Республики казахстан


ЗАМАНАУИ ЖИЫРМА БІРІНШІ ҒАСЫР РОМАНЫНДАҒЫ СОНЫ



жүктеу 5.14 Kb.
Pdf просмотр
бет37/44
Дата09.01.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44

ЗАМАНАУИ ЖИЫРМА БІРІНШІ ҒАСЫР РОМАНЫНДАҒЫ СОНЫ 
ЖАНРЛЫҚ ІЗДЕНІС (Ә.ЫБЫРАЙЫМҰЛЫНЫҢ «ЗАУҚАЙЫР» РОМАН-
ТРИЛЛЕРІ ХАҚЫНДА) 
 
Аннотация.  Мақалада  жиырма  бірінші  ғасырдағы  қазақ  романының 
жанрлық  түрлік  тұрғыдан  дамуы  сөз  болады.  Ә.Ыбырайымұлының  роман-
триллерінің көркемдік ерекшелігі талданады.  
Тірек  сөздер:  Жаңа  заман  романы,  роман-триллер,  жанрлық  түр,  даму 
тенденциясы. 
 
Әдеби  процесс  үздіксіз  жүріп  отыратын  қозғалмалы  үдеріс  болғандықтан, 
әдебиет  тарихының  жаңа  парақтарын,  заманға  сай  осынау  кезеңде  туған  рухани 
дүниелерімзді  саралау,  түйсіну,  әдебиет  тарихындағы  орнын  бағамдау  ерекше 
мәселелердің бірі. 
Әлемдік өркениеттің ең озық дәстүрлерін игеру барысында ұлттық әдебиеттің 
өрісі  кеңеюімен  қатар,  қарама-қарсы  қатынастағы  бүкіләлемдік  тарихи  дамуға  да 
үлес  қосылады.  Қатарға  жаңа  мәдени-рухани  ерекшелігі  бар  ұлттық  мәдениеттің 
қосылуымен  бірге  әлемдік  мәдениет  басқа  халықтарда  жоқ,  өзге  сипаттағы 
құндылықтармен  толыға  түседі.  Ұлттың  қоғамдық-мәдени  тұрғыдан  жедел  дамуы 
үстінде жаңа қоғамдық сана формалары туады. Біз өз мақсатымызға орай әдебиеттің 
жедел  даму  кезеңіндегі  ХХІ  ғасырдағы  қазақ  прозасының  қалыптасуы  мен  ондағы 
бүкіләлемдік  көркемдік  тенденциялардың  –  түрлі  ағымдар  мен  әдістердің  негізінде 
пайда  болған жаңаша  түрлік  ізденістердің  қалайша  игерілгендігін  бажайлау  міндеті 
алдымызға қойылады.  
Мәдениет  кеңістігіндегі  ықпалдастықтар  туралы  ғалым  Ж.  Жарылғапов: 
«Қазақ  әдебиеті  де  әлемдік  әдебиеттің  бір  бөлшегі.  Адамзаттың  мәдени-әдеби 
дамуындағы  ортақ  заңдылықтар  мен  поэтикалық  тұтастықтар  біздің  ұлтымыздың 
әдебиетінде  де  көрінбеуі  мүмкін  емес.  Біршама  жетілген  әрі  даму  үстіндегі  ұлттық 
әдебиеттану ғылымының алдында тұрған іргелі міндеттердің бірі – ендігі жерде қазақ 
әдебиетін  жаһандық  әдебиеттегі  біртұтастықтың  негізінде,  адамзаттың  көркемдік 
даму  жолындағы  жалпыға  бірдей  заңдылықтар  аясында  да  қарастыра  отырып,  ұлт 
әдебиетінің  өзіндік  сипаттары  мен  жетістік-кемшіліктерін  анықтау.  Әдебиеттегі 
ортақ  бағыттар  мен  ағымдарды,  көркемдік  әдістерді  тарихи-салыстырмалы  түрде, 
жалпы  әдебиеттану  негізінде  саралай  отырып,  қазақ  әдебиеті  мен  әлемдік  әдеби 
үдерістегі  параллелизмдерді  таныта  аламыз»  [1],  -  дейді.  Ендеше,  тәуелсіздік 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
292 
жылдарынан  кейінгі  ұлттық  әдебиеттің  даму  тенденциясын  саралағанда,  жаңа 
парадигмалар шеңберіндегі көркемдік ізденістерді де назарда ұстау маңызды болмақ. 
ХХІ ғасырдағы қазақ романшыларының қатарында Әділбек Ыбырайымұлының 
есімі  әдеби  сында  жиі  аталып  келеді.  Ақын  әрі  проза  жанрына  да  қалам  тербеп 
жүрген  Ә.Ыбырайымұлының  көлемді  эпикалық  жанрдағы  романы  «Ұяластар»  2005 
жылы  жарық  көрді.  Аталған  романда  автор  желтоқсан  оқиғасымен  байланысты 
тарихи  кезеңді,  одан  әрі  тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарындағы  әлеуметтік 
проблемаларды  көтеруге  тырысады.  ҚазМУ-дың  журналистика  факультетін  бітіріп, 
өз болашағына үлкен сеніммен қарай  бастаған Жапар есімді жас маманның арманы 
түбірімен  қалай  күйрегені    ары  қарайғы  оқиғалар  тізбегі  арқылы  көрініс  табады. 
Қаламгердің  прозадағы  аяқ  алысы,  өзіндік  бағыт-бағдары  туралы  профессор 
Мырзагелді Кемел: «Ә.Ыбырайымұлы жазған «Ұяластар» мен «Зауқайырға» келсек, 
бұл  романдар  кеңестік  құрылымның  қабырғасы  сөгіле  бастаған  соңғы  30-25 
жылдардан бергі кезеңді қамтитын, кеңестік «мүлги бағыну» кезінен ада екендігімен 
ұнағанын айтқымыз келеді.  
«Ұяластарды»  оқи  бастағаннан  автордың  өз  бетінше,  ешкімге  ұқсағысы 
келмегенін,  өз  сүрлеуін  іздегенін  көреміз.  Сөз  саптауы  мен  сөйлем  құрауының 
өзіндік ерекшеліктері бірден көзге түседі. Шығарманың өне бойында еріксіз келісетін 
теңеулер жетерлік» [2], – деп бағалайды. Иә, автордың шығармашылығында өзіндік 
жазу  мәнері,  тілдік  қолданыс  стилі  көзге  айқын  көрініп  тұрады.  Қаламгердің 
шығармашылығына  тереңдей  зер  салсақ,  тақырыбымызға  сәйкес  жаңа  замандағы 
роман  жанрының  даму  тенденциясына  жауап  беретін,  соны  ізденістерін  көруге 
мүмкіндік  беретін  шығармасының  бірі  –  «Зауқайыр»  туындысы.  Автор  роман-
триллер деп атапты. Туындының атауы да, терминдік ұғымы да қазақ әдебиеті үшін 
тосындау  құбылыс  ретінде  көрінеді.  Аталған  туындының  тақырыптық,  мазмұндық, 
құрылымдық  поэтикасына  енбес  бұрын,  алдымен  роман-триллер  терминдік  ұғымға 
мән  біріп  өткеніміз  абзал.  Себебі,  терминдік  ұғымдарды  анықтау  көркем 
шығарманың табиғатын тануға мүмкіндік туғызады.  
Қазақ  әдебиеттану  терминдер  сөздігінде  қазақша  триллер  ұғымына  берілген 
анықтаманы кездестірмедік, себебі аталған бағыттағы туындылардың қазақ әдебиеті 
тарихында бұрын-соңды болмауы терминдік атаудың да қалыптасуына қажеттіліктің 
жоқтығын  айғақтаса  керек.  Сондықтан,  орысша  әдебиеттану  сөздіктеріне  жүгіндік, 
онда мынадай анықтама берілген:  «ТРИЛЛЕР (от  англ.  - вызывать трепет, ужас)  — 
захватывающе  интересное  по  содержанию  произведение  (роман,  повесть,  пьеса, 
кинофильм)  с  виртуозно  организованным,  держащим  в  напряжении  читателя 
(зрителя)  сюжетом,  быстрым  и  непредсказуемым  развитием  действия.  Триллер  в 
«чистом  виде»  может  быть  фантастическим,  мистико-историческим,  детективным, 
приключенческим,  любовным,  но  обычно  сочетает  в  себе  одновременно  несколько 
жанровых  разновидностей,  заботясь  в  первую  очередь  об  интересах  и  внимании 
читателей (зрителей), составляющих самую широкую аудиторию. Истоки подобного 
рода  повествования  обычно  возводят  к  рассказам  Э.А.  По  и  романам  У.  Коллинза 
«Женщина в белом» и «Лунный камень». Ныне, как неотъемлемое явление массовой 
литературы  и  культуры,  триллер  обнаруживает  себя  практически  во  всех  мировых 
странах,  в  том  числе  и  в  России»  [3].  Анықтамадан  көріп  отырғанымыздай, 
оқырманның  (көрерменнің)  қызығушылығы  мен  назарын  басты  мақсат  тұтқан, 
жалпы бұқаралық әдебиетке жататын триллер қазіргі уақытта бұқаралық әдебиет пен 
мәдениеттің  ажырамас  құбылысы  ретінде,  барша  әлем  әдебиетінде,  сондай-ақ 
әлемдік  әдебиеттің  бір  бөлшегі  қазақ  әдебиетінде  де  көрініс  тауып  отыр.  Оған  Ә. 
Ыбырайымұлының «Зауқайыр» (2014) роман-триллері куә.  
Роман  шытырман  оқиғалы,  психологиялық  бестселлер.  Заманауи  тақырыпты 
қозғаған  роман-триллер  шытырман оқиғаға  құрыла отырып,  үшем  қыздар  Эльмира, 
Нұрмира,  Гүлмира  және  Гүлжан,  Жасарал  сынды  бас  кейіпкерлердің  жеке 
бастарынан  өткен  жайттары  қоғамдық-әлеуметтік  проблемалармен  тығыз  бірлік 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
293 
шеңберінде  өрістейді.  Романдағы  қылмыстық  топтар,  олардың  өзара  қырғи-қабақ 
шиеленістері,  елдің сол кездегі  саяси ахуал, есірткі  саудасы, алаяқтық,  жемқорлық 
детективтік  белгілерді  көрсетсе,  үшем  қыздар  Эльмира,  Нұрмира,  Гүлмиралардың 
күрделі  де  қиын  тағдырлары  әлеуметтік-қоғамдық,  психологиялық  жайттар,  жеке 
бастарындағы,  махаббаттағы  сәтсіздіктері,  рухани  жалғыздықтары  туындының 
эмоциональды-физиологиялық  қабылдану  қабатын  тереңдетіп,  психологиялық 
деңгейін  арттырған.  Жалпы,  триллер  ағылшын  тілінен  аударғанда  үрей  туғызу, 
қорқыныш  дегенді  білдіріп,  оқырманның  психологиялық  ішкі  жан-дүниесіне  әсер 
етуді  көздейтіндіктен  аталған  элементтердің  орын  алуы  заңды  құбылыс  деп 
есептейміз.  
Бір  отбасында  тәрбиеленген  үшемнің  бірі  Эльмираның  толғақ  үстінде  қаза 
болуы,  Гүлмираның  алғашқы  сүйіп  қосылған  махаббаты  Жанаттың  жол  апатынан 
мүгедек болуы, кейін өз-өзіне қол жұмсаған қазасы, жесір қалған Гүлмираның екінші 
жұбайлық  өмірдегі  сәтсіз  қадамы,  Ұланның  опасыздығы,  қылмыстық  топтың 
құрығына  ілінген  Гүлжан,  Гүлмира  тағдырлары,  отбасындағы  тұрмыстық  жағдай, 
әлеуметтік  проблемалар,  махаббатта  жолы  болмаған  Нұрмираның  отбасылық,  жеке 
басындағы  түрлі  келеңсіз  жайттардан  қажып  өзі-өзіне  қол  жұмсауы,  бәрі-бәрі  бір 
ғана  отбасындағы  жағдай  болғанымен,  автор  роман-триллерге  үлкен  заманауи 
қоғамдық-әлеуметтік  түйткілді  мәселелерді  жинақтай  білген.  Роман-триллерде 
композициялық  тұрғыдан  шағын-шағын  новеллалық  сипаттағы  үзіктерді  сәтті 
қиюластырылып, асқан шеберлікпен құрылғаны байқалады.  
Роман-триллерде  тоқсаныншы  жылдардағы  қиын-қыстау  заманның  келбеті 
шынайы суреттеліп, сол кезең ақиқаты бір отбасы мүшелері үшем қыздар Нұрмира, 
Гүлмира,  Эльмира  және  Гүлжан  сынды  кейіпкердің  тағдыр-тауқыметі,  қайғы-
қасиеттері,  әлеуметтік  мәселелерін  жинақтау  арқылы  ашылады.  Соның  негізінде 
өтпелі  кезеңдегі  тұтас  бір  ұрпақтың  болмыс-бітімі,  тыныс-тіршілігі  көркем 
бейнеленеді.  
Романда ылғи да өрбіп отыратын оқиғалар төңірегінде Гүлмира мен Нұрмира 
екеуі,  содан  кейінгі  кейіпкер  –  Гүлжан  жүреді.  Бұл  қыз  тағдырдың  айдауымен, 
мінезінің ашықтығынан күрделі қоғамның сан қабат қыртыстарының бірі саналатын 
әлдебір  әулекі,  жабайыланған  өкілдерінің  –  есірткі  саудасымен  айналысып,  өз 
ортасын  кеңіту  арқылы  байлығын  асыруды  мақсат  тұтқандардың  ортасына  түсіп 
қалады. Апиынды әуелі өзі тұтынып, бірте-бірте бойы үйреніп, сол жанкештілердің 
қызметін  жасап,  өзіне  ғана  емес,  бірге  туғандай  болған  құрбыларына  да  қиянат 
істеуге  тайынбайтын  қылығымен  барлық  адамдық  қасиетінен  жұрдай  кейпі 
суреттеледі. 
Нұрмираға көрсеқызарлық, бір жағы дүниеқоңыздықпен ынтыққан Әбдірахман 
деген  әлгі  топтың  жетекшісі  әуелі  өзі  тікелей  кірісіп,  қыздың  парасат-пайымының 
биіктігінен  меселі  қайтқан  соң, оған  түрлі  айла-шарғымен  Гүлжанды  айдап  салады. 
Әуелі оның күйеуін өзіне әріптес етіп алады. Сосын, аңсары есірткіге ғана емес, беті 
жылтыраған  әйел  біткенге  де  ауғыш  дәргейіндегі  іскер  делдалы  әрі  ар  делдалы 
болуға  да  бейім  Серік  есімді  жігітпен  жақындастырып,  есебін  тауып  бойын  ақ 
ұнтаққа  үйретеді.  Соның  нәтижесінде  Гүлжанның  арын  төгіп,  қойындаса  кетуге 
бейімдеп  алады.  Тіпті,  «екі  ғашықтың»  төсек  қызығын  Әбдірахман  видеоға түсіріп, 
өздеріне көрсетеді. Осылайша Гүлжан бұйдаланған бұзаудай әлгілер не айтса, соны 
мүлтіксіз орындайтын күңіне айналады. Өзі туралы анайы көріністің таспаға түскенін 
көргенде  де  тіптен  шамданбай:  «Күйеуім  көріп  қалмасыншы»[4],  деп  қана  өтініш 
айтуы – азғындықтың шегі, ағзаға баратын сырт әсердің әбден тереңдеп кетуі дейміз. 
Көркем туындыда бұл сенімді жеткізілген. 
Осылайша Гүлжан Нұрмираны Әбдірахманға көндіріп беруге әрекетке көшеді. 
Одан  түк  өнбеген  соң  озбырлыққа  барған  Әбдірахманды  қолдап,  туысқандай  бірге 
өскен  бала  күнгі  құрбысы,  өзінің  Гүлжаны  –  озбыр  топтың  Нұрмираны  үйқамақта 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
294 
ұстауына  да  көнеді.  Көнеді  деген  жай  сөз,  өзі  бас  болып,  ұйымдастырушылардың 
сөзін сөйлеп, ашық әрекеттерге барады. 
Нұрмира сонда да илікпеген соң, оның сыңары, өмірден өз бақытын таба алмай 
әрі-сәрі  халде  жүрген  Гүлмира  арқылы  да  ойларын  орындауға  ұмтылады.  Одан  да 
ештеңе шықпайды. Әбден айтқаны айтқан, дегені деген болып үйренген Әбдірахман 
ниетінен қайтпайды, түрлі жауыздықтарға барады. 
Осы орайда ел ішінде автор бейнелеген жылдары, өмірді қызықтаумен өткізу, 
қыздарды  болашақ  ана,  сүйікті  жар  деместен,  қайткен  күнде  де  өзінің  айтқанына 
көндіру, зорлап үйлену амалдары ұшырасады. Алғаны көнбістік танытпаса озбырлық 
жасау,  қорлау,  масқаралап  шығарып  жіберу  немесе  көпе-көрінеу  басқамен 
көңілдестік,  сөйтіп,  жалған  ғашықтықтың  тез-ақ  беті  ашылып,  өшпенділікке 
айналып, әртүрлі формада көрінуі белең алғаны есімізге түседі. 
Жазушы осы әбестіктің қашан, қалай басталғанын суреттегенде комсомол мен 
партияның дәуреніндегі өрбіген дәстүр екенін айтады. Жоғарыдан келген біреулердің 
көңілін  табу  мақсатында  ішіп-жемнің  үстіне  біртіндеп  «көңіл  көтеретін»  қыз-
келіншектерді  қосақтау,  моншада  қыздырынуды  ұйымдастыру  қалыпты  жағдайға 
айналған  сәттер  еді  дейді.  Жергілікті  деңгейдегі  қызметкерлер  де  жоғары  жақтағы 
жиынға көңілдесін делегат  немесе жиынға қатысушы ретінде апарып, жүрген жерін 
қызойнаққа  айналдырған.  Осылайша,  бұл  әрекеттер  әбден  жолға  қойылып,  «қызмет 
ету»  мен  пара  берудің  жаңа  амалдары  ретінде  қалыптасқан.  Ар  мен  ұят  та  тауарға 
айналған. 
Бірте-бірте бұл келеңсіз істердің аумағы артып, қолында сәл ғана қаржысы мен 
билігі бар әркім-ақ жаппай қызық құмарлыққа құмарту белең алды. Көзсіз құмарлық 
роман  кейіпкерлерін  ібіліске  айналдырды.  Қоғамның  айнасы  аталатын  әйелдің 
ибалылық  пен  көргенділігі  нәпсіге  берілуге  көшіп  кете  барды.  Заман  өзгергенінің 
ұтымды тұсы мен салмағын көтере алмағандар «бәрі салыстырмалы» және де «қазіргі 
сәт  –  ең  негізгі  сәт»  деген  ережелерге  бағынып,  «жақсы-жаман»  деген  құндылық 
«пайдалы-зиян»  дегенге  алмасты.  Бүгінгі  ойлау  жүйесі  үшін  адам  –  құрал,  ақша  – 
мақсат; сезім – құрал, ләззат – мақсат; табиғат – құрал, тоят – мақсат. Ақша – менікі, 
тәнім  –  өзімдікі,  оны  саудаға  салам  ба,  салмаймын  ба,  өзім  білем  дейтіндер  пайда 
болды.  Ол  ар  емес,  табыс  көзіне  айналды.  Қарынның  тоқтығы  үшін  күрес,  қара 
бастың  қамы,  қолы  ұзындар  мен  биліктегілерге  құлдық  ұру  бүгінгі  өмір  салтына 
айналған.  Оны  шенеунік  те,  зиялы  да,  жезөкше  де  бірдей  ұстанатын  қағидаға 
айналды.  Бұл  ережеге  бағынбағандар  «сындырылды».  Романда  осы  үрдіс  ұтымды, 
дәлелді, сенімді бейнеленген. 
Бәрінікі  – есеп. Біреуі  билікті  сақтап қалсам дейді, біреуге қалайда  байлықты 
иемдену  арман.  Біреуі  –  біреуді  қалайда  өзіне  ғашық  етсем  дейді,  енді  бірі 
әлдекімнен  оп-оңай  сытылып  кетсем  дейді  [2].  Романның  негізгі  идеясы  осыған 
саяды 
«Алматы. Тау қыраты. Сағат 22.38 
Сырт...сырт...сырт... 
Циферблаттағы  сояудай  тіл  бір  қалыпты  ырғақтан  танбайды.  Бара-бара  оның 
әрбір  сыртылының  үні  зорайып,  солқ-солқ  еткізіп  миына  күрзідей  тиді...  Жойқын 
соққыдан басы шағылды... 
Кірпігін  әзер  қимылдатты.  Жұмылған  жанарының  «тігісін  сөгу»  үлкен 
қиындық  туғызды.  Көзін  ашса  шарасы  қос  шекесімен  қоса  ду  етіп,  одан  арыға 
шамасы жетпей қарашығы лажсыз қайтадан жасырынады»[4, 3 б.], - деп басталатын 
роман-триллердің  прологында  өмір  мен  өлім  үстінде  жатқан  белгісіз  кейіпкерді 
туындының эпилогын оқығанда Гүлмира екенін ұғынамыз.  
«Алматы. Кеңсай. Сағат 00.00 
Сырт...сырт...сырт... 
Циферблаттың сояудай тілі бір қалыпты ырғақтан танбайды.  
Сырт...сырт...сырт... 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
295 
Ол  адамзат  ғұмырының  әрбір  секундын  қалтқысыз  санайды.  Тіршілігінде 
пендеге мына жалған қадірсіз. Сондықтан сағаттың сыртылы оны үрейлендірмейді.  
Бірақ әркімге де сәт сайын тықыр таянып келеді.  
Бір кештік қана майшамдай қысқа ғұмыр баянды...баянсыз... 
Сырт...сырт...» [4, 374 б.]. 
Пролог пен эпилог аралығындағы мәтін кеңістігінде кейіпкердің өмір мен өлім 
арасында  жатып,  бүкіл  саналы  ғұмырын  көз  алдынан  тізбектеп  өткізеді.  Роман-
триллерде  сюжеттік  желі  Гүлмира,  Нұрмира,  Жасарал  кейіпкер-баяндаушылар 
арқылы  өрбіп  отырады.  Бірнеше  желі  бойынша  кезектесіп  отыратын  сюжет  қысқа-
қысқа  тарауларға  бөлінген  новеллалық  сипаттағы  бөліктерді  композициялық 
тұрғыдан  қиюластырып,  рет-ретімен  баяндауы  оқырмандарды  шытырман  оқиғалы 
сюжеттің түбіне жетуге елітіп, тереңіне тартып отырады.  
Роман-триллерде  қылмыстық  әлеммен  тығыз  байланысты  өрбитіндіктен, 
жаргон сөздер, ауызекі сөйлеу стилі, тіпті түсініксіз аймақтық сөздер, сөз тіркестері, 
кедір-бұдыр сөйлемдер жиі көрініс тауып қалады. Мысалы:  
«Бәрінің төбесінен қарайтын бассалдарының жайы басқа» [4, 84 б.].  
«Портактың мәні осында» [3,183 б.]. 
«- Шмаль дайын болды ма-ей?! – деп гүрілдей үн қатып, үйелменімен үңірейе 
қадалды»[3, 183 б.]. 
«-  Фраер  әлі  періште  қалпында  ма  еді?  –  деп,  ырқ  етіп  мағынасыз  күле 
салды»[4, 185 б.]. 
Бассалдар,  портак, шмаль, фраер сияқты жаргон сөздер туындының жанрлық 
табиғатына  тән,  қылмыстық  әлемге  қатысты  детальдық  қолданыс.  Басқаша  айтсақ, 
әрбір  кейіпкер  өзінің  даралық  табиғатына  тән  сөйлейді.  Осы  стильдік  ерекшелік 
туралы  ғалым  В.А.  Ковалев  былай  дейді:  «Каждый  персонаж  говорит  языком, 
свойственным  его  социальному  положению  и  внутренному  душевному  состоянию» 
[5,  47  б.].  Жаргон  сөздер  кейіпкерлердің  әлеуметтік  тобына  (есірткі,  нашақорлар) 
байланысты сөз стилі болса, жалпы авторлық баяндаулардағы түсініксіз сөздердің де 
көрініс  табуы  олқылық  танытатындай,  дегенмен,  көркемдік  бағыттағы  ізденістің 
нәтижесінде  туындаған  көркемдік  үлгілері,  соны  бояулары  да  жиі  көрініс  береді. 
Психологиялық жан күйзелістерін, сезімдерін жеткізуде автор шеберлігі соны тілдік 
қолданысы да айқын байқалады. Мысалы:  
«Құйымыр өмір шұғылалы шаққа тым сараң. Кеше ғана қуаныш пен шаттықты 
еміздіктетіп,  үйіп-төкті.  Онысы  бір  сәттік  екен.  Бүгін  суы  тартылып,  табаны 
айғызданған  іркіндінің  орынындай  көңіл  де,  тірлік  те  сүреңсіз  –  айғыз-айғыз»                          
[4, 42 б.].  
«Санаға  қайсарлық  құсы  ұя  салғаннан  кейін,  ажалдың  үрейі  түкке  тұрғысыз» 
[4, 47 б.]. 
«Тағы да тылсымымен тұншықтырған түн құшағы қаланы қапсырып алған» [4, 
263 б.]. 
«Бүгінгі  түннің  әлпеті  жаман.  Шашын  жайып  жіберіп,  мысасына  мінген 
жалмауыз мыстанға ұқсайды. Әні-міне қоянның көжегіндей бүріскен бұларға қанды 
шеңгелін  салатын  сияқты.  Қараңғылықтың  қойыны тым  сұсты.  Үрейді  алып,  құтты 
қашырып  бекітулі  есіктің  арғы  жағында  басқа  әлемнің  адамдары  ұлыған  бөрідей 
небір  азарлы  үн  шығарады.  Қыңсылайды,  шыңғырады.  Бірте-бірте  жер  бауырлап 
бұларға  қарай  жылжып,  жақындай  түсетін  сыңайлы.  Көгенкөздердің  қорыққанын 
мазақ  қылғандай,  шәрмеңкелердің  біреуі  сақ-сақ  күлді.  Қу  қардың  күлкісінің  өзі 
жанға түрпідей тиеді» [4, 266 б.]. 
«Шатысқан санасында былыққан дәйексіз бірдеңелер әбден қара тұяғынан хал 
кетіріп, қалжыратты» [4, 377 б.]. 
Жоғарыдағы  баяндаулар  қазіргі  дәуір  дискурсіне  тән,  қасаң  баяндау  үрдісі 
байқалады  әрі  өзіндік  тосын  теңеулерімен  көрініс  тапқан  көркемдік-эстетикалық, 
психологиялық  семантикалық  қуаты  бар  үрдісті  танытады.  Бүгінгі  заман 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
296 
жазушыларындағы 
жоғарыда 
келтіріліген 
үзінділердегідей 
тосын 
тілдік 
құбылыстарды  ғалым  Б.Майтанов:  «Қазіргі  қазақ  жазушылары  ұлттық  дәстүр 
сілемдерін  бауырына  баса  отырып,  жаңаша  сөйлеуді  мұрат  тұтса,  оны  құптамау  – 
жаңсақ  қадам.  Әдебиет  сынының  әр  тарапты  тақырыппен  айналысуға  мүмкіндігі 
азайып бара жатқан уақытта, қайсібір соны өрнек-нақышы бар талантты қаламгерлер 
шығармашылығына  назар  салау  –  негізі  парыздардың  бірі»  [6,  209  б.],  -  деп  жаңа 
заман  прозасындағы  тілдік  құбылыстарға,  сөйлеу,  баяндау  стиліндегі  сан 
тараптылыққа  ерекше  тоқталады.  Осы  жалпы  айтылған  мәселе  де  автордың 
«Зауқайыр»  романының  тіліне  тән  стильдік,  өзіндік  ерекшелігіне  де  қатысты  пікір 
екенін атап өтуіміз қажет.  
 Романда  Жасарал  деген  кейіпкер  кездеседі.  Автор  одан  жағымды  кейіпкер 
жасағысы  келген,  өйткені,  ол  парасатты,  мейірімді,  адам  жанын  түсінетін,  біреуге 
бірдеңеден  жәрдем  берсем  деп  тұратын  адам.  Бірақ  Жасарал  нақты  әрекет  үстінде 
көріне  алмайды.  Өйткені,  онда  ниет  қана  бар,  ешбір  түйінді  әрекет  жоқ.  Жәрдем 
бергісі келіп бір әрекеттерге барады, бірақ орта жолда тоқтайды. Дәрменсіз. Нәтиже 
жоқ.  Бұндай  адамдар  өмірде  мыңдап  саналады.  Жазушының  шыншылдықпен 
айтамын деген ойы осы болса керек. Яғни қазіргі қоғамдағы қылмыстық топтардың 
алдындағы,  сыбайлас  жемқорлық  алдындағы қалың  елдің  дәрменсіздігін  суреттеуге 
ұмтылысы  деп  бағамдауға  болады.  Жалпы  постмодернистік  стильде  жазылған 
шығармалардағы осындай  кейіпкерлер  турасында  ғалым  Б.Канарбаева  былай  дейді: 
«Постмодернистік  стильде  жазылған  шығармаларда  кейіпкер  әлде  бір  шешімді  іске 
араласқысы  келгенімен  ештеме  тындыра  алмай  іштен  тынады.  Бір  белгісіздікке 
араласып  қол  созғанымен  одан  еш  нәтиже  шығара  алмай,  мақсатсыз,  үмітсіз 
әрекеттермен  тұңғиыққа  батады»[7,292].  Міне,  осы  тұжырымды  біз  Жасаралдың 
бойынан  көреміз.  Тығырықтан  шығар  жол  таба  алмай,  бос  әуершілікпен,  тұйыққа 
барып 
тірелетіні, 
оқырмандарын 
бей-жай, 
дел-сал 
күйге 
қалдыратыны 
постмодернисттік стильдердің үлгісін танытады.  
Роман-триллерде  уақыт  тынысы,  адами  құндылықтардың  дағдарысқа 
ұшырауы, ізгілік пен зұлымдық, тоқырау жылдарының келбеті суреттеліп, бүгінгі нақ 
заманауи  мәселелерді  көтеріп,  құбылыстарды  натуралистік  бейнелеуімен  сәтті 
бедерленген туынды. Елдегі ұлт аралық қақтығыстар (шешендер мен қазақтар (мәтін 
бойынша),  жемқорлық,  есірткі  саудасы,  әлсіз  қоғам мүшелері,  қоғамдағы  ақша  мен 
биліктің  орны,  махабат  сынды  сезімнің  дағдарысы,  бәрі-бәрі  шынайы  натруалистік 
сипатта суреттеледі. Азып-тозған адамзат баласы, адами құндылықтардың айуандық 
күйге  ұласуы,  есірткіге  тәуелді  жандарды  тұзақтарына  түсірген  қанішерлердің 
әрекеттері  бүгінгі  басы  ашық  жайт.  Есірткіге  тәуелді  жастардың  сол  жолға  түсіп, 
шырмауынан  шыға  алмауы,  қыздардың  ар-ұятынан  ажырап,  зорлық-зомбылыққа 
түскен қорғансыз халдері, тағдыр-тауқыметі роман-триллерде шынайы жеткізіледі.  
ХХІ  ғасыр  роман  жанрының  даму  тенденциясы  туралы  сөз  қозғағанда, 
Ә.Ыбырайымұлының  «Зауқайыр»  роман-триллерін  зерделеуіміз,  ең  алдымен  қазақ 
әдебиетіндегі құбылыс ретінде, қазақ тіліндегі тұңғыш (бұрын-соңды кездестірмедік) 
триллердің жанрлық түр ретінде енуі дер едік. Екіншіден, «қазіргі заман тақырыбына 
ештеңе  жазылмайды»  деген  жалпылама  пікірлерге  жауап  ретінде,  мысал  болып 
танылуға тиіс туынды. Әрине, әр оқырманның талғамы, талабы, қабылдауы әр түрлі 
болатыны  мәлім.  Бірақ  аталған  роман-триллер  кәсіби  әдебиеттанушы,  филолог 
мамандар үшін, әсірсе, заманауи әдеби үрдісті бағамдай отырып, қазақ әдебиетіндегі 
жаңа  құбылыстарды  тануы  үшін  маңызды  болмақ.  Постмодернизм  тенденциясы 
барша  мәдениет  кеңістігінде  орын  алып  отырған    жаһандық  үрдістің  қазақ 
әдебиетіндегі  көрінісінен  үрке  қарағанымызбен,  әдеби  үрдістің  даму  бағдарына  көз 
жұма қарауға болмайтыны мәлім. Мәдени-тарихи әдіс тұрғысынан қарағанда, бүгінгі 
жаһандық  мәдениеттер  тоғасы  дәуірінің  мәдени-тарихи  жағдайымен  тығыз 
байланысты дәуірдің жемісі, бір көрінісі ретінде қарастыруымыз қажет.  

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
297 
Қорыта  келсек,  Ә.Ыбырайымұлы  «Зауқайыр»  роман-триллері  арқылы  қазіргі 
таңдағы  қанішер,  жемқор,  тоғышар,  арсыз,  адами  құндылықтардан  ада,  қорғансыз, 
әлеуметтік  әлсіз  топ,  тағдырларымен  күресуге  дәрменсіз,  кішкене  адамдар 
бейнесіндегі  замандастарымыздың  жарқын  бейнесін  толығымен  сәтті  бейнеледі. 
Өзіміз өмір сүріп отырған қоғамның қия-қалтарысын, күнгейі мен теріскейін, қиыры 
мен шиырын, неше алуан бет-бағдарын әдебиетке алып келді. Әр түрлі оқиғалар мен 
түрлі  тағдырлардың  жеке  бастарындағы  жағдайлар  жинақтала  келіп,  қоғам,  өмір 
жайында  ой  түюге  меңзейді.  Бірақ  автор  толғақты  мәселелерге  көлгірсіп  ақыл 
айтудан,  жалған  морльдан  ада,  әр  алуан  мәселенің  кесімін  оқырман  талғамына 
қалдыруды  жөн  санайды,  әрі  бұл  автор  таңдаған  жанрлық  түр,  өзіндік  әдеби 
бағытына  тән  екенін  көреміз.  Яғни,  постмодернистік  әдебиеттегі  бейтараптылықты 
танытса керек.  
Әдебиеттер: 
1.
 
Жарылғапов Ж.Ж. Қазақ прозасындағы әдеби ағымдар мен көркемдік әдіс / 
Филология ғылым. док. .... дисс. – Астана, 2009. – 321 б. 
2.
 
Кемел  Мырзакелді.  Ұждан  биігі  //  Егемен  Қазақстан.  Руханият  03.04.                 
2015 ж. 
3.
 
Словарь  литературоведческих  терминов.  –  http://www.textologia.ru/.  
Пайдаланған уақыты: 26.03.2016 ж. 
4.
 
Ыбырайымұлы  Ә.  Зауқайыр:  Роман-триллер.  –  Алматы:  «Баянжүрек» 
баспасы, 2014. – 376  б.  
5.
 
Ковалев  А.В.  О  стиле  художественной  прозы  Л.Н.Толстого.  –  М.:  Изд. 
«Московского университета». – 1960. – 64 с. 
6.
 
Майтанов  Б.  Тәуелсіздік  –  күрес  мұраты:  зерттеулер  мен  мақалалар  (60 
жылдық мерейтойына арналған). – Алматы: «Құс жолы», 2012. – 490 б.  
7.
 
Канарбаева  Б.  Қазақ  әдебиетіндегі  модернизм:  Арнаулы  курсқа 
бағытталған көмекші оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2010. – 330 б.  
 
Акболатов А.А. 
Жанр современного романа двацать первого века: поиск и тенденции 
развития (на примере романа-триллера А. Ыбырайымова «Зауқайыр») 
 
В  статье  затрагивается  вопрос  о  тенденции    развития    жанрового 
разнообразия современного романа  казахской литературы в двадцать первом веке.  
Дается анализ художественных особенностей романа-триллера А. Ыбырайымова.    
Ключевые слова: роман современной эпохи, роман-триллер, жанр, тенденция 
развития. 
Akbulatov A.A. 
Genre of modern novel of the twenty-first century: search and trends in the 
development (based on the novel-thriller by A. Ybyrayymov “Zauқayyr”) 
 
This  article  discusses  the  issue  of  trends  in  the  development  of  the  modern  novel 
genre of Kazakh literature in the twenty-first century. It reveals the analysis of the artistic 
features of the novel-thriller by A. Ybyrayymov. 
Keywords:  the  novel  of  the  modern  era,  novel-thriller,  genre,  trend  in  the 
development. 
 
*** 
 
 
 
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
298 
ӘОЖ: 654.197:004 
Кусаинов Ш.К. – филология ғылымдарының кандидаты,  
Т.Қ. Жүргенов атындағы  
Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры  
Әшейхан Е. – Т.Қ. Жүргенов атындағы 
 Қазақ Ұлттық өнер академиясының магистранты 
 

жүктеу 5.14 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет