Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!



жүктеу 0.72 Mb.

бет3/8
Дата09.01.2017
өлшемі0.72 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

даниядағы 

дүбірлі жиын

Биылғы жылдың мамыр айында Дания елінің Аархус қаласында еуропа қазақ-

тарының кіші құрылтайы өтті. Осы орайда еуропадағы кіші құрылтайдың өз деңгейінде 

сәтті өтуіне Президент н.Ә. назарбаевтың тікелей тапсырысы бойынша «самрұқ-

Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры арнайы қолдау көрсеткенін де айта кеткеніміз жөн. 

сондай-ақ, кіші Құрылтайға Қазақстанның Дания мен Германиядағы елшілігі мен  

ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан да нақты көмек жасалынды.

Құрылтайға аттанған қазақстандық делегацияны Дүниежүзі қазақтарының қауым-

дастығы төрағасының бірінші орынбасары т.мамашев бастап барды. Алматы – мәскеу 

– Гамбург бағыты бойынша ұшақпен барған делегацияны Германия Федеративтік 

Республикасындағы Қазақстан Республикасы елшісінің кеңесшісі серікбай Жұмабаев 

пен марат кәрімов, Ганновердегі консул Аян Қашабаев, Даниядағы қазақ мәдени 

қоғамының бастығы нұрарман Аюби, қазақ диаспорасының белсенді өкілдері 

сүлеймен Шаткам және Акбар Аюби сынды азаматтар қарсы алды. 

менің елім - ҚАзАҚстАн

№1-2 |56-57| 2012 

№1-2 |56-57| 2012 


18 

19

 



Алтын бесік - АтАмекен

менің елім - ҚАзАҚстАн

делегацияға ризашылығын білдірді. 

Аархус қаласы өте әсем де 

таза, жып-жинақы Қала көшелері 

жап-жасыл жапырақтармен 

көмкеріліп тұр. көп қабатты үйлерді 

кездестірмейсіз. Қала негізнен 

3-5 қабатты үйлерден тұрады. 

Адамның өмір сүруіне өте қолайлы. 

Қала энергиясын әлемдегі ірі 

компаниялардың бірі «Vestas» 

қамтамасыз етеді екен. Осын-

да жұмыс істейтін қандасымыз 

Акбар Аюби өзі бастап жүріп 

бізді компанияның ғимаратымен 

таныстырды. Онда еңбек ететін 

адамдарға бар жағдай жасалған. 

Асхана, демалыс бөлмелері, тре-

нажер залы, спортпен айналысуға 

арналған түрлі жабдықтыр – бәрі 

бар. 


Құрылтайға жан-жақтан төрт 

жүзден астам адам жиналды. Да-

нияда 11 қазақ отбасы тұрады. 

Олар негізінен Аюбилер әулеті. 

Бұл отбасындағы ең жасы үлкен 

қариясы – Амангүл апа. Оның 

кіндігінен тараған бала-шағасы, 

немере-шөберелері Ауғанстаннан 

1985 жылы осында қоныстаныпты. 

екі келіні Қазақстаннан, олар – се-

мей мен Қарағандының тумалары.

Құрылтайдың шымылдығы 

футбол жарысымен ашылды. фут-

бол алаңында Қазақстанның және 

Данияның тулары ілінген, қазақтың 

күйі күмбірлеп, әндері шырқалып 

тұрды. күн ашық, халықтың көңіл-

күйлері көтеріңкі. Бір жерде тамақ 

әзірленіп жатса, келесі бір жерде 

сауда-саттық жүріп жатты. Алыстан 

келген ағайындар өзара қауышып, 

әңгіме дүкен құрып мәз.

Жарыс басталар алдында 

Ұлыбритания елінен атажұртқа 

келіп, назарбаев университетінде 

ұстаздық етіп жүріп кенеттен 

қайтыс болған белгілі ғалым Қахан 

Отыншыны еске алуға арналып, бір 

минут үнсіздік жарияланды, одан 

кейін бабалар аруағына бағыштап 

құран оқылды.

Бұл жолы футбол жарысына 

алты команда қатысып, бірінші 

орынды мюнхен командасы ие-

ленсе, екінші орын Данияға, үшінші 

орын Парижге бұйырды. ең ба-

стысы жалындаған қазақ жастары 

спорт додасында танысып-табы-

сып қандас бауырларын тауып 

қайтты. Осы таныстық олардың 

алдағы аралас-құраластығына жол 

ашып жатса – біздің мақсаттың 

орындалғаны. 

Бұл құрылтайдың бұрынғы 

құрылтайлардан бір өзгешелігі 

– елшіліктің ұйымдастырған 

тұңғыш рет «Қазақ тілін білесің 

бе?» атты сайыстың өткізілуі бол-

ды. сайысқа еуропа елдерінен 

40-тан астам бала қатысты. Бұл 

сайыс балалардың арасында өте 

үлкен қызығушылық тудырды, 

нәтижесінде бірінші орынды сафа 

Жаналтай (Ұлыбритания), екінші 

жүлде мәдина Үйсел (Франция), 

үшінші жүлде Әмір Аюби (Дания) 

еншіледі. Бұл игі бастама келесі 

құрылтайларда да жалғасын таба-

ды деген үміттеміз. Шетелдердегі 

қазақ жастары ана тілінен қол 

үзіп қалмасын десек, құрылтай 

шеңберінде мұндай шараларды 

ұйымдастыруды дәстүрге айнал-

дыруымыз керек. Біздіңше, негізгі 

шаралардың бірі міндетті түрде 

ана тілі мәселесіне арналған жөн. 

Яғни, «сөзі жоғалған жұрттың, өзі 

де жоғалатынын» ұмытуға қақымыз 

жоқ. 

Осы күнгі кеште теңіз 



жағалауындағы мейрамханада 

Германия Федеративтік Республи-

касы мен Дания корольдігіндегі 

Қазақстанның төтенше және 

өкілетті елшісі нұрлан Онжановтың 

қабылдауында болдық. Ол өз 

кезегінде: «сексенінші жылдардың 

басында Берлиндегі Гумбольдт 

университетінде оқып жүргенімде 

алғаш рет шетелдік қазақ 

диаспорасының өкілдерімен 

танысқан едім. Бүгінгі мерекеге 

солардың кейбірінің балала-

ры қатысып отыр. сонау ауыр 

жылдарда да қазақтар бірін-бірі 

ұмытпады, жерлестік, туыстық бай-

ланыстарын үзбеді, еуропадағы 

басқа ірі ұлттарға жұтылып кетпей, 

ұрпақтарының жүрегіне қазақ деген 

ұлттың өкілі екендерін, Қазақстан 

деген атажұрты барын мықтап құя 

білді. тәуелсіздіктің арқасында енді 

бүгін бастарын қосып, атажұрттан 

ат арытып арнайы келген делега-

цияны күтіп алып, Дания жерінде 

ұлан-асыр той жасалып жатыр», 

– деп әңгімені әріден қозғап, өте 

мазмұнды сөз сөйлеп, кешкі асқа 

шақырды. Қабылдау өте көңілді, 

іскерлік жағдайда өтті. 

кіші Құрылтай кезінде 

жұртшылықтың есінде қалған 

ерекше әс-шаралардың – бірі 

«Қазақстан және шетелдегі 

қазақтар» атты кітап көрмесі бол-

ды.


көрменің ашылуында сөз 

сөйлеген профессор Шерубай 

Құрманбайұлы тіл комитеті та-

рапынан өткен жылы балаларға 

арналған «Әлем халықтарының 

таңдамалы ертегілері» атты се-

риямен 60 том, «Әлем балалар 

әдебиетінің інжу-маржандары» 

деген сериямен 15 том кітап 

жарық көргенін, сондай-ақ, 25 

томдық танымдық энциклопеди-

ялар (табиғат, аң-құс, жануарлар, 

өсімдіктер т.б.) шығарылғанын 

атап өтті. Бұл кітаптар түрлі-түсті 

бояулармен көркем безендіріліп, 

балаларды қызықтыратындай 

болып жарық көрген. Әлем ба-

лалар әдебиетінің озық үлгілерін 

қазақ балаларының өз ана тілінде 

оқығаны өте маңызды. сондай-ақ, 

Джек Лондон, марк твен, Даниэль 

Дефо, Джеймс Гринвуд, Генри Ха-

гард, Жюль Верн сияқты әлемге 

танымал жазушылардың еңбектері 

де жасөспірімдерге арналып 

қазақ тілінде жарық көрді. мұхтар 

Әуезовтың «Абай жолы» трилоги-

ясы, махамбет ақынның өлеңдері, 

Бейімбет майлин сынды қазақ 

классиктерінің шығармаларын 

сD-ге аудиокітап түрінде 

шығарылды. мұны кез келген 

адам өзіне қолайлы кезде – жол-

да, көлікте келе жатып та тыңдай 

алады. Қазақ жазушыларының 

шығармаларымен танысуға жазу 

ерекшелігі – латын, кирилл, араб 

әліпбилері де кедергі бола ал-

майды. Осы өнімдердің барлығы 

еуропа қазақтарының балаларына 

Қазақстан Республикасы мәдениет 

және ақпарат министрлігі атынан 

тарту етілді. Және басқосу бары-

сында мұндай қолдаудың алдағы 

уақытта да көрсетіле беретіні атап 

айтылды. 

Осы орайда, қиындық туды-

рып отырған бір мәселе жөнінде 

де сөз қозғай кеткен дұрыс. 

Яғни, бүгінгі таңда жер жүзіндегі 

қазақтар үш түрлі әліпбиді 

пайдаланады. Осыған орай, 

болашақта бүкіл түркітілдес 

халықтардың бір әліпбиді тұтынуы 

өте маңызды екендігін де естен 

шығармағанымыз абзал. Әлемде 

Гете, конфуций институттары 

ашылған, біз де шетелдерде 

Абай институттарын ашып, қазақ 

мәдениетін кеңінен насихатауды 

қолға алсақ жөн болар еді. 

Аталмыш көрмесін 

құрылтайға қатысушылар үлкен 

қызығушылықпен қабылдады. 

көрмеге қойылған кітаптар, 

аудиодискілер Даниядағы қазақ 

мәдени қоғамына тарту етілді.

кіші құрылтайдың 

бағдарламасы аясында өткен 

«Қауымдастыққа 20 жыл: Ана 

тілім – парызым» атты дөңгелек 

үстелде де қазақ тілі мәселесі 

талқыланды. Бұл басқосуға еу-

ропа елдеріндегі Қазақ мәдени 

орталықтарының жетекшілері 

мен қазақстандық делегация 

мүшелері қатысты. Бұл басқосуда 

Қазақстаннан қазақ тіліндегі га-

зет-журналдарды алдырудың 

қиындығы сөз болды. Ана тілін 

үйрететін мұғалімдердің жоқтығы 

да айтылды. Осыған орай, интернет 

ресурсқа айрықша назар аудару 

қажеттігі ортаға қойылды. Яғни, 

қазіргі кезде барлық ақпаратты 

интерет жүйесі арқылы таратуға 

болатын жайдайға жеттік. Бұл – 

үлкен жетістік. Осыны дұрыс пай-

далану қажет. сондай-ақ, шетелдік 

жас жеткіншектерді Қазақстанға 

көбірек шақыруды жүйелі түрде 

қолға алу керек. мысалы, бізде 

шетелдік жасөспірімдерді дема-

лыс уақытында Қазақстандағы 

№1-2 |56-57| 2012 

№1-2 |56-57| 2012 



1930  жылдары  Қазақстанның 

жер  –  жерінде  «Балапан  кетіп 

басына,  тұрымтай  кетіп  тұсына» 

деп  суреттелген  заман  туды.  Біз 

таныстырғалы отырған эссенің авторы 

Бәтима  Жакулина  Семейдің  Еңірекей 

деген  жерінде  1930  жылы  дүниеге 

келді.  Әкесі  Құлмұхан  қуғындалып 

жүріп, тұңғышы Бәтиманің бір жасқа 

толғанын  көре  алмай  дүние  салды. 

Шешесі  Нұрби  үш  жастағы  жалғыз 

тұяқ Бәтимасын арқасына таңып алып, 

үш жүз шақырым жол басып, тау асып, 

1933  жылы  жазғытұрым  ауған  елмен 

бірге  шұбырып,  Қытайдың  Шәушек 

қаласына жетті. 

Сол үш жасар қыз бала шешесіне ес 

болып,  Шәушек  қаласында  өлместің 

күнін  көріп,  мектеп  табалдырығын 

аттап,  қоғамдық  жұмысқа  араласып, 

тұрмысқа  шығып,    Бәтима  Жакулина 

атанды. 


Жакулина  атанатыны  былай: 

1930 жылдары Шығыс Қазақстанның 

Ақсуат  өңірінде  болыс  болған 

алашшыл  азамат  Жакула  өзінің  1932 

жылы  қол  бастап  жасаған  қарулы 

көтерілісі  сәтсіздікке  ұшыраған  соң 

бала-шағасын  ертіп,  туыстарымен 

бірге Шәушек қаласына қашып барып 

қоныстанады.  1946  жылы,  Бәтима 

Құлмұқанқызы  сол  Жакулина ның 

кенже  ұлы  Әнуармен  тұрмыстанып, 

Жакулина атанады. 

Кейін  келе,  Бәтима  апайымыз 

ШҰАР  әйелдер  бірлестігі  төрайы-

мының 

орынбасары, 



«Шынжаң 

әйелдері»  журналының  (ұйғырша) 

бас  редакторы  болды.  Соңынан, 

Қытайдағы  қазақ  халқының  саны  бір 

жарым милион адамға жету орайымен, 

тұңғыш рет Мағауия Жакулин ақсақал 

(Әнуар Жакулиннің ағасы) сайланған, 

қазақ  әйелдерінің  қолы  жетеді 

деп  ешкім  ойламаған,  Қытайдың 

Мемлекеттік Саяси кеңесінің тұрақты 

жорасы  деген  биік  те,  мәртебелі 

орыннан үшінші қазақ болып көрінді. 

1990  жылдардың  басында  Бәтима 

апайымыз  Қытайдағы  қазақтардың 

арасынан  оза  шауып,  өз  басынан 

эссе жазуға кірісті. Қазақ тіл жазуын 

жетік игеріп, қазақ баспасөзінің басы 

–  қасында  жүрген,  қазақ  баспасөзін 

қашан да қадағалап отыратын Бәтима 

апайымызға  өткенді  баяндау  қиынға 

түспегені аян. 

Сонымен,  эссе  2006  жылы 

«ШҰАР Шынжаң халық баспасынан» 

тұңғыш  рет  төте  жазумен  жарық 

көрді.  Ал,  биылғы  жыл  басында, 

кітаптың  көшірме  нұсқасы  Қайрат 

Ғабитқанұлының 

редакциясынан 

қайта өтіп, Қазақстанның «Елтаным» 

баспасынан  жарық  көріп,  таралым 

салты  өтіп,  тұсауы  кесілді.  Кітаптың 

таралым  салтына  Үрімжі  қаласынан 

20 

21

 



Алтын бесік - ЖеР ЖҮзІ

Әлем қазақтары - сЫР ШеРтеДІ

«Балдәурен» балаларды сауықтыру 

лагеріне демалдыру тәжірибесі бар. 

сондай-ақ, қазақ диаспорасының 

жас толқынын арнайы тілдік ор-

тада қазақшаға үйрету де қолға 

алына бастады. Осы орайда Гол-

ландияда тұратын Әубәкір зен-

гин Қазақстанның шетелдердегі 

елшіліктерінен жан-жақты көмек 

күтетінін тілге тиек етті. мысалы, 

елшіктер «наурыз», «Қазақстан 

тәуелсіздік күні» сияқты мереке-

лерде осы елдердегі қазақтардың 

басын қосып тұрса нұр үстіне нұр 

болар еді. Ал Абдулқаюм кесижи 

дөңгелек үстелде сөйлеген сөзінде 

«ағылшынша, французша өлең- 

жырлар жазатын жастарымыз 

шығып келеді; ол шығармалардың 

тілі басқаша демесеңіз, жаны 

қазақша – соларды аудартып, 

Қазақстанда бастыру қолға алын-

са», – деп өтініш айтты. 

Дөңгелек үстелді ашып, 

жүргізіп отырған талғат мамашев 

жиналғандарға шілденің 27-нен 

тамыздың 12-сі аралығында Лон-

дон қаласында өтетін XXX жазғы 

олимпиадаға барған Қазақстан 

спортшыларына жанкүйер 

болуға шақырған Қазақстан 

Республикасының спорт және 

туризм агенттігі басшыларының 

өтінішін жеткізді.

сол күні кешкілік еуропа 

қазақтарының кіші құрылтайының 

салтанатты ашылуы бол-

ды. Бұл салтанат Қазақстан 

Республикасының Әнұранымен 

басталды. Бұдан кейін Қазақстан 

Республикасының Президенті 

нұрсұлтан назарбаевтың еуропа 

қазақтарының кіші құрылтайына 

арнаған құттықтауын Қауымдастық 

төрағасының бірінші орынбасары 

талғат мамашев жұрт алдын-

да оқып, оны Даниядағы қазақ 

қоғамының жетекшісі нұрарман 

Аюбиге табыс етті. Бұл құттықтауды 

жұртшылық қауым ыстық 

ықыласпен қабыл алды. сондай-

ақ, Қазақстан Республикасының 

Германиядағы құрметті консулы 

Петерсен аталмыш құрылтайдың 

ашылуымен құттықтап, өз 

ризашылықтарын білдірді.

салтанатты кеш Қ.Болманов, 

Қ.Әбілдина және «Қоңыр» тобы 

сынды Қазақстанның өнер 

шеберлері сахнаға шыққан үлкен 

концертке ұласты. Осыған орай, сөз 

реті келгенде Дания елінде жүрген 

азғантай қазақтар арасында да сол 

елге танымал өнер жұлдыздар бар 

екендігін айта кеткеніміз жөн. 

мысалы, Данияның Ұлттық «DT 

1» және «TV 2» телеарналарын-

да өз өнерлерін көрсетіп жүрген 

«MTM» тобының рэп әншісі Ха-

митхан Аюби мен «Dansing star» 

тобының бишісі кәмила Аюбиді 

таныстыру артықтық болмас. Бұлар 

біздің де мақтанышымыз болуға 

лайық.


Бір сөзбен айтқанда, еуропа 

қазақтарының Даниядағы кіші 

құрылтайы барынша табысты өтті. 

Құрылтай өткізудің ендігі Франция 

қазақтарына үлесіне тиді.

келесі жылы Парижде кезде-

скенше, құрметті бауырлар!..

 

    



 

Ботагөз УАТҚАН

Дүниежүзі қазақтары 

қауымдастығының 

ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі

Алматы – Аархус – Алматы

арнайы  келген  автор  –  Бәтима 

Құлмұқанқызы  Жакулина  эссенің 

жазылу барысын таныстырды. Эссені 

бұрынды-  соңды  оқып  көргендер 

дәмді – дәмді бағаларын берді. Бәтима 

апайымыз жақсы күнде тасып, жаман 

күнде  жасымаған  адам.  Ол  кісінің 

қаламынан  туған  мынау  эссенің  аты 

да  соңы  аңғартады.  «Өтті  бір  өмір 

өксіп» те емес, немесе «Өтті бір өмір 

шаттанып» та емес. Бұл бір ана тәлімін 

алып,  мектеп  құшағында  өсіп,  өмір 

ошағын көріп, оң мен солын таныған 

адамның  ойынан  туған  –  «Өтті  бір 

өмір осылай». 

Бұл кітап жеке отбасы, жеке адам 

жөнінен  жазылған  эссе  болғанымен, 

жай адамның, жай отбасының жадағай 

жайын  ғана  баяндап  отырған  жоқ. 

Үңіліп оқысаңыз, қазақ ұлтының үлкен 

бір тобының басынан өткен аумалы – 

төкпелі өмірді, бір үзік қиын – қыстау 

тарихты  елестетеді.  Яғни,  өткен 

ғасырдың  отызыншы  жылдарының 

басындағы  орыс  үкіметінің  қазаққа 

жасаған 

өктемдігінен 

басталып, 

Қытайдағы 

аласапыран 

шаққа, 


Қытайдың  «Мәдениет  төңкерісі» 

соқтырған  қара  боранға  ұласқан 

тарихи кезеңдегі жай – жапсарлардан 

дерек береді. 

Эссенің  соңы  Қытайда  жылымық 

саясат  жүріліп,  жайма-шуақ  күн 

көтерілген;  Қазақстанда  көк  ту 

желбіреп,  жұртшылықтың  жүзінен 

көңілсіздік 

серпіліп, 

тәуелсіздік 

қуанышы  сезілген  өмір  шаттығымен 

аяқтайды.  Бұл  сөзімізге  кітаптың 

«Арқадан ауғанда» деген тақырықппен 

басталып,  «Тойдан  тойға»  деген 

әңгімемен аяқтауы дәлел. 

Айтқаны  анық,  ойы  тұнық,  сөзі 

саралы,  сөйлемі  жатық  бұл  эссені 

жұртшылық  қауым  қызыға  оқитыны 

анық.


Меллат Раметұлы   

             

Жакулина 

ж¯не оны¤ эссесі

№1-2 |56-57| 2012 

№1-2 |56-57| 2012 



22

 

23



 

– Қадірменді халайық! Құрметті 

құрылтай қатысушылары! – деп 

бастады ол кісі өз сөзін. - Республи-

калық қазақ ұлттық мәдени 

орта лы ғының VII құрыл тайына 

қош келдіңіздер! Бүгін осында 

жиналудың негізгі мақсаты - Рес-

публи калық Қазақ Ұлттық мәдени 

орталығына төраға сайлау. Осын-

дай жауапты істі қалтқысыз таза 

жүргізуіміз үшін президиум мүше-

лігіне 9 азаматты ұсынамын. Олар: 

Бәкір Серікбаев, Марат Үкібаев, 

Қалдыбек Сейданов, Ағытай Ады-

лов, Насреддин Мұхамеджанов, 

Қанапия Әжібеков, Фарида Парма-

нова, Құдайберген Мырзамұратов 

және Әлішер Ғаппаров мырзалар.

Осыдан кейін аты аталған кісілер 

президиумге шақырылды. Бұдан 

әрі басқосуды Құрылтайды өткізу 

жөніндегі ұйымдастыру комитетінің 

төрағасы Бәкір Серікбаев жүргізді. 

Ол кісі өз сөзінде Мәдени 

орталықтың төрағалығына 

үміткерлер болып Ташкент қалалық 

Қазақ мәдени орталығының 

төрағасы Қанафия Әжібеков, 

Ташкент облыстық Қазақ мәдени 

орталығының төрағасы Құдайберген 

Мырзамұратов және Республикалық 

Қазақ Ұлттық мәдени орталығының 

төрағасы Марат Үкібаевтар 

тіркелгенін атап айтты.

Құрылтайдағы алғашқы сөз 

Өзбекстан Қазақ Ұлттық мәдени 

орталығының төрағасы Марат 

Үкібаевқа берілді. Ол Орталықтың 

2008 – 2011 жылдары атқарған 

жұмыстары туралы есепті баянда-

ма жасады. Баяндамада көпұлттық 

республикада қазақ ұлтының 

өкілдерінің де басқа халықтармен 

терезесі тең болып, өзбек халқымен 

ынтымағы жарасып тату-тәтті, ты-

ныш өмір сүріп келе жатқандығы 

жан-жақты айтылды. Бұл ретте 

баяндамашы «Өзбекстанда барлық 

ұлттардың дамуына, өсіп-өнуіне, 

өз ұлттық құндылықтарын сақтап 

және өркендеуіне барлық жағдай 

жасалған. Біз сол үшін де өзбек 

халқына, Елбасына өзіміздің 

ризашылығымызды білдіреміз. 

Мұны біз екі ел Президенттерінің 

бастамасымен қабылданған 

Өзбекстандағы

 

Өткен жылдың соңында ташкент қаласындағы «Достық» үйінің мәжіліс  



залында Өзбекстан Республикалық Қазақ Ұлттық мәдени орталығының  

VII құрылтайы өтті.

Құрылтайға науаи, сырдария, Бұхара, ташкент облыстары мен Қарақалпақстан-

нан сайланған делегаттар мен қонақтар қатысты. Бас қосуға кел гендер ең ал-

дымен «тәуелсіздік және ізгілік монументіне» гүл шоқтарын қойып, содан кейін 

мәжіліс өтетін жерге жиналды. Құрылтайды Республикалық Қазақ Ұлттық мәдени 

орталығы төрағасының орынбасары Шералы садықов ашты. 

қазақ құрылтайы

Қазақстан мен Өзбекстан Республи-

калары ортасындағы «Мәңгі 

достық» келісімінде белгіленген 

шаралардың сәтті жүзеге асып 

жатқандығында деп білеміз», - деп 

атап айтты.

Баяндамашы сөз барысында 

қазақ ұлттық ұйымының сонау 1989 

жылдан бастау алғандығын, ал 

кейін Республика егемендік алған 

күннен бастап Қазақ Ұлттық мәдени 

орталығы ретінде қалыптасып, 

жұмысын сәтті жалғастырып 

келе жатқандығын тілге тиек 

етті. Міне, содан бері табаны 

күректей 20 жыл өткендігін, сол 

уақыт ішінде мәдени орталықтың 

талай белестерден асқандығы 

жайлы айта келіп баяндамашы: 

«Әсіресе, ел Тәуелсіздігінің 

арқасында өшкеніміз жанып, 

салт-дәстүрлеріміз қайта жандана 

түсті. Ораза және Құрбан айтта-

рын, Наурыз мейрамдарын кеңінен 

атап өту мүмкіндігіне ие болдық. 

Тәуелсіздік туының желбіреуі 

ата-бабаларымыз арман еткен ұлы 

істерді жалғастыруға мүмкіндік 

берді. Бұл дәуірде қазақ, өзбек 

халықтары арасындағы достық, 

әдеби-мәдени байланыстар жаңа 

деңгейге көтерілді. Республикалық 

«Нұрлы жол» газеті қазақ 

тілінде шыға бастады. Өзбекстан 

телерадиокомпаниясының «Ди-

дар» бағдарламасы, қазақ радио 

бөлімі қазіргі күнге дейін хал-

қымыз үшін сүбелі қызмет ат-

қарып келеді. Сондай-ақ, Ташкент, 

Гүлістан, Науаи және Нөкіс 

қала ларындағы мемлекеттік 

универ ситеттерде қазақ тілі және 

әдебиеті кафедрасы жұмыс істеп, 

республикамыздағы 500-ге жуық 

қазақ мектептеріне ұстаздар дай-

ындауда. Республикамыздың түрлі 

салаларында 300-ден астам қазақтан 

шыққан ғылым докторлары мен кан-

дидаттары жұмыс атқарып келеді. 

Міне, осының бәрі халқымыздың 

Алтын бесік - АтАмекен

менің елім - ҚАзАҚстАн

№1-2 |56-57| 2012 

№1-2 |56-57| 2012 



24 

25 


өсіп-өркендеуі, мәдениеті мен 

тілінің, салт-дәстүрінің сақталып 

дамуы жолындағы оң өзгерістер 

екендігі даусыз. Бүгінгі күнге 

дейін Қалдыбек Сейданов, Бәкір 

Серікбаев, Темір Айдаров, Айталы 

Әтішев, Әбдіхалық Айдарқұлов, 

Әлішер Ғаппаров, Қамбар Жолда-

сов, Марат Арынов, Рысбай Анар-

беков, Шералы Садықов, Орынбай 

Манапов сынды ел ағалары, Мекем-

бай Омаров, Құлмахан Дүйсенов, 

Боран Қыдыров, Қаһарман Бе-

гежанов, Айтуар Сабыров, Лала 

Жүнісқызы сияқты өнер майтал-

мандары, Фарида Парманова, Хам-

за Халмұратов, Анар Нәлібаева, 

Замира Жиенбаева, Жамалиддин 

Якубов, Ералы Құрбанов, Марат 

Шынаров, Айша Анарқұлова, 

Гүлнара Үбайділлаева сияқты қазақ 

ұлтының жанкүйерлері, орталықтың 

аймақтардағы бөлімдерін басқарып 

отырған Қанафия Әжібеков, 

Құдайберген Мырзамұратов, 

Әбдіманап Әбдісаттаров, Жанат 

Әлиев, Артықбай Құрбанбаев, 

Дінислам Қанаев, Парахат 

Болғанбаева, Әбдіқадыр Са-

паров, Алдаберген Өскенбаев, 

Жақсылық Оразбаев және Үсен 

Шындауылов сияқты ел азаматтары 

орталығымыздың жұмыстарына 

белсене араласып, оның деңгейін 

жаңа биіктерге көтеруге өз 

үлестерін қосып келеді, – деп атап 

өтті. 

 Сондай-ақ, баяндамашы алдағы 



атқарылатын жұмыстарға да тоқ-

талды. Бұл ретте, «Қазақстан-

Дос тық университетін» аяқтаған 

өзбек стандық студенттердің 

диплом дарын нострификациялау, 

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық 

университетінің филиалын аста-

намыз Ташкент қаласында ашу, 

Өзбекстандағы қандастарымыз үшін 

Ұлттық театр ашу, қазақ тілінде 

жарық көретін Республикалық 

«Нұрлы жол» газетіне жазылым-

ды жандандыру жайлы да әңгіме 

өрбітті. 

 Бұдан әрі баяндамашы ма-

мыр айында Тәуелсіздігіміздің 

және «Нұрлы жол» газетінің 20 

жылдығына орай Ташкенттегі 

«Истиқлол» өнер сарайын-

да өткен халықаралық айтыста 

жерлестеріміз Құлмахан Дүйсенов, 

Нұрхан Түймеқұловалардың ерек-

ше өнер көрсеткеніне тоқталып, 

Өзбекстан арнасындағы «Дидар» 

телебағдарламасының жетістіктері 

жөнінде де пікір білдірді. 

Баяндамашыдан кейін сөз 

кезегі Өзбекстан Республикасының 

Қаһарманы Ағытай Адыловқа 

берілді. Ол өз сөзінде орталықтың 

жасаған мәдени іс-шараларын 

жоғары бағалай келіп: «Тереңірек 

алып қарайтын болсақ, бұл 

ұйымның жұмысы едәуір ауыр. 

Өйткені, ол – мемлекеттік емес, 

қоғамдық ұйым. Оның ешқандай 

қаржы көздері жоқ. Ал әрбір іс-

шараны қаржысыз өткізіп болмай-

ды. Соған байланысты әркімнен 

қаржылық көмек сұрай беру де 

ыңғайсыз. Сондықтан, менде бір 

ұсыныс бар. Өзбекстан Қазақ 

Ұлттық мәдени орталығының 

жанынан арнайы бір қор ашылса 

деймін. Бұл қорға әуелі еліміздегі 

қалталы азаматтар, қала берді 

жүрегінде оты бар, өз тілімізді

мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді, 

тарихи құндылықтарымызды 

сақтап, насихаттауға ықылас 

білдіргендер қолдарынан келгенше 

қаржылай көмектерін беріп отыр-

са нұр үстіне нұр болар еді. Мен 

де қазақ ұлтының бір перзенті, 

орталықтың жанашыры ретінде 

өз жиған-тергендерімнен бірінші 

болып орталықтың қорына бір мил-

лион сум аударамын. Басқаларды да 

осы қорға шамалары келгенше өз 

үлестерін қосуға шақырамын.»

Бұдан кейін сөз алғандар да 

Республикалық Қазақ Ұлттық 

мәдени орталығының дұрыс бағытта 

жұмыс істеп келе жатқанын бір  

ауыздан атап өтті. Яғни, Орталық-

тың жұмысы Өзбекстандағы 

қазақ ұлтының мүддесін қорғауға, 

олардың тілі мен мәдениетін, салт-

дәстүрін, ұлттық құндылықтарын 

сақтап, дамытуға арналған. Сондай-

ақ, Орталық халықтар арасындағы, 

әсіресе, бірлігі жарасқан бауыр-

лас өзбек халқымен достықты, 

ынтымақ-бірлікті нығайтуға ерекше 

көңіл бөледі. Бұл Марат Үкібаевтың 

төраға болуға үміткер ретінде 

жариялаған бағдарламасынан да 

айқын аңғарылды. 

Құрылтайда Мәдени орталық-

тың жұмысын қазіргіден де 

жақ сартуға байланысты нақты 

ұсыныстар жасағандар да аз бол-

мады. Солардың арасында Сыр-

дария облысы Гүлстан педагогика 

университетінің қазақ тілі және 

әдебиеті кафедрасының меңгерушісі 

Нұрлан Тотановтың сөзі ерекше 

әсерлі шықты. Ол өзінің атқарылған 

істен гөрі болашақта орындалуы 

қажет болатын зәру шараларға 

тоқталуды мақұл көргенін айта 

келіп төрағалыққа үміткер болып 

отырған азаматтарға бірнеше нақты 

ұсыныс жасады. Ол ұсыныстардың 

ең маңыздыларының бірі - облыс-

тардағы қазақ мектептері мен қазақ 

сыныптарындағы оқушы лардың 

оқулықтармен қандай дәре жеде 

қамтамасыз етіліп отыр ғандығын 

үнемі назарда ұстау. Сондай-ақ, 

қазақ мектептеріндегі оқушыларды 

Қазақстанда жарық көрген га-

зет-журналдармен тұрақты түрде 

қам тамасыз етіп тұру да есте 

болғаны жөн. Гүлстан Мемлекеттік 

Университетінің құрамындағы қазақ 

бөлімінде білім алып жатқан жас-

тарымыз үшін арнайы кітапхана 

ашып, оларға әдеби кітаптар және 

оқулықтар жеткізіп тұру да жүзеге 

асуға тиіс. Гүлстан облысындағы 

мәдени шараларға университеттің 

жастары мен Сейхунабад ауданына 

қарасты №18 және №24 мектептің 

оқушылары белсене ат салы-

сып келеді. Бірақ оларды ұлттық 

киіммен, домбыра сияқты ұлттық 

аспаптармен қамтамасыз ету қиынға 

соғып тұр. Осы мәселенің де келе-

шекте оңтайлы шешілгені абзал. 

«Нұрлы жол» газетінің таралы-

мын көбейтуге жұртшылық көмек 

қолын созып, сол арқылы елімізде 

болып жатқан саяси жаңалықтар 

мен қызықты әдеби-мәдени туын-

дыларды жастарымызға ана тілінде 

жеткізу қазіргіден де нығайтылу 

тиіс. Республиқалық Қазақ Мәдени 

орталығы тарапынан қолға алы-

натын және бір маңызды шаруа - 

жылына кем дегенде екі рет жазба 

ақындар мен жалпы поэзия, проза 

жанрында қалам тартып жүрген 

жастар арасында мүшәйралар 

мен конкурстар өткізіп, олардың 

қаламдарының ұшталуына игі 

ықпал жасау. Сондай-ақ, қазақтар 

көп шоғырланған өңірлердегі ли-

цей, коллеждер құрамынан қазақ 

бөлімдерін ашу мәселесі өз шешімін 

табуға тиіс.

Осындай үсыныстарын айта 

келе Нұрлан Тотанов өз сөзін 

төмендегідей жыр шумақтарымен 

түйіндеді:

Міне, бүгін сайлауы Төрағаның,

Алла берер ниет қып сұрағаның.

Келешегін жастардың ойламасақ,

Өзіңді ойлап жартастан құлағаның.

Жастар тұрса біздерден қолдау күтіп,

Кетпесінші өмірі босқа өтіп.

Оқу-білім сусынын толықтырсақ,

Өспейді ме өркені өрге жетіп.

Кім болса да төраға дауласпайық,

Өзіміз бен өзіміз жауласпайық.

Ұлтымызға тән болған ар-намысты,

Қолдан беріп, қорлыққа жол ашпайық.

Болмайықшы мансапқа таласатын.

Жан болайық жағдайға қарасатын.

Төрде отырып, төбеден төр іздемей,

Ойлайықшы жастардың болашағын.

Бұдан кейін сөзге шыққан 

Бибізада Жартыбасова, Полатбек 

Изюмов және Қанафия Әжібековтер 

ел қамын ойлайтын, миллионнан 

астам қандастарымызды соңына 

ерте білетін, ұлтаралық татулықты 

нығайтуға, сондай-ақ, қазақтың 

тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрін 

сақтап әрі қарай дамытуға аянбай 

ат салысатын азаматты төрағалыққа 

лайық көретіндігін айтты.

Өзбекстан Ұлтаралық мәдениет 

орталығының төрағасы Насриддин 

Мухамаддиев Республикалық Қазақ 

Мәдени орталығының атқарған 

қызметтері жөнінде жақсы пікір 

айтты.


Орталықтағы ақсақалдар 

алқасының төрағасы Қалдыбек 

Сейданов өткен үш жыл ішінде 

мәдени орталықта ауқымды істер 

атқарылғанын, сондай-ақ бұл 

істер жалғасын табатынына кәміл 

сенетінін жеткізді.

Әлішер Ғаппаров «Нұрлы жол» 

газетіне жанашырлық таныту 

мемлекетіміздегі өзін қазақпын деп 

санайтын әрбір азаматтың борышы 

екенін айтып, газет жазылымына 

көмектесуге мұндағы делегат-

тарды құлағдар етті. Құрылтайға 

қатысушыларының барлығы бұл 

ұсынысты толық қолдады.

Құрылтай қорытындысында 

Өзбекстан Республикалық Қазақ 

Ұлттық мәдени орталығының 

төрағасы болып Марат Үкібаев бір 

ауыздан қайта сайланды.

Марат АРЫНОВ,

суреттерді түсірген автор 

 

Алтын бесік - АтАмекен



менің елім - ҚАзАҚстАн

№1-2 |56-57| 2012 

№1-2 |56-57| 2012 


26 

27 


Алтын бесік - ЖеР ЖҮзІ

Әлем қазақтары - сЫР ШеРтеДІ

ЖАнАРДЫң 

ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫзЫ




1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал