С. А. Жиренов Бас редактордың орынбасары


Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет13/14
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі: 
1.  Жеменей  И.  «Хикмет»  шығармасының      тілдік    және    әдеби      табиғаты  // 
Халықаралық  ғылыми  практикалық  конференция  материалдары. –Алматы: 
2010. – 171 б. 
2. Жеменей И. Мінәжат // Ақиқат.  2007, №4  -66-67 б.  

 
118 
3.  Әбдірәсілқызы  А.  Қазақ  әдебиетіндегі  мініжат  жанры:ежелгі  паэзия  мен 
қазіргі 
әдебиеттегі 
көрінісі 
// 
Үркер 
2010, 
№1. 

8-9 
б.                                                  
4. Қазақтың  7777  мақал-мәтелі. Алматы:Өлке 2010. -123 б. 
Аннотация 
Большая  часть  избранных  произведений,  обогативших  фонд  истории 
мировой  литературы,  принадлежит  перу  представителей  суфийской 
литературы.  Содержание  и  направленность  данных  произведений  широко 
распространились  в  философском  пространстве  как  жанр  молитвы-
обращения.  Признаки  суфийского  течения  стали  проявляться  в  период 
раннего  развития  человечества  и  оставили  неизгладимый  след  в  истории 
нескольких  цивилизаций.  Суфизм  зародился  в  арабских  странах,  Иране, 
распространился и на нашей земле. Культура и литература любого народа 
не  замыкается  в  своих  рамках,  всегда  развивается  в  тесной  взаимосвязи  с 
культурой  других  народов.  Иными  словами  обнаруживается  связь  между 
казахской  литературой,  имеющей  многовековую  историю,  с  многослойным 
жанром молитвы-обращения мировой литературы.   
Ключевые  слова:  молитва-обращение,  жанр,  познание,  литература, 
восхваление, мольба, пожелание, благословение, поэзия и т.д.
 
Abstract 
Most  of  the  selected  works  that  have  enriched  the  fund  history  of  world 
literature, written by representatives of Sufi literature. Content and focus of these 
works are widely spread in the philosophical space as a genre of prayer-treatment. 
Signs  of  the  Sufi  became  apparent  during  early  human  development  and  left  an 
indelible mark on the history of several civilizations. Sufism originated in the Arab 
countries, Iran, and spread on our land. Culture and literature of any people is not 
confined  in  their  framework,  has  always  developed  in  close  relationship  with  the 
culture  of  other  nations.  In  other  words,  found  a  link  between  the  Kazakh 
literature, which has a long history, with a multilayered genre prayer-treatment of 
world literature.  
Keywords:  prayer-appeal,  genre,  knowledge,  literature,  praise,  prayer, 
wish, blessings, poetry, etc. 
 
 
ӘОЖ 82-94 
 
ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ЭТНОМӘДЕНИ СИПАТЫ 
 
Сапарбек Балым – 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, филология 
институтының 4-курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы С.А.Жиренов  
 
Аңдатпа 
Шешендік  өнер  –  қазақ  ауыз  әдебиетінің  ерекше  бір  жанры,  қазақ 
халқының  атадан  балаға  мұра  болып  келе  жатқан  рухани  құнды  мұрасы, 

 
119 
асыл  қазынасы.  Шешендік  –  қыдырлы  өнер.  «Өнер  алды  –  қызыл  тіл»  деп 
қазақ бекер айтпаған. Қоғам тарихына да көз салсақ, қай халықтың болсын 
күрделі  қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлері, қолбасылары, мәмлегерлері, 
ғалымдары ойға шебер, тілге шешен болған. 
Кілт  сөздер:  риторика,  өнер,  поэтика,  фольклор,  қоғам,  әдебиет, 
ақындық, жыраулық, шешендік, т.б. 
 
Қазақ  ауыз  әдебиетінің  айрықша  жанрының  бірі  –  шешендік  сөздер. 
Шешендік  өнер  –  ақындық,  жыраулық,  жыршылық  айтыс  секілді  қазақ 
әдебиетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін негізгі жанрларының бірі. Шебер 
сөйлеу,  айтқан  сөзің  нысанаға  дәл  тиюді  үйрену  үшін  ежелгі  шешендік 
сөздерді  жаттау,  оның  қыры  мен  сырын  жете  меңгерудің  мәні  зор.  Өйткені 
халық  даналығы:  мақал,  мәтелдерде  сөз  мәйегі,  ойды  ұшқыр  айтудың 
үлгілері молынан кездеседі[1, 3]. 
      Белгілі  бір  мәселені  талқылағанда,  тапқыр  оймен,  шебер  тілмен  ауызша 
айтқан  мазмұнды,  көркем  пікірін  шешендік  сөз  дейді.  Белгілі  бір  мәселені 
талқылау  кезінде  ауызекі  сөзімен  тыңдаушыларды  аузына  қаратып,  сөзіне 
тарта  білетін  терең  ойлы,  шебер  тілді  адамды  шешен  дейді. 
    Жалпы  шешендік  өнердің  шығуы  белгілі  бір  қоғамның  шығуымен, 
дамуымен байланысты екенін қазақ шешендік өнерінің тарихы да растайды. 
Қазақ  рулары  мен  ұлыстары  пайда  болғаннан  бері-ақ  өз  замандастарынан 
озат  ойлы,  шебер  тілді  адамдар  болғаны  күдік  туғызбайды.    Алайда, 
шешендік өнердің шығып қалыптасуы қоғамның белгілі бір даму сатысымен, 
шешендердің  шығуымен,  олардың  сөздерімен  межеленеді.  Осы  тұрғыдан 
алғанда  біз  қазақтың  шешендік  өнерін  тарихта,  тарихи  аңыздарда  есімдері, 
сөздері 
сақталған 
Майқы 
би 
мен 
Аяз 
биден 
бастаймыз. 
    Асылы, қазақ ауыз әдебиетінде шешен деген атау Жиреншеден басталады, 
сірә, бұл ұғымды оған дейін «би» деген атау атқарып келсе керек. «Би» мен 
«Шешен»  деген  атаулар  тіпті  революцияға  дейін  қатар  қолданылып,  кейде 
бірін-бірі ауыстырып келгені кездейсоқ емес. 
     Бұрынғы  қазақ  шешендерінің  бір  ерекшелігі  –  олар  сөздерін  жазып 
дайындамаған, сөздері қағазда емес, халық жадында сақталған, ауызша тарап 
әлденеше кісінің, ұрпақтың өңдеуінен өтіп қысқарған,ұстарған,бейнеліңкіреп  
айтқанда  «Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйіні»  -  дәні  қалған,  сөйтіп 
бүкілхалықтық мұраға айналған[2, 13]. 
      Шешендік 
сөздердің  алғашқы  үлгілерін  халық  ауыз  әдебиеті 
туындыларынан,  ертегі,  аңыз-әңгімелерден,  өлең-жыр,  дастандардан 
ұшыратамыз.  Осы  сөз  өнерінің  кең  қанат  жайып,  орнығып  дамуында 
тапқырлық  пен  шешендіктің  тамаша  нұсқалары  –  жыраулар  толғаулары, 
айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше. Қазақтың шешендік сөздерін 
өзге  жұрттың  атақты  адамдары,  ғалымдары  жоғры  бағалады.  Шешендік 
сөздер  нұсқаларын  академик  В.В.Радлов  зерттеп  жинаған  болатын.  Ол: 
«Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын 
ұғындырады.  Ауызекі  сөйлеп  отырғанның  өзінде  сөйлеген  сөздер ұйқаспен, 
ырғақпен  келетіндігі  соншалық,  бейне  бір  өлең  екен  деп  таң  қаласың»-  деп 

 
120 
көрсете  отырып,  әсіресе  қазақ  тілінің  тазалығы  мен  табиғилығын  дұрыс 
аңғарып,  қазақтардың  сөзге  тапқырлығы  мен  шешендігі  өзіне  ерекше  әсер 
еткенін жазған[3, 31].  
      Шешендік  сөздерді  алғаш  зерттеушілердің  бірі  –  Мұхтар  Әуезов.  Ол 
өзінің    «Әдебиет  тарихы»  атты  еңбегінде  (1927)  шешендік  сөздерге  «билер 
айтысы»  деген  терминдік  атау  беріп,  оның  билер  сөзі  екенін  айтқан  еді. 
Әйтсе  де,  әдебиет  зерттеушілері  күні  бүгінге  дейін  шешендік  сөздерді 
фольклор  қатарына  қосып  келеді.  Ал,  атақты  В.Г.  Белинский  фольклорда 
даңқты  есімдер  болмайтынын,  ондағы  көркемсөз  авторы  халық  екенін 
ескерткен.  Шешендік  сөздерді  зерттеуші  ғалым  Б.Адамбаев:  «Шешендік 
сөздерді алғаш айтушы жеке адамдар болғанмен, оны кейін өңдеп-жөндеуші, 
сақтаушы  –  халық;  сондықтан  оның  шын  иесі  –  авторы  да  халық  дейміз»  -
дейді.  Шындығында,  М.Әуезов  есте  қалмаған  ескі  заманда  шыққан  Алдар 
Көсе,  Жиренше  шешен  әңгімелерін,  халықтық  аңыздарды  ғана  бұқара 
туындысы деп бағалаған. Бірақ та қазіргі таңда шешендік сөздердің авторлы 
шығарма екенін танытатын еңбектер де аз емес. Белгілі зерттеуші С.Негимов 
«Шешендік өнер» атты еңбегінде қазақ би-шешендерінің өнер туындысының 
көркем  шығарма  екендігіне  көз  жеткізеді.  Белгілі  ғалым  Ж.Дәлдебаев 
«Бөлтірік  Әлменұлы  және  қазақ  шешендік  өнері»  атты  оқу  құралында 
Бөлтіріктің,  Төленің  шешендік  сөздерін  олардың  төл  туындысы  ретінде 
қарастырады. 
    Қазақтың  салт-дәстүрлерінде  еңбекқорлық,  Отанды,  елді  сүйгіштік, 
адамдардың  бір-біріне  деген  ізгіліік  қатынастары,  ата-анаға,  қартқа, 
үлкендерге құрметпен қарау, адамгершілік, батырлық, балаларға қамқорлық, 
мейірбандық,  туған  жерді,  табиғатты  аялау  айрықша  орын  алады. 
Халқымыздың  шешендік  сөздерінде  халықтың  ой-арманы  мен  ар-намысын 
қастерлеген  аталық  ақыл-өсиет,  елдің  өмір  тіршілігі,  бүкіл  әдет-ғұрып  пен 
салт-дәстүрі  қамтылған.  Міне,  осы  дәстүрлердің  шешендік  сөздердегі 
көрінісіне төменде мысалдар келтірдік. 
   Шешендік  сөздер  –  халық  оқулығы,  оның  ғұмыры  өлшенбейді,  жастар 
тәрбиесінде  де  алатын  орны орасан  мол.  Бұл  сөздер  алдымен  адам  баласын 
білімділікке,  сөз  қадірін  білуге,  ерлікке,  қайырымдылыққа,  адалдыққа 
баулыса,жағымсыз жат қылықтардан сақтандырып, аулақ болуға шақырады.  
    Халықтың құрметті шешен биі атанып, сенімінен шығу үшін адамдық асыл 
қасиеттермен  қатар  өте  тапқыр,  адал,  қара  қылды  қақ  жарған  әділ,  өжет, 
тереңнен ойлап, орнықты сөз айтатын саясаткер болу керек. Ойымыз дәлелді 
болу үшін шешен билердің толғауынан мысал келтірейік. 
Байсерке Түгелұлының «Бәйгеге ат қоссаңыз» деп басталатын толғауында 
философиялық ойлармен қатар, қазақтың салт-дәстүріне тән әке-шешені 
қадірлеу, балаға үлгілі тәрбие беру сияқты ойлар айтылады. Мысалы: 
           Әдепті қыз, ақылды ұл- 
           Өкпе-бауыр жүрегің. 
           Өз балаңнан кем емес, 
           Жақсы болса күйеуің. 
    Сонымен қатар Ақтайлақ пен Қанай шешеннің айтысын алып қарауымызға 

 
121 
болады: 
           Әкең – асқар тау, 
           Шешең – қайнар бұлақ, 
           Балаң жақсы болса 
           Екі көздің шамшырағы,- 
дей келіп, әке-шешені қадірлеу керектігін айтады. 
     Қазақтың халық дәстүрінде көпшіл болу керектігі де айтылады. Соны 
мына бір шешендік сөздің үзіндісінен көреміз: 
           Қанша жуан болса да, 
           Жалғыз ағаш үй болмас. 
           Қанша жақсы болса да, 
           Жалғыз адам би болмас. 
Бұл мысалда көріп тұрғанымызда  й,  жалғыз  жүрсең  ешқандай  ісің  өнбейді. 
Қазақта  «Жалғыздың  үні  шықпас»  деген  мақал  бар.  Бұл  мысалдың  идеясы 
негізінен осы мақалмен сарындас. 
     Кез  келген  халықтың  би-шешендері  өздерінен  кейінгі  өскелең  ұрпақтың 
білімді,  ақылды,  Отансүйгіш  болғанын  қалайды.  Біздің  де  халық 
шешендеріміз жастарды білімділікке, Отанын сүюге, әр істі ақылмен шешіп, 
дұрыс  шешім  қабылдай  білуге  шақырады.  Атақты  би-шешендеріміз  сонау 
кезеңде  қазіргі  заманның  мәселесін  айтып  кеткендей.  Мұны  біз  Бөлтірік 
шешен мен Ақтайлақ бидің мына бір шешендік сөздерінен байқай аламыз:  
                  Дүниеде азбайтын байлық біреу, 
                  Ол – ақыл. 
                  Дүниеде тозбайтын байлық біреу, 
                  Ол – ақыл. 
                  Дүниеде қайтпайтын адал қолдаушың біреу, 
                  Ол – ақыл. 
                                                                                     Бөлтірік шешен 
                   Білімді адам ашпай көріп, айтпай сезеді, 
                   Білімсіз надан нені көріп, нені сезеді? 
                                                                                        Ақтайлақ би 
Бұл үндестік тек қана шешендік сөздерде ғана емес, кейінгі ақын-жазушылар 
еғбегінде де өз жалғасын тапты. 
           Халық дәстүрінде көршімен жақсы қарым-қатынаста болу дәстүрі бар. 
Адамның  өмірінде  айрықша  орын  алатын  биік  үрдіс.  Біздің  түркі  тілдес 
халықтарында көршіні сыйлау, оған құрметпен қарау,жалпы, көршіге қатсты 
жол-жоралғылар,  салт-дәстүр,  әдептер  белгілі  бір  жүйемен  дамып,  қалыпқа 
түскен.  Көршіге  жақсылық  жасап,  көмек  беріп,  қуанышты  бөлісіп 
отыруымыз  керек.  Пайғамбар  хадистеріндегі  міндеттеріміздің  бірі  болып, 
жақын  мен  алыс  адамдарға  тіл  тигізбеу,  балағаттамау,  зиян  келтірмеу 
насихатталады.  Қазақтың  даналық  сөз  өнерінде  «адамдардың  бәрі  бірдей 
өзінің көршілік парызына адал бола бермейтіндігі – әлеуметтік шындық екені 
дәлелденген.  Мысалы,  шешендікте  «Атың  жаман  болса,  сатып  құтыласың; 
көршің  жаман  болса  қайтіп  құтыларсың?»,  «отты  үрлей  берсең  –  өшіресің, 
көршіңді  күндей  берсең  –  көшіресің»,  «алыстағы  ағайыннан  жаныңдағы 

 
122 
көршің  артық»,  «қоңсы  болсаң,  қорған  бол»  деген  тағылымдық  мәні  бар 
шешендік  нақылдар  кездеседі.  Мұнда  көршіні  құрметтеп,  оған  қиянат 
жасамай,  жылт  еткенін  қызғанбай,  күндемей,  қорламай  әдеп  сақтап  жүру 
керектігін  уағыздайды.  Сонымен  қатар  қуанышыңды  да,  қайғыңды  ды 
алыстағы  туысың  келгенше  жақсы  сыйласқан  көршің  ортақтасып,  көршің 
бөлісетінін  айтады.  Ақтайлақ  шешеннің  «Жақсы  көршің  бар  болса, 
жағдайыңа  жанасар»,  «Итің  жақсы  болса  –  ырысың,  көршің  жақсы  болса  – 
тынысың»,  «Ұлың  өссе  –  ұлы  жақсымен  ауылдас  бол,  қызың  өссе  –  қызы 
жақсымен  ауылдас  бол»  деген  нақыл  сөздерінде  өмірдің  терең  шындығы 
датыр.  Адамгершілікпен  қарым-қатынас  жасауды,  тәрбиелі  отбасымен 
араласу  қажеттігін,  соған  қарап  ұл-қызыңның  да  әдепті  болатынын 
дәлелдейді[4, 12]. 
      Қазақ шешендік өнерінде халықты жақсылыққа жетелейтін тағы бір асыл 
іс  ағайынмен  тату  болу  керектігі  де  айтылады.  «Алтау  ала  болса,  ауыздағы 
кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» демекші, қазақтың қай шешендік 
сөзін алып қарасақ та ағайынмен тату болу керектігі насихатталады. Сөзіміз 
дәлелді болу үшін щещендік сөздерден үзінді келтірейік. Мысалы, Айтқожа 
шешеннің сөзі: 
              Жар басына үй тікпе, 
              Жар құласа – үй кетер. 
              Ала болса ағайын, 
              Рулы елден күй кетер. 
              Ағайын ала болғанда, 
              Ауыздағы ас кетер, 
              Аңдыған дұшпан күшейіп, 
              Жау қолында бас кетер... 
        Қазақ  шешендік  өнерінде  осы  уақытқа  дейін  халық  жадында  сақталып, 
халықты бірлікке, алауыз болмауға, елдікке, ерлікке, бейбітшілікке шақырып 
айтылған шешендік сөздер де бар. Мысалы: 
              «Бірлік түбі – береке, 
              Береке түбі – мереке. 
               Ақ білектің күшімен, 
               Ақ найзаның ұшымен
               Ел болуды ойлаңдар». 
               «Би екеу болса, дау төртеу болады» 
               «Аспан ашық болса, 
               Күн шуақты болады. 
               Хан әділ болса, 
               Хан ынтымақты болады...» 
       Майқы  бидің  бұл  сөздері  халық  жадында  нақылға  айналып  жатталып 
қалған.  
       Ұлтымыздың  ұлылық  сипат  белгілерін,  мемлекеттік  мән-мағынасы 
өзгеше  келелі,  кесек  істерін  отты,  сыршыл  сезіммен  жырлаған  қазақтың 
атақты  биі  –  Қазыбек.  Ол  жоңғар  ханының  алдына  барып-тұрып,  қазақ 
халқының  қандай  екенін  түйдекті,  жалынды  сөздерімен,  кесек  ойларымен, 

 
123 
өрлете қаңқылдатқан даусымен жырлады. – Біз қазақ деген мал баққан елміз, 
бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын 
деп,  жеріміздің  шетін  жау  баспасын  деп,  найзаға  үкі  таққан  елміз,  ешбір 
дұшпан  басынбаған  елміз,  басымыздан  сөзді  асырмаған  елміз...  –дей  келе, 
қазақ  халқынын  достықты  қадірлей  білетінін,  намысщыл  келетінін  және  де 
атадан туған ұл мен қазан абақтыда қаматып отыра алмайтындығын айтады. 
     Жалпы,  шешендік  өнер  ұлттық  рухты  адам  бойына  сіңіре  отырып,  ана 
тілін  меңгеріп,  елін,  жерін,  халқын  сүюге  тәрбиелейді.  Сонымен  қатар, 
шешендік өнер жас ұрпақты адалдық, әділдік, шыншылдық, қайырымдылық 
сияқты асыл қасиеттерге баулиды. 
 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1.Бұлдыбай  А.С.  Шешендік  өнер.  -  Алматы:  «Қазақ  университеті»,  2003.  – 
146 
б. 
2.  Адамбаев  Б.    Қазақ  шешендері.  -  Алматы,  2001.  –  287  б. 
3. Ақшолақов Е.  Шешендік өнердің халықтық сипаты // Мәдениет №12(39) , 
2009ю 
4.  Байғожаева  Т.  Шешендік  сөздердегі  салт-дәстүр  көрінісі  //  Ұлағат  №4, 
2005. 
Аннотация 
Ораторское  искусство  –  особый  жанр  казахского  фольклора,
 
 богатое 
наследство  передающиеся  из  поколения  в  поколения,  бесценное  сокровище 
казахского народа. Ораторство 
 
-  святое
 
 искусство.  Не  зря  у  казахов  есть 
пословица
 
«Высшее  искусство  –  это  красноречие».  Если  оглянуться  в 
историю  социума,  то  можно  увидеть  что, 
 
социальные,  государственные 
деятели, предводители, дипломаты и ученые каждого народа были мастера 
художественных слов и ораторского искусство.
 
Ключевые  слова:
 
риторика,  искусство,  поэтика,  фольклор,  общество, 
литература, поэтический, жрец, ораторство, и.т.д.
 
Abstract 
Oratory - a special genre of Kazakh folklore, a rich legacy handed down from 
generation  to  generation,  the  priceless  treasure  of  the  Kazakh  people.  Oratory  - 
sacred art. No wonder the Kazakhs have a saying, "The highest art - is eloquence." 
If you look back into the history of the society, we can see that the social, political 
leaders,  leaders,  diplomats  and  scholars  of  every  nation  were  masters  of  artistic 
expression and oratory. 
Keywords:  rhetoric,  art,  poetics,  folklore,  society,  literature,  poetry,  priest, 
oratory, etc. 
 
 
 
 
 
 
 

 
124 
ӘОЖ 801.81 (17) 
 
М.ЖҰМАБАЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЭПИТЕТТІҢ ҚОЛДАНЫЛУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  
 
Дюсебекова Г. -  
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, филология 
институтының 3-курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к  Е.С.Қасенов  
 
Аңдатпа 
Мақалада  М.Жұмабаевтың  поэзиясындағы  эпитеттердің  қолданысы 
мен  стильдік  бояулары  қарастырылған.  Ақынның  авторлық  эпитеттерінің 
қолданылуы  мен  олардың  тілдік  табиғаты  да  сөз  болған.  Сондай-ақ  ақын 
шығармаларындағы  қолданылған  эпитеттердің  стилдік  ерекшеліктері  де 
көрініс тапқан.  
Кілтті сөздер: образ, стиль, эпитет, автор мақсаты, поэзия,т.б. 
  
Көркем  шығарманың  тілі  –  күрделі,    қыр-сыры  мол  құбылыс.  Тіл  – 
стильдің  жаны.  Әр  қаламгердің  өзіндік  қалыптасқан  стильдік  мақамы 
болады.  Кез  келген  құрылысқа  материал  қажет  десек,  көркем  туындының 
материалы сөз болып табылады. М.Жұмабаевтың поэзиясында оның өзіндік 
сөз қолданысы, сөз өрнегі, сөз қасиеттері, сөздердің толып жатқан бояулары 
ерекше  көзге  түседі.  Әрбір  қимыл,  әрбір  көрініс,  әрбір  құбылыс  жалаң 
берілмей, үнемі тапқыр теңеу, ұтымды эпитеттер арқылы беріліп отырады.  
«Көркем  әдебиет  тілі  –  жазушының  айтар  ойы  мен  мақсатын  танытар 
терең  мазмұнды  бейнелі  сөздердің  жиынтығы.  Сондықтан  көркем  әдебиет 
тілінің эстетикалық функциясымен тікелей тығыз байланыстығы бар тағы бір 
ерекшелігі – оның образдылық қасиеті. Көркем әдебиет тіліндегі образдылық 
мәселесі  суреткердің  ой-танымына  және  тіл  материалының  бейнелегіштік 
сипатына бірдей қатысты» – деген тілші ғалым Ф.Оразбаева пікірін ескерсек, 
[1,  94-96  б.].  шынында  да  суреткердің  стилдік  ерекшелігін  көрсететін  сөз 
саптау  ерекшелігі  болса  керек.  Мағжан  Жұмабаев  өз  поэзиясында  тек 
дәстүрлі  көркемдік  тәсілдерді  қолданып  қана  қойған  жоқ,  ол  тың  сөз 
өрнектерін ой елегінен өткізіп қолданды. Белгілі ғалым Рымғали Нұрғалиев: 
«Қазақ  поэзиясының  аспанына  көтерілген  жаңа  жұлдыз  –  Мағжан  салған 
әсерден  ақындықтың  көз  жасы,  жүрек  қанынан  сорғалайтын  -  асыл  сөз, 
дарынды сөз, қасиетті өнер, шарапатты өнер» - деп біледі[2, 256 б.].  
Көркем  сөз  арқылы  әдемілік,  сұлулық,  әсемдік  сәулеленіп  көрінеді.  Ол  әр 
түрлі  көркемдік  тәсілдер  арқылы  көрініс  табады.  Осы  орайда  ғалым 
М.Балақаев:  «Жеке  жазушының  тіл  өрнегінің  толып  жатқан  бояу-бедері, 
өзіндік  өсу,  жетілу  жолдары  болады.  Көркем  әдебиет  тілінің  нәзіктігі  көп 
жағдайда  жазушының  белгілі  бір  сөздері  «мағыналық  топқа  кіру»  яғни 
сөздерді  өзара  мағыналық  байланысқа  түсіру  шеберлігімен  байланысты»,  - 
деп жазады [3, 87 б.].  

 
125 
Біз  қарастырып  отырған  ақын  М.Жұмабаев  поэзиясында  әрбір  сөз  бен 
сөздің өзіндік ішкі байланысы түрлі көркемдік тәсілдерінің үйлесімі арқылы 
сәтті  шыққан.  Әлбетте,  сөздердің  реңін  кіргізіп,  ажарлап,  көркемдік  жасап 
үйлесімге келтірудің бірнеші түрлері, тәсілдері бар. Оған ең алдымен көркем 
шығармада  қолданатын  көркемдегіш  құралдар  –  эпитет.  Ғалым  Зейнолла 
Қабдолов: «айқындау, яғни эпитет – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, 
сапасын  анықтайтын  суретті  сөз.  Эпитетсіз  тіпті  айтарыңды  анықтау, 
суреттеп отырған нәрсеңді нақтылау қиын», – дейді [4, 214 б.].  
Мағжан Жұмабаев көптеген көркемдегіш құралдармен қатар эпитеттерді 
жиі қолданған. Ақын дәстүрлі эпитеттермен таза авторлық эпитеттерді шебер 
қолданып,  жаңа  өрнектер  тудырған.  М.Жұмабаев  поэзияда  бұрын  соңды 
қолданыста  кездеспеген  эпитеттерді  тауып  пайдаланады  да,  даралық 
айқындығымен ерекшеленеді. 
Эпитет М.Жұмабаев өлеңдерінде бірнеше жолмен жасалады:  
1.
 
Зат есім мен зат есім қабыса тіркеседі: қорлық уы, құлдық уы, 
тасжүрек, бақыт құсы, су жүрек, шыбын жан, қастық уы, тас бауыр, алма 
бет, ерке бала, алма жүз. 
2.
 
Сын есім мен зат есім: сұм боран, тәтті бал, сұлу сағым, асау 
жүрек, мәңгі мұнар, жүйрік қиял, қалың ой, ақ найза, айдын көл, жылы жүз, 
қалың  дерт,  сұм  қиял,  зеңгір  тау,  алтын  күн,  сорлы  бұлт,  жүйрік  жүрек, 
сұм өмір, ашық бақыт, таза жүрек, жібек түн, алтын ой, сұм тағдыр, ауыр 
ой,  алтын  сәуле,  сұм  сұлу,  ыстық  лебіз,  долы  дауыл,  қалың  қауым,  тәтті 
қылық,  қажыр  қайрат,  тәтті  қиял,  жалқау  жел,  ақ  отау,  қалың  ел,  қара 
жылан, алтын күз, алтын шаш, күміс көбік, зеңгір тау, ақ бата, жылы жел, 
жүйрік жел, қалың ну, жарқын ай, ыстық қан, жынды жүрек, ұшқыр жан, 
ақ қол, батыр жүрек, алтын ерік, ауыр аманат, ауыр иіс, қара қайғы, ізгі ой, 
алтын үміт, ақ періште, қызыл жел, қу өмір, жылы үн, жауыз тағдыр, ерке 
бұлақ, кең ақыл, асыл қан, ұлы ой, ұшқыр жар; 
3.
 
Екі-  үш  сын  есім  мен  зат  есімнің  тіркесуі  арқылы  тіркеседі: 
үнсіз меңіреу, ұзын түн, кіршіксіз жас жүрек, тұңғиық терең бір ой, таза, 
терең,  өткір,  күшті,  кең  тілім,  жібектей  жасыл  шөп,  кілегей  қара  бұлт, 
тәтті ұлы бал, айдын шалқар көл, асау жас жүрек; 
4.
 
Сын  есім  мен  екі  зат  есім  тізбектеліп  келеді:  ақ  найзаның 
ұшымен, ақ білектің күшімен, кәусар жібек сөз, тұңғиық бір терең ой. 
М.Жұмабаев  дәстүрлі  эпитеттерді  көркемдік  талғаммен  сай  іріктеп 
алады.  Оларды  бұрын  тіркеспеген  сөздермен  байланыстырып,  мағынасын 
жаңартады.  Ақын  эпитеттерді  жаңғыртып  өзгеше  қырынан  берген.  Бұдан 
ақынның өзіндік стилдік ерекшелігі айқын танылады. 
М.Жұмабаевтың «Сүйгеніме» өлеңінің: 
Сөзім, көзім айтып тұр сүйгенімді, 
Қуарған, сарғайған, жүз күйгенімді. 
Талған жүрек, жүдеген, салған дене 
Сүюдің  қолына  енген  тигенімді  –  деген  жолдарында  берілген  «талған 
жүрек, жүдеген, солған дене» сүйген жан сезімін суреттеуде жаңа мазмұнға 
орайлас түрленген эпитеттер. 

 
126 
«Қазақ қызына әзіл» өлеңінде ауыл қызының бейнесін жасауда  «шолақ 
айдар,  шөп  желке»,  «бауырсақ  мұрын,  бұйра  бет»  деген  эпитеттерді  сәтті 
қолданылады. 
Шолақ айдар, шөп желке,  
Бауырсақ мұрын, бұйра бет. 
Былқ-сылқ етіп жүргенде 
Ойламайсың ба үйрек деп. 
Ақын  «Батқан  күн,  атқан  таңның  жыры»  шығармасында  «сорлы  бұлт- 
сорлы жар» деген эпитет қолданған. Мысалы: 
Алтын күн батып барады, 
Алтын күн ақырын өледі, 
Сорлы бұлттар - сорлы жар 
Қан жылап күнді көмеді.  
Мұндай эпитет Мағжаннан бұрынғы ақындардың туындыларында 
көрініс таппаған. Ақын: «Бір күні» өлеңінде: 
Деп ойлап қалың ойда жатыр едім, 
Көп ойлап, ой дәмінен татып едім.  
Естілді үй сыртынан апам даусы: 
Ноқта апар, нағып жұрмай жатып едің?  Мұндағы «Ой дәмі» эпитеті 
де  Мағжанның  өз  олжасы.  Осы  мысалдардан  Мағжан  бұрыннан  айтылып 
келе  жатқан  эпитеттерді  қайталамай  өзінше  ізденіп  жаңаша  мазмұнда 
айқындаудың әр түрін жырларында шеберлікпен орынды жерінде қолданып 
отырғандығы анық аңғарылады.  
Ақынның «Төбет» атты өлеңінің: 
Жарықтық Сәрсен ақсақал, 
Жуан қарын тап-тапал 
Асырады бір төбет. 
Тырбиған түрін көрсе де, 
Шамасы кемін білсе де, 
Ойы  болды:  «Кім  білед!...»  -  деген  шумағында  «жуан  қарын», 
«тырбиған түр» - эпитеттері Сәрсен ақсақалдың образын ашуға көмектесіп 
тұр.  
Қушық шеке, қайқы бел 
Жуан қарын сырып жер, 
Тып-тып төбет жүреді. 
«Қарны толған өнер!»- деп,  
«Қолынан бір не келер!»- деп,  
Мұртынан  Сәрсен  күледі  -  деген  жолдардағы  «қушық  шеке»,  «қайқы  
бел» эпитеттері ақынның өзіндік қолтаңбасын танытса керек:  
Мағжан ақынның «Жаралы жан» өлеңінің: 
Жалқау жел өзін-өзі зорға сүйреп, 
Жан-жақта жүргендей-ай жандар билеп. 
Ың-жың дауыс келеді құлағыма, 
Перілер ән салысып, тұрма күйлеп? 
Жаралы бір жан жатыр құба жонда 

 
127 
Бір қисық жалғыз аяқ сүрлеу жолда.  
Пернесі нұры кеткен көзіменен, 
Қарайды бейшара жан оң мен солға. 
Қысылған сорлы адамның шыбын жаны 
Шапшып тұр, жүрегінен ыстық қаны». 
Соқпа, сорлы жүрегім,  
Шірі енді, ақ білегім! – деген жолдарындағы дәстүрлі эпитеттер қараңғы 
қазақ  халқының  ішіндегі  өз  мүддесінен,  жерінен,  билігінен  айырылып, 
оқыған  азаматты  қажет  етеді.  Халықтың  халін  мынадай  эпитеттер  арқылы 
бейнелейді: «жалқау жел», «ың-жың дауыс», «жаралы жан», «құба жон», 
«қисық  жалғыз  аяқ  сүрлеу  жол»,  «бишара  жан»,  «сорлы  адам»,  «шыбын 
жан», «ыстық қан», «сорлы жүрек», «ақ білек». 
Мағжан  туындыларынан  эпитеттердің  неше  алуан  түрін  ұшыратуға 
болады. Мысалы, ақын Мағжанның желі бірде  «қатты, суық, ызғарлы, тас 
бауыр» болса, бірде «жылы, жүйрік, ерке, жалқаулау», көлдері «шалқыған, 
балқыған, қалқыған, ойнаған, қуанған», қысы «суық, қатты, қайғылы» болса 
да келген жазы «жылы, жайнаған, жібек қанатты», жүрегі «сорлы, талған, 
жүдеген,  денесі  солған»,  «қыздарының  айдары  шолақ,  желкесі  шөпті, 
мұрыны  бауырсақтай,  беті  бүйректей»  болса  да  «жымиысы  жұмсақ, 
сөздері жібектей», «ормандары мәңгі мылқау, мәңгі кәрі», «бұлты да сорлы, 
жары  да  сорлы»,  өмірі  «қайғылы,  алдамшы»  болса  да  «алтын  үмітті» 
болып  келіп,  сөздерді  ажарландырып,  өлеңнің  мазмұнын  айқындап  өте 
әсерлі, образды сөздермен салынған суретті нақтылап шынай сезіммен ойдың 
бірлігінде лирикаларға бояу қанық нәр берген. 
Ақынның қиыннан қиыстырып қолданған жоғарыдағы айқындаулары өзі 
жырға қосып отырған объектіні, өмір құбылыстарын бейнелі оймен бере білу 
жағынан басқа суреткерлерден ерекшеленеді. Мұның өзі ақынның стилдік 
ерекшелігіне байланысты екендігі даусыз. 
Қорыта келгенде, Мағжан Жұмабаев қолданған эпитеттер: дәстүрлі және 
таза  авторлы  деп  бөлсек  болады.  Ақынның  қолданған  эпитеттері  –  өзіндік 
қолтаңбасын танытумен қатар мейлінше көркем бейнелі көркемдік тәсілдер. 
Ақын  шығармаларындағы  қолданылған  әрбір  образды  сөз,  сөз  оралымдары 
өз  орнында,  айтылмақ  ойдың  мақсатын  дәл,  нақты  жеткізуде  сәтті 
пайдаланылғандығын көреміз. 
Каталог: docs -> vestnik -> seriya molod u4enni
vestnik -> Вестник Казнпу им. Абая, серия «Художественное образование», №1(42), 2015 г
vestnik -> Хабаршы вестник «Жаратылыстану-география ғылымдары»
seriya molod u4enni -> Вестник Казнпу имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(5), 2015 г
vestnik -> Абай атындағы Қазақ
seriya molod u4enni -> Абай атындағы ҚазҰпу-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №2(6), 2015 ж
seriya molod u4enni -> Абай атындағы ҚазҦпу-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж
seriya molod u4enni -> Вестник казнпу им. Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы», №2(8), 2016 г

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет