Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!



жүктеу 0.72 Mb.

бет4/8
Дата09.01.2017
өлшемі0.72 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Өзіңіз қазақтың қызы бола тұра, ханзудың яғни 

қытайдың фильмдеріне режиссер болып жүрсіз. 

қазірге дейін 15-тен астам мемлекеттік деңгейдегі 

көркем фильм мен телехикаяға режиссерлік жасап 

үлгеріпсіз. Әсіресе, қытайдың тарихы мен саяси 

тұлғаларын бейнелеген телефильмдерге режиссер 

болғаныңыз бізді қызықтырады. мәселен, қытай 

Халық республикасының тұңғыш төрағасы мао 

Цзе дунның жасөспірім шағын бейнелеген 23 се-

риялы «бір дәуірдің жастары» атты телехикаяңыз 

2007 жылы «ең үздік мемлекеттік телесериял» 

сыйлығын жеңіп алыпты. аталмыш фильмге 

режиссерлік жасау бағы сізге қалай бұйырды?

– мен балабақшадан бастап ханзу тілінде 

оқыдым. 1987 жылы Бейжіңдегі Орталық театр 

институтының актерлік курсына оқуға түсіп, бір 

жылдан кейін кеңес Одағына ең үздік студентті 

оқуға жіберу емтиханына 26 үміткердің бірі 

болып қатысып, бір өзім жеңіп алдым. сөйтіп, 

Ресейдің киноматография институтына оқуға 

аттандым. мәскеуде 9 жыл оқып, режиссерлік 

мамандықтың қыры мен сырын әбден 

меңгеріп, Қытайға келгеннен кейін ханзу 

тіліндегі киноларға режиссерлік жасай баста-

дым. менің бағымды ашып, тасымды өрге 

домалатқан – 1999 жылы Украинада нико-

лай Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» 

романы бойынша түсірілген 20 сериялы 

телефильм. Бұл туралы бұдан бұрынғы 

сұхбаттарда талай рет айтқанмын. Ал «Бір 

дәуірдің жастарының» бас кейіпкері – анау-

мынау емес, Қытайдың тұңғыш төрағасы – 

мао Цзе Дун. Ол – Қытай тарихында ғана 

емес, бүкіл әлемге белгілі саяси тұлға. 

Қытай мен шетелге өте танымал Луо Хау 

деген продюссер телефон соғып:  

«Жанар, менің қолымда мао Цзе Дун-

ның жасөспірім шағы туралы жазылған 

сценарий бар», – деді. Оның маған не 

айтқысы келіп тұрғанын сезе қойдым 

да: «Жо-жоқ, мен бұл фильмді түсіре 

алмаймын», – дедім.

– бұлай деп айтуыңызға не 

себеп болды? 

Бұл менің өз жұмысыма сенбегенім емес, мао Цзе Дунның бейнесіне алда-

жалда ахау түсіріп алып, өзіме бекер әурешілік тауып алмайын деген ой еді. 

Оның үстіне бұлар маған мао Цзе Дунның бейнесін мүсін сияқты мінсіз етіп 

жасап бер десе қайтемін, одан да аулақ жүрейін деп те ойлаған едім. Бірақ 

продюссер Луо Хау: «сен бұлай тез байлам жасама, сценарий өте жақсы, 

алдымен өзің оқып көрші. содан кейін бір бекімге келерсің», – деген соң 

оның көңілін қайтармайын деп, оқып шығуға келістім. сценарийдің бес 

бөлімін алып, оны сол түні бас алмай оқып шық тым. сценарий өте тамаша 

екен. Қатты әсер  лендім. ертесі продюссер телефон соғып: «сценарийді 

оқыған шығарсың? сенің бұл фильмді сәтті түсіруіңе сенемін. себебі, 

сен жассың, өмірге таза көңілмен, кіршіксіз пейілмен қарайсың. Оның 

үстіне жастардың рухани әлемін жақсы білесің. Өйткені, бұл фильмдегі 

кейіпкерлердің дені - жастар», – деп, біржағынан мақтап, біржағынан 

қолқалап, аталмыш фильмге режиссерлік жасауға мені көндірді. 

міне, осылайша көп құлшынысымыздың арқасында бұл фильм 

көрерменімен жүздесті. Жұрт та жылы қабылдады. Ханзудың 

көрнекті киносыншылары: «Бір дәуірдің жастары» – көрермені ең 

көп телесериал», – деп бағалады.

– Телехикаяның сәтті шығуы сценерийдің жақсы 

жазылғанынан деп ойлайсыз ба? 

– Ол жағы да бар. Дегенмен телефильмнің жақсы 

шығуында одан да басқа бірнеше себеп-ерекшелік бар 

деп ойлаймын. мысалы, төраға маоның рөлін сомдауда 

оны мінсіз мүсін секілді бейнелемей, табиғи болмысын 

бейнелеп, жалынды жас ретінде көрсете білдік. Ішкі жан 

дүниесіндегі қуанышы-жұбанышын, қайғысы мен мұңын, 

арманы мен мұратын шынайы көрнектендірдік. Біз 

әуелі осыған батылдық ете алдық. Өйткені, мао Цзе 

Дун – періште емес, ол да адам, ол да бала күнінде тен-

тек болыпты. салдыр-салақ оқып, кейде мұғалімнің 

сөзін тыңдамайтын кездері де болған. сөйтіп, біз 

жас маоның табиғи болымысын ашуға күш салдық. 

Халықтың да мұндай образды құптайтынына сендік. 

 екіншіден, әр нәрсенің өз өлшемі бар ғой. сол 

секілді біз маоның табиғи болымысын ашамыз 

деп тым асырып жіберсек, көрерменнің оны 

қабылдай қоюы екі талай еді. сол үшін батылдық 

пен жаңалық қосудан тыс, оны қалайда табиғи 

бейнелеуге ден қойдық. Шындығына келсек, 

біздің бас кейіпкеріміз мао Цзе Дунға тым 

ұқсамайды. мұның да өзіндік себептері бар. 

мао мектепте оқып жүрген кезінде шешесі 

Чаңша қаласына келгенде бірге түскен 

суреті бар екен. Біз сол суретке қарап актер 

таңдадық. Рөлге шығатын адамның көзі 

жайнаған, адамға тік қарайтын, өжет болу 

керек деп шештік, әрі ол рөлде жастардың 

албырт, ұшқалақтық қасиетін де бейне-

лей алуы тиіс деп ойладық. Асылы, мен 

актер таңдағанда көзге қатты ден қоям. 

неге десеңіз, «көз – көңілдің айнасы» 

емес пе? Жастар – өмірге құштар. 

Олар бейне жаңбырдан кейін бүршік 

жарған жауқазын секілді. Өмірге 

үлкен үмітпен, пәк махаббатпен 

қарайды.


- Өткен жыл сіз үшін жемісті 

жыл болыпты. яғни, сіз түсірген 

«Таң алдын дағы шайқас» атты 

26 сериялы тарихи телехи-

каяны Орталық телевиде-

ниенің 

«1-ар-

насы» 

жылбасы 

туынды-

сы ретінде 

эфирге 

жіберіпті. 

мұндай 

орайдың 

екінің біріне 

бұйыра 

бермесі анық. 

– Бұлай 

болады де-

ген ой менде 

болған жоқ. 

Продюссердің өзі 

бұл телехикаяны 

түсірудің алдын-

да Орталықтың 

телеарналарына 

береміз, сол арқылы 

эфирге таратамыз 

деген ойда емес-

тұғын. негізінен оны 

өлкелік  теле арналарға 

нарық бағасымен сата-

мыз деп жүрген. Өйткені, 

Қытай коммунистік 

партиясының 

құрылғанына 90 жыл, 

Чыңхай төңкерісіне 100 

жыл толатын даталы жылға 

арналып түсірілген филь-

мдер өте көп болды. соның 

№1-2 |56-57| 2012 

№1-2 |56-57| 2012 


28 

29

 



өзіне біз іліне алмай қалармыз деп 

ойлағанбыз. Ал кейін «таң алдындағы 

шайқас» Орталық телевидениенің «1-ар-

насында» жылбасы телехикаясы болып 

эфирге тарайды» дегенді естігенде 

төбем көкке жеткендей өте қуандым, әрі 

өте таңқалдым. міне, осылайша бұл жыл 

мен үшін де және фильмге ат салысқан 

топтағылар үшін де жемісті жыл болғаны 

рас. Оның үстіне қазан айында аталмыш 

телехикаяны Шыңжаңның кабельмен 

тарайтын «3-телеарнасы» қазақ тілінде 

сөйлетіп туған халқыммен қауыштырды. 

естуімше, бұл арна кабельмен 

Қазақстанда да көрсетіледі екен. соған 

қарағанда атамекендегі қандастарым 

да бұл телефильмді тамашалаған болуы 

керек. Бұдан артық қуаныш болсын ба 

менде?!

– енді телехикаяның түсіру 

алдындағы дайындық қалай 

жүргізілгені туралы айта кетсеңіз? 

– Бұл фильмге де менің режиссерлік 

жасауыма мұрындық болған – продюс-

сер Луо Хау. Ол – Чаңша телеарнасының 

орынбасар бастығы, әнші сұң зуиіңнің 

күйеуі. Ол маған телефон соғып: 

«Чаңша телеарнасы мен Хунан теле-

арнасы бірлесіп осы өлкенің қалай 

азат болғаны туралы тарихи фильм 

түсірмекші. сені бұл фильмге режиссер 

болуға шақырамын», – деді. Филь-

мге жұмсалатын қаржы мен фильм 

түсірілетін орынның бәрін ыңғайлап 

қойыпты. 2009 жылы қыркүйегінде 

фильмді түсіретін кезде Луо Хау мені 

іздеп келді. Продюссердің әңгімесінің 

ауанын бақсам, бұл фильм жасырын 

тыңшылардың қарым-қатнасына 

құрылыпты. «кешіріңіз, бұл телехикаяға 

режиссерлік жасай алмаймын, өйткені 

бүгінге дейін мұндай тыңшылыққа 

қатысты фильм түсіріп көрген жоқпын» 

деп қайтарған едім. Бірақ, продюссер 

Луо Хау қазан айының соңында маған 

телефон соғып: «мен екі жұмыс бітірдім. 

Біріншісі, сценарийстпен келісімге 

келдім, ол режиссерлікке араласпайтын 

болды. екіншісі – бұрынғы қаражаттан 

да мол қаржыға қол жеткіздім. сол 

үшін осы фильмді жақсы түсіріп шығуға 

құлшынуымыз керек», – деді. мен осы-

дан кейін барып оған келісім беріп, сце-

нариймен танысуға кірістім. 



– Сонда бұл сценарий сізге бірден 

ұнады ма? 

– сценарий менің көңілімнен 

шықпады. себебі – сценарий бір 

сыдырғы, жадағай жазылыпты. 

Оның үстіне тарихи оқиға мен сол 

кездегі адамдардың образы толық 

ашылмаған. Ал кинода әсерлеу, сурет-

теу деген секілді көркемдік амалдар 

міндетті түрде болуы керек. сонымен 

және бір сценарийст қыз Чін Жие 

екеуіміз бір бөлім тарихи оқиғаларды 

күрделестіріп, сюжеттерін шиеленістіре 

бастадық. Оған біз екі жарым айдай 

уақыт жұмсадық. енді сценарийдегі 

оқиғаларды ықшамдап, кейіпкерлерді 

теңшедік. тарихи кейіпкелердің өмірде 

нақтылы істеген ісін, айтқан сөзінің 

бәрін кіргіздік. 2010 жылдың бірінші 

наурызынан бастап фильмді түсіре 

бастадық. соған дейін сценарийдің 12 

бөлімін қайта жазып үлгердік. мұндай 

қарбаластыққа түсуімізге, біріншіден, 

мезгілдің өзгерісі, екіншіден, уақыттың 

тығыздығы мәжбүрледі. міне, осылайша 

«аттың жалында, түйенің қомында» жүріп 

жұмыс жасадық. Бір күн алаңда фильм 

түсірсек, ал кешке талқыға салып, рет-

теу жүргіземіз. көп оқиғаларды тыңнан 

ойластырдық. Бір-бірімен сәйкеспесе 

тағы болмайды. Осындай жайлар бізді 

әбден қажытты. сөйтіп кей күндері зорға 

1-2 сағат көз іліп тынығатын сәттеріміз 

болды.


 

– демек, сценарийдің үшінші авто-

ры сіз болдыңыз ғой? 

 – Әрине, солай!.. 

– бірақ қазақ тіліне аударылған 

«Таң алдындағы шайқаста» сіздің аты-

жөніңізді көре алмадық... 

 – Ханзу тіліндегі телехикаяда 

менің аты-жөнім жазылған. Ал қазақ 

тіліндегі телефильмге неге жазылмай 

қалғанын білмедім. мүмкін, Жанарға 

режиссерлік те жетпей ме деген шығар. 

Бірақ оған бола өкпелеп отырған мен 

жоқ. себебі, бұдан бұрынғы көптеген 

телесериялардың сенарийін өзгертіп 

жазуға тікелей аралассам да, атымды 

сценарий авторының қасына қосуды 

өзім қаламаған едім. Бұл жолы аты-

жөнімді жазуымның өзіндік себебі бар. 

– Ол қандай себеп болды екен?

– Ол жағы құпия болып қалсын. 

- Фильмде тарихи тұлғалардан тыс 

ойдан жасалған кейіпкерлер бар ма? 

– тарихта болған нақтылы 

оқиғалармен мұндай телехикая жасап 

шығу мүмкін емес. егер олай болса бұл 

көркем фильм емес, деректі фильмге 

айналып шыға келеді. сондықтан «таң 

алдындағы шайқас» секілді оқиғасы 

қою, күрделі фильмдерге ойдан қосқан 

кейіпкерлер әбден қажет. телехикаядағы 

бас кейіпкер коммунист Шияу тиянжидің 

ағасы Шияу тиянчі, Гоминдаң қауіпсіздік 

бекетінің орынбасар бастығы сы манан 

және каң му, Ли Хау секілді көптеген 

кейіпкерлер бар. Шыны керек, бұларды 

біз оқиға жүйесі бойынша енгіздік. Бірақ 

олардың әрбірінің өзіндік ылайықты 

орыны бар. Осы жасанды кейіпкерлерді 

біз өмірде болғандай бейнелеуге 

құлшындық. Демек, мұндай кейіпкерлер 

шынайылық тауып, тарихта болған 

тұлғалар сияқты көрінеді. 



– Тарихи тұлға гоминдаң гене-

ралы Чін миңрінің рөлін сатирик 

Сұн шиің сомдапты, ал бай Сұңши 

деген генералдың рөлін комик гуо 

да шығарыпты. демек, бұл екеуі де 

– сатирик әртістер екен. Олардың 

гоминдаң генералдарының рөлін 

сомдай алатынына қалай сенім 

арттыңыз? 

– сол кезде сатирик сұн Шиің маған 

өзі келіп әңгімелескен болатын. 

сөйтсек, сұн Шиіңнің баяғыдан 

осындай Гоминдаң генералының рөліне 

түссем деген арманы бар екен. 

 Оның үстіне ол генерал Чін миңрнің 

жасымен түйдей жасты болып шықты. 

сонымен көп ойланбастан, оны осы 

рөлге қабылдап алдық. Бізде бір жақсы 

дәстүр бар. Ол – әртіс таңдағанда та-

рихи кейіпкерлердің фотосуреттерін 

қабырғаға іліп қойып, соған ұқсайтын 

адам, лайықты актер іздейміз. Бір күні 

байқасақ, генерал Бай сұңшидің келбеті 

комик Гуо Да-дан аумайды екен. Осы се-

бептен де бұл рөлге оны алуға тура келді. 

Осыған орай «сай миңмен ылғи жаңа 

жыл концертінде комедия ойнайды. елге 

күлкіге қалмайық» дегендер болды. Бірақ 

Го Да Гоминдаңның генералын жақсы 

сомдап шығып, үмітімізді ақтады. 

 – Телехикаяға пайдаланған 

құрылыстар мен үйлер оқиға болған 

заманға үйлесім тапқандай. мұны 

қалай ойластырдыңыздар? 

 – Бұл өте жаны бар сұрақ. Өйткені, 

Хунан өлкесі бұрынғы құрылыстар мен 

үйлерді мемлекеттің қарамағына алып, 

қоршап, қорғап отыр екен. Бұл біздің 

осы фильмді түсіруімізге қолайлы шарт-

жағдай әзірлеп берді. 

 

– қанша адам түсірілімге қатысты? 

 – түсірілімге түскен актерлер жүзден 

астам. Ал қосымша рөлге қатысқан 

оқушылар мен әскерлерді қосқанда 

мыңнан асады.



 – қаржымен кім қамтамасыз етті? 

қанша қаржы жұмсалды? 

 – Қаражат жағынан таршылық 

көрмедік. түгел мемлекет қаржылан-

дырды. 


Жалпы, телехикаяға кеткен қаражат 

17 миллион юань. Қазақстан теңгесіне 

шаққанда 391 миллион теңгенің басына 

су құйдық. 



– қазір режиссер жанарды кез-

келген қытайлық алақанына салып 

ардақтайды десек артық айтпаспыз. 

Осындай құрметке ие болуыңыз 

табиғи талантыңыздың кереметінен 

бе, әлде?..

– Біріншіден, бұл Алланың маған 

берген бағы болса, екіншіден, отбасы 

тәрбиесінің арқасы. Ата-анам тәлім-

тәрбиеге өте көңіл бөлетін. Жаурап 

қалмасын, қарны ашып қалмасын деп 

емес, баланың талабына, ыңғайына 

қарап қанаттандыратын. мүмкін, ата-

анам менің бейіміме, әуесіме қарап 

қолдап, қуаттап баулымағанда мұндай 

өреге, мұндай құрметке ие болмас та 

ма едім. Бейжіңде бір көршіміз болған. 

Олардың менімен шамалас баласы 

бар еді. Біздер он жасқа толғанда олар 

Шыңжаңға көшіп кетті. сол баламен 

арада 20 жыл өткеннен кейін Бейжіңде 

кездесіп қалдық. «Құрыш қалай 

шынықты» телефильмі түсіріліп болған 

шақ еді. Ол: «Жанар, меніңше, сенің осы 

биікке жетуің – әке-шешеңнің арқасы. 

Әйтпесе, бала кезімізде бәріміз қарайлас 

едік. Әке-шешең сенің ынтыққан өнеріңе 

кедергі болмай, керісінше қолдап-

қуаттап, демеп отырды. сол үшін сен 

әке-шешеңе рахмет айтуың керек. Ал 

менің әке-шешем мені сендей қолдаған 

жоқ. менің арманымды ескермей, 

көбінесе өз мақсаттарына бұра берді. 

мұның нәтижесі керісінше болды», – 

деді. Шындығы да - сол. Осындайда 

атамыз қазақтың «тегіне қара» деген 

сөзі «отбасы тәрбиесіне қара» деген 

сөзбен тікелей байланысты шығар деп 

ойлаймын. 

– Сіз ағылшын, орыс және ханзу 

тілін жақсы білесіз. қазақ тілін де осы 

деңгейде сөйлей аласыз ба? 

– мен қазақ тіліне сіздер ойлағандай 

жетік емеспін. Бірақ ана тіліме деген 

махаббатым бәрінен күшті. себебі, менің 

жанымның тынысы да, қанымның ағысы 

да ұлтыммен, туған тіліммен сабақтас. 

сондықтан шалғайда жүрсем де қазақ 

тілін үйренуге, қазақ бар жерде қазақ 

тілінде сөйлеуге тырысамын. Бейжіңде 

болғанымда орыс, ағылшын, ханзу 

тілінде жазылған шығармаларды оқып 

шабыттанамын, шалқимын. Ал қазақ 

тіліндегі кітаптарды бұл тілдердей жаттық 

оқи алмағаныммен, одан алатын нәрім, 

тіпті бөлек. мұқағали мақатаевтің 

өлеңдерін тебіренбей оқу мүмкін бе? 

себебі, ол жанға жақын. Өйткені ол – өз 

тілің, туған тілің.

– қазақ тарихы мен салт-санасын, 

әдет-ғұрпын қаншалықты білесіз? 

– Шынымды айтсам, бұл жағынан 

әлі таязбын. Бірақ үйренуге, білуге 

құштармын. кезінде ханзу тарихшысы 

су Бихайдың қазақ тарихы мен қазақ 

мәдениеті жөнінде жазған еңбектерін 

оқығанмын. Қазір де қолым босай қалса, 

халықымыздың мәдениетіне, әдебиетіне, 

тұрмыс-салтына қатысты кітаптарды 

оқимын. Бәрібір мен ұлттық мәдениетіміз 

бен ұлттық құндылықтарымызға терең 

сүңгіп кеттім дей алмаймын. Құдай 

қаласа, өмір болса, алда ол мүмкіндікке 

де қол жеткізеріме сенемін.

 – Өз ұлтыңыздың өмірін бейнеле-

ген кино түсіру реті неге келмей жүр?

- Қазақ өмірінен кино түсірсем деген 

арманым бар. Бірақ реті келмей жүр. 

себебі, бүгінге дейін менің қолыма қазақ 

тілінде жақсы жазылған сценарий түскен 

жоқ. Ал өзім жазуға қазақ мәдениеті мен 

тұрмыс-салтына тым жеттік емеспін. 

сол үшін де Шыңжаңдағы қаламгер 

қандастарыма үміт артуға тура келеді. 

Құдай қаласа, мақсатқа жететін кез алда 

деп ойлаймын.

 – қазақ тілінде жазылған көркем 

шығармалар бар емес пе? 

– 

Дұрыс айтасыз, жақсы сценарий 

демей-ақ қояйын, тамаша жазылған 

повесть болса да жетіп жатыр. маған 

«Бір дәуірдің жастары» телехикаясынан 

басқа төрт құбыласы сай сценарий кез-

дескен емес. киноға түсіру барысында 

көбі өзгертіліп, қайта реттелді. Өкінішке 

қарай, қазақ тілінде шығып жатқан 

шығармаларды түгел оқи алмадым. Ал, 

мен білетін кейбір тарихи шығармаларды 

өзек етіп түсіруге көп қаржы қажет. 

Қаржы жеткілікті болмаса, оның 

көркемдік деңгейін, бояуын жеткізу қиын. 



 – Сіз өз жұмысыңызға ризасыз 

ба? 

 – Аллаға шүкір, өмір мені ештеңеден 

кенде еткен жоқ, бәрін берді. мен бұған 

ризамын. Осыған тәубе деймін. Әрбір 

бастаған жұмысым аяқсыз қалып 

көрген жоқ. төңірегімдегі тілеулес жан-

дар еңбегімнің құнын біліп, өз уағында 

бағалап отырды. Әйтпесе, мына әлемде 

төккен тері босқа кеткендер аз ба?! 

Әрине, барлық нәтиже қиын еңбектің 

бодауына келеді. еңбек етпей, тер 

төкпей өзі келетін бақыт бар дегенге өз 

басым сенбеймін. Бүгінгі биігіме бола 

мен өнердің шыңына шықтым, жетілдім, 

жеттім деп айта алмаймын. Алда талай 

асулар мен сынақтар күтіп тұр. содан 

аман-есен өтуге дайын болуым керек.

 

– Әңгімеңізге рахмет!



 

Әлімжан ӘШІМҰЛЫ, 

Қуандық КӨБЕНҰЛЫ.

Алматы – Бейжің – Үрімжі – Алматы

Алтын бесік - ЖеР ЖҮзІ

Әлем қазақтары - сЫР ШеРтеДІ

№1-2 |56-57| 2012 

№1-2 |56-57| 2012 



30 

31

 



Ерболат мырза, сізді жеңістің 

биік тұғырына көтерілуіңізбен 

құттықтаймыз және моңғол 

елінде қазақ жастарының кәсіби 

спортқа ден қоя бастауы бізді 

қуантып тастады…

- Мені елеп-ескеріп құттықтап 

жатқан cіздерге рахмет. Атам қазақ: 

«Иман отқа жанбайды, жақсылық 

жерде қалмайды» деген екен, 

тілеулестік білдерген атажұрттағы 

ағайындарға да сәлем. Бәріңізге бір 

Алла жар болсын!

Алтын бесік - ЖеР ЖҮзІ

Әлем қазақтары - сЫР ШеРтеДІ

Ұрпақ үзілмейді, су сүзілмейді 

демекші, моңғол елінде шама-

мен 140 мыңдай қазақ тұрады. 

Бұлардың дені – Бай-өлке айма-

ғын да. Ол жақта 100 мыңның 

үстінде өз қандастарымыз өмір 

сүруде. Соңғы жылдары біздің 

қазақ аймақта спортқа көңіл 

бөлініп, жастардың құлшынысы 

ояна түсуде. Мысалы, өткен жылы 

осы елдің ұлттық күресінен Серік 

Қожаберген деген қазақ баласы 

мемлекеттік надаамында (тойында) 

жасөспірімдер арасында екінші 

орын алды. Надаам-той жылына 

бір-ақ рет өтеді. Аталмыш тойда 

топ жарған балуанның абыройы – 

Олимпиада чемпионынан да артық 

бағаға ие. Енді ойлай беріңіз…

- Сенің қысқаша спорттық 

тарихыңда алғашында моң-

ғол дың ұлттық күресімен 

айналысқан деп жазылыпты…

- Ол – рас. Қазақ өзі туадан 

жекпе-жек сайысқа бейім халық 

қой. Алғаш рет, яғни, 2008 жылы 

мОңҒОЛИЯнЫ 

мОйЫнДАтҚАн...

аймақтағы моңғолдың ұлттық 

күрес үйірмесіне барып жазылдым. 

Бойым ұзын, аяқ-қолым балғадай, 

бапкерлер де риза, шынымды 

айтсам, күрес қатты ұнады. Бар 

ынта-шынтамды салып, кірісіп 

кеттім. Бір күні тайраңдап жаттығу 

жасап жатыр едім, аймақтық Бокс 

федерациясының президенті, таны-

мал бапкер Қайнар Қайсанайұлы 

келді. Бұл кісі  күрес үйірмесінде 

жүрген  досым Мұстафа екеумізді 

сырттай бақылап, көріп жүреді 

екен. Екеумізді шақырып алып,  

бокс спортымен  шұғылдануға 

ұсыныс жасады. Мен ойланып 

қалдым. Мұстафа досым бірден 

келісе кеткені. Сөйтіп, мен де до-

сымнан қалатын емес, күресті 

доғара тұрып қолыма бокс 

қолғабын кидім.  Осыдан бастап 

бокс спортының әліппесімен таны-

суыма жол ашылды.

Бірақ сіз бокспен шұғылдана 



жүріп,  ұлттық күрес сайысы-

на да қоса қатысқан кездеріңіз 

болған дейді?..

- 2010 жылы шілде айында 

Моңғолдың ұлттық құрамасы әр 

аймақтан үздік боксшыларды жи-

нап, жыл сайынғы дәстүр бойынша 

45 күндік   оқу-жаттығу жиынын 

өткізетін болды. Осыған мені де 

шақырды. Тура осы тұста өзіміздің 

аймақта да үкіметтік той өткелі 

жатқан. Ол да жылына бір-ақ рет 

болады. Тойда күресіп, бағымды 

сынағым келді. Жоғарыдағы 

айтқан оқу-жаттығуды жиып та-

стап, ауылдағы айран-асыр күреске 

кірдім де кеттім. Үкімет тойын-

да күресіп жүргенімді бапкерім 

Қайнар аға көріп қапты. Келді 

де, былай деді: «Ерболат бауы-

рым, сен боксқа  аса дарынды 

баласың,  күреспен шұғылдануыңа 

қарсы емеспін, бірақ моңғолдың 

ұлттық күресінен қандай бір 

нәтиже шығару мүмкіндігің аз 

және бұл күрес Олимпиада спорт 

түріне ешқандай қатысы  да 

жоқ.  Бокс – Моңғолияда жақсы 

дамып келе жатқан спорттың түрі. 

Сені кешікпей ұлттық құрама 

командаға шақыруы да мүмкін. 

Оқу-жаттығу жиынына бекер 

шақырылып  отырған жоқсың. Бұл 

кез-келген қазаққа табыла беретін 

мүмкіндік емес. Осы мүмкіндіктен 

айырылма! Аянбай еңбектеніп, 

мұндағы аз қазақтың атын шығар

ол сенің қолыңнан келеді», – деп 

егелеп тұрып айтты.

Осы кездесуден кейін 

бапкерімнің айтқандарын ой 

елегінен өткіздім де, біржола бокс-

пен шұғылдануға бел байладым. 

Ертеңінде, қолғабымды арқалап 

астанамыз Ұлан-Батырға жол тарт-

тым.



1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал