Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi



жүктеу 0.61 Mb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата07.05.2017
өлшемі0.61 Mb.
  1   2   3   4   5   6

ЖАСТАРДЫҢ ӘДЕБИ-МӘДЕНИ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖУРНАЛЫ

Құрылтайшы жəне 

шығарушы:

«Қазақ газеттерi» 

Жауапкершiлiгi

шектеулi серiктестiгi

 Редакторлар кеңесiнiң  

Төрағасы   — 

Бас директор 

Жұмабек 

КЕНЖАЛИН

Бас редактор

Қуандық Түменбай

Бас редактордың 

орынбасары –

жауапты хатшы

Жарас Сəрсек

Редакция  алқасының 

мүшелерi:

Өмірəлі Қопабаев

Əбiш Кекiлбайұлы

Нұрлан Оразалин

Динар Нөкетаева

Серік Сиқымбаев

Бектұр Төлеуғалиев

 Сағатбек Медеубекұлы

Мереке Құлкенов

Əлішер Пірметов

Дүрия Даниярова

Техникалық редактор

Жұмағазы Омарұлы

№6 (82)

2015


Ќазаќстандыќ  патриотизм

Қазіргі кезде жастарымыз-

дың  арасында  Отанды  қорғауға 

деген 


саналы 

көзқарастың 

болмауы 

салдарынан 

əскер 

қатарында  қилы  келеңсіздіктер 



жиі кездесіп қалады. Сондықтан 

да  балабақшадан  бастап,  мек-

тепте, ЖОО-да жəне өзге де ме-

кемелерде  патриоттық  тəрбие 

беруді  қолға  алудың  қажеттігі 

айқын байқалуда. Тəрбиенің бұл 

түрі жас ұрпақты елін қорғауға, 

ұлттық  əскер  сапында  адал 



ПАТРИОТ БОЛУ – 

ПАРЫЗЫҢ !!! 

Аллаберген ҚОНАРБАЕВ

Маңғыстау  облысында  дүниеге 

келген.  Маңғыстау  ауданындағы  «Жас 

Отан»  жастар  қоғамының  атқарушы 

хатшысы. 

Қазақстан 

Журналистер 

одағының мүшесі.

қызмет  атқаруға,  азаматтық 

қасиеттерге баулиды.

Қазіргі  таңда  Қазақстан 

Республикасының  əлеуметтік-

экономикалық 

даму 


бары-

сында 


саяси-идеологиялық, 

мəдени  тұрғыдан  жаңаруына 

сай  жас  ұрпаққа  отансүйгіштік 

тəрбие  беру  үкіметіміздің  жаңа 

стратегиялық бағдарламасының 

басым 


бағыттарының 

бірі 


болып 

саналады. 

Еліміздің 

географиялық 

орналасуы 

Айтушы ақылды болса,

Тыңдаушы дана болады.

Халық мақалы


2

 *«Үркер»*№62015

мен  ұлттық-этникалық  ерекшелігіне  орай 

оқушыларға  халықтық  дəстүрге  негізделген  

бабалар  рухына  сай  тəрбие  жүйесін  құру 

қажеттілігі  қазақстандық  білім  саласының 

маңызды  проблемаларының  бірінен  санала-

ды.  Педагогика  тарихына    үңілсек,  Отанға 

деген  сүйіспеншілік,  оны  жүзеге  асырудың 

жолдары  туралы  айтылған  тұжырымды  ой-

лар  жетіп артылады. Ертедегі грек жəне рим 

ойшылдарының  (Платон,  Цицерон,  Ари-

стотель,  т.б)  еңбектерінде  тəрбие  идеялары 

көрініс  береді.  Қазақ  елінің  ғасырлар  бойы 

қалыптасқан отансүйгіштік тəлім дəстүрлерін, 

əдістері  мен  құралдарын  жинақтап,  оны 

бүгінгі  оқушы  тұлғасын  қалыптастыруда 

ұтымды қолдану – уақыт талабы.

Зерттеуші  ғалымдардың,  педагогтар-

дың  тұжырымдары  бойынша,  жас  ұрпақты 

отан 


сүйгіштікке 

баулуда 


баға 

жет-


пес  педагогикалық  құрал – батырлардың 

қаһармандық  бейнесі  жəне  оның  қазақ  ауыз 

əдебиетінде, тарихында, көркем шығармаларда 

сомдалуы болып табылады десек, одан қазақ 

батырларының бойындағы елдік қасиеттердің 

жиынтығы да, азаматқа тəн адамгершілік бол-

мысы “сегіз қырлы, бір сырлылық” та, шешен-

ге тəн алымдылық та, данаға тəн білгірлік те, 

биге  тəн  көсемдік  те,  əулиеге  тəн  көрегендік 

те  табылады.  Сөзіміз  дəлелді  болу  үшін  Ер 

Төстіктің  қаһармандығын,  Бекет  атаның 

бойындағы  əулиелігін,  Исатай  батырдың 

ел  бастаған  билігін,  Сырым  батырдың 

шешендігін,  Б.Момышұлының  батырлығын 

айтуға  болады.  Тамыры  терең  патриоттық 

тəрбиенің  көзі  ұлттық  тарихымызда  осылай 

жалғасып кете береді.

Қазақстан – көп  ұлтты  мемлекет.  Де-

мек,  жас  ұрпақтың  бойында  ұлттық  патри-

отизммен  бірге  қазақстандық  патриотизмді 

қалыптастыру 

ерекше 


маңызға 

ие. 


Қазақстанның əрбір азаматы ұлты мен дініне 

қарамай  татулық  пен  бірліктің  туын  жоғары 

көтере  білсе – патриотизмнің  негізі  сол 

болмақ.  Елбасы  өзінің  “Тарих  толқынында” 

кітабында: “Ұлттық  бірліксіз  патриотизм  де-

ген жансыз бірдеңе ғана болып қалады”, – деп 

ұлттық бірлікке ерекше мəн береді. Бірлік пен 

татулықтың  маңызына  халқымыз  да  бейжай 

қарамаған. “Бірлік  болмай,  тірлік  болмас”, 

“Төртеу түгел болса, төбедегі келер, алтау ала 

болса,  ауыздағы  кетер”, “Ынтымақсыз – ел 

оңбас”  деп,  жас  ұрпақтың  санасына  сіңіріп 

отырған.

Ғалымдардың 

пайымдауынша, 

па-


триотизмге  тəрбиелеуде  сүйенетін  негіз-

гі  ұғымдар – ұлттық  патриотизм  жəне 

қазақстандық  патриотизм.  Ұғым  дегеніміз 

–  заттар  мен  құбылыстардың  жалпы 

айырмашылықтарының  белгілі  бір  жиын-

тығы  негізінде  ой  жүргізу.  Ол  ғылыми  жəне 

тəжірибелік 

білімдерді 

қалыптастыруда 

қолданылады.  Ұғымдар  негізінде  пікір,  ой-

тұжырымдар  қалыптасып,  ой  қорытындылар 

мен  пайымдаулар  жасалады.  Бұл  жерде 

ұлттық  патриотизм  жəне  Қазақстандық  па-

триотизм  ұғымдары арқылы Отан, туған жер, 

ел,  атамекен,  мемлекет,  халық  туралы  нақты 

түсініктер берудің тиімділігі арта түспек. Ал 

түсінік  дегеніміз – бір  нəрсенің  мағынасы 

мен мəнін ұғыну. Сөйтіп, ұлттық патриотизм 

жəне  қазақстандық  патриотизм  ұғымдарына 

анықтама беру, олардың мазмұнын құрайтын: 

отансүйгіштік  сезімді  дамыту,  ұлттық  салт-

дəстүрді  ұстану  мен  мемлекет  рəміздеріне 

құрмет  қалыптастыру  жəне    басқа  тəлім-

тəрбиелік  ұғымдар.  Осыларды  жан-жақты 

қозғап  жүргізген  зерттеу  еңбектерімізде 

педагог,  психолог,  философ  ғалымдар  мен 

ақын-жазушылардың  ой-пікіріне  сүйеніп 

ұлттық  патриотизмге  жəне  қазақстандық 

патриотизмге  анықтама  беруге  ұмтылып 

жүрміз. Бұл бүгінгі күннің кезек күттірмейтін 

қажеттігінен  туындап  отыр.  Дəстүр - та-


3

Аллаберген ҚОНАРБАЕВ. «Патриот болу – парызың!!!»

рихи  қалыптасқан  жəне  ұрпақтан-ұрпаққа 

беріліп  отыратын  əрекет  пен  мінез-құлық 

нысаны,  сондай-ақ  ілеспе  астасқан  ғұрып, 

қағида,  құндылық,  түсінік  болып  табылады.

Əрбір халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан 

дəстүрлері  бар.  Дəстүрлердің  қай-қайсысы 

болмасын,  олардың  бəрі  де  халықтың 

күнделікті өмірдегі тұрмыс-тіршілігін, мінез-

құлық  ерекшеліктерін  білдіретін  тұрақты 

қалып.Халқымыздың  ежелден  келе  жатқан 

наным-сенім,  салт-дəстүрлері,  қазіргі  таңда 

қөптеген ғылыми еңбектерде жарық қөруде.

Біріншіден,  дəстүрлердің  қай-қайсысы 

болмасын  тəрбиелік  мəні  зор.  Екіншіден, 

дəстүрдің  психологиялық  ерекшеліктері, 

сол  дəстүр  қалыптасқан  халықтың  тіршілік 

бейнесі  мен  еңбектенуі  танылатын  сан 

алуан  дəстүрлерден  қөрінеді.  Мəселен, 

тəрбиенің  негізі  болып  табылатын  ұлттық 

салт-дəстүрлерді 

насихаттаудың 

жас-

тар  тəрбиесінде  мəні  зор.  Аталған  тəрбие 



ерекшеліктеріне  қатысты  деректер  бойынша 

оның бірнеше түрлері бар. Соның бірі – отбасы 

тəрбиесі. Оған ұл тəрбиесі мен қыз тəрбиесінің 

ерекшеліктері,  жастарды  жұбайлық  өмірге 

тəрбиелеу  жатады.  Қазақ  халқы  ұл  тəрбиесі 

мен  қыз  тəрбиесіне  ерекше  мəн  беріп,  оның 

өзіндік  ерекшелігін  ескеріп  тəрбиелеген. 

Халықта қалыптасқан «Ата қөрген оқ жонар»-

дегендей,  ұл  тəрбиесіне  ерекше  мəн  беріп, 

оларды  еңбексүйгіштікке,  жауапкершілікке, 

сондай-ақ  əнші,  күйші,  аңшы  т.с.с.  неше  бір 

өнерлерге, сырт шаруаға, яғни жан-жақты аза-

мат етіп тəрбиелеуді мақсат еткен.

Ерте кезден ата-бабаларымыз балалары 

мен  немерелерін  ауылдарда  өткізілетін  той-

думанға,айтыстарға,  бəйге  жарыстары  мен 

жамбы ату сайыстарына қатыстырып жүрген.

Тəрбиенің басты шарты үлкендер ел ал-

дында танылған алуан өнерді жастардың бой-

ына біртіндеп сіңірте беру керек деп түсінген. 

Ал қыз тəрбиесінде «Қыз өссе – елдің қөркі»,-

деп  айтылатындай,  қай  ата-ана  болса  да 

ғұрып,  дəстүрге  тəн,  қыз  балаларға  камзол, 

кəмшат бөрік, биік өкше етік, қос етек қөйлек 

тіктіртіп  кигізген.  Ерте  кезден  қыз  балалар-

ды ішкі үй шаруасына тартумен қатар жалпы 

əйел табиғатына тəн нəзіктілік, сабырлылық, 

төзімділік, бала тəрбиелеу, өнерге баулу сын-

ды  т.с.с  жақсы  игі  істерге  баулыған.  Халық 

жырларындағы  арулардың  сұлу  мүсінін  ше-

бер  суреттеудегі  мақсаты  жастарды  əсем 

сезімге бөлеудегі даналықты қөрсетеді.

Жалпы 

ерте 


кезден 

қалыптасқан 

құндылықтардан  ертегі,  аңыз  əңгімелер, 

жырлар  мен  термелер,  мақал-мəтелдерді 

ата-бабаларымыздың  жастарға  айтып  беріп, 

оларды  тапқырлыққа,шешендікке,  батылдық 

пен  даналыққа  ежелгі  дəстүрлер  негізінде 

тəрбиелеуі осы пікірдің айғағы.Ерте заманнан 

дəстүр  жастарға  білім  берудегі  негізгі  құрал 

болып келді. Мəселен, ақыл-ой тəрбиесі адам 

зиялылығының  негізі  десек,  сол  арқылы  ба-

ланы  ойлау  іс-əрекетінің  шарты  болып  та-

былатын  білім  қорымен  қаруландыру,  ой-

лау  амал-жолдарын  меңгерту,  білім  мен 

дағдылар жəне дүниетанымын қалыптастыру 

міндетінің 

шешілетіні 

хақ. 


Дəстүрлер 

негізінде  жүргізілетін  тəрбиенің  жолда-

ры  көп.  Соның  ішінде  адамның  құқықтық 

мəдениетін қалыптастыру жастар тəрбиесінде 

өзекті мəселелердің бірі. Құқықтық мəдениет 

болмай  қоғам  алдындағы  міндетті  орындау 

мүмкін  емес.  Ол  күрделі,  өйткені  құқықтық 

мəдениет,  құқықтық  тəрбиенің  деңгейімен 

тығыз  байланысты.  Атақты  Қазыбек,  Төле 

жəне  Əйтеке  сынды  билер  дəстүрлері  мен 

даналығын  өмірден  алынған  пайымдаула-

ры  мен  сабақтастығын  айқындауға  бола-

ды.  Аталған  тəрбиенің  мəні  жастарымызға 

құқықтық  білім  беруге,  заңды  құрметтеуге, 

тəрбиелеуге үйрету деп түсінуіміз керек.


4

«Їркердіѕ» жўрдек пойызы

Жаңа  шыққан  күн  нұрына  ұлан  дала 

жон арқасын өптіріп көсіліп жатыр. Қарағайға 

қонақтаған құзғын орнынан қозғалмас бұрын 

жолға  шыққан  екі  жаяу  əлі  жүріп  келеді. 

Түндегі  жоспарлары  бойынша  күн  қызудан 

бұрын найза тік иректен шығып алуды ойлап, 

жүрістерін бəсеңдете қойған жоқ. 

-Əй,  ақырын  жүр,  əйтпесе  мына  ирек-

тен  шыққан  соң  саған  да  мен  қарамай  озып 

кете берем,- деді үлкені өзінен алда кетіп бара 

жатқан мүшел жас кішісіне.

-  Біздің  ауылда  бір  жер  қорығыш  шал 

бопты. Өзі əлсіз екен. Ол жер аяғынан соғыса 

кеткен адамның астында жатып, «қой деймін, 



Қуанəлі АЛМАСБЕКҰЛЫ

1988 жылы Қытай Халық Республи-

касы Іле облысы, Күнес ауданында туған. 

2010  жылы  ата  жұртқа  қоныс  аударған. 

Шығармалары «Қазақ əдебиеті» газетінде, 

«Парасат» журналында жарияланған. 

ЖОЛ 

КӨРСЕТУ


қоймасаң мен тұрған соң əкеңе танытам» деп 

кіжінеді  екен.  Сол  шалға  ұқсап  қалмадыңыз 

ба, артта келе жатып озып кетем дейсіз.

-  Арғымақ  бауырын  жазғанша  ə  деген-

де тай озады деген тəмсіл бар,- деді жеңімен 

маңдайының терін сүртіп.

- Үкілеп отырған бəйгеміз сіздей болса, 

онда  бұл  ауыл  тойға  бармай-ақ  қойса  да  бо-

лады екен,- деп кішісі үлкенінің шамына тие 

сөйледі  де,  балағын  түріп  шапшыма  тікке 

тасқа  өрмелеген  Ортекедей  өрледі.  Сөздері 

жарасым таппаған соң екеуі де үнсіз қалуды 

жөн көрді. 

Бұл  шақта  күн  де  едəуір  көтеріліп, 



5

Қуанəлі АЛМАСБЕКҰЛЫ. «Жол көрсету»

шалқар түс мезгілі болып қалды. Екеуі жүріп 

келеді. Кезеңге шықсақ деген үміт ұшқындары 

басылмағанымен,  қалың  қарағайдан  ба, 

əлде  əлі  талай  жол  бар  ма,  кім  білсін,  кезең 

бұлардың көзіне шалына қоймады қазірше.

-Осы  иректен  шығып  алсақ,  алдымыз-

дан жалғыз шетен көрінеді. Соның желкесінен 

асып  түсіп,  қыспа  тастан  өтсек, «жалғыз 

қоныс» атанған байдың жұрты бар. Содан ай-

налып кетсек, көп жүрмей Тасмойнаққа да та-

банымыз тиер. Тасмойнаққа жеттік деген сөз 

Талдыбұлаққа  жеттік  деген  сөз.  Тасмойнақ 

пен  Талдыбұлақтың  арасы  қысыр  қатынның 

дəреті  жететіндей-ақ  жер, – деді  үлкені.  Өзі 

жүріп  көрмесе  де  кешегі  жездесінің  айтып 

берген жол нобайын миына мықтап шегелеп 

алған еді. 

-  Сіз  жүрер  жолымызды  айтып  келесіз 

бе, əлде ертегідегі бақташы баланың сөзін ай-

тып келесіз бе?

- Жүрер жолды айтып келем. Жолыңды 

білмесең, бағытыңнан адасып діттеген жеріңе 

жете алмайсың...

-  Сіз  бұл  жақпен  жүріп  көрмедім  деп 

едіңіз ғой?!

-  Жүрмеуі  жүрмедім.  Бірақ  жездем  со-

лай деп жол көрсеткен.

-  Жол  көрсеткен  жездеңіздің  өзі  жол 

біле ме екен деші.

-  Ей,  байқап – байқап  сөйле.  Айыр 

тіліңнің бір ұшы жездеме тиді деген сөз, тағы 

бір ұшы апайыма да тиді деген сөз.

- «Сүйіктілеріңізге»  сөз  келтірейін  де-

ген  ойым  жоқ.  Тек  жол  көрсетушілер  көп 

қой...  солардың  бірі  болмаса  болды  əрі  ол 

сізге жездесініп ептеп қалжыңдап жіберуі де 

ықтимал ғой...

-  Оның  жол  білетіндігі,  бейне  тіс 

дəрігеріндей, ауыз қуысында қанша тіс барын 

білетін.

Таңертеңгі  ызғырық  желде  қалыңдау 

киінген екеуінің арқасы жіпси бастады. Көптен 

бері  жаяу  жүрмеген  жандар  үшін  бұл  ирек 

тозақ  отымен  бірдей,  жаныңды  шығарады. 

Оның үстіне тасы табанға батып келеді. Күн 

қызбай  иректен  шығып  аламыз  деген  жос-

парлары  сол  мезеттегі  баланың  қиялындай 

іс болды. Жүргендерінен отырғаны көп екеуі 

кезеңге шыққанда талтүс болған еді. Көгалға 

жамбастары  тигенде,  жаннатқа  кіргендей 

жайлы  сезімге  бөленді.  Қоңыр  самалға 

кеуделерін  төсеп  рахаттанып  қалды.  Əлі  бас 

жарып үлгермеген балғын рауғаштан жеді де, 

отырған орындарына қисая кетті. Аз дем алып 

алып  жүрмекші  болғандарын  іштей  ұғысқан 

екеуі де көк аспанға тесіле қарап жатты.

-Ұйықтап қалма.

- Сіз оятып жібересіз ұйықтасам.

- Осы сенің жылың жылан емес пе?

- Жоқ, қой жылы туғам.

-  Ееее,  қоңыр  мінезді  болсаң  керек 

еді.  Бəлкім,  əкең  жылан  жылы  туған  шығар. 

Қанға тартпай тұрмайды ғой. Əйтеуір жылан 

жылының бір қоспасы бар екені сөзсіз. Керек 

десең, бұған бəсте тіге алам.

- Кəлендір үйде қалды. Əйтпесе көрсетер 

едім. Болмаса қайта қайтып кəлендірді көріп 

келейік. Əкем де жылан жылы емес, тіпті ше-

шем  де  солай.  Қалай  сөйлесе  де  бетіне  шап-

шый  берген  кішісінің  қылығына  ренжіген 

үлкені  үнсіз  қалды. «Үлкейе  келе  қандай  бір 

безбүйрек болар екенсің, ə» деп күбірледі. 

Жол  жүреміз  деп  таңертең  ерте 

тұрған,  оның  үстіне  діңкелері  əбден  қатқан 

екеуі  көрпеде  жатқандай  қор  етіп  ұйқыға 

кетті.  Анасының  алақанындай  майда  самал 

маңдайларын  сипап  өткенде  жандары  ра-

хат тауып, түс көріп, əлденені күбірлегендей  

еріндері жыбырлап қояды. Жаңа ғана аршыған 

рауғаштың  қабығына  құмырысқалар  үйіріле 

бастады. Шамасы азық іздеп жүрген көрінеді. 

Балапан  қарағайға  қонып  отырып  жағы  тал-


6

 *«Үркер»*№62015

май  сарнаған  сауысқанның  даусынан  оянған 

шақтарында  күн  əлдеқашан  төбеден  ауған 

еді.  Бір – біріне  ренжігендерін  білдірместен 

орындарынан  шапшаң  тұрды  да  жол  жүруге 

ыңғайланды. 

-Ал, жол бастаушым, мына екі айырық 

жолдың  қайсысына  түсеміз?  Иректен  шыға 

келгенде  біреуі  қабырғалап  кететін  жəне 

біреуі өрлеп тік кететін көш жолдар бар еді. 

- Мен де білмей тұрмын. Жездем бұндай 

жолды айтпап еді.

-  Жездеңіздің  жол  картасына  енбей 

қалған  екен  да.  Айырық  жолға  келгенде 

қарғыбаулы    хайуанның  басы  əңкі-тəңкі  де-

ген осы.


-  Көсемсімей  білсең  бастамайсың  ба? 

Қолыңнан тіліңді безеуден басқа түк келмейді. 

Түрі  жауар  күндей  түнеріп  кеткенінен 

қорықты  ма,  əлде  уақыттан  ұтыларын  білді 

ме, кім білсін, кішісі жұмсара тіл қатты:

-  Əлгі  ақылман  жездеңіз  қайсымен 

жүріңдер деп еді?

- Ол бұндай айырық жолды айтпап еді. 

- Шамасы, ол да толық білмейді екен да 

онда.  Өзі  білмей  тұрып  өзгеге  жол  көрсетер 

біреу болды ғой. 

-  Біледі,-  деді  көзін  алайтып. – Ол 

бұнымен жылына екі рет көшеді. Тек кінə мен-

де. Айтып берсе де аңғармаған шығармын.

- Балалар ойнын ойнайық та.

-  Қойшы – ей,  ауыз  өзімдікі  деп  оттай 

бермей. 

- Оттап тұрғам жоқ. Кішкене күнімізде 

адасқан  кезімізде  сол  қол  алақанымызға 

түкіріп, оң қолымыздың қырымен ұрғанымыз 

да түкірігіміз қай жаққа көп кетсе, сол жақпен 

жүретінбіз. 

– Біз бұны бұғыншақ ойнағанда пайда-

ланатынбыз.

–Бұғынып  жатқанды  да  сөйтіп  табуға 

болады,-  деді  бала  күнгі  кіршіксіз  сеніммен. 

Екеуі  қалай  жүрерлерін  білмей  дағдарып 

тұрған  кездерінде  кішісі  жерден  жеті  қоян 

тапқандай қуана дауыстады:

–О,  мен  таптым.  Қабырғамен  жүрейік. 

Сол  алақанымдағы  түкірігім  қабырғаны 

нұсқап тұр.

–Бала 

күнгі 


қиял 

мен 


арман 

қалыптастырған сенім реал өмір жолында ес 

қатпайды.  Өйткені,  өмір  бала  күнгі  қиялдан 

əлде қайда күрделі.

–Тəуекел,  жүріп  көрейік.  Бəлкім, 

періштем сыбырлап тұрған болар.

–Сайтаның  жетелеп  тұрмасына  кім 

кепіл бола алады. 

–Ораза-намаз  тоқтықта  деген.  Адасып 

жүріп  философиялық  сөз  не  теңіміз.  Жүр, 

кеттік  қабырғамен,-  деді  де,  кішісі  жүріп 

кетті.  Амалсыз  артынан  ерген  үлкені  іштей 

жездесін бір сыбап алды да, ананың соңынан 

ерді.  Екі  тұмсық  айналғанда  алдарынан 

жалғыз шетен көрінді. Жолды дəл тапқанына 

масаттанған кішісі:

–Айтпадым  ба,  бала  күнгі  сенім  алда-

майды  деп.  Жеңілгенін  əбден  мойындаған 

үлкені  ыржиған  болды  өтірік.  Іші  қапаға 

толы, «өзімнен  кішіден  бұрын  жол  табуым 

керек еді...»

Аяқтары  ауырған  екеуінің  жүрістері 

тым манди қоймады. Бірде өрге, бірде төмен 

жүретін  қабырға  жол  мықындарын  зар 

қақсатты. Əсіресе, бұндай шақта өрге жүруден 

төмен жүру, тіпті, машақатты. 

–Қолау  болған  құнандай  кібіртіктемей 

бас аяғыңды, бағана жүйрік едің ғой.

–Еріксіз  түскен  еңістен,  еркіңмен 

шыққан өр артық деген.

–Па, осы бір тіл қатпасаң сөзге қақалып 

өлесің бе?

–Сіз маған сөйлеп келесіз. Жауап беріп 

өзімнің бар екенімді білдіріп қоюдың қандай 

қателігі бар?


7

–Бар екеніңді сөзбен емес іспен дəлелде. 

Енді  тездетпесек  жолға  қонамыз.  Қыспа  тас 

əлі алыста...

Олар  қыспа  тастан  өткен  кезде  күн 

ұясына  қарға  адым  ғана  қалған  еді.  Жаз 

мезгілі  болғандықтан  əрі  талайдан  бері 

жаңбыр жаумағандықтан батып бара жатқан 

күн  қысқы  күні  көмірге  қызған  пештің 

бүйрегіндей  қызарған  еді.  Бұл  ертең  күн 

ашық  жəне  қатты  ыстық  боларының  белгісі. 

Көп  өтпей  тау  ішін  қою  қараңғылық  басты. 

Жүрістері мандымаған екеуі Айдаусайға əрең 

жетті. 


–Енді осы араға түнейік те, таңертең ала 

кеуімде жолға шығайық. Күн жауса қарағайы 

да пана болады. Əрі таулы жерде жыртқышта 

мол болады...

–Қасқыр  келсе,  қарағайға  қашып 

шығам  дейсіз ғой. Қонсақ қонайық. Жалғыз 

қонысыңызға  жеткенше  жан  шығатын  бол-

ды. Тəңертеңгі үйден алып шыққан сусында-

ры  таусылған.  Мөлдіреп  ағып  жатқан  бұлақ 

суына  нан  араластырып  жеп  алды  да,  түлкі 

құрсақ  боп  тойынды.  Тамақтанып  алған  соң 

екеуі  бұтағы  қалың  қарағайдың  түбінен  жа-

тар орын дайындады.

 –Астыңа қарағайдың борқысын қалың 

салсаң, көрпеден кем болмайды, дейтін атам.

–Тоғыз қабат торқадай болатын, дейтін 

апам.

–Демек,  сіздің  апаңызбен  менің  атам 



қарағай  түбіне  көп  қонған  болды  ғой,  əрі 

көрші əрі...

–Ей,  бағанадан  жездем  мен  апайыма 

тиіп еді сөзің. Албасты қабаққа қарап басады 

дегендей, енді апама. Тілім көмейімде қалсын 

десең,  албаты  сүйреңдетпе.  Абайсызда  ау-

ызынан  шыққан  сөзінің  тым  анайылау  боп 

кеткенін сезген кішісі:

–Көңіліңізге  кір  ғып  сақтап  қалмаңыз. 

Қалжың үшін...

–Көрпеңе  қарай  көсіл  деген.  Ортаңа 

қарай қалжың айт. 

Алыстан  байғыздың  сұңқылы  естілді. 

Қастарынан ағып өтіп жатқан бұлақ суының 

дауысы да гүрілдеген өзендей болып естіліп 

тұр.  Көңілдерін  қорқыныш  билей  баста-

ды.  Өйткені  бұл  Айдаусай  туралы  ел  ауы-

зында  қызық  аңыз  бар  болатын.  Сол  есіне 

түскен үлкен жолаушының өне – бойы дір ете 

түсті.  Қараңғыда  тау  беткейіндегі  бұталарда 

бір-бір  диюларға  ұқсап,  екеуіне  төніп  келе 

жатқандай болып елестеп кетті. Желмен бірге 

теңселген  балапан  қарағайлар  елбеңдеген 

қара көлеңкедей көрініп, ол тіпті қорқа баста-

ды.  Əлдеқайдан  түлкінің  əупілдеген  дауысы 

шығып жатты. 

–Бұрын  осы  Айдаусайда  диюлар  ме-

кендеген екен. Кейін адамдар көптеп орныға 

бастаған соң ауып кетіпті. Тіпті Диютас деген 

таста бар бұл сайда. 

–Қорқып  жатсаңыз  қойныма  кеп 

жатыңыз. Бұл жердің диюына қоса қалмағында 

қуып шыққан біздің ата-бабамыз.

–Қорқып  жатқам  жоқ,  жай  айтқаным 

ғой. Қанша білдірмейін десе де, үніндегі діріл 

ішкі толқынысын жасырып қала алмады. 

–Алаңдамаңыз,  қасыңызда  мен  жатыр-

мын. Кішісінің сөзі батыл да сенімді шықты. 

–Мені  қорқақ  деп  тұрмысың?  Қайта – 

қайта  намысына  от  тастай  бергеніне  шыда-

май жатқан орнынан қарғып тұрды.

–Батырлығыңыз қалай, сонда?

–Мықтылығымды  өлшесең,  соғыста 

өлтірген  жауының  бас  терісін  жеңіс  белгісі 

ретінде сыпырып алатын ертедегі Үнді тайпа-

лары мен тұрмысқа шығар жасқа толса да ата 

кегі бар жауының қанын ішу үшін майданға 

сұранбаған  қызды  қатындыққа  ешқандай 

еркек  алмайтын  Сармат  тайпаларының 

жігіттерінен кем емес.

–Бұл  да  əлсіздігіңізді  бүркемелеу  үшін 


Каталог: wp-content -> pdf
pdf -> Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін
pdf -> «АҚылдың ТҮбі қҰт болар»
pdf -> Мен «Ана тілі» газетін жарық көрген күнінен
pdf -> Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі де таяп қалды. Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың ерекше ажарланатын, жаңаратын кезеңі саналатын Наурызда
pdf -> «Болса болар, бәлкім, менің паңдығым »
pdf -> Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң
pdf -> 5 Көзіқарақты оқырман білуі тиіс, жақында Тілдерді дамыту мен қолданудың
pdf -> Күні. Бұл күні күн мен түн теңеледі

жүктеу 0.61 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет