Республики казахстан


«ҚОҒАМЫМЫЗДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІРЛІК, БЕЙБІТШІЛІК ПЕН



жүктеу 5.14 Kb.
Pdf просмотр
бет40/44
Дата09.01.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44

«ҚОҒАМЫМЫЗДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІРЛІК, БЕЙБІТШІЛІК ПЕН 
КЕЛІСІМ» ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ 
 
Аннотация. Мақалада «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының қалыптасуына негіз 
болған  ғылыми  ойлар  мен  іске  асқан 
реформалық 
өзгерістердің 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №1-2016ж.  
 
 
317 
тәжірибелері  сарапталады.  Осы  ұлттық  идеяда  тұжырымдалған  «қоғамдағы 
ұлттық  бірлік,  бейбітшілік  пен  келісім»  құндылығының  тарих  философиясы 
методологиясына  сай  ғылыми  негізделуі  қарастырылады.  Құндылықтардың 
жүйеленуі  мен  жіктелуі  және  оның  қоғамдағы  реттеушілік,  жұмылдырушылық 
қызметі  жайлы  философиялық  ой-тұжырымдар  талданады.  Сонымен  бірге 
ұлттық  идеяда  тұжырымдалған  құндылықтар  жүйесін  бәсекеге  қабілетті  кәсіби 
мамандар  дайындауда  тарих  философиясының  әдіс-тәсілдерін  қолдануға 
байланысты ұсыныстар жасалады. 
Тірек  сөздер:  «Мәңгілік Ел»  ұлттық  идеясы, ұлттық  бірлік,  бейбітшілік  пен 
келісім, құндылықтардың жүйеленуі, тарих философиясы, дәстүрлі тарихи ой.  
 
Тәуелсіздігіміздің  ширек  ғасырға  толған  тарихи  қысқа  мерзімінде  еліміз 
ғасырлардың  жүгін  арқалаған  толағай  табыстарға  қол  жеткізді.  Қоғамдық-саяси, 
әлеуметтік экономикалық саладағы реформалық өзгерістер Қазақстан Республикасын 
демократиялы,  зайырлы  және  адамзаттық  құндылықтарды  ұлықтаған  ел  ретінде 
әлемдік қауымдастықтың алдыңғы легіне шығарды. Осындай табыстарға жету бүкіл 
қоғамды ұлттық идеяларға тас түйін жұмылдыра алудың нәтижесі еді. 
 
Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  «Ұлттық  идея  ол  ең  алдымен  өзінің  ұлттық 
тұтастығын  айқын  түсінуге  негізделеді.  Ұлттық  идея  қоғамның  өз  ішінде  пісіп-
жетіледі.  Онда  сырттан  таңылған  сипат  болмайды.  Ұлттық  идея  идеология 
жәдігөйлерінің  ашқан  жаңалығы  емес,  миллиондаған  адамдардың  өздерінің  ұлттық 
міндеттерін  түсінуінің  жемісі  болып  табылады.  Ұлттық  идеяны  қалыптастыруымыз 
өзіміздің төл тарихымызды жаңаша ұғыну негізінде ғана мүмкін болмақ» [1, 296 б.] 
деп ұлттық идеяның мәні мен мазмұнын ашып көрсеткен еді.  
Ғаламдастыру  жағдайындағы  интеграциялық  процестер  еліміздің  алдына 
дамудың  жаңа  мүмкіндіктеріне  жол  ашты,  соған  сай  жаңа  ұлттық  идеялар  негіздеу 
міндеті  туындады.  Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы 
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында «Біз ұлттың тарихи 
санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек. ... Біз болашаққа көз тігіп, 
тәуелсіз  елімізді  «Мәңгілік  Ел»  етуді  мұрат  қылдық  ...»  [2]  деп  алғаш  рет 
ғаламдастыру  жағдайда  мемлекетіміздің  алдында  тұрған  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық 
идеясының  ғылыми  тұжырымын    ұсынды.  Қазіргі  кезде  уақыт  сынынан  өткен 
қазақстандық  жолдың  тәжірибесі  негізінде  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясының 
мынадай  жеті  құндылығы  айқындалып  отыр:  Қазақстанның  тәуелсіздігі  және 
Астанасы;  қоғамымыздағы  ұлттық  бірлік,  бейбітшілік  пен  келісім;  зайырлы  қоғам 
және  жоғары  руханият;  индустрияландыру  мен  инновацияларға  негізделген 
экономикалық  өсім;  Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамы;  тарихтың,  мәдениет  пен  тілдің 
ортақтығы;  еліміздің  ұлттық  қауіпсіздігі  және  бүкіләлемдік,  өңірлік  мәселелерді 
шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы [2]. Бұл құндылықтар қоғамның тірегі ретінде 
болашақ  ұрпақты  тұлғаландыратын  педагог  мамандардың  бәсекеге  қабілетті  кәсіби 
біліктілігін  арттырудағытанымдық-тәрбиелік  қызметінде  басшылыққа  алына 
бастады.  Өйткені, кез келген қоғам мен мәдениет  өзіндік құндылықтар жүйесіне ие 
және  ол  жүйе  қоғамның,  мемлекеттің  бірегейлігін,  тұрақтылығын,  өзіндік  даму 
жолын  көрсетеді.  Елбасының  бұл  тұжырымдары  құндылықтар  жүйесі  белгілі  бір 
тәртіпке 
негізделіп 
қорғалады 
және 
қоғам 
мен 
мемлекет 
тарапынан 
қуатталатындығын танытады. 
Қазіргі  заманғы  тарих  –  барынша  интеграцияланған  ғылым  боғандықтан  да 
көптеген  арнайы  салаға  бөлінетін  тарих  ғылымының  өзегін  тарих  философиясы 
құрайды.  Тарих  философиясы  тарих  ғылымын  ғылыми  зерттеу  тәсілдерімен  бірге, 
мәдени-рухани құндылықтар жүйесімен, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды, тарихи 
тұлғалардың  қызметін  бағалаудың  әлемдік  ғылым  мойындаған  зерттеу  тәсілдерімен 
және  өлшемдерімен  қаруландырады.  Ең 
бастысы,  тарих  философиясы  тарих 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №1-2016ж.  
 
 
318 
ғылымындағы ұлттық, мемлекеттік мүддеге айқындық береді, оның саяси, әлеуметтік 
қызметтерінің мақсаттары мен міндеттерін айқындайды.   
 
Тарих  философиясы  өз  функциясына  сай  өткен  өмір  туралы  білімімізді 
жалпылап,  қазір  және  болашақта  қалай  әрекет  етіп,  өмір  сүретіндігімізді 
үйрететіндіктен тарих пен қоғамдық өмірді танудың тәсілдерімен тығыз байланысты 
болып  келеді.  Сондықтан  отан  тарихындағы  әртүрлі  кезеңдерде  өмір  сүрген 
философтардың, тарихшылардың, заңгерлердің, саясаткерлердің ұлттық тарихи ойды 
қалыптастырушы  және  дамытушы  ретіндегі  тарих  ғылымына  қатысты  теориялық-
методологиялық  тұжырымдары  тарихтан  сабақ  алу,  оны  нақты  іс-әрекет  өзегіне 
айналдыруғы қызмет етеді. 
Тарихи  дәйекті  өз  дәуірінің  көзқарасы  тұрғысында  қалпына  келтіреді.  Осы 
тұрғыдан  алып  қарастырғанда  ол  екі  уақыттық  өлшемде  әрекет  жасайды. 
Тарихшылар  ақиқатқа  барынша  жақындауға  ұмтылып,  оқиға  болмысының  шын 
мәнінде қалай болғандығын қалпына келтіреді. Бірақ тарихи қалпына келтіру белгілі 
бір  көзқарас және ғылыми тәсілді игерген сол кезеңнің тарихшыларына да, қоғамға 
да өткен күннің  көрінісі ғана болады. Осы жағынан тарихи таным белгілі  дәрежеде 
қоғамдық  сананының  да  деңгейін  танытады.  Осылайша  өткен  дәуірдің  құпиясына 
үңілген тарих ғылымы қазіргі заманғы мәселелерді шешуге де қатысады. 
Тарих  философиясының  ұстанатын  осындай  қағидаларын  отан  тарихының 
мазмұнын  талдауға  қолданар  болсақ,  жалпыадамзаттық  қоғамдағы  қазақ  ұлтының, 
қазақ  ұлттық  мемлекеттілігі  тарихының  толық  бейнесі  көз  алдымызға  тартылады 
және ғылыми зерттеулерде қазақ қоғамының әлемдік өркениеттегі орнын анықтауға 
жақындай түсер едік. Осындай ізденістер арқылы мемлекеттік бағдарламаға ұласқан 
«Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтар жүйесі айқындала түседі.  
Осыған  байланысты  қазіргі  қазақ  қоғамының  әлеуметтік  даму  процесінің 
мәнін,  болашақтағы  бағытын  түсінуде  «құндылықтар»,  «құндылықтық  жүйелер», 
«құндылықтық бағдарлану» ұғымдарының мазмұнын, олардың трансформациялануы 
мен  іске  асу  тетіктерін  және  қалыптасуы  мен  дамуына  ықпал  етуші  факторларды 
айқындап  алу  маңызды.  Өйткені,  мемлекет  дамуының  болашақ  бағыттарын 
анықтауда  ұлттық  құндылықтардың  қызметі  мен  ролін,  ғылыми  негізде  жүйелеудің 
маңызы зор. 
Құндылықтар, құндылықтық бағдарлар мен олардың жүйесі жалпы қоғамның 
жағдайын  және  жеке  тұлғаның  сипаттамасын  айқындайды.  Әлемдік  деңгейдегі 
өзгерістер, қоғамның саяси-әлеуметтік құрылымы мен құндылықтар жүйесінің қайта 
бағдарлануын танудың маңыздылығы ғылыми қызығушылықты арттырды. Еліміздің 
болашақ бағытын танытатын «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын ұстанған қазақстандық 
даму жолына тиімді жағдай жасау үшін негізгі құндылығының бірі «Қоғамымыздағы 
ұлттық  бірлік,  бейбітшілік  пен  келісім»  деп  айқындалуы  және  тұжырымдалуы  оны 
халықтық ұстанымға айналдыру тетіктерін іздеу қажеттілігі туындап отыр. 
Құндылық  ұғымы  әлеуметтік-гуманитарлық  ғылымдар  концепцияларының 
құрылымын  құрайтын  сапа  ретінде  кірігеді.  Сонымен  қатар,  бұл  ұғым  ғылыми 
әдебиетте  қолданылуымен  бірге,  күнделікті  өмір  жағдайында  да  әртүрлі  мағынада 
көрініс  тапқан.  Оған  біржақты  мағына  беру  жеткіліксіз,  «абырой»,  «еңбек», 
«қызмет»,  «игілік»,  «құн»  ұғымдарымен  қатар  синонимдік  қолданылыстар 
қатарының 
молдығы 
бұл 
құндылықтың 
танымдық-тәрбиелік 
және 
жасампаздыққызметінің аясын кеңейте түседі. 
«Құндылық»  феноменін  анықтауға  ерте  кезеңнен-ақүлкен  қызығушылық 
болғанын  аңғарамыз.  Айталық,  Платон  игілік  туралы  ілімінде  олардың  иерахиясын 
жасап, антикалық қоғамдағы бейбіт өмір құрылысы және идеалды мемлекет моделін 
құруға  талпыныс  жасайды.  Бұл  үрдіс  ортағасырлық  түркі  ойшылы  Әл-Фарабиде  де 
тұжырымдалады.  Ол  адамдардың  түпкі 
мақсаты бақытқа жету, ал оған білім 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №1-2016ж.  
 
 
319 
мен  игіліктің  нәтижесінде  жетуге  болады  дей  келе,  осы  жолда  адамдар  бір  бірімен 
келісімде  өмір  сүруі  қажет  деген  ой  түйіндейді.  Яғни,  түпкі  негізін  адамгершілік 
құндылықтардан  алатын  өзара  достықты  жоғары  бағалап,  оған  жетуде  ақыл-ойдың 
маңыздылығын атап өтеді. 
Жалпы  құндылықтардың  екі  табиғаты  бар  –  метафизикалық  және 
экзистенциялық.  Метафизикалық  табиғаты  бойынша  құндылықтардың  негізінде 
адамның  ақылы  мен  еркі  жатса,  экзистенциялдық  табиғаты  адамның  қалау  және 
талпыну  қажеттіліктеріне  негізделген.  Ал,  неокантиандық  Баден  мектебінің  өкілі 
Г.Риккерт  «құндылыққа  нені  жатқыза  алмасақ,  оның  абсолютті  түрде  мағынасы  да 
жоқ»  [3,  100  б.]  деген  тұжырым  жасайды.  Бұндай  өлшемде  құндылықтар  идеалды 
болмыстың  абсолютті  бағасы  мағынасын  алады  және  олардың  өлшемі  адамзат  іс-
әрекеті шегінен тыс жатады [4, 336 б.].  
Мұндай  философиялық  түсініктің  мәніне  құндылықтарды  субьективті  және 
обьективті  деп  бөлу  тән.  Субективті  құндылықтарданормативті  ұсыныстар 
«түсініктер»  формасында  көрініс  береді.  Ал,  обьективті  құндылықтар  ақиқат  пен 
ақиқат еместің, мүмкін болған мен тиым салынғанның, әділеттілік пен әділетсіздіктің 
арақатынасынан туындайды [5]. 
Әлеуметтік  психологияда  құндылық  әлеуметтік  құбылыс,  қоғам  мен 
әлеуметтік  топтардың  өмірлік  қарекетінің  жемісі.  С.Л.  Рубинштейн  «құндылық  – 
адам үшін дүниедегі мағынасы бар нәрсе» [6, 365 б.] деген түсінік береді. Яғни, адам 
тарапынан  мойындалатын  құндылық  –  оның  мінез-құлқының  бағдарын  анықтау 
қызметін атқара алады. 
М.Вебер  әлеуметтік  іс-әрекет  теориясында  құндылықтарды  игіліктерге 
теңестіре  отырып,  кез-келген  әлеуметтік  іс-әрекет  құндылықтарға  қатысты  алғанда 
ғана мағыналы болады және солардың негізінде адамдардың мінез-құлық нормалары 
мен жеке тұлғаның мақсаты түзіледі деп түйіндеді [7]. 
   Қарастырып  отырған  ұғымға  Н.Г.Лапин  мынадай  анықтама  береді: 
«Құндылықтар  жалпылама  мақсаттар  және  сол  мақсаттарға  жетуде  фундаментальді 
норма  ролін  атқаратын  құралдар.  Олар  тұлғаларға  өз  мінез-құлқындағы  әлеуметтік 
тұрғыда  қуатталған  таңдауларын  өмірлік  маңызды  жағдайларда  жүзеге  асыруға 
көмектесіп,  қоғамның  интеграциясын  қамтамасыз  етеді»  [8,  5  б.].  Демек, 
қоғамымыздағы  ұлттық  бірлік,  бейбітшілік  пен  келісім  құндылығы  «әлеуметтік 
тұрғыда  қуатталған,  көпұлтты  қоғамның  интеграциясын  қамтамасыз  ететін  тетік 
ретінде мемлекет тарапынан айқындалып отырған болып танылады.  
Құндылықтар  шынайы  өмірдегі  құбылыстарды  бағалаудың  өлшемі  ретінде 
әлем, қоғам және адам қандай болу керек деген түсінікті береді. Олар жеке адам, топ 
және  қоғам  талпынатын  мақсаттарды, оған  жету  құралдарын,  мақсатты  іс-әрекеттің 
мағынасын айқындайды. Сонымен қатар, әлеуметтік өзара  іс-әрекетті реттейді және 
іштей солай әрекет  етуге түрткі болады. Сондықтан, мұны ұстанатын адамдар үшін 
идеал және үлгі қызметін атқарып, күмәндарды сейілтеді. 
Құндылықтарды  жіктеу  әртүрлі  негіздерге  баланысты  орын  алады.  Мәселен, 
қоғамдық өмір саласында материалдық, рухани, адамгершіліктік, діни құндылықтар 
және  т.б.;  заттық  мағынасына  қарай  –  экономикалық,  саяси,  эстетикалық  және  т.б.; 
адам  мінез-құлқы  бағыттарының  сипатына  қарай  мақсаттар  және  оған  жету 
құралдары;  қызмет  ету  негізіне  қарай  қосталатын,  терістелетін;  әлеуметтік  мәдени 
жүйенің  деңгейіне  қарай  дәстүрлі,  либералды,  жалпы  адамзаттық,  сонымен  қатар 
тұлғаның  алғашқы  әлеуметтену  процесінде  қалыптасатын  базалық  құндылықтар, 
яғни бұлар адамның құндылықтық санасының негізін қалайды. 
Құндылықтар  бір-бірінен  бөлек  өмір  сүре  алмайды  және  олар  әрдайым  бүтін 
бір  жүйені  құрайды.  Құндылықтар  жүйесінің  іргетасын  жеке  адам,  әлеуметтік 
қауымдастық,  қоғам  үшін  ең  таңдаулы,  артық  көретін  адамгершілік  негіздері 
құрайды. 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №1-2016ж.  
 
 
320 
Өзара әркетте бола отырып құндылықтар қоғамның ұйымдастырушы жүйесін 
құрайды. Қоғамдағы құндылықтардың әртүрлілігі мәдениеттердің сан түрін түсінудің 
кілті. Кең мағынасында алғанда, азаматтар үшін жоғарғы мағынаға ие құндылықтар 
жүйесі  мәдениетті  дамытушы  күш.  Дәл  осы  құндылықтар  қоғамдық  жүйені 
тұрақтандырушы қызмет атқарады.  
Ал,  тұрақты  даму  мен  бейбіт  елде  бұл  құндылықтар  арасындағы  келісімді 
жалпы  мәдениет  реттеп  отырады.  Ал,  осы  құндылықтарға  бағдарлану  әлеуметтік 
мінез-құлықтарды,  адамзаттық  талпыныстар  мен  іс-әрекеттерді  жүйелеуші  ретінде 
жеке  тұлға  мен  қоғамдық  сана  үшін  маңызды  роль  атқаратындығы  келіп  шығады. 
Құндылықтық бағдарлану жүйесі тұлғаның дамыған деңгейінде қалыптасады.  
Құндылықтарды тарих философиясы тұрғысынан қарастыру халықтың тарихи 
санасының  құныдылықтық  мәнін  ашуға  мүмкіндік  береді.  Яғни,  тарихи  санадағы 
құндылықтық  бағдарлануды  түсіну  оның  қайта  жаңғыруына  мүмкіндік  береді. 
Себебі, әрбір тарихи кезең өзіндік құндылықтар жүйесін жинақтаумен ерекшеленеді 
және  ол  қоғамның  тарихи  дамуында  ұрпақтан  ұрпаққа  трансформацияланып 
қалыптасады. 
Құндылыққа  қайта  бағдарлану  жағдайын  тиімді  пайдалануымыз  үшін 
қоғамның  барлық  күшін  жаңа  құндылықтық  бағдарға  жетелейтін  тетікті  анықтау 
оның  тұрақтылығы  мен  бір  бүтіндігіне  кепіл  болады.  Бұл  жаңадан  ұсынылатын 
құндылық  түбегейлі  жаңа  емес,  ұрпақтар  сабақтастығымен  жалғасын  тапқан 
құндылықтар жүйесі. Яғни, бүгінгі «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары 
Тәуелсіз Қазақстанды тұрақтылықта, бір бүтін бірлікте дамуға талпындыратын ортақ 
мақсат.  Бұл  басқа  бір  өркениеттің  немесе  мәдениет  түрінің  ұсынған  құндылықтары 
емес, ол тарихын тереңнен алатын құндылықтар жүйесінің уақыттық тізбегі. 
«Мәңгілік  Ел»  идеясының  бастауы  Шығыс  Түрік  қағанаты  әскерінің  бас 
қолбасшысы  Күлтегінге  арнап  қойылған  бітіктастағы  дәстүрлі  түркілік  тарихи  ойда 
алғаш  рет  жария  етілген.  Осы  тарихи  ескерткіштің  мазмұнынан  «Түркі  жұртының 
мұраты  –  «Мәңгілік  Ел»  –  идеалды  қоғамын,  мемлекеттіліктің  бейнесін  көреміз. 
Ежелгі  түріктердегі  осы  идеал  белгілі  бір  құндылықтар  жүйесінің  бағыт  бағдарын 
көрсетеді.  Оның  өзіндік  құндылықтар  жүйесі  болды.  Мәселен,  «Төрт  тараптағы 
халықты  бағындырып,  бейбіт  қылдым.  Жаусыз  қылдым.  Бағынып  менің  қоластыма 
кірді.  Ісін-күшін  берді»  [9,  324  б.]  деген  жолдардан  тарихи  жадта  халықтың  бірлігі 
бейбіт өмір сүруі және билікке бағынып, саяси келісімге келуі бастапқы мақсатқа қол 
жеткізгендігінің  нәтижесі,  яғни  «Мәңгі  Ел»  мақсаты  мен  құндылықтарының  біріне 
айналғандығын көреміз. Бұл құндылықтар дала өркениетіндегі жалпы адамгершілікті 
негізге алған түркілердің тарихи-философиялық дүниетаным жүйесінің ерекшелігі. 
Әрбір  тарихи  факт,  оқиға,  құбылыс  пен  үдерістің  мәні  және  мағынасын 
түйсінуде  тарих  философиясының  қол  жеткен  мүмкіндіктеріне  жүгінеміз.  Себебі, 
қоғамның  тарихи  санасында  жалғасатын  құндылықтық  бағалаулар  тарихи  білім 
жүйесімен  байланыста.  Қазіргі  заманның  адамдары  сияқты  өткен  кезеңдердегі 
адамдар  да  тарихи  білімге  құштар  болды.  Өйткені,  құндылықтар  жүйесі  мен  оған 
бағдарлану  тарихи  жадқа  сіңісіп,  тарихи  сана  арқылы  ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп 
отырады.  Қазақтың  дәстүрлі  тарихи  танымының  бір  түрі  ретінде  шежірелер  осы 
құндылықтарды 
тасымалдаушы 
қызметін 
атқарды. 
Мәдениетіміз 
бен 
тұрмысымыздағы  тарихи  жад  формалары  және  оның  жүзеге  асуының  мазмұны 
дәстүрлі тарихи ойдың жанры ретінде қазақ дәл осы шежірелерінде сақталған. 
«Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясын  «Қоғамымыздағы  ұлттық  бірлік,  бейбітшілік 
пен  келісім»  деген  атпен  жүйеленген  құндылығы  дәстүрлі  тарихи  ойда 
негізделгендігі 
«шежірелік 
деректердің 
мазмұндық 
әралуандығына, 
көпнұсқалылығына, 
тіптен 
қиял-ғажайыптылығына 
қарамастан 
біртұтас 
этножаралым  идеясынан,  яғни,  ұлтты  ұйыстыратын  ұлы  бірлік  идеясынан  әсте 
ауытқымайды»  [10,  67  б.]  деген  тұжырым 
айғақтайды. 
«Мәңгілік 
Ел» 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №1-2016ж.  
 
 
321 
ұлтына,  ата-тегіне,  руына,  дініне  және  басқа  да  ерекшелігіне  қарамастан,  барша 
Қазақстан азаматтарын біріктіретін ұлт бірлігін оны бейбіт те келісімде өмір сүруге 
жұмылдыратын  тұғырлы  идея.  Қорқыт  Атаның  мәңгілік  өмірі  мен  Асан  Қайғының 
«Жер  ұйығы»  бүгінгі  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясы  мен  ғасырлар  арқылы  үндесіп 
жатыр.  Қорқытты  мәңгі  өмірді  іздеген,  бақилық  болғысы  келмеген  деген  түсінікті 
халқына  Жерұйықты  іздеген  Асан  қайғымен  түсіндіруге  болады.  Асан  Қайғы  өз 
халқы үшін ең қолайлы, ең құнарлы жерді іздегені белгілі. Утопиялық көзқарастағы 
Асан  Қайғының  Жерұйықты  іздеудегі  мақсаты  –  халқының  жайлы  жерге 
қоныстанып,  болашақта  мәңгі  ел  болуын  қалаған  [11,  227  б.].  Бұл  екі  ойшылдың 
халықтың  ынтымағы,  бейбіт  өмір  сүруі  тұрғысындағы  ізгілікті  ойлары  адамзаттық 
құндылықтармен  сабақтас  және  бүгінгі  бағдарымыздың  тарихи  негізі  деп  есептеуге 
болады.  Осы  мәселенің  маңыздылығы  жөнінде  Елбасымыз  «Бабалардың  ерлігі, 
бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық 
болса  ғана,  біз  «Мәңгілік  Ел»  боламыз»  [12,  5-27  бб.]  деген  тұжырыммен  бекітеді. 
Қоғамның  өзгеруі  мен  қоғамдық  сұраныстан  туындайтын  құндылықтар  жүйесінің 
трансформациялануының  осы  үлгісі  тәуелсіз  мемлекет  қалыптасқан  тұста  жаңа 
сапалық  мазмұнда  көрініс  беріп  отыр.  Қазіргі  ұлттық  идеяның  құрамдас  бөлігі 
ретінде  ұсынылып  отырған  құндылық  моноэтникалық  негізде  өмір  сүрген  дәстүрлі 
қоғамда  ұлттың  ұлы  бірлігіне  қызмет  еткен  болса  тарихи  тұрғыда  көпұлтты, 
көпконфессиялы  болып  қалыптасқан  қазіргізаманғы  қоғамның  сұранысына  сай 
бағдарланды. 
Тарих  философиясы  негіздерін  жоғары  оқу  орындары  оқу-тәрбие  үдерісіне 
қолдануда студентерде ұлттық құндылықтарға негізделген мәдени құзыреттілік; оқу-
танымдық 
құзыреттілік; 
ақпараттық 
құзыреттілік; 
коммуникативтік 
құзыреттіліктерді қалыптастыруға баса маңыз беріледі. Жалпы адамзаттық мәдениет, 
ұлттық  мәдениет  аймағындағы  адамның  іс-әрекет  тәжірибесі,  адамзат  қоғамы  мен 
жеке  халықтардың,  адам  өмірінің  рухани-адамгершілік  түсінігін  игеру,  білім 
алушының  жаңа  шығармашылық  әрекет  дағдыларын  меңгеруі,  тарихи  шындықты, 
басты дәйекті анықтау, бағалау дағдыларын игеру, қоршаған әлем туралы ақпаратты 
қолдана  білу  дағдылары,  өзге  тілдерді  білу,  өзге  ұлт  өкілдерімен  сұхбаттасу,  түрлі 
әлеуметтік  рөльдерді  меңгеруі  дағдылары  осы  аталған  ұлттық  бірлік  пен  келісім 
құндылығын орнықтыруға тікелей ықпал етеді. 
Елбасы «Ұлттық бірлік» доктринасына байланысты үш сұрақ қоя отырып, оған 
өзі  жауап  берген  болатын.  Мәселен,  «ұлттық  бірлік  деген  не,  неге  бізге  ұлттық 
бірлікті  нығайту  маңызды,  ұлттық  бірліктің  негізі  не  болып  табылады»  деген 
сауалдардың  жауабы  Елбасының  тұжырымында  ұлттық  бірліктің  негізін  құрайтын 
үш тұғыр: ортақ тарихымыз, барлық қазақстандық этностар үшін ортақ құндылықтар 
және ортақ болашағымыз [13] болып айқындалады. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының 
қалыптасуы  мен  орнығуына  тарихи,  философиялық  мұралар  іргетас  қалаған  болса, 
«Қазақ  КСР  мемлекеттік  егемендігі  туралы»  Декларацияда  және  «Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңда егеменді 
ұлттың әрі  қарай ұйысуының негіздерін айқындаған Қазақстан мемлекетін құрудың 
алғышарты  болып  табылатын  қазақ  халқының  өз  тағдырын  өзі  таңдау  құқы  және 
елдің  барлық  азаматтары  үшін  жасалатын  тең  мүмкіндік  қағидаты  құндылықтар 
жүйесін  құраудың  құқықтық-реттеушілік  құжаттары  ретінде  методологиялық  өзек 
болды. 
Қорыта айтқанда, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының мәні мен мағынасын ашу, 
оның  іске  асу  тетіктерін  айқындау  және  болашақ  нәтижелерін  болжамдауда  тарих 
философиясының зерттеу тәсілдері маңызды қызмет атқарады. Жас ұрпақтың бойына 
ұлттық  бірлік,  бейбітшілік  пен  келісім  құндылығын  сіңіру  арқылы  олардың 
ұлтжандылық,  отаншылдық  рухын  қалыптастыруды  теориялық  тұрғыда  негіздеу  - 
ғалымдар мен педагогтар үшін ұлттық идея 
құндылықтарын танымдық-тәрбиелік 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №1-2016ж.  
 
 
322 
қызметінде қолдануды жетілдіру осындай ізденістерді қажет етеді. 
 
 
Әдебиеттер: 
1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. – 296 б. 
2.  «Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың 
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 
атты Қазақстан халқына Жолдауы» // Егемен Қазақстан. 14 желтоқсан 2012 ж. 
3. Риккерт Г. Философия истории. – СПб., 1908. – 100 с. 
4. Риккерт Г. Науки о природе и науки о культуре. – М., 1998. –336 с. 
5. Философский энциклопедический словарь. – М., 1989. – 576 с. 
6. Рубинштейн С.Л. Проблемы общей психологии. – М., 1973. –365 с. 
7.  Вебер  М.  Избранное:  Протестантская  этика  и  дух  капитализма.  Книга 
света. / Пер. с немецкого. – М., 2006. – 656 с. 
8.  Лапин  Н.Г.  Модернизция  базовых  ценностей  россиян  //  Социологические 
исследования. – 1996.  – №5. – С. 3-23. 
9. Сартқожаұлы Қ. Орхон мұралары. – Алматы: Абзал-Ай, 2012. – 324 б. 
10.  Сейдімбек  А.  Қазақтың  ауызша  тарихы.  –  Астана:  Фолиант,  2008.  –                          
728 б.  
11. Әуезов М. Шығармалар. 11 том. – Алматы: Жазушы, 1969, – 227 б. 
12.  «Қазақстан-2050»стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси 
бағыты.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан 
халқына жолдауы // Ақиқат. – 2014. – №1. –  Б. 5-27. 
13.  Қазақстанның  ел  бірлігі  доктринасы  //  Егемен  Қазақстан  6  қараша                      
2009 ж. 
 
Турсун Х.M, Исаев М.С. 
«Ценности национального единство, мира и согласия в обществе» и 
философия истории 
В статье проводится анализ опыта научных идей, являющихся фундаментом 
для  формирования  национальной  идеи  «Мангилик  Ел»,  и  результатов  изменений, 
произошедших  благодаря  осуществленным  реформам.  В  соответствии  с 
методологией  философии  истории  рассмотрено  научное  обоснование  таких 
ценностей,  как  национальное  единство,  мир  и  согласие  в  обществе, 
сформулированных  в  представленной  выше  национальной  идее.  Осуществлена 
систематизация  и  классификация  ценностей,  изучены  философские  идеи  и  взгляды 
на  их  координирующей  и  мобилизирующей  функции  в  обществе.  Вместе  с  этим 
представлены рекомендации и выдвинуты предложения по использованию системы 
ценностей  национальной  идеи  «Мангилик  Ел»  в  качестве  метода  изучения 
философии  истории  для  подготовки  профессиональных  конкурентоспособных 
специалистов. 
Ключевые  слова:  национальная  идея  «Мангилик  Ел»,  национальное  единство, 
мир  и  согласие,  систематизация  ценностей,  философия  истории,  традиционная 
историческая мысль     
 
Tursun H.M., Isayev M.S. 
«Values as national solidarity, peace and consent in society» andphilosophy of 
history 
 An  analysis  has  been  undertaken  in  the  given  article  in  respect  of  experience  of 
scientific ideas  which are the basis for establishment  of the national  idea “MangilikYel” 
(Eternal  Country),  and  results  of  changes,  occurred  due  to  carried  out  reforms.  In 
accordance with the concept of the philosophy 
of  history,  a  scientific  justification  of 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №1-2016ж.  
 
 
323 
such values as national solidarity, peace and consent in society, represented by the above-
mentioned national idea, has been reviewed in the given article.  Various values have been 
arranged  and  classified,  philosophical  ideas  and  different  opinions  have  been  explored 
with  respect  to  their  coordinating  and  mobilizing  functions.    Along  with  that, 
recommendations and proposals have been provided regarding usage of value system of the 
national  idea  “MangilikYel”  as  a  method  of  learning  the  philosophy  of  history  for 
preparation of professional and competitive specialists.  
Keywords: the national idea “MangilikYel”, national solidarity, peace and consent, 
systematization of values, philosophy of history, traditional historical opinion.  
 
*** 
  
 
ӘОЖ: 94 (574) «18»:339 
Дюсенгалиева М.Г.  – тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы  
М. Өтемісов атындағы БҚМУ 
E-mail: Merzat-00@mail.ru 

жүктеу 5.14 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет