С. А. Жиренов Бас редактордың орынбасары


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет12/14
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
«Қазақстан»:  Ұлттық  энцклопедия  /  Бас  редактор  Ә.  Нысанбаев  – 
Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 
2.
 
Қазақ  мәдениеті.  Энциклопедиялық  анықтамалық.  Алматы:  “Аруна 
Ltd.” ЖШС, 2005 
3.
 
Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы 
“Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 
    
Аннотация 
   В  статье  автором    рассматривается  воспитательные  возможности, 
особенности  и  исторические  и  природные  пути  развитие  традиционного 
изобразительного  искусства  Казахстана  ХХ  веках.  А  также  автор  смог 
раскрыть и переплетать символические и семиотические сути и сущности, 
художественных произведении художников, которые внесли весомый вклад в 
развитие  профессионального  изобразительного  искусства  Казахстана.  Тем 
самым автор статьи глубоко анализирует  художественный образный язык, 
виды  и  жанры,  процесс  исторического  развитие    профессионального 
изобразительного  искусства  Казахстана.  В  связи  с  этим  автор  в  статье 
особенно  обращает  внимание  на  традиционные  особенности,  к 
художественной  культуре  и  на  своеобразные  мировоззрение  народному 
казахскому 
искусству. 
В 
статье 
автором 
 
рассматривается 
воспитательные  возможности,  особенности  и  исторические  и  природные 
пути развитие традиционного изобразительного искусства Казахстана ХХ 
веках.  А  также  автор  смог  раскрыть  и  переплетать  символические  и 
семиотические  сути  и  сущности,  художественных  произведении 
художников,  которые  внесли  весомый  вклад  в  развитие  профессионального 
изобразительного искусства Казахстана. 
Ключевые 
слова: 
традиция, 
художественный, 
мировоззрение, 
изобразительное 
искусства, 
символ, 
семиотика, 
семантика, 
художественный  образ,  профессиональный,    искусства,  художественное 
произведение, образный язык. 
 
Abstract 
   In  this  article  the  author  discusses  educational  opportunities,  features  and 
historical  and  natural  ways  of  development  of  the  traditional  fine  arts  of 
Kazakhstan of the 20TH centuries. As well as the author was able to uncover and 
twisting  the  symbolic  and  semiotic  nature  and  essence,  the  artistic  work  of 
illustrators,  who  have  made  a  significant  contribution  to  the  development  of 
professional fine art of  Kazakhstan. The  author of  the article  deeply analyzes art 
figurative language, and genre, the historical development of professional fine art 
of  Kazakhstan.  In  this  connection,  the  author  in  the  article  particularly  drew 
attention  to  the  traditional  features  of  the  culture  and  art  of  the  Kazakh  people's 
worldview  unique.  In  this  article  the  author  discusses  educational  opportunities, 
features and historical and natural ways of development of the traditional fine arts 
of  Kazakhstan  of  the  20TH  centuries.  As  well  as  the  author  was  able  to  uncover 

 
109 
and  twisting  the  symbolic  and  semiotic  nature  and  essence,  the  artistic  work  of 
illustrators,  who  have  made  a  significant  contribution  to  the  development  of 
professional fine art of Kazakhstan. 
     Keywords:  tradition,  art,  philosophy,  fine  arts,  symbol,  semiotics,  semantics, 
artistic image, professional, art, artwork, figurative language. 
 
 
УДК:373.017:4 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОТАНСҮЙГІШТІККЕ 
ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
НЕГІЗДЕРІ 
 
Ертуғанұлы Жанұзақ - 
 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
6М010200-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 
мамандығының  1-курс магистранты  
(Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы) 
E_zhanuzak.kz@mail.ru
 
 
Аңдатпа 
        Патриотизм  адамның  мыңдаған  жылдар  бойы  бекіген  ең  терең 
сезімдерінің  бірі.  Туған  жерге,  елге,  тілге,  салт-дәстүрлерге  адал  болып, 
олардан  қол  үзбеу  түрінде  патриотизмнің  тарихи  элементтері  көне 
заманда-ақ 
қалыптаса 
бастаған.
 
Қазақстандық 
патриотизм 
– 
республиканы  мекендейтін  халықтардың  рухани  құндылықтарын  ортақ 
игілікке айналдырудың  құралы болып  табылады  деп  санаймыз.
 
Біз  зерттеу 
барысында  алыс  және  жақын  шетел  ғалымдарының  еңбектеріне  талдау 
жасай  келе,  олардың  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  отансүйгіштікке 
тәрбиелеуді  әр  қырынан  қарастырғанына  көз  жеткіздік.
 
Отансүйгіштікке 
тәрбиелеудің  негізгі  компоненттері  туралы  философиялық,  психологиялық, 
педагогикалық  тұрғыдағы  ғалымдардың  көзқарастары  мен  ой-пікірлерінің 
бірін-бірі толықтыратындығы анықталды. 
    Кілт  сөздер:  патриотизм,  ұлттық  патриотизм,  қазақ  патриотизмі, 
Қазақстандық патриотизм, отансүйгіштік, жалпы- адамзаттық. 
     
     «Қазақстан  Республикасы  азаматтарын  патриоттық  тәрбиелеу  жөніндегі 
мемлекеттік  бағдарламасында» 
қамтылған 
мәселелер 
Республикада 
патриоттық тәрбие беруде, отансүйгіштікке тәрбиелеуде  негізгі орын алады. 
Бағдарламада  бүгінгі  ұрпаққа  тәрбие  беруді  отбасы,  балабақша,  мектеп, 
әлеуметтік  қоғамның  өзара  бірлігінде,  сабақтастықта  қарастырады.  Аталған 
бағдарламада:  «Қазақстандық  патриотизм  –  әрбір  азаматтың  өз  Отанының 
тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезіну. Барлық 
отандастарды ұлты мен конфессиясына қарамастан жете құрметтеу, олардың 
салтын,  дәстүрін,  тарихы  мен  мәдениетін  құрметтеу,  мемлекеттік  тілге 

 
110 
құрметпен  қарау,  –деп    көрсетілген.  Бастауыш  сынып  оқушыларын 
отансүйгіштікке  тәрбиелеуде  жалпы  білім  беретін  мектеп  негізгі  роль 
атқарады.  Осы  тұрғыдан  алғанда  «Жаңа  әлеуметтік  даму»  жағдайында 
мектеп  оқушыларына  патриоттық  тәрбие  берудің  тұжырымдамасында: 
мектепте  тәрбие  жұмысын  жандандыруға  оның  ішінде  патриоттық  тәрбие 
беруге баса назар аударады [1].  
Патриотизм  ұғымы  Қазақ  Совет  Энциклопедиясында:  «Патриотизм 
(грек  сөзі  Patriotes  –  отандас,  Patris  –  отан,  туған  жер)  –  Отанға  деген 
сүйіспеншілік, бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне 
жұмсау. Туған жер, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрмет тұту 
сияқты  патриотизм  элементтері  ерте  заманнан  бастап-ақ  қалыптаса 
бастайды»  деп  көрсетілген  өзінің  ізгілікті  мәнін  сақтайды  [2].                         
Философиялық  сөздікте:  патриотизмге  (гр.  Patris-отан)  –  адамгершілік 
және  саяси  принцип,  әлеуметтік  сезім,  оның  мазмұны  –  Отанға 
сүйіспеншілік,  оған  адалдық,  оның  өткені  мен  қазіргісіне  деген  мақтаныш, 
Отан мүддесін қорғауға құлшыныс» – деген анықтама берілген. Патриотизм 
адамның  мыңдаған  жылдар  бойы  бекіген  ең  терең  сезімдерінің  бірі.  Туған 
жерге,  елге,  тілге,  салт-дәстүрлерге  адал  болып,  олардан  қол  үзбеу  түрінде 
патриотизмнің  тарихи  элементтері  көне  заманда-ақ  қалыптаса  бастаған  [3]. 
Отансүйгіштікке  тәрбиелеу  дегеніміз  –  халқымыздың  ерлік  батырлық 
дәстүрі  негізінде  оқушылардың  ерік-жігерін  табандылық,  батылдық 
қасиеттерімен  бірге  ұлттық  сана,  намысын  оятып,  елі,  жері,  Отанына  деген 
сүйіспеншілік, мақтаныш, ана тіліне деген құрмет сезімін тәрбиелеу. 
         Философиялық  тұрғыда  «патриотизм  –  адамгершілік  және  саяси 
принцип, сезім, оның мазмұны  – Отанға сүйіспеншілік, оған адалдық, оның 
өткені  мен  қазіргісіне  деген  мақтаныш,  Отан  мүддесін  қорғауға  құлшыныс. 
Патриотизм – адамның мыңдаған жылдар бойы бекіген ең терең сезімдерінің 
бірі». 
         Педагогикалық  тұрғыда  «патриотизм  –  әдетте  Отанға  сүйіспеншілік 
деп  аталатын,  нақты  бір  әрекет  бейнесінде  және  қоғамдық  сезімдердің 
күрделі  жиынтығында  көрініс  беретін  балаларының  Отан  анаға  деген 
көзқарасын сипаттайтын қоғамдық және адамгершілік принцип». 
 Психологиялық  тұрғыда  «патриотизм  тұлғаның  бойында    –  Отанға 
деген  сүйіспеншілік,  бойындағы  күш  қуаты  мен  білімін  Отан  игілігі  мен 
мүддесіне  жұмсау,  туған  жерін,  ана  тілін,  елдің  әдет  ғұрпы  мен  дәстүрін 
құрмет  тұту  сияқты  патриотизм  элементтері  ерте  заманнан  қалыптаса 
бастайды»,- деп көрсетілген. 
В.А.Макаров:  «Патриотизм  –  кез-келген  саяси,  әлеуметтік,  этникалық 
топтардың  ғасырлар  бойғы  тұтастығын  қамтитын  құбылыс»,  -  деп 
тұжырымдайды  [4].  Ал,  Н.И.Губановтың  пайымдауынша,  шын  мәніндегі 
патриотизм  кім-кімнің  болса  да  өз  Отанына  шексіз  берілгендігі,  сонымен 
бірге  өзге  халық  мақтанышына  құрметпен  қарау  болмақ.  Ал  мұндай  қасиет 
іс-әрекет пен идеяның, ықыластың бірлігінің айғағы іспетті, – деп тұжырым 
жасаған [5]. 

 
111 
Патриотизм туралы идеяларды кезінде өздерінің шығармаларында қазақ 
даласының ойшылдары да, атап айтсақ, әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари 
т.б.  айтқан  болатын.  Өз  ұлтына  деген  отансүйгіштік  сезімді  қазақ 
ағартушылары  Ш.Уәлиханов,  Ы.Алтынсарин,  А.Құнанбаев;  Алашорда 
қайраткерлері М.Дулатов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов және т.б. нақтылы іс-
әрекеттері мен шығармаларынан да байқауға болады. Қазақ тарихын тұңғыш 
зерттеуші  ғалым  Ш.Уәлиханов  отансүйгіштік  сезімінің  қалыптасуы  туралы: 
«Менің  патриоттық  сезімім  ірбіт  сандығындай  (бір  сандықтың  ішінде  бір 
сандық, оның ішінде тағы бір сандық) мен ең алдымен өз отбасымды, туған 
туыстарымды 
қадірлеймін, 
одан 
соң 
ауыл-аймақ, 
ел-жұртымды, 
руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстарын, Ресей жұртын 
қадірлеймін» деген тұжырым жасаған [6].                                                             
Данышпан  ақын  Абай  отыз  тоғызыншы  қара  сөзінде:  «Рас  бұрынғы 
біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, 
тазалығы төмен болған, бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. 
Ол екі мінезі қайсы десең - әуелі – ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер 
болады екен. Көші-қонды болса, дау-жанжалды болса, билік соларда болады 
екен. Екіншісі – намысқор келеді екен. Ат аталып, аруақ шақырылған жерге 
ағайынға  өкпе,  араздыққа  қарамайды  екен,  жанын  салысады  екен.  Кәнеки, 
енді  осы  екі  мінез  қайда?  Бұлар  да  арлылық,  намыстылық,  табандылықтан 
келеді»,  -  деп  жазды.  Абайдың  бұл  қара  сөзінде:  «Арлылық,  намыстылық, 
табандылық – тәрбиенің жемісі»,- дейді. Адамның ең ұлы сезімін азаматтық 
парызын  орындау  үшін  жоғарыда  аталған  мінезді  игеру  керек  екенін  ақын 
атап көрсетеді.  
Ұлы  Отан  соғысында  аты  аңызға  айналған  Т.Тоқтаров,  Б.Бұлқышев, 
Р.Қошқарбаев,  Қ.Қайсенов,  Б.Момышұлы  және  батыр  қыздар  Әлия  мен 
Мәншүктің кескілескен жаумен айқастағы ерен ерліктері мен батырлықтары 
да  ұлттық  дәстүрлердің,  ерлік  тәрбиесінің  жемісі.  Халықтың  біртуар  ұлы 
Б.Момышұлы:  «Патриотизм  –  Отанға  (мемлекетке)  деген  сүйіспеншілік, 
жеке адамның аман-саулығының қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей 
байланыстылығын  сезіну,  ал  мемлекеттік  нығайту  дегеніміз  жеке  адамды 
күшейту  екенін  мойындау,  қысқасын  айтқанда,  патриотизм  мемлекет  деген 
ұғымды,  жеке  адаммен,  яғни  өткенімен,  бүгінгі  күнімен  және  болашағымен 
қарым-қатынасты  білдіреді»  -  деп  патриотизм  ұғымына  анықтама  берген 
болатын  [7].  Б.Момышұлының  ұлттық  патриотизм  ұғымына  берген 
анықтамаларына сүйене отырып, ұлттық патриотизм ұғымының өлшемдерін 
анықтадық.  Олар:  адамның  ұлттық  ерекшеліктерін  сақтауға  бейімділігі,  өз 
халқына  сүйіспеншілігі,  тарихи  дәстүрі,  мінез-құлқы,  тұрмыс-тіршілігі,  ана 
тілі,  тұрып  жатқан  территориясы,  шыққан  тегін  сезіну,  өз  халқымен  қан 
жағынан  байланысын  сезіну.  Бауыржан  Момышұлы  «Жаудан  да,  даудан  да 
қорықпаған  қазақ  едім,  енді  қорқынышым  көбейіп  жүр.  Балаларын  бесікке 
бөлемеген бесігі жоқ елден қорқам. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін 
әжесінің азаюынан қорқамын. Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар 
өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. 
Қолына  кітап  алмайды.  Үйреніп  жатқан  бала  жоқ,  үйретіп  жатқан  әже,  әке 

 
112 
жоқ»    -  деп  өсиет  қалдырған  еді.    Бұдан  әрбір  адамның  өз  халқына,  туған 
жеріне, еліне деген сүйіспеншілігі өзінің шыққан тегін сезіну мен өз халқына 
қан  жағынан  байланысын  жүрегімен  сезіну  тұрғысынан  түсіну  қажет  деп 
санаған, – деген қорытынды жасауымызға негіз болды. 
1991  жылдан  бастап  Қазақстанның  тәуелсіздік  алуына  орай  ұлттық 
патриотизмнің,  қазақстандық  патриотизмнің  жаңа  жылнамасы  басталып 
кетті. Бұған мемлекеттік дәрежеде айрықша мән беріліп отыр.  
Педагог  компративист  А.Құсайынов:  «Патриотизмді  қазақ  елін  шексіз 
сүю деп түсінемін», - дей келе, «Отан сүю сезімі – халқының келешегі үшін 
күресумен,  ол  үшін  аянбай  еңбек  етумен  қабысып  жатқан  сезім. 
Қазақстанның келешегі үшін ақ жүрек, адал ниетпен қандай салада болмасын 
өз шама-шарқы келгенше аянбай еңбек ету мен Қазақстандық патриотизмнің 
бүгінгі шынайы көрінісі дер едім», - деген тұжырым жасаған [8]. 
Психолог  М.Мұқанов  педагогикалық  психология  тұрғысынан  бастауыш 
мектеп  оқушыларының  мінезіне:  қиыншылыққа  төзімділігі  аз,  берген 
уәдесінде  тұра  алуы,  өзгелерге сүйкімді келуі,    бір  нәрсеге  әуесқойлық,  т.б. 
жатқызады.  Осы  жағынан  алып  қарағанда  қыздар  мен  ұлдардың  мінезінің 
осы  түрлері  бірдей  болып  келе  бермейді.  Мысалы:  қиыншылыққа  төзімді 
келіп,  одан  бас  тартпау,  табандылық  т.б.  ұлдарға  көбірек  кездесетін  болса, 
өзгелерге  сүйкімді,  сыпайы,  біреуге  қамқорлық  жасағысы  келуі  қыздарда 
басымырақ келеді.  
Бұдан  қыздарға  тиісті  қасиеттер  ұлдарда  кездеспейді  деген  ой  тумау 
керек.  Бұл  тек  әрбір  баланың  түрлі  мінездерге  ие  болуға  мүмкіндігінің  бар 
екенін көрсетеді. Осындай мүмкіндікті ескеріп, ересектер тобынан  бастап тіл 
дамыту  мен  көркем  әдебиет  сабақтарында  берілген  мазмұны  патриоттық 
тәрбиеге  арналған  көркем  шығармаларды  оқып  беруде  өзінің  елін,  туған 
жерін  сүйетін,  оны  қорғауға  деген  намысын  оятатын,  «Мен  –  Қазақстан 
азаматымын» т.б. мақтаныш сезімін оятуға болады, – деп есептейміз. 
       Философ  Д.Раев:  Патриотизмді  өшіретін  келеңсіз  бір  ғана  себепті  айта 
келіп,  Д.Раев  бұдан  құтылудың  жолын  этномәдени  тәрбие  жүйесін 
қалыптастырудан  іздестіреді.  Ал,  этномәдени  тәрбие  ұлттың  өзіндік  салт-
санасы мен әдет-ғұрпынан, дәстүр-рәсімдерінен бастау алары сөзсіз. 
Сонымен,  қазақстандық  патриотизм  –  республиканы  мекендейтін 
халықтардың  рухани  құндылықтарын  ортақ  игілікке  айналдырудың  құралы 
болып  табылады  деп  санаймыз.  Жоғарыда  берілген  «Отансүйгіштік», 
«Патриотизм»  және  «Қазақстандық  патриотизм»  анықтамаларын  талдау 
негізінде  «қазақстандық  патриотизмнің»  белгілері  айқындалды:  Олар:өз 
Отанына  сүйіспеншілік,  өз  ұлтына  сенімі,  дүниетанымдық  және  саяси 
көзқарастары,  еліне,  жеріне  құрмет,  мемлекет  рәміздерін  құрметтеу.  Біз 
зерттеу  барысында  алыс  және  жақын  шетел  ғалымдарының  еңбектеріне 
талдау  жасай  келе,  олардың  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  
отансүйгіштікке тәрбиелеуді әр қырынан қарастырғанына көз жеткіздік.  
            Қорыта  келгенде,  тақырыпты  зерттеу  бойынша  философиялық, 
психологиялық,  педагогикалық  талдау  нәтижелері  төмендегідей  қысқаша 
тұжырым  жасауға  мүмкіндік  береді.    Отансүйгіштікке  тәрбиелеудің  негізгі 

 
113 
компоненттері  туралы  философиялық,  психологиялық,  педагогикалық 
тұрғыдағы  ғалымдардың  көзқарастары  мен  ой-пікірлерінің  бірін-бірі 
толықтыратындығы 
анықталды. 
Психологтардың 
теориясын 
қорытындылайтын  болсақ,  сана  мен  сезімді  бір-бірінен  бөліп  қарауға 
болмайтын  біртұтас  дүние  тұрғысынан  қарастырады,  себебі  сана-психика 
дамуының  ең  жоғары  дәрежедегі  сатысы,  солай  болғандықтан  адам  көңіл-
күйінің көрінісі сезім мен эмоцияны сана билейді.  
 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
ҚР  азаматтарын  патриоттық  тәрбиелеу  жөніндегі  мемлекеттік 
бағдарламасы 2005.-5б 
2.
 
Қазақ Совет Энциклопедиясы Алматы 1977. 9 том. 451 б7 
3.
 
Философиялық сөздік.Алматы 1996.- 335 б. 
4.
 
Макаров В.А. Родина и я. - М., 1985. - 78 с. 
5.
 
Губанов Н.И. Человек и его мировоззрение. - М., 1991. - 56 с. 
6.
 
Уәлиханов Ш. Еңбектері. - Алматы, 1979. - 69 б. 
7.
 
Момышұлы Б. Халық  танымы.  - Алматы, 1980.  - 52 б.Балалар әдебиетін 
пайдалану. канд. дисс. ...  - Алматы, 2005, 15- 63б. 
8.
 
Құсайынова  Д.С.  Әлия  мен  Мәншүк  ерлігінде  жоғары  сынып 
оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу. Пед. ғыл. канд. дисс. – Алматы, 1999. 
Аннотация: 
Патриотизм  тысячи  лет  тому  назад  глубоко  укрепленное  чувства 
человека.  Исторические  элементы  патриотизма  Родине,  стране,  обычаи  и 
традициям  был  искренне  сплочен  и  был  сформирован  в  древней  эпохе. 
Казахстанский патриотизм – является общим средством на благо духовной 
ценности  народа  распологающиеся  по  республике.  По  исследованию  данной 
работы  анализаруя  были  рассмотрены  труды  далеких  и  ближних 
зарубежных  ученых  с  разной  точки  зрения  на  патриотическое  воспитание 
дошкольного  возраста  детей.  Определились  основные  компоненты 
патриотического 
воспитания 
мысли, 
мнений, 
взгляды 
ученых 
философические,  психологические,  педагогические  подходы.  Данная  статья 
ориентирована  на  тех,  кто  интересуется  вопросами  воспитания 
патриотизма  младших  школьников.  Задача  автора  –  показать 
психологические и педагогические основы воспитания патриотизма младших 
школьников.  
Ключевые  слова:  патриотизм,  национальный  патриотизм,  казахский 
патриотизм, Казахстанский патриотизм, патриот, общечеловечность 
      
Abstract 
Patriotism  thousands  years  ago  deeply  strengthened  feelings  of  the  person. 
Historical  elements  of  patriotism  to  the  Motherland,  country,  customs  and 
traditions it was sincerely solid and it created in an ancient era. The Kazakhstan 
patriotism  –  is  the  common  means  for  the  benefit  of  spiritual  value of  the  people 
settling  down  on  the  republic.  Analyzing  works  on  this  research  work  of  far  and 
near  foreign  scientists  from  the  different  point  of  view  on  patriotic  education  of 

 
114 
preschool age children considered. Principal components of patriotic education of 
thought,  opinions,  views  of  scientists  philosophic,  psychological,  pedagogical 
approaches were defined. This article it is focused and on those who is interested 
in  questions  of  education  of  patriotism  of  younger  school  students.  Task  of  the 
author to show psychological and pedagogical bases of education of patriotism of 
younger school. 
Key  words:  patriotizm,  national  patriotizm,  kazakh  patriotizm,  Kazakhstan’s 
patriotizm, patriotic, all-humanity. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
115 
 
 
ҒЫЛЫМДАҒЫ ЖАС ӨСКІН 
МОЛОДЕЖЬ В НАУКЕ 
ӘОЖ 801.81 
 
МІНӘЖАТ  ЖАНРЫНЫҢ  ТІЛДІК-ТАНЫМДЫҚ  СИПАТЫ 
 
Содиықова Жанат Маратқызы – 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, филология 
институтының 3-курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы С.А.Жиренов 
 
Аңдатпа 
Дүние    жүзілік    әдебиет    тарихының      қазына      қорын    молайтқан     
таңдаулы      туындылардың      елеулі      бөлігі  сопылық    әдебиет    өкілдерінің  
қаламына    тиесілі.  Осы  бағытта  жазылған  шығармалардың  мазмұны  мен 
бағытын  филологиялық  кеңістікте  мінәжат  жанры  деген  атпен  кең 
таралған.  Сопылық      таным    белгілері      адамзат    қоғамының      алғашқы  
дәуірінен    бастап      байқалып,  бірқатар  өркениеттер  тарихында  өзіндік  із  
қалдырған. Сопылық  әу баста араб, Иран жерлерінде дүниеге  келіп, кейін    
біздің  ата топырағымызда  да тамыр  жайған. Қай  халықтың  мәдениеті  
мен   әдебиеті  болсын, өз  алдына   томаға  тұйық  бөлек  жатпай, басқа  
да  халықтардың   мәдениетімен  тығыз  қарым-қатынаста  болады. Демек  
сандаған    ғасырлық  тарихы    бар    қазақ    әдебиетінің    өн    бойынан    әлем  
әдебиетімен  сан  қабатты  мінәжат жанрымен байланысты байқаймыз. 
Кілт  сөздер:  мінәжат,  жанр,  таным,  әдебиет,  мадақ,  жалбарыну, 
тілек, бата, поэзия, т.б.  
 
Дін    исламның    қасиетті    қағидаларын      насихаттау,  уағыздау    қазақ  
әдебиетінің  орта    ғасырдағы    ғұлама  ақындары    Қожа    Ахмет    Йасауидың 
мұраларымен,  ұлттық  тарихтағы  жыраулық    мұраттармен,  біртін  келе 
ақындардың  мұң-мінәжат  өлеңдерімен  ұштасып  жатты.   
 
 
Біздің    елімізде    ислам    дінінің    тарауы      VII-VIII  ғасырлардан   
басталса, оның  нағыз  өркен  жайған  кезеңі  Қожа  Ахмет  Йасауи  ғұмыр  
кешкен  XII ғасыр  екені  хақ.  Ал, бұл  кезде   халқымыз  мұсылманшылыққа   
бір  жола  бет  бұрып, өнерге, ғылым-білімге, қол жеткені арабша  хат  танып,  
арабша  оқығаны  көне  құжаттардан  белгілі. Қазақ  паэзиясында  исламдық  
мазмұнға    құрылған    мінәжат    өлеңдерде    осы    түста,  түркі,  араб,  парсы  
әдебиеттерінің    ежелгі    дәуірлерден    келе    жатқан  үлгісі    ретінде  көрініс  
тапты.  Орта    ғасырлық    сопылық    паэзиядағы  сөз,  әуез,  қимыл  әрекеттер  
тұтаса    орындалатын    зікір    рәсімімен  қатар  мінәжат  өлеңдер  де  исламдық  
ортада  қолданылды. Адам  баласының  өзін  жаратушы  Құдіретке, тылсым  
күш    иелеріне    жалынып  жалбарынуы,  жәрдем    тілеуі    оның    болмысында  
бар    қасиет.  Сондықтан    мінәжат      сөздері    мен    жырларының    адамзат  

 
116 
қоғамының      алғашқы  дәуірінде  ақ  пайда    болғаны    күмән    тудырмайды. 
Қазақ    фальклорының  ең  көне  үлгілерінде  кездесетін  Тәңіріге  жалбарыну, 
рухтардың        желеп    жебеуін,  тылсым    күш    иелерінің    жарылқауын    тілеу  
мәніндегі  шумақтарды  мінәжат  жырларының ауыз  әдебиетіндегі  алғашқы  
нұсқалары   ретінде  қабылдауға  болады. Ислам  дінінің  енуімен қатар  төл  
әдебиетіміздегі    сиыну    мәнді    жырлар    да    ислами  реңкке    ие    болып,  
«Аллаға  мінәжат»  ұғымының    аясына    топтасты.  Ал    жазба    әдебиеттің   
біртұтас,    тұлғаланған    жанры    ретіндегі    мінәжаттың      шығу    төркіні   
исламдық  араб  паэзиясынан   бастау  алады. Басқа  да  бірқатар  исламдық  
жанрлар  секілді   исламдық  мазмұндағы мінәжат  түркі  жазба  әдебиетіне   
парсы      паэзиясы      арқылы    сатылай  енген.  Мінәжат      түп    төркіні    араб  
тілінен      болса  да,  исламдық    ұғымы  «Алланың      дәргаһына  дұға    қылып, 
жалбарына  тілек    тілеу»  оның    басты    міндеті  деп    көрсеткен    еді  
шығыстанушы  ғалым  Ислам  Жеменей [1, 17 б]. Сонымен қоса адам  баласы   
тек  Алладан  тілек  тілеуі, адам  адамның  құлы  емес, Алланың құлы екенін 
есте сақтауы тиіс.  
 
 
 
 
 
 
 
 
Мінәжаттың  шығу  төркінін  әдебиеттанушы  ғалым  Ислам    Жеменей  
мінәжат–арабтың  «мүнажат»  деген  сөзінен  шыққан.  Парсы  әдебиетінде  бес 
мағынасы  бар:1.Біреумен  сырласу,  сыбырласу;  2.Алламен  сырласу; 
3.Біреудің  ішкі  ойын  ұғыну;  4.Сырласу;  5.Алладан  тілеу  [2,  66  б]  деп  
көрсетеді.   
Мінәжат    түркінің            кітаби      әдебиетінен    қазақтың    ауыз   
әдебиетіндегі  тілек, бата атауларымен     жырланып  келеді. Бата  алғашқы  
қауымдық  құрылыс кезіндегі табиғаттан  тыс   күштерге   табыну    негізінде    
қалыптасқан.  Бата   қазақ   халқының   ғұрпында  адал  ниет, жақсы  тілек 
білдірудің    бір    түрі.  Өте    ерте    заманнан  салтқа    енген      бата  беру  кейде  
өлеңмен, кейде тақпақ, көркем  қара  сөзбен  ауыз  әдебиетінің  бір  жанры  
болып      қалыптасты.  Бата    беруде    күнделікті  өмірдің        жақсы    жағын 
салыстыру  сипатымен    қатар    анимистік    мағиялық      наным      сенімдердің   
элементі кездеседі. Белгілі бір     істі  бастарда, жауға,  жолға     шығарда   ақ   
тілек,  әзіз   ақсақалдан   бата   алу  әдетке айналған. Сонымен    қоса   осы  
бата  тілек   ізгі  ниетті    мінәжат  арқылы  Алланың  құлағына   шалынсын  
деп  тілеген  болар. Қазақтың  діни  ғұрпында   батаға  ұлкен  мән берілген, 
оны  өлген  адам  мен  «Құдай  алдындағы  парыз»  деп   есептеген.  Мінәжат   
ертеден    ақ    қазақ      арасында      кеңінен    қолданылған,  яғни    «бата»  және 
«тілек»  балама  сөздерімен  өмір  сүріп  келген.  
 
 
 
 
Осы    орайда  «Мінәжат  қазақ  әдебиетінде    өзімен  мазмұндас    тілек 
салтымен  біте  қайнасқан   бата  сөзімен  өмір  сүріп  келе  жатыр. «Бата» 
қазақ      арасында    кеңінен        тараған  даналардың    ұрпағына    тілейтін          ақ   
тілегі.  Бата  мінәжат  «Алладан  тілеу»      деген        мағынаны        білдіреді.  
Сондықтан   мінәжаттың   исламдық   мазмұны   мен  қазақтың «бата» салты 
әдемі    үйлесім    тапқанын    көреміз»-  деген,  И.Жеменей      пікірі      орынды  
пайымдаудан туғанын атап өткен жөн [3, 8-9 б]. 
Тарих    аясында    түркілерден      қазақ        халқы    дербес    шаңыраққа            
ие  болған  соң   мінәжат  түрленіп, басқа  да    ұғымдарына   сай   көрініс  

 
117 
тапқан. Яғни  бата    қазақ   арасында  кеңінен    тараған    қария    даналардың    
ұрпағына  тілейтін   ақ   тілегі, ізгі    ниеті   ретінде   қабылданған. Осы  бата,  
мінәжат    «Алладан      тілеу»  деген    мағынамен    тең      келеді.  Тілек  кең  
мағынада  алып  қарастырсақ    көксеген    ой,  мүдде,  мұрат,  мақсат,  ақ  тілек,  
адал, ізгі ниет. Халық  арасында   «тілегіңе  жет», «тілегің    қабыл    болсын», 
«арман  мақсатың      орындалсын»,    «жақсылық        көр»      деген        тілегі    бір  
ниеттес      баталар  үлкендер  тарапынан    айтылып  жатады.  Қазақ      батаны   
киелі   тілек   деп   қабылдаған ғой. Батаны  үлкеннің   кішіге  айтқан   тілегі   
ғана    деп  қабылдауға  болмайтынын,  батаның    тәлім  тәрбиелік  мәнінің  
тереңде  жатқанын  бағамдай   білуіміз   керек.  Соған   орай   әр  жас  қиян   үй 
болар алдында   дана    данагөйлердің    батасынсыз    қия   баспаған.  Яғни  
қазақтың    танымында     батаның    түпкі   мағынасы   Алладан   адамның    
тілеуін,    ізгі        істерінің    ақиреттегі    ізгі    нәтижесін  тілеу    болып    көрініс  
тапқан. Батаны    халқымыз киелі   тілеу деп   бағалайды. Бұған   дәлел  «Бата  
сөздің  анасы»,«Атаңнан  бота қалмаса да, бата қалсын»,«Ботаның  құны  бір 
ақ жұт, бата  балаға мәңгі   құт», «Баталы  ер арымас батасыз ер жарымас», 
«Баталы  құл  батар, Батасыз    ұл   қатар», «Ғайыптан     тапқан    алтыннан,  
Ақсақалдың    батасы    артық»,  «Тіріге      сәлем,  Өліге      бата»,  «Ақ      қойдың    
қаны,  Ақ      сақалдың    батасы»,  «Атасын        құрметтеп      тұрған      баланың, 
Тілеген      тілегі      қабыл      болады»,  «Адамнан      тілеген    қариды,  Құдайдан  
тілеген   жариды», «Жауынмен  жер көгереді, Батамен ел көгереді»   [4,12-
13б]        деген        секілді        аталы      сөздің  ұрпақтан-ұрпаққа    жалғасып  келе 
жатқандығы. 
Төл әдебиетіміздегі  мінәжат  жанрының  дамуы – әдебиет тарихының  
өн бойына созылып  жатқан  құбылыс. Алғашқы ауызекі әдебиет  үлгілерінен 
бастап, бүгінгі жаңа  ғасыр    жырларына дейін  жалғасып  жатқан  мінәжат 
өлеңдерінің  қалыптасқан  болмыс-бітімі, мәнер-машығы, көркемдік  әдістері 
бар. Қоғамдық   өзгерістерге, әлеуметтік    көзқарастарға  сәйкес    аталмыш 
жанрға деген сұраныс артып, мінәжаттың  дербес  жанр  ретінде  тұлғалана 
көрінген  кезеңдері  де, нақты  өмірлік  тақырыптардың  көбірек  жырланып, 
мінәжат  жанрының  байсал  тартқан  тұстары  да болды. Дегенмен  адамның 
жан   дүниесіндегі   алғаусыз   сезімдермен  астасып   жататын  аса  сыршыл 
мінәжат  жырлары  ешқашан  әдебиет    әлемінен    ысырылып   қалған  емес. 
Қандай  қилы  кезеңдерде   болмасын   мінәжат    мәнді    өлеңдер  өміршең 
қалпын  сақтап, тұтастай    буын  өкілдерін   өнегесіне  ұйыта   білді. Қазақ 
әдебиетінің алтын  қорын  байытқан   рухани  қазынамыздың  бірі – мінәжат 
жырлары     ескірмейтін,   жоғалмайтын,   әдебиет  барда   бірге    жасайтын 
мәңгілік  тақырыптардың   бірі   болмақ. 
 
Каталог: docs -> vestnik -> seriya molod u4enni
vestnik -> Вестник Казнпу им. Абая, серия «Художественное образование», №1(42), 2015 г
vestnik -> Хабаршы вестник «Жаратылыстану-география ғылымдары»
seriya molod u4enni -> Вестник Казнпу имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(5), 2015 г
vestnik -> Абай атындағы Қазақ
seriya molod u4enni -> Абай атындағы ҚазҰпу-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №2(6), 2015 ж
seriya molod u4enni -> Абай атындағы ҚазҦпу-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж
seriya molod u4enni -> Вестник казнпу им. Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы», №2(8), 2016 г

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет