Құрметті оқырман! Бар буынның талғамынан шығатын



жүктеу 0.64 Mb.
Pdf просмотр
бет4/7
Дата11.01.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Мерейтой

C

M

Y



K

C

M



Y

K

27



Бүгінгінің киносы

Қызыққа толы «Қыздар» телехикаясы

Бұрындары халық отандық телехикаяларды мүлдем 

көрмейтін.  Кеш  түссе  болды    отыра  қалып  түріктің 

«Денизін»,  корейдің  «Ханзада  Жумонын»  тағы  да 

басқа фильмдерін аңдитын. Сөйтіп отырғанда қазақ 

сериалдарына уақыт та қалмайды. Мойындаймыз, ол 

кезде «Қазақфильм» әлсіреп тұр еді. Ал қазір бәрі де 

басқаша. Қазақ киноматографиясы қарқынды даму 

үстінде.  Ұлттық  менталитетімізді,  салт-дәстүріміз 

бен әдет-ғұрыптарымызды көрсететін туындылар да 

жетерлік. Қазақы қалжың мен қонақжайлығымыз да 

әр сериалдың сәнін келтіреді. Қарапайым халықтың 

өмірі мен тәлім-тәрбиесі тек қана отандық фильмдер-

ден көрініс табады. Мұның бәріне «Қара шаңырақ», 

«Ағайындылар», «Сырғалым», «Әпке», «Жібек» сынды 

телесериалдарымыз дәлел. 

Заман ағымына сай дамып келе жатқан заманауи 

фильмдер де жетіп артылады. Жастардың өзі сүйіп 

көретін кино туындыларымыз қаншама. Бірнешеуін тізіп 

өтейін. Олар «Айжан», «Ұлжан», «Келинка Сабина», 

«Ауылдастар»,  «Вузеры»,  «Қыздар»,  айта  берсең, 

толып  жатыр.  «Қыздар»  демекші,  бұл  телехикая 

менің таңдауым болып отыр. Себебі мұнда студенттік 

өмір  мен  қыздар  арасындағы  достық,  ең  бастысы 

журналистік шығармашылық пен шеберлік бар. Бұл 

фильмнің сюжетін сөзбен суреттеп берейін.

Бар болғаны 32 сериядан тұратын телехикаяның 

қызығы көп. Сценарий авторлары Рашид Сүлейменов, 

Светлана Летрийчук және Рустам Азаматов. Басты 

рөлді сомдайтын жалындап тұрған жас әртістер Іңкәр 

Әбдіраш  –  Айлан,  Әдемі  Сүлейменова  –  Қаныкей, 

Гүлдана Ахмет – Мерей, Гүлназ Жоланова – Зере, Шер 

Әлі – Мирас, Олжас Нұрбаев – Шадияр, Серік Шәріп – 

Әлнұр, Қуаныш Керімқұлов – Диас және Дидар Кәден 

– Мәуленнің рөлінде ойнайды. Бұл фильм отандық 

киноленталардың  ішінде  романтикалық  комедия 

жанрындағы алғашқы сериалға жатады. «Қазақстан» 

ұлттық телеарнасы ұсынған  көркем фильм не тура-

лы? Бұл жайында сөз қозғамас бұрын Мерейдің рөлін 

сомдаған Гүлдана Ахметтен алған сұхбатыммен бөлісе 

кетейін.

-  Гүлдана,  «Қыздар»  телехикаясына  қалай 

келдіңіз және фильм туралы пікіріңіз қандай? 

- Сериалға кастинг арқылы өттім. Кастингтің бірнеше 

сатысы  болды.  Басында  бұл  рольге  басқа  актри-

са  бекітілген  болатын.  Түсірілімнің  бірінші  күні  мені 

қайтадан кастингке шақырып, Мерейді сомдау маған 

бұйырғанын айтты.

Түсірілім жұмыстары өте қызықты болды. Басында 

түсініспеушіліктер болды әрине. Бірақ аяғына қарай 

бәріміз достасып кеттік.

- Түсірілім қанша уақытқа созылды?

- Екі жарым айдан астам уақытқа созылды. Ең қиыны, 

түсірілім алаңына таңғы сағат 07:00-де жиналатынбыз.

-  Бұл  фильмен  кейін  тағы  қандай  рөлдерді 

сомдадыңыз?

- Көршілер сериалына түстім және Q-елі деген скечта 

ойнадым.

Сонымен фильмге көшелік.

Мерей мен Айлан ауқатты отбасының қыздары және 

өте сәнқой сұлулар. Екеуі бірдей емтиханға кешігіп 

келеді, оның үстіне бизнес жоспарлары да дайын емес. 

Айлан – қандай жағдай болмасын шығар жол тауып 

алатын ақылды, салмақты әрі айлакер қыз. Мерей 

болса сәннен басқаны білмейтін сылқым. Олардың бар 

ойы далап, қалта телефоны және әдемі күлкі. Зере – 

оқымысты, тәрбиелі, қарапайым және коледждің үздік 

студенті. Оның ферма туралы жасаған бизнес жоспары 

басқалардың көңілінен шықпаса да деканға ұнайды. 

Әлнұр – қылжақбас, қыздарға көп қырындайтын, өтірік 

айтқанды жақсы көретін жалқау жігіт. Мирас – шетелден 

жаңа ғана келіп жатқан қалалық қамқор азамат. Шади-

яр – сөзге жоқ тек оқуды ғана ойлайтын оқымысты. Ал 

Қаныкей тік мінезді, ойындағыны ашып айта салатын 

суықтау келген сұлу. 

Сонымен, Мерей мен Айлан деканға не айтарларын 

білмей  сасқандарынан  «жаңа  заманға  сай  журнал 

шығарамыз» дейді. Міне, бәрі осыдан басталады. Әлі 

дайын  емес  журнал  жайлы  айтып  бастарына  бәле 

тауып алған қыздарға декан бір күн ғана уақыт береді. 

Сөйтіп олар мақала жаза алатын көмекші іздей бастай-

ды. Ақыры Зерені көндіреді. Қаныкей суретке жақсы 

түсіретін. Соңынан жүгіріп жүріп қыздар оның келісімін 

алады. Демек, фотограф та дайын. Енді журналды жазу 

ғана қалды.  

Мирас пен Айлан бірін-бірі бұрыннан ұнатады. Екеуі 

кездесіп қалғаннан кейін Айланның ойы тек сол бола-

ды. Ал Шадиярдың бар ойы Мерейде. Оның ағасының 

баспаханасы  бар.  Соның  арқасында  журнал  өз 

уақытында шықты. Қыздар міндеттерін бөлісіп алады. 

Бас мақала Айланның өзінде, сән әлемі тек Мерейдікі 

және  сұхбат  пен  басқа  да  тақырыптар  Зеренің,  ал 

суреттер Қаныкейдің мойнында. Осылайша бір күнде 

олардың журналдары дайын болды. Енді тек атын қою 

қалды. Қыздар әр түрлі ой айтып, ақыры бір байламға 

келді. Журналға «17+» деп ат қойды. Олар әу бастан-

ақ мұның экономика пәнінен дипломдық жұмыс болып 

қана қоймайтынын түсінген болатын. Сөйтіп журнал 

апта сайын шығып тұратын болды.

Армандары  асқақ  қыздардың  тағдырлары  да 

оңай болмайды. Бірақ, қиындыққа қасқайып қарсы 

тұра білген олар, өткеннен сабақ алды. Журналдары 

жабылуға дейін барады. Шиеленіске түскен махаббат 

оқиғалары да жетерлік. Не істерін білмей жүрген Ме-

рей мың жігіттің ішінен бір жігітті таңдап алады. Ол өзі 

секілді сәнге жақын, дизайнер әрі ауқатты жігіт Мәулен. 

Қаныкей Диас есімді фотографпен танысады. Олардың 

махаббаты да түрлі сыннан өтеді. Зерені менсінбей 

жүрген Әлнұр, соңында ғашық болып қалады. Зере 

оның өзгеруіне көп септігін тигізеді. Айлан мен Мирас 

та ажырамас жұпқа айналады. Бұл дүниеде махаббат 

пен достықтан асқан ештеңе жоқ екендігіне фильмді 

көріп отырып көз жеткізесің 



Арайлым ҚҰЛТАЕВА, 

ГӘФ журналистика мамандығының 

2-курс студенті. 

C

M



Y

K

Қазақ тарихынан



(басы журналдың өткен сандарында)

Ер есімі – ел есінде

Елдес Омарұлы

Бірақ қазақ соңында құрыған жоқ. Жаудан аман 

қалған  ел  кешікпей  басын  қосып,  Қасым  хан¬ның 

баласы Ақназарды хан көтеріп, қайтадан ел болды. 

Ақназардың  тұсында  қазақ  Моғолстанмен  қайта 

жауласып, онда қалған елін, жерін қайтарып алған. 

Моғолстанмен  соңғы  соғыста  Моғолстанның  ханы 

Абуыллатиф  оққа  ұшқан.  Қазақтың  өзбектермен 

соғысып, Ташкентті қамайтыны да осы Ақназардың 

тұсында.  Ақназардың  заманында  қазақпен  бұрын 

жауласып  жүрген  Ноғай  хандығы  қазаққа  беттей 

алмай, қазақтан көрген қорлығын орыс патшасына 

шаққан.  Сібір  ханы  Күшік  хан  да  орыс  елшілеріне 

қазақ  хандығы  күшейіп  бара  жатқанын  айтып, 

өзінің  қазақтан  сескенетінін  сездірді.  Ол  кездегі 

орыс  патшасы  4-нші  Иван  Ақназарға  елші  жіберіп, 

сауда сату керуен жолы тақырыпта сөйлесіп тұрған. 

Сөйтіп,  Ақназар¬дың  уақытында  қазақ  Қасым  хан 

заманындағы  қалпына  түсті,  зор  патшалық  болып, 

бұрынғы дұшпандары қазақпен амалсыз санасатын 

болған.

Ақназардан кейін Сығай ханның заманында қазақ 



аз-маз  төмендегенімен,  көп  ұзамай-ақ  қайтадан 

дәуірлеп  күшейеді.  Сығайдың  баласы  Тәуекел 

ханның тұсында қазақ көп уақыт өзбекпен жауласып, 

ақырында Ташкент, Түркістан, Әндіжан, Самарқанд 

һәм солар мен қатар басқа өзбек қалаларын өзіне 

қаратып  алған.  Тәуекел  хан  орданы  Ұлытаудан 

Ташкентке көшіріп, мұнан кейін қазақтың хан ордасы 

«Ақтабан  шұбырындыға»  шейін  Ташкентте  болған. 

Бұл қалаларды алғаннан кейін де қазақ пен өзбектің 

арасындағы  соғысы  бітпей,  мұның  артынан  қазақ 

әскері өзбектің астанасы Бұхарды да қамаған.

Орыс  тарихшылары  Тәуекел  ханның  1594-нші 

жылы орыс патшасы Петрге елші жіберіп, қазақты 

орысқа  қаратамын  деген  сәлемін  жазады.  Мұның 

дұрысы,  Тәуекел  хан  орыс  патшасының  қолына 

түскен Темір інісі Оразмәмбетті сұрап кісі жіберген. 

Орыстан Оразмәмбетті сұрап саудаласқанда елшілер 

қазақ орысқа бағынады деп айтуы да мүмкін. Бірақ 

ол  кезде  қазақтың  орысқа  бағынуы  қазақтың  да, 

орыстың  да  тіпті  түсіне  кіруі  де  мүмкін  болмасқа 

тиіс. Ол кезде қазақ орыстан бір елі жоғары болма-

са, төмен емес, сьртқа айбыны зор, қандай мықты 

патшалықпен де болса терезесі тең еді.

Тәуекелден  соң  Есім  ханның  заманында  қазақ 

хандығы  күшейіп,  дәуірлеп  тұрды.  Есім  ханның 

тұсында  қазақ  көп  уақыт  қалмақпен  жауласып, 

ақырында  қалмақты  жеңіп,  тоқтатқан.  Бірнеше 

рет өзбек¬пен соғысып, оларды да бет бақтырмай 

қайтарып тұрған. Ол кездегі өзбек ханы Имамқұлы 

хан деген өте жауынгер хан еді. Имамқұлы қазақтан 

Ташкент-Түркістанды  қай¬тарып  аламын  деп,  көп 

әскер  жиып,  қазаққа  үш  рет  аттанып,  үшеуінде 

де  (1611,  1613,  1621-нші  жылдар)  жеңіліп  қайтты. 

Ол  уақыттарда  қазақ  Моғолстан  хандығының  ішкі 

жұмыстарына да араласып, Моғолстан хандарын да 

қолынан қойып жүрді.

Есім хан қазақтың тұрмысына, салтына лайықтап 

қазаққа жаңа заңдар шығарған. Қазақта мақал болып 

кеткен «Есім ханның ескі жолы» осы «Еңсегей бойлы 

ер Есімнің»шығарған заңдары.

Есім ханнан кейін қазақ аз уақыт төмен тартып, 

нашар¬лаған 1628-нші жылы Ташкенттен айырылған. 

Бірак  көп  ұзамай-ақ  қазақ  қайтадан  күшін  жиып, 

Есімнің  баласы  «Сал¬қам  Жәңгір»  атанған  Жәңгір 

ханның тұсында да бұрынғысындай айбынды, күшті 

болып тұрды. Жәңгірдің заманында қазақ дамылсыз 

жоңғармен соғысқан, ол кезде жоңғарлар қоңтайшы 

Батырдың  соңына  еріп  өте  күшті  патшалық  бо-

лып  еді.  Қоңтайшы  Батыр  қазаққа  әлденеше  рет 

аттанып  келіп,  көп  елді  шауып,  қазақпен  жоңғар 

арасында  талай  қырғын  соғыстар  болған.  Көбіне 

соғыста жоңғарлардың күші басым болып, жоңғарлар 

жеңілгенде  қазақты  тыпыр  ете  алмайтын  қылып 

үйсіретіп шауып жүрген. Қазақ сондай қатты қырғынға 

ұшырағаннан кейін де, іле-шала қайтадан жиылып, 

қалмаққа аттанып, қайтадан қан төгіп соғысып жүрген. 

Бұл кезде Қазақтың көрсеткен қайраты, жүрегі адам 

айтарлық емес. Өзін әлде неше рет талқан қылып 

шауып кеткен жаудың басым екенін біле, көре соған 

қайта  ұмтылып,  жағаласқаны  қазақтың  тіпті  мойы-

май, ештемеден жүрегі қайтпағаны ғой, Қалмақтан 

талай қырылып, таяқ жегеннен кейін 1643-нші жылы 

Жәңгірге ерген 600 кісілік әскер коңтайшы Батырдың 

50 мың адамына қарсы тұрып, кейіннен келетін 20 мың 

әскері үлгергенше жоңғарды ілгері жібермей соғысып, 

10  мыңдай  адамын  қырған.  Мұнан  кейін  қазақтың 

кейінгі  20  мыңы  үлгеріп,  қоңтайшы  Батыр  кейін 

қашқан.  Дамылсыз  жоңғар  соғысының  үстіне  қазақ 

ол кезде өзбекпен де жауласқан. 1644-45 жылдарда 

өзбектен Ташкентті қайта тартып алған.

Жәңгірден  кейін  оның  баласы  Тәуке  ханның  за-

манында  қазақ  соғыстан  дамылдай  алған  жоқ. 

Сөйтсе де Тәуке хан (мұны қазақ «әз Тәуке» дейді, 

тек соғыспен ғана жүрмей, уақыттың көбіне қазақтың 

ішкі жұмысы тәртіпке салынып, патшалық құрылысын 

түзеумен  өткізді.  Тәуке  хан  рудың  тиісті  қонысын 

бөліп  беріп,  ел  ішінде  болатын  дау-жанжалды 

дұрыс  тексеріп  бітіру  үшін  жаңа  заңдар  шығарған. 

Ел билеу һәм халқының түрлі мұң-мұқтажын шешу 

үшін  Тәуке  әр  рудың  өкілдерін  жиып,  кеңесетін 

болған.  Мұндай  жиылыстар  Тәукенің  заманында 

жыл сайын болып, ең кемі бір айға созылады екен. 

Қазақта мақал болып қалған «Күлтегіннің басында 

күнде кеңес»осыӘз Тәукенің заманындағы кеңестер 

болуға керек. Тәукенің тұсында қазақтың ішкі тәртібі 

өзінше  қанша  жайлы  болғанымен  де  ол  кезде 

қазақ  сырт  дұшпандарынан  бұрынғыдай  қайрат 

шығарып, қорғана алмады. Тәукенің қартайып қалған 

уақытында  1717-нші  жылдарда  қазаққа  бұрыннан 

10


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Ер есімі – ел есінде

соғысып  келе  жатқан  жоңғарлардың  үстіне,  екінші 

жағынан қалмақ, башқұрт, орыс та жау болып тиіп, 

елді ұран қылып әлсіретіп кетті. Мұның артынан Тәуке 

ұлысымен (1717-нші жыл) қазақ ішінен бөлініп, өзді-

өзді жауласа бастады. Қазақтың осылай болуын күтіп, 

аңдып  отырған  ескі  жау  жоңғарлар  қазақты  мүлде 

шауып алуға қамданып, жоңғардың, ол кездегі ханы 

Цебан Рабдан, не бар әскерін Ертіс бойынан қазақ 

жақ шегіне жиып, 1723-нші жылы өзімен-өзі болып, 

қамсыз жатқан қазаққа кеп әскерімен келіп соғысып, 

Ташкентті алып, қазақты быт-шыт қылып тоздырып 

жіберді.  Қазақтың  осы  күнге  шейін  ұмытпайтын 

«Ақтабан  шұбырындысы»  сол  1723-нші  жылы 

қырғында болған. Қазақтың ескі өлеңі:

Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Қарындастан айырылған жаман екен, 

Қара көзден мөлдіреп жас келеді...

Ақтабан  шұбырынды  болғанда  қазақтың,  ескі 

дәуірін жоқтап айтқан өлеңі – Ақтабан шұбырындыдан 

кейін Ұлы жүз қозғала алмай, жоңғарларға бағынып 

қалған.  Орта  жүз  бен  Кіші  жүз  жоңғардан  қашып, 

теріс  түс,  күнбатысқа  қарай  ұмтылған.  Алдынан 

қарсы  шыққан  башқұртпен  соғысып,  оны  Оралдан 

асыра  қуған,  Жемге  жеткенде  сол  Жем  бойындағы 

қалмақтар  қарсы  көтеріліп,  қазақ  қалмақты  да 

соғысып  жеңіп,  оны  Жайыққа  қуып  тыққан.  Мұнан 

кейін Орта жүз бен Кіші жүз Есіл, Нұра, Тобыл, Ор, 

Жайық өзендерінің бойынан қоныс алып тұрақтаған. 

Бұл уақытта қазақ шапқыншылықтан құтыла алған 

жоқ.  Башқұрт  пен  қалмақ  қазақтан 

жерін қайтарып аламын деп шабуыл 

жасап, мазалай берген. Мұның үстіне 

Орта  жүздің  ханы  Сәмеке  мен  Кіші 

жүздің  ханы  Әбілқайыр  жауласқан. 

Жан  жағы  тұйық  жау,  оған  қарсы 

тұрып, соғысып, қорғанудың орнына 

бірімен-бірі  бақталас  хандар  өзді-

өзі  жанжалдасып,  елдің  берекесін 

қашырған. Бірте-бірте халық арасын-

да хандардың қадірі кеміп, елдің өз 

ішінен шыққан билердің беделі арта бастаған.

Әбілқайыр секілді дәреже қумай, хандар орнына 

хан  болып  тұра  беруіне  ел  көнбейтін  болған  соң, 

орыс  үкіметімен  сейлесіп  қазақты,  өзіне  қараған 

Кіші жүзді орысқа қаратып, хан болған (1730-32-нші 

жылдар). Мұның артынан көп ұзамай (1734 жылдар) 

Орта жүз хандары да орысқа қараған. Бұл кез орыс 

патшалығының капитал дәуіріне кірісіп, жиһангершілік 

саясатын күшейтіп тұрған кезі еді. Қазақ хандарының 

орыс  патшалығымен  келісіп,  қазақты  орысқа 

бағындырып хан болуы орыстың сол жиһангершілік 

саясатына дәл келді.

Қазақ  халқы  ханын  құрметтеп,  оның  соңынан 

еруі, ханның мінезі елдің салтына үйлескеннен еді. 

Қазақ мал баққан көшпелі ел болған соң, оның салт-

санасы мал бағу кәсібінелайық, дәл ескі түріктердің 

салт-санасы секілді болған. Қазақта сол ескі түріктер 

секілді аса жауынгер болған. Жауынгер ел соғыста 

қайрат  көрсеткен  батырларды  ғана  артық  көріп, 

құрметтемейді, бұрынғы Қасым хан, Ақназар, Тәуекел, 

Жәңгір, Тәуке секілді хандарды қазақ халқы аламан 

бұқарасы  өте  жақсы  көріп,  айтқанын  істеген.  Бұл 

хандардың мінезі, ісі елдің салтымен сәйкес келген. 

Әбілқайыр, Сәмеке секілді елді жау шауып жатқанда 

өзара  таққа  таласқан,  хандардың  ел  ішінде  ешбір 

қадірі қалатын жөні жоқ еді. Сондықтан Әбілқайыр 

секілді  хандар,  өздерінің  елге  жексұрын  екенін 

білген соң, бақты (хандықты) елден іздемей, сырт-

тан,  орыс  үкіметінен  іздеген,  елді  сыртынан  сатып, 

елден биліксіз хан болған. Бұрын өз еркі өзінде, күні 

кеше Әз Тәукенің заманында билері жыл сайын бас 

қосып,  «Күлтегіннің  басында  күнде  кеңес»  жасап, 

өз  тағдырын  өздері  шешіп  үйренген  ел  хандардың 

сыртынан орысқа сатып жіберуіне көніп, орыс үкіметі 

сайлаған хандарға бағынуы мүмкін емес еді. 

Сондықтан ол уақытта қазақтың хандары орысқа 

бағынғанымен,  ел  орысқа  бағынған  жоқ.  Хандарға, 

орысқа қарсы көтерілді. Кіші жүзден Сырым батыр, 

Есет батыр секілді елге патшалық қылған азаматтар 

шықты. Орта жүзден Кенесары-Наурызбай шықты. Бірақ 

шенге, шекпенге сатылған хандар түрлі айла-сұмдықпен 

елдің  берекесін  алып,  бұқара  түгел  басын  қосып, 

қайрат қыла алмай тоз болды және бұрын қазақпен 

жауласып  жүрген  қазақтың  күншығыс  жағындағы 

көршілес жоңғарлар Қытайға бағынатын болған соң, 

қазақ күнбатыс орыс, күншығыс Қытай - екі жағында екі 

үлкен патшалықтың қамауында, барар жері, басар тауы 

болмай қалды. Сөйтсе де қазақ мүлде қозғалмай қарап 

қалған жоқ. Орта жүз бен Кіші жүздің хандары орысқа 

сатылғанымен, елі оларға бағынбай, Ұлы жүздің ханы 

Әбілмәмет жоңғармен соғысуға әскер шығарған, соған 

барып қосылды. Мұнан кейін біраз уақыт Абылайды хан 

көтеріп, соның соңынан ерді.

Кенесары, Наурызбай, Есет, Сырым 

әр қайсысы әр жерде болып, жалпы 

қазақтың басын қоса алмаған соң істері 

берекелі болмаған. Амалсыз Арқадағы 

ел  орысқа  қарап  қалған.  Ол  кездегі 

Сыр елі Қоқанға бағынған. Ұлы жүзбен 

қырғыздар шектес Қытайға қосып кету-

ге ыңғайланған. Сөйтіп, қазақ баласы 

бұрынғыдай  өз  алдына  ел  болмақ 

түгіл  әрқайсысы  әр  патшалыққа 

тозып кете жаздады. Осыдан шошынып және Кене-

сары, Сырымдардың тәжірибесінен жалпақ далада 

жайылып жатқан қазақтың баласын бір жерге жиып, 

әскер түзеп, іс қылуға болмайтынын түсініп, Сырдағы 

Досбол би Арқадағы қазақтың хандарына, билеріне 

хат  жазып,  бұларды  Сырға  шақырған.  Досболдың 

есебі,  қазақ  өз  алдына  ел  бола  алмағанымен,  әр 

патшалыққа тозып кетпей, қайда болса да бір жерде 

болуы еді. Бұған Арқаның орысқа бағынған хандары 

түсінбей, Досболдың сөзін аяқсыз қалдырды. Бірақ 

онымен  Досболдың  тілегі  болмай  қалған  жоқ.  Көп 

ұзамай Сыр елі де орысқа қарады, қазақ қытайдан өз 

алдына ел бола алмағанымен тозбай түгелімен бәрі 

бір патшалыққа қарады. Қазақ бытырамай түгел бір 

жерде болса түбінде өз алдына ел болмасқа мүмкін 

емес. Арқаның қазағын Сырға шақырған Досбол соны 

біліп шақырып еді. Досбол болашақты сәуегейлікпен 

емес, қырағылықпен болжаған.



(1923 жылдың Қазақ календары. Орынбор, 

1922. 80-91-бб).

(СОҢЫ)

Ескертпе:

Мақаладағы  «түрік»  сөзі 

«түр кі»  деген  мағынада  қол да­

нылған.  Мысалы түрік халық тары 

емес, түркі халықтары деп оқылуы 

керек.

11

C



M

Y

K



26

Театр

Театр  –  өнер  ор-

дасы.  Осы  сөздің 

мәнісін  өзім  театр­

ға  барып  жүрген 

кезде  де  ұғына  ал-

маппын.  «Театр  – 

менің екінші үйім. Мен 

өзімді басқа саладан 

көре  алмаймын»  де-

ген  еді  жас  актер 

Нұрсерік  Кеңесбаев. 

Осы  кезде  еске  Ду-

лат  Исабековтың 

«Бұрынғы  көрермен  

3 нәрсені біліп бара-

тын : 1­авторды; 2­ 

режиссерді; 3­сүйікті 

әртісі  үшін  спек-

такльге  баратын. 

Қазіргі  көреременге 

бәрі  бір»  деген  сөзі 

оралады.  Ақпанның 

1 7 ­ ж ұ л д ы з ы н д а  

І.Омаров  атындағы  

қазақ  драма  театрында  «Өкініш»  қойылымының 

премьерасы  өтті.  Осыған  орай,  спектакльдің 

қоюшы­режиссері Ержан Қаулановпен сұхбаттасқан 

едік.

-  Ерлан  аға,  сұхбатты  өзіңіздің  театрға 

келуіңізден бастасаңыз.

- Мен 2002-2005 жылдары  Т. Жүргенев  атындағы 

өнер академиясының колледжінде  музыкалық дра-

ма театр актері мамандығында оқыдым. Одан кейін 

өнер академиясына режиссерлік факультетке түстім. 

Жетекшіміз  Жанат  Хаджиев  ағамыз  болды.  2010 

жылы оқуды бітіріп, Қостанай қаласындағы І.Омаров 

атындағы  облыстық  қазақ  драма  театрына  келіп, 

Ғ.  Жампиевтің  «Метрампаж»  комедиясын  алғаш 

қойдым.  Көп  ұзамай  жаңа  жылдық  ертеңгіліктер 

қойылды.  Кейін  театрдан  шығып  кеттім.  Сосын 

шақыртумен  М.Байжиевтің «Тіл табысқандар» пье-

сасын    қойдым.  Енді  театрға  келіп  тұрғаным  осы. 

Биылғы премьера «Өкініш» деп аталады.



-  Осы  аталған  спектакль  туралы  толығырақ 

айта кетсеңіз?

- Бұл трагедия жанрындағы қойылым. Авторы – 

белгілі ақын, драматург Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет. 

Пьесаның  төл  атауы  «Шал  мен  кемпірдің  үйленуі» 

деп аталады. Біз өзіміздің тарапымыздан өзертулер 

мен  қысқартулар  енгізіп  «Өкініш»  деп  атадық. 

Дайындыққа 1 айға жуық уақыт кетті. 

- Сіз қойған премьералардың жанры әр түрлі. 

Өіңізге қайсы жанр жақын?

-  Мен  оқып  жүрген  кезімде  де:  «Саған  комедия 

жанрымен жұмыс істеген жарасады. Комедиологсың» 

деп лебіз білдіретін. Жасырмаймын, комедияларды 

жақсы  қойып  жүрдім.  Көп  күлетін  адамның  ішінде 

қайғысы болады деп жатады ғой. 2013-2014 жылғы 

тәжірибемде маған комедияға қарағанда, трагедия 

жақынырақ  екенін  түсіндім.  Ол  кезде  Қостанайда 

болған жоқпын. Сол себепті осы аталған трагедияны 

қоюды жөн көрдім.



- Артистердің актерлік шеберліктері көңіліңізден 

шықты ма? 

-  Театр  ұжымының  барлық  мүшесі  өнер  ака-

демиясын  бітіріп  келген  кәсіби  мамандар.  Содан 

болар  артистермен  жұмыс  істеген  оңай  болды.  Біз 

бұған дейін де  бірге жұмыс істегенбіз.  Сол  себепті 

бір-бірімізбен  тез  түсіністік.  Дайындық  барысында 

ешкім де кешікпеді. Бұл бір-бірімізге деген құрмет пен 

сыйластың  белгісі  деп  білемін.  Премьераның  сәтті 

шыққанына біздің ұйымшылдығымыз да басты рөл 

ойнайтыны сөзсіз.



-  Ең  қызығы  қойылымда  Зәмзәгүл  апайдан 

басқа актерлердің бәрі жастар. Оларға қарттардың 

Каталог: files -> nasha zhizn -> studencheskie izdanija -> Jas Orken -> 2016
Jas Orken -> Оқырмандар қолына өлкетанушы
Jas Orken -> Туған жер тұлғалары Кеңес Одағының Батыры Сейітхан Темірбаев
Jas Orken -> Жаңа оқу жылы құтты болсын!
studencheskie izdanija -> Октябрь 2015, №8 (133) Сералы мырзабай, ГӘФ журналистика мамандығының 2 курс студенті
Jas Orken -> Индек с 75579 Табиғат тосын мінез танытты. Қараша айында қар жауып, жерге мұз қатты. Суретті түсірген Айбек ЖҮзбай c m y k c m y k тарихи суреттер
Jas Orken -> «Киіктер тағы көбейеді, Сарыарқаны тастамайды» дейді «Алтын дала» мемлекеттік табиғи

жүктеу 0.64 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет