Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!



жүктеу 0.72 Mb.

бет2/8
Дата09.01.2017
өлшемі0.72 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Құрметті қауым!

Қазір біздің бірлігі жарасқан еңселі ел, зайырлы 

мемлекет екендігіміз баршаға аян.

Татулық  пен  тұрақтылықты  қалыптастыруға  Ас-

самблея айрықша үлес қосты.

Бірліктің берекелі бесігіне айналған бұл құрылым-

ның  алдағы  уақытта  да  көп  жұмыс  атқаратынына 

сенемін.


Ұлтты  ұйыстырып,  ұлысты  ұғыстыра  білген 

еліміз өркендей түссін!

Түрлі халықтың тағдырын тоғыстырып, тұтасты-

ғын сақтаған Қазақстан жасай берсін!

Тұғырымыз – тыныштық, тірегіміз – тұрақтылық, 

тілегіміз – татулық болсын!

Баршаңызға табыс тілеймін!

 «Егемен Қазақстан» 28 сәуір 2012 ж.

Суреттерді түсіргендер: 

С.Бондаренко, Б.Отарбаев, О.Балмұрат

 

Алтын бесік - АтАмекен



менің елім - ҚАзАҚстАн

10 

11

 



***

Ақпан  айында  Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан 

Назарбаев  Қазақстан  Республикасы  Экономикалық 

қылмысқа  және  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес 

агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбековті қабылдады.

Р. Түсіпбеков жемқорлық пен «көлеңкелі» экономи-

каға қарсы іс-қимылдары бойынша қаржы полициясы 

органдарының ағымдағы жедел-қызметтік жұмысы ту-

ралы баяндады.

***


Ақпан  айында  Қазақстан  Республикасының 

Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Германия 

Федеративтік  Республикасына  сапары  басталды.  ГФР 

астанасы – Берлин қаласына дүйсенбі күні кешке кел-

ген  Қазақстан  Президентінің  сапар  бағдарламасында 

бірқатар мәселелер қамтылған.

Бұл  сапар  екіжақты  экономикалық  ынтымақтас-

тықты  кеңейту  ісіне  соны  серпін  қосты.  Сапар  бары-

сында жалпы құны 3,3 млрд. еуроны игеруге мүмкіндік 

беретін 50 құжатқа қол қойылды.

***

Ақпанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 



Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-Министрінің орын-

басары шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен кездесті.

***

Ақпан  айының  соңында  Ақордада  Мемлекет  бас-



шысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының 

Премьер-министрі Өмірбек Бабановты қабылдады.

Кездесу  барысында  екіжақты  ынтымақтастықтың 

өзекті мәселелері талқыланды.

***

Ақпанның  аяғында  Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  



Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы-

ның төрағасы Әбсаттар қажы Дербісәліні қабылдады.

Бас  мүфти  Президентті  Қазақстан  мұсылмандары 

діни  басқармасының  жұмысы  туралы  хабардар  етті. 

Кездесу  барысында  елдегі  жалпы  діни  жағдай  мен 

конфессияаралық және этносаралық келісімді одан әрі 

тереңдету мәселелері талқыланды.

***


Наурыз  айының  басында  Ақорадада  Мемлекет 

басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  төрағалығымен 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  қорын  басқару 

жөніндегі кеңестің отырысы болып өтті.

Отырыс  барысында  Ұлттық  қорды  одан  әрі 

дамытудың  және  басқару  тиімділігін  арттудың  өзекті 

мәселелері талқыланды.

***


Мемлекет 

басшысы 


Нұрсұлтан 

Назарбаев 

елордадағы Назарбаев Университетіне келді. Президент 

студенттермен,  оқытушы-профессорлар  құрамымен, 

ғалымдармен,  оқу  ордасының  қызметкерлерімен 

кездесіп,  университеттің  ғылыми-зерттеу  зертханала-

ры мен кітапханасын аралап шықты.

***


Сәуір  айының  басында  Мемлекет  басшысы 

Нұрсұлтан  Назарбаев  Ұлттық  банктің  2011  жылғы 

есебі қаралған кеңес өткізді. 

***


Сәуір айында Тәуелсіздік сарайында Мемлекет бас-

шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Аста-

на қаласын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес 

өтті.


***

Сәуір  айында  Қазақстан  Республикасының 

Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Малайзияға 

мемлекеттік  сапары  сол  елдің  шақыруы  бойынша 

жүзеге  асты.  Қазақстан  басшысы  Оңтүстік-Шығыс 

Азиядағы даму қарқыны жоғары осы елге бесінші мәрте 

аяқ басты. Кезекті сапар екі елдің сенімді серіктестер 

деңгейіндегі қарым-қатынасын нығайтып қана қоймай, 

сапалық жаңа деңгейге көтеруге бағытталды.

***


Сәуірде  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  Астанадағы 

«Сарыарқа» велотрек кешеніне қарама-қарсы орналас-

қан жаңа паркте болып, еліміз бойынша өткен сенбілік-

ке қатысты. Сенбілікте Мемлекет басшысы ағаш отыр-

ғызып,  астананың  парк  аймағын  одан  әрі  дамыту 

жөнінде ұсынылған жобалармен танысты.

***

Мамыр  айында  Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан 



Назарбаев  Дмитрий  Медведевке  Ресей  Федерациясы 

Үкіметінің  Төрағасы  қызметіне  тағайындалуына  бай-

ланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

***


Мамыр  айында  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев 

Астанадағы  «Отан  қорғаушылар»  монументіне  гүл 

шоқтарын  қойып,  1941-1945  жылдары  Ұлы  Отан 

соғысында  қаза  болған  қазақстандық  жауынгерлерге 

тағзым етті.

***


Маусым  айының  соңында  Ақордада  Мемлекет 

басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаев  шағын  кәсіпкерлікті 

дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді. Кеңеске Пре-

мьер-Министр  Кәрім  Мәсімов,  Парламент  Сенаты 

мен  Мәжіліс  төрағалары  Қайрат  Мәми  мен  Нұрлан 

Нығматулин,  Мемлекеттік  хатшы  Мұхтар  Құл-

Мұхаммед,  Президент  Әкімшілігінің  Басшысы  Аслан 

Мусин, «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы 

Өмірзақ Шөкеев, мұнай-газ және энергетикалық кешен-

дер ұйымдары қауымдастығының басшылары қатысты.

 

***


Ақпан  айының  басында  Премьер-Министр  Кәрім 

Мәсімов  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  тапсырмасы  бой-

ынша  мемлекеттік  органдардың  ұжымдарына  жаңа 

басшыларды таныстырды.

***

Қаңтар 


айындағы 

Мемлекет 

басшысының 

Қазақстан  халқына  арнаған  Жолдауы  Парламент 

Мәжілісінің Төрағасы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасының 

бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулиннің жергілікті 

халықпен  өткізген  кездесулерінің  негізгі  арқауы  бол-

ды. Мәжіліс Төрағасы ақпан айының басында алғашқы 

жұмыс сапарын Шығыс Қазақстан облысынан бастады.

***


Мамыр  айының  басында  Ақордада  Елбасы  – 

Қазақстан  Қарулы  Күштерінің  Жоғарғы  Бас  қолбас-

шысы  Нұрсұлтан  Назарбаев  7  мамыр  күніне  және 

еліміздің  Қарулы  Күштерінің  20  жылдық  мерейтойы-

на байланысты елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс 

қабілетін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан бір топ 

әскери  қызметшілеріне,  құқық  қорғау  органдары  мен 

ұлттық  қауіпсіздік  қызметкерлеріне  жоғары  әскери 

шендер  мен  арнаулы  атақтар  тапсырып,  мемлекеттік 

наградалармен марапатталды.

***

Ақпан  айының  басында  Қазақстан  Республикасы-



ның Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің 

қатысуымен  Дін  істері  агенттігінің  өткен  жылғы 

жұмы сының  қортындылары  мен  алға  қойған  мақсат-

міндеттерін талқылауға арналған кеңейтілген алқа оты-

рысы өтті.

***


Маусым  айында  Ақорадада  Мемлекеттік  хатшы 

Мұхтар Құл-Мұхаммед спорттағы жоғары жетістіктер 

мен  дене  шынықтырудың  одан  әрі  дамуына  арналған 

республикалық кеңес өткізді. Отырыс жұмысына Пре-

зидент  Әкімшілігі  Басшысының  орынбасары  Бағлан 

Майлыбаев,  Спорт  және  дене  шынықтыру  істері 

агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев қатысты.

***


Маусым  айында  Ақорада  Мемлекеттік  хат-

шы  Мұхтар  Құл-Мұхаммед  бір  топ  журналистерге 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  бұқаралық 

ақпарат  құралдары  саласындағы  сыйлықтары  мен 

гранттарын  тапсырып,  алғыстарын  жеткізді.  Осыған 

арналған жиынға Президент Әкімшілігі Басшысының 

орынбасары  Бағлан  Майлыбаев,  Мәдениет  және 

ақпарат министрі Дархан Мыңбай қатысты.

***

2 ақпанда Брюссельде Қазақстан Республикасының 



Сыртқы  істер  министрі  Ержан  Қазыханов  Еуропалық 

Одақтың  Шетел  істері  және  қауіпсіздік  саясаты 

жөніндегі  Жоғары  өкілі  Кэтрин  Эштонмен  кездесіп, 

келіссөз жүргізді.

***

Маусым  айының  соңында  Құрманғазы  атындағы 



Қазақ  ұлттық  консерваториясының  студенттік  хор 

ұжымы Венада өткен Франц Шуберт атындағы Халық-

аралық конкурстан екі алтын дипломмен оралды.

*** 


Жыл  сайынғы  дәстүрмен  биыл  да  1-15  маусым 

аралығында  ҰБТ  сынағы  болып  өтті.  Осы  жылғы 

ұлттық  бірыңғай  тестілеуге  еліміз  бойынша  117  432 

түлек  қатысса,  олар  жинаған  орташа  балл  70,9-ды 

құрады. Ал, өткен жылы бұл көрсеткіш 86 балл болған-

ды.  Биылғы  ҰБТ  барысында  3  түлек  125  баллға  қол 

жеткізгені белгілі. Солардың бірі – дарынды қыздарға 

арналған қазақ-түрік лицейінің шәкірті Әсел Қысықова.



Қазақстан жаңалықтары 

Алтын бесік - АтАмекен

менің елім - ҚАзАҚстАн

№1-2 |56-57| 2012 

№1-2 |56-57| 2012 


12

 

13



 

болды.  Олар  1952  жылы  қазан  айында  Ыстамбұлға 

келді. «Еуропадағы қазақ түріктерінің бюллетенінде» 

келтірілген мәліметтер бойынша, 1953 жылы Түркияға 

1450 қазақ қоныс аударған. Арада бірнеше жыл өткен 

соң  бұл  ағайындар  тері  өңдеу  мен  тері  бұйымдарын 

тігу  сияқты  кәсіпті  жетік  меңгеріп,  Түркияның 

экономикалық дамуына өз үлестерін қоса бастады.

Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы, оны халықаралық 

қоғамдастықтың  тең  құқықты  серіктес  ретінде 

мойындауы  шетелдегі  қазақтардың  этникалық 

сәйкестендірілуіне, мектеп ашу мен қазақ тілін үйрену 

үйірмелерін ашу ісіне, жергілікті қазақтардың мәдени 

қоғамдарының  ашылуына  мықты  түрткі  болды. 

Олардың сан ғасырдан бері аңсап келе жатқан арман-

дары да орындалды: тарихи отандары – Қазақстанмен 

байланыс  орнатылды,  бабаларының  жеріне  қоныс 

аудару  шаралары  да  іске  асырыла  бастады.  Сондай 

байланыстың бірі – Дүниежүзі қазақтарының жиырма 

жылдық мерейтойына арналған басқосу болды. 

Басқосуды  Ыстамбұл  университеті  журналисти-

ка  факультетінің  докторанты,  қазақстандық  Ержан 

Қалымбай жүргізіп отырды.

Жиналғандардың  алдында  Дүниежүзі  қазақтары 

қауымдастығы  төрағасының  бірінші  орынбасары 

Талғат Мамашев баяндама жасап, Қазақстан Республи-

касының  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  қазақ 

халқына  дәстүрлі  Жолдауының  мәні  мен  маңызын 

жан-жақты талдап көрсетті. 

Мимар  Синан  Көркем  Өнер  университетінің  про-

фессоры,  тарих  ғылымының  докторы  Әбдуақап  Қара 

Елбасының Жолдауымен 28 ақпан күні Ыстамбұлдан 

Астанаға сапарлап бара жатқанында, ұшақта таратылған 

қазақ  тіліндегі  газеттер  арқылы  танысқанын  айтты. 

Ол  1997  жылы  Түркістан  қаласындағы  Қожа  Ахмет 

Яссауи  университетінде  сабақ  беріп  жүрген  кезінде 

Елбасының  тұңғыш  Жолдауымен  танысқанын,  содан 

бері бүкіл Жолдауларды қадағалап оқып отыратынын 



және Түркиядағы 

қазақТар

елбасының жолдауы 

2012 

жылдың

 9-10 

наурызында

 ы

стамбұл

 

қаласында

 қ

азақ

-

түрік

 

қоры

 

мен

 д

үниежүзі

 

қазақтарының

 

қауымдастығы

 

бірлесіп

 қ

ауымдастықтың

 

құрылғанына

 

және

 қ

азақстанның

 т

үркия

 

елімен

 

дипломатиялық

 

қарым

-

қатынас

 

орнатқанына

 20 

жыл

 

толуына

 

орай

 

салтанатты

 

басқосу

 

өткізді

.

Алтын бесік - АтАмекен

менің елім - ҚАзАҚстАн

Бұл ретте Қазақстан Республика сының Президенті 

Н.Ә. Назарбаевтың сонау 1991 жылы Түркияға жаса-

ған алғашқы ресми сапары кезінде осындағы қазақ ди-

аспорасы өкілдері мен кездескенін де айта кеткен жөн. 

Осы кездесу кезінде Елбасы дүниежүзі қазақтарының 

тұңғыш құрылтайын өткізу туралы шешім қабылдаған 

болатын. Осының нәтижесінде 1992 жылы Дүниежүзі 

қазақтарының  қауым дас тығы  құрылды.  Міне,  содан 

бері Қауым дастықтың Төралқа төрағасы – Қазақстан 

Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Бұл жыл-

дарда Қауымдастық, әсіресе, Түркиядағы қазақтармен 

байланыс жасауға айрықша көңіл бөліп келеді. 

Осыған орай, Түркиядағы қазақ диаспорасының та-

рихы өткен ғасыр дың 50-ші жылдарының басынан ба-

стау алатынын да айта кеткен жөн. Яғни, 1952 жылғы 

13 наурызда Түркия үкіметінің басшысы Аднан Мен-

дерес Индия, Пәкістан мен Сауд Аравиясындағы қазақ 

босқындарының  Түркияға  қоныс  аударуына  рұқсат 

беру туралы шешім қабылдаған болатын. Алғашқы топ 

Құсайын Тәйжі жетекшілігіндегі Кәшмірдегі қазақтар 

айтты. Сонымен бірге, ол Қазақстан үшін өте маңызды 

он  түрлі  көкейкесті  мәселелерді  ортаға  салып,  жаңа 

бағыт-бағдар ұсынған Елбасының соңғы Жолдауы да 

шетел қазақтары үшін аса маңызды екенін айтып, оның 

жекелеген тармақтарын көпшілікке түсіндіріп өтті.

Бұдан  кейін  Мимар  Синан  Көркем  Өнер 

университеті  тарих  факультетінің  докторанты  Айнұр 

Ержібаева Қазақстанда адам капиталының сапалы өсуі 

туралы Елбасынын Жолдауындағы жетінші тармақтың 

өте маңызды екенін тартымды түрде айта келіп, өз ой-

ларын ортаға салды.

Басқосуда Ыстамбұл университетінің халықаралық 

қатынастар  магистранты  Бауыржан  Сарқытұлы 

да  сөйледі.  Ол  Түркиядағы  студенттердің  Жолдау-

дан  үлкен  әсер  алғандарын,  соған  орай  өздерінің  де 

Қазақстанның  дамуына  қалай  үлес  қоса  алатындары 

туралы  пікір  алмасып,  ой  бөліскендерін  жан-жақты 

айтып өтті.

Жиналыс  соңында  көпшілік  атынан  түркиялық 

ақсақал  Омар  Жігіт  сөз  алды.  Ол  кісі  Дүниежүзі 

қазақтары  қауымдастығы  қызметкерлерінің  Түркияға 

арнайы  келіп,  Елбасының  Жолдауы  туралы  жиналыс 

өткізгеніне қуанышты екендігін айта келіп былай деді: 

«Өткен ғасырдың басынан бері көптеген қиыншылық 

пен тауқыметтерді басынан өткізіп келе жатқан Түркия 

қазақтарының  өмірде  екі  үлкен  қуанышы  болды. 

Оның бірі - 1952 жылы Түркия үкіметінің қазақтарды 

құшақ  жайып  қабылдап,  бауырына  басуы.  Ал  екінші 

қуаныш  –  Қазақстанның  1991  жылы  16  желтоқсанда 

тәуелсіздігін  жариялауы.  Еліміз  тәуелсіздік  алғанда 

өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанғандай адам айтқысыз 

қуанышқа  бөлендік.  Осы  қуанышымыздың  бе-

кер  емес  екені  1992  жылы  Қазақстан  Президенті 

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  қолдауымен  тұңғыш 

қазақ  құрылтайының  өтіп,  Дүниежүзі  қазақтары 

қауымдастығының шаңырақ көтеруі барысында айқын 

көрінді. Бұл ретте Қауымдастық төрағасы Елбасының 

№1-2 |56-57| 2012 

№1-2 |56-57| 2012 



14 

15 


өз болуы біз үшін ерекше маңызды әрі абырой. Енді 

сол Қауымдастықтың 20 жылдық мерейтойының біздің 

Түркиядан  басталуы  да  өте  орынды  деп  есептейміз. 

Осыған  орай  біз  Елбасының  биылғы  Жолдауында 

айтылған мәселелердің барлығының толықтай жүзеге 

асарына кәміл сенеміз».

Бұл  басқосу  кезінде  Қазақстан  Республикасының 

Түркиядағы  Төтенше  және  өкілетті  елшісі  Жансейіт 

Түймебаев осы елдегі этникалық қазақтардың бірнеше 

белсенді мүшелеріне қазақ мәдениеті мен туған тілін 

сақтау  және  дамытуға  қосқан  үлестері  үшін  алғыс 

хат  табыс  етті.  Осы  шараға  қатысқан  Ыстамбұл 

қаласынан,  Маниса  қаласына  қарасты  Салихлиден, 

Нигде  қаласына  қарасты  Алтай  ауылынан,  сондай-

ақ,  Швеция,  Германия  мен  Франциядан  келген  әрбір 

қонақ  Анкарадағы  Қазақстан  елшілігі  дайындаған 

Қазақстан Президентінің Жолдауының түрік тіліндегі 

кітапшасын өздерімен бірге сый ретінде алды.

Дүниежүзі  қазақтары  қауымдастығы  төрағасының 

бірінші  орынбасары  Талғат  Мамашевпен  барлық 

жиналысқа  қатысушылардың  атына  Қазақстанның 

Түркиямен 

дипломатиялық 

қарым-қатынас 

орнатуының 20 жылдығына орай Түркияның Премьер-

Министрі Режеп Тайып Эрдоган, Премьер-министрдің 

орынбасары Бакир Бозтау, Еуропалық Одақ мәселелері 

министрі Эгемен Бағыш, Мемлекеттік министр Эрту-

ган Байрак, Ұлттық Мәжілісінің депутаттары Мұстафа 

Жұрттас  бен  Халық  Жібек,  Ыстамбұл  қаласы  Эйүп 

ауданы  әкімі  Исмаил  Қауыншы,  Бағшылар  ауданы 

әкімі  Лоқман  Шағрышы  атынан  құттықтау  жедел-

хаттары  келіп  түсті.  Бұл  құттықтауда  Түркияның 

Премьер-министрі  былай  деп  жазған:  «Сіздерді 

Дүниежүзі  қазақтары  қауымдастығының  20  жылдық 

мерейтойына  орай  құттықтай  отырып,  Түркия  мен 

Қазақстан достастығының арнайы салтанатты жиыны-

на шақырғандарыңызға рахметімді айтамын. Бұл шара 

екі туыс елдің достығын одан әрі нығайтады деп кәміл 

сенемін. Сіздерге және құрметті қонақтарға жалынды 

сәлемімді жолдаймын!»

Салтанатты 

басқосудың 

соңы 


Дүниежүзі 

қазақтары қауымдастығының 20 жылдығына арналған 

үлкен  концертпен  жалғасты.  Концертке  Қазақстан 

Республикасының еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова, 

белгілі әншілер Меруерт Түсіпбаева, Өмірқұл Айния-

зов, Уатқан Заханқызы, күйші Еркін Ерген қатысты. 

Сондай-ақ,  Ыстамбұлдағы  Абай  және  Ғази  паша 

атындағы мектептердің оқушылары көрермендерге ке-

ремет орындауда қазақ билерін сыйға тартты. Шетелдегі 

қазақтардың жас ұрпақтары да жекелеген би өнерлерін 

көрсетті. Шеууал Тастемір деген бүлдіршін қызымыз 

қазақтың биін бір өзі билеп берді. Нұргүл Тастемір де-

ген қызымыз Зейтінбұрында тұратын ақынымыз Ибра-

хим  Ақсел  деген  азаматтың  «Қазақтың  еркіндігінде 

шек  жоқ»  деген  түрік  тіліндегі  өлеңін  компьютерлік 

бейне көріністерді пайдалану арқылы шебер оқыды. 

Концерт 

соңында 


Дүниежүзі 

қазақтары 

қауымдастығы  төрағасының  бірінші  орынбасары 

Талғат  Мамашев  іскер  азамат  және  қоғам  қайраткері 

Дербіш  Қылышқа  «Қазақстан  Республикасының 

Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерекелік медалін салта-

натты түрде табыс етті.

Дербіш  1958  жылы  Түркияның  Кония  қаласында 

туған. 1993 жылы тері өнімдерін шығаратын «Бурак» 

компаниясының негізін қалады. 2004 жылы алғаш рет 

«Арман» журналының шығарылымын ұйымдастырды. 

Қазір  бұл  басылым  Еуропа  мен  Түркиядағы  барша 

қазақтың  үніне  айналды.  Сондай-ақ,  ол  Түркия  мен 

Қазақстанның  футбол  командаларының  жолдастық 

кездесуін  де  ұйымдастырды.  Дербіш  Қылыш 

Қазақстанның Түркиядағы күндері мен Ыстамбұлдың 

Алматыдағы  күндерінің  өтуіне  де  өз  үлесін  қосты; 

Түркістандағы  Қожа  Ахмет  Яссауи  атындағы 

халықаралық  Қазақ-түрік  университетіне  түркиялық 

60 қазақ жастарын оқуға жіберуге де атсалысты. 

2005 жылы Түркиядағы қазақ қоғамының төрағасы 

болып  тұрғанда  Дербіш  Қылыш  Ыстамбұлдағы 

қазақтар шоғырланып тұратын ауданда Абай атындағы 

бастауыш  мектептің  ашылуына  елеулі  үлес  қосты. 

Осы  жылы  Дербіш  Дүниежүзі  қазақтарының  Аста-

на  қаласында  өткен  III  Құрылтайына  Түркиядағы 

қазақтардың  делегациясын  басқарып  келді.  2006 

жылы Қасиетті Рамазан айында Ыстамбұл қаласының 

әкімдігімен  бірлесіп  Алматы,  Тараз,  Шымкент, 

Түркістан  қалаларында  қалың  көпшілікке  ауыза-

шар  берді.  Сонымен  қатар  ол  Ыстамбұл  қаласында 

еуропалық  қазақтардың  басын  қосып  алғашқы  кіші 

құрылтай  өткізуге  де  белсене  араласты.  Дербіштің 

ықпал етуімен көп қазақ отбасы өздерінің тарихи отан-

дары – Қазақстанға қоныс аударды. 2007 жылы Дербіш 

Қылыш  Қазақстан  Президентінің  «Құрмет  Грамота-

сымен»  марапаттады.  Тағы  да  бір  қызықты  дерек  – 

Дербіш  2011  жылы  өткен  жетінші  қысқы  Азиада  ой-

ындарында  эстафета  алауын  алып  жүрушілердің  бірі 

болды. 


Түркия  мен  Еуропаның  этникалық  қазақтарымен 

Ыстамбұлда болған кездесуі кезінде Түркиядағы қазақ 

диаспорасының  қазіргі  жағдайы  мен  болашағына 

қатысты  іс-шаралар  жоспары  туралы  да  сөз  болды. 

Осыған орай, профессор Әбдуақап Қара: «Қазақстанда 

әлі  де  болса  шетел  қазақтары  туралы  түсінік  толық 

қалыптаспаған және бұл жөніндегі мәліметтер әлі де 

болса  кемшін.  Соған  орай,  шетел  қазақтары  жөнінде 

ғылыми  конференциялар  өткізу,  зерттеулер  жүргізу, 

кітап шығарып, мақалалар жариялау, көркем өнер мен 

әдебиет,  кино  мен  теледидар  салаларында  еңбектер 

жасау аса маңызды», – деп атап көрсетті.

Осыған орай, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы-

ның  жұртшылықты  шетелдегі  қазақ  диаспорасының 

тарихы  және  қазіргі  жағдайымен  таныстыру  үшін 

бірқатар  жұмыстар  жүргізіп  келе  жатқанын  да 

айта  кеткеніміз  жөн.  Мысалы,  2012  жылы  Алматы 

қаласында «Қазақстан және шетелдегі қазақтар» атты 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. 

Конференцияны өткізудегі мақсатымыз – Қазақстанның 

шетелдегі қазақ диаспорасымен және шеттегі отандас-

тарымызбен мәдени-ағарту және экономикалық өзара 

Алтын бесік - АтАмекен

менің елім - ҚАзАҚстАн

ықпалдастықтан  жинақтаған  тәжірибе  мен  тиімді 

қолданыстарды  ой  елегінен  өткізу.  Қазақстанның 

тәуелсіздік жылдардағы көші-қон үдерісінің нәтижесі, 

оралмандардың қазақстандық қоғамда бейімделуі мен 

қалыптасуы,  қазіргі  қазақ  диаспорасының  көші-қон 

әлеуеті  тек  теориялық  тұрғыда  ғана  емес,  сондай-ақ 

тәжірибелік  жағынан  да  мемлекеттік  және  жергілікті 

атқарушы  органдар  үшін  қызығушылық  тудыратыны 

ақиқат.

Конференцияға  шақыру  Қазақстан  мен  шетелдегі 



ғалымдарға,  ҚР  елшіліктеріне,  әлемнің  35  елінде 

қызмет ететін қазақ мәдени орталықтарына жолданды.

Қауымдастық,  сондай-ақ,  мемлекеттік  тапсы-

рыс  бойынша  2012  жылдан  бастап  «Этникалық 

қазақтардың  Қазақстанға  мемлекеттік  көші-қон 

саясатының  құрамдас  бөлігі  ретінде  репатриациясы: 

жетістіктері, мәселелері және оларды шешу жолдары» 

тақырыбында  ғылыми  зерттеу  жұмыстарын  жүргізіп 

жатыр. 

Түркия қазақтарының тәжірибесінен көргеніміздей, 



Қазақстанның  үкіметі  этникалық  көші-қон  саясаты-

мен қатар диаспоралық саясаты қазақ диаспорасының 

сақталуына,  тек  мәдени-ағарту  және  экономикалық 

байланыстарды  орнатудан  басқа,  өзге  ұлттық  ортада 

туған тілі мен ұлттық мәдениетінің мәселесіне қатысты 

қолдау  жасауға  бағыттауы  қажет  секілді.  Дүниежүзі 

қазақтарының  қауымдастығы  шетелге  жасаған  әр  са-

пары кезінде этникалық қазақтардың арасынан жоғары 

кәсіби мамандарды анықтап, оларды тарихи отандары-

на қоныс аударуына байланысты жұмыстар жүргізеді.



Күлғазира БалтаБаева,

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы 

Сараптама орталығының жетекшісі,

тарих ғылымдарының кандидаты

№1-2 |56-57| 2012 

№1-2 |56-57| 2012 


16 

17 


Алтын бесік - АтАмекен

менің елім - ҚАзАҚстАн

Гамбург қаласын біраз арала-

ғаннан кейін, Данияға қарай жолға 

шықтық. Қазақстан делегациясы 

мінген автобус кештетіп Аархус 

қаласына жетіп, «Scandik» қонақ 

үйіне орналасты. Даниялық бауыр-

ларымыз бізге кешкі ас дайындап, 

күтіп отыр екен. еуропаның басқа 

елдерінде тұратын ағайындардың 

да біразы Аархусқа келіп үлгеріпті. 

Олардың қуанышында шек жоқ. 

Дастархан басында жан-жақтан 

жиналған жұртшылық бір-бірімен 

танысып, жөн сұрасты. 

Делегация құрамында Пар-

ламент мәжілісінің депутаты 

Оразкүл Асанғазы, белгілі қоғам 

қайраткері, «егемен Қазақстан» 

республикалық газеті» АҚ 

президенті сауытбек Әбдірахманов, 

мәдениет министр лігінің тіл 

комитеті төраға сының орынба-

сары, филология ғылым дарының 

докторы, профессор Шерубай 

Құрманбайұлы, Ақпарат және 

мұрағат комитетінің бас сарап-

шысы Әлия Бекбатырова, өнер 

жұлдыздары Қыдырәлі Болма-

нов пен Қарақат Әбілдина және 

«Қоңыр» тобы, сондай-ақ, ақпарат 

құралдарының өкілдері – Әубәкір 

сүлеев, Дана Бақашева, Айнагүл 

Шалтықова, кенже Әмреев, Арген-

тина Айболат және біз болдық.

еуропа қазақ мәдени 

орталықтары федерациясының 

басшысы Абдулқаюм кесижи 

(мюнхен), сондай-ақ, махмуд 

Башташ (Осло), Шыңғыс Шағатай, 

Ибрагим Қосшы (Вестерос), 

Жүнісбай тораман, Бешірхан ма-

лабахан (Берлин), Исмайыл кеси-

жи (Лондон), Хасан Ақсу (кельн), 

Құрбанәли Гулер, Абдулжәлел Гу-

лен (Париж), Ибрахим Ақтеңіз, Аб-

драхман Уналан (мюнхен), Әубәкір 

зенгин, Уәли Шерифлі (Голлан-

дия) және түркиядағы А. Яссауи 

қорының төрағасы Иса Қалқа 

мен Беларусиядағы қазақ мәдени 

қоғамының бастығының орынба-

сары Ғалия есенбаева және басқа 

да еуропалық бауырлар құрылтай 

қонағы болды.

Қазақстаннан барған делега-

цияны 25 мамыр күні Даниядағы 

қазақ мәдени қоғамының 

басшысы нұрарман Аюбидің 

ұйымдастыруымен Аархус 

қаласының әкімі Жакоб Бундсга-

ард пен қалалық мәслихаттың 

депутаты Хусейн Араш қабылдады. 

Отыз төрт жастағы жас әкімнің 

атқарып жатқан істеріне риза 

болдық. Ол негізінен жастарға 

ерекше көңіл бөлетінін былай деп 

жеткізді: «Біздің қала – жастардың 

қаласы. Қазір мұнда 350 мыңнан 

астам халық тұрады, оның 50 

мыңы – студенттер. Біз олардың 

бәрін оқу бітірген соң өзімізде 

алып қалуға тырысамыз. Яғни, 

қаламыздың, еліміздің болашағын 

жастармен тығыз байланы-

ста қараймыз. Экономикалық 

дағдарыс бізге де әсер етті, бірақ 

та оларды жұмыспен қамтуға бар 

күшімізді бөліп, жаңа жұмыс орын-

дарын ашып жатырмыз. Қазір 

қаламыздың жағдайы жақсы», – 

дей келіп, шақыруын қабыл алған 



1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал