Республики казахстан


ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖАҢА ФОРМАЦИЯ



жүктеу 5.14 Kb.
Pdf просмотр
бет4/44
Дата09.01.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖАҢА ФОРМАЦИЯ 
МҰҒАЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМА
1
 
 
Аннотация:  Берілген  мақалада  қазіргі  заманауи  білім  беру  кеңістігінде 
қызмет  жасайтын  жаңа  формация  мұғалімі  жоғары  білімді,  дене  еңбегіне  де,  ой 
еңбегіне  де  дайын,  ғылым  мен  мәдениет  салаларынан  хабардар,  жаңа  типті  оқу 
орындарының  кез  -  келген  саласында  қызмет етуге  оңтайлы,  адамдар  мен  қарым-
қатынас  орната  білу  мен  шығармашылық  күшін  жүзеге  асыратын  жан-жақты 
қарастырылады. 
                                                 
1
  Мақала  «ЖОО  үздік  оқытушысы  –  2015»  грантының  қаржысы  есебінен 
шығарылды. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
26 
Тірек сөздер: Мұғалім, білім, ақпарат, технология, жаңа формация мұғалімі, 
құзыреттілік,  кәсіби  құзыреттік,  педагогикалық  шеберлік,  креативтілік, 
шығармашылық әрекет. 
 
Заман  ағысына  сай  біліммен  қаруланған  ой-өрісі  жоғары,  зерделі,  жан-жақты 
дамыған  маман  –  уақыт  талабы.  Кеше  ғана  көк  туын  желбіретіп  шаңырақ  көтерген 
егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас 
ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- мұғалімдер тұрады. 
«Мұғалімдер  –  қоғамның  ең  білімді,  ең  отаншыл,  білгілеріңіз  келсе,  «ең 
сынампаз»  бөлігі  болып  табылады»,  –  деп  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  бекер  айтпаса 
керек [1]. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері 
қажет.  Қоғамдық  қарым-қатынастардың  өзгеруі,  жаңа  білімнің  жинақталуы, 
өндірістің  жетілдірілуі,  әлеуметтік  прогресс  педагог  қызметінің  мазмұндық 
сыйпатын  өзгертуді  талап  етеді.  Себебі  ол  жаңа  формация  мұғалімдерінің 
педагогикалық-гуманитарлық  құзырлығын  қалыптастыруы  тиіс.  Қазіргі  кезеңде 
мектептегі  жас  ұрпақ  тәрбиесі,  оның  жеке  тұлғасының  жаңаша  қалыптасуы, 
әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы мұғалімге байланысты. 
Жаңа  формация  мұғалімдерінің  қызметі  –  жас  ұрпаққа  қоғам  міндеттеп 
отырған талаптарға жауап беретіндей тәрбие мен білім беру. «Білім ғасыры» атанған 
ХХІ  ғасырда  оқу  мен  тәрбие  үрдісін  жаңаша  ұйымдастыру  қажеттілігі  туындады. 
Бүгінгі  мектеп  партасында  отырған  бала  -ертеңгі  егеменді  еліміздің  тізгінін  ұстар 
иелері.  Олай  болса,  ұлтымыздың  салт  –  дәстүрін  қадірлейтін,  адами  ұлттық 
құндылықтарды  бойына  сіңірген,  ізденімпаз,  шығармашыл,  жаңалыққа  жаны  құмар 
интеллектілік  потенциялы  жоғары,  өркениетке  ынтығатын,білім  мен  ғылымның 
тереңіне  үңіле  білетін  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  жаңа  формация  мұғалімдерінің 
тікелей  міндеті  болып  табылады  [2,  207  б.].  Соңғы  кезде  мейірімді,  ізгі  тұлғаны 
дамытудың жалпы адамзаттық құндылықтарын қалыптастырудың жолын философия, 
дидактика және психология ғылымдары бірлесе іздестіреді. 
Адамның жеке тұлға ретіндегі сапалық көрсеткіштерінің бірі  – оның бойында 
ізгілік  қасиетінің  болуы  бүкіл  жалпы  адамзаттың  құндылықтарының  іргетасын 
қалайды. 
Бүгінгі таңда қолға алып жатқан білім беруді ізгілендіру идеясын жүзеге асыру 
барлық  білім  беру  жүйесінің,  әсіресе  мектептің  міндеті.  Ұстаз  үшін  бұл  мақсатқа 
жетудің  көзі  –  педагогикалық  өзара  әрекеттің  ізгілік  ұстанымдарының  құндылығын 
және технологиялық аспектілерін игеру. 
Бұл аспектілер мыналар: 
– кәсібилікке өзінің қажеттілігін сезінуі керек; 
– кәсіби сәйкестігіне өзінің дәрежесі туралы ой топшылаулары болуы керек; 
– кәсіби топта оны мойындаудың дәрежесін білуі керек; 
–  өзінің  әлсіз  және  күшті  жақтарын,  жетістіктерге  жету  жолдарын  және 
кемшіліктерін дер кезінде түзете білуі керек. 
Ендеше, жаңа формация педагогтарының әлеуеті  -  көп өлшемді және моделді 
[3, 3 б.]. Біз қадам басқан ХХІ ғасыр жан-жақты дамыған, білімді, өз ісіне де, өзгенің 
ісіне  де  әділ  баға  бере  алатын,  өзіне  сенімді,  тәуелсіз  Қазақстанның  әлуметтік-
экономикалық жағынан дамуына зор үлес қоса алатын тұлға тәрбиелеуді талап етіп 
отыр.  Осыған  байланысты  бүгінгі  күнннің  басты  мәселесі  –  жас  ұрпаққа  нәтижеге 
бағытталған білім беру болып отыр. 
Бүгінгі таңда еліміз нәтижеге бағытталған  білім беру моделіне көшті. Нәтиже 
дегеніміз  -  жеке  тұлғаның  құзырлылығы.  Ал  нәтижеге  бағытталған  білім  беру 
дегеніміз  –  жеке  тұлғаның  құзырлылығын  қалыптастыру.  Құзырлылық  –  ол  терең 
білім.  Оқушының  құзырлылығын  қалыптастыру  үшін  мұғалімнің  өзі  құзырлыққа 
жету  керек.  Қазіргі  кезді  мұғалімге  қойылатын  талап  та  күшті.  Жаңа  формация 
мұғалімінен  тек  өз  пәнінің  терең  білгірі  болу  ғана  емес,  тарихи  танымдық, 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
27 
педагогикалық,  психологиялық  және  ақпаратттық  сауаттылық  талап  етілуде.  Ол 
заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс 
істеп, оқытудың жаңа технологиясын меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі 
жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. 
Қай  қоғамда  болсын  істің  тетігін  мамандар  шешеді.  Ендеше  білім  сапасын 
көтеру  ісі,  жоғарыда  аталған  міндеттерді  жүзеге  асыру  тетігі  ұстаздар  қауымына 
байланысты.  Мұғалімнің  қоғамдағы  орнын,  адамдықтың  таразысы  ұстаздықты 
белгілі  ақын,  алғашқы  педагогикалық  еңбектің  авторы  Мағжан  Жұмабаев  «Алты 
алаштың баласы бас қосса, ең қадірлі орын мұғалімдікі» – деп жоғары бағалаған [4, 
174 б.]. Бұрындары ата-апаларымыз балалар оларға қызмет жасаса «Мұғалім бол!» – 
деп  батасын  беретін.  Бұның  өзі  сол  кезден  бастап  мұғалім  мамандығының  қадірлі, 
сұранысқа ие болғандығын көрсетеді.  
Қазіргі  әлуметтік  –  экономикалық  өзгерістер  жағдайында  біздің  қоғамызда 
өздігінше  шешім  қабылдай  алатын  және  оның  жүзеге  асыра  алатын  әлуметтік 
белсенді,  шығармашыл  тұлғаға  сұраныс  күшейді.  Осыған  орай,  әр  тұлғаның  кәсіби 
құзыреттілігін  қалыптастырудың  маңыздылығы  да  арта  түседі.  Жоғары  дәрежелі 
кәсіби құзыреттілік маманның бәсекеге қабілеттілігін арттырады.  
Олай  дейтініміз  мұғалімдердің  кәсіби  шеберлігі  мен  құзыреттілігі  –  білім 
сапасын  көтерудің  алғы  шарты.  Құзыреттілік  арқылы,  мұғалімнің  мәртебесі, 
шығармашылығы  жағынан  дамуы,  тәжірибе  жинақтауы,  оқушыларды  ынталандыру 
мен оларға қолдау көрсету жақтары жүзеге асады. Осы арқылы  арқылы білім сапасы 
көтеріледі, ұстаз беделі, ұстаздық келбет қалыптасады. 
  Өздігінше  еркін  ойлау  қабілеті  бар,  тәрбие-  білім  беру  үрдісін  модельдей 
алатын,  тәрбие  беру  және  білім  берудің  жеке  технологиялары  мен жаңа  идеяларын 
өздігінше  іске  асыра  алатын  мұғалімнің  кәсіби  құзыреттілігінің  деңгейін  арттыру  - 
өзекті  мәселе,  себебі,  біріншіден  кәсіби  құзыретті  мұғалім  мекептің  тәрбие  –  білім 
беру  процесінде  шығармашылық  оқушылардың  қалыптасуына  дұрыс  әсер  етеді; 
екіншіден,  өзінің  кәсіби  қызметінде  жақсы  нәтижелерге  қол  жеткізе  алады; 
үшіншіден, кәсіби мүмкіндіктерінің іске асуына ықпал жасайды [5, 22 б.]. 
Мұғалімнің  кәсіби  құзыреттілігі  күнделікті  педагогикалық  қызметте  әр  түрлі 
танылады  және  әр  түрлі  іске  асады.  Мұғалімнің  кәсіби  құзыреттілігі  деп,  біз  өзара 
байланыстыүш компонеттен тұратын тұлғаның қасиеттері: 
-
 
Педагогикалық қыметте жүзеге асатын кәсіби білім; 
-
 
Кәсіби біліктілік; 
-
 
Мұғалімнің кәсіби құнды қасиеттері; 
Бұл  үш  компонент  мұғалімнің  тұлғасын  дамыту  мақсатымен  біріктірілген, 
сонымен қатар әр компонент  педагогикалық қымет  үрдісінде бірде алғышарт, бірде 
құралы, бірде нәтижесі болып кызмет атқарады. 
Кәсіби  құзіреттілікті  қалыптастыру  үрдісі  кәсіби  білім,  білік,  дағдыны 
қалыптастыру,  педагогтің  жалпы  мәдени  дамуын,  оның  тұлғалық  көзқарасын  және 
кәсібимаңызды сапаларын қалыптастыруды білдіреді. 
«Егер бір жылдығыңды ойласаң – егін ек, ал 100 жылдығыңды ойласаң – ағаш 
ек,  ал  1000  жылдығыңды  ойласаң  –  Адам  тәрбиелеп,  білім  бер»  деген  ежелгі 
ғұлмалардың  сөзі  бар.  Ел  Президенті  Н.Назарбаев  та  өз  жолдауында:  «Ұлттық 
бәсекелестік  қабілеті  бірінші  кезекте  оның  білімділік  деңгейімен  айқындалады»  – 
деген [6]. Ендеше біз, өзімізді өзгелерге тек білім арқылы ғана таныта аламыз, білім 
арқылы  ғана  мойындата  аламыз.  Осындай  сапалы  да  терең  білім  беруде  мұғалім 
шығармашылығының алатын орны ерекше.  
Мұғалім шығармашылығын дамытуда мынандай негізгі қағидаларға бас назар 
аудару керек деп санаймын: 
-
 
мұғалімнің өз мамандығына, іс-әрекетіне жанымен шынайы берілуі; 
-
 
оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне қатып қалған үлгіге қарамай, өзіндік жаңалық 
енгізуге тырысу; 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
28 
-
 
мұғалімнің  өз  алдында  үлкен  мақсаттар  қойып,  биік  нәтижелерге  қол 
жеткізуге ұмтылу [7, 12 б.]. 
Шығармашыл  мұғалім  үшін  біреудің  тәжірибесін  қайталағаннан  гөрі  өз 
шығармашылықтарын,  білгендері  мен  түйіндерін  басқаларға  ұсына  алудың, 
шығармашылық  бағыттылықтың  болуының  мәні  өор.  Тек  сонда  ғана  ол  өз 
шығармаларының  дамуына  қол  жеткізіп,  өзінің  кәсіп  иесі  ретінде  ішкі  сұрақтарына 
жауап  бере  алады.  «Шығармашыл  мұғалім»  деп  төмендегі  іс-әрекеттерді  жүзеге 
асыра алатын мұғалімді атауға болады: 
-
 
Өз  мамандығының  қыр-сырын  толық  меңгеру  мақсатындағы  іздену 
жұмыстарын  жүргізу; 
-
 
Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен технологияларын оқып үйрену және оны 
өз жұмысында белсенді түрде қолдану. 
-
 
Өз  жұмысына  диагностика  жасай  отырып,  кемшілігін  табу,  оны 
болдырмаудың алдын алу; 
-
 
Өз іс-тәжірибесін жинақтау және тарату жұмыстарын ұйымдастыру; 
-
 
Кәсіби  байқаулар  мен  сайыстарға,  түрлі  деңгейдегі  семинарлар  мен 
конференцияларға қатыса отырып, шеберлігін шыңдау. 
  Кәсіби шеберліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте 
ме кеш пе меңгеруі тиіс. Педагог-ғылым Маркова А.К. оның кезеңдерін төмендегідей 
етіп бөледі [8, 160 б.]: 
-
 
мұғалімнің өз мамандығына бейімделу кезеңі; 
-
 
мамандықта өзін-өзі актуалдыландыру кезеңі; 
-
 
мамандықты  еркін  меңгерген  кезеңі,  мамандықта  шығармашылық  деңгейге 
жеткен кезең. 
Ғалым  кәсіби  құзыреттіліктің  сипаттамасын  шебер-мұғалімнің,  жаңашыл-
мұғалімнің,  зерттеуші  -  мұғалімнің,  кәсіби  дәрежесіне  көтерілген  мұғалімдердің 
жиынтық образы ретінде қарастырады. 
ХІ  ғасырда  өмір  сүрген  түркі  дүниесінің  танымал  тұлғасы  Махмұд  Қашқари 
«Білім – нұрлы әлем» деп айтқан екен. Осы нұрлы дүниенің алып айдынында еркін 
жүзетін  білімді,  парасатты  тұлға  тәрбиелеуді  құзыретті,  шығармашылықпен  жұмыс 
жасайтын  ұстаздар  ғана жүзеге  асыра  алады. Ендеше,  әр  мұғалім  жүрек  қалауымен 
таңдап алған мамандығының биік шыңына жетуге ұмтылуы керек. 
Жаңа    формация  мұғалімінің  алғашқы  қадамы  -  педагогикалық  машықтану. 
Педагогикалық  машықтану  зертханасының  мақсаты  -  болашақ  мұғалімдердің  жас 
ұрпақты  оқыту  мен  тәрбиелеудің  тиімділігін  арттыру  мақсатында  жаңа 
педагогикалық  технология  элементтерін  қолдана  білуге  үйрету,  шығармашылыққа 
баулу. Проблемалық оқу оқушылардың шығармашылық белсенділігін күшейтудің ең 
тиімді  құралы  болып  саналады.  Мұның  мәні  оқушы  жаңа  материалды  түсіну  үшін 
толғанып,  проблемалық  ситуация  жасауға  жаңа  жоспар  жасап,  мұғалімге 
проблемалық сұрақтар береді. Проблемалық оқытудың нәтижесі терең әрі берік білім 
берумен,  жаңа  оқу  жұмыс  тәсілін  меңгерумен,терең  ой,  алғыр  ақыл  пайда  болады. 
Оқушылармен  өз  біліміне  және  оқып  үйреніп  отырған  материалға  сын  көзімен 
қарайтын болады. 
Оқушының жаңа ұғымды бекітуі: ой қорыту, баланың өздігінен дербес әрекет 
етуіне жағдай жасау, сол әрекетті бастан өткізіп, оған өзіне қорытынды жасату, еңбек 
нәтижесін баланың өзі сезінетіндей болуы шарт. 
  Мұғалім  оқушыларға  мақсат  қойып,  оны  орындау  жолдарын  іздеуге 
бағыттайды,  өзінің  әрекетіне  көзбен  қарауға,  нәтижені  талдауға  үйретеді.  Мұғалім 
қызықты  тапсырмалар  жүйесін  жасап,  тапсырманы  шешудің  қарапайым  әдісінен 
күрделіге  ауыстырады. Сабақ үстінде шығармашылық дербестіктің қалыптасуы үшін 
оқушылар  мыналарға  міндетті:  мәселені  талқылауда  белсенділік  көрсету,  шапшаң 
ойлау,  сұрақ  қоя    білу,  өз  пікірін  терең  білім  негізінде  қалыптастыру, 
шығармашылықпен дербес жұмыс істеу және мақсатқа жетуі.  

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
29 
Мұғалімнің  шығармашылықпен    жұмыс  жасап,  баланың  шығармашылық 
қабілетін ашып, оны алға қарай дамыту барысында сыныпта қабілетті, яғни дарынды, 
үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жүйелі жолға қою қажеттілігі туындайды. 
   Дарындылықтың  табиғаты  шексіз.  Зерттеушілік,  ізденушілік  –  бала 
табиғатына  тәне  құбылыс.  Білуге  деген  құштарлық,  бақылауға  тырысушылық, 
тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем турлы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық 
қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез. 
Педагогикалық  үрдісте  балалардың  дарынын  ашуда  оқушы  мен  мұғалімнің 
ынтымақтастығы  қажет.Ендеше,  мектепте  оқушыны  ізденушілікке  баули  отырып, 
ғылым  мен  техниканың  жетістігіне  сәйкес  армандарына  жетуге,  өз  жолдарын  дәл 
табуға,  ғылымға  жетелеу  арқылы  өздерінің  қабілеттерін  ашуларына  көмектесуіміз 
қажет. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есте ұстауы қажет: 
-  Баланың  бойындағы  құмарлығын,  қызығушылығын  жойып  алмай,  оның 
үнемі  алға  жылжуға  деген  табиғи  талап-тілектерін,  сұраныс  пен  мұқтаждықтарын 
ескеру, шығармашылығын жетілдіру; 
- Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау; 
- Өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру. 
Мұғалім  бала  бойындағы  жаратушылық  сапалардың    болатындығын 
мойындауы,  әрі  дамытуы  керек.  Ол  үшін  өзі  де  өзгеруі  дәстүрлі  оқытудың 
стереотиптерінен арылуы керек. Білім арқылы баланы дамытудың жаңа стратегиясы 
мен  тактикасын  таңдай  алуы  керек.  Өзінің  философиялық  ұстанымдырын  қайта 
қарағаны дұрыс. 
Бұл тұрғыда, мұғалім – ақылды, бірақ барлығын өзі айтып бере салмайды, ол 
өз пәнін өте жетік біледі, бірақ өз білімімен таңқалдыруға тырыспайды. Білімділігін 
баланы  қорқытудың,  оған  үстемдік  етуінің  құралы  етпейді.  Демек,  мұғалім  мәселе 
қояды,  ойлаудың  жолдарын  ашады,  әрекеттің  барысына  бағдар  береді,  жетектейді. 
Осылайша оқушы қоғам, ғылым шешіп қойған, бірақ ол үшін жаңа болып табылатын 
проблеманы  шешуге  кіріседі.  Оқу  әрекетімен  айналысады.  Оқу  үрдісінде 
инновациялық технологиялардың тиімділігін көреміз.  
  Мұғалім  сабақ  сапасын  арттырып,  оқушы  белсенділігін  үнемі  көтеруге 
ерекше назар аударып, оқушының кез-келген сұрақ пен ұғымды талдай алуы үшін әр 
сабақта проблемалық оқытуды жиі қолдануы  тиіс.  
Жаңа 
формациядағы 
педагогтарды 
қалыптастыру 
концепциясында 
көрсетілгендей,  жаңа  формациядағы  педагогтан  талап  етілетін  әлеуметтік  сапаның 
үлгісі төмендегідей: 
1.
 
Дүниежүзілік және ұлттық мәдениеттің жетістіктерін білуі, соған қол 
жеткізуі. 
2.
 
Әлеуметтік белсенділігі және адамгершілігінің жоғары болуы. 
3.
 
Басқалардың  ұстанымына  шыдамдылықпен  қарай  отырып,  өзінің  ар-
ожданын биікке қоюы. 
4.
 
Заңға бағына білуі және өз құқығын толық пайдалануы. 
5.
 
Әлеуметтік шыншылдыққа ұмтылуы. 
6.
 
Басқалардың ұлттық және діни ерекшеліктеріне түсіністікпен қарау. 
7.
 
Патриоттығы, ұлтжандылығы биік болуы. 
8.
 
Мейірімділік. 
9.
 
Міндеттілік. 
10.
 
Жауапкершілік. 
11.
 
Тәрбиеленушілерге, оқушыларына мейірімділікпен қарау. 
12.
 
Біліктілік (жеке әлеуметтік, экологиялық, ұйымдастыру-басқару, кәсіби, 
әдістемелік,  білімділік,  әлеуметтік,  экономикалық,  кәсіби  рольдердің  өзгеруіне 
дайын болу). 
Педагогикалық  қызметке  дайындық:  кадрлардың  білім  беру  стандартын 
меңгеруі,  мамандыққа  толықтай  енуі,  оқытудағы  технологияны  білуі,  өз 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
30 
мамандығына шығармашылықпен, жаңашылдықпен қарау, авторлық бағдарламалар, 
жаңалықтар ашу. 
Жаңашыл педагог төмендегідей мазмұнды реттерді білуі көзделеді: 
-
 
Дидактикалық мәдениет; 
-
 
Әдістемелік мәдениет; 
-
 
Креативтілік мәдениет; 
-
 
Рефлексиялық мәдениет; 
-
 
Ойлау білу мәдениеті. 
Әдістемелік  мәдениет  –  біртұтас,  көпдеңгейлі  және  көпқұрамдас  білім  беру. 
Оған мұғалімнің педагогикалық философиясы, өзінің психикалық күйіне ой жүгіртуі, 
педагогтің еркі мен мінезінің байланысы жатады. 
Педагогтің  әдістемелік  мәдениетінің  құрылымы  оның  барлық  құрамдас 
бөліктерінің  бірігуі:  интеллектуалдық,  мотивациялық,  рухани-адамгершілік, 
тәжірибелік  аймағы,  оның  педагогикалық  қызметін  және  жаңаша  ойлауын 
қамтамасыз  етеді.  Жаңа  формациядағы  педагогтың  әдістемелік  мәдениетін 
қалыптастыру көрсеткіштерінің критериі: 
-
 
құндылықты  түсінуі  және  оған  қарым-қатынасы,  оларды  өз 
мақсатында жүзеге асыруы; 
-
 
әдістемелік ролін ұғынуы; 
-
 
педагогикалық  қызметте  принциптер  жүйесін,  теориялық  және 
тәжірибеде ұйымдастыру әдістерін түсіну. 
Креативтілік компонентінің құрылымына мыналар жатады:  

 
әдеттен тыс пікірлерге қызығушылық; 

 
шүбә, күмән келтіруге бейімділік; 

 
жаңашылдықты сезіну; 

 
 ойдың ұшқырлығы; 

 
 шығармашылық қиялдау; 

 
 интуиция; 

 
эстетикалық әдемілікті сезіну; 

 
 сөз тапқыштық; 

 
 батылдық және тәуелсіз пікір; 

 
 логикалық қатаңдық; 

 
дәлелдеудің әртүрлі формаларын қолдана білуі. 
Сонымен,  креативтілік  –  рухани  құндылықтарды  жасаушы  және  жеке 
тұлғаның шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамыту шарты бола отырып, рефлексия 
мен  субъективтік  өзін-өзі  бағалау  негізінде  жаңа  нәтижелерге  жетуде 
шығармашылыққа қабілеттілігінен көрінетін сапалық қасиеті. 
Мектеп  оқушыларының  шығармашылық  қызығушылығын  қалыптастыру  өте 
маңызды,  күрделі  және  көп  салалы  мәселе  болып  есептеледі.  Шығармашылық 
дегеніміз – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде 
дұрыс  жол  табу  үшін  адам    дұрыс  ой  түйіп,  өздігінен  саналы,  дәлелді  шешімдер 
қабылдай  білуге  үйренуі  керек.  Адам  бойындағы  қабілеттерін  дамытып,  олардың 
өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.  
Шығармашылық  іс-әрекет  –  мәселелі  қою, ойды  тұжырымдап  айту,  идеяның 
пайда  болуы,  оны  шешу,  оның  логикалық  дамуы,  аталған  мәселені  шешуде  тиімді 
әдістерді  қолдану,  негіздеу,  оны  тәжірибе  жүзінде  дәлелдеу  барысында  нәтиженің 
нақты көрінуі. 
Оқушының  шығармашылық  деңгейі  –  оның  мәселені  қою  мен  оны  шешудің 
жолдарын  табуынан  көрінеді.  Мұнда  жаңа  білімді  меңгеру  процесі  шығармашылық 
ойдың қалыптасуымен және дамуымен бірге  жүреді. Демек, шығармашылық ойдың 
нәтижесі  -  тек қана  белгілі ұғымдарды қайталап, жаңғыртумен ғана емес, сонымен 
қатар жаңа білімді жасау, тапсырманы орындауда жаңа жолдарды ашу. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
31 
ХХІ  ғасыр  білімін  адамның  шығармашылық  қызығушылықтарының  дамуы, 
оның  өзінің  жеке  тұлғалық  дамуы  деп  түсіну  қажет.  Бұл  -  әр  адамның  өзін-өзі 
жасампаздықпен  қайта  құра  алуы,  қоғамдық  талаптар  тұрғысынан  өзіне  сыни  баға 
бере  алуы,  айналаны  өзгертуге  қатыса  алуы.  Білім  арқылы  адамның 
интеллектуалдық,  рухани  күші  артып,  жеке  тұлғасы  қалыптасады.  Шығармашылық 
қызығушылық  әлеуеттің  дамуы  жаңашылдықтың  қажеттілігін  сезіну  арқылы,  оған 
деген  өзінің  сенімдерін  қалыптастыру  арқылы  көрінеді  де,  өз  білімін,  танымын 
кеңейтуге негіз болады.  
Бүгінгі  Қазақстанға  қалыптан  тыс  ойлай  алатын,  шұғыл  шешімдер  қабылдай 
білетін, белсенді, шығармашыл жеке тұлға қажет. 
Әлемдік білім кеңістігіне енудің жаңашылдық стратегиясына сәйкес, мектептің 
ғасырлар  бойғы  даму  тарихында  алдыңға  қатарлы  педагогикалық  ой  өкілдерінің 
шығармашылық  қызығушылықты  қалыптастыру  идеяларын  зерттеу  және  талдау 
негізінде маңызды бес бағытты бөліп көрсетеміз:  философиялық-танымдық бағыт; 
дидактикалық-психологиялық 
бағыт; 
педагогикалық-әдістемелік 
бағыт; 
педагогикалық-инновациялық бағыт; акмеологиялық бағыт. 
Креативтілік білім меңгеру қазіргі оқыту технологияларын пайдалана отырып, 
дара шығармашылық тәсіл негізінде ұйымдастырылады [9, 16 б.]. 
Жаңа  технологияны  меңгеруде  мұғалімнің  жан-жақты,  білімі  қажет.  Қазіргі 
мұғалім: 

 
 Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын; 

 
 Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін; 

 
 Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; 

 
 Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын; 

 
 Білімді, іскер, шебер болу керек; 
Жаңа  педагогикалық  технологияның  ерекшеліктері  –  өсіп  келе  жатқан  жеке 
тұлғаны  жан  -жақты  дамыту.  Инновациялық  білімді  дамыту,  өзгеріс  енгізу,  жаңа 
педагогикалық  идеялар  мен  жаңалықтарды  өмірге  әкелу.  Бұрынғы  оқушы  тек 
тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұрға 
екендігіне ерекше мән беруіміз керек. 
Қазіргі оқушы: 

 
 Дүниетаным қабілеті жоғары; 

 
Дарынды, өнерпаз; 

 
Іздемпаз, талапты; 

 
Өз алдына мақсат қоя білу керек. 
Жаңа  формациядағы  педагогтың  міндеті  тұлғаның  шығармашылық 
қабілеттерін дамыт, жаңа ғылыми идеяларды қабылдау мен өңдеуден өткізу қабілеті, 
оларды талдау мен өзіндік кәсіби іс-әрекетте қолдану болып табылады. Осыған орай, 
кәсіби даярлықтың міндеттері тұлғаны дамыту мақсатымен, оны шығармашылықпен 
жүзеге асырумен жақындасады.  
Бір зерттеуші Нобель сыйлығының иегерлерінен, яғни, ғылым элитасынан «Өз 
педагогтарыңыздан  не  алдыңыздар?»  деп  сауал  тастағанда,  олардың  ортақ  жауабы 
төмендегідей  болған  екен:  «Бұл  байланыс:  олар  қалай  жұмыс  істейтіндігін,  қалай 
ойлайтындығын,  бір  нәрсенің  мәнін  түсінуге  қалай  жеткендігін  көру...  Бұл  –  ойлау 
стилі. Бұл – мақсатқа жетуге мүмкіндік берген жұмыс әдісі».  
Осы  орайда,  педагог  А.Марковтың  жеке  тұлға  эталондық  үлгісін  және 
Б.Кассовтың педагогикалық іс-әрекетінің жеке тұлғалық үлгісін қарастыра келе, жаңа 
формациядағы  педагогтың  жеке  тұлғалық  үлгісін  төмендегідей  топтастыруды 
ұсынамын сурет – 1. 
 
 
 
 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет