Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!



жүктеу 0.72 Mb.

бет8/8
Дата09.01.2017
өлшемі0.72 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

-  Сіздің  әдебиет,  мәдениет,  саясат,  философия 

салаларының  кез-келген  тақырыбында  сұхбаттаса 

алатыныңыз  байқалады.  Мұндай  жан-жақты 

қабілетке қалай қол жеткіздіңіз?..

- Кез-келген адамның өзі қызығып ізденген саладан 

жан-жақты білім алуына толық мүмкіншілігі бар. Мен сіз 

айтып өткен салалардан бөлек, кейінгі кезде тарихқа да 

ден қойып, түрлі зерттеулерге көңіл бөліп жүрмін. Мыса-

лы, жақында Қарағанды қаласында өткен халықаралық 

Алтын бесік - ЖеР ЖҮзІ

Редакция алқасы:

Талғат Мамашев

Әлібек Асқаров

Сұлтан Жанболат (Қытай)

Хабсаттар Омарұлы (Моңғолия)

Марат Үкібаев (Өзбекстан)

Мехмед Зенгин (Франция)

Серіқұл Қосақов (Қырғызстан)

Дервиш Қылыш (Түркия)

Алғашқы есепке қою кезіндегі 

нөмірі мен мерзімі: 

№3209-Ж. 25.04.2002 ж.

Жарияланған материалдардағы 

деректердің нақтылығына 

автор жауап береді.

Басуға 10.07.2012 ж. қол қойылды.

Таралымы 1000 дана

Журнал ЖШС "Express Pro" 

баспаханасында басылды.

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

050002 Алматы қаласы.

Ш.Уәлиханов көшесі, 43-а

Тел. факс (727) 273 19 50

Е-mail: altyn_besik@mail.ru

Екі айда бір рет шығатын еларалық 

қоғамдық-саяси, әдеби-көркем журнал

№ 1-2 (56-57) 2012 жыл, маусым-шілде

2002 жылдан шығады

Бас редактор

Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ

Жауапты хатшы

Гүлжан ҚҰРМАНОВА

Бөлім редакторы

Салтанат МҰРАТҚЫЗЫ

Меншікті тілшілер:

Бекен ҚАйРАТ (Астана)

Марат АРЫНОВ (Өзбекстан)

Маржан ТЕҢІЗБАЕВА (Астана)

Меншік иесі:

«Алтын бесік-2» ЖШС,

Дүниежүзі қазақтарының

қауымдастығы.

Журнал Қазақстан Республикасы

Ақпарат министрлігінен Бұқаралық 

ақпарат құралын есепке қою туралы

№4629-Ж куәлігін алған. 

22.01.2004 ж.

Халқының қамын 

ойлаған...

Асай РӘМІШ, 

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының

Ұлан-Батырдағы бөлімшесінің төрағасы

ғылыми-конференцияға  менің  «Моңғолиядағы  қазақ-

тардың  экономикалық  және  әлеуметтік  өрлеуі»  атты 

ғылыми жұмысым қатысты. 



-  ұлан-Батырдағы  қазақ  мәдени  орталығының 

жетекшісі  ретіндегі  жұмыстарыңыз  туралы  кеңірек 

айта кетсеңіз...

  -  Жалпы,  өзім  қоғамдық  жұмысқа  2005  жыл-

дан  бастап  араласа  бастадым.  Оның  сыртында 

Моңғолия  қазақтарының  Баянөлгей  аймағында  сумо 

балуандарының  қауымдастығын  құрдық.  «Моңғолия 

қазақтарының тұрмысы» атты қазақ, ағылшын тіліндегі 

85-беттік  журналымызды  шығардық.  Бұл  журнал 

арқылы Моңғолия қазақтарына ғана тән ерекшеліктерді 

көрсетуге тырыстық. Редакторлармен көп жұмыс істедік. 

Моңғолия  қазақтарының  арғы-бергі  тарихынан  бастап 

ұлы  тұлғалардың  өмірбаянын,  көші-қон  саласындағы 

зерттеулерді жинап жарияладық.

Бұл  еңбектеріміздің  басым  көпшілігін  өткен  жылғы 

Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына тарту-сый ретін-

де алып келдік.

-  Дүниежүзі  қазақтарының  Құрылтайы  асы 

маңызды  үлкен  жиын  екені  баршаға  мәлім.  Соған 

орай,  мұндай  алқалы  бас  қосуда  әркім  өз  көкейінде 

жүрген  мәселелерін  шешіп  қайтуға  тырысады.  Бұл 

Құрылтайда сіз қандай ұсыныс білдірдіңіз?

-  Құрылтайдың  Елбасы  қатысқан  салтанатты 

мәжілісінде сөз сөйледім. Бұл сөзімде Баянөлгей қазақ-

тарының  көксеген  жалғыз  мәселесі  -  Қазақстан  мен 

Моңғолия арасына тура жол ашу жөнінде айтып өттім. 

Себебі, Моңғолия қазақтары Қазақстанға келу үшін Ре-

сей жері арқылы 1700 шақырым жерді айналып өтеді. Ал 

оның сыртында ең қиын жағдай - виза аштыру мәселесі. 

Бағасы жыл өткен сайын қымбаттап бара жатыр. Ал 5-10 

баласы бар біздің қазақтардың қалтасы оны көтермейді. 

Екінші  бір  мәселе,  қазір  Қазақстанда  көптеген 

студенттеріміз  білімін  толықтырып  жатыр.  Бірақ,  сол 

мамандар  елге  қайтып  келгесін  жұмыс  таппай  жүреді. 

Қазақстандағы  «Болашақ»,  «Диполоммен  ауылға» 

бағдар ламаларына  моңғолиялық  қазақ  жастары  да  тар-

тылса деген тілегіміз бар. Бұл жас мамандарды Қазақстанға алып қалуға 

жақсы себеп болар еді. 

Үшіншіден, қазір мен тұрып жатқан жер – қазақ аймағынан алыс. Сол 

аймақтағы  жанұялардың  балалары  қазақ  мектебі  жоқ  болғасын,  амал-

сыз  моңғол  мектептеріне  барады.  Шындығын  айтқанда,  балалардың 

көбі қазақша сөйлей де алмайды. Сондықтан олардың Қазақстанға келіп 

оқуында біраз қиындықтар кездесіп отыр. Ендігі жерде осындай жастарға 

Қазақстан тарапынан оқу-білім жөнінен нақты қамқорлық қажет.



- Жалпы, Құрылтайдан алған әсеріңіз қандай?..

- Құрылтайдың барлық іс-шаралары арнайы бағдарлама бойынша жо-

спарлы түрде өтті. Келген қазақтар жоғарғы деңгейдегі дайындықты және 

өркендеген, өнген қазақ жерін көргенде қатты қуанды. Құрылтайға келген 

қонақтардың ішінен: «Өзіміз келмесек те балаларымызды жіберу керек 

екен. Мұндай жақсы жерде үрім-бұтағымыз өсіп өнгенге не жетсін?!», – 

деп армандап тұрғандарын да естіп қалдым. Бір сөзбен айтқанда, бәріміз 

де көтеріңкі көңілмен қайттық...



-  Жоғары  дәрежелі  дәрігер  маман  ретінде  Моңғолиядағы 

медицинаның қазіргі денгейі туралы көзқарасыңыз қандай?..

Моңғолияның да медицинасы әлемдік көштен қалмай дамып бара 

жатыр. 15-20 жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда, қазір бәрі компью-

терленген, жастарымыз ғаламтор арқылы жұмыс істеуді жақсы меңгерген. 

Одан бөлек барлығы ағылшын тіліне ауысты. Дамыған елдерге барып білім 

толықтырып жатыр. Жоғарғы ғылыми атақ алып оралып жатқандар да көп. 

Бізге Оңтүстік Корея, Жопония елдері көмек көрсетіп тұрады. 



-  Моңғолия  қазақтарының  денсаулығының  жалпы  көрсеткіші 

жөнінде не айтасыз?

- Дәл өзім зерттеу жасаған жоқпын. Бірақ статистикалық мәліметтерге 

сүйенер  болсақ,  әсіресе,  өзім  істеп  жатқан  онкология  саласы  бойын-

ша,  Қазақстандағы  көптеп  кездесетін  аурулар  бізде  де  кең  таралған. 

Сондықтан  көрсеткішіміз  де  сіздермен  дәл  бірдей  болмаса  да  қатты 

ұқсас.  Жұтқыншақ,  өңеш  аурулары  кейінгі  кезде  күрт  көбейіп  кетті. 

Меніңше, бұл аурулардың түрі шәйді қызылдап ыстық ішіп, сүрі етті көп 

жегеннен пайда болады. Бірақ, бұлар сонау ата-бабамыздан қалыптасып 

кеткен  салт-дәстүр  болғандықтан,  қазақтар  одан  қол  үзіп  кете  алмай 

жатқан жайы бар. Әсіресе, орта жасқа келген адамдарға қиын болып жа-

тыр. Ал жастарымыз өздерінің денсаулықтары үшін барлығына да дайын. 

Бір кездері қазақтардың орта жасы 65 болатын, ал бүгінгі күні ол 67-ге 

жақындап қалды. 

- Таңқалған кезіңіз есіңізде ме?

-  Ондай  кездер  өте  көп.  Әсіресе,  адамдардың  екіжүзділігіне 

таңқаламын. Мысалы, екі-үш кісі бір-бірімен кәдімгідей жақсы сөйлесіп 

отырып,  былай  шыға  салып  бір-бірін  жамандайтынын  түсінбеймін.  Ең 

қуантарлығы  –  мұндай  адамдардың  көп  болмағандығы.  Қасыңыздағы 

адамның  жақсы  жақтарын  көруге  ғана  тырыссаңыз,  сіздің  өміріңіздің 

жақсаратынына сенімдімін. Адам мәңгі өмір сүрмейді ғой. Осындай аз 

ғана ғұмырда неге сыйласып, таза өмір сүрмеске?!.



- Адам ретіндегі арманыңызды білуге бола ма?

-  Қазақта  «Береріңді  алсаң  да,  беделіңді  алма»  деген  әдемі  сөз  бар. 

Сондықтан да адам ретіндегі арманым адамгершілік қасиеттен айырылмай, 

келешек ұрпағыма «Осының атасы оңбаған адам еді» деген сөзді естіртпеу. 

«Өз пәлең бала-шағаңа тимесін» деген тілекті өте жақсы көремін. Артыма 

жақсы ат қалдырғым келеді. Әрине, бұл сөздің астарында елдің бәріне 

жақсы атану деген мағына жатқан жоқ. Жұрттың бәріне ұнап біту мүмкін 

де  емес.  Артымызға  бірдеңе  қалсын  деп  жазу-сызумен  айналысып 

жатқанымыздың бірден бір себебі - осы. «Жақсының аты, ғалымның хаты 

өлмейді» дейді. Осы екі сипаттамаға да сай өмір сүріп кетсек болғаны...



- Сырлы сұхбатыңызға рахмет! Еңбекте жемісті болыңыз...

айдана алаМан


1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал