Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi



жүктеу 0.62 Mb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата11.09.2017
өлшемі0.62 Mb.
#13968
  1   2   3   4   5   6

ЖАСТАРДЫҢ ӘДЕБИ-МӘДЕНИ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖУРНАЛЫ

Құрылтайшы жəне 

шығарушы:

«Қазақ газеттерi» 

Жауапкершiлiгi

шектеулi серiктестiгi

 Редакторлар кеңесiнiң  

Төрағасы   — 

Бас директор 

Жұмабек 

КЕНЖАЛИН

Бас редактор

Қуандық Түменбай

Бас редактордың 

орынбасары –

жауапты хатшы

Жарас Сəрсек

Редакция  алқасының 

мүшелерi:

Өмірəлі Қопабаев

Əбiш Кекiлбайұлы

Нұрлан Оразалин

Динар Нөкетаева

Серік Сиқымбаев

Бектұр Төлеуғалиев

 Сағатбек Медеубекұлы

Мереке Құлкенов

Əлішер Пірметов

Дүрия Даниярова

Техникалық редактор

Жұмағазы Омарұлы

№7 (83)

2015


Ел боламын десеѕ...

Қазір – бəріміз  білетін 

білім  мен  ғылымның  дамыған 

ғасыры.  Көшке  ілескен  елдің 

бағыты 

енді 


алға 

қарай 


қарыштап  барады.  Осы  көшке 

елді  ілестіріп  отырған  халық, 

анығын 

айтсақ, 


халықтан 

шыққан  дарынды  азаматтар. 

Дарынды  азамматтар  қайдан 

ЕРТЕ ЖАСТАН 

ОҚУДЫҢ ПАЙДАСЫ 

МЕН ЗИЯНЫ

Айдана  КЕМЕЛБЕКОВА                                                                        

Қызылорданың  М.Мəметова  атын-

дағы гуманитарлық  колледжін жəне Қожа 

Ахмет  Яссауи  атындағы  халықаралық 

университетін  педагогика  мамандығы 

бойынша бітірген.

Қызылорда  облыстық  «Ел  тілегі» 

газетінің,  колледжішілік  «Ұлағат  ұясы» 

басылымының тілшісі, ал «Ана мен бала» 

журналының  Қызылордадағы  меншікті  тілшісі  болды.  Бүгінгі 

таңда  «Ана  мен  бала»  журналының  жауапты  редакторы  болып 

қызмет атқарады. 

шығады?  Əрине,  бəрі  анадан 

туады, ал оның ерекше қасиеті 

қалай  қалыптасады?  Əдетте, 

балалардың  таланты,  дары-

ны  ерте  бастан-ақ  көрінеді: 10 

айлығында  былдырлап,  ал  бір 

жасқа жетпей анық сөйлеп, 2-3 

жасында барлық əріптерді жат-

тап  алып, 4-5 жасында  кітап 


2

 *«Үркер»*№72015

оқитын ежелгінің Ер Төстіктері қазір де бар 

арамызда. Баланың биікті бағындырып, алып 

асуды алғаны тамаша, бірақ бұл оның өзге де 

жағдайларына кері əсерін тигізбей ме? Сіз бен 

біз болып осы сауалға жауап іздеп көрелік?

Мұндай  оқымысты  балаларды  біз  егер 

елімізде  кешегі  ХІХ  ғасырдың  аяғы,  ХХ 

ғасырдың  басында  кездестіретін  болсақ, 

иə,  сөзсіз  əлем  болып  таңданып,  рекордтар 

кітабына  енгізіп  те  қойған  болар  едік.  Ал 

қазір  мұндай  балалар  əлемде  жиі  кездеседі. 

Біздің елде əзірше көп емес, бірақ кездестірген 

жағдайда  да  таңдай  қағатынымыз  шамалы. 

Себебі  біз  оларға  заманына  сай  балалар  ғой 

деген теңеу береміз де, қазан қақпағын жылы 

жауып  қоямыз.  Мұндай  балаларға  əрі  қарай 

қандай білім беру керек? Көп оқу балаға зия-

нын тигізе ме, əлде бұл қалыпты жағдай ма? 

Бұл жағына аса көп мəн бермейміз.

Ерте  жастан  өз  бетімен  оқып  кететін 

балалар қалай көбейді, шынында пайда болу-

ына мотив не? Əңгімені төркінінен бастайық:                 

Ең əуелі – қоғам. Ерте жастан-ақ оқып 

кететін  балалар  негізінен  дамыған  Европа, 

Америка елдерінде кездесе бастады. Дамыған 

елдер – аты  айтып  тұрғандай  саяси  страте-

гиясы  қалыптасқан,  білім  мен  ғылым  алға 

қойылған,  ой-  өрісі  биік,  өркениетті  қоғам. 

Елде  қандай  даму,  жоспар,  міндет  болса, 

халық пен қоғамда сондай нəтиже, көзқарас, 

мақсат  болады.  Біз – дамушы  елміз,  бізде 

мұның бəрі кенжелеп келгені ешкімге де жа-

сырын емес. Ерте жаста əріп танып, оқып кет-

кен балалардың да бізде осы бүгінгі кезеңде 

ғана жиілеп жатқаны, міне, сондықтан. Бірақ 

бұл  бізге  келді.  Бұл  биікті  де  бағындырған 

балаларымыздың  қарасы  көрінді,  осыған 

тəуба.  Оған  дəлел – 2 жасында  сауат  ашып, 

4-5 жасында өлең жазған бала ақын Жамбыл 

екендігін ескере отыралық.

Ал  екінші  бір  əсері – тұқымқуалау-

шылық. Бұл –  əрине, баршамызға түсінікті, 

ген арқылы ата- анадан немесе ата-бабасынан 

ұрпағына берілетін қасиет. Барлығы бізге то-

сын  жағдай,  дарынды  балалар  тек  шет  елде 

деген ұғым – қате пікір.  Ерте жастан-ақ өзінің 

қабілет- қарымын көрсеткен балалар ежелдегі 

жаугершілік заманда елін қорғаған батырлар-

дан,  ақылы  артқан  билерден,  том-том  жыр-

ды  жаттаған  жыраулардан  анық  көрінеді. 

Бүгінгі  балалар  сол  ғылымда  дəлелденіп 

жүрген  іргетасы  мықты  қалыптасқан  салт- 

дəстүрлерімізді  бойына  сіңіріп,  ойланып, 

жұмбағын  шешкен,  мүдірмей  жаңылтпаш 

құрастырған,  болашақты  болжап,  ертегі 

айтқан, шешендік қанына дарыған кешегінің 

ұрпағы.  Бұл – даусыз.  Тек  сауат  ашудың 

бізге  дала  қоңырауы – Ыбырай  атамыздың 

ықпалымен  келгендігінен  ғана  кенжелеп 

отырмыз.  Абылай  ханның  ұрпағы  бала 

Шоқанның,  ел  ағасы  болған  Құнанбайдың 

баласы Абайдың топжарғаны міне, осылайша 

атадан балаға берілетін тұқымқуалаушылық 

себебінен ғой.

Өз  ортасы – үшінші  бір  себеп  деуге 

болады.  Əрбір  адамның  ойына,  алға  қояр 

мақсатына  өзінің  жүрген  ортасы  тікелей 

əсер етеді. Көпке бармай- ақ жыраулық, сал- 

серілік  өнерді  дəріптеген  кешегі  қоғамды 

алайық.  Сол  кезгі  балалар    жырды  жаттап, 

ауыздан  ауызға  тараған  əндерді  естерінде 

сақтап, өз ортасында төгілтіп айтып даралан-

ды. Қазір баланың ортасы – техниканы, тілді, 

ғылымды  меңгерген  зерделі  балалар.  Өз  ор-

тасымен иық тіресе, көшке қол созу дегеніңіз 

– осы. 

Тағы  бірі – табиғи  себеп.  Ешқандай 



ата-бабасында, 

əке-шешесінде 

Алланың 

сыйлаған  таланты,  көп  білуге  деген 

құштарлығы болмаса да кейбір балалар ерте 


3

Айдана  КЕМЕЛБЕКОВА. «Ерте жастан оқудың пайдасы мен зияны»                                                                      

жастан-ақ ешкімнің көмегінсіз, əсерінсіз сау-

атын ашып алады. 

Соңғысы –  жақынының əсері. Тікелей 

– ата- ана. Кейбірінің атасы- əжесі, əйтеуір ет 

жақыны баланы ерте жастан икемдеп, дамы-

тып, тілін шығарып, əр нəрсеге қызықтырып, 

əріп 


танытып, 

санауды 


үйретіп, 

өз 


ықпалымен жетілдіреді. Шынында ғылымда 

дəлелденген: балалардың барлығы 5-6 жасқа 

дейін    ғылымды,  сан  түрлі  тілді  меңгеруге 

жететін қабілетті болып өмірге келеді. Жəне 

осы  жасқа  дейінгі  жинаған  білімі  оның 

іргетасы  болып,  өміріне  азық  болады.  Тол-

стойша айтсақ, білімнің 90 пайызын 5-6 жасқа 

дейін, қалған пайызын өмір бойы алады екен. 

Сондықтан  коғамымызды  көшке  ілестіру 

үшін бізге осы соңғы əсердің салмағын арт-

тырып, күшін көбейтуіміз аса қажет болар. 

       


Пайдасы:

Біріншіден, «Оқ  бойы  озық» - өз 

қатарындағы  жолдастарынан  білім,  білік 

дағдыларының  əлдеқайда  алда  болуы, 11 

жылдық оқуды 2-3 жыл ерте тамамдауы;

Екіншіден, «Қоғам көшіне ілескен». Не 

десек те ерте жастан- ақ оқу- ғылымды игеру 

– қазіргі қоғамның талабы; 

Үшіншіден, «Болашағы – жарқын». 

Əрине,  қоғамның  көшіне  ілескен  талаптың 

жолы – ашық, болашағы – жарқын; 

Төртіншіден, «Жемісті жетістік» - тал-

пыныс, құлшыныс, ізденіс шыңы;

Бесіншіден, «Білімді  ұрпақ».  Биікті 

бағындырған,  жемісті  жетістікке  жеткен 

білімділердің ұрпағы дара, дарынды, даныш-

пан болатыны сөзсіз ғой. 

Зияны:


1. Қызықпаушылық. Көпжылдық еңбек 

өтілі  бар  педагогтардың  бүгінгі  көзқарасы 

бойынша  бəрін  мезгілінен  бұрын  меңгеріп 

алған баланың көп жағдайда қызығушылығы 

төмендеп кетеді;

2.  Бос  уақыт.  Кейбір  балалар  берілген 

тапсырманы жылдам орындап қоятындықтан 

артылған уақытты тиімді пайдаланбайды.  

3.  Психологиялық  ауыр  күш – шектен 

тыс  талап  пен  тапсырма  əсерінен  жүйкеге 

түсетін ауыртпалық.

4. Жағымсыз мінез-құлық - өзіне деген 

асқан  сенімділік  өркөкіректілікке  жəне  өзге 

де зиянды қасиеттердің пайда болуы;

5.  Орта  əсері - өз  жасынан  жоғары 

оқығанда  немесе  ортасында  дараланып 

тұрған жағдайда болатын шеттету.

6.  Зиянды  əдеттер – асқынған  себеп-

тердің  салдарынан  орын  алатын  қажетсіз 

қылықтар (техникаға тəуелділік).

Қаншалықты  жетістікке  жету  жолын 

бағындырсақ,  соншалықты  кедергі  болады, 

əрі  сол  кедергілерден  сақтанып,  жеңуге  де 

болатынын  ешқашан  естен  шығармауымыз 

қажет. Егер де балаға өзі меңгерген білімнен 

тыс жаңа дүниелерді үйретіп, оған қалай же-

туге болатынына көз жеткізсе, ол қызығады, 

бос  уақыты  да  болмайды.  Оқу  мен  еңбекті 

дұрыс  ұштастыра  білсе,  жетістігіне  қуана 

білсе,  жүйкеге  күш  түспейді,  жағымсыз 

мінез-  құлық  та  пайда  болмас  еді.  Кей 

жағдайда  мұндай  балалардың  ата-  ана-

лары  интеллектуалдық  мектептерге  бе-

руге  қауқарсыз  болады.  Ал  бұл  жағдайда 

жақындары  өз  тарапынан  психологиялық 

қолдау мен тəлім- тəрбиеге баулыса, ортаның 

əсеріне  əлсіремес  еді  де,  зиянды  əдеттерге 

жоламас  еді.  Кешегі  Ибраһимді    Абай, 

Мұхаммедқанфияны  Шоқан  еткен  Зере  мен 

Айғаным əжелері екендігі баршамызға аян.

Ал ерте жастан оқудың пайдасы бар ма 

əлде зияны көп пе? Соңғы шешім              сізде, 

ата-ана!


4

Ґмірдіѕ ґз əѕгімесі 



Бұрын  соңды  бұл  өңірде  болып 

көрмеген ызғырық аяздан бетін бүркемелей 

жауып, жасы отызға таяп қалған ұзын бой-

лы,  арық  қара  келіншек  кішкентай  қызын 

бауырына  сала,  төрт  жастар  шамасындағы 

ұлы мен одан ересектеу қызының қолынан 

жетектеп,  жалғыз  қара  есегіне  бір  бөстек 

киіз  бен  үш-төрт  ағашты  тиеген  күйі  бір 

жаққа  бағыт  алып  барады.  Оның  артынша 

осы  қалыпта  шұбырған  бір  топ  адам  мына 

аяздан  аман  жетсек  болды  деп  ойлап  келе 

жатқандай  көрінеді.  Аяғын  сүйретіп  бара 

Нұрлайым БАТЫР

1995  жылы  Оңтүстік  Қазақстан  облысы, 

Сарыағаш ауданында туған. Əл-Фараби атындағы 

Қазақ  Ұлттық    университеті  журналистика 

факультетінің 3-курс студенті. 

БАҒАРА 


жатқаны  болмаса,  көбісінің  құр  сүлдері 

ғана  қалған.  Қайда  барарын,  қай  жерге 

тоқтайтынын  бұл  қостан  бөлек  жан  пенде 

білмесе  керек.  Таңертең  аттанған  қос  кеш-

ке  таяп  қалған  мезгілде  осы  жылы  бидай 

егілген  егістіктің  үстіне  келіп  тоқтады. 

Тізеден  келетін  қалың  қардың  астында 

қалып,  тіршілік  белгісі  білінбейтін  бұл 

өңірге  дəл  қазір  адам  атаулы  алғаш  рет 

аяқ  басқандай  əсер  береді.  Əсілінде  бұл 

көрініс испандықтардың Американы алғаш 

ашқанымен үйлесетіндей. 

Қара  келіншек  қара  түнекте  қалып 

кетпеудің қамын ойлап, қара есекке тиеген 



«...Аспанда бір жұлдыз бар айға таман,

Қонады жарлы байғұс байға таман.

Анашым келін болып түскеннен соң

Кезінде алғыс алған қайнатадан...»  

5

Нұрлайым БАТЫР. «Бағара»

үш-төрт ағашын біріктірді де, оның үстінен 

бір бөстек киізді жаба салды. Бүгін ай жаңа 

туған кез болатын. Балаларын киіз кепенің 

ішіне тастай салып, өзі тысқа шығып кетті. 

Омбылап  жауған  қалың  қарды  тізесінен 

кешіп,  бидай  егілген  алқапқа  келіп  жетті. 

Жалаңаш қолдарымен қардың астын кеулеп, 

алтын қазған адамдай, бір нəрсені іздеп жа-

тыр. Кенет ол алақанына тиген бір уыс са-

банды бөлек алып, қайтадан қардың астын 

үңгуге кірісті. Оның қолдары қақаған аязда 

да  тоңбайтын  темір  ме  дерсің.  Бар  тапқан 

сабанын  қолтығына  қысып,  өз  кепесіне 

келді.  Балалары  бүрісіп,  анасының  келерін 

алыстан сезгендей, жəудіреп қарап тұр екен. 

Қара  келіншек  қолтығына  қысқан  сабанды 

жерге тастай салды да: 

‒ Қу құдай-ай, біздерге көрсетпегенің 

қалды ма? – деп, мезгілсіз қаза болған жары 

мен жастай тұл жетім атанған балаларының 

қайғысын  қайта  есіне  алды.  Артынша  бір 

сəттік  ызасын  ұмытып,  аш  құрсақ  бала-

пандарына  аянышты  жүзімен  мейірлене 

қарады. Кетерінде балаларын қалың киіздің 

бір  шетіне  орап  кеткен  еді.  Құрғақ  отын 

болмағандықтан,  қысылтаяңда  от  жаға 

алмағандығына  күйінді.  Өзі  алып  келген 

сабанды  тінткілеп,  қолына  түскен  бір-екі 

дəнін  балаларына  бөліп  берді.  Келесі  күні 

таң  құланиектеніп  атқаннан  бастап,  мұнда 

келген бірнеше үй бидай алқабына асықты. 

‒ Апа, сіз неге жемейсіз? – деп, талқан 

салынған  өз  тостағанын  ұсына  берген,  ес 

біліп  қалған  қызына  қара  келіншек  жыми-

ып қарады да:

‒ Мені аштан өледі деймісің, қарағым. 

Өзіңнен артылса інің мен сіңліңе бөліп  бер 

‒  деді  де,  осы  кезде  ұйқыға  кетіп  үлгерген 

ұлы  мен  кішкентай  қызының  үстін  қалың 

тонымен  қымтап  жауып  қойды.  Өзі  бол-

са  жүрегіне  жанашырлық  сезімі  ұялай 

бастаған  үлкен  қызын  құшағына  алып,  бір 

мұңлы  əуенді  баяу  ғана  ыңылдап  шырқай 

бастады. 

II

Жүзіндегі  əжімінен  қиыншылық  пен 

еңбек табы тарам-тарам болып айшықталып 

тұрған  қарт  ыңылдап  өлең  айтып  отыр-

ды.  Оның  өлеңі  мұң  мен  сырға  толы  бо-

латын.  Күндегі  əдеті  бойынша    біршама 

үнсіз қалды. Кенет есіне қайта бір ұмытқан 

дүниесі оралғандай:

‒  Мұқағалидың  өлеңдерін  жатқа 

білесің бе? – деп сұрады ұялы телефонына 

үңіліп  отырған  немересінен.  Немересі  ата-

сына күліп қарады да:

‒ Əрине, білемін ғой, ата – деп жауап 

берді. Атасы немересіне риза болды да: 

‒  «Сұрау  белгі»  деген  өлеңін  оқып 

берші, айналайын – деді. Немересі атасына 

жалт қарап еді, оның ойы басқа бір мекенді 

кезіп  жүргендей  əсер  берді.  Ол  өзінің  бұл 

өлеңді жатқа білмейтініне қатты қысылып, 

атасына  не  деп  айтарын  білмей  тұр.  Кенет 

ол мұның амалын тапқандай:

‒ Ата, мен сізге өзім жазған өлеңдерімді 

оқып берейінші – деді.

Немересінің  бұл  сөзі  қарт  кісінің 

жүзіне қуаныш сыйлаған еді. 

‒  Оқи  ғой,  қарағым – деді  кішкентай 

балаға  бар  ықыласын  аударған  қария.  Ал 

немересі болса өлеңдерін оқи бастады. 

 

III

‒ «Сұрау белгіні» оқып берейінші, ата 

– деді немересі атасының қасына келіп. Көзі 

көруден қалған атасы немересіне баяғы бай-

салды қалпымен:


6

 *«Үркер»*№72015

Айтулылар айтқан сөз

Нәзіктік атаулының жиынтығы – 

ананың алақаны, сондықтан да ол – сәби 

үшін ең жылы ұя. 

Виктор Гюго.

‒ Оқи ғой, айналайын – деді. Немересі 

кешегі  қысылғанын  есінен  шығарып, 

Мұқағали  ақынның  «Сұрау  белгі»  атты 

өлеңін  жатқа  айтып  берді.  Атасы  оны 

көрмесе  де  сол  жаққа  назар  аударып  тұр. 

Немересі өлеңді оқып болғаннан соң:

‒  Осы  өлең  менің  анама  арнап 

жазылғандай көрінеді – деді даусы дірілдей 

шыққан  қария.  ‒  Анам  еңбектің  табын 

кешіп,  біздерді  осы  күнге  жеткізді  ғой. 

Ол  балаларының  қызығын  көруге  жазған 

Аллаға  күнде  шүкіршілік  етіп  отыратын. 

Мен  оның  заман  дауылынан  иілген  белін 

сүйеуге жарай алсам арманым жоқ – деді де, 

өзі  жиі  шырқайтын  жырын  қайтадан  айта 

бастады:

‒ «Оу, аспанда бір жұлдыз бар, 

айға таман,

Қонады жарлы байғұс байға таман.

Анашым келін болып түскеннен соң,

Кезінде алғыс алған қайнатадан.

Оңа ма оң жолынан тайған адам?

Еліне жаман атын жайған адам?

Жалғызын мың болғыр деп айтушы еді

Солардан, алғыс алды қайнағадан»...

 IV

Оңтүстік 

Қазақстанның 

Мақ-

таралында  орналасқан  бұл  жер  «Бағара» 



деп  аталыпты. 1932-1933 жылдары  мұнда 

бидай  егілген.  Осы  жылы  қыс  қатты  бо-

лып,  халықтың  малы  тегіс  қырылады.  Ке-

лес  өңірінде  егінді  шегіртке  жеп  қойып, 

осындағы бір топ адам «Бағара» деген жер-

де бидай егілгенін, ол жерде сабаны қалып 

қойғанын  біліп,  дəн  іздеп  келген  көрінеді. 

Жазира  егін  алқабындағы  сол  қалған  са-

бан 1932 жылдың  күзі  мен 1933 жылдың 

көктеміндегі зұлматта бұларға əрі азық, əрі 

отын  болған  екен.  Əлгі  қара  келіншек  сол 

кезде  төрт  жаста  болған  атам  Батырдың 

анасы  Айдай  Ырысымқызы  Босынова  бо-

латын. Құркелестің «Балтакөл» аймағынан 

шыққан  олар  шұбырған  бір  топ  кісімен 

бірге  осы  «Бағараны»  паналап,  аштықтан 

аман қалған. Атамның «сол кезде бір беткей 

тегіс  мола  болды»  деп  айтуынан-ақ  адам 

шығынын айқындаудың өзі қандай ауыр. 


7

Ќанатќаќты



 

Іле  жері

Киелі  жеті  өзені  жанға тұмар,

Жұмыр жер Жетісудай жəннаты бар.

Жеті  өзен тоғысқан Жетісуда  

Өмірдің күре тамыр арнасы бар.

Жеті өзеннің біреуі –  Іле деген, 

Іледен қанат қағып  түлеген ем. 

«Іле» деген атыңды ести қалсам, 

Жүз атылып  орнымнан түрегелем. 

Кір жуып, кіндік қаным тамбаса да, 

Сəби шақтан еткен ем жанға сая.

Мен саған сол үшін де бас иемін,

Болған соң елге мекен, ерге пана.

 

Ата жұртқа ат арытып келгенімде, 



Төріңнен қастерлі орын бергеніңде. 

Жат жерде өгей ұл боп өксіп келген,

Ем болды-ау мейірімің шер көңілге. 

Нұрбек ЖАҢҒАБАЕВ 

1995  жылы  дүниеге  келген.  

Т.Жүргенов  атындағы  Қазақ  Ұлттық 

Өнер 


Академиясының 

студенті. 

Өлеңдері  журналымызда  алғаш  рет 

жарияланып отыр. 

Кешіп ґттім ќўмартып, 

Ґлеѕ – нґсер жаѕбырдан

Теңіздей шалқып тасып толмасам да,

Қырандай қалықтап кеп қонбасам да, 

Ұлтаның болуға да ризамын,

Сұлтаның ел басқарған болмасам да.

Сен мені əлдиледің ағысым боп,

Жүрегім сен деп соғар қағысын тек.

Саған құрмет етуді, Іле жері, 

Білемін азаматттық парызым деп!



 

Тек өзіңде ана тілім

 

 

сөз көші

Бесігімде əдемі əлдиіңмен тербеттің.

Сен арқылы таныдым қасиетін жер - көктің. 

Ана тілдің ғұмыры болары хақ мəңгілік,

Қазіргі үнің қоғамда болса-дағы кермек тым.

Сан сынақтан сүрінбей еркіндікке жеткенсің,

Орақ пенен балғаның мүжуінен өткенсің.


8

 *«Үркер»*№72015

 АНАМ сенсің, төл тілім, өзгелердің ішінде, 

Сондықтан да өктемсің, сондықтан да 

өктемсің.

Бүгінгі күн елімде өз тілімнен өзгесі 

Қанша қолдау тапса да өзгелердің кезбесі. 

Алашымның жерінде, Қазағымның елінде,

Өзің ғана тіл – ана, тек өзіңде сөз көші. 



Өмір туралы ой

Баласына адамның,

Өмір сүргенге не жетсін!

Өмірін мейлі тəмам мұң,

Қыспаққа алып мезі етсін...

Шаршатып мейлі тұрса да,

Қымбат қой өмір шіркінің.

Қаншама ащы болса да,

Алтыннан қымбат бір күнің.

Төлеген  Айбергеновке 

Көкірегіндегі асқақ əн,     

Мұң сейілтіп тастаған.

Жақұт жыры бір оның.

«Жанарларды жасқаған».

Көңілінен ұшырған,

Қоңыр өлең кептерін.

Кегейлінің ақтардым,

Сырға толы дəптерін.

Сағынышын тұмар қып,

Алматыда қалдырған.

Кешіп өттім құмартып,

Өлең – нөсер жаңбырдан.

«Кеудесіне таулардың»,

Арман ілген бала ақын.

Ақиықтың көктегі,

Ұстап ұшты қанатын.

Сағынышы – сел, боран,

Ал кеудесі – нар қасқа.

Ұлтым, ұқсас бел балаң

Жарқылдаған алмасқа.

Қиял құсын мініп ап,

Жыр-мұнара қалаған.

Өлеңінен ділі пəк,

Нəр алуда бар адам   

 

Жүрегім менің

Жүрегім менің - жанартау шіркін бұлқынған.

Жүрегім менің – кəусəр бұлақ-ау, сыр тұнған.

Сол бұлақ кейде ластанардай боп көрінер,

Көлденеңдер көп өсектеп жүрсе сыртымнан.

Жүрегім менің – алқызыл гүл-ау көктемгі,

Жайнатқан жаз ғып талай шалғын мен 

бөктерді.

Алабұртқан алқызыл жүрек мендегі 

Ызғарлы талай гүл көктемдерді өткерді.

Жүрегім менің – тасыған талай арнадан.

Өзен суындай бойында кірбің қалмаған.

Сол өзен бір күн туламай толқып жататын

Минуттар бірақ өмірде əсте болмаған!

 

Əкетайым

Өмірге бағыт беріп жетелеген,

Бəйек боп, барын беріп мəпелеген.

Ең жақын, толағайдай тірегің ғой,

Қамқорың, қастерлің  һəм əке деген.

Сені көріп салады-ау  жаным жылып,

Бойымда сен сыйлаған сабырлылық.

Сенің  аппақ  тілегің болар бəлкім,

Алдымнан атып жатса таңым күліп...


9

Кґкейкесті

Қазіргі 

заманның 

балалары 

кітап 


оқымайды  деген  əңгіменің  айтылып  келе 

жатырғандығына да көп уақыт өтті десек те бо-

лады. Бұрынғының қарттары кітапты көп оқыды 

деп естиміз. Əрине, ол кісілер білімді əрі пара-

сатты болған. Бірақ ол кезде теледидар болмаған, 

сол себепті де кітап оқылған секілді. Қазіргідей 

телесериалдар  мен  түрлі  бағдарламалар  ол 

кезде  болса  көбісі  кітап  оқымауы  да  мүмкін. 

Ол  əрине  менің  өз  ойым,  өз  тұжырымым.  Бұл 

пікірге  келіспейтіндер  де  бар  шығар.  Мейлі, 

келіспесе  өздері  білсін.  Бертін  келе  компью-

тер шыққаннан бері кітап оқудың деңгейі тым 

төмендеп кеткендігін ешкімнен жасыра алмай-

мыз. Көп адам жеңіл əрі оңай керегін интернет-

тен тауып ала қояды. Ең бастысы компьютеріңіз 

желіге  қосулы  болсын.  Компьютердің  өзіндік 

қасиеті  де  жоқ  емес.  Жастарды  ғана  емес,  жа-

самыстарды  да  еліктіріп,  өзіне  баурап  ала-

тын  ерекше  қасиеті  бар  бұл  құралдың.  Мек-

тепте  тарих  сабағы  өтетіндігі  баршаға  мəлім. 

Кейде  мұғалімдеріміз  осы  сабаққа  оқушыны 

қызықтыра  алмай  жатады.  Ал,  балалардың 

ішінде  сабаққа ықылассыздық танытып шулап 

отыратындары да кездеседі. Əрине, кейбір тари-

хымыз қолдан жасалғандығын осы тұста айтып 

өтпей  болмайды.  Қазіргі  мектеп  оқушылары 

неге тарих сабағына қызықпайды? Əдебиетке де 

балаларды қызықтыра білу дегеніңіз қиынның 

Ќазаќы ойын 

ќашан шыєады?

қиыны  бұл  күнде.  Оның  өзіндік  себептері  де 

жоқ  емес.  Менің  ойымша  шетелмен  бірігіп 

(қазір шетелдің араласуынсыз ешнəрсе шығара 

алмайтын болдық қой) жақсы ойын түрін жасап 

шығарсақ əбден тиімді болар еді. Бұдан біздің 

ұтатынымыз көп. Біріншіден, балалар  сол ой-

ынды ойнау арқылы тарих сабағына қызығады 

жəне  батырлардың  аттарын  жаттап,  кесек 

тұлғаларына  қызығушылық  танытып,  сол  ту-

ралы  ізденетін  де  болады.  Тақырыбымыздан 

сəл  ауытқысақ.  Ойынның  не  қажеті  бар  деп 

те  ойлауы  мүмкін  кей  замандастарым.  Осы 

ойын бізге қазір ауадай қажет болып тұр. Мы-

салы  алысқа  бармай-ақ  қояйық,  түріктердің 

TaleWorlds деген компаниясы  «Mount & Blade. 

История  героя»  деген  ойын  шығарыпты.  Бұл 

ойынның қысқаша мазмұны мен тапсырмалары 

жөнінде  айтып  өтсем  дұрыс  болатын  сияқты. 

Бұл  ойын  ортағасырлық  елдердің  тарихынан 

сыр  шертеді.  Ең  бірінші  ойынды  күзетші  не-

месе ат күтушісі болып бастайсыз. Содан кейін 

қасыңызға сенімді серіктеріңізді жинай бастай-

сыз. Қала аралық болатын турнирлерге қатысып 

əскери  шеберлігіңізді  де  арттыра  бересіз. 

Қаланың  базарларынан  тəуір  сауыт  пен  қару-

жарақ  сатып  аласыз.  Жақсы  шабатын  жүйрік 

атты  да  бірнеше  динарға  сатып  аласыз.  Ойын 

барысында  саудамен  де  айналысасыз.  Ауыл-

дарды  тонаған  қарақшыларды  тұтқындайсыз. 


10

 *«Үркер»*№72015

Елдердің  сұлтандарынан  тапсырмалар  алып, 

соларды орындап көп көлемді ақшалай сыйлық 

аласыз. Саудамен айналысқанда үнемдеуді, кей 

заттарды жақсы бағамен қай жерге өткізе білуге 

машықтанасыз.  Ойынның  кей  тұстарында 

кəдімгідей ойланатын да дүниелер бар. Бір елге 

көмек  көрсетіп  сол  елдің  жауларының  көзін 

құртып,  əскер  басына  дейін  көтерілуге  де  бо-

лады. Ол əрине, сіздің ойынды қандай деңгейде 

ойнайтындығыңызға  байланысты  болмақ.  Өз 

басым  бұл  ойынды  жиі  ойнап  тұрамын.  Сол 

ойынды ойнап отырып осы ойынды неге біздің 

ел шығармайды деген ойға берілемін. Өзімізге 

келтіріп  ойын  арқылы,  батырларды  толты-

рып  қойып,  бір    батырды  таңдау  мүмкіндігін 

тудырсақ  жақсы  емес  пе?!  Сол  батыр  арқылы 

түрлі  тапсырмаларды  орындататын  етіп 

шығарса тіптен қатып кетер еді?! Біздің тарихы-

мыз батырға кенде емес. Қобыланды, Қабанбай, 

Бөгенбай,  Наурызбай,  Баян  батыр,  Науша  ба-

тыр  деген  сынды  ойын  кейіпкерлері  дүниеге 

келсе, нұр үстіне нұр болар еді. Елдердің ханда-

рына Абылай, Тəуке, Қасым, Есім, Жəңгір сын-

ды  хандарымызды  қойсақ  сол  хандар  арқылы 

солар  билік  еткен  жерлердің  аттарын  ойынға 

енгізсек  дұрыс  болар  еді.  Бір  жағынан  сол  ой-

ынды ойнаған балалар бізде осындай батырлар 

мен хандар болыпты ғой деп бірнəрсе білер еді. 

Ойын арқылы да ұлттық қасиеттерді ұрпақтың 

бойына  сіңіруге  болады.  Техниканың  дамыған 

заманында  қазіргі  кезге  лайықты  деңгейде  ой-

лап,  солай  өмір  сүру  қажет  сынды.  Өткенді 

аңсап,  бұрында  əлен  еді,  бұрынғы  кезде  пəлен 

еді  деудің  еш  қажеті  жоқ.  Керісінші  заманға 

қарай  бейімделуіміз  керек.  Аталған  ойынның 

қазақша  нұсқасын  шығаруға  əбден  болады. 

Сол  ойынды  шығаруға  пəлендей  көп  ақша  да 

кетпейді. Сапасыз кинолар түсіргенше балалар 

үшін  игілікті  іс  істегеніміз  көп  артық.  Шетел 

шығарған  тағы  бір  ойынның  аты Grand Theft 

Auto (GTA) (ағылшыннан:  grand theft auto — 



автокөлікті  айдап  əкету) — Rockstar North 

(бұрынғы DMA Design) жəне Rockstar Leeds 

шотланд  компанияларымен  жасалған  жəне 

Rockstar Games компаниясымен  шығарылған 

компьютерлік ойын топтамасы.

Ойынның  жанрлары:  шутер,  авто-

сылтауратқыш, оқиға.

Топтаманың  бірінші  ойыны 1997 жылы 

шықты. Қазір оның құрамында сегіз ойын бар. 

Олар ең белгілі компьютерлік ойындардың бірі. 

Топтаманың  əр  ойыны  үлкен  қаланың  крими-

налы туралы жəне олардың негізгі кейіпкерлері 

(протогонисттер) — криминалдық адамдар. Ой-

наушы  адам  негізгі  кейіпкерді  басқарып,  оны 

криминалдық  дүниеде  өсіреді.  Алғашында  ол 

қарусыз, ақшасыз болып, елеусіз тапсырмалар-

ды орындайды. Ойын барысында тапсырмалар 

қиындай бастайды. Ойыннан өту үшін барлық 

негізгі  тапсырмаларды  орындау  керек.  Негізгі 

тапсырмалардан  басқа  қосымша  тапсырмалар 

да  бар.  Олар:  таксист,  өртсөндіруші,  полиция 

болып  істеу,  бəйгелерге  қатысу  жəне  т.  б.  бар. 

Əр GTA ойынның  өз  сюжеті  бар.  Əдетте  ол 

негізгі  кейіпкерді  сатып  кетуден    басталады. 

Содан  кейін  ол  қиындықтардан  өтіп,  соңында 

шыңына  жетеді. Grand Theft Auto ойындары 

басқалардан  еріктігімен  ажыратылады.  Ой-

наушы  адам  ойын  алаңының  əр  жеріне  өте 

алады,  кез  келген  көлікті  алып  айдай  алады, 

кейбір  ғимараттарға  кіре  алады. GTA III ойы-

нынан  бастап  ойынның  дүниелері  толығымен 

пысықталып,  кең  көлемде  жасалған.  Олардың 

өз  радиостанциялары,  көп  əртүрлі  адамдар, 

көліктер, ғимараттар жəне тағы басқа виртуал-

ды  дүниені  толтыратын  көптеген  элементтері 

бар.  Интернет  дереккөздері  бұл  ойын  туралы 

мынадай ақпарат береді: 

«Grand Theft Auto 1



Топтаманың  ең  бірінші  ойыны.  Бұл 1997 

жылы PC мен PlayStation Gameboy Color плат-

формаларына  шығарылған.  Бірте-бірте  ойын 

индустриясы өзгерістерге ұшырады. Бастапқы 

кезде ойынды сақтауға болмады, машина саны 

көп  болмады.  Осындай  кемшіліктерден  ойын-

ды  көпшілік  қабыл  алмады.  Дегенмен GTA 1 - 

11

негізгі ойынның бірі. Ол ойын индустриясының 

дамуына  жол  ашты.  Бұл  ойынға  қосымша 

ретінде GTA London 1969 жəне GTA London 1961 

шықты. Өзгешелік онша байқалмады, бірақ ма-

шина  саны  көбейді. Rockstar Games сайтынан 

GTA 1-ді тегін қотаруға болады.

Grand Theft Auto 2



Екінші  ойын. 1999 PC, PlayStation жəне 

Dreamcast-қа 

шықты. 

Алдағы 

ойынмен 

салыстырғанда жақсартылған жақтары бар: 

графикалық қозғауыш түзелген, бандыны екшеу 

мүмкіндігі  пайда  болды.  Ойыншы  қай  бандыға 

жұмыс істегісі келсе өз еркінде болды. Бұл ой-

ыннан бастап ойынды сақтауға болатын, бірақ 

бағасы да қымбат.

Grand Theft Auto Advance



2004 Game Boy Advance платформасына 

шыққан. Графикасы GTA 1 мен GTA 2-нің гра-

фикасына  ұқсас  болды.Дегенмен  алғашқыда 

GTA 3 пайда  болған  жұмыстар  (такси,  өрт 

сөндіруші, т.б) ойында болды.» 

Бұл  ойынды  бекерден-бекер  сөз  етіп 

отырған жоқпын. Дəл осы ойынға ұқсастырып 

бізге  де  бір  ойын  шығаруға  болады.  Мысалы 

GTA  ойынындағы  қаланың  орнына  өзіміздің 

елордамызды  салып  қойсақ,  астанамыздағы 

жерлерді  өзге  аймақтардағы  балалар  білер 

еді.  Тіпті  болмаса  əр  қаланы  салып  қойсақ 

та  артық  ептейді.  Семей,  Ақтөбе,  Атырау, 

Ақтау, Қостанай тағы басқа қалаларды енгізіп 

қойсақ,  ұтпасақ  ұтылмайтынымыз  белгілі. 

Ойын  кейіпкерінің  түр-тұлғасы  мен  дене 

бітімін  қазаққа  ұқсатып  қойсақ  əбден  жақсы 

болар еді. 

Бұл 


мақаламен 

мен 


не 

айтқым 


келді.  Ең  бастысы,  отандық  тауар  өндіріп, 

балаларымыздың  ой-өрісін  кеңейтіп,  тарихы-

мыз  бен  əдебиетімізге  деген  қызығушылығын 

арттырар  едік.  Бір  жағы  қазақстандық  ойын 

деген құлаққа жағымды естілмейді ме?! Сіз не 

дейсіз, ойлы оқырман?..



Каталог: wp-content -> pdf
pdf -> Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін
pdf -> «АҚылдың ТҮбі қҰт болар»
pdf -> Мен «Ана тілі» газетін жарық көрген күнінен
pdf -> Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі де таяп қалды. Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың ерекше ажарланатын, жаңаратын кезеңі саналатын Наурызда
pdf -> «Болса болар, бәлкім, менің паңдығым »
pdf -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
pdf -> 5 Көзіқарақты оқырман білуі тиіс, жақында Тілдерді дамыту мен қолданудың
pdf -> Күні. Бұл күні күн мен түн теңеледі

жүктеу 0.62 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет