С. А. Жиренов Бас редактордың орынбасары


  ҰЛТТЫҚ КЕСКІНДЕМЕ ӨНЕРІН ЖАҢА БАҒЫТТА НЕГІЗІН



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет8/14
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

 

 
69 
ҰЛТТЫҚ КЕСКІНДЕМЕ ӨНЕРІН ЖАҢА БАҒЫТТА НЕГІЗІН 
ҚАЛАҒАН СУРЕТШІ – Е.ТӨЛЕПБАЙ 
 
Алманбетов Қанат Нурланұлы – 
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Бейнелеу өнері және сызу мамандығының 1-
курс магистранты 
(Алматы қаласы) 
 
Аңдатпа 
      Аталған    мақалада  автор    ұлттық    кескіндеме    мектебін  жаңаша 
бағытта  қалыптастырған    суретші    Е.Төлепбаевтың  еліне  сіңіріп  жүрген 
ерен еңбегі, шығармашылығы жеткен жетістіктері   қарастырылған. Бізде 
осындай  Е.Төлепбаев  сияқты  суретшілерді  дәрәптеп  айтып  жазып 
жүргендер  жоқтың  қасы  деп  айтсақта  болады  .  Бұның  өзі  проблема  деп 
айтуғада  келеді.  Өнерде  тайға  таңба  басқандай  ерекше  дара  орны  бар 
ағамыз,  қазақ өнерінің оның ішінде кескіндеме өнеріне қосқан  үлесі  өте зор. 
Тек  қазақстанда  ғана  емес  әлем  аренасында  өз  орнын  белгілеп  ,  қазақтың 
кескіндеме  өнерін  дамытып,    таныстырып,  жаңғыртып  жүрген  ағамыз. 
Яғни  қазақтың  біртуар  азаматы,  өнердегі  беделдісі  кескіндеме  өнерінде 
жаңашыл    сюрализм    бағыттында  жұмыс  істеп,  елімізде  ғана  емес 
шетелдерде  көрініп,  өзінің  ерекше  бағаларын  алып  жүрген  жөні  бар. 
Осындай өнерге еңбегі сініп, дамытып жүрген  ағамыздың шығармашылығы 
арқылы  студенттердің  дүниетанымдық  көзқарастарын  қалыптастыру 
болып табылады.  
Е.  Төлепбаевтың  рухани  дүниесі  –    қазақ  өнерінің  қазіргі  тынысының 
көрінісі. Жаңа ғасырдың күрделі суреткері. Көркемдік қабылдау түйсіктерін 
өнер  игілігіне  айналдыра  білді.  Өнер  үрдістерінің  барлығы  көрініс  тапқан 
реализмнің  тізгінін  ұстана  отырып  сюрреализм  бағытының  қыр  -  сырын 
ашуда абстракттық мәнерге барғандығы. 
Кілтті  сөздер:   Сюрализм, евроюнион, масарик, абстракттық. 
 
      Халқымыздың  өнегелі  мәдениет  үлгілерінің  бірі  -  бейнелеу  өнері 
қаншама  дәуірдің  тарихын  және  ағымын  бірге  жасап,  дамып  келеді.Қазақ 
халқының  өмір  тұрмысына  тереңдей  үңілсек,  мәдениет  дәстүрінің  тізбегі 
үзілмей,  бүгінгі  заманға  дейін  жалғасын  тауып  жатыр.  Болашаққа  үмітпен 
қарайтын  жастар  өзінің  ұлттық  сезімін,  мінез  құлқын,  тілін  және  дәстүрін 
жоғалтпау  керек.Ұлттық    менталитетті  ,    анықтайтын    тіл,    екінші    дәстүр. 
Қазақтың  салт  -  дәстүр,    әдет  -  ғұрыптарына  қайта  оралудың  рөлі  туралы              
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  өз  еңбегінде  былай  деп  жазған  »  .    Әр  халықтың 
өміріндегі  терең  имандылық  пен  рухани  негіздерге  -  дәстүрлерге  назар 
аудару  керек.  Оның  халық  өміріндегі  рөлі  еш  дауыссыз.  Мәдени  дәстүрлер 
қашан да әлеуметтік қайта тілеудің қайнар көзі болып келеді. Өзінің тарихи  -  
мәдени тамырларына қайта оралу - бұл, әрине оң процесс» [1- 292 б].    
 Қазіргі  суретшінің  дүниетану  жөніндегі    түсінігінің  қазақтардың  ұлттық 
этикасымен,  эпикалық  фольклорлық  дүниетанымдық  дәстүрлері  мен  

 
70 
туыстығы көздің алдына анық байқалады, бұл жерде кейіпкер күшінің қайнар 
көзі  -  оның  туған  даласы  мен  жақындығында.  Қазақ кескіндемесінің  негізін 
салушылар,    олар  Ә.  Қастеев  О.Таңсықбаев,  Қ.Қожықов,  А.Ғалымбаева, 
Г.Исмайлова,  С.Мәмбеев,  Қ.Телжанов,  М.Кенбаев,  Н.Нұрмұханбетов, 
К.Наурызбаев, Қ.Шаяхметов.  Міне осындай сретшілердің  дүниелер арқылы 
жастарға  ұлттық  тәлім  тәрбие  беруде  қандай  ғасыр  қай  заманды  алып 
қарамайық,  оқытушы  (педагог,  ұстаз,  мастер,  шеберші,  үйретуші,  кеңесші, 
жаттықтырушы т.б ) Өмірдің өркендеуі  елдің еселі  дамуы  алдымен ұстазға 
байланысты. Анасыз бала болмайды дегендей  өмірінде ғұлама ғалым, асқан 
шебер биік – биік деңгейлерге жеткен қайталанбас адамдарды (Леонардо да 
Винчи,  Нютон,  Энштейн,  Платон,  Ал-Фараби  т.б.)да  ұстаздар  оқытып  дәріс 
берген [2-5 б]. 
     Қазіргі  таңдағы  кескіндеме  өнерінің  майталманы  жүзден  жүйрік, 
мыңның  арасынан  суырылып  шығып  қазақ  кескіндемесін  дамытып 
жаңғыртып 
жүрген 
Е.Төлепбаев 
ағамыздың 
еңбек 
жолы 
мен 
шығармашылығын  студенттерге  таныстыру  болып  табылады.  Өнерде  тайға 
таңба басқандай ерекше дара орны бар ағамыз,  қазақ өнерінің оның ішінде 
кескіндеме  өнеріне  қосқан    үлесі    өте  зор.  Тек  қазақстанда  ғана  емес  әлем 
аренасында  өз  орнын  белгілеп  ,қазақтың  кескіндеме  өнерін  дамытып,  
таныстырып,  жаңғыртып  жүрген  ағамыз.  Яғни  қазақтың  біртуар  азаматы, 
өнердегі  беделдісі  кескіндеме  өнерінде  жаңашыл    сюрализм    бағыттында 
жұмыс істеп, елімізде ғана емес шетелдерде көрініп, өзінің ерекше бағаларын 
алып  жүрген  жөні  бар.  Осындай  өнерге  еңбегі  сініп,  дамытып  жүрген  
ағамыздың  шығармашылығы  арқылы  студенттердің  дүниетанымдық 
көзқарастарын  қалыптастыру  болып  табылыды.  Бізде  осындай  Е.Төлепбаев 
сияқты  суретшілерді  дәрәптеп  айтып  жазып  жүргендер  жоқтың  қасы  деп 
айтсақта болады . Бұның өзі проблема деп айтуғада келеді.  Е. Төлепбаевтың 
рухани дүниесі –  қазақ өнерінің қазіргі тынысының көрінісі. Жаңа ғасырдың 
күрделі суреткері. Көркемдік қабылдау түйсіктерін өнер игілігіне айналдыра 
білді.  Өнер  үрдістерінің  барлығы  көрініс  тапқан  реализмнің  тізгінін  ұстана 
отырып  сюрреализм  бағытының  қыр  -  сырын  ашуда  абстракттық  мәнерге 
барды.  Оның  туындыларында  шартты  кезеңдер  анық  көрінеді.  Ерболат 
Төлепбаевтың    шығармалары    адамға  айрықша  әсер  етеді.  Оның  суреттері 
бояу, кеңістік, ырғақтың ойнауы арқылы санаға тікелей ықпал етеді. [3-48 б]. 
Суретші туындыларынан уақыт тұтастығы қамтылған өткен шақ,  бүгінгі күн 
мен  болашақтың  фантастикалық  –  символикалық  әрекетін  тануға  болады. 
Талғам  –  бүкіл  өмірдің  дамуымен  және  сол  өмірдегі  жеке  суретшінің 
дамуымен  жарыса  дамып,  қатар  қалыптасады.  Ерболат  Төлепбаев  есімді 
дарынды  суретшінің  бірқатар  көркем  шығармалары  туған    жер  табиғатына 
арналған.    Әсіресе  «Зымыраған  балауса  шақ»,  «Дала  гүлдері»,    «Тал  түс», 
«Әжем  және  мен»  деген  картиналары  мамандар  тарапынан    лайықты  
бағасын  алып,    суретшінің  өнер  әлеміндегі  қолтаңбасын  айқын  аңғартты. 
Өзіндік 
қолтаңбасы 
қалыптасқан 
суретші 
Ерболат 
Төлепбаевтың 
творчествосы өзінің сан қырлылығымен, қай тақырыпты болсын ауқымды да 
терең қамти білуімен ерекшеленеді [4 -128  б ]. 

 
71 
    Ерболат Төлепбай – қазақты танымайтын шет жердің қатып қалған сере 
мұзына  салатын  мұзжарғыш іспетті.  Мәдениетіміздің бейнелеу  дейтін  тұтас 
бір  әлемін  кейде  жалғыз  өзі  көтеріп  жүрген  Толағайға  келе  ме?!  Әйтеуір, 
қалай айтсаңыз да, үлкен бір миссияны дара атқарып жүрген адам. Қолда бар 
алтын.  Фараби  сияқты  қазақтың  көгіне  шарықтап  көтеріліп  кеткен  жан. 
Төмендегілер байқамайды. Төбесіндегі тұрмақ, төңірегін көрмейтіндер үшін 
беймағлұм.  Біз  сөйтті  екен  деп  басқа  жұрт  қосыла  көз  жұмып  отырмай, 
санасындағы  мәңгіліктің  тоңның  көбесі  сөгілген  сәттен  -  ақ  даңғайыр 
талантты басына көтеріпті .Оған дәлел–Франция, Германия, Италия, Индия, 
Қытай  секілді  отыз  бес  мемлекетке  жасаған  сурет  көрмесі.  Мәскеу,  София 
қалаларында  халықаралық  конкурстардың  жеңімпаздығынан  тартып,  кешегі 
дәуірдің  Ленин  комсомолы  сыйлығы  иегері,  Қырғызстан,  Ресей,  Чех 
мемлекеттері  сурет  академиясының  академигі.  Оның  үстіне  2002  жылғы, 
Брюссельде алған “Евроюнион” сыйлығы, Прага қаласында алған “Масарик” 
атындағы  күміс  медалі,  “Сальвадор  Дали”  атындағы  халықаралық  альянс 
сыйлығын,  “Франция  өнері”  орденінің  иегері  екенін  қосыңыз.  Бір  басында 
Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  сыйлығы  мен  меценаттар 
тағайындаған “Тарлан” және бар! Ол кісі Веласкесті, Тициан, Эль-Греконы, 
Әбілхан  Қастеевті  творчествосына  тірек  қылды,  Марқұм  Қисамединовты, 
Салихитдин  Айтбаев,  Евгений  Сидоркинді  біліп  барып.  Тоқболат 
Тоғысбаевтан сіңірген нәрін бойға дарытып, ол кісінің ғұмырын жалғап, айта 
алмай кеткенін  кейінге жеткізіп.  “Жұрт мақтап жатыр ғой, сол рас та” деп 
біз  секілді  әншейін  мойындай  салған  жоқ,    Дали  мен  Пикассоның  несімен 
мықты  екенін  дендеп  зерттеді,  сезді.  Әу  бастан  жаңалық  ашқысы  келіп 
тұрды.  Онысын  –  өнер  танушылар,  көп  оқыған  білімпаз  картина 
танығыштарға  арнап  салған  жоқ.  Тіпті,  Мәскеудің  Третьяков  галереясында, 
Парижде  Сальвадор  Далимен  қатар  көрме  жасаған  жан  алдымен  өзі  үшін 
емес,  халқы  үшін  салды.  Суретшінің  жұмыстары  әу  бастан  көптің  жабыла 
көретін,  сыншылардың  іздеп  жүріп  қарайтын  объектісіне  айналды.  Өзге 
әріптестеріне ұқсамайтын осы бір ерекшелік–шектен тыс жақсы көріп ұнату 
мен  көмейі  қарлыққанша  жамандау,    тоқтаусыз  таңданыш  пен  шарт  кеткен 
наразының    төбелес  алаңына  ұқсады.  Суретшінің  “Көкпары”  ұлттық  ойын 
шеңберінен  шығып,  бүгін  адамзат  өлшемінің  көкейіндегі  проблемасын 
көтерген-ді.  Сөйтіп,  суретшінің  аты  ауызға  ерте  ілінген.  Біз  мектепте 
жүргенде  -  ақ  республика,  одақ  көлеміндегі  газет  –  журналдар    суретшіні 
дүркін  –  дүркін    дабыстап  жататын.  Ауызға  ерте  іліну  де  бір  қонатын  бақ 
десек,    қолына  қонған  сол  “құсын”  ұшырып  алмай,  қадірін  білумен  келеді 
екен, әлі күн. Тіліміз тасқа, қазақтың маңдайына біткен, тумысы  - болмысы 
бөлек ұл болды. Суретші болып, бір жаман аты қылаң бермепті. Әріптестері 
үшін  көдедей  көптің  бірі  емес.  Шенеулік  біткеннің  творчество  иесін 
Мырқымбай қылып  көретін “қыли” көзінен де аулақ.  Өзекті жарып шығар 
өнерді  де,  қоғамды  арбап,  жатқызып  -  өргізетін  саясатты  да  зау  биіктен, 
көкірек  көзімен  көре  алатын  нәті  бөлек  адам.  Құттай  ғана  мұңы  бар,  қазақ  
деген. “Жеңілдігі көбіктей, ауырлығы табыттай.” 

 
72 
  Ойымызды  жинақтап  қорыта  келгенде  Е.Төлепбаев  Қазақстан  бейнелеу 
өнеріндегі өзіндік орны ерекше дара суретші. Туындыларының көпшілігінің 
мазмұны терең , айтары мол. Әрине бұл туындылар келешек ұрпаққа қалған 
асыл мұра. 
 
Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі: 
1.  Назарбаев Н.Ә.  Тәуелсіздіктің бесжылдығы  – Алматы: 1996. - 292 б 
2.  Мизанбаев  Р.Б.  Живипись:  Оқулық  /  Р.Мизанбаев.  –  Алматы:  Абай  ат.  
ҚазҰПУ, «Ұлағат» баспасы. -2013. - 208 б.  
    3. Төлепбаев Е. Альбом. – Алматы: Өнер, 1988.  – 48 б. 
   4. Төлепбай Е. Мен сенің жаныңдамын адам. - Алматы: Өнер,  2005.  – 128 
б. 
Резюме 
  В    статье    автор      раскрывает  национальную  школу      живописи    в    
новом    направлении    художника      Е.Толепбаева,      расматривается  
творческое    достижение    своей    деятельности    и    народное  влияние.  О 
таком художнике как Е.Төлепбай почти нигде ничего не упоминается. Это 
тоже в своем роде проблема. Е.Төлепбаев имеет особое место в исскустве и 
не  мало  усилий  приложил  в  развитие  в  этом  направлений.  Он  ознакомил  и 
дал  путь  расцветанию  этому  исскуству  не  только  в  казахстане,  но  и  на 
международной  арене.  Благодария  Е.Төлепбаеву  мировозрение  студентов  в 
новое руслов исскустве. 
        Душевное  состояние  Е.Төлепбаеву  –  это  отражение  нынышнего 
казахского          исскуство.  Художник  нового  поколение.  В  развитий 
сюреализма использовал реализм и показал это в абстрактном форме 
Ключевые слова: Сюрализм, евроюнион, масарик, абстракция. 
Summary 
The  author  reveals  a  national  school  of  painting  in  a  new  direction  artist 
E.Tolepbaeva,  integrates  the  creative  achievement  of  its  activities  and  national 
influence.  About  this  artist  as  E.Tөlepbay  almost  nowhere  does  not  mention 
anything. This is also a problem in its own way. E.Tөlepbaev has a special place in 
art and not enough effort put into the development in this direction. He introduced 
and  gave  way  to  this  blossoming  of  art  not  only  in  Kazakhstan  but  also  in  the 
international  arena.  Thanks  E.Tөlepbaevu  worldview  of  students  in  a  new 
direction 
of 
art.  
         E.Tөlepbaevu mental state - a reflection nynyshnego Kazakh Art. Artist of the 
new  generation.  In  developed  syurealizma  used  realism  and  showed  it  in  the 
abstract form.
 
Keywords:
  Syuralizm, еvroyunion», мasaryk, аbstraction. 
 
 
 
 
 
 

 
73 
 
 
 
ПЕДАГОГИКА МЕН ӘДІСТЕМЕ ҒЫЛЫМЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
ВОПРОСЫ ПЕДАГОГИКИ И МЕТОДИКИ 
 
ӘОЖ 37.022 
 
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРДЫ 
ПАЙДАЛАНУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК 
МҮМКІНДІКТЕРІ 
 
Жиренов Саян Аманжолұлы 
 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақ тілі 
теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, филология 
ғылымдарының кандидаты  
(Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы) 
Saken82@mail.ru 
 
Аңдатпа 
 Қазіргі  кезде  жаңа  білім  беру  жүйесінің  заманауи  технологиялармен 
қатар  интернет  кеңістіктің  жетістіктерін  пайдалану  арқылы  білім  алу 
мен білім берудің жаңа мүмкіндіктерінің қарқынды түрде даму үрдісі жүріп 
жатқандығы 
белгілі. 
Осыған 
байланысты 
көптеген 
әдіскерлер 
мультимедиялық, 
презентация, 
видеофильм, 
электрондық 
пошта, 
анимациялық  суреттер  және  т.б.  техникалық  және  ақпараттық 
технологиялардың  көмегін  пайдаланып  жаңаша  білім  берудің  сан  алуан 
жолдарын қарастыру үстінде.   
 XXI ғасыр қоғамдық ақпараттандыру ғасырына айналып, ақпараттық 
технологиялардың  үстемдік  құрғандығы  белгілі.    Бүгінгі  таңда  компьютер 
адам  әрекетінің  барлық  салаларында,  соның  ішінде  білім  беру  жүйесінде 
кеңінен  қолданыс  табуда.  Әлемдік  кеңістіктегі  білім  сапасын  күшейту 
жолдары жан-жақты қарастырылып жатыр. Жалпы білім беру үдерісінде 
компътерлік  технологияларды  енгізу  арқылы,  білім  беру  үдерісінің  өрісін 
кеңейтуге болады.  
Кілтті  сөздер:  Білім  беру,  интернет-ресурс,  ақпараттандыру,  білім 
сапасы, ақпараттық технология, гуманитарлық сала, т.б. 
 
Білім  беру  жүйесіндегі  компьютерлік  технологиялардың  қарқынды 
түрде  жүргізілгенімен,  электронды  және  мультимедиялық  оқулықтармен 
оларды пайдаланудың жолдары немесе интернет-ресурстарды пайдаланудың 
ақпараттық  және  әдістемелік  мүмкіндіктерінің  толыққанды  бірізге 
түспегендігі,  бұл  саланы  әлі  де  жетілдіре  түсу  қажет  екендігін  көрсетеді. 
Жалпы  отандық  білім  беру  жүйесінде  интернет-ресурстарды  пайдаланудың 

 
74 
ақпараттық және әдістемелік мүмкіндіктерінің  ғылыми негіздері әр тарапта, 
кең  көлемде  қарастырылып  жатқандығын  байқауға  болады.  Мәселен, 
профессор С.С.Құнанбаева зерттеулерінде шет тілін оқытудың теориясы мен 
әдістемесін  ақпаратандыру  мәселелері,  Ә.Т.Чакликовада  мәдениетаралық-
қатынасты 
жетілдіруге, 
Ж.А.Түселбаевада 
елтанымдық 
біліктілігін 
қалыптастыруға,  Д.Е.Сағымбаевада  студенттерді  АҚТ-ды  пайдалануға 
әдістемелік 
даярлауға, 
А.Б.Нұровада 
шет 
тілдерін 
оқытудағы 
телекоммуникациялық  технологияларды  пайдалану,  Ұ.Т.Нұрманалиевада 
ағылшын  тілін  электрондық  оқулықтар  арқылы  оқыту  әдістемесі  секілді 
мәселелер  қарастырылған.  Сол  секілді  профессор  Б.Б.Баймұхановтың 
зерттеулерінде  оқу  үдерісіне  компьютерлік  технологияларды  енгізу 
мәселелері  қарастырылса,  Б.Д.Сыдықов,  Р.С.Шуақбаева,  І.Ж.Есенғабылов, 
Г.А.Мадьярова  т.б.  зерттеушілердің  еңбектерінде  әртүрлі  бағдарламалық 
құралдарды қолданудың әдістемесін кеңінен қарастырылған.  
Білім  беру  жүйесінде  интернет  технологияны  кең  көлемде  пайдалану 
арқылы    жоғары  оқу  орнындары  гуманитарлық  сала  мамандарын  оқыту 
барысында,  педагогикалық  іс-шаралар  мен  методикалық  жұмыстарды 
ұйымдастыруда  үдерісінде  тиімділігі  жоғары  деп  санауға  болады.    Бүгінгі 
таңдағы  білім  беруді  ақпараттандыру  процесінің  кең  көлемде  жүргізілуіне 
байланысты    осы  бағытты  жүзеге  асырудағы  басты  мәселердің  бірі  – 
электронды 
оқулықтар 
мен 
мультимедиялық 
көмекші 
құралдар, 
видеокартотекалар  мен  онлайн  режимдегі  дәрістер  қорын  дайындау  болып 
табылады.  Ал  оларды  оқыту  үдерісінде  пайдалану  –  сапалы  білім  берудің 
бірден-бір тетігі болып табылады.  
Интернет-ресурстарды  пайдалану  арқылы  студенттің  білім  алуға  және 
ақпарат  алуға  деген  мүмкіндігін  арттыру  арқылы,  үздіксіз  білім  алуына 
жағдай жасалады. «Қоғам ақпараттық технология дәуіріне кіргендіктен түрлі 
ақпарат көздерін қолдану біліктілігін, оған сыни көзқараспен қарау дағдысы, 
қажет  ақпаратты  таңдау  біліктілігін  талап  етеді.  Ақапарттық  құзыреттілік 
кіші  мектеп  жасындағы  балалардың  қажеттілігіне  және  мүмкіндік  әлеуетіне 
байланысты 
қалыптастыру 
көзделеді. 
Қазіргі 
Е.В.Огородников, 
О.М.Чубарянның  зерттеулерінде  ақпараттық  құзыреттілікті  компьютерді, 
интернетті  меңгеру  деп  қарастырады.  Бұл  үшін  зерттеушілік  әрекетпен 
ұштастырылып  ақпаратты  интернеттен  ала  алады.  Компьютерде  сызбалар 
және  құрастырулар  жасайды,  дамытушы  тапсырмалар  орындайды.  Кіші 
мектеп  жасындағы  балалардың  ақпараттық  құзыреттілігі  еңбек  іс-
әрекетіндегі  танымдық,  білуге  құштарлығын,  оқуға  деген  қажеттілігін 
қанағаттандырады [1, 30-35 б.]. 
Компъютерлік  технология  арқылы  жалпы  оқыту  үрдісінің  негізгі 
функцияларына: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпаратты қабылдау және талдау 
арқылы  өзбетімен  ізденімпаздық  (шығармашылық)  қабілеттерін  дамыту 
мәселелерін  жатқызуға  болады.  Ақпараттық технологияларды оқу  үрдісінде 
пайдалану арқылы оқытушы 
студенттің 
интелектуалдық, рухани азаматтық және басқа тұлғалық 
болмысының 
қалыптасуына өзіндік әсерін тигізеді. Ақпараттық технология –студентті яки 

 
75 
жеке  тұлғаны  детбес  ізденімпаздыққа  жетелейді. Яғни,  бүгінгі таңдағы 
технократтық 
қоғамдағы 
ақпараттық 
технологияларды пайдалану арқылы ғылымның қандайда 
болмасын 
саласынан дербес және жедел түрде хабардар болуға мүмкіндік алады. 
Әлемдік  деңгейдегі  білім  берудің  қазіргі  парадигмасы  білім  беруде 
ақпараттық кеңістіктің даму үрдісіне ілесе отырып, кәсіби тұрғыдан жетілген 
тұлға  қалыптастыру  болып  отыр.  Мұнда,  студент  білімді  тек  оқытушының 
қатысуымен  ғана  емес,  қашықтықтан  яғни  интернет  арқылы  да  алуына 
болады. Осының нәтижесінде студенттің дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі 
мен көзқарасы қалыптасады.   
Интернет-ресурстарды  пайдалану  арқылы  оқыту  жүйесі дәстүрлі оқыту 
әдістерінен  өзіндік  ерекшелігі  бар.  Мұндағы  негізгі  ерекшелік  студенттің 
оқытушының  қатысуынсыз  дербес  білім  алуы,  белгілі  бір  мәселе  туралы 
мәліметтерді  жинақтауына,  оларды  сұрыптауына,  талдай  білуіне  және 
күнделікті  тұрмыстық  қажетіне  пайдалану  арқылы  есте  берік  сақтауымен, 
мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша 
алуымен ерекшеленеді. Яғни, интернет-ресурстарды пайдалану арқылы өзіне 
қажетті  ақпаратты  игеру  барысында  уақытты  ұтымды  пайдалануға, 
студенттердің танымдық іс-әрекетін жетілдіруге мүмкіндігі артады.  
Компъютерлік  технология  арқылы  оқыту  әдістерін  тиімді  пайдалану 
арқылы,  студенттің  дербес  жұмыс  жасау  ерекшелігін  сырттай  бақылай 
отырып,  нақты  нәтижелерге  қол  жеткізе  отырып,  танымдық  белсенділігі 
артады.  Жалпы  алғанда,  компъютерлік  технология  арқылы  оқытудың  басты 
шарттары  дербес  жұмыс  жасау  яғни  өз  бетінше  іздену  арқылы  білімін 
жетілдіру  болып  табылады.  «Психолог-ғалымдардың  айтуынша,  студент 
білімді төрт түрлі жағдайда алады екен: дайын білімді қабылдап алу, зерттеу 
барысында  жаңалық  ашу,  әр  түрлі  жағдайда  әсерді  сезіну  және  синтез 
арқылы  бұйым  құрастыру  немесе  өзара  әрекеттестiктiң  сапасын 
анықтамайды.  «Өзара  әрекеттестiк»  әдiсiнiң  өзектi  ерекшелiгi  –  ол  АШУ 
ҮРДIСIН  бiлдiредi,  оның  мәнi  –  студенттердің  оқыту  дағдыларын  өзара 
әрекеттестiк арқылы меңгеруi.  
Бiз  оқытуды  және  бiлiм  берудi,  егер  сабақ  барысында  оқытушы  мен 
студент  арасында  өзара  әрекеттестiктiң  жоғары  деңгейiне  қол  жеткiзсе, 
«интерактивтi»  деп  атаймыз.  Интерактивтi  сөзi  –  ағылшын  тiлiнен 
аударғанда, inter – аралық, бiрнеше, action – әрекет дегендi бiлдiредi. Өзара 
әрекеттестiк  әдетте,  белгiлi  бiр  мәселенi  шешу,  ол  шешiмнiң  тиiмдiлiгi 
туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi.  
Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды 
екендiгiн түсiну қажет. Бұл  интерактивтi әдiстiң  мақсаты – тек ақпаратты 
беру ғана емес, студенттерге жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту 
екендiгiмен байланысты.  
Интерактивтi  оқыту  әдiстерiн  қолданатын  студенттер,  тек  ақпарат 
беретiн және өздерiнiң қатысуынсыз берiлген тапсырмаларды студенттердің 
есте  сақтауы  нашар  болады,  студенттер  қолдарындағы  көтермелеушi  қор  – 
құрдастарының идеяларын пайдалана алмайды деп есептейдi. Зерттеулердiң 

 
76 
«бiз  қолымызбен  iстегеннiң  80  пайызын,  оқығанымыздың  20  пайызын, 
естiгенiмiздiң  10  пайызын  ғана  есте  сақтаймыз»  деген  қорытындысын  жиi 
естимiз» [2, 196]. 
Үздіксіз  білім  беру  және  білім  алудың  бір  жолы  ретінде  компъютерлік 
технологияны  атап  өтуге  болады.    Ол  қазіргі  білім  беру  жүйесіндегі  басым 
бағыттардың  бірі  әрі    жаңа  заманға  сәйкес  білім  жүйесін  қалыптастырудың 
тікелей  жолы  ретінде  қарастырылып  отыр.  ЖОО  компъютерлік 
технологиялар  оқушылардың  шығармашылық  белсенділігін  жетілдіруге 
ықпал етеді. Онда негізінен интернет-ресурстарды оқушы оқу құралы ретінде 
пайдалануды  игерсе,  яғни  компъютерлік  технологияларды  техникалық 
жағына  ғана  қарастырмай,  оның  танымдық-тағылымдық  жағына  көңіл  бөлу 
керек. Мұндайда оны дұрыс пайдаланса, компьютер білімді жетілдіру құралы 
рөлін  жақсы  атқара  алады.  Компьютер  мен  оқушының  өзара  әрекеттесуі 
қызғылықты  процесс,  оны  методикалық  көмекші  құрал  қызметінде 
пайдалану  қажет.  Соңғы  кездері  заман  ағымына  сай  күнделікті  сабаққа 
компьютер,  электрондық  оқулық,  интерактивті  тақта  қолдану  оңды  нәтиже 
беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, 
электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы кең көлемде 
іске асырылуда. 
Білімді  ақпараттық  технологиялар  арқылы  жетілдіру  дегеніміз  –  бұл 
жеке тұлғаның білімін дербес әрі үздіксіз толықтырудың бір жолы. Ғаламтор 
арқылы  білім  жетілдірудің  тиімділігі  оқушы    өзіне  қажетті  ақпараттық 
қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  қолайлы  жағдай  туғызу  болып  табылады. 
Білім  беру  мекемелерін  компьютерлік  техникалармен  жабдықтау  арқылы 
білім  алушылардың  жаңа  көкжиегінің  ашылуына  қолайлы  жағдай  туғызуға 
болады. Ал ол дегеніміз – ақпарат және білім. 
Ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  дамыту  білім  берудің  бір 
бөлігі.  Соңғы  жылдары  заман  ағымына  сай  күнделікті  сабаққа  компьютер, 
электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім 
беру  жүйесі  электрондық  байланыс,  ақпарат  алмасу,  интернет,  электрондық 
пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. 
Бүгінгі  күні  компъютерлік  технологияға  негізделген  инновациялық 
әдістер  мен  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  арқылы  студенттің 
ойлау  қабілетін  арттырып,  шығармашылық  жұмыстар  жүргізу  мүмкіндігін 
дамыту  басты  мақсат  болып  табылады.  Ақпараттық  және  компъютерлік 
технологиялар  арқылы  оқытушының  қызметін  жаңаша  сапаға  көтеруге 
болады.  Мұнда  оқытушы  білімді  таратушы  ғана  емес,  сонымен  қатар 
оқушының  өзіндік  дербес  шығармашылық  жұмысының  жетекшісі  және 
бақылаушысы да болып табылады.  
Білім  беру  жүйесіндегі  көптеген  жаңа  технологиялармен  қатар  соңғы 
кездері  гуманитарлық  сала  мамандарын  оқыту  барысында  ақпараттық 
технологиялар  жиі  қолданылуда.  Ал  ақпараттық  технологиялар  дегеніміз  – 
білім  беру  ісінде  кең  көлемдегі    ақпараттарды  жедел  түрде  даярлап,  оны 
білім  алушыға  қысқа  әрі  нақты  түрде  беру  процесі.  Бұл  процесті  іске 
асырудың  негізгі  тетігі  интернет-ресурстар  болып  табылады.  Компъютерлік 

 
77 
технологияларға  –  интерактивтік  тақта,  электронды  оқулық,  интернет 
көздері,  мультимедиялық  және  он-лайн  сабақтар  жатады.  Республикадағы 
білім беру мекемелерінде аталған техникалық жабдықтар немесе ақпараттық 
технологияларды қолдану пайдалану ісі кеңінен қарастырылған. Ақпараттық 
технологиялардың  басты  қызметі  –  білім  алушыларға  өз  бетімен  дербес 
немесе  ұжымдық  бірлескен  түрде  шығармашылық  жұмыспен  шұғылдануға, 
өзбетімен  ізденуге,  өз  жұмысының  нәтижесін  жедел  түрде  көруге  және 
жеткен жетістігіне сын көзімен қарауға мүмкіндік алады.  
Жоғары  оқу  орындары  гуманитарлық  сала  мамандарына  интернет-
ресурстарды  пайдалану  арқылы  білім  беру  жүйесінде  пайдаланудың  
мүмкіндіктері  өте  жоғары.  Мұнда  негізінен  студенттің  білімін  жетілдірудің 
ең  бастысы  мамандығына  деген  қызығушылығын  күшейту.  Интернет-
ресурстарды  пайдалану  арқылы  студент  ақпараттық  кеңістіктен  өз  бетінше 
білім  алып,  өзін-өзі  дамыта  алады.  Компьютер  жұмысының  мүмкіндігін 
көрсететін  басты  көрсеткіш  ретінде  ғаламтор  желісінің  қызметін 
пайдалануды атап өтуге болады. Интернет кеңістікте оқытушы мен оқушыға 
қажетті  сайттар  бүгінгі  таңда  өте  белсенді  түрде  жұмыс  жасау  үстінде.  
Компьютерлік  технологияны  пайдаланудың  тиімділігі  бұл  күндері  арта 
түсуде. Оған мынадай тиімділіктерін санамалап шығуға болады.  Оларға: 

 
 Интернет  кеңістіктен  студент  өзіне  қажетті  материалдарды  іздеп 
табуға,  сондай-ақ  кең  көлемдегі  сан  алуан  материалдармен  танысуына 
болады; 

 
 Компьютерлік 
технология  уақытты  үнемдеуге  және  қажетті 
материалдарды тиімді пайдалануына мүмкіндік тудырады.  

 
 Ақпараттық  технологиялар  арқылы  оқу-тәрбиелеу  үрдісінің  ғылыми 
негіздерімен  тереңірек  танысуға,  студенттердің  танымдық  көкжиегін 
кеңейтуге, сан алуан бағдарламаларды меңгеруіне, компьютерлік техниканы 
тиімді пайдалануына ықпал етеді.  
Білім  беру  жүйесінде  күннен-күнге  ақпараттық  технологиялар  мен 
компьютерлік  телекоммуникациялар  қарқынды  түрде  даму  үстінде.  Әсіресе 
интернет-ресурстарды  пайдалану  арқылы  білім  беру  жүйесі  кешенді  түрде 
дамып  келеді.  Жоғары  оқу  орындарында  компьютерлік  технологиялардың 
кең  көлемде  қолданылуы  мен  интернет  желілерінің  қарқынды  түрде  дамуы 
ақпараттық  технологияның  білім  беру  жүйесінде  берік  орныққандығын 
көрсетеді.  
Ақпараттық  технологиялардың  білім  беру  жүйесінде  кеңінен 
қолданылуы  оқытушыға  қашықтан  дәріс  жүргізуіне  мүмкіндік  жасайды. 
Сондай-ақ, оқушының дәріс алу мерзімі мен мекенін өзінің ыңғайына қарай 
таңдауына  мүмкіншілік  жасаса,  үздіксіз  білім  алуына  мүмкіндік  береді. 
Сонымен  қатар,  интернет-ресурстарды  пайдалану  арқылы  білім  алу  дербес 
жұмыс  жасауына  жағдай  тудырады.  Интернет-ресурстарды  пайдаланудың 
тиімділігі  танымдық  ақпараттың  мобильдігі,  компьютерлік  желілердің 
дамуына  байланысты  танымдық  ақпараттарды  кез-келген  жерде  қолдану 
мүмкіндігінің  болуы.  Компъютерлік  технологиядағы  электронды  оқулықтар 
жасау  арқылы  танымдық  ақпараттарды  үнемі  жаңартып  тұруға  мүмкіндік 

 
78 
туындайды.
 
Интернет-ресурстарды  пайдаланудың  нәтижесінде  –  білім 
берудің  кешенді  түрі,  республикалық  және  халықаралық  деңгейдегі 
материалдармен  ақпараттық  жүйе  арқылы  (спутникті  теледидар,  радио, 
компьютер  байланысы  және  т.  б.)  танысуға  болады.  Интернет-ресурстарды 
пайдалану  арқылы  оқытудың  ақпаратты  білім  жүйесі  студентті  ақпараттық 
ресурстармен,  компъютерлік  бағдарламалық,  ұйымдастыру-әдістемелік 
материалдармен  жан-жақты  қамтамасыз  етеді.  Интернет-ресурстарды 
пайдалану арқылы оқыту білім алу формасының кең тараған түрі, оқушының 
білім  және  ақпарат  алуға  деген  мүмкіндігін  арттырады.  Яғни,  интернет-
ресурстарды пайдалану арқылы оқыту нәтижесінде оқушы мен оқытушының 
уақыты  мен  орны  бір  уақытқа  сәйкес  келмесе  де,  білім  алу  мүмкіндігі 
жалғаса 
беретіндігімен 
ерекшеленеді. 
Компъютерлік 
технологияға 
негізделген  білім  беру  жүйесі  күнделікті  білім  алу  мүмкіндігі  артады.  Ал 
мұндай жоғары мүмкіндікті былайша санамалап өтуге болады:  

 
 Кез келген уақытта білім алуға ыңғайлы; 

 
 Жедел әрі нақты ақпаратты алуға қолайлы

 
 Дербес шығармашылық және ізденіс жұмыстарын жүргізуге тиімді әрі 
өз  ізденісінің  компъютерлік  желілер  арқылы  дұрыс-бұрыстығын  анықтауға 
болады; 

 
 Қажетті  ақпаратты  тез  табуға  көмектеседі,  ал  кәдімгі  оқулықта  бұл 
қиын; 

 
 Уақытты үнемдейді; 

 
 Қажетті  ақпарат берілген  қысқа  мәтінмен  қатар  көрсетеді, баяндайды, 
форумда  талқыланады,  моделдейді  және  т.  б.  (осы  жерде  мультимедия-
технологиясының  мүмкіндіктері  мен  артықшылығы  байқалады)  білім 
алушының  алған  білімін  компъютерлік  технология  негізінде  тексеруге 
мүмкіндік жасайды. 
Соңғы уақыттардағы білім беру жүйесіндегі интернет технологияларды 
кеңінен пайдалану әдістеме ғылымында жиі сөз болып жүр. Бұл технология 
арқылы  оқытудың  жаңа  формалары  мен  әдістері,  оқыту  процесіне  жаңаша 
қарауға  мүмкіндік  туады.  Мұнда  негізінен  гуманитарлық  ,ылым  салалары 
мен техникалық ғылым салаларының өзара бірлестігін көруге болады. Ал бұл 
дегеніміз  оқушының  жан-жақты  тұрғыдан  интеллектуалдық  мүмкіндігінің 
артуына  ықпал  етеді.  Қазіргі  кездегі  педагогикалық  технологиялардың 
ішіндегі  интернет  ресурстарын  пайдалана  отырып  оқытудың  тиімділігі  күн 
өткен  сайын  артатүсуде.  Компьютерлік  технологиямен  жұмыс  формасын 
пайдаланудың  мүмкіндіктері  өте  үлкен.  Онда  студенттер  интернет  желісі 
арқылы дербес және ұжымдық тұрғыда жұмыс жасауына өте қолайлы болып 
табылады.  Оны  негізінен  интернет  беретін  мүмкіндіктер  мен  қызметтерді 
былайша  атап  өтуге  болады.  Оларға:  интернет  тораптарында  берілетін 
танымдық-тағылымдық  ақпарат  көздерімен  танысуға,  оларды  ой  елегінен 
өткізуге, әртүрлі чаттар мен электронды пошта арқылы хат алысып, онлайн 
режим  арқылы  виртуалды  қатынас  клубтарына  –  телеконференцияларға 
қатыса  алады  және  нақты  уақыт  тәртібінде  мәтіндік  хабарламалармен 
алмасуға,  радиобағдарламаларды  тыңдауға,  бейнероликтер  көруге,  яғни 

 
79 
ақпараттың қандай да түрлерін қолдануға мүмкіндіктері бар. Мұндағы білім 
қайнарына  бағытталған  ақпаратты  қандай  да  арақашықтыққа  тез  арада 
жеткізу,  алыс  қашықтықтағы  ақпарат  көздерін  пайдалану  мүмкіндігі, 
интерактивтілік  (жылдам  кері  байланыс  пен  сұхбат  мүмкіндігі),  іздеу 
жүйелері  арқылы  және  өз  бетімен  іздеу,  алынған  материалдарды  түрлі 
тасымалдаушыларға 
ауыстырып 
салу 
және 
т.с.с. 
интернеттің 
артықшылықтары ретінде тануға болады.  
Каталог: docs -> vestnik -> seriya molod u4enni
vestnik -> Вестник Казнпу им. Абая, серия «Художественное образование», №1(42), 2015 г
vestnik -> Хабаршы вестник «Жаратылыстану-география ғылымдары»
seriya molod u4enni -> Вестник Казнпу имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(5), 2015 г
vestnik -> Абай атындағы Қазақ
seriya molod u4enni -> Абай атындағы ҚазҰпу-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №2(6), 2015 ж
seriya molod u4enni -> Абай атындағы ҚазҦпу-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж
seriya molod u4enni -> Вестник казнпу им. Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы», №2(8), 2016 г

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет