Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!



жүктеу 0.72 Mb.
Pdf просмотр
бет5/8
Дата09.01.2017
өлшемі0.72 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

- Ерболат, осы орайда, орын-

сыз болса да бір сұрақ туып 

тұр. Бай-өлкелік бауырлар 

арасындағы бокс спортының 

даму тарихы және жетістіктері 

жайлы шолып өтсеңіз?

- Бай-өлкелік қазақтар арасында 

бокс спорты 1975 жылдардан бас-

тап қалыптасқан деуге негіз бар. 

Сақа спортшылар аймақ боксын 

Шәрбетхан дейтін бапкердің аты-

мен байланыстырып айтады. Бұл 

кісі дүниеден ертерек озған дейді. 

Өткен ғасырдың  80-ші жылда-

ры Моңғолия боксының аса ауыр 

салмағын Құрметхан Қашураұлы 

дейтін қазақ бірнеше жыл иелік етіп 

тұрыпты және Азия біріншілігіне 

де қатысыпты.

Келесі бір Бауырбек Калекұлы 

дейтін ағамыз – бокстан 

халықаралық дәрежедегі спорт 

шебері атанған алғашқы қазақ. 

Моңғолия біріншілігінің 3 дүркін 

жеңімпазы (1983, 1985, 1986 ж.ж) 

ретінде Бай-өлке спорт тарихына 

тіркелген тұлға. Қазір Өскемен 

қаласында жаттықтырушы болып 

қызмет істейді.

Одан кейін мына бір дерек 

көпшілікті қызықтыруы мүмкін. 

Моңғолдың Э. Бадыр-Уғын 

дейтін атақты былғары қолғап 

шебері бар. Бұл жігіт Әлем чем-

пионатында (2007 ж) күміс жүлде 

алған және 2008 жылғы Бейжің 

Олимпиадасының жеңімпазы. Осы 

жігіт спорттық тарихында, яғни, 

жасөспірім кезінде бір рет қана 

жеңіліпті. Оны жеңген бай-өлкелік 

қазақ баласы екен.

Сондай-ақ, аталмыш Спарта-

киада барысында менен басқа 52 

келі  салмақта Жамантайұлы Еркін, 

75 келі салмақта Тілеуханұлы 

Ыбырай дейтін қазақ жігіттері қола 

медаль  алып, аймағымыздың абы-

ройын асқақтатты.

- Сіз Спартакиадаға Бай-өлке 

аймақ атынан қатысқан жоқсыз 

ба?

- Жоқ! Мен Моңғол 

Армиясының спорт клубы аты-

нан қатыстым. Себебі, мен Ұлан-

Жуықта спорттың көптеген түрінен төрт жылда 

бір рет өтетін моңғол елінің Бүкілхалықтық 13-ші 

спартакиадасы жалауын көтерді.  Осы спорттық 

ойында боксшы, қазақ  ұланы 1990 жылы туған  

ерболат төлекұлы  91 келі  салмақта алтын ме-

дальды жеңіп алып, өз қарсыластарын айқын 

басымдықпен ұтқаны үшін спартакиаданың ең 

үздік боксшысына берілетін кубокты да қан-

жығасына байлады. Осы орайда, ерболат бауыры-

мызбен тілдесіп, екеуара өрбіген сұхбатты назар-

ларыңызға ұсынып отырмыз.

№1-2 |56-57| 2012 

№1-2 |56-57| 2012 


№1-2 |56-57| 2012 

32

 



33

 

Алтын бесік - АсЫЛ ҚАзЫнА



Батыр қаласындағы Қорғаныс 

министрлігіне қарасты Әскери 

Жоғары Университетінің курсанты-

мын. Бапкерім Қайнармен ақылдаса 

отырып осылай жасауға тура келді. 

Өйткені, бұлар менің оқуымды 

алаңсыз жалғастырып, жаттығу жа-

сауыма мүмкіндік туғызамыз деді 

және жалақы төлеп тұруға уәде етті.

- Ерболат мырза, сіздің 

боксқа келген тарихыңыз жай-

лы жоғарыда сөз еттік. Бокс 

қолғабын кигеніңізге үш  жарым-

ақ жыл болған екен. Осы қысқа 

мерзімде жеткен жетістіктеріңіз 

жайлы білсек артық болмас…

- Тегі, менің шындығында 

боксқа бейімім бар болуы керек. 

Бокстың қолғабын киген алғашқы 

айда-ақ жастар арасындағы ел 

біріншілігінде 81 келі салмақта 

қола медаль алдым (2008 ж). Осы 

жолы аймақ атынан менімен бірге 

біріншілікке қатысқан Әділбек 

күміс медаль, менен басқа Мұстафа 

мен Бейбіт  те қола медаль еншілеп, 

әжептәуір марқайып қалдық.

Содан кейінгі шығарған 

нәтижелерім: 2010 

жылы студенттер 

арасында өткен 

ел біріншілігінде 

күміс медаль,  2011 

жылы ересектер 

арасында өткен  ел 

біріншілігінде күміс 

медаль, 2011 жылы 

Қазақ елінде өткен 

батыр бабаларымыз 

Исатай мен Махамбет атындағы 

халықаралық турнирде күміс ме-

даль, ал биыл 2012 жылы қаңтар 

айында өткен ересектер арасындағы 

ел біріншілігі  мен 4 жылда бір рет 

болатын Бүкілхалықтық 13-шы 

Спартакиадада алтын медаль жеңіп 

алдым.


- Жетістігің жаман емес екен. 

91 келі салмақта Спартакиада 

жеңімпазы болу үшін неше жекпе-

жек өткіздіңіз?

- 2011 жылғы Моңғол елінің 

біріншілігінде финалға жетіп, ақтық 

сында жеңіліп қалғаным жайлы 

жаңа айттым. Жарыс аяқталған соң 

бапкерім Қайнармен акылдаса оты-

рып, оқуымды бір жылға кейіндетіп, 

тек қана жаттығуға  көңіл бөлдім. 

Келер жылы жеңімпаз болуды 

мақсат етіп қойдық.

Төккен тер текке кетпеді. 

Оның өтеуі ретінде өзім бақ 

сынаған 91 келі салмақта төрт 

жекпе-жек өткізіп, оның екеуін 

уақытынан бұрын аяқтап, жарыстың 

жеңімпазы  және  ең үздік боксшы-

сы атандым.

- Құпия болмаса, осын-

дай қысқа мерзім ішінде қол 

жеткізген  нәтижелерің жайлы ой 

бөлісуге қалайсыз?

- Өзімнен ешқандай құпия көріп 

тұрған жоқпын. Құпиялайтын 

да дәнеңе жоқ менде. Мүмкін 

менің  жетістіктеріме қазақстандық 

былғары қолғап шеберлерімен бірге 

өткізген оқу-жаттығу жұмыстары 

ықпал еткен шығар.



- Қазақстандық әріптестеріңіз-

бен бірге оқу-жаттығу 

жұмыстарын жүргізген бе едіңіз?

- Әрине! Бай-өлке аймақтық 

Бокс федерациясының төрағасы 

әрі бапкерім Қайнар Қайсанайұлы 

мен Қазақстан елінің бокстан 

Олимпиадаға даярлау орталығының 

директоры Ермахан Ыбырайымов 

екеуі – 2009 жылы  қандас қазақ 

боксшыларды қолдау жөнінде 

шарт жасасты. Сол арқылы бай-

өлкелік боксшы жастар Нұрлан, 

Еркін, Ыбырай және мен төртеуміз 

– Қазақстанның Атырау, Алматы, 

Павладор, Ақтөбе қалаларында 

ұйымдастырылған бірнеше 

халықаралык жарыстарға  қатысып 

тәжірибе жинадық.

Өткен жылдың қыркүйек ай-

ында Еркін екеуміз Өскеменде 

тұратын жерлесіміз, таны-

мал жаттықтырушы Бауырбек 

Калекұлының ұйымдастыруымен 

ШҚО-ның кұрама командасымен 

бірге екі айдай жаттығу жасадық.



- Қазіргі таңда “спонсор” неме-

се демеуші дейтін болады. Өзіңді 

демеп-қолдап жүрген біреулер бар 

ма?

- Ұлан-Батыр қаласында Ғанибат 

дейтін ағай басқарып отырған  

«Кеңалқап» атты компания бар. 

Бұл компания Бай-өлке аймақтық 

Бокс федерациясының өтініші бой-

ынша маған бір жылдай жалақы 

беріп тұрды және Қазақстан еліне 

барып оқу-жаттығуларға қатысып, 

жарыстардан тәжірибе жинауыма 

көмектесті. Бұл азаматқа алғыстан 

басқа айтарым жоқ.



Бекен ҚайРатұлы

Қазақтың салт-дәстүрлері



С

оғым

 

баСы

Қыста  соғым  сою  –  қазақтың 

дастарқан  берекесінің  ата  дәстүрінің 

ежелден келе жатқан үзілмес көрінісі. 

Дәулетті  адамдар  бірнеше  ірі  қара 

сояды.  Соғым  басына  шақыру  –  тағы 

да міндетті салт. Бұған ауыл үлкендері, 

көршілер 

шақырылып, 

соғым 


сойысқандар,  біраз  қауқылдасып, 

жас етке бір тояды. Үй иесіне «соғым 

шүйгін  болсын»  деп  тілек  білдіреді, 

үлкендере батасын беріп тарқасады.



С

үйек

 

жаңғырту

Халық  дәстүріне  сәйкес  «сүйек 

жаңғырту»,  «сүйек  шатыс»  деген 

сөздер  жиі  кездеседі.  Бұл  да  үйлену, 

құдалық жолына байланысты шыққан 

ғұрып.  Бұрын  құдандалы  болып  бірі 

мен  бірі  сыйласқан  екі  жақ,  екі  ру 

бұрынғы іліктікті қайта жалғастыратын 

болса,  оны  «сүйек  жаңғырту»  деп 

атаған.  Яғни,  бұл  бұрынғы  үзілген 

құдалық  қайта  жалғасты  деген  сөз. 

Жалпы,  қазақ  рулары  бұрын-соңды 

құдалық  салтты  бұзбай  қыз  алуды 

немесе  қыз  беруді  үнемі  қадағалап, 

кей жағдайларда еске салып отырған. 

Қанаттас, қоныстас отырған екі елдің 

бұл қарым-қатынасы елдің тұтастығы 

мен  бірлігі,  әлеуметтік  жағдайына  да 

қатысты болған.

С

әлем

 

беру



Сәлем

 

ету

Сәлем  беру,  сәлем  етудің  бірнеше 

түрлері бар. 

1.  Алыс  жолдан  келген  жолау-

шы,  немесе  сол  елдің  адамы  ауыл 

ақсақалдарына  немесе  белгілі  адам-

дарға  әдейі  іздеп  келіп  сәлем  беру 

қалыптасқан ұлттық дәстүріміз. Кейде 

«алыстан  алты  жасар  бала  келсе,  ал-

пыс жастағы шал келіп сәлем береді» 

дегендей  жөн  білетін  үлкендердің  өзі 

барып сәлемдесетін де жолы бар. Егер 

сәлем ер адамға қатысты болса, «сәлем 

берді» деп айтылады.

2. Сәлемнің басқа да түрі бар. Мы-

са лы, сыйлы ата, ене, қайны ағаларына 

кездескенде,  көргенде  келіні  оларға 

иіліп сәлем қылады. Үлкен кісілерден 

табақ  қайтқанда  да  келін  сәлем  ету 

керек.  Ондайда  біреу  «келіңдеріңіз 

сәлем  етіп  жатыр»  деп  хабарлайды. 

Үлкендер  оған  риза  болып,  батасын 

береді.  Келіннің  сәлем  етуі  әдептілік 

пен сыйлаудың белгісі ретінде қабыл-

данады.  Сәлем  әйел  адамға  қатысты 

болса оны «сәлем етті» дейді.

3.  Сәлем  етудің  тағы  бір  өзгеше 

түрі бар. Егер бір адамның мойны құяң 

болып, басын бұра алмай қалса, онда 

ол  кербез  адамның  сыртынан  сәлем 

қылуы  керек.  Халық  ұғымы  бойын-

ша  құяң  сонда  жазылып  кетеді  деген 

сенім болған. Мұндай сәлем қылудың 

аяғы көңілді күлкіге жалғасып жатады.



С

әлемдеме

Жарасты  әрі  әдемі  дәстүрдің  бірі 

осы сәлемдеме. Ол – адамдардың бір-

біріне  деген  сыйластығының,  құрмет 

тұтуының айқын белігісі. Олар көптен 

көрмей  сағынысқан  адамдардың  бір-

біріне жіберген қымбат бұйымы, асыл 

заты  немесе  жеңсік  тамағы,  қысқы 

сыбағасы. Оның қымбат бағалы болуы 

шарт  емес.  Сәлемдеме  келген  адам 

жіберген  адамға  ақ  батасын,  шын 

ризалығын  білдіріп,  қатты  қуанады. 

Үлкендер  мұндайда  көзіне  жас  алып, 

оны  көрші-көлемдеріне,  балаларына 

айтып  мақтанады,  сол  адамды  еске 

алады.


Сәлемдеме  –  адамды  адамның 

ұмытпай журуінің, берік достығының, 

адал  көңілінің  кілті.  «Сәлем  берген 

саулық  береді»,  –  дейді  халық.  Ал 

сәлемдеме  берудің  мән-мағынасы 

одан да жоғары тұр.



С

үйінші

Қуанышты  хабар  жеткізуші  адам 

«сүйінші,  сүйінші!»  деп  келеді.  Мұн-

дайда қуанышты үй иесі: «қалағаның-

ды  ал»,  –  дейді.  Немесе  оған  риза 

бола  тындай  сыйлық  ұсынады.  Бұл 

шын  қуанудың,  ризалықтың  белгісі. 

Сүйін ші сұраудың да, оның сүйіншісін 

алу дың да ешқандай сөкеттігі жоқ.

Сейіт КенжеахМетұлы,

Суретін салған: е. БухаРБаев.

Алтын бесік - ЖеР ЖҮзІ

№1-2 |56-57| 2012 


34 

35 


Алтын бесік - ЖеР ЖҮзІ

Әлем қазақтары - сЫР ШеРтеДІ



–  Сіз  басқаратын  мәдени 

орталық  соңғы  уақыт та  қандай 

жақсы істерді жүзеге асыруда?..

–  Соңғы  5-6  жылда  Наурыз 

мейрамын  жоғары  дәрежеде  өткі-

зіп  келеміз  деп  сенімді  түрде  ай-

та  аламын.  Жалпы,  Наурыздың 

негіз гі  міндеті  –  халықтың  басын 

қосып,  бір-біріне  деген  реніштерін 

кешіріп,  ұлттық  салт-дәстүрлерін 

жаңғырып,  қыстан  аман-есен  шық-

қанын тойлау ғой. Міне, біз де осы 

айтылғандардың  барлығын  қамтып, 

қайткен  күнде  де  қазақ  халқының 

көңілін  көтеруді  мақсат  етеміз. 

Үлкен  алаңға  әр  мекеме  алты  және 

он  екі  қанатты  киіз  үй  тігеміз. 

Наурызға  облыстағы  15  ауданнан 

делегация келеді. Керемет мерекелік 

шаралар ұйымдастырылады. Біз Ба-

тыс  Қазақстан  облысымен  достық 

қарым-қатынастамыз.  Солар  бізге 

өздерінің  танымал  өнер  адамдарын 

жібереді.  Мысалы,  соңғы  Наурыз-

да  оркестр  Құрманғазы  атамыздың 

күйін  төгілткенде  үлкен  кісілердің 

көзінен  жас  шықты.  Домбыраның 

үнін  естімеген  жастарымыз  да  бар 

екен...  Олар  өздерінің  ұлттық  аспа-

бымен  танысып,  оны  қалай  шерту 

керек екенін көріп мәз болып қалды. 

Киіз  үйдің  ішіне  кіріп  көргісі  кел-

ген  халықтың  ұзын  сонар  кезегін 

көр генде  еріксіз  таңқалдық.  Жасы-

балаларымды 

қазақша 


тәрбиеледім

ратыны  жоқ,  біз дің  осындай  салта-

натты  басқосу  өткізетінімізді  көре 

алмағандар  үсті мізден  шағым  да 

жазды.  Сонда  жергілікті  басшылар 

«Олар бұл мейрамды өз қаржыларына 

жасап  жатыр,  үкіметтен  ешқандай 

көмек  алған  жоқ.  Сондықтан  сен-

дер  арыз  жазғанша,  солардан  үлгі 

алыңдар»  деп  қайтарып  жіберіпті. 

Осыған  орай,  сөз  реті  келгенде 

біздің  бұл  ісімізге  С.  Байзулинов,  

Қ.  Жұлдызбаев,  Е.  Әкімғалиев,  

Ғ.  Кубаитов  сынды  азамат тардың 

нақ ты  қолдау  жасап  жүргенін  риза-

шы   лық  пен айта кеткіміз келеді.



-  Ал  жастардың  оқу-білім 

жөніндегі  жағдайлары  қалай? 

Бұл жөнінде Қазақстанмен қандай 

байланыс бар?

–  Қазір  Қазақстанның  экономи-

касы қарқынды дамып келе жатқаны 

баршаға  мәлім.  Сондықтан  білім 

аламын  деген  жастардың  атамекен-

ге  баруына  көмектесіп  жатырмыз. 

Астанаға,  Оралға,  Алматыдағы  оқу 

орындарына  хат  жазып,  қалай  оқу 

керектігінің  жөн-жосығын  көрсетіп 

береміз. 



- Алдағы жоспарларыңыз?..

- Саратов облысы – Ресейдің қазақ-

тар ең көп шоғырланған жерінің бірі. 

Сондықтан да біз жастарға айрықша 

көңіл  бөлеміз.  Яғни,  «Қазақстан» 

мәдени орталы ғының жастар қанаты 

бар.  Жастардың  бастарын  қосып 

арнайы  штаб  ұйымдастырдық. 

Штабтағы  жастардың  барлығы 

жоғарғы  оқу  орындарын  бітірген, 

бүгінгі  күні  әжептәуір  қызметтері 

бар  азаматтар;  бірақ  көпшілігі  өз 

тілін,  салт-дәстүрін  жетік  білмейді. 

Ен ді  олар  осы  олқылықтың  оры-

нын  толтырғысы  келеді.  Осыған 

орай,  биыл  «Киіз  үй»  атты  жастар 

ла герін 

ұйым дастырмақ шымыз. 

Еділ  өзенінің  бойындағы  3-4  гек-

тар  жеке  меншік  жерімізге  бірнеше 

киіз үй тігіп, жаз айында облыстағы 

қазақ  жастарын  жинаймыз.  Ба-

тыс  Қазақстан  облысынан  арнайы 

қазақ  тілінің  мұғалімін  алдыртып, 

жастарға  ана  тілін  үйретіп,  кем  де-

генде екі апта тек қазақша сөйлесуге 

бейімдесек  деп  отырмыз.  Қазіргі 

жастарға  қарап  отырып,  қатты 

қуанамын  және  ризашылығымды 

білдіргім  келеді.  Себебі  олар  біздің 

1  және  9  мамырдағы,  наурыздағы 

және де одан да бөлек ұйымдас тыр-

ған  іс-шараларымызда  белсенділік 

таны тып  киіз  үй  тігісіп,  ұлттық 

киім дер  киіп  шамасынша  қазақша 

өнерлерін  көрсетеді.  Мұның  өзі 

жастарымыздың  қазақ  болғысы 

келетіндігінің  бірден-бір  көрінісі 

іспетті болып көрінеді маған.

– Демек жастарға риза екенсіз 

ғой?

–  Қазіргі  Ресейдегі  қазақ  жас-

тарының  ойы  да,  ақыл-парасаты  да 

дұрыс бағыттта дамып келеді. Мой-

ындауымыз  керек,  бұрын  біразы 

ішімдікке жақындап кеткен болатын. 

Ал  қазір  ол  қиыншылықтар  артта 

қалды. 


–  Білуімше,  Сіз  Дүниежүзі 

қазақ тарының құрылтайына 1992 

жылдан  бастап  түгел  қатысып 

келесіз...  Осы  тұрғыдан  келгенде, 

өткен  жылғы  төртінші  Құрыл-

тайдың  басқаларынан  айыр-

машылығы  қандай  болды  деп 

есептейсіз?

–  Құрылтайдың  әрбір  5-6  жыл-

да  ағайындардың  басын  қосып 

тұруының  ең  ұтатын  тұсы  -  әлем 

қазақтарының  елге,  жерге  келіп, 

күш-қуат  жинап  кетуі.  Біз  кейін 

Құрылтайға  қатыса  алмаған  қазақ-

тармен  де  осы  күш-қуатымызды 

бөлісеміз. Сондай-ақ, біз Құрылтайға 

тек  тойлап  қайту  үшін  емес,  біраз 

мәселелердің  шешілуіне  ат  салысу 

үшін де қатысқан едік. Осы тұрғыдан 

келгенде  басқа  Құрылтайлармен 

салыстырғанда  бұл  Құрылтайдың 

тереңірек  ойластырылып,  жан-

жақты  ұйымдастырылғаны  көрініп-

ақ тұрды. 

– Басқа елдердегі қазақ мәдени 

орталықтарымен  қаншалықты 

жиі араласып тұрасыздар?

–  Соншама  етене  жақын  ара-

ласып  тұрамыз  деп  өтірік  айтпай-

ақ  қояйын.  Байланысымыздың 

барлығы  тек  Қазақстан  арқылы 

ғана  жүзеге  асып  отырады.  Мыса-

лы, біздің облысымыз Қазақстанмен 

700 шақырым шектесіп жатыр ғой... 

Осы  тұрғыдан  келгенде,  болашақта 

Қазақстан 

арқылы 

Қытайдағы 



ағайын дармен  нақты  байланыс 

орнатсақ  дейміз.  Біздің  естуімізше 

ол жақтағы ағайындардың өздерінің 

мектептері,  газеттері,  телеарнала-

ры бар көрінеді. Міне, осы жөнінен 

олармен тәжірибе алмассақ пайдалы 

болар еді.

–  Біз  білмейтін  тағы  біраз 

қызметтеріңіз де бар көрінеді...

–  Арнайы  қордың  төрағасымын, 

аудандық  жиналыстың  депутаты-

мын. «Қазақстан» мәдени орталығын 

басқаратынымды  өзің  де  білесің. 

Бұл  жұмыстардың  барлығын  жеке 

өзім  атқарып  отырған  жоқпын. 

Қол  астымда  бірнеше  орынбасар-

ларым  бар.  Сенсеңіз,  қолыма  әлі 

мөр  ұстап  көрген  жоқпын.  Себебі, 

оны  да  ұстайтын  адамдары  бөліп 

қойғанмын.  Ал  менің  жұмысым 

тек  үлкенді-кішілі  басшылармен 

кездесіп, халық жинап, қазақтың ба-

сын қосып, ұйымдастырып отыру. 

– Сіз тым жас, ширақ көрінесіз, 

мұның сыры неде деп ойлайсыз?

–  Кісінің  сыртқы  түр-тұлғасы 

-  ішкі  болмысының  айнасы.  Мен 

дене  бітімін  сақтау  үшін  аптасы-

на  5  рет  жаттығу  залына  барып, 

спортпен  айналысатын  адамдарды 

білемін. Бірақ, түр-тұлғасынан оның 

ешқандай  нәтижесі  байқалмайды. 

Адамның  ойы,  көңілі  жан-дүние-

сімен  үйлесімділікте  болмаса  дене 

жаттығуын  жасағаннан  пайда  жоқ. 

Ардың  таза  болғаны  да  үлкен  рөл 

атқарады.  Себебі,  біреуді  ренжітсең 

ол  айналып  келіп  сенің  өзіңе 

әсер  етеді.  Ең  құрығанда,  бетіңе 

кішкентай  да  болса  әжім  түседі. 

Мұны  адамның  өзі  аңғармауы 

да  мүмкін.  Бірақ  расында  солай. 

Сондықтан  да  әрқашан  таза,  адал, 

көңілді жүру керек. 

Жеті  айымнан  бастап  мен 

атам  мен  әжемнің  қолында  өстім. 

Себебі,  алғашқы  немере  әрқашанда 

үлкендердікі  емес  пе?!  Соған  орай, 



Бисембай ШАРЛАПИЕВ, 

Ресейдегі Саратов облыстық 

«Қазақстан» мәдени орталығының төрағасы

мен  қашан  ержеткенше  солардың 

тәрбиесін  алдым,  көрсеткен  жолда-

рымен жүрдім. Мысалы, атам маған 

«мына қызға үйлен» деді, сол қызға 

үйлендім;  мына  оқуды  оқы  деді, 

соны  оқыдым.  Одан  жаман  болған 

жоқпын.  Яғни,  үлкен  кісілердің 

берген  тәрбиесі  арқасында  осы 

белестерді  бағындырдым.  Кейінгі 

жастар да осыны ескере жүрсе... 

–  Ал  сіз  өз  балаларыңызға 

қандай  тәрбие  бердім  деп  ойлай-

сыз? 

–  Үш  балам  бар.  Екеуі  Лондон 

университетін  бітірді.  Үлкен  ұлым 

Лондон қаласында банк қызметкері. 

Үйленген,  жолдасы  бар.  Кішкентай 

немерем  де  сонда  туылды.  Сөйте 

тұра  қазақша  сөйлеуге,  қазақша 

ойлауға  талпынып  тұрады.  Себебі 

тәрбие,  ұлт  тұрғысында  оларға 

қаталдау  қараймын.  Келінім  не-

мереме  ылғи:  «Бұл  атасының  ба-

ласы,  қазақша  жақсы  сөйлейді» 

деп  еркелетіп  отырады.  Ал  бір 

қызым  Астанада  тұрады.  Евразия 

университетін  қызыл  дипломмен 

бітірді.  Міне,  осыған  қарап  бала-

ларыма  қандай  тәрбие  бергенімді 

өздеріңіз де бағалай жатарсыздар... 



– Сұхбатыңызға рахмет!

айдана алаМан

№1-2 |56-57| 2012 

№1-2 |56-57| 2012 


№1-2 |56-57| 2012 

№1-2 |56-57| 2012 

36 

37 


Жалпы,  қазақ халқы ғұн (күн) түркі тайпалары ның 

ұрпақтары екендігін бүгінгі тарих беттері дәлелдеуде. 

тарих ғылымдарының докторы  зардыхан Қинаятұлы 

«моңғолиядағы қазақтар» атты еңбегінде «мұңғылдың 

қазіргі көне мекенінде ең алғаш елдігін әйгілеп, көк 

байрағын көтерген қауым – «күню» немесе ғұндар» деп 

мәлімдейді.

«Бүгінгі таңда яғни әлем ғалымдары біртұтас 

 

Алтай өлкесін яғни Ресей еліндегі таулы Алтайды, 



моңғолиядағы малды Алтайды, Қытай еліндегі 

Өр Алтайды, Қазақстандағы кенді Алтайды көне 

түркілердің  төл мекені деп мойындауда. мұны қойғанда, 

моңғолдардың төрінде абыз Білге қағанға, күлтегін 

бахадүрге арналған құлпытас, тас жазу жәдігерлері «біз 

мұндамыз»   деп тұрған жоқ па? сол сияқты біртұтас 

Алтай өлкесі яғни төрт Алтай өңірі тұнып тұрған көне 

түркілік ескерткіштерге бай. мұны бүгіндері кім жоққа 

шығара алады?» – деп жазған еді. моңғолиядағы тарих 

ғылымдарының  докторы Биқұмар кәмәлашұлы.

Алтын бесік - АсЫЛ ҚАзЫнА

Ата-баба - мҰРАсЫ



қазақ халқы бүгінде әлемнің 

қырықтан астам елінде өмір 

сүруде. Солардың бірі – 

моң ғол елін мекендеген 

қазақтар. Олар дүниежүзін-

дегі қазақ қауымының көлемді 

бөлігі саналады. Ондағы 

қазақтардың бір бөлігі еліміз 

егемендігін алып тәуелсіздігін 

жариялағаннан бастап-ақ   

жүктеу 0.72 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет