Құрметті оқырман! Бар буынның талғамынан шығатын



жүктеу 0.64 Mb.

бет3/7
Дата11.01.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

­ Киіз үйді қашаннан, қай жылдан бастап құрып 

келесіздер?

- Мен осы университетте жұмыс  істегеніме жиыр-

ма жылдан астам уақыт болды. Сол уақыттан бері 

дәстүрлі  түрде  Наурыз    мейрамында  университет 

жыл сайын киіз үй құрады. 

­  Биылғы  мерекелік  іс­шараның  қандай 

ерекшелігі бар? 

- Бұрынғыға қарағанда биылғы ерекшелік киіз үйдің 

көрмесі  және  былтырғыға  қарағанда  бір  күн    ерте 

болады  21-наурызда  көрме  болады.  Оған  арнайы 

әкімшілік  тарапынан  құрылған  комиссия  киіз  үйдің 

безендірілуіне бағасын беріп, үздіктерді анықтайды. 

Биылғы ерекшелігі осы деп айтуға болады. Қала бой-

ынша тігілетін  киіз үйлер екі күн бойы жұмыс істеп, 

Наурыз мерекесі тойланады. Өткен жылдары әртүрлі 

байқаулар мен ойындар бір-ақ күннің ішінде болатын.



­ Наурыз мейрамын тойлаудағы студенттердің 

белсенділігі қандай?

- Наурыз мерекесінде көп студенттер демалыстың 

ұзақтығын пайдаланып, ауылдарына, ата-аналары-

на барғанды қалайды. Соған қарамастан да, біздің 

студенттеріміз белсенді ат салысады, әсіресе, «Өнер 

студиясына»  барып  жүрген  студенттердің  көмегі 

көп  тиеді.  Сонымен  қатар,  спорттық  іс-шараларға 

қатысатын студенттер  де бар. Бұл жерде халықтық 

мереке болғаннан кейін студент, оқытушы деп бөліп 

жармаймыз.



­ Біздің оқырмандарға айтарыңыз болса. 

-  Ұлыстың  ұлы  күнін  Наурыз  -  ұлт  мерекесі. 

Бұл  мереке,  шынын  айту  керек,    Кеңес  үкіметінің 

кезінде мұндай кең көлемде тойланбаған. Қазіргі күні 

республикамыздың  түпкір-түпкірінде  атап  өтіледі. 

Аға буын өкілдері «Қырық күн тойын, отыз күн ойын 

өткізді» деген тіркес дәл осы Наурызға арналғандай 

дейді. Біздің жастарға  тәрбиелік, патриоттық  мәніде  

өте зор.Біз тек қана наурыз мерекесінде ғана киіз үй 

тігумен шектеліп қалмай, көптеген салт-дәстүрімізді, 

әдет-ғұрыпымызды келешек ұрпаққа көрсетіп соны 

жандандырып, әсіресе бұл мерекені батыс жағында, 

оңтүстік  жағында    он  төртінші  наурыз  «Көрісу» 

мерекесінен    бастайды  .Сол  дәстүрді  Солтүстік 

өңірімізде де жаңғыртып  біздің салт-дәстүріміз бар 

екенін болашақ ұрпаққа тәлім-тәрбие ретінде көрсете 

берсек, нұр үстіне нұр болар еді.  

Әсел ҚИБАШ,

ГӘФ  журналистика мамандығының 

2-курс студенті.

7

C



M

Y

K



Мерейтой

Алматыдағы  М.Әуезов атындағы академиялық театрда 

Тұрғынбекұлының 50 жылдық мерейтойына арналып өткен 

әдеби кеште сөйлеген сөзінде академик-жазушы  З.Қабдолов 

«Бес күйеуге шыққан әйел туралы» балладаны ұзақ, тілі 

жеткенше, сүйсіне мақтағанына куәгер болғаным бар. Қазақ 

әдебиеті теориясының негізін салушы заңғар ғалымның 

ілтипатына ілінудің өзі ұсақтар тобынан ұзап барып, ірілер 

қатарына қаймықпай жайғасу ғой. 

 Алғашқы күйеуі аштық, екіншісі әйгілі 1937-нің құрбаны 

болған, үшіншісі сұрапыл соғыстан оралмаған, төртіншісі тың 

жыртқан жылдары трактор апатынан қаза тапқан, бесіншісі 

маскүнем боп шыққан ана ақыр аяғында өз жұдырығын өз 

маңдайына жұмсап, көз жұмған. Аянышты әйел тағдыры 

оқиғалы өлеңнің түйінінде асқан шеберлікпен суреттелген. 

Кәне, сіз де оқыңыз.

 Бұл өмірде асқар асу-белес көп,

 Соның бәрі азап үшін емес тек,

 Қайран дүние!.. 

 Бес саусақтың ұшында 

 Бес күйеуі тұрды ма екен елестеп.

Алты алаш арыстарының қазасы – туған халықтың, 

оның  ішінде  орны  ерекше  ақынның  да  азасы.  Серік 

Тұрғынбекұлының: 

Бүкіл қазақ жиылып

Бола алмады-ау бір Абай, - деп әріптестерінің біразын 

таңдай қаққызып, республикалық жыр мүшәйрасында дау-

дамайсыз жеңімпаз болғанынан да хабардармыз. Кейін де 

жыр додаларынан сан мәрте олжалы оралды. Және бір ай-

тарымыз, Серік ақын арнау өлеңдерді мәнді, мәнерлі жазуға 

әбден машықтанған. Оның ұлы Ахметке, Мұхтарға, Шақшақ 

Жәнібекке, Сәкен, Бейімбетке, Нұрхан, Қайнекей, Сырбай, 

Ғафу, Кеңшілікке арналған жырлары сұлу сөзден өрілген ,  

мәрмәр тастан берік ескерткіштер. 

1972-ші жылы Шымкент қаласында өткен жас ақындардың 

республикалық фистиваліне қатысып, секцияларға бөлініп, 

өлең оқығанымызда пойыз ішінде танысқан ару жайлы «Қыз 

астында полканың, мен үстінде» деп тебіреніс теңізінде 

шалқыған Серік кейін шын мәнінде махаббаттың шебер жыр-

шысына айналып кете берді. Өлеңнің қызуы мен қыз-дүниенің 

қызығы шабытты жанды шаршатар ма? Қыз-келіншек көрсе 

көзімен де, сөзімен де, қолымен де, құшағымен де, тілегімен де, 

жүрегімен де аялауға асығып тұратын ақын махаббатқа кел-

генде кідірмейді. Сел-тасқын сезімнің ақжал толқындарымен 

бірге қозғалып, бірге аунап бара жатқандай. 

 Ғашық көңіл малтығып құса-мұңға, 

 Атың қалып қиссаның мысалында,

 Әйел сені сүймесін 

 Әйел сүйсе 

 Онда сенің өлгенің құшағында. 

Ақынның кітаптарын, жазған өлеңдерін оқып отырсаңыз 

туған жердің, ғажайып табиғаттың шебер суретшісі екенін 

аңғару пәлендей қиындық келтірмейді. Серіктің «Құшағыңды 

аш, Қостанай», «Көне Торғай келбеті»,«Көкшетауым», 

«Ақжайық-ару», «Арал мен Балқаш арасы» деп аталатын 

жырлары  және басқа да туындылары алтын аймақтардың  

өзіндей табиғи бояуға бай, барынша көркем, мейлінше көрікті. 

Сансыз сағынышыңды оятып жібереді. 

Біз бір мақала аясында арқалы ақын шығармашылығын 

түгелдей  қамтып,  зерттеп,  зерделей  алмаймыз.  Оған 

баспасөздің  көлемі де мүмкіндік бермейді. Солай десек 

те қарымды қаламгердің ұлттық әдебиеттегі біраз жанрға 

белсенді араласып жүргенін айтпау мүлде әбестік. Соңғы 

жылдары Серік драмаға қарай шұғыл бұрылды. Мұны біз 

табиғи талант иесінің кезінде Торғайдағы халық театры 

өнерпазы болғанының, республика мәдениет министрлігінде 

репертуарлық бөлімді басқарғанының, сондай-ақ Алма-

ты, Астанадағы театр қайраткерлерінің көбімен аралас-

құралас жүргендігінің әсері деп жорамалдадық. Астанадағы 

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік театрда Серіктің 

«Мұқағали» атты драмасы біраз жылдан бері репертуарға еніп, 

сәтті қойылып келе жатыр. Ақынның көзін көрген, қатар жүрген, 

сырласқан автор біртуар тұлғаның ішкі әлемін, жан-жарасын 

өте бейнелі, сенімді сомдаған. Ал автордың Қостанайдағы  

І.Омаров атындағы, Жезғазған театры қойған «Кейкі-батыр», 

Арқалықтағы жас өспірімдер театры қойған «Нұрхан» драмала-

рынан да қаламгердің өзіндік қолтаңбасын, режиссердін шынайы 

шешімін аңғардық. 

 Ақын Серік Тұрғынбекұлы бір өлеңінде:

 Беу, табиғат, 

 Бермейсің пендеге ерік.

 Бар болғанмен сенде күш, сенде көрік,

 Қысың, күзің, көктемің, жазыменен

Дүние өтіп барады дөңгеленіп - деп тебіренген екен. Көбіне 

адалдығы мен азаматтығына айырықша сүйсініп, ағалығын 

арқа тұтып, кейде үш жас үлкендігін үш минутта ұмытып 

кетіп, құрдастай қалжыңдасып, шек-сілесі қата күлетін Серікті 

жетпісті мойындамайтын шығар деп ойлайтынмын. Бекер 

екен. Кәдімгідей көніп, икемделіп қапты. Жыр - ғимаратыңда  

бірге  ғұмыр  кешкен,  жаныңа  жарық  сәулесін  түсірген 

Жанна жарыңмен, үкілеп үміт күтіп отырған ұлың Сәкен, 

қыздарың Сәуле, Самал, Жұлдыз, балдан тәтті бауырдағы 

немерелеріңмен дүбірлі дүние қызығына тойма. Жұмакүл 

анаңның аруағы жебесін. Кейде қос ішекті домбыраны 

қолға алып, көзді жартылай жұмып жіберіп, қоңыр дауыспен 

«Қарғамауға» басып, кейде албырт баладай аңғалдығыңа таң 

– тамаша қалдырып, кейде Тайырдай  тақылдап, Сырбайдай 

сұңқылдап жыр оқып, сері ақын боп серпілте бер. Өзіңді қазақ 

поэзиясының сел-сезімді, ағыл-тегіл, шалқар дариясындай 

көреміз, көрнекті ақын, Серік бауырым. Жігер күшің, қуатың, 

шабытың, жаңа ғана қауышқан жетпісің жеңіске, жеміске 

жетелей берсін ылайым.



Нағашыбай МҰҚАТОВ, 

Қазақстан  Жазушылар одағының мүшесі, 

филология ғылымдарының кандидаты.

30


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Мерейтой

тайып тұрды. Екеуміз отырған бөлмеге қайтадан асыға, аптыға 

оралып, ұйысқан шашын саусағымен тарап қойып, тағы да жыр 

дәптерін парақтауға ыңғайланды. Өзінен-өзі булығып, сәл үнсіз 

қалды да қарсы отырған маған қарап: 

-Түсінбеймін. Осы адамдар қызық. Өлең, оқып отырғанда 

неге келеді екен үйге,- деді. Мен бұл сөзге жымидым. Оны сезген 

Серіктің  өзі де рахаттана күлді. 

Кейін жергілікті қаламгер әдебиет ауылына біржола ат 

басын тіреді. Көпшілік назарына ілікті. Целиноград қаласында 

өткен жас ақындардың аймақтық кеңесіне қатынасты. 

Есінде ұзақ мерзім сақталар бұл сапар жөнінде  Жанкел-

дин аудандық «Жаңа өмір» газетіне мақала да жазды. Бір 

ғажабы сол жылдары жергілікті газет «Жастар дауысы» деген 

айдармен әнгіме, новелла, өлең жазатындарды оқырманға 

үнемі таныстырып отыратын. Тұрғынбекұлы толғаныстарын 

баспасөз  бетінен  жиі  көріп  жүрдік.  Биік  бағандардың 

бірінің басына орнатылған, дыбысы Торғай селосын түгел 

қамтитын репродуктордан бірде атақты диктор Әнуарбек 

Байжанбаевтың оқуында Серіктің көктем туралы шынайы, 

шымыр жазылған жырын тыңдадым. Ол уақытта наурыз 

айының шуағы, жайнаған жер-ана, қырда қылтиған қызғалдақ 

жайлы ақындар өлеңдерін эфирден беру қазақ радиосы 

әдебиет редакциясының дәстүрлі ісі еді. Арада біраз жылдар 

өткен соң Серік ақынның өзі осы радиода қызмет жасағанын 

жұртшылық білуге тиіс.

Ертеректе ақын таза сезімнен тулап, бұлқына туатын 

лирикалық өлеңдерін  өндірте жаза жүріп, айтысқа да атса-

лысты. Құлын-тайдай қатар өскен Кеңшілік Мырзабеков екеуі 

суырылып сахнаға шықты. Бірі «Торғай», екіншісі КПСС-тің 

XXI-ші съезі атындағы кеңшар намысын қоғады. Онда жазба 

айтыс қой. Қос таланттың да сөз саптаулары, шаруашылық 

олқылықтарын мінеген, сынаған тұстары, тіпті Кеңесшіліктің 

домбырасыз айтысқаны, сонда да өлең сүйер жұртшылық 

жастар талабын қуана қолдағаны әлі жадымда.

Ақын, жазушы атанғандардың көбі елде еңсесін көтеріп, түзеп 

алған соң  әдеби орта, кітап шығаратын баспа іздеп, Алатау  ба-

урайына, Алматыға тартатын. Серік те сөйтті. Қайнекей ақынның 

қасында қарайып, Сырбаймен сырласып, Ғафудан ғибрат алып 

қатарлас қаламдастармен қауышып, Қазақстанның ғана емес 

парасатты поэзия астанасында тыныстап жүргендей тірлік 

кешті. Өлең бұлағының көзі ашылды да кетті. Жыр додасы да 

сайын дала төсінде шапқан сәйгүліктердің бәйге жарысына 

көбірек ұқсайды десек, Серік соңында қалып көрмепті. Қашанда 

желқанатты жүйріктер, топты жарған тұлпарлар қатарында. 

Оқырманын ойландырған, толғандырған шығармалары ма? 

Жетіп жатыр. Тұрғынбекұлын тұғырына көтерген, өзгеше 

өлеңнен от өрген туындылары негізінен «Жазушы», «Жалын» 

баспаларынан жарық көрген. Кітаптарының  аты да заты 

да бағалы. «Қобыз» ақынның айналаға естіртуге асыққан 

алғашқы үні, «Көкейкесті» - көкірегіндегі сырын көп бүкпей, 

көпшілікке жайып салғаны, «Торғай толғауы» туған жердің 

кескін-келбеті, «Жүрегімнің сәулесі» - ағыны күшті ағыл тегіл 

сезімі, «Кеш келген көктем» - жұмбағы, құпиясы жеткілікті 

жан-дүниесі, «Жер орта» кемелдену кезінің көркем жырлары 

деуге де болады. Соңғы жылдары жарық көрген екі томдық 

шығармалар жинағы да ақын асуының аласа емес екендігін 

нақтылы дәлелдейді. Серік ақын жаңа қоғамға үңіле қарап , 

адамдар әрекетін өлеңмен өре біледі. Философиялық ойлары 

ешкімді де бейтарап қалдырмайды . Өлең өрнектерінен мін 

табу мүмкін емес. Ағыл-тегіл сезім, орамды ой , иілмес идея 

үндесіп, үйлесіп, тіршіліктің қаз-қалпындағы көрінісін елестеді. 

Тұрғынбекұлы шағын лирикалық жырлармен шектелген 

жан емес. Әйгілі халық ақыны Нұрхан Ахметбековке , өзге де 

таланттарға ұқсауға белді бекем буып , эпикалық туындыларды 

да жазды. Оның «Кейкі батыр» «Сәкен – Сұңқар»,«Нұрхан» 

және тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров туралы тереңнен 

тебіренген дастан , хиссалары ұлттық поэзияның алтын қорына 

қосылған қомақты дүниелер деуге негіз бар. 

Кешегі Кеңес дәуірі, егемендікті еншілеген тәуелсіз Қазақстан 

тіршілігі болсын, қаламгер қаламынан тыс қалмай, ұмытылмай, 

ұдайы назарға ұсынылып келді. Өмірде өзі қол бұлғап, 

шақырып, мен мұңдалап тұрған  тақырып көп. Бірақ қоғамның 

басты байлығы адамдар қай ғасырда да әдеби туындылардың 

тұлғалы кейіпкерлеріне айналған. Әңгіме жағымды және 

жағымсыздардың айналасынан өрбіп отырған. Өркениетке 

қол созып, өзгелерімен иық теңдестіреміз деп талпынған 

сайын әлемдік деңгейдегі саяси күрес қана емес, адалдық 

пен арамдық, мейірім мен қатігездік, әділдік пен айуандық 

арасында үлкенді, кішілі, қақтығыстар жүріп жатыр. Серіктің 

«Адамға-адам» өлеңі осы бір қозғалысқа қорқыныш, үреймен 

үрке қараудан әрі қатты тебіреністен туған.

 Қара нанды жеп жүруші ек қақ бөліп,

 Адамға адам бара жатыр жат болып,

 Қарның ашса қараспайды қайырылып

 Жаяу қалсаң бере алмайды ат-көлік.

Тектен-текке бүліндік те, есірдік,

 Ұрық бітті...

 Құрып бітті өсімдік,

 Адамға-адам айуан болып барады

 Адамға-адам...

 Адамға-адам... Не сұмдық.

Ақын мен халықтың алып жүрегі әрқашан бір кеудеде соғып, 

лүпілдеп тұратын тәрізді. Мақсат, мүдде, ойландырар жайлар ортақ... 

Елге, жерге, әдет-ғұрыпқа, тілге байланысты тұжырым, топшылау 

кезіндегі көзқарастары да үндесіп, парасатты пайымдаулары да 

үйлесіп жатады.  

Өлеңді оқитындар ғана емес, зердесіне тоқитындар саны 

сарқылмаса, ірі лауазым иелерінің назарларына іліксе деп 

армандайсың. Тыңдалмаған сөз –жетім. Айтары нысанаға дөп 

тимеген ақын да атқан оғы айдалаға, қашыққа қаңғып кеткен 

аңшыға тең. Егер қазір мемлекеттік мәртебеге ие қазақ тілі 

тағдыры экран, эфир, баспасөзде, ауызша сұхбаттарда негізгі 

тақырыпқа айнала бастаса Серік өлеңдерінің де бекерден бекер 

жазылмағаны деп түсінейік.

Ауыл-тек қана мал, сүт, ет, май, қаймақ десек, қатты 

қателесеміз. Елді мекендер ежелден-ақ салт-дәстүрдің са-

райы, шынайы адамгершілік шаңырағы, тағылым, тәрбие 

табалдырығы, туыстықтың туын көтеруші, ағайындық пейілдің 

алтын көпірі атанған емес пе? Егде кісілер сол ауылды ажары 

бұзылмаған кейпінде, табиғи кескін, бейнесінде көргісі келеді 

де тұрады. Алқалы топ атынан ақиқатты айтып, ақыны 

ақтарылып жатса, оның несі айып. Ықылым заманға саяхат 

жасасаңыз ел мүддесі хақындағы шынайы лебізді қай уақытта 

да ақын, жазушылар айқайлап айтқаны баршаға аян. Бір жыл-

дары республикалық баспасөз бетінде жарияланған бұрынғы 

премьер-министр Ә.Қажыгельдинге арналған ақынның «Ауыл 

өліп барады» өлеңі қазір де маңызын жойды, жоғалтты деу 

асығыстық болар. 

 Ауырған соң сөз айттым, өте жаным,

 Сөз айтқаннан басқа мен не ете аламын,

 Ауыл өліп барады, ауыл өліп

 Қолыңды бер, Әкежан-Көкежаным.

 Серіктің осы өлеңі біраз жылдар бойы бүкіл ауылдың үлкен, 

кішісі қосыла айтқан, қолпаштай көтерген ұранына айналғандай 

болды. Бұдан кейін ежелгі елді мекендердің әлеуметтік дамуы 

қаншалықты дамыды оған бұқара- жұртшылықтың өздері куә.

29

C

M



Y

K

Би биледі дөңгелеп

Көңілді кеш 

ҚР  Тәуелсіздігінің  25 

жылдығы  және  Қос та­

най облысының 80 жыл­

дық  мерейтойына  орай 

18  ақпанда  оқу  орда­

м ы з  д ы ң   д ә с т ү р і н е 

айнал ған «Қысқы бал» іс 

­шарасы  өтті.    Қа ла­

мыз  дағы  «Дала  Холл» 

мей рамханасында бол ған 

шараға «Ертегі әле мінде 

қонақта» деген тақырып 

арқау болды. Қысқы балға 

«Мей ірімділік  керуені» 

қай ырымдылық  акциясын 

қосыңыз.  

У н и в е р с и т е т і м і з д е  

төр тінші  рет  өткен  бұл 

іс ­шара    бұрынғылардан 

өзгеше.  Студенттер көңілді кештің барысында 

лейкоз  дертіне  шал дыққан  төрт  жасар  Ай­

шаны  қолдауға  арналған  акция  ұйымдастырды. 

Кішкентай жәшік орнатып, әркім өз мүмкіндіктеріне 

қарай ақша жинады. Осы балда жиналған қаржы 

ауыр  дертке  шалдыққан  кішкентай  қыз  Айша 

Қабылбекованың  еміне  жұмсалады.  Мейрам­

хана  залында  Айшаның  суреттерімен  бан­

нер  мен  ақша  жинайтын  қорап  та  болды. 

Би кешіне келген кез­келген студент мей і рімімен 

бөлісіп, кішкентай қыздың жазылып ке туіне аз де 

болса үлестерін қоса алды.

Осы  жылғы  қысқы  бал  ерекше  қойылыммен 

бас талды.  Торехан  Жұманов  барша  жи налған 

қауымды  сиқырымен  таң  қалдырды.  Клас­

си калық  би  сайысы  3  бөлімнен  тұрды:  дәс­

түрлі,  заманауи  және  классикалық  вальс. 

Әрбір  жанрдағы  би  бір­бірінен  асып  түседі. 

Бал  Қостанай  облысының  80  жылдығына  ар­

н а л ғ а н   д ә с т ү р л і   в а л ь с п е н   б а с т а л ы п , 

кейін заманауи вальспен жалғасын тапты. Ақ көйлек  

киген  кербез қыздар мен смокингтағы сымбатты 

жігіттер  классикалық  вальстің  ерек шеліктерін 

бір­бірінен  қалыспай  кө рер мендерге  паш  етті. 

Әрине,  классика  еш қашан  сәннен  кетпейді.  

«Ертегі әлемінде қо нақта» деп балдың аты ай­

тып  тұрғандай  әр  факультетке  үй  жұмысына 

бәрімізге бел гілі ертегіден үзінді дайындап келу 

керек бо латын.  «Золушка», «Шрек», «Щелкун­

чик»  сынды  ертегілерден  үзіндіні  студенттер 

барынша  өнерлерін  салып,  берілген  кейіп­

кер лерді  жоғары  деңгейде  алып  шығуға  ты­

рысты.  Қатысушылар  осы  ертегілерді  ар қау 

етіп  Айшаға  рухани  қолдау  жасап,  кез­келген 

қиындықтан сүрінбей өтуге болатынын көр

 

сетті. 



Мерекелік  іс­шара  соңында  универ си те­

тіміздің  ректоры  Хұсайын  Уәлиев    би  нө мірін 

дайындауға  белсенді  атсалысқан  қаты су­

шыларды  әртүрлі  номинациялар  бойынша 

құттықтап,  сыйлықтармен  марапаттады. 

«Ең  жарқын  факультет»  номинациясын  ақпа­

раттық  технологиялар  факультеті  иеленді, 

аграр лық­биологиялық  факультеті  «Ең  саз­

ды  факультет»  атағына  ие  болды.  «Ең  си­

қырлы  факультет»  атағын  экономикалық 

фа культет  иеленді.  Ветеринарлық  фа­

культет  «Ең  шығармашыл  факультет»  но­

минациясын  жеңіп  алды.  Ал  балдың  басты 

жеңімпазы гуманитарлық­әлеуметтік фа куль­

теті болды. Қостанай дәстүрлі вальсінің же ңім­

паздары болып Айдар Ақбидаев және Анель Сага­

рова атанды. Заманауи вальс жеңімпаздары болып 

Олжас  Сүлейменов  және  Айгерім  Зиннатуллина 

танылды. Клас сикалық вальс жеңімпаздары болып 

Бағдат  Аманжолов  пен  Наталья  Мазур 

атан ды.  Гуманитарлық­әлеуметтік  фа­

куль теті  музыкалық  би  қойылымдар  арасында 

үздіктердің  үздігі  атанып,  арнайы  сыйлықпен 

марапатталды.



Ботагөз ІЛИЯСОВА,

ГӘФ журналистика мамандығының 3-курс 

студенті.

Суретте: қысқы балдан көрініс.

8


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Мейірім



Мұң көрдім сәби көзінен

Бала үшін ана мейірімі ауадай қажет. 

Ана ның  ыстық  алақанына  ештеңе 

жет пей тін  шығар.  Ана  өз  баласын 

ешқашан жаман болсын демейді. Бала-

лары үшін мейірімді аямайды.

Менің  бүгінгі  кейіпкерлерім  ата-ана 

мейіріміне зәру жандар. Ата-ана мейірімінен 

айырылған жандар. Көздері жәудіреп, жан-

жақтан мейірім іздейтін балалар. Ананың 

аялы алақанына зар болған балғындар.

Біздің аграралық-биологиялық фа куль -

тетінде  жыл  сайын  дәстүрге  айналған 

«Бақытқа  бірге  жетеміз»  деген  қайы-

рымдылық  акциясы  ұйымдастырылып 

оты рады. Бұл акция аясында 17 ақпан күні 

біздің факультеттің студенттері Қостанай 

қала сында орналасқан жетім балалар және 

ата-ана қамқорлығынан айырылған №2 ба-

лалар мектеп –интернатына барып, көмек 

қолын созды. Біздің мақсатымыз жетім және 

ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған 

балалардың мәселесіне қоғамның назарын 

аудару, олардың адмгершілік-рухани даму-

ына ықпал ету. Балаларға бір сағат болса 

да мейірім сыйлап, қуанышқа бөлеу еді.

Бізді балалар үйінің тәрбиешілері қуана 

қарсы алды. Негізі, балалар қонақжай екен. 

Балалармен бірге би билеп, өлең айтып, 

ойын ойнап, аз да болса көңілдерін көтердік. 

Өзіміз алып барған азғантай сыйлығымызды 

табыстадық.

Әр баланың көзінен мұң байқалады. Олар 

бізбен емен-жарқын араласып, бірге ой наса 

да өзге қатарластарынан ерте жетілгендері 

көрініп-ақ тұр. Әрқайсысы туған аналарын 

күтіп жүргендей есікке елеңдей береді. Аз 

уақыт ішінде біз бір-бірімізге бауыр басып 

қал дық. Кетер кезде, балалармен қимай 

қош тасып, тағы да келетінімізді айттық. 

Мейірімділік  пен  сүйіспеншілік  біздің 

өмі рімізді және көңілімізді таза әрі жарық 

қы лады деген ойдамын.



Сымбат БАЙДІЛДИНА,

АБФ биология мамандығының 

1-курс студенті.

9

C



M

Y

K



СЕЛ - СЕЗІМНІҢ ДАРИЯСЫ

(ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АЛАШ» СЫЙЛЫҒЫ, БҮКІЛ ТҮРІК ПОЭЗИЯСЫ 

ФЕСТИВАЛІНІҢ ЛАУРЕАТЫ, БЕЛГІЛІ АҚЫН СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ 

ТУРАЛЫ СЫР)

Жерлесіміз,  көрнекті  ақын  Серік  Тұрғынбекұлы  биылғы  жылдың  наурыз  айының 

бірінші жұлдызында 70 жасқа толды. Біз қарымды қаламгерді мәртебелі мерейтоймен 

қызу құттықтап, оған мықты денсаулық, шалқар шабыт тілейміз. 

 

 Кіндік қаны тамғаннан бастап адам баласы заман, қоғамның 



ауасымен тыныстап, уақыт керуеніне ілесе жүріп, ғұмыр кешеді. 

Сенің тірлігіңе, тындырған ісіңе шын мәніндегі куәгерлер сырт-

сырт соғып сырғыған сағаттар, күндізі мен түндері алма кезек 

ауысқан күндер, қуанышы мен қайғысы араласқан айлар, 

жылжыған сайын жаныңды қанаттандырған қайран жылдар 

тізбегі...  Уақыттың  алдын орап, одан озып, ілгері зулаған 

ешкім жоқ. Қайта ол пендені өз уысында ұстап, ықтиярына 

көндіріп, ырғағында тербетеді.  Әр жыл артта айқайлап қалған 

соң адамның барлығы да еріксіз есейеді. Бел буған  белесіне, 

арман көрген асуына көтеріледі. Туған күн қай кезде де дүбірлі 

думан, мерейлі мереке. Амандық-саулыққа қоса алуан атақ- 

абыройды арқалатқан, дөңгелек санға дөңгелетіп апарып 

жеткізген 70 жылдық мерейтойдың қадір-қасиетін қазақтың 

көрнекті ақыны, Халықаралық  «Алаш» сыйлығының, Бүкіл 

Түрік поэзиясы фистивалінің лауреаты, Республикалық жыр 

мүшәйраларының сан мәрте жеңімпазы, бірнеше кітаптардың 

авторы, жерлесіміз Серік Тұрғынбекұлы жақсы сезініп отыр. 

Ол 1946-шы жылы наурыздың 1-ші жұлдызында Қостанай 

облысы,  Жанкелдин  ауданы  Ақшығанақ  ауылындағы 

Төлеген қыстауында дүниеге келген. Мектеп  бітірісімен осы 

аудандағы «Жаңа өмір» газетінде қызмет істеген. Әл-Фараби 

атындағы Қазақ мемлекеттік университеті журналистика 

факультетінің түлегі. Қазақ радилосында аға редактор, 

республикалық «Лениншіл жас» газетінің Торғай, Қостанай 

облыстары бойынша меншікті тілшісі, республикалық халық 

шығармашылығы үйінде фальклор бөлімінің жетекшісі, 

қазақ теледидары әдеби драммалық хабарлар Бас редак-

циясында, қазақ радиосында редактор, Баспа полиграфия, 

кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға 

редактор, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің менгерушісі, 

мәдениет министірлігіндегі репертуарлық, редакциялық 

алқаның Бас редакторы, Астана қаласындағы С.Сейфуллин 

мұражайының директоры қызметтерін атқарды. Қазіргі таңда 

зейнет жасында болса да, рухани жан серігі қаламнан бір сәт 

қол үзбейді. Астана қаласында, Қазақстанның өзге жерлерінде 

өтетін бұқаралық сипатқа ие мәдени-көпшілік шараларға 

белсенді түрде қатынасады. Республикалық ақындар ай-

тысына әділ қазылық жасаушылардың салиқалы сапында 

жүреді. Республикалық «Хабар», «Қазақстан» телеарналары 

ұйымдастырған пікірталас, ашық әңгіме үлгісіндегі хабарларға 

тұрақты қатынасып, ұлт болмысына, тағылым тәрбиесіне бай-

ланысты ой, пайымдарын білдіреді. 

  Қазақстан  жұртшылығы  Серікті  жалынды,  қаламы 

қарымды журналист әрі арқалы ақын ретінде біраз жылдар-

дан бері біледі. Есею жылдарын басынан кешіп отырған осы 

азаматтың екі қырын салмақтап, таразылап көрсек, арқалы 

ақындығы әрқашан басынқырап тұрады. Сәл кейінге бұрылып 

қарасам Тұрғынбекұлымен танысқан, тетелес іні ретінде 

қатарлас жүрген сәттер елес беріп өтеді. Мен оны 1965-шы 

жылдан бергі аралықта біледі екенмін. Гүрілдеп өлең оқыған 

сайын, дүрілдеп атағы шыға бастаған Серік сәулелі таңнан 

сел-сезімнің жетегінде жүретін. Жанкелдин аудандық  «Жаңа 

өмір» газетінде әдеби қызметкер, жергілікті радио хабарларын 

ұйымдастырушы жұмыстарын атқарумен бірге, таланты тасты 

жарған талап иесі, алымды ақын ретінде танылды. Жергілікті 

«Жаңа өмір», Қостанай облыстық «Коммунизм таңы», «Тың 

өлкесі» газеттерінде оның өлеңдері топырлап шыға бастады. 

Алпысыншы жылдары осы қаламгер жазған 

Торғайдың атырабында 

Болған талай ұрыстар бар 

Торғайдың топырағында 

Қираған талай қылыштар бар,- деген жыр жолдары өлең 

сүйген қауымның жадында сақталып қалды. Сондай-ақ сол 

кезенде Серік Тұрғынбекұлы сөзін жазған Болат Хамзиннің 

«Торғай қызы» әні ауыл сахналарының нақ төрінде әуеледі. 

Жайнаған дала – көктемдей,

Жұпарын жанға төккендей,

Торғай қызы салған ән

 Еркелеп маған жеткендей,- деп келетін әсем ән әлі күнге 

дейін әрбір отырыс, той-думанның айшықты ажары. Осы 

шығарманың шырайын шығаруға  әнші  Ырысты Ерденова, 

баяғы «Шертер» ансаблінің талантты әншісі, өзімнің туған 

қарындасым Отаркүл Оразбайқызы қыруар еңбек сіңірді. 

Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерватория түлегі, та-

лантты сазгер Болат  екеуінің шығармашылық ынтымағынан 

туған «Аманкелді ұрпағы» әні хор ұжымдарының репертуа-

рын байыта түсіп, балалар өсиетіне адал ұрпақтардың жүрек 

үндеріндей естілетін. Ұядағы ұлдардың, қияғы ұшар қыздардың 

намыстарын қайрап, Отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін 

күшейтетін, лаулатып жандыратын.

Қазір  Серік  ақын  әуезді  әнге  мәтінді  көркем  жаза-

тын ақындардың қатарында жүр. Мәселен қазақтың та-

лантты композиторлары Ә.Бейсеуов, Т.Мұхамеджанов, 

С.Бейтереков, жергілікті таланттар Қ.Деріпсалдин, Б.Сәуекенов, 

Т.Әлденовтердің Тұрғынбекұлымен бірлесіп шығарған туын-

дылары танымал әншілердің тұрақты репертуарларына енген. 

Әрбір әннен ақын мен композитордың туған жерге деген ыстық 

сағынышын, айналасындағы адамдарға деген жылылықты, 

балдан тәтті махаббаттың, сағыныш сырларын әбден аңғаруға 

болады. 


Аралбай ауылындағы Жанкелдин атындағы орта мектепте 

жоғарғы сыныпта оқып жүргенімде  ептеп өлең жазғандықтан 

Серікке біртабан жақын болдым. Бірде ол мені Торғай 

селосындағы екі қабатты еңселі үйдегі шағын пәтеріне апа-

рып, жаңа өлеңдерімен таныстырды. Жыр оқығанда біртүрлі 

арқаланып, шабыттанып, шалқып  кетеді екен. Қазақы, қоңыр 

дауысы құлаққа жағымды. Біресе түлеп, түрленген түріне,  біресе 

ауаны тілгілей сермелген қолына қарайлаймын. Серік пәтерінде 

емес, өлең өлкесі сұңқарындай самғап ұшып бара жатқандай. 

Біреу есік қағып, тарсылдатып әкетіп барады. Біразға дейін 

дыбысты естімеді ме, әлде ойын ортасынан бөлгісі келмеді ме 

кім білсін, мейманды қабылдауға қиналып, қынжылып барды. 

Көрші, дәрігер жігіт екен. Бірдеңе деп күбірлеп, табалдырықтан 

28



1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал