С. А. Жиренов Бас редактордың орынбасары



жүктеу 5.01 Kb.

бет9/14
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.  Жиенбаева  С.Н.  Кіші  мектеп  жасындағы  балалардың  еңбек  іс-әрекеті 
тәжірибесін  қалыптастыруда  құзыреттілік  тұғырдың  мәні  //  Қазақ 
мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университетінің  Хабаршысы  №  4(6), 
2011. -30-35 бб. 
2. Есекеева А.А. Оқытудың интерактивті әдістерін қолданудың ерекшеліктері 
// ҚазҰУ Хабаршысы. Заң сериясы. №1 (61). 2012. 
Аннотация 
В  настоящее  время,  как  известно,  бурно  развиваются  новые 
возможности  обучения  и  образования  посредством  использования 
достижений 
интернет-пространства 
наряду 
с 
инновационными 
технологиями  современной  системы  образования.  В  этой  связи  сегодня 
многие методисты рассматривают различные способы обучения, используя 
мультемедийные средства, презентации, видеофильмы, электронную почту, 
анимационные  рисунки  и  другие  виды  технических  и  информационных 
технологий. 
Как известно, ХХІ век – это век информатизации, в котором большое 
значение  имеют  информационные  технологии.  В  настоящее  время 
компьютер широко используется во всех сферах жизнедеятельности людей, 
в  том  числе  и  в  системе  образования.  Всесторонне  изучаются  способы 
улучшения  качества  образования  в  мировом  пространстве.  В  целом, 
посредством  внедрения  в  учебный  процесс  компьютерных  технологий, 
можно расширить возможности процесса образования.  
Ключевые  слова:  Образование,  интернет-ресурсы,  информатизация, 
качество образования, информационные технологии, гуманитарная сфера и 
т.д.  
Abstract 
Now, as we know, new opportunities of training and education by means of 
use  of  achievements  of  Internet  space  along  with  innovative  technologies  of  a 
modern  education  system  roughly  develop.  In  this  regard  today  many 
methodologists  consider  various  ways  of  training,  using  multimedia  means, 
presentations,  video  movies,  e-mail,  animation  drawings  and  other  types  of 
technical and information technologies. 
It  is  known  that  HH_  of  eyelids  is  a  century  of  informatization  in  which 
information  technologies  are  of  great  importance.  Now  the  computer  is  widely 
used in all spheres of activity of people, including in an education system. Ways of 
improvement of quality of education in world space are comprehensively studied. 

 
80 
In  general,  by  means  of  introduction  in  educational  process  of  computer 
technologies, it is possible to expand possibilities of process of education. 
Keywords:  Education,  Internet  resources,  informatization,  quality  of 
education, information technologies, humanitarian sphere, etc. 
 
 
ӘОЖ: 373.313:159.922.72 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СЫНИ ОЙЛАУЫН 
ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 
 
Нұрманова Гүлнұр Қайыржанқызы 
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті 
Магистратура және PhD докторантура институты  6М010200-              
«Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 
1курс магистранты:  
(Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы) 
Nurmanovag@mail.ru 
 
Аңдатпа  
Мақалада  оқушылардың 
сыни  ойлауын  дамытуға 
арналған  
әдістемелік  жұмыстардың  түрлері  қарастырылған.Оқушылардың  сыни 
ойлауын  қалыптастыруға  арналған  қағидалар,сыни  тұрғысынан  ойлауды 
дамыту  жобасы  айтылған.  «Сыни  тұрғысынан  ойлау»  технологиясы 
бойынша,өткізілетін сабақ барысындағы мұғаліммен оқушының әрекеттері 
қандай  болмақ.Осы  жөнінде  мағлұматтар  берілген.Оқушылардың  сыни 
ойлауын  дамытуға  байланысты  түрлі  әдістемелік  жұмыстар  мен  әдіс 
тәсілдер жинақталған.Сыни ойлау нақты жағдайда бірнеше міндеттермен 
қатар,саралау,талдау тұжырымдарын шешеді. 
Кілтті сөздер: сыни ойлау,технология,зияткерлік,талдау; 
                                                     
 
Тәрбие  процесі  оқушының  жеке  қызметі  және 
тәрбиешінің 
оған 
бағыт 
беріп,жүйелеу 
шеберлігі негізінде қолдануы тиіс. 
Л.С.Выготский 
 
    Қазіргі  таңда  азат  еліміздің  дүниежүзілік  білім  беру  кеңістігіне  ену 
үрдісінде оқу-тәрбие үрдісін  ізгілендіру бағытына байланысты мұғалімдерге 
талаптар қойылуда.Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Президенті  
Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында» (2007 ж., 28 ақпан): «Біз 
бүкіл  еліміз  бойынша  әлемдік  стандарттар  деңгейінде  сапалы  білім  беру 
қызметін  көрсетуге  қол  жеткізуіміз  керек.  Оқы-тудың,  әр  оқушының  білімі 
мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау қажет» 

 
81 
деп  көрсетілген.  Оған  сапалы  білім,  оқушының  өміріндегі  оқуға  және  өз 
білімін көтеруге дайындығы негізгі алғы шарт болып табылады. 
Ғылым  саласында  білімді  дамытуға  арналған  жаңа  технологияларды 
пайдалануға  ерекше  мән  беріледі.Аталмыш  технологиялардың  ішіндегі 
сөзіме  арқау  болар  түрі:оқушылардың  сыни  ойлауын  дамыту  болып 
отыр.Қазірде  сыни  ойлау  мектептерге  енгізілуде.  Менің  ойымша  қандай 
технология  түрін  қолдансақ  та,  ол  оқушының  білім,білік,дағдыларын 
дамытуы  қажет  емес  пе?!Ол  үшін,әр  оқушының  жас  ерекшелігін  ескере 
отырып, әр түрлі бағыттағы жұмыстар жүргізілу қажет секілді. 
Әрбір  технология  жаңа  әдіс-тәсілдермен  ерекшеленеді.Осы  тәсілдерді 
мұғалім іздену арқылы жүзеге асырады. Сабақ қызықты болса,оқушының сол 
пәнге  қызығушылығы  артып,мұғалімнің  еңбегінің  еленгені  байқалады.  Сол 
үшін  оқушыларды  әр  сабақта  ынталандырып  отырған  жөн.  Оқушылардың 
сыни  ойлауын  дамыту  жолдары:  олардың  өзара  бірлескен  іс-әрекетін 
ұйымдастыру нәтижесінде,өзара көмек көрсету, өз ойларын көпшілік ортада 
еркін  айту,  өзін  басқалармен  салыстырып,кеткен  қателіктерін  түзеу,  қандай 
жағдай  болмасын,  оларға  сыни  көзқараспен  қарау,  айналасындағы 
адамдармен  еркін  қарым-  қатынас  жасау,  өзін-өзі  дамытып,  әрі  қарай 
жетілдіру міндеттері орындалмақ. 
Аталған  технологияны  қолдануда:оқушыларды  шағын  топқа  бөлу  арқылы 
оқытқанда,  олардың  арасында  өзара  қарым  қатынастары  бекиді.Оқушылар 
өздерінің қатарластарымен бірлесе жұмыс жасау үшін өз білімін басқалардың 
білімімен 
салыстыру,ойлау 
тәсілдерінің 
қалыптасуына 
және 
де  
дүниетанымын  кеңейтуге  жол  ашады.Тағы  да  бір  ерекшелігі  -  тұлғааралық 
қатынастарды  байланыстырып,оқушылардың  өз  пікірлерімен  бөлісуі, 
басқалардың  ойын  сыни  тұрғыда  ойлау,  жалпы  қарым-қатынас  мәдениетіне 
үйрету  болмақ.Сондықтан  да,олардың  бірігіп  жұмыс  істеуі  кезінде  өз 
күштеріне  деген  сенім  пайда  болады.  Олар  өзінің  жеке  пікірін  басқа  бір 
пікірмен  салыстыра  отырып,соның  нәтижесінде  дұрыс  шешім  қабылдауға 
үйренеді.  Оқушылардың 
сыни 
ойлауын 
дамыту-әрбір 
оқушының 
тәрбиеленуіне,  жеке 
тұлға  болып 
қалыптасуына, 
әлеуметтенуіне, 
педагогикалық мәдениетін қалыптастыруға,өз ойын ашық жеткізуіне септігін 
тигізеді[1]. 
    Оқушылардың 
сыни 
ойлауын 
қалыптастыру 
мақсатында 
мына 
қағидаларды негізге алу қажет: 

 
Оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  арттыруға  байланысты  тірек 
ұғымдарды ғылыми педагогикалық тұрғыда негіздеу

 
Оқушылардың өз ойларын ашық және еркін жеткізе білуге үйрету; 

 
Өз ойын топ алдында қысылмай,айтып,қорғау білуге дағдыландыру

 
Шығармашыл, белсенді, жауапкершілігі мол, денсаулығы мықты,рухы 
бай, мәдениетті, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. 

 
Оқушылардың  сабаққа  деген  қызушылығын  арттырып,олардың 
белсенділігін жоғарылату. 

 
82 
«Сын  тұрғысынан  ойлау»  жүйесі  оқытуды  жаңаша  ұйымдастыру  арқылы: 
оқушылардың  қызығушылығын  ояту,  тақырып  мазмұнын  ашу,  ұжымдық 
тұрғыда  бірлесіп  жұмыс  жасау,  оқушылардың  деңгейіне  қарай  саралап  топ-
топқа бөліп оқыту орындалады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сын  тұрғысынан  ойлау  оқушының  бұрынғы  білетінін  жаңа  білім 
арқылы  ұштастыру,  оны  есте  қайта  жаңғырту  арқылы  қағаз  бетіне  түсіру, 
оны  топта  талқылау  арқылы  ойының  шыңдалуына  жеткізеді.  Ол  үшін 
мұғалім  оқушылардың  ойлануына  уақыт  беріп,ойын  ашық  айтуына  жағдай 
жасай  отырып,  әр  түрлі  пікрлерді  соңына  дейін  тыңдай  білу,  айтқан  ойын 
нақты деректермен дәлелдеу шарттары ұсынылады[2]. 
    Шығармашыл,  ойлы,  құзыретті,  зияткерлігі  мол,  жан-жақты  тұлғаны 
қалыптастыру, 
білімді 
тұлғаны 
дамыту 
үшін 
жаңа 
ақпараттық 
технологияларды  пайдалану    бүгінгі  қоғам  басты    талабы.  Сол  себептен  де 
оқытудың жаңа  технологияларын  пайдалана отырып,  сабақтың  әдіснамалық 
негіздерін  толық  меңгере отырып,тиімді  пайдалану  арқылы,  дұрыс  бағытын 
нақты  анықтау  және  жүзеге  асыру-мұғалімдер  алдында  тұрған  басты 
мақсаттың бірі болып саналмақ. Қай заманда болмасын білім беру үрдісі,ең 
алдымен,мұғалімнің  қызметі  мен  іс-әрекеті  және  тынымсыз  ізденісі  арқылы 
жүзеге асады. 
Меніңше,  қазіргі  таңда,педагогикалық  жаңаша  үрдістерде  білім  мен  тәрбие 
берудегі  ізгілендіру,  педагогикалық  ынтымақтастық,  ғылыми  -  әдістемелік 
тың  ізденістерге  сүйене  отырып,жаңашылдыққа  талпыну  қажет-,деп 
ойлаймын. 
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы шын мәніндегі басты жаңалық пен 
жақсылықтың  нышаны  емес  пе?!Жолдаудың  басты  бөлімдерінің  бірінде: 
«Қазір  бой  жарыстыратын  емес,  ой  жарыстыратын  заман»  деп  Елбасымыз 
айтқандай, дарынды, білімді ұрпақ-еліміздің ертеңі екені даусыз.  
Сын тұрғысынан 
ойлау 
сабақтарының 
алғышарттарын 
атап өткенім жөн 
болар: 
 
 
 
Оқушыларды сенімділікке тәрбиелеу үшін 
олардың жауабын санмен бағаламау керек 
 
Сабақты белсенді өткізіп,әр баладан еркін 
жауап алуға жағдай жасау қажет 
Оқушылардың ой қиялын дамыту үшін 
«Менің түсінігімше»деген жауапқа 
дағдыландыру 
Әр түрлі жауапқа бірдей қарау,нашар жауап 
болса сынға алмау; 

 
83 
Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  жобасы,дамыта  оқыту,  модульдік  оқыту 
жолдары-білім  берудің,  оқытудың  жеке  тұлғаны  жан-жақты  дамыту  үшін 
жүргізілген жұмыстардың жаңа ізденістері мен жетістіктері болып табылмақ. 
Бұлар-педагог пен ғалымдар мен мұғалімдер тарапынан үлкен қолдау тапқан 
педагогикалық технологиялар болып есептеледі. 
Оқушылардың  сын  тұрғысынан  ойлауын  дамыту  үшін,оларға  көркем 
шығармаларды  ұсыну  арқылы,сол  тақырыпқа  сай,  тақырып  төңірегінде 
бұрынғы  білетіндерін  ортаға  салып,  баланы  қызықтыру,олардың  топ 
ішіндегі,сынып ішіндегі белсенділіктерін оятудың қажеттілігі зор[3]. 
     «Сын  тұрғысынан  ойлау»  технологиясы  бойынша,өткізілетін  сабақ 
барысындағы мұғаліммен оқушының әрекеттері қандай болмақ: 
Мұғалім: 

 
оқушыларды топқа бөледі; 

 
Сабаққа қатысты қызық тақырыпты таңдайды

 
Шығарманың ең құнды мәселелерін анықтауға кеңес береді; 

 
Оқушылардың кейіпкер бейнесіне енуін қадағалайды; 

 
Оқушыларға өз ойларын қағаз бетіне түсірулерін талап етеді; 

 
Сабақ соңында қорытынды жасауға бағыттайды 
Оқушылар: 

 
Әр топта жұмыс жасайды; 

 
Берілген мәтінмен өздері танысады

 
Шығарманы әр түрлі әдістері арқылы саралап,талдайды; 

 
Кейіпкерлердің рөлдерін өздері шамалары келгенше сомдайды; 

 
Сабақ соңында ой қорытып,тұжырым жасайды;[4] 
Оқушыларды сыни тұрғыда ойлауын дамыту оқушылар бойында мынадай 
іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға болады.Атап өтер болсам; 
 
 
 
 
 
 
 
 
    
 
 
 
 
 
     
 
Міне,сондықтан  да  оқушылардың  сыни  ойлауын  дамыту  жұмыстарын 
тиімді жүргізу арқылы олардың шығармашылық қабілетімен қатар, өз ойын 
Әрбір оқушы өзінің жеке ойымен,өмірге деген көзқарасымен 
ойлау қабілетімен ерекшеленеді 
Өзі қатарлас оқушылардың сөзін бөлмей тыңдауға үйренеді 
Өз ойларын жаңа тың ақпараттармен қосымша мәліметтермен 
жеткізеді 
Өздеріне жүктелген барлық тапсырмаларды дер кезінде 
орындауға тырысады 

 
84 
ортаға  салуға,  кез-келген  тақырыпты  өз  бетімен  талдауға,өзіндік  ізденіске 
алып келері сөзсіз. 
Бүгінгі  күннің  басты  талабы-  ойы  ұшқыр,талабы  теңіздей  тасқындап 
тұрған, рухы биік, әлемдік деңгейге қабілетті тұлғаны тәрбилеу.Елдігіміздің 
ертеңіне  айналған  балғындарымыздың  сапалы  білім  алуы  бүгінгі  күннің 
басты мәселесі. 
Ал  мәселенің  шешімінің  табуы  сіздер  мен  біздердің  алға  қойған  міндетіміз 
орындалуынан көрініс табары хақ. 
                                     
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан 
халқына Жолдауы, 28 ақпан, 2007 ж. 
2. Чарльз Т,Л.Д.Жинни ,С.Мередит // Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу 
арқылы дамыту жобасы үшін дайындалған әдістемелік құрал. №I, II,III 
кітапшалары 
3. Махамбетиярова К. // Сыни ойлауды дамыту// Қазақстан мектебі.  – 2002.     
43-бет  
4.  Ысқақова  Г.  //  Қазақ  тілі  мен  әдебиетін  оқытуда  жаңа  технологияларды 
енгізу  –  оқушылардың  білім  сапасын  арттырудың    негізгі  кепілі  // 
Республикалық  ғылыми-практикалық  конференциясының  материалдары. 
Алматы. 2003. 67-бет. 
Аннотация 
Статья  посвящена  формам  методических  задач,  развивающих 
критическое  думание  о  зрачке  и  проектах  и  принципах  критического 
размышления.  В  статье  определяется  роль  учителя  и  зрачка  в  уроках  
критической 
думающей 
технологии. 
Критическое 
мышление- 
система суждений,  которая  используется  для  анализа  вещей  и  событий  с 
формулированием 
обоснованных 
выводов 
и 
позволяет 
выносить 
обоснованные  оценки,  интерпретации,  а  также  корректно  применять 
полученные  результаты  к  ситуациям  и  проблемам.  Эти  методы 
используются при решении задач, формулировании выводов, вероятностной 
оценке  и  принятии  решений  и  требуют  навыков,  которые  обоснованы  и 
эффективны для конкретной ситуации и типа решаемой задачи. 
Ключевые 
слова: 
критического 
мышление,технология, 
интеллектуальный 
                                                     Abstract 
The  article  is  devoted  to  the  forms  of  methodical  tasks  developing  critical 
thinking  of  pupil  and  projects  and  principles  of  critical  thinking.  Role  of  teacher 
and  pupil  in  the lessons  of    critical  thinking technology    is defined in the article.  
Critical system of judgements, that is used forthe analysis of things and events with
 formulation ofreasonable conclusions and allows to take awayreasonable estimati
ons, interpretations, and also it iscorrect to apply the got results to the situations a
ndproblems.These methods are used for the decision of tasks,formulation of conclu
sionsprobabilistic estimation andmaking decision and require skills that is reasona
ble andeffective for a concrete situation and type of the decided task. 

 
85 
Keywords: critical thinking, technology, intellectual, analyze. 
             
ӘОЖ 373.091.26 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН 
БАҒАЛАУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Саймасаева О.У. – 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 1 курс магистранты 
 
Аңдатпа 
Мақалада  бастауыш  білім  беру  ісіндегі  білім  сапасын  анықтау  мен 
бағалау  мәселелері  қарастырылған.  Сонымен  қатар  бастауыш  сыныптағы 
білім  сапасын  бағалаудың  тарихынан  қысқаша  мағлұмат  беріліп,  баға 
қоюдың субъективті қателіктері туралы баяндалады.  
  Кез  келген  дамыған  елде  білім  сапасы  мемлекет  пен  қоғамның  қатаң 
бақылауында  тұрады.Қазақстанда  білім  сапасын  бағалаудың  бірыңғай 
ұлттық  жүйесі  құрылды.  Білім  беру  мониторингі  білім  сапасын  сырттай 
және  ішкі  бағалау  әдістері  арқылы  өткізіледі.  Тәуелсіз  сыртқы  бағалау 
лицензиялау,  аттестаттау,  аккредиттеу,  рейтинг,  ұлттық  бірыңғай 
тестілеу,  мемлекеттік  аралық  бақылау,  талапкерлерді  кешенді  тестілеу 
және т.б. элементтерін қамтиды. 
Кілтті сөздер: білім беру, сынып, сапа, баға, т.б. 
 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыртылуы: 
Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамына  20  қадам»  атты  мақаласындағы  жиырма 
тапсырманың үштен бірі білім беру жүйесіне қатысты,бұл кездейсоқтық емес 
-    адами  капиталдың  сапасы  әр  адамның  білімділігі  және  кәсіби  шеберлігі 
деңгейімен тікелей байланысты  [1].    
Әлем  тәжірибесі  көрсеткеніндей,кез-келген  мемлекеттің  әлеуметтік 
экономикалық  дамуы  сол  елдің  білім  жүйесі  мен  азаматтарының  білім 
дәрежесіне байланысты.Осы орайда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша 
қабілетті  елдердің  қатарына  енгізуде  білім  беру  ісі  басты  құрал  болып 
табылады.Ол  үшін  отандық  білім  жүйесін  халықаралық  білім  кеңістігінде 
және  еңбек  нарығы  бәсекелестігін  қамтамасыз  ететін  білім  сапасының  
дәрежесіне жеткізу шарт. 
Оқушының білім сапасы білім саласындағы мемлекеттік саясат негізінде 
нормативті  –  құқықтық  актілерде  негізделген.  Әсіресе  Қазақстан 
Республикасының «Білім туралы» Заңында, Жалпы  орта білім мазмұны және 
жүйесі  Тұжырымдамасында,  Қазақстан  Республикасының  білімді  дамыту 
Тұжырымдамасында нақтыланған. 
Қазақстан  Республикасы  азаматтарының    халықаралық  білім  
кеңістігіндегі  және  еңбек  нарығындағы  бәсекелестігін  қамтамасыз  ететін 
білімнің  сапасына  «білім  беру  сапасын  бағалаудың  ұлттық  жүйесі  –  білім 
беру  сапасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарттарына, 

 
86 
жеке  адамның,  қоғам  мен  мемлекеттің  қажеттіліктеріне  сәйкестігін 
белгілеудің  институцио­налдық  құрылымдары,      нысандары  мен  әдістерінің 
жиынтығы»,-деп сипаттама берген. 
Білім  беру  сапасы  –  Ю.К.Бабанский,  В.П.Беспалько,  Т.И.Шамова, 
В.К.Кальней,  Б.Әбдікаримов,  т.б.  ғалымдардың  еңбектерінің  өзегі.  Оқыту 
сапасының өлшемдері Ж.А.Қараев, М.Ж.Жадрина, Т.Т.Галиев, Г.О.Искакова 
сияқты қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде әр қырынан талданған. 
Педагогикалық  әдебиеттерде  білім  сапасы  (білім  берудің  мемлекеттік 
жалпыға  міндетті  стандарттары  негізінде  жалпы  білім  беретін  оқу 
орындарының жетістігі ), оқыту сапасы (мұғалім білім берудің әртүрлі оқыту 
технологиясын,әдістемесін,құралдарын  қолдану  арқылы  жетеді),  оқушының 
білім  сапасы  және  т.б.  ұғымдар  кездеседі.  Біздің  қарастыратынымыз 
оқушының білім сапасы, яғни орта, негізгі, бастауыш білім беру мазмұнының 
міндетті минимумын игерген жетістігін бағалаумен анықталатын (күнделікті, 
тақырыптық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық, қорытынды) нәтижесі. Бұл 
анықтама ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартындағы білім 
беру  сапасы  күтілетін  нәтижеге  қол  жетуімен  анықталады  деген  көзқарасқа 
сай келеді. 
Ел үкіметі 2011 жылы шілдеде ҚР  Білім және ғылым министрлігі Білім 
және  ғылым  саласындағы  бақылау  Комитетінің  аумақтық  органдарын  құру 
жөнінде  қаулы  қабылдады.  Сөйтіп,  барлық  облыстар  мен  Астана,  Алматы 
қалаларында  білім  саласындағы  бақылау  департаменті  дүниеге  келді. 
Көптеген міндеттерінің ішінен білім сапасын арттыруға әсер ететіндерін атап 
өтейік – білім  беру мониторингін жасау, ұлттық тестілеу барысын және оқу 
жетістіктерін  сырттай  бағалау  рәсімдерінің  жүргізілуін  қадағалау. 
Тәуелсіздігімізге қол жеткізгеннен бері барлық балалардың жастайынан білім 
алуын қамтамасыздандыру, елімізді дамыған 50 елдің қатарына қосу тәрізді 
бірқатар  үлкен  міндеттер  күн  тәртібінен  ешқашан  түскен  емес.  Әсіресе, 
мектеп  табалдырығын  алғаш  аттайтын  бүлдіршіндердің  білімінің  сапалы 
болуын білім беру ісін қадағалайтын мекемелер әрдайым бақылауда ұстайды. 
Себебі  бастауыш  білім  беру  сатысы  үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  басқа 
буындармен  тек  сабақтас  болуымен  ғана  емес,  ең  алдымен  оқушы  тұлғасы 
ұйытқысының  қалыптасуы  мен  дамуы  қуатты  жүретін  аса  маңызды,  құнды, 
қайталанбайтын  буын  екендігімен  ерекшеленеді.  Бүгінгі  бастауыш  мектеп 
үлесіндежан-жақты әрі үйлесімді дамыған, қажетті біліктер мен дағдыларды 
меңгерген,  мәдениетті  азамат  тәрбиелеу  болып  отыр.  Сондықтан  да 
бастауыш  сынып  оқушыларына  берілетін  білімнің  сапалылығы  мен  оны 
бағалау  ісі  өте  көкейтесті  проблемаларлың  бірі.  Себебі  оқушылардың  оқу-
танымдық  жұмыстарын  қадағалау  нәтижесі  сол  жұмыстарды  бағалаудан 
көрінеді.  Мәселені  өзі  дәрежесінде  дұрыс  шешу  үшін  бағалау  мәселесіне 
қатысты бірқатар  ұғымдарға тереңірек тоқталуды жөн деп санаймыз.  
"Бастауыш- білім негізі" деген пікір орынды айтылған, сондықтан білім 
берудің  басты  міндеті  сапаға  зейін  аудару,  ұғымдар,  ережелер,  амалдар-
педагогикалық  іс-әрекеттер  арқылы  қалыптастырылып,  жүзеге  асырылуы 
тиісті.  Бастауыш  мектеп-баланың  дамуының  іргетасы  қаланатын  ерекше 

 
87 
кезеңі  болғандықтан,  олардың  алғашқы  ұғымдары  да  осы  уақытта 
қалыптасады. 
  Бастауыш  мектептің  жас  ұрпақты  тәрбиелеуде  алға  қойып  отырған 
негізгі  мақсаттарының  бірі-қоғамға  өзіндік  орны  бар,  өз  елінің  қамын 
ойлайтын,  үлкенге  құрмет  көрсетіп,  кішіге  қамқор  бола  білетін, 
мемлекеттіміздің болашақтары-жан-жақты жетілген, дамыған, табанды жеке 
тұлғаны қалыптастырды. 
  Бастауыш  сатыға  білім  мазмұнын  жаңарту  және  оқу  үрдісінің  жаңаша 
ұйымдастыру-сапалы  білім  беру,  оқушылардың  оқу  үлгерімін  жетілдіруді 
қамтамасыз  ету,  анық  философиялық,  педагогикалық,  психологиялық 
негіздердің терең, жүйелі зерделеу, салыстыруды қажет етеді. 
 Жалпы  білім  беру  ісіндегі  бағалау  ұғымы  –  бұл  оқушының  білім 
жетістігінің  деңгейіне  баға  берумен  аяқталатын  кез  келген  формалданған 
немесе  эксперттік  процесс  [2,  27  б].  Ал,  бағалау  балы  (баға)  –  білім 
алушылардың  білімін,  іскерліктері  мен  дағдыларын  мектептік  (ЖОО-да) 
бағалаудың  шарты  сандық  көрінісі.  Сандық  немесе  сөздік  формада  болуы 
мүмкін.  Отандық  білім  беру  жүйесінде  келесідей  критерийлер  бойынша 
бесбалдық жүйе қабылданған:  

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал