Руководство. Астана: Национальная академия образования им. И



жүктеу 0.68 Mb.
Pdf просмотр
бет2/5
Дата28.05.2017
өлшемі0.68 Mb.
1   2   3   4   5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14 


 



Білім  беру  ұйымдары  қамқоршылық  кеңестері  қызметінің  тиімділігін 

теориялық-әдіснамалық негіздеу  

 

Білім  беру  ұйымдарындағы  қамқоршылық  кеңестерінің  қызметі  –  бұл 



бюджеттен  тыс  қаржыны  тартудың  тиімді,  заңдылықты  сауатты  инструменті 

ғана емес, сонымен қатар, мектепке, педагогикалық ұжымға және оқушыларға 

көмек көрсетудің ең тиімді тәсілі.  

Қазақстандық  білім  беруді  жүйелі  түрде  жетілдіру  жағдайында 

қамқоршылық кеңестері қызметінің сапасын арттыру – объективті қажеттілік. 

Ғылыми-әдіснамалық  әдебиеттерді  зерделеу  және  білім  беру  ұйымдары 

қамқоршылық  кеңестерінің  қызметін  талдау  қамқоршылық  кеңестерінің 

қызметін теориялық-әдіснамалық негіздерін дәлелдеуге мүмкіндік берді.  

Әлеуметтік ұйымдарды зерттеуде әлеуметтану тәсілдерінің қалыптасуына 

Ф.  Тейлор,  М.  Вебер,  А.  Маслоу,  Р.  Мертон,  Т.  Парсонс,  А.  Файоль,  А. 

Этциони, Э. Гидденс, Н. Смелзер, Дж. Томсон, Л. Бовье және т.б. елеулі үлес 

қосты. Олардың еңбектері әлеуметтік институттар мен әлеуметтік ұйымдарды 

зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздерін құрады.  

Социологтар  бұл  проблеманы  зерттеуге  XX  ғасырдың  60-жылдарының 

ортасында назар аударды. Д.М. Гвишиани, А.И. Пригожин, А.А. Радугин, К.А. 

Радугин, В.В. Щербиннің зерттеулері арқасында әлеуметтану ғылымының осы 

саласында бірқатар өзекті проблемалар дайындалды.  

Соңғы онжылдықта В.И. Башмаков, К.А. Кравченко, В.Р. Веснин және т.б. 

ғалымдар  әлеуметтік  институттар  мен  әлеуметтік  ұйымдарды  теориялық-

қолданбалы аспектілер тұрғысынан зерттеуде зор үлес қосты.  

Қамқоршылық кеңесінің негізгі қызметі мемлекет пен азаматтық қоғамның 

өзара  әрекеттесуінен  тұратындықтан,  аталған  институттардың  өзара  қарым-

қатынасы проблемасын зерттеу жөніндегі Т. Голенкова,  

И.Б. Левин, К. Гаджиев, А. Кочетков, К.Г. Габдулина, Н.Ж. Асылов, Ш.Е. 

Джаманбалаева,  З.Ж.  Жаназарова,  Г.С.  Әбдірайымова,  Н.М.  Кудро,  Ж.А. 

Нұрбекова, М.С. Садырова және т.б. жұмыстары қарастырылған.  

Ғылыми дерекнамалардың жеке тобын қамқоршылық кеңестерін құру мен 

қызмет ету проблемасына арналған басылымдар құрайды.  

XIX  және  XX  ғасырлардағы  қоғам  қайраткерлерінің,  сондай-ақ  қазіргі 

ғалымдарыдың  еңбектерінде  қамқоршылық  кеңестері  қызметінің  түрлі 

аспектілері қарастырылған.  

Мысалы,  революцияға  дейінгі  Қазақстанда  қайырымдылық  ұйымдары 

проблемаларына қатысты зерттеулер жүргізілді (Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, 

А.  Байтұрсынов  және  т.б.),  оларда  халықтың  ең  мұқтаж  тобына,  жетімдерге, 

ауылдағы панасыз қарияларға материалдық көмек пен қолдаудың өзге түрлерін 

көрсетуге  бағытталған  мемлекеттік  ұйымдар  мен  жеке  адамдардың  (соның 

ішінде қамқоршылық кеңестер түріндегі де) түрлі қызметі қамтылды.  

Заманауи  шет  елдік  кәсіптік  мектепте  білім  беруді  басқарудың 

демократиялық  органдарының,  оның  ішінде  қамқоршылық  кеңестерінің 

қызметі А.М. Новиков, С.П. Титович, Ю.С. Алферов, С.Т. Керрдің еңбектерінде 

15 

 


көрсетілген.  

Әлеуметтік  және  білім  беру  қызметінің  заманауи  қазақстандық  жүйесін 

қалыптастыру  проблемасын  шешудегі,  ұқсас  шетелдік  және  отандық 

тәжірибені  зерттеудегі  жаңа  кезең  өткен  ғасырдың  90-жылдарының  басына 

сәйкес  келеді.  Бұл  кезең  әлеуметтік  қызметтің  проблемалары  жөніндегі 

бірқатар  теориялық-әдіснамалық  және қолданбалы жұмыстармен,  мемлекеттік 

мекемелер жанынан қоғам өкілдігі институттарын құру арқылы мемлекет және 

азаматтық  қоғамның  өзара  әрекеттесу  практикасының  тәжірибесі  баяндалған 

талдау материалдармен толықтырылды (НЗМ қамқоршылық кеңестері).  

Зерттелетін  проблема  қимасында  білім  беру  және  әлеуметтік  қорғау 

салаларында  жаңа  басқару  технологияларының  мәнін  және  мазмұнын  ашуға 

бағытталған  ғылыми  еңбектер де  қарастырылған.  Осы  салада  С.И.  Григорьев, 

Л.Г. Гуслякова, В.И. Жуков, Э.Г. Зайнышев, Т. Шаниннің еңбектері көпшілікке 

белгілі және танымал болды.  

Қамқоршылық  кеңестерінің  құрылу  мәселелері  ҚР  Білім  және  ғылым 

министрлігі  арнайы  дайындаған  бірқатар  нормативтік  құжаттарда  көрініс 

тапқан.  

Соңғы  жылдары  білім  беру  саласында  қамқоршылық  кеңестерінің  саны 

айтарлықтай  артты.  Қамқоршылық  кеңестерінің  қызмет  етуі  білім  беру 

процесіне және шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларына сәйкес нақты 

аймаққа  қолдануға  болатын  білім  берудің  объективті  және  жан-жақты,  соның 

ішінде түрлі, арнайы қызметін анықтауына ықпал етеді.  

Осы  сияқты  ықпалдың  әсері  қоғамдағы  әлеуметтік-экономикалық  және 

ғылыми-техникалық өзгерістерге сәйкес келеді.  

Бүгінгі  таңға  дейін  Қазақстанда  қамқоршылық  кеңестері  қызметінің  мәні 

заң жүзінде жеткілікті ресімделмеген.  

Қамқоршылық  кеңестерінде  бірыңғай  нормативтік-құқықтық  негіз 

болмауы  салдарынан  қамқоршылық  кеңестеріне  кіруге  жұртшылық  өкілдерін 

тартуға  ықпал  ете  алмау  –  оның  қызметінің  тиімділігін  төмендетуге  себеп 

болып отыр.  

Қолданыстағы нормативтік құжаттарда қамқоршылық кеңестерінің жалпы 

мәселелері  және  қызмет  ету  принциптері  баяндалған.  Қамқоршылық 

кеңестерінің  ұйымдастыру-құқықтық  формасы,  функционалдық  міндеттері, 

кеңесті  ұйымдастыру  тәртібі  жөніндегі  нақты  ұсынымдардың  болмауы,  сол 

сияқты қамқоршылық кеңестерінің қызметінде кездесетін өзіндік мәселелердің 

болуы олардың жұмысын жандандыруға ықпал етпей отыр.  

Ғылыми  әдебиеттерде  және  нормативтік  құқықтық  актілерде 

«қамқоршылық кеңес» түсінігіне бірыңғай, жалпы жұрт таныған анықтама жоқ.  

Жоғарыда  баяндалған  материалдар  негізінде  келесі  қорытынды  жасауға 

болады:  қамқоршылық  кеңестерін  ұйымдастыру  проблемасын  шешу 

қамқоршылық  кеңестерінің  қызмет  етуінің  тиімділігін  арттыратынын  тарихи 

тәжірибе  көрсетіп  отыр.  Революцияға  дейінгі  Қазақстандағы  қамқоршылық 

кеңестері  қызметінің  тиімділігі  көп  жағдайда  экономикалық  және  әлеуметтік 

уәждің  болуымен  келісілген.  Қамқоршылар  өздерінің  қамқоршылық  кеңестері 

16 

 


жұмысына  қатысуы  арқасында  түрлі  жеңілдіктер  және  балаларын  оқу 

мекемелерінде оқыту мүмкіндігін алды.  

Сонымен, 

жұмыстың 

теориялық-әдіснамалық 

негіздерін 

Л.С. 

Выготскийдің  мәдени-тарихи  теориясы  –  адам  санасының  онтогенезде 



әлеуметтік-тарихи  келісілгендігі  және  ересектермен  ынтымақтастықта 

әлеуметтік-мәдени  тәжірибені  тасымалдаушы  ретінде  интериоризация 

жолымен  жоғары  психикалық  функцияларды  қалыптастыру  туралы  ереже, 

тұлға  дамуындағы  тарихи-эволюциялық  тәсілі  (А.Г.  Асмолов)  және  М.И. 

Лисинаның  онтогенезде  баланың  қарым-қатынасын  дамыту  туралы:  басқа 

адамның  бейнесін  және  өзіндік  «мен»  құрастырудағы  туыс  ересектің  рөлі 

туралы жұмыстар құрады.  

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17 


 

3  Қамқоршылық  кеңестері  жұмыстарын  ұйымдастырудың  аумақтық 

ерекшеліктері  

 

Елдегі  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістер  білім  беруді  басқарудың 



мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру жағдайына түзетулер енгізеді.  

Жалпы  орта  білім  беру  ұйымдарын  басқаруға  жұртшылықты  қатыстыру 

міндетін  шешу  үшін  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында 

қамқоршылық кеңестерін құру болжанған [5].  

Басқарудың мемлекеттік-қоғамдық механизмдерін дайындауға қойылатын 

талаптар мемлекет пен қоғамның заманауи отандық үрдістерімен баяндалды, ол 

балалар  мен  жастарға  білім  беру  саласында  көрсеткішті  жақсарту  үшін 

мемлекеттік,  жеке  және  азаматтық  тұлғалар  арасында  тығыз  шығармашылық 

міндетін бірінші орынға қояды.  

Осындай өзара әсерлесу нәтижесінде күтіледі:  

 

білім беру қызметінде қоғамдық қатысу институттарын дамыту;  



 

білім беру ұйымдары қызметінің ашықтығын арттыру;  



 

білім беру аясының инвестициялық тартымдылығын арттыру.  



Ата-аналар қазіргі күні мектеппен өзара әрекеттесе отырып, «тұтынушы», 

«қайырымгер», «серіктес» рөлдерін атқаратынын тәжірибе көрсетіп отыр.  

Тұтынушы – бұл білім беру ұйымының қызметін пайдаланатын адам.  

Қайырымгер – бұл білім беру ұйымына ерікті түрде ақшалай, заттай және 

басқа да қайырымдылық көмек көрсетуші.  

Ата-аналардың мектеппен қарым-қатынастағы басты рөлі – серіктестік.  

Серіктес-ата-аналар  мектеп  стратегиясын  құруға,  оны  іске  асыруға  және 

қол жеткізген нәтижелерге мониторинг жүргізуге қатысады.  

Серіктестік  –  білім  беруді  басқарудың  мемлекеттік-қоғамдық  жүйесін 

қалыптастыру шартының бірі және білім беруді 2010-2020 жылдар аралығында 

дамытудың бір мақсаты болып табылады.  

Аумақтардағы  білім  беру  органдары  деректерінің  талдауы  төмендегіні 

көрсетіп  отыр:  қамқоршылық  кеңестері  республиканың  3259  мектебінде 

құрылған және ол жалпы мектептердің санының 44,1% құрайды (2011-2012 оқу 

жылында – 2666 мектеп және 35,7% құрады).  

Жеке облыстар бойынша қарастырсақ: Ақтөбе облысында 344, ШҚО - 632, 

БҚО - 310, Жамбыл - 135, Қарағанды - 539, Қызылорда - 231, Павлодар - 356, 

СҚО- 519 мектепте қамқоршылық кеңестері құрылған.  

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында  сәйкес 

қамқоршылық  кеңестері  жалпыбілім  беру  ұйымдарын  алқалы  басқару 

формаларының  бір  түрі,  оларға  тағы  бұлардан  басқа  педагогикалық, 

мұғалімдер,  оқушылар  кеңестері,  ата-аналар  комитеті,  мектеп  кеңесі  кіреді  (1 

сурет).  

Мектептің  отбасымен,  ата-аналар  комитетімен,  социуммен  ынтымақтас-

тығының  жақсы  көрсеткіші  жалпы  білім  беретін  мектептерде  қамқоршылық 

кеңестерін құру болып табылады.  

Қамқоршылық  кеңестері  қызмет  ететін  оқу  орындарында  келесі  оң 

18 


 

өзгерістер байқалады:

 

 



 

 

1 сурет – Орта білім беру ұйымдарында алқалы басқару формасы  



 

1.  Жергілікті  социумдарда  қоғамдық-саяси  және  мәдени-көпшілік  жұмыс 

жандана түсті.  

2.  Жергілікті  тұрғындармен  бірге  балалардың  ойын  және  спорттық 

алаңдары  абаттандырылды,  жалпы  білім  беретін  мектептердің  және  қосымша 

білім  беру  ұйымдарының  материалдық-техникалық  базасын  нығайту  және 

дамыту үшін бюджеттен тыс қаражат тартылды.  

3.  Әлеуметтік  қолдауды  қажет  ететін  балалар  үшін  мектепте  тегін 

тамақтану,  саяхаттар,  облыс  орталығына  және  республикамыздың  астанасы  – 

Астана  қаласына  сапарлар  ұйымдастырылды,  қала  сыртындағы  балалар 

лагерьлеріне тегін және жеңілдікті жолдамалар бөлінді.  

Қамқоршылық  кеңестері  өзін-өзі  басқару  органы  ретінде  жалпы  білім 

беретін  мектептерде  қамқоршылық  кеңестері  қызметінің  Үлгілік  ережелеріне 

және оны сайлау тәртібіне сәйкес құрылған [6].  

Білім беру органдары мен ұйымдары өз жұмысында 2009 жылдың қараша 

айында  Алматы  қаласында  «Қамқоршылық  кеңестері  және  Түлектер 

ассоциациясы  білім  беру  жүйесінде  қоғамдық-мемлекеттік  басқарудың  жаңа 

формасы  ретінде»  тақырыбында  өткен  республикалық  дөңгелек  стол 

материалдарын басшылыққа алады. Аталған шарада қамқоршылық кеңестерін 

және  Түлектер  ассоциациясын  құру  арқылы  жұртшылықты  білім  беруді  бірге 

басқаруға тарту қажеттілігімен байланысты мәселелер қаралды.  

Республикалық дөңгелек стол қорытындысы бойынша ҚР БҒМ Орта білім 

департаментімен  облыстық,  Астана  және  Алматы  қалалық  білім 

басқармаларына  жұмыста  пайдалану  үшін  «Білім  беру  ұйымдарында 

қамқоршылық  кеңестерін  құру  және  ұйымдастыру  бойынша  әдістемелік 

ұсыныстар»,  Алматы  қаласы  білім  басқармасы  «№  79  гимназия»  мемлекеттік 

мекемесінің  қамқоршылық  кеңесі  туралы  ереже»,  «Гимназия  түлектері 

ассоциациясы» қоғамдық қоры туралы ереже» жобалары жолданды [7].  

2010 жылы Алматыда республикалық дөңгелек стол ұсыныстарын жүзеге 

асыру мақсатында № 79 гимназияда, № 175 мектеп-гимназияда қамқоршылық 

кеңестері мен № 12  және 105  гимназияларда  Түлектер  ассоциацияларын  құру 

бойынша  пилоттық  жобалар  жұмысын  бастады  (Алматы  қаласы  білім 

басқармасы бастығының 05.01. 2010 ж. № 1 бұйрығы).  

Пилоттық  жоба  қорытындысы  бойынша  ата-аналар  арасында  сауалнама 

жүргізілді.  Сауалнамаға  қатысқан  ата-аналардың  басым  көпшілігі 

қамқоршылық  кеңестерін  құру  туралы  ұсынысты  қолдады.  «Мектепте 

19 

 


қамқоршылық кеңесі не үшін қажет?» сауалына жауап беруде ата-аналар келесі 

критерилерді  анықтады:  1)  Білім  беру  сапасын  бақылау.  2)  Материалдық 

мәселелерді  шешуде  және  қаржы  қаражатын  бөлуде  көмек  көрсету.  3) 

Мектептің материалдық жағдайын және абаттандыруын жақсарту. 4) Мектепті 

басқаруға  қатысу.  Сондай-ақ  ата-аналар  комитетінің  қызметі  аясындағы 

мәселелер аталды. Қамқоршылық кеңесі құрылған күнде де ата-аналар комитеті 

өз қызметін тоқтатпайды.  

Республиканың көптеген мектептерінде құрылған қамқоршылық кеңестері 

қызметін  зерттеу  және  талдау  мақсатты  бағдардың  екі  тобын  көрсетуге 

мүмкіндік берді:  

Мақсатты бағдардың бірінші тобы нақты білім беру ұйымының білім беру 

бағдарламасын дамытуды қолдауға байланысты;  

Екінші  топ  білім  беру  ұйымында  жеке  мәселелерді  шешуге  байланысты 

(сапарларға  шығу,  костюмдер  сатып  алу  және  т.б.),  мектепке  материалдық 

көмек көрсету және т.б.) іс-шаралар өткізу.  

Қамқоршылық  кеңесі  көбінесе  білім  беру  ұйымы  қызметінің  тиімділігін 

арттырумен  байланысты  мәселелерді  шешуге  бағдарланады.  Мысалы,  білім 

беру мекемесіне бюджеттен тыс қаражатты тарту, білім беру ұйымының төлем 

қабілеттілігін көтеру, түрлі іс-шаралар өткізу және т.б. ең көп тараған мақсатты 

бағдарларлар болып табылады.  

Жоғарыда  айтылғандар  негізінде  осы  кеңестер  қызметінің  іс  жүзіндегі 

басты екі тобын көрсетуге болады:  

Қызметтердің  бірінші  тобы  бюджеттен  тыс  қаржыны  тартумен  және 

олардың игерілуіне бақылау жүргізумен байланысты;  

Қызметтердің  екінші  тобы  қоғамның  білім  берудегі  әлеуметтік 

тапсырысына  және  білім  беру  жүйесінің  мазмұндық  аспектісіне  байланысты 

бағдарланған.  

Жалпы  білім  беретін  мектептерде  қамқоршылық  кеңестері  қызметін 

ұйымдастыруға  жүргізілген  мониторинг  көрсеткендей,  мектептердегі 

қамқоршылық  кеңестері  қызметінің  басты  тақырыбы:  дарынды  және  аз 

қамсыздандырылған  балаларды  қолдау,  түрлі  үйірмелер  мен  секциялар  ашу, 

балалар  мен  жасөспірімдер  үшін  акциялар  ұйымдастыру  және  өткізу,  сол 

сияқты мектепте инновацияға қолдау көрсету болып табылады.  

Қамқоршылық  білім  беру  бағдарламаларын,  мектеп  бюджетін,  яғни  осы 

келісілген бағдарламаның бағасын ұйғаруда және т.б. белсенділік танытады.  

Бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жарияланған  педагог  қызметкерлердің, 

ата-аналардың және жұртшылықтың жарияланымдары мен сөйлеген сөздерінің 

талдауы  қамқоршылық  кеңесі  құрамына  қаланың  (ауданның)  құрметті 

азаматтары,  демеушілер,  ата-аналар  жұртшылығының  өкілдері,  басшылар, 

қоғамды  оның  пікірі  қызықтыратын  адамдар  енуі  тиіс  екенін  көрсетіп  отыр. 

Бұлар  –  танымал  ата-аналар,  іскерлер,  мәдениет  қайраткерлері,  сондай-ақ 

өздерінің өмірлік ұстанымдарымен қызықтыра алатын, балалар еліктеп жүрген 

«жұлдыздар» болуы мүмкін.  

Қамқоршылық  кеңестері  мектеп  пен  қоғам  арасындағы  буын  болуы  тиіс, 

20 

 


себебі  мектеп  –  қызмет  көрсетуші,  ал  қоғам  (ата-аналар,  жұмыс  берушілер, 

бизнес, БАҚ және т.б.) – оны тұтынушылар. Мектепте қамқоршылық кеңесінің 

болуы  мектепке  артықшылықтар  беретіні  түсінікті.  Ол  тек  бюджеттен  тыс 

қаржыны  іздестіріп  қана  қоймай,  оның  мүдделерін  түрлі  деңгейлерде  алға 

бастыратын адамдарды тартады. Ашықтық және айқындық мақсатында мектеп 

бюджеттік  және  бюджеттен  тыс  қаржыны  игеруі  бойынша  ата-аналар,  мектеп 

педагогтері алдында жыл сайын есеп беріп отыруы қажет.  

Қамқоршылық  кеңестері  міндеттерінің  бірі  –  мектепке  демеушілік  және 

қайырымдылық көмек түрінде бюджеттен тыс қаржы тарту болып табылады.  

Мысалы,  Солтүстік  Қазақстан  облысында  ауыл  шаруашылық  өнімдерін 

өндірушілердің  демеушілік  және  қайырымдылық  көмектерінің  арқасында 

мектепалды, бастауыш сынып оқушыларының барлығын және тұрмысы төмен 

отбасы  балаларын  қамтыған  «Мектеп  сүті»  және  «Мектеп  балы»  жобалары 

табысты  жүзеге  асырылуда.  Сол  сияқты,  Қазақстан  Республикасы 

Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «20 қайырымды іс» патриоттық акция 

аясында жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға 

арналған  облыстық  мектеп-интернатқа  39  ұйым  мен  мекеме  800  мың  теңге 

көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті [8].  

Алматы  облысында  балалардың  иммундық  жүйесін  күшейту,  ағзаларын 

дәрумендермен  толықтыру  және  жасөспірімдерді  қоршаған  ортаның  зиянды 

әрекеттерінен  қорғау  мақсатында  «Мектеп  балы»  жобасы  енгізілді.  Қазақстан 

Республикасы тамақтану академиясының қолдауымен Ақсу, Сарқан, Кербұлақ, 

Балқаш,  Алакөл  және  Райымбек  аудандары  мектептерінде  бірінші  сыныптан 

бастап  төртінші  сынып  аралығында  оқитын  әрбір  балаға  тегін  бал  беріле 

бастады. Бағдарлама 246 мектептің 51 мың оқушысын қамтыды. Төменгі сынып 

оқушылары үшін күн сайын берілетін балдың нормасы 10 граммды құрады. Бұл 

жоба облыстың басқа аудандарында да жалғасын табады.  

Солтүстік  Қазақстан  облысы  Мамлют  ауданы  Менкесер  ауылында 

қамқоршылық  кеңесін  «Мамбетов  және  К»  серіктестігінің  бас  директоры 

басқарады. Мысалы, өткен оқу жылында мектепке жалпы құны 12 млн. теңгеге 

күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жыл сайын бірінші сынып оқушылары 

мектеп  жабдықтарымен  қамтамасыз  етіледі.  Шаруашылық  есебінен  мектептің 

бастауыш буын оқушыларына тегін тамақ ұйымдастырылған.  

«Мамбетов  және  К»  шаруашылығы  ауылда  спортты  дамытуға, 

оқушыларда  салауатты  өмір  салтын  тәрбиелеуге  зор  үлес  қосып  келеді. 

Осының  дәлелі:  «Мамбетов  және  К»  жүлдесі  үшін  волейбол,  баскетбол,  стол 

теннисінен және грек-рим күресінен турнир өтті, спорттық инвентарьлар сатып 

алынды.  

Демеушілік  қолдау  көрсетудің  арқасында  оқушылардың  түрлі  спорттық 

жарыстарға  сапары  ұйымдастырылған.  Стол  теннисі  үйірмесі  құрылды, 

тренажер залы жабдықталды.  

Кәсіптік  бағдар  беру  жұмысын  ұйымдастыруда  қамқоршылық  кеңесінің 

күш  салуы  арқасында  Менкесер  ауылының  көптеген  түлектері  ауыл 

шаруашылығымен  байланысты  мамандықты  таңдайды.  Қазіргі  күні 

21 

 


шаруашылықта мектеп түлектері құрылыс шебері, механик, агроном, электрик 

болып қызмет етуде.  

Алматы облысы Жамбыл ауданы Абай атындағы мектептің қамқоршылық 

кеңесі  құрылған  5  жыл  арасында  заманауи  талапқа  сәйкес  «Өзін-өзі  тану», 

«Құқық»  кабинеттерін  жабдықтады.  Спорттық  жабдықтар  мен  музыкалық 

аппаратура  сатып  алынды,  аз  қамсыздандырылған  және  көп  балалы  отбасы 

балаларына материалдық көмек көрсетілді және т.б.  

Қамқоршылық  кеңесінің  қолдауымен  оқушылардың  «Медеу»  мұз 

айдынына, 

Іле-Алатау 

ұлттық 

саябағына 



және 

т.б. 


саяхаттары 

ұйымдастырылды,  мұғалімдерге  жергілікті  мекен-жай  бойынша  рейдтер 

жүргізуіне  және  балалардың  сабақтан  бос  уақытын  қызықты  өткізуіне 

көмектеседі.  Материалдық  қолдау  көрсету  мақсатында  көп  балалы  және 

тұрмысы төмен отбасылардың үйіне барады.  

Алматыдағы  №  79  гимназия  қамқоршылық  кеңесін  құру  тәжірибесі 

қызықты. Қамқоршылық кеңесі педагогикалық кеңес жұмыстарына, ішкі тәртіп 

ережелерін  дайындауда,  кадрлық  әлеуетті,  оның  ішінде  гимназия  әкімшілігін 

құруда, шығармашылық, зияткерлік байқаулар, сайыстар ұйымдастыруда, даму 

бағдарламаларын бекітуде, оқыту сапасына бақылау жүргізуде, бюджеттік және 

бюджеттен тыс қаржыны мақсатты игеруде қатысуға құқылы.  

Гимназияда  қамқоршылық  кеңесі  қызметін  ұйымдастыру  және  жүргізу 

бойынша  жұмыс  тобы  құрылған.  Қамқоршылық  кеңесі  туралы  ереже 

дайындалған.  Қамқоршылық  кеңесі  туралы  ереже  заңгерлермен  келісілген, 

қолданыстағы  заңнама  нормаларына  сәйкес  құрастырылған.  Кеңес  құрамына 

ата-аналар,  мұғалімдер,  БАҚ,  «Ұстаз»  қалалық  кәсіподақ  өкілдері,  мәслихат 

депутаты, барлығы 19 адам кірді.  

Мектепте қамқоршылық кеңесі қажеттігін анықтау мақсатында 1-11 сынып 

оқушыларының  ата-аналары  арасында  сауалнама  жүргізілді.  Ата-аналардың 

100% қамқоршылық кеңесін құруға келісім берді.  

Ата-аналар тарапынан айтылған тілектер:  

кабинеттерді жаңа оргтехникамен және құралдармен жабдықтау;  



мектеп жанындағы телімді қосымша көгалдандыру;  

бастауыш мектеп кабинеттері терезесінің сыртына гүлзарлар жасау және 



көшеттер отырғызу;  

жазғы  бейіндік  практиканы  ұйымдастыруға  жаңа  көзқараспен  қарау 



(жазғы  математикалық  мектеп,  тілдік  мектеп,  олимпияда  резервтерінің  жазғы 

мектебін ұйымдастыру);  

ата-аналар қөшіру және бітіру емтихандарына қатысуға тілек білдірді;  



мектептің  30  жылдығын  тойлау  қарсаңында  ата-аналар  жұртшылығын 

мерейтой  дайындығына  және  тойлауға  тарту  (мектеп  туралы  «Мектеп  менің 

өмірімде» альманахын шығаруға қатысу, БАҚ-да мектеп өмірі туралы репортаж 

дайындау) және т.б.  

Ұсыныстар  мен  пікірлер  ескеріле  отырып,  гимназияның  және 

қамқоршылық кеңесінің жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспары түзетілді.  

Қамқоршылық  кеңесі  4  комиссиядан  тұрады,  олардың  әрқайсысы  жеке 

22 

 


бағдарламаны жүзеге асырады:  

-

 



Денсаулық, жайлылық, қауіпсіздік (медициналық қызмет көрсету, ыстық 

тамақ, күзет, мектеп полицейімен өзара әрекеттесу, жөндеу жұмысы).  

-

 

Педагогтерді,  қызметкерлерді,  оқушыларды  әлеуметтік  қорғау 



(бюджеттен  тыс  қаржының  игерілуін  бақылау,  қосымша  ақыларды  бөлу, 

мұғалімдер мен оқушыларға сыйлық беру).  

-

 

Оқу-тәрбие  процесін  ұйымдастыру.  Білім  беру  сапасы  (жылдық 



жоспарды  бекіту,  даму  бағдарламасы,  білім  беру  сапасын  арттыру  бойынша 

ұсыныстардың  есебі,  дарынды  балалармен,  олимпияда  резервтерімен  жұмыс, 

жоба  жұмысы,  «Зерттеуші-оқушы»,  «Жыл  оқушысы»  байқауын  ұйымдастыру 

және өткізу).  

-

 

Әлеуметтік серіктестік (ЖОО-мен байланыс, демеушілермен, Сынып ата-



аналар комитетімен және гимназия кеңесімен өзара әрекеттесу).  

Кеңес  отырысы  әр  тоқсанда  бір  рет  өтеді  және  ашық  сипатқа  ие. 

Қамқоршылық  кеңесі  өз  қызметі  туралы  жылына  2  рет  ата-аналар  және 

педагогикалық жұртшылық алдында есеп береді.  

Қостанай  қаласындағы  физикалық-математикалық  лицей  директоры  ата-

аналар  жиналысында  «Өткенді  «қайталама»,  алға  бір  қадам  жаса»  деген 

ұсыныспен  сөз  сөйледі.  2001  жылы  ата-аналардың  қатысуымен  «Мейірім» 

қоғамдық  қоры  құрылды,  мұнда  қамқоршылық  кеңесі  басқарудың  алқалы 

органы болып саналады. Бірқатар жылдар бойы қамқоршылық кеңесі демеуші 

және  барлық  іс-шаралардың  белсенді  қатысушысы  бола  отыра,  мектеппен 

белсенді түрде ынтымақтастықта қызмет етуде. Олардың құзырына балалардың 

тамақтандыруын  ұйымдастыру,  мектепке  материалдық-техникалық  демеу, 

педагогикалық  процесті  ұйымдастыруға  көмек  көрсету  кіреді.  Кеңестің 

құрамында 30 адам бар. Мектеп директоры – кеңестің қатардағы мүшесі. Әрбір 

сынып  қамқоршылық  кеңесіне  өз  мүшесін  сайлайды.  Мұнан  бөлек,  кеңес 

құрамында  қаланың  беделді  азаматтары  және  демеушілер  болады.  Бұл  кеңес 

Жарғысымен ескерілген.  

Жұмыс барысында қор осы кезге дейін өзі айналысып келген материалдық 

техникалық қамтамасыз ету мәселесін шешу қызметінен оқу процесіне қатысу 

қызметіне  қайта  бағдарланды.  Мысалы,  қамқоршылық  кеңесінің  ұйытқы 

болуымен  25  мамыр  –  соңғы  қоңырау  күні  бүкіл  мектеп  ұжымы  табиғатқа 

серуенге  шығады,  балалар  үшін  спорттық  мереке  ұйымдастырылады, 

сыйлықтар тапсырылады.  

Қор айына бір рет қаржылық есеп жасайды және ол туралы әрбір сыныпты 

хабардар етеді. Ата-аналар қорға сенім артады, ал бюджеттік қаржыға Кеңестің 

еш  қатысы  жоқ.  Сайтта  мектеп  бюджеті  және  мемлекеттік  сатып  алу  туралы 

толық ақпарат орналастырылады.  

Заңнама тұрғысынан қамқоршылық кеңестерінің қызметін қамтамасыз ету 

тақырыбына  келесі  пайымдаулар  бар  –  оқу  орнының  қамқоршылық  кеңесі 

айналысатын қызмет түріне қарай:  

1.  Қамқоршылық  кеңесі  бір  мезгілде  мектепті  және  оның  қасында 

құрылған қоғамдық қорды басқарудың алқалы органы;  

23 

 


2.  Заңды  тұлға  мәртебесінсіз  оқу  орны  –  мектепті  басқарудың  алқалы 

органы мәртебесіне ие бола алады.  

Оқу  орнын  басқарудың  алқалы  органы  ретінде  қамқоршылық  кеңесінің 

қызметі  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңнамасымен  жеткілікті 

реттелмеген.  

Егер қамқоршылық кеңесі заңды тұлға мәртебесінсіз қоғамдық ынталы топ 

ретінде  әрекет  жасаған  жағдайда  оның  қызметі  қамқоршылық  кеңесінің 

Ережесіне  сәйкес  құрылуы  тиіс;  ұйымның  банкте  шоты,  мөрі  болмайды; 

құжаттама және есеп-қисап жүргізетін ақылы штаты жоқ.  

Басқарудың алқалы органы ретінде қамқоршылық кеңесіне бюджеттен тыс 

қаражатты  басқару  және  олардың  игерілуіне  бақылау  жасау  заңнамалық 

өкілеттігі  берілмеген;  қамқоршылық  кеңесі  қызметінің  үлгілік  ережелерінде 

тексеру  комиссиясы  сияқты  Кеңеспен  құрылатын  және  арнайы  шоттағы 

қаржының игерілуі туралы оның алдында есеп беріп отыруға тиісті орган жоқ.  

Қамқоршылық  кеңестерінің  қазақстандық  білім  беру  ортасы  үшін 

әлеуметтік  институт  ретіндегі  мәртебесін,  қызметін  және  мүмкіндіктерін 

түсінуді  зерделеу  мақсатында  Сорос-Қазақстан  қоры  Алматы,  Қостанай, 

Көкшетау қалалары, Ақмола облысы Аршалы ауданы мектеп әкімшілігінің, ата-

аналар комитетінің өкілдері мен ата-аналар комитетінде тұрмайтын ата-аналар 

арасында  жүргізген  әлеуметтік  зерттеу  қорытындысы  келесіні  көрсетті: 

адамдарда  қамқоршылық  кеңесі,  ата-аналар  комитеті  және  ата-аналардың 

қоғамдық ұйымы арасындағы айырмашылық туралы нақты түсінік жоқ.  

Сауалнама  қорытындысы  респонденттер  арасында  «оқу  орнының 

қамқоршылық  кеңесі»  сөзін  әркім  әртүрлі  түсінетінін  көрсетті.  Оны  әркім 

өзінше түсіндіреді, нәтижесінде сондай қамқоршылық кеңесіне қатынас пайда 

болатыны анықталды [9].  

Бірқатар пайымдауларды келтірейік.  

Бұрынғы  мектеп  директоры,  қазіргі  кезде  бизнесте  жүрген  азаматтың 

пікірінше,  қамқоршылық  кеңестері  мектептің  социумдағы  мүддесін  қорғауы, 

ықпал  жасауы,  консультативтік  қызмет  атқаруы  тиіс.  Олар  білім  беру 

қызметіне  тапсырыс  беруші  ретінде  қатысуы  қажет.  Олардың  қызметі 

әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс.  

Ата-аналардың қызығушылығын қанағаттандыру үшін сайтқа келіп түскен 

бюджеттен  тыс  қаржының  жұмсалуы  туралы  ақпаратты  орналастыру  керек. 

Өзіне  қажет  ақпарат  алған  ата-аналардың  бірі  көмек  қолын  созса,  бірі  сырт 

қалады. Міне, осыларды қамқоршылық кеңесіне қосу керек.  

Қамқоршылық кеңестері – бұл мектепті ұжым болып басқару органдары. 

Олар  шешім  қабылдау  процесіне  шын  мәнінде  ықпал  ете  алуы  үшін  басқару 

моделі қабылдануы тиіс, онда әкімшілік вертикаль – ҚР БҒМ, ОблББ, аудандық 

ББ, мектеп директоры Қамқоршылық кеңестерін қосар еді.  

Қамқоршылық  кеңесі  –  мектептің  даму  стратегиясын  анықтайтын, 

бюджетті талқылайтын орган. Директор – оның шешімін атқарушы.  

Сол  кезде  қамқоршылық  кеңесі  мектеп  пен  қоғам  арасындағы 

байланыстырушы буын болып саналады.  

24 

 

1   2   3   4   5




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет