С. А. Жиренов Бас редактордың орынбасары



жүктеу 5.01 Kb.

бет14/14
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Оразбаева Ф. «Тіл әлемі». Мақалалар мен зерттеулер. Алматы: Ан 
Арыс, 2009. – 368 б. 
2.
 
Нұрғалиев Р. Абай энциклопедиясы. – Алматы, 1995. 
3.
 
Балақаев М. Қазақ тілінің стилистикасы. – Алматы, 1966. –25 б. 
4.
 
Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы, 2006.  
Аннотация 
В  данной  статье  рассматриваются  особенности  применения 
эпитетов в поэзии М.Жумабаева. Рассматриваются применение авторских 
эпитетов  и  их  языковая  природа.  А  также    рассматриваются 
стилистические особенности эпитетов в поэзии М.Жумабаева.  

 
128 
Ключевые  слова:  образность,  стилистические  особенности,  новый 
эпитет, авторская цель. 
        
Annotation  
This  article  discusses  the  features  of  the  application  of  epithets  in  poetry 
M.Zhumabayev.  We  consider  the  use  of  epithets  and  copyright  of  their  linguistic 
nature.  And  also  considered  the  stylistic  features  of  epithets  in  poetry 
M.Zhumabayev. 
 Key words: imagery, stylistic features, a new epithet, the author's purpose 
 
 
ӘОЖ 801.81 (18) 
 
Т.ЖОЛДЫҰЛЫ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҚЫТАЙ СӨЗДЕРІНІҢ 
ҚОЛДАНЫСЫ 
 
Дюсекенова А. -  
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, филология 
институтының 4-курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к. Е.С.Қасенов  
 
Аннотация 
Мақалада  Таңжарық  Жолдыұлының  шығармаларындағы  қытай  тілі 
сөздерінің  қолданысы  қарастырылған.  Ақын  туындыларындағы  қытай  тілі 
сөздерінің 
қолданылу 
ерекшелігі 
сөз 
болған. 
Сондай-ақ 
ақын 
шығармаларындағы  қолданылған  бөгде  тіл  элементтерінің  стилдік 
ерекшелігі де көрініс тапқан.  
Кілт  сөздер:  стилдік  ерекшеліктер,  кірме  сөздер,  авторлық  мақсат, 
тіл элементтері, т.б. 
 
Әр ақын – жазушының өзіне тән стилі мен тілі болатыны баршаға аян. 
Сол  сияқты  Таңжарық  Жолдыұлының  да  өз  стилі  мен  тілі  бар.  «Тілі  нашар  
шығарма ешқашан жақсы шығарма болған емес және бола алмайды.  Демек,  
сөз  өнерінде    тілдің  атқарар  қызметі    бәрінен  ерекше,  бөлек  һәм  биік»  [1, 
185]. Шығарманың  көркемдік, өзіндік бітім-болмысын  айқындауда жазушы 
қолданған    тілдік  құралдың    әрқайсысының  орны  ерекше.  Көркем  шығарма 
тілінде кез келген тілдік құрал орынсыз қолданылмайды. Соның бірі – бөгде 
тіл  элементтерінің  орын  алуы.  Халықтар  арасындағы  саяси,  мәдени, 
экономикалық  байланыстар  тілдің  де  байланысына  әсер  етеді.  Ендеше, 
әлемде  таза  тіл  жоқ  деуге  болады,  ал  таза  тіл  болуы  үшін  сол  тілдің  иесі 
саналатын  халық  немесе  ұлт  басқа  халықтардан  оқшауланып,  байланысқа 
түспеулері  керек.  «Сөздік    құрамында    басқа  тілден    сөз  енбеген    тіл  жоқ 
деуге болады. Дүниежүзіндегі түрлі тілдерде  сөйлейтін халықтар өзара бір-
бірімен    қарым-қатынаста  болады  да,  бір-біріне  сөз  ауысады»  [2,  152].
 
Сондықтан қазақ тілінің қазынасына баланған ақындар шығармашылығында 

 
129 
да  кірме  сөздер  мен  бөгде  тіл  элементтерінің  орын  тебетіні  заңды  іс.  Ал 
Таңжарық  Жолдыұлының  шығармаларында  да  бөгде  тіл  элементері  де 
жеткілікті.  «Жеке  жазушының  тіл  өрнегінің  толып  жатқан  бояу-бедері, 
өзіндік  өсу,  жетілу  жолдары  болады.  Көркем  әдебиет  тілінің    нәзіктігі  көп 
жағдайда  жазушының  белгілі  бір  сөздерді    «мағыналық  топқа  иіру»,    яғни  
сөздерді  өзара мағыналық байланысқа  түсіру шеберлігімен байланысты» [3, 
88].
 
 
Ақын қазақ тілінің құнарын толық меңгерумен қатар бірнеше тілді жетік 
білген әрі қазақ тіліне төл сөзіндей сіңісіп кеткен кірме сөздерді де орнымен 
қолдана  білген.  Ақын  поэзиясындағы  бұл  интернационалдық  өзгешелік  сол 
кездердегі  тарихи  жағдайларға  қазақ  халқының  материалдық,  рухани, 
мәдениет,  әдебиет  өмірінде  жер  жүзіндегі  басқа  да  көптеген  ұлттармен, 
халықтармен  тағдырластық,  аралас-құраластық,  кең  тұтасқан  тарихи 
байланыстарының  болғандығын,  тағы  бір  жақтан  ақынның  көп  тіл  білгенін 
дәлелдейді.  Мұнда  ақын  көбінесе  қытай  тілін,  орыс  тілі  мен  халықаралық 
ортақ тілдерді және араб, парсы, түркі ұлттарының тілдерін тілдік бірліктерін 
қолданған. 
Таңжарық  ақынның  поэзиясында  қытай  тілінің  сөздерін  қолдануы  өз 
ұлтының  ырқына  бағындыру,  халықтық  тіл  мен  әдеби  тілін  дамыту, 
кемелдендіру, ұстарту шеңберінде іске қосылды. Қытай қазақтарының билігі 
сол  мемлекеттің  иесі  саналатын  қытай  халқына  тиесілі  екені  шындық. 
Ендеше,  қытай  жерінде  (отардағы  қазақ  жері)  өмір  сүретін  қазақтардың 
тілінде  қытай  сөздерінің  көрініс  табуы  заңды  іс.  Бұл  құбылыс  ең  алдымен 
әдебиетте  орын  алатыны  да  шындық.  Сондықтан  да  қытайша  сөздер  ақын 
поэзиясында  кеңінен  орын  алып,  қолданыс  тапқан.  Таңжарықтың  қытай 
тілінен алып қолданған сөздерінде (басқа тілден енген сөздерде де) мынадай 
үш ерекшелік бар: 
1)
 
Қытай  тілінен  қолданған  сөздерді  өздерінде  қалай  айтылса  дәл 
солай қалпын бұзбай қолданған. 
...Жың дарын, Тоқтақын мен үш-төрт қазақ, 
Жиыны алты кісі мал жиып ек. 
Бәріңнің бұрынтыннан естуің бар, 
Атанған шуетаң жиншаң патшалық деп... [10] 
немесе: 
...Жүз шерікке лианжаң боп, 
Қанатбек болыс ілінді. 
Мұсақан болды дадұйжаң, 
Дербістен шыққан шерікке. 
...Сүлейменді пәйжаң қып, 
Ысқақты қойды фудұйжаң... [84-85] 
Көріп отырғанымыздай бұл өлеңдерінде қытайша сөздер грамматикалық 
жақтан да, фонетикалық жақтан да, мағыналық жақтан да ешқандай өзгеріске 
түспеген. Мұндағы қытайша сөздер мынадай мағына береді: 
Жың дарын – мәртебелі жіке. 
Шуетаң жыншаң – мектеп қашан да. 

 
130 
Лианжаң, дадұйжаң, фудұйжаң – әскери мансап атаулары. 
Пәйжаң – аудармашы, тілмәш. 
2)
 
Қытайша  сөздерге  қазақ  тілінің  грамматикасына  сәйкес 
жалғаулар жалғап қолданған. 
...Мәлімдеп болған істі, қойып қалдық, 
Сылиңның жетеді деп бұған күші. 
Ата деп, сылиыңым деп жүргенде 
Кеселдің сонда екен бір жақ ұшы. 
Барып ек елдің қамын ескерсін, деп, 
Залымды ел бұзушы жек көрсін, деп, 
Яу сылиң оқып көріп түсінген соң, 
Беріпті гүң әнжүйге тексерсін деп... [147] 
Мұнда сылиың (қолбасы, генарал) деген сөз біріншісінде ілік септігінде 
тұрса,  екіншісінде  тәуелділік  жалғауының  ІІ  жағында  тұр.  Ал  гүң  әнжүй 
(қоғам  қауіпсіздігі  мекемесі)  деген  сөзге  барыс  септігінің  жалғауын  жалғап 
қолданған. 
...Бір күні, – көтер, – деді, – шыңлиыңды 
Көресің сол арадан зор сыйыңды. 
Жүгіндей диуананың буып-түйіп, 
Арқаға көтердім мен шыңлиымды... [165-166] 
Бұл өлеңде де шыңли (жүк) деген сөзге бірде тәуелділік жалғауының ІІ 
жағында  тұрып,  табыс  септігінің  жалғауы  жалғанса,  енді  бірде  тәуелділік 
жалғауының  І  жағында  тұрып,  және  де  табыс  септігінің  жалғауы  жалғанып 
қолданылған. 
3)
 
Қытайша  сөзді  фонетикалық  жақтан  қазақ  тіліне  бейімдеп 
қолданған. 
...Артында шаршы шпион ұяңдардың 
Қалды ғой қазақ байқұс табанында... [146] 
Мұндағы  ұяң  сөзі  әсілінде  қытайдың  июән  (жора)  деген  сөзінен 
шыққан.  Яғни,  өкіметтің  халық  арасына  жіберген  өкілі  әрі  тыңшылары. 
Таңжарық  бұл  өлеңінде  ұяңдардың  халыққа  істеген  озбырлықтары  мен 
қиянаттарын  айта  отырып,  олардың  пасық  әрі  зұлым  екенін  жан-жақты 
әшкерелейді.  Таңжарық  өз  өлеңдерінде  тағы  да  мынадай  қытайша  сөздерді 
қолданған: 
Лау – салық, алман. 
Бау – мәлімдеу, жеткізу. 
Мампаң – мәнсап атауы. 
Дутұң – аймақ дәрежелі билік атауы. 
Сәйсі – алман, салық. 
Дәйбиау – өкіл. 
Гауляң – астықтың аты. 
Мома – буға пісірілген нан. 
Сың – өлке, аймақ. 
Кули – ішкері, орталық жақ. 
Леху – Іле аңғары. 

 
131 
Шың  дубан  –  Шың  –  Шың  Шысайдың  фамилиясы,  дубан  –  әскери, 
әкімшілік шен. Ең зор бақылаушы. 
Пән ди хұй – жиһангерлікке қарсы тұру жиналысы. 
Гұңфан – қылмыскер жұмысшы. 
Яңпың шан – аурухана. 
Жаңзы – егінші ауыл, қоржа. 
Тұңлиң – тұтас басқарушы. 
Шәнжі – сырғауыл. 
Шиаңио – ауыл бастығы. 
Қытайша сөздердің кейбіреулерін шығармаларына жеке-дара емес тіркес 
күйінде кірістірген. Мәселен: 
...Шарт етіп ашылды есік шалдыр-шұлдыр. 
«Таңжаликы, чилай!»( Таңжарық, тұр орныңнан!) деп асығыспен
Күзетші сөйлеп кетті балдыр-бұлдыр. 
Түрегеп апаш-құпаш киінгенше 
Қылтама екі тепті құдай ұрғыр. [155] 
 
...Қайғыма ортақтасып көңіл бұзып, 
Отырды басын сипап қағаз сызып. 
–  Бұяужин,  бұхайпа  (Ештеңе  етпейді,  шошымаңыз)  –  деп,  сүйеп 
барып, 
Қойды әкеп орындыққа отырғызып. 
 
Мейірімді жақсылығын көзім көрді, 
Ағыздым нұрлы жүзден жас пен терді. 
– Мұңайма, ер басына не келмейді, 
Чуян (Темекі тартыңыз) – деп темекісін әкеп берді. [157-158] 
 
...Тапанша жамбасында бұлаң қағып, 
Келді де төртінші үйді кілтпен ашты. 
Итеріп, «желекті» алып, үйге қарай, 
«Рын гуды шиұң ди» (Иттің ғана күшігі) деп заһар шашты... [173]  
Зер  салып  қарасақ  ерекшеленіп  жазылған  сөздердің  қытай  тілінде 
сұрақшы  кейіпкердің  қытай  екендігіне,  ол  жөніндегі  қазақ  тіліндегі 
«елжіреп», «ол мені таниды екен тірлігімде», «көңіл бөліп», «басын сипап», 
«қағаз  сызып»  деген  образды  суреттеуді  күшейтіп,  оның  Таңжарық  ақынға 
жанашырлық  позицияда  болғандығына  тіпті  де,  айқындық  дәлдік, 
ықшамдылық, нақты шындық, жарастық бағыштап тұр. 
Түйіндей  келгенде,  Таңжарық  поэзиясында  тек  қазақтың  төл  сөздері 
ғана емес, сонымен қатар басқа халықтардың сөздері де жиі ұшырасады. Бұл 
–  ақынның  олақтығы  емес,  керісінше  білімділігі,  алғырлығы,  тапқырлығы. 
Өзге  тілдің  сөздерін  орын-орнымен  қолданып,  поэзия  тілімен  құбылтып, 
құлпырта  білсе,  оның  өзі  өлеңнің  көркемдігі  мен  мәніне,  сұлулығы  мен 
тереңдігіне  өзінше  бір  әсемдік  дарытып,  өзегіне  нәр  беретіні  хақ.  Демек, 

 
132 
бөгде сөздерді өз орнымен қолдану шеберлігіне қарап Таңжарық Жолдыұлын 
үлкен білім мен тарлан таланттың иесі деп айта аламыз. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Қабдолов З.  Сөз өнері. – Алматы:  Қазақ университеті, 1992. – 352 б. 
2.
 
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. –Аматы: Санат, 1993. – 496 б. 
3.
 
Балақаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. – Алматы: Қазақстан, 
1965. – 187 б. 
Аннотация 
В  данной  статье  рассматриваются  применения  китайского  языка  в 
произведениях  Т.Жолдыулы.  Рассматриваются  особенности  применении 
слов 
китайского 
языка 
в 
произведениях 
писателя. 
А 
также 
рассматриваются стилистические особенности иных элементов языка.  
Ключевые 
слова: 
заимствованные 
слова, 
стилистические 
особенности, китайские слова, авторская цель 
Annotation  
This  article  discusses  the  use  of  the  Chinese  language  in  the  works 
T.Zholdyuly. The features of the application of the words of the Chinese language 
in  the  works  of  the  writer.  And  also  considered  the  stylistic  features  of  other 
elements of the language. 
   Keywords: Loan words, stylistic features, the Chinese words, the author's 
purpose. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
133 
 
 
БІЗДІҢ АВТОРЛАР // НАШИ АВТОРЫ 
 
Амирбекова  А.Б.  –  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық 
университеті,  Қазақ  тілі  теориясы  мен  әдістемесі  кафедрасының  аға 
оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, Алматы қаласы 
Абенов Д.Е. – магистрант  2 курса Казахский национальный педагогический 
университет  им.  Абая,  институт  магистратуры  и  PhD  докторантуры, 
факультет  гуманитарных  наук,  кафедра  истории  и  культуры  Казахстана, 
город Алматы 
Асанов  Ж.Т.  –  Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық  педагогикалық  университеті, 
Магистратура  және  PhD  докторантура  институтының  2  курс  магистранты
Алматы қаласы 
Абдыкалыкова    А.Е.  әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ,    Заң  факультеті, 
Азаматтық құқық және   азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының 
2-курс магистранты, Алматы қаласы 
Алманбетов  Қ.Н.    –  Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық  педагогикалық 
университеті,  Магистратура  және  PhD  докторантура  институтының  1-курс 
магистранты, Алматы қаласы 
Бағыбаева  Н.М.  –  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық 
университеті,  Магистратура  және  PhD  докторантура  институтының  2  курс 
магистранты, Алматы қаласы 
Дюсебекова Г. – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 
Филология институтының 3-курс студенті, Алматы қаласы 
Дюсекенова А. – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 
Филология институтының 3-курс студенті, Алматы қаласы 
Ертуғанұлы Ж. - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 
Магистратура  және  PhD  докторантура  институтының  1-курс  магистранты, 
Алматы қаласы 
Жиренов С.А. – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 
Қазақ  тілі  теориясы  мен  әдістемесі  кафедрасының  аға  оқытушысы, 
филология ғылымдарының кандидаты, Алматы қаласы 
Ибраева  А.Д.  –  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университеті, 
Қазақ  әдебиеті  кафедрасының  аға  оқытушысы,  филология  ғылымдарының 
кандидаты, Алматы қаласы 
Қасенов  Е.С.  –  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университеті, 
Қазақ  тілі  теориясы  мен  әдістемесі  кафедрасының  аға  оқытушысы, 
филология ғылымдарының кандидаты, Алматы қаласы 
Масакова Э. - магистрант 1 курса специальности Русский язык и литература 
Института  магистратуры  и  докторантуры  PhD,  Казахского  национального 
педагогического университета имени Абая, город Алматы 
Мадешова Г.Б. - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 
Магистратура  және  PhD  докторантура  институтының  1-курс  магистранты, 
Алматы қаласы 

 
134 
Мирзабаева Айгуль – магистрант Института магистратуры и докторантуры 
PhD,  Казахского  национального  педагогического  университета  имени  Абая, 
город Алматы 
Назарымбетов  Е.  -    Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық 
университеті,  Магистратура  және  PhD  докторантура  институтының 
6М010700- бейнелеу  өнері  және  сызу  мамандығының магистранты,  Алматы 
қаласы 
Нұрманова  Г.Қ.  –  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық 
университеті, Магистратура және PhD докторантура институты  6М010200  -   
«Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1курс 
магистранты, Алматы қаласы 
Сапарбек  Б.  –  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университеті, 
Филология институтының 4-курс студенті, Алматы қаласы 
Содиықова  Ж.М.  –  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық 
университеті, Филология институтының 3-курс студенті, Алматы қаласы 
Секербаева  Ж.С.  –  Казахский  Национальный  Педагогический  университет 
им. Абая,институт Магистратуры и PhD докторантуры, город Алматы 
Саймасаева  О.У.  –  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық 
университеті,  Магистратура  және  PhD  докторантура  институтының  1-курс 
магистранты, Алматы қаласы 
Тоқшылықова  Г.  –  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық 
университеті, Қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, Алматы қаласы 
Shotanbayev A. B.  - 2 year master degree student of KazNPU named after Abay 
Шалкеева  Ж.  -  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университеті, 
Магистратура  және  PhD  докторантура  институтының    1курс  магистранты, 
Алматы қаласы 
Шиналиев  Н.  –  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университеті, 
Филология институтының 4-курс студенті, Алматы қаласы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
135 
 
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы «Жас ғалымдар» сериясының ғылыми 
мақалаларды қабылдау  
ЕРЕЖЕСІ 
Абай  атындағы  ҚазҰПУ  Хабаршысы  «Жас  ғалымдар»  сериясындағы    мақалалар 
қоғамдық және жаратылыстану, педагоика мен әдістеме ғылымы бағыттарындағы ғылыми 
зерттеулердегі  жаңалықтар  мен  өзекті  мәселелерді  қамтиды.  Хабаршы  «Жас  ғалымдар» 
сериясына  40  жасқа  дейінгі  жас  зерттеушілер  мен  ғылымға  бейімі  бар  студенттердің 
ғылыми мақалаларын жариялайды.  
Мақала  көлемі  кестелерді,  суреттерді,  пайдаланылған  әдебиеттер  тізімін  және 
негізгі  мәтін  алдында  жазылатын  түйінді  қосқанда  15  беттен  аспауы  керек.  Мәтін 
Microsoft  Word  редакторында  Times  New  Roman  14  пт  әрпімен,  аралық  1  интервалмен, 
үстіңгі және астыңғы жақтарынан  – 2 см; сол жағынан – 3 см және оң жағынан – 1,5 см 
қалдырылып  теріледі.  Бірінші  беттің  ортасына  қалыпты  әріптермен  автордың  аты-жөні, 
оның  астына  мақаланың  аты,  төменіректе  жай  жақшаның  ішінде  жұмыс  орындалған 
ұйымның аты мен қаласы жазылады.  
Суреттер саны 5-тен аспауы керек (биология, физика-математика, химия салалары 
бойынша  10-нан  аспауы  керек)  және  иллюстрациялар  (графиктер,  схемалар, 
диаграммалар) компьютерде салынуы керек.  
Барлық  формулалар  мен  символдар  (математикалық,  физикалық,  химиялық) 
Microsoft  Equation  және  Microsoft  Word  редакторында  теріліп,  нөмірленіп,  сілтемелер 
жасалады.  
Әдебиеттерге  жасалған  сілтемелер  тік  жақшамен  [1,  15  б.]  көрсетіледі. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі төмендегіше жазылады: 
Қалиев  Ғ.  Тіл  білімі  терминдерінің  түсіндірме  сөздігі.  -Алматы:  Сөздік-Словарь, 
2005. - 440 б. 
Хасанов  Ғ.Қ.  Қазақ  тілінің  лексикалық  синтагматикасы:  Ғылыми  монография.  –
Алматы: Үшқиян, 2009. -488 б. 
Қоянбекова  С.Б.  Қазақ  тілі  экспрессивтік  стилистикасының  негіздері.  Фил.  ғыл. 
док... дис.: 10.02.02. Қолжазба. -Алматы: Абай ат-ғы ҚазҰПУ, 2008. -346 б.  
Шойбекова  Ғ.Б.  Ұлттық  танымның  сөз  тудырудағы  рөлі  //  Академик  Ә.Т.Қайдар 
және тіл білімінің мәселелері. -Алматы, 2004. -204-207 бб. 
Мақала төмендегі құжаттармен қоса екі данада және СD дискімен қабылданады:    
1.  Түйін  (1/3  кем  емес)  екі  тілде  (қазақша-ағылшынша  немесе  орысша-
ағылшынша); 
2.  Жеке  парақта  автор  жөнінде  толық  мәлімет  көрсетіледі  (аты-жөні,  ғылыми 
дәрежесі, ғылыми атағы, жұмыс орыны, мекен-жайы, телефоны, факсы, е-mail-ы).  
3. Студенттер мақаласын жіберген жағдайда (студенттің аты-жөні, оқу орыны мен 
факультеті,  мамандығы,  ғылыми  жетекшісінің  сараптама  пікірі,  мекен-жайы,  телефоны, 
факсы,  е-mail-ы;  ғылыми  жетекшісінің  аты-жөні  мен  ғылыми  дәрежесі,  ғылыми  атағы, 
жұмыс орыны, мекен-жайы, телефоны, факсы, е-mail-ы). 
 

 
Редакцияға 
түскен 
ғылыми 
мақалалар 
рецензияланбайды. 
Қолжазба 
қайтарылмайды. Көшіріп басқан жағдайда «Хабаршыға» сілтеме жасау міндетті.  

 
 Жарияланған материалдардың нақтылығына авторлар жауап береді. 

 
 Ғылыми пікірлер мен толғамдар редакция көзқарасымен сәйкес келе бермейді. 

 
 Хабаршы  «Жас  ғалымдар»  сериясына  40  жасқа  дейінгі  жас  зерттеушілер  мен 
ғылымға бейімі бар студенттердің жұмыстары қабылданады.  
 
 
 

 
136 
 
 
Правила приема научных статей в журнал «Вестник КазНПУ имени Абая» серия 
«Молодые ученые» 
Статьи  ихз  серии  «Молодые  ученые»  журнала  «Вестник  КазНПУ  имени  Абая» 
охватывает  актуальные  вопросы  научных  исследований  в  области  общественных  и 
естественных  наук,  а  также  в  области  методики  преподавания.    В  серии  Вестника 
«Молодые ученые» публикуются работы молодых исследователей в возрасте до 40 лет и 
студентов, склонных к исследовательской работе.  
Статья  представляется  в  двойном  экземпляре.  Размер  статьи  не  должен  превышать 
15  страниц  (от  6-ти  страниц),  включая  таблицы,  рисунки,  аннотацию  в  начале  статьи 
перед  основным  текстом  (аннотация  до  1/3стр.  через  1  интервал,  12  пт  ),  список 
литературы,  напечатанных  в  редакторе  Word,  шрифтом  Times  New  Roman14  пт,  с 
пробелом между строк 1 интервал, поля - верхнее и нижнее – 2 см, левое – 2 см, правое – 2 
см.  Количество  рисунков  не  более  пяти  (для  серий  биологическая,  физико-
математическая, химическая  - не более 10). К статье прилагается: 
- к статье необходимо  приложить аннотацию (не менее  1/3 стр.) на двух языках (на 
казахском и английском или на русском и английском)  
-  на  отдельной  странице  и  сведения  об  авторах  (Ф.И.О.,  ученая  степень,  ученое 
звание,  адрес,  место  работы,  телефон,  факс,    e-mail).  Далее  посередине  страницы 
прописными  буквами  (курсивом)  инициалы  и  фамилии  авторов,  ниже  также  посередине 
заглавными буквами - название статьи; затем посередине строчными буквами; в круглых 
скобках  - название организации (ий), в котором выполнена работа, и город. Прилагается 
электронный вариант на CD-диске. 
-  в  случае  подачи  статьи  к  публикации  студентами  необходимо  указать:  ФИО 
студента,  название  вуза,  факультет,  специальность,  аналитический  отзыв  научного 
руководителя, адрес, телефон, факс,  е-mail; ФИО и ученую степень, ученое звание, мето 
работы, адрес, телефон, факс, е-mail научного руководителя.  
–  иллюстрации  (графики,  схемы,  диаграммы)  должны    быть  выполнены  на 
компьютере или в виде четких чертежей, выполненных тушью на белом листе формата А4 
–  математические  формулы  в  тексте  должны  быть  набраны  как  объект    Microsoft 
Equation. 
Химические формулы и символы должны быть набраны при помощи инструментов 
Microsoft Word. Следует нумеровать лишь те формулы, на которые имеются ссылки. 
-  ссылки  на  литературные  источники  даются  цифрами  в  прямых  скобках  по  мере 
упоминания [1,15 c.]. Список литературы  оформляется следующим образом: 
Виноградов  В.В.  Стилистика.  Теория  поэтической  речи.  Поэтика.  –  М.: 
Просвещение, 1963. -255 с. 
Аверьянов А.Н. Динамика противоречий // Вопросы философии. 1976. № 5. 
Гумбольдт В. Фон. Язык и философия культуры. М.:Прогресс, 19857 451с. 
     В случае переработки статьи по просьбе редакционной коллегии журнала 
датой  поступления  считается  дата  получения  редакцией  окончательного  варианта.  Если 
статья  отклонена,  редакция  сохраняет  за  собой  право  не  вести  дискуссию  по  мотивам 
отклонения. 
 

 
Научные  статьи,  поступившие  в  редакцию,  не  рецензируются.  Рукописи  не 
возвращаются. При копировании материалов обязательная ссылка на журнал «Вестник».  

 
 За достоверность материалов ответственность несут авторы. 

 
 Научные отзывы и рецензии могут не соответствовать мнению редакции.  

 
 К публикации в серии Вестника «Молодые ученые» принимаются работы молодых 
исследователей в возрасте до 40 лет и студентов, склонных к исследовательской работе.  

 
137 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ХАБАШЫ. ВЕСТНИК. 
«Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы 
Серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования» 
№ 2, 2014 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Хабаршы. «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы
–  Алматы,  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университеті, 
«Ұлағат» баспасы, - 2014. № 2. - 137 б. 
Вестник. 
Серия 
«Молодой 
ученый. 
Поиски. 
Проблемы. 
Исследования».  –  Алматы,  Казахский  национальный  педагогический 
университет имени Абая, типография «Ұлағат», - 2014. № 2. – 137 с. 
 


1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал