С. А. Жиренов Бас редактордың орынбасары


М.МАҚАТАЕВТЫҢ КӨРКЕМДІК СТИЛІ



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет2/14
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

М.МАҚАТАЕВТЫҢ КӨРКЕМДІК СТИЛІ 
 
Амирбекова А.Б. - 
Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, 
филология ғылымдарының кандидаты 
(Алматы қаласы) 
 
Аңдатпа 
Мақалада  М.Мақатаевтың  идиостилі  оның  көркемдік  әлем  моделінің 
негізін  салушы  құрал  ретінде  қарастырылады.  Ақынның  шығармаларына 
линговстилистикалық талдау әдістері ұсынылған. Әрт.рлі деңгейдегі тілдік 
бірліктер  автордың  түпкі  ойын  жеткізуде  қандай  қызмет  атқаратыны 
талданады,  поэтикалық  мәтіндегі  терең  ойды  танытудағы  ерекшеліктері 
қандай  екені  анықталады.  Поэтикалық  мәтіндегі  лингвистикалық 
метафоралардың 
бірегейлену 
мәселесі 
қарастырылады. 
Авторлық 
метафоралар  мен  концептуалдық  метафоралардың  өзара  сәйкестігі  мен 
сәйкессіздігі  айқындалады,  мәтіндегі  лингвистикалық  метафораларды 
анықтаудың әдістері ұсынылады.   
Кілт сөздер: көркемдік әлем, метафора, бейнелі таңба, когнитивтік 
стиль.            
 
Ғасыр  ақыны  атанған  М.Мақатаевтың  шығармалары  мен  тілі  жан-
жақты  зерттеліп  келеді.  Ақынның  көркем  сөз  тудыру  тәсілдері  де,  өлең  сөз 
құрылымына  қосқан  үлесі  де,    көркемдік  шеберлігі  де,    көріктеуіш 

 
11 
құралдарды  тудыру  ерекшелігі  де  айқындалып  келеді.    Тілші,  әдебиетші 
мамандар  үшін  бейнелі  сөздің  шебері  ретінде  жоғары  бағаланатын 
М.Мақатаев  заман  ағымын  талғамай-ақ  көпшілік  оқырман  үшін    тұшынып, 
сүйсініп  оқитын  сүйікті  ақынына  айналып  келеді.  Өлеңі  мен  өлеңіндегі 
идеясы  өшпей,  мәңгілікке  қызмет  етуінің  басты  құпиясы  –  ақынның  жалпы 
метафизикалық  ұғымдардың  (өмір,  өлім,  тағдыр,  ақыл,  қайғы,  қуаныш) 
көркемдік әлемін шебер жасау қасиетінде.  
Ақынның  көркемдік  әлемін  әрбір  оқырман  өздігінше,  өзінің  өмір 
жолымен  салыстыра  отырып  түсінеді.  Сондықтан  ақынның  айтпақ  ойы  мен 
оқырмандардың  түсінгені  дөп  келе  бермеуі  мүмкін.  Ең  бастысы,  ақынның 
өлеңдеріндегі  құндылық  –  бір-біріне  ұқсамайтын  екі  дүниенің  үйлесімін 
тауып  бейнелі  сәйкестендіру.  Осы  құндылықты  сезіне  білген  оқырман 
М.Мақатаевты сүйсіне де, сағына да оқиды.  
Ақынның  осы  бір  тұлғалық  ерекшелігін,  бейнелеу  шеберлігін
өлеңдеріндегі бейнелі құндылығын, яғни ақынның көркемдік әлемін ашатын 
бейнелі  сөздерін  жинақтап,  сөздік  ретінде  ұсынуды  жөн  көрдік.  Сөздікте 
ақынның  негізінен  индивидуалды-авторлық  метафоралары,  оның  ішінде 
бейнелі метафоралары, аталым метафоралары жеке-жеке берілді. Содан кейін 
ақынның  шығармаларында  жиі  кездесетін  өмір,  өлім,  тағдыр,  жастық, 
кәрілік,  балалық  шақ,  қайғы,  бақыт  ұғымдарын  бейнелі  түсіндірген 
концептілік  метафоралары  ұсынылды.    Сөздіктің  метафоралардан  басталуы 
кездейсоқ  емес.  Себебі,  ақынның  бейнелі  тіліндегі  басымдылық  осы 
метафоралық  көріктеуіш  құралдарға  берілген.  Одан  кейін  ақынның  жеке 
бейнелі  әлеміндегі  теңеулері  жинақталып  берілді.  Теңеулерінен  кейін  ақын 
тіліндегі индивидуалды қолданыстағы эпитеттері ұсынылды.  
Ақынның бейнелеу шеберлігіндегі басты ерекшелік  – жансызға жан бітіріп, 
жандыны  жансыздандыру,  адамзаттың  мінезін  табиғат  құбылыстарымен 
теңеу,  керісінше,  табиғатқа  тіл  беріп,  адамша  әрекеттендіру.  Осылайша 
бейнелеу  тәсілдері  арқылы  ақын    керемет  перифраздарды  дүниеге  әкелген.  
Тағдырды  қамшы  ұстап,  арба  айдаған  ұры  арбакешке,  өлімді  Қорқыттың 
көріне,  Күнді  шашын  бірде  жайып,  бірде  түйген  қызға  ұқсатуы,  күнделікті 
тіршілікті  зырылдаған  ұршыққа,  өмірдің  бақытты  сәттерін  жарқ  еткен 
найзағайға  телуі,  өсекті  қанден  итке  теңеуі,  тағдырды  балаққа  жабысқан 
күшікке ұқсатуы ақынның жалпы адамзаттық стереотиптен тыс, эстетикалық 
стереотипте  тану  қабілетінен  туындаған  суреттемелерден  жасалғанын 
байқаймыз. 
 
М.Мақатаевтың  көркемдік  әлеміндегі  жиі  қолданылған  бейнелі 
таңбаларды 
іріктеп 
алғаннан 
кейін, 
оның 
бейнелі 
сөздеріне  
лингвостилистикалық  талдау  жасауға  әлдеқайда  жеңіл  болады.  Себебі, 
жоғары  аталған  басты  бейнелі  таңбалар  ақын  тіліндегі  метафоралық 
қолданыстарда да, теңеуде де, перифраз құрылымдарында да қолданысқа ие 
болған. Ең бастысы, аталмыш бейнелі таңбалар ақынның концептосферасын 
тануға  үлкен  мүмкіндік  береді.  Қорыта  келгенде,  ақынның  көркемдік  әлем 
жасау  моделін  анықтау  арқылы  оның  бейнелі  сөз  жасау  шеберлігін  де 
айқындауға болады.  

 
12 
        
          М.Мақатаевтың көркемдік әлем жасау моделін былайша танытуға 
болады: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
М.Мақатаев шығармаларындағы метафоралар 
М.Мақатаев  көркемдік  стилінде    уақыт    ұғымының    құрылымдық  
элементі    -  күн.    Автор  танымында  оның  жылдам  өту  сипаты  сынаптың 
физикалық    болмысымен  салыстырылады.  Сырғанап  барасыңдар  сынап–
күндер. Автордың осындай  логикалық  бейнелеу шеберлігінің нәтижесінде 
өзінің  танымын,  бағасын  айқындауға  болады.    Мысалы    мәтінде    автор  
қазақтың  кең  байтақ  жерін  танымындағы  стереотиптік  таңбалар  арқылы  
қара    қазанға    бейнелейді.    Қазақ    ж ері    -    алып    бір  қара  қазан,  қазанда 
қайран ж ұртым қуырылды [1].  
Гарсиа  Лорка  поэзиядағы  метафора    туралы    мынадай    баға    береді:  
«Мен  үшін  қиял – жаңалық  ашумен  синонимдес.  Ал  метафора – қиялдың  
өкіл  баласы.  Метафора  кенет  жарқ  еткен  интуиция  мен  алдын  ала  сезу  
қабілеттері    арқылы    қалыптасады.  Поэтикалық  қиял  заттар    мен  
құбылыстарды  өздігінше  өзгертіп,  өздігінше  байланыстырады» [2]. 
Демек,    метафора  –  автор  санасындағы  логикалық  операциялардың  
бейнелі    көрінісін,    ой    тудыру    моделін  ұтымды  бере  алатын  көріктеуіш 
құрал. Ақынның көркемдік стиліндегі метафораларды бірнеше түрге жіктеп 
қарастыруға болады: 
М.Мақатаевтың көркемдік әлем моделі
 
Табиғат әлемі: 
Тау,  күн,  жел,  қыс, 
көктем,  бұлақ,  өзен,  көл, 
құз,  шың,  мұхит,  жаз, 
күз, 
Жер, 
аспан, 
жауқазын, 
қызғалдақ, 
жусан, көбелек, тұман 
 
 
Материалдық  
құндылықтар әлемі: 
шолпы, домбыра, ұршық, 
қамшы,    бақан,  шаңырақ, 
шәйі  орамал,  ошақ,  қазан, 
шымылдық, кілем, таға, 
 
 
Рухани құндылықтар  
әлемі: 
Өмір, өлім, тағдыр, бақыт, 
балалық шақ, жастық шақ, 
махаббат, соғыс, қайғы, 
егделік шақ, кәрілік, 
жалғыздық, достық 
Эмоциялық әлемі: 
1.Аффект: долдану, 
буырқану, шайқау,  
2. Қуаныш:айқайлау, 
рақаттану, күлу, ләззаттану 
3. Сезіну: ащы, тәтті, 
қышқыл, бал, у, 
Бейнелі сөз жасау моделі 
метафоралар 
теңеулер 
эпитеттер 
Кейіптеу 
бейнелері 

 
13 
1)  Аталым  метафораларының  ерекшелігі  бейнелеуші  бейнеленушінің 
болмысын,  ұғымын,  мағынасын  ашуға  қызмет  етеді.  Мысалы,  Адам  –  бір 
жыныс  тоғай,  Шабыт  –  дүлдүл,  Жүрек  –  бозторғай,    Найзағай  -  аспанның 
қоңырауы, Күз  –диқаншы аға,  Бозбала  – бозбасы,  Қазақ жері  –   алып бір 
қара қазан , Кеуде  –  жүрек сауыты, Кеуде   – жүрек табыты, Кеуде – зындан, 
Жырым– науқастың сандырағы,  Тау – шымылдық   салбыраған,    Күндестік 
–  мыстан,    Көкжал  –  малшының  шақырылмаған  қонағы,  Жырым  менің  – 
шарайна  ,  Дәуір  –  кеме,  Комбайн  –  шаруа  танк,  Бөрі  –  әлсіздердің  жауы, 
Аспан – көк күмбез, Тырналар – аспанның түйелері, Жылан тілі – сағат тілі, 
Қос бұрым – қос жылан, Жарты Ай – тозған таға, Реніш – қосылмас рельстер. 
2)  Бейнелі  -  бағалауыш  метафоралар.  Метафора    арқылы  модельдеу  
ұғымның    автор    танымындағы    мазмұны    мен    оның    интенциясын  
бейнелеуден    туындайды.    Демек    дүниені    модельдеудегі    метафораның  
қызметі  –  ұқсас  бейнемен    ауыстыру;    оның    қолданылатын    формалары  –  
ақиқат  дүниенің    қасиеті,    жағдаяты,    әрекеті,    белгілері.    Метафора  – 
таңбалық    жүйеге    негізделген    тәсіл.    Ол    ұғым    қалыптастыруда    бейне  
арқылы  модельдеумен    қоса,  бағалауыш,    эмотивті,    коннотаттық  
қасиеттерімен  ерекшеленеді.   
Ожардың шарығы                              Қайтер еді ожардың шарығына, 
Ашуымды қайтадан қайрап  алсам 
 
Өмірдің базары                             
Жұбата алмай біреуді бүгін тағы 
Жылап қайттым өмірдің базарынан 
 
Кеуденің тас қамалы                         Ал жүрегің, жүрегің тулап жатыр 
Қирата алмай кеуденің тас қамалын 
 
Көңілдің пернесі                                Мұңдасайық, 
Қос көңілдің пернесін бір басайық 
 
Сараңдықтың сарқыты                 
Сарқылмас берекеңді үлестіріп, 
 
 
 
 
        Сарқытын сараңдықтың маған бердің 
 
Кер үміттің кемесі                     
Әрі күттім амалсыз, бері күттім, 
Кемесіне жармасып кер үміттің 
Тайды қолым, құрдымға құлап түстім 
Мінемін деп бекерге желігіппін 
                                                                                                                                                                                        
Көңілдің архиві                         
Білмегенсің менің кім екенімді, 
Жетпесімді ауылға, жетерімді, 
Сәлем, аға, көңілдің архивінен 
Сен қалдырған бір тозаң көтерілді  
 
Шыңның ақ сәлдесі                           Алыстан ай кеп шыңдардың 
Ақ сәлдесін шешкенде, 

 
14 
  
Құздардың құндыз бөркі            
Таулар!- деп ем 
Тауларым байқамады 
Жартастар таулар деп қайталады 
Құндыз бөркі құздардың шайқалады 
 
М.Мақатаев шығармаларындағы теңеулер 
М.  Мақатаев  тіліндегі  теңеудің  басқа  бейнелі  сөздерден  ерекшелігі 
салыстыру  тура,  айқын  көрінеді.  Ақын  теңеулерінің  бойында  өткір  ой  мен 
әсерлі  бейне  астасып  жатыр.  Екі  нәрсені  теңестіріп,  олардан  ортақ  белгі 
тудырып,  бір  мағынаны  таңбалауын  бақылай  отырсаңыз,  ақынның  қандай 
сезімде,  қандай  әсерде  болғанын,  қандай  ой  айтпақ  болғанын  аңғарасыз. 
Ақынның  салыстыру  арқылы  сипаттаған  тәсілдері,  яғни  әрбір  теңеуі  оның 
нақ  сол  кездегі  көңіл-күйін  де  байқатады.  Демек,  М.Мақатаев  бейнелі 
сөздерді  тудыруда,  ойын  көркемдеп  жеткізуде  жан-тәнімен  сезімге  бой 
алдырады.  
Теңеу  жасау  басқа  бейнелі  сөздерге  қарағанда  оңай  сияқты.  Бірақ  
теңеуді  қалыптастыру  үшін  метафора  сияқты  салыстыру  мен  ұқсатудың  бір 
бөлшегі  (компоненті)  теңестіріліп  қана  қоймайды,  теңеудегі  сәйкестік 
тұтастай болуы шарт. Мысалы, М.Мақатаев қыстың күнгі аппақ қар көмген 
қыстау  бейнесін  бұққан  қоянға  теңеуі  көз  алдына  елестеген  екі  дүниенің 
тұтастай  алынған  көрінісі  арқылы  суреттелген.  Бұққан  қоян  секілді  қыстау 
жатыр, Бұғып алып таудың бір қойнауына.  
 
Ақынның  күрделі  теңеулеріндегі  ортақ  сипат-белгілер  бірден  анық 
көріне  бермейді,  бірақ  қалайда  оны  жобалап  түсінуге  болады.  Ол  үшін 
өлеңнің  тұтастай  мәтінін  оқи  отырып, ақынның айтпақ ойын,  сезімін  сезіну 
арқылы  тануға  болады.    Ақынның  күрделі  теңеулері  сырт  қарағанда  бір-
бірінен 
мүлде 
алшақ, 
алыс 
тұрған 
нәрселерді, 
құбылыстарды 
жақындастырып, салыстыруға мүмкіндік береді.  
 
М.Мақатаевтың  теңеулерін  бірнеше  түрге  жіктеп  көрсетуге  болады. 
1.Дыбыс  теңеулері      санада  қабылданған,  сақталған  дауыстарды  басқа 
дыбыстарды  ұқсату  арқылы  жасалған.  Мысалы,  жетім  жүрек  бөрінің 
қаншығындай ұлиды. Жүрдек пойыз ботасыз өлген інгендей боздай берсін.  
2.  Көру  арқылы  қабылданған  теңеулер.  Адамның  сыртқы  болмысын  санада 
сақталған  басқа  көрініспермен  теңестіру.  Мысалы,  жеңгесінің  жанында 
жүрген  бөтен  еркекті  қарғаның  валетіндей  деп  сипаттауы.  Қарғаның 
валетіндей  едірейіп,  Қасыңа  мына  біреу  қайдан  келген?    бір  бірімен 
жалғасқан  қырларды  гармоньның  қатпарына  теңейді.  Гармоньның 
қатпарындай  қырлары,  бір  созылып,  біресе  қымтанады.  Тізілген 
қарағайларды  сапқа  тұрған  солдатқа  телиді.  Солдаттай  сапқа  тұрған 
қарағайлар. Жұлдыздардың әсем көрінісін стадионға теңейді. Жанып-сөнген, 
жанып-сөнген жұлдыздар іңірдегі стадион секілді. 
3.  Дерексіз  ұғымдарды  нақты  затпен  теңеу.  Мысалы,  арманды  жетелеу 
пойыздың  рельсімен  теңестіріледі.  Бар  пойызды  жетелейтін  рельстей 
барлық  жанды  жетелемес  бір  арман.  Ақын  өз  тағдырын  жүкті  әйелге 

 
15 
теңейді.  Не  туары белгісіз  жүкті  әйелдей    Не  болары  белгісіз  тағдырым  –
ай! Сондай-ақ ақын өмірді жетімнің реңіне ұқсатады.  Өмірім – жетімектің  
реңіндей Өлермен, кім біледі, еш белгім жоқ, Белгісіз миллионның біреуіндей
Ақынның үлкен суреткерлік шеберлігін, ақындық ойлау дүниесін, көркем 
бейнелеу стилін, теңестіру алшақ дүниелерді келістіру үлгілерін оның теңеу 
құрастыру әлемінен айқындап, көз жеткізуге әбден болады. 
 
                                      
 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Мақатаев М. Шығармалары . 4 томдық / М. Мақатаев. - Алматы : Жалын 
баспасы, 2001.  
2.  Гарсиа Лорка Ф. Самая печальная радость... Художественная 
публицистика. М., Прогресс, 1987. 
 
Аннотация 
В статье рассматривается идиостиль в качестве основополагающего 
средства  построения  художественной  модели  мира  М.Макатаева. 
Представлен  метод  лингвостилистического  анализа  произведении  поэта. 
Обращается  внимание  на  то,  каким  образом  языковые  единицы  различных 
уровней  способствуют  реализации  авторского  замысла,  формируют 
глубинные  смыслы  поэтического  текста.  Рассматривается  проблема 
идентификации  лингвистической  метафоры  в  поэтическом  тексте. 
Поднимаются  вопросы  соотношения  «авторских»  и  «концептуальных» 
метафор, проводится анализ методик выявления лингвистических метафор 
в тексте. 
Ключевые  слова:  художественный  мир,  метафора,  образные  знаки, 
когнитивный стиль 
Annotation  
 
The  article  discusses  idiostyle  as  a  fundamental  means  of  the  artistic  world 
model M.Makataev. We present a method of linguistic and stylistic analysis of the 
works of the poet. Draws attention to the way in which linguistic units of different 
levels  contribute  to  the  implementation  of  the  author's  intention,  formed  deeper 
meanings  of the poetic  text.  The problem of identification of linguistic  metaphors 
in  the  poetic  text.  Questions  of  the  relation  "copyright"  and  "conceptual" 
metaphors, the analysis techniques identify linguistic metaphors in the text.   
         Keywords: art world, metaphor, figurative signs, cognitive style 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
16 
        
 ӘОЖ  811.411.21.04       
 
ГЕСИОД – ДИДАКТИКАЛЫҚ ПОЭЗИЯНЫҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ 
 
Г.Б.Тоқшылықова - 
Абай атындағы ҚазҰПУ, қазақ әдебиеті  
кафедрасының аға оқытушысы 
 
Аңдатпа:  Мақалада  көне  дәуірдегі  грек  әдебиетінің  архаикалық  кезең 
өкілі,  дидактикалық  поэзияның  негізін  салушы  Гесиодтың  «Еңбектер  мен 
күндер»,  «Теогония»  атты  поэмаларына  талдау  жасалады.  Гесиод 
шығармаларының  уағыздаушылық,  тәрбиелік  бағытта  жазылуын  ақынның 
өмірлік  жолымен  байланыстыра  көрсетеді.  Ақын  өміріндегі,  жалпы  
дүниетанымындағы ең маңызды нәрсе – еңбек екендігі сараланады. 
Кілт  сөздер:  дидактика,  тәрбие,  еңбек,  эолий,  олимпиялық  құдайлар, 
миф 
 
Гесиод шамамен алғанда б.з.б. VІІІ-VІІ ғасырларда өмір сүрген ежелгі грек 
ақыны.  Гесиод  –  антика  дәуірінің  анық  белгілі  болған  алғашқы  тарихи 
тұлғасы  деуге  болады.  Оның  есімі  бізге  толық  сақталған  «Еңбектер  мен 
күндер»  және  «Теогония»  атты  поэмаларымен  танымал.  Осы  аталған  екі 
поэма б.з.б. VІІ-VІ ғғ. грек әдебиетіндегі дидактикалық және генеологиялық 
жаңа  бағыттың  негізін  салды.  Гесиодтың  туған  жылы  және  дүниеден  өткен 
жылдары белгісіз. Антикалық эпиграммалардың бірі – «дана Гомердің отаны 
болуға  жеті  қала  таласты»  деп  басталады,  яғни  бүкілеуропалық  әдебиеттің 
көшбасшысы  болып  есептелетін  Гомердің  отаны  болуға  жеті  қала,  ал  кей 
деректерде  он  қала  таласады.  Ал  Гесиодтың  дүниеге  келген  жері  жөнінде 
ешқандай  талас  жоқ.  Ол  өз  әкесінің  Эгей  теңізі  жағалуында,  Лесбос 
аралының  оңтүстік-шығысында  орналасқан  эолийлық  Ким  қаласында 
дүниеге  келгендігін  «Еңбектер  мен  күндерде»  жазып  қалдырған.    Гесиод 
Кіші  Азиядағы  Кимде,  нақтырақ  айтқанда,  Эолида  деген  жерде  дүниеге 
келген.  Әкесі  саудамен  айналысқан.  Бірақ,  бар  мүлкінен  айрылғаннан  кейін 
Грекияға  көшіп,  Беотия  деген  жерде  орналасқан  Аскра  елді  мекеніне 
қоныстанады.  Бұл  Геликон  тауының  етегіне  орналасқан  қысы  суық,  жазы 
қатты  ыстық,  шаруашылыққа  қолайсыздау  жер  болатын.  Жастайынан 
қиындықты, жоқшылықты көп көрген Гесиод ауыр жұмыс пен кедейліктің не 
екенін  біліп  өседі.  Әкесінің  қазасынан  жолы  болмай,  үнемі  сәтсіздіктерге 
ұшырап  жүреді.  Себебі,  әкесі  қайтыс  болғаннан  кейін  артында  қалған  жер 
иелігін Гесиодтың туған бауыры Перс тартып алады. Бұл жайға Гесиод қарсы 
болып,  келіспеушілік  білдіргенімен,  Перс  сот  мүшелерінің  аузын  алып,  істі 
өз  пайдасына  шешкізеді.  Мұнан  кейінгі  ағайындылардың  қарым-қатынасы 
бізге  белгісіз.  Бірақ  Гесиодтың  «Еңбектер  мен  күндер»  поэмасында  өз 
бауырын  адал  еңбек  етуге,  жақсылыққа  шақыруын  зерттеушілер  екі 
ағайынды жігіттің татуласқандығы деп түсіндіреді. 

 
17 
 «Еңбектер  мен  күндер»  –  біздің  заманымызға  дейін  жеткен  гректің 
дидактикалық  (уағыздаушылық)  поэмасының  жалғыз  үлгісі.  Ол  ақынның 
бауыры Персті тәрбиелеу үшін жазылған дүниедей болып көрінеді. Бірақ, бұл 
адресатқа  қарата  сөйлеу  –  тек  дидактикалық  дәстүрдің  ерекшелігі  болып 
табылады.  Шын    мәнінде    поэма  қалың  бұқараға  бағытталған  болатын. 
Көптеген  ғалымдар  пікіріне  сүйенсек,  Гесиодтың  «Еңбектер  мен  күндер» 
поэмасының  сюжеті  ақынның  өз  өмірімен  тығыз  байланысты.  Туындыда 
ақынның  Перс  есімді  бауырымен  арасындағы  қарым-қатынасы  жырланады. 
Әкесінен  қалған  мұраны  бөліскенде  Перс  оны  сазға  отырғызып  кеткен 
болатын.  Бірақ,  бар  уақытын  сауық-сайранмен,  көңіл  көтерумен  өткізген 
Перс  аз  күнде  барынан  айрылып,  кешірім  сұрап  Гесиодқа  келеді.  Бізге 
жеткен  деректер  поэманың  Гесиодтың  өз  қолымен  жазылған,  төлтумасы 
екендігін айтады. Шығарманы басқаша «Адал еңбек» деп те атайды. Себебі, 
поэмада Перске арналған: «Жұмыс істеуден шаршама, ақылсыз  Перс!», «бір 
жұмысты бітірсең, басқасына кіріс!» деген сөздер жиі кездесіп отырды. Ақын 
айтайын деген ойын поэмада алуан түрлі тәсілдермен жеткізеді. Оның негізгі 
мақсаты  –  бұқара  халыққа  адал  еңбектің  арқасында  ғана  игілікке  қол 
жеткізуге  болатындығын  дәлелдеу  болады.  Ол  өмірдің  игілігін  тек  еңбек 
арқылы ғана иеленуге болды деп сенді. Адам баласы ерінбей, көп еңбектену 
қажет деп білді, себебі бұл ауыр жұмысты Прометейдің әрекеті үшін Зевстің 
жіберген жазасы деп түсінді. 
Гесиодтың өз бауыры Перске шын жүректен айтқан тәлімі, ережелері мен 
сақтық  шараларын  табу  сөздермен,  наным-сенімге  қатысты  сөздермен 
жеткізуі шығарманы тартымды ете түседі. Мысалы: Мөлдір бұлақтың ішінде 
тазарудың алдында нимфаларға сыйынуды ұмытпау керек; құрбандық шалар 
алдында дәрет  алу  қажет;  құдайға  сыйынған  уақытта  жалаңаш  тұруға  қатаң 
түрде тыйым салынған; дастархан басында тырнақ алуға болмайды; үйленген 
кезде  өз  арманыңды  құстарға  айтып,  құдайларға  жеткізу  үшін  оларды 
ұшырып жіберу қажет; адал еңбекпен тапқан байлық артық; еңбек еткен ұят 
емес, жұмыссыздық ұят; аш қалғың келмесе, жұмыс істе т.б. Мұнымен қоса, 
автор  еңбегінде  қасиетті  күндер  тізімі  де  көрсетілген.  Атап  айтқанда, 
болашақ  ұл  баланың  дүниеге  келуіне,  астықты  жинайтын,  малдың  жүнін 
қырқуға қолайлы, жабайы бұқаны қолға үйретуге әсер ететін белгілі күндері 
болатындығын, яғни сәтті күндерді жазып отырған. Жер иеленушінің еңбегін 
суреттегенде  ақын  түрлі  кеңестер  беріп,  күнтізбелік  тәртіп  бойынша 
күндерге  жіктеп  береді.  Ақын  қай  күндері  аңға  шығу  сәтті  болатындығын, 
қай уақытта астық жинаудың қолайлы екендігін де көрсетіп отырады. Мейлі 
шаруашылықта  болсын,  ақын  көзқарасы  бойынша  «бақытты»,  «бақытсыз» 
күндер  болып  отырмақ.  Ақын  үй  шаруашылығына  сондай-ақ    көршілермен 
байланысқа  қатысты  да  ақыл-кеңес  беріп  отырады.  Мысалы  оның 
поэмасында  «тек  қолы  ашықтарға  ғана  бер,  бермейтіндерге  ештеңе  берме» 
деген  сөздер  кездесіп  отырады.  Гесиод  осы  еңбегі  арқылы  кең  танымал 
болды.  Кейде  тіпті  атағы  эпик  ақын  Гомерден  де  асып  түсіп  отырған. 
«Еңбектер  мен  күндер»  поэмасында  Гесиод  моралист  және  жер  өңдеу  
еңбегінің  ақыны  ретінде  танылады.  Кей  деректерге  сүйенсек,  оның  орта 

 
18 
шаруалы  жер иеленуші  болғандығы,  құл  ұстап,  жалдамалы  адамдар  еңбегін 
пайдаланғанымен,  егістіктегі  негізгі  жұмысты  өз  қолымен  істегені 
аңғарылады. 
Антика  әдебиетінің  тарихын  зерттеушілер  Ф.Г.Волькер,  Ф.Зольмзеннің 
пайымдауынша,  Гесиодтың  аты  эолий  тілінде  қойылған.  Эолий  тілінде 
«Айсиод» деген сөз «жыршы», «жырау» деген мағынаны білдірген. Гесиод өз 
шығармаларында эолий диалектісін қолданған. Гомер екеуі айтысқа түскенде 
де,  Гесиодтың  эолий  тілінде  сөйлеуі  мүмкін  деген  пайымдамаға  сүйеніп, 
зерттеушілер  Гомер  де  эолий  тілінде  сөйлеуі  мүмкін  деген  болжам  айтады. 
Гесиод  мықты  шешен  болды.  Эпикалық  сарындағы  өлеңдерді  жырлады.  Өз 
шығармаларында  кішіазиялық  батырлық  эпостың  тілі  мен  стилін,  әдісін 
қолданып  отырды.  Өз  заманының  абызы  іспетті  бұқара  халықты  өлеңдері 
арқылы бірлікке, ынтымаққа, әділдікті сүюге шақырып отырды.  
Бізге  жеткен  деректерде  айтылғандай,  әскери  жорықта  қайтыс  болған 
Халкид патшасы Амфидаманттың (Амфидем) құрметіне Панед патша үлкен 
ас  беріп,  түрлі  жарыстар  ұйымдастырады.  Бұл  жарысқа  Гесиод  та  қатысып, 
оның  басты  қарсыласы  атақты  Гомер  болды.  Бір  таңқаларлығы  Гомер  мен 
Гесиодтың  айтысы  туралы  дерек  біздің  заманымызға  дейін  сақталған.  Екі 
ақын  арнайы  шақырумен  Эвбейге  барып,  Амфидамант  патшаны  жерлеу 
кезінде  айтысқа  түскен.  Ол  жөнінде  грек  ақыны  Плутарх  егжей-тегжейлі 
жазып  кеткен.  Ақындар  айтысында  Амфидаманттың  інісі  Панидтің  шешімі 
бойынша  жеңіс  «соғыс  пен  жаугершілікті»  жырлаған  Гомерге  емес,  «еңбек 
пен  диқаншылықты»  дәріптеген  Гесиодқа  беріледі  [1].  Бұл  оқиғаны  Гесиод 
«Еңбектер  мен  күндер»  поэмасында  жазып  қалдырған.    Яғни:  «Алдын-ала 
шақырылып,  Амфидамант  патшаның  құрметіне  өткізілген  айтысқа  қатысу 
үшін Халкидке бардым. Ұлдары мол сыйлық атаған екен. Бас бәйгеге тіккен 
құлақты  аспалы  ошақты  жеңіп  алып,  Геликон  музаларына  сыйға  тарттым» 
деп баяндайды. Жоғарыда айтылғандай, жеңіс Гесиодтың еншісіне бұйырды, 
себебі  жарыстарды  ұйымдастырған  Панед  патша  Гесиод  орындаған  «жер 
өңдеу ісі және бейбітшілік» мазмұнындағы жырларына оң қабақ танытты. Ал 
керісінше,  Гомердің  «жаугершілік  шапқыншылықтар»  туралы  жырларына 
қарсы болды. Осы әрекеті үшін Панед патша грек мақал-мәтелдерінде «ақыл-
есі  төмен  адам»  бейнесінде  сипатталады.  Себебі,  грек  халқы  әрдайым  эпик 
ақын  Гомерді  ерекше  құрметтеген.  Ақындар  жарысының  өткен  уақытын 
жуықтап  шамамен  б.з.б.  VІІІ-VІІғғ.  деп  есептегенде,  бұл  Гесиодтың  өмір 
сүрген кезеңі жөнінде маңызды мәлімет береді.  
Жалпы,  айтыс  өнері  түркі  халықтарына  тән  делінгенімен,  Кіші  Азияда 
эолийлер  арасында  да  ол  жақсы  сақталған.  Эолийлықтардың  шешендік, 
жыршылық өнері жақсы дамып, ол гректер арасына кең тараған. Гесиод шын 
мәнінде мықты ақын әрі шешен болды. Бұл жөнінде «Теогония» поэмасында 
былай  деп  жазады:  «Жас  кезімде  күн  көру  үшін  мал  бақтым.  Бір  күні  көз 
алдыма  геликондық  нимфалар  келіп,  менің  бойыма  құдіретті  өлең  шығару 
қабілетін  сіңдірді.  Сонымен  қоса  қасиетті  лавр  ағашынан  жасалған  таяқ 
сыйлады»  деп  жазады.  Яғни,  Геликон  баурайында  қой  бағып  жүргенде 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет