Республики казахстан


БӨКЕЙ, ШЫҒАЙ ТҰСЫНДАҒЫ ІШКІ ОРДАДАҒЫ САУДА-САТТЫҚ



жүктеу 5.14 Kb.
Pdf просмотр
бет41/44
Дата09.01.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44

 
БӨКЕЙ, ШЫҒАЙ ТҰСЫНДАҒЫ ІШКІ ОРДАДАҒЫ САУДА-САТТЫҚ: 
ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ КЕЗЕҢДЕРІ 
 
Аннотация.  Мақалада  Бөкей  Ордасындағы  сауда-саттық  ісіне,    сауданың 
дамуына, басқа мемлекеттермен сауда байланысына ғылыми талдау жасалған.   
Тірек сөздер: Сауда, жәрмеңке, сауда айналымы, айырбас сауда. 
 
1801  жылы  Бөкей  сұлтанның  басшылығымен  Еділ  мен  Жайық  аралығында 
құрылған  Бөкей  хандығының  территориялық-географиялық  орналасуына  келетін 
болсақ,  хандық  солтүстігінде  Самара  губерниясымен,  оңтүстігінде  Каспий 
жағалауымен,  батысында  Астрахан  губерниясымен,  шығысында  Жайықтың  оң 
жағалауымен  шектеседі.  Сондықтан  да    Бөкей  хандығының  территориялық 
орналасуы  Ресейдің  өндірістік  сауда  орталықтарына  жақын  әрі  қауіпсіз  еді.  Бөкей 
хандығындағы сауда саласы ең алғаш рет осы көрші мемлекет арқылы жүрді. 
Бөкей  Орда  территориясындағы  орыстар  мен  қазақтар  арасындағы  сауда 
байланысы қазақтар Жайықтың арғы бетіне көшпестен бұрын басталды. 1788 жылы 
Кавказ губернаторы Алексеев тәжірибе үшін  орыстар мен Астраханға жақын көшіп 
жүрген  қазақтар  арасындағы  сауданың  екі  орнын  белгіледі  [1,  90  б.],  бірақ  Бөкей 
Ордасы құрылғанға дейін бұл жерлерде сауда жасау тиімсіз әрі мағынасыз еді. Оның 
маңызы кейінірек артты. 
«Үкімет»,  –  дейді  М.  Иванин,  –  құмды  жерлерде  қазақтар  өсіретін  мал 
өнімдерінен  түсетін  пайдаға  қанағаттанды.  Бұл  орындар  1771  жылы  қалмақтардан 
кейін  бос  қалып,  Ресейге  ешқандай  пайда  әкелмеген  еді.  Алайда  осы  жерге  мал 
шаруашылығымен  айналысатын  көшпенді  халық  келгеннен  кейін  отырықшы  және 
көшпелілерге  бірдей  пайдалы  тауар  айырбасы  жүзеге  асты. Біздер  оларға  нан, мата 
және  т.б.  заттар  бердік.  Олар  мал,  жүн,  тері  және  әр  түрлі  мал  шаруашылығы 
өнімдерін сатты» [2, 74 б.]. 
Бөкей  Ордасында  алғашқы  жылдары  сауда  баяу  дамыды,  себебі  қазақтардың 
жиі көшіп-қонуы, нақты жолдың болмауы, орыстардың қазақ тілін білмеуі, тұрмыс-
тіршілігін  жетік  меңгермеуі  сауданың  өсуін  тежеп  отырды.  Көшпелі  қазақтардың 
көші-қон  тұрақтары  мен  мекендері  белгілі  болған  соң,  халықтың  өмірі  бір  қалыпқа 
келіп, сауданың дамуы күшейе түсті. 
Бөкей  Ордасындағы  сауданың  өсуі  Ресейдің  ішкі  нарығымен  тығыз 
байланыста  өрбіді.  Ол,  әсіресе,  Ресейдің 
өндіріс  капиталының  өсуіне  игі 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №1-2016ж.  
 
 
324 
ықпалын  тигізді.  Осыған  байланысты  Бөкей  Ордасындағы  сауданың  өсуі  20-шы 
жылдардан  бастап  айқын  байқала  бастады.  Кейін  Орда  жерінде  сауда  жасаудың 
пайдасы Ресей көпестерін одан әрі қызықтыра түсті. 
Алғашында  Бөкей  Ордасы  территориясында  нақты  сауда  орындары  болмаған 
еді. Сауда қазақ қоныстарының жанында және негізінен алғанда Орданың маңайында 
немесе  онымен  шекаралас  орыс  ауылдарында  жүргізілді.  Күзет  кордондары  мен 
форпостар  негізгі  сауда  орталықтарына  айналды.  Қазақтармен  сауда  жүргізуде 
алғашқы болып мол пайдаға кенелгендер – Орал казактары, төменгі шенділер, линия 
басшылары,  атамандар  болатын.  Көп  уақыт  өтпестен  саудагерлер  құрамы  ішкі 
губерниялардан  келген  әр  түрлі  шендегі  адамдармен  толықты.  Олардың  мұнда 
келуіне ықпал еткен, қызықтырған нәрсе – «көшпенділерден» түсетін зор пайда еді. 
Бұндай  келімсек  саудагерлердің  көпшілігі  қазақтарға  жақын  орналасқан  елді-
мекендерде біржолата қоныс теуіп, тұрақты тұрғындарға айналды. 
И.Ф.  Бларамберг  өз  еңбегінде  Бөкей  хандығындағы  қазақтардың  бастапқы 
сауда жүргізген орындары ретінде төмендегідей елді мекендерді келтіреді: 
1. Өзен шебінде және Глининский форпостында шенеуніктер мен орал әскери 
казактары  сауда  жүргізді.  Бұл  саудаға  басты  қатысушылар  жергілікті    шенеуніктер 
болатын.  Саудагерлер  Оралдан  тауарды  қолдан  арзанға  сатып  алып,    қазақтарға 
жоғарғы бағаға айырбастап отырды. 
2. Қысқы мезгілде сауда Орал шебінің төменгі бөлігіндегі Кулагин қамалынан 
бастап Гурьев қалашығына дейінгі аралықта жүргізілді, себебі қазақтар бұл уақытта 
осы жерлерді мекен ететін. 
3. Астрахан қаласына жақын жердегі Қалмақ базары. Бұл жерде қазақтар жыл 
сайын 50000-ға дейін қойларын айырбастайды. Әсіресе, малды хиуалықтардың қағаз 
бұйымдарына айырбастау ісі ерекше қызу өтетін. 
4. Татарлар мен армяндар Астраханнан Каспий теңізі арқылы сауда жүргізді. 
5. Камышиннен және Саратовтан тауармен келетін көпестер саудасын Эльтон 
өзенінің маңында жүргізетін. 
6.  Чертил  ауылында  жыл  сайын  1  қазанда  жәрмеңке  басталатын.  Бұл  жерде  
қазақтар өз малдарын астық, тары және т.б. өнім түрлеріне айырбастады. 
7. Шежін және Деркөл кордондарында да сауда жүргізілді. 
8.  Хан  ставкасы  маңында.  Бұл  жердегі  сауда  ісі  қалыптаса  бастаған 
болатын.Астық  пен  мал  айырбасы  әсіресе  қазан  және  қараша    айларында  (1825 
жылы) қызу жүрді [3, 18 б.]. 
Байқағанымыздай,  Ф.  Бларамберг  бөкейлік  қазақтардың  лауазымды 
шенеуніктер  мен  әскери  казактармен  арадағы  айырбас  саудасы  әркез  тең  емес 
жағдайда жүргізілгенін атап өткен. Яғни, расында да жергілікті қазақтар күнделікті 
тұрмыста  тұтынатын  заттарға  қатысты  айырбас  кезінде  ұтылып  қап  отырды. 
Айталық, Астрахан қаласы маңындағы Қалмақ базарында жасалған айырбас саудада 
хиуа көпестерінің қағаз бұйымдарына сұраныстың көп болғандығын, ал, қазақтардың 
өз  тауарларын  арзанға  сатуға  мәжбүр  болғанын  байқаймыз.  Бұған  себеп  – 
қазақтардың  қолындағы  басты  байлығы  мал  өнімдерінен  өзге  тауарлар  түрлеріне 
сұраныстың  аз  болуынан  деп  тұжырым  жасауға  болады.  Әрі  сауда  орындарының 
қашықта  орналасуы,  оған  қазақтардың  жетуі  малдың  сапасына  әсерін  тигізетін  еді. 
Түрлі  сылтауларды  айтқан  жат-жұрттық  саудагерлер  төрт  түліктің  бағасын  түсіруді 
ойластыратын. 
Бөкей  сұлтан  тұсында  бөкейлік  қазақтар  кундров  татарларымен  сауда 
жүргізген. Мысалы, 1803 жылы 23 желтоқсанда Краснояр төменгі земство сотының 
бөкей  қазақтары  мен  кундров  татарлары  арасындағы  сауда-саттықты  реттеу  туралы 
Астрахан азаматтық губернаторы князь Д.В. Тенишевке  баянхаты келіп түседі.  Бұл 
баянхатта  осы  жылдың  28  қарашасында  ауылдық  заседатель  Машин  Матиевке 
Хомутов  және  Сейітов  ауылдарына  келіп 
айырбас  сауда  жасайтын  Бөкей 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №1-2016ж.  
 
 
325 
сұлтанның  қарамағындағы  қазақтардың  кундров  татарларымен  арадағы  сауда 
мәселесін  реттеу  тапсырылғандығы  айтылады.  Осы  кезеңде  қазақтардың  кейбірі 
аталған  ауылдарда  болып,  айырбас  сауда  мерзімі  аяқталғанына  қарамастан 
жалғастыра  бергендігі  де  мәлімделеді.  Машин  Матиев  сол  жылдың  желтоқсанында 
кейін  оралып,  екі  жақтан  алынған  шаралар  жөніндегі  ведомостіні  соттың  назарына 
ұсынады.  Бұл баянхатта былай делінген: 
«Бізге  белгілі  болған  жәйт  бойынша,  кейбір  қазақтар  айырбас  жүргізілетін 
жерге келіп, әлі  де сауда жасауға мүдделі. Сондықтан, айырбас мерзімі өтіп кеткен 
соң,  олар  айырбас  сауда  жасауға  қаншалықты  құқылы  –  міне  осыны  анықтап 
берсеңіздер  екен.  Ол  анықталған  жағдайда  мынадай  тағы  бір  мәселе  бар.  Ол  Бөкей 
сұлтанның  қол  астындағы  қазақтарына  берген  рұқсат  қағаздарында  бір  ғана 
қожайынмен бірнеше белгісіз серіктерінің көрсетілуі. Алайда жолдастарының кімдер 
екені айтылмайды. Сондықтан ондай рұқсат қағаз алған қожайын, тіпті ханның өзіне 
де  белгісіз  жандарды  жолдас  қып  алуы  мүмкін.  Мұндай  жәйттер  айырбас  сауда 
кезінде  өз  зиянын  тигізуі  ықтимал.  Сол  себепті,  жоғарыда  айтылған  Бөкей  сұлтан 
беретін рұқсатнама қағаздарда тек қана сауда істеуші қожайынның ғана емес, келген 
жолдастарының  да  аты-жөні  түгел  жазылса  екен.  Бұл  үшін  осы  сотта  төмендегідей 
шешімдер  қабылданды  –  ауылдық  заседатель  Машин  Матиевтің  қазақтар  мен 
Кундров татарлары арасындағы айырбас саудасының барысы туралы ведомостісімен 
бірге  дәл  сондай  ведомості  толтырып,  сізге  баянхатпен  қоса  тапсыру  қажет.  Ал 
айырбас  сауда  желтоқсанның  ортасына  дейін  берілген  мерзім  аяқталғанына 
қарамастан  әрі  қарай  жалғаса  береді.  Бұл  жөнінде  сотқа  берілген  қандай  да  бір 
ерекше нұсқаулық жоқ. Жоғарыда аталған Матиевтің мәліметі бойынша, көрсетілген 
мерзім  мен  нұсқауға  қарамастан,  ауылдарға  келген  кейбір  қазақтар  айырбас  сауда 
істеуге мүдделі. Өзгелерінен де соны күтуге болады» [4, 2 п.]. 
Көріп отырғанымыздай, сол кездегі Ресейдің  жергілікті жерлердегі әкімшілігі 
қазақ  даласындағы сауда-саттықты толық бақылауда ұстауға мүдделі  болған. Бұдан 
анық аңғарылатыны – патша әкімшілігінің қай істе болмасын отаршылдық пиғылды 
ұстанғандығы.  Бұған  дәлел  желтоқсан  айының  орта  шеніне  дейін  жалғасатын 
айырбас  саудасының  мерзімі  өтіп  кеткеннен  кейін  де  қазақтардың  сауда  жасауға 
қатысты құқығы бар ма, жоқ па? Мәселені реттеуге міндеттелген Машин Матиев осы 
жәйтке  ерекше  назар  аударады.  Өйткені,  айырбас  сауда  арқылы  мол  пайда  табуға 
болатындығын  ол  жақсы  білген.  Екіншіден,  Бөкей  сұлтанның  тарапынан  берілген 
рұқсат қағаздарының тек өздеріне ғана тиімді болу жағына ерекше мән береді. Яғни, 
жәрмеңкеде сауда жасау құқығына қожайын ғана емес – оның жолдастарының да ие 
болуына  ауылдық  заседатель  сенімсіздік  танытқанын  аңғарамыз.  Сөйтіп,  айырбас 
саудаға зиянын тигізбеуі үшін тек қана сауда істеуші қожайынның ғана емес, келген 
жолдастарының  да  аты-жөні  түгел  жазылғанын  талап  етеді.  Бұдан  шығатын 
қорытынды  –  сол  кезеңдегі  қазақ  жерінде  жүргізілген  сауда-саттық  ісіне  қатысты 
патша  әкімшілігінің  біржақты  саясат  жүргізгенін  көреміз.  Десек  те,  Бөкей 
Ордасындағы сауда  ісі аталмыш кезеңде белгілі бір даму жолына түсе бастаған еді. 
Бұған дәлел – аталған құжаттан бөкейлік қазақтардың Кундров татарларымен Сеитов 
және  Хомутов  елді-мекенінде  айырбас  жасағандықтарын  және  жәрмеңке  мерзімі 
аяқталса  да,  айырбас  сауда  жүргізіле  бергенін  көреміз.  Бұл  іске  Бөкей  сұлтан  да 
мүдделі  болатын.  Айырбас  сауда  жасау  туралы  рұқсат  қағаздарын  бере  отырып  ол 
қазақтардың  күнделікті  тіршілігіне  қажетті  азық-түлік  пен  тұрмыстық  бұйымдарды 
еркін  сатып  алуына  жағдай  туғызуды  көздеді.    Ал,  бұл  рұқсат  қағазға  қатысты 
қажеттіліктің  туындауына  басты  себеп  –    патша  үкіметінің  Бөкей  Ордасымен 
шекаралас  аумақтарда  ұйымдастырылған  сауданы  үнемі  бақылауда  ұстап  отыруға 
тырысқандығынан еді. Рас, айырбас сауданың қазақтардың пайдасына шешілмейтіні 
үйреншікті  құбылыс  болатын.    Алайда,  сол  кездегі,  яғни  Бөкей  сұлтан  тұсындағы 
жағдайды  жан-жақты  зерделер  болсақ, 
сауда-саттықтың 
айырбас 
түрін 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №1-2016ж.  
 
 
326 
алмастырар басқа жолы  болмағанын көреміз. 
Бөкей сұлтан астық пен өзге де қажет өнім түрлерін Астрахан қаласынан сатып 
алып  отырған.  1813  жылы  13  маусымда  Бөкей  ханның  Астрахан  азаматтық 
губернаторы  С.С.  Андреевскийге  бөкейлік  қазақтар  үшін  ұн  және  басқа  да 
тауарларды  сатып  алу  мен  сыртқа  шығару  ісіне  қолдау  көрсету  туралы  жазған 
өтінішінде былай делінеді: «Мен өз төлеңгітім старшын Бармақ Мұратовты, онымен 
бірге  ағасы  Тұяқты  бірнеше  мың  рубль  ақша  беріп  Астрахан  қаласына  мың  бума 
бидай  ұнын,  бес  жүз  бума  қара  бидай  ұнын  және  басқа  да  тауарларды  сатып  алуға 
жібердім,  оның  бәрін  біздің  қырғыз-қайсақ  халқының  қыстайтын  жеріне  жеткізіп, 
оларға сатуды тапсырдым. 
Осы жағдайда сізден зор ілтипатпен сұрайтыным, менің жіберген шаруаларым 
– старшын Бармақ Мұратов пен ағасы Тұяққа жоғарыда айтылған ұн мен тауарларды 
Бакиев  кордоны  тұсындағы  біздің  қыстаққа  алып  келуге  рұқсат  беруіңізді,  сіздің 
мәртебеңізден тиісті адамдарды бұйрықсыз қалдырмауыңызды сұраймын» [5, 3 п.]. 
Мұрағат  құжатынан  көретініміздей,  Бөкей  сұлтанның  өз  қоластындағы 
қазақтарға қажетті тауарларды сатып алуына қолайлы жағдай жасауға тырысқандығы 
байқалады.  Айталық, астық және өзге де тауаларлар түрлерін өз старшыны арқылы 
Астраханнан алдырып, қыстақтарға жеткізіп отырған. Көңіл аударарлық тағы бір тұс 
–  қажетті өнімдерді жеткізу және оны сатуды ұйымдастыру  ісіне жауапкершілікпен 
қарап, Астрахан азаматтық губернаторына өзі тікелей өтінішпен шыққандығы. 
Сонымен  қатар,  Бөкей  сұлтан  өз  қарауындағы  татар  Өмір  Жұмағалиевті  де 
Астрахан қаласына астық сатып әкелу үшін жіберіп отырған [5, 4 п.]. 
Бөкей  ханның  тұсында  орыс  саудагерлері  Саратов,  Нижний  Новгород, 
Царицын,  Астрахан,  Тверь  жерлерінен  келіп  мал  сатып  алып  отырған.  1814  жылы 
орыс саудагерлері  40  мың жылқы, 16 мың ірі  қара мал, 300 мыңдай қой және ешкі 
сатып алған [6, 55 б.]. 
Ал  Шығайдың    тұсында  Қалмақ  базарында  бөкейлік  қазақтар  өздерінің  мал 
және  оның  өнімдерін  өзге  тауарларға  айырбастап  отырған.  1820  жылы  28  қаңтарда 
Шығай  сұлтан  Астрахан  азаматтық  губернаторы  И.Я.  Бухаринге  татар  Мұстафа 
Бековты қазақтардың осы Қалмақ базарындағы өкілі етіп тағайындау туралы ұсыныс 
білдіреді.  Онда:  «Азия  халықтарынан  бұған  дейін  түскен  өтініштері  бойынша  мен 
Астрахан  уезінің  Саян  мекенінің  татары  Мұстафа  Бековке  қазақтардың  басқа 
халықтармен мал айырбастауы кезінде Қалмақ базарында 28 қаңтардан алдағы 1821 
жылдың 1 қаңтарына дейін қазақтар жағынан бақылаушы болуды тапсырғанмын. Ал 
татар Мұстафа Беков Астрахан азаматтық үкіметінің қарамағында болғандықтан, мен 
сізден  және  Астрахан  земстволық  сотынан  қазақтар  мен  Ресей  халқы  арасында  мал 
сату  немесе  айырбастау  кезінде  тәртіп  сақтау  үшін  Бековті  сол  Қалмақ  базарында  
болуға  тиісті  жылдық  мерзім  ішінде  ешқайда  қоғамдық  тапсырмамен  жібермеуді 
өтініп сұраймын» [7, 5 п.]. 
Бұл  құжаттан  көріп  тұрғанымыздай,  Шығай  сұлтанның  Қалмақ  базарында 
Бековті  өкіл  ретінде  тағайындауының  басты  мақсаты  айқын:  бір  жағынан, 
бөкейліктермен  арадағы  айырбас  саудадағы  жалпы  тәртіпті  қадағалау  ісі  –  уақыт 
тудырған  қажеттіліктердің  бірі  болатын,  екінші  жағынан,  хат  танымайтын  далалық 
қарапайым  қазақтардың  саудадағы  құқықтық  мүдделерінің  аяқасты  болмауын 
қамтамасыз ету де – сұлтан көздеген мақсаттың бірі еді. 
Осындай  сауда  саласының  дамуымен  бірге  қатарласа  туындайтын  көптеген 
ұйымдастыру шараларының бірі – жаңадан ашылып жатқан базарлардағы сауда ісін 
қадағалап, оны өз деңгейінде жүргізу еді. Осыған байланысты қазақ даласында сауда 
саласына қатысты бодончей атты лауазым түрі де пайда болған болатын. 
1823  жылдың  22  наурызында  Азаматтық  губернатор  губерниялық  басқарма 
мәжілісінде  Ішкі  Қазақ  Ордасының  сұлтаны  Шығай  Нұралыханов  Қалмақ 
базарындағы 
бодончей 
лауазымына 
Солянск  селосының  татары  Рамазан 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №1-2016ж.  
 
 
327 
Арсапаевты  сауда  істерін  атқаруға  тағайындағандығы  туралы  қатынас  қағазын 
таныстырып, губерниялық басқармаға осы мәселе бойынша қажетті өкім шығаруды 
ұсынады. 
Губерниялық  басқарма  бұл  ұсыныс  бойынша  сол  жылдың  31  наурызында 
шығарған қаулысында былай деп шешеді:  қазіргі  қазақтар атынан Қалмақ базарына 
бодончей  лауазымына  ұсынылып,  сайланғалы  отырған  Солянск  селосының  татары 
Рамазан  Арсапаев  бұрынғы  бодончей,  қазақ  старшыны  Жұманазар  Ярлыкаповтың 
орнына  сайланғалы  тұрғандықтан,  губерниялық  басқарма  Арсапаевты  бодончей 
лауазымына  бекітуге  кіріспей  тұрып,  бұл  лауазымда  болған  Ярлыкапов  старшын 
кімнің  және  қашан  берілген  рұқсаты  бойынша  осы  қызметті  атқарды  және  қандай 
себептермен оның орнына қазақтардың арасынан емес, Юртов татары сайланып отыр 
–  міне  бұл  сұрақтарға  жауап  алу  қажет.  Бұл  туралы  мәлімет  жинау  және  оны 
губерниялық  басқармаға  жеткізу  жергілікті  қызметкері  А.  Краснокутскийге 
жүктеледі [8, 33 п.]. 
Ал Краснояр жергілікті қызметкері  А. Краснокутский Кіші Қазақ Ордасының 
сұлтаны Шығай Нұралыхановпен аталған жағдай туралы сұхбаттасқан соң, мынадай 
мәлімет  алады:  «старшын  Ж.  Ярлыкапов  бодончей  лауазымында  оның  (яғни 
сұлтанның)  рұқсаты  және  азаматтық  губернатор  мырзаның  бекітуімен  қызмет 
атқарды.  Ал  қазір  ол  бодончей  лауазымынан  Ордалық  комиссияның  кейбір 
талаптарына  байланысты  босатылды.  Оның  орнына  Юртов  татары  Рамазан 
Арсапаевтың тағайындалуының себебі – бұл лауазымда бола алатын старшындардың 
барлығы  да  Шығайдың  ставкасындағы  Ордалық  комиссия  жұмысына  қажет  еді. 
Өзгелері Ресей заңдарын білмегендіктен, бұл лауазымды атқара алмайды. 
Сол себепті губерниялық басқарма сол 1823 жылдың 21 шілдесінде губернатор 
кеңесіне сұраныс жіберіп, старшын Ярлыкаповтың Қалмақ базарында сауда істерінің 
бодончейі 
ретінде 
расында 
да 
азаматтық 
губернатордың 
бекітуімен 
тағайындалғандығы туралы мәлімет талап етті» [8, 35 п.]. 
Ал губерниялық басқарма  Астрахан жергілікті  сотына 27 қыркүйекте жарлық 
жіберіп,  бұрын-соңды  қазақтар  арасынан  Қалмақ  базарында  бодончей  болған  біреу 
бар-жоқтығын анықтап, бодончейдің міндетіне не жататындығын, оның лауазымдық 
қызметке  кімнің  бекітуімен  жіберілгендігін  анықтап,  мәлімдеуді  тапсырады.  Осы 
тапсырмаға  жауап  ретінде  Астрахан  жергілікті  соты  былай  деп  мәлімдейді: 
қазақтардың  үстінен  қарайтын  бодончейдің  міндеті  мынадай  –  осы  халық  пен  өзге 
ұлт  өкілдерінің  арасында  дау-жанжал  туындай  қалған  жағдайда,  бодончей  бұл 
жанжалға  араласып,  өз  күшімен  тараптарды  татуластырады.  Татуластыра  алмаған 
жағдайда,  ол  бұл  туралы  басшылыққа  жеткізуі  қажет.  Сонымен  қатар,  ол  қазақтар 
сатқан  малдың  дәл  санағын  жүргізіп,  бұл  туралы  сұлтан  Шығай  Нұралыхановқа 
мәлімдеп  отыруы  тиіс.  Шығай  Нұралыханов  Солянск  селосының  татары  Рамазан 
Арсапаевты  бодончейлікке  тағайындай  отырып,  Арсапаевқа  ханның  өз  тарапынан 
берген  сенімхатты  көрсетеді,  бұған  қоса  ханның  азаматтық  губернатор  мырзаға 
Арсапаевты  бодончей  лауазымына  бекіту  жөнінде  өтініш  жасағанын  айта  кетеді                 
[8, 36 п.]. 
Сөйтіп,  Қалмақ  базарында  Бөкей  Ордасы  қазақтарының  арасынан  бір  адам 
бодончей лауазымына сайланған. Бұл бодончей лауазымына лайықты адамды Шығай 
сұлтан  өзі  тағайындаған.    Ол  адам    Қалмақ  базарында  әр  түрлі  ұлт  өкілдері 
арасындағы  дау-дамай  сияқты  жағдайларды  шешуге  қатысқан.  Сонымен  бірге, 
қазақтар сатқан малдың санын Шығай сұлтанға мәлімдеп отырған. 
Бөкейлік  қазақтардың  сауда  жүргізген  орындарының  тағы  бірі  –    Эльтон 
көлінің  маңы.  Шығай  сұлтанның  Орынбор  губернаторына  жазған  хатында  былай 
делінеді:  «Эльтон  маңында  15  тамыз  бен  15  қыркүйек  аралығында  жұмыс  істейтін 
жәрмеңкенің  ашылуына  байланысты,  осы  жәрмеңкеге  мал,  тері,  жүн  сатып,  астық 
алуға  менің  қарамағымдағы  қазақтар  да 
келетін 
болғандықтан, 
мен 
өз 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №1-2016ж.  
 
 
328 
тарапымнан жәрмеңкеге өз қарамағымдағы аудармашы молданы жібердім (Мұзафар 
Юсупов).  Сізден  өз  тарапыңыздан  нұсқау  беріп,  менің  қарамағымдағы  қазақтарға 
қамқор болуыңызды өтінемін» [9, 8 п.]. 
 
Көп  уақыт  өтпей Орданың өз ішінде де  саудагерлер мен көпестер пайда бола 
бастады. Әсіресе, «тасымал саудасы» жоғары дамыды. В.Ф. Шахматов  өз еңбегінде 
тасымал  саудасы  туралы  былай  дейді:  «Бастапқы  жылдары  Бөкей  Ордасының 
территориясында нақты сауда орындары болған жоқ. Орыс көпестері Орданы аралап, 
өзінің тауарларын мал және оның өнімдері: жүн, тері, тағы басқа шикізат өнімдеріне 
айырбастап  отырды.  Бұл  тасымал  саудасымен  орыс  көпестері  ғана  емес,  сонымен 
қатар  қазан  татарлары  мен  жергілікті  байлар  да  айналысты.  Көптеген  байлар  орыс 
көпестерінен  тауарды  комиссияға  алып  Орданы  аралап,  қазақтарға  жоғары  бағамен 
сатып отырды» [10, 70 б.]. 
Т.Ж.  Шойынбаев  өз  еңбегінде:  «Бөкей  Ордасы  құрылғаннан  кейін  Ордада 
тасымал  саудасы  пайда  болды.  Астрахан,  Саратов,  Самара  қалаларынан  көпестер 
Ордаға  тауарларымен  келіп,  жайылымдарды  аралап,  қазақтармен  айырбас  жасап 
отырды», –   деп жазады [11, 81 б.]. 
Ал  Е.  Бекмаханов:  «Сауда-саттық  Ресей  мен  Бөкей  Ордасының  көпестері 
арасында  ғана  емес,  сонымен  қатар  Орданың  өз  ішінде  де  жүрді.  Бұл  жерде 
орыстардан  басқа  да  жергілікті  көпестер  және  байлар  сауда-саттықпен  айналысты. 
Жергілікті саудагерлердің бір бөлігі өз  істерін дербес, өз алдына жеке, ал бір бөлігі 
орыс көпестері арқылы жүргізді. Ордада 1832 жылға дейін тасымал саудасы кең етек 
алды.  Сауда,  негізінен,    айырбас  түрінде  жүрді.  Тек  ауқатты  қазақтар  ғана  тауарды 
ақшаға сатып ала алды. Алыс жерден келген саудагерлер Орданы аралап, тауарларын 
сатып, қомақты байлық жинады», – деген дерек келтіреді [12, 74 б.]. 
Бөкей  Ордасында  тасымал  саудасының  тез  қарқынмен  дамығандығын  айтып 
өткен абзал. Ұсақ саудагерлер  –  орал казактары, татарлар, хиуалықтар  және өзге де 
саудагерлер  сауда  мен  айырбас  ісін  Ордада  ханнан  рұқсат  алып  жүргізді.  Олар, 
негізінен,  сапасыз,  арзан  тауарлармен  шұғылданып,    «жат  жерліктермен»  саудаға 
арнайылап  Ресей  фабрикаларында  дайындалатын  сапасы  сын  көтермейтін 
мануфактура өнімдерін тасыды және осы «шірінділерін» қазақтардың малына, терісі 
мен жүніне айырбастаумен болды. 
Тауар  айырбасының  ықпалымен  қазақтар  саудаға  өздері  де  ұмтыла  бастады. 
Көптеген  қазақтар  орыстарға  жұмысқа  жалдана  отырып,  орысша  сөйлеуді  меңгеріп 
алған-тын.  Саудагерлер  болса  мұны  да  өз  пайдасына  жарата  білді.  Жалданбалы 
жұмысшылар  қатарынан  шыққан  қазақ  саудагерлері  жайында  Г.Ф.  Генс  былай  деп 
жазған еді: 
«Бұл  жұмысшыларды  (жұмысшы  қазақтарды)  қожайындары  айырбас 
саудасында  пайдаланды  және олардың  кейбірі  соңғысының  сенімдеріне  әбден  кіріп 
алды.  Ауылдарды  аралап,  өз  руластарына  айырбастау  үшін  оларға  тауарлар  сеніп 
тапсырылды, ал көпшілігі жеке өз есебі үшін сауда жасады» [13, 285 б.]. 
Бұл  ұсақ  саудагерлер  даланы  кезіп  жүріп,  қысқа  уақыт  ішінде  өздеріне 
жететіндей  мол  дүние-мүлік  жинап  алды.  Ол  жайында  Г.Ф.  Генс  тағы  бір  өз 
жазбасында  былайша  мәлімдейді:  «Көктемге  қарай  көбіне  ұсақ-түйек  заттардан 
тұратын  тауарларды  жылқыларға  теңгеріп,  көптеген  керуендер  линиялардан  жолға 
шығады.  Қазақ  тауарларының  капиталы  небәрі  20  сомды  құрайды...  Бұл  түсінікті, 
себебі бұл ұсақ саудадан түсетін пайда әдетте 100-ге 100-ден тең келеді» [13, 287 б.]. 
Кейбір  қазақтар  саудаға  тартылып,  көпестер,  саудагерлер  мен  тұтынушылар 
арасында  делдалдық  қызмет  атқарды.  Бұл  жайында  Г.Ф.  Генс  өз  жазбасында: 
«Осындай  сауда  ісінде  олар  орыс  көпестері  мен  тауар  тұтынушылар  арасындағы 
делдалға  айнала  бастады.  Алайда  олар  біздің  тауарымыздың  түсімін  арттырып, 
бұрын-соңды 
далалық 
өңірге 
шығарылмаған 
тауарлардың 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №1-2016ж.  
 
 
329 
өткізілуіне  жол  ашты»,  –  деген  еді  [13,  289  б.].  Бұдан  кейін  қазақтардың  арасынан 
дербес, өз бетінше сауда жүргізе  алатын саудагерлер де  шыға бастады. 
Қазақ байлары, казак атамандары, коменданттар, шенеуніктер, дворян өкілдері 
қазақтармен  сауда  жасау  арқылы  байлыққа  шаш-етектен  кенелді.  Олар  аштық 
жылдарында,  ауыр,  қатаң  қыс  кездерінде  тиын-тебенге  әбден  арықтаған  қазақ 
малдарын  сатып  алып,  кейін  оларды  қайта  сатып  көп  пайда  тапты.  Орыс  көпестері 
Ордаға  өз  сауда  керуендерін  жиі  жіберіп  тұрды.  Олар  өздерімен  бірге 
приказчиктерін,  татар  аудармашыларын  алып жүрді  және  өз  тауарларын  қазақтарға 
өте қымбат бағаға беріп отырды. 
Бөкей  Ордасы  мен  Ресей  арасындағы  сауда  туралы  Е.  Бекмаханов  өз   
еңбегінде:  «XIX  ғасырдың  20-30  жылдары  Бөкей  Ордасының  Ресеймен  сауда 
байланысы  күшейе  түсті.  Патша  үкіметі  Бөкей  Ордасын  арзан  шикізат  көзіне 
айналдырды.  Бөкей  Ордасынан  мал  және  оның  өнімдері  тасылды.  Сауда 
айналымында  қой  малы  бірінші  орынға  шықты.  Жыл  сайын  қазақтар  300  мыңнан 
астам  қой  малын  1800  мың  сомға  сатты.  Сонымен  қатар,  саудада    жылқы  малы 
маңызды орын алды», –  деген мәлімет береді [12, 73 б.]. Ал, А. Еврейнов: «Қазақтар 
саудада Ресейге мал және оның өнімдері: тері, жүн, түйе жүнін, ешкі түбітін және аң 
терісін шығарды», –  деп тұжырымдайды [14, 80 б.]. 
К.А.  Фукс:  «Жыл  сайын  Ресей  саудагерлері  Бөкей  Ордасындағы  қазақтардан 
300000-нан астам қоян мен борсық терісін айырбастап алады. Ал Ресей саудагерлері  
бұл айырбаста  қазақтарға орамал, мата, қағаз және жібек тауары,  басқа да әр түрлі 
ұсақ-түйек заттарды  береді. Сонымен қатар, қазақтардан көп мөлшерде шөптік дәрі-
дәрмек  сатып  алады.  Қазан  губерниясынан  2000-нан  астам  татарлар  жыл  сайын 
далалық аймаққа сауда жасауға келеді», – деп жазады [15, 16 б.]. 
Қорыта айтсақ, XIX ғасырдың алғашқы жылдарында Бөкей хандығында нақты 
сауда  орындарының  болмағандығына  көз  жеткіземіз.  Сауда  тек  Бөкей  Ордасына 
жақын  шекаралас  форпостарда,  қарауыл  кордондарында  жүргізілді.  Бөкейлік 
қазақтар Сеитов және Хомутов елді мекендерінде және Астрахан, Қалмақ базарында, 
Эльтон  маңында  орал  казактарымен,  орыстармен,  татарлармен  айырбас  саудасын 
жүргізді.  Айырбас  саудада  қазақтардың  қолындағы  басты  тауары  –  мал  және  оның 
өнімдерінің  құны  әркез  арзанға  бағаланған  деп  ой  қорытуға  негіз  бар.  Бөкей 
Ордасында  1832  жылға  дейін  тасымал  саудасы  дамыды.  Көптеген  орыс,  татар 
көпестері  Орданы  аралап,  өз  тауарларын  айырбастап  отырды.  Сонымен  бірге, 
қазақтар саудагерлер мен тұтынушылар арасында делдал бола жүріп, сауданың қыр-
сырын  меңгеріп,  ақыр  аяғында  олардың  ішінен  өз  алдына  сауда  жүргізетін  қазақ 
саудагерлері  шыға  бастады.  Бөкей  Ордасындағы  сауда  негізінен  айырбас  түрінде 
жүрді. 
Әдебиеттер: 
1.
 
Аспандияров  Б.  Образование  Букеевской  Орды  и  ее  ликвидация.  – 
Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2007. – 290 с. 
2.
 
Иванин М. Внутренняя или Букеевская киргизская Орда // Эпоха. – 1864. –  
№12. – С. 5-15. 
3.
 
Бларамберг  И.Ф.  Военно-статистическое  обозрение  земли  киргиз- 
кайсаков Внутренней (Букеевской) Орды и Зауральской (малой) Орды Оренбургского 
ведомства  //  Военно-статистическое  обозрение  Российской  империи.  Ч.  3.  –  СПб., 
1848.– 20 с. 
4.
 
РФ АОММ, 1-қор, 1-тізбе, 2424-іс. 
5.
 
РФ АОММ, 1-қор, 3-тізбе, 986-іс. 
6.
 
Мәшімбаев С. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. – Алматы: Санат, 
1994. – 220 б. 
7.
 
ҚРОММ, 78-қор, 1-тізбе, 7-іс. 
8.
 
ҚРОММ, 78-қор, 1-тізбе, 9-іс. 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №1-2016ж.  
 
 
330 
9.
 
РФ АОММ, 1-қор, 5- тізбе, 997-іс. 
10.
 
Шахматов  В.Ф.  Внутренняя  Орда  и  восстание  Исатая  Тайманова.  – 
Алма–Ата: Изд-во Ан Каз ССР, 1946. – 253 с. 
11.
 
Шойынбаев  Т.Ж.    Добровольное  вхождение  казахских  земель  в  состав 
России. – Алма-Ата: Казахстан, 1971. –  279 с. 
12.
 
Бекмаханов Е. Присоединение Казахстана к России. – М.: Изд-во АНССР, 
1957. –  339 с. 
13.
 
Рязанов  А.Ф.  Сорок  лет  борьбы  за  национальную  независимость 
казахского  народа  (1794-1838)  //  Труды  общества  изучения  Казахстана,  отдел 
истории и этнографии.  - Кызыл-Орда, 1926. – Т.7. – 292 с. 
14.
 
Еврейнов  А.  Внутренняя  или  Букеевская  киргиз-казачья  Орда  // 
Современник. – 1851. – № 10. – С. 49-96. 
15.
 
Фукс К.А. Пребывание в Казани киргизского хана Джаньгиря // Казанский 
вестник. – 1826. – Ч.8.  № 10.  
 
Дюсенгалиева М.Г. 
Торговля во Внуренней орде при Бокее и Шигае: формирование и периоды 
В этой статье указано развитие торгового дела Букеевской Орды и торговые 
взаимоотношения  с  другими  странами.  Даны  ценные  сведения  о  переходе  товаро-
денежных отношений на новой уровень Внутренней Орды. 
Ключевые слова: Торговля, ярмарка, торговый оборот, меновая торговля 
 
Dyusengaliyeva M.G. 
The trade at the time of Shigai and Bokei Orda: the development and stages 
In  this  article  pointed  out  the  development  of  trade  of  Buckeys  Horde    and  trade 
cooperation  with  other  countries.  It  is  given  the  valuable  information  about  transition  to 
the new level of goods-money relations of Inner Horde. 
Keywords: Trade, fair, commerce rotation, an exchange trade. 
 
*** 
 
ӘОЖ: 372.9 584 5 
Алдабергенова М.К. – Қ.А. Ясауи атындағы  
Халықаралық қазақ-түрік университетініңи PhD докторанты  
 Е-mail: mol-nur_an@mail.ru 
 

жүктеу 5.14 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет