Республики казахстан



жүктеу 5.14 Kb.

бет39/44
Дата09.01.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
часть их мировоззрения, духовной культуры и быта и объяснял сущность и причины 
его возникновения.  
Казахский  ислам  не  представлен  в  чистом  виде,  в  нем  тесно  переплелись  
домусульманские  религиозные    верования  в  форме  анимизма,  магии,  тотемизма  и. 
т.д. Шаманизм сосуществовал параллельно вместе с исламом.  
 Иными  словами  в  его  трудах  нашло  всестороннее  освещение  песенно-
поэтическое и музыкальное творчество казахов. Он разыскивал и собирал старинные 
поэмы,  песни,  сказания,  легенды,  пословицы  и  поговорки,  как  произведения 
духовной 
культуры 
народа, 
неисчерпаемый 
клад 
мудрости,  отражение 
географических, исторических, религиозных, умственных познаний и нравственных 
понятий казахского народа, его чаяний и кочевого быта.  
Таким  образом,  его  труды  оказали  огромное  влияние  на  всю  последующую 
историю  изучения  культуры  и  быта  казахского  народа.  Деятельность  Ч.Ч. 
Валиханова  оказала  огромное  влияние  на    дальнейшее  развитие  этнографической 
науки  Казахстана.  От  него  идет  живая  неукротимая  волна    научного  подвига  и 
беззаветного служения людям, волна, поднявшая на необыконвенную высоту науку, 
искусство, литературу, народное творчество своего народа.  
 
Литература: 
1.
 
 Веселовский Н.И. Воспоминания о Ч.Ч. Валиханове // Собрание сочинений 
в 5-томах. Том І. – Алматы, 1984. –  С. 79. 
2.
 
 Ядринцев  Н.М.  Инородческое  просвещение  на  Русском  Востоке  // 
Туркестанский сборник. Том 298. – СПб, 1882. – С. 164. 
3.
 
 Гейнс А.К. Собрание литературных трудов. Том 1. – СПб, 1897. – С. 237. 
4.
 
 Басин  В.Я.  Россия  и  казахские  ханства  в  XVI  –  XVIII  вв:  Казахстан  в 
системе внешней политики Российской империи. – Алма-Ата, 1971. – С. 31. 
5.
 
 Маргулан А.Х. Очерк жизни и деятельности Ч.Ч. Валиханова // Собрание 
сочинений Ч.Ч. Валиханова. Том 1. – Алма-Ата, 1984. – С. 70. 
6.
 
 Кайсар  Кусайинулы.  Ч.Ч.  Валиханов  –ученый,  исследователь  истории 
народов  Восточного  Туркестана  //  В  Материалах  Международной  научно-
практической конференции «Валихановские чтения-10».  Том І. – Кокшетау, 2005. – 
С.35. 
7.
 
 Шалекенов  М.У.  Взаимоотношения  народов  Приаралья  в  ХVIII-XIX  в.  – 
Алматы, 1995. – С.145. 
8.
 
 Мадуанов  С.  Взаимоотношения  казахов  с  другими  соседними  народами 
Центральной Азии в XVIII – в начале  XXвв. – Алматы, 1995. – С. 240. 
9.
 
 Сатпаева    Ш.К.  Чокан  Валиханов  и  русская  литература.  –  Алма-Ата, 
1987. – С. 115. 
10.
 
Мадуанов  С.  Взаимоотношения  казахов  с  другими  соседними  народами 
Центральной Азии в XVIII – в начале  XXвв. – Алматы, 1995.  – С. 243.   
11.
 
 Там же. – С. 245. 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №1-2016ж.  
 
 
310 
12.
 
Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в 5 томах. Том І.  – Алматы, 1984.  –       
С. 304. 
13.
 
Валиханов  Ч.Ч.  Записки  о  судебной  реформе  //    Собрание  сочинений                     
в 5-томах. Том І. – Алматы, 1984. – С. 71. 
14.
 
Валиханов  Ч.Ч.  О  мусульманстве  в  степи  //    Собрание  сочинений                           
в 5-томах. Том 4. – Алматы, 1985. – С.71. 
15.
 
Валиханов  Ч.Ч.  Очерк  о  Джунгарии  в  книге  из  истории  казахов  / 
Составитель Аккошкаров Е. – Алматы, 1997. – С.28. 
16.
 
Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в 5-томах. Том  І.  –  Алматы, 1984.  – 
С.190.  
17.
 
Валиханов Ч.Ч. Тэнгри // Собрание сочинений в 5 томах. Том І. – Алматы, 
1984. – С. 208. 
18.
 
Валиханов  Ч.Ч.  Следы  шаманства  у  киргизов  //    Собрание  сочинений                  
в 5-томах Том 4. – Алматы, 1985. – С. 52.     
                                       
Әлібек С.Н. 
Ш.Уәлихановтың этнографиялық мұралары 
Мақалада  қазақтың  тұңғыш  ағартушы-демократы,  ғалым  зерттеушісі, 
саяхатшы-географ,  тарихшы,  этнограф,  фольклорист  Шоқан  Уәлихановтың 
этнографиялық мұралары жан-жақты ашып көрсетілген. 
Тірек сөздер: Этнос және этнография, тұрмыстық-отбасылық қатынастар, 
фольклор, діни наным-сенімдер, ұлттық мінез-құлықтық ерекшеліктері, қағидалар. 
 
Alibek S.N. 
Ethnography legacy of Sh.Ualikhanov 
There  are  described  the  whole  description  and  ethnography  legacy  of  Shokhan 
Ualikhanov who was a traveler, geographer, folklorist, historian and scientific-explorer. 
Keywords:  Ethnos,  ethnography,  family-living  relations,  folklore,  religious  belief, 
particular qualities of national character, foundations. 
 
*** 
 
 
ӘОЖ: 929.5 (574) 
Ахметова Ұ.Т. – тарих ғылымдарының докторы,  
М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
Нурмуханов Ж.К. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты 
E-mail: Zhansultan1992@mail.ru 
 
ҚОЖАЛАР ЭТНОНИМІ 
 
Аннотация.  Бұл  мақалада  қожалардың  этнонимі,  ғалымдардың  осы  мәселе 
бойынша зерттеулері мен ойлары қарастырылған. 
Тірек сөздер: Этноним, қожа, Қазақ хандығы, сословие, ақсүйек. 
 
Кейінгі  орта  ғасыр  дәуірінде  қалыптасқан  қазақ  көшпелі  қоғамындағы 
әлеуметтік қатынастар жүйесі одан бұрынғы далалық көшпелі аймағындағы әскери-
потестарлық  (яғни  мұндағы  потестарлық  –  қарапайым,  дамымаған  деген  мағынада) 
құрылымынан мұра ретінде қалған болатын. Көшпелілердің туыстық, туғандық және 
ағалық  құқығы  туралы  дәстүрлі  көрінісіне  сүйенген  әр  түрлі  әлеуметтік  топтардың 
генеалогиялық  принципі  онда  едәуір  маңызды  рөл  атқарды.  Үш  ірі  этноаумақтық 
бірлестіктер  –  Ұлы,  Орта  және  Кіші  жүз 
қазақтарының  тарихи  қалыптасқан 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №1-2016ж.  
 
 
311 
бөліну  үлгісінде,  олардың  кландық-патронимиялық  топтарын  құраған  құқықтық 
мәртебелердің көп деңгейлі иерархия үлгісінде, кландық және сословиелік-касталық 
меншік  өлшемі  бойынша  билік  қатынастарындағы  әр  түрлі  субъектілердің  мәртебе 
иерархиясы  үлгісінде  қазақ  қоғамының  дәстүрлі  потестарлық-саяси  ұйымының 
генеалогиялық принципі жүзеге асты.  
Қазақ  хандығындағы  билік  құрылымы  көшпелілердің  дәстүрлі  сословиелік-
касталық  бөлінген,  екі  негізгі  топтан  –  «ақсүйек»  және  «қарасүйектен»  тұрды.  Бұл 
топтар  бір-бірінен  статустық-құқықтық,  саяси,  әлеуметтік-мәдени  және  қызметі 
жағынан едәуір ерекшеленді.  
Бірінші  әлеуметтік  топ  –  «ақсүйек»  –  артықшылыққа  ие  болған  жабық 
корпорация,  өзінің  ерекше  әулеттік  шығу  тегінен  шығуға  болмайтын,  сословиелік 
тұйықталған  эндогамиялар,  үш  жүздің  генеологиялық  құрылымынан  оқшауланған 
және қоғамдық қатынастар жүйесінде үлкен маңызға ие болған топ болып табылады. 
Оны үш аристократиялық сословие құрады: төрелер немесе сұлтандар, саидтар және 
қожалар. Олардың өкілдері жоғары әлеуметтік мәртебеге және солармен бірге өзінің 
экономикалық  жағдайы  мен  жеке  интеллектуалдық,  физикалық  және  адамгершілік 
сапаларына қарамастан осы сословиелік-касталық топқа мұрагерлік жолмен берілген 
барлық ерекше құқықтарға ие болып отырады. 
Алайда  ақсүйектерге  құқықтық  жағынан  болсын,  генеологиялық  құрылымы 
жағынан  болсын  мүлдем  ұқсамайтын  қарасүйектер  туралы  И.В.  Ерофеева: 
«Родословные  казахских  ханов  и  кожа  XVIII-XIX  вв.  (история,  историография, 
источники)  атты  монографиясында:  «В  отличие  от  аристократии  «белой  кости» 
сословно-корпоративные  группы  «кара  суйек»  не  являлись  эндогамными 
структурами и не обладали наследственными привилегиями. Принадлежность к ним 
была  доступна  любому  индивиду  на  основе  принципа  меритократии  и 
имущественного  положения.  К  элите  «черной  кости»  относились  сословия 
родоплеменных  вождей  –  батыров,  народных  судей  –  биев  и  клановых  лидеров 
локального  уровня  (аулов,  родов  и  их  подоразделений,  племен)  –  старшин  или 
аксакалов.  Основная  же  часть  казахского  общества,  определяемая  как  свободные 
общинники, никак не дифференцировалась по сословным призникам, что отличало ее 
от господствующей элиты казахов» [1, 11-18 бб.]. 
Қожалар  ақсүйектерге  кіргенімен,  оның  иерархиялық  сатысында  екінші 
қатарда  тұрды.  Бұған  И.Г.  Георгидің  «Описание  всех  в  Российском  государстве 
обитающих  народов»  атты  еңбегіндегі  сөздер  дәлел  бола  алады:  «Дворянство  их 
многолюдно:  нижний  род  оного  называют  они  ходжами...  высший  же  состоит  из 
салтанов»  [2].  Сонымен  қатар  И.Ерофеева  да  былай  дейді:  «Второй  слой 
наследственной  кочевой  аристократии  «белой  кости»  был  представлен  в 
традиционном  казахском  обществе  XVI-XIX  вв.  социальными  группами  сайидов 
(сеид, сейид, сеит, сейит; от араб. саййид  – «вождь», «глава») и кожа (ходжа, хожа, 
худжа; от перс. хваджа – «хозяйн», «господин») [1, 11-18 бб.]. 
Орта  Азия  халықтары  арасындағы  өздерін  Мұхаммед  пайғамбардың  төрт 
халифасынан  таратын  әулеттерді  қожалар  дейді.  Сондай-ақ  қожалар  іштей  бірнеше 
топқа  бөлінеді.  Пайғамбардың  қызы  Фатима  мен  Әли  ибн  Әбу  Талибтің  ұлдары  – 
Хасан  мен  Хұсайын  болса,  Хасаннан  тараған  әулет  өкілдерін  шарифтер,  ал 
Хұсайыннан тараған әулет өкілдерін сейіттер деп атайды. Ал Әлидің басқа әйелінен 
дүниеге келген ұлы Мұхаммед ибн әл-Ханафийа мен өзге үш халифтен тараған әулет 
өкілдерін  қожалар  деп  атайды.  Ал  сейіт  әулеті  мен  қожа  әулеті  арасынан  шыққан 
әулет өкілдерін миандар дейді [3, 43 б.].  
Қожалардың шежірелік тарихын зерттеуге арналған З. Жандарбектің еңбегінде 
қожалардың 22 «Насаб-нама» қолжазбалары қарастырылған [4]. Бұл еңбекте қожалар 
шежіресін  дерек  ретінде  қарастырып,  автор  ««Насаб-нама»    -  қожа  әулеттерінің 
шежіресі болып табылады», - деп көрсетеді. 
Сондай-ақ қазақ шежірелері қожалар 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №1-2016ж.  
 
 
312 
туралы  тарихи  мәліметтерді  молынан  сақтайды.  Қазақ  хандары  мен  қожаларының 
тектерін  тізуге  арналған  И.  Ерофееваның  еңбегінде  мазмұны  мағыналы  деген 
шежірелерден 30 мәтін жиыстырылып, оның 14-і сызба, 8-і тізім, 3-уі үзінді және 3-уі 
кесте  ретінде  реттеліп  қосылған.  Мұнда  белгілі  авторлар  жинаған  шежірелік 
мәліметтер зерттеуге алынған [1]. 
М.А.  Алпысбес  «Қазақ  шежірелері  –  тарихи  дерек  ретінде»  атты  еңбегінде 
қазақ шежірелері арқылы қожалардың шежірелерін де айтып кеткен. Сонымен қатар 
қожалардың тарихы туралы көптеген ел аузында сақталған әңгімелерді де келтірген 
және  қожалардың  шығу  тегі  туралы  жазған  көптеген  ғалымдардың  пікірлерін  де 
жазған.  Ол  қазақ  халқы  мен  қожалардың  байланысын  былайша  баяндайды: 
«Қазақтың   шежірелері  бойынша  түрікті  семит  халықтары  тобына  жататын  араб 
жұртымен байланыстыратын екі өзегі бар. Оның бірі Адам сопы мен Нұх пайғамбар 
әңгімесіне  байланысты  болса,  екіншісі  қазақ  ортасындағы  қожаларға  қатысты 
мәліметтер», - дейді. 
Қожалар  өзінің  тегі  туралы  жазбаларды  сақтаған.  Оларды шежіре, 
көбінесе, насаб деп  атаған.  М.А.  Алпысбес  баяндауынша:  «Каждый  род  сейидов  и 
ходжей имел свою родословную – шаджара, подтверждающую его происхождение от 
пророка и его сподвижников. Большинство этих родословных были поддельными и 
значительно более поздними по времени, чем арабское завоевание и их владычество 
в Средней Азии», - деп Б.Х. Кармышеваның пікірін қолдай бере кетеді [5]. 
 
Мәшһүр  Жүсіп,  Шәкәрім  және  Құрбанғалидің  шежірелік  жазбаларында  қожа 
ұғымына  байланысты  көптеген  тарихи  деректер  келтірілсе  де,  оның  тарихи  мән-
мағынасы  жағынан  талдаған  зерттеу  аз.  Сол  тақырыпта  ізденіс  жасаған  ғалым 
 Жандарбек  З.  «Йасавийа  и  этническая  история  населения  Дешт-и  Кипчака  (по 
материалам казахских шеджере)» атты мақаласында қазақ шежіре деректеріне сүйене 
отырып,  XIV  ғ.  үш  жүздің  қалыптасу  тарихында  қожалар  шайхыларының 
(шейхтарының  –  Ж.Н.)  ықпалы  туралы  сөз  етеді.   Кейінгі  тарихта  қожа  тұқымдары 
қазақ  руларына  да  араласа  түскен.  Шежіре  деректерінде  17  қожаның  аты  қазақтың 
Орта жүз және Кіші жүз руларының көсемі ретінде көрсетіледі. Нақты: «Қыдырқожа 
байдан  Шеркеш,  Ысық,  Байбақты,  Масқар,  Алаша,  Таңа,  Қызылқұрт,  Есентемір, 
Беріш,  Таз,  Адай,  Жаппас.  Жанарыстың  бәйбішесінен  туған  төрт  қожаның  бірі  – 
Қарақожа. Онан арғын дедік», - деп шежіре мәлімдейді. Қожалардың генеалогиялық 
реті  туралы  қазақ  шежірелері  мол  мәлімет  береді.  Қожа  ортасынан  шыққан  әйгілі 
тарихи тұлғалардың деректерінен шежіреде ең алдымен Арыстанбаб пен Қожа Ахмет 
Йасауи  есімдері  әйгілі.  Қазақ  ортасындағы  ислам  дінінің  рухани  қазығы  болғанын 
Әзірет Сұлтан айналасында қазақтың қалың қорымы дәлелдейді. Атақты адамдардың 
көбі,  оның  ішінде  батырлар,  билер,  хандар  мен  сұлтандар  ұрпақтарына  өзін  Әзірет 
Сұлтанға  жерлеуді  аманат  еткенін  шежірелер  мәлімдейді.  Сондықтан  Қаздауысты 
Қазыбек  би,  Абылай  хан,  Шоң  би  және  т.б.  тарихта  аты  шыққан  адамдар  Әзіреті 
Сұлтанда жерленген [5]. 
Қазақ шежіресінде сақталған қожалардың шығу тегін баяндайтын бір деректе: 
«Бірінші  әйелінің  аты  Ғабако  –  ұлты  түрік  патшалығынан,  одан  Абыл  мен  Қабыл 
туады. Абылды Қабыл өлтіріп түрік патшасының қызы Ғазизаны қабыл алады, оның 
ұлы  Шаһзададан  туғандарды  төре  деп  атаған.  Екінші  әйелі  Жүсіп  пайғамбар 
тұқымынан,  аты  Нұрғаным,  одан  туған  баланың  аты  Сейідолзада,  ол  пайғамбар 
тұқымына жиен болғандықтан одан тараған қожалар деп аталған» - деп әңгімелейді. 
«Бұл  әрине  Таурат  пен  Құрани-л-Кәрим  аңыздарынан  белгілі  сюжет»,  -  деп 
М.Алпысбес түсіндіреді. 
"Қожа"  ұғымымен  байланысты  адам  есімдері  қазақ  шежірелерінде  жиі 
айтылады. Жалпы қожаға қатысты антропонимикалық деректер шежірелерде аз емес. 
Мысалы,  шежірелерде  Қажақай,  Қожаберген,  Қожабек,  Қожағұл,  Қожақ, 
Қожамберді, 
Қожамбет, 
Қожамжар, 
Қожамсейіт, 
Қожан, 
Қожаназар, 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №1-2016ж.  
 
 
313 
Қожантай, Қожас, Қожатай деген толып жатқан қазақ есімдері бар [6]. 
 
Сейіттер  әулеті  де  Орта  Азияда  үлкен  беделге  ие  болды.  Нақшбандийлер 
өздерін  осы  сейіттер  әулетіненбіз  деп  есептеді.  Мұндағы  нақшбандийа  тариқаты  – 
Қожа Ахмет Йассауи мектебі негізінде қалыптасқан сопылық ағымының бір тармағы. 
Олардың  қатарынан  Махдуми  Ағзам  мен  Афақ  қожа  секілді  ірі  нақшбандийа 
шейхтары  шықты.  Қазір  қазақ  арасына  тараған  қылышты  қожалар,  сабылт  қожалар 
өздерін  осы  сейіт  әулетінен  имам  Мұса  Ризаның  баласы  сейіт  Мұхаммад  Қылыш 
әулетіненбіз деп есептейді. Сондай-ақ имам Мұса ар-Ризаның және бір баласы сейіт 
Ибрахимнен  Зеңгі  атаның  атақты  төрт  халифасының  бірі  болған,  Алтын  Орданы 
ислам  дініне  кіргізуде  үлкен  рөл  атқарған  Сейіт  ата  әулеті  тарайды.  бұл  әулет 
өкілдері Ташкент пен Сарыағаш, Арыс аудандарында тұрады. Бұл қожаларды халық 
арасында қоңырат қожалары дейді. Бұлай аталуының себебі әлі күнге дейін белгісіз. 
Мүмкін осы жерде тұратын рулармен сіңісуіне байланысты айтылған деген болжам 
бар [7, 43 б.].  
Қазақ  қоғамының  әлеуметтік  иерархиясында,  басқа  да  Орталық  Азияның 
мұсылмандық  социумдарындағыдай,  сейіттер  көшпелілердің  сұлтандар  сословиесін 
қоса,  барлық  басқа  сословиелік-ұжымдық  топтардың  қоғамдық  санасында  үлкен 
беделі  бар,  артықшылықтарға  ие  болған  тұйық  топ  болып  табылады.  Аймақ 
мұсылмандарының санасында олар көбінесе  «қасиетті» (әулие) болып саналады. Ең 
қызықтысы,  Шыңғыс  хан  ұрпақтарының  сейіттер  мен  қожаларды  XIV  ғасырда-ақ, 
яғни  Шағатай  мен  Жошы  ұлыстарында  ислам  ресми  дін  болып  қабылданғанда 
«алдыңғы қатарлы сословие» ретінде мойындағаны болып табылады.  
Сейіттер  Орталық  Азияның  далалық  және  көршілес  аймақтарда  ислам 
идеясының  басты  таратушысы  болып  табылды  және  сондықтан  тек  мұсылмандар 
арасында  ғана  үлкен  құрметке  ие  болмай,  сонымен  қатар  көптеген 
артықшылықтарды  да  пайдаланды.  Көбінесе  олар  өлім  жазасы  мен  дүре  соғу 
жазаларына тартылған жоқ, жоғарғы билік иелерімен бірдей деңгейде сөйлесе алды 
және тіпті олардың дұрыс емес әрекеттері мен қате шешімдерін айта алды. Аймақтың 
мұсылмандық  қоғамдарында  сейіттердің  әлеуметтік-құқықтық  жағдайын  сипаттай 
отырып,  ХІХ  ғасырдың  ортасында  Шоқан  Уәлиханов  былай  деп  жазған  болатын: 
«Сеиды...  успели  приобрести  в  народе  благоговение;  ученики  и  мюриды  их 
рассказывают  о  чудесах,  ими  произведенных,  и  все  этому  верят;  сайиды 
безбоязненно  вступают  в  борьбу  с  владетелями».  Мұндағы  мюридтер  немесе 
муридтер дегеніміз араб тілінен аударғанда – суфизм өкілдері, яғни өздерінің рухани 
жетекшісіне сөзсіз бас иетіндер [8, 11-19 бб.].  
Қазақ  халқы  арасында  қожалар  –  үш  жүзге  кірмейтін,  өздерінің  болмыс-
мінезімен,  әдет-ғұрпымен  дараланған  рулардың  бірі.  Қожалар  –  елдің  рухани 
өмірінде мұсылмандық мәдениеттің ең жоғарғы қызметшісі, сондықтан да Орта Азия 
мен қазақ халқы арасында ислам дінін   таратып 
уағыздаушы 
әрі 
Мұхаммед 
пайғамбардың алғашқы халифтарының ұрпағы болып есептеледі. 
«Қожа» ұғымы парсы тілінде «хваджа» - «ие», «еге», «мырза» деген мағынаны 
білдіріп, ислам діні тараған елдерде діни адамдарға берілетін құрметті атақ болды, ал 
араб  тілінен  аударғанда  «ағартушы»  деген  мағынаны  білдірді.  Өздерін  Пайғамбар 
әулетінен  санайтын  қожалар  мен  ислам  дінінен  хабары  барлардың  барлығы  дерлік 
«қожа» қатарына қосылып, ислам дінін уағыздау жолында қызмет атқарды.  
Қожалар  бөлек  бір  топ  болғанымен,  өз  алдына  ұлт  болып  саналмайды. 
Мәселен,  өзбек,  қазақ,  түрікмен  және  т.б.  ұлттардың  құрамында  қазақ,  өзбек, 
түрікмен  болып  жазылады  да,  ол  орта  азиялық  тарих  шеңберінде  «қазақ-қожа», 
«өзбек-қожа»,  «түрікмен-қожа»  деп  аталады.  Ислам  дінін  таратушы  Қожа  Ахмет 
Йассауидің аталары да қазақ, өзбек халықтарының ішіне сіңіп кеткен [9, 45 б.].  
Діни 
атаққа 
ие 
болғандардың 
өкілдері  ретінде  қожалар  алым-

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №1-2016ж.  
 
 
314 
салықтардан  босатылғанын  және  оларды  тек  сұлтандар  ғана  жазалай  алатынын 
жоғарыда айтып өткен болатынбыз. Алайда Е.Бекмаханов «Қазақстан ХІХ ғасырдың                               
20-40-жылдарында» атты монографиясында былай дейді: «Бірақ солай бола тұрса да, 
мұсылман  дінінің  шонжарлары  қожалардың  қоғамдық  жағдайы  Орта  Азиядағы 
хандықтармен  салыстырғанда  Қазақстанда  мардымсыз  еді.  Мұсылман  дінінің 
шонжарлары  арасында,  мысалы,  ХІХ ғасырдың  бас  кезінде  старшын  болған Тамық 
Шақатаев,  Шүкірәлі  Сұлтанмұхамметов  және  басқа  қожалар  сияқты  тек  жекелеген 
өкілдері ғана ерекшеленеді. Мұның себебін, бір жағынан, исламның Орта Азиядағы 
басқа елдерге қарағанда Қазақстанда едәуір кеш таралғандығымен, екінші жағынан, 
қазақтардың  көшпелі  өмір  салты  қырда  исламның  нығаюына  мүмкіндік 
бермегендігімен  түсіндіруге  болады  (қазақтарда  мешіттер,  медреселер  т.т.  мүлде 
дерлік болмады, осыдан келіп мұсылмандықты  уағыздаушылар да аз  болды). Және, 
ақырында,  мәжусилік  дінінің  сарқыншақтары  (шаманизм)  қазақтарда  күшті  болды, 
осыдан келіп «бақсы» дейтіндер көбейіп кетті». Бірақ бұған қарамастан қожалардың 
артықшылықтарды алуының өзі олардың белгілі бір мәртебеге жеткенін аңғарамыз.  
Сонымен  қатар  Е.Бекмаханов  жоғарыда  айтып  кеткеніміздей  өлтірілген 
адамның  мәртебесіне  сай  құнның  түрлілігін  де  айтып  кетеді.  «Қарапайым  қазақтар 
мен  сұлтандардан  алынатын  құн  мөлшерлері  әр  түрлі  болды.  Мысалы,  қарапайым 
қазақтың өлтірілгені үшін толық құн төлегенде үстіне кілем жабылған, ең тәуір деген 
сыңар  өркеш  түйе,  жаулық  пен  бірнеше  шапан,  тон,  белбеу,  шалбар,  етік,  өлтірген 
кісінің қару-жарағы мен аты немесе 1000 қой, 40 бие және құл беретін болды. Кейде 
құн  түйемен  ауыстырылды.  Қожаны  өлтіргені  үшін  3000  қой,  сұлтанды  өлтіргені 
үшін  7000  қой  құн  төленді,  ал  ханның  құны  қарапайым  жеті  қазақтың  құнына  тең 
болды». Бұл да өз кезегінде белгілі бір мәртебенің көрінісі деп білеміз. Сондықтан да 
қожалардың сол кездегі қоғамдық жағдайы мардымсыз емес. 
Құн  демекші,  негізінде  құн  институты  келісімге  келу,  жеке  құқықты 
қорғаушылық және жеке құндылықты сақтау  қызметін атқарды. Құн қазақ қоғамын 
ірі  өзгерістерге  алып  келді.  Қоғамның  құқықтық  реттеуші  қызметін  атқарған  құн 
институтының әдеттік-құқықтық жүйедегі түсінігінің қазақ  қоғамында алатын орны 
айрықша болған [10, 29-30 бб.]. 
Екінші жағынан «Бес саусақтың бәрі бірдей емес» демекші қожалардың да бәрі 
ислам  дінін  таратумен  айналыспаған.  Мәселен  «Қазақ  тарихы»  журналының 
меншікті  тілшісі  Ж.Ғизатов  «Исламның  Қазақстанда  таралуы»  атты  мақаласында 
былай  деп  жазады:  «Қожалар  түркі  тайпалары  исламның  мән-мағынасын  жеткізе 
алмаса да, зекет, пітір төлеп тұруды түсіндіре алыпты. Көшпелі өмірдегі түркілер (ол 
кезде оғыздар, кейін қыпшақтар) жылына бір рет малынан зекет, жан басына пітірін 
төлеп,  сонымен  мұсылмандық  парызымды  орындадым  деп  түсінген.  Ал  қожалар 
болса, ел ішінде уағыз жүргізіп жатпай-ақ, зекет пен пітір жинап байыды.  
Сан жылдар бойы үйір-үйір зекет малын жинау, пітір-садақа түсімдері қожалар 
мен  олардың  маңындағыларды  еңбексіз  баю  жолына,  арамтамақтыққа  қарай 
бейімдеген.  Бұл  тіршілік  көшпелі  ел  өмірінде  ұзақ  жылдарға  созылған»,  -  демекші 
Е.Бекмаханов  көзқарасының,  екінші  жағынан  алғанда,  жаны  бар  деуге  болады                 
[11,  17-19  бб.].  Осындай  кереғар  құбылыстардың  кесірінен  сол  кездегі  қожалардың 
қоғамдық жағдайына және жалпы ислам дінінің таралуына үлкен нұқсан келтірілген 
болатын. 
Қазақтарда  патриархалдық-рулық  тұрмыстың  сақталғандығын  ру  ұранының 
болғандығы да куәландырады. 
«Ұран» - соғыс, барымта, бәйге т.б. кезінде руластарды бір жерге жинау үшін 
атойлап  айтылады.  Рудың  ұраны  ретінде  әдетте  бәріне  ортақ  рубасының  есімі 
алынған. Қазақтардың әрбір руының өз ұраны болған, сұлтандардың да, қожалардың 
да өз ұрандары болды. Қазақтар: «Арқапр ұранды төре», «Алла ұранды қожа», «Алаш 
ұранды  қазақ»  деп  ұрандатқан  [12,  97-120 
бб.].  

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №1-2016ж.  
 
 
315 
Түркі тектес, түркі тілдес халықтардың, соның ішінде қазақ халқының рухани 
болмысы қалыптасуының бастауында жатқан қайнар көздердің бірі де бірегейі Қожа 
Ахмет  Йассауидің  сопылық  ілімі  екендігін  ешкім  жоққа  шығармаса  керек                     
[13, 3-8 бб.].  
Сопылық ислам шеңберіндегі өзіндік дүниетаным ретінде VII-VIII ғасырларда  
алғаш  Арабияда  қалыптаса  отырып,  бірте-бірте  мұсылман  әлемінің  басқа 
аймақтарына  да  таралған  болатын  [14,  58-61  бб.].  Сопылық  дүниетаным  түркілер 
арасында  исламның  алғаш  Орталық  Азия  жеріне  келген  уақытынан-ақ,  яғни                     
VIII  ғасырдың  екінші  жартысынан  қалыптаса  бастайды  [15,  28-30  бб.].  Бұған  біз 
түркілер  арасынан  шыққан  мұсылман  ғұламалары  –  Әбу  Насыр  әл-Фараби,  Жүсіп 
Баласағұни,  Махмұт  Қашқарилардың  еңбектері  арқылы  көз  жеткізетінімізді 
жоғарыда айтып кеткен болатынбыз [16, 8-16 бб.]. «Сонымен бірге ХІ ғасырда өмір 
сүрген  ғұлама  ғалым  М.Қашқаридің  «Диуани-лұғат  ат-Түрік»  атты  еңбегінде 
келтірілген  халықтық  бейіт-жырлардағы  сопылық  сарын,  сопылықтың  түркі 
қоғамының қаймағы  – шығармашылық элита арасында ғана емес, қарапайым халық 
арасында  да  кеңінен  таралуының  дәлелі  бола  алады»,  -  деп  әл-Фараби  атындағы 
ҚазҰУ  дүние  жүзі  тарихы,  тарихнама  және  деректану  кафедрасының  профессоры, 
т.ғ.к. Е.Т. Қартабаева жазады.  
ХІІ ғасырға дейін түркілер арасында тек дүниетаным ретінде ғана өмір сүрген 
сопылықтың,  дамыған  діни-философиялық  жүйе  ретінде  қалыптасып,  өзіндік 
ұйымдық формаға ие болуы Қ.А. Йассауидің қызметімен байланысты [17, 30-33 бб.; 
18, 56 б.]. 
Йассауи 
ілімінің 
қалыптасуына 
ықпал 
еткен 
тарихи-объективті 
факторларының маңыздысына Е.Қартабаева ислам дінін жатқызады. Алайда Йассауи 
өмір  сүрген  ХІІ  ғасырда  ислам  дінінде  белгілі  бір  тоқыраушылық,  кері  кету 
құбылыстары  орын  алып  жатқан  болатын.  Өркениеттік  зерттеу  методологиясы 
тұрғысынан  алғанда,  бұл  тарихи  дамудың  заңды  кезеңі,  яғни  кез  келген  өркениет 
қалыптасу,  даму,  құлдырау  кезеңдерінен  өтетін  болса,  VIII  ғасырда  қалыптасқан 
ислам  діні  ІХ-Х  ғасырларда  өзінің  шарықтау  шегіне  жетіп,  одан  кейінгі  уақытта 
бірте-бірте құлдырай бастаған болатын. 
Қорытындылай  келе,  қожалар  этнонимі  қазақ  қоғамындағы  ертеден  келе 
жатқан ерекше термин болып табылады. 
 
Әдебиеттер: 
1. Ерофеева И.В. Родословные казахских ханов и кожа XVIII-XIX вв. (история, 
историография, источники). – Алматы: ТОО «Print-S», 2003. – 178 с.  
2. Георги И.Г. Описание всех обитающих в Российском государстве народов. – 
Санкт-Петербург: Типография Шнора И.К., 1776. – 117 с. 
3. Жандарбек З. Төрт халифадан тарайтын әулетті  қожалар дейміз //  Аңыз 
адам. – 2014. – №13.– Б. 50. 
4.  Жандарбек  З.  «Насаб-нама»  нұсқалары  және  түркі  тарихы.  –  Алматы: 
ЖШС «Дайк-Пресс», 2002. – 160 б. 
5.  Алпысбес  М.  Қазақ  шежірелері  –  тарихи  дерек  ретінде  /  Тарих 
ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның 
авторефераты. – Алматы, 2008. – 55 б. 
6.  Алпысбес  М.  Қожа  шежірелері  және  мұсылмандық  тарихнама.  – 
Kozhalar.kz. Пайдаланған уақыты: 28.07.2015 ж. 
7.  Мұстапаева  Д.  Тайқазан  және  ежелгі  қола  қазандар  арасындағы 
сабақтастық // ҚазҰУ хабаршысы. – 2006. – №2 (41).– Б. 180. 
8. История Казахстана в русских источниках XVI-XX веков. Путевые дневники 
и  служебные  записки  о  поездках  по  южным  казахским  степям.  XVIII-XIX  века  / 
Сост.  Ерофеева  И.В.,  Жанаев  Б.Т.  6  т.  – 
Алматы: Дайк-Пресс, 2007. – 516 с.  

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №1-2016ж.  
 
 
316 
9. Ибадуллаева З. Қожалар әлеуметтік топ ретінде қазақ руларынан жоғары 
тұрды // Аңыз адам. – 2014. – №13.– Б. 50. 
10. Телеуова Э., Сәменбаев Т. Қазақ қоғамындағы құн институты және оның 
әлеуметтік  реттеушілік  қызметі  //  Қазақ  тарихы.  –  2011.  –  №3  (108)  мамыр-
маусым. – Б. 65. 
11. Ғизатов  Ж. Исламның Қазақстанда таралуы // Қазақ тарихы.  – 2009.  – 
№2 наурыз. – Б. 80. 
12.  Бекмаханов  Е.  Қазақстан  ХІХ  ғасырдың  20-40  жылдарында.  –  Алматы: 
Санат, 1994. – 416 б. 
13. Жандарбек З. Қожа Ахмет Йасауи және қазақ мәдениеті // Қазақ тарихы. 
– 2003. – №5 қыркүйек-қазан. – Б. 80. 
14.  Мұстапаева  Д.  Қожа  Ахмет  Ясауи  кесенесіндегі  тайқазан  туралы  // 
ҚазҰУ хабаршысы. – 2006. – №4 (43). – Б. 65. 
15. 
Қырқымбекова 
А.Т., 
Бижанова 
К.Қ. 
Түрік 
ойшылдарының 
шығармаларында адамгершілік мұраттары (Қожа Ахмет Иассауи мен Юнус Емре 
шығармаларындағы ұқсастық) // Отан тарихы. – 2006. – №1.– Б. 175. 
16. Кусаинов Ш. Слово апокалипсиса в братстве Йассавийа // Қазақ тарихы. 
2009. – №6 (99) қараша-желтоқсан. – Б. 85. 
17.  Жеменей  И.  Қазақ  хандығы  –  Мырза  Хайдар  шығармасында  //  ҚазҰУ 
хабаршысы. – 2007. – №1 (44). – Б. 179. 
18. Жуматаева Г.Т. Шығыстанушы В.В. Бартольд және оның қазақ тарихы 
ғылымына  қосқан  үлесі  /  «Тарих»  мамандығы  бойынша  гуманитарлық  ғылымдар 
магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация.  – 
Орал, 2014. – 105 б. 
 
Ахметова У.Т., Нурмуханов Ж.К. 
Этноним ходжей 
В  этой  статье  рассматривается  этноним  ходжей,  исследования  ученых  по 
этой проблематике и их размышления. 
Ключевые слова: этноним, ходжа, Казахское ханство, сословие, белая кость. 
 
Akhmetova U.T., Nurmukhanov Zh.K. 
Ethnonym of khoja 
In  this  article  is  considered  the  ethnonym  of  khoja,  researches  of  scientists  on  this 
range of problems and their reflections. 
Key words: ethnonym, khoja, Kazakh khanate, class, white bone. 
 
*** 
 
ӘОЖ: 378.14.014.13  
Тұрсұн Х.М. – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қожа Ахмет 
Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 
E-mail: tursunhazret@mail.ru 
Исаев М.С. – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік 
университетінің PhD докторанты 
E-mail: muhtar-1211@mail.ru 
 

1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал