Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!



жүктеу 0.72 Mb.

бет7/8
Дата09.01.2017
өлшемі0.72 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

АРМАНШыЛ ЖАН АЗАБы

Аршылмай жүр сезімнің қайнар бұлағы,

Жайқалмай жүр жанымның жасыл құрағы,

Мазасыз күндер еңсемді тіптен көтертпей,

Еркімді билеп, ойымды басып тұрады.

Қысылып демім, жүрегім жиі қағады,

Зымыран уақыт зымырап алға ағады,

Омалған ойлар орынын таппай налыған,

Жанымды менің мазалап күнде барады.

Айтылмай жатып сезімнің жарқын наз әні,

Күйкі бір күндер ойымнан бұрын озады,

Қиялға шөгіп, қиянға самғар болса да,

Не деген қиын арманшыл жанның азабы?!.               

  

ҒАйыП БОЛҒАН ҚОС АҚҚу

Қалықтап ұшты қос аққу,

Жарылды бұлт ағынан,

Шыр етті, аққу жер құшты,

Адамның атқан оғынан.

Сыңары қонды көлге кеп,

Пана бір болмай  бұл жаһан.

Көз жасын төкті селдетіп,

Қиды деп сені қай адам.

Оқ тиген аққу қыбырсыз,

Жол тартты бақи өмірге,

Толқыды көл тынымсыз,

Жұбату бермей көңілге.

Пәниде қалған сыңары,

Самғады көкте зымырап,

Бетке алып биік шың-құзды,

Ұрылды құзға ол бірақ.

Табиғат берген сұлулық,

Құзда тұр басы салбырап.

Қос аққу солай ғайып боп,

Шыбыны кетті шырқырап...

МЕН ҚАЗАҚПыН

Мен қазақпын,

Қараша үйде туып,

Ғарышқа үнім жеткен.

Мен қазақпын,

Абайдай ұлы ойшыл туып,

Ақ жауын жырын сіркіреткен.

Мен қазақпын,

Шыңдарға өрлеп, даланы тербеп,

Тұнық ауа, самалды өпкен.

Мен қазақпын,

Орманды бойлап, ұзақты ойлап,

Тұп-тұнық бастаудың суын ішкен,

Мен қазақпын,

Кең сахарада саят құрып,

Қоңыр аңдармен тел өскен.

Мен қазақпын,

Құз шыңдарға шығып,

Ақ мамық бұлттармен тілдескен.

Мен қазақпын,

Қонақ күтіп, қойын сойып,

Сар қымызын сапырып ішкен.

Мен қазақпын,

Дарқан көңіл, кең дастарқан,

Бір бидайды бөліп жескен.

Мен қазақпын,

Аңқау да аңғал,

Пейіліне кең даланы өлшем еткен,

Мен қазақпын,

Біржандай сал серісі,

Әнін шырқап, домбырасын күмбірлеткен,

Мен қазақпын,

Абылайдай батыры атой салып,

Кең сахараны дүбірлеткен.

Мен қазақпын,

Жерін, елін қорғау үшін,

Толарсақтан қан кешкен.

Мен қазақпын,

Сан қиындықты жеңіп,

Озық елмен теңескен.



ТуҒАН ЖЕРІМ - АЛТАйыМ   

                  

Алтайым, алып тұлға, құт мекенім,

Баурыңда жыр жазамын, сыр шертемін.

Жырласам мың мәртебе қасиетіңді,

Білмеймін қалай ғана тіл жетерін.

Асқар тау, алып шыңнан нұр атылған,

Толқиды асау өзен бұратылған.

Қасқайып қарлы шыңдар, күнді сүйіп,

Куәсіндай тарихтың дара тұлғаң.

Сырласып тауларыңмен, орманыңмен,

Суыңды іштім, тыныстап таза ауаңмен.

Туған жер деп жүрегім елжірейді,

Өйткені сен баптаған ұларың ем.

Еркін самғап құзыңнан ұшсам деймін,

Биігіңе асқар тау шықсам деймін.

Өзің жайлы ойланып, мың толғанып,

Ғұмырлық өлмейтін жыр жазсам деймін.

Алтайым, туған жерім, елім менің,

Төгілсе екен сен үшін терім менің.

Қулықпенен құлқынын бақпаған соң,

Кетпес деймін еңбегім тегін менің.

Жүрегім бар суыңдай мөлдіреген,

Өнер үшін ойымды еншілегем.

Зәредей жүрегімде қиянат жоқ,

Көркемдікті көңілден берсем екен.

Туған жер деп, елім деп елжіреген,

Адамдардың жүрегін сүйіп өтем.

Алтын ұйып, ырысың шалқи берсін,

Мені туған ардақты Атамекен.

           

ЖҮРЕгІМЕ    

      


Көп салмақ түсірдім-ау жүрегіме,

Дауасыз – дәрі емі де, жыр емі де.

Мен саған борыштымын, жазықтымын,

Бір тыныштық бермедім бұл өмірде.

Жарасы жазылмай-ақ тілім-тілім,

Азайып бара жатыр ойын-күлкім.

Шерте алмай жүректің сыр пернесін,

Мазалап қайдағы оймен алдым шырқын...

Жүрегім алып ұшып күнде неге,

Білмеймін асығады бірдемеге.

Өмірде шөлім қанбай тұрады ылғи,

Қанағат табалмай-ақ ештеңеге.

   

БІР АРМАН БАР  

       


Жанымды кешкі самал өпкенінде,

Білмеймін, рахаттанып кеткенмін бе?!

Көңілімді тербетіп ғажайып сыр,

Қиялмен самғап шыңға жеткенімде!

Жүрмін бе әлде көкте, әлде жерде,

Не деген қанағат жоқ бұл көңілде?

Сірә да жүрек шөлім қана алмайды,

Өмірге арман үшін келгенмін бе?!

Жүрегім жана-жана өртенер ме?!

Қиын ғой түсіндіру пенделерге.

Мәңгілік бір арман бар жете алмаған,

Аңсаймыз сол арманды сен де, мен де!

               

БұЛТТАМАШы, 

кӨк АСПАН

Бұлттамашы, көк аспан, жарқырашы,

Жабырқадым сен қабақ ашпағалы,

Күнмен бірге күлетін көңіл көгім,

Беймаза боп қарадай жасқанады.

Түрілтіп бұлт пернесін жарқыратшы,

Мейірлі күн күлімдеп, атсын таңым,

Жүрегім лүпіл қағып тынбай соғып,

Қанымда тасқындасын жойқын ағын.

Тамылжып саңылаудан сығалашы,

Сағымдар сайран салып, сәуле шашып,

Сандалып сәби көңіл сарсаң болсын,

Сағымды ұстаймын деп қуаласып.

Алтын бесік - сӨз мАРЖАнЫ

Қазақтың - ҚАЛАмГеРЛеРІ

заида медеуханқызы Қытай еліндегі Үрімжі қала-

сында дүниеге келген. Шынжаң педагогикалық 

универ ситетінің химия факультетін бітірген.

Алтай қаласында мұғалімдік қызмет істеген. 1994 

жылдан бастап түрлі әдеби жанрлармен  шұғылданып 

әңгіме, повесть, очерк, ән мәтіні, сазгерлік, өлең, түрлі 

мақалалар жазып, Қытай елінде барлық басылым-

дарда жарияланған. 

Ол Қытай елінде Шынжаң Жазушылар, Іле облыс-

тық Жазушылар қоғамының және Алтай аймақтық 

Жазушылар ұйымының мүшесі. 

№1-2 |56-57| 2012 

№1-2 |56-57| 2012 



44 

Қ

азақтың табиғатынан 



алыстау спорт 

ойындардың бірі – 

хоккей. Бұл спортпен  

көшпенді жұрттың жан дүниесі 

қабыса да бермейді. Хоккей 

болғанда оның ішінде қақпашылық 

мүлдем ойға келмейтін нәрсе. Ал 

Германияның мықты клубтарының 

бірі – «Вольфсбург Гриззли Адамс» 

командасының қақпасын қазақ 

жігіті Данияр Жүнісов  қорғап жүр.

Данияр Жүнісов 1986 жылы 

12 наурыз күні Берлин қаласында 

дүниеге келген. Қақпашы. Хоккей 

таяғын сол қолымен ұстайды. 

Бойы 189 см, салмағы  91 

килә. Германияның «Wolfsburg 

Grizzly Adams», «Eisbären 

Berlin», «ESC Moskitos Essen», 

«Hamburg Freezers», «EV Eisbären 

Regensburg», «ETC Crimmitschau» 

командаларында ойын көрсеткен.

Бұл жігіт туралы алғаш 

рет бір жылдың алдында  жер-

лес журналист Александр 

Стрельников:«Шайбалы хоккейде 



ұлты қазақ қақпашыны көру сирек 

кездесетін құбылыс. Көп жылдар 

бойы бұл спорттың жанкүйері 

болсам да қақпашы болған қазақ 

жігіттін көрмеппін. Германияның 

жоғарғы дивизионнында қақпашы 

болып тұрған этникалық қазақты 

көргенде қатты таңғалдым. Бер-

линде туса да Данияр деп аталып 

жүрген қақпашының есімі алғаш 

естігін кезімде құлағыма жылы 

естілді» деп жазады.

Данияр қазір «Wolfsburg Grizzly 

Adams»  командасының негізгі 

қақпашысы. 2010 жылы Германия 

лигасының күміс медалін жеңіп 

алған. 2011 жылы Давостағы Шпен-

глер кубогында Канада құрамасын 

ұтқан ойынның бас қаһарманы 

болды. Болашақта Қазақстанның 

Ұлттық хоккей құрамасының 

қақпашысы ретінде көріп қалуымыз 

ғажап емес.



Осы орайда, журналшы Алек-

сандр Стрельниковтың қиырдағы 

қазақ ұланы хоккейші Данияр 

Жүнісовпен жүргізген шағын 

сұхбатын тәржімалап ұсынып 

отырмыз.

 

- Данияр,  сіздің аты-жөніңізді 

естіген кезде, сізді қазақ па деген 

ой келеді. Сіз шынымен қазақ 

емессіз бе?

- Иә, менің ұлтым – қазақ. 

Әкемнің аты-жөні – Айғали бола-

ды. Әкем бұрынғы Гурьев, қазіргі 

Атырау  облысының  «Панфилов» 

колхозында дүниеге келген екен.

Сіздің әкеңіз қалай 

германия ға қоныстанып жүр?

- Әкем 19 жасында Алматыда 

шет тілдерін үйрететін жоғары  

оқу орнында оқып жүріпті.  Сол 

кезде сабағы үздік болғаны 

себепті Берлиндегі Гумбольдт 

университетіне тіл білімін жетілдіру 

үшін мемлекет өзі жіберген 

көрінеді. Берлинде жүріп менің 

шешемді кездестіріп үйленіпті. 

Үйленгендеріне міне аттай 35 

жыл. Осы аралықта мен және Жан-

на, Райжан атты екі қарындасым 

дүниеге келіппіз.



-  Әке-шешеңіз қандай 

қызметтер атқарады?

- Әкем неміс тіліннен қазақ, 

орыс тілдеріне  аударма жасау-

мен  айналысады. Шешем заңгер 

болып істейді.

- кСРО кезінде басқа мемле-

кетке қоныс аудару қиын болды 

ғой. Әкеңіз Айғали кеңестің 

мемлекеттік қауіпсіздік органда-

ры тарапынан қысым көрген жоқ 

па екен?

- Берлинде білім алып, уни-

верситет бітіргеннен кейін әкем 

әйелін алып,  Алматыға оралмақшы 

болыпты. Бірақ сол кездегі заң 

бойынша шетелдік әйелді әкелу 

үшін, әкелуші адамның жеке ба-

спана жайы және толық әлеуметтік 

мүмкіндігі шешілген болу керек 

екен. Алматыда сол кездері үйлі 

болу өте қиын дейді. Сондықтан 

әкем Германияда тұрып қалған.



- Ал сіз Атамекеніңізде болды-

ныз ба?

- Әрине, болдым. Жанұямызбен 

талай рет Қазақстанда қонақ 

болдық. Сонда тұратын туыстары-

мыз да бізге қонаққа келіп тұрады. 

Кәдімгідей араласамыз.



- Сіз қазақ тілін білесіз бе?

- Өкінішке орай қазақ, орыс 

тілдерін білмеймін? Тек неміс және 

басқа тілдерде сөйлей аламын.



- Қалай хоккейші болдыңыз?

- Алғашқы рет хоккей таяғын 

алты жасымда ұстадым. Содан бері 

үзбей айналысып келемін. Қазір 

бұл спорт менің өмірімнің бір 

өзегіне айналып кетті.



- Әу баста, қақпашы болдыңыз 

ба?

- Бала кезімнен  чех қақпашысы   

– Доминик Гашекті үлгі тұттым. 

Оның ойын мәнеріне қатты 

қызықтым. Менің қақпашы болуы-

ма чех ойыншысының әсері болмай 

қалған жоқ. Одан кейін хоккей ой-

ынын жақсы сезінетін анашым да 

менің қақпашы болуымды қалады. 

Сөйтіп, менің қақпа күзеткеніме де 

біраз жылдың жүзі болып қалды.

- Ары қарай сіздің хоккейдегі 

өміріңіз қалай болмақ,  нақты 

жоспарыңыз бар ма?

- Нақты жоспар баяғыда 

құрылған. Өйткені, бала кезімнен 

бастап көргенім хоккей. Алғаш 

Берлин қаласының  командала-

рында ойын көрсеттім. 18 жа-

сымда «Eisbären Berlin» (Мұз 

аюлары) деген кәсіби клубтың 

құрамына алындым. Алғашқы 

жетістіктерге де осы құрамда жүріп 

қол жеткіздім. Содан кейін бір 

маусым «Hamburg Freezers» ко-

мандасында ойын көрсеттім. Қазір 

үш жыл болды  «Wolfsburg Grizzly 

Adams»  командасының  негізі 

құрамында ойын көрсетіп жүрмін. 

Алдағы күндері тағы екі жылға 

ойын көрсетуге  келісімшартқа  

отырмақшымын

- Қазақстанда өнер көрсету 

ойыңызда жоқ па?

- Менің мақсатым 2013-2014 

жылдардың маусымдарында 

Континенталдық Хоккей Лигасын-

да Қазақстан құрамасы атынын  

қақпашы болып ойын көрсету.



- Сіздің ата бабалары-

ныз тұрған қазіргі Атырау 

облысының   «Бейбарыс» атты 

мықты командасы  туралы 

естідіңіз бе?

- Германияда хоккейден бо-

латын жарыстар туралы толық 

мәлімет алуға болады. Бірақ сіз 

айтқан команда жайлы естімедім. 

Бірақ  Астананың «Барыс» 

командасының ойындары туралы 

естіп-біліп оты- рамын.  Жалпы 

Қазақстанда хок-

кей мұншалықты 

дамыған деп ой-

ламаппын. Әкем Қазақстанда:  бокс, 

дзюдо, күрес түрлері қатты дамыған 

деуші еді. Хоккейдің дамығанын 

білгенде қатты таңқалдым.

- Сіз Қазақстанда дүниеге 

келіп германия қақпаларын 

қорғап жүрген  Дмитрий кочнев, 

Дмитрий Патцольдом, Владимир 

кваппомтарды танисыз ба?

- Әрине,  Кочнев және  Пат-

цольдамды танимын, талай қарсы 

ойнағанбыз.  Бірақ жекелей таныс 

емеспін. Дмитрий Кочневті үлгі 

тұтамын. Ол 27 жасында жоғарғы 

КХЛ лигасында ойын көрсете 

бастады. Қазір  КХЛ лигасында 

белді ойыншылар қатарында.  Мен 

де КХЛ лигасында белді ойыншы 

болғанды қалаймын

- Сіз германияның ұлттық 

құрамы сапында ойын көрсет-

тіңіз бе?

- Германияның ұлттық құрамасы 

сапында  U-18 және  U-20 сияқты 

жарыстарға қатыстым. Бірақ құрама 

сапында Әлем чемпионаттарында 

ойын көрсеткен жоқпын. Ойын 

көрсетпегенім, тіпті, жақсы шығар 

деп ойлаймын. Өйткені, Қазақстан 

құрамасына кіретін мүмкіндік 

туып жатса, IIHF мені шарт мерзімі 

бітпей жібермей ұстап қалады ғой.

Бекен Қайратұлы

№1-2 |56-57| 2012 

№1-2 |56-57| 2012 


46 

47 


Алтын бесік - АтАмекен

Жас ұрпақ - ЖАРҚЫн  БОЛАШАҚ



М

енің

 

жырыМ

Сыр елі – Жыр елі

Қызылорданың,

Қазыналы Қазалының төсінде,

Бүгін, міне, ұлы Абайдың еске алу кешінде,

Сынды сәтте ойланамын несіне?!.

Аллаға...

Сонан соң Абайға сиынып

 Жыр жазайын тағы да

Алашымның қалатын бір есінде!..



С

өйле

!

Абайдай астарлап алып сөйле,

Шәкәрімдей шындыкпен шалып сөйле!

Ахметтей мерей толып асып сөйле,

Фаризадай жылу шуак шашып сөйле!

Мұхтардай тағылыммен тасып сөйле,

Бекболаттай жүрек гүлін егіп сойле! 

Мұқағалидай махаббат жырын төгіп сөйле,

Оразалыдай ақиқатпен осып сөйле!

Жамбылдай шаңдатып жосып сөйле!

Шахановтай қаймықпай сеніп сөйле,

Мырзалиевтей жүрекке еніп сөйле!

Махамбеттей жүректі қозғап сөйле

Ринаттай көсіле шалқытып сөйле!

Ақмаралдай назданып, жүректі балқытып сөйле!

Шортанбайдай заманның зарын айтып,

Жойқынтып сөйле!

Міржақовтай ақиқатты айтып нандырып сөйле,

Ілиястай сөздің бағын жандырып сөйле!

Соқпақбаевтай жүрек құмарын қандырып сөйле,

Айнұрдай нұрланып күліп сөйле!

Ең бастысы – шындыққа жетіп, 

   

орнымен сөзіңді біліп сөйле!



Т

уған

 

ТіліМ

Шіркін туған тіл,

Сөйлегеннің  құмары қанатын тіл!

Алла қолдаса,

Тағы әлі алда жанатын тіл!

Дария құнарлы тіл,

Биік шың шынары тіл!

Ұлылардан қалған тіл,

Роза, Мақпал ән салған тіл!

Ұлы Абай өлең жазған тіл,

Ғасырдан төрге озған тіл!

Ата  бабадан аман келген тіл!

Соғыста сарбазды токтатып,

Бауыржан бұйрық берген тіл!

  

Бір сөзімен отыз қауым ел тоқтаған тіл,



Аналар ұлыларды жоқтаған тіл!

Елбасы ең алғаш:

«Қазақстан Республикасы», –  деген тіл!

Тарихтан жеткен кемел тіл,

«Менің ата – қоныс жерім» деген тіл!

Қайрат, Ләззат желтоқсанда,

«Менің елім – Қазақстан!», – деген тіл

Міржақып Дулатов: «Оян, қазақ!», –  деген тіл

Мұхтар: «Қазақ – ғажап!», –  деген тіл!

Қазақты асылым деп,

Жүректі елжіреткен тіл!

Ұлылар сөйлеген ғажап тіл!

Тәуелсіздік алып

Қайта жанып, өскен тіл!



Б

екзаТыМ

(Бекзат Саттархановтың рухына)

Бағына  берген тәңірім,

Қасиетті Тұранның,

Қазақ деген

Ұрпағы текті қыранның,

Жастайыңнан еліңді,

Аспандатуға сұрандың.

Қош! Ажалға дауа жоқ,

Желеп-жебеп жата бер,

Сауабы тиіп құранның. 

Оралмастың санатында кеттің-ау,

Қатігез ажал қанатында кеттің-ау,

Қайран Қазақ ұлы – арда Бекзатым, 

Артыңда қалды-ау еңіреп, 

Ел-жүртың, туған жекжатың

Аманың да алашқа, 

Жеңіс еді орып еккенің.

Тумаңнан дара текті едің,

Тірлікте тура ептедің. 

Артыңа тастап алашты,

Қалдырып кімге кеткенің.

Кеткенің, аға, неткенің?!. 

Азғана ғұмыр сүрсең де,

Көгеріп, жайнап көктедің!..

Жарқ еттің де, жоқ болдың,

Алашың қалды артыңда,

Қайғының киіп шекпенін!

Б

ірге

 

оқиТын

 

қыздарға

Қыз Жібектей қылықтары жарасымды,

Жинағандай бойына бар асылды.

Мөлдіреген қарақат көздерінен,

Табасың жылулық пен жанашырды.

Қос жотаға бұрымдары бөлінеді,

Бұрымдарынан күн нұры төгіледі.

Баяндай биязылық мінездерінен,

Қазақтың қызына тән инабат көрінеді.

Сыңғырлаған бұлбұлдай дауыстарынан,

Аққудың наз әуені сезіледі.

а

нашыМ

Жан анам  – жасыл бағым,

Сен бар болсаң, гүл болып ашыламын!

Сен бар болсаң, нұр болып шашыламын!

Сен бар болсаң, самал боп басыламын! 

Сен болмасаң қасымда, жан анашым,

Бұлт үйіріліп, төнеді басыма мұң.

Аналар, сіздерсіздер – асыл әнім.

Аналар,  өзіңсіздер – бар киелім! 

Бойыңа жинағансың бар киені. 

Қай жақтағы қияда жүрсем дағы. 

Қастерлеймін, алдыңда бас иемін!



Ә

нші

(Роза Бағлановаға арнау)

Ұлы дала,

Дана алаш,

Тағы да айрылды әнші – дарасынан.

Алыстап қол бұлғайды

Ажал дейтін ақ бұлттың арасынан.

Бұл дүниеден алыстаса да

Кетпейді қазақтың мәңгілікке 

Жүрегінен,

Санасынан!

Әнін айтады әлі де

Жырлайды.

Талай қазақ есімін ән қылып, 

Тарихымда ертең де,

 Бүгіндерде де,

Турады аты әйгіленіп

Даласында қазағымның жаңғырып.

Дәл осындай ұлы қызын,

Ерке қызын

Дана қазақ қастерлейді,

Есте ұстайды мәңгілік!

а

рулар

О, сұлулар, жайнаңдар, жасқанбаңдар! 

Тәңір берген тартумен асқақтаңдар.

Арайлап аппақ таң нұры ажарлы

Келбетіңе қайран қалсын атқан таңдар

О сұлулар, асқақсың жер бетінен,

Шабыт алам ару жүз келбетіңнен.

Аңтарыла қарайды ажарыңа,

Ажарыңа самал жел тербетілген.

О сұлулар!

Айдындағы аққудай сыланыңдар,

Қайғырмаңдар, арулар, қуаныңдар!

Көңілің мен ажарыңа дақ түспесін

Жыр арнадым қиядан қиялымнан



қ

оңыр

 

Мұң

Қоңыр кеште мен жалғыз,

Жүрегімде қоңыр мұң.

Ойымнан алыс ұзаппын,

Ауылына қоңырдың.

Осыны өзім білмеймін,

Немен тынарын соңымның.

Қоңыр кейіп, қоңыр сәтті,

Қоңыр күймен жаулаған.

Махаббаттың маздап жанған кеудемде,

Қоңыр аты әлдеқашан лаулаған.

Қоңыр мұңнан арылар сәт,

Сірә бар ма қоңырсыз?!

Қоңыр мұңмен 

Таңды атырдым көңілсіз.

Қоңыр күзде қалған кезде жабырқап, 

Жалынамын, қала көрме сен үнсіз.

Қоңыр таңнан қоңыр кешке ұласқан, 

Келе жатыр 

Қоңыр жүзік саусағымда сынбастан. 

Қоңыр мұң мен қоңыр әуен кеудемде,

Сайрап келеді тынбастан.

Мен де, сірә, түсініксіз адаммын,

Қай-қайдағы қоңыр мұңмен сырласқан.

Қоңыр салқын қоңыр кейіп заманда,

Не көрінді мұңға беріп кеудемді.

Бәрі түгел, бәрі де бар аманда

Қой, Бексұлу, доғар енді

Қоңыр мұңды тәмамда!

Қоңыр сөзде қоңыр күйдің әні бар, 

Қоңыр сезім қосылатын тағы бар!

Күнді күткен құр кеудем бар, 

Қоңыр мұңнан айығып бір арылар!

а

қын

(Мұқағали Мақатаевқа арнаy)

О, ұлы ақын, азамат!

Көл түбінде шыңырауда,

Тұнып жатқан,

Ашылмаған мың сырға.

Қайталанбас кемелдерде,

Қол жетпес биік шыңдарда,

Махаббат пен мұңдарда,

Елсіз елес сағымдарда,

Ұлы жолдарда, ән-ағындарда,

Мың, миллион ғасырларда,

Қайталанбас гәуһар, сап алтын

Жырлаған туған халқын! 

Қазақты сүйген –

Қасиетті ғажапты сүйген!

Қаракөз аяулы аруды сүйген,

Дария көңіл ананы сүйген,

Асқар тау әкені сүйген!

Көгерер қазақ берген батаны сүйген,

Ыстық туған жерді сүйген!

Қасиетті елді сүйген,

Қазақ деген киелі халқын сүйген!

Дәстүр, ырым, ата салтын сүйген,

Қазақтың ұлы даласын сүйген!

Қарапайым қара баласын сүйген!

Әсем, ғажап табиғатты сүйген!..



Бексұлу 

СҮЛЕЙМЕНОВА, 

Қазақтың мемлекеттік 

Қыздар Педагогикалық 

университетінің студенті

№1-2 |56-57| 2012 

№1-2 |56-57| 2012 



№1-2 |56-57| 2012 

№1-2 |56-57| 2012 

48 

49 


Алтын бесік - АҚ БОтА

Балаларға - БАзАРЛЫҚ



№1-2 |56-57| 2012 

№1-2 |56-57| 2012 

50 

51 


-  Негізгі  қызметіңіз  бойынша  дәрігер  екеніңізді 

білеміз...  Дәрігерлікпен  қатар  саясатты  алып  жүру 

қиын емес пе?

-  Негізгі  қызметім  дәрігерлік  болса  да,  халықтың 

қамы  үшін  саясатты  да  қатар  алып  жүрген  жай-

ым  бар.  Барлығы  да  –  халыққа  қызмет  көрсетудің 

қамы.  Дәрігерлік  арқылы  халықты  емдесем,  саяси 

басшы  болу  арқылы  оларға  рухани  көмек  көрсете 

аламын.  Мұның  бәрі  –  қоғамдық  жұмысқа  деген 

қызығушылығымның  нәтижесі.  Осы  орайда,  тағы  да 

тарих,  философия  салаларының  да  маманымын  деп 

айта аламын. 



- Ал бүйрегіңіз қай салаға қарай көбірек бұрады?

-  Дәрігер  болып  істеп  жүргеніме  30  жыл  болды. 

Мақтанғаным  емес,  бұл  салада  көздеген  биіктерімнің 

бәріне  жеттім  деп  ойлаймын.  Бірнеше  ғылыми 

жұмыстарды қорғап біттім. Ендігі кезекте саясат жағына 

қарай ойыссам деп ойлап жүрген болатынмын. Міне, сол 

ойымды жүзеге асыру үшін Ұлан-Батырдағы қазақтарға 

басшы болып келіп қалдық. 



-  Ондаған  жыл  дәрігер  болған  адамның  шәкірт-

тері де көп шығар?..

-  1990  жылдан  бастап  Моңғолиядағы  жалғыз 

медициналық  университетте  мұғалім  болып  істеймін. 

Жүздеген  студентке  тәлім  бердім.  Одан  бөлек  тағы 

бірнеше дәрігерлерге практикалық сабақтарды өзіміздің 

онкологиялық  орталықта  өткізіп  жүрмін.  Бүгінгі  күні 

радиологиялық орталықты басқарып отырған бір моңғол 

шәкіртімнің, ал қазақтардан Жанар атты ізбасарымның 

еңбектерімен мақтана аламын. 



1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал