Рухың биік, мұратың асыл болсын! №49 орта мектебінің білім танымдық газеті



жүктеу 93.88 Kb.

Дата04.03.2017
өлшемі93.88 Kb.

 

 

                                                      Рухың биік, мұратың асыл болсын! 



 

                                                                                                                                                         

 

 

 



 

№49 орта мектебінің білім – танымдық газеті

 

 



 

 

Күз 



 

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. 

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, 

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. 

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай, 

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. 

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, 

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай. 

Біреу малма сапсиды, салып иін, 

Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.

 

 

                                                                                                                     



Абай Құнанбайұлы 

 

 



№2 

 қазан 


2015 ж. 

 

       


  

     


 

 

 



 

 

   Бұл газетте сендердің де шығармаларың болуы мүмкін.   

   Сондықтан қызықты әңгімелеріңді, жұмбақтарыңды немесе  

   өлеңдеріңді редакциялық алқаға тапсыруға болады.  

                              Асыға күтеміз!  

 

Редакциялық алқа! 

 

  



 

 

 



 

 


 

 

 



  

 

 

                Қарттар күні мерекесінің барысында, осы мерекелік шараның аясында атқарылған үлкен  

        жұмыстың бірі: қамқоршысы жоқ қарттардың үйіне барып, қол ұшын созу болды. Қамқоршысыз  

        қалған қарттар кӛп емес. Сондай қарттардың бірі - Үміт апа. Оқушылармен бірге мұғалімдеріміз  

        де Үміт апаның үйіне барып қажетті кӛмектерін беріп келді. Қарттарымызға кӛмек беру кезінде  

        оқушыларымыз: Нұрмұхаметтің, Ақжолдың, Денистің, Алтынгүлдің, 11-сынып түлектері Гүлназ  

        бен Шолпанның  кӛмек берудегі құлшыныстары кӛңілге бір жылылық ұялатты. Олар қандай да  

        жұмыс болмасын істеуге даяр болды. Үміт апамен бірге әңгімелесе жүріп біраз жұмысты  

        тындырып жатқандарын ӛздері де байқамай қалды. Сол кезде бітпей қалған жұмысты аяқтау  

        үшін оқушыларымыз екінші рет барды. Онда бұл оқушылардың қатарын тағы да 9-сынып  

        оқушылары: Алишер, Райымхан, Медет ұлдарымыз толықтырды.  Тағы да сол тамаша кӛңіл-  

        күймен оқушыларымыз қыстың жабдықтарын дайындап, орындарды тазалап тағы басқа   

        жұмыстарды еш қиналмастан орындады.  Үмір апаның кӛңіл-күйі тамаша болды. Оқушыларға  

        ақ батасын беріп жүріп, ӛз де солармен бірге күліп, орталарында отырды. Әр ұстаз оқушысының  

       үлкен адам болғанын армандайды. Арман дегеніміз-ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді,  

       бала ӛссем дейді. Қыз кӛрікті болсам дейді, жігіт бақытты болсам дейді, қарт жүзге келсем дейді,  

       ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Шәкіртіне үлгі боларлық, ұстаздар кӛп болғай! Ал      

       шәкірттеріміз ұстазынан асып кетіп жатса, біз оған тек қуанымыз!  

                Құрметті, ата-әжелер! Түндеріңіз тыныш болсын, үйлеріңіз ырысқа толы болсын,     

       келіндеріңіз есті болып, ұлдарыңыз сесті болсын! Балаларыңыз қуаныш әкелсін, немерелеріңіз  

       жұбаныш әкелсін, орындарыңыз тӛр болсын, дастарханыңыз мол болсын! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

   



 

 


 

 

 



 

    


                                           

 

 



 

                                                                                                                                                                    

 

 

 



             1-қазан «Қарттар күні» меркесіне орай мектебімізде «Асыл қариялар» 

     атты мерекелік концерттік бағдарлама аталып ӛтті.  Меркелік шара аясында 

     ауыл қарттарына алдын-ала шақыру қағаздары ұсынылып, хабараландыру 

    жазылды. Мерекелік концерттік бағдарламамызға барлық шақырылған қарттарымыз            

    түгел келді. «Даламның иісі бұрқырап, қарттарым аман-сау жүрші!» деген әдемі      

    сӛздермен мектеп іші безендірілді. 

             Қарттар күні мерекесіне орай ӛткізілген концерттік бағдарламамызға 1-сынып      

    оқушыларынан бастап барлық сыныптар үлкен белсенділік қатысты. Ауыл       

    қарттарымызға арнап, тәтті бауырсақтар мен кәмпиттерден ақ дастархан жайдық.    

    Тәтті сусындар ішілді. Мектеп оқушыларының қойған қойылымдарына, билері мен      

    әндеріне тамсана отырып, ӛз ризашылықтарын білдіріп отырды. Мерекелік шара     

    барысында ұстаз: Сабиев Н.Р; Мұқтариева С.К орындаған «Ақбаян», «Қыз Жібек»  

    әндері жұртты таңқалдырып жатса,  7-сынып қыздарының орындауындағы ұйғыр,     

    үнді,  қазақ билері  жұрттың ықыласына бӛленді. Би билеуде қыздарымыз: Аружан,   

    Айым, Айжан, Мария, Таңсұлу, Айым, Ақерке, Самал қыздарымыз тамаша ӛнер     

    кӛрсетті. 1-сынып оқушыларының биі, 2-сынып оқушыларының «Жақсы кӛрем  

    атамды» әні, 4-сынып оқушыларының ӛлеңдері мен «Жаяу» әніне салынған би, 5- 

    сынып оқушыларының қыздар мен ұлдар арасындағы үнді биі, 6-сынып қыздарының  

    орындауындағы ән, Нұрынбеков Әділдің орындауындағы «Әкеме», әні керемет  

    болды. Оқушылар үлкен дайындықпен келгені байқалып тұрды. 8-сынып  

    оқушыларының әні мен «Санчо мен Данчоның» әзілдері тіпті керемет қойылым  

    болды.  Әр атқарылған жұмыстың барысында оқушылармен бірге сынып жетекшінің  

    жүретіні рас. Оқушылардың жақсы ӛнер мен үлкен дайындықпен келуі бірден-бір  

    сынып жетекшінің жауапкершілігінде. Осы орайда сынып 8-сынып жетекшісі  

    Акпасова Л.Г; 1-сынып жетекшісі сабиева А.К; 2-сынып жетекшісі Байжұма К; 4- 

    сынып жетекшісі Тусупбекова Д.Ж; 5-сынып жетекшісі Рысхан Г сынды сынып  

    жетекшілерді атап кеткім келіп отыр. 

              Шараның аяғында «Жаңбырменен жер кӛгерер, батаменен ел кӛгерер»  

    демекші,әжелеріміз ӛздерінің ақ батасын берді. Оқушылар мен ұстаздарға деген       

    жылы лебіздерін білдіріп жатты. Келген ауыл қарттарына  

 

    мектебіміздің аға ұстаздары: Айкимбаева К.Б мен  



    Акпасова Л.К ӛз құттықтауларын жеткізді.   

    Мерекелік шара біздің ойымыздағыдан да  

 

     әсерлі қызықты болып ӛтті. 



 

 


 

     


 

 

          



              Мұғалімдер күніне орай мектебімізде  оқушылардың «Ӛзін-ӛзі басқару» тобы жұмыс жасады.      

     Мұғалімдер күніне  орай оқушыларымыз үлкен дайындықпен ӛткізді. Оқушылар ұстаздардың  

     орнына сабақ беріп, ӛткізетін сабақтарына дайындалып келді. Мұғалімдердің ӛзіне арнайы сабақ  

     кестесін жасап, ӛзін-ӛзі тану сабағын ұйымдастырды. Алдымен мектепте саптық жиын ӛтті. Саптық  

     жиында оқушылар ұстаздарына жылы лебіздерін білдіріп, сабақ кестесімен, ӛткізілетін мерекелік  

     шаралардың бағдарламасымен таныстырды. Алдымен ӛзін-ӛзі тану сабағы ӛтті. Сабақтың  

     тартымдылығы мен қызығы сонша сабақ екі сағат қатар ӛтті. Тақырыпқа талдау жасалып, ӛлең  

     айтылып, мақал мен нақыл сӛздердің мағынасы ашылып тапсырмалар орындалды.  

              Бұдан соң мұғалімдер арнайы ойын арқылы мұғалімдерден екі топ жасалды. Топ болып,  

     сайысқа түстік. Онда мұғалімдердің жылдамдылығы, тапқырлығы жан-жақты кӛрсетілді. Алдымен  

     бірінші тапсырма қазақ тілі кабинетінде ӛтті. Ол «қиылған суреттер» деп аталды. Ұстаздар қиылған   

     суреттерден батырдардың суретін жасап шығарды.  Екінші тапсырма математика кабинетінде ӛтті.  

     Берілген логикалық есептердің жауабын жазу керек болды. Келесі тапсырма ағылшын тілі  

     кабинетінде ӛтті. Кім қанша кӛп сӛз оқиды? деп аталады. Минутқа сӛз оқып жарыстық. Тарих         

     кабинетінде қазақ хандығына байланысты кім қанша кӛп сӛз жазады? тапсырмасы бойынша  

     орындады. Одан соң 13 кабинетте алғашқы әскери дайындық пәні бойынша уақыттың ішінде  

     противогаз киіп, оны уақытында шешу тапсырылды. Осындай тапсырмалардың барысында бірінші  

     топ жеңіске жетіп, арнайы марапаттаулармен марапатталды. 

              Кештің соңында оқушыларымыз концерттік бағдарлама жасап, мұғалімдеріне сый-құрмет  

     жасады. Оқушыларымыз осылайша мұғалімдер күніне керемет  

     тамаша мереке сыйлады. 


 

             «Алтын күз»  бастауыш және жоғарғы сыныптардың арасында аталып ӛтті.  Бастауыш  

     сыныптар арасында «Күз ханшайымы мен күз ханзадасы» атты сайыс барысында ӛтті. Әр   

     сыныптан бір ұл бала, бір қыз баладан шықты. 5-сыныптан Балнұрым мен Сержан; 4-сыныптан  

     Нұржанат пен Аяжан; 3-сыныптан Бегарыс пен Ақгүл; 2-сыныптан Ерасыл мен Айқын;   

     оқушыларымыз шықты. Оларға алдын ала тапсырма беріліп, сол тапсырма бойынша оқушылар  

     үйден дайындап келген үй тапсырмаларын орындады. Алдымен әр жұп ӛздерін таныстырды, одан  

     соң ӛз ӛнерлерін кӛрсетті, келесі тапсырма «Сұрақ бізден, жауап сізден» деп аталады; мұнда  

     жүргізушілер күз мерекесіне байланысты жұмбақтар мен мақал-мәтелдер беріп оның жауабы мен  

     жалғасы табылып жатты. Одан соң әр жұп ӛздері дайындап келген сән үлгісіне қатысты. Жыл  

     мезгілдеріне байланысты киетін киім үлгісі, оның ішінде күз мезгілі келгенде киім үлгілерін  

     кӛрсетіп жатты. Одан соң оқушылармыз күз мезгілінде пісірілетін тәтті салаттар мен кӛкӛністерді  

     ортаға қойды. Оқушылар кӛкӛністерден түрлі – түрлі тамаша фигуралар жасап келгендерді  

     таңғалдырды. Осы істеген жасаған түрлі фигуралардан кӛрме ұйымдастырып, кӛрермендерге паш  

     етті. Кештің соңында жинаған ұпайлар санына қарай «Күз ханшайымы мен күз ханзадасы»  

     номинациясы бойынша 2-сынып оқушылары Айқын мен Ерасыл жеңіп алды. Қатысқан ӛзге  

     оқушылар да «ең тамаша жұп», «Ӛнерлі жұп», «ақылды жұп» тағы басқа номинациясы бойынша  

     жеңіп алды. Осындай кешті ұйымдастырған бастауыш сынып мұғалімдері: Тусупбекова Д.Ж мен  

     Сыдыкова А.З алғысымызды білдірдік. 

              Алтын күз мерекесі жоғарғы сыныптар арасында да аталып ӛтті. Алтын күз мерекесінде  

     жоғарғы сынып оқушыларының арасында «біріміз бәріміз үшін» деген ұранмен сыныптар 

     арасында сайыс ӛтті. 8-сынып оқушылары «Сары жапырақтар», 9-сынып оқушылары «Алтын күз»,     

     7-сынып оқушылары «Бүлдіргендер» тобы болып, ӛзара жарысып сайысқа түсті.Оқушыларға   

     алдын-ала үй тапсырмалары беріліп қойды. Алдымен топты таныстыру, сыныптың жетістіктерін  

     мақтау, сынып жетекшілерін мақтау басты назарға алады; ӛз ӛнерлерін кӛрсету; күз тақырыбында  

     шығарма жазу, сән үлгілерін кӛрсету, сурет салу тағы басқа тапсырмаларды орындай отыра,  

     сайысты жандандыра түсті.  Әділ-қазылардың әділ шешімімен 8-сынып оқушылары, яғни «Сары  

     жапырақтар» тобы бірінші орынға ие болса, сынып жетекшісі: Акпасова Л.К; екінші орында 7- 

     сынып, яғни «Бүлдіргендер» тобы, сынып жетекшісі: Бижанова Э.Б. мен 9-сынып «Алтын күз»  

     тобы, сынып жетекшісі: Ховдхан С. топтары жеңіп алды.  

              Осы атқарылған жұмыстар барысында оқушылардың арасында озып алға шығып, әдемі  

     бояумен, әдемі сурет сала білген 8-сынып оқушысы  Усланбек Нұрлы қызымызды мақтап кетсек  

     болар еді; күзгі ас мәзірінен 7-сынып оқушыларының дайындаған тамақтары мен салаттары тіл      

     үйіре білді. 

              Оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар арасында осындай тамаша  

     мереке қызықты аталып ӛтті.  

 

 

 



 

 

 



 

 


 

— Ең ұзақ есім: Хумананоджасваматашетаргандас; 

— Әлемдегі ең үлкен сағат — Исламның ең қасиетті қаласы — Меккедегі сағат. Саудия елінің 

Бас сағаты әлемдегі ең үлкен сағат атанып отыр. Сағат тетігі орнатылған мұнараның биіктігі — 

601 метр. Былтыр іске қосылған бұл сағаттың тӛрт циперблаты дүниенің тӛрт бұрышына 

қаратып орналастырылған. 

— Әлемдегі ең қымбат кітап — ұлы суретші Леонардо до Винчидің «Лестерский кодекс» атты 

еңбегі. 


— Алясканың туын 13 жасар бала ойлап тапқан.  

— Адам күніне орта есеппен 13 рет күлетін кӛрінеді. 

— Адам түшкірген сайын мидағы жасушалардың бӛлігі азая түседі. 

— Тек екі жануар ғана мойын бұрмай-ақ артындағыны кӛре алады, олар – қоян мен тотықұс. 

— Ой еңбегімен кӛп шұғылданатын адамдардың шашында мырыш пен жездің құрамы кӛбірек 

болады екен. 

— Қазіргі кезде ӛзіміз қолданып жүрген қаламсап 1945 жылдан бастап саудаға түсіпті. Сол 

кезде оның құны – 12 АҚШ долларына тең келіпті. 

— Жақсы қаламсаппен 50 мың сӛзге дейін жазуға болады екен. 

— Ал ақ киттің жүрегінің үлкендігі жеңіл кӛлікпен бірдей. 

— Кірпінің жүрегі сағатына 300 рет соғады. 

— Кӛртышқан бір түннің ішінде 100 метрлік жерді қаза алады. 

— Акула – бір мезгілде екі кӛзін бірдей жұма алатын жалғыз балық. Ол сондай-ақ судың 100 

миллион бӛлігіндегі қанның иісін сезе біледі екен. 

— Ит онға жуық, мысық жүзден астам дыбыс түрін шығара алады. 

— Дельфиндер бір кӛзін ашып ұйықтайды. 

— Мұнайдың бір ғана тамшысы 25 литр суды ішуге жарамсыз етеді. 

— Пошта қызметі тегін кӛрсетілетін әлемдегі жалғыз мемлекет – Андорра. 

— Саусақтың ізі сияқты тілдің ізі де қайталанбайтын бірегей болады екен. 

— Бір жылда 31 557 600 секунд бар екен. 

— Бір ғана Мәскеуде 100 мыңнан астам Ивановтар әулеті бар 

— БҰҰ келтірген деректерге сенсек, жер бетінде күн сайын 250 сәби ӛмір есігін ашады. Яғни әр 

секунд сайын үш баладан дүниеге келеді. 

— Әлем бойынша, күніне 4,5 миллиард тонна бензин жағылады. 

— Қытайдағы 90 миллион адамның тегі Ли екен. 

— Грекия әнұранының 158 нұсқасы бар, осы елдің бірде-бір тұрғыны оның барлығын бірдей 

білмейді. 

— Соңғы 500 жылда ғарыштық заттардың қалдықтары себебінен Жердің салмағы миллиард 

тоннаға ауырлаған. 

— Ағылшын кітапханаларында кӛбіне Гиннестің рекордтар кітабы ұрланып тұрады.  

— Шимпанзелер тӛбелестен кейін әр уақытта ымыра ретінде бір-бірлерінің еріндерінен сүйіп 

тұрады.  

— Сахара шӛлінде 1979 жылдың 18 ақпанында қар жауған.  

— 1983 жылы бала туылмаған жалғыз ел — Ватикан.  

— Әлемде ең кӛп орындалатын ән — Haррy birthday to you — авторлық құқығы сақталған 

— Кэмерyнның «Титаник» фильмінде ең кӛп айтылатын сӛз — Роза 

— Бір қыл шаш 3 келі салмақты кӛтеріп тұра алады.  

— Акулаларда ракка қарсы иммунитет сақталған 

— Су ішпеуге кӛп шыдайтын жануар — егеуқұйрық 

— Шимпанзе — ӛзін айнадан тани алатын жалғыз жануар.  

— Піл мен адамдар — баспен тұра алатын жалғыз сүтқоректілер.  

— Поляр аюлары 40 км/сағ. жылдамдықпен жүгіре алады.  

— Уолт Дисней бала кезінде бір жапалақтың әбден сілікпесін шығарып, содан бері 

жануарларды мyльтиктерде тірілтумен әуреленіп келеді екен.  



 

                                                                                                                                                      

             

 

   



 

Тіл - ұлттың жаны 

 

          Иә, тіл – ұлттың жаны. Тіл ол біздің басты құндылығымыз. Тілді құрметтеу, дәріптеу біздің 

басты міндетіміз. Тіл жоқ жерде халық та жоқ. Тіл - ол баға жетпес құндылық. Әр адамның ӛзінің ана 

тілі бар, сол адам сол тілінде сқйлеу керек. Мысалы, менің тілім – қазақ тілі. Бұл қазақ тілін сӛзбен 

айтып жеткізу мүмкін емес. Осы бір қазақ тілі үшін қаншама ақын-жазушылар ату жазасына кесілді. 

Бұл біздің сӛйлеп жүрген қазақ тіліміз үлкен мәртебе, атақ-даңққа ие деп білем. Мен ӛзімнің тілімді, 

яғни қазақ тілімді жанымнан артық сүйемін. 

 

Жаку Даяна 8 - сынып оқушысы 

 

 

         Әр ұлттың ӛзіне тән тілі бар. Біздің тіліміз – қазақ тілі ұлтымыздың байлығы. Біз қазақ тілін 

құрметтеуіміз керек. Қазақ тілінде еркін сӛйлеп, жаза білуіміз керек. Біздің қазақ әліпбиін Ыбырай 

Алтынсарин атамыз жазған. Қазақ тілінде кӛптеген шығарма, батырлар жыры, аңыз-дастандар ӛте кӛп. 

Сондықтан да біздің қазақ халқы тілге бай халық. 

 

Тоголдормон Ерсайын 8 - сынып оқушысы 

 

 

         Қазақ тілі – ол біздің ӛз тіліміз. Қай жерде болса да ӛз тілімізбен сӛйлеп, оны қастерлеп 



шұбарламай сӛйлеуіміз керек. Қазақ тілі – ӛте бай тіл. Әдеби тілде сӛйлеп ӛз тілімізді, дінімізді, 

ұлттық рухани мұрамызды сақтап қалуымыз керек. Қазақ тілі ата-бабамыздан қалған асыл мұрамыз, 

басымызға біткен бағымыз. Тілдің құдіреті ӛте күшті. Тіл найзадан үшкір, қылыштан ӛткір, оқтан 

жылдам, удан да улы. «Тіл  тас жарады, тас жармаса бас жарады» -  деген  сӛз бекер айтылмаған болса 

керек. 

Осы тіл үшін қанша адам қан тӛкті.  Ӛз тілін сақтап қалу үшін, қаншама тіл жанашырлары ӛлімге бас 



тікті. Міне, бұл тіл – ұлттың жаны екендігін білдіреді. Адам ӛз жаны үшін қалай күрессе, тілжанды 

адам тіл үшін де солай күреседі. 

 

Серік Рахат 8 - сынып оқушысы 

 

 



Алпамыс 

 

Алпамыс келді ентігіп, 

Дулығасы басында 

Беліндегі белдігі, 

Қорамсағы қолында 

Жүйткіп келеді, асығып, 

Қорғау үшін ӛз елін 

Дұшпандардан, жаулардан, 

Отан үшін, ел үшін! 

 

Халық Айнұр 6 - сынып оқушысы 



 

 

 



Балалар жүр далада, 

Ала допты қуалап. 

Барады алыс балалар, 

Доп ойнау үшін алаңға. 

 

************ 



Кӛктем деген батпақ қой, 

Ӛзі деген сатпақ қой. 

Ал қыс деген аппақ қой

Қыста қызық кӛп-ақ қой. 

 

                Хасамұлы Нұржанат 4 сынып оқушысы 

 

 



Алақай, балақай! 

   Күз келіпті ӛлкеме. 

        Болады енді мектепте, 

              «Алтын күз» атты мереке. 

 

Орынбасар Ерасыл 4 сынып оқушысы 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

   


 

 

 



 

 

           



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



    

 

 



   

 

 



 

 

                                                             



 

 

    



 

 

 



 

       


                  

 

                



                 Ұстаз деген ұғым бар, мына дүниеде. Ілмейтінді ілдіретін, білмейтінді        

       білдіретін. Санаға ақыл ұялататын, арманды алдан қиялтатын.  Ӛмірді ұғынуыңа      

       себеп болатын, тірлікке кіруіңе кӛмек болатын. Әр кезде аялайтын, дәрісті  

       аямайтын. Сондай ұстаздарымыздың бірегейі, кӛп жылдан бері еңбек етіп келе  

       жатқан, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып жүрген  мұғалімдеріміз туралы  

       бір ауыз жылы сӛз айтсақ дейміз. Мұғалім-мамандық, ұстаздық –қасиет. Яғни,  

       ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен   

       ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын  

       осы салаға арнаған ұстаздарымыз Қымбат Байменқызы, Жұмакүл Хамзеқызы,  

       Любовь Казезқызы сынды мұғалімдерімізге  қандай мақтау мен мадақтау айтсақ  

       та артықтық етпейді. Бұл мұғалімдер  Жаңа Жайнақ ауылы №49 орта мектебінде  

       кӛп жылдар бойы еңбек етіп келеді. Бұл ұстаздардың мектепке сіңірген еңбектері   

       үлкен бір әңгіме десек те болады. Еңбегенің жанғаны- істеген еңбектің еленгені.  

       Біз олардың жасаған жақсылықтары мен үлгілі істерінен  қашанда үлгі аламыз,  

       ала бермекпіз.Осындай үлгілі де ардақты ұстаздардың  жанында жүріп жұмыс  

       жасау да біздер үшін бақыт!  

                   Шәкірттеріне аса мейірімді, сӛзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр,  

       ӛнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дархан, ерен еңбекшіл, байламы берік,кӛкірегі  

       ояу, ойы ӛткір ұстаздарымыз Қымбат Байменқызына, Жұмакүл Хамзеқызына,    

       Любовь Казезқызына  ұзақ жас, шынайы махаббат, мәнді де сәнді ӛмір тілейміз!     

       Мерекелеріңізбен құттықтаймыз! 

                                                                 

                                                         Жаңа Жайнақ ауылы №49 орта мектеп ұжымы  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



                  

               

               

 

          



 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал