Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!



жүктеу 0.72 Mb.

бет6/8
Дата09.01.2017
өлшемі0.72 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

тарихи отаны – қазақстанға 

көшіп келе бас тады. 

көне  түркілер  мекені  –                

  

мОңғОлия

моңғол тарихшысы А. Амар біздің жыл санауы-

мыздың  540  жылдарынан  бері   көне түркілердің  

ата-бабалары моңғол жерін мекендеп келгені жөнінде 

және қазіргі  кездегі  Батыс моңғолия деп аталатын 

Алтай-саян өлкесі жайлы, сонымен қатар Баян-Өлгей  

аймағы жеріндегі саликем жоталары мен Қобданың 

сулы  өлкелері көне түркілердің иелігінде болғаны тура-

лы «монголын товч түүх» еңбегінде көрсеткен.

сонымен қатар түркілердің керей, найман, меркіт, 

татар сияқты тайпалары қазіргі моңғол жерінде 

мекендегені жайлы «моңғолдың құпия шежіресінде» 

анық жазылған. Бұнда керейлердің туул өзені, Богда та-

уында, наймандардың Алтай тауы өңірінде, меркіттердің 

селенгі өзені сағасында, татарлардың Бұйра көлі 

маңында мекендегені жайлы баяндалады.

Қытай ғалымы су Бихай «Қазақ мәдениетінің та-

рихы» атты еңбегінде: «ерте заманнан бері қазақтар 

қоныстанған жерлердің стратегиялық орны төтенше 

маңызды болып келген. Олардың тарихи қонысы 

Қытайдан Қырымға, Алтайдан Атырауға дейінгі 3 мил-

лион шаршы шақырымнан астам ұлан-байтақ өлкені 

алып жатыр. Қазақтардың ежелгі тарихы ғұн, үйсін, 

қаңлы, сиянби дәуірі мен кейінгі журжандар, телилер, 

түріктер, қыпшақтар дәуіріне ұласады. содан бері олар 

осы далада ту тіккен, тіршілік еткен. Қазақтар мұнда 

тіршілік үшін заттық байлық жаратумен бірге дала 

өлкесіне тән көшпелілер мәдениетін жаратты. соның 

бір айғағы – еренқабырға, Алтай, тарбағатай, Барлық 

тауларының жартас беттеріне бедерленген адам 

бейнелері. Бұл осы – күнгі адам бойындағы сұлулықты 

сипаттайтын сурет пен мүсін өнерінің  алғашқы үлгілері. 

Онда қазақ халқына тән тарихи эстетикалық талғам мен 

орасан зор талант жатыр», – деп жазған.

көне түркілердің ежелден өркениетті ел болғаны 

әлем тарихынан  белгілі. Олардың өздерінің рухани 

мұраларын, елін, жерін, сыртқы жаулардан қорғаған ба-

тырлары мен ірі тұлғаларының іс-әрекеттерін әр кезеңде 

тасқа қашап жазып қалдырып отырды. Оларға әлемге 

әйгілі ежелгі ескерткіштер – тоныкөк  абызға, Білге 

қағанға, күлтегін  Бахадүрге арналып жазылған тарихи 

тас жазу жәдігерлер куә.  Қазақ халқының ежелгі ата-

бабасы көне түркілерден ұрпаққа мұра болып қалған 

тарихи ескерткіштер жетерлік. Атап айтар болсақ тек 

ғана моңғолиядағы қазақтар қоныстанған өлке – 

Баян-Өлгей жерінде көне түркі , моңғол  тайпаларының  

қалдырған ескерткіштері кездеседі. Олар 200-ге жуық 

мықтың үйі, 100-ден астам тас мүсіндер,  10-дай түркі, 

моңғол, тибет жазбалары, 500-дей сын тастар, 300 

мыңдай тас сурет бейнелер, 50-ден астам ескі тұрақ 

қала тағандары, ежелгі адамдар мекен еткен 20-дай 

үңгір , тұрақтар табылған. 

Бірақ та өкінішке орай Баян-Өлгей аймағындағы 

аталмыш көне даналық ескерткіштер, тарихнама-

лар, тас жазу жәдігерлер қаржының тапшылығынан 

түбегейлі ғылыми тұрғыдан зерттелмеген. Дегенмен 

2000   жылдан бастап моңғолия жерін яғни Алтай 

өлкесін төрт Алтайда орналасқан Ресей, Қытай, 

Қазақстан, моңғолия мемлекеттерінің ғалымдары зерт-

тей бастады. 

Ғұндар заманында  және олардың  ата-бабалары-

на тән жартастағы суреттер моңғол еліндегі  Қанхай 

тауының Батшіңгіл деген жерінде  Шұлут өзенінің бойы

Гоби Алтай өлкесінің тоғынақ ауданындағы наран – 

толағай сияқты жерлерде жартас суреттерінің бай 

қазынасы сақталған. 

сондай-ақ, моңғолияның басқа да жерлерінен 

 

табылған әлемге әйгілі ескерткіштердің  өзі бір төбе. Осы 



орайда, Алтай өңіріндегі  кіші Ойғыр жеріндегі  ұзындығы 

20 шақырым, көлделеңі 10 шақырым аудандағы 75-

100 мың тас бейненің әлемдік дәрежесі «тас галерея» 

екендігін айтып кеткен жөн. 

Әлем халқы моңғолияны «көк тәңірінің елі» деп ата-

уында үлкен сыр бар. Ол біріншіден, Азия  төрінде алғаш 

көк бөрілі, көк туының астында мемлекет құрған Ғұн елі, 

кейін бір өзі әлемнің көк бөрісі аталған  әмір Шыңғыстың  

іргелі мемлекеті осынау мекенде өмірге келгенінде бол-

са, екіншіден, моңғолияның төл табиғатына байланысты. 

Өйткені, мұңғыл жерінде жылдың күн тәулігінің төрттен 

үш бөлігінде көк аспанын бұлт шалмайды. сондықтан 

болар мұңғылдар ертеден-ақ көк тәңіріне сыйынып кел-

ген халық. Олар «тенгри» деп аспанды айтады, өйткені, 

мұңғыл түсінігінше әлемде аспаннан еңселі көрініс жоқ. 

Бүгінде аталмыш төрт мемлекеттегі төрт Алтайда да  

қазақ  халқы өмір сүруде. Алайда біртұтас Алтай жерінің  

50 пайызы Ресей еліне, 30   пайызы моңғолияға, 10 

пайызы Қытай еліне, қалған 10  пайызы  Қазақстанға 

тиесілі.


мінеки, жоғарыдағы тарихи деректер ең алғаш 

 

моңғолия  жерін қазақ халқының ата-бабасы – көне 



түркілер мекендегенін дәлелдей алады.         

 Айжамал АСЫРАУОВА

№1-2 |56-57| 2012 

№1-2 |56-57| 2012 

38 

39

 



Б

үгінгі  таңда  атамекеннен  сырт  жерлер-

де  тұратын  ағайындардың  арасында 

жақсы  істерімен  көзге  түсіп,  көпшілік 

құрметіне  бөленіп  жүрген  жаны  жомарт 

асыл  азаматтар  баршылық.    Солардың  бірі  -  Қытай 

Халық  Республикасының  Тарбағатай  аймағының 

Толы  ауданында  тұратын  Меллат  Тазабекұлы.  Мел-

лат  1973  жылдың  қаңтар  айында    дүниеге  келген.  Ол 

- Қарағайбастаудың қара суын қатық етіп ішіп, Жайыр 

тауының тасын асық етіп ойнап, кішкенесінен білімге 

құмар,  өнерге  құштар  болып  өскен  өрен.  Соған  орай 

аңғарлы әке мен ақылды ананың тәрбиелеуімен оқуда 

оза  шауып,  орта  мектепті  үздік  нәтижемен  бітіреді. 

Бірақ «жоққа жүйрік жетпеген» кедейлік қолын байлап, 

жоғары оқу орынына түсуге мүмкіндігі болмайды. Де-

генмен жігерлі жас бұған мұқалмайды; өмірден өз оры-

нын табуға ұмтылады. Сөйтіп  ауылда бос жүре беруді 

ұят санап, өзінше тірлік етуге бекінеді. Әкесінің берген 

азғантай  ақшасына саудаға жарайтындай ұсақ-түйек зат 

алып, қырдағы малшылар арасына барады. Тау сағалап, 

өзен  жағалап  алыста  жүрген    ағайындар  қаладан  кел-

ген  жігіттің  әкелгендерін  қанын  жерге  тигізбей  тара-

тып  алады.  Бұған  қарағанда  Меллат  орталықтан  алы-

ста  тұратын  ағайындарға  ненің  қажет  екенін  бірден 

аңғарған  болса    керек.  Саудамен  айналысатын  адамға  

бұл  ең  басты  қажетті  ерекшілік  қой.  Өз  ісін  жаңадан 

бастаған  жігіттің  бойынан  осындай  бейімділік  бірден 

байқалады.    Сөйтіп  жолы  оңғарыла  бастаған  Меллат 

өз ісін одан әрі жалғастыра түседі. Әрине, жас жігіттің 

барлық  ісі  бірден  оңғарылып  кете  берді  деп  те  айта 

алмаймыз.  Алғашқы  уақытта  қиындықтар  да  аз  кез-

дескен  жоқ.  Сауда  деген  жұмыстың  адамды  әрқашан 

да  қалжырататыны  белгілі.  Меллат  бұл  жағдайды  өз 

Алтын бесік - ЖеР ЖҮзІ

Әлем қазақтары - сЫР ШеРтеДІ

Жаны Жомарт 

  асыл 


азамат

басынан талай өткерді. Әйтсе де ол қала мен даланың 

арасын  шарлап, сауда жасаудың пайдасы мен зиянын 

қатар  көре  жүріп,  тіпті  кейде  аштық  пен  азапқа  да 

төзіп бірте-бірте  жағдайын түзеп, алға шыға бастады. 

Қолына азды-көпті байлық келді. Сөйтіп,  1999 жылы 

Толы ауданынан  «Тұлпар» атты дыбыс-бейне орталығы 

мен     толайым сату дүкенін ашты. Алғашқы кездегідей 

емес сауданың   жөнін біліп,  нарық заңдылықтарының  

жай-жапсарын  түсіне  бастаған  жалынды  жас  жеткен 

жерім осы деп тоқмейілсіп қалмай 2005 жылы шағын 

дүкенін үлкен сауда орталығына айналдырды. Осының 

нәтижесінде  Меллаттың  жұмысы  бұрыңғыдан  да  алға 

басып,  жан-жақты  кеңейіп,  ұлғая  түседі.  Сөйтіп  іскер 

азаматтың есімі бүкіл Тарбағатай өңіріне жайыла бас-

тайды.  «Тұлпар»  сауда  орталығына  алыс-жақыннан 

келушілер  барынша  көбейеді.  Қаржысы  молайып, 

көңілі  тоғайғанмен  Меллатты  енді  бұл  жұмысымды 

одан әрі дамытып, өзгелерге өнеге боларлықтай жақсы 

жаңалықтарды жүзеге асырсам деген ой да мазалай ба-

стайды. Ойлаған ісін жүзеге асырмай тынбайтын жігіт 

көп ұзамай бұл мақсатына да  жетті.  Яғни, 2007 жылы 

ол  «Дастархан»  атты  ұн  ашытқысын  жасап,  өндіруді 

қолға  алады.  Бұл  жаңа  өнімді  жұртшылық  көптеп  са-

тып ала бастайды. Меллаттың табысы енді бұрыңғыдан 

да молаяды. Осыдан кейін Меллатқа  конфет өндіруді 

жүзеге асырсаң қайтеді деген ұсыныс та түседі. Кәсіпкер 

жігіт  бұл  істі  де  қолға  алады.  Сөйтіп,  2007  жылдың 

желтоқсан айында «Дастархан» атты конфет шығарып, 

тұтынушыларға  ұсынады.  Жұртшылық  бұл  өнімді 

де  бірден  жаппай  ала  бастайды.  Соның  нәтижесінде 

Меллат бұл ісін тез арада алға бастырып, «Дастархан» 

конфетінің оннан астам түрін саудаға түсіреді. Сөйтіп, 

ұзамай  Тарбағатай  өңірінің  барлық  үйінің  дастарха-

нында ең алдымен Меллаттың «Дастархан» конфетінің 

тұруы дәстүрге айналды. Түрлі тойларда шашуға «Да-

стархан»  конфеті  шашылатын  болды.  Мысалы,  2009 

жылы өткен Тарбағатай аймақтық ақындар айтысында 

«Дастархан»  конфеті  салтанатты  жиынның  басты  ша-

шуы болып, қонақтардың ерекше қызу қарсы алуына ие 

болды.  Бұл  жоғымыздың  түгенделіп,  жорығымыздың 

жеңісті болуының бір белгісі сияқты еді. «Шын жүйрік 

өрге шапса өршеленер» дейді ғой халқымыз. Меллат та 

сол  сияқты  мұндай  жетістіктермен  шектеліп  қалмады. 

Бұдан  кейін  «Дастархан»  атты  балкүлшенің  онға 

жуық  түрі  мен  бірнеше  тәтті  сусын  шығаруды  жолға 

қойды.  Бұл  өнімдер  де  жұртшылықтың  арасында  кең 

сұраныс  тудырды.      Нарық  шаруашылығының  тамы-

рын  ұстап,  сауда-саттықтың  ерекшілігін  терең  түсіне 

бастаған  Меллат  2009  жылдың  күзінде  «Ақшағала» 

атты шаш сабынын және  жалбыз  бен сүт иісті сабынды 

саудаға шығарды. Өзі арзан, өзі сапалы бұл өнімдер де 

тұтынушылар арасына ілезде кең тарап кетті. 

Бұдан  кейін  Меллат  қарақтат,  шабдалы,  алма, 

бүлдірген  жемістерінен  жасалған  тағам  өнімдерін  де 

көптеп өндіре бастады. Ұзамай балдан жасалған өнімдер 

мен  қыз-келіншектерге  арналған  бетмай  шығаруға  да 

кірісті.


«Батыр болсаң жауыңа найзаң тисін; бай болсаң еліңе 

пайдаң  тисін»  дейтін  ежелгі  ұлағатты  сөзді  ешқашан 

есінен шығармайтын Меллат жар құлағы жастыққа ти-

мей жұмысбасты болып жүрсе де өзгелерге қамқорлық 

жасуды бір сәт назардан тыс қалдырған емес. Мысалы, 

ол  Қытайда  жер  сілкінісі  болғанда  зардап  шеккендер-

ге алғашқылардың бірі болып көмек қолын созды. Бұл 

үшін  «Қамқоршы азамат» атағына ие болды.

Меллат  2008  жылы  Шыңжан  телевидениесінің 

балаларға  арналған  концертіне  жан-жақты  қолдау 

көрсетті. Соған орай бүлдіршіндердің бұл өнер байқауы 

барынша  ойдағыдай  өтіп,  жұртшылықтың  ерекше 

ризашылығына ие болды.

Сондай-ақ, Меллат қазақтың атақты ақыны Мұхтар 

Шахановтың  шығармашылық  кешінің  Шыңжанда 

өтуіне де қажетті көмегін жасады.

Меллат Тазабекұлы 2010 жылы Іле қазақ облысын-

да өткізілген жасөспірімдердің ән байқауының тұсауын 

өз  қолымен  кесіп,  бұл  өнер  жарысының  жұртшылық 

көңілінен шығуы үшін қажетті жағдайдың бәрін жаса-

ды.

Меллаттың  жетім-жесір,  жоқ-жітіктердің  тұрмы-



сына  қамқорлық  көрсетіп  жүрген  бұдан  да  басқа 

жақсы  істерін  ел-жұрты  әрқашан  да  ризашылықпен 

ауызға алады. Ал Меллаттың өзі болса мұндай әңгіме 

қозғала қалса «жігіт адамның жасаған көмегін айқайлап 

айтуының қажеті жоқ; мен  жақсылықты  атым шықсын, 

даңқым өрлесін деп істемеймін, керісінше сол адамның 

еңсесінің  көтеріліп,  тұрмысының  оңалуын  ғана 

мақсат  етемін;  сондықтан  да  біреуге  берген  азғантай 

қаражатамды санамалап, жария қылғым келмейді» деп 

басын ала қашады.

Алғашқы  кезде  аяғын  қаз-қаз  басып,  сосын 

кішкенеден  ұлғайып  қатарға  қосылған  «Дастархан» 

кәсіпорынының  өнімдері    қазір  Қытайдағы  Шыңжан 

өлкесінің  қазақтар  тығыз  орналасқан  барлық    ауданы-

на,  сондай-ақ  бір  қиыр  алыста  жатқан  Ганьсу-Ақсай 

аймағына кеңінен танымал. Бір қуанарлығы, соңғы кез-

де  «Дастарханнан»  дайындалған  дәм  Қазақстанға  да 

жете  бастады.  Осының  нәтижесінде  бүгінгі  таңда  бұл 

кәсіпорынның  өнімдері  бір  мыңнан  астам  дүкендерде 

сатылады.  Яғни,  Толы  ауданынан  түлеп  ұшқан 

«Дастарханның»  өнімдері  әр  қазақтың  дастарханынан 

кеңінен орын алған десек ешқандай да артық айтқандық 

болмайды. 

Осыған орай сөз реті келгенде Меллат бауырымыз-

дан «машақаты мол, күрмеуі көп кәсіпкерлік пен сауда 

саласында  осындай  үлкен  табысқа  жетуіңіздің  сыры 

неде?»  деп сұрап та қалдық. Осыған орай ол: «Менің 

білуімше, қандай кәсіптің тізгінін ұстасаң да ең алдымен 

табандылық қажет. Атамыз қазақтың «табандылық тау-

ды жығады» деген сөзі текке айтылмаса керек; өкінішке 

қарай  қазіргі  жастарымыздың  арасында  осы  қасиет 

азайып  бара  жатқандай»,  -  деп  үлкен  бір  әңгіменің 

шетін  шығарды.  Содан  кейін  сөзін  «атақты  бабалары-

мыз отырған орыныңда тұрақ болсын, сөйлеген сөзіңде 

тұрақ  болсын,  істеген  ісіңде  тұрақ  болсын  деп  айтып 

кеткен екен, кейінгі жастарға мен де осыны ескерткім 

келеді» деп  түйіндеді.

Ал біз өз тарапымыздан қазақта Меллат Тазабекұлы 

сияқты  жаны  жомарт,  қолы  ашық,    асыл  азаматтар 

көбейе берсін деп тілек айтқымыз келеді.

                                          Қаналым талаСБайұлы


40 

41 


- амантай мырза,  алланың қалауымен 

сіз  екеу міз  жолы ғып  отырған  жайы мыз 

бар, оған себеп: 

- Сіздің спортшы балаңыз дарын жай-

ында жұртшылықа хабардар етсек. қалай 

қарайсыз?

- Өте дұрыс қараймын.  Бар-жоғы үш ба-

лам бар. Үлкені – Данара  қыз. 1988 жылы 

туған. екіншісі – өзіңіз айтап отырған Дарын. 

Ол 1991 жылы туған.  Және Дархан атты үш 

жаста тағы бір ұлымыз бар.  Жұбайым орыс 

тілі мен әдебиетінің маманы. сонымен қатар 

жергілікті жердегі радиодан қазақ тілінде 

берілетін хабардың жүргізушісі.

- Сіз, өзіңіз де спортшы болған екенсіз, спорттың 

қандай түрімен айналыстыңыз?

- Бокспен айналыстым. Одақ кезінде спорттық 

жетістіктерім үшін «ксРО спорт шебері» атағын ал-

дым. Қазір Омбы облыстық Бокс федерациясының 

мүшесімін. Федерация төрағасы Александр Бубенов де-

ген азамат, менің бала кезден бірге жүрген досым. Және 

бокстан Олимпиада чемпионы Алексей тищенко бар, 

бәріміз ақылдасып келер жылы Омбыда серік Қонақбаев 

атындағы халықаралық турнир өткізуді жоспарлап қойдық. 

Құдай қаласа биыл күнтізбеге кіреді.



- Омбылық қазақтар арасында өзіңіз сияқты спорт-

пен айналысқан азаматтар көп пе?

- Боксшы Бауыржан Бекенов деген азамат бар. Ол – 

ксРО біріншілігінің жүлдегері атанған, сондай-ақ, Омбы 

облыстық чемпионаттарында дес бермеген жігіт. Баукеңнің 

туған жері – әйгілі Бурабай маңы. Бірақ әскери борышын 

Омбыда өтіп жүріп, сонда қалып қойған.



- енді негізі әңгімеге көшейік.  дарынды спортқа 

өзіңіз баулыдыңыз ба?

- Әрине, өзі спортпен айналысқан кімде болсын, 

балаларының да спортпен айналысқанын қалайды. Доста-

рым маған: «Дарынды боксқа дайында!» деп айтып жүрді. 

Алтын бесік - ЖеР ЖҮзІ

Дарын Жүнісов – Ресейдің Омбы қаласының  

тумасы. Қазақтар онша-мұнша жолай қоймайтын 

мәнерлеп сырғанау спортының жалына жармасқан  

батыр бағлан. Және қатардағы көп спортшының бірі 

емес, болашақта қазақтың атын шығаратын аса тала-

натты жас. Қазір Америка елінде маңдай терін төгіп жүр. 

Әрине, талант болу өз алдына, еңбексіз өнбек жоқ.  

Осы орайда, Омбы қаласының тұрғыны Дарының әкесі  

Амантай Жүнісовпен жолығып, өрбіткен шағын әңгіме 

желісін назарларыңызға ұсынып отырмыз. 

Өзім де солай ойлайтын едім. Әрі естай Қайыржанов дейтін 

тағы бір боксшы досым Омбыда жасөспірімдерге арналған 

спорт мектебінде директор еді. Ол алақанын ысқылап күтіп 

жүрді.

содан боксқа жіберуге әлі жас  қой дедім де, Дарын-



ды Данара қызым барып жүрген мәнерлеп сырғанау 

үйірмесіне қостым. Ондағы ойым, үйде бос отырғанша 

ойнап жүрсін деген ниет еді. Бұл 1998 жылы болатын. Бір 

жылдан кейін жолдастарым, «балаңды боксқа әкел!» деді. 

Барсам, мәнерлеп сырғанаудан жаттықтырып жүрген 

бапкерлері жібермейді. Аналар болса, әкел-әкелдің астына 

алады.

Қысқасы, өзі не дер екен деп, ұлыма ақыл салдым. Да-



рын болса: «Папа, мен мәнерлеп сырғанаудан болашақ 

Олимпада чемпионымын», – деп балаң сезіммен, танауы 

терлеп күліп тұр. мына сөзден кейін қойдым. Осылай Да-

рын боксшы болмай қалды.



- Сонымен  кешікпей дарын мәскеуге атанды…

- Он бес жасында мәскеуге алып кетті. Омбылық 

ұстаздары – елена Голюкшова, татьяна Одиноковалар 

батасын беріп шығарып салды. кеңес кезінде мәнерлеп 

сырғанаудан әлемге әйгілі Ирина Лобочева және Илья 

Авербух дейтін спортшылар болған. Ирина кейін спорттық  

жолы аяқталған соң мәскеуде мектеп ашқан. соған барды. 

Орта мектепті де сол жақта бітіріп, мәскеу мемлекетік заң 

университетіне түсті. Оқи жүріп спорттан қол үзген жоқ.

- дарын қазір америкада жаттығуын  жалғастыруда.  

мәскеуден не себептен кетіп қалды?

- мәнерлеп сырғанау спортында қосағың болуы керек. 

мәскеуде Дарынға сол қосағы болмады. Бір қыз бар еді, екі 

жылдан соң шыдамай кетіп қалды. себебі, күніне жеті-сегіз 

сағат суық мұздың үстінде жаттығу оңай емес. Өте-мөте 

шыдам, төзім, табандылық болмаса қиын.

сөйтіп жүргенде, Америкада тұратын бапкер николай 

морозов шақырды. морозов кезінде Әлем және Олимпиа-

да чемпиондары – Алексей Ягудин, Ше-Лини Бурн, Виктор 

краатц, мики Андолаларды дайындаған атақты бапкер.



-

  Сөйтіп қосағы Кортни мансур сол жақтан табылды?

- Иә. екеуін жұптап, қосқан бапкер морозов. Дарынның 

канадалық кортни мансурмен бірге жаттыққанына екі 

жылдың жүзі болып қалды. маман бапкерлердің бағалауы 

бойынша бұл екеуі басқалар 5-6 жылда әрең игеретін ауыр 

элементтерді бір жылда меңгеріп үлгеріп жүр.



- Орыс тілді бір басылым Кортни мансурды тегі 

түркілік деп жазыпты…

- Олай емес. Бұл қыз – араб. мен оның ата-анасын 

танимын. Дарын мен кортни  екеуі ағылшын тілінде 

толық түсінісе алады. Қазір бұл қосты жоғарыдағы 

морозовтың нұсқауымен константин каплан дейтін 

бапкер жаттықтырып жүр. Яғни, екінші бапкері.



- Кортнидің ата-анасы қазақстанға келіп жүр ме?

- Дарын мен кортни алғаш жұп құрған кезде, 

яғни 2010 жылы мәнерлеу сырғанаудан Қазақстан 

біріншілігіне келіп қатысты. Өйткені, Дарын 2008 жыл-

дан бері Қазақстан азаматтығын алған. Бұл жерде 

баса айтсам, Қазақстанда мәнерлеп сырғанау спор-

ты саласында қазақ жоқтың қасы. Және бұл спорт 

түріне қазақтарды көп жолата бермейтін көрінеді.

Осы біріншілікке кортниды анасы алып келді. 

сонда таныстық. Осы кісіге қонақ үй бұйырған жоқ. 

«Жақсы қонақ үй табыңыз, өзім ақшасын төлеймін» 

деді.  Ұялдым. «Жоқ, сізге үкімет қонақ үй дайындап 

қойған» деп, білдірмей өзім ақысын төлеп жатқыздым.

Осы жарыста Дарын мен кортни Қазақстан 

біріншілігінің күміс жүлдегері атанды. Бірінші орынды 

Ресейден бір жұп шақырып алынып соған берді. Ол 

жұпты Азия чемпионатына жіберіп еді, сайыс үстінде 

шатқаяқтап жығылып, масқара болып қайтты.

Бір қызығы, кортни қазақша үйреніп жүр. Жоғарыдағы 

біріншіліктен кейін әуежайға барып, анасы екеуін шығарып 

салдым. сонда, кортни қыз бізге қазақшалап «сау 

болыңыздар!» деп, қол бұлғап кетті.



-  Әбеке, сіз жасырмай айтыңызшы, осы екі балаға 

басқа елдерден қызығушылық танытқандар жоқ па? 

- Ондайлар болды. 2010 жылы Эстонияда гран-при 

жүлдесі үшін үлкен жарыс өтті. Дарын мен кортни топ жар-

ды. Эстония үкіметі балалардың бапкері к.капланға қолқа 

салыпты. «каплан мырза, сіз мына шәкірттеріңізді алып 

біздің елге келсеңіз, ақшаның астына көміп тастаймыз. 

тек еліміздің абыройын асқақтатып берсеңіздер!» депті. 

каплан да пенде ғой, маған шауып жетті. мен не деймін, 

ұлыма сөйлестім. Ұлым айтты: «Әке, мен қазақпын, эстонда 

атамның басы қалған жоқ, қазақ үшін туған ұлмын». Осы-

мен сөз бітті.

- ұзынқұлақтан естуімізше, Кортнидың келісімімен 

қызды қазақстан азаматтығына қабылдап, Әлем 

біріншілігіне қазақстан атынан қатыстыратын жоспар 

бар дейді. Одан хабарыңыз бар ма?

- Әзірге хабарым жоқ. кезінде бапкер моро-

зов Қазақстанның спорт саласын басқарып отырған 

азаматтарға хат жазып, Дарын мен кортни аман болса 

болашақта үлкен спорттың жарық жұлдызына айналатын 

жастар екенін ескерте отырып, осы жұп 2014 жылы сочиде 

өтетін Олимпиада да аса лайықты өнер көрсетеді, айыры-

лып қалмаңыздар, деп ескерткенін білемін.



- дарын америкада жаттығып жүр. Оған жұмсалатын 

шығынды кім өтеп жүр?

- Осындағы спорт 

мектептері арқылы аз-

да 


ған қаржы төленетін 

болу керек. Ал, бапкері 

каплан 

ға ақшаны мен 



өзімнің 

қал тамнан 

төлеймін. Жән е моро-

зовта Дарынан басқа 

Абзал Рахымғалиев 

деген қазақ баласы да бірге жаттығып жүр.

мысалы, Ресейде елена Ильиных пен никита косала-

пов дейтін жұп бар. Олар 2014 жылы Олимпиада өтетін 

сочиде бүгіннен бастап жаттығуларын жалғастырып жа-

тыр. Оларға өте жақсы мән берілуде. Қысқасы, Дарын мен 

кортнидің де қарсыластары осал емес деген сөз. егер де 

Ресейдегі жағдай жасалса біздің балалар да жаман болмас 

еді.

-   дарынмен күнделікті хабарласып тұрасыз ба?

- күнара хабарласып тұрамын. Өткенде сөйлескенімде, 

ұлым айтады: «Американың көшесінде қоғамдық көлікке 

отырып, терезеден қарап келе жатыр едім, мен отырған 

автобустың қасынан қабырғасында «Қазақстан» деген жа-

зуы бар бір джип машинасы зулап өте шықты. Қазақстанды 

көргендей қуандым», – дейді.

- құдай берген бала екен дарын. ұлттық рухы 

болғаны ғой… балаңыздың басқа қандай өнері бар?.

- Бала күнінен домбыра тартып үйренді. Омбы-сібір 

қазақтарының мәдени  орталығының жетекшісі, менің туған 

қарындасым Алтынай Жүнісова ұйымдастырған ұлттық 

шараларға қатысып, «мен, Қазақпын», – деп, мақтанып 

жүреді.


 Бекен Қайратұлы

№1-2 |56-57| 2012 

№1-2 |56-57| 2012 


42 

43 



1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал