Республики казахстан



жүктеу 5.14 Kb.

бет42/44
Дата09.01.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44

АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ МҰРАЖАЙЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ 
ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛІК ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУ 
 
Аннотация.  Мақалада  ашық  аспан  астындағы  мұражайлардың  қалыптасу 
тарихы  мен  мұражай  педагогикасына  негізделген  ашық  аспан  астындағы 
мұражайлар  қызметі  сипатталады.  Ашық  аспан  астындағы  мұражайлар  мен 
олардың  тақырыптық  экспозициялық  жоспары  және  оларға  ұйымдастырылған 
туристік  маршруттарды  мұражай  педагогикасында  тиімді  пайдалану  жолдары 
талқыланады. Ұлттық тарихи сананың жоғарғы деңгейінің қалыптасуына түрткі 
болатын  ашық  аспан  астындағы  мұражайлардың  тарих  сабақтарында  алған 
білімдерінің тереңдей түсуіне ықпалы мен ролі айқындалып жүйеленеді.  
Тірек  сөздер:  ашық  аспан  астындағы  мұражайлар,  мұражай  педагогикасы, 
мұражайлардың тәрбиелік қызметі, мұражайлардың танымдық әлеуеті 
 
ХХ  ғ.  ашық  аспан  астындағы  мұражайлар  әлем  елдерінде  кеңінен  танымал 
бола 
бастады. 
Мұндай 
типтегі 
мұражайлардың танымалдылығы мен 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №1-2016ж.  
 
 
331 
санының күн санап өсуінің себебі археологиялық ескерткіштерді тарихи және табиғи 
қалыптасқан ортасынан ажыратпай олармен бірлікте мәдени-тарихи мұраны сақтап, 
кешенді  түрде  көпшілік  назарына  ұсынуында  болды.  Ашық  аспан  астындағы 
мұражайлар  «негізгі  объектілері  мен  экспозициясы  ғимаратта  емес,  ашық  жерде 
орналасқандықтан» [1] олар нақты шекарасы болмауымен де ерекшеленеді.  
Қазақстан  территориясында  қазіргі  уақытта  35  мыңға  жуық  жылжымайтын 
тарих,  археология  және  монументальды  өнер  мен  архитектура  ескерткіштері 
орналасқан.  Әрине  аталмыш  ескерткіштердің  барлығы  дерлік  ғылыми  өңдеудің 
деңгейлерін  басынан  өткерді  деген  сөз  емес,  алайда,  біздің  пайымдауымызша, 
материальдық  мәдениет  пен  сәулет  өнері  үлгілерінің  көптігі  мен  алуан  түрлілігі 
оларды ашық аспан астындағы мұражайларға біріктіріп, көпшілік назарына ұсынуға 
сұранып  отырған  секілді.  Осы  қажеттілікті  өтеудің  бірінші  қадамы  ретінде  1998  ж. 
Қазақстан  Республикасының  президентінің  бұйрығымен  «Ұлы  Жібек  жолының 
тарихи орталықтарын қайта өркендету, сақтау, түркі халықтарының мәдени мұрасын 
сабақтастықта  дамыту,  туризм  инфрақұрылымын  құру»  атты  қабылданған 
мемлекеттік  бағдарлама  2008  ж.  Қазақстан  Республикасы  президенті  нұсқауымен 
қайта  қолға  алынып,  ол  бойынша  жұмыстар  жасалына  бастады  [2].  Қазақстан 
территориясынан  Ұлы  жібек  жолының  негізгі  тармақтарының  бірінің  өткендігі 
белгілі  және  қазіргі  уақытта  да  Ұлы  жібек  жолының  ортаазиялық-қытай  бөлігі 
ЮНЕСКО-ның әлемдік «Мәдени мұра» тізіміне шекаралық аймақ ретінде кірістіруге 
жұмыстар жалғасуда. Аталмыш бағдарламаны ортағасырлық қалаларды ашық аспан 
астындағы  мұражайға  айналдырудың  бастапқы  кезеңі  деп  қарастырылып,  бірнеше 
мақсат-міндеттер бойынша жұмыстар атқаруды қолға алды. Атап айтқанда: 
-
 
Ұлы Жібек жолы бойындағы археология, архитектура және қала салу  ісінің 
ескерткіштерін  зерттеу  және  Ұлы  жібек  жолының  мәдени-тарихи  мұралары  жайлы 
мәліметтер базасын құру; 
-
 
Тарих  және  мәдениет  ескерткіштерін  қайта  қалпына  келтіру  мен 
мұражайландыру; 
-
 
Туризм  объектілері  қатарына  енген  Ұлы  жібек  жолы  бойындағы 
ортағасырлық  қалалар  мен  елдімекендерді  консервациялау,  мұражайландыру  және 
абаттандыру; 
-
 
Ұлы  жібек  жолы  бойындағы  тарихи  орталықтардың  дәстүрлі  құрылыс 
нысандарын қайта жаңғырту. Қалаларда шынайы төлтума архитектуралық кеңістіктік 
және этномәдени ортаның қайта өркендеуіне жағдай жасау; 
-
 
Ұлы  жібек  жолы  бойындағы  қалалардың  дәстүрлі  құрылыс  нысандары 
негізінде  туризм  инфрақұрылымын  дамыту,  атап  айтқанда,  сауда  және  сервистік 
қызмет көрсету орталықтарын салу, діни және «туристік кешендер тұрғызу, дәстүрлі 
қолөнер шеберханаларын салу [3]. 
Оңтүстік  Қазақстанның  ортағасырлық  қалаларының  барлығы  дерлік  ғылыми 
өңдеудің  бірінші,  екінші,  және  үшінші  кезеңдерін  басынан  өткерді  және  олардың 
ашық аспан астындағы мұражайға айналу мүмкіндігі бар. Осы ортағасырлық қалалар 
мен  археологиялық  ескерткіштердің  ашық  аспан  асты  мұражайына  айналу  әлеуеті 
жоғары, атап айтқанда, 
біріншіден, ортағасырлық қалалардың отырықшылық, суармалы егіншілік және 
қала  мәдениеті  орталығы  болғанынан  хабар  беретін  егін  шаруашылығында 
пайдаланатын  құрал-жабдықтардың  табылуы,  ирригациялық  канал  іздерінің 
анықталуы; 
екіншіден, 
ортағасырлық 
Қазақстан 
қалаларында 
тұрғызылған 
фортификациялық  жүйелер  ондағы  инженерия  ғылымының  жоғары  дәрежеде 
дамығандығынан  хабар  береді.  Оңтүстік  Қазақстанның  ортағасырлық  қалалары  үш 
бөлікке  бөлінген:  цитадель,  шахристан,  рабад  және  олардың  әрқайсысын  қорған 
қабырғалар қоршаған; 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №1-2016ж.  
 
 
332 
үшіншіден,  ортағасырлық  қала  тұрғындары  тек  егіншілікпен  ғана  емес, 
сонымен  қатар  қала  көшелеріндегі  қуыстарда  мал  өсіріп,  қала  сыртында  да 
қоражайлары болған әрі қалалар территориясынан мал сүйектері табылған; 
төртіншіден, Қазақстанның ортағасыр археологиясында – діни археология деген 
бағыт  қалыптаса  бастады.  Атап  айтқанда,  Сауран,  Сығанақ,  Отырар  қалаларында 
мешіт,  медресе  және  сағана  орындары,  Түркістан  қаласында  сопылардың  жер  асты 
діни орындар - ғарлар, Әулие Құмшық-ата, «Қылует» жер асты мешіті, Ахмет Ясауи 
мавзолейі. Архитектуралық ескерткіштердің бұл түрінің кең етек жайғандығы діннің 
қоғамда  жоғары  дәрежеге  ие  болғандығынан  ғана  хабар  бермейді,  сонымен  қатар 
ислам  дінімен  бірлесе  жүретін  ғылым  мен  білімнің  дамығандығынан  да  хабардар 
етеді. Аталмыш археологиялық объектілер көне заманнан қазірге дейін қасиетті және 
зиярат ету орындары болып саналады; 
бесіншіден,  дәстүрлі  қолөнердің  жоғары  дәрежеде  дамығандығынан  хабар 
беретін керамикалық заттар мен дәстүрлі қолөнер бұйымдарының көптеп табылуы; 
алтыншыдан,  ортағасырлық  нумизматика  жайлы  жаңа  мәліметтердің  алынуы 
жоғары деңгейде дамыған сауда қатынастарынан хабардар береді.  
Ашық  аспан  астындағы  мұражайлардың  басқа  типтегі  мұражайлардан 
өзгешелігі  де  жоғарыда  аталған  мағлұматтар  аясында  түзіледі  және  бұл 
ерекшеліктерді  қалыптасқан  ортасында  көзбен  көріп,  қолмен  ұстауға  болады.      Кез 
келген мұражайды балалар орнықты білім алатын, жастар мәліметтер жинай алатын, 
суретші үшін шабыт көзі бола алатын орталық, адам жанын сауықтыру үшін демалыс 
орны  және  ересек  адамның  білімінің  тереңдей  түсуіне  барлық  мүмкіндіктерді 
жасайтын  ғылыми  зерттеу  орталық  деп  қарастырсақ,  онда  тарихи  маңыздылығы 
жоғары 
археологиялық  объектілер 
мен 
ортағасырлық 
қалалар 
аталмыш 
критерийлердің барлығына сәйкес келіп тұрғандығын байқаймыз. 
Ашық  аспан  асты  мұражайларның  педагогикалық  әлеуеті  жайлы  философ, 
педагог  және  психолог  Джон  Дьюи  «Көрнекілік  құрал  қолданған  кез  келген  сабақ 
түпнұсқа  заттар  және  табиғатпен  жанасуды  алмастыра  алмайды»  [4]  десе,  танымал 
швейцария  психологы  Жан  Пиаженің  материалдық  мәдениет  үлгілерінің  бір 
ерекшелігі  көзбен  көріп,  қолмен  ұстап  көруге  мүмкіндік  беретін  археологиялық 
ескерткіштердің  бұл  ерекшелігін  пайдалануға  кеңес  беретін  «Кез  келген  зат  жайлы 
түсінік  бала  ол  затты  қолмен  ұстап жеке  жұмыс  жасағаннан  кейін  қалыптасады»  [5] 
деген  пікірін  толықтырған  Иоганн  Генрих  Песталоцци  «Оқыту  үдерісінде  баланың 
ақылы,  жүрегі  және  қолы  да  бірге  жұмыс  жасау  керек»  [6]  деген  ойды  айтады. 
Жоғарыда  келтірілген  пікірлерге  сүйеніп,  адамның  ойлау  мен  қабылдау  қабілеттері 
«мен естимін – тез ұмытамын,  мен көргенімді – еске аламын,  мен қолмен жасағанды 
ұғынамын, мәнін ашуға тырысамын» деген жүйеге негізделгендігін аңғарамыз. 
Адамның  есте  сақтау  қабілетіне  негізделген  аталмыш  жүйені  нақты  сандық 
көрсеткіштермен толықтырар болсақ, адам естіген мағлұматының 10 %-ын ғана есте 
сақтайды,  өйткені  адамда  мағлұмат  алған  зат  немесе  құбылыс  жайлы  жалпы  көрініс 
қалыптасқанымен, оны өз көзімен көрмеді. Алайда, адам көргенінің 50%-ын ғана есте 
сақтайды. Яғни, адамда зат  немесе құбылыс  жайлы толық мағлұмат  қалыптаспайды, 
сондықтан  бір-бірімен  байланыссыз  заттар  мен  құбылыстар  жайлы  мағлұмат  алған 
адам, оны келешекте дамытып, қажет мезгілде қолдана алмайды деген мағына береді. 
Ал, бұл жүйеде білім берудің ең тиімді жолы үшінші екендігі анық, яғни ашық аспан 
астындағы  мұражайларға  ұйымдастырылған  туристік  маршруттар  оқушы  немесе 
жасөспірім  санасында  90%-ы  есте  сақталады  [7].  Өйткені  тиімді  әрі  белгілі  бір 
мақсатты  жүзеге  асыру  үшін,  жоспарлы  түрде  ортағасырлық  қалаларға 
ұйымдастырылған  туристік  маршруттар  оқушы  немесе  жасөспірім  санасына  ықпал 
етіп,  өзін сол әлемге тап болғандай сезінуге көмектеседі, туристік маршруттан алған 
әсерлер  көп  уақытқа  дейін  ұмытылмайды  әрі  үлкейген  сайын  заттар  мен 
құбылыстардың  жаңа  мәні  мен  мазмұнын 
ашуға септігін тигізеді.           

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №1-2016ж.  
 
 
333 
Есте  сақтау  қабілетінің  аталмыш  ерекшеліктерін  ескерген  танымал  итальян 
педагогы  Мария  Монтессоридің  тәжірибе  негізінде  жасаған  қорытындысын,  яғни 
«оқыту  мен  тәрбиенің  негізі-сенсорлық  тәрбие»  деген  тұжырымын  басшылыққа  ала 
отырып,  ашық  аспан  асты  мұражайларын  құруда  «уақытты  кері  қайтару  мүмкіндігі» 
концепциясына негізделіп жасалуы керек екендігін тілге тиек еткіміз келеді.  
«Уақытты  кері  қайтару»  концепциясына  сүйенген  ашық  аспан  асты 
мұражайлардың 
білім 
берудегі 
маңыздылығы 
жайлы 
неміс 
қайраткері 
Г.Кершенштайнер: «мұражайға келуші қолда бар  «қосалқы педагогикалық құралдар» 
арқылы  барлық  технологиялық  және  шығармашылық  үдерісті  көрнекі-бейнелі  түрде 
көруіне  мұражай  жағдай  жасау  керек»  [8]  деген  ой  тұжырымдаса,  ХХ  ғ.  басындағы 
белгілі  мұражай  қайраткері  М.В.  Новорусский  мұражайды  күшті  оқу-ағарту  құралы 
деп  қарастырып,  өздігінен  мағлұмат  бермейтін  жансыз  заттармен  жұмыс  жасайтын 
мұражайдың  басқа  педагогикалық  мекемелер  арасында  өзіндік  орны  бар  екендігін 
алға тартады [9].  
Әрине,  мұражайлардың  жас  ұрпаққа  білім  берудегі  алатын  орын  мен  ролі 
жайлы жан-жақты зерттеулер жүргізіліп, барлық мәселелер талқыланған. Сондықтан 
мұражай  педагогикасын  мұражайдың  «білім  беру»  қызметімен  сәйкестендіретін  ой-
тұжырымдар көп айтылған және айтылуда. Сондықтан «мұражай педагогикасы» мен 
мұражайдың «білім беру» қызметі арасындағы айырмашылықтар мен ерекшеліктердің 
шекарасын айқындаудың уақыты жеткен тәрізді:  
біріншіден,  мұражай  педагогикасында  «оқу-ағарту»,  «білім  беру»  және 
«педагогика» терминдерінің бір мезетте қолданылуы аталмыш ғылымды бір жағынан 
мұражайтану,  екінші  жағынан  педагогикаға  қатысы  бар  ғылым  ретінде  қарастыруға 
мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар,  мұражай  педагогикасы  белгілі  бір  мақсат  пен 
міндеттерді  орындауға  бағыт  алған,  өзінің  орнықты  түсініктері  мен  категориялары 
белгіленген әрі онда жетекші орын «мұражайға» берілетін ғылым саласы,  
екіншіден,  мұражай  педагогикасында  «мұражайдың  білім  беру  қызметі  - 
мұражайға келушілермен жұмыс жасаудың бір бағыты» деп қарастырылады. 
үшіншіден,  мұражай  педагогикасы  «білім  беруден»  бөлек  дамытушылық, 
тәрбие беру қызметтерін де іске асырады. 
Мұражай педагогикасында жетекші орын мұражайға берілетіндігін баяндадық. 
Ғылыми  мақсат-міндеттермен  қатар,  педагогикалық  мекеме  ретінде  қарастырылатын 
мұражай  «мұражай  -  өнер  мен  мәдениет  ескерткіштерін  сақтау,  ғылыми  зерттеу, 
сұрыптау  жұмыстарын  жүзеге  асыратын,  сонымен  қатар  жеке  тұлғаның  мәдени 
құндылықтарды зерттеу мен игеру жолында туындаған білім алу мен шығармашылық 
қызығушылықты  қанағаттандыруға  бағытталған  мекеме»  [10].  Ресейдің  мұражай 
энциклопедиясында  «қалыптасқан  ортасынан  алынып,  қоғам  тарихи  құндылығын 
мойындаған  тарихи  және  мәдени  объектілерді  сұрыптау,  сақтау  және  көрсетуге 
қоғамдық  мұқтаждық  туындаған  алуан  түрлі  қызмет  атқаратын  институт»  [11] 
екендігін  баса  айтады.  Мұражайға  берілген  екі  анықтама  да  оның  оқу-ағарту,  білім 
және  адамгершілік-эстетикалық  тәрбие  беруде,  отандық  және  әлемдік  мәдениет 
құндылықтарын  сақтау  мен  қайта  жаңғыртуда,  тарихи  жадының  қалыптасуында 
қоғамның рухани өмірінде  алар орны ерекше екендігіне назар аударады. Сол секілді 
мұражайдың  бір  түрі  ретінде  қарастырылатын  ашық  аспан  асты  мұражайлардың  да 
рухани  құндылықтар  жүйесін  қалыптастырудағы  әлеуеті  жоғары.  Археологиялық 
ескерткіштердің  көптеп  табылуы  мен  ортағасырлық  қалалардағы  қазба  жұмыстары, 
мұражай  педагогикасында  аталмыш  ескерткіштердің 
ұтымды  әрі  тиімді 
пайдаланылуына тікелей жол ашылады деген сөз емес. Мұражай педагогикасы рухани 
қазына мен тарихымыздың тірі тағылымдарын әртүрлі әлеуметтік топтардың игілігіне 
жарату  үшін  ғылыми  негізі  бар  әлеуметтік-педагогикалық  және  әлеуметтік-мәдени 
әрекеттер  жиынтығын  жүзеге  асыру  қажет.  Бұл  әрекеттер  жиынтығында 
мұражайлардың 
атқаратын 
қызметіне 
байланысты 
екі 
түрлі 
пікір 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №1-2016ж.  
 
 
334 
қалыптасқан.  Біріншілері:  мұражайлардың  ғылыми-құжаттық,  сақтау,  зерттеу  және 
оқу-ағартушылық қызметтері бар десе, екіншілері: құжаттау, білім беру мен тәрбиелеу 
және  бос  уақытты  тиімді  ұйымдастыру  секілді  қызметтерге  айқын  басымдылық 
береді.  
Ашық  аспан  асты  мұражайлардың  қызметін  екі  бағыттың  ұстанымына 
сәйкестендіріп,  мұражай  педагогикасына  негіздеп,  тұжырымдасақ,  мынадай 
қызметтерді көрсетуге болады:  
-
 
ғылыми-құжаттау  –  археологиялық  ескерткіш  орнын  анықтайды,  есепке 
алады, сипаттайды   
-
 
зерттеу  –  археологиялық  ескерткіш  жайлы  жазба  деректерден  мәліметтер 
жинақтайды және оның атқарған қызметіне байланысты ой қорыту көмектеседі 
-
 
сақтау-қайта қалпына келтіру – археологиялық жәдігердің қорғау, сақтау және 
консервациялау, реставрациялау шараларын жүзеге асырады  
-
 
мұражайдың білім беру қызметі – мәліметтерді көзбен көріп, қабылдау 
мен  игеру  мүмкіндігі,  дидактикалық  материалдарды  пайдалана  отырып,  тарих 
және  мәдениет  ескерткіштеріне  тануға  деген  қызығушылықтың  артуына  жағдай 
жасайды, яғни, бұл қызмет мұражай педагогикасымен тікелей байланысты. 
-
 
тәрбиелік  қызметі  –  жеке  тұлғаға  тиесілі  қасиеттер,  көзқарастар,  пікірлер 
қалыптастыруға  бағытталған  әрекеттер  жиынтығы,  мұражайға  келуші  тек  білім  ғана 
алып  қоймай,  әлеуметтік  тәжірибенің  басқа  элементтерін  бойына  сіңіреді, 
интериоризация  (адам  психикасының  ішкі  құрылымы  әлеуметтік  әрекеттердің 
элементерін  сіңіріп,  құрылымын  өзгертуі)  [12]  және  экстериоризация  (психиканың 
ішкі  құрылымының  сыртқы  іс-әрекетке  айналуы)  [13].  Мұражайдың  тәрбиелік 
қызметінің ақыл-ой, адамгершілік еңбек, эстетикалық және экологиялық тәрбие және 
ұлттық тарихи қалыптасуындағы орнын ерекше атау керек.   
-
 
дамытушылық  –  ойлаудың  жандануы,  интеллектуальды  сезімдердің,  есте 
сақтаудың дамуы, сөздік қорының баюына алып келеді; 
-
 
ағартушылық қызметі – шеберлік пен дағдылардың қалыптасуы мен алынған 
мәліметтерді дұрыс қабылдаудың қалыптасуына негіз болады; 
Егер  ашық  аспан  асты  мұражайлардың  алғашқы  үшеуі  мұражай  қызметінің 
тарихи  аспектісін  қамтыса,  кейінгі  үшеуі  мұражай  педагогикасы  аясында 
қарастырылады.    
Мұражай педагогикасы ұғымын алғаш қолданғандар қатарына А.Рейхвейнт (өз 
шығармаларында  мұражай,  мектеп  және  мұғалім  арасындағы  байланысты  кеңінен 
талқылаған), Я.К.Фризен (мұражай педагогикасының мазмұны мұражай дидактикасы 
мен  мұражай  құралдарына  сүйенетін  оқу-ағартушылық  қызмет  негізінде 
шығармашылық  тәрбиенің  дәстүрлерін  жүзеге  асырады  деген  пікірді  ұстанған), 
Г.Фройдентальды  (мұражайдың  білім  беру  қызметі  ғылыми  зерттеудің  нысанына 
айналдыру туралы пікірлер айтқан) атауға болады [14]. Орыс ғалымдарының арасында 
алғашқылардың  бірі  болып  мұражай  педагогикасына  анықтама  берген  Ю.Юхневич 
болды [15]. Ол мұражай педагогикасы мұражайтану, педагогика және педагогикалық 
психология  секілді  ғылым  салалары  негізінде  қалыптасқан  мұражайдың  білім  беру 
қызметін  іске  асыру  түрлері,  әдіс-тәсілдері  мен  қағидаларын,  мұражай 
коммуникациясының  білім  беру  аспектісін  зерттеумен  айналысады  деген  анықтама 
береді. Б.А.Столяров болса, мұражай педагогикасы пәнаралық  білім  беру  бір  саласы 
ретінде  мұражай  ортасы  жағдайында  шығармашылық  тәжірибемен  бөлісуге 
бағытталып,  арнайы  қолданбалы  іс-әрекет  негізінде  қалыптасып,  педагогика, 
психология,  өнертану  және  мұражайтану  ғылымдары  негізінде  пайда  болған  ғылым 
саласы деген анықтама береді [14].  
Мұражай  педагогикасының  пән  ретінде  қалыптасуына  қандай  анықтама  берсе 
де ғалымдардың барлығы дерлік тарихи және мәдени құндылықтармен қарым-қатынас 
жасау 
барысында 
жеке 
тұлғаның 
қалыптасуы  мен  дамуына  әсер  ететін 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №1-2016ж.  
 
 
335 
тәсілдері мен заңдылықтарын жоққа шығармайды.  
Мұражай  педагогикасының  зерттеу  объектісі  мен  пәні  мұражай  педагогикасы 
педагогика,  психология,  мұражайтану,  өнертану  (мәдениеттің  бір  саласы  ретінде), 
тарихи  өлкетану  секілді  ғылым  салаларының  негізінде  қалыптасты  және  мұражай 
педагогикасы  мұражай  коммуникациясы  түрлерін  зерттеп,  мағлұматты  беруде 
мұражай  құралдарын  пайдаланса,  мағлұмат  қабылдауды  педагогикалық  тұрғыдан 
жүзеге  асыратын  ғылым  саласы  екендігіне  анық  сенімдіміз.  Өйткені,  мұражай 
педагогикасының пәнін мұражайдың педагогикалық әсер ету мазмұны, әдіс-тәсілдері 
және  түрлерімен  байланысты  мәселелер,  аталмыш  педагогикалық  әсердің  халықтың 
жас  ерекшеліктеріне  қарай  әсер  ету  мүмкіндігі,  мұражайдың  білім  беру  мекемесі 
ретінде  атқаратын  қызметті  құрайды  [14].  Мұражай  оқу-ағартушылық,  тәрбие  беру 
қызметін атқарғандықтан, толыққанды педагогикалық жүйе бола алады. Мұражайлық 
–  педагогикалық  үдеріс  мұражай  құралдары  арқылы  шығармашылық  белсенді 
кемелденген тұлға қалыптастыруға бағытталған педагог пен білім алушы арасындағы 
қарым-қатынасты жүйелі әрі нақты ұйымдастыруға негізделген [9, 47-55 бб.].   
Мұражай-педагогикалық  үдерісті  бір-бірімен  байланысты  тізбек  түрінде 
қарастыруға  болады:  педагог→мұражай  экспонаты  (бұл  жерде  археологиялық 
жәдігер) →мұражайға келуші. 
Педагог-мұражайға  келушіге  тұлғалық  даму  субъектісі  ретінде  қарап,  ашық 
аспан  астындағы  мұражайлардан  алған  мағлұматты  игеру,  талдау  және  белгілі  бір 
жүйеге  келтіруге  көмектеседі.  Осылай  ол  археологиялық  ескерткіш  жайлы  түсінік 
қалыптастыруға жол ашады.  
Мұражайға  келуші  –  мұражай-педагогикалық  үдерістің  субъектісі  деп 
қарастырылып,  мұражай  экспонатын  көзбен  көргеннен  кейін  ойлау  мен  қабылдау 
қабілеті қалыптасады.  
Мұражай  педагогы,  мұражай  экспонаты  және  мұражайға  келуші  бір  жүйеге 
бірігіп,  мұражай  ортасын  түзеді.  Мұражай  ортасы  келесі  құрамдас  бөліктерден 
тұрады:  
-
 
ашық аспан асты мұражайға айналған археологиялық ескерткіштердің барлық 
типтері,  яғни    археологиялық  кешен  –  археологиялық  ескерткіштер  жиынтығы 
(ортағасырлық  қалалар  мен  олардың  территориясында  табылған  объектілер); 
археологиялық  ескерткіштер  (ортағасырлық  қалалар);  археологиялық  объектілер 
(ортағасырлық қала территориясынан табылған құрылыс нысандары); 
-
 
археологиялық  ескерткіш  типтерінің  соңғы  түрі,  яғни  табылған 
археологиялық заттардан мұражай экспозициясын құру. 
Ашық  аспан  асты  мұражайлар  ортасының  білім  беру  әлеуетіне  мынадай 
сипаттама беруге болады: 
-
 
мәліметтің  сапасының  жоғары  болуы  –  ашық  аспан  асты  мұражай 
экспонаттарын  көруге  мүмкіндік  бар.  Олардың  сыртқы  келбеті  әр  түрлі:  көлемі, 
аумағы,  түсі,  эстетикалық  көрсеткіштері  де  алуан  түрлі,  түпнұсқа  экспонаттар 
бірегейлігімен де ерекшеленеді 
-
 
мұражай  ортасы  тарихи,  мемориальдық,  эстетикалық,  рухани  және 
материальдық құндылықтар санатына жататын әсерлі де құнды дүниелерге бай, олар 
адамның  сезімдік  сферасына  әсер  етіп,  ақиқат  пен  шыңдыққа  құнды  көзқарастың 
қалыптасуына жағдай жасайды 
-
 
адамның  шығармашылық  қиялын  шарықтататын  архитектуралық,  діни 
кешендердің  (мешіт-медреселер)  көп  мәнділігін  оларда  бейнеленген  бедерлі 
рәміздердің көптігінен білуге болады 
-
 
адамның шығармашылық қабілетін дамытуға ондағы адам қолымен жасалған 
материальдық құндылықтар (керамикалық бұйымдар, тұрмыстық заттар) 
Осылай  мұражай-педагогикалық  үдерістің  құрамдас  бөліктері  бір-бірімен 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №1-2016ж.  
 
 
336 
байланысып,  мәдени  құндылықтарды  бойына  сіңірген  кемелденген  адамның 
қалыптасуына жағдай жасайды.  
Археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген ортағасырлық қала – ашық аспан 
астындағы  мұражайға  айнала  алады  және  мысал  ретінде  кең  масштабты  зерттеулер 
жүргізілген  Отырар  қаласын  алар  болсақ,  біріншіден,  әрбір  музейге  келуші  үшін 
мұражай экспозициясын тұрғындардың әлеуметтік жағдайынан хабар беретін тұрғын 
жайлармен  танысудан  бастайды,  магистральды  және  орам  ішілік  көшелер  мен 
қуыстарда  тұрғын  кейпіндегі  сол  заманғы  киім  үлгісінде  киіндірілген  манекен-
тұрғындар,  одан  кейін  орамдар  және  орамдарға  біріккен  тұрғын  үйлер,    тұрғын 
үйлердің  ішкі  жабдықталуымен  танысуға  мүмкіндік  беретін  бөлмелер  интерьерінде 
сыпа,  таснауа  алаңқайы,  тандыр,  мұржа,  қойма  ұралары,  тұрғындар  пайдаланған 
шаруашылық заттар: дәнүккіштер, керамикалық бұйымдар, ұн сақтайтын жәшіктер; 
екіншіден,  қала  тұрғындарының  шаруашылығынан  хабар  беретін  орам  ішілік 
қуыстардағы  қора-жайлар  мен  қала  сыртындағы  егістіктері,  керамикалық 
шеберханалар, металл және сүйек ұқсату, тері илеу өнері, керамикалық бұйымдарын, 
мата өндірісі өнімдерін сыйлық ретінде алуға мүмкіндік жасалса нұр үстіне нұр болар 
еді; 
үшіншіден,  мұражайға  келушілер  сонымен  қатар  қазба  жұмыстарының 
барысымен де танысуға мүмкіндік алады; 
төртіншіден,  мұражайға  келушілер  ортағасырлық  қала  орталығында 
орналасқан  діни  орындар  мешіт,  шығыс  моншасы,  ирригациялық  каналдар  мен 
суармалы жүйелермен танысуға мүмкіндік алады;     
Ашық  аспан  асты  мұражайлардың  әлеуетін  мұражай  педагогикасында 
пайдалану  үшін  мына  мәселелер  ескерілуі  қажет  екендігі  анықталды:  методикалық 
ұйымдастыру  мұражай  ортасында  іске  асатын  білім  беру  бағдарламаларының 
адамдардың  жас  ерекшеліктері  мен  жалпы  мәдениеттілік  деңгейіне  сәйкестігі, 
мұражай педагогының педагогикалық-психологиялық және тек мұражайға тән арнайы 
білімдерді  игергендігі;  сарындық  –  экскурсия  мен  сабақ  барысында  шығармашылық 
әрекеттің  үлгілері  сынды  мұражай  экспозициясының  позитивті  қабылдануына 
эмоциялық жайлылықтың орын алуы, шығармашылық қызығушылық, танымдық және 
шығармашылық  белсенділіктің  артуына  себепші  болу;  мазмұндық  –  педагогикалық 
дағдыланған экскурсия мазмұнын жасау мұражай педагогына мұражай экспонаты мен 
мәдени-тарихи  ара  қашықтықты  еңсеруге  мүмкіндік  береді;  үдерістік  –  мұражайда 
білім  беру  үдерісінің  регламентін  қатаң  сақтамау  ойлау,  эмоция,  сезімдердің 
шарықтауына,  ойдан  шығарылған  жағдайлар  жасау  –  адамға  өзін  сол  ортада 
жүргендегідей сезімдерді басынан кешіруге мүмкіндік береді. 
Аталмыш концепцияға негізделген ашық аспан астындағы мұражайлар (қазіргі 
қорық-мұражайлар)  Қазақстан  Республикасы  президенті  атап  көрсеткендей,  «әрбір 
қорық-мұражайға жеке сипат беріп, статусын мен туристік маршрут бағытын анықтау 
қажеттілігі  тууда»  [3].  Алайда  бұл  мұражайлар  өлкетанулық  мұражайлар 
экспозициясы  секілді  бір  сарынға  негізделмей,  мұражайдағы  әрбір  объект  Қазақ 
тарихының  әр  кезеңін  көрсетуге  бағытталуы  тиіс.  Ашық  аспан  астындағы 
мұражайлардағы  экспонаттар  қимылсыз,  қозғалыссыз  тұрмай,  сол  дәуірдің  сарыны 
есетін,  мұражайға  келушілер  нәр  алатын,  рухани  қажеттілігін  өтеуге  мүмкіндік 
беретін ортаға айналуы тиіс деген қорытындыға келеміз.  

1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал