Республики казахстан


AҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ



жүктеу 5.14 Kb.
Pdf просмотр
бет36/44
Дата09.01.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44

ЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ 
ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Аннотация. 
Мақалада 
қазіргі 
фразеологизмдердің 
семантикалық 
категорияларына  қатысты  мәселелер    қарастырылған.  Автор  ана  тіліміздегі 
фразеологизмдердің  топтарын,  тілдік  ерекшеліктерін  ағылшын  тіліндегі 
антонимдік  фразеологизмдермен  салыстыра  зерттей  отырып,  ұлт,  тіл, 
мәдениет пен өркениеттің өзара сабақтастығын айқындаған. 
Тірек  сөздер:  фразеологизмдер,  фразеологиялық  теңеулер,  фразеологиялық 
бірліктер, тұрақты тіркестер, идиомалар, ерекшеліктер. 
 
Тіл  –  ғасырлар  жемісі,  халық  мұрасы,  ұлттық  қазына.  Халық  өміріндегі 
тарихи  бел-белестер,  ұлы  өзгерістер,  сыры  ұрпақтан-ұрпаққа  тіл  арқылы  жетеді. 
Ұлт  мәдениетінің  негізгі  көрсеткіші  –  көркем  әдебиеттің  де  шынайы  болмысы, 
шеберлігі  оның  тілі  арқылы  көрінеді.  Ал  осы  тілдің  бейнелілігін,  байлығын 
арттыра  түсетін  сөздік  қордың  ауқымды  бөлігі  –  фразеологизмдер  болғандықтан, 
әлем жұртшылығы XXI ғасырдың табалдырығын аттаған бүгінгі таңда әдеби тілдің 
фразеологиялық  қорын  зерттеудің  теориялық  және  практикалық  жағынан  да  өз 
негізі бар. 
Фразеологизмдер  –  жазу,  сөйлеу  тілінің  ажарын  кіргізіп,  құдіретін  артгыра 
түсетін,  көңілдегі  көрікті  ойды  бейнелеп,  астарлап,  өзіндік  бояу-нақышымен 
жеткізетін,  көркем  сөз  қазынасында  қорланып,  қолдануға  дайын  тұратын, 
қалыптасқан сөз тіркестері. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
284 
Фразеологизмдер – тіл қазынасының байырғы да құнарлы қабатына, көркем 
сөз  қорының  сүбелі  саласына  жататын  сыры мол,  мазмұны  терең,  қолданыс  аясы 
кең құбылыс. Мысалы: suit the action to the word – сөзді іспен дәлелдеу, beat it on the 
hoof  –  қара  жаяу,  жаяу  жүру,  to  eat  one’s  words  –  өз  сөзін  қайтып  алу,  to  make 
advances  –  келісімге  бару,  to  take  advantage  –  алдау,  пайдалану,  to  win  smb’s 
affection  –  біреудің  көңілінен  шығу,  біреудің  көңілін  табу,  to  be  afraid  of  one’s 
shadow  –  барлық  нәрседен  қорқу,  өз  көлеңкесінен  қорқу,  after  –  ақыр  соңында, to 
turn deaf ear – көңіл бөлмеу. 
Фразеологизмдердің  тіл  білімінен  ерекше  орын  алып,  көптеген  ғылыми 
зерттеулердің  объектісі  болуының  себебі,  біріншіден,  олардың  сан  жағынан 
көптігі, екіншіден, тілдегі қолданыс аясының кеңдігі, үшіншіден, мазмұн-тақырып 
жағынан  ауқымдылығы  және  төртіншіден,  тіл  практикасында  жиі  кездесуі. 
Фразеологизмдер  сонымен  қатар  барша  рухани  өмірдің  байлығын  жан-жақты 
сипаттауда да ерекше қызмет атқарады. 
«Фразеология» деген термин тіл  білімінде екі  түрлі мағынада  – біріншіден, 
тілдегі  тұрақты  тіркестерді  зерттейтін  ғылым  деген  мағынада,  екіншіден,  белгілі 
бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің жиынтығы деген мағынада қолданылады. 
Фразеологизмдер  –  тарихи  категория.  Олар  ұзақ  тілдік  қолданыстан    кейін 
ғана  тұрақтылыққа  ие  болады.  Фразеологизмдерді  басқа  тілдік  бірліктерден 
ажыратудың айырма-белгілері деп зерттеушілер мынадай үш негізге сүйенеді: 
1)  мағына  тұтастығы  (белгілі  бір  фразеологиялық  единицаның  ішіндегі 
сөздер  бастапқы  мағынасынан  түгел  немесе  ішінара  жартылай  айырылып  қалады 
да шоғыр тіркес тек біртұтас мағына береді); 
2) тіркес тиянақтылығы (белгілі фразеологиялық единицаның ішіндегі сөздер 
бір-бірімен  жымдаса  байланысады,  олардың  орын  тәртібі  нық  келеді,  барлық 
жағдайларда дерлік бір шоқ тіркес өз қалпын сақтайды); 
3) қолдану тиянақтылығы (белгілі бір фразеологиялық единицаның әрдайым 
айна-қатесіз, өлеңдегі қайырма тәрізді бұлжымай қайталана қолданылады). 
Сөз  тіркестері  аталған  белгілерге  бірден  ие  болмайды,  фразеологиялық 
мағынаға ауысу үшін бірнеше шарттарды қажет етеді. Олар: 
1)  тура  мағыналы  сөз  тіркестерінің  қоғамдық  қатынастардың  ауысуына, 
түрлі  әдет-ғұрып,  ой-сананың  өзгеруіне  байланысты  алғашқы  мағынасының 
көнеленуі нәтижесінде идиомалық оралымдар жасалады; 
2)  еркін  сөз  тіркестерінің  мағыналық  жағынан  толығуы  нәтижесінде 
фразеологиялық мағынаға ие болады; 
3)  жиі  қолданылу  нәтижесінде  тілдік  оралымдар  нақтылығын  жоғалтып, 
алғашқы құрылымдары өзгеріске түседі де, тұтас тіркеске ауысады [1, 117 б.]. 
4) сөз тіркестерінің алғашқы грамматикалық құрылымының өзгеруімен бірге, 
ғасырлар бойы айтылған тұлғалары сақталып, тиянақты құрылымға айналады. 
Қазақ  фразеологиясы    құрылым,  құрылысы  мен  мағынасы  жағынан  басқа 
тілдердегі тұрақты тіркестерден ерекшеленеді. Фразеологизмдер елінің бейнелілік, 
әсерлілік, көркемдік, экпрессивті-эмоциялық, стильдік қасиеттерімен көзге түседі. 
Ойдың  нәрін  кіргізетін  тұрақты  тіркестерді  халқымыз  кеңінен  қолдана  отырып, 
ұрпақтан-ұрпакқа жеткізген.  
Қазақ  фразеологизмдері  қазіргі заманға ұлттық мәдени ұғымдарды жеткізіп 
қана қоймай, ежелгі қазақ реликтерін де жеткізеді. Сонымен қатар, шығу тегі мен 
әрі  этнолингвистикалық  сипатына  қарай  фразеологизмдер  өзінің  семантикалық 
табиғатына  қоса,  абстрактылы  және  ауыспалы  мағынада  колданылады.  Сөйтіп, 
тілде коммуникативтік қызметін атқарады [2, 15 б.]. 
Қазақ  халқы  өзінің  тарихында  талай  көрші  елдермен,  шет  жұрттармен 
экономикалық  әрі  мәдени  қарым-қатынасты  басынан  кешірген.  Тілімізде  осыған 
орай  туған  толып  жатқан  тіркестер  бар.  Олардың  біреулері  жазба  әдебиеті, 
хиссалар  арқылы,  екіншілері  сауда-саттыққа  байланысты,  үшіншілері  -  дін 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
285 
тартушылардың уағызымен, тағы біреулері екі елдің күн көріс тіршілігіндегі ортақ 
ой-сана, дәстүр тауқыметімен, түрліше ықпалдарға сай туып орныққан.

Тілдегі фразеологизмдер – тілдік бірліктердің ішінде аккумулятивтік қызметі 
ерекше  байқалатын,  бірнеше  мыңжылдықтар  бойына  пайда  болып,  дамып, 
қалыптасқан, әдеби тіл дамуы кезеңдерінің өзіндік ерекшелігін айқындайтын тілдің 
ажырамас бір бөлігі. Әр жазушы өз өресіне қарай тілдің фразеологиялық қорынан 
қажетін алады да, өз кезегінде әдеби тілдің дамуына үлесін қосып отырады. Шын 
мәніндегі  ағылшын  көркем  әдебиетінің  ұлы  тұлғалары  ретінде  танылып, 
Шекспирмен негіздеген жазба әдеби тіл дәстүрін әрі қарай жалғастырған ағылшын 
жазушылары  осы  тіл  қазынасын  мәнді  материал,  көркем  құрал  етіп,  әдеби  тілдің 
көркемдік  дамуын  ілгерілетті.  Ағылшын  тілінің  фразеологизмдерін  зерттеу 
жұмыстары  ғалым  А.В.  Кунин  есімімен    тығыз  байланысты.  Оның  ағылшын  тілі 
тіркестерінің табиғатын зерттеуге арналған біршама еңбектері жалпы тіл біліміне, 
оның ішінде салғастырмалы бағыттағы зерттеулерге негіз болды.  
Фразеологиялық  мағынаның  табиғаты  жеке  тұлғаның  практикалық 
тәжірибесімен,  сол  тілде  сөйлеуші  халықтың  мәдени-тарихи  әдет-ғұрыптарымен 
тығыз  байланысты.  Барлық  жағдайда  фразеологизмдерге  тән  мағына  тұрақты 
тіркесті  құрастырушы  сөздердің  жеке  мағыналарына  сәйкес  келе  бермейді,  тіркес 
ішіндегі  сыңарлар  тұтасып  барып,  бір  мағынаны  білдіреді.  Мысалы  ағылшын 
тіліндегі:  sell  the  bear’s  skіn  before  one’s  has  caught  the  bear  (с.с.ауд.:  атпай  тұрып 
аюдың  терісін  сату)  //  қашпаған  қара  қашардың  уызына  қарау;  тумаған  сиырдың 
уызынан  дәмету.  Бұл  тіркестердің  құрамы  әртүрлі  болғанымен  де,  мағына 
тұтастығымен  ерекшеленеді.  Тіркес  «қолдан  келмеген  іске  дәмелену,  бос  сөзге 
сену»  деген  мағынаны  білдіреді.  Бұл  жөнінде  зерттеуші  ғалым  В.П.Жуков: 
«Фразеологияның  сыңарлары  неғұрлым  өзінің  жеке  сөздік  қасиеттерін  жойған 
болса, соншалық фразеологияның мағынасы да тұтас бола түседі және керісінше» 
[3, 14 б.],  - дей отырып, «... біртұтас  уәждендірілмеген мағыналы «бить баклуши, 
съел  собаку»  түрлеріндегі  фразеологизмдер  біртұтас  уәждендірілген  мағыналы 
«гнуть  спину,  закидывать  удочки»  түрлеріндегі  фразеологизмдерге  қарағанда  өте 
тұрақты болып келеді» [3, 9 б.], - деп нақтылай түседі. Демек фразеологизмдердің 
тұтастығы  жеке  сөзбен  бірдей  емес.  Оларға  тән  басты  белгі  –  туынды  мағынада 
жұмсалып, бейнелі мән тудыруы. 
Б.Н.  Ағабекова  «Aғылшын  және  қазақ  тілдеріндегі  фразеологиялық 
теңеулердің  ұлттық  мәдени  сипаты»  атты  еңбегінде  ағылшын  және  қазақ 
тілдеріндегі 
фразеологиялық 
теңеулерді 
когнитивті 
лингвистиканың 
ұстанымдарына  сүйене  отырып  талдап,  оларды  "жағымды"  және  "жағымсыз" 
концептілер деп қарастырады [4, 102 б.]. 
Ағылшын тіліндегі фразеологялық теңеулердің «жағымды» және «жағымсыз» 
мазмұндағы концептілері. 
1.  «Ақылдылық»  концептісі.  A  mind  like  a  steel  trap  (сөзбе-сөз:  ақылы 
құрыштан  жасалған  қақпандай  берік),  as  sharp  as  an  owl  (сөзбе-сөз:  үкідей  дана, 
ақылды), as smart as paint (сөзбе-сөз: суреттей икемді, ақылды), as solemn as an owl 
(сөзбе-сөз: үкідей дана),  wise as Solomon (сөзбе-сөз: Соломондай дана, ақылды), (as) 
wise as a serpent (абжыландай ақылгөй, ақылды) т.б.  
2. «Күштілік» концептісі. Бұл концептіге as bold as a lion (арыстандай күшті), 
as  strong  as  a  bull  (өгіздей  күшті),  as  strong  as  a  horse  (аттай  күшті),  like  a  Trojan 
(Трояндықтай,  яғни  трояндықтай  күшті,  батыл),  to  fight  like  a  lion  (арыстандай 
айқасу) сияқты фразеологиялық теңеулер жатады. 
3.  «Жылдамдық»  концептісі.  As  fleet  as  a  deer  (сөзбе-сөз:  ұшқыр,  жүйрік 
бұғыдай), as swift as an arrow (сөзбе-сөз: оқтай жылдам), go out like a candle in a snuff 
(сөзбе-сөз: шам білтесінің күйесіндей жоқ болу),   in two shakes of lamb’s tail (сөзбе-
сөз:  қозының  құйрығымен  екі  сермеуіндей  тез),  like  greased  lightning  (найзағайдай 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
286 
жылдам),  run  like  the  wind  (желдей  есу)  т.б.  фразеологиялық  теңеулер  адамның 
жылдам, тез жасайтын іс-қимылын бейнелі түрде көрсету үшін қолданылады.  
4.  «Қуаныш»/«бақыт»  концептісі.  As  chirpy  as  a  cricket  (сөзбе-сөз:  крокеттей 
көңілді,  қуанышты),  as  happy  as    kings  (  король  сияқты  бақытты),  as  merry  as  a 
marriage – bell (сөзбе-сөз: үйлену тойы кезіндегі қоңыраудай қуанышты), as merry as 
a  grin  (сөзбе-сөз:  шегірткедей  көңілді),  as  pleased  as  Punsh  (Панч  секілді  риза, 
көңілді) т.б. фразеологиялық теңеулер осы конептіге жатқызылады. 
5.  «Байлық»  концептісі.  As  full  as  an  egg  is  of  meat  (сөзбе-сөз:  етпен 
толтырылған  жұмыртқадай  толы),  as  rich  as  Croesus  (сөзбе-сөз:  Крездей  бай),  flow 
like  water  (судай  ағуда),  like  a  dog’s  dinner  (сөзбе-сөз:  иттің  түскі  асындай,  яғни 
тамаша мол), live like a fighting cock (сөзбе-сөз: күреске шығатын әтештей өмір сүру, 
яғни  молшылықта  қызық  дәурен  сүру),  like  pigs  in  clover  (сөзбе-сөз:  жоңышқа 
арасындағы шошқалардай) т.б. фразеологиялық теңеулер осы концептіге жатады.  
6. «Сұлулық» концептісі. As fair as a lily (лилия гүліндей сұлу), as graceful as a 
swan (аққудай әдемі/нәзік), pretty as a picture (суреттей әдемі), (as) beautiful as a Greek 
(сөзбе-сөз: Гректердің құдайындай әдемі/сұлу) т.б. фразеологизмдер осы концептіден 
орын алады. 
7.  «Мінез-құлық»  концептісі.  Адамның  мінез-құлқын  суреттейтін  ағылшын 
тіліндегі  фразеологиялық  теңеулерге  as  tame  as  a  chicken  (балапандай  көнімді), 
regular as clockwork (сағаттай дәл), right as rain (жаңбырдай берілген), as innocent as 
the baby unborn (кішкентай баладай аңқау), quiet as a mous  (тышқандай тыныш) т.б. 
жатады.  
8.  «Түр-кескін»  концептісі.  Адамның  сыртқы  түр-кескіні  ағылшын  халқының 
дүниетаным  және  мәдени  ерекшеліктеріне  сай  бейнеленеді.  Фразеологиялық 
теңеудің  бейнелі  негізі  ретінде  көбіне  күнделікті  өмірде  пайдаланатын  заттар, 
табиғатта  байқалатын  құбылыстар  атаулары  қолданылады:  as  fat  as  butter  (майдай 
толықша),  as  brittle  as  glass  (шыныдай  нәзік),  fresh  as  a  daisy  (маргаритка  гүліндей 
жас, жаңа),  like the cat  who eat   the cream (қаймақ жеген мысықтай) яғни разы болу 
т.б.  
«Жағымсыз»  мазмұндағы  концептілерге  жататын  фразеологиялық  теңеулер 
адамның  ақымақтық,  қорқақтық,  ашкөздік  т.б.  сол  сияқты  жағымсыз  жақтарын 
суреттейді.  
1.  «Ақымақтық»  концептісі.  Бұл  концептіге  as  blunt  as  a  hammer  (сөзбе-сөз: 
балғадай  топас),  as  silly  as  a  goose  (сөзбе-сөз:  қаздай  ақымақ),  been  in  one’s  bonnet 
(сөзбе-сөз:  бас  киімнің  астындағы  арадай,  яғни  есінен  адасқан  деген  мағынада),  ful 
like a Charley  (сөзбе-сөз:  өзін Чарлидей сезіну  –  ақымақ),  mad as a hatter (сөзбе-сөз: 
шляпа,  қалпақ  тігетін  шебердей  ессіз),  mad  as  a  March  hare  (сөзбе-сөз:  Март 
айындағы  қояндай  жын  соққан,  ессіз),  т.б.  ағылшын  тілінің  фразеологиялық 
теңеулерін жатқызамыз.  
2. «Қорқыныш» концептісі. Ағылшын тіліндегі fear somebody as the devil fears 
holy  water  (сөзбе-сөз:  қасиетті  судан  қорыққандай),  like  a  rat  in  a  trap  (сөзбе-сөз: 
қақпанға  түскен  егеуқұйрықтай),  look  as  if  one  had  seen  a  ghost  (сөзбе-сөз:  елес 
көргендей), to shake/tremble like an aspen leaf (сөзбе-сөз: көк теректің жапырағындай 
дірілдеу/қалшылдау), to sit on a powder keg (сөзбе-сөз: оққа толы күбіде отырғандай) 
т.б. фразеологиялық теңеулер осы концептіге жатады. 
3. «Кедейлік» концептісі. Ағылшын тіліндегі  as bare as the palm of one’s hand 
(алақандай тап-тақыр), as bare as a bone (сүйектей тап-тақыр, жалаңаш), butterflies in 
the  stomach  (сөзбе-сөз:  іштегі  көбелектей,  аш  мағынасында),  hungry  as  a  hawk 
(қаршығадай аш), Mexican breakfast (сөзбе-сөз: мексиканецтің таңғы асындай/аш паек 
–  сигарета  +  стақан  су),  poor  as  a  church  mouse  (сөзбе-сөз:  шіркеу  тышқанындай 
кедей) т.б. фразеологиялық теңеулер осы концептіге жатады. 
4.  «Мінез-құлық»  концептісі.  A  tongue  as  long  as  a  stock-whip  (сөзбе-сөз:  тілі 
шыбықтың  ұзындығындай),    as  a  hen  with  one  chick  (сөзбе-сөз:  жалғыз  балапанды 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
287 
тауықтай,  яғни  тыныш  таппайтын,  беймаза),  as  bold  as  a  thief  (ұрыдай  арсыз),  as 
changeable as a weathercock (сөзбе-сөз: желбаққыш секілді), as crooked as a dog’s hind 
leg (сөзбе-сөз: иттің артқы аяғындай қисық, ұятсыз адамға байланысты), like a bull at 
a  gate  (сөзбе-сөз:  қақпа  алдында  тұрған  бұқадай  ашулы)  т.б.  фразеологиялық 
теңеулер адамның әр түрлі мінез-құлқын сипаттау үшін қолданылады. 
5. «Көңіл-күй» концептісі. Бұл концептіге ants in one’s pants (сөзбе-сөз: шалбар 
киген  құмырсқадай),  as  sick  as  mud  (сөзбе-сөз:  балшықтай  әлсіз,  яғни  мұңайған, 
қайғы басқан), feel like nothing on earth (сөзбе-сөз: өзін түкке тұрғысыздай сезіну), like 
a  bear  with  a  sore  head  (сөзбе-сөз:  басы  ауырған  аюдай  сезіну),  to  be  on  pins  and 
needles  (иненің  үстінде  отырғандай),  to  get  into  hot  water  (қайнап  жатқан  суға 
түскендей),  like  a  cat  on  hot  bricks  (шоқтың  үстінде  отырған  мысықтай)  сияқты 
адамның  әр  түрлі  жағдайдағы  көңіл-күйін  бейнелейтін  фразеологиялық  теңеулер 
жатады. 
6.  «Түр-кескін»  концептісі.  As  dry  as  a  mummy  (қурап  қалған,  саудыраған 
мумиядай  арық),  as  fat  as  a  pig  (шошқадай  семіз),      as  limp  as  a  glove  (сөзбе-сөз: 
қолғаптай  еріксіз  қалжыраған),  bandy  as  a  bandicoot  (сөзбе-сөз:  қалталы 
егеуқұйрықтай қисық аяқ), done up like a dog’s dinner, or dressed up like a dog’s dinner 
(сөзбе-сөз:  иттің  кешкі  асындай  киінген)  яғни  тұрпайы,  дөрекі  киінген  деген 
мағынада  т.б.  адамның  түр-пішінін,  сыртқы  көрінісін  сипаттау  үшін  қолданылатын 
фразеологиялық теңеулер осы концептіге жатады. 
7. «Ашкөздік» концептісі. As greedy as a wolf (қасқырдай тойымсыз),  as mean 
cat’s  meat  (сөзбе-сөз:  мысықтың  етіндей  сараң),  jump  at  something  like  a  cock  at  a 
grocer  (сөзбе-сөз:  ашкөздікпен  бас  салу),  eat  like  a  pig  (шошқа  сияқты  жеу),  jump  at 
something  like  a  cock  at  a  groser    (сөзбе-сөз:  тарыға  бас  салған  әтештей)  т.б. 
фразеологиялық теңеулер осы концепт құрамына кіреді. 
Қазақ  және  ағылшын  тілдеріндегі  фразеологиялық  теңеулердің  басым 
көпшілігі «Адам» атты мағыналық макротопқа жатады, олардың мағынасы адам мен 
оны  қоршаған  әлемнің  өзара  әрекетін  бейнелейді.  Ағылшын  мен  қазақ 
фразеологизмдері  көбіне  адамды  сипаттайтын  сөз  тіркестері  жағынан  ұқсас  болып 
келеді.  Фразеологиялық  теңеулердің  негізінде  адам  өмірі  мен  қызметінің  тұстарын 
бейнелейтініне байланысты Б.Н. Ағабекова мынадай топтарға бөлген: 
1. Адам мінезі мен ақыл-ой қабілетін сипаттаушы: Қаз.: Қарабайдай қатыгез, 
дала  бүркітіндей  қырағы;  Ағыл.:  a  memory  like  an  elephant  (сөзбе-сөз:  есі  пілдей), 
яғни еске сақтау қабілеті жоғары, тамаша, as blunt as a hammer  (сөзбе-сөз: балғадай 
ақымақ) яғни топас, т.б.  
2. Адамның жағдай-күйіне байланысты: Қаз.: сең соққан балықтай, жарасын 
жалаған иттей, жаралы арыстандай аласұрды; Ағыл.: as miserable as a bandicoot – 
(қалталы  қөртышқандай)  –  бақытсыз,  аянышты,  as  still  as  a  mouse  –  тышқандай 
жасырынып тұру т.б.  
3.  Адамның  сыртқы  келбетін  сипаттаушы:  Қаз.:  қырмызыдай  ажарлы,  ақ 
маралдай әдемі; Ағыл.: as fair as a lily – лилия гүліндей сұлу, pale as death - өліктей 
бозарған т.б.  
4. Адамның өмірі мен қызметін сипаттаушы: Қаз.: түлкі қуған тазыдай соңына 
түсу,  ит  пен  мысықтай  өмір  сүру;  Ағыл.:  as  thick  as  thieves  (бір-біріне  ұрылардай 
жақын  болу)  –  жан  дос,  айырылмас  дос,  to  live  like  cat  and  dog  –  мысық  пен  иттей 
өмір сүру.  
5.  Адамның  эмоциялық  жағдайын  сипаттаушы:  Қаз.:  найза  үстінде 
отырғандай,  тышқан  алған  мысықтай;Ағыл.:  to  shake  /quake/  tremble  like  an  aspen 
leaf  –  көк  теректің  жапырағындай  қалтырау,  to  sit  on  a  powder  keg  –  оқ-дәріге  толы 
бөшкенің (күбінің) үстінде отырғандай.  
6.  Адамның  басқа  бір  адамға  немесе  затқа  қатынасын  сипаттаушы:  Қаз.: 
жыландай  жек  көру,  құлындай  шыңғырту,  қойдай  бауыздау;  Ағыл.:  hate  smb  like 
poison –  біреуді  удай жек көру,  flieng smb aside like an old  boot – біреуді қажеті жоқ 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
288 
ескі аяқ киімдей лақтырып тастау, яғни пайдаланып алғаннан кейін өзінен алыстату, 
қуу.  
7.  Құбылыстар  мен  заттардың  сапасын  сипаттаушы:  Қаз.:  көздің  жасындай 
таза  (мөлдір),  жаман  түйенің  жабуындай  (келіссіз).  Ағыл.:  fresh  as  a  daisy  – 
маргаритка гүліндей жас, жаңа, cold as a frog – құрбақадай суық. 
8.  Түсті  сипаттаушы:  Қаз.:  ақ  бөкеннің  таңындай,  орман  түлкісіндей  қызыл, 
сүттей  ақ;  Ағыл.:  as  white  as  driven  snow/as  milk  –  қардай/сүттей  ақ,  as  red  as  a 
turkey-cock – күрке тауықтың айдарындай қызыл.  
9. Адамның тамақтану процесін сипаттаушы: Қаз.: бурадай қарш-қарш шайнау, 
егінге түскен сиырдай жайпау; Ағыл.: eat like a pig – шошқадай ішіп-жеу, drink like a 
fish – балықша ішу.  
10.  Заттар  мен  құбылыстардың  көлемін  сипаттаушы:  Қаз.:  қойдың 
құмалағындай,  ешкінің  асығындай,  иненің  жасуындай;  Ағыл.:  as  light  as  a  drum  – 
барабандай жеңіл, thin as a lath/rake – ескектей жіңішке. 
11.  Арақашықтықты  сипаттайтын:  Қаз.:  есік  пен  төрдей,  ат  шаптырымдай 
жер,  қозы/қой  өрісіндей  жер.  Ағылшын  тілінің  фразеологиялық  теңеулерінің  біз 
жинаған материал ішінде бұл топқа жататындары кездеспеді.  
12.  Уақытты  сипаттаушы:  Қаз.:  бие  сауымдай  уақыт,  сүт  қайнатымдай 
уақыт, қас қаққандай. Аталмыш топқа да ағылшын тілінің фразеологиялық теңеулері 
біз қарастырған материал арасынан кездеспеді [5, 15 б.] 
Дүниетаным, ойлау  қабілетінде  салғастырылушы тіл иелері  халықтарда ортақ 
болғанымен,  өмір  сүру  жағдайы,  табиғи  орталығындағы  айырмашылыққа  қатысты 
бейнелеу,  суреттеу,  әсерлеу  нысандары  мен  эмоционалдық  жағынан  алғанда  әр 
халықтың  өзіндік  ұлттық  ерекшелігі  бар.  Мысалы,  қазақ  тіліндегі  қыздың  жиған 
жүгіндей деген фразеологиялық теңеудің ағылшын тілінде баламасын табу өте қиын. 
Бұл  –  қазақ  халқының  көшпелі  тұрмыс-тіршілігі,  өмір  салтымен  байланысты 
әсемдікті танытудың көрінісі. Сол сияқты, ағылшын тіліндегі (as) dumb as a woolden 
Indian  (сөзбе-сөз:  дүкен  алдында  тұрған  индеецтей),  жалпы  топас,  ақымақ  деген 
мағынада қолданылады.  
Фразеологизмдер шыққан тегі еркін сөз тіркесінен өзгеше. Фразеологиялық 
тұрақтылық  дегеніміз  –  тіркестің  мағынасының  астарлы,  образды  болуы,  бүтін 
тұлғаға ғана тән болуы.  
Фразеологиялық  теңеулер  фразеологизмдердің  басқа  түрлерінен  өзінің 
логикалық  құрылымы,  компаративті  мағынасы  мен  стильдік  қызметі  арқылы 
ерекшеленеді.  Фразеологиялық  теңеулер  табиғатын  зерттеуде  фразеологиялық 
теңеу  мен  метафораның  өзара  байланысы,  ұқсастығы  мен  айырмашылықтарына 
тоқталу  қажет.  Осы  мәселеге  арналған  ғылыми  еңбектерде  фразеологиялық 
теңеулер  мен  метафоралар  тілде  қатар  қолданылады,  себебі  олар  өзара  тығыз 
байланысты деген пікір бар. Теңеу мен метафораның ортақтығы  – олардың заттар 
мен  құбылыстар  негізінде  фразеологиялық  ассоциация  жасауынан  көрінеді. 
Алайда,  оларды  мазмұн  жағынан  ажыратып  қарастырған  жөн.  Теңеуде 
салыстырушы теңеу заты және оған қажетті негіз бар. Ал метафораға ондай негіз 
қажет  емес.  Фразеологиялық  теңеулер  екі  затты  салыстырудың  нәтижесі  болса, 
метафоралар – олардың ұқсастығының нәтижесі She is a fox – ол түлкі; She is as sly 
as a fox – ол түлкідей қу, айлакер [6, 22 б; 7, 102 б.] 
Фразеологизмдердің  туу  себебі  фразеологиялану  процесі  болып  табылады. 
Нәтижесінде  сөз  тіркесі  түгелдей  жаңа,  туынды  мағынаға  ие  болады,  дайын 
күйінде  қолданылатын  тілдік  материалға  айналады.  Көптеген  фразеологизмдер 
ағылшын-қазақ  тіларалық  фразеологиялық  қорында  семантикалық  жолмен 
жасалынған.  Ағылшын  тіліндегі: Keep  one’s  nose  to  the  grindstone –  мұрнынан 
шаншылып жүру. Екі тілдеде мағынасы «жұмыстан қолы босамау» деген ұғымды 
білдіреді. Тағы да, Be in smb’s pulse –  тамырын басу  –  «ақырын пікір, сыр тартып 
көңілін  бөлмек  болу»  деген  мағынада  қолданылады.  Ағылшын  және  қазақ 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
289 
тілдеріндегі  фразеологизмнің  аспан  денелеріне  табынудан  пайда  болған  түрлері 
кездеседі:  Be born under a lucky star – бақытты жұлдыздың астында туу, believe in 
one’s  star –  өзінің  тағдырына  сену.  Қазақ  тіліндегі  аспанға  табыну  дәстүріне 
байланысты пайда болып, қалыптасқан фразеологизмдер: «көк, аспан, тәңір, құдай» 
сөздері арқау болған: құдай жарылқады, тәңірі қолдады, жұлдызы оңынан туды, 
аспанымыз ашық болсын т.б. 
Ағылшын  тіліндегі  фразеологизмдердің  қалыптасуына  әдеби  тілмен  қатар 
терминологиялық  және  кәсіби  лексика  негіз  болған.  Мысалы,  ағылшын 
тіліндегі talk  shop –  «көпшілік жерде жұмыс жайлы сөйлеу» мағынасын білдіреді, 
яғни  «shop»  –  «шеберхана»  ұғымында  қолданылады. to  turn  face  about – 
«көзқарасын  (мінезін)  күрт  өзгерту»  мағынасын  білдіреді.  Әскери  терминалогия 
бойынша  «солға  шыр  айналу»  деп  аударылады  екен.  Ағылшын  және  қазақ 
тілдеріндегі фразеологизмдердің пайда болып, қалыптасуынан әрбір тілдің өзіндік 
ерекшеліктерін байқауға  болады: Move heaven and earth (жер мен көкті жылжыту) 
қазақ  тіліндегі  баламасы  «айды  аспанға  шығару»,  яғни  таң  қалдыру  ұғымын 
береді.  Қазақ  тіліндегі  фразеологизмдердің  қалыптасуына  ертегілер,  аңыз-
әңгімелер,  эпостық  жырлар  негіз  болған.  Ағылшын  тіліндегі  тұрақты  тіркестер, 
идиомалар  көбінесе  ертегілерде,  жай  және  құрмалас  сөйлемдерде  көп 
қолданылады. 
Мысалы: 1. He was too soft – hearted and could not refuse money to his children 
and relatives whenever they asked for it. Бұл жердегі идиома «soft – hearted» «жұмсақ 
жүрек» (қазақша қайырымды, қолы ашық) деген мағынаны білдіреді [8, 112 б.]  
2. When the boy asked his parents to allow him to learn to play piano, they agreed 
because  they  knew  he  had  a  good  ear  for  music. Бұл жердегі идиома «good  ear  for 
music».  Мұны  сөзбе-сөз  аударсақ,  «good  ear»  –  «жақсы  құлақ»  дегенді  білдіреді, 
яғни  қазақша  баламасы  «құйма  құлақ».  Ағылшын  және  қазақ  тілдеріндегі 
фразеологизмдердің  қалыптасуына  ағылшын  және  қазақ  ұлттарының  тарихи, 
рухани  және  материалдық  мәдени  дәстүрлері  негізі  себеп  болған  деген  тұжырым 
жасауға болады. 
Қорыта айтқанда, құрылымы әр түрлі ағылшын және қазақ тілдерінің сөздік 
қорындағы  өте  жиі  қолданылатын,  мағынаға  бай,  қолданыс  ауқымы  кең  тілдік 
бірліктердің бірі – тұрақты тіркестер екендігі анықталды. 
Фразеологизмдердің  мағынасын  олардың  құрамындағы  ұлттық-мәдени 
элемент білдіреді. Ұлттық-мәдени элементке әр халықтың өзіне ғана тән бейнелеу 
образдары жатады. Белгілі бір ғана тілде кездесетін тілдік образдар басқа тілдерде 
қайталанып  келмесе,  олар  әрқашан  ұлттық  болып  табылады.  Екі  тілдегі 
фразеологиялық  бірліктерді  салғастыра  талдау  барысында  олардан  ұлттық 
дүҥиетаным ерекшеліктері мен ұқсастықтары бар екені анықталды. Тілдік бірлікке 
тән  коннотацияның  ұқсас  не  сәйкес  келуі  ұлттық  дүниетаным  деген  түсінікпен 
ұштасады,  ал  бұл  халықтар  туыстығы  дүниетанымының  ортақтығына  немесе 
ұқсастығына  әкелуі  мүмкін.  Ал  ұлттық  дүниетанымның  ерекшелігі,  оның  тілдегі 
көрінісі  тіл  иелерінің  өз  даму  тарихына,  табиғи  ортасы,  салт-дәстүрі,  тұрмыс-
тіршілік,  шаруашылық  түрлері  т.б.  жағдайларына  байланысты  деп  білеміз.  Тілі, 
ділі,  мәдениеті,  дүниетанымдық  көзқарасы  әр  түрлі  ағылшын  және  қазақ 
халықтарының  фразеологиялық  теңеулері  жан-жақты,  құрылымы,  ішкі  форма, 
аялық  білім,  жалғаса  туындаған  ауыспалы  мағына,  концепт,  лингвомәдени 
тұрғысынан зерттеу нәтижесінде тіл-тілге тән ортақ заңдылықтар, жалпыхалықтық 
рухани дүниелер, ұлттарға тән танымдық ерекшеліктер т.б. жөнінде бірқатар жаңа 
мағлұматтарға қол жеткізілді. 
Фразеологиялық  теңеулердің  ұлттық  белгісі  олардың  мағыналық 
ерекшеліктерінен айқын көрініс табады, себебі кез келген халықтың бүкіл мәдени 
және психологиялық күрделі кешенін оның қайталанбас ойлау тәсілін жинақтайды. 
Бұл  әр  тілдің  түрлі  бейнелерге  сүйенетіндігімен,  мағынасы  ортақ  болғанымен, 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
290 
негізінде жатқан бейненің әр тілде өзіндік бояуы болуымен анықталады. Дегенмен 
екі тілге ортақ бейнелерге ие  фразеологиялық теңеулер кездесетіні байқалады. Бұл 
құбылыс  қазақ  және  ағылшын  халықтарының  дүниетанымдағы  кейбір  түсінік 
ұқсастығын дәлелдейді.  
Фразеологиялық 
теңеулердің 
ұлттық-мәдени 
мағынасын 
олардың 
құрамындағы  ұлттық-мәдени  элемент  білдіреді.    Ұлттық-мәдени  элементке  әр 
халықтың  өзіне  ғана  тән  бейнелеу  образдары  жатады.  Белгілі  бір  ғана  тілде 
кездесетін  тілдік  образдар  басқа  тілдерде  қайталанып  келмесе,  олар  әрқашан 
ұлттық болып табылады.  
Екі  тілдегі  фразеологиялық  теңеулердің  пайда  болу  көздері  әр  халықтың 
тарихымен,  заттық  және  рухани  мәдениетімен,  өмір-тіршілігімен  тығыз 
байланысты. 
Олардың 
мағыналарын, 
тарихи-этимологиялық 
көздерін 
лингвомәдени және лингвокогнитивтік талдау жүргізу арқылы ғана ашуға болады.  
Фразеологизмдерді,  атап  айтқанда  фразеологиялық  теңеулерді  тек  тұлғалық 
(формалық)  жағынан  ғана  емес,  сонымен  қатар  оларды  мағыналық,  ұғымдық, 
концептілік  тұрғыдан  зерттеу  арқылы  халықтардың  ұлттық  болмысын, 
дүниетанымын,  рухани  байлығын,  мәдениетін  айқындап,  оларды  келер  ұрпаққа 
жетуіне  жағдай  жасалады.  Ал  туыстас  немесе  туыстығы  жоқ  тілдердегі 
фразеологизмдерді  лингвомәдени  және  лингвокогнитивтік  тұрғыдан  салыстыра-
салғастыра  зерттеу  арқылы  олардың  тілдердегі  ұқсастығы  мен  ерекшеліктерін  ашу 
осы замандағы жаһандану үрдісіне байланысты мәдениетаралық қарым-қатынас үшін 
де маңызы зор болмақ. 
Әдебиеттер: 
1.
 
Боранбаева  Г.С.  ХV-XVІІІ  ғ.  Қазақ  поэзиясы  тіліндегі  фразеологизмдер  / 
Филол. ғылым. канд. дис. – Алматы, 1994. – 169 б. 
2.
 
Қыпшақбаева  А.Қ.    Қазақ  және  ағылшын  тілдеріндегі  қарсы  мәндес 
фразеологизмдердің семантикалық парадигмасы. – Қызылорда, 2010. – 119 б. 
3.
 
Жуков В.П. Русская фразеология. – М., 1986. – 303 с.  
4.
 
Бекишева  Б.  Қазақ-ағылшын  фразеологизмдеріндегі  «адам»  концептісі.  // 
Қазіргі  заманғы  ғылымның  өзекті  мәселелері.  Ғылыми  конференцияның 
материалдары. – Польша, 2013. – 106 б. 
5.
 
Ағабекова  Б.Н.    Aғылшын  және  қазақ  тілдеріндегі  фразеологиялық 
теңеулердің ұлттық мәдени сипаты. – Алматы, 2010. – 30 б.  
6.
 
Казакова  Т.А.  Translation  Techniques.  Практические  основы  перевода.  – 
СПб.: «Союз», 2002. -117 с. 
7.
 
Кеңесбаев  І.  Қазақ  тілінің  фразеологиялық  сөздігі.  –  Алматы,  1977.  –                  
711 б. 
8.
 
Латышев  Л.К.,  Семенов  А.Л.  Перевод:  Теория,  практика  и  методика 
преподавания. – М.: ACADEMA, 2003. – 169 с. 
 
Шамгонова Р.Г., Нуркашева Ф.Р. 
Национальные особенности фразеологизмов на английском и казахском 
языках 
В  статье  рассматриваются  вопросы,  связанные  с  семантическими 
группировками  современных  фразеологизмов.  Автор  сапоставляя  категории 
фразеологизмов  родного  языка  и  их  языковых  особенностей  с  антонимическими 
фразеологизмами английского языка, определяет связь между этими народами, их 
языками и культурой. 
Ключевые  слова:  фразеологизмы,  фразеологические  сапоставления, 
фразеологические единицы, устойчивые выражения, идиомы, особенности. 
 
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
291 
Shamgonova R.G., Nurkasheva Ph.R. 
National characteristics of phraseology in English and Kazakh languages 
This  article  discusses  issues  related  to  the  semantic  groups  of  modern 
phraseology. The author comparing the categories of phraseology of the native language 
and  their  linguistic  features  with  antonymous  phraseology  of  English  defines  the 
relationship between these nations, their languages and their cultures. 
Keywords:  phraseology,  phraseological  comparisons,  phraseological  units,  set 
expressions, idioms, characteristic features. 
 
 
*** 
 
ӘОЖ: 82-31.20 
 
Ақболатов А.А. – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық  
университетінің докторанты 
E-mail: aidarbek_akbulat@mail.ru 
 

жүктеу 5.14 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет