Республики казахстан


ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНДА АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ



жүктеу 5.14 Kb.
Pdf просмотр
бет8/44
Дата09.01.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44

 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНДА АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 
 
Аннотация.  Мақалада  мазмұнында  оқушыларға  ақпараттық  мәдениетті 
қалыптастырудың  педагогикалық  аспектілері  ғылыми  талдау  жасалынып, 
педагогикалық, дидактикалық аспектілеріне жан-жақты мипаттама беріледі. 
Тірек  сөздер:  Оқу  мәдениеттілігі,  ақпараттық  мәдениет,  ақпараттық 
сауаттылық, құзіреттілік, сауаттылық, ақпараттық сауаттылық. 
 
Дүние  жүзінің  өрениетті  елдерінің  білім  беру  жүйесінде  білім  берудің 
мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. 
Білім  берудің  қазіргі  негізгі  мақсаты  білім  алып,  білік  пен  дағды-машыққа  қол 
жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке қол 
жеткізу,  яғни  ақпаратты  өзі  іздеп  табу,  талдау  және  ұтымды  пайдалану,  жылдам 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
56 
қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі өзгермелі  дүниеге бейімделе алу, өмір сүру және 
жұмыс істеу болып табылады. 
Қазақстан  Республикасы  «Білім  туралы»  Заңының  8-бабында:  «Білім  беру 
жүйесінің  басты  міндеті  –  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді 
ақпараттандыру,  халықаралық  коммуникациялық  желілерге  шығу,  ұлттық  және 
жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке 
тұлғаны  қалыптастыруға,  дамытуға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу 
үшін қажетті жағдайлар жасау», - деп атап көрсетілген. Демек, қазіргі кезеңде әрбір 
мұғалімнің  алдына  қойып  отырған  басты  міндеттерінің  бірі  –  оқытудың  әдіс-
тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыру  және  ақпараттық  технологияны  мектептің  оқу-
тәрбие үрдісінде кеңінен пайдалану болып табылады [1]. 
Ақпараттық  қоғамның  даму  кезеңінде  оқу  мәдениеттілігі  ұғымы  «ақпараттық 
мәдениет» ұғымына дейін кеңейіп, онда оқу мәдениеттілігі негізге алынады. Ғылыми 
еңбектерде:  «Ақпараттық  мәдениет  –  білім,  дағдылар  мен  ережелер,  ақпараттық 
қызмет  саласында  жасалған  және  ақпарат  пайдаланушыға  ақпарат  әлемін  еркін 
меңгеріп,  өзіне  қажетті  деректерді  (құжаттарды)  тұрған  жеріне  қарамай  тауып, 
пайдалануға мүкіндік беретін жалпы мәдениеттің бір бөлігі», - делінген [2, 311 б.]. 
Оқу  құралдарының  авторлары  (Т.А.  Кудрина,  Н.Б.  Зиновьев,  В.Минкина) 
ақпараттық  мәдениеттілікті  адамның  білімінің,  құндылықтарының,  сенімінің,  іс-
әрекетін анықтайтын бағытының, жалпы қызметінің жиынтығы ретінде қарастырады. 
Адамның  ақпараттық  мәдениеттілігін  қалыптастыруда  оның  күнделікті  тұрмыстық 
жағдайда  бұқаралық  коммуникациялардан,  өздігінен  білім  алуда,  отбасында, 
жұмыста  оқу  барысында  алған  білімі  арқылы  жүзеге  асырады.   Оқу  мәдениеттілігі 
мен  ақпараттық  мәдениет  проблемаларын  алғашқы  болып  кітапханашылар 
көтергенін  айта  кеткен  жөн.  Ең  бірінші  ғылыми  негізде  оқырман  мен  кітапты 
зерттеуге  қатысты  сұрақтарға  Н.А.  Рубакин  көңіл  аударды.  Ал  «ақпараттық 
мәдениет»  ұғымы  қолданылған  алғашқы  еңбектерге  К.М.  Войхановскаяның,                  
Б.А. Смирнованың, Э.Л. Шапироның мақалаларын негізге алуға болады. Ақпараттық 
мәдениет  және оқу мәдениеттілігінің әдістемелік мәселелерін зерттеуге үлес қосқан 
ғалымдар  –  М.Г.  Вохрышева,  Н.Г.  Гендина,  Н.Е.  Добрынина,  Ю.П.  Маркова,                  
М.Д.  Смородинскаяларды  және  т.б.  жатқызуға  болады.  Ақпарат  және  оқу 
мәселелерімен  айналысатын  мамандар  ақпарат  және  оқу  мәдениеттілігі  деңгейінің 
құрамына  әр  бір  адам  қабілетті  болуға  тиіс  қызметтер  жиынтығынан  тұрады  деп 
есептейді.  
Сондықтан,  Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінде:  «Оқу  мәдениеттілігі  –  бұл 
оқырманның  шығармаларды  толыққанды  таңдауына,  қабылдауына  және  ұғынуына 
мүмкіндік  беретін  білім,  шеберлік  және  дағдылар»,  -  деп  анықтама  берілген                          
[3, 316 б.]. 
Оларды  білікті  оқырман  болғысы  келетін  әр  бір  адам  меңгеруі  қажет. 
Тұлғаның  ақпараттық  мәдениет  құрылымында  когнитивті,  аксиологиялық, 
технологиялық элементтер ерекшеленеді.    
Аталған  элементтерді  ескере  отырып,  оқу  мәдениеттілігі  мен  ақпараттық 
мәдениеттің арақатынасы ортақ және ерекше екеніне көз жеткізуге болады. Тұлғаның 
ақпараттық  мәдениеті  мен  оқу  мәдениеттілігін  қалыптастыру  бүгінгі  күнде 
кітапханалар  мен  білім  беру  мекемелерінің  тәжірибелік  ісінде  ең  маңыздыларының 
бірін  құрайды.  Кітапхананың  алдында  тағы  да  өз  оқырмандарына  кітаппен, 
ақпаратпен  жұмыс  жасауға  көмектесу,  оқу  мәдениеттілігіне  тәрбиелеу  міндеті  тұр. 
Кітапханада өзінің күнделікті жұмысында оқырмандармен жұмыс жасаудың әр түрлі 
әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып оқу мәдениеттілігін, өсіп келе жатқан жас буынды 
ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеудің маңызы зор болып табылады. 
Бүгінгі  педагогикалық  еңбектерде  ақпараттылық  сауаттылық  термині 
қолданыста  бар.  Яғни:  «Ақпараттық  сауаттылық   –  коммуникациялық  технология 
электрондық  есептеуіш  техникасымен  жұмыс  істеуге,  оқу  барысында  компьютерді 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
57 
пайдалануға,  модельдеуге,  электрондық  оқулықтарды,  интерактивті  құралдарды 
қолдануға,  интернетте  жұмыс  істеуге,  компьютерлік  оқыту  бағдарламаларына 
негізделеді», - делінген [4, 248 б.].  
Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын 
пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Ақпараттық-коммуникациялық 
технологияның  келешек  ұрпақтың  жан-жақты  білім  алуына,  іскер  әрі  талантты, 
шығармашылығы  мол,  еркін  дамуына  жол  ашатын  педагогикалық,  психологиялық 
жағдай жасау үшін де маңызы зор болып табылады. 
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті 
күшейте  түсуде.  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  қабілетті 
елу  елдің  қатарына  кіру  стратегиясы  атты  жолдауында:  «Білім  беру  реформасы  – 
Қазақстанның  бәсекеге  нақтылы  қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін 
аса маңызды құралдарының бірі», - деп атап көрсетті [5].  
Біздің  пікірімізше,  ХХІ  ғасыр  –  бұл  ақпараттық  қоғам  дәуірі,  технологиялық 
мәдениет 
дәуірі, 
айналадағы 
дүниеге, 
адамның 
денсаулығына, 
кәсіби 
мәдениеттілігіне  мұқият  қарайтын  дәуір. Білім  беру  үрдісін  ақпараттандыру  –  жаңа 
ақпараттық  технологияларды  пайдалану  арқылы  дамыта  оқыту,  дара  тұлғаны 
бағыттап  оқыту  мақсаттарын  жүзеге  асыра  отырып,  оқу-  тәрбие  үрдісінің  барлық 
деңгейлерінің  тиімділігі  мен  сапасын  жоғарлатуды  көздейді. Біріккен  Ұлттар 
Ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан 
Республикасы  да  ғылыми-техникалық  прогрестің  негізгі  белгісі  –  қоғамды 
ақпараттандыру  болатын  жаңа  кезеңіне  енді.  Заманымызға  сай  қазіргі  қоғамды 
ақпараттандыруда 
педагогтардың 
біліктілігін 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. 
Солардың  бірі  білім  беруді  ақпараттандыру  барысында  дидактикалық  және 
оқыту  құралы  болып  компьютер  саналады.  Сондықтан  кез  келген  білім  беру 
саласында  мультимедиялық  электронды  оқыту  құралдары  барлық  пәндерді  оқытуға 
пайдаланады.  Бұл  бағытта  ақпараттық  технологияны  оқыту  үрдісіне  екпінді  түрде 
енгізу  бағытында  және  қолданылатын  жаңа  құралдардың  бірі  –  бағдарламалық-
техникалық кешен болып саналатын «белсенді экран» болып табылады. Ақпараттық 
қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-
құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен 
оны  іске  асыру  құралы  ретінде  пайдалану  дағдыларын  қалыптастырып,  ақпараттық 
қоғамға  бейімдеу.  Олай  болса,  ақпараттық  бірліктердің  білімге  айналуы  әлемнің 
жүйелік-ақпараттық  бейнесін  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттері  мен 
құндылық  бағдарларын  дамыту  арқылы  қалыптастыруды  көздейтін,  адамның 
дүниетанымының 
құрамдас 
бөлігі 
болып 
табылатын 
интеллектуалды 
дамуды қалыптастырудың бір жолы. Ақпараттық бірлікті қалыптастыру:  
-
 
мектептің материалдық-техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының 
мақсаты мен міндеттеріне;  
-
 
оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне; 
-
 
оқушылардың  жас  ерекшеліктері  мен  меңгеру  қабілеттеріне,  педагог 
мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу-
тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді. 
Қазіргі  уақытта  жаратылыстану-ғылыми  білім  беруде  сабақ  барысында 
интерактивті  құралдарды  қолдануда.  Интерактивті  құралдардың  көмегімен 
мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. 
Білім  берудегі  интерактивті  технология  –  мұндағы  интерактивті  сөзі  –  inter 
(бірлесу),  act  (әрекет  жасау)  ұғымын  білдіреді,  сабақ  барысында  оқушының  топпен 
жұмыс  жасауға  қатыспауы  мүмкін  емес,  бірін-бір  толықтыратын,  сабақ  барысында 
барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
58 
Біз өз зерттеуімізде  ақпараттық технологияны мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 
пайдаланудағы  олардың  ақпараттық  сауаттылық  бойынша  қалыптастырылатын 
түйінді құзіреттіліктерді былайша тұжырымдадық: 

 
ақпараттық қоғамда ақпараттың алатын  орнын біліп, онымен сауатты жұмыс 
істей білу;      

 
күнделікті  қоршаған  ортадағы  түрлі  проблемаларды  қазіргі  ақпараттық     
технология құралдарының көмегімен шеше білу;  

 
меңгерілген  білім  және  ақпарат  негізінде  жаңа  анық,  нақты  білімдер  мен 
түсініктер құрастыра алу;  

 
өз  пікірімен,  көзқарасымен  айналасындағылармен  бөлісу    және  өз    ақпарат 
көзін жасақтай білу;  

 
ақпаратпен 
жұмыс 
істеуде 
қазіргі 
ақпараттық 
технологиялардың 
мүмкіндіктерін тиімді қолдана біліп, шығармашылық жұмысқа ұштастыра білу.    
Осы  аталған  түйінді  компетенциялар  негізінде  пәндік  құзіреттіліктерді  келесі 
мазмұнда анықталды:   

 
ақпарат  көзі  бола  алатын  деректерді  анықтай  білу  және  оны  іздеу 
стратегиясы мен оны қабылдай алу білігі;  

 
қандай ақпарат қажет екенін және оны қайдан іздеу керектігін түсіну;   

 
алынған 
ақпаратты 
салыстыру, 
сұрыптау, 
талдай 
алу, 
ақпарат 
қорытындыларын тіркеуде түрлі кесте, сызба т.б. қолдана білу;  

 
ақпаратты  берілген  проблеманы  шешуге  қатысты  шындыққа  сәйкестігі, 
дәлдігі, жеткіліктігі жағынан бағалай білу; 

 
қосымша  ақпарат  қажеттігін  сезіне  білу  және  мүмкін  жағдайда  оны  алдын-
ала білу; 

 
шешім  қабылдауда  ақпаратты  іздеу,  қабылдау  және  бағалау  үрдістерінің 
қорытындыларын қолдана алу; 

 
қазіргі  ақпараттық  технологияларды  қолдана  білу  және  соның  негізінде 
объектілер мен үрдістердің жаңа ақпараттық моделдерін құрастыра білу;  

 
әр түрлі салада өзіндік іс-әрекет үшін қажетті болып табылатын өзіндік мәнді 
ақпараттар негізінде жеке білім банкін жасақтай алу; 

 
ақпаратпен  жұмыс  барысында  қазіргі  ақпараттық  технологиялардың  
мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жеке, топпен жұмыс істей алу. 
Бұл жүйе негізінде   ақпараттық технологияны мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 
пайдаланудың  тұжырымдамаға  сәйкес  қалыптастырылатын  өзін-өзі  жүзеге  асыру, 
ақпараттық, коммуникациялық құзіреттіліктері топталды. 
Біздің  пікірімізше,  біліми  салалар  бойынша  қарапайым  сауаттылықтың 
функционалдық  сауаттылыққа,  яғни  құзіреттілікке  және  құзіреттіліктердің  өмірлік 
дағдыларға  ауысуында  ерекше  тиімді  де  бүгінгі  күн  талабына  жауап  бере  алатын 
құрал  –  ақпараттық  технологиялар  болып  табылады.  Қазіргі  ақпараттық 
технологиялардың  орасан  зор  мүмкіндіктерімен,  соның  ішінде  әсіресе,  ақпаратпен 
жұмыс  істеу  мәдениетіне  негізі  болып  табылатын  ақпараттық  сауаттылықты 
қалыптастырудағы ерекше мүмкіндігімен түсіндіре аламыз. 
Педагогика  ғылымында  «құзіреттілік»  терминін  көптеген  зерттеушілер  оның 
психологиялық-педагогикалық  терминология  саласында  жеткілікті  дәрежеде  нақты 
ұстанымы болмағандықтан, өз деңгейінде қабылдамауда. Әрине, бұл сынның өзіндік 
шындыққа сәйкес  келетін жақтарын жоққа шығара алмаймыз. Алайда бұл ұғыммен 
бүгінгі күні білім жүйесіндегі оң өзгерістер, әсіресе нәтижеге бағдарланған оқытуды 
ұйымдастыру  мәселелері  байланысты  болғандықтан,  оның  оқытудың  әрбір 
сатысында  оқытылатын  әрбір  біліми  салалары  бойынша  түйінді,  пәндік 
компетенцияларды  анықтау, соның ішінде, бастауыш мектеп сатысына қатысты бұл 
өте  көкейкесті,  кезек  күттірмейтін  мәселе  екені  сөзсіз.  Енді  біз  «Ақпараттық-
коммуникациялық  құзырлық  дегеніміз  не?»  деген  сауалға  жан-жақты  тоқталайық. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
59 
«Құзырлылық»  ұғымы  латын  тілінен  аударғанда  «соmpetio»  –  «жасай  алу»  деген 
мағынаны білдіреді.  
Педагогика 
ғылымы 
бойынша 
қазақша 
және 
орысша 
түсіндірме 
терминологиялық  сөздігінде  мынадай  анықтама  берілген:  «Құзырлылық  –  бұл 
күнделікті  өмірдің  нақты  жағдайларында  пайда  болатын  проблемалар  мен 
міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін қабілеттілік» [6, 149 б.].  
Профессор  Г.Вайнер  құзырлылықты  адамның  белгілі  бір  әрекеттер  аймағына 
сәйкес  бағыттылығы  ретінде  қарастырады.  Ал  белгілі  ғалым  М.М.  Чошанов 
құзырлылықты  білім,  білік,  дағдының  өзара  байланысы  деп  қарап,  оның 
төмендегідей  формуласын  ұсынады:  білімді  қолданудың  жылдамдығы  +  әдістердің 
оралымдылығы + ойлаудың сынаулығы. Аталған анықтамадан кейін біз «Ақпараттық 
құзырлылық»  ұғымына  тоқталайық.    Педагогикалық  түсіндірме  сөздігінде: 
«Ақпараттық  құзырлылық  –  бұл  оқу,  тұрмыс  және  кәсіби  бағыттағы  міндеттерді 
шешуде  ақпараттық-коммуникациялық  технологияның  мүмкіндіктерін  жан-жақты 
қолдану қабілеті», - деп сипаттама берілген [7, 151 б.]. 
Ғылыми-анықтамалық  әдебиеттерде  «ақпараттық  құзырлылық»,  «компьютерлік 
құзырлық»  терминдері  жиі  кездеседі.  Ақпараттық-коммуникациялық  технологияның 
жеделдетіп  дамуына  байланысты  «ақпараттық-коммуникациялық  құзырлылық»  деген 
терминді қолдану тиімді. Ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық – бұл адамдардың 
кез  келген  проблемалар  мен  міндеттерді  компьютермен,  ақпараттық  құрылғылармен 
және телекоммуникациямен шешу қабілеті.  
Бүгінгі  таңда  «сауаттылық»  халықаралық  деңгейде    жаңа  тұрғыда    «өмірлік 
дағдылар» ұғымымен байланыстырылып, ол адамның бүкіл өмір бойында қоғамның 
әрбір мүшесі үшін өмір сүру және бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етудің құралы 
есебінде қарастырылуда. Ал өмірлік дағдыларды тар мағынада түсіну «құзіреттілік» 
ұғымына сәйкес келеді, құзіреттілік оқушының жеке біліми салалар бойынша пәндік 
білім,  білік  және    дағыларды  кіріктіре  білу  қабілеті  болып  табылып,  ол 
функционалдық сауаттылықтың мазмұнды негізі болып есептеледі.  
Бүгінгі  таңда  жеке  тұлғаның  бойында  ақпараттық  сауаттылықты 
қалыптастыру қажеттігін және оның   мақсатқа сәйкестілігін келесі себептермен 
түсіндіре аламыз:  
1.  Бүгінгі  іргелі  жаңалықтар  мен  ақпараттық  технологияға  толы  ақпараттық 
қоғамда  маңызды  әлеуметтік  мақсат  –  бұл  жаңа  ойлау  стилін  қалыптастыру  болып 
отыр.  Интеллектінің  аса  үдетпелі  дамуы  бастауыш  мектеп  жасында  жүзеге  асады 
және зейін ерікті болып, ойлаудың көрнекі-бейнеліліктен сөздік-логикалыққа ауысуы 
жүреді,  қабылдау  талдамалы,  дифференциалды  сипатқа  ие  болады.  Соған  сәйкес 
бастауыш  сынып  оқушылары  жоғары  сынып  оқушыларына  қарағанда  қазіргі 
ақпараттық технологияларды тез және жеңіл меңгереді, өйткені олардың ойлауының 
стереотипі қалыптаспаған.  
2.  Оқушыны    қазіргі  оқу  ақпаратының  қуатты  ағымында  бағдарлауға  үйрету, 
оның негізгісін айыра білу, ақпараттың бағыттылығын түсіну, қайта өңдеу, олардың 
заңдылықтарын таба білу және қазіргі ақпараттық технологиялардың көмегімен кез-
келген  практикалық  іс-әрекетте,  түрлі  жағдаятта  сауатты  қолдана  білу  талабы 
жылдан-жылға күшеюде.  
3.  Бүгінгі  күні  бала  компьютермен  мектепке  дейін-ақ    танысады,  яғни  оқу 
дағдысын  меңгермей  тұрып-ақ  ол  компьютерден  ақпарат  алады.  Сол  себепті  де 
бастауыш  мектепке  келген  бала  компьютермен  жұмыс  нәтижесінде  өзіне  пайдалы 
нәрсе ала білуі өте маңызды. Соның ішінде керектісін алып, керек емесін алып тастай 
білу дағдысына ие болуы аса қажет.  
4. Білім беруді жаңарту құралы есебінде компьютердің ролі ұдайы өсуде, ал ол 
өз кезегінде оқушыларды оның сауатты қолданушысы болуға мәжбүр етіп отыр.  
Бүгінгі  таңдағы  «сауаттылық»  ұғымын  қарапайымнан  күрделіге  қарай  даму 
кезеңдеріне  сәйкесті  берген  ұстанымына  сүйене  отырып  және  ақпараттық 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
60 
технологияны  мектептің  оқу-тәрбие  үрдісінде  пайдаланудағы  сауаттылық  кезеңдері 
бойынша,  біз  келесі  сызбаны  ала  аламыз:  компьютерлік  сауаттылық  → 
ақпараттылық сауаттылық → ақпараттық  мәдениет.       
Ақпараттық  мәдениет  біздің  зерттеуіміз  оқушылардың  жалпы  мәдениетін 
құраушы  болып  табылады.  Соған орай,    ақпараттық  мәдениет  ұғымы мәдениеттану 
тұрғысынан  қарастырылады.  Мәдениеттану  тұрғысынан  қарастыру  ақпараттық 
мәдениетті  жеке  тұлғалық  жаңалық  ашу,  өзінде  мәдениет  әлемін  жасақтау,  мәдени 
диалог  идеяларын  дамыту  үрдісі  ретінде  түсіндіруге  мүмкіндік  береді  және  бұнда 
негізге  салынған  мағынаның  жеке,  өзіндік  өзектенуі  жүреді.  Сондықтан  да  біз 
«ақпараттық  мәдениет»  ұғымын  адамның  жалпы  мәдениетінің  бір  элементі, 
ақпараттық  ресурстарды  тұтынумен  және  жасақтаумен  байланысты  білім,  білік, 
дағды,  құндылықтар  нормасы  жиынтығы  және  ақпараттық  іс-әрекетті  қазіргі 
ақпараттық  технологиялардың  көмегімен  репродуктивті  деңгейден  шығармашылық 
деңгейге дейін орындай білу қабілетімен байланыстырамыз. 
Біздің  пікірімізше,    «Ақпараттық  сауаттылық»  ұғымын      біз  ақпараттық 
мәдениетке  негіз  болатын  құрамдас  бөлшегі  бола  отырып,  ол  қазіргі  ақпараттық 
технологиялардың орасан зор мүмкіндіктері  мен түрлі салада  қолдану аясын білуге 
қатысты  білімдерін  қамтумен  қатар,  ақпаратпен  сауатты  жұмыс  істеуге 
(компьютердің  көмегімен  ақпаратты  жасақтау,  жинау,  сақтау,  өңдеу,  тарату)  және 
практикада  алуан  түрлі  оқу  тапсырмаларын  орындауға,    оқу-танымдық  іс-әрекеттің  
өз  бетіндік  түріне    негізделе  отырып,  өзін-өзі  жүзеге  асыруға  қажетті  біліктер 
жиынтығы   деп  анықтадық. 
Қазiргi  кезеңде  бiлiм  берудегi  оқушылардың  ақпараттық  сауаттылығы  мен 
құзіреттілігі ерекше роль атқарады. Оның дәлелі оқушылар жекелеген пәндерді терең 
білгірі болу емес,  тарихи танымдық, психологиялық-педагогикалық, технологиялық 
тұрғыдан  сауатты  және  ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  жан-жақты 
меңгерген  ақпараттық  сауаттылығы,  ақпараттық  мәдениеті  мен  ақпараттық 
құзыреттілігі  қалыптасқан  болуын  талап  етілуде.  Құзырлылық  оқушының  алған 
білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір тәжірибелік және 
теориялық  мәселелерді  шешу  үшін  қолдана  алу  қабілеттілігін  сипаттайды.  Бұл  ең 
әуелі,  мектепте  оқу  үрдісі  кезінде  қалыптасады.  Яғни оқытудағы  құзырлылық  тәсіл 
нәтижесі  болып  білім  сапасының  көрсеткіші  бағаланады.  Демек,  ақпараттық 
технологияның  қарқындап  дамуы  кез  –  келген  жеке  тұлғаның  әлемдік  ақпараттық 
кеңістікке енуіне мүмкіндік береді. 
 
 
 
Мектеп 
оқушыларының 
ақпараттық 
сауаттылығы мен құзіреттілігі деңгейлерi
 
 
 
 
 
 
Пәндiк 
 
Бейiмделген 
 
 
 
 
Аналитикалық бақылау 
 
Ынталық/психологиялық 
 
 
 
 
Ұйымдастырушылық 
 
Жобалық 
 
 
 
 
Коммуникативтiк 
 
Ғылыми-iзденiстiк 
 
Ақпараттық  қоғам  жағдайында  оқушылардың  ақпараттық-коммуникациялық 
құзырлылығын қалыптастыру көрсеткіштері төмендегідей:  
-  білім  беру  жүйесінің    әлемдік  ақпараттық  кеңістікке  саналы  түрде  енуін 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
61 
қамтамасыз ету;  
-  ақпараттардың  шексіз  көлемі  мен  осы  ақпараттарды  аналитикалық  түрде 
өңдеуді қамтамасыз етуге даярлау; 
-  ақпараттық  ортада  жеке  тұлғаның  шығармашылық  сапасын  дамыту  мен 
қалыптастыру және өзіндік ақпараттық ортаны құру дағдыларын қалыптастыру;  
- ақпараттық ортада коммуникативтік мәдениетті қалыптастыру; 
- ақпараттық ортада өзара байланыс қызметтерін қалыптастыру; 
-  ақпараттық  ортада  ақпаратты  алу,  таңдау,  сақтау,  қабылдау,  түрлендіру, 
жіберу және бір-бірімен сабақтастыру мәдениеттерін қалыптастыру;  

интерактивтік 
телекоммуникациялық 
технологияларды 
(Интернет, 
қашықтықтан оқыту және т.б.) қолдануға даярлау; 
- ақпараттық-білімдік ортаны модельдеу мен жобалау қабілетін қалыптастыру.   
Мектеп оқушыларының ақпараттық сауаттылығы мен құзіреттілігі деңгейлерi: 
1.
 
Пәндiк – әрбір пәнді оқытудағы интегртивтік байланысты жетілдіру. 
2.
 
Аналитикалық  бақылау  –  пәндiк  iс-әрекеттерiн  талдау  мен  бақылау 
проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi. 
3.
 
Ұйымдастырушылық – оқушылардың өзiндiк  iс-әрекеттерiн ұйымдастыруға 
бағытталған проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi. 
4.
 
Коммуникативтiк  –  «Мұғалiм-Оқушы»,  «Оқушы-Оқушы»,  «Мұғалiм  –  Ата-
ана» және т.б. жүйелердегi қарым-қатынасты проблемаларды шешу қабiлетi.  
5.
 
Бейiмделген  –  қазiргi  жағдайдың  өзгерiстерi  мен  талаптарына  сәйкес 
проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi. 
6.
 
Ынталы  психологиялық-психологиялық,  жеке  тұлғалық,  жеке  тұлғалар 
арасындағы өзара қарама-қайшылықты шешу проблемаларының қабiлеттiлiгi. 
7.
 
Жобалық – жеке тұлғаның ғылыми жобаларға қатысуы.  
8.
 
Ғылыми-iзденiстiк  –  мұғалiмнiң  ұйымдастырумен  оқушыларды  ғылыми-
зерттеу жұмыстарына тарту.  
           Осыған сәйкес, ақпараттық технологиялар білім беру жүйесіне шынайы 
перспективаларын ашады, нақтылы негізде:  

 
ақпараттық  технология  құралдарын  кеңінен  енгізу  оқу  ақпараттарын  
көрнекті,  динамикалық  ұсыну  бейнесуреттерді,  дыбыс  пен  ақпараттық  ресурстарға 
қол жеткізуге; 

 
білім  берудің  барлық  деңгейлерінде  –  мектепке  дейінгі  деңгейден  жоғары 
оқудан кейінгі деңгейлерде компютерлік оқудың үздіксіздігі мен сабақтастығы – оқу 
үдерісіндегі барлық пәндерді компьютерлік қолдау;   

 
оқушылардың шығармашылық жеке дара қабілеттіліктерін ашу мен дамыту 
үшін оқыту әдістемесін, стилі мен құралдарын таңдау еркіндігін қамтамасыз ету;  
        Біз, 
ақпараттық 
технологияны 
мектептің 
оқу-тәрбие 
үрдісінде 
пайдалануды  мәселесіне  қатысты  ғылыми-зерттеулерді    талдай  келе,  бүгінгі  білім 
мазмұнының  жаңару,  соған  сәйкесті  ақпараттандырылу  жағдайында  оқушылардың 
ақпараттық  сауаттылықтарын  сапалы  деңгейде  қалыптастыру  қажетті  ақпараттық 
құзіреттілікті  қалыптастырудың    мақсатқа  сәйкестігі  оны  екі  аспектіде  қарастыруға 
мүмкіндік береді: 

 
техникалық  тұрғыдан  (АТ  түрлері,  олардың  құрылымы  және  әрекет  ету 
ұстанымы,  олармен  негізгі  жұмыс  істеу  тәсілдері,  техникалық  қызмет  көрсету 
ережелері және т.б.); 

 
дидактикалық тұрғыдан (олардың оқыту негізі мен әдістемелік қызметтері, 
құрылу қағидалары, АТ қолдану арқылы оқу үрдісін ұйымдастыру ерекшелігі т.б.). 
Қорыта айтқанда,  «Ақпараттық мәдениет  – жеке тұлғаның қазіргі ақпараттық 
технологиялардың  орасан  зор  мүмкіндіктерін  қолдана  отырып,      оқу,  тұрмыстық, 
кәсіби  міндеттерді  сауатты  деңгейде    шешуге    қабілетілігі  мен    дайындығы»,  -  деп 
анықтама беруге болады. 
жүктеу 5.14 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет