С. А. Жиренов Бас редактордың орынбасары



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет11/14
Дата09.01.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

List of sources: 
1.  McKenna,  M.  (1998).  Electronic  texts  and  the  transformation  of  beginning 
reading.  In  D.  Reinking,  M.  McKenna,  L.  D.  Labbo,&  R.  Kieffer  (Eds.). 
Handbook of literacy and technology:  Transformations in a post-typographic 
world. Mahwah, NJ: Erlbaum. 
2. Anderson-Inman, L. & Horney,  M. A.. (1998). Transforming text for at-risk 
readers. In D. Reinking, et al. (Eds.), Handbook of Literacy and Technology: 
Transformations  in  a  Post-Typographic  World.  Mahwah,  NJ:  Lawrence 
Erlbaum Associates 
3.  ICPA  -  International  Chiropractic  Pediatric  Association  (2001)  Backpacks’ 
Your Child’s Spine Is At Risk. 
4. Munyan, J. (1998). Proceedings from first international etext conference 

 
97 
5. Adobe Systems Incorporated (2001) Adobe eBook Reader. 
6. Microsoft (2001) Microsoft eBooks and Microsoft Reader. 
Аңдатпа 
Бұл  мақала  білім  беру  жүйесіндегі  электрондық  оқулықтардың 
қолданылуы  туралы  жазылған.  Мақалада  алдымен  электрондық  кітап 
жайлы  жалпы  ақпарат  беріледі.    Кейін  бұл  кітаптардың  дәстүрлі 
кітаптармен 
салыстырғандағы 
артықшылықтары 
және 
кейбір 
статистикалық  мысалдар  келтіріледі.  Мақаланың  негізгі  бөлімінде 
электрондық  кітаптардың  білім  беру  деңгейін  көтеруде  зор  үлесі  бар 
қосымша  функциялары  сипатталған.  Мысалы,  сандық  немесе  электрондық 
тексттердің  мәтінді  дыбыстық  түрде  ойнату,  мәтінге  тиісті  белгілер 
енгізу,  іздеу  және  сөздік  қолдану  сияқты  оқушыларға  ақпарат  алудағы 
қосымша мүмкіндік беретін әр түрлі функциялары қарастырылған. Мақала 
қорытындысында,  келешектегі  электрондық  оқулықтардың  ролі  және 
заманауи  білім  жүйесіне  осы  оқулықтарды  енгізу  қажеттілігі  туралы 
айтылады. 
Түйін  сөздер:  электрондық  оқулық,  мәтін-дыбыс,  құрал-жабдықтық 
қамтамасыз  ету,  бағдарламалық  қамтамасыз  ету,    PDF,  HTML,  Mісrоsоft 
Rеаdеr. 
 
Аннотация 
Эта  статья  посвящается  использованию  электронных  книг  в 
образовании.  В  начале  статьи  дается  общая  информация  об  электронных 
книгах.  Далее  приводится  сравнение  электронных  книг  с  традиционными 
бумажными 
книгами, 
анализируя 
их 
преимущества, 
которая 
поддерживается  некоторыми  статистическими  примерами.  В  основной 
части  статьи  дается  описание  различных  функций  электронной  книги, 
которые помогают повысить уровень образования. Например, цифровой или 
электронный  текст  предлагает  возможности,  такие  как  воспроизведение 
текста  в  звуковом  формате,  которое  предоставит  пользователям 
дополнительные  условия  для  получения  информации.  Новые  технологии 
позволяют  читателям  делать  заметки,  выделения,  добавлять  рисунки, 
закладки,  выполнять  поиск  и  даже  пользоваться  с  соответствующими 
словарями.  В  заключении  говорится  о  неизбежности  применения 
электронных  книг  в  будущем,  поэтому  существует  необходимость 
разработки  использования  электронных  книг  в  современной  системе 
образования.  
Ключевые  слова:  электронная  книга,  аппаратное  обспечение, 
програмное обеспечение, текст-речь, PDF, HTML, Mісrоsоft Rеаdеr. 
 
 
 
 
 
 

 
98 
ӘОЖ: 378.016:811.512.122 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАНЫ 
ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
Мадешова Гульзия Ботабаевна - Абай атындағы қазақ Ұлттық 
педагогикалық университеті Магистратура және PhD докторантура 
институтының 1-курс магистранты 
(Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы) 
gulzia_87_82@mail.ru
 
 
Аңдатпа 
Шығармашылық  –  бұл  адамның  мақсатты  ісіне  жету  жолындағы 
талаптануы  мен  талпынысынан,  жігері  мен  сабырынан,  сұранысы  мен 
ізденісінен  түзіліп,  ақыл  ойы  мен  сезімінің,  қиялының  ерекше  бітімінен 
көрінетін  әрекеттің  жоғары  деңгейі.  Сонымен  қатар,  шығармашылық  – 
адамның  өмір  шындығына  өзін-өзі  тануға  ұмтылуы,  ізденуі  және  бүкіл 
тіршіліктің  көзі.  Адам  баласының  сөйлей  бастаған  кезінен  бастап,  бүгінгі 
күнге  дейін  жеткен  жетістіктері  шығармашылықтың  нәтижесі.  Ал 
шығармашылық  жоба  –  студенттің  мұғалімнің  қажетті  нұсқаулары 
бойынша  орындалатын    жеке  немесе  ұжымдық  өзіндік  жұмысы.  Сонда 
шығармашылық  жобаның  тиімділігі  –  көзбен  көріп,  құлақпен  естіп,  есте 
сақтай  отырып,  студентті  ізденіске,  іскерлік  пен  танымдық  ынтаға, 
шығармашылық  қабілетті  жетілдіру  арқылы  түрлі  мәселелерді  шеше 
білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеу. 
Кілт сөздер: шығармашылық жұмыс, шығармашылық жоба, оқыту, 
т.б.  
 
Қазіргі  таңда  елімізде  білім  беру  үрдісінің  өзіндік  ұлттық  үлгісі 
орнығып,  жаңа  мазмұндағы  білім  беру,  оқыту  жүйесі  қалыптасуда. 
Дүниежүзілік  білім  беру  әлеміне  кіру  мақсаты  көзделіп,  әрбір  білім-ғылым 
саласында  нақты  жаңа  өзгерістер  енгізілуде.  Мұндай  түрлі  бағыттағы 
өзгерістер білім беру жүйесінің даму бағыттарын нақтылап, оны тың арнаға, 
жаңа  сапаға  қарай  дамыту  қажеттілігін  міндеттеп  отыр.  Ұстаздарға  оқыту 
әдістемелерін саралау, ғылым нәтижелерін сын көзбен бағалау, оқушыларды 
болашақта  жан-жақты  дамыған,  рухани  жетілген  жеке  тұлға  ретінде 
қалыптастыру 
және 
өз 
іс-әрекетін, 
кәсіби 
шеберлігін 
жаңаша 
қалыптастырып,  жаңаша  ұйымдастыру  сияқты  міндеттер  жүктеліп  отыр. 
Сондықтан  еліміздің  алдыңғы  қатарлы  дамыған  елдермен  терезесі  тең, 
өркениетті  ел  болуына,  олармен  білім  мен  ғылымы,  мәдениеті  мен 
технологиясы  теңесуі  үшін  маңызды  істер  атқару  –  ел  мүддесі  алдындағы 
абыройлы міндет. Әсіресе, қазақ тілін оқыту барысында шығармашылық іс-
әрекет, жоба жасауды саналы деңгейге көтеру – күрделі іс.   
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан 
жолы  –  2050:  бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  Қазақстан  халқына 

 
99 
жолдауында «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін 
ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел 
дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін не 
істеуіміз  керек?»[1,8]  -  дей  келе,  оны  іске  асыруда  «Ұлттық  білім  берудің 
барлық  буынының  сапасын  жақсартуда  балаларға  заманауи  бағдарламалар 
мен  оқыту  әдістемелерін,  білікті  мамандар  ұсыну  маңызды»[1,8]  және 
сонымен  қатар  «Оларды  оқыту  нәтижесі  оқушылардың  сындарлы  ойлау, 
өзіңдік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс»[1,8] 
деп  атап  өтті.  Елбасымыз  еліміздегі  білім  беру  жүйесін  жақсартуға  өз 
үлесімізді  қосуды  міндеттейді  және  соған  талпыныс  жасауда.  Сондықтан 
қоғам  сұранысынан  туындап  отырған  талапқа  сәйкес  студенттің  ой-өрісін 
дамытып,  алған  білімдерін  болашақта  өз  тәжірибесінде  қолдану  біліктілігін 
арттыруда ізденімпаз, шығармашыл тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы 
–  оқыту  үдерісіне  еніп  жатқан  жаңа  бағыттарды  ұстану,  оқытудың  дәстүрлі 
түрінен жаңа педагогикалық технологияларға ауысу. 
Жалпы алғанда, шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуірінде 
ойшылдардың  назарында  болғандығын  «Шығармашылық  теориясын» 
жасауға талаптанған көптеген ізденістерден байқауға болады. Әлемдің озық 
мәдениеттің  шоқ  жұлдыздары  Ш.Уәлиханов,  Ы.Алтынсарин,  А.Құнанбаев, 
Ш.Құдайбердіұлының  даналық  ой-пікірлерінің  қазіргі  заман  талабымен 
үндесетін  тұстары  көп.  Мәселен,  Абайдың  19-қарасөзінде  «Өнердің  кез 
келгені  адамның  белсенді  шығармашылық  қызметінің  барысында  қоршаған 
орта  шындығынан  нәр  алып,  мазмұндық  жағынан  байи  бермек»[2,234]  деп 
есептейді. 
Қазақ  тілін  оқыту  барысында    білім  беруде  алынған  мәтіндер, 
мысалдар,  сөйлемдер  тікелей  өмірмен,  болып  жатқан  жаңалықтармен,  ел  
экономикасы,  өнеркәсіп  саласындағы  қол  жеткен  табыстар  мен  өнегелі 
адамдардың  өмірімен  таныстыра  түсіндіру  бағытында  жинақталды. 
Студенттердің  түрлі  мәтіндердің  көмегімен  еліміздің  егемендік  алуы,  тіл 
мәртебесінің жоғарылауы, тарихи тұлғалар туралы танымы артады, сонымен 
бірге  мәтіндер  тілді  меңгерту  барысында  теориялық  біліммен  қабат  ірі 
тарихи  мәліметтермен  ақпараттандырылады.  Еліміздің  ізгі  мұрасын,  ізгілік 
қасиеттерді  сіңіру,  салт-дәстүр  үлгілерін  көрсетіп,  бойына  сіңіру  жолдары 
басты назарда  болады. 
Ғылыми  зерттеулерге  сүйенетін  болсақ,  студент  шығармашылығын 
дамытуда 
«шығармашылық 
тапсырмалар» 
үлкен 
рөл 
атқарады. 
«Шығармашылық  тапсырмалар»  атауы  педагогикада  белгілі,  екі  құрамдас 
бөліктен  тұрады.  «Шығармашылықты  біріншіден,  студенттер  дербес,  өз 
бетімен  ойдан  жаңаны  құрастырады;  екіншіден,  жағдай  тудырушы 
материалдар  даярлап,  шығармашылыққа  икемдейтін  ересек  адамның 
қатысуы қарастырылады»[3,116]. 
Жалпы,  «шығармашылық дегеніміз  не?»  деген  сұраққа  жауап  іздейтін 
болсақ,  шығармашылық  –  бұл  адамның  мақсатты  ісіне  жету  жолындағы 
талаптануы  мен  талпынысынан,  жігері  мен  сабырынан,  сұранысы  мен 
ізденісінен  түзіліп,  ақыл  ойы  мен  сезімінің,  қиялының  ерекше  бітімінен 

 
100 
көрінетін  әрекеттің  жоғары  деңгейі.  «Шығармашылық  –  ол  таң  қалу  және 
танымдық қабілет, белгісіз жағдайда шешім таба алу іскерлігі, жаңалық аша 
білу және өзі ашқан тәжірибені ұғына білу қабілеті»[4,238]. Шығармашылық 
жұмыспен айналысу, оны ұйымдастыру – жаңалық ойлап табуға бағытталған 
қабілеттер  деңгейі.  Сонымен  қатар,  шығармашылық  –  адамның  өмір 
шындығына  өзін-өзі  тануға  ұмтылуы,  ізденуі  және  бүкіл  тіршіліктің  көзі. 
Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен 
жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. 
Білім  алу,  оқу  –  алдағы  үлкен өмірде өз  орныңды дұрыс таба білу 
үшін қажет дүние.Сондықтан оқу барысында студентке өз бетімен іздендіре 
отырып, өзіне деген сенімділік  күшін тудырып, өз ойын анық жеткізе біліп, 
дұрыс  шешім  қабылдауға,  яғни  жеке  тұлға  болып  қалыптасуына  бейімдеу 
және зерттеу жұмысын ұйымдастыруға, жоба жұмыстарын жасауға мақсатты 
әрі жүйелі түрде бағыттау қажет деп есептеймін. 
Ал, енді «шығармашылық жоба» дегеніміз не? Шығармашылық жоба – 
бұл  әр  студенттің  немесе  топтаса  отырып,  белгілі  бір  тақырып  бойынша  өз 
ізденісімен жасайтын жаңа шығармашылық жұмысы. Мұндағы басты мақсат 
–  студенттердің  қызығушылығын  дамыту,  өз  бетімен  жұмыстарын  жүргізу 
арқылы 
білімдерін 
жетілдіру, 
ақпараттық 
бағдарлау 
біліктілігін 
қалыптастыру  және  сыни  тұрғыдан  ойлау  қабілетін  арттыру  арқылы 
болашақта кездесетін әр түрлі жағдайларда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі 
көрсете  білуге  бейімдеу  болып  табылады.  Сонда  шығармашылық  жобаның 
тиімділігі  –  көзбен  көріп,  құлақпен  естіп,  есте  сақтай  отырып,  студентті 
ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру 
арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске 
жетелеу болып отыр.  
Шығармашылық  жоба  -  мұғалімнің  қажетті  нұсқаулар  бойынша 
студенттің оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Шығармашылық 
жұмыстың  негізгі  ерекшелігі  –  студенттің  берілген  тапсырманы  мұғалімнің 
көмегінсіз орындауы болып есептеледі. «Мұндағы басты мақсат:  
Біріншіден,  студенттердің  танымдық  қызметіндегі  дербестікті  дамыту 
және одан әрі өрістету, оларды білімді өздігінен игеруге, дүниеге көзқарасын 
қалыптастыруға, ой белсенділігін арттыруға үйрету.  
Екіншіден,  оқшылардың  алған  білімін  өздігінен  іс  жүзінде  қолдана 
білуге  баулу.  Студенттерді  шығармашылық  жұмысқа  баулып,  олардың 
белсенділіктерін,  қызығушылықтарын  оятып  арттыра  түсу  үшін,  сабақта 
және сабақтан тыс уақытта әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады»[5,58]. 
Сондай-ақ шығармашылық жұмыстың міндеттеріне мыналар жатады: 
1.
 
Жаңа  материалды  оқып-үйрену  және  оқып  игеруге  деген 
қызығушылықтарын ояту. 
2.
 
Жаңа  білімнің  мазмұнын  жоспарлағанда  студентке  берілетін 
тапсырманы оның қабілетін ұштайтындай, ойын, қиялын дамытатындай етіп 
дайындау. 
3.
 
Студенттерге тапсырмаларды әртүрлі күрделірек дәрежеде орындату 
арқылы олардың білімін саралауды ұйымдастыру. 

 
101 
4.
 
Студенттердің  ізденімпаздық,  шығармашылық  мүмкіндіктерін 
тудыратын, қабілеттерін жан-жақты дамытатын әртүрлі белсенді оқыту әдіс-
тәсілдерін кеңінен қолдану. 
5.
 
Студенттердің білім алу нәтижелерін жүйелі талдап, бағалап отыру. 
Ғылым  мен  білім  дамып  жатқан  уақытта  бұрынғы  белгілі  материалдарды 
көшіру  немесе  қайталауды  шығармашылық  деп  айтуға  келмейді,  дегенмен, 
белгілі  дүниелерді  дамытып,  жаңашаландыру,  ерекше  қасиеттерін  табу  – 
шығармашылыққа тән құбылыс. 
 
 
Сонымен,  қазақ  тілі  сабақтарында  шығармашылық  жобаны 
қолданудың маңызы: 
1.
 
Өмір шындығын, өзін-өзі тануына ұмтылады, ізденеді; 
2.
 
Прогрессивті  алдыңғы  қатарлы  ойларды  уағыздап,  сыни  ойлау 
деңгейі жоғарылайды; 
3.
 
Өз білімін тұрақты көтеріп отырумен жүйелі түрде айналысады, өз 
жұмысына талдау жасауға қабілеті артады
4.
 
Эстетикалық талғамы және көркемдік мәдениеті жинақталады
5.
 
Барлық жаңалық пен озық ойларға қызығушылық танытады
6.
 
Белгілі бір мәселе шешуде тапқыр, өзіндік жеке пікірі қалыптасады
7.
 
Өмірлік позициясы, ұстанымы болады; 
Қазақ тілді  оқыту барысында шығармашылық жобамен жұмыс істеуде 
тірек ететін ұстанымдарымызды анықтау білім мазмұнын, дамыта оқыту мен 
сын  тұрғысынан  ойлау  технологияларының  әдістері  мен  стратегияларын 
мақсатқа  сай  ұйымдастырудың  тиімді  жолдарын  ашуға  мүмкіндік  берді. 
Студенттің шығармашылық қабілеттерін дамытумен қатар, олардың бойына 
адами  қасиеттерді  дамыту;  дүниетанымын  кеңейту;  өмірде  болып  жатқан 
құбылыстарды  пайымдай  білу;  алған  білімін  өмір  шындығымен 
байланыстыра  алу  секілді  қасиеттерді  сіңіру  әрекеттері  сабақтастырыла 
жүргізілді.  
Шығармашылық жоба арқылы қазақ тілін оқытудың зор тәрбиелік мәні 
бар.  Адам  болмысын  тәрбиелеу  үдерісінің  маңыздылығы  –  оның  жанын  
дамыту. Адамның өсіп-жетілуіне орай дамытылып отыратын әдіс-тәсілдерді 
қолдану,  оны  түрлендіріп,  жаңғыртып  пайдалану  әрекеттерімен  санасады. 
«Шығармашыл  жеке  тұлға  тәрбиелеудің  бірден-бір  жолы  –  оның  дүние 
сырын  тануға  деген  құлшынысын  қалыптастыру,  өз  бетімен  дүние  сырын 
танып-білуге  құштарлығын  ояту,  дамытушылық  іс-әрекеттер  мен  әдіс-
тәсілдер таба білуге үйрету секілді тәрбиелік үдерістер негізі[6,160]. 
Қорыта  келгенде,  шығармашылық  тұлға  басқалардан  өз  ісіне  деген 
сенімділігімен,  қиял  ұшқырлығымен,  әдемілікті  сезіне  білуімен,  өзгеше 
шабытымен ерекшеленеді. «Өз ойын жаза білу зиялылықтың бірінші белгісі. 
Шығармашылық  адамның  бақылағыштық  қабілетін,  қиялын,  фантазиясын 
дамытады»  -  деген  А.  Рыбаковтың  пікірі  осыған  дәлел.  Шығармашылық 
жобаның негізгі сипаты жаңа, тың дүние жасауға, жаңа амал-тәсілдер табуға 
ұмтылыс жасау деп айтуға болады.  Қазақ тілін  оқытуда шығармашылықпен 
жұмыс  істеу  әдістемесі  студенттердің  туған  елін,  Отанын  сүюге,  халықтық 

 
102 
мұраларды,  салт-сананы  қастерлеуге  тәрбиелейді  және  әр  студенттің  жеке 
пікір, көзқарасын қалыптастырып, тұлғалық сипат алуына әсерін тигізеді. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  Халқына  Жолдауы 
«Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». – Алматы: 
ЮРИСТ, 2014-8б 
2.
 
Құнанбаев А.. Шығармалар жинағы. -Алматы: Жазушы. 1998.-234б.  
3.
 
Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. – 
М.,1995.-116б 
4.
 
Андреев В.И.. Диалектика воспитания и самовоспитания творческой 
личности. К.Издательство Казанского Университета.-М.,1988. -238 с 
5.
 
Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсеңділігін арттыру жолдары.-А., 
Мектеп, 1978.-58б 
6.
 
Исабаев  Ә.  Қазақ  тілін  оқытудың  дидактикалық  негіздері(Көмекші 
оқу құралы). – Алматы, 1993.-160б 
7.
 
Ерхожина  Ш.  Л.  Шығармашылықтың  мәні,  психологиялық 
негіздері // «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы.  -Алматы. 2007. -№8. -
19б. 
Аннотация 
Творчество    -  это  высший  уровень  действия  на  пути  достижения 
целенаправленного дела, образующийся из желания и стремления, энергии и 
терпения,  спроса  и  поиска,  которое  можно  увидеть  из  интеллекта  и 
чувства,  особого  устройства  воображения.  Вместе  с  тем,  творвество  – 
стремление, поиск к самопознанию истины человеческой жизни и источник 
всей  жизни.  Достижения  людей  начиная  с  момента,  когда  он  начал 
разговаривать    и  до  сегодняшних  дней  –  это  результат  творчества.  А 
творческий проект – индивидуальная и групповая самостоятельная работа 
студента,  выполняемая  по  необходимый  инструкции  учителя.  И  тогда 
эффективность  творческого  проекта  –  видя,  слыша  и  запоминая,  вести 
студентов  к  поиску,  к  деловой  и  позновательной  инициативе,  к  умению 
решать  различные  проблемы  путем  совершенствования  творческих 
способностей,  к  находчивости,  к  новым  научным  поискам.  В  этой  статье 
разносторонне  рассматриваются  вопросы  как  при  обучении  казахскому 
языку,  используя  проект  можно  приучить  студентов  к  любознательности, 
пробудить  творческое  возможности,  всесторонне  развить  мысли, 
воображение,  способности,  сформировать    как  личность,  приучить  к 
научному поиску. 
Ключевые слова: творческая работа, творческий проект, обучать и 
т.д. 
Abstract 
Creation  –  it  is  the  top  action  on  the  way  of  achievement  some  deal 
generated  from  desire  and    intention,  energy  and  patience,  request  and    search 
which  is  descried  from  intellect  and  feelings,  special  form  of  imagination. 
However, creation  is intention and search to self-knowledge of verity human life 

 
103 
and it is a source of life. The people progress starting with the talking moment till 
nowadays  –  it  is  the  result  of  creation.  The  creative  project  is  a  student’s 
individual and self-sustained group work doing with needed teacher’s instructions. 
Then, the effect of the creative project   -by  listening, watching and remembering 
to lead the students to search, business and cognitive initiatives, ability of solving 
different  problems  through  developing  creative  talents,  gumption  and  scientific 
research.  In  this  article  the  ways  of  learning    the  Kazak  language  are 
comprehensively  studied.  Using  the  project  method,  we  can  teach  the  students  
curiosity,  awaken  the  creative  talents,  comprehensively  developing  of  thinking, 
imagination and personality forming , teaching to search. 
Keywords: creative job, creative project, to teach ets. 
 
 
ӘОЖ
  
373.016:
 
73/76 
 
ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ДӘСТҮРЛІ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ 
ТАБИҒИ, ТАРИХИ ДАМУ ЖОЛЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН 
ТӘРБИЕЛІК МҮМКІНДІКТЕРІ 
 
Назарымбетов Еркебұлан -   
 Абай атындағы ҚазҰПУ-ң Магистратура және PhD докторантура 
институтының 6М010700- бейнелеу өнері және сызу мамандығының 
магистранты. (Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы) 
nazarymbetov1990@mail.ru
 
 
Аңдатпа 
Автор  мақалада    ХХ  ғасырдағы  қазақ  дәстүрлі  бейнелеу  өнерінің  
табиғи, тарихи даму жолдарын,  ерекшеліктерін, тәрбиелік мүмкіндіктерін 
сипаттап,  Қазақстан  бейнелеу  өнерінің  кәсіби    дамуына  үлес  қосқан  сол 
кезеңдегі суретшілердің көркем шығармаларының символдық рәміздік және  
семионтикалық  мәні  мен  мағынасын  тоғыстыратын    құралдарды    ашып 
көрсете  алды.  Сонымен  қатар  бейнелеу  өнерінің  тарихи  даму  үрдісін, 
түрлері мен жанрларын, оның көркемдік тіл құралдарын талдап, Қазақстан  
бейнелеу  өнері  туындыларындағы    халықтық  өзіндік  дүниетанымды,  оның 
мәдениеті мен дәстүрлік ерекшеліктерін ерекше атап кеткен. 
Кілтті  сөздер:  дәстүр,көркем,  дүниетаным,  бейнелеу  өнері,  символ, 
семиотика, рәміз, көркем образ, кәсіби,  өнер, көркем туынды, образдық тіл. 
      
     Көне  дәуірден  біздің  заманымызға  дейінгі  кезеңде  қалыптасқан  бейнелеу 
өнері  -  бай  әлемдік  көркем  мәдениетінің  аса  бір  арналы  саласы.  Көне 
дәуірден  Еуроазия  мәдениетінің  дәстүрін  сақтап  қалған  Қазақстанның 
бейнелеу  өнерінің    әлемдік  мәдениетте  өзіндік  орны  бар.  Қазақстанның 
бейнелеу  өнерінің    өзіндік    қалыптасуы,  даму  үрдісі  оның  геосаяси 
жағдайына,  қазақ  халқының  көшпелілік  мәдениеті  мен  тарихи  кезеңдердегі 
көркемдік  гүлдену  дәуірлерімен  тікелей  байланысты.  Қазақстанның  көне 

 
104 
өнері бастауын палеолит және энеолит дәуірінен алады. Алғашқы қауымдық 
мәдениетке  саздан  жасалған  ыдыстардағы  суреттер,  т.б.  жатады. 
Қазақстандағы  бейнелеу  өнерінің    келесі  даму  кезеңі  -  қола  дәуірі.  Өзінің 
мифологиялық  мазмұны  мен  сюжеті,  пластикалық  өрнегі  жағынан  ерекше 
қуатымен  көрінген  кешенді  таңбалы  тастар  -  Тамғалы,  Бұғы  тас,  жоғары 
Ертіс  алқабы,  Орталық  Қазақстан  ескерткіштері  осыны  айғақтайды.  Сақ 
дәуірінен жеткен бейнелеу  өнерінің бай мұрасы да аса бай. Есік қорғанынан 
табылған сақ өнерінің  кешеніндегі  (б. з.  б.  V  -IV,  III  -  IV ғасырлар)  бүгінге 
дейін сақталып жеткен “Алтын адам” соның ең бір көрнекті үлгісі. 
       Қазақстанның  орта  ғасырлардағы  өнері  өзіндік  өрнегімен  ерекшеленеді. 
Бұл  кезеңдегі  өнер  тәңіршілдікпен,  түркілердің  қуатты  саясатымен, 
қалалардың салынып, сауда мен қолөнердің дамуымен үндесті. Балбал тастар 
мен  құлыптастар  да  осы  кезеңнің  туындылары.  Зергерлік  өнер,  тері  илеу, 
қыш  құю,  тоқыма  өнері  дамыды.  Қазақ  халқының  көркемдік  ойлау  жүйесі 
мен  бейнелеу  тілінің  байлығы  ою-өрнек  өнерінде,  белгі,  таңба  жүйесінде 
айқын  ізін  қалдырған.  Адам  мен  табиғатты  тұтас  бірлікте  қарастыратын 
қазақтың  дәстүрлі  дүниетанымы  мен  өнері  киіз  үйдің  құрылысынан  өз 
көрінісін  тапқан.  XVIII  -  XIX  ғасырлар    мен  XX  ғасырдың  басында  қазақ 
халқының  дәстүрлі  өмір  салтын  Еуропа  және  орыс  ориенталистері  өз 
туындыларында (Т. Аткинсон, Б. Залесский, А. Горонович, В. Штернберг, Т. 
Шевченко,  П.  Кузнецов,  Г.  Хлудов)  қызығушылықпен  бейнеледі.  Қазақтың 
дарынды  ұлдарының  бірі  Ш.  Уәлихановтың  суреттері  19  ғасырдың  екінші 
жартысындағы  графикалық  туындылардың  Қазақстандағы  алғашқы  құнды 
үлгілері  болып  саналады.  ХХ  ғасырдың  басында  Қазақстанда  кәсіби 
кескіндеме,  мүсін,  графика  жанрлары  қалыптаса  бастады.  Оның  негізін 
қалаушылар  -  Ә.Қастеев,  Ә.Ысмайылов,  Х.Наурызбаев,  т.б.  ұлттық  кәсіби  
бейнелеу  өнері  алғаш  еуропалық  көркемдік  дәстүр  арнасында  дамығанмен, 
кейіннен  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  ұлттық  дәстүр  негізінде  өзіндік 
стильмен  даралана  бастады.  Айқын  ұлттық  қолтаңбасымен  көрінген 
С.Мәмбеев,  М.Кенбаев,  Қ.Телжанов,  С.Айтбаев,  Т.Тоғысбаев,  Ш.Сариев 
сияқты  дарынды  көркем  өнер  шеберлерінің  үлкен  шоғыры  қалыптасты.    
Халық өмірінің барлық қырын қамтыған қазақ бейнелеу өнері - қазіргі таңда 
ірі өнер саласына айналған. ХХ ғасырдың соңы ұлттық таным, төл тарих пен 
мәдениет  тарапындағы  ізденістер  қарқынды  дамып,  қазақ  өнерінің  жетіліп, 
ұлттық  көркем  бағыттар,  түрлі  ағымдар,  даралық  стильдер  туған  кезең 
болды.  Бұл  бағытта  Е.Мергенов,  Е.  Төлепбай,  А.  Ақанаев,  А.  Сыдыхан, 
Т.Маданов, А. Есенбаев, А. Есдулетов, т.б. жемісті еңбек етті. Қазіргі кезеңде 
қазақ бейнелеу өнерінің  мәдени ескерткіштер, халық тарихының бастаулары, 
ұлттық ерекшелік, т.б. құндылықтарға ден қою, тың ізденістерге жетелеудің 
басты құралы болды.[1] 
       ХХ  ғасырдағы  қазақ  бейнелеу  өнері  -  көркем  кескіндеме,  мүсіндеме, 
графика,  сән  және  қолданбалы  өнер  салаларын  қамтитын,  ұлттық 
дүниетанымға  негізделген  көркем  өнер.  Қазақ  бейнелеу  өнерінің  бұқаралық 
ең ежелгі түрі – халықтың қолөнері болып табылады. Әдебиет пен музыкаға 
қарағанда,  кәсіби  қазақ  бейнелеу  өнерінің  қалыптасу  және  даму  жолы  өте 

 
105 
күрделі  болды.  Оның  бастауында  этнограф-ғалым  Ш.Уәлиханов  тұрды. 
Кейінгі  зерттеулер  Шоқан  туындыларынан  (әсіресе,  графикалық  суреттері), 
“Потанин”,  “Тезек  төре”,  т.б.  портреттік  жұмыстарынан  оның  кәсіби 
суретшілерге  тән  шеберлігі  байқалатынын  анықтады.  Шоқанның  қас-қағым 
сәтте  салған  графикалық  долбар  суреттері  қайта  өрлеу  дәуірі  өкілдері 
(Леонардо  Да  Винчи,  Рафаэль  Санти)  шығармаларымен  сабақтасып  жатыр 
(“Аға  сұлтан  портреті”,  “Бақсы”,  “Қазақ  музыканттары”,  “Шығыс 
ұйғырларының  киімі”,  т.б.).  Шоқан  Қазақ  Бейнелеу  Өнерінің  графикалық 
саласында  ғана  емес,  сонымен  қоса,  кескіндеме  саласында  да  жоғары 
шеберлікке  жеткен  (“Алатау  көрінісі”,  “Жатақ”).  Қазақстанда  бейнелеу 
өнерінің 
кәсіпқой 
шеберлерін 
даярлайтын 
студия 
1920 
жылы 
ұйымдастырылып,  онда  Н.Г.Хлудов,  Н.Антонов  және  мүсінші  А.С. 
Пономарев сабақ берді. 
       ХХ  ғасырдың  20 - 30 жылдары қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы 
қадамдарын  жасады.  Жас  суретшілер  кескіндеме  мен  графиканың  кәсіптік 
шеберлігін  меңгерді.  Олар  (Н.И.  Крутильников,  Ә.Қастеев,  Ә.Ысмайылов, 
И.И.  Савельев,  Б.Сәрсенбаев,  Қ.Қожықов,  т.б.)  өздерінің  қарапайым 
мазмұнға  құрылған  алғашқы  еңбектерінде  елімізде  болып  жатқан  өзекті 
өзгерістерді бейнелеуге ұмтылды. 
       1928  жылы  Семейде  бейнелеу  өнері  шығармаларының  алғашқы  көрмесі 
ұйымдастырылды. Қазақстан суретшілерінің кәсіптік шеберлікті тез игеруіне 
сол  кездегі  одақтас  республикалардың,  Мәскеу  мен  Санкт-Петербург 
шеберлерінің  (Б.В.  Иогансон,  А.А.  Дейнека,  С.В.  Герасимов,  А.А.  Пластов) 
тәжірибесі көп көмектесті. 
      1933  жылы  республика  Суретшілер  одағының  ұйымдастыру  комитеті 
құрылды.  1934  жылы  Мәскеудегі  Шығыс  мәдениетінің  мемлекеттік 
мұражайында  қазақ  суретшілерінің  тұңғыш  көрмесі  ұйымдастырылып,  бір 
жыл  өткен  соң  Алматыда  Қазақ  мемл.  көркемсурет  галереясы  ашылды. 
Әлеум.-экон.  және  мәдени  өмірдің  жаңа  жағдайлары,  түбегейлі  уақыт 
талаптары  шығармаларға  тың  тақырып  болды.  Ә.Қастеев  шығармаларының 
өзіндік ұлттық  бояуы  осы кезде  жарқырап  көрінді.  Қазақ бейнелеу  өнерінің 
қалыптасу  және  өркендеу  жолы  осы  суреткер  шығармаларымен  тығыз 
байланысты  болды.  Көркем  шығармаларды  бүкіл  Отан  келбетімен 
бейнелейтін  суретші  Ә.Ысмайылов  та  қазақ  кескіндемешілерінің  аға 
буынына  жататын.  Өздерінің  шығармашылық  жолын  республика  өмірімен 
тікелей  байланыстырған  көптеген  орыс  шеберлері:  кескіндемешілер  -  А.А. 
Риттих, Н.В. Соловьев, А.И. Бортников, Н.И. Крутильников, Л.П. Леонтьев, 
графиктер Г.А. Брылов, Б.А. Чекалин, Л.В.Гербановский, т.б. 30 жылдардағы 
қазақ  бейнелеу өнерінің дамуына  белсене ат салысты. 1940 жылы маусымда 
ашылған  Қазақстан  суретшілерінің  І-съезі  шығармашылық  ұжымның  біраз 
жылғы  жұмыстарын  қорытындылап,  ұлттық  өнерді  одан  әрі  дамытудың 
жолдарын  белгілеп  берді.  40-жылдардың  басында  қазақ  кескіндемесі  мен 
графикасы едәуір табыстарға жетті. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында 
республика  қыл  қалам  шеберлері  өз  өнерлерін  фашист-басқыншыларына 
қарсы  үгіт-насихат  құралына  айналдырып,  бүкіл  халықтық  ерлікті, 

 
106 
қаһармандық пен қайсарлықты көрсетуге күш салды. Бұл жылдары Леонтьев, 
К.Я.  Баранов,  Риттих,  А.И.  Черкасский,  И.Я.  Иткинд,  М.С.  Лизогуб,  т.б. 
табысты еңбек етті. [2] 
      Ал  енді  екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  жылдарда  Қазақстан 
бейнелеу  өнерінің  барлық  түрі:  кескіндеме,  мүсіндеме,  графика  ілгері 
дамыды.  Қазақ  және  өзбек  халықтарына  ортақ  суреткер  -  қазақ  табиғатын 
тамсана жазған, алғашқы академик-суретші О.Н. Таңсықбаев Қазақ Бейнелеу 
Өнерінде  ерекше  орын  алады.  Ол  елден  жырақ  жүрсе  де  (Өзбекстанда 
тұрған)  бар  болмысымен,  жүрегімен  өзін  әрқашанда  елімен,  жерімен  бірге 
сезінген,  қазақ  табиғатын  ерекше  бір  сүйіспеншілікпен  жазған  суретшінің 
бірі  болды  (“Қазақстан  жолдары”,  “Көш”,  т.б.).  50-жылдардың  соңы 
(Қ.Телжанов,  М.Кенбаев)  Қазақ  бейнелеу  өнері  жанрлық  және  ізденіс 
бағыттарының санылығымен ерекшеленеді. Қазақ бейнелеу өнерінде графика 
саласы  елеулі  орын  алады.  60-жылдары  акварельдің,  офорттың, 
линогравюраның,  автолитографияның  өзіндік  бағыттары  бар  дарынды 
шеберлері  (А.А.  Дячкин,  Е.Г.  Сидоркин,  Н.С.  Гаев,  Ш.Б.  Кенжебаев,  И.Г. 
Квачко, т.б.) өсіп жетілді. Қазақстан бейнелеу өнерінің байырғы шебері В.И. 
Антощенко-Оленев  гравюра  мүмкіндіктерін  барынша  табысты  пайдалана 
білді.  Қазақ  бейнелеу  өнерінің  шығармалары  бұл  кезеңде  шет  елдерде  де 
таныла  бастады.  Олар  Мәскеудегі  Третьяков  галереясына,  Қазақстан 
мемлекеттік  бейнелеу  өнері  мұражайына  қойылды,  шет  ел  мұражайлары 
сатып  алатын  болды.  Қазақстан  суретшілерінің  ең  үздік  еңбектері  ұлт 
өнерінің  қазынасына  асыл  мұра  болып  қосылды.  Республиканың  көптеген 
облыс  орталықтарында  (Шымкентте,  Қарағандыда,  Астанада,  Павлодарда, 
т.б.)  шығармашылық  ұжымдар  құрыла  бастады.  Қазақстан    бейнелеу 
өнерінде  халықтың  өзіндік  дүниетанымын,  оның  мәдениеті  мен  дәстүрлік 
ерекшеліктерін  танытатын  белгілер  барған  сайын  айқын  қалыптасты.  Бұл 
кезеңдегі 
Қазақстан 
бейнелеу 
өнерінің 
дамуына 
А.Ғалымбаева, 
Г.Ысмайылова,  Қ.Телжанов,  М.Кенбаев,  С.Мәмбеев,  Ә.Жүсіпов,  С.Романов, 
А.М.  Степанов,  К.Шаяхметов,  Ү.Әжиев,  т.б.  суретшілердің  тақырыптық 
картиналары  үлкен  үлес  қосты.  Ауыл  тақырыбы  көптеген  Қазақстан 
суретшілерінің  назарында  болып,  әсіресе,  шығармашылық  жолын  60  -  70-
жылдары  бастаған  шеберлердің  ең  басты  тақырыбына  айналды.  С.Айтбаев, 
Ш.Сариев, 
Т.Тоғызбаев, 
Ә.Садыханов, 
О.Нұржұмаев, 
А.Ақанаев 
шығармаларына  өзіндік  қазақи  дүниетаным,  өмірді  кең  көлемде  тани  білу, 
символикаға құштарлық тән болды. 
      Жалпы 
М.Аманжолов,  К.Муллашев,  Е.Төлепбаев,  т.б.  көркем 
шығармаларынан романтикалық-символдық және  сезімдік  бастаулар  көрініс 
тапты. Бұл суретшілердің шығармалары айқын да күрделі түсімен, шиыршық 
атқан бояуымен, белсенді кеңістік ортасымен, бейнелердің әсемдігімен және 
сырлылығымен 
ерекше 
көзге 
түседі. 
М.Қисамединов 
еңбектері 
жұртшылықтың  қызығушылығын  туғызды.  Оның  Махамбет  Өтемісұлының 
өлеңдеріне  салған  суреттерінде  (1973)  өз  халқының  азаттығы  жолында 
күрескен  батырдың  тарихи  бейнесін  жасады.  И.Исабаев  қазақ  әдебиеті 
классиктерінің,  Қазақстан  жазушыларының  шығармалары,  балалар  әдебиеті 

 
107 
бойынша  суреттер  салумен  қатар  көптеген  қондырғылы  графика 
шығармаларын берді. ХХ ғасырдың 70 - 80-жылдар шығармаларында өзіндік 
қолтаңбасы  айқын  графиктер  қатары  көбейді.  80  -  90-жылдары  Қазақстан  
бейнелеу  өнері  тың  ізденістермен,  еуропалық  жаңа  сипаттағы  ағымдардың 
әдіснамасын меңгеруімен ерекшеленеді (А.А. Ақанаев, Е.Мергенов, Д.Әлиев, 
Е.Төлепбаев,  Б.Түлкиев,  Ж.Аралбаев,  т.б.).  Одан  беріде  күнделікті 
қарапайым  қазақ  өмірін,  белгілі  тарихи  кезеңдерді  жаңаша  сипат  беріп, 
ерекше  тәсілмен  бейнелей  білген  суретшілер  бой  көтерді  (М.Аманжолов, 
А.Нақысбеков,  К.Каметов,  Е.Сергебаев,  А.Қорғанбаев,  Т.Ордабеков, 
А.Дүзелханов,  т.б.).  Елімізге  қасірет  әкелген,  көп  жылдар  бойы  жабық 
тақырып  болып  келген  Семей  атом  полигонының,  Аралдың  қасіретті  ащы 
шындығы бейнеленді (Ақанаев, М.Аманжолов, А.Губашев, Ә.Төлебиев, т.б.). 
[3] 
   Ал  енді  бейнелеу  өнерінің    жекелеген  түрлерін  және  олардың  бір-бірінен 
ерекшеліктерін  білу,  ажырату  адамзатты  көнеден  бері  толғандырып  келеді. 
Бейнелеу  өнері  -  дүниені  көзбен  көріп  түйсіну  негізінде  бейнелейтін 
пластикалық өнердің бір саласы.  
     Бейнелеу  өнерінің  негізіне  кескіндеме,  мүсін,  графика  жатады.  Бейнелеу 
өнерінің  белгілері  сәулет  өнері,  безендіру  және  қолданбалы  өнерде  көрініс 
табуы  тиіс.  Сондықтан  шартты  түрде  оларды  да  бейнелеу  өнері  қатарына 
жатқызамыз.  Сондай-ақ,  театр,  кино,  теледидарға  безендіруді,  көркем 
дизайнды  да бейнелеу  өнері ретінде  таниды.  Бұл  өнердің  де  негізінде  адам, 
табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелеу 
өнері  дүниені  байқау,  бақылау,  көру  нәтижесінде  оның  көркем  бейнесін 
жасайды.  Әр  ғасыр,  дәуір,  кезеңде  пайда  болды.  Бейнелеу  өнерінің 
туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін 
құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен 
де  ерекшеленеді.  Уақыттық  даму  үдерісі  басқа  өнер  түрлеріне  (әдебиет, 
музыка,  театр,  кино)  қарағанда  бейнелеу  өнерінде  шектеулі,  ол  негізінен 
кеңістіктік  ауқымымен  ерекшеленеді.  Суретші  өз  көзімен  көріп,  түйсінген 
шындығын  сол  сәттегі  қалпымен  көрсетуге  ұмтылады.  Өмір  құбылыстары 
типтік  жағынан  таңдап  алынып,  заманның  тірлік-тынысы  жан-жақты 
көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркем тіл құралдарына сурет, 
түрлі  түс,  пластика,  жарық  пен  көлеңке  композициясы,  ырғақ  жатады. 
Шығармалар  заттық  материалдан  дайындалатындықтан  оған  пәндік,  заттық 
болмыс тән. Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше 
береді:  кескіндеме  түрлі  түсті  бояуды,  графика  түрі  сызықтардың 
қиылысуын,  көлеңке  мен  жарықтың  астасуын,  мүсін  пластикалық  үш 
өлшемдікті  пайдаланады.  Бейнелеу  өнерінің  барлық  жанрындағы 
шығармалары  мазмұнына  қарай  монументті-сәндік  және  қондырмалы 
шығармалар  негізінен  мұражайлар,  галереялар  немесе  үй  интерьерлерін 
безендіріп,  сол  жерлерде  орналасады.  Монументті  мүсін  сәулеттік 
кешендерде,  қала  көшелері  мен  алаңдарда,  мекеме  ғимараттарының  қасбеті 
мен  интерьерлерінде  орналасады.  Бейнелеу  өнерінің  тарихи  даму  үрдісі 
барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ. 

 
108 
жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет