С. Б. Бөрібаева Борибаева Сафура Болатовна Boribaeva Safura Bolatovna



жүктеу 105.34 Kb.
Pdf просмотр
Дата25.02.2017
өлшемі105.34 Kb.

УДК  811.512.122’ 271: 327 

 

С.Б. Бөрібаева  

 

Борибаева Сафура Болатовна 

 

Boribaeva Safura Bolatovna 

 

 

Қазақстан Республикасы, Алматы қ. 



Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 

E-mail: sofikazgu@mail.ru 



Дипломатия тілінің ерекшеліктері 

 

Особенности  языка дипломатии 

 

Features  of diplomacy language 

 

 

 

«Елшілердің  кемелері  де,  ауыр  артиллериясы  да,  қамалы  да  жоқ.  Олардың 

қаруы– сӛз және қолайлы жағдай»  Демосфен 

 

Аңдатпа  

Бұл 


мақалада 

дипломатиялық 

стиль 

түрінің 


ерекшеліктері 

қарастырылады.  Әртүрлі  халықаралық  құжаттарды  талдау  негізінде 

лингвистикалық  ерекшеліктері  және  оның  тілдік  меңгерілуі  көрсетілген.   

Қазіргі  таңда  халықаралық  құжаттарда  қолданылатын  тіл  мәселесіне,  толық 

дипломатиялық  стиль  түріне  ерекше  көңіл  бөлінген.  Мемлекеттің    сыртқы 

істер  саясатындағы  дипломатиялық  қызметінің  мақсаты  мен  міндеттерін 

жүзеге  асыруда  негігі  нысандарының  бірі  дипломатиялық  хат  алмасулар 

түрлері  туралы  баяндалады.  Дипломатия  тәжірибесінде  кездесетін  

дипломатиялық  хат  алмасу  түрлері:  жеке  ноталар,  вербальді  ноталар, 

жаднама жазба, меморандумдар, жартылай ресми түрдегі жеке хаттарға жеке 

сипаттамалар  берілген.  Дипломатиялық  стиль  түрінің  лексикалық, 

стилистикалық,  морфологиялық,  синтаксистік  ерекшеліктері,  анықталып, 

талданған. 

Мақаланың 

қорытындысында 

халықаралық 

ынтымақтастықтың  

деңгейіне  қажетті  сәйкес  шарттарының  бірі  –  «дипломатия  әліппесін» 

меңгеру,    дипломатиялық  құжаттарды  дайындау  өнерге  жататыны 

мәлімденген.  



Түйін сөздер: дипломатия, тіл,  стиль, ерекшеліктер, құжат, терминдер.  

Аннотация  

В    данной  статье    рассматриваются  особенности  дипломатического 

подстиля.  В  работе  на  основе  анализа  разных  видов  дипломатических 

документов показана лингвистическая специфика и особенности ее языковой 

реализации.  Особое  внимание  уделено    языку  международных  документов, 

дипломатическому подстилю. Дипломатическая переписка является одной из 

основных 

форм 

дипломатической 



деятельности 

государства 

по 

осуществлению  целей  и  задач  его  внешней  политики.  Подробно 



охарактеризованы  виды  дипломатической  переписки:    личные  ноты, 

вербальные  ноты,  памятные  записки,  меморандумы,  частные  письма 

полуофициального  характера.  Анализируются    и  рассматриваются 

лексические, 

стилистические, 

морфологические, 

синтаксические  

особенности дипломатического подстиля.  

В  статье  обосновывается  необходимость  овладения  «азбукой 

дипломатии»  –  искусством  подготовки  дипломатических  документов    как 

одного  из  необходимых  условий  соответствия  уровню  международного 

сотрудничества

.

 

Ключевые  слова:  дипломатия,  язык,  стиль,  особенности,  документ, 

термины. 

Abstract  

 

This article is discussed the features of the diplomatic 



substyle.

 On the 


basis of the analysis of different types of diplomatic documents, paper is showed 

linguistic specificity and peculiarities of its implementation language. Special 

consideration is attended to the language of international documents and 

diplomatic 

substyle

Diplomatic correspondence is one of the basic forms of diplomatic activities of the 



state in order to implement the goals and objectives of its foreign policy. There are 

types of diplomatic correspondence characterized in detail: personal notes, verbal 

notes, aid-memoire, memoranda and private letters semi-official character. Lexical, 

stylistic, morphological, syntactic features of the diplomatic 

substyle

 is analyzed 

and considered. The necessity of mastering  "Basis of  diplomacy" is  the art of 

preparing diplomatic documents as one of the essential conditions for compliance 

with the level of international cooperation. 

Key words: diplomacy, language, style, features, document, terms. 

 

Кіріспе. 

Ресми іс қағаздар стиліне іс қағаздары, заң құжаттарының тілі жатады. Олардың 

атқаратын міндеті іс-тәжірибеде маңызды мәліметтерді хабарлау, нақты жөн көрсету. Тіл 

тәсілдері: кітаби, ресми сөздер мен сөйлемдер. 

   Іс қағаздар стиліне әртүрлі мекемелерде, кәсіпорындарда, ұйымдарда жүргізілетін жазу 

үлгілері жатады. Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі 

үлгілері  болады.  Іс  қағаздарының  әрқайсысының  бұрыннан  белгілі бірыңғай сөздері  мен 

сөйлем  үлгілері  болады.  Іс  қағаздары  көбінесе,  сол  үлгі  бойынша  жазылады.  Мұндай  іс 

қағаздарды  жазу  онша  қиынға  соқпайды,  ол  алдын  ала  танысып  жаттығу,  дағдылану 

арқылы меңгеріледі. 

      Ресми стильдің көлемі, мазмұны және жазылу формасы жағынан іс қағаздарынан біраз 

ерекшелігі бар. Ресми іс қағаздары белгілі бір қалыпқа (штампқа) түсіп отырады, онда сөз 

қолданысы  ерекше  болады.  Ресми  стильде  көбінесе  заң,  жарғы,  үкімет  органдарының 


қаулылары,  халықаралық  шарт,  келісім,  дипломатиялық  нота,  үкімет  хабарлары 

жазылады. 



Ресми құжат стильдеріне тән белгілер: 

   -мазмұнының қысқа, тұжырымды баяндалуы;  

   -тұжырымдардың дәл, нақты болуы; 

   -сөздердің тура мағынасында пайдалануы

   -терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі; 

   -терминдердің  қолданылу  жиілігі  жоғары,  Мемлекеттік  терминология  комиссиясы 

бекіткен нұсқасының пайдаланылуы [1, 12-13 бб.].   

Ресми-іскери стильдің  бірнеше түрі бар, біз өз мақаламызда дипломатия стиль түрінің 

ерекшеліктерін  қарастырамыз.  «Дипломатия  –    халықаралық  келіспеушіліктерді  бейбіт 

жолмен  шешетін  құрал  өнері.  Дипломатия  сондай-ақ,  халықаралық  қатынастарға  

үйлесімді  ықпал  ететін  және  белгілі  дәстүрлер  мен  ережелерге  бағынатын  техника  мен 

шеберлік. Дипломатия тілі – бұл екі түрлі ұғымдарды белгілеуде қолданылатын айтылым. 

Біріншіден,    бұл  тілде  ресми  дипломатиялық  қатынастар  орнатылып,    халықаралық 

шарттар  бекітіледі.  Екіншіден,    бұл  жалпы  қабылданған  дипломатиялық  сөздікті  

құрайтын  арнайы  терминдер  мен  фразалардың  жиынтығы»  [2].      Қазіргі  таңда    ресми 

дипломатиялық  қатынастарды  жүргізуде  және    халықаралық  шарттарды    бекітуде 

бірыңғай міндеттелген  тіл жоқ, алайда бұрын  француз тілі басым болған. Заман өзгеріп,  

бірте-бірте тілдердің теңдік қағидасы орнатылды. Тек ерекше  жағдайларда  сыртқы істер 

министрлігінің    мемлекеттік  органдары,    әсіресе  дипломатиялық  құжаттармен  алмасуда, 

ресми хат алмасуларды өз ұлттық тілдерінде жүргізеді.  

«

Қазақстан 



Республикасының 

дипломатиялық 

өкiлдiктерi 

мен 


Қазақстан 

Республикасының  халықаралық  ұйымдар  жанындағы  өкiлдiктерiнiң  қызметi мемлекеттiк 

тiлде,  қажет  болған  жағдайда  басқа  да  тiлдердi  пайдаланып  жүзеге  асырылады»

  [3]. 


«Дипломатиялық    тілдің»  екінші  ұғымына  келетін  болсақ,  арнайы  терминдер  мен 

фразалардың жиынтығы ретінде, жалпы қабылданған дипломатиялық сөздікті  құрайтын 

(мысалы,  «добрые  услуги»,  «третейское  разбирательство»,  «модус  вивенди»,  «статус-

кво», «вето»  және т.б.), онда  осындай терминдердің дипломатиялық құжаттарда саны аса  

көп  емес.  Дипломатиялық  құжаттар  тілі,  стилі  жөнінде  неміс  ғалымы    X.Вильднердің 

«Дипломатия  техникасы»  кітабында  елеулі  назар  аударатын  бірқатар  пікірлер  айтылған. 

X.Вильднер: «Дипломатический стиль – должен отличаться прежде всего простотой и 

ясностью;  под  этим  подразумевается  не  простота  ремесленнического  способа 

выражения,  а  классическая  форма  простоты,  которая  умеет  выбирать  для  каждого 

предмета  единственное  подходящее  при  данных  обстоятельствах  слово»[4].  Демек,  

дипломатиялық  стиль  ең  алдымен,      классикалық  қарапайымдылығымен  және 

айқындылығымен  ерекшеленуі  керек  екен.    Дипломат  тіл  маманы  өкілі  ретінде  де  

танылады, дипломаттың кәсіби қасиеттеріне  қойылатын талаптарды талдап көрсек: « Ең 

маңызды  қасиеттері  –  байқампаздық,    сенім  білдіре  алатын  және  сенімге  кіре  алатын». 

«Абыройлы  сөзімен сенім арта алатын, жүріс-тұрыс стилі белгілі мемлекеттердің қарым-

қатынастарының жалпы контурына үйлесімді кіретін  дипломат,  сенімді дипломат» – деп 

белгілі  саясаткер  және  дипломат  А.Н.Ковалѐв  дипломаттың  қасиеттерін  анықтайды. 

Дипломатия – бұл халықаралық келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу өнері. Кардинал 

Ришельенің  Саяси  мұра  ретінде  қалдырған    «Тұрақты  келіссөздердің  теориясы»  атты 

еңбегі  қазіргі  дипломатияның  негізін  салуға  елеулі  әсер  етті.  Халықаралық 

конференциялар  мен  келіссөздерге  қатысудан  басқа,  салтанатты  іс-шаралар  мен  ресми 

қабылдаулардан  басқа,    сырт  көзден  толық  жасырын  болып  келетін,    дипломаттарға  кең 

ауқымды  міндеттер  жүктелген.  Дипломатия  саласындағы  ең  маңызды  орын  алатын   

дипломатиялық  жұмыстардың  бір  түрі  дипломатиялық  құжаттарды  құрастыру,  жүргізу 

болып саналады.  



Мемлекеттің  сыртқы істер саясатындағы дипломатиялық қызметінің мақсаты мен 

міндеттерін  жүзеге  асыруда  дипломатиялық  хат  алмасулар  негізгі  нысандарының  бірі 

болып табылады. Мемлекеттің дипломатиялық қызметінің  басқа нысандарының түрі: 

-халықаралық  конгресстерге,  конференцияларға,  отырыстарға  қатысуы,  яғни  әртүрлі 

деңгейдегі мемлекет өкілдерінің  тұрақты кездесулері

 -мемлекетаралық  қатынастардың  әртүрлі  мәселелерін  регламенттейтін  көпжақты  және 

екіжақты, халықаралық шарттар мен келісімдерді дайындау және бекіту;  

-елшіліктер  мен  миссиялар  атқаратын,  мемлекеттің  шетелдегі  тұрақты  өкілдігі,      келген 

елдің дипломатиялық ведомствосымен  саяси және басқа да  келіссөздер жүргізуі; 

-халықаралық  ұйымдардың,  жалпы  саяси  және  аймақтық    қызметтерінде  мемлекет 

өкілдерінің қатысуы; 

-түрлі  сыртқы  саяси  мәселелер  бойынша  мемлекеттің  ұстанымын  жария  ету,  ресми 

ақпараттардың жарияланымы; 

-халықаралық актілерді және құжаттарды ресми жариялау. 



Дипломатия тәжірибесінде келесі 5 дипломатиялық хат алмасу түрі анықталды: 

1.Жеке ноталар 

2.Вербальді ноталар 

3. Жаднама жазба.   

     4. Меморандумдар 

     5.Жартылай ресми түрдегі жеке хаттар 

      Дипломатиялық  нота  (латын  тілінен  –  nota  –  белгі,  ескертпе;  ағылшын  тілінен  – 

diplomatic  note)  –  халықаралық  құқықтағы  дипломатиялық  хат  алмасу  құжатының  түрі. 

Дипломатиялық  нота  –  бір  мемлекеттің  үкіметі  атынан  екінші  елдің  үкіметіне 

дипломатиялық ресми үндеу жолдау. 

      Дипломатиялық нота вербальді және жеке болып бӛлінеді. 

       Дипломатиялық тәжірибеде вербальді нота жиі қолданылады (латын тілінен – verbalis 

– ауызша), жазбаша нысанда әртүрлі сипаттағы мәселелер жазылады. Вербальді ноталар  



үшінші жақта құрастырылады, ноталық бланкіде басылады және қол қойылмайды, оған 

сыртқы  істер  ведомствосының  немесе  дипломатиялық  өкілдіктің  мастикалық  мөрі 

басылады және мекенжайы көрсетіледі. 

      Жеке ноталар  әдетте маңызды қағидатты мәні бар мәселелерге қатысты немесе болып 

жатқан  елдің  дипломатиялық  протоколдың  бекітілген  талаптарына  сәйкес  белгілі  бір 

оқиға туралы ресми ақпарат немесе жеке нотаға жауап ретінде жіберіледі.  Мұндай нота 



хаттық  нысанда  болады,  қол  қоюшының  атынан    бірінші  жақта  құрастырылады, 

ноталық бланкіде басылады, мекенжайы кӛрсетіледі және мӛр басылмайды. 

Жеке  және  вербальді  ноталарда  жазылатын  мәселелер  нақты  реттелмейді.  Бұл  жерде 

болып жатқан елдің салт-дәстүрлері және қолданыстағы тәжірибесі басшылыққа алынады 

[1, 126 б.]. 

 

 



     Халықаралық 

дипломатиялық  тәжірибеде  ноталармен  алмасу  халықаралық 

келісімшарттар жасау нысандарының бірі болып саналады. 

Жеке  нотаның  мәтіні    қаратпа  сӛзбен  басталып,  құрмет  формуласы  комплиментпен, 

яғни  трафаретті    құрмет  фразасымен  аяқталады.  Вербальді  ноталар  да  сыпайы 

формулалармен басталып, аяқталады. 

Жаднама жазба.  Дипломатиялық тәжірибеде 2 түрі кездеседі: 1) жеке жіберілген; 

2)  дипломатиялық шабарман арқылы жіберілген. 



Жаднама  жазбаның  мақсаты:    істің  ары  қарай  қозғалысын  жеңілдету  және  

сұхбаттасу мен  ауызша өтініш білдірудің теріс түсінігін алдын алу, ескерту. 



Меморандум – жеке құжат ретінде және  жеке және вербальді ноталарға қосымша 

болуы  мүмкін.  Соңғы  жағдайында  меморандум  нотаның  мағынасын  дамытып, 

толықтырды.  Меморандумның  ерекшелігі  –    сол  немесе  басқа  мәселелердің  нақты  және 

заңды  жақтарын  толық  мазмұндайды.  Ноталардан  ешқандай  өзгешелігі  жоқ,  тек  бір 

ерекшелігі – құрмет формуласымен басталып, аяқталмайды және  қол қойылмау керек. 


Жартылай  ресми  түрдегі  жеке  хаттар  таныс  ресми  тұлғаларға,  бір  жеке 

жағдайлар  бойынша  (шақырғанға  ризашылық  білдіру,    өтініш  білдіру),  немесе  кейбір 

мәселелер бойынша  әртүрлі себептермен оларды ресми түрде жарияламауды қажет етеді. 

Дипломатиялық  хат  алмасуларда,  жіберілетін  дипломатиялық  құжатта  қабылданған 

ережелер бойынша этикет талаптарын және сыпайылықты сақтау,  мемлекеттің намысына 

тиетін дөрекі сөздерден аулақ болу.  



Дипломатиялық  стиль түрінің тілдік ерекшеліктері 

Лексикалық.    Дипломатия  сөздігінің  өзіндік  ерекшелігі  –  халықаралық 

дипломатиялық  және  халықаралық  құқық  терминология  түрлерін  қолдану  болып 

саналады.  Негізінен,  латын,  француз  сөздерінен  шыққан,  мысалы:  консул,  конвенция,  

атташе,  демарш,  коммюнике.  Орта  ғасырларда  дипломатия  тілі  болып  ең  алдымен  

латын  тілі,  кейіннен  француз  тілі  саналған.  Кейде  дипломатиялық  құжаттардың 

мәтіндерінде латын терминдері мен сөздер латын жазуларымен қолданылған: persona поn 



grata,  status  quo,  право  veto  және  т.б.  Орыс  тілінен  шыққан  кейбір  терминдер  – 

посольство,  посол,  Чрезвычайный  и  Полномочный  Посол,  верительная  грамота, 

советник, чрезвычайный посланник  және т.б. Осы терминдер қазақ тіліне – елшілік, елші, 

Тӛтенше  және  Ӛкілетті  Елші,    сенім  грамоталары,  кеңесші,  тӛтенше  уәкіл    –  деп 

аударылған.Дипломатиялық  мәтіндер    әдеби  тілдің  сөздері  мен  тіркестерінің  болуымен 

ерекшеленеді,  олар  тиісті  мағынада  терминдер  түрінде  қолданылады,  тек  қана 

дипломатиялық  құжат  тілімен  стилистикалық  түрде  байланысады.  Мысалы:  протокол  – 



халықаралық  қатынастарда  жалпы  танылған  ережелер  жиынтығы.    Жақ  (сторона)  –  

келіссӛздерге қатысушы белгілі бір мемлекет  және оның үкіметі және т.с. 

Дипломатиялық  құжаттарда    стилистикалық  жағынан  «кітаби»,  «жоғары» 

айтылатын  сөздер  жиі  қолданылады.  Олар  дипломатиялық  құжаттарға    салтанатты 

үндестік беріп,  оның маңыздылығы мен ерекшелігіне сәйкес болады. Мысалы: Мәртебелі 

қонақ,  ресми  сапар,  ілтипат  білдіру  және  т.б.  Этикет  лексикасы  қолданылады,  оның 

құрамына  кейде  қазақ  тілінің  историзм  сөздері  кіреді:    Жоғары  Мәртебелі,  Жоғары 



Мәртебелі ханым, Жоғары Мәртебелі мырза. Сонымен бірге этикет лексикасына жақын 

комплиментарлы  лексика  (дипломатиялық  сыпайылықтың  ресми    протоколдық 

формулалары: куәландыру, ілтипат, зор ілтипат білдіру,  ӛзіне мәртебе санау) және т.б.  

Осы  протоколдық,  ресми  формулалардың  көпшілігінің  халықаралық  ерекшеліктері  бар. 

Соңғы  аталған    топтың  лексикасы  дипломатиялық  құжатқа  ерекше  маңыздылық,  реңк 

береді. Комплимент ӛнері дипломатия тілінде ерекше өзекті  және ерекше маңызды болып 

саналады. Комплимент, мақтау айту,  қошемет білдіру – осының барлығы халықаралық 

қатынастарды  нығайтудың  тәсілдері.  Мысалы:  «Сіздің  Ресей-Қазақстан  арасындағы 



тату  кӛршілік  пен  ӛзара  құрметтің  берік  дәстүрлеріне  арқа  сүйейтін  стратегиялық 

әріптестігін  одан  әрі  тереңдету  мәселелеріне  ұдайы  назар  аударатыныңызды  жоғары 

бағалаймын.  Екі  жақтың  ерік-жігерінің  арқасында  кӛп  қырлы  ӛзара  ықпалдастық 

алдағы  кезде  де  серпінді  дами  беретініне,  жаңа  ауқымды  жобалармен  байи  түсетініне 

күмәнданбаймын»(Мемлекет  басшысы  Н.Ә.Назарбаевты  президенттік  сайлаудағы 

сенімді жеңісімен Ресей Федерациясының Президенті Д.Медведевтің құттықтауы) [5]. 

«Жоғары мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы,Сіздің дана және кӛреген сая-

сатыңыздың арқасында Қазақстанның ӛңірдің гүлденген аралы ретінде биікке кӛтеріліп, 

халықаралық аренадағы абыройының күн сайын артуына куә болудамыз» (Мемлекет 

басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Түрік 

Республикасының Президенті Абдулла Гүлдің құттықтауы) [5]. 

Дипломатиялық  құжаттардың  стилі,  әсіресе  халықаралық  құжаттарға    қатысты, 



публицистикалық  стильге    жақын  келеді.  Заман  оларға  ерекше  қоғамдық-саяси  үндестік 

берді.  Дипломатиялық  стиль  түрлеріне  экспрессивті-эмоциональді  сөздер  тән.  Мысалы: 



Сіздің кӛшбасшылығыңызбен Қазақстан биік белестерге жетті. Сіздің жеңісіңіз – Сіздің 

басшылығыңыздағы елдің, Қазақстан халқының зор сенімінің кӛрінісі. 

Пәкстан  Қазақстанмен  екіжақты  қарым-қатынастарына  үлкен  мән  береді.  Мен  біздің 

елдеріміз  арасындағы  достық  байланыстардың  одан  ары  да  тек  нығая  түсетініне 

сенемін»(  Асиф  Әли  Зардари  Пәкстан  Ислам  Республикасының  Президенті)  [6]. 

Мағынаның  экспрессивті-эмоциональді  компоненті  міндетті  түрде  дипломатиялық  

лексиканың  позитивті  коннотацияларымен  тіркеседі,  компонент  сөздері  бар  –    «болып 

жатқан істі,  болашақта болатын істі жоғары бағалау, оған қосымша адресанттың жоғары 

дәрежеде  қанағаттануы».  Мысалы:  «Сіздің  еліңіз  егеменді,  тұрақты  және  ӛркендеген 

мемлекет ретінде ӛзінің дамуында маңызды табыстарға қол жеткізді. Мен Қазақстанға 

Ауғанстандағы  тұрақтылық  пен  қалпына  келтіру  ісіндегі  ұстанымы  үшін 

ризашылығымды  білдіремін  және  мен  Сіздің  ұлтаралық  және  діни  тӛзімділікті 

ілгерілету  жӛніндегі  күш-жігеріңізді  жоғары  бағалаймын  (АҚШ  Президенті  Барак 

Обама) [6]. 

Морфологиялық.  Дипломатия  тілінің  морфологиялық  ерекшеліктеріне  кез  келген 

стильдегідей    кейбір  сөз  таптарының  жиі  және  сирек  қолданылуы  жатады.  Ресми-іскери 

тілдің оның ішінде дипломатия тілінде ең айқын ерекшеліктерінің бірі зат есімдердің жиі 

қолданылуы.  Мысалы:  соғыс,  бейбітшілік,  жаһандану,  қарусыздану,  қауіпсіздік, 



лаңкестік, мемлекет.«Біз лаңкестікті оның барлық формалары мен кӛріністерінде үзілді-

кесілді  айыптаймыз  және  лаңкестікті  ештеңемен  ақтауға  болмайтынын  атап 

кӛрсетеміз.  Біз  жаһандық  бейбітшілік  пен  қауіпсіздіктің  негізін  бұзатын  бұл  қатерге 

қарсы күресу үшін ұлттық, ӛңірлік және кӛп жақты негіздегі іс-әрекетімізді күшейтуге 

бел  байладық»  (Азиядағы  ӛзара  ықпалдастық  және  сенім  шаралары  жӛніндегі  кеңестің 

Екінші Саммитінің ДЕКЛАРАЦИЯСЫ) [1, 157 б.]. 

Дипломатиялық  стиль  түрінің,    жалпы  ресми-іскери  тілдің  мәтіндерінің  патшасы, 

әлбетте, «етістік» болып саналады. Етістік  көпше түрдегі «біз» есімдігімен байланысып,  

ауыспалы  осы  (келер)  шақта  қолданылып,    дипломатия  стилінің  ерекшелігін  құрады. 

Мысалы:  «Біз  АӚСШК-ге  ӛсе  түскен  қызығушылықты  қанағаттанушылықпен  атап 

ӛтеміз.  Осыған  байланысты  біз  2004  жылы  Таиланд  Корольдігінің  және  2006  жылы 

Корея  Республикасының  толық  құқылы  мүшелер  ретінде  АӚСШК-ге  кіруін 

құттықтаймыз.  Біз 5 қазанды Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылы БҰҰ 

Бас  Ассамблеясының  47-ші  сессиясында  Азияда  ӛзара  ықпалдастық  және  сенім 

шаралары  жӛніндегі  кеңес  шақыру  туралы  идеяны  ұсыну  құрметіне  АӚСШК  күні  деп 

жариялауды шештік.  Айтып кету қажет, орыс тілінде етістік пен есімдік тіркесіп қатар 

тұрады,  ал  қазақ  тілінде  етістік  баяндауыш  рөлінде  сөйлемнің  соңында  келеді.  Мысалы, 

орыс  тілінде:  «Мы  подтверждаем  нашу  приверженность  всем  трѐм  главным 

составляющим ДНЯО. Мы призываем все государства соблюдать свои обязательства по 

ДНЯО, включая гарантии МАГАТЭ» [2]. 

Жоғарыда 

келтірген 

мысалдардан 

біз 

дипломатиялық 



мәтіндерде 

аббревиатуралардың өте  көп қолданылуын  көріп отырмыз. Бұл дипломатия  тілінің тағы 

бір  ерекшелігін  көрсетеді.  Халықаралық  стандарт  сипатындағы  аббревиатуралар 

«қазақшаланбайды».Мысалы:  ЮНЕСКО,  ЮСАИД,  НАТО,  МАГАТЭ,  ЮНИСЕФ;  оларға 

қосымша  дыбысталуына  сәйкес  жалғанады:  ЮНЕСКО-ға,  ЮСАИД-ке,  НАТО-ға, 

МАГАТЭ-ге, ЮНИСЕФ-ке [1, 20 б.]. 

Синтаксистік. Дипломатиялық құжаттар синтаксисі өзінің ұзақ  күрделі құрмалас 

сөйлемдер  түрлерімен  ерекшеленеді,  оның  ішінде  есімшелі  тіркестер,  бірыңғай 

мүшелерімен  күрделенген  сөйлемдер,  салалас  құрмалас  сөйлемдер,  сабақтас  құрмалас 

сөйлемдер,  аралас  құрмалас  сөйлемдер  түрлері  кездеседі.  Мысалы:  «Сауда 



байланыстарын  ӛрістету,  нарық  мүмкіндігі  мен  тауар  маркетингін  зерттеу  үшін  Екі 

жақ  сауда  делегацияларын,  маман  делегацияларын,  сауда  ақпаратын  алмасуды, 

ӛткізілетін  халықаралық  сауда  кӛрмелеріне  белсенді  қатысушыларды  ынталандыру, 

арнайы  кӛрмелер  мен  семинарлар  ұйымдастыруға  ықпал  жасап,  бұл  бағытта  қажет 

болған  жағдайларды  жасауға  келісті»(  Иран  Ислам  Республикасының  Үкіметі  мен 

Қазақстан 

 

 

Республикасының 

Үкіметі 

арасындағы 

сауда-экономикалық 

ынтымақтастығы туралы Келісім 1992 ж.2 қараша) [1, 150 б.]. 

Дипломатиялық  құжаттар  тілінің  мазмұндау  тәсілі  –  хабарлы,    кейде  сипаттау, 

пайымдау түрінде құрылады. Директивті  мазмұндау тәсілі халықаралық құжаттарға тән, 

төтенше  жағдайларда  –  дипломатиялық  қатынастарды  тоқтатқанда,  ультиматум 

жариялағанда  ғана  қолданылады.  Наразылық  ноталарында,  ультиматум  жариялағанда 

бұйрық рай оған сәйкес императивті сөйлемдер тек ерекше жағдайларда  қолданылады.  

 Қорытынды.  Қорыта  айтқанда,  дипломатиялық  құжаттар  –  халықаралық 

қатынастардың  сыртқы  әлемге  шығарылатын  өнімі  ретінде  танылады.  Сондықтан  

«дипломатия  әліппесін»  меңгеру,    дипломатиялық  құжаттарды  дайындау  өнері  – 

халықаралық  ынтымақтастықтың  деңгейіне    қажетті  сәйкес  шарттарының  бірі  болып 

табылады.  Дипломатиялық  құжаттар  –    бұл  ресми  құжаттар,  «мемлекеттік  қағаз».  

Дипломатиялық  құжаттардың  тілі  үшін,  әсіресе,  оның  стилистикалық  келбеті    маңызды 

емес,    фразаның  әуенділігі  емес,    саяси    мәселе    бойынша  мемлекеттің  пікірін,    нақты 

ұстанымын  білдіруі,  оның  мазмұнымен  толық  сәйкестілігі  өзекті.  Дипломатиялық 

құжаттарды құрастыру рәсімі басталмастан бұрын, дипломатиялық құжаттардың мазмұны  

ережелер бойынша алдын ала  үкіметтік инстанцияларға сәйкес орнатылып, саяси мақсаты 

анықталады. Сондықтан дипломатиялық құжаттың мақсаты – мазмұнын толық, түсінікті, 

сенімді етіп  көрсете білу, дипломатиялық құжаттағы  болмыстың жалғыз нысаны  – тіл,  

оның  ең  негізгі  элементі  –  сӛз.  Осыдан  біз  мазмұнмен  сәйкес  келетін  әрбір  фразаның, 

сөздің, тілмен жұмыс істеудің қаншалықты маңызды екендігін түсінеміз. Дипломатиядағы 



сӛз  –  пайымдалған,  ой  елегінен    өткізілген  «мемлекеттің  алтын  қоры»  екендігін  атап 

өткіміз келеді. 



 

 

 

 



 

 

Пайдаланылған әдебиеттер 

 

1.Бөрібаева  С.Б.  «Қазақ  тілінде  дипломатиялық  және  мемлекеттік 



құжаттарды  рәсімдеу».    –    Алматы:  «Қазақ  университеті»,  2011.  –  321  б. 

2.Баландина  Л.А.,  Кураченкова  Г.Ф.  «Язык  дипломатии:  традиции  и 

современность». 

//http://www.lingexpert.ru/conference/langlaw1/langdiplomat.html// [15.11.2011].  

3.Қазақстан  Республикасындағы  тiл  туралы  1997  ж.  11  шiлдедегі  №  151-I 

Қазақстан  Республикасының  Заңы  2008.21.11.  //http://www.kaznu.kz/kz1969//  

[ 21.11.2008]. 

 4.Попов 

В.И. 

«Умение 


владеть 

дипломатическим 

языком» 

http://radi0killer.blogspot.com/2011/05/blog-post_11.html.



 

[ 11.05.2011]. 

 5.Елбасының 

атына 


келіп 

түскен 


құттықтаулар 

мен 


ізгі 

тілектер http://www.inform.kz. [07.04.2011]. 

6.Елбасының  атына  келіп  түскен  құттықтаулар  мен  ізгі  тілектер 

http://kuttybolsyn.kz/1001-elbasyn-ayta-taayyndaluymen-ttytau.html. 

[07.04.2011]. 

 7.Джон  Вуд  и  Жан  Серре.  Дипломатический  церемониал  и  протокол. 

Москва:  «Прогресс», 1976. – 446 с. 


 8.Дипломатический  словарь  в  3-х  томах:  /Под  ред.  А.  А.  Громыко. Москва: 

«Наука», 1984, 1986.  

 9.Балақаев  М.,  Томанов  М.,  Жанпейісов  Е.,  Манасбаев  Б.  «Қазақ  тілінің 

стилистикасы». –  Алматы:  «Дәуір», 2006 ж. – 256 б. 



 

References 

1.

 



Boribaeva  S.B.  Kazak  tilinde  zhane  memlekettik  kuzhattardi  rasimdeu.  – 

Almaty: Kazak universitety, 2011. – 321 s. 

2.

 

Balandina  L.A.  Kurachenkova  G.F.  «Yazik  diplomatii:  tradicii  i 



sovremennost». 

//http://www.lingexpert.ru/conference/langlaw1/langdiplomat.html// 

[15.11.2011]. 

3.Кazaкstan  Respublikasindagi  til  turali  1997  j.  11  shildedegі  №  151-I  Кazaкstan 

Respublikasinin Zani 2008.21.11. //http://www.kaznu.kz 1969// [ 21.11.2008]. 

4.

 



Popov V.I. «Umenie vladet diplomaticheskim yazikom» 

http://radi0killer.blogspot.com/2011/05/blog-post_11.html

. [ 11.05.2011]. 

5.

 



Elbasinin atina kelіp tүsken kuttiutaular men іzgі tіlekter 

http://www.inform.kz. [07.04.2011]. 

6.

 

Elbasinin atina kelіp tүsken kuttiutaular men іzgі tіlekter 



http://kuttybolsyn.kz/1001-elbasyn-ayta-taayyndaluymen-ttytau.html. 

[07.04.2011]. 

7.

 

Djon  Vud  i  Jan  Serre.  Diplomaticheskii  ceremonial  i  protokol.  Moskva: 



«Progress», 1976. – 446 s. 

8.

 



Diplomaticheskii  slovar    v  treh  tomah:/Pod  red.  A.  A.  Gromiko.  Moskva: 

«Nauka»,1984, 1986.  



9.

 

Balakaev  M.,  Tomanov  M.,  Janpeiіsov  E.,    Manasbaev  B.  «Kazak  tіlіnіn 



stilistikasi». –  Almati:  «Dauіr»,  2006. – 256 s. 

 

 

 

Халықаралық қатынастар факультеті 

дипломатиялық аударма 

кафедрасының доценті, ф.ғ.к. 

 

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қ 25 Еуразияшылдық: теория және практика. Оқу қҧралы
publications -> Макашева К. Н., Идрышева Ж.Қ
publications -> История развития теоретической метеорологии в ХХ веке
publications -> И. Р. Гальперин: Мәтін әр түрлі лексикалық
publications -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰу жоо-ға дейінгі дайындық факультеті
publications -> Л. Толстойдың «Той тарқар» шығармасының қазақ тіліне аударылу тарихы
publications -> Айтбаев Н. Б. (Қарағанды, Қармту) Айтбаев Б
publications -> Жоо-ға дейінгі білім беру факультеті Танымдық, ұлттық ойын элементтерін тарих пәні сабағында пайдаланудың маңызы
publications -> Биология пәнінен оқушылардың білім сапасын арттыруда жаңа технологияларды пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдері
publications -> Темірбек қожакеев

жүктеу 105.34 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет