Республики казахстан



жүктеу 5.14 Kb.
Pdf просмотр
бет9/44
Дата09.01.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44

 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
62 
Әдебиеттер: 
1.
 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы  /  Баптары  бойынша 
түсіндірмелерімен және оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар. –  Астана, 
2007 – 56 б. 
2.
 
Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. – 
Алматы, 2007. – 143 б. 
3.
 
Казахско-русский словарь /  Под ред. член.-корр. НАН РК  Р.Г. Сыздыковой, 
проф. К.Ш. Хусаин. – Алматы: «Дайк-Пресс», 2002. – 1008 с. 
4.
 
Педагогика: Оқу құралы / Жалпы ред. басқарған А.М. Құдиярова. –Алматы: 
Дарын, 2004. – 448 б. 
5.
 
Назарбаев  Н.Ә.  Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  50  елдің 
қатарына кіру стратегиясы. // Ана тілі, 8 наурыз, 2006 ж. 
6.
 
Педагогика:  Қазақша  және  орысша  түсіндірме  терминологиялық  сөздік 
/Жалпы  ред.  басқарған  Ш.К.Беркімбаева.  –  Алматы:  «ROND&A»  баспасы,  2007.  – 
278 б. 
7.
 
Беспалько  В.П.  Слагаемые  педагогической  технологии.  –  Москва: 
«Просвещение», 1989. – 192 с.  
 
Дуйсенбаев А.К., Балтымова М.Р. 
Педагогические аспекты формирования коммуникативной культуры у 
учеников 
В  содержании  статьи  дается  научный  анализ  педагогических  аспектов 
формирования  коммуникативной  культуры  учеников  и  всестороннее  описание 
педагогических, дидактических аспектов.  
Ключевые 
слова: 
культура 
чтения, 
коммуникативная 
культура, 
коммуникативная грамотность, компетентность, грамотность. 
 
Duysenbaev A.K., Baltymova M.R. 
Pedagogical aspects of formation of communicative culture at students 
The  content  of  the  article  provides  a  scientific  analysis  of  pedagogical  aspects  of 
formation  of  pupils'  communicative  culture  and  a  comprehensive  description  of 
pedagogical and didactic aspects. 
Keywords:  reading  culture,  communicative  culture,  communicative 
literacy

competence, 
literacy

 
*** 
 
 
ӘОЖ:  378.1 
Сардарова Ж.И. – педагогика ғылымдарының докторы,  
доцент, М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
  Кайыржанова Ж.Ш. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты 
Е-mail: sardar.zh@mail.ru  
 
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІН–ӨЗІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН ДАМЫТУДАҒЫ 
ӘЛЕУЕТТІ МҮМКІНДІКТЕРІ 
 
Аннотация.  Мақалада  бүгінгі  ақпараттық  ғасырдағы  ақпараттық- 
коммуникациялық  технология  құралдарының    орасан  зор  мүмкіндіктері  талданып, 
оның студенттердің өзін-өзі шығармашылықпен дамытудағы әлеуетті  нақты ролі 
ашылған. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
63 
Тірек  сөздер:  Білім  беру  үдерісі,  студент,  оқытушы,  ақпараттық- 
коммуникациялық  технология  құралдары,    ақпараттық  сауаттылық,    дәстүрлі 
оқыту,   өзін-өзі шығармашылықпен дамыту. 
 
Ақпараттық- коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық  білім 
беру  жүйесін  дамытуға  және  оның  мүмкіндіктерін  әлемдік-білімдік  ортаға  енудегі 
сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.   
Осыған  сәйкес,  жоғары  білім  беру  саласындағы  бүгінгі  күнгі  алға  қойылған 
мақсаттардың  бірі–  жаңа  ақпараттық  технологияны  білім  беру  жүйесіне  пайдалана 
алатын,  ақпараттық  мәдениеті  жоғары,  білімді  тұлғаны  қалыптастыру.  Білім  беруді 
ақпараттандыру  нәтижесінде  әрбір  студент  ақпаратты  еркін  пайдалануға,  оны 
қажетіне  қарай  талдай  білу  мүмкіндігіне  ие  болуы  қажет.  Өйткені  бұл  білім  беру 
үдерісіне  қатысушылардың  интеллектуалдық  белсенділігінің  артуына,  сол  арқылы 
білім беру жүйесінің дамуын  жетілдіруге негіз болады. 
Білім  беру үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық құралдардың жаңа заман 
талабына  сай  түрлерінен  саналатын  мультимедиалық  энциклопедия,  қашықтықтан 
оқыту,  электрондық  оқулықтар  мен  түрлі  дыбыстық  таспа  материалдары  бүгінгі 
таңда үйренушілердің қай пәнді болмасын тез әрі терең, шығармашылықпен игеруіне 
мейлінше қолайлы жағдай тудырып отыр [1]. 
Интернет  қолданушыларды  өзінің  бай  бояуларымен,  мультимедиалық 
мүмкіндіктерімен,  өздерінің  сүйікті  музыкалық  топтары,  т.б.  туралы  толық 
мәліметтер ала алатынымен қызықтырады. 
Интернет  жүйесінде оқушыға арналған бағыттар:  жалпы даму,  іздеу, сөйлесу, 
ақпаратты  өз  бетімен  беру,  керекті  компьютерлік  бағдарламаны  іздеу,  ары  қарай 
білімді таңдау.  
Бұл  кезеңде    сыни  ойлау  дамиды,  үйренушілердің  ақпараттық  сауаттылығы 
арта бастайды, өзіне қажеттілерін бөліп алып, білімін қызықты танымдық мазмұнмен 
толықтыруға  тырысады.  Тіларалық  кедергілер  жойылады,  коммуникативтік 
іскерліктер  дамиды,  тілді  тереңірек  оқудың  мотиві  пайда  болады,  жер  шарының 
түкпір-түкпіріндегі адамдармен байланыс жасау мүмкіндігі пайда болады. 
Жүйеде үйренушілер еңбегінің тиімділігін жоғарылату үшін өз алдына әр түрлі 
оқулық  пәндерден  нақты  материалды  іздеуге  мақсат  қою  керек.  Сөйтіп,  олар 
болашақта интернетте өз бетімен жұмыс істей алады. 
Интернет  жүйесі  осындай  барлық  мүмкіндіктерге  қол  жеткізеді.  Олар 
қашықтықтан  оқытудың  кез  келген  білім  мекемесінің  оқу  үдерісінде  табысты 
қолданылады. 
Электрондық  пошта  –  оқытушылар  мен  алыстағы  оқушылар  арасындағы 
ақпарат  алмасудың  тиімді  тәсілі.  Электрондық  пошта  экономикалық  және 
технологиялық жағынан тиімді технология болып табылады және оқу үдерісі кезінде 
оқу  курстарының  мазмұндық  жағын  жеткізу  және  оқытушының  оқушымен  кері 
байланысын қамтамасыз ету үшін қолданылады.  
Бұл  уақытта  дәстүрлі  оқыту  кезінде  оқытушы  мен  студент  арасындағы 
"диалог" шектеулі түрде іске асады, педагогикалық тиімділігі шектеулі болады. 
Телеконференция  –  бір-бірінен  алыс  қашықтықтағы  оқытушы  мен  студенттің 
дәстүрден тыс  оқу үрдісін жүзеге асыруға, топтық жұмыс ұйымдастыруға, іс-қимыл, 
ойының әдіс-тәсілдерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 
Интернеттің  электрондық  конференциялары,  яғни  бұл  қызметі  электрондық 
поштаның  өзіндік  дамуы  болып  табылады.  Электрондық  конференциялар  немесе 
оларды,  көбінесе,  компьютерлік  немесе  телеконференциялар  дейді,  кем  дегенде 
пайдаланушының  компьютерден  мәтіндерін,  "конференцияларды"  бір-бірінен 
әртүрлі қашықтықтағы қолданушының беруі мен алуына мүмкіндік береді. 
Компьютерлік жүйелерді қолдану арқылы өткізілген бейнеконференциялардың 
да студент  тұлғасының дамуына қосар үлесі мол. Бейнеконференциялардың мұндай 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
64 
типі 5-10 адамнан тұратын топтарда семинарлар, жеке консультациялар өткізу, өтіліп 
жатқан курстың жекелеген күрделі сұрақтарын талқылау үшін қолданылады.  
Дыбыс 
беру 
мен 
бейнекөріністерден 
басқа 
компьютерлік 
бейнеконференциялар компьютер экранын бірігіп басқару белгілі бір қашықтықтағы 
суреттер  мен  сызулар,  фотосурет  және  қолжазбалық  материалдардың  берілуін  іске 
асырады. 
Бейнесюжеттер мен  бейнефильмдер – кез келген пәннен қашықтықтан білім 
беру  үшін  өте  тиімді  құрал.  Оқу  бейнематериалдарын  көбейтуге  көп  шығын  талап 
етпейтін бейнемагнитофон барлық елдерде кең тараған. Бүгінде бейнематериалдарды 
CD,  DVD  дискілер  түрінде  ұсынылады.  Бейнефильмдер,  әдетте,  дәстүрлі 
лекциялардың  орнын  басатын  оқу  материалдары  жиынтығының  бөліктері  ретінде 
қолданылады. 
Электрондық  оқулықтар  қай  жастағы  болмасын  білім  алушылардың 
шығармашылықпен  жұмыс  жасауына,  яғни  танымдық  белсенділігін  арттыруға 
мүмкіндік  береді.  Электрондық  оқу  құралы  –  бір  пән  бойынша  өзіндік  білім  алуға 
арналған  ақпараттық,  графикалық,  әдістемелік  және  бағдарламалық  жабдықтардың 
кешенін  құрайтын  электрондық  оқу  материалдарының  жиынтығы  деп  түсінеміз. 
Электрондық оқу материалдарының мазмұндық құрылымы дәстүрлі оқулықтағы оқу 
материалдарының  құрылымымен  сәйкес  келеді,  тек  қысқа,  нақты,  әрі  анық 
тұжырымдалады.  
Дәстүрлі оқулықтардан өзгешелігі  – жоғары динамикалық (анимация) үлгілер 
көрсету, ақпаратты үнемі толықтырып отыруға, көбейтуге, ұлғайтуға мүмкіндігі бар. 
Электрондық  оқулықтың  ішкі  мазмұны  үнемі  интернет  желісі  және  басқа  да 
электрондық  кітапханалармен  толықтырылып  отырады,  сөйтіп  әр  оқушы  өз 
мүмкіндігінше,  даярлығына  сәйкес  ақпарат,  мәліметтер  алып,  танымдық  өрісін 
кеңейтіп,  белсенді  жұмыс  жасай  алады.  Оқытудың  компьютерлік  технологиясының 
оқу  үдерісіне  кеңінен  енуі  үйренушінің    танымдық  белсенділігін  арттыра  отырып, 
электрондық  оқулық  көмегімен  оқушылардың  өзіндік  жұмыс  түрлерін  орындауға 
баулиды [2]. 
Интерактивтік  технологиялар  –  оқытудың  әдістері  мен  түрлерінің, 
бағдарламаларының интерактивті мүмкіндіктері кері байланысты іске асыра отырып, 
оқушының  белсенділігін  арттыруға,  дәстүрлі  оқыту  жүйелерінің  көбінде 
орындалмайтын диалог пен тұрақты көмекті де іске асыруға мүмкіндік береді. Демек, 
бір-бірімен бетпе-бет кездесуінсіз-ақ үйренуші мен оқытушы арасында интерактивті 
қарым-қатынас  орнату  және  аталған  курс  бойынша  білім  мен  дағдының  белгілі  бір 
мөлшерін өз бетінше игеру іске асады.  
«Интерактивтік» термині ағылшынның interaction сөзінен шыққан, мағынасы 
«өзара  белсенділік»  дегенді  білдіреді.  Бұл  термин  көбіне-көп  информатика, 
коммуникация және өндірістік дизайн саласында кеңінен қолданылады.   
Оқу  материалдарының  мысалдары,  түсіндіру  тәсілдері,  тапсырмалары 
анимациямен  көрсетілсе,  оқушының  жеңіл  түсінуіне  және  есте  сақтауына 
көмектеседі.  Анимациялық  көрнекіліктер  оқытушының  жұмыстарын  жеңілдетіп, 
сабақ  беру  тәжірибесін,  қызығушылығын  арттырады.  Анимация  терминін  ауысып 
отыратын  бейнелердің  жүйелілігі  деп  түсінуге  болады.  Оқулықтың  анимациясы 
әртүрлі бағдарламаларда жасалуы мүмкін. Мысалы, Macromedia корпорациясының  – 
Flash MX бағдарламасы. 
Электрондық  форумдар  оқушылардың,  оқытушылардың  белгілі  бір  тақырып 
бойынша бірі-бірімен пікір алмасуын ұйымдастырады. Бұл жүйеде бір электрондық 
адрестен,  сол  жүйеге  тіркелген  басқа  адрестерге  бір  уақытта  хат  жіберуге  болады. 
Форумдар  көбіне-көп  пікірсайыстар,  дебаттар  ұйымдастырғанда  қолданылады. 
Қолданушылардың арасында тез  хабар алмасу бағдарламалары –  ICQ, Skype, online 
режимінде  оқушылар  мен  оқытушылар  арасында  тез  хабар  алмасуын  іске  асырады. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
65 
Бұл бағдарламалармен мәтіндік ақпаратпен қоса, графиктік, сурет, кейде web-камера 
арқылы бір-бірін көре отырып сөйлесуге мүмкіндіктері бар. 
Білім  берудегі  мультимедиа  –  таным  процесінің  жоғарылауына  септігін 
тигізетін,  білім  беру  мазмұнын  интерактивті  формада  ұсынатын,  дидактикалық 
аппаратты, бағдарламалық құрал. 
Мультимедиалық  бағдарламалық  құралдар  –  интерактивті  режимде  әртүрлі 
типті ақпараттарды дайындау, өндеу, ұсыну, біріктіру секілді іс - әрекеттерді жүзеге 
асыруға 
мүмкіндік 
беретін 
компьютердің 
бағдарламалық 
жабдықтары. 
Мультимедиалық  бағдарламалардың  негізгі  атқаратын  функцияларының  бірі  – 
басқаруды қамтамасыз ету, яғни қажетті ақпаратқа еш кедергісіз ауысу мүмкіндігінің 
болуы.  Мультимедиалық  өнімдер  –  мультимедиалық  құралдар  және  арнайы 
бағдарламалық жабдықтар көмегімен дайындалған ақпарат. 
Көптеген  шетелдік  зерттеушілер  «мультимедиа»  және  «гипермедиа  – 
ұғымдарын  бір  мағынада  қарастырады.  Мысалы,  I.  Вrown    «гипермедиа  – 
мультимедианың  сызықтық  есеп  түрде  ұсынылған  жиынтығы»  деген  пікір  айтады. 
Біздің  пікірімізше,  мультимедиа  –  пайдаланушыға  әртүрлі  типті  ақпараттарды 
біріктіріп  ұсыну  технологиясы,  ал    гипермедиа  –  пайдаланушының  түрліше  типті 
ақпараттардың бірінен екіншісіне оңай ауысуын жүзеге асыру технологиясы.  
Мультимедиалық  ақпарат  түрлерін  өзара  байланыстыру  нәтижесінде 
гипермедиа технологиясы пайда болды [3]. 
Осындай  ұтымды  сәйкестілікті  мультимедиалық  технологияларын  қолдану 
арқылы интерактивті дәрістер өткізу барысында байқауға болады. Оқытушы мәтінді 
баяндап, ал суденттер тыңдап, қарап, есте сақтап және түртіп жазып алып отыратын 
дәстүрлі дәріс-сабақтан берілген әдістеме арқылы құрастырылған дәрістің ерекшелігі 
–  оның  интерактивтілігі.  Интерактивтілік  студенттерге  оқу  үдерісіне  белсенді 
араласуына мүмкіндік береді: сұрақтар қою, оқытушыдан оқу материалының кейбір 
күрделі тараулар бойынша нақты түсіндіруін сұрау. 
Оқытушының талдау пікірлері мен бейнелік ақпараттың немесе анимацияның 
үйлесімі  үйренушілердің  зейінін  айтарлықтай  белсенділендіріп,  жаңа  тақырыпқа 
қызығушылықтарын  арттырады.  Оқыту  қызықты  әрі  эмоционалды  бола  түседі,  бұл 
оларға  эстетикалық  ләззат  бере  отырып,  оқытушының  баяндаған  ақпаратының 
сапасын  арттыра  түседі.  Сонымен  бірге,  оқу  үдерісіндегі  оқытушының  рөлі 
айтарлықтай  өзгереді.  Енді  ол  дәріс  барысында  уақытты  оқу  материалының 
неғұрлым күрделі фрагменттерін талқылауға жұмсайды. 
Интерактивті дәріс педагог жетекшілігімен ұйымдастырылатын дәстүрлі оқыту 
тәсілі  мен  жекелей  компьютерлік  оқытудың  ұтымды  жақтарының  үйлесімінен 
тұрады.  Компьютер  студенттің  белсенді  көмекшісіне  айналады.  Ақпараттық-
танымдық  мазмұнымен  қатар,  интерактивті  дәріс  мазмұндау  барысында 
компьютерлік слайдтарды  қолдану арқасында эмоционалдық сипатқа ие.  
Оқытушы дәріске алдын-ала дайындалу  кезіне «MS Office» бағдарламасының 
«MS  Power  Point»  қосымшасында  қажет  слайдтар  санын,  бейнелік  ақпарат  пен 
анимация  элементтерін  қолдана  отырып  даярлайды.  Әрине,  бұл  оқытушының 
компьютерлік біліктілігінің жоғары деңгейде болуын айтарлықтай қажет етеді.  
Ол жеткілікті дәрежеде компьютерлік техникадан білімді және бағдарламалық 
қамтамасыз  етумен  жұмыс  жасау  дағдыларын  меңгеру  керек.  Интерактивті  дәрісті 
өткізудің  маңызды  шарты  –    компьютерлік  техника  мен  оқу  ақпаратын  визуалды 
және  дыбыстық  бұқаралық  демонстрациялауға  қажет  қазіргі  заманғы  құралдармен 
жабдықталған  арнайы  аудиторияның  болуы.  Оқытушы  дәрісті  баяндау  үдерісі 
барысында  ақпаратты  слайдта  иллюстрация  ретінде  көрсетіп  отырады.  Бұл 
оқушылардың оқу материалын жақсы меңгеруіне көмектеседі. 
Ұсынылған 
әдістемені 
қолдану 
оқыту 
үдерісін 
белсенділендіреді, 
оқушылардың пәнге қызығушылығын және оқу үдерісінің тиімділігін арттырады, оқу 
материалын терең меңгеруге мүмкіндік береді.  

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
66 
Бір жағынан, оқытушы мен компьютердің серіктестігі оқу пәнін оқушылардың 
әртүрлі категорияларының түсінуіне қол жетерліктей жасайды.  
Екінші 
жағынан 
– 
ол 
оқытушының 
даярлық 
деңгейіне, 
оның 
квалификациясына жоғары талаптар қояды, ол енді оқытудың дәстүрлі әдістемелерін 
меңгеріп қана қоймай, ғылым мен техниканың қазіргі заманғы жетістіктерін қолдана 
отырып, білім алушылардың ерекшеліктеріне сәйкес модернизациялай білуі керек. 
Мультимедиа  Интернет  технологияның  да  дамуына  тікелей  әсер  етіп  отыр. 
Интернетте  бейнеконференциялар  ұйымдастыруда  дыбыстық  және  бейнелік 
хабардың  сапасын  төмендетпей  ұсыну,    байланысқа  түскен  адамның  бет-бейнесін 
компьютер мониторынан көріп отыру  –  мультимедианың жемісі. Мультимедиалық 
технологиялардың  көмегімен  бүгінгі  таңда  кез  келген  адам  өзі  жөніндегі 
мәліметтерді,  фотосуреттерді,  тіпті,  өз  дауысын  Интернет  желісіне  шығаруға 
мүмкіндік алып отыр. 
Тұлғаға бағдарланған білім берудің нәтижелілігін анықтау жолдарының бірі  – 
педагогикалық диагностика жүргізу.  
Педагогикалық  диагностика  –  кәсіби  дамудың  әлеуметтік  деңгейі  мен 
актуалды деңгейін анықтауға бағытталып, арнайы ұйымдастырылған педагогикалық 
зерттеу  әрекеті.  Ол  өз  кезегінде  біліктілікті  арттырудың  сапасын,  яғни  білім 
көтерудің  деңгейі  мен  нәтижесінің  тыңдаушылардың  сұраныс-қажеттіліктеріне, 
курстық  жұмыс  бағдарламасында  белгіленген  білімдік  нормалар  мен  стандарттарға 
сәйкестігін көрсетеді.  
Педагогикалық  диагностикаға  кешенділік  сипат  тән.  Олай  дейтініміз, 
танымдық  үдеріс  ол  тек  ақпарат  жинақтау  ғана  емес,  оларды  белгілеріне  қарай 
салыстыру,  талдау,  жүйелеу,  алынған  нәтижелерді  интерпретациялау,  шешімді 
болжау сияқты қадамдардан тұрғанда ғана пайдалы болады. 
Тұрғынбаева Б.А. мен Тихомирова В.Т өз еңбектерінде мониторингті ескерту, 
бақылау,  болжау  дегенді  білдіреді  және  педагогикаға  экология,  социология 
ғылымдарынан  енгендіктен,  ол  ғылымда  табиғатты  бақылау,  оған  әсер  ету; 
социологияда  әлеуметтік  үдерістерді  бақылау,  ақпараттар  жинау  деген  мағынаны 
таныту үшін қолданылғандығын тілге тиек етеді [4].  
Психологияда  мониторингтің  объектісі  –  тұлғаның  психикалық  дамуы,  ол 
мақсаттарға  педагогикалық,  дидактикалық  құралдардың  сәйкестігін  анықтау,  ал 
педагогикалық  мониторинг    оқыту  мен  тәрбиелеудің  нәтижелерін  анықтау,  зерттеу 
үшін пайдаланылады.  
Мониторингтің  қызметі:  педагогикалық  қызметтің  жүру  барысын  қадағалау, 
алынған  нәтижені  өңдеу,  шешім  қабылдау,  болашаққа  болжамдар  жасау  ретінде 
қарастырылады. 
Сауалнамалар  мен  тестілер  практикалық  жұмыста  ой  елегінен  өткізу  құралы 
болады.  Тестілер  көп  және  әртүрлі,  олар  тұлғаның  түрлі  сапасын  анықтау  мен 
өлшеуге бағытталған.  
Олардың көбісі өзін-өзі бағалауға бағытталған; біршамасы тұлғаның белгілі бір 
сұрақтарға  жауап  беруі  арқылы  ұсынылған  жағдаяттан  қалай  шығуға  болатынын 
анықтайды.  Ең  көп  тарағаны  адамның  мінез-құлқын  анықтауды  немесе  оның  іс-
әрекет түрлерін анықтауды көздейді. 
Өзіндік  бақылау  –  қол  жеткізетін  нәтижелерін  және  оған  жету  жолындағы 
қиын  тұстарын  алдын-ала  болжау,  өзінің  оқу  әрекетінің  барлық  кезеңдерінде 
жоспарлау, бақылау, бағалау, түзету және реттеу арқылы көрінетін білім алушының 
өз оқу - танымдық әрекетін сапалы түрде басқаруы. 
Қазіргі  кезде  білім  саласында  компьютер  арқылы  білімді  тексеру  бұл  үрдіске 
адам  факторының    ықпал  етуін  болдырмау  үшін  қолданылады.  ЖОО  бұл  әдіс  жиі 
пайдаланылады.  
Өзін-өзі  дамытуға  қажетті  өзін-өзі  жоспарлау,  өзін-өзі  бағалау,  өзін-өзі 
ұйымдастыру  және  өзін-өзі  өзектендіру  біліктіліктерін  педагог  өзінде  тәрбиелеп 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
67 
жетілдіру  керек.  Ол  үшін,  алдымен,  педагогикалық  әрекет  пен  пән  оқытушының  
әрекеті  сауалнамалар  арқылы  талданады  да,  содан  соң  алынған  жеке  нәтижелер 
топпен  талданады.  Бұл  жұмыс  педагогке  өзіне  сын  көзбен  қарау  мен  тәжірибе 
алмасып,  қателерін  көріп,  іштей  түзетуге  мүмкіндік  береді.  Жұмыс  топта 
жүргізілгендіктен,  мұғалімге  жеке  баға  берілмейді  және  ол  өз  позициясын  ұсына 
алады.  
Ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  жүзеге  асыру  әдістерін 
әрекеттестік  формалары  арқылы  жүзеге  асыру  көзделді.  Бұл  формаларға:  топтық, 
ұжымдық,  жеке  жұмыстар  және  онлайн  режиміндегі  әрекеттестік  жатады.  Соның 
негізінде  нәтижені  бақылау  және  бағалау  академиялық  табыстар  мен  тұлғаның 
өзіндік дамуына қол жеткізумен айқындалады.  
Интерактивті  әдістерді  қолданған  кезде  оқытушы  50  минуттың  5-7  минут 
уақытын  ғана  алып,  қалған  уақыттың  бәрінде  студенттердің  өздері  ізденіп, 
танымдарын арттыруына жағдай туады. Сонымен қатар, бұл әдіс арқылы студенттер 
өз білімін өздері бағалайды. Олар алған білім-білік, дағдылары бойынша бағаланады. 
Әсіресе,  өзін-өзі  бақылау,  жұптық  өзара  бақылау,  топтық  өзара  бақылау  кезеңдері 
лекцияны бекітуде біршама көмегін тигізеді.  
Бұл  бақылау  мен  бағалау  студенттің  бойында  мына  қасиеттерді 
қалыптастырады:  еріктілік,  еңбексүйгіштік,  өз  күшіне  сенуі,  қабілеттілігі, 
жауапкершілікті  сезінуі,  ғылыми  ақпараттарды  іздестіруі,  өзінше  түйін  жасауы, 
сөйлеу мәдениеті, т.б. 
Қорыта келе, АКТ-да жиі қолданылатын әдістерін саралай келе және олардың 
білім  алушылардың  шығармашылық  тұрғыда  дамуына  әсер  ететін  әлеуетін 
графикалық түрде төмендегіше бейнеленуге болады: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
68 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет  1  -    ЖОО-да  қолданылатын  АКТ  әдістері  және  олардың  студенттердің 
өзін- өзі дамытудағы әлеуеті 
 
 
 
ЖОО-да 
қолданылатын АКТ 
әдістері және 
олардың 
студенттердің өзін- өзі 
дамытудағы әлеуеті 
 
Электрондық поштаны  пайдалану 
Әлеуеті:интербелсенділікті, 
хат 
алмасу 
арқылы 
коммуникативтік  қабілеттерін,  (диалог)  сауаттылығын 
дамыту,  ақпаратпен  алмасу,  бірлескен  жобалар  жасау 
негізінде шығармашылықты қалыптастыру 
 

жүктеу 5.14 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет