С. А. Жиренов Бас редактордың орынбасары



жүктеу 5.01 Kb.

бет3/14
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

 «Теогония»  еңбегі  жазылған  уақыты  бойынша  Гесиодтың  ең  алғашқы 
еңбегі,  ол  –  «әлемнің  жаратылуы,  әлемді  жаратушы  құдайлар  мен  көзсіз 
ерліктер  жасап,  артында  өшпестей  із  қалдырған  батырлар  туралы  барлық 
гректік  түсініктерді  жинақтауға  тырысқан  «құдайлардың  шежіресі»  іспетті 
туынды [2]. Алғашында Гесиод жазып, жарық көрген, бірақ бізге жеткенше 
қосымша  мәліметтер  мен  өзгерістер  енгізіліп,  толықтырылып  отырды. 
Шығармада  құдайлар  жайында  толық  баяндалған.  Филологтар  «Теогония» 
поэмасында  жалпы  саны  270-ке  жуық  өлеңдер  бар  деп  есептейді. 
«Теогонияның»  кіріспесі  (1-116  беттер)  музаларға  арналған  үндеулер 
жазылған үш тараудан тұрады. Ортаңғы бөлімінде (117-964 беттер) – әлемнің 
хаостан  жаралғаны  жөнінде  айтылады  (Гесиод  үшін  хаос  тұңғиықты 
білдіреді).  Ежелгі  тәңірлерге  Хаос,  Жер  және  Эрос  жатады.  Ең  алдымен 
хаостан бір мезгілде стихия және басқа да жаратылыстар – Гея (Жер), Уран 
(Аспан), Тартар (Жерасты әлемі), сонымен бірге даму мен көбеюдің қозғалыс 
күші  Эрос;  Уран  мен  Гея  одағынан  көптеген  титандар  және  Крон  мен  Рея; 
Жерден  аспан,  таулар,  теңіздер  және  басқа  да  табиғат  құбылыстары  пайда 
болды.  Содан  соң  Уранмен  арадағы  одағынан  он  екі  Титанға,  үш  Киклопқа 
(кей  мәліметтерде  Циклоп  деп  беріледі),  тау  сияқты  зор,  жүз  қолды  үш 
алыптар  –  гекатонхейрларға  жан  беріледі.  Уранның  билігі  біразға  дейін 
жалғасты.  Ол  өз  балаларының  бәрін  Жердің  терең  түнегіне  қамап  тастады. 
Бұған  олардың  анасы  Жер  қатты  азаптанып,  өз  балаларын  Уранға  (әкесіне) 
қарсы  шығуға  үгіттегенімен,  ешқайсысы  әкелеріне  қарсы  бас  көтере 
алмайды.  Дегенмен  баласы  Крон  мен  оның  әйелі  Рея  екеуі  оны  тақтан 
түсіреді.  Тек  Крон  ғана  айлакерлігімен,  өз  әкесіне  қарсы  шыға  алды.  Сол 
уақытта  әйел  құдай  Түн  Кронды  жазалау  мақсатында  сұмдық  құдайлар 
тобын: ажал құдайы  – Танатты, араздық пен ұрыс-керіс құдайы  – Эриданы, 
алдау  құдайы  –  Апатаны,  құрту,  жою  құдайы  –  Керді,  ауыр  түс  көргізетін 
ұйқы  құдайы  –  Гипносты,  жасаған  қылмысы  үшін  ешқашан  кешірім 
бермейтін  зұлым  құдай  –  Немесиданы  т.б.  жаратты.  Олар  жер  бетіне 
көптеген 
бақытсыздықтар 
мен 
қайғы-қасіретті, 
алдап-арбауды, 
жамандықтарды    алып    келді.  Ұрпақтар  арасында  қанды  шайқастар  жиі 
болып  отырды,  бұл  Крон  мен  Зевс  арасында  да  қайталанды.  Әкесіне 
қатыгездік  жасап,  билігін  тартып  алған  Крон  өз  балаларым  да  маған 
сатқындық  жасайды  деп  қорқып,  дүниеге  келген  балаларын  жұтып  қойып 
отырды.  Бес  баласынан  бірдей  айрылған  Рея  қатты  қапаланып,  соңғы 
алтыншы  баласы  Зевс  дүниеге  келгенде,  қулық  ойлап  Кронға  баланың 
орнына жаялық ішіне сопақша тас салып апарады. Бұған мән бермеген Крон 
бала деп ойлап,  әдеттегідей  жұта  салады.  Аман  қалған Зевсты  анасы  Рея өз 
әкесі Уран (Аспан) мен шешесі Геяның (Жер) кеңесі бойынша Крит аралына 
апарып,  онда  Зевсты  хор  қыздары  Адрастея  мен  Идея  екеуі  құдіретті  ешкі 
Амалфеяның  сүтімен  асырап  өсіреді.  Ал  кішкентай  Зевс  мазасызданып 
жыласа, оның даусын әкесі Крон естіп қалмас үшін куреттер (баланы қорғап, 
желеп-жебеуші  жартылай  құдайлар,  абыздар)  қолындағы  қалқандарын 

 
20 
семсермен  ұрып,  даңғырлатып  отырды.  Зевс  өсіп,  ержеткенде  өз  әкесі 
Кронды  жұтып  қойған  балаларын  құсып  шығаруға  мәжбүр  етеді.  Сөйтіп, 
Зевстың  апалары  құрбандық  оты  мен  үйдегі  қазан-ошақ  құдайы  –  Гестия, 
егіншілік пен молшылықтың құдайы – Деметра, неке мен жанұя бақытының 
құдайы – Гера; ағалары – теңіз құдайы – Посейдон, қара түнек жер асты, өлім 
патшалығының  құдайы  –  Аид  бостандыққа  шығады.  Билік  үшін  өз  әкесін 
тақтан тайдырған Зевс барлық титандарды биліктен айырып, өз ағаларымен 
бірге  бүкіл  әлемге  үстемдік  орнатты.  Зевстың  билігі  дана,  әділ  болды. 
Нәтижесінде  құдайлар  мен  адамдардың  әкесіне,  патшалардың  патшасына 
айналды.  
Құдайлар  грек  жеріндегі  биік  тау  –  Олимпті  мекен  етті.  Олар  құрамында 
мәңгілік  күш-қайрат  сыйлайтын,  қартайтпайтын  қасиеті  бар  амброзиямен 
қоректенді және тек нектар ішті. Биік тау басында олар сән-салтанат құрып, 
билік  жүргізіп  отырды.  Зевс  адамдарға  көптеген  сыйлықтар  беріп,  заңдар 
шығарып, жер бетіндегі тыныштық пен тәртіптің болуын қадағалап отырды. 
Үнемі  Зевстың  жанында  ол  ерекше  құрметтейтін  тәртіп  пен  заңның 
бұзылмауын, сот әділдігін бақылап отыратын ақиқатты жақтаушы әйел құдай 
– Дикэ мен заңдарды бақылап, сақтап отыратын әйел құдай – Фемида тұрады. 
Олармен  қоса,  Зевстың  тағдырын  да  шешетін  әйел  құдайлар  –  мойралар  да 
осы  Олимп  тауын  мекен  етті.  Мойралар  –  аяушылық  дегенді  білмейтін, 
тағдырдың  қатыгез  құдайлары.  Олар  ағайынды  үш  құдай:  Клото,  Лахесис, 
Атропос.  Клото  –  адам  өмірінің  ұзақтығын  тоқып  отырды.  Тоқығанда  ол 
адам  баласына  жаны  ашып,  үзіліп  кетпесін,  ол  ұзақ  өмір  сүрсін    деген 
ниетпен тоқыған жоқ. Сондықтан оның тоқымасының жібі қашан үзілсе, сол 
уақытта  адам  баласы  өмірімен  қоштасты.  Ал  Лахесис  болса,  әр  адамның 
маңдайына  жазылған  жеребені  көз  салмастан  суырып  алып,  беріп  отырды. 
Құмыра  ішіне  салынған  жеребенің  сыртындағы  «бақытты»,  «бақытсыз», 
«баянды», «баянсыз» деп адам тағдыры жазылған жеребені беру барысында 
Лахесис  ешкімге  ықылас  білдіріп,  жанашырлық  танытқан  жоқ.  Еш  көз 
салмастан  қатігездікпен  алып  беріп  отырды.  Ал  ол  берген  жеребені  ешкім 
өзгерте  алмады.  Атропос  болса  өзінің  апа-сіңлілері  айтқан  қатал  тағдырын 
ұзақ  тізімге  енгізіп  отырды.  Ал  тағдыр  тізіміне  енген  дүние  орындалмай 
қалмайды.  Біздің  халқымыз  айтатын  «пешенесіне  жазылған  тағдыр», 
«маңдайына жазылған»  деген сөздер де осы ұғымға келіп саяды. Зевс – аспан 
мен  жердің  құдайы,  «бұлт  шағылыстырып,  найзағай  ойнатқыш»  шексіз 
еркіндікке  ие  жалғыз  құдай  болса,  Аполлон  –  білім  мен  жарықтың,  ғылым 
мен  өнерге  табынушылардың  құдайы;  Асклепий  –  дәрігер;  Артемида  – 
аңшылық;  Афина  –  қалаларды  сақтаушы,  ақыл  мен  еңбек;  Гермес  –  саяхат 
пен сауда, өнертапқыштар; Арес – соғыс; Афродита – сұлулық пен махаббат; 
Эрот – махаббат; Гефест – от; Дионис – шарап; Пан – табиғат; Танат – өлім; 
Персефона  –  өсімдік  құдайы  болды.  Гректер  өз  құдайларына  көптеген 
құрбандықтар  шалып,  түрлі  мерекелер  ұйымдастырып  отырған.  Олардың 
Олимп тауының етегінде құдайлардың құрметіне төрт жылда бір рет өткізіп 
отырған  спорттық  жарыстары  кейін  барлық  елге  үлгі  болып,  ол  халық 
арасында  олимпиада  деп  аталды.  «Теогония»  шығармасында  қарапайым 

 
21 
өмірге  қажетті  ақыл-кеңестер,  адам  өмірін  басқаратын  құдайлар  жайлы, 
олардың  өз  араларындағы  қақтығыстар  мен  сан  қырлы,  қызықты  оқиғалар 
жайлы толыққанды мәлімет беріледі деп айтсақ қателеспейміз. 
Көне  дәуірлерден  бізге  жеткен  ежелгі  грек  мифтері  терең  мағынасымен, 
көркемдік  құдіретінің  ерекшелігімен  адамзатты  таңқалдыруын  қоймайтын 
шын  мәніндегі  асыл  мұралар  екендігін  таныған  белгілі  жазушы  Төлен 
Әбдіков  көптеген  грек  мифтерін  қазақ  тіліне  тәржімалап,  оқырмандарға 
түсінікті  қарапайым  тілмен  баяндап  жазған  еңбегі  «Эллада  ерлері»  деген 
атпен 1977 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген. 
 «Теогония»  шығармасы  стилінің  өзгешелігімен  ерекшеленбейді.  Әрбір 
өлең  жолының  бірінші  бастама  сөздері  бір  құдайдың  есімімен  басталады 
немесе  мифтерге  толық  түсініктеме  беріліп  отырады.  Ал  «Еңбектер  мен 
күндер» шығармасының стилі әрқилы. Мұнда мифтер, үндеулер, мысалдар  
мен  өсиет  әңгімелер,  насихат  сөздер  кезектесіп  келіп  отырады.  Поэманың 
бірінші  жартысында  «еңбек»  туралы  да,  «күндер»  туралы  да  ештеңе 
айтылмайды.  Тек  музаларға,  бауыры  Перске  арналған  үндеулерден  тұрады. 
Сонымен қатар Зевс пен Прометей арасындағы оқиға толық суреттеліп, онда 
Гесиод  қарапайым  адамдарға  Зевстан  от  ұрлап  алып  берген  Прометей 
әрекетін  қолдамайды.  Керісінше,  басқалар  «адамзат  жарылқаушысы»  деп 
таныған  Прометейдің  кесірінен,  бүкіл  халық  құдайдың  қаһарына  ұшырап, 
бақытсыздыққа тап болды деген ой айтады. 
Осы  айтылғандарға  қоса,  Гесиод  адамзаттың  тегін  ғасырлардың  ауысып 
отыруына байланысты төрт кезеңге бөледі. Біріншісі – алтын кезең, екіншісі 
– күміс кезең, үшіншісі – мыс дәуірі және қазіргі адамзат өмір сүріп отырған 
дәуірді  темір  дәуірі  деп  атайды.  Ал  шығарманың  соңғы  бөлімі  миф  деуге 
келмейді,  мұнда  болмыс  шындығына  көп  орын  беріліп,  ақын  ішіндегі  мұң-
шер  кеңінен  суреттеледі  [2].  Өз  дәуіріндегі  адам  баласының  басындағы 
бақытсыздықтар  мен  қасіреттер  суреттелген.  Ақын  ата-анасын,  ағайын-
жұртын сыйламайтын балалар пайда болды, алдыңғы орынға шындықты айту 
арқылы емес, күш  көрсету арқылы келген ұрпақ көбейді деп жырлайды. 
Орыс  зерттеушісі  В.Н.Ярхо  Гесиодтың  «Теогония»  еңбегін  жазуы  тегін 
емес, ол туған жері Беотияның көптеген мифтермен байланыстылығында деп 
түсіндіреді.  Мифке  сүйенетін  болсақ,  Фивы  қаласының  әрбір  тасы  аңыздан 
өрілген. Қаланы тұрғызуға Зевстың ұлдары Амфион мен Зет те атсалысқан; 
Амфион  Зевстың  немересі  Ниоба  сұлуға  үйленеді.  Бірақ  Ниоба  өз 
тәкаппарлығынан  қатты  азап  шегеді.  Астамсып,  ешкімді  менсінбей 
менменсіген,  өркөкірек  Ниобаны  Аполлон  мен  Артемида  жазалап,  оның 
көздің жауын алғандай сұлу, өрімдей ұл-қыздарын бірінен соң бірін садақпен 
атып  өлтіреді.  Фивыда  Лабдакидтер  әулетінің  үш  ұрпағының  трагедиясы 
өтеді:  Лай  патша,  оның  ұлы  Эдип  пен  немерелері  Этеокл  мен  Полиниктің 
өлімі Софоклдың «Фивыға қарсы жетеу» әңгімесінде айтылады. 
Гесиод  шығармаларының  уағыздаушылық,  тәрбиелік  бағытта  жазылуын 
зерттеуші  М.Иманғазинов  ақын  өмір  сүрген  заман  талабы  деп  түсіндіреді. 
«Қоғам  мен  заман  талабы  бірге  өрістесе,  ертеде  айтылып  жүрген  эпикалық 
шығармаларға тек адам тәрбиесіне қажетті материал есебінде қарайтын кезең 

 
22 
туындағанда,  мифологиялық  шығармалар  екінші  қатардан  орын  алған  кезең 
Гесиодтың 
заманында 
да 
болған. 
Архаикалық 
кезеңде 
мифтік 
шығармалардың  көтеретін  аса  ауыр  салмағының  бір  бөлігі,  бұл  –  ру-
тайпалық  одақтардың  пайдасына  шешілу  мақсатында,  өз  ата-бабаларының 
тегі сонау тәңірие-құдайлардан бастау алатындығын таныту, елге мойындату 
еді.  Енді  бұл  үрдістің  бірте-бірте  әлсіреп,  саналы  қоғам  қалайда  өзінің  ата-
бабасына жүгінуден гөрі, тіршілік қамын күйттеп, еңбек арқылы өмір сүруді 
көздеген кезеңде, мифологиялық ой-санадан арыла бастайды. Міне, осы тұста 
тәрбие-дидактикалық  әдеби  шығармаға  қажеттілік  туындағанда,  Гесиод 
өзінің дидактикалық шығармасын жазды» [3]. 
Гесиод  шығармаларын  талдап,  түйіндей  келе,  зерттеуші  В.Н.Ярхо: 
«шындығында  оның  поэмалары  Гомер  поэмалары  секілді  батырлық  эпосқа 
жатпайды,  дидактикалық  (уағыздаушылық,  үйретуші)  поэмалар  болып 
табылады.  Ал  дидактикалық  поэмалар  үшін  сюжеттің  бірізді  болуы  немесе 
оқиғаның  жүйелі  дамуы  міндетті  емес,  бірақ  өлең  өлшемі  (гекзаметр),  тілі, 
лексикалық тәсілдері көп жағдайда сол қалпында қала береді» деп қорытады 
[4].  
Б.з.б.  VІІІ  ғ.  аяғы  мен  VІІ  ғ.  басында  материктік  Грекияда  рулық 
қауымдастық  ыдырап,  әлеуметтік  жіктелу  күшейіп,  байып  алған  ақсүйектер 
(ірі  жер  иеленушілер)  орта  және  ұсақ    жериеленушілерді  құлдыққа  салып, 
қанай  бастады.  Гесиодтың  оппозициясы  осыдан  келіп  шығады.  Ол  қанша 
әділетсіздіктер  жасалып  жатса  да,  ешқандай  жауапты  талап  етпейтін  өз 
заманы  мен  әділетсіз  пайымдаулар  мен  қорытындылар  жасайтын  соттарды 
сөгеді. Егер Гомер шынайы өмірден алшақтап, миф әлемін жырласа, Гесиод 
кәдімгі  жер  бетіндегі  қарапайым  өмірді  жырлайды.  Ол  жер  иеленушінің 
өнімсіз, қиын еңбегін суреттейді. Гесиод діндар, тіпті ырымшыл адам болған.  
Бірақ оның өмірдегі, дүниетанымындағы ең маңызды нәрсе  – еңбекке деген 
өте  жоғары  құрмет.  Өзінің  ақыл-кеңестері  мен  пайымдауларын  ол 
мысалдармен,  мифологиялық  сипаттағы  суреттермен  бейнелеп  отырады. 
Мысалы,  «Бұлбұл  мен  қаршыға»  туралы  мысалында  қолындағы  билікті  өз 
мүддесі  үшін  ғана  пайдаланатын  күштілер  әлеміне  қарсы  шығудың  еш 
мағынасыз  екендігін  айта  отырып,  қарапайым  халықты  оған  көне  білуге, 
шыдай  тұруға,  яғни  тәуелділікке  шақырады.  Ақынның  қоғамның 
әділетсіздігіне  деген  өкпе-наласы,  соттардың  екіжүзділігін  әшкерелеп 
отыруының  өзі  әлеуметтік  күрес  актысы  болып  табылады.  Осы  тұрғыдан 
алып  қарағанда,  ақынның  «Еңбектер  мен  күндер»  поэмасы  әлеуметтік 
қарсылықтың құнды әрі тарихи ескерткіші іспетті. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1
 
Тренчени-Вальдапфель И. Гомер И Гесиод // Пер. под ред. В.И.Авдиева. 
М., 1956. -356 c. 
2
 
Ярхо В.Н. Гесиод и его поэмы. М., 2001. -253 c. 
3
 
Гесиодтың  өмірі  мен  шығармашылығы  және  ондағы  қазақы  сарындар. 
«Айт» журналы, 2006, №2, 17-21б. 

 
23 
4
 
Гесиод. Полное собрание текстов. Теогония. Труды и дни. Щит Геракла. 
Фрагменты. М., Лабиринт, 2001. – 278 c. // В.Н.Ярхо. Гесиод и его поэмы.  
Аннотация: 
В  статье  рассматриваются  поэмы  «Теогония»,  «Работы  и  дни» 
представителя  древнегреческой  литературы,  архаического  периода, 
основателя  дидактической  поэзии  Гесиода.  Пишется  что  написанное 
автором  в  назидательных,  поучительных  и  воспитательных  целях  поэмы 
напрямую  связано  с  жизнью  и  деятельностью.  А  также  говорится  что 
главным смыслом его жизни и мировоззрении является труд. 
Ключевые  слова:  дидактика,  труд,  воспитание,  эолий,  боги  Олимпа, 
миф.  
Abstract: 
This  article  discusses  the  poem  "Theogony",  "Works  and  Days" 
representative  of  ancient  Greek  literature,  the  Archaic  period,  the  founder  of 
didactic poetry of Hesiod. Words that the author wrote in edifying, instructive and 
educational  purposes  of  the  poem  is  directly  related  to  the  life  and  activity.  And 
also said that the main purpose of his life and worldview is labor. 
Keywords: didactics, labor, education, eoly, the gods of Olympus, the myth 
 
 
ӘОЖ 378.016:821.512.122. 
 
ЖАЗУШЫ - ДРАМАТУРГ  САФУАН ШАЙМЕРДЕНОВТЫҢ         
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫ 
 
ИБРАЕВА А.Д. 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қазақ әдебиеті кафедрасының аға 
оқытушысы, филол.ғ.к 
ШИНАЛИЕВ Н. 
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 4-курс студенті 
 
Түйіндеме:  Мақалада  қаламгердің  шығармашылық  әлеміне  қатысты 
мәселелер  сөз  етіледі.  Тақырыптан  бастап,  материал  жинау,  оны  өңдеу, 
көркем  шындықпен  өмір  шындығының  арақатынасы  қарастырылған. 
Протип  пен  көркем  бейне,  қолжазба  және  шығарманың  түрлі 
нұсқаларының  арасындағы  ерекшеліктердің  барлығы  қаламгердің  әдеби 
шығармашылық әлеміне әкелетіні қарастырылған. 
Түйін сөздер: шығарма, тақырып, көркемдік ерекшелік, шығармашылық 
зертхана 
 
Сафуан  Шаймерденов  –  тереңге  бойлатар    туындыларымен      танылған 
классик  жазушы.  Алғашқы  көркем  шығармасы  «Болашаққа  жол»,  кейіннен 
«Мінез», «Мезгіл», «Жыл құсы», «Мәжнүн тал» , «Ағалардың алақаны» атты 
әңгіме-повестер  жинақтарымен    оқырман  қауымның  жүрегіне  шуақты  нұр 
мен терең талғамды тебіреніс орнатқан әдебиет жүйріктерінің бірі. 

 
24 
        Суреткердің  көркем  туындысына  негіз  болатын  жазу  идеясы  туғаннан 
бастап, 
нүктесі 
қойылған 
уақыт 
аралықтарын 
қамтитын 
кезең  
шығармашылық зертхана болып табылады. Бұл  ұзақ процесті жазушы қалай 
жүргізді?  Өмірге  көркем  туынды  әкелген  таланттың  туындысы  жөнінде 
қандай  қыр-сыры,  ашылмаған  жайттары  бар?  деген  секілді  сауалдарға 
Сафуан ағамыздың  творчествосынан іздегенді жөн көрдік. Айтылған процес 
тақырып  таңдау,  материал  жинау,  жиналған  деректі  салыстырып,  қорыту, 
өмір шындығы мен көркем шындық,  көркем бейне, жазу машығы мен өңдеп 
толықтыру секілді құбылыстарды қамтиды. 
       «Жазушының  өмірі  қиын,  шытырман  болған  сайын,  өмірбаяны  бай 
болады» демекші,   көз көріп, құлақ естіген, түйсікпен сезінген дүниені жазу 
әлдеқайда  ұтымды.  Өмір  құбылыстарын  саралағанда,  өмір  шындығын 
зерттегенде  тақырып  таңдау  ерекшелігі  жазушылық  үрдістің  қиын  белесі 
болып табылады. Тақырыпқа З.Қабдолов: «Жазушының шындық болмыстан 
таңдап,  талғап  алып,  өзінің  көркем  шығармасына  негіз,  арқау  еткен  өмір 
құбылыстарының  тобын    тақырып  деп  атар  едік»  [1/75]  деген  анықтамасын 
назарда  ұстай  отырып,  жазушы  С.Шаймерденов  өзінің  өмірдегі  бастан 
кешкен  дүниесін,  әсер  еткен  тұстарын    саралап,  тақырып  етіп 
таңдайтындығын  мынадай  сөздерінен  танимыз.  «Осы  күнге  дейін  жазып 
келгендерімнің бәрі де не өзі мені іздеп тапқан, немесе ел аралап жүріп, ойда 
жоқта өзім кездестірген тақырыптар» [2/9]. 
Әр  жазушының  материал  жинау  құбылысы  әртүрлі.  Біреу  талмай 
ізденгеннің нәтижесінде қалталы қоржынына дерек жинаса, енді біреу ойда – 
жоқта  кез  келген,  көз  көрген  жағдаяттарды  материал  етіп  алады.  Кейінгі 
аталған  жағдайға  жазушы  С.Шаймерденовтың  мына  сөздері    дәлел  бола 
алады. «Жыл құсы» атты повесімнің тақырыбымен мен ойда жоқта кездестім. 
Бұл  шығарманың  басты  қаһарманы  Битабар  Елбаев  өмірде  болған  адам.  Ол 
1885  жылы  қазіргі  Жезқазған  облысының  Жаңа-Арқа  ауданында  дүниеге 
келіп,  сол  жерде  –  Иманақ  тауының  бауырында  1964  жылы  жетпіс  тоғыз 
жасында  қайтыс  болған.  Ол,  шынында  да,  түйе  көтерген,  құдыққа  түсіп 
кеткен  сиырды  суырып  алған  ерен  адам.  Мен  онымен  1950  жылы  наурыз 
айының  алтысы  күні  «Лениншіл  жас»  газетінің  тапсырмасы  бойынша  ел 
аралап  жүріп,    Иманақ  тауының  бауырындағы  шарқы  шағын  Бірлік  атты 
колхозда кездестім. Биекең сөзге сараң, біртоға адам болса керек, көпке дейін 
сұрақтарыма  бар-жоқ  деп,  тоқ  етерін  айтып  үнсіз  қалып  отырды.  Кейін 
ақсақал  көңілінің  кілті  ашыла  қалған  кезде  қағаз  –  қарындаш  алсам, 
қытығына  тиіп,  қисайтып  алып  жүрмес  пе  екем  деп  әңгімесін  тек  отырып 
тыңдадым»  -  деп,  [2/7]  повеске  керекті  матералды,  прототиптің  өз  аузынан 
естіген дүниесі көркем туындының арқауы болғанын айтады. 
Творчество  адамына  кездескен  өмірдегі  жайттар,  жүздескен  жүздер, 
айтылған  әңгімелер    әсерлендіріп,      көңілін  толқытқан  жағдаяттарды  
материал  етіп  алады.  Ондай  айтылған  әңгімені  естігеннің    бірі  неге 
жазбайды?  Осы  тұста  адамның  ой  қырағылығы  керекті  материалды  дөп 
басады.  «Бірде  жолым  түсіп  Алматы  облысының  Кеген  ауданына  бардым. 
Кездескен  адамдардың  бәрі  мынадай  қызық    бір  оқиғаны  айтып  бергені: 

 
25 
күзде  қой  отарлары  таудан  қыстауға  қарай  көшкенде  бір  шопанның    иті 
жоғалып кетіпті. Әрі іздеп, бері іздеп шақыра – шақыра таппаған соң, қасқыр 
жедіге жорыпты да ол байғұс көшіп кете берген. Қыс өтеді. Келер көктемде 
әлгі  шопан  бұрынғы  үйреншікті  ізімен  таудағы  жайлауға  келе  жатса, 
былтырғы қой жусатып, дем алған  бір жерінен иті шыға келіпті. Өкпелегені 
сондайлық, шақырса келмейді. Жақындаса, үреді де шегіне береді. Бұған не 
болған деп бақса, шопан иті көшкен жұртта ұмыт қалған ескі тонды күзетіп 
қысты өткізіпті. Жазылар повестің кілті осы оқиғадан кейін табылды» - деп, 
[2/9]    қарапайым    әңгімеден  көркем  туынды  жасауда  өз  өмір  жолында 
жолыққан құбылыстарды материал етіп алғандығын көрсетеді. 
Жазушының  жұбайы  Бағдат  апамыз  Сафуан  ағамыздың  өмірі, 
шығармашылығы туралы сұхбатында: «Сафуанның романындағы  Инеш пен 
Мәулен  арасындағы  махабат    хикаялары  басымыздан  өткен  дүниелер,  өмір 
шындығы. Романның өмірге келуіне өзіміз бастан кешкен көп жайттар  әсер 
еткені  жасырын  емес»  -  деп  С.Шаймерденовтың  көркем  туындыға  қажетті 
дүниені,  өмір  шындығын  материал етіп қолданатынын нақтылай түседі. 
А.Фадеев әдебеттік (жазушылық) процесті 3- кезеңге бөліп қарастырады. 
1.Жазушының материал жинау кезеңі. 
2.Жинаған материалды қорыту – ойлану. 
3.Қорытылған материалды жазу кезеңі. 
Жазу  машығы  осы  аталған  кезеңдердің  соңғысын  қамтиды.  Біреулер: 
күнде жазу столына отырып  еңбектенсең, туындыңды жақындатып, «жазып 
бітіресің»  деген  күнделікті  отырып  жазу    машығын      мақсат  тұтады.  Ал 
қайсыбір жазушылар көңіл құсының, шабыт құсының  шарықтап, құйқылжи 
келіп  қона  қалатын  кездерінде  ғана  қолына  қалам  ұстайды.  Ұзақ  ойланып, 
көкіректегі  ойын  көркем  бір  лепті  қуат  қысқанда  қағаз  бетіне  қалам 
жүгіртетін   жазушылардың бірі – С.Шаймерденов.   
«Шабыттың  құсы  басқа  жақта  шалықтап  жүрген  кезінде  өзімді  өзім 
зорламаймын.  Жазу  столына  келіп  отырамын,  ештеңенің  ыңғайы  келмесе, 
тұрып  жүре  беремін.  Өзімді-өзім  күштеу  деген  менде  жоқ  мінез»  -  деп 
шабытсыз жазу процесін ары қарай жылжыту мүмкін еместігін айтады [2/20]. 
«Жас кезімде түнде отырып жазушы едім. Өйткені, түнде істеген жұмыс 
өнікті келеді. Қазір өйте алмаймын. Жыл мезгілінен, әсіресе, көктем айлары 
ұғымды.  Шабыттың  құсы  жыл  құсы  емес,  шынтуайтқа  келгенде  маусым 
талғамайды»  -  деп  шабыт,  құштарлықтың    мезгіл  таңдамайтынын  атап 
көрсетеді. 
С.Шаймерденов  көркем  туындысын  жазуға  кеткен  уақыт  аралықтарын 
нақты  көрсеткішпен  көрсетеді.  Ой  өзегінде  қорытылып,  салыстырудан өтіп, 
көңілде  жүріп  тербелген    дүние  тез  жазылатындықтан,  жазушы:  «Менің 
ойлануым, толғатуым ұзақ. Ал пісіп жеткен дүниелерді тіпті де тез жазамын. 
Айталық,  он  тоғыз  жыл  толғатқан  Битабар  хикаясын  мен  бір  жарым  айдың 
ішінде  жазып  тастадым.  «Инеш»  романының  бірінші  жартысы  екі  жыл 
жазылса,  қалған  жартысы  екі  жарым  айда  тәмамдалды.  «Мәжнүн  тал»  он 
төрт  күнде,  «Қыр  гүлі»  атты  пьесам  үш  күнде  дүниеге  келген.  Ал  отыз  бес 
жыл  ойдан  шықпаған  «Дөкей  келе  жатыр»  комедиясының    «Сары  Ағаш» 

 
26 
санаториінде  ем-дом  қабылдап  жүргенімде  бас-  аяғы  жиырма  күнде  соңғы 
нүктесі қойылған» [2/20] деп жазуға  құрылған материал тізбектерінің санада, 
ой өзегінде пісіп жетілдіріп жазатындығын айқындай түседі. 
Ой  өзегінде  материалдың  (көп  туындының)  бір-бірімен  қатпарласа, 
жарыса  пісіп  жетілетіндіктен,  қайсысы  жарық  дүниенің  есігін  бірінші 
ашатынын  уақыт-төрешінің  еншісінде  қалдырады:  «Шынымды  айтсам  қазір 
басымда  көп  жылдан  бері  мазамды  кетіріп  жүрген,  бірақ  илеуі  қанбаған 
жиырма  шақты  әңгіменің,  он  шақты  повестің  тақырыбы  бар.  Олардың 
қайсысы қай уақытта жарық дүниеге келеді? Оны келешек көрсетеді» [2/20] 
Көркем  әдебиеттің  қоғамдағы  маңызы:  оқырманын,  оқушысын 
эстетикалық  талаптарға  тәрбиелеп,  өмір  құбылыстарын  танытумен  қатар 
жұмбақ  жатқан  шындықты  ашып  береді.  Өмір    шындығынан  бет  алып  
дамитын  көркем шындық  жазушы санасында біте қайнасып жатады. Олай 
дейтін  себебім,  көркемдік  еркіндікте  жасалатын  шындық  жазушының 
фантазиясы  мен  ұшқыр  логикасының  нәтижесінде  көрініс  табады. 
Авторымыздың жазушылық процесіндегі  шындық-өмір дерек, өмір деректің-
қиялға  өрбуін  ғалым  Қ.Ергөбек  «Арыстар  мен  ағыстар»  атты  еңбегінде: 
«Сафуан  Шаймерденов  шығармасының  бір  ерекшелігі,  өмірлік  дерек  бар. 
Жазылуына  себепші  болған  жағдайлар  –  жазушының  өзі  көрген,  бастан 
кешкен  оқиғалар  болып  шығады»  -  деп,  шындық  деректің  орнын  көрсетсе, 
«жазушы шығармасы әу баста өмірлік бір дерек, болған жайға табан тірейді 
де  келе-келе  көркемдік  арнасына  бет  бұрады»[3/34]  дегенін  дерек  арқылы  
қиялдың көркемдікке ие болуы   деп түсінеміз. 
Осы  орайда  С.  Шаймерденов:  «Өмір  шындығы  әдеби  шындыққа  тәуелді 
емес. Ал әдеби шындық өмір шындығына тікелей тәуелді. Өмір шындығына 
сүйенбеген,  содан  нәрленбеген  шындықтың  бәрі  жалған»-  дей  келе,  «Жыл 
құсы»  атты  повесінің    басты  кейіпкері  Битабарды  көркем  шындыққа 
былайша  негіздейді:  «Бұл  повестегі  басты  қаһарман  Битабар  Балуан 
Шолақпен  күрескен,  ит  жығысқа  түскен  балуан.  Бұл  1903  жылы  Иманақ 
тауының  бауырында  өткен  оқиға.  Битабар  онда  он  сегіз  жаста,  ал  Балуан 
Шолақ  болса  отыз  сегізге  қараған  шағы.  Мен  мұны  Битабардың  аузынан 
естідім.  Жалған  деп  күдіктене  алмаймын.  Өйткені,  мен  білетін  Битабар 
мақтануды  білмейтін  адам.  Екіншіден,  сол  Биекең  әңгімесін  сол  кездесуде 
бірге болған,  әлгі  1903  жылғы оқиғаның  куәгері  сексен  жастағы Жұмаділда 
қарт  растаған-ды.  Бұл  өмір  шындығы.  Өмір  шындығы  осылай  екен  деп, 
Битабарды Балуан Шолақпен күрестіріп, ит жығысқа түсіруім керек пе? Иен 
күштің  иесі,  әнші-  сері  Балуан  Шолақпен  белдесіп,  тең  түскен  Битабардың 
оқырман алдында беделі өсер ме? »  - деп жазу процесінде сұрақ қоя отырып, 
көркем шындықты былай суреттейді: «Балуан Шолақтың киелі жағасына қол 
апарғызбай Битабардың кісілігін таныттым (кітапта Балуан Шолақ Битабарға 
түйе  көтергені  үшін  бата  береді).  Соған  орай  теке  жәуміт  арғымақты 
сыйлаттырып  Балуан  Шолақтың  да  ұлылығын  паш  еттім.  Дән  риза  болған  
Битабар  бұл  жерде  сыпайылық  білдіріп,  жорға  тізгінінің  қолы  тиген  ғана 
жерін сүйіп алып, алғысын айтады » [1/19]. 

 
27 
Автор  көркем  туындысын  жазуда,  яғни  жазу  процесі  белгілі  өлшемге 
келмейтін,  үнемі  динамикалық  үдерісте  болатындықтан  қалам  тартқан  
шығармасы  өзгеріске  ұшырап  отырады.  Мұндай  құбылыс  мынадай 
жағдайларда  көрініс  табуы  мүмкін:  а)  материал  жинақталып,  толығып, 
молайған  жағдайда,  б)  бір  жазушы  (адам)  ақыл-  кеңес  бергенде    в)  бір 
автордың  көркем туындысын оқи отырып, әсерленген жағдайда. 
Жазушы  С.  Шаймерденов  «Инеш»  атты  романын  аяқтауға  жақын  қалғанда 
оқылған  көркем  туындының  әсерінен  болған  өзгерісті  былай  көрсетеді: 
«Творчестволық  жолымның  бастауында  маған  қатты  әсер  қалдырып, 
еліктіріп  әкеткен    бір  жазушы  болған.  Ол  –  Юрий  Трифонов.  Мен  «Инеш» 
романын  аяқтап  қалған  кезде  осы  жазушының  «Студенттер»  деген  повесі 
жарық  көрді.  Лиризмге  тұнып  тұрған,  шуақты  көктем  күнінің  бояуындай 
жұмсақ  та  тартымды  туындыны  оқығаннан  кейін  кейбір  концепциямды 
өзгертуге, кейбір кейіпкерлерімді қайта мүсіндеуге мәжбүр болдым» [2/17]. 
Және  де  проза  жанрында  драматургия  саласында  елеулі  еңбек  еткен  С. 
Шаймерденов туынды үшін драматургияның, сахнаның жоғары талап – тілегі 
болуынан мынадай өзгерісті мысалға келтіреді. ««Ит ашуының» бас кезінде 
қырғыз  Сәршеннің  қаншығымен  Марғаудың  ылығысып  қалатын  жері  бар. 
Мен  басында  мұны  жай  күлкі  үшін,  Айғанның  еркектер  туралы  айтар  әзіл-
пікіріне  тиек  болсын  деп  ғана  алған  едім.  Осы  тұста  драматургияның  – 
сахнаға мылтық ілінсе атылуға тиіс, шеге қағылса, ең болмаса біреу асылып 
қалуға тиіс, - деген қағидасы түсті. Кейінгі бір эпизодқа Сәршеннің Қырғыны  
Марғаудың  баласы  болып  орынымен  суреттелуі,  соның  арқасында  бұл 
көріністің  ойнап  кетуі  драматургияның  әсері»  -  деп,    [2/  15]  повесттің  
сахнаға  лайықты  болуын  көздеп,  туындысының  өзгерген  тұстарын 
байқатады.  
 Айта  кетейік,    С.Шаймерденов  шығармашылығында  романның  аты 
өзгерген тұсы  бар.    Алғаш романын «Болашаққа жол» деп атап, кейіннен 
романдағы  кейіпкердің  есімімен  яғни,  «Инеш»  деп  атаған  болатын.  Не 
себепті?  Романның  аты  оның  басқа  да  тұстарына    кері  септігін  тигізеді  ме? 
Бұл сұраққа жазушы былай жауап береді: «Қазақтың С. М. Киров атындағы 
мемлекеттік    университетінде  оқыған  жылдар  бейнесін    «Инештен»  табуға 
болады.  Осы  романның  әуелгі  аты  «Болашаққа  жол»  болатын.  Оған  пікір 
айтқандар  «тым  жалпылама,  өте  айқайлап  тұр»  деп  ақыл-кеңестерін  ортаға 
салды.  Несі  бар,  кеңесіп  пішкен  тон  келте  болатын  ба  еді?!  Роман  «Инеш» 
деген  атпен  жарияланып  жүр»  [4/356]  дегенін  өзі  өмір  сүрген  дәуірде  қазақ 
классиктерінің  (элиталарының)  айтқан  ақыл  –кеңесін  мақұл  көруі  деп 
білеміз.                 
«Адамды  идея  емес,  идеяны  адам  ашады»  деп  теоретик-ғалым 
З.Қабдолов  айтпақшы,  көркем  туындының  ой  салар  идеясын  жазушы 
шығарманың    кейіпкері  арқылы  беріп  отырады.  Прототип-кейіпкердің 
өмірдегі  бейнесі.  Образды  ашқан  кейіпкердің  шын  болмыстағы    прототипі 
жазушы  үшін  аса  маңызды  және  жете  таныс.  Көркем  бейнеге  ұласып, 
жинақталған  типтік  тұлғаны  танытуда  автор  көркемдік  қиялмен 
орайластырады.  С.Шаймерденовтың    «Жыл  құсы»  атты  туындысындағы 

 
28 
Битабар  өмірде  болғанын,  автордың  ол  кісімен  сұхбаттасқанын  жоғарыда 
айттық. 
Ал «Инеш» романындағы Инештің протатипі – Сафуан ағамыздың жары 
Бағдат Шаймерденкеліні. Бұған ағамыздың жары берген сұхбатындағы мына 
сөздер дәлел бола алады: ««Инеш»-сенің протатипің. Саған арнаймын дейтін-
ді»[5/52]. 
С.Шаймерденов  қазақ  классиктерін,  қазақ  халқы  биіктен  көрер  тұлғаларын  
ұстаз тұтқан. «Менің қазақ әдебиетіндегі ұстаздарым – Бейімбет Майлин мен 
Мұхтар  Әуезов,  Сәкен  Сейфуллин  мен  Сәбит  Мұқанов,  Ғабит  Мүсірепов. 
Бейімбеттің  реализмі,  Мұхтардың  қазақ  сахарасындай  кең  құлашы  мен 
тереңдігі,  Сәбиттің  халықтығы,  Ғабиттің  астарлап  сөйлейтіндігі,  юморы 
ұнайды.  Ал  Сәкеннің  нақтылығына  басымды  исем  де  болады.  Бірақ,  бір 
қызығы,  өзіме  ұстаз  тұтқан  осы  жазушылардың  біріне  де  мен  еліктеген 
емеспін»[2/16]. 
Сафуан  Шаймерденов  -    қазақ    әдебиетінде  елеулі  еңбектерімен  өз 
орнын,  өз  бағасын  алған  биік    талғамды  жазушы.  Дәуір  көрінісін,  уақыт 
бедерін,  жүріп  өткен  жолын,  бастан  кешкен  қилы  шытырман  оқиғаларын 
материал  етіп,  қоғамдағы  проблемалық  жағдайды  өз  туындыларында 
көрсетіп,  жастана  оқитын  шығармаларын    өмірге  әкелген  әдебиет 
майданының  жауынгері.  Жазушының  шығармашылық  (лабораториялық) 
зертханасы  тереңін  бойлап,  асылын    тере  түсетін    ізденіс  -  еңбекті  қажет 
ететін,  қыр- сыры ашылмаған қатпарлы тұстары да  оқырман қауымға белгілі 
[6/  ].  Мол  ізденісті  керек    ететін  Сафуан  Шаймерденовтың  шығармашылық 
зертханасы    өскелең  жас  ғалымдардың  назарына  ілігіп,    тың  ғылыми 
дүниелерді жарыққа шығарарына  әбден сенімдіміз. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. З.Қабдолов, «Жебе», Алматы, Жазушы, 1977ж.  
2. С.Шаймерденов, Шығармалар жинағы, 2 том, Алматы, Жазушы, 1997ж. 
3.Қ.Ергөбек, «Арыстар мен ағыстар», Астана, Таным, 2003ж. 
4.С.Шаймерденов, Шығармалар жинағы, 3 том, Алматы, Жазушы, 1999ж. 
5.Б.Шаймерденкеліні,  «Жақсы жар  бола  білу  -  өнер»,  «Ерке-Нұр»  журналы,  
№2, 2008ж. 
         6. 
Ибраева  А.Д.  Жазушының  шығармашылық  шеберханасының 
ерекшеліктері  //  ҚазҰПУ  Хабаршысы  «Филология  ғылымдары»  сериясы  2014 
№ 2. 
Аннотация: 
В  статье  расматривается  проблемы  творческого  лаборатории 
писателя.  Определение  темы,  сбор  материалов  из  разных  источников, 
превращения  жизненной  правды  в  художественную  правду,  поиски  в 
изучении характера персонажа – все эти уровни произведения показывают 
свойственный писателю художественный почерк. 
Ключевые  слова:  произведения,  тема,  художественная  особенность, 
творческая лаборатория. 
Abstract

 
29 
Input  a  word  in  the  article  the  problem  of  the  creative  laboratory  of  the 
writer.  Definition  of  the  topic,  the  collection  of  materials  from  different  sources, 
transformations truth of life in the artistic truth, the quest to explore the nature of 
the character - all these works show the typical levels writer artistic handwriting. 
Keywords: artwork, theme, art feature art laboratory. 
 
 
УДК: 930:394 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал