С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



жүктеу 5.06 Kb.
Pdf просмотр
бет23/49
Дата12.01.2017
өлшемі5.06 Kb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49

 
1. Байденко В.И. Болонский процесс: поиск общности европейских систем высшего образования [проект 
ТUNING]. Москва-Астана 2006. 34-37 с. 
2. Джуринский А.Н. История педагогики. М: «Владос», 2000., 432 с. 
3. Абдуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования. М.: 
«Просвещение», 1984., 208 с.  
4.  Кенжегалиев  К.К.  Формирование  политехнических  компетенций  по  физике.  Монография.  Кокшетау,  2010., 
130 с. 
Аңдатпа 
Зерттеу  мақсаты  «5мбебап  педагогикалық  құзыреттілік»  деген  жаңа  ұғымды  негіздеу,  5мбебап  педагогикалық 
құзыреттіліктердің құрылымы мен мазмұнын, қалыптастыру 5дістемесін анықтау, барлық мамандық мұғалімдерінің 
5мбебап педагогикалық құзыреттіліктерінің қалыптасу критерийлерін, деңгейлерін ж5не бағалау 5дістемесін ұсыну 
болып  табылады.Зерттеу  мақсатын  шешу  үшін  педагогикалық  мамандық  студенттері  арасында  анықтауыш  экспе-
римент жүргізілді. Эксперимент н5тижелері Розенбаум ж5не корреляция критерийлері арқылы тексерілді. Аталған 
критерийлер  көмегімен  болашақ  мұғалімдердің  5мбебап  педагогикалық  құзыреттіліктерінің  қалыптасу  деңгейі 
анықталды.  
Бұл  проблема  бойынша  теориялық,  диссертациялық  зерттеулер  талданылды.  Бірақ,  жоғары  мектеп  педагоги-
касында бұл проблема 5лі зерттелінбеген. Jмбебап педагогикалық құзіреттіліктер оқушылардың жоғары білімдерін 
қамтамасыз етуге қабілетті барлық мамандық мұғалімдерінің міндетті компоненті ретінде қарастырылады. 
Мақалада  жоғары  оқу  орындарында  барлық  мамандық  мұғалімдерін  дайындағанда  5мбебап  педагогикалық 
құзыреттіліктерді қалыптастыру қажеттілігі көрсетіледі. Зерттеудің негіздемесіне келесідей психологиялық теория-
лар  алынады:  А.Н.Леонтьевтің  іс-5рекет  тоериясы,  Л.С.Выготскийдің  м5дени-тарихи  тұжырымдамасы.  Jмбебап 
педагогикалық құзыреттіліктер педагогтың к5сіби маңызды сапаларының негізі ретінде қарастырылады. 
Зерттеу барысында біз анықтаған 5мбебап педагогикалық құзіреттіліктердің мазмұны мен құрылымын ғылыми 
қоғамға талдау мен ұсыныс жасауға жарияладық. Jмбебап педагогикалық құзыреттіліктердің құрылымына жалпы 
педагогикалық,  жалпы  дидактикалық  5мбебап  құзыреттіліктер  жатады.  Жалпы  педагогикалық  5мбебап  құзыретті-
ліктер мұғалімнің к5сіби м5дениетін сипаттайды. Бұл құзыреттіліктерге мұғалімнің тұлғалық сапалары, педагогика-
лық қарым-қатынас, педагогикалық қабілеттер жатады. 
Жалпы  педагогикалық  5мбебап  құзыреттіліктердің  логикалық  іс-5рекеттік  жалғасы,  шынайы  к5сіби  көрінісі 
болып  жалпы  дидактикалық  5мбебап  құзыреттіліктер  танылады.  Аталған  құзыреттіліктерге  5мбебап  5дістемелік 
ебдейліктер мен дағдылар жатады.  
Жалпы  педагогикалық,  жалпы  дидактикалық  5мбебап  құзыреттіліктердің  5р  компоненті  қарапайым  амалдар 
жүйесі  көмегімен  беріледі.  Бұл  амалдар  ж5не  операциялар  деңгейінде  болашақ  мұғалімдердің  5мбебап  педагоги-
калық құзыреттіліктері психологиялық негізде қалыптастырылуы жүзеге асады.  
Кілтті  сөздер:  5мбебап  педагогикалық  құзыреттілік,  Розенбаумның  параметрлік  емес  критерийі,  корреляция, 
кісіби маңызды сапа, констататциялық эксперимент, статистикалық болжам, нөлдік болжам, алтернативті болжам. 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(47), 2015 г. 
127 
.ӨЖ 378.196  
 
СТУДЕНТТІҢ ІС-Т.ЖІРИБЕ КЕЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢАТА-АНАСЫМЕН ЖҰМЫСЫ 
 
А.Уразбаев – Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы 
 
Аңдатпа 
Отбасы  баланың  мінез-құлқының,  дүниеге  көзқарасының  басты  негізін  қалайды.  Ата-бабаларымыздың  тілімен 
айтқанда,  ұлттық  құндылық,  қадір-қасиет  ата  құлқымен,  ана  сүтімен  ұрпақ  қанына  сіңген.  Қазақтың  отбасындағы 
т5рбиелік ықпалы бірімен-бірі ұштасып жатқан үш сатыдан тұрады деуге болады. Ол - ата-5же, 5ке-шеше, ұл мен 
қыз. Бұлардың 5р бірінің өз құқыктық міндеттері мен өздеріне тиеселі талап тілектері бар. Бұл міндеттердің салмағы 
өте ауыр, қасиеті мол. 
Jр  ата-ана  баласының  жеке  ерекшелігін,  қабілетін,  мүмкіндігін  ескеріп,  кандай  іске,  өнерге  бейімділігін  ерте 
аңғарып, шамасы келгенше баласының бойындағы табиғи қасиеттерді дамытып отырған. Сондықтан да іс-т5жірибе 
кезіндегі  5р  сыныптың  жетекшісі  баланың  дұрыс  т5рбие  алуы  үшін  оның  ата-анасымен  тығыз  байланыста  болуы 
тиіс.  Ата-аналармен  жүргізілетін  жұмыстардың  жоспарын  алдын-ала  жасап  алып,  оның  толыққанды  ұйымдасты-
рылуын басты назарда ұстағаны абзал. 
Мақаладаіс-т5жірибе  кезінде  студенттердің  оқушылардың  ата-аналарымен  тығыз  байланысты  орнату  жұмыс-
тарының кейбірм5селелерінің өзектілігі қарастырылған. 
Тірек сөздері: студент, іс-т5жірибе, инновациялық үрдістер, сынып жетекшісі, отбасы, ата-ана, т5рбие, біліктілік, 
мектеп, жеке тұлға, мінез-құлық, қарым-қатынас, д5стүр, 5дептілік, байланыс. 
 
«Қазақтың тағдыры, келешегі мол ел болуы да мектептің қандай негізге құрылуына тіреледі. Мекте-
бімізді сау, берік һ5м өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегімізбен тайынбай 
серттесуге  болады.  Ал  сондай  негізді  құра  алмасақ,  келешегіміз  күңгірт»  деп  ұлы  педагог  М.Жұмабаев 
айтқандай, біздің болашағымызды мектеп айқындайды [1]. 
Мектеп  –  мемлекеттің,  қоғамның  ж5не  жеке  адамның  білім  беру  саласына  сұраныстарын  қанағат-
тандыратын қоғамдық-мемлекеттік жүйе. Өсіп келе жатқан ұрпақтың т5рбиесінің, дене ж5не жан саулы-
ғының,  интеллектуалды  5леуетінің  қамын  ойлау  –  т5уелсіз  Қазақстанның  алдында  тұрған  ең  маңызды 
м5селенің бірі. 
Қазіргі кезеңде мектептердің алдында төмендегідей міндеттер тұр: 
- халқымыздың ақыл-ой 5леуетін қалыптастыруға белсене қатысу, жеке адамның рухани жаңаруына 
жағдай жасау; 
- жеке тұлғаны саралап оқыту негізінде ж5не факультативтер мен арнайы курстардағы п5ндерден білім 
беру барысында ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімі жоғары жеке тұлғаны т5рбиелеу; 
- дарынды балалардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдайлар туғызу; 
- оқушыларды шығармашылық жұмысқа бағыттау; 
- жеке адамның өзіне-өзі сенімділік, өзін еркін ұстай білу, т.б. қасиеттерін дамыту; 
-  болашақ  мұғалімнің  шығармашылығын  дамытуға,  зерттеу  жұмысымен  айналысуына  қабілеттілігі 
мен  қызығушылығын  тудыруға,  жеке  тұлға  туралы  теориялық  білімдерін  тереңдетуге  ж5не  оқу-т5рбие 
үрдісінде оны дамытуға қолайлы жағдай жасау; 
- жалпы практикалық, философиялық, психологиялық ж5не эстетикалық дайындықты күшейту. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында:  «Қазіргі  мектептердің,біріншіден,  іс-т5жірибе 
қызметінде  жинақталған  барлық  игіліктердің  сақталуы,  екіншіден,  қоғамның  интеллектуалдық  қуатын 
жетілдіру, еліміздің материалдық-қаржылық ресурстарын 5рі қарай дамытатын адам т5рбиелеу, орта білім 
жүйесін одан 5рі дамытып жұмылдыру міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжым-
дары, іс-т5жірибе кезінде 5р практиканттыңкүнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, 
өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа іс-т5жірибенің, жаңа қарым-қатынастың жасаулары қажет», - деп 
атап көрсетілуі практиканттың іс-5рекетіне жаңа бағыт сілтейді. Бұл заңда қазіргі кезеңде болашақ мұға-
лімдердің  біліктілігін  жетілдірумен  қатар,  к5сіби  қызметтің  ғылыми  негіздерін  іс  жүзінде  қолдануға, 
практикалық іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген[2]. 
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай т5рбие мен білімді сіңіру болашақ мұғалімдердің инновациялық іс-
5рекетінің  ғылыми-педагогикалық  негіздерін  меңгеруі  арқылы  іске  асатыны  белгілі.  Инновациялық 
үрдістерді зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға көшуі ж5не жаңалыққа енгізу 
процесіне  басшылық  жасау  м5селелерін  зерттеу  маңыздылығын  М.В.Кларин,  М.М.Поташник,  В.И.Заг-
вязинский, А.Я.Найн, О.Г.Хомерики, Н.Р.Юсуфбекова ж5не т.б. зерттеулерінде қарастырған. 
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №3(47), 2015 г. 
128 
Білім  берудегі  инновациялық  үрдістердің  м5нін  педагогиканың  маңызды  екі  проблемасы  құрайды. 
Олар — озық педагогикалық т5жірбиені зерттеу, жинақтау ж5не тарату проблемасы ж5не педагогикалық-
психологиялық  ғылымдардың  жетістігін  іс-жүзінде  практикаға  енгізу  проблемасы.  Соған  с5йкес 
инноватика  п5ні,  инновациялық  үрдістердің  мазмұны  мен  механизмі  осы  кезге  дейін  бір-бірінен  оқшау 
қарастырылып  келген  өзара  тығыз  байланысты  екі  үрдістің  тұтастығы  тұрғысынан  қарастырылуы  тиіс, 
яғни инновациялық үрдістердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып 
келген  өзара  тығыз  байланысты  екі  үрдістің  тұтастығы  тұрғысынан  қарастырылуы  тиіс,  яғни  инно-
вациялық  үрдістің  н5тижесі  теория  мен  іс-т5жірибенің  тоғысуында  пайда  болған  5дістерді,  іс-т5жірибе 
кезінде туындалған жаңалықтарды іс-жүзінде қолдануға тиіс. Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты 
жасау,  игеру  ж5не  пайдалануда  басқару  қызметінің  маңыздылығына  көз  жеткізе  түседі.  Өйткені,  іс-
т5жірибе  жүргізуші  практикант  мұғалім  көмегімен  жаңа  педагогикалық  технологияның,  теориясының 
ж5не  концепцияның  авторы  ретінде  талдап  жасаушысы,  зерттеушісі,  тұтынушысы  ж5не  насихатшысы 
қызметін  атқарады.  Осы  үрдісті  басқару  мұғалімнің  өз  қызметінде  5ріптестерінің  іс-т5жірибесіндегі 
немесе  ғылымдағы  жаңа  идеялар  мен  5дістемелерді  дұрыс  таңдап,  бағалап,  өзінің  педагогикалық 
шеберлігімен практиканттарға іс-т5жірибе кезінде оларды еркін қолдануын қамтамасыз етеді. Ал педаго-
гикалық қызметте инновациялық бағыттылықты казіргі заманғы білім беру, қоғамдық ж5не м5дени даму 
жағдайында  педагогикалық  қызметтің  инновациялық  бағыттылығының  қажеттілігі  бірқатар  жағдай-
лармен айқындалады. 
Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан 5леуметтік-экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, 5діс-
темесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу т5рбие үрдістерін ұйымдастырудың технологиясын түбірі-
нен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру ж5не пайдалануға негізделген бола-
шақ  мұғалім  мен  т5рбиеші  қызметінің  инновациялық  бағыттылығы  білім  беру  саясатын  жаңартудың 
құралына айналуда. 
Екіншіден,  білім  беру  мазмұнын  ізгілендірудің  күшеюі,  п5ндерінің  көлемі  мен  құрамының  үнемі 
өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу п5ндерінің енгізудің кейбір өзекті м5селелері жаңа ұжымдық формалар мен 
оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық 
білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр. 
Үшіншіден, мұғалімнің педагогикалық жаңалықты игеруге ж5не қолдануға деген көзқарас сипатының 
өзгеруі.  Оқу-т5рбие  үрдісінің  мазмұнын  қатаң  т5ртіпке  бағындырып  қойған  жағдайда  мұғалімнің  өз 
бетінше бағдарлама, оқулық таңдаудан бұрын педагогикалық қызметтің жаңа 5діс-т5сілдерін пайдалануға 
мүмкіншілігі  болмады.  Егер  бұрынғы  уақытта  инновациялық  қызмет,  негізінен,  жоғарыда  ұсынылған 
жаңалықтарды іс-т5жірибеде қолданумен шектелсе, қазіргі уақытта ол барынша баламалы, зерттеушілік 
өзіндік  сипатын  ала  бастады.  Сондықтан  да  мектеп,  білім  беру  ұйымы  басшыларының  қызметіндегі 
маңызды  бағыттардың  бірі  -  мұғалімдердің  енгізген  инновациясына  талдау  жасап,  баға  беру,  оны  іске 
асыруға, қолдануға қолайлы жағдайдың болуы.  
Төртіншіден, жалпы білім беретін оқу орындарының нарықтық қатынастарға енуі, жаңа типті сынып 
ішінде мемелекеттік емес оқу орындарының құрылуы нақты б5секелестік ахуал туғызуда. 
Жаһандану  құбылысы  біртұтас  азаматтық  қоғам,  экономикалық  ж5не  м5дени  ғаламдық  кеңістіктің 
қалыптасуына  ұласып,  елдер  арасындағы  ғылыми,  м5дени,  экономикалық  ж5не  ақпараттық  қарым-
қатынастар мен өзара педагогикалық шеберліктерін пайдалы түрде алмасуларының өрісін кеңейтеді.  
Сондықтан білім жүйесін сыртқы ортамен қарым-қатынаста өздігінше жетілуге қабілетті күрделі ашық 
жүйе деп қарастыра отырып, синергетикалық көзқарасқа негізделген диалогтік-демократиялық басқаруға 
көшіру,  оқушы  тұлғасын  толыққанды  ж5не  басты  субъекті,  басты  құндылық  есебінде  қабылдап,  оның 
ерекшеліктерін ескеріп, ынта-ықыласының сапалы түрде өрістеуіне, еркіндікпен шығармашылық ортада 
қалыптастырып,  дарыны  мен  тұлғалық  табиғи  қабілеттерінің,  ішкі  мүмкіндіктерінің  ашылуына  педаго-
гикалық-психологиялық  қолайлы  жағдай  жасап,  өзіндік  жан-жақты  дамуына,  өзін-өзі  жүзеге  асыруына 
бағытталған жаңа тұрпаттағы өзекті м5селелер мен басқару жүйесін енгізу қажет. 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  (27-бап)  «Неке  мен  отбасы,  ана  мен  5ке  ж5не  бала 
мемлекеттің  қорғауында  болады.  Балаларына  камқорлық  жасау  ж5не  оларды  т5рбиелеу  -  ата-ананың 
етене құқығы 5рі міндеті»,-делінген [3, 18]. Бұл жолдар 5р баланың білім алуына мемлекеттің басты назар 
аударатынын ж5не ол отбасының парызы екенін айғақтай түседі. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының 
«Білім  туралы»  Заңының  49-бабында  ата-аналар  мен  өзге  де  заңды  өкілдер  «баланың  тілегін,  жеке 
бейімділігі  мен  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  білім  беру  ұйымын  таңдауға,  ата-аналар  комитеттері 
арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға, білім беру ұйымдарынан өз 
балаларының  үлгеріміне,  мінез-құлкына  ж5не  оқу  жағдайларына  қатысты  ақпарат  алуға,  өз  балаларын 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(47), 2015 г. 
129 
оқыту  мен  т5рбиелеу  проблемалары  жөнінде  психологиялық-педагогикалықконсультациялық  көмек 
алуға  құқығы  бар»  ж5не  олар  «балаларға  өмірі  мен  оқуы  үшін  салауатты  ж5не  қауіпсіз  жағдайлар 
жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз 
етуге,  балаларды  окыту  мен  т5рбиелеуде  білім  беру  үйымдарына  ж5рдем  көрсетуге,  балалардың  оку 
орнындағы  сабаққа  баруын  қамтамасыз  етуге  міндетті»,  -  деп  [4]  жазылып,  жас  ұрпаққа  білім  беру 
үрдісіне  қатысушы  субъекті  ретінде  ата-аналарға  үлкен  жауапкершілік  жүктеген.  Бұл  нұсқау  оқушы-
лардың  білім  сапасын  арттырудағы  отбасы  мен  мектептің  бірлігі  бүгінгі  қоғам  талабынан  туындап 
отырғандығын ашып керсетеді. 
Орыс  ғалымы  Ю.К.  Бабанский  «Ежелгі  замандағы  ж5не  орта  ғасырдағы  Ресейдің  отбасы  -  мектеп 
т5рбиесі» деген еңбегіндегі отбасындағы білім берудің негізіне оралу үшін ежелгі заманнан бастап зерт-
теу - бүгінгі адам өмірінің м5селесін тереңнен түсіну деген пікірі оқушылардың білім сапасын арттыру 
м5селесін ашу үшін оның тарихи-педагогикалық аспектілерін анықтаудың өзекті екеніне ой салады [5]. 
Тарих  т5жірибесі  -  ұрпақтың  кешегісі  мен  бүгінгісінің  ең  асыл,  ең  сүбелі,  нағыз  прогресшіл  қасиет-
терін бір-біріне жалғастырып отыратын өмір эстафетасы. Тарихқа, тарихи бастауларға, өміріміздегі кез-
дескен  5р  қилы  іс-т5жірибеге  біз  қаншама  терең  үңілсек,  қоғамдағы  қазіргі  жағдайды  соғұрлым  жақсы 
түсінетін, білетін боламыз. 
Тарихи  деректерге  сүйенсек,  оқытудың  алғашқы  ошағы  -  б.з.д.  III  ғасырдағы  Шумер  мектебінің  іс-
т5жірибесінен  бастау  алады.  Ол  деректерден  отбасы  мен  мектептің  арасында  сыйластықтық  қарым-
катынас қалыптасқанын, мектептің түп-төркінінің қалыптасуы отбасында жатқанын, отбасында берілген 
халықтық білімнің негізі мектепте жалғасқанына көз жеткіземіз. 
Мектепте  отбасының  бір  үйдің  балалары  арасындағы  5дептілік,  татулық,  қамқорлық,  оларды  өмірге 
үйрету,  т.б.  туыстық  ізгі  д5стүрлері  сақталған.  Оқу-т5рбие  5дістері  5кесінің  баласына  ақылын  айтып 
үйретіп жатқанын аңғарамыз. Шумер мектебі туралы еңбектер отбасы мен мектептің бірлесе атқарған оқу 
ж5не т5рбие жұмысы 5дістемесінің тууына негіз болғанын айқын аңғартады. 
Балаға  білім  беру  жүйесінің  мақсаты  мен  міндеті,  қалыптасуы  адамдардың  өмір  сүруіне  деген 
кажеттіліктен туды. Ол адамзат қоғамының дамуымен ж5не этностардың жер бетінде пайда болып ұрпақ 
өсіруімен тығыз байланысты ж5не алғашқы қауымдық д5уірден бері қарай түрлі қоғамдық езгерістермен 
бірге өсіп, езгеріп, жаңарып отырды. 
Балалардың  күнделікті  еңбек  үрдісінде  ересектермен  қарым-қатынас  жасауы  өмірге  қажетті  еңбек 
5рекеті  мен  дағдыларын,  сол  кездегі  салт-сананы  меңгеруіне  ықпал  етті.  Алғашқы  қауымдық  құрылыс 
тапсыз болғандықтан т5рбие-барлық адамдарға ортақ, бірдей еді. Меншіктің, құндылықтың ж5не отбасы-
ның  шығуына  байланысты  қауымдық  қоғам  біртіндеп  ыдырай  бастады.  Осы  ыдыраудың  салдарынан 
рулық  ұйымнан  өзінің  даму  ерекшелігіне  сай  отбасы  бөлініп,  езіндік  ұрпақ  т5рбиесіндегі  т5жірибесі 
туындады. 
Қазақ  халқының  отбасында  білім  ж5не  т5рбиеберудіңөзіне  т5н  ерекшелігі,  өзіндік  белгісі  бар.  Бала 
т5рбиесінде ұлттық т5лім-т5рбиенің д5стүрлі дүние танымын жүзеге асыра отырып, халыктың мұраттары 
мен арман-тілектеріне сүйеніп отырған. 
«Барлық  қоғам  біткеннің  ең  арғысы  ж5не  бірден-бір  табиғиы  -  отбасы»,  -  деп  П.И.Третьяков  анық-
тағандай, қоғам да, мемлекет те отбасынан, 5улеттен басталады. Қазақ оны «Отан - отбасынан», - дейді, 
ол біздің халқымыз үшін отбасы т5рбиесінің маңыздылығын айқындайды [6]. 
 Отбасы  т5рбиесіндегі  ата-ананың  орны  туралы  Абай  Құнанбаев  «Адамның  адамдық  қасиеттерге  ие 
болмағы, 5уелі, ақыл, ғылыммен болса, ол қызығу, денсаулыққа байланысты, қалғаны - «жақсы ата-ана» 
үлгі өнегесі»,-деген. Яғни баланың бойында адами жақсы қасиеттердің калыптасуы ата-ананың ықпалына 
тікелей т5уелділігін аңғартқан. 
Отбасында баланың алған білімінің сапалы болуы 5ке мен шешенің бірлікте берген т5лім-т5рбиесіне 
қатысты.  Сондықтан  іс-т5жірибе  өткізуге  келген  студент  сынып  оқушысының  ата-анасымен  тығыз 
байланыс жасағаны абзал.  
Отбасындағы үлкен м5селелерден бастап, ағайын-туыстың, ел-жұрттың атқарар істерінің б5рін еркек-
тердің  ақылымен  жөнге  түсіріп  отырған  қазақ.  Бұданотбасындағы  ер  азамат  пен  ананың  риясыз  берік 
одағын  көреміз.  Аналарымыз  алдымен  күйеулерінің  тілеуін  тілеген.  Күйеуі  жолға  шықса,  тоқымын 
қағып, бала-шағасына жол қаратып өсірген [7]. 
Ата-аналардың балаларға ықпал ету керектігін И.С.Кон төмендегідейүш түрлі сипатта бейнелейді: 
1. Балаға ата-ананың ықпалын нығайту. Баланың жақсы жақтарын қолдап, жағымды кылықтары мен 
істерін қуаттау, оң мінез-құлық үшін көтермелеу, теріс 5рекеттерін ескерту, жаман мінез-құлыктары мен 
іс-5рекеттері үшін орынды 5рі 5діл сөгіс бере отырып, оны санасына біртіндеп, белгілі бір мінез-құлық 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №3(47), 2015 г. 
130 
нормалардың  жүйесін  сіңіру.  Сөйтіп  олар  баланың  ой  елегінен  өтіп,  іс-5рекет,  жүріс-тұрыс  ережесіне 
айналады.  Күнделікті  өмірде  көп  рет  қайталану  барысында  ол  5детке,  ішкі  жан-дүниесінің  қажетті 
құрамдас бөлігі ретінде калыптасады. 
2.  Баланың  ата-анаға  ұқсауға  ұмтылуы,  оны  өздеріне  ұқсастыру.  Бұл  баланың  ата-анасына  деген 
сүйіспеншілігі мен беделіне, құрметке негізделеді. Бала 5кесі не шешесіне ұқсауды армандайды. Егер ата-
ананың  баласы  сыйлайтын  қылығы  болмаса,  ата-ана  беделін  таяқтан  қорқып  қана  таныса,  оңда  ұқсау 
міңдеті  орыңдалмайды,  не  болмаса  5лгі  жалған  беделінің  5сері  ойға  келмеген  нашар  салдарымен 
қорқынышты. 
3.  Ата-ана  мен  бала  арасындағы  өзара  түсіністік.  Өз  баласының  ішкі  жан  дүниесін,  мінез-құлық 
ерекшеліктерін  білу,  оларға  елгезекгікпен  жауап  беріп  отыру,  баланың  алдыңдағы  қиыншылықтарға, 
онымен қоса төтеп беру арқылы ғана оны толыққанды тұлға етіп т5рбиелеуге болады. 
Бала үшін отбасы бір жағынан-тіршіліктегі қорғаны болса, екінші тараптан-т5рбиелік орта. Баланың 
алғашкы  өмірі  жағдайындағы  отбасы  ықпалы  басқа  жағдайлар  мен  кейінгі  жас  кезеңдерінде  болатын 
ықпалдардан  басымдаукеледі.  Зерттеу  деректеріне  сүйенсек,  отбасы  -  бұл  мектеп  те,  ақпарат  көзі  де,  - 
қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да ж5не 5деп пен өнер кілті де. 
Қорыта келгенде, т5рбие отбасынан басталады деген қазақтың нақыл сөзін есте сақтап баланы мектеп 
қабырғасында  т5рбиелеудегі  іс-т5жірибе  кезінде  ата-анамен  тығыз  байланыс  орната  отырып  жоғарыда 
аталғанүш түрлі сипатта бейнеленген мысалды есте сақтай отырып, отбасында балағаберген т5лімдерді 
атап өткеніміз жөн: 
Біріншіден,  алдымен  5дептілікке  үйретуді  кездеген,  5ке-шеше  баласына  «5депті  бол»  дегенді  басты 
міндет етіп қойған. 
Екіншіден, олар баланы қайырымды, иманды, мейірімді болуға т5рбиелеген. 
Үшіншіден, тіл алғыш, елгезек болуға баулыған. 
Төртіншіден, адал, шыншыл, парасатты болуға үйреткен. 
Бесіншіден, өнегелі ұстаз бен көпті көрген қарияның сөзін тыңдап, ақыл-ой тоқу туралы «Ақпа құлақ 
болмай, құйма құлақ бол», «Халықты дұрыс басқару үшін, басқару ғылымын меңгермей болмайды», «Ел 
билеушіге  жетпіс  өнер  де  аз»,  «Ақылдыға  қосылсаң  бақытты  боп  өтесің,  төрт  құбылаң  түгел  боп, 
арманыңа жетесің», - дегеңді бойларына біртіндеп сіңіре берген. 
Алтыншыдан,  «Ата-ананың  қабылдап  қасиетін,  ардақтай  біл  атқарып  өсиетін»  деу  арқылы  үлкеңді, 
ата-ананы сыйлап құрметтеуге үйретуді ең басты міндет етіп қойған. 
Жетіншіден, «Кісілік пен кішілік - ұлылықтың белгісі» деп кісі айыбын бетіне баспай, біреуге орынсыз 
тіл тигізбейтін 5депті азамат бол, 5сіресе қаріп-қасерлердің табиғи кемдігін бетіне баспа деп үйреткен. 
Сегізіншіден, ел қорғаған батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса дегенді өсиет 
етіп, жеке өнегелері арқылы көрсетіп отырған. Ендеше бұл айтылғандардан оқушылардың білім сапасын 
арттырудағы  отбасы  мен  мектеп  бірлігінің  мүмкіндіктерін  тиімді  қолдана  білу  шарты  шығады.  Осы 
шарттарды  практиканттар  іс-т5жірибе  кезінде  т5рбие  жұмыстарын  жүргізу  барысында  сынып  жетекші-
сінің көмегімен пайдаланғаны жөн. 
 
1. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 156 б. 
2. Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы” Заңы. - Алматы: Литера, 2000.- 96 б. 
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы: Жеті жарғы. - 1995. 
4.  Бабанский Ю.К.Проблемы и повышения эффективности педагогических исследований. — М.:3нание.- 1982.- 80 с. 
5. Третьяков П.И. «Тұрақты даму тұрғысынан білім сапасын басқару» 6-шы «Тұрақты даму мүддесіне сай білім 
сапасын басқару» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. –Минск, 2002. 26-36 б. 
6. Мұхамбетова С.Қ. Педагогика. -Ақтөбе, 2000. - 10 бет. 
7. Шишов  С.Е.,  Кальней  В.А.  Мониторинг  качества  образования  в  школе.  –  М.:  Педагогическое  общество 
России, 1999. –320 с. 
 
Резюме 
В статье рассматриваются некоторые актуальные вопросы установления тесных взаимоотношений с родителями 
учащихся во время прохожденияпрактики. 
Воспитательную  работу  с  родителями  надо  предварительно  планировать  и  тщательнорасматривать.  Поэтому 
вовремя  практики  каждый  классный  руководитель  должен  быть  в  тесном  связи  с  родителями.  Каждый  родитель 
помере возможности развивает у своего ребенка личные особенности. В семье у казахов воспитательноевоздействие 
состоит между собой из трех стадий. Это-дед и бабушка, мать и отец, сын и дочь. Каждый из этих личностей имеет 
свои права и требования. Эти требования имеют свои особенности и важности. Семейный очаг формирует у ребенка 
основной характер и его мировозрение. 
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет