Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi



жүктеу 0.61 Mb.
Pdf просмотр
бет2/6
Дата07.05.2017
өлшемі0.61 Mb.
1   2   3   4   5   6

Қуанəлі АЛМАСБЕКҰЛЫ. «Жол көрсету»

8

 *«Үркер»*№62015

жамылғыш  бола  қоймас.  Десе  де,  қызарып 

барып  батқан  күннің  ағарып  шығарын 

ұмытпаңыз.  Үмітімізге  батқан  күнді  емес, 

шыққан  күнді  желкен  етуіміз  керек.  Ажал 

келсе алтын сарайда жатсаңыз да жаныңызды 

сақтап  қала  алмассыз.  Бəрін  тағдыр  біледі...

кедейге  кепешінің  үстіне  шығып  тұрса  да 

мақтаныш деген. Осы жайлы орнымызда бір 

түнге жан сақтауға септігін тигізер.

–Тағдыр, 

тағдыр 


дейсіңдер 

де 


жүресіңдер,  бір-біріңнің  ауызыңа  түкіріп 

қойғандай.  Біле  білсеңдер,  тағдыр  деген – 

сенің  еркелігіңді  көтеретін  əжең  емес,  өгей 

шешеңдей қатыгез...

–Қайыршыдан 

да 


қайырымдылық 

қасиет  табуға  болады  деген  тəмсіл  бар... 

жаратқан Аллам ескерсе айдалада сүйегімізді 

аңға жем қылмас. 

–Қарттың арманы, баланың қиялы тау-

сылмас деген. Пəлсапаң аяқталса ұйықтайық. 

Ондай сөздерді түсінбесімді білесің ғой...

–Түсіне  білмейтініңізді  емес,  түсіне 

білетініңізді білем. Бірақ қыртысыңыз сүймей 

тұр ғой.


Екеуі үнсіз ұйқыға шомды. Ала бұлтты 

аспанда  омырауынан  сүт  рең  сəуле  төгілген 

аппақ ай теңізде жүзген кемедей сырғып бара-

ды. Желемік тербеген балдырған биші қыздай 

тербеледі.  Жағы  талмай  таңға  сұңқылдаған 

байғыздың  мұрнынан  жалғыз  тамшы  қан 

тамған  мезгілде  екеуі  бірдей  оянды.  Не 

істерлерін  қабағынан  айтқызбай  ұғысқан 

олар жүруге қамданды. 

–Жатқан  орнымыздың  ізін  өшіріп  кет-

песек,  шайтан  аунап  кетеді,-  деді  де,  кішісі 

орындарындағы  борқыларды  аяғымен  жай-

малап тастады. 

–Бұл да бала күнгі қасиетің ғой. – Бұдан 

ары  екеуі  де  бір – біріне  тіл  қатпады.  Сүт 

пісірім  уақыттан  соң  кешеден  бері  ертегідей 

болған жалғыз қонысқа жетті.

–Жалғыз  қонысыңызда  жалғыз  ата 

ағаштан басқа көзге көрінер ештеңе жоқ қой?

–Енді көшіп келер. Елдің бəрі сенің əкең 

сияқты  тауға  ерте  көшпейді  ғой...  мал  үшін 

жұрттан  бөліне  көшіп  жеткенде  тапқаны  да 

белгілі ғой...

–Мал демесеңіз, мені де қинап, өзіңізді 

де қинап, кешеден бері табаннан тозып жаяу 

келе жатсыз. Боқ қарын бір атыңыз үшін...

–Таяқ  тисе  сорлыға  тиеді  дегендей, 

менің  жалғыз  атыма  жай  түскені  жаны-

ма  батып  келеді.  Құлынынан  қолда  баққан 

қадірлі атым еді, тым болмаса өлігін көзіммен 

көріп,  басын  ағашқа  іліп  кетейін  деп  келем. 

Кім  білсін,  жарлының  жалғыз  атының  басы 

ілінген жер бір белгілі жер атауына айналып 

қала ма.


–Өлген атыма атақ іздеп келем де. Осы-

лай істе деп жол көрсеткен де баяғы жездеңіз 

болар. 

–Жоқ, өзім



–Онда бұл ісіңіз осы жасыңызға келген-

ше ешкім жол көрсетпей істеген жалғыз ісіңіз 

болар. 

–Сонда  сен  ешкімнің  жол  көрсетуінсіз 



есейдім,  осы  күнге  жеттім,  толдым,  толыс-

тым деп тұрсың ба?

–Олай демейім, бірақ жол білмей тұрып, 

жол көрсетерден безіп кеткім келеді. Өзі ада-

сып  жүріп  біреуге  көрсеткен  жолы  кімді 

мұратына  жеткізер  дейсің.  Адам  өзіне – өзі 

жол табу керек...

–Міне, 


Тасмойнаққа 

да 


келдік. 

Алдыңдағы жалғыз соқпақпен жүрсең үйіңнің 

дəл төбесінен түсесің, деп үлкені кішісіне жол 

көрсетіп  тұр.  Талдыбұлаққа  жетуге  асыққан 

екі жолаушы үнсіз жүріп келеді...

                                                                                                             



9

Поэзия 


H

2

O

Лаулап барам!

Жасыңды төкпе, күнім!

Меңдеп алар бойымды көңіл-дағы.

Мен – 

Оттегімін!



Н

2

-лер келген жоқ өмірге əлі.



40 жастағы əйел

(баллада)

Күйеуінен меңін жасырып келген деседі ел,

Жүрегін емес, ақ дастарханын төсеген.

Ақшам ауғанда ағарған мұңды бағып кеп,

Ошақтың емес, қызғаныш отын көсеген.

Ерболат ҚУАТБЕК

1991 жылы Қарағанды облысы Нұра 

ауданы  Жарасбай  ауылында  дүниеге  кел-

ген.  Облыстық  Қ.Аманжолов  атындағы, 

облыстық 

М.Мақатаев 

атындағы, 

облыстық  Бұқар  жырау  Қалқаманұлы 

атындағы 

ақындар 


мүшайрасының 

жүлдегері.  Республикалық  «Мұқағали», 

«Тұмар», «Өркен», «Таң-Шолпан», «Ақ желкен» журналдарында бір 

топ өлеңдері жарық көрген. «Дүниеге келер əлі талай Қасым» жыр 

жинағына жəне «Қасымнан – Ғасырға» аудиоантологиясына өлеңдері 

енген. Қарағанды облыстық əмбебап ғылыми кітапхананың жанынан 

құрылған«Жыр – Жауһар» поэзия клубының төрағасы.

Тəнім – ќыздыѕ кґрпесі, 

Жаным – соєан орамал

Тек, арсыз деме, жүрек - Құдайына адал тым,

Жұлдызы жымың қақпаған түндер – жадау түн.

Жылытып барып, ұмыт қылатын көрпе емес,

Əйелді ораған сағыныш дейтін сары алтын.

Он бір жыл өтті...

Он бірінші Айды еске сап,

Ақынын жоқтап, қоштасып жатты ел,

Өшпес-ақ.

Топырағыңа тамыз боп тамған тамызық – 

Қоса жылаған қоп-қоңыр меңге тектес ат.

Он бір құс ұшты, он бірінші Айдың үстінен,

(Уақытым менің қарашадан да күшті ме ең?!)

Ақыны сүйді он бес жастағы сұлуды,

Сұлу да сүйген ынтығып барып құшты дем.


10

 *«Үркер»*№62015

Шер-мұң тасыған Үнсіздік қана делдал-тын,

Қос жанарыңнан жаһұт төгіліп, берді антын.

Əйелдің осы бұрымы қалған жұмақ бар,

Əлемнің осы жыр ұлы тамған жер бар-тын.

Ақынның жаны Меңіне қарай беттепті,

Қол тигізбеген сұлуды жырға текті етті.

Сан жылдар бойы көз жауын алған сырғаны

Күйеуінің сонда сұрауға дəті жетпепті.

Көк дауыл сынды еріннен сүйіп ызғарды,

Ыңылдай берді маза бермеген күзгі əнді.

Қырық жастағы əйел үйіңде қалса да,

Зират басында он бес жастағы қыз қалды.

   

Ана

Шыңдықты баптап – «Өтірік»

«Өтіріктің» ең бір арығы.

Ұртыма толған көпірік,

Əжемнің иіс сабыны.

Жер иіскемеген жамбасым,

Жантаймай кеткен – Жастығым.

Көзімнің күңгірт таңбасын,

Анықтап берді, састырып.

Беліме қонған «көк таңба»

Анамның болды тұтқыны.

-Келу керек қой тоқтамға

Жасыңды енді сүрт, күнім!

Əнімнің қайырмасыңдай,

Айнала бердім шеңберді.

Самайдағы аппақ шашыңды-ай

Аппақ «арыма» теңгердім.

Иіс сезбейтін анамның,

Бетімнің дəйек қызылы.

Сынық кірпіш боп қаландым,

Бұзылмас жерде бұзылып.

Кешірім сұрап нешінші,

Дұшпаным дедім, «өтірік».

Тағы да мені кешірші,

Отырмын иттей опынып.

Күндерім əйтеуір, «өтет» - деп,

Өмір сүріпті «уды» ішкен.

Анасы мықты детектив,

Баласы осал қылмыскер.

Біз үшеуіміз

Жан мен Тəннің шайқасы,

Кім ұтса да, жеңіс жоқ.

Омыртқамның тайпасы,

Атса-дағы еңіске оқ.

Тəнім – көрдің тұрғыны,

Жаным – Көктің мың гүлі.

Арқамды кеп сұр қылып,

Өлтіресің бір күні.

Жан жүрекке өкпелі,

Тəн қолымды пір тұтты.

Мұң арбаға жеккелі,

Терімді кім сүртіпті?

Тəн – Жанымның киімі,

Қалардай-ақ дірдектеп.

Соңғы сөздің түйіні,

Бұл шайқастан түр кетпек.

Тəнім – қыздың көрпесі,

Жаным – соған орамал.

Аймалайсың сен төсің,

Ирелеңдеп ораған.

Тоқтат...қайсы жақ ашқан?

Кім Өлеңді көшірді.

Жарық боп кеп қапастан,

Қарс айырған төсімді.

Кім Өлеңді көшірді,

Жан ба, Тəн бе?...айтыңдар.


11

Білмейді екем есімді,

Аллаға ақ боп қайту бар.

Жаным Арға маталса,

Тəнім Қарға сұлап түс.

Менен егер хат алсаң,

Маған жібер бір Ақ құс

« - Жан мен Тəннің шайқасы,

Кім ұтса да, жеңіс жоқ.

Ех, Ерболат байқашы, 

Өртенерсің, Жер үсті от»

Кім сөйлеген?!



   

Ң

Ң-ға тілім келмегені несі екен?

Бала құсап Р-ға тілі келмеген.

Əлдекімнің ыңылдаған кеші екен,

Жалғыз қаріп ғаріп жанға бер – деген.

Сол əріпке діңкем құрып жүргені,

Сол əріптен құралатын сүйген қыз.

Мысыр асқан күҢ-ге барып күН – дедім,

Күлімсіреп бір-ақ шықтық биден біз

(Оқылмай тек, тыңдалатын күй мен күз)

ӨлеҢімнің соңғы əрпін «өлеМ» - деп,

Алфавиттің көшесінде адастым.

Енді тіпті үйренетін дəмем жоқ,

Не амал бар...осындай бір бақ астың.

Маған ешкім Ң-ды үйрен деп жүктемес,

Бұл шешімді жарқыным-ау құп дегін.

Ң-ға тілім келмегені түк те емес,

Ымға тілім келмей қалса біткенім.



  

28.05

Қоштасқалы келдің бе?

Хаттарымды отқа сал.

Жүрегі бар Жердің де,

Ақынменен қоштасар.

Он бестегі – қарлы айна,

Он бес мəрте қаранған.

Он бес сызық маңдайда,

Сызылғандай жараңнан.

Сендік сезім – ай – үміт,

Мендік сезім – дөрекі.

Мені сенен айырып,

Дабыл қаққан он екі.

Əмір көріп белгіні,

Не болар деп соңы, арты.

Сенің жасың ендігі

Он бес емес, он алты.

Бұл жерде енді қалмашы,

Түсірмеймін енді еске.

Қоштасудың таңбасы

28.05-пе?

Тағдыр болып ескертті,

Он бестегі қыз жылап.

Таңғы төрттен бес кетті,

Қоштаса алмадық Біз бірақ... 

Темекінің қорабы

(Высоцкийге)

Темекі берші, Володя,

Қорабым бүгін бос қалды.

Шөлмекпен де дос Мелодия,

Құйып ішейін қос қанды.

Ғасырға тақым салып ең,

«Кірпияз аттар» жолықты.

Бардтың бұлқынған əнімен,

Бөрідей салып жорықты.

Менің даламмен тектес ең,

Жусанға таңып білегін.

Ерболат ҚУАТБЕК. «Тəнім – қыздың көрпесі, жаным – соған орамал»


12

 *«Үркер»*№62015

Билікті арттан теппесең,

Саптап қояды күрегін.

Сары баласын Сарыарқа,

Сары күйіне шомды кеп.

Бақұлдасқанда, Таганка,

Жырларың тұрды мөлдіреп,

Мүрдеңді ғана көмді кеп.

Зырлатып қара волгаңды,

Басынды и қара Өлеңге.

Ғасырда жалғыз Төр қалды,

Мен ғана барар өлерде.

Гитараңның алты ішегі,

Алты құрлықтың дауысы.

Сені иектеген де құс еді

Жəне тұлпардың жарысы.

Домбырамның қос ішегі,

Екі дүниенің иесі.

Мені иектегенде құс елі,

Бостандыққа да күйесің.

Жүрегін ұстап ақынның,

Сенің ішінде «Гамлет» жүр.

Ажалға «сен» - деп қатырдың,

Өмір жайлы онда əндет бір.

Темекі берші, өтінем,

Қорапқа Өлең жазайын.

Ажалмен қас боп кетіп ем,

Тартқызам бір күн сазайын.



Қылмыскер

Мен бүгін сені өлтіруім керек,

Əйтпесе мені жаншып тынасың.

Ойларым байғұс мертігіп...кенет,

Талаққа тастап мансұқ қыласың.

Қара қылмыскер, қара орамал

Іштегі «жеті» сəбиім қайда?!

Қырда жылаған балама обал,

Естіліп жатыр нəби-үн сайда.

Қарқылдап күлдің мелшиген бейбақ,

Орындығыма отырып алып.

Жерді еміреніп, мен сүйген күй-бақ,

Қылардай, сірə, «жетіні» ғаріп.

Есімді жисам қан сорғалап тұр,

Қара орамалдан аппақ түс тамып.

Жыр тауға қарай əн жорғалап бір,

Шайқас əлемге нақ тартыс таныт.

Таңып жатқандай жарамды үндістер,

(Мекенсіз құсты сатқын құс дер кім?)

Жағамды ұстаған қара қылмыскер,

Қалам ұстаған ақ қылмыскермін! 

   

Жексенбі

Құдайым маңдайын сүрткенде,

Зəу көктен орнады қара жер.

Дəл маған əзірше кілт берме,

...Ақ шəлі киген қыз бара бер.

Жексенбі. Құлақтың əлдиін

Уілдеп салар тек жел ғана.

Жүрмейді ешкімнің дəргейі,

Тыныштық келгенде өлді ара.


13

Ерболат ҚУАТБЕК. «Тəнім – қыздың көрпесі, жаным – соған орамал»

Жексенбі. Ақырғы сүйісу

Өлімнің ерніне шөліркеп.

Қаңырап қалғанда үй – іші

Терезе орнында темір тек.

Жексенбі. Жүрегім сескенді,

Айға да шығып ап арман сол,

Жыр жаза бастадым төске енді,

Нəрестең шырылдап қалған соң.

Мына ісің қарашы ұрының,

Наталья көзіңде ақ түнек.

Ақырғы тамшының дірілі,

Пушкиннің кірпігін жапты кеп.

Ал маған Меңсұлу тамшысы,

Кірпікке жіп болып түйілер.

Соңғы акт. Керемет əртісім!

Ендігі мекенге жиі кел.

Жексенбі. Маңдайды сүрттім кеп,

Қара қыз өксіген қара өлең.

Ақ шəлі киген қыз кілт бермек

...Теңселіп келемін қаламен...

Жексенбі...



ЛИ БО жəне АЙ

Тамырға біткен үш у бар:

Ақын мен Сия жəне Қол.

Елестен тамып түсуді əр,

Өмір тіліне балады Ол.

Аспан асты елі – ЛИ БОНЫҢ,

Аударылып кеткен сəтінде.

Мəйтханасын сен биледің,

Ажалың қалып бəкіңде.

Сенделіп елең-алаңда,

Жығылып біттік тепкіге.

Хуанхэ тұнып жанарға,

Есілді көрмей кетті ме?

Атақтың жауып табытын,

Ажалдың аштың пердесін.

Шараптың аузын ағытып,

Теңізбен кеттің белдесіп.

Сынық Ай сонда таранды,

Теңізді шыны айна ғып.

Жым-жырт қылғанда даламды,

Шоршып түсті екен қай балық?

Сүңгіп кетіпті һəм мүлгіп,

Айнадан көріп Ай-керім.

Ашылды сүттей əн-түндік,

Тағынан сонда тайды өлім.

Ақынсыз қалған катердің,

Ағашты бояп қаны да.

Кетерде Айды əпердің,

Перденің арғы жағына.

Аспан асты елі – ЛИ БОНЫҢ,

Аударылып кеткен сəтінде.

Жасы тамып кетті лимонның,

Өртенген сынды катер де.

Күйіктің күші тарап па?

Қызғалдақ біткен басыма.

Қан қосып қызғылт шарапқа,

Тоғанның келдім басына.

-Ақыным, ал сен нетер ең?

Қалыптан қашан шығып ек?

-Құлаған Айды көтерем,

Мұсылманның айшығы, - деп.


14

Біздіѕ сўхбат



Еңлік ƏБДІҚАДЫР 

«Ана тілі аруы – 2014»

 байқауының жеңімпазы:

«Анамның 

көркем 

мінезін 


өзіме үлгі 

тұтамын»


- Өзіңіз туралы айтып берсеңіз...

- 1995 жылы    дүниеге  келдім.  Сол 

күннен  бастап  ару  қала  Алматының 

ауасын  көкірек  кере  жұтып  келемін.  



15

Еңлік ƏБДІҚАДЫР. «Анамның көркем мінезін өзіме үлгі тұтамын»

көз  жеткіздік.  Біздің  бет-ажарымыз,  сырт 

келбетіміз ғана емес, жан-дүниеміз де сынға 

түскендей.  Қазақ  қызы  деген  қастерлі  атқа 

лайық аруды таңдау үшін салт-дəстүрімізді, 

тарихымызды  жақсы  меңгеру  де  шартқа 

кірді.  Əр    кезеңде  бізді  бағалап  жүрген 

əділ-қазы алқаларын əділ болмады деп айта 

алмаймын.  Барлық  қатысушылардың  бой-

ынан  қазақылық  аңқып  тұрды,  бірі – биін, 

бірі – əнін, бірі актерлік шеберлігін көрсетіп 

өздерінің мықтылығын дəлелдеді. 



- Жобадағы  басты  қарсыласыңыз 

кім еді?

- Бір  кезде  көптеген  жерде  өнер 

көрсеткен,  балетпен  айналысатын  Асия 

Диханбаева  деген  қыз  қатысып  жатыр 

екен  дегенді  естідім.  Сол  кезде  балет  өнері 

бағаланады ғой деп қарсылас көріп жүрдім. 

Бертін  келе  бəрі  анықталды  ғой.  Балл  бой-

ынша менен озық келе жатқан ару актерлік 

қабілеті,  қазақылығы,  өзін-өзі  ұстауы  үлгі 

боларлықтай, 

филология 

факультетінің 

студенті  Мəдина  Əбдіманап  болды.  Бірақ, 

«бақ  шаба  ма,  бап  шаба  ма»  дейді  емес  пе, 

бағымыз  да,  бабымыз  да  шауып  жеңіске 

жеттік.


- Өзіңізді  «Мінсіз  Еңлікпін»  деп 

есептейсіз бе?

- Мінсізбін деп айта алмаймын. Ондай 

адам болмайды ғой. Өзіме мінім көп сияқты, 

соны  көп  жерде  жасырын  ұстауға  тыры-

самын.  Адам  болғаннан  кейін  өзіңнің  қай 

жеріңнен  ақсайтыныңды  білесің  ғой.  Бірақ, 

Аллаға шүкір, ешқандай уəжім де, назым да 

жоқ.


- Өзіңіздің ерекшелігіңіз неде?

- Қадалған  жерден  қан  алатын  адам-

мын.

- Бұл  байқау  сізге  не  берді?  Не  ала 

алдыңыз?

Осы  қаладағы  №149  жалпы  білім  беретін 

мектепті  тəмамдадым.  Қазіргі  таңда  əл-

Фараби  атындағы  ҚазҰУ-нің  журналистика 

факультетінің 2- курс студентімін. 

- «Ана  тілі  аруы»  байқауы  реалити 

шоу секілді деп өзіңіз айтып едіңіз. Қандай 

қиындықтар болды?

- Бұл жоба өте сəтті ұйымдастырылған, 

нағыз  тепсе  темір  үзетін  қазақ  жігіттері 

мен  қаракөз  қазақ  қыздарының  бағы  сы-

налатын  байқау    болды.  Жобаға  бір  ай 

көлемінде  дайындалдық.  Финалға  өткен 

қатысушылар  күн-түн  демей,  таңертеңгі 

9-дан  кешкі 11-12-ге  дейін  дайындалған 

кездеріміз  болды.  Əрине,  байқауда    əркім 

өзінің  мүмкіндіктерін  көрсеткісі  келеді, 

жақсы  қырынан  көрінгісі  келеді.  Алғашқы 

кезде-ақ біз екі бірдей іріктеуден өттік. Əділ 

қазы  алқаларының  құрамында  белгілі  ак-

тер Нұрхан Қабырбаев, «Қазақстан дауысы» 

жобасының 1-ші  маусымының  жеңімпазы 

Шахаризат  Сейдахмет, «KZ» тобының 

мүшесі Бейбіт Құшқалиев,  «Жігіт сұлтаны 

– 2013» Досхан  Жалниязов  жəне  ҚазҰУ-нің 

«Сенат» ұйымының басшылары болды. 

Реалити  шоу  деп  айтқаным  рас. 

Өйткені  əр  дайындықтан  кейін  дөңгелек 

үстел 


ұйымдастырып, 

əрқайсымыздың 

дайындығымызды  талқылап,  бір-бірімізге 

ашық  сұрақтар  қойып,  жақыннан  таныса 

бастадық. 

- Жоба  əділ  өткен  жоқ  деушілер  де 

көп болды емес пе? Жобаның талабы, өзге 

қатысушылардың бет алысы қандай еді? 

- Кез 


келген 

жобада 


осындай 

əңгімелердің  айтылатыны  жасырын  емес, 

айтылуы  тиіс  те  секілді.  Себебі,  бəсеке 

бар.  Осыған  дейін  біз  де  «Ару-Сұлтандар» 

сатылады  екен  деп  ойлап  келдік,  өзіміз 

қатысқаннан кейін шынымен əділ өтетініне 



16

 *«Үркер»*№62015

- Бұл байқау ең алдымен мықты достар 

тауып берді. Үлгі алатын, шынымен тілекші 

өнерлі  адамдармен  таныстым,  тəжірибе 

алмастық.  Университетте  де  біраз  абы-

рой  бергені  рас.  Соған  лайық  болып  жүру 

үшін  ұстамды  болуға  тырысамын.  Алдағы 

уақытта осындай жобалар болса қатысамын 

деп  ойлаймын.  Алайда, «Мисс  Қазақстан» 

сынды атақтар алу мен үшін мақсат емес. 



- Қандай арманыңыз бар?

- 2014  жылы  жобаға  қатысу  бары-

сында  «Ана  тілі  аруы»  болсам  деген  арма-

ным  болды.  Жылдап  арман  қоятын  адам 

емеспін.  Бірақ 1 жыл  ішінде  жетуге  тиіс 

мақсаттар  мен  армандар  бар. «Армансыз 

адам  қанатсыз  құс  секілді».  Арманым  көп, 

өте  жиі  армандаймын.  Қиялдың  адамы-

мын, қиялмен өмір сүремін. Түнде ұйықтар 

алдында  өзімді  мың  түрлі  Еңлік  қылып 

елестетемін.  Өзіме  сенемін,  сенім  болма-

са  армандарыңа  жетуің  қиын  ғой.  Басты 

арманым  осы  қазақылығымды  жоғалтпау. 

Өйткені 


қазақпын 

дейтін 


қыздардың 

жат  қылығын  көргенде  жаным  ауырады. 

Қарапайымдылықты, қазақи образды жақсы 

көремін.  Ал  мамандығыма  келер  болсақ, 

тəжірибелі, өз қолтаңбасы бар журналист бо-

лып қалыптасқым келеді. Продюсер болсам 

деген арманым да бар. Өзімді əмбебап адам 

ретінде көргім келеді. 



-   «Екі  кеменің  басын  ұстаған  суға 

кетеді» дейді...

- Ол  көненің  мақалы.  Шынымды  айт-

сам,  ырым-тыйымдарға  қатты  сенбеймін. 

Мақалдан асып кете алмайтын адам емеспін. 

Керісінше  соларға  қарсы  жүріп  көргім 

келеді.  Бірнеше  жұмысқа  кірісіп  жүрген 

адамнан  түбі  бір  нəтиже  шығатын  секілді. 

Бірі  болмаса  бірі  болып  ертең  нанымды  та-

уып,  отбасымды,  ата-анамды  асырай  ал-

сам  болды.  Мен  екі  кеменің  басын  ұстап 

жүрмін  деп  те  ойламаймын.  Продюсерлікті 

жеке  оқудың  қажеті  жоқ,  кімнің  ақшасы 

бар  сол  продюсерлік  қызмет  атқарып  жүр. 

Менің  сондай  қаражатым  көп  демеймін, 

сол  байлықтың  барлығы  еңбекпен  келеді 

деген  сенімдемін.  Сол  үшін  журналисти-

ка  мен  продюсерлікті  байланыстырып  «бір 

кеменің» басын ұстаймын деген ойдамын.



- Үлгі тұтатын журналисіңіз кім?

- Телевизия  саласында  үлгі  алатын 

тележурналист бар деп айта алмаймын. Бəрі 

өтірік,  жасанды,  өзіндік  образ  жасап  алған 

секілді.  Бірақ  ақыл-кеңес  алатын,  өмірлік 

тəжірибесі  бар  кісілер  бар.  Олар  Жарас 

Сəрсек, Есей Жеңісұлы, Қанат Əуесбай. 

- Өмірлік ұстанымыңыз?

- Өмірлік  ұстанымым – əрдайым  алда 

болу. Бұл менің бірінші қағидам. Алда болу 

біреуді  басып  озу  емес,  өз-өзіңді  үнемі 

шыңдап жүру. Үнемі қозғалыс үстінде болу, 

адамдығыңды жоғалтпау.



- Ал мақсатыңыз қандай?

- Мақсатым  өте  көп.  Көбіне  қағазға 

жазып  алып,  қаншалықты  орындадым,  не 

орындамадым  деп  ойланып  жүремін.  Қазір 

19-дамын. «Жастық  шақта  өмір – гүл»  де-

генмен, көп қыдыруды ұната бермеймін. Иə, 

орда  бұзып,  қамал  алатын  жас  болмаса  да 

өзімді  өмірден  қалып  кеткендей  сезінемін. 

Көп  дүнием  істелмей  қалатын  сияқты 

көрінеді. Дегенмен мақсаттарымды жүйелеп, 

жазып сол бойынша жүремін. Мақсатым ар-

маныммен тікелей байланысты.



- Неден қорқасыз?

- Ең  бірінші  Алладан  қорқамын,  күнə 

жасаудан  қорқамын.  Ата-анамның  ауырып 

қалуынан,  денсаулығына  нұқсан  келуінен 

қорқамын.  Себебі,  дүниедегі  ең  жақын 

адамдарың,  отбасың  аман  жүрсе  мен  үшін 


1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет