөбекгерге. мүйістер 
арнап  жатканда  ,  бірталай  баспасөз  басылымдары  бейтарап  калуы 
таңдантады. 
Мүндай 
салғырттық 
жас 
үрпағымыздың 
рухани 
сыбагадан  үлесті  аз  алуына  әкеп  соқтырарын  ескерейік.  Сонымен 
кабат  балалар  шығармашылығын  «Балауса»  ғана  емес  барша 
баспаларымыз  өгейсітпегені  абзал.  Бүл  ертеңгі  ерлігіміздің  берік
кепілі!
Сонғы  жылдары  балалар  әдебиетінің  үздік  шығарм.аларына 
сыйлык беру ескерілмей  келуі де ойлантады.
-А ударма 
саласы н а 
аянбай 
атсалы сты ң ы з. 
Пуш кин, 
М аяковский,  Петефи,  Ф ирдауси,  Т о к тағү л ...  осы лай  кете  береді. 
О іге 
елдердін  әдебиеті  өз  тілімізде  м ән-м агы насы н  жонмайды,  ал 
біздін  әдебиет  (поэзия)  өзге  тілде  күнары нан  ай р ы л ы п   калы п 
ж атады .  М әселен,  Ғ ам затовты   Гамзатов  еткен  аударма  десек  осы
салада сізді не толган д ы рады ? 
. . . . . . .   л.

Ең  алдымен  жаныма  бататыны  кемеңгер  Абай  поэзиясын  қүні 
бүгінге дейін  баскаларға таныта алмай, жүнжіп  келеміз.  Қазір  Михаил 
Дудин  колға  алып  жатыр.  Герольд  Бельгердің  сәтті  жолма-жол 
аудармасының Дудин  Абай  үлылығынын әр лебін,  әр зерін  үстай  алса 
игі.  Жуырда  Қазак  радиосы  өз  ақынымыз  Әуезхан  Қодаровтын
83

Абайдан  аударылғандарын  эфирден  берді.  Әуезхан  үлы  атасын 
ұғынып  та,  сұғынып  та  сәтті  кадамдар  жасапты.  Айтайын  дегенім, 
енді  қазақтар  да  өзге  тілдерге  қапысыз  аудару  деңгейіне  көтерілмей 
көзіміз 
ашылмайды. 
Үлы 
жыраулар, 
Ш әкәрім, 
Мағжан, 
Сүлтанмахмүт,  Міржақыптарды  алдымен  ойдағыдай  тәржімелеуді 
ойластыру  -   толассыз  парыз.  Өзгеміздің  өз  кезегіміз  содан  соң  келе 
жатар.  Білімді,  дарынды,  куштар  көңіл  тәржімешілер  корпусын 
жасақтамай, 
жемісті  жүйелі 
көрксм 
аударма  көгермейді.  Өр
мемлекетте 
өзімізге 
жанашыр 
аудармашыларымыз 
кобейсін
әркайсымыздың.
- Жетпіске қатар жеткенше,
Қызыкты дәурен өткенше,
Махаббат бізді тербесін,
Жүректе алау сөнбесін»
деп  жастыкта  жалын  аткан  едіңіз.  Сөйткен  жетпіске  де  келіп 
отырсыз.  Ш ы ғарм аш ы лы к  жемісті  жолынызда  ақы н  жарынын 
да  үлесі 
бары  белгілі. 
Отбасынын  жарастык,  өнегесінен
окырманға айтары ңы з да бар болар?
Ғабит  ағанын  бірде  «келіншегіңнің  кабағы  келіспеген  күні
каламмен  одак  бола  алмайсың,  ол  күні  үстел  басындағы  шаруаңды
үмыт,  ыстық  шай  ішіп  те  жарымайсың...»  деп  біздің  үйде  бір
күлдіргені  бар.  Иншалла,  менің  үй-ішімде  қалтқысыз  қағаз  карауыма
кашанда  қамқоршым  бәйбішем  -   Шапау  аяш.  Балаларым  да  үй
тыныштығын  сактайды.  Қалам-қағазға  «жаудай»  жапа-тармағай
шабуылдайтындар  — немерелер  ғана...  Олар  енді  енді  түсініп  келеді.
Мен  үйде  күнкорістің  түйткіл  күйбеңінен  азат  адаммын.  Қаламгер
ондай  камқорсыз қалса— бейбак,  міскін...
-  Туган  халқымыздын  түлғасынан  қандай  асыл-касиеттер
мен жагымсыз кы лы ктар  көресіз?
-  Қазак  біздің  -   акын  халық,  әнші  халык,  шешен  халык! 
Қытайда  қазақ  деген  атауды  иероглифпен  «қосауызды  адам»  -   деп 
белгілейді  екен.  Мүнысы  от  ауызды,  орақ  тілді  дегені. 
1200-дей 
эпосы,  15  мың  шақты  әні,  3  мыңнан  астам  күйі,  ғажайып  дәстүрі  бар. 
Дүниежүзілік  өркениетке  косқан  үлесі  де  ғажап:  адам  үнінің  әмбесін 
шанағына  жиған  домбырасы,  адамша  сөйлейтін  қобызы,  еш  жерде 
жоқ  кемелді  баспанасы  кйіз  үйі!..  Енді  бір  пенде  киіз  үйімізге  иненің 
жасуындай  өзгеріс  енгізе  алмасына  мен  кепіл!  Керегенің  көзін  де
өзгерте алмайсың, өзгесі түгіл... 
г 
2   -  |  Е
Мейірбан,  кайырымды,  ақжаркын,  момын,  сенгіш,  конакжай 
хапық,  алғыр  ойлы  жүрт.  Сөйте  түра  алтыбакан  алауыздыктан 
атамзаманнан 
бері 
арыпа 
алмай, 
бақталастык, 
іштарлық,
84

жікшілдіктен,  өзімшілдіктен  таяқ  жеуде.  Жікшілдердің  өзінің  күшігін 
өз арыстанынан  жоғары  койғысы келіп, жанығуы жанға қас!..
Мүндай  маңғаз,  мүндай  мәрт,  мыкты  халыктың  үл-кызы 
болғанымыздын 
қадір-касиетіне 
жетуге 
кішкентайларымызды
титтейінен үйретейік.
Егемен  елдін  баласы  ерен  болып  өсуге  тиіс.  Ерлік  қасиетімізді, 
ерлік  намысымызды  жастарымыздың  бойына  ерте  еге  білсек,
иншалла,  ешбір  жүрттан  кем  түспек  түгілі,  адамзат  кауымының
алдыңгы  легіндегі 
ел  атанарымыз  сөзсіз.  Текті-дегдарлығымызды 
түнғыш  Президентіміз  Нүрсүлтан  Назарбаевтың  нән  нарлығы,  занғар 
азаматтығы,  көреген  кемеңгерлігі-ақ  әлемде  дәлелдеп,  отырған  жоқ
па?! 

.  -
-  Сіздің  осы  жаска  дейін  45  төл  кітабыңыз 
ш ы гы п,
өлеңдеріңіз  38  тілге  аударылыпты,  өзініз  де  соншама  аударма 
жасаған  екенсіз.  Қазір  де  мүратыма  жеттім  деп  маркайып,  жас 
келді деп  қартайып отырган жоксыз. Сонғы  бір жылдын ішінде  4 
кітабыныз ж ары к көріпті. Өмір болса, алдыда үсыныстарыңыз да 
аз  емес  сиякты.  Осыншама  калам  өнімділігіне  қолыңыз  калай
жетеді?
-  Мен  далада  жидек  терген  адамға  үксаймын.  Толассыз  дән, 
түйір  тергеннің  қүтысы  бірден  шүпілдсп  толмайды,  бірак  біртіндеп 
корлар жинала береді.  Бірден  көзге түспейтін дүниенің бір жерге басы 
косылып,  көңіл  аударар  көлемге,  көрікке  ие  болғанын  бір-ак  көресіз. 
Жараткан ақыл-парасатпөн, сөз өнері  інжуін теруден  айырмасын!
_ Окгіменізге  көп  рахмет,  Мүзаға.  Ауырмай,  сыркамай  ұзак 
жасаныз.  Қаламыныз  канаттана  берсін!  Ш абытыңыз  иіарыктап,
биігінен түспесін!
^  
«Алматы аіқшамы»
27 қазан,  1993 ж.
Құлбек Ергөбеков
КЕМЕЛД1К КЕПІЛІ
Мүзафар  Әлімбаев  -   творчестволық  жолда  «жас  ақын»  деген 
үгымды  өте  тез  жаналап,  әдеби  процеске  әу  дегеннен  дендеп 
араласкан  каламгердің  бірі.  Балалар  әдебиетінің  де  байырғы,  белді
өкілі. 

•-.! 
‘‘  ,
Өзінін  жас  мөлшеріне  орай  «кемел»  сөзін  Мүзағаң  бүл  күнге 
дейін  әлденеше  рет  естіген  болуы  керек.  Сөйте  түра,  колымыздағы
85

«Аспандағы  әпке»  жинағына  енген  өлеңдерді  акыннын  әріректегі 
«Балдәурен,  шіркін,  балалык»  (1973),  әйтпесе  күні  кеше  алпыс 
жылдығымен  түспалдас  жарық  көрген  «Таңдамалы»  екі  томдыктын 
(1983)  екінші  кітабындағы  өлеңдермен  салыстырар  болсак,  бар 
жүпарын балапарға жүмсап  келе жаткан  ақынның шын  кемелі — соңғы
жыр жинағы екеніне көз жеткізер едік. 
;
«Аспандағы  әпке»  жинағын  қүрайтын  өлеңдерден  болмысы  -  
балалар  әдебиетіне  қояр  талаптармен  сәйкес  келерлік  бірнеше 
ерекшелік  көзге  айкын  шалынады.  Жинактап,  топтап  айтсак  олар
мынадай: 
/- "л
Жинақтын  жанрлык  байлығы  мол.  Әркімнің  дарын  қуаты, 
бейімі  әркилы.  Біреу  белгілі  бір  жанрмен  жарасым  тауып  түракты 
еңбектенеді. 
Енді  біреу  өзін  бар  жанрдан  іздеп,  өзін  бар  жанрға 
баульіп.  мәпелеп  жүргені.  Мүзаған  осының  соңғысына  жататын 
қаламгерлерден.  Қолымыздағы  жинағының  өзінде  ақынның  өлең, 
такпак,  ертегі,  өлең-оиын  санамақ,  қаисысы  каисысына  үксайды, 
синоним  СОздер  ,  өтірік  өлең,  айтыс,  мазақтама,  ән  текстері,  исүмбақ, 
лотогрифтер, 
қарама-карсы 
кызык 
сөздер, 
адас 
атаулар, 
метограммалар,  шарадалар,  жаңылтпаштар,  т.б.  секілді  «кіші  жанр» 
үлгілері  үшырасады.  Мүның  өзі  ақынның  ізденіс  аясын,  білім  өресін
анғартатын дәлел болса керек.
Сол  мол  жанрлык  үлгіден  шынайы  бапалар  ақынынын
кішкентай  окушы танымы,  қабылдау мүмкіндігіне саналы  бейімделуін 
анғарамыз.  Өлеңдер  мейлінше  карапайым,  бірак  ойлы,  мақсаттьқ 
тәрбиелік  нысанасы  айқын. 
Әр  сатыдағы  оқушылардың  жас 
мөлшеріне  сай  лексиконды  таңдап  ала  отырып,  кандай  күрделі  ойды 
да аз буынға сыйғыза айтып беру де осы бейімделудің көрінісі.
Мүнар басқан күз, 
]
Сарғыш тартқан түз. 
3
Ауладағы  мүз,
Ау адағы сыз.
Қамбадағы дән,
Тандырдагы  нан. 
3
«Күз  нышандары»  деген  атпен  берілген  небәрі  екі  жолдан 
түратын  өлеңдер  мейлінше  қарапайым.  Карапайым  бола  түра  ең 
кішкентай  окушының  өзіне  табиғат  маусымынын  негізгі  белгілерін 
накты жеткізеді. 
*  - 
і -
86

Ақын  өлеңдерінің  тағы  бір  ерекшелігі  -   юморлығы.  Шуакты 
>зіл  әрекідік  уытты  күлкіге  үласып  жатады.  Мына  екі  жол  өлеңге 
зе р
алайыкшы:
Күшіктің де түмсығы, әне, кап-кара,
Жүсіптің де түмсығы, әне, қагі-кара... 
7
(«ҚоС кара түмсық»)
Осындағы  күшіктің  өзі  кара  түмсык  та,  бала  Жүсіп  настық, 
ұкыпсыздыктан  кара  түмсық  атанған.  Өлеңде  детальды  ойнату, 
контрасты көріністі юмормен сөйлетудің үтымды бір сәті — осындай.
Ол  -   сөзге  үнемшіл  акын.  Сөзге  үнемшілдік  өлең  техникасын
жете меңгерген шеберлікке тән.  Мәселен,
Ерігу не? Білмеймін.
Зерігу  не?  Білмеймін.
Неге десең, ешкашан
Ерінуді білмеймін.-
(«Жүмыс»)
деген  өлең  шумагында  сөз  үнемдеуден  туған  бірнеше  ерекшелік  бар.
I  Өлен карапайым.  Бірак макал-мәтелдей  орамды. 2.  «Білмеймін» сөзі 
үш  рет  қайталана  түра  үйкасқа  кылдай  қиянаты  жок.  3.  «Ерігу», 
«Зерігу»,  «Еріну»  өлеңнің  үйкасын,  ырғактык  тынысын  әрлендіріп, 
күйылтып  түр.  4.  Сөз  үнемдеудің  тәуір  үлгісі.  Белгілі  сөздерді
қайталау арқылы жазылған өлең.
Әдебиетте  жалаң  талантпен  жазатындар  емес.  М.Әлімбаев
өлеңді  біліммен  де  жазады.  Оған  акыннын  бала  п с и х о л о г и я ^ , 
таным  процесін  жете  зерттеуді  себеп  деп  ойлаймыз.  Өйт>“ гі1 
уақыты  окушыларынын 
сүранысы  |   балалар 
а к ы н - ^ у ш ы л а р ы н  
ғылым  мен  техниканын  соны  жетістіктерінен  «»оардар..  бвлуды 
міндеттейді.  Бүдан  елу-алпыс  жыл  бүрын  өмір 
^ ү р г е н  
балаЛар  акыиы 
стюардесса  жайында  өлен  жаза  коюы 
неғ?® > іл 
емес  пе.  Ал,  Мүзаған 
стюардесса  енбегінің  мәнін  ашып  -'Өрсетіп,  мүмкшд.пнше  оны 
«Аспандағы  әпке»  деп  б а л а м а л а п -.  .Оны  кезект.  жинағь.на атау  ет.п 
беруі  де  -   балалар  санасына  гМіре  беру  ниепнен  туғандаи.  Мүзафар 
Әлімбаевта  бұл  секілді,  («әселен  айсберг,  спорт,  т.б.  такырыптары)
ғылым  мен  тех н и к ам и   соны  жаналықтарына  сүиене  отырып 
жазылған  өлендег мол.  Акын  Мүзафар  Әлімбаев  өлеңдер.нде  макал- 
мәтелдік, афоризмдік жолдар, түтас орамдар жиі үшырасады.
Спорт 1 күштің кайнары,
Спортшылар жайдары.
87

***
Қалын н у -х ал ы к  саулығы. 
' '
Көк  орман -  Отан  байлығы.- секілді  жолдар  пікіріміздін  айғағы. 
Мүның  өзіндік  себептері  бар  деп  білеміз.  Ақын  үзак  жылдар  макал- 
мәтел  жинап,  аударып,  сөз  маржанын  халыкка  үсынып  отырды.
Сондыктан  макал-мәтел  Әлімбаевтың  ақындық  мәнеріне  нәр  коскан.
Әрі  халык  философиясының  тобыктай  түйіні  жас  оқушыға  жете 
берсін  деген  тілек  те  акынды  макал-мәтелдік  ораммен  жазуға
жетелесе керек. 
-,*.т
Акын 
соңғы 
кездері 
жазған 
өлеңдерінде  тәрбиелік  ой 
«Қамырдан  қыл  суырғандай»  дерлік  өте  елеусіз,  екінші  бір 
қүбылыспен  астастырыла  айтылатын  мінез  тапты.  Бүл  -   ойды 
окушыға сінімді  жеткізудің тәуір  жолы  әрі  көркемдік  шарт.  «Кітапты 
жел  парақтады» деп  аталатын өлеңінде бүл ой  былай  жеткізіліпті: 
Кітапты жел  парақтады,
Парактады  карап тағы.
Өршеленді,  жалактады, 
^
Парактады, парактады.
Түсіне ал май, алактады...
Түсінуге зерде  керек,
Қүр парактау неге керек?
Біздінше,  осы  өлендегі  оқушыга  айтылар  мораль  әрі  карапайым,  әрі 
ойлы,  табиги...  Немесе,  «Көктем  кімге  көңілді,  кімге  коңілсіз?»  - 
деген  өлеңінде көктемгі табиғат көркіне тебірене түрып:
Жолдастарым  не білді?
Сол көктемнің өзі де
Болмайды екен көңілді 
«Екілік» алған  кезіңде... 
деп  түйіпті  ойын.  Алдыңғы  өленмен  салыстырғанда  осы  шумакта 
үтымды  екі  сәт  бар.  Біріншіден,  көктемгі  табиғат  пен  бала  көңілі 
астастырылған,  салыстырылган.  Екіншіден,  көңілсіз  көріністі  баска 
емес,  бала кейіпкердін  өзі  мойындап түр.  Егер  өлең түйініне  айналган 
мораль  кейіпкер  атынан  берілмей,  автор  атынан  баяндалар  болса 
конымды шыкпас еді.  Ақын  орайын талқан.
«Аспандағы  әпке»  жинағында «Қайсысы  қайсысына үқсайды?» 
деген  такырыппен  берілген  топтама  бар.  Әрқайсысы  екі,  не  торт 
жолдан  түратын  ыкшам  өлеңдер.  Топтаманы  формалык  сонылык  деп 
кабылдауғы  болады.  Кезінде,  марқүм  Жакан  Смақов  окушының  өзін 
авторлыкка  тарта  ойландырып  «Үйкасын  тап»  деген  формамен  өлең
88

жазғанда  қатты  қуанғанбыз.  Сол  секілді,  Мүзағаңның  «Қайсысы 
кайсысына  үқсайды?  Топтамасы  кішкентай  оқушылардың  тіршілі* 
сырына көнілін  оятып,  көзқарасын  қалыптастыратын  ыңғайлы  дошам., 
қолайлы  өлеңдер  деп  білеміз.  Бүл  да  ақын  ізденісін  бідшретін  бір
ерекшелік. Тапқырлық.
Әлімбаев  казак  совет  балалар  әдебиет^  өркендетуге  өз 
творчествосымен  бірге  әдебиетке  жас дарындоР тәрбиелеу  аркылы  да
үздіксіз  қызмет  етіп  келе  жатқан  жетекда  талант.  Ізінен  өсіп  келе 
жатқан  талапты  жасты  көрсе  үрікпей,  тырнақалдысын  үніліп,  оқып 
кадамын  қадағалай  жүретін  Мүз^ғаң  -   тек  қазак  балаларының 
әдебиетін  ғана  емес,  бүкіл  с^вет  балалар  әдебиетінің  ірі  өкілі. 
Одактық  «Вслух  про  себя>'  жинағына  Қазакстаннан  Мүзағаңның 
енуінің сыры да осында.  Ғ*з жоғарыда сондай  ірі дарын, жемісті  енбек 
иесінін  творчестволык  бірнеше  ерекшелігін  жүптап,  топтап,  түйіп 
айткан  болдық. 
Оп
  ерекшеліктер  алғашкы  адымңан  басталып 
«Аспандағы 
рпке» 
түсында 
әбден 
шогырланып, 
ақыннын 
творчествол^к  бедеріне,  ақындық  мәнеріне  айналып  отыр.  Бүгін 
М.Әлімбг^в  творчествосын  көркейтіп  түрған  ерекшелікті 
меңгеру 
капай  айтсақ  та  дарын 
қуатының 
кемелденуінің 
куәсі. 
Ол 
ерисшеліктер -   М.Әлімбаевтың жалпы творчествосына тән..  Өте-мөте 
лАспандагы 
әпке» 
жинағына 
енген 
өлеңдерге 
катысты.  -Ол 
ерекшеліктер  -  
М.Әлімбаев 
олең-жырының 
балалар 
әдебиеті 
талабынан әрдайым табылуының кепілі.
Біз  сөз  басында  кемелдік  үғымына  текке  токталған  жоқпыз. 
Кемелдік 
-  
жаска 
қарамайтын, 
творчестволык 
мүмкіндікті 
айқындайтын  өлшем.  Мүзафар  Әлімбаев  кай  уакытта  да,  жыр 
бәйгесінде  өзіндік  талапты  төмендетпей  келе  жаткан  ақын.  Сөйте 
түра,  балалар  ақыны  ретінде  оның  талантының  шын  гүлдеп,  еркін 
ашылуы  — соңғы  жылдары.  Мүның  баршасы  оның  үлғайған  жасына 
қарамастан 
тынымсыз 
ізденуінің 
жемісі. 
Қайталап 
айтамыз, 
«Аспандағы әпке» -  Мүзафар Әлімбаевтай аға ақынның дарын  кемелі. 
Ол кандай ілтипатқа да лайық.
«Қазақстан мүғалімі» газеті
"  . .   ,, 

1
  . 
/ . V.  *>■•••, 
■  ~

3
1
”Т а м
1
ы з^ ’-
1
'
9
8
4
исьш .
С үлтан  Қалиев
ІЗД ЕН ІС   ІЛ ГЕРІ  БА СТА Й ДЫ  
^
Қазак  совет  әдебиетінің  сан  кырлы  саласында  бірдей  онімді 
етіп,  салиқалы  да  салауатты  шығармаларымен  көпшілік  күрметіне 
бөленіп  келе  жатқан  ақын  Мүзафар  Әлімбаевтің  әу  бастан  жүрегіне
89

жақын  түтып,  өзін  төл  бейнетқоры  санайтын  саласы  -   балалар 
поэзиясы.  Тынымсыз енбегі,  көл-көсір  мандай  терінің  нәтижесінде ол 
казак  балапар  поэзиясының  көш  басына  шыкты.  Түрі  үлттык, 
мазмүны  социапистік  совет  балалар  әдебиетінін  көрнекті  өкілдері 
Я.Аким,  3.Александрова.  Б.Заходер,  И.Токмакова,  Қ.Мүхаммади, 
К.Тәңіркүлиевтар сапының бел ортасынан барып орын алды.
Акын  кайсыбір шығармасында болсын  баланын  көніл-күйін  дөп 
басып, бала мінезін айна-катесіз дәл беріп отырады.
Алтын  шуак төгілді;
Г үлдер жапты өңірді,
Жүпар иіс себілді- 
Көктем  күні  көңілді!
Жолдастарым  не білді? 
I
Сол  көктемнің өзі де 
Болмайды екен  көңілді 
.  «Екілік» алған кезінде,- 
'  . 
‘  г • 
%
дейді  сыршыл  ақын  «Көктем  кімге  көнілді,  кімге  көңілсіз»  атты 
өлеңінде. 
|
Акынның  «Жалын»  баспасынан  жарық  көрген  «Аспандағы 
әпке»  жинағын  қолына  алған  окырман  түрлі  формада  жазылған 
осындай сәтті өлеңдерге түшына канығады.
Ересек  окырмандарға  да  ғибраттың  неше  бір  түрін  (макал- 
мәтел,  қанатты  сөздер)  үсынып,  көпшілік  күрметіне  бөленіп  жүрген 
акын  бүлдіршіндер  санасына  өнеге  егуде  де  алуан  түрлі  тәсілдерді 
шебер  колдана  біледі.  Сол  тәсілдерінің  бірі  —  жасөспірім  бойына 
ізгілік  нәрін  үлкендердің,  аға  үрпақтардың  өнегесі  арқылы  дарыту. 
«Қайыкшы»  өленіндегі  атасымен  бірге  кайыкка  алғаш  рет  мініп, 
Жайык  өзенінен  өтіп  келе  жаткан  сәттегі  баланың  сезім-түйсігін, 
коркыныш-үрейін  шебер суреттегені  өз алдына, атасынын:
- Қалтырасаң сен өзің,
Қалтырайды  кай ы қта,- 
Ш 'Й В  
I
деген бейнелі  ескертпе сөзі  аркылы окырман көкейіне тереңнен тамыр 
тарткан  қомақты ой үялатады. 
3
Жасөспірімдер  санасына  адамгершілік  нәрін  дарытуда  мысал 
өлеңдердің  алатын  орны  ерекше.  Ақын  бүл  кітабында  «Мысал»  деп 
арнайы  айдар  тақпағанымен,  тар  көпірде  капталдасып  қалган  пілге 
қүмырсканың:
-Көпір қалай солқылдайды, қарашы, 
сен екеуіміз өткен кезде, жарасып!-
Деген  мактанышын тілге тиек етепн 
«Піл 
мен  күмырска»,  кітапты  күр 
парақтіап 
жатқан жел туралы:
90

«Түсінуге зерде керек,
Қүр  парактау неге керек». 
деп  түжырымдайтын  «Кітапты  жел  парактады»  атты  өлендерді 
балаларга арналған  мысал жанрынын озык үлгісі деп  кабылдаған жөн.
Акындардын он жамбасына онай  келе  бермейтін  киын  жанрдын 
бірі  -   ертегі.  Біріншіден  -  әлем  әдебиетінде  не  көп,  ертегі  көп,  көп 
сүрлеуінің  біреуіне  түсіп  кетуің  ыктимал.  Екіншіден  — ертегіге  тән
касиетгерді 
жете 
меңгеріп, 
сюжетті 
шымыр 
күрып, 
ойды 
түжырымдап,  кыска беру шарт.
М.Әлімбаев бүл түрғыда да шеберлік танытады. Тәрбиелік  мәні, 
көтеріп  түрған  жүгі  мол  «Екі  бүгы»  ертегісі  -   28,  «Түлкі  мен 
жолбарысы»  -  100  жолдан  аспайды.  Ал  «Түлкі  мен  кояны» 
кыскалығымен коса, скетч үлгісінде жазылған. Сонымен де күнды.
Қашан  да  ізденгіш,  жацашыл  акын  бүл  кітабында  да  казак 
балапар  поэзиясында  әлі  ешкім  бара  қоймаган  такырыптарға  түрен 
салған.  Иә,  өмірде не  көп, тақырып  көп.  Әлі  ешкім  жазбаған дүниелер 
жазу,  әлі  ешкім  айтпаған  ойлар  айту  -  әрбір  акынның-ак  көкейтесті 
мүддесі.  Бірак,  көпшілігі  айдынға келіп,  күмп  беруге жүрегі  дауламай, 
жагада  дагдарып  түрып  калган  кісідей  беттей  бермейді,  батылы 
жетпейді.
Ал  М.Әлімбаев  кандай  кыртысты  жерге  болса  да  корыкпай 
түрен  салып,  «Табиғаттан  рахым  күтіп  отырмай»,  бермесін  тартып 
алады.  «Аспандағы  әпке  немесе  стюардесса»,  спорт  такырыбына 
жазылған  «Жаттығу  -   жаннын  тынысы»  өлеңімен  «Онды  көлік  -   он 
көлік»  топтамасы  осылайиіа  казак  балалар  поэзиясынын  жоғын 
жоктау  нәтижесінен туған сәтті дүниелері.
...Кітапка  озык  үлгіде  жазылган  43 
жүмбағы 
мен 
39 
жаңылтпашы,  21  өтірік  өлеңінің  енуі  жинақтың  такырып  аясын 
кенейтіп, күндылығын арттыра түскен.
Акыннын  бүл  күнде  казак  балалар  поэзиясында  халыктын  өз 
поэзиялык  дәстүріндей  болып  жымдасып,  кіШкентай  окырмандардын 
игілігіне  айналып  отырган  логогриф,  метаграмма,  шарада  сиякты 
орыс  әдебиетінде  бүрыннан  бар  үлгілерді  казак  поэзйясының  өзіндік 
ерекшеліктеріне  ынгайлап,  казак  топырағына  алгаш  жерсіндірген 
енбегін  -  өмір  нәрі  аталған  женьшеннін  түкымын  Қиыр  шыгыстан 
апып 
келіп,  Европа  елдерінде  өсіріп  жаткан  селекционерлердін 
бейнеті  коп  еңбегіне  тенеуге  болады.  Женьшеннін  ол  елдерде 
каншалыкты  кен  тарала  коярын  кім  білсін,  ал  әлгі  аталган  ойын- 
өлеңдер  өзге  акындар  тарапынан  да  кеңінен  колдау  тауып,  казак 
балалар поэзиясынын өзекті бір жанрына айналды.
91

Өмірде  жаңа  бір  бастама  каншалыкты  қаулай  оріс  алғанымен, 
көп  жағдайда  бастаманың  авторы  жолын  өзгелерге  беріп,  өздері 
шеттеп  кала  беретін.  Ал  М.Әлімбаев  көш  тізгінін  ешкімге  үстатпай, 
бүл жанрда да қолбасшы  күйінде келеді.
Түйіп  айтканда:  «Аспандағы  әпке»  кітабы  үзақ  жылдардан  бері 
қазак  балалар  поэзиясынын  туын  көтеріп  келе  жаткан  акынның 
балаларға  арналған  көп  кітаптарынын  ішіндегі  шоқтығы  биігі,  акын 
творчествосының 
үлкен 
бір  белесі, 
қазақ 
балалар 
әдебиетін 
өркендетуге коскан  үлкен үлесі. 
1
«Жетісу» газеті 
14-шілде,  1984жыл.
Түм анбай  М олдагалиев
Қ А Л А М Ы   Қ О Л Ы Н А Н   Т Ү С П Е Й Т ІН  А Қ Ы Н
Менің  Мүзағам  соңғы  кезде  естелікті  көбірек  жазып  жүр.  Мен 
де ақын ағам туралы мақаламды естеліктен бастайын.
Ол 
кездегі 
өлеңге 
ғашыктығымызда, 
әдебиетке 
деген 
махаббатымызда шек жоқ еді.  Мен  1949 жылы  мектеп окушыларынын 
республикалык олимпиадасына катынастым. Такпак окитын  едім.  Сол 
жылы  Жамбыл  атаның  «Ленин»  атты  өленінін  Алматыдағы  алғаш 
офицерлер  үйінде,  кейін  Абай  атындағы  опера және  балет театрының 
сахнасынан  санкылдатқан  едім.  Бәйгеме  «скороход»  деген  ботинка 
және  бір  сөмке  кітап  тиді.  Кітаптардын  ішіндегі  «Жастар  даусы» 
дейтін  жыр  кітабы  менін  өмірімнін  кілтін  қолыма берді  деуге  болады. 
«Жастар 
даусына» 
енгендер 
— 
поэзиям ыздың 
бүгінгі 
ту 
үстаушыларының  бірі 
-  Хамит  Ерғалиев,  әрі  ақын,  әрі  ғалым 
Сағынғали  Сейітов,  өлеңге  өмір 
бойы  кызмет  етіп  келе  жаткан 
ақындар 
Ж аппар  Өмірбеков  пен  Аманжол  Ш амкенов...  Осы 
есімдердің  қатарында  бүгін  мен  мақала  жазып,  өмірі  мен  өлеңіне, 
жалпы  әдеби  еңбегіне  шама-шаркым  жеткенше  баға  бергелі  отырған 
жас Мұзафар Әлімбаев та бар еді.  Маған  Хамит акынның «Эке сыры» 
катты үнады.  Мен  сол дастанды жаттай бастадым.
Маған  Мүзафар ағаның кысқа қайырылатын лирикалары үнады:
Аяулы сенің атыңа
Ішінде бір аптанын
Жеті рет сәлем жолдаушы ем
Қайда екен сол бір хаттарым
92

дсйтін  карапайым  да  ад ал  жазылган  солдат  олені  менін  әлі  бір  гүлі  де 
ашылмаған  жүрегімді  шымыр еткізгені  рас еді.  Арада екі  жыл  өткенде 
мен осы өзіме өлеңдері  үнаган  ағаларды жүзбе-жүз көрдім.
ҚазМУ-дін  ол 
кездегі 
Комсомол  мен  Үйғыр  көшесінін 
оүрышындагы  үш  кабат  бір  корпусының  екінші  кабатындагы  кеңірек 
аудитория  студенттерге  лық  толды.  Бір  кезде  біз  күткен  ағалар  келді. 
Олар  бірінен  кейін  бірі  мінбеге  көтеріліп  өлеңдерін  окыды.  Аманжол 
аганын «Университет» деген  өлеңіне  біз  катты  қол  соқгық.  Хамит  ага 
жүрттын  ен  соңынан  шыгып  «Біздің  ауыддын  кызы»  дастанынан 
үзінділер  окыды.  Ол  агаға  да  үздігіп  кол  соктык.  Кештін  ортасынан 
маган  есімі  етене  таныс  Мүзафар  агам  шыкты  мінбеге.  Өленді 
шапшаң,  асыгып  оқиды  екен.  Кей  сөзі  күлағыма  жетпей  жатқандай 
көрінді.  Әттеген-ай,  асыкпай,  саспай  неге  окымайды  екен  бүл  агай 
деген  өкініш  өзегімді  ортегендей  болды.  Қолымды  каттырак  соктым 
мен  оған.  Бірақ олені дәмді  болғанмен, окуы  мәнді болмады, ағамның. 
Мен  сыбагам  біреудің  қолында  кеткендей  конілсіз  кайттым  сол 
кештен.  Екінші  барганымда  Мүзафар  ағам  оңаша  отыр  екен.  Именіп 
кірдім.  Көп  нәрсені  үйреніп  қайттым.  Менің  ол  күні  үсынган 
жырларым  «Пионерге»  келінкіремейді  екен.  Үлкендерге  ылайық екен. 
Бірак  Мүзафар  аганын  жылы  сөйлескені,  менің  болашағымнан  үлкен 
үміт  күтетіні  мені  бір  жақсылыкка  карай  жетектегендей  корінді.  Сол 
күннен  бастап  мен  Мүзафар ағага жакындай бердім, жакындай бердім. 
Алыстаған  кездеріміз де жоқ емес.  Бірак өлең-ана бізді  әркашан  қайта
табыстырады.
Мүзафар  Әлімбаевтың  майталман  лирик  екенін,  терең  ойдын, 
тегеурінді  сезімнін  акыны  екенін  бүгін  дәлелдеп  жатудын  керегі  жок. 
Бүл  акын  тереңімен  де,  тайызымен  де  казақтың  жыр  сүйер 
кауымының сүйіктісі  болғанына көп  жылдар отті.
Онын  үзақ  шығармашылық  жолы  -   жемісті,  келісті  жол  болды. 
Сонау  1952  жылы  жарық  кәрген  «Караганды  дәптері»  том-том 
кітаптарга  үласты.  Мүзаган  жүз  елу  елдін  акынын,  макал-мәтелін  өз 
казагына  жеткізсе,  онын  да  жырлары  кемінде  жиырма  шакты  елдін
тіліне аударылды.
Баска  мемлекетті  білмеймін,  мына  көрші  отырған  қыргыз
каламгсрлері  Мүзафар  ағаны  пір  түтып,  аспандарына  көтереді.
«Мүзекең,  біздің  Мүзекеміз»  — деп  қүрметпен  атайды  онын  есімін.
Мүзаганнын  үйіне  казак  қаламгерлерінен  гөрі  қырғыз  каламгерлері
көбірек келетін сиякты  ма калай.
Мүзагаңнан  менін  үлкен  бір  алган  сабағым  -   ағаны  сыйлау, 
агалардын  алдында сыпайылык сақтау.  Бүл  кісі  Әуезов туралы  айтса, 
әуезді  ән  салғандай  көрінеді  маған.  Мүзаған  кәдімгі  Сәбит
93

Мүқановтың  да  қасына  еріп,  оның  туған  жерін  аралаған.  Сыр 
бөліскен.  Мүзағаң Мүсіреповке де еріп  елдің ертеңі туралы толғасқан. 
Ғабеңнің  Мүзафар  ағаның  «Акмаңдайлым»  әнін  «болашақтын  әні» 
дегенін өз күлағыммен естідім.
Мүзафар  аға  Ғабиден 
ағаҒа  ерген,  әңгімесін  тыңдаған. 
Мұзағаның  Қалижаны  -   мінезге  бай,  білімі  үшан-теңіз  сыпайы 
Қалижан.  Мүзағаңның  Қасы.мы  -   жерде  емес,  аспанда  өмір  сүретін 
акиык  күс.  Мүзафар  ағаның  Әбділдасы  -   жырдын  абызы,  желге 
жеткізбес түлпары,  қартаюды білмейтін  сүңкары.
Мүзафар  ағаның  Жүбаны  да  жүмыр  басты  пендеден  гөрі  жүрек 
жүткан  батырға  үқсайды.  Мүзафар  ағаның  Сырбайына  қыз да  ғашык, 
біз де ғашықпыз. 
I I
Мүзафар  ағаның  Қанышы  -   данышпан,  ғылымдағы  арыстан. 
Мүзағаңның  Әлкейі  кейін  болса,  Қаныштан  ғана  сәл  кейін.  Әйтпесе, 
жеті  кат  жердің  астындағыны  білетін  ғүлама.  Мен  Мүзафар  ағаның 
Абайына, Жамбылына, Кененіне де есім  кете ғашыкпын.
Мүзафар аға өмірден  ерте  кеткен,  өзі  еркелеткен  інілері  Ізтайды 
да,  Әнуарбекті  де,  Жакан  Смақовты  да,  Шәмілді  де,  Жәнібек 
Кәрбозинді  де  ағалык  асыл  сезіммен  аялайды.  Оларды  сағына,  сарғая 
еске  алып  отырады.  Мен  мүны  да  үлкендіктің,  кісіліктің,  ағалықтың, 
даналыктың сабағы деп ойлаймын.
Елге, жерге бөлмейтін қасиетіне бас игоші  едім.
Мүзафар  Әлімбаевтан  тағы  бір  алған  тәлімім  -   еңбекшілдік, 
еңбекке  деген  ерінуді  білмейтін  қасиет  оның  канында  бар.  Мен  оның 
жай  карап  отырған  кезін  аз  көріппін.  Мүзағаңның  колы,  қаламы  ылғи 
кимылдап  түрады.  Тіпті  қонақта  отырғанда  қалта  дәптерін  алып 
ағамыз  өзі  үнаткан  сөздерді,  әңгімелерді  жазып  алып  отырады.  Бір 
қараған  көзге  ыңғайсыз да сиякты.  Біз  ағамыздың  бүл  әдетіне  үйреніп 
те  кеттік.  Кейде  жақсы  оралым  аузымызға  түсе  қалса,  «Ал,  Мүзаға 
жазып  ала  беріңіз»  -  деп  жомартсынатынымыз  да  бар.  Сол  аузына 
кҮДай  салған  сәтті  оралымдардың  ертең  өзіңе  де  керек  екенін,  әттек,
үм&та береміз. 
?
Мүзағаң  колы  каламнан  босаса,  әңгімеге  ауысады.  Әңгіменің
майын  тамызып  айтады.  Әңгімелерінің  негізгі  кейіпкері  өзі  болып
кетуі  де  ықтимал.  Бір  қарағанда,  ағамыз  мақтанып  отыр  ма  деп
қаласың.  Әйткенмен  бәрі  сыйымды.  Бәрі  де  көпті  көрген  көне  көз 
кари яга жарасып түргандай.
Мүзафар  Әлімбаевтың  катарласына,  іні-карындасына  тағы  бір 
тағлымы -  оның білімпаздығы,  оқымыстылығы,  ізденгіштігі.  Ол -  өте 
көп  білетін  адам.  Көп  оқыған,  көп  тоқыған  адам.  Фгтең  дүние 
ғылымның сонына түспеген, Ақындық үшін басқа абырой атақты сарп
94

еткен  кісі  бүл  Мүзағаң.  Оның  әдеби  білімі  -   ғылым  докторының 
дәрежесінде  екенін,  әдебиеттің  профессоры  екенін  екінің  бірі  біле 
бермейді.  Оның  «Өмір,  өнер,  өнерпаз»  атты  қазақ  өнер  қайраткерлері 
жайындағы  зерттемелерқ  естеліктері  біліктілігімен  ерекшеленеді. 
Заманымыздың  үлы  сахнагерлері  Қалибек  Қуанышбаев,  Серке 
Қожамқүлов  жайлы  әқгімелер,  атақты  композиторларымыз  Ахмет 
Жүбанов  пен  Латиф  Хамиди  туралы  естеліктер  оқырманнын  ойын
оятады.  Жаныңа  жақсылықтьщ  нүрын  себеді.  Өнер  табиғаты 
жөніндегі  бөлім  «Көңіл  күнделігі»  деп  аталады.  Үлы  ақынымыз  Абай 
туралы  «Абайды  қайталап  окығанда»  деген  эссе  -  акынның  қырык 
жыл  бойы  ізденісінен  туған  жаңа, тың толғаныс.  «Толкыннан  толкын 
туады»  деген  кітап  туған  әдебиет  туралы  ойлардан  түрады.  Мүнда 
Мағжан  Жүмабаев,  Ғабит  Мүсірепов,  Ғабиден  Мүстафин,  Бауыржан 
Момышүлы,  Тайыр  Жароков  туралы  естелік-әңгімелерге  жалғаса 
Евней  Букетов,  флжас  Сүлейменов,  Баламер  Сахариев,  Қалжан 
Нүрмаханов  жайлы  толғау,  әңгімелер  берілген.  Ал  «Көргендерім 
көңілде»  көркем  очерктері  де кешегі  Үлы  Отан  соғысынын  батырлары 
Ракымжан  Қошқарбаев,  Қасым  Қайсенов  туралы  Толғаулар  -  осы 
азаматтардың  өмірі  мен  еңбегін  акындык  шабытпен  кестелеген 
дүниелер.
Сонғы  екі-үш  жыл  ішінде  Мүзафар  Әлімбаев  түркі  тілдері 
гуыстыгын  зерттеп,  туған  тілдің  казынасын  байЫту,  түныктығын 
сактау,  колданыс  аясын  кеңейту,  көркемдегіш  күралдарын' үстемелеу, 
ироблемалары 
жайында 
оннан 
астам 
тартьііодвд 
тағылымды 
макалалар  жазып,  күнделікті  шығып  жаткан  газет,  журналдарымызда 
жариялады.
Халык  тағлиматы  (педагогикасы)  жайында  жана  кітап  жазып 
аяктады.  Бүл  кітаптың үздіктері  газеттерде үзбей жарияЛанды.
Мүзафар  Әлімбаев  -   ен  алдымен,  ақын.  Ол  үлкендерге  арнап 
дастандар,  лирикалык  өлеңдер  жазды.  Оның  үш  жүзге  жуык 
өлеңдеріне  Қазакстан  композиторлары  ән  шығарды.  «Ақсүңкарым», 
«Акмаңдайлым»,  «Маралдым» әндері  халык-ананың өзі  шығарған төл 
туындысы  болып  кеткеніне  де  көп  заман  өтті.  Мүз&ф&р  Әлімбаевтың 
бөбектерге  арнап  жазған  жырларынын  өзі  бірнешс  томды  күрайды. 
Қырык жыл бойы  балалар басылымдарында  қьГзметте болу -  Мүзафар
акынды балаларға арнап  шығармалар жазуға  итермеледі.
Көп 
жылғы 
балалар 
әдебиетіне 
еткен 
еңбек 
Мүзафар 
Әлімбаевты  балалар  поэзиясынын  бірден-бір  жасаушысы,  классигі 
катарына  көтерді.  Онын балажан  жүрегі  сәбилерге  арнап  талай-талай 
тілге  орамды,  окуға  жеңіл,  ойнакы  жырларды  тудырды.  Соңғы  бес 
жыл  ішінде «Өскеніңді  ел  көрсін»,  «Екі  тақтай  - бір  копір»,  «Қояннын
95

кулағы  неге  ұзын»  деген  үш  кітап  жазды.  1984  жылы  «Аспандағы 
әпке» 
атгы 
балаларға 
арналған 
жыр 
кітабына 
Қазакстан 
Республикасынын  Абай  атындағы  Мемлекеттік  сыилығы  берілді.  Бүл 
сыйльпсгын  бөбектердін  сүйікті  акыны  I   Мүзафарға  берілу,  әоден 
орынды  болды.  Алғаш  кыска-кысқа  солдат  көнілін,  солдаттын  туған 
жерге  сағынышын  жазып  көрген  жас  Мүзафар  келе-келе  күлашты 
дастандарға  ауысты.  1958  жылы  акыннын  «Қүрбымнын  күнделігі» 
атгы  түнғыш  поэмасы  жазылды.  Мүзаға  поэма  жанрына  жүрексшш 
барды.  Ол  көп  толкыды.  Көп  именді.  Дастаннын  жеке  тарауларын 
біздерге (Әнуарға,  Қадырға,  Ізтайға) окып  жүрді.  Бір  күні тілге женіл, 
ыкшам  ғана  лирикалык  поэма  дүниеге  келді.  Бүл  поэма  ғашыктьж
дастаны  -  «Естай-Хорланға»,  лирика-философиялық дастан  -   «Менщ 
Қазакстаныма»,  ерлік  дастандары  -   «Қүрыш  казак»,  «Ту  тіккенге» 
жол ашты.  Бүл дастандардын  ішінде  маған  «Естай  -  Хорлан» ен биіп, 
ен  көрнектісі  болып елестейді.  «Ту тіккеннін» өзіме үнамағаны үшін  - 
менің  Мүзағама  үнамай  калғанымды  да  бүгін  айта  кеткен  абзал. 
Акындардын  бәріне  ортак  бір  осалдык  бар.  Ол  -  өз  жазғандарынын
бәрін маржан көру. 
НВЯ  . Л
Мүзаған  да  осы  дертпен  аздап  ауырады.  Оның  каламынан
шыккан  дүниенін  бәрін  маржан  деп  айтсам,  онда  менің  өзімнін  арзан
болғаным. 
Қандай 
бір 
үлы 
акын 
болмасын, 
онын 
ұлы
шығармаларынын  қасында  бояуы  канық  емес,  ойы  тайыз,  өрнегі
келісімсіз  орта  қолды  дүниелері  де  аз  кездеспейді.  Акынның
шығармаларына берілер баға көбіне  оның сәтті туған дүниесіне  карап
беріледі. 
,  . 

ч 
д
«Қаламым — өремелеген қияға
Он бес жасар талабым.
Қаламым #  аясына әлемді
Сыйғызатын жанарым.
Қаламым  - жалпақ дүние алдында
Жаркырайтын жамалым. 
|
Қаламым — есімімді өлімге
Алдырмайтын каламым».- 

I
дейтін  өленді  окығанда  акыннын  тапкыр  ойына,  дәл  басып  айта
алатын  көңіл  зеректігіне  риза  боласын.  «Жарайсын,  Мүзағам, 
жарайсын» -  деп  оған, оның өлеңіне кол соғасың.
Мүзафар  ақыннын  кітаптарын  актарып  окып  отырсаң,  килы- 
килы  ойға  шомасың.  Біресе  канатын  жаңа жайған  жас  күстай  дүниеге 
еркелегін  келеді.  Бірде  көпті  көрген  қариядай  ауыр  ойларға  шомасың. 
Бірде  бакытын  кездестіруге  асыккан  жігіт  көнілі  сенін  көкірегіне
көшкендей  куаныш  күйін  кешесін.
96

Бірде  албырт,  бірде  асау,  бірде  нәзік,  бірде  терең  -   акын 
жүрегінен  төгілген  жыр,  шашыраған  нүр  бүгіннің  ғана  емес,  ертеңнің 
де есігін  ашып, сәуле шашып түратынына мен  шүкірлік етем.
Мүзафар  -   философ  акыи.  Мүзафар  -   лирик  акын.  Мүзафар  -  
сәбилер  акыны.  Мүзафар  -   көңілдін,  көлдін  акыны.  Қазақ  дейтін  ак 
көңіл елдің акыны.
Күннін әні -  сәулесі,
Жердің сәні -  жемісі.
Ездің әні - әуресі, 
-
Ердің әні — жеңісі
немесе:
Пәтуасыз сөздерінен қоркыңдар,
Арды аттаған көздерінен корқыңдар.
Түстастардын күңкілінен коркыңдар,
Ұрпактардын үкімінен қоркыңдар.
Мен  болсам,  «Түстастардын  күңкілінен  қорыкпай»  деп,  үшінші 
жолдын  соңғы  сөзін  өзгертер  едім.  Түстастардың  күнкілі  не,  тәуірі?! 
Түстастардын 
күңкілі 
кейде 
сенің 
биігіңді 
көре 
алмаудан, 
кызганыштан  туады.  Одан  корқу  өзіңді  корлау  емес  пе?  Ал,  үрпак 
үкімі  -   катап  үкім.  Содан  коркайық,  Мүзаға.  Жетпістін  жетегіне 
ердіңіз.  Айтарынызды  айтып  болсаңыз  да,  жасарынызды  жазып
бітпесеніз де елу жыл бойы  калам тербедініз.  ,
Сізді  казак  елі  ардақты  акыным,  жақыным  деп  біледі. 
Мақтаныш  етіп  төріне  шығарды.  Сіздін  еңбекке  толы  өмір 
жолыңызды  ерліктің жолы,  бакыттын  жолы  деп  бағалаған  жөн  болар. 
Бір  кішкентай  макалада  мен  Сіздін  жарты  ғасырлык  акындык 
өмірінізд»  түгел  тәптіштеп  айткам  жок,  оны  айткым  да  келмейді. 
Сіздін  өнер  жолыныз  жайлы  жазылып  жаткан  диплом  жүмысы  мен 
диссертацияларда  бәрі  де  тәптіиітеп  айтылып  жүр.  Мен  де  өз  өрем 
жеткенше  Сіз  туралы  жазып  келе  жатырмын. 
Елуіңізде  де, 
алпысыңызда да еліңізге бардым.  Бакытыңызға еншілес болдым.
Жетпіске  жеггіңіз.  Қарттыкка  үйрене  бастадыныз.  Жетпістін 
арғы  жағында  сексен  деген  сеңгір түр.  Оған  да  секіріп  шыға  гөр,  аға. 
Біз  сені  сол  биіктен  күтейік.  Қане,  таяғынызға  сүйеніп  сол  биікке
карай  аянданыз. 
.•»*  ь е д ь :  ь
Асыкпаныз,  саспаңыз.  Сол  биіктен  Сізді  өз  ағаңыз  Дихан  ақын,
Қадырдың  ағасы  Әбу  ақын,  менін  өз  ағам  абыз  Әбділда  күтіп  алады.
Алға карай аяңдап жүре бер,  Мүзаға. 
*
«Қазак әдебиеті»  газеті.
29 казан.  1993 жыл.
97

Әдебиеттегі  үстаздарым өлденешеу.  Негізгі — екеу.  Бірі  - өз 
әкем  Кәрім, екіншісі -  балалар әдебиетінін белгілі  өкілдерінің бірі
Мүзафар Әлімбаев. 
".  1
Әкем  маған  олен  жазуды  үйретті.  Алғашқы  сыншы  да  сол
болды.  Ал  М.Әлімбаев  маған  алғашқы 
өлеңдерім  баспасозде  I
жариялана  бастағаннан  бері  камкорлық  жасап  келеді.  Оның  ақыл  |
кеңесі болмағанда,  мен балалар үшін олең жазуды  60-шы  жылдары-ақ 
біржола тастап кетуім  мүмкін ед і... 
'
«Ү лан»  газеті.
29 сәуір  1997жыл.

жүктеу 0.65 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет