С. Д. Нургалиева Денсаулық сақтау технологиялары мектеп жасына балалардың қимыл әрекетін белсендету ретінде



жүктеу 0.8 Mb.

бет1/7
Дата10.04.2017
өлшемі0.8 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қолжазба құқығында

  

       



С.Д. Нургалиева

Денсаулық сақтау технологиялары - мектеп жасына

балалардың қимыл әрекетін белсендету ретінде

Педагогика және психология мамандығы бойынша 

педагогика ғылымдарының 

магистрі академиялық дәрежесін алу 

үшін  дайындалған диссертация

6М010300-Педагогика және психология

                                                         

ПАВЛОДАР - 2014

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Еуразиялық инновациялық университеті



Қорғауға  жіберілді:

__________А.Қ. Сатынская

Педагогика ғылымдарының 

                                                                         кандидаты, профессор

«_____»_____________2014ж

                       

 

Денсаулық сақтау технологиялар - мектеп жасына

балалардың қимыл әрекетін белсендету ретінде

Магистрлік диссертация

Магистрант                        _______________                    С.Д. Нургалиева

Ғылыми жетекші,

п.ғ.к., профессор               _______________                     А.К. Сатынская 

ПАВЛОДАР - 2014



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ


4

1.  Мектепке   дейінгі   жастағы   балалардың   қимыл   әрекетін

2


денсаулықсақтау технологияларын қолдану арқылы дамыту 

1.1«Қимыл   әрекеті»   ұғымының   мәні   және   оның   баланың

психофизикалық дамуы мен денсаулығына тигізетін ықпалы

9

1.2   Денсаулық   сақтау   технологиялары   мектепке   дейінгі   жастағы



балалардың қимыл әрекетін дамыту факторы ретінде

17

1.3  МДМ-дегі   денсаулық   сақтау   педагогикалық   технологияларды



кешенді   қолданудың   тиімді   жолдары  мен   мектеп   жасына   дейінгі

балалардың   салауатты   өмір   салтын   қалыптастырудағы   қимылды

ойындардың ерекшелігі

25

2.   Заманауи   денсаулық   сақтау   технологиялары   арқылы   мектепке



дейінгі   жастағы   балалардың   қимыл   әрекетін   дамыту   бойынша

эксперименттік-тәжірибелік жұмыс

2.1 Экспериментті ұйымдастыру және балалардың қимыл әрекетінің

даму деңгейін зерттеу үшін қолданылған ұйымдастыру-әдістемелік

құралдарын сипаттау 

46

2.2   Балалардың қимыл белсенділігін басқару жөніндегі жұмысты



жетілдіру (қалыптастырушы эксперимент)

49

2.3Зерттеу нәтижелерін талдау



58

ҚОРЫТЫНДЫ

61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



64

КІРІСПЕ

3


Соңғы   жылдары   жүргізілген   зерттеулер   қимыл   аздығының   адам

ағзасына   тигізетін   теріс   ықпалын   анықтап   отыр.   Бұл   туралы   өткен

ғасырлардың   ғұламалары     Платон,   Ибн   Сина,   Хуа   Го  да   айтқан   болатын.

Әйгілі орыс дәрігері М. Мудров «денсаулықты сақтау үшін, ал бәрінен бұрын

аурудың алдын алу үшін қимыл жаттығуларынан артық еш нірсе жоқ» деген

екен.


Қимыл белсенділігі әрбір адамның, әсіресе баланың денсаулығы мен

психофизикалық дамуының тиімділігін анықтайды.

Осыған байланысты баланың денсаулығын сақтау және оның үйлесімді

дамуы үшін бүгінгі мектеп жасына дейінгі баланың қимыл белсенділігінің

тапшылығы жағдайында осы мәселені шешу үшін заманауи денсаулық сақтау

технологияларының   ықпалын   анықтайтын   зерттеулер   қажет.   Айтылғанға

орай, біздің зерттеуіміздің тақырыбы, сөзсіз, өзекті болып табылады.

Қазіргі кезде адамдар мен қоғамның салауаттылығы бүкіл өркениетті

әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі адам салауатты өмір

мен   денсаулық   мәдениетін   игермей   тұрып,   өзін   білімді   адам   деп   санай

алмайды. Өйткені, әрқайсымыздың денсаулығымыз – бұл жеке байлық қана

емес, ол сондай-ақ  еліміздің  дамыған елу  елдің қатарына қосылу  үшін де

қажетті   шарт.   Яғни,   адамдардың   денсаулығы   да   сол   елдің   өркениеттік

деңгейін  танытатын  маңызды  факторлардың  бірі.  Ал денсаулықтың  негізгі

шарты   –   мәдени   орта,   салауатты   өмір   салты.   Сондықтан   да   Елбасы   Н.Ә.

Назарбаев   «Қазақстан   –   2030»   стратегиялық   бағдарламасында   «Салауатты

өмір   салты   –   әрқайсымыздың   дене   тәрбиесімен   айналасуымызға,   дұрыс

тамақтануымызға,   тазалық   пен   сауықтыру   шараларын   сақтауымызға

бағытталған» деп көрсеткен [1].

Қазақстан   Республикасының   мемлекеттік   құжаттарында:   Қазақстан

Республика   Ата   заңы,   «Білім   туралы»   Заңында,   «Білім»   атты   мемлекеттік

бағдарламада   жас   ұрпақтың   денсаулығын   сақтау   мен   нығайту   бойынша

белсенді   іс-шаралардың   қажеттігі   мен   мемлекеттік   маңызды   басымдылық

ретінде көрсетілетіндігі жайдан емес.

Көптеген   ғалымдар   денсаулық   тұлғаның   барлық   мүмкіндіктерінің

ашылуының   шарты   болып   табылады,   ол   баланың   жас   кезінен   бастап

қаншалықты   денсаулығын   сақтауға   бейімделген   және   салауатты   өмір

салтының дағдыларын қалыптастырғанына байланысты деп қарастырады. Ал

Г.С.Акиева,   Г.Д.Алимжанова,   А.В.Ахаев,   Е.Д.Даленов,   А.С.Иманғалиев,

Ж.О.Жилбаев,   т.б.   бұл   мәселені   тұлғаның   физикалық,   психикалық   және

әлеуметтік сәттілігіне байланысты қарастырады [2, 3, 4, 5].

Денсаулық дегеніміз – аурулардың жоқтығы ғана емес, ол физикалық

шынығудың   белгілі   бір   деңгейі,   психикалық   және  физикалық   сәттіліктің

негізі.


Денсаулықты   сақтау   мен   қайта   қалпына   келтіру   әр   адамның   өзіне

байланысты. Ол оған әрекеттенгенде ғана (өз балаларын да үйрету қажет)

жетеді. Жасалатын әрекет саналы түрде, өз сұранысын қанағаттандыру үшін

жасалу   қажет.   Денсаулықты   сақтау   үшін   салауатты   өмір   салтына   оң

4


ықыластың болғаны жөн. Бұл ретте оқушы тұлғасы ең құнды дүние болып

табылады.

Дүние   жүзілік   денсаулық   сақтау  ұйымының   мәліметі   бойынша   адам

денсаулығы   52%   оның   өмір   сүру   тәртібі   мен   жағдайына   байланысты

екендігін   көрсетеді.   Қазақстан   Республикасының   оқушыларды   дәрігерлік

тексеруден   өткізген   нәтижесі   бойынша   44,8%   балалардың   ауру   екендігі,

олардың ішінде 35%-ы үнемі дәрігерлік бақылауда болу керектігін көрсетті

[6].


БҰҰ-ның   Дүниежүзілік   денсаулық   сақтау   ұйымының   анықтамасы

бойынша денсаулық дегеніміз – адамның дене бітімінің кемістігінің жоқтығы

мен   аурулардың   болмауы   ғана   емес,   оның   физикалық,   рухани   және

әлеуметтік жағдайының сәтті болуы.

Денсаулықты сақтау мектептің оқу үрдісінің бір нышаны болып келеді.

Ол денсаулық сақтау технологияларында, денсаулық сақтау ортасын құруда,

мұғалімдердің оқушының денсаулық мәдениетін қалыптастыру мақсатында

медицина қызметкерлерімен,  әлеуметтік педагог, психологтармен бірлескен

әрекеттерінде   көрініс   беруде.   Десек   те,   мұғалімдер   денсаулық   сақтау

технологияларын   үнемі   қолданбайды.   Оқушыларда   өз   денсаулығына   деген

аса   қамқорлық   қалыптаспаған,   көпшілігінің   денсаулықты   сақтау   туралы

білімдері   төмен,   өз   денсаулығын   сақтаудың   қарапайым   біліктері   мен

дағдылары қалыптаспаған.

Соңғы   кезде   денсаулықты   қалыптастыру   факторының   ең   негізгісі

салауатты   өмір   салты   екендігін   көптеген   педагогикалық,

психофизиологиялық,   медициналық   зерттеулерде,   атап   айтсақ   Р.И.Айзман,

В.Ф.Базарный,   И.И.Брехман,   Э.Н.Вайнер,   Э.М.Казин,   В.В.Колбанов,

А.Г.Комков,   Г.А.Кураев,   Ю.П.Лисицын,   Н.К.Смирнов   [7,   8,   9,   10],   т.б.

ғалымдардың еңбектерінде атап көрсетіледі.

Денсаулық мәселелері ғылыми әдебиеттерде кең қарастырылған. Адам

денсаулығына   байланысты   фундаменталды   мәселелер   Н.М.Амосов,

П.К.Анохин,   Г.А.Апанасенко,   К.И.Адамбеков,   Р.М.Баевский,   И.И.Брехман,

В.П.Казначеев, Э.М.Казин, Г.А.Кураев, Ю.П.Шорин, А.Г.Шурина [11, 12, 13],

т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Денсаулықтың   жоқтығы   адамның   өмір   сүру   әдебіне   байланысты,

денсаулықтың құнын санат түрде қабылдамайды, сондықтан да сәтсіздікке

ұшырайды.   Денсаулықты   бұл   тұрғыда   талқылау   ашық   ақпараттық   –

профилактикалық   мәселеден   санитарлық   –   гигиеналық,   әлеуметтік   –

медициналық,   психофизиологиялық   факторлары   ескерілген   оқу-тәрбие

үрдісін   ұйымдастыруды   қарастыратын   педагогикалық   мәселеге   айналады.

Денсаулық   мәселелерін   білім   беру   жүйесінде   қарастырған   ғалымдар:

Р.И.Айзман,   Е.А.Бабенкова,   М.М.Безруких,   Г.К.Зайцев,   Н.А.Заруба,

В.В.Колбанов,

 

О.А.Никифорова,



 

Н.К.Смирнов,

 

В.Д.Сонькин,



Л.Г.Татарникова, В.И.Ярославцева.

Денсаулық   ұғымының   мұғалімдер   мен   оқушылардың   денсаулығына

байланысты қатынасының маңызы зор, себебі білім беру мекемелері баланы

5


әлеуметтендіру бойынша маңызды буын, ол жерде өзге де құндылықтармен

бірге, денсаулықтың құндылығын игереді, өз денсаулығы мен өзге қоршаған

адамдар денсаулығын сақтау мотивін қалыптастырады.

Ғылыми   мәліметтерге   сүйенсек,   қазіргі   оқушылардың   денсаулық

жағдайына   орай,   білім   берудің   денсаулық   сақтауын   парадигмасын   жүзеге

асыру   қажеттігін   көрсетеді.   Денсаулық   сақтаушы   білім   беру   жүйесі   білім

беру   мекемелерінде   оқушының   денсаулығын   сақтау   мен   дамытуды

қамтамасыз ететін қолайлы денсаулық сақтау ортасын құруды талап етеді.

Оқушының оқу мен тәрбиесін денсаулық сақтау тұрғысынан ұйымдастыру

дегеніміз   -     оқушының   рухани   және   физикалық   сәтті   жағдайын   қорғауға

бағытталған психо-педагогикалық және санитарлық-гигиеналық негіздеріне

сүйенген салауатты өмір салтының принциптерін жүзеге асыру.

Оқу   үрдісін   денсаулық   сақтау   тұрғысынан   ұйымдастыру   оқушыда

денсаулықты сақтау мен нығайтуға тұрақты сұранысты тудырады. Қоғамдағы

әлеуметтік-экономикалық   өзгерістерде   оқушы   денсаулығын   сақтау

мәселесінің өзекті екендігін көрсетеді. Еліміздің әр аймағында жүргізілген

оқушы денсаулығы жағдайына жасалған талдау мәліметтері мектеп бітіргенге

дейін дені сау балалардың көрсеткіші төмендей беретіндігін көрсетті, оның

себебі оқушы үшін қолайлы жағдай жасалмайтындығы мен мектеп басшысы

мен мұғалімдердің оқушы денсаулығына аса мән бермейтіндігін айтады.

Мәселенің   шешу   жолдары   ретінде   М.Б.Антропов,   И.А.Аршавский,

Н.Д.Гравская,   С.П.Летунов,   Р.Е.Мотылянская,   В.П.Филин,   Н.А.Фомин,   т.б.

ғалымдардың   еңбектерінде   мектептегі   сауықтыру   мен   алдын   алу

жұмыстарының   медициналық,   биологиялық,   гигиеналық   бағыттары

қарастырылған.

Жалпы ұрпақ тәрбиесінде салауатты өмір сүру мәселелерін халықтық

педагогика құндылықтары мен ұштастырып, білім мен тәрбие берудің тұтас

жүйесін   жасауда   өткен   ғасырлардағы   ойшылар   Әбунасыр   әл-Фараби   (870-

950), мен Ибн Сина (980-1037), Өтей бойдақ Тілеуқабылұлы, ал 1920-1930

жылдарында Х.Досмұхаметұлы және т.б. маңызды ой пікірлері, қағидалары

қазіргі кезде өз жалғасын табуда.

ХХ   ғасырда   сауаттылыққа   баулу   мәселелері   әртүрлі   ғылымдар

тұрғысынан зерттеліп,оның тәрбиелік мүмкіндігі туралы пікірлер ұсынылды.

Қазақстандық   ғалымдар   У.М.Маканов,   А.Мырзабайұлы,   Д.Шардарбеков,

Б.Ш.   Жалмагамбетова   және   т.б.   еңбектерінде   салауаттылық   мәселелерінің

прогрессивтік мінін ғылыми тұрғыда қарастырып, жаңа идеялар ұсынылған.

Әдебиеттерге жолдау нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының

білім беру жүйесі дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу үшін мазмұны мен

тұжырымдамалық негізіне маңызды өзгерістер жасауы керектігі байқалады.

Осы   себепті   де   мәдениеттің   барлық   байлығын   меңгерген,   үйлесімді,

адамгершілікті, өз қызығушылығын мемлекет мүддесімен ұштастыра алатын

тұлға   тәрбиелейтін   ізгілікті   мектеп   құру   көздейді.   Осы   бағыттағы

жаңашылдықтар     баланың   денсаулығын   сақтайтын,   нығайтатын   және

дамытатын, ұжым алдында  тұлғаның мүддесін қорғайтын,  ынтымақтастық

6


педагогикасы   арқылы   дамитын   болады.   Бұл   мәселенің   шешімін   ғылыми

түрде   іздестіру   сабақ   барысында   және   сабақтан   тыс   уақытта   балаларды

өзіндік   жұмысының   шығармашылық   мәнін   күшейте   отырып,   ұстаздарға

салауатты өмір салтын қалыптастыра білім мен тәрбие беру міндеті жүктеліп

отыр.Міне,   осыдан   –   ақ   жастарда   салауатты   өмір   сүру   мәдениетін

қалыптастыру көкейкісті мәселеле екендігі түсінікті.

Сондай-ақ әдебиеттерге талдау дені сау ұрпақ тәрбиелеуде әлеуметтік

орта сұранысы мен жалпы білім беретін мектепке дейінгі және мектептегі

оқу-тәрбие   жұмыстары   денсаулық   сақтау   жүйесі   жасалмағаны   арасында

қайшылықтар бар екендігін көрсетеді. Бұл қайшылықты жою үшін мәселені

шешу  жолын  өзгерту қажет:  оқытудың  денсаулық  сақтау технологияларын

ендіру.   Мәселенің   шешімі   табылмауы   себепті,   қоғамның   сұранысы   мен

денсаулық сақтау технологияларын ендіретін ғылыми негізделген мектепке

дейінгі және бастауыш сынып әдістемесі жоқтығы, арасында қайшылық бар.

Осы мәселеге орай, диссертация жұмысының тақырыбы: «Денсаулық сақтау

технологиялар   -   мектепке   дейінгі   жасындағы   балалардың   қимыл   әрекетін

белсендіру ретінде» деп анықталады.

Зерттеу мақсаты: мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы оқу-тәрбие

үдерісінде   қолданылатын   денсаулық   сақтау   технологияларының   мектеп

жасына дейінгі балалардың қимыл әрекетіне тигізетін ықпалын теориялық

тұрғыда негіздеп, эксперименттік-тәжірибелік жұмыс ұйымдастыру арқылы

тексеру.

Зерттеу нысаны: мектеп жасына дейінгі балалардың психофизикалық

дамуы және қимыл белсенділігі.



Зерттеу   пәні:  мектепке   дейінгі   білім   беру   ұйымындағы   оқу-тәрбие

үдерісінде   қолданылатын   денсаулық   сақтау   технологияларының   мектеп

жасына дейінгі балалардың қимыл әрекетіне тигізетін ықпалы.

Зерттеу   болжамы: 

Балалардың   қимыл   белсенділігі   оның

психофизикалық дамуымен, туа біткен нышандарымен, орта жағдайларымен

және ұйымдастырылған тәрбиесімен шартталатыны күмән туғызбайды.Егер

мектепке   дейінгі   білім   беру   ұйымындағы   оқу-тәрбие   үдерісінде

қолданылатын денсаулық сақтау технологияларының мектеп жасына дейінгі

балалардың   қимыл   әрекетіне   тигізетін   ықпалын   зерделеп,   олардың   ең

ұтымдыларын қолданса,балалардың қимыл әрекетін едәуір белсендендіруге

болады.

Зерттеудің   жетекші   идеясы:  мектепке   дейінгі     оқу-тәрбие   үдерісін

ұйымдастыруда денсаулық сақтау технологияларын қолдану:

а) балалардың қимыл әрекетін едәуір белсендендіреді;

ал бұл өз кезегінде:

ә) балалардың денсаулығының жалпы жағдайының жақсаруына алып

келеді;


б)балалардың   салауатты   өмір   сүруге   сұранысы   мен   құндылықтық

бағытталуын ынталандырады.

Зерттеу мақсатына жету үшін мынадай  міндеттер  белгіленеді:

7


1 Психологиялық-педагогикалық әдебиеттер мен мектепке дейінгі білім беру

ұйымының   жұмысын   талдай   отырып,   балалардың   қимыл   әрекетін

белсендендіру мүмкіндіктерін кеңейтуге білім беру мекемелерінде денсаулық

сақтау технологияларын қолданудың маңызын анықтау;

2 МДМ-дегі   денсаулық   сақтау   педагогикалық   технологияларды   кешенді

қолданудың   тиімді   жолдары  мен   мектеп   жасына   дейінгі   балалардың

салауатты өмір салтын қалыптастырудағы қимылды ойындардың ерекшелігін

зерделеу;

3 Заманауи   денсаулық   сақтау   технологиялары   арқылы   мектепке   дейінгі

жастағы   балалардың   қимыл   әрекетін   дамыту   бойынша   эксперименттік-

тәжірибелік жұмыс ұйымдастыру және нәтижелерін талдау.

Зерттеудің   әдіснамалық   негізін  «денсаулық»,   «денсаулық   сақтаушы

орта»,   «денсаулық   сақтау   технологиялары»,   «қимыл   әрекеті»,   «қимыл

белсенділігі»   ұғымдарының   мәнін   философиялық,   психологиялық,

медициналық және педагогикалық аспектері бойынша теориялық негізін ашу;

тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамыту туралы ілім немесе тұлғалыққа

бағытталған әрекет теориясы; жүйелік-тұтастық теориясы тұрғысынан, тұтас

педагогикалық үрдіс теориясы құрайды.

Алға қойылған міндеттер мен ұсынылған болжамдарды тексеру үшін



зерттеудің  мынадай   әдістері  қолданылды:   теориялық   –  зерттеу  мәселесін

философиялық,   психологиялық   –   педагогикалық,   әлеуметтік,   тарихи,

медициналық әдебиеттерде, ресми құжаттарда берілуін талдау және зерттеу;

эмпирикалық – бақылау, әңгімелесу, сауалнама алу, мектепке дейінгі білім

беру   ұйымы   педагогтерінің   озық   іс-тәжірибесін   зерттеу   және   жинақтау,

педагогикалық экспериментті ұйымдастыру және өткізу.



Зерттеу базасы: Павлодар қаласының №10 балабақшасы. Тәжірибелік

жұмыстың әр түріне дене тәрбиесі пәнінің жетекшісі, 28 бала қатысты.



Зерттеудің   ғылыми   жаңалығы  қазіргі   мектепке   дейінгі   жастағы

балалардың   қимыл   белсенділігі   туралы   объективті   деректерді   жалпылауда,

балалардың   қимыл   әрекетін   белсендендіру   үшін   денсаулық   сақтау

технологияларын іріктеп алуда тұрады.



Зерттеудің   практикалық   маңыздылығы  -  жинақталған   тәжірибені

балалардың   қимыл   әрекетін   белсендендіру   үшін   денсаулық   сақтау

технологияларын қолдану жолдарын көрсеткенінде.

Зерттеу   кіріспеден,   екі   тараудан,   қорытындыдан,   пайдаланылған

әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1.  Мектепке   дейінгі   жастағы   балалардың   қимыл   әрекетін

денсаулық сақтау технологияларын қолдану арқылы дамыту 

1.1     «Қимыл   әрекеті»   ұғымының   мәні   және   оның   баланың

психофизикалық дамуы мен денсаулығына тигізетін ықпалы

8


Біз әдебиетті талдау барысында адамның қимыл-қозғалыс белсенділігін

бағалау   мәселелерімен   әр   түрлі   ғылымдардың   өкілдері   айналысатынын

анықтадық:   гигиена,   медицина,   физиология,   психология   және   педагогика,

сондықтан да зерттеудің басында «қозғалыс белсенділігі» ұғымын нақтылап

алу қажет.

Авторлар ұжымы, В.И. Ильинич және т.б. (2005) кітаптарында қозғалыс

белсенділігіне   мынадай   анықтама   береді:   «бұл   адамның   физикалық   және

психологиялық   тұрғыдан   табысты   дамуын   қамтамасыз   ететін   табиғи   және

арнайы ұйымдастырылған қозғалыс қызметі» [14].

Т.Ю. Круцевич және т.б. қозғалыс белсенділігін балалардың өмір салты

мен мінез-құлқының ажырамас бөлігі ретінде қарастырады, ол әлеуметтік-

экономикалық   және   мәдени   факторлармен   анықталады,   дене   тәрбиесін

ұйымдастыруға,   өсіп   келе   жатқан   ағзаның   морфоатқарымдық

ерекшеліктеріне, жүйке жүйесінің түріне, бос уақыттың мөлшеріне, сабаққа

ынтаға,   спорт   мекемелеріне   және   балалар   мен   жасөспірімдер   демалатын

орындардың қолжетімділігіне байланысты болады.

Алайда   ең   ықшам,   әрі   ақпаратты   анықтама   мынадай:   қозғалыс

белсенділігі   —   бұл   ағзаның   тіршілік   әрекеті   үдерісінде   орындалатын

қимылдардың   жиынтығы.   Бұл   анықтама   зерттелген   әдеби   дереккөздерде

бәрінен жиі кездесежі [15, 16, 17, 18].

Қозғалыс   қажеттілігі   ағзаның   жалпы   биологиялық   қажеттіліктерінің

бірі   болып   табылады,   және   де   адамның   тіршілік   әрекеті   мен   оның

эволюциялық   дамуының   барлық   кезеңдерінде   маңызды   рөл   атқарады.

Адамның   дамуы   белсенді   бұлшықет   қызметімен   мызғымас   байланыста

жүреді.

Қозғалыс   белсенділігі   ағзадағы   зат  алмасу   үдерістерінің   деңгейі   мен



оның сүйек, бұлшықет және жүрек-тамыр жүйесінің жағдайын анықтайтын

негізгі   факторларға   жатады.   Ол   денсаулықтың   үш   аспектісімен   тығыс

байланысты:  физикалық, психикалық және әлеуметтік, олар адам өмірінде әр

түрлі рөл атқарады [19, 20].

Ағзаның   қозғалыс   белсенділігіне   қажеттілігі   әркімде   әр   түрлі   және

көптеген   физиологиялық,   әлеуметтік-экономикалық   және   мәдени

факторларға байланысты болады. Қозғалыс белсенділігіне қажеттілік деңгейі

көбінесе   тұқым   қуалайтын   және   генетикалық   белгілермен   анықталады.

Ағзаның қалыпты дамуы мен қызмет етуі, денсаулықты сақтау үшін қозғалыс

белсенділігінің   белгілі   бір   деңгейі   қажет.   Бұл   аралықта   қозғалыс

белсенділігінің ең төменгі, оңтайлы және ең жоғарғы деңгейлері болады.

Ең   төменгі   деңгейі   ағзаның   қалыпты   қызметтік   жағдайын   сақтауға

мүмкіндік береді. Оңтайлы деңгейде ағзаның атқарымдық мүмкіндіктері мен

тіршілік әрекеті ең жоғары деңгейге жетеді; ең жоғарғы шек қатты шаршауға,

жұмыс істеу қабілетінің күрт төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін шамадан

тыс ауыртпалықты ажыратады. Мұндайда кәдімгі тіршілік әрекеті үдерісінде

энергияны тұтыну деңгейімен және сипатымен анықтауға болатын дағдылы

9


дене белсенділігі туралы сұрақ туындайды. Бұл қозғалыс белсенділігі екі –

кәсіби және бейкәсіби тұрғыдан бағаланады. 

Дағдылы   және   арнайы   ұйымдастырылған   қозғалыс   белсенділігін

ажыратады [21,22].

Дүниежүзілік   денсаулық   сақтау   ұйымының   анықтамасына   сәйкес,

дағдылы   қозғалыс   белсенділігіне   адамның   табиғи   қажеттіліктерін

қанағаттандыруға   бағытталған   қозғалыс   түрлерін   жатқызады.   Бұған   жеке

гигиенаға,   ас   даярлауға   бағытталған,   өндірістік   немесе   оқу   қызметіндегі

әрекеттерді жатқызады[23,24].

Арнайы   ұйымдастырылған   қозғалыс   белсенділігіне   дене

жаттығуларымен шұғылдану түрлері, жұмысқа немесе оқуға құлшына жол

жүру, ойын ойнау, серуендеу жатады[25].

Қозғалыс белсенділігі адамның дамуына елеулі ықпалын тигізеді, бұл –

әр   түрлі   ғалымдардың   ғылыми   еңбектерінде   көптеп   келтірілетін   даусыз

шындық [26].

Бірақ   бұл   ықпал   әр   жаста   әр   түрлі   болады.   Мектепке  дейінгі   жаста

қозғалыс  белсенділігі  дененің қалыпты дамуын анықтайды,  оның әр түрлі

ауруларға төзімділігін арттырады. Қозғалыс белсенділігі мен ағза қызметінің

мүмкіндіктерінің өзара байланысы  барлық жас топтарында байқалады: жаңа

туған нәрестеден қарияларға дейін. Қозғалыс белсенділігі тірек-қимыл және

бұлшықет   аппаратына,   жүрек-тыныс   алу   жүйесіне,   зат   алмасуға,   адамның

иммунитетіне ықпал етеді [27,28,29].

Көптеген   ғалымдар   өздерінің   ғылыми   ізденістерін   мектеп   жасында

қозғалыс белсенділігінің көріністеріне ынталандыру мәселелеріне арнады.

Зерттеушілер   анықтағандай,   ынталандыру   аясының   қалыптасуы

балалық шақта басталалып, бұл үдеріске көптеген факторлар біріге ықпалын

тигізеді [30].

Ағзаның   қозғалыстарға   қажеттілігін   қалыптастыратын   жетекші

биологиялық   факторлар   –   жас   және   жыныс.   Әлеуметтік   факторлар

балалардың дағдылы қозғалыс белсенділігінің шамасына ықпал етеді: өмір

салты,   дене   тәрбиесі.   Балалардың   дағдылы   қозғалыс   белсенділігін

қалыптастыратын   гигиеналық   факторларға   авторлар   күн   тәртіптемесін,

әрекет   түрлерін   ауыстырып   отыруды,   қоршаған   ортаның   гигиеналық

жағдайларын және т.б. жатқызады.[1, с.21].

Денсаулық   пен   қозғалыс   белсенділігінің   өзара   байланысына   назар

аудармау мүмкін емес.

Ағзаның   бейімделу   мүмкінщіктерін   арттырудың   негізгі   құралы   –

қозғалыс белсенділігі [31].

Жалпы   алғанда,   қозғалыс   белсенділігінің   көрсеткіштеріне   көптеген

факторлар   біріге  ықпалын   тигізеді,   мұнда   дене   тәрбиесі   мен   оңтайлы  күн

тәртіптемесі,   әрекет   түрлерін   ұтымды   ауыстырып   отыру,   баланың   бос

уақытын физикалық белсенді демалыспен толтыру маңызды рөл атқарады.

Біз балалардың қозғалыс белсенділігін арттыру факторы ретінде МДБҰ-дағы

заманауи денсаулықты сақтау технологияларын қарастырамыз.

10


Денсаулық   бұл   –   адамның   ең   ұзақ   ғұмыры   бойындағы   әлеуметтік

белседілігі   мен   тиімді   еңбекке   қабілеттілік   дәрежесін,   биологиялық

физиологиялық және психологиялық қызметін сақтауы мен дамыту үдерісі.

Ендеше, жас ұрпақтың дені сау, білімді азамат болып ер жетуі, қоғамнан өз

орнын дұрыс таңдай алатын,еркін ойлау қабілеті қалыптасқан, мәдениетті,

іскер   жеке   тұлға   тәрбиелеу   ең   алдымен,   ата-анасына,   одан   соң   мектепке

дейінгі ұйымға және қоршаған ортаға байланысты [32].

Оқу-тәрбие   үдерісінің   сапасы   мен   нәтижесі   ең   алдымен   алдымызда

отырған   өскелең   ұрпақ   пен   оны   өмірге   жетелейтін   мұғалім   денсаулығына

тікелей   байланысты   болатынын   ескере   келіп,   денсаулығы   төмен   ұстаз   бен

шәкірттің берері де аз, нәтижесі де төмен болады. Олай болса, ең бастысы

оқушы   мен   ұстаз   денсаулығын   сақтау   басты   міндетіміз   деп,   ұлы   ойшыл

Әбунасыр әл-Фарабидің: «Адам денесінің жетілуі - оның денсаулығы. Егер

денің сау болса, оның денсаулығы. Егер дені сау болса, онда оны сақтамақ

керек; - деген асыл сөзінен негіз аламыз.

Баланың   денсаулығы   –   қоғамның   экономикалық,   әлеуметтік   және

саналы   жетістіктерін   сипаттайтын   маңызды   көрсеткіштердің   қатарына

жатады. Қазақстандағы балалардың денсаулық деңгейлері қоғамның, әсіресе

дәрігерлер мен педагогтердің арасында дабыл қағуда. Ғалымдар Д.А. Фарбер,

В.И.   Козлова   балалардың   ми   қыртысындағы   сезім   аймақтарының   даму

ерекшеліктерін   зерттеп   оның   14   жасқа   дейін   қалыптасатынын   анықтады.

Бұған   қоса   баланың   зейіні   3-4   жаста   қалыптаса   бастап,   6-7   жаста   зейін 

тұрақтанады да, 7-8 жаста ерікті зейін нашарлау болып, 9-10 жаста сыртқы

ортаның   әсерін   терең   және   жан-жақты   талдау   қабілеті   күшейетіндігін

анықтаған.

Баланың   денсаулық   деңгейлерінің   көрінісі   көпшілік   жағдайда

балабақшаның жауапкершілігінде деп көрсетіледі. 

Демек, баланың денсаулығы - ерекше де өзекті мәселе. Қазіргі таңда

балалардың   денсаулықтары   өте   нәзік,   ауруға   жиі   ұшырайды   және   ата-

аналардың   да   өмір   ағымына   байланысты   бұл   күрделі   мәселеге   түбегейлі

берілуге уақыттары бола бермейді. 

Балабақшада   оқу-тәрбие   жұмыстарын   заман   талабына   сай   жүргізу,

баланың   денсаулығын   сақтау   мен   нығайту   мәселелерін   тиімді   шешу

медициналық   және   педагогикалық   қызметкерлердің   бірлескен   нәтижелі

еңбектеріне   байланысты.   Осындай   мәселені   шешу   барысында,   баланың

денсаулығын нығайтуда және аурудың алдын-алуда тек қана баланың қимыл

белсенділіктерін   көтеру   өте   аз,   сонымен   қатар   баланы   шынықтыру

шараларын   жүйелі   өткізуде   мектепке   дейінгі   мекемеде   денсаулық   сақтау

кеңістігін құру маңызды болып табылады. [33].

Қазақстан Республикасының бүгінгі күнгі білім беру тұжырымдамасы

мен   білім   беру   жүйесін   реформалаудың   негізгі   бағыттарындағы   оқыту

үрдісінің педагогикалық технологиялары ретінде және денсаулықты сақтауды

ұйымдастырудағы жаңалық ретінде оқу - тәрбие үрдісіне денсаулық сақтау

технологиялары енгізілуде. Оқыту мазмұнына жаңалық ендіру оқу үрдісіне

11


қатысушылардан үлкен күш пен еңбекті талап ететін үрдіс. Ол өз кезегінде

физиологиялық   шаршау   мен   психоэмоциялық   артық   жүктеме   түріндегі

ағзаның   функционалдық   ахуалының   әр   түрлі   ауытқуларын   тудырады.   Сол

себепті   де   оқушыларда   созылмалы   аурулар,   психиканың   бұзылуы   және

стресстік жағдайлар көп болады. Педагогика ғылымына «технология» ұғымы

ХХ   ғасырдың   60-жылдарында   ене   бастады.   Қазіргі   уақытта   «технология»

ұғымына   бастапқы   затты   түрлендіріп   күтілген   параметрлерді   алу   үшін

қажетті   әдістердің   жиынтығы   деп   түсінік   береді.   Денсаулық   сақтау

технологияларында күтілетін параметрге адамның (бала, жасөспірім, ересек

адам)   физикалық,   психологиялық,   әлеуметтік   жағдайының   сәтті   болуы

жатады.   Ал   педагогикалық   технологиялар   күтілген   параметрлерге   жетуді

жеңілдететін   біршама   талаптарға   жауап   береді.   Технологиялардың   негізгі

ерекшелігі соңғы нәтижені алдын - ала болжай алады.

Технологияда   мақсат   негізгі   компонент   ретінде   қаралады   және   оған

жету деңгейін анықтай алады. Технология алға қойылған мақсатқа жетудің

барабар   құралдарын   қолдана   отырып,   оқу   -   тәрбие   үрдісінің   құрылымын

анықтауға мүмкіндік береді. Барабарлық (адекваттық) дегенді педагогикалық

технологиялардың   оқушылардың   жас   ерекшелігіне,   олардың   физикалық,

психоэмоциялық жай - күйіне сәйкес келуі деп түсіну керек. Сонымен бірге

қалыптасқан педагогикалық жағдайға педагогикалық технология қолданатын

денсаулық сақтау тәсілдерінің сәйкес келуі.

Соңғы   кезде   дәстүрлі   сабақ   жүйесінде   оқу   үрдісін   ұйымдастырудың

кейбір   жақтарының   кемшіл   тұстары   ашылуда.   Сол   себепті   де   оқу-тәрбие

жұмысының   тиімділігін   арттыратын   қазіргі   заманғы   педагогикалық

технологияларды іздеп табу аса маңызды міндеттердің бірі.

Технология   дегеніміз   -   білім   беру   үрдісіне   қажетті   әдіс   -   тәсілдер

жүйесі   және   техникалық   және   адами   ресурстарды   пайдалана   отырып

оқытуды жетілдіре отырып білімді меңгерту.

Білім   беру   технологияларының   жіктелуінде   «денсаулық   сақтау

технологиялары» деген ұғым жоқ. Себебі, ол нақты бір технология түрінде

болмайды.   Десек   те,   «денсаулық   сақтау  технологиясы»   ұғымы   білім   беру

мекемесінің   оқушы   денсаулығын   қалыптастыру,   сақтау   және   нығайту

бағытындағы барлық жұмыстарын біріктіреді 

Бүгінгі   білім   беру   ұйымының   мақсаты   -   оқушыны   өмірге   дайындау.

Баланың   мектепте   алған   білімі   -   оның   болашақ   өміріне   қажетті,

қолданылатын   білім   болуы   қажет.   Бұл   мақсатқа   оқушы   мен   мұғалім

денсаулығын көздейтін оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін

жинақтаған   денсаулық   сақтау   педагогикасы   арқылы   жете   алады.   Мұғалім

педагогиканың   соңғы   жаңалықтарын   біле   отырып,   оқушы,   ата   -   ана,

медицина қызметкерлері мен өз әріптестерімен бірлесе отырып, өз жұмысын

бүкіл   педагогикалық   үрдістің   қатысушылары   денсаулығын   сақтау   мен

нығайтуға бағыттап жоспарлайды.

Денсаулық технологиясы деген бірегей технология жол. Ол тек білім

беру үрдісінің міндеттерінің бірі ретінде көрінуі мүмкін. Ол оқу үрдісінің

12


медицина-гигиеналық бағыты (педагог - медицина қызметкері - оқушының

тығыз   байланысы   жүзеге   асатын),   дене   шынықтыру   -   сауықтыру   бағыты

(дене   шынықтыру   сабақтарына   ерекше   назар   аударатын),   экологиялық

(табиғатпен   үйлесімді   қарым-қатынас   жасау)   және   тағы   басқа   да   болуы

мүмкін. Тек оқытуды кешенді түрде қарастырғанда ғана оқушы денсаулығын

қалыптастыру мен нығайту міндеттері шешілуі мүмкін [34,35].

Денсаулық   сақтау   технологиялары   көптеген   педагогтарға   белгілі

психологиялық - педагогикалық әдіс - тәсілдер, технологияларды, мәселені

шешу   жолдарын   жинақтайды   және   соған   қоса   мұғалімнің   өзін-өзі   үнемі

жетілдіруге ұмтылысы қажет.

Сауықтыру педагогикасының негізгі артықшылықтары мынада:

- дені сау бала - практика жүзінде жетуге болатын бала дамуы;

- сауықтыру дегеніміз емдеу - профилактикалық шаралардың жиынтығы емес,

баланың психофизиологиялық мүмкіндігін дамыту формасы;

- жеке-дара   саралап   оқыту   дегеніміз   -   оқушыны   сауықтыра   дамыту

жұмыстарының негізгі құралы [36].

Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты - баланың денсаулығын

сақтау,   оның   денсаулығын   сақтау   туралы   білім,   білігі   мен   дағдыларын

қалыптастыру,  алған   білімдерін   қолдана   білуге   үйрету.  Барлық   денсаулық

сақтау   технологияларының   негізгі   ерекшеліктері   -   балалар   денсаулығын

үнемі   экспресс   -   диагностикадан   өткізіп,   бақылап   отыру   және   ағзаның

қалыпты дамуын бақылап, оқушы денсаулығы туралы қажетті қорытындылар

(оқу жылының басы мен аяғында) жасап отырады.

Кез-келген   білім   мекемелерінің   негізгі   қызметі   денсаулық   сақтау

технологиялары негізінде оқушыны салауатты өмір сүруге дайындау [16,20].

Сонымен   денсаулық   сақтау   технологияларын   ендірудегі   мақсат   -

денсаулық   сақтау  жөніндегі   мұғалімнің   білімін   жетілдіру,  оқушының   дене

шынықтыру   жаттығулары   мен   салауатты   өмір   сүру   салтының   денсаулық

сақтауды ұйымдастыру - сауықтыру әдістемесін жетілдіру.

Денсаулық   сақтау  технологиясы   педагогтан   үлкен   кәсіби   біліктілікті

(оның  білімі,  білігі,  мәдениеті,  оқушыға   деген   ізгілікті  қарым  -  қатынасы,

оқытудың жеке тұлғалыққа бағытталған жүйесінде жұмыс істей білуі) қажет

етеді. Мақсатқа жету мен оң нәтиже алу үшін технологиялық амалдар мен

денсаулық сақтаушы әрекеттер жасалу қажет.

Денсаулық сақтау технологияларын талдау жасаудың мақсаты - пәнінің

мазмұнын   игертуге  қажетті   психологиялық   қабілеттердің   кешенін   анықтау.

Оқушының сенсомоторлы, перцептивті, интеллектуальды (көрнекі - образды)

және эмоциялық, қызмет  түрі пәнді игеру кезінде  өзгеріске түседі: мақсат

мотивке, амал - әрекетке айналуы мүмкін. Сондықтан негізгі және өзгерген

түрдегі әрекеттерді ажырата білу керек [37,38].  

Денсаулық сақтау технологияларының жалпы құрылымы мен жүргізілу

барысын   біле   отырып,   денсаулық   сақтаудың   негізгі   мәселелерін   шешуді

жүзеге   асыруымыз   қажет.   Бұл   денсаулық   сақтау   технологияларының

маңызды   бірінші   қадамы   деп   ойлауға   болады.   Екінші   қадам   оқушы   мен

13


педагог   арасында   сенімді   қарым-қатынас   орнату   деп   түсіну   қажет,   яғни

оқушыны технологияның субъектісі деп қарау қажет.

Бұл жерде педагог пен баланың қарым - қатынасы тек мәлімет алмасу

ғана   деп   түсінбеу   керек.   Баланы   «мен»   тұрғысында   дамыту   сапалы   даму

деңгейін   береді,   осы   тұрғыда   дамыту   оны   нағыз   субъект   ретінде   дамуын

көздейді.

Қазіргі заман мұғалімі денсаулық сақтау жүйесіндегі мектепте жұмыс

істеу   үшін   әдістемелік   дағды   мен   технологиялық   біліктіліктің

«педагогикалық   минимум»   деңгейімен   қамтамасыз   етілуі   қажет.  Балаларға

денсаулық   сақтаудың   негіздерін   білдіре   отырып,   салауатты   өмір   сүруге

қызығушылығы мен сұранысын туғызу қажет [39].

Демек,   денсаулық   сақтау   технологиялары   дегенде   оқу   -   тәрбие

үрдісінде   ұтымды   пайдаланып   жүрген,   педагогикалық   ұжым   меңгерген

оқушы мен олардың ата - аналар үшін оқытуда және күнделікті тұрмыста

пайдалану деп түсіну керек.

Оқу  -  тәрбие   үрдісіне  денсаулық  сақтау технологияларын  жасау мен

ендіруде ғалымдар мынадай бағыттарды ерекше көрсетеді:

а)   бала   ағзасын   шынықтыруға   негізделген   оқу   пәндерін   тереңдетуге

технологиялық жоспарлар жасау;

ә) бала қатысатын дене шынықтыру, спорттық секция мен мектептен

тыс спорттық ұйымдардағы денсаулық сақтау компоненттерін жетілдіру;

б)   оқытудың   мазмұнын   бала   денсаулығын   сақтау   технологияларына

бейімдеу (баланың дем алысын, денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған

жаңа   режимде   жұмыс   жасау,   балалардың   дұрыс   тамақтануы,   витаминді

тамақтануы, дәрігерлік - гигиеналық қамсыздандыру)

в)   баланың   ортасы   мен   мектептің   медико-биологиялық   ресурстарын

денсаулық сақтау мақсатында тиімді қолдану.

Педагогтің алдында жеке - тұлғалық ерекшеліктері бойынша әр түрлі

құрамды балалар болады. Олардың әр бірінің деңгейіне сәйкес оқу - тәрбие

үрдісін   ұйымдастыру   педагогтен   үлкен   психологиялық   -   педагогикалық,

кәсіби - педагогикалық біліктілікті қажет етеді. 

Қазіргі   заманғы   білім   беру   жалпы   мәдениеттілік   деңгейге   жетуді

ізгілікті   оқыту   арқылы   жүзеге   асыруға   болады   деп   ойластырады.   Ізгілікті

тұрғыдан оқыту дегеніміз - әрбір адам бірін-бірі қайталамайтын жеке тұлға,

оның өз өмір жолын таңдауға еркі бар, өзінің табиғи қабілеттерін дамытуға

құқығы   бар,   өзінің   «мені»   бар.   Өз   қызығушылығы   мен   сұранысы   және

мақсаттары бар деп қарау қажет. Оқыту жүйесі тұлғаның еркін дамуымен,

оның физикалық, интеллектуалдық, эмоционалдық, моральдық-еріктік және

құндылық   қабілеттерінің   үйлесімді   дамуы   үшін   бүкіл   адамзат

цивилизациясының   мәдени   жетістіктері   негізінде   дамуы   жүзеге   асу   үшін

жағдай жасайды.

Ізгілікті   оқыту   принципі   жүзеге   асу   үшін   оқу-тәрбие   үрдісі   жеке-

тұлғалыққа   бағытталуы   қажет.   Бұл   деген   сөз   әрбір   оқушының   табиғи

болмысы,   жеке   қабілет   ерекшелігі,   қызығушылығы   мен   сұраныстары   мен

14


икемділіктері   негізінде   білім   берудегі   жетістігі   қамтамасыз   етілуі   қажет.

Мұның   мәнін   американдық   психолог   Джон   Дьюи   сөзімен   айтсақ:   «Бала

барлық  нәрсенің  орталығы,   басы   және   соңы».   Бұндай  оқытуды  жүйесімен

қамтамасыз ету үшін, бір жағы оқушының тұлғалық параметрлерін дамыту,

екінші   жағынан   оқытудың   балама   форма,   әдіс,   бағдарламаларын   таңдау

мүмкіндігін   дамыту   керек.   Ол   үшін   оқу   мекемелерінің   оқу   жоспарының

жылжымалы бөлігін дамыту қажет.

Денсаулық сақтау технологияларының негізгі міндеті - баланың еңбегі

мен   демалыс   режимін   ұйымдастыру,  баланың   бүкіл   оқу   үрдісі   барысында

қажуы мен зорығуының алдын алу үшін жағдай жасау. Олардың алдын алу

шаралары туралы сөз ету үшін жұмысқабілеттілік, қажу, зорығу ұғымдарына

түсінік беріп өтелік [40,41].

Жұмыс   қабілеттілік   дегеніміз   -   адамның   өз   күшін   аз   шығын   жасай

отырып, берілген жұмысты сапалы, әрі тиімді орындай білу қабілеті.

Сабақ   барысында   баланың   жұмысқа   қабілеттілігі   аса   жоғары

болмайды, ол біртіндеп көтеріледі. Бұл кезең ену фазасы деп аталады. Бұл

кезеңде   біріншіден,   іс-әрекетті   жүйелік   және   гуморалдық   басқаруға

дайындау,   екіншіден,   біртіндеп   іс-әрекеттердің   стреотипінің   қалыптасуы,

үшіншіден   вегативті   қызметтің   қажетті   деңгейге   жетуі   жүзеге   асады.

Балаларда үлкендерге қарағанда ену фазасы әлдеқайда қысқа немесе жылдам

өтеді,   бұл   олардағы   жүйке   жүйесінің   қозуының   жоғарлығы   мен

функционалды белсенділігімен түсіндіріледі [42].

Ену фазасынан соң, тиімді тұрақты жұмысқабілеттілік фазасы келеді,

бұл кезеңде оқушылар өнімді, әрі сапалы жұмыс істей бастайды. Дегенмен

бұл   кезеңнің   ұзақтығы   алғашқы   кезеңдегі   сияқты   әр   баланың   жас

ерекшелігіне, денсаулық жағдайына, шынығу деңгейіне байланысты әртүрлі

болады.   Сонан   соң   жұмысқабілеттілік   біртіндеп   төмендейді   де   қажу   дами

бастайды.   Бірақ   оқу   әрекетінің   соңында   (егер   ол   белгілі   болса)

жұмысқабілеттілік   аз   ғана,   қысқа   мерзімге   көтеріледі.   Егер   қандай   да   бір

себептермен   жұмыс   нәтижесі   күтілгендей   болмаса,   жұмысқабілеттілік   өте

төмен түсуі мүмкін [43].

Қажу үрдісі дегеніміз - жұмысты орындау барысында ағзада болатын

өзгерістер   жиынтығы,   ол   біртіндеп   жұмыстың   тоқтатылуына   алып   келеді.

Қажу   жағдайын   шаршау   арқылы   сезілетін   жұмысқабілеттіліктің

төмендеуімен   сипаттауға   болады.   Қажу   кезінде   адам   талап   етілетін

белсенділік пен жұмыс сапасын көрсете алмайды немесе жалғастырудан бас

тартады.

Қажудың биологиялық рөлінің маңызы зор. Біріншіден, ағзаны өте ұзақ

және аса қиын жұмыс кезінде арып-аршудан қорғайды. Екіншіден, қажудың

шыңына   жеткізбей   қайталануы   ағзаның   функционалдық   мүмкіндіктерін

көтеру құралы болып табылады [44].

Сонымен қажу адамның жұмысқа қабілеттілігінің уақытша төмендеуі

мен   оның   физиологиялық   күйін   анықтайтын   болса,  зорығу  дегеніміз   -

жұмысқа   қабілеттіліктің   ұзақ   және   терең   төмендеуі,   ағзаның   өмір

15


қажеттілігін қамтамасыз ететін әрекеттерінің бұзылуы, оны қалпына келтіру

үшін   ұзақ   дем   алу,  тіптен   кейбір   жағдайларда   емдеу   шараларын   қолдану

керек  болады.  Басқаша  айтқанда  зорығу   дегеніміз  ағзаның физиологиялық

күйі емес, патологиясы [45].

Осыған орай денсаулық сақтау технологияларының ең негізгі міндеті -

оқушының   еңбегі   мен   демалысын   ұйымдастыру   кезінде   оның   жұмысқа

қабілеттілігінің оқу сабағының барысында (мейлі ол бір сабақ, бір күн, апта,

тоқсан, жарты жыл, жыл, мектепте оқыған бүкіл мерзім де) жоғары болуы,

қажудың алдын-алу, зорығуды мүлдем болдырмау.

Қажу да, зорығу да үлкендерге қарағанда балаларда тез болады, бұл

олардың   жүйке   жүйесінің   ерекшелігімен   түсіндіріледі.   Бастауыш   сынып

оқушыларының қажу себептерінің орта және жоғары сынып оқушыларына

қарағанда   өзгешелігі   бар.   Осыған   орай   А.А.Никольской   бала   дамуының

мынадай жалпы жағдайларын бөліп көрсетеді:

- даму жаймен және біртіндеп жүзеге асады;

- эмоционалдық, ақыл - ой, ерік әрекеттері арасында қандай байланыс болса,

рухани   даму   мен   физикалық   даму   арасында   да   тығыз   байланыс   бар.   Сол

себепті   оқу   мен   тәрбиені   қаншалықты   дұрыс   ұйымдастырса,   соншалықты

үйлесімді, жан - жақты даму жүзеге асады;

- даму   үрдісі   кезінде   психологиялық   әрекеттің   барлық   бағыты   бір   мезгілде

қатыспайды және олардың даму жылдамдығы мен энергиясы біркелкі емес:

даму орташа болып немесе әртүрлі себептермен жылдамдауы мүмкін;  

- бала   дамуын   жасанды   жылдамдатуға   болмайды,   әр   жас   кезеңіне   тән   «өз

күшін толық жұмсау» қажет.

Бұл міндетті бағдарламалық - нормативтік деңгейде бастап, бір сабақты

өтуге   дейін,   яғни   барлық   деңгейде   денсаулық   сақтау   педагогикасы

қолданатын технологиялар арқылы шешу мүмкін.

Мектепке дейінгі кезең – бала ағзасының өте қарқынды дамитын кезеңі

екенін білеміз. Яғни осы жас шамадағы баланың ағзасының барлық жүйке

жүйелері мен дене мүшелерінің және жүйкелік-психикалық дамуы қалыптаса

түсетін   кезі.   Ал   жекелеген   жүйелер,   мүшелер   -   жүрек,   тамыр,   жүйке

психологиялық тыныс алу, имуналдық жүйелері толыққанды жетілмесе, онда

бала ағзасының қорғаныс күші және ауруға қарсылықты көрсете алуы әлі де

жеткіліксіз   болып   келеді.     Бала     аз   қимыл-әрекет   жасағанда   ауруға     жиі

ұшырайды. Сондықтан да мектепке дейінгі ұйымда осы денсаулық сақтау іс-

шаралары міндетті түрде кешенді және жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Сонда

ғана жаңа өсіп келе жатқан өскелең ағза сыртқы факторлар әсеріне төтеп бере

алатын болады. 




  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал