Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



жүктеу 0.65 Mb.
Pdf просмотр
бет1/7
Дата12.01.2017
өлшемі0.65 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

ЖАСТАРДЫҢ ӘДЕБИ-МӘДЕНИ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖУРНАЛЫ

Құрылтайшы жəне 

шығарушы:

«Қазақ газеттерi» 

Жауапкершiлiгi

шектеулi серiктестiгi

 Редакторлар кеңесiнiң  

Төрағасы   — 

Бас директор 

Жұмабек 

КЕНЖАЛИН

Бас редактор

Қуандық Түменбай

Бас редактордың 

орынбасары –

жауапты хатшы

Жарас Сəрсек

Редакция  алқасының 

мүшелерi:

Өмірəлі Қопабаев

Əбiш Кекiлбайұлы

Нұрлан Оразалин

Динар Нөкетаева

Серік Сиқымбаев

Бектұр Төлеуғалиев

 Сағатбек Медеубекұлы

Мереке Құлкенов

Əлішер Пірметов

Дүрия Даниярова

Техникалық редактор

Жұмағазы Омарұлы

№9 (85)

2015


Ўлт жоспары – наќты 100 ќадам  

Біздің  көптеген  жылдар 

бойына 

жоғары 


мектептегі 

іс-тəжірибеміз, 

сондай-ақ 

бүгінгі  таңдағы    оқу    үдерісін 

ұйымдастыру 

практикасы 

жоғарыда  келтірілген  пікірді 

дəлелдей  түсті  десек  артық 

айтқандық 

бола 


қоймас. 

Ағымдағы кезең мен осы шақта əл-

Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық 

Университеті, 

халықаралық 

қатынастар 

факультетінің 

халықаралық  қатынастар  жəне 

əлемдік  экономика  кафедрасы 

бостан  студент – шығармашыл 

шəкірт – білікті маман қағидатты 

үдерісін  негізге  алып,  білім  беру 

барысын  мəжбүрлі  міндеттеуден 

ада  етуге  бағыт  ұстанған  жайы 

бар. 

Оқытудың 



міндеттеу 

əдістері  мен  ерікті  əдістерінің 

арасында 

концептуалды 

айырмашылықтар  бар  екендігі 

баршаға  белгілі  болса  керек. 

Қазіргі  кезде  бүкіл  қазақстандық 

жоғары 


оқу 

орындарындағы 

білім  беру  үдерісі  «кредиттік 

технология»  деп  аталатын  оқыту 

жүйесіне 

бағындырылған. 

Осы 

технологияның 



негізгі 

ұстаным-қағидаттарның бірі – ол 

студенттердің пəндер мен ондағы 

тақырыптарды  зерделеу  үшін 

таңдау мүмкіндіктерінің болуы. 

Міне,  осы  арада  білім 

берудің  мəжбүрлеу  мен  ерікті 

əдістерінің 

бəсекелік 

күресі 


басталды да, күнделікті тəжірибе 

көрсеткендей 

студенттер 

қауымының  басым  көпшілігінің 

қалауы екінші əдіске қарай ауады.

Сөзіміз 


дəлелді 

болуы  үшін  атқарылған  іс-

шараның 

мəн-мазмұнына 

көшейік.  Үстіміздегі  жылдың 

наурыз  айында  халықаралық 

қатынастар 

факультетінің 

үшінші 

курс 


студенттерінің  

қалауымен  «Ислам  банкингі: 

артықшылықтары 

мен 


кем-

шіліктері»  тақырыбында  маман-

эксперттердің  қатысуымен  үлкен 

пікірталас 

ұйымдастырылды. 

Мəжбүрлі  міндеттеуден  арылған 

студенттер  пікірталасқа  едəуір 

қызығушылық  білдіріп,  жан-

жақты 

дайындық 



негізінде 

қанаттана 

сөйледі. 

Ислам 


банкингінің мəні мен мазмұнына 

ден 


койған 

шəкірттердің 

аталған  қаржылық  институттың 

Ислам банктерінің отандық 

экономикадағы ықпалы 


2

 *«Үркер»*№92015

Қазақстанға келуінің мақсаты мен міндеттеріне, 

жалпы 

инвестициялық 



ахуалға, 

оның 


отандық  экономика  үшін  артықшылықтарын, 

мүмкін  болар  кедергілер  мен  кемшіліктеріне 

байланысты  объективті  жəне  субъективті 

факторларға қатысты пікірлері ортаға салынды.         

Қаржылық 

қызмет 


көрсетулердің 

қазақстандық  рыногы  ислам  қаржыландыру 

жүйесін  енгізу  арқылы  кеңейе  түсуі  тиіс. 2009 

жылғы  ақпан  айында  «Ислам  банктерінің 

қызметі  жəне  исламдық  қаржыландыруды 

ұйымдастыру 

туралы» 

Қазақстан 

Республикасының  Заңы  қабылданған  болатын. 

Соңғы  жылдары  исламдық  қаржыландырудың 

рөлі  бүкіл  əлем  бойынша  артып  келе 

жатқандығы  белгілі.  Бірін  бірі  алмастырған 

жаһандық  қаржы-экономикалық  дағдарыстар 

исламдық  қаржыландырудың  өміршеңдігін 

дəлелдеу үстінде. Исламдық қаржыландырудың 

ең  үлкен  артықшылықтарының  бірі  пайыздық 

мөлшерлеменің 

қойылып, 

алынбауында 

(төленбеуінде)  болса  керек.  Банктік  пайыз 

шариғатпен сыйыспайды. Шариғат оған қарсы. 

Ислам  банкингінің  ұстанымы  инвестордың 

акционерлік  капиталға  қатысуы  негізіндегі 

қаржыландыру  болып  табылады.  Сонда  пайда 

арнайы  бағалы  қағаздар  шығару  есебінен 

жинақталады,  ал  бағалы  қағаздардан  түскен 

табыс  экономиканың  шынайы  секторының 

жобаларына  инвестицияланады.  Бұл  модельдің 

ең  тартымды  тұсы – бизнестің  рухани 

тазалығында  дейді  пікірталасқа  қатысушылар. 

Перспективалы  жобалар,  тіпті  кепіл  жоқ 

болғанның  өзінде  де  ислам  банкингінен 

қаржы  алуға  құқылы,  дегенмен  несие  алудан 

бұрын  жоба  тəптіштеле  сараланады:  оның 

экономикалық 

өміршеңдігі 

қаншалықты 

рыноктың  осы  сегментіндегі  конъюктураның 

(ағымдағы жағдай) дамуы перспективасы қандай 

жəне клиенттің іскерлік сапасы зерделенеді. 

Ислам 

банкингінің 



басты 

артықшылықтарының  бірі  инвестор  мен  қарыз 

алушы  арасында  тəуекелдерді  əділетті  бөлу 

болып табылады. Іс жүзінде банк жоба бойынша 

əріптес  ретінде  жұмыс  жасайды,  сондықтан 

пайдаға  да,  шығынға  да  бірдей  ортақ  болады, 

яғни  банк  қарыз  алушымен  жауапкершілікті 

де 


бөліседі. 

Осылайша,ислам 

банкингі 

кəсіпкерлікке кедергі келтірместен, оны дамыта 

түседі. 

Ислам банкингінің екінші артықшылығына 

қаржы 

институттарының 



орнықтылығы 

жатады. Ислам банкингінде активтерге қатысты 

инвестициялар  Мудараба  жəне  Мурабаха 

қаржылық кестелері бойынша жүзеге асады, ал 

міндеттемелерге  қатысты  қаржылық  ресурстар 

қамтамасыздандырылған  депозиттер  есебінен 

қалыптастырылады. Мұның өзі салымшылардың 

пайда  мен  шығындарды  бөлісуіне  жетелейді. 

Осыдан  Ислам  банкингі  дəстүрлі  банктермен 

салыстырғанда өздерінің банкрот болу тəуекелін 

кемітеді. 

Ислам банкингінің үшінші артықшылығы 

қарыз 

міндеттемелерінің 



интегрцияланған 

рыногының  болмауында,  бұл  ақшаның  бір 

рыноктан  екіншісіне  ауысуы  мүмкіндігіне 

тосқауыл  қойып,  жүйенің  орнықтылығын 

арттырады.

Қаржыландырудың  исламдық  моделінің 

төртінші  артықшылығы  мұсылман  елдерінде 

«зекет»  ережесінің  болуына  байланысты, 

яғни  шариғатқа  сəйкес  ислам  банктері 

акционерлерден «зекет» алып, жиналған ақшаны 

(пайданың бір бөлігін) мұқтаждарға үлестіреді. 

Осылайша,  ислам  банкингінің  əлеуметтік 

маңыздылығы  артады – мұсылман  елдерінде 

мұның  өзі  кедейшілік  деңгейін  төмендетуде 

маңызды рөл атқарады.

Ислам 


банкингінің 

тағы 


бір 

артықшылығына  оның  орнықтылығы  жатады. 

Дəстүрлі  банкте  клиент  түпкі  есепте  кредит 

сомасынан  едəуір  артық  сома  төлейтін  болса, 

ислам  банкингінде  Мурабаха  шеңберінде 

ақшаның  құны  кредит  алған  сəтке  белгіленеді 

де, одан əрі өспейді, сондықтан клиент қарызын 

қосымша шығынсыз өтеуге мүмкіндік алады.



3

Исламдық 

қаржыландырудың 

басты 


проблемасы оны енгізу тəжірибесінің болмауына 

байланысты  болып  отыр.  Егер  Қазақстан 

Республикасы бұл мəселеде ол бастаушы рөлін 

атқаратын болса, онда күтілген тəуекелдер мен 

болжанбаған нəтижелерге тап болуы ықтимал. 

Ислам  банкингі  бойынша  қазақстандық 

білікті 

сарапшылардың 

жетіспеушілігі 

мəселені  қарастыру  үдерісі  мен  жобаларды 

қаржыландыруды  бастау  мерзімін  ұзаққа 

созуы  əбден  мүмкін.  Дегенмен,  Қазақстан 

үшін  банк  бұл  жаңа  түрін  игеру  басталып  та 

кетті.  Айталық,  Астана  қаласында  «Астана – 

капитал  менеджменті»  тікелей  инвестициялар 

үшін  құрылған  қор  жұмыс  жасайды.  Аталмыш 

қор 

қайсыбір 



компанияның 

капиталына 

иснвестициялауға 

қолайлы 


жобаларды 

іздестіреді. 

Өкінішке  орай,  қазақстандық  кəсіпкерлік 

өзінің  бизнесіне  үлестік  капиталдың  келуіне 

əзірше  толық  дайын  емес.  Дегенмен,  беделді 

инвестордың  берері  мол,  оның  үстіне  одан 

бірқатар  іс-тəжірибені  қабылдап  алуға  болады. 

Əлем  бизнесмендері  дəл  осы  жолды  ұстанады. 

Халықаралық 

сарапшылардың 

бағалауы 

бойынша  қазақстандық  инвестициялық  ахуал 

бизнес  жүргізу  бойынша  рейтингінің  алғашқы 

ондығына  кіреді.  Олай  болса,  батыс  елдерінде 

қалыптасқан  қаржы  жүйесін  қолданумен 

қатар  елімізде  ислам  банк  жүйелерімен 

ынтымақтастықты 

орнықтырып, 

олардың 

əрқайсысының озық əдіс-тəсілдерін игеру жəне 

қабылдау  нəтижесінде  Қазақстанды  бəсекелік 

негізінде инвестициялық ахуалды жақсарта беру 

ұлттық экономиканы одан əрі дамытудың бірегей 

тетігі  деп  танылуы  тиіс  деген  қорытындыға 

келді  пікірталасқа  қатысушы  тараптар.  Мұның 

өзін жан-жақты екшелген, байсалды қорытынды 

деп  тану  қажет  шығар.  Осындайда,  өткен 

ғасырдың  жетпісінші  жылдарының  басында 

Қытай  Халық  Республикасында  қолға  алынған 

аса  зор  көлемді  экономикалық  реформалардың 

негізгі дем берушісі жəне авторы ДэнСяопиннің 

келесідей  астарлы  сөздері  ойға  оралады: 

«Мəселе мысықтың түсінде емес – оның тышқан 

аулау қабілетінде». Төраға Дэннің бұл сөздерін 

біздің мақалаға орайластырсақ, онда банк ісінің 

англо-саксондық  жүйесі  болар  немесе  ислам 

банкингінің  артықшылықтары  болар,  оңтүстік-

шығыс  Азия  айдаһарларының  қаражаты  болар, 

мəселе – Қазақстан  экономикасында  солардың 

баршасының  қызығушылығын  туындататын 

инвестициялық 

ахуал 


жасап 

отандық 


шаруашылыққа  көптеп  тартуда  болса  керек. 

Қаражат  келсе  таңдау  жеңілдейді.  Осындай 

болжам  жасауда,  ең  бастысы  еркін  пікірталас 

нəтижесінде  келелі  ойларын  ортаға  салған  əл-

Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  Университеті, 

халықаралық 

қатынастар 

факультетінің 

«əлемдік экономика» мамандығы студенттерінің 

талаптары қанаттанып өрлей берсін деген тілек 

білдірдік. 

М.К. БАЙГІСИЕВ

Халықаралық қатынастар жəне 

əлемдік экономика кафедрасының доценті

А.О. ОҢДАШ

Халықаралық қатынастар жəне 

əлемдік экономика кафедрасының доценті, 

PhD доктор

Ж.А. ОСПАНБАЕВ

Халықаралық қатынастар жəне 

əлемдік экономика кафедрасының аға 

оқытушысы, экономика ғылымдарының 

магистрі

Е.ОҢДАШҰЛЫ

Мемлекет жəне құқық теориясы мен 

тарихы, конституциялық жəне əкімшілік 

құқық кафедрасының ассистенті, заң 

ғылымдарының магистрі

 

М.К.Байгісиев, А.О. Оңдаш, Ж.А. Оспанбаев, Е.Оңдашұлы. 

«Ислам банктерінің отандық экономикадағы ықпалы»


4

МӘҢГІ ҚАЗАҚ  ЕЛІНІҢ  СОТ 

ЖҮЙЕСІНІҢ МӘРТЕБЕСІ 

Қазақ 

елінің 

сот 

билігі, 

жерімізде 

алғашқы мемлекет нышандарының, яғни ежелгі 

тайпалардың  қауымдық  құрылысының  бас 

қосып  бірігуінің  нəтижесінде  болғаны  ежелгі 

тарихымыздан  белгілі.  Ол  кездегі  сот  билігінің 

мəні  олар  өмір  сүрген  замандағы,  көшпелі  мал 

шаруашылығының ру-тайпалық салт-дəстүр та-

лаптарына сай қалыптасқан.

Сот  қызметін  жергілікті  жерлерде  ру-

тайпаның  беделді  өкілдері  бектер  мен  сұлтандар 

жүзеге  асырған.  Жоғарғы  соттың  лауазымдық 

құқығы – мемлекет басшысы хан билігінде болған.

Қазақ  елінің  тарихында  «Қасым    ханның 

қасқа жолы» деген құқықтық жарғының алар орны 

ерекше.  Қасым  хан  билер  сотының  іс  жүргізу  бай-

ыбын жете қарап, ежелден келе жатқан əдет-ғұрып, 

ереже-тəртіпке  маңызды  өзгерістер  енгізіп,  заңды 

басты-басты 5 қағидадан құрастырған.

Атап айтқанда, 1. Мүлік заңы (мал, мүлік, жер 

дауын шешу ережелері). 2. Қылмыс заңы  (кісі өлтіру, 

ел шабу, мал талау, ұрлықтың жазасы); 3. Əскери заң 

(қосын  құру,  аламан  міндеті,  ердің  құны,  тұлпар 

ат); 4. Елшілік  жоралғылар  (төзімділік,  шешендік, 

халықаралық қатынастарда сыпайылық,  əдептілік); 

5. Жұртшылық заңы (ас, той,  мерекеде шүлен тара-

ту ережелері,  жасауыл, тұтқауылдардың міндеті).

Бес  тараудан  тұратын  бұл  жарғыны 

қазіргі  Қазақстан  Республикасының  қылмыстық, 

азаматтық  кодекстерімен,  қолданыстағы  басқа  да 

заң қағидаларымен салыстырып қарасақ, бір-бірімен 

мазмұндас келетіні байқалып тұрады.

Тарихта  бұдан  басқа, «Есім  ханның  ескі 

жолы»  атауымен  жеткен  заң  ережесі  де  Қазақ 

мемлекетінің құқықтық жүйесінде айтарлықтай рөл 

атқарған.  Бұл  заңның  ерекшелігі  «Қасым  ханның 

қасқа жолына» қосылған жаңа  ережелер енгізіліп, 

саяси, əкімшілік, əскери жəне сот істеріне қатысты 

төрт салаға бөлінген.     

Қазақ мемлекетінің нығаюына Тəуке ханның 

сот-құқықтық  реформасы  жəне  «Жеті  Жарғы» 

заңдар жиынтығы зор үлесін қосқан. Ол өз дəуірінде 

ірі  қайраткер,  көрнекті  қолбасшы,  дипломат-

мəмілегер,  данышпан,  айлакер  қолбасшы,   ұлтың 

бірлігі мен жердің тұтастығын  сақтауға жан аямай 

күш салған ірі мемлекеттік тұлға.

Тəуке ханның тұсында мемлекетті басқаруда 

үлкен  өзгерістер  болып,  басқару  процесіне  бұрын 

беймəлім  болған  билер  жəне  «Билер  кеңесі» 

енгізілген. Бұл мемлекеттік орган қазақ  елінің са-

яси жүйесінде үлкен құқықтарға ие болумен қатар, 

ішкі-сыртқы  саясатты  жүргізуде  орасан  зор  көмегі 

болған.

Абылай  хан – Тəуке  ханнан  кейін 



қазақ  мемлекетінің  сыртқы  жəне  ішкі  саяса-

тын 


қалыптастырып, 

елдегі 


алауыздықты, 

сұлтандардың  таққа  таласу  əрекеттерін  тежеуге 

күш  салу  мақсатында  «Билер  кеңесінің»  қызметін 

өз қолына шоғырландырған. Ол  көшпелі өмір сал-

тында  жүрген  қазақ  қоғамына  қатаң  тəртіп  орна-

тып, қоғамдық тəртіпті нығайтуға көп көңіл бөлген 

басшы болған. «Жеті жарғы» заңдарының талапта-

рын мен нормаларын  бұлжытпай орындатудың екі 



Сүлеймен ЕЖЕБЕКОВ, 

Астана қалалық сотының судьясы

5

тəсілін мемлекеттік саясат дəрежесіне көтерген. 

Бұдан  басқа,  қазақ  мемлекетін  басқару  мен 

сот жүйесіне үлкен үлестерін қосқан  Төле, Қаз дау-

ысты Қазыбек жəне Əйтеке билер. Олар  Тəуке хан 

мен  Абылай  хан  қалыптастырып  нығайтқан  қазақ 

еліндегі  құқықтық реформаларды одан əрі дамыт-

ты.  Өздерінің  барлық  шешендік  өнерлерін,  асқан 

даналық ақыл ойларын ел игілігіне жұмсады.  Бұл 

билердің  ерекшеліктері    қазақ  мемлекетінде  əділ 

билік жүргізу жəне елді көрегендікпен басқару бол-

ды.  Бұл  мəселені  шешуде  үш  биде  ортақ  пікірде 

болған. Сот жүйесіне əр ортадан шыққан қабілетті, 

туа біткен дарынды адамдарды тартқан.

Ал  кеңестік  дəуірдегі  сот  жүйесінің  қалай 

қалыптасқаны  жəне  ол  жүйенің  халыққа  қалай 

қызмет жасағаны бəрімізге мəлім.

Қазақстан  Республикасының  қазіргі  сот 

жүйесі    егемен  мемлекеттің  негізі  қаланып,  қазақ 

елінің өрлеп даму сатысында қалыптасып жатыр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  1994 жылғы 

ақпанда қабылдаған «Қазақстан Республикасындағы 

мемлекеттік құқықтық реформа бағдарламасы тура-

лы» Қаулы сот жүйесін одан əрі дамытудың басым 

бағыттарын белгілеп берген маңызды құжат болды. 

Қазақстанда  дербес  сот  жүйесін  құру  жария  ету, 

сот  жүйесінің  ұйымдық  негіздерін  дамыту,  оның 

кадрлармен  жəне  қаржымен  қамтамасыз  етілуін 

жетілдіру,  демократиялық  құқықтық  мемлекеттің 

жұмыс істеуін қамтамасыз етудің бірден-бір шарты 

ретінде судьялардың дербестігі мен тəуелсіздігінің 

кепілдіктерін күшейту реформаның негізгі мақсаты 

болды.  Сондықтан  азаматтардың  құқықтары  мен 

бостандықтарын сот арқылы қорғау аясын кеңейту, 

сот төрелігіне қол жеткізу мүмкіндігін молайту ба-

сты міндет етіп қойылды.

Осы  орайда  жаңа  Қылмыстық  жəне 

Азаматтық  кодекстер  қабылданды.  Жаңа  сот 

актілері – Қылмыстық  іс  жүргізу жəне Азаматтық 

іс жүргізу кодекстерінде сот ісін жүргізу одан əрі да-

мытылды. 1995 жылғы Конституцияға, содан соң сол 

жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы 

соттар  жəне  судьялардың  мəртебесі  туралы»  

Конституциялық    заң  күші  бар  Жарлыққа  сəйкес 

Президент  жергілікті  соттарды  тағайындаса,  ал 

Жоғарғы  Соттың  судьяларын  Парламент  Сена-

ты  тағайындады.  Мемлекет  тарихында  судьялар 

алғашқы рет тұрақты мерзімге тағайындала баста-

ды.  Мұның  өзі  олардың  тəуелсіздігін  қамтамасыз 

етудің  негізгі  құралы  болып  табылды.  Қазақстан 

Республикасында сот жүйесі шын мəнісінде жүзеге 

асты. Бұл  біздің мемлекетімізді дамытудың басты 

жетістіктерінің бірі.

Бүгінгі  таңда  сот  жүйесінде  мемлекеттік 

билікке  қажетті барлық жағдайлар бар. Мұның өзі 

оны азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын 

қорғауға,  қоғамды  əлеуметтік  шиеленістерден 

сақтандыруға 

қабілетті 

мемлекеттегі 

тұрақтандырушы  күшке  айналдырып  отыр.  Ол 

басқа  органдар  мен    адамдардың  іс-əрекеттері  мен 

шешімдерінің  заңға  сəйкестігін  тексеру  құқығын 

иеленді.


«Қазақстан 

Республикасының 

сот 

жүйесі  мен  судьяларының  мəртебесі  тура-



лы»  Конституциялық  заңға  енгізілген  соңғы 

толықтырулар  мен  өзгерістер    сот    қарайтын  

істердің  шеңберін  кеңейтті. Соттардың əлеуметтік 

жəне  құқықтық  қорғалуы  жақсара  түсті.  Су-

дья  қызметіне  тағайындау  рəсімінің  ашықтығы 

мен  жариялылығын  қамтамасыз  ету  мақсатында  

судьялар  қызметіне  кандидаттарды    қатаң 

конкурстық негізде іріктеудің, сондай-ақ   олардың 

міндетті  түрде    тағылымдамадан  өтудің  тəртібін 

белгілейтін  нормалар  енгізілді.  Міне  осылайша 

сот жүйесінің кадрлық  əлеуетін нығайту жөнінде 

қажетті құқықтық негіздер жасалды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда біріңғай сот  жүйесі 

бар,  ал  барлық  соттардағы  судьялардың  мəртебесі 

бірдей.  Судьяларға  Конституция  мен  заңда 

белгіленген  тəртіппен  сот    төрелігін  жүзеге  асыру 

өкілеттіктері    берілген.  Судьялардың  тəуелсіздігі 

Конституция  мен  аталған  заңмен    қорғалады.  Су-

дьялар сот төрелігін жүзеге асыруда тек заңға ғана 

бағынады. Ешкімнің сот төрелігін жүзеге асыру ісіне 

араласуға,  қандайда  болмасын  ықпал  етуге  құқы 

жоқ – мұндай əрекеттер заңмен қудаланады. Судья 

қаралған немесе қаралып жатқан сот істерінің мəні 

жөнінде қандай да бір түсінік беруге міндетті емес. 

Сот  шешімдері  мен  судьялардың  өкілеттіктерін 

жүзеге  асыру  барысындағы  талаптары  барлық 

мемлекеттік  органдар  мен  олардың  лауазымды 

адамдарының, жеке жəне  заңды тұлғалардың орын-

дауы үшін міндетті болып табылады. 

Сүлеймен ЕЖЕБЕКОВ. «Мəңгі қазақ елінің  сот жүйесінің мəртебесі»


6

Талќы 


Қазақ  əдебиеті - қазақтың  жаны, 

жүрегі,  рухы.  Қазақтың  сөзі - қазақтың  өзі. 

Бұл  əлімсақтан  белгілі.  Абай  айтқандайын 

«алдыңғы  толқын  ағалар  мен  кейінгі  толқын 

інілердің»  бір-бірін  қуып  толқып,  тулап  жа-

туы - əдебиет  «айдынындағы»  əдеби  процесс 

деуге  саятын  секілді.  Өр  досым  Ел-аға  (ме-

нен екі ай үлкендігің бар ғой), əдеби хатыңда: 



ХАТ 

ЖАЗДЫМ 

ҚАЛАМ  АЛЫП 

ҚАЛАМДАСҚА 

«бүгін  саған  арнайы  хат  жазу  себебім: 

қатарластарымыздың шығармашылық əлеуеті 

хақында сөз қозғау, пікірлесу», - депсің.  Атқа 

қатар  қонған  біздің  үзеңгілес  достарымыз 

болашақта  қазақ  əдебиетінің  сөзін  сөйлейді 

деп ойлаймын жəне сенемін.

Ел-аға, «Үркер»  журналына  шыққан 

Тəуелсіздік  жылдарындағы  қазақ  əдебиеті 

Еламан ХАСЕНҰЛЫ

Журналымыздың  өткен  санында  жас 

əдебиеттанушы Елдос Тоқтарбайдың «Əдебиет 

еріккеннің ермегі емес» атты мақаласы жарық 

көрген болатын. Содан бері мақалада көтерілген 

мəселелер  əлеуметтік  желілер  арқылы  қызыл 

талқыға  түсті.  Біз  бүгін  сол  мақалаға  орай 

тұщымды пікір білдірген жас талант, ақын Ела-

ман Хасенұлының жауап хатын журнал бетінде 

жариялауды жөн санадық. 

Елдос ТОҚТАРБАЙ


7

жайлы  мақалаңда  «өзіміз  іргетасын  көтерер 

үшінші  онжылдықты» «жылымық  күннің 

əдебиеті»  деп  атапсың.  Жəне  сол  мақалаңнан 

үзінді келтіре кетсем: «...Тəуелсіздіктің үшінші 

онжылдығының  кіндігін  кескендер  де  бар. 

Олар 2011 жылдан  бері  əдеби  аренаға  таны-

лып қалған жасөрендер. Атап айтсақ, Мерген 

Тоқсанбай, Мақпал Сембай, Мақпал  Төребек, 

Құндыз  Жұбаева,  Ботакөз  Бексары,  Салтанат 

Қожа,  Нұрлан  Құмар,  Шерхан  Талап,  Айбол 

Исламғалиев,  Асылан  Тілегенов,  Батырхан 

Сəрсенхан,  Нұртас  Тұрғанбекұлы,  Манас 

Қайыртайұлы,  Əлішер  Əлімжан,  Еламан 

Хасенұлы, Марғұлан Ақан, Тұрсынбек Башар, 

Жандарбек Жұмағұлов, Мейіржан Жылқыбай, 

Серік Қантаев, Алпамыс Файзолла, Жанайдар 

Болатбекұлы, Жəнібек Қойтай, Лəззат Мақаш, 

Нұргүл Қалимолда, Дина Бөкебай секілді жас 

қалам  иелері.  Бұл  тізім  мұнымен  таусылмай-

ды. Əлі де жалғасады. Жалғаса бермек... «Хия-

метте басталған, ахиретте нүктесі қойылады» 

(Айбек  Қалиев)  дегендей,  біздің  бағзы  заман-

нан  басталған  əдебиетіміздің  өміршең  бола-

рын осындай жас толқындардың жыл сайынғы 

қаулап келіп жатқан лектерінен байқаймыз...»  

Қазіргі қазақ əдебиеті өкілдерін буын-буынға 

бөліп,  атын  атап,  түсін  түстеп  берген  осынау 

мақаланың  жүгі  ауыр  деп  білемін.  Тиісінше, 

мақала авторы ретінде сенің мойыныңа түсер 

салмақ  та  жеңіл  емес,  əрине.  Ендігі  кезекте, 

оқырман  қауым  сенен  аты  аталған  жастар  не 

себепті  осы  тізімнен  орын  алып  отырғанын 

дəлелдейтін, əр автордың шығармашылықтағы 

аяқ-алысы 

хақындағы 

жеке-жеке 

сыни 


мақалаларды күтеді. Асыға күтеді.

«Шабыт»  фестиваліне  барғанымызда 

көрдік:  қазір  қалам  ұстап  жүрген  жастардың 

қарасы  мол.  Өзің  айтқан  «жылымық  күннің» 

150-ге  тарта  жас  ақыны  бар  екен.  Бірақ 

барлығына уақыт- елеуіш, уақыт- таразы екені 

тағы  ақиқат.  Уақыттың  елеуішінен  сау  етіп 

түсіп кетпес үшін ірі болуымыз, жазғанымыз 

ауқымды болуы міндет біз үшін. Тəңір қалам 

берді қолымызға, жаза алмасақ бізге серт!

Ел-аға,  өзің  білетіндей,  жуырда  ғана 

күллі  қазақ  жұртшылығын  қуантып  «Жыр 

маржаны»  атты  қазақ  поэзиясының  он 

томдығы  оқырманға  жол  тартты.  Х  томға 

біз  де  еніппіз,  бір  топ  болып.  Абыройымыз 

аспандады,  мəртебеміз  өсті...  Дегенмен  де 

бұл  біз  үшін-  өте  зор  жауапкершілік...  Осы 

орайда  қазақ  əдебиетіне  қосылған  сүбелі 

үлес  деп 2000-жылы  Ұлықбек  Есдəулеттің 

құрастыруымен 

жалғанның 

жарығына 

шыққан  «Жас  ақындар  жырының  антоло-

гиясын»  атап  өткім  келеді.  Сол  уақытта 

қазіргі  біздің  «буынның»  жасындағы  жастар, 

Темірхан  ағамыз  «алтынкөпірліктер»  деп 

атаған адуынды буынның осы күндері, қазіргі 

қазақ əдебиетінің ажырамас бөлігіне айналуы- 

Ұлағаңның «тұлпарды құлынынан танығаны» 

емес пе? Осыншалық жүгі бар тағы бір жинақ 

2012-жылы  шыққан «Жаңа ғасыр жырлайды» 

(Серік  Сағынтай  ағамыздың  құрастыруымен. 

Редакторы  Əмірхан  Балқыбек)  атты  жас 

ақындар антологиясы. Серік аға бізге де сенім 

артыпты.

Тағы  бер  атап  өтерлігі,  Қарағанды 

қаласындағы  бір  топ  əдебиет  жанашырлар-

ының  мұрындық  болуымен  былтырғы  жылы 

республикалық  «Қасым»  сериясымен  жас 

ақын-жазушылардың  кітаптарын  шығару 

қолға  алынды.  Серия  аясында  қарқаралылық 

Аян  Мейраштың  «Саған  арнадым»,  семейлік 

Арман  Шеризатовтың  «Тəңірқұт»  жинақтары 

жарық  көрді.  Қанаттас  достарымыздың  

тырнақалды  туындылары  сенің  ғана  емес, 

өзге  де  сыншылардың  назарына  ілігуі-  біздің 

буынға  жанашырлық  болар  еді.  Осы  орай-

да  айта  кетерлігі  еліміздің  қай  өңірі  болсын, 

Қарағандыдағы  əдеби  ортадан  үйренері  мол. 

Бізді  де  талаптандырған  һəм  қанаттандырған 

осы қала.

Ел-аға,  біздің  буын  əдебиетке  елеусіз 



Каталог: wp-content -> pdf
pdf -> Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін
pdf -> «АҚылдың ТҮбі қҰт болар»
pdf -> Мен «Ана тілі» газетін жарық көрген күнінен
pdf -> Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі де таяп қалды. Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың ерекше ажарланатын, жаңаратын кезеңі саналатын Наурызда
pdf -> «Болса болар, бәлкім, менің паңдығым »
pdf -> 5 Көзіқарақты оқырман білуі тиіс, жақында Тілдерді дамыту мен қолданудың
pdf -> Күні. Бұл күні күн мен түн теңеледі
pdf -> Жеке жазылушылар үшін 65367 6 айға 1541,52 1637,40 1713,84 Мекемелер мен ұйымдар үшін

жүктеу 0.65 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет