Республики казахстан



жүктеу 5.14 Kb.

бет5/44
Дата09.01.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

 
 
 
1сурет. Жаңа формациядағы педагогтың жеке тұлғалық үлгісі 
 
Берілген  үлгінің  әрқайсына  жекелей  тоқталсақ,  жаңа  формациядағы 
педагогтың жеке тұлғалық үлгісі: 
1.
 
 Педагогикалық  феномен:  педагогикалық  бағыт,  кәсіби  маңызды  жеке 
тұлға қасиеттерінің жиынтығы, кең ақыл-ой, педагогикалық білгірлік. 
2.
 
 Педагогикалық  такт  феномені:  ізгілік,  білім  алушыға  сыйластық, 
әділеттілік, өзін-өзі ұстай білуі. 
3.
 
 Зияткерлік  феномен:  жалпы  оқу  қабілеттері  (оқу,  санау,  жазу,  баяндау); 
арнайы қабілеттер (картаны, сызбаларды оқу, өлшеу аспаптарын қолдану). 
4.
 
 Адамгершілік  феномені:  жеке  тұлғаның  өзіне  сыйластығы  –  бұл 
адамгершіліктің бастауы, өзгелерді бағалай білу. 
5.
 
 Эстетикалық  феномен:  әлемдік  мәдениет  байлығына  жақындау,  әр 
елдердің адамдарымен кең байланыс. 
6.
 
 Дене  тәрбиесі  феномені:  еңбекке  қабілеттілікті  арттыру,  салауатты  өмір 
салтына қажеттілікті қалыптастыру, үнемі өзін-өзі жетілдіруге тәрбиелеу. 
7.
 
 Азаматтық  феномен:  азаматтылық,  азаматтық  тәрбие,  саяси  тәрбие, 
құқықтық тәрбие. 
8.
 
 Еңбек  және  экономикалық  феномен:  еңбектік  тәрбие,  экономикалық 
тәрбие, еңбек тиімділігінің педагогикалық шарттары, кәсіби бағдар. 
9.
 
 Экологиялық феномен: экологиялық тәрбие. 
10.
 
Бақылау 
феномені: 
кәсіби-педагогикалық 
ойлаудың 
дамуы, 
эмоционалдық тұрақтылық, рефлексияға қабілеттілік. 
Педагогикалық  
феномен 
Іскерлік  
феномені 
Зияткерлік  
феномені 
Адамгершілік  
феномені 
Эстетикалық 
феномен 
Дене тәрбиесі  
феномені 
Азаматтық 
феномен 
Еңбек және экономикалық 
феномен 
Экологиялық  
феномен 
Бақылау 
феномені 
Жаңа формациядағы педагог 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
33 
Жоғарыдағы біз қарастырған мәселелерге сүйене отырып, жаңа формациядағы 
педагогтың  жеке  тұлғалық  үлгісі  педагог  тұлғасын  өмірлік  өз-өзін  анықтау 
сапасының мазмұнды элементі болатындығын айтуға болады. 
Тәуелсіз  ел  тірегі  –  білімді  ұрпақ  десек,  жаңа  дәуірдің  күн  тәртібінде  тұрған 
мәселе  –  білім  беру,  ғылымды  дамыту.  Өркениет  біткеннің  өзегі,сғылым,  тәрбие 
екендігіне  ешкімнің  таласы  жоқ.  Осы  орайда  білім  ордасы  –  мектеп,  ал  мектептің 
жаны  –  мұғалімдердің  басты  міндеті  –  өз  ұлтының  тарихын,  мәдениетін,  тілін 
қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра 
білетін тұлға тәрбиелеу. 
Қорыта айтқанда, жаңа формациядағы педагогтарды қалыптастыру әлеуметтік 
проблема.  Мемлекетіміздің  іргесі  берік,  оның  болашағына  жауапты  жас  ұрпаққа 
саналы білім мен сапалы тәрбие беру үшін жаңа формациядағы педагогтардың алар 
орны зор.  
Әр  ұстаз  –  ХХІ  ғасыр  мұғаліміне  сай  болу  үшін  –  ізденімпаз  ғалым,  нәзік 
психолог,  жан-жақты  шебер,  тынымсыз  еңбекқор,  терең  қазыналы  білімпаз,  кез-
келген ортаның ұйытқысы болу керек. 
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан 
халқына Жолдауы.  – Астана: Акорда, 2011жылғы 28 қаңтар.  
2.
 
Қазақстан  Республикасы  жаңа  формациядағы  педагогтарының  үздіксіз 
педагогикалық білім беру концепциясы. – Астана, 2005. – 207 б. 
3.
 
Құдайбергенева    К.С.  Құзырлылық  амалының  негізгі  ұғымдары.  – 
Алматы, 2007. – 149 б. 
4.
 
Тұрғынбаева  Б.А.  Мұғалімнің  шығармашылық  әлеуметін  біліктілікті 
арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе. – Алматы, 2005. – 111 б. 
5.
 
Түсіпова  К.    Мұғалімнің  әлеуметтік  мәртебесі  мен  кәсіби  біліктілігі  // 
Мектеп директоры. – 2005. – № 3 (53). – Б. 22-23. 
6.
 
Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз.  Қазақстан  Республикасының 
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы, Астана: Акорда, 2011 жылғы 28 
қаңтар.  
7.
 
Атенова М. З. Мектеп-білім тірегі, Ұстаз - оның жүрегі: Ұстаз ұлағаты 
// Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2006. – № 9 (35). – Б.12-13. 
8.
 
Мудрик  А.  В.  Учитель:  мастерство  и  вдохновение:  Книга  для 
старшеклассников. – Москва, 1986. – 189 с. 
9.
 
Қараев  Ж.,  Жадрина  М.  Теоретические  основы  развития  школьного 
образования в Казахстане. – Алматы, 1999. – 207 с. 
 
Айтжанова Р.М. 
Формирование учителя новой формации в системе современного 
образования 
  В  данной  статье  рассматривается  учитель  новой  формации  как 
всесторонне развитая личность,  работающая в современной системе образования, 
обладающая  высшим  образованием,  владеющая  всем  арсеналом  педагогических 
средств, реализующая свой творческий потенциал и коммуникативные способности 
в работе. 
Ключевые  слова:  Учитель,  образование,  информация,  технология,  учитель 
новой 
формации, 
компетентность, 
профессиональная 
компетентность, 
педагогическое мастерство, креативность, творческая деятельность. 
  
 
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
34 
Aitzhanova R.M. 
Formation of the teacher of new formation in the system of modern education 
This  article  discusses  the  teacher  of  new  formation  as  the  full  development  of 
personality,  working  in  the  modern  education  system,  who  has  a  higher  education,  who 
owns  the  entire  arsenal  of  educational  tools,  realize  their  creativity  and  communication 
skills to work. 
Keywords:  Keywords:  teacher,  education,  technology,  teacher  of  new  formation, 
competence, professional competence, pedagogical skills, creativity, creative activities. 
 
*** 
 
ӘОЖ 37. 01: 78 
 
Молдағалиев Б.А. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,  
М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
Ибрашева М.Б. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты 
E-mail: Aslan_Moli@mail.ru 
 
УНИВЕРСИТЕТТЕ КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ ЖАҒДАЙЫНДА 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
Аннотация.  Мақалада  кредиттік  оқыту  жүйесі  бойынша    оқытушының 
жетекшілігімен  және  студенттердің  өздерінің  өзіндік  жұмысын  ұйымдастыру 
мәселелері қарастырылған. 
Тірек  сөздер:  жоғары  оқу  орны,  кредиттік  оқыту  жүйесі,  силлабус,  өзіндік 
жұмыс, оқытушының жетекшілігімен студенттің  өзіндік жұмысы.      
 
Қазақстан  Республикасының  экономикалық және  әлеуметтік  саласымен  қатар 
білім  беруді  дамыту  басты  проблемаға  айналуда.  Мұның  дәлелі  -  Елбасымыз  Н.Ә. 
Назарбаевтың  әр  жыл  сайын  халыққа  Жолдаулары,  жаңа  білім  заңдарының 
қабылдануы,  соған  сәйкес  білім  саласының  жүйелі  түрде  реформалануы 
университтерді кредиттік оқыту жүйесіне кѳшірудің жоспарлы түрде іске асырылуы 
[1; 2]. 
Еліміздің  білім  беру  саласының  білікті  мамандары,  жетекшілері  алдыңғы 
қатарлы  дамыған  мемлекеттердегі  мамандар  даярлайтын  жоғары оқу  орындарының 
оқыту  жүйесін  салыстырып зерттей  келе  АҚШ,  Еуропа,  Азияда  кеңінен  меңгеріліп, 
жақсы  нәтиже  беріп,  кең  қолданыс  тапқан  кредиттік  оқыту  жүйесін  еліміздің 
бірқатар  жоғары  оқу  орындарына  ендіруді  көптеген  қазақстандықтардың 
еңбектерінде ұсынылды [3, 12 б.]. Кредиттік оқыту жұйесі: АҚШ, Испания, Швеция, 
Бельгия, Голландия, Ұлыбритания, Жапония, Қытай т.б. мемлекеттерінің ішкі өзіндік 
ерекшеліктеріне  икемделе  отырып,  білім  беру  жүйесіне  ендірілді.  Бұл  жүйенің 
біртұтастылығымен  бірге,  оқыту  бағдарламасының  басым  бөлігін  студенттердің  өз 
бетімен  игеруге  бағытталуы,  осы  елдердегі  білім  сапасының  нәтижелі  болуының 
дәлелі.    Жаңаша  оқыту  жүйесіне  кѳшу  білім  беру  мен  кәсіби  білікті  мамандар 
даярлаудың сапасын жоғарылататынына сүйенді. 
Жоғары  оқу  орындарында  кѳп  жылдан  бері  қолданып  келген  дәстүрлі  оқыту 
жүйесі  ѳз  нәтижесін  беріп  келді  десек  те,  қазіргі  қарыштаған  прогресс  ғасырында 
ғылым мен білім тез дамып жаңалықтар мен ақпараттар легі толастамай тұрған кезде, 
ѳзіне қажетті ақпаратты тез арада игеру арқылы білім алуға келгенде бұрынғы жүйе 
әлсіздік танытуда. Сондықтан Болон декларациясын қолдаған мемлекетіміз, әлемнің 
дамыған  елдеріндегі  кредиттік  оқыту  жүйесін  Республикамыздың  ЖОО  -  ына 
ендірді. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
35 
Студенттің  оқуға  қызығушылығы  мен  қажеттілігі  ѳзіндік  әрекеті  түріндегі 
оқуға  ауысуы,  оқытушының  функциясының  ѳзгеруі  және  студенттердің  өздік 
жұмыстарының  (СѲЖ)  маңызының  артуы,  ѳзара  белсенді  әдістердің,  дәстүрлі  емес 
әдіс-тәсілдерді  кеңінен  қолданылу  қажеттігі  оқу  үдерісіне  қатысушы  субъектілер 
оқытушы,  мен  студенттің  нақты  әрекеттері  айқын  түрде  сипатталғандықтан  ѳзіндік 
іс-әрекет арқылы студенттің ѳзіндік жұмысы іске асатыны анықталды. 
Педагогика  тарихында  студенттің  ѳзіндік  жұмысты  дамытумен  қатар,  оның 
мәнін  аша  отырып  іске  асыру  кѳптеген  педагог-ғалымдар  зерттеулерінің  ѳзекті 
тақырыбының бірі болып келді.  
Еліміздегі  ѳзіндік  жұмысты  ғылыми  -  теориялық  тұрғыдан  мән  берген 
ғалымдар:  З.С.  Сейтова,  А.А.  Жұбанова,  Ж.Қараев,    Н.Жаманқұлова,  Б.Сыдықова, 
Б.Әбдікәрімұлы, М.Баймырзаев, С.Мирсейтова, Г. А.Бакирова т.б.,  оның ерекшелігін 
әр  сала  бойынша  түсіндіруге  бағыт  алды.  Олар  оқу  үдерісіндегі  ѳзіндік  жұмыстың 
білімді  меңгеруде  студентті  жеке  тұлга  әрі  қалыптастырушы  құралы  ретінде 
маңызының  зор  екенін  кѳрсетеді.  Ѳзіндік  жұмысты  болашақ  маманның  жеке 
шығармашылық  ойлауын,  ғылымға  қызығушылығын  және  арнайы  білім  алуын 
қамтамасыз  ететін  жоғары  оқу  орындарында  қолданылатын  оқыту  әдісі  деп 
түсіндіреді. 
Кѳптеген  педагогикалық  еңбектерді  саралай  отырып  кредиттік  оқыту 
жүйесінде ѳзіндік жұмыс проблемасы ғылыми, әдістемелік, теориялық тұрғыдан әлі 
де зерттеуді, әрі жетілдіруді қажет ететін тың тақырып екеніне кѳзіміз жетті. 
Студенттің  ѳзіндік  жұмысының  кредиттік  оқыту  жүйесінде  орны  ерекше 
болғанымен: 
-     кредиттік оқыту жүйесін қолданатын  университеттерде студенттің ѳзіндік 
жұмысын ұйымдастыру  жолдарына қатысты нақты ғылыми-теориялық, әдістемелік 
негіздердің жеткіліксіздігі; 
-       ѳзіндік  жұмыс  түрлерін  қолдануды  ұйымдастырудың  педагогикалық  және 
әдістемелік мүмкіндіктерінің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі; 
-      университеттерде  студенттің  ѳзіндік  жұмысын    оқыту  үдерісінде  қолдану 
мүмкіндігі  мен  ұйымдастыру  арасында  қарама  -  қайшылықтар  бар  екендігі 
анықталды. 
Кредиттік  оқыту  жүйесіндегі  ѳзіндік  жүмысты  қолдануындағы  қарама  -
қайшылықтың туындауынан ғылыми зерттеудің проблемасы анықталды: 
-     кредиттік оқыту жүйесін қолданатын  университеттерде студенттің ѳзіндік 
жұмысын ѳзіндік іс-әрекет тұрғысынан қарастыра отырып, оны іске асырудың білімі, 
іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру жолдарын іздеу; 
-    ѳзіндік жұмыстың жаңа теориялық негізі мен әдістемелік мазмұнын жүйеге 
келтіре отырып, оқу үдерісінде қолдану арқылы тиімділігін дәлелдеу. 
Бұл  проблеманың  кѳкейкестілігі,  оның  теориялық  және  әдістемелік  тұрғыдан 
жеткілікті  зерттелмеуі  және  университеттердегі  тѳменгі  курс  студенттерінің  ѳзіндік 
жұмыс  жасауға  дайын  еместігі,  оны  іске  асыруда  нақты  сүйенетін  ғылыми-
әдістемелік нұсқаулардың жоқтығына байланысты.  
         Кредиттік  оқу  жүйесінің  2/3  бөлігі  студенттің  өздігінен  жасайтын 
жұмысынан  тұрады,  яғни  білімнің  негізін  студент  өз  бетінше  іздену,  білуге  деген 
қызығушылыққа,  танымдық  белсенділікке  сүйене  отырып  қалыптастырады. 
Педагогикалық әдебиетте студенттің өзіндік жұмысына сипаттамалар берілген. 
В.И.  Загвязинский  оған  мынадай  ғылыми  анықтама  берді:  «студенттің 
ѳзбетінше  жұмысы  -  бұл  студенттің  білім  мен  білікті  меңгерудегі  оқытушының 
бағыттауымен, бірақ оның қатысуынсыз жүретін іс-әрекеті» [4, 26 б.]. Дәстүрлі оқыту 
жүйесінде  бұдан  басқа  да  студенттің  ѳзіндік  жұмысына  арналып  сан  алуан 
анықтамалар  беріліп,  оларды  тиісті  әдістемемен  қамтуға  тырысқанымен,  жеке  әрі 
нақты  тақырыптармен  берілген  тапсырмаларды  орындауға  келгенде  студенттің 
білімі,  іскерлігі  мен  дағдысын  қалыптастыратын  бағыт  пен  бағдар    қажетті  әрі 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
36 
арнайы  әдістер-тәсілдер  ұсынылмағанын  байқау  қиын  емес.  Мұның  ѳзі  студенттің 
ѳзіндік  жұмысының  тиеселі  ғылыми-әдістемелік  мағынасына  ие  болуына  кедергі 
келтіріп отыр. 
Педагогикалық  және  әдістемелік  әдебиеттегі  өзіндік  жұмысты  саралаудың 
нәтижесінде біз мынадай ғылыми-әдістемелік анықтама ұсындық. 
Қазіргі студенттің ѳзіндік жұмысы: 
.  кредиттік    оқыту  жүйесінде  қолданылатын    силлабуста  кѳрсетілген 
жадығаттарды меңгеру  барысындағы оқытушы ұсынған тапсырмаларға  жауап табу 
мақсатында; 
•  алдымен  кіріспе  беретін  оқыту  формалары  дәріс,  семинар,  практикалық 
жұмыстан бағыт-бағдар ала отырып; 
• оқулықпен, жалпы кітаппен, басқа да ақпараттар кѳзімен жұмыс істей білудің 
білімі, іскерлігі мен дағдысына сүйеніп; 
•  оны орындаудың қолайлы әдіс-тәсілдерін таңдап қолданып; 
•  реферат даярлау, конспектілеу, тезис, аннотация т.б. жазу іске асыра отырып; 
•  берілген  тақырыптағы  жадығаттың  мәні  мен  мазмұнын  меңгерудегі  іс  - 
әрекеттері. Бұл кредиттік оқыту жүйесінің мәнінен шығатын  анықтаманың бұрыннан 
берілген    ғылыми  анықтамалардан  айырмашылығы  -  оқыту  үдерісінде  қолданудың 
ыңғайлылығы;  нақты  істелетін  іс-әрекеттердің  ѳзндік  жұмыспен  тығыз 
байланыстылығы;  әрбір  меңгеретін  жаңа  ақпараттағы  студенттің  мақсаты,  міндеті, 
нәтижелерінің  ѳзара  тәуелділігінің  айқын  кѳрініс  табуы.  Студенттің  ѳздік 
жұмысының  түрлерін  жіктеп,  ішінен  кредиттік  оқытуға  лайықтысын  бѳліп 
қарастырсақ,  онда  студенттің  ѳздігінен  орындайтын  жұмыстарын  бірнеше  түрге 
бѳліп,  жүйелеуге  болады.  Осы  орайда,  И.Ф.  Талызинаның  «Ѳздік  жұмыс  болашақ 
маманның  игеретін  кәсібінің  қыр-сырын  жан-жақты  ѳзбетінше  меңгеруіне,  күрделі 
мәселелерді  ѳзбетімен  шешуге  талпыныс  жасауына,  теориялық  білімін  практикада 
іске  асырып  кѳз  жеткізуі  арқылы  ѳздік  жұмыс  дағдысы  қалыптасуын  қамтамасыз 
етеді» деген пікірін басшылыққа алдық [5, 25 б.]. 
Біздер К.Әлдибекованың, А.Демеуовтың, Р.Исмайлова т.б. еңбектеріне сүйене 
отырып  студенттің  ѳзіндік  жұмысын  ұйымдастыруды,  оның  мақсатына  қарай  бес 
түрге:  білімді  меңгеруге;  теориялық  білім  мен  іскерлікті  меңгеруге;  практикалық 
білім  мен  іскерлікті  меңгеруге;  әмбебап  іскерлік  пен  дағды,  құзіреттіліктерді 
қалыптастыру;  білімін  жүйелеу  мен  бекітуге  арналған  ѳзіндік  жұмыстар  деп 
топтастырып жүйеледік (кесте 1). 
 
Кесте 1 - Ѳзіндік жұмысты мақсатына қарай жүйелеу 
Мақсатына 
қарай 
жіктелуі 
Ѳзіндік жұмыс 
түрлері 
іс -әрекеті 
әдіс -тәсілдері 
нәтижелері 





Теориялық 
білімді 
меңгеруге 
арналған 
ѳзіндік 
жұмыстар 
Аудиторияда дәріс 
кезінде 
орындалатын 
ѳзіндік жұмыстар. 
Дәрісте және онда 
пайда болған 
сұрақтарды 
талқылауда, 
оқулықтар, кітаптар 
мен дерек 
кѳздеріндегі 
ақпаратты игеру, 
конспект жазу, 
түсініксіз ақпаратты 
бѳліп алу 
Дәрісті ықыласпен 
тыңдау, түсіну, 
тірек сѳздерді 
бѳліп жазу, оны 
сызба нұсқаға 
айналдыру, жедел 
конспектілеу, 
жалпылай, жеке 
талдау, 
қорытындылар 
жасау, 
проблемалық 
Кітаптан басқа 
да ақпарат 
кѳздерімен 
шұғылдануыме
н тиісті 
ақпараттарды 
жинақтаудың 
білігі мен 
дағдысы 
қалыптасады, 
қысқа 
конспектілеуге 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
37 
сұрақтарды талдау 
үйренеді 
2. 
Практикалы
қ білім мен 
іскерлікті 
меңгеруге 
бағытталған 
ѳздік 
жұмыстар. 
Практикалық сабақ 
кезінде 
аудиторияда 
орындалатын 
ѳзіндік жұмыстар 
Практикалық 
жұмыстардың 
орындалуымен 
танысып, оны іске 
асыру жолдарын 
игеру. Теориялық 
білімді практикамен 
байланыстыру, 
туындаған 
сұрақтарға жауап 
беру. 
Практикалық және 
зертханалық 
жұмыстардың 
орындауына 
сәйкес білім мен 
білікті 
қалыптастыруда 
танымдық әдіс-
тәсілдерді 
қолдану, жұпта, 
шағын топта 
талдау, пікірсайыс 
ѳткізу арқылы 
ортақ 
қорытындыға 
келу, практикалық 
және зертханалық 
әдіске жаттығулар 
орындап есептер 
шығару 
Зертханалық 
жұмыстардың 
жетістіктері 
кѳмегімен 
эксперимент 
жасаудың және 
техникасын 
игерудің, 
теориялық 
білімді 
практикамен 
байланыстыруд
ың, дара, 
жұппен, топпен 
жұмыс 
жасаудың білігі 
қалыптасады. 
3. Әмбебап 
білік, дағды 
құзыреттілік
ттерді 
қалыптастру
ға 
бағытталған 
ѳздік 
жұмыстар. 
Зертханалық 
эксперименттер 
жасау, семинар, 
СѲЖ, ОСѲЖ 
сабақтарында 
аудиторияда және 
одан тыс 
орындалатын 
ѳзіндік жұмыстар 
Түсініксіз 
сұрақтардың 
шешімін табу, 
жаттығулар орындау, 
құрал, аспаптар, 
қондырғылармен т.б. 
эксперимент 
орындау 
Экспериментке 
сай кәсіби 
қолданылатын 
құралдар, 
аспаптарды, іске 
қосу, бақылау, 
эксперименттік 
операциялардың 
қауіпсіздік 
техникасын сақтау 
тәсілдерін 
бұлжытпай 
орындау. 
жартылай іздену, 
зертханалық 
әдістерді қолдану, 
есептер шығарып, 
жаттығулар 
орындау. 
Жаттығуларды 
орындаудың, 
есептерді 
шешудің білігін 
игереді. 
Экспериментті 
орындаудың 
алуан тәсілдері: 
құрал, аспап, 
қондырғы т.б. 
техникалық 
құралдардың 
кѳмегімен игеру 
дағдысын 
қалыптастыру 
арқылы пәндік 
құзыреттілікке 
жеткізеді. 
4. Меңгерген 
іскерлігін 
бекіту мен 
жүйелеуге 
бағытталған 
ѳздік 
жұмыстар 
Дәріс, практикалық 
жұмыс, семинар 
СѲЖ, ОСѲЖ 
кезінде 
аудиторияда және 
аудиториядан тыс 
орындалатын 
ѳзіндік жұмыстар 
Сабақ формаларына 
сәйкес жүргізілген 
ѳздік жұмыстардын 
кѳмегімен ѳткен 
материалды 
пысықтау, 
мазмұнына орай 
жүйеге келтіріп, 
реттеу 
Проблемалық 
тапсырмаларды 
орындау 
барысында жаңа 
ақпараттық 
мазмұндық 
ерекшелігіне 
сүйеніп жадында 
сақтау, оны жүйелі 
түрде дамытуға 
жету, 
проблемалық 
Ѳздігінен 
меңгерген 
ақпараттарды 
проблема 
түрінде қарай 
бағыттай 
отырып 
алдыңғы білімі, 
білігімен 
ұштастыруды 
жүзеге 
асырудың 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
38 
талдау әдісін 
қолдану 
құзыреттілігі 
қалыптасады 
5.Тапсырмал
арды 
орындауға 
бағытталған 
ѳздік 
жұмыстар 
Зерттеу 
нәтижесінде 
мақалалар жазу, 
баяндамалар 
жасау, қурстық, 
дипломдық 
жұмыстар орындау 
кезіндегі 
аудиторияда және 
аудиториядан тыс 
орындалатын 
ѳзіндік жұмыстар. 
Ақпарат кѳздерінен 
ақпарат іздеу, оны 
меңгеру, жоспар 
құру, реферат жазу, 
баяндама дайындау, 
мақала жазу, 
тезистер, т.б. 
жадығаттар даярлау. 
Кітаппен жұмыс 
істеу әдісінің 
кѳмегімен 
ѳзбетінше 
ізденудің 
арасындағы 
шығармашылық 
деңгейде реферат, 
баяндама, мақала, 
курс жұмысы, 
диплом жұмысын 
жазып, оған сай 
баяндама, 
кѳрнекіліктер 
дайындау 
педагогтың 
басқаруымен іске 
асады. 
Ақпараттарды 
игеруді 
шығармашылық 
деңгейде 
орындау 
ғылыми ойлауға 
үйрету арқылы 
пән 
құзыреттілігін 
қалыптастырад
ы. 
 
Өзіндік  жұмыс  оқу  үдерісімен  тығыз  байланысты  болғандықтан,  оны  екіге 
бөліп қарастыру керек: 
- дәрісханалық өзіндік жұмыс; 
- дәрісханадан тыс орындалатын өзіндік жұмыс. 
Дәстүрлі  оқытумен  салыстырғанда,  кредиттік  жүйеге  сай  дәріске  деген  талап 
күшейе  түсетіні  даусыз.  Университтетерде  қолданылып  келген  дәріс  түрлері  оның 
мақсатына  қарай  теориялық,  ақпараттық,  дамытушылық,  тәрбиелеуші  және 
мотивациялық болып бѳлінеді 
Дәрістердің кез келген түрі ѳзіндік жұмыс арқылы іске асады. 
Проблемалық  дәрістегі  ѳзіндік  жұмысты  іске  асыру  -  проблемалық  сұрақтар, 
жағдаяттарды  проблемалық  жағдай  тудыру  арқылы  мазмұндау.  Проблемалық 
дәрістегі педагогтың мақсаты - студентке ұғынуға тиісті заңдар мен заңдылықтарды, 
теориядағы негізгіні, ой, тұжырымдамаларды студенттің ѳзімен бірлесе отырып іздеу 
арқылы нәтижеге қол жеткізу.  
Консультациялық дәрісте ѳзіндік жұмысты іске асыру - тақырыптың мазмұнын 
«сұрақ - жауап» және «сұрақ - жауап - пікірсайыс» желісіне қарай құру арқылы ѳзара 
белсенді қарым - қатынасты дамыту. Оқытушының мақсаты - қысқа әрі нақты «сұрақ 
-  жауап»  жадығатын  даярлау  арқылы  ауқымды  материалды  ұтымды  уақытта  беріп, 
студенттің сауалдарына жауап беру.  
Конференция  дәрісте  ѳзіндік  жұмысты  іске  асыру  -  бір  жақ  сұрақ  қойып, 
екінші  сол  сұрақтарға  жауаптар  іздеуі,  ойлануы  -  ѳзара  белсенді  қарым  -қатынасы 
арқылы  білімді  меңгеру.  Оқытушының  мақсаты  -  меңгеретін  тақырып  сұрақтарын 
студентпен біріге отырып талқылау.  
Оқытушының,  студенттердің  өзіндік  жұмыстарына  басшылық  жасаудағы 
басты құралдардың бірі – нысанды тапсырмалар жүйесінің кешені.  
       Қ.Әбдібекқызының пікірінше, өз бетімен талдау, салыстыру, жалпылау, ой 
қорытындыларын  жасауға  негізделетін  тапсырмаларды  –  шығармашылық 
тапсырмалар деп атайды [6, 13 б.]. 
Шығармашылық  тапсырмалар  –  оқушы  жастардың  әлеуметтік  көзқарасын 
қалыптастыратын, ізденушілікке баулитын, жеңілден қиынға қарай сатылы ойланып 
орындалатын  жұмыстар  жүйесі.  Шығармашылық  тапсырмаларды орындауға  үйрету 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
39 
және оған себеп болатын педагогикалық-психологиялық процестер қабілеттер, қиял 
және  оларды  эерттеу  жолдарына  жинақталған  Қ.Ж.  Жарықбаев,  Г.К.  Нұрғалиева, 
М.Ә. Құдайқұлов және т.б. ғалымдардың пікірлері басшылыққа алынды. 
Студенттің өзіндік жұмысының тапсырмалары: 
1. Жазба жұмысын даярлау (эссе, баяндама, реферат, бақылау тапсырмасы).  
2.  Библиографиялық  мәлеметтерді  өңдеу,  мақалаларды,  кітаптарды 
аннотациялау.               
3. Лингафондық жүйені қолдану арқылы дербес сөйлеу.            
4. Іздеушілік-зерттеушілік сипаттағы тапсырманы орындау. 
5. Салыстырмалы кестелерді даярлау, глоссарий құру, 
6. Мәселелік мақала бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиетті талдау. 
7. Семинар жұмысына қатысу: баяндама жасау, тапсырмаларды орындау. 
8. Лабораториялық-практикалық сабақтар: эксперимент өткізу, тәжірибе жасау, 
нәтиже алу. 
9.  Дербес  бақылау  жұмыстарын  өткізу,  ғылыми  жоба  жасау,  теориялық 
ізденістерді апробациялау (ғылыми конференцияларға қатысу). 
10.  Практика    кезінде  бақылау  тапсырмаларын  орындау  және  материал 
жинақтау: альбом, хаттама жасау, модельдер құру т.б. 
Мысалы музыкалық ойлау қабілетін дамыту үшін берілетін өзіндік жұмыстың 
тапсырма түрлері мынадай болды: 
1.  Студент  домбырашының  үй  жұмысын  орындауы  жайлы,  үй  жұмысында 
кездескен  қиындықтар,  сол  қиындықтарды  жоюға  қандай  әдіс  қолданғаны  туралы 
ауызша есебі. 
2. Студенттің өзі орындаған шығармаға талдау жүргізуі. Жіберген қателіктерін 
түзету  үшін  қолданған  тәсілдері  жайлы  айту,  өз  жұмысына  баға  беру.  Бұрын  өзі 
ойнап  кеткен  шығармаларды  орындаған  әріптесінің  орындаушылығына  талдау 
жүргізу. 
3. Шығарманың ерекшелігін анықтау, оның сипатын ашу (ән, би, марш, вальс). 
4. Музыкалық шығарманың жеткізейін деген негізгі ойын, көңіл күйін баяндау.       
Нысанды  тапсырмалар  студенттің  барлық  танымдық  іс-әрекеттерін  бағыттап 
және  реттеп  отыруға  ықпал  жасайды.  Бұл  бағдарламада  жұмыс  жоспары,  оқу 
мақсаты,  түсіндіру,  түсініктеме,  баяндау  және  қойылған  қызметке  жалпы  келістің 
жолдары, өздік жұмыстары, жауаптар және өзін өзі бақылау үшін бағдар болады. 
Қорыта  келе,  педагогикалық  талаптарға  сай  ұйымдастырылған  студенттің 
өзіндік  жұмысы  –  оқудың  білімдік,  тәрбие  және  дамытушы  мақсаттарына  жетуді 
қамтамасыз ететін құралы екенін атап өтуге тиістіміз. 
 
Әдебиеттер: 
 1.  Назарбаев  Н.Ә.  Қазақстан  жаңа  жаһандық  нақты  ахуалда:  өсім, 
реформалар,  даму.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  -    Елбасы 
Н.Ә.Назарбаевтың    Президентінің  Қазақстан  халқына  Жолдауы  //  Егемен 
Қазақстан. 1 желтоқсан 2015 ж. 
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Егемен Қазақстан. 15 
тамыз 2007 ж. 
3.  Основы  кредитной  системы  обучения  в  Казахстане  /  Под  ред.  Кулекеева 
Ж.А., Гамарник Г.Н., Абдрасилова Б.С. Алматы: Қазақ университеті. – 2004. – 168 с.   
4.  Загвязинский  В.И.  Теория  обучения.  Современная  интерпретация:  учебное 
пособие. – М.: Академия, 2001. – 248 с. 
5.  Талызина Н.Ф.Управление процессов усвоения знаний. – М., 1995. – 196 с. 
6. Әбдібеккызы Қ. Оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін дамыту. – 
Алматы: Рауан, 2004. – 148 б. 
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
40 
Молдагалиев Б. А., Ибрашева М. 
Организация самостоятельной работы студентов в условиях кредитной 
системы обучения в университете 
В данной статье рассматриваются проблемы организации самостоятельной 
работы  обучающихся  и  самостоятельной  работы  студентов  под  руководством 
преподавателя в условиях кредитной системы обучения в университете.  
Ключевые  слова:  высшее  учебное  заведение,  кредитная  система  обучения, 
силлабус,  самостоятельная  работа,  самостоятельная  работа  под  руководством 
преподавателя. 
  
 
Moldagaliyev B.A., Ibrasheva M. 
Organization independent work of students in terms of credit system of studying at 
University 
This  article  reviews  the  problems  of  the  organization  of  independent  work  of 
students and students' independent work under the guidance of a teacher. 
Keywords:  high  education,  credit  system  of  studying,  silabus,  independent  work, 
independent work under the guidance of teacher. 
 
   
*** 
 
УДК: 517.9; 372.85  
 
Калимбетов Б.Т. – доктор физико-математических наук, и.о. профессора,  
Международный казахско-турецкий университет им. К.А. Ясави 
Е-mail: bkalimbetov@mail.ru 
Омарова И.М. – PhD докторант Международного казахско-турецкого 
 университета им. К.А. Ясави 
Е-mail: omarova10@mail.ru 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал