Республики казахстан



жүктеу 5.14 Kb.
Pdf просмотр
бет35/44
Дата09.01.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44

 
*** 
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
276 
ӘОЖ: 808.1; 82.08 
 
Керімбекова Б.Д. – филология ғылымдарының кандидаты,  
Сулейман Демирель  университеті 
E-mail: muza_bayan@mail.ru 
Сейілхан Х. – Сулейман Демирель университетінің магистранты 
E-mail: khorlan_s@mail.ru 
 
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ПЕН ТҮРІК АҚЫНЫ 
АХМЕТ АРИФ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ОРТАҚ МОТИВТЕР  МЕН 
ТАНЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР 
 
 Аннотация.  Мақала    қазақ  ақыны  Мұқағали  мен  түрік  ақыны  Ахмет  Ариф 
поэзиясындағы  ортақ  мотивтер  мен  танымдық  ерекшеліктерді  анықтауға 
арналады. Қазақ-түрік ақындарына тән өзіндік ерекшеліктерге  назар аударылады. 
Олардың  түбі  бір  түркі  ақындары  ретінде      үндестік,  ортақтықтарымен  қатар  
әрқайсысының  поэзиясына  тән  дәстүрлі  ерекшеліктері    көрсетіледі.  Қазақ-түрік  
поэзиядағы  мәдени-рухани,  заттық    кодтарды  айқындауға    талпыныстар 
жасалады.  Түрік ақыны Ахмет Арифтің  абақты жырлары мен М. Мақатаевтың 
емхана жырлары, хаттары салыстырыла сөз болады.  
Тірек  сөздер:  Қазақ-түрік  поэзиясы,  ортақ  мотив,  рухани-мәдени  код, 
танымдық ерекшеліктер. 
 
  Белгілі  бір  ұлттың  өркениеттегі  өрісі  басқа  ұлттар  мен  ұлыстар  арасындағы 
мәдени-әдеби қарым-қатыныстар, рухани алмасулар барысында айқындалмақ.  Қазақ 
әдебиетіндегі  қазақ-түрік  әдеби  байланыстары  туралы  ұлттық  әдебиеттануымызда 
әркелкі  деңгейде  бірталай  еңбектердің  жазылғаны,  жарық  көргені  мәлім.  Алайда, 
жекелеген  авторлар  мұрасын  қатар  алып,  салыстыра  отырып,  ортақ  мотивтерді 
айқындаған  еңбектер  жоқтың  қасы.  Қазақ-түрік  әдебиетінде  айрықша  орын  алған 
ақындарымыздың  шығармашылықтарын  терең  талдау,  жекелеген  көркемдік 
құбылыстардың  тарихи-эстетикалық  маңызы  мен  ықпалын  тану  үшін  нақты 
мысалдарды  жіліктеу  мен  жүйелеу,  сол  арқылы  тарихи-әдеби  үдерістің  ұлттық 
танымға  әсерін  анықтау  қажет.    Демек,  Мұқағали  мен  Ахмет  Ариф    поэзиясының 
ағымдастығы мен өзгешеліктерін тарихи поэтика заңдылықтары негізінде қарастыру 
–    аса өзекті мәселе. 
Әрбір  ұлттың  поэзиясынан  оның  тек-тамырын,  тарихын,  танымын, 
интеллектуалдық деңгейін көреміз. Поэзия – әрбір ұлттың генетикалық коды (кілті). 
Ақын  өз  ұлтының  перзенті  ретінде  өмірді  өзінің  дербес  ассоциациялары  арқылы  
бейнелейді.  Оларды  бір-бірінен  ерекшелейтін  де  осы    шығармашылық  
репертуарларының  әртүрлілігі.    Бір  авторда  тұрақты  байқалатын  сипат    –    оның 
авторлық коды.  Сондай-ақ, қаламгердің туындысынан сол ұлтқа тән мәдени-рухани 
кодтар аңғарылып жатады.  
Ғылыми  анықтамаларға  сүйенсек,  Мәдени  код  –    белгілі  бір  деңгейде 
«құлыпталған»  мәдениетті  танытуға  мүмкіндігі  мол  ақпараттар.  Мәдени  код 
ұғымының  астарында  «белгілі  бір  ұлттың  ата-бабаларынан  жалғасып  келе  жатқан  
мәдениетін  танытатын  кілт»  деген  ұғым  жатыр.  Оның  халықтың  танымын, 
қалыптасқан ойлау жүйесін, қағидаларын түсіндіруге шамасы жетеді. Кейде мәдени 
кодты ұлттық менталитетпен де баламалып жүрміз.  
...«Мен  жырламаймын,  Сырласамын.  Сыры  бар  замандаспен  мұндасамын»,  –  
деп  деп жырлаған ақын   Мұқағали – қазақ ақындарының ішіндегі ең көп оқылатын  
ақын.  Мұқағалидың  шығармашылық  тағдыры  оңай  болмағанын,  тірісінде 
жалғыздықты  да,  тұрмыс  таршылығын  да  тартқанынан  көзі  қарақты  оқырман 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
277 
хабардар.  Ол  туралы  ақынның  естеліктерінде,  күнделіктері  мен  хаттарында 
жазылған.  
Мұқағали сынды өмірі аңызға толы ақынның бірі –   түрік ақыны Ахмет Ариф. 
Мұқағалиға  ақындық  бақ  тірісінде  емес,  өмірден  өткен  соң  қонғаны  сияқты,  Ахмет 
Ариф  те  тірісінде  өз  бағасын  алмады.  Оған  ақынның  саяси  көзқарастары  себеп 
болды.  Тіпті  әлі  күнге  дейін  кейбір  зерттеушілер  ақынды  теріс  бағыттағы  ақындар 
санатына  жатқызып,  оның  өлеңдерін  зерттеуге  ықылас  таныта  бермейді.    Түрік 
халқының рухани сырласына айналған  Ахмет Арифтің де өмір жолы  Мұқағали ақын 
сынды қиын да шытырман. 
Түрік  ақыны        Ахмет  Ариф  –  көзі  тірісінде  жалғаз  ғана  жыр  кітабы  жарық 
көрген,  алайда  сол  кітабы    Түркияда  60  рет  қайта  басылған  ақын.    Жеке  өміріндегі  
түрлі  оқиғалар жанына жүк болса керек, ақын 1990 жылы 2 маусым күні Анкарада 
үйінде жүрек талмасынан көз жұмады. 
Екі  елдің  әдебиеті  арқылы  ол  елдердің  мәдениетін,  тарихын,  болмысын 
танитынымыз  анық.  Қазақ-түрік  ақындары  поэзиясын  ондағы    мәдени  кодтарды 
заттық  код,  рухани  код  жекелей  қарау,  олардың  поэзиясындағы    лакуналарды  табу  
арқылы  тереңірек түсіне аламыз. Солардың бірі – заттық кодтар.   
        Түрік поэзиясында, оның ішінде А. Арифтің біз қарастырған  өлеңдерінде 
«Қына»,  «Шәй»  сөздері    заттық  код  ретінде  назарымызды  аударды.  Мұндай  кодтар 
тағы да болуы мүмкін. Мәселен,    «Unutamadiğim» атты өлеңінде Ахмет Ариф: 
Açardın, 
Yalnızlığımda 
Mavi ve yeşil, 
Açardın. 
Tavşan kanı, kınalı – berrak... [1, 14 б.].   
 
Ашар ең, 
Жалғыздығымды.  
Көк , жасыл етіп 
Жайнатып. 
Қоянның қаны, қыналы- айқын...  (аударған Х.С.). 
Қына (хна) –  түрік  халқының танымындағы  киелі заттардың бірі.  Оны  алыс 
сапарға  атанатын,  өз  босағасынан  аттап  ұзатылатын  қыздардың  қолдарына  жағады 
немесе  қынамен  сурет  салады.  Оның  мәнісі  –  сол  қына  сынды  сіңіп  кету,  өзін  сол 
барған жеріне құрбандық ету дегенге саяды. 
Hamravat suyu dondu, 
Diclede dört parmak buz, 
Biz kuyudan işliyoruz kaba - kaçağa, 
Çayı, kardan demliyoruz. 
 
Хамрават суы төнеді, 
Төрт бармақ бірдей  үсіді. 
Құдық  қазып әлімізше,  
Шайды  қардан  демдедік,  –деген  ақынның      «Diyarbekir  kalesinden  notlar  ve 
Adilos  bebenin  ninnesi»  («Диярбекир  қорғанындағы  жазбалар  және  Адилош  бөпенің 
әжесі»)  атты өлеңінде «шәй», «шәй ішу» деген сөздер жиі кездеседі. Мұндағы түрік 
мәдениетіндегі шәй  ішудің тек қана шөл басу ғана емес, әңгіме-сұхбат  құрудың бір 
себебі екендігі ақын өлеңдерінен анық көрінеді. 
Мұқағали  ақын  жырларынан  жиі  кездесетін  рухани  кодтар:    «Дос»,  «Жеңге», 
«Қарасаз»,  «Муза»  болса,      түрік  ақыны  А.  Ариф  өлеңдеріндегі    жиі  кездесетін  
рухани  код  –  сүйіктісі  Лейла.  Бұған  ақынның  «Hasretinden  prangalar  eskittim» 
(«Сағынышта тозған бұғаулар») өлеңі дәлел: 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
278 
Seni, anlatabilmek seni. 
İyi çocuklara, kahramanlara. 
Seni, anlatabilmek seni, 
Nam ussuza, haldan bilmez, 
Kahpe yalana. 
  
...Kurt uyur, kuş uyur, zindan uyurdu. 
Dışarda gürül - gürül akan bir dünya... 
Bir ben uyumadım, 
Kaç leylim bahar, 
Hasretinden prangalar eskittim. 
Saçlarına kan gülleri takayım, 
Bir o yana, 
Bir bu yana... [1, 16 б.]. 
 
Сені, сені айту. 
Жақсы балаларға, батырларға да. 
Сені, сені айту. 
 Ұятты білмес, намыссыздармен 
Ала аяққа да.  
 
...Қасқыр ұйықтар,  құс ұйықтар, зындан мүлгір 
Сыртта күйбің дүние аққан гүріл... 
 Тек мен ғана ұйықтамадым,  
Ләйлім, қанша   көктемде, 
Сағыныштан  бұлғауларды  тоздырдым.  
Шаштарыңа қан гүлдерін  тағайын. 
Бірін о жағына, 
Бірін бұл жағына (аударған Б. Керімбекова).  
  Көп    жағдайда  өзге  ұлттың  поэзиясы  бізге  түсініксіздеу,  көркемдігі  кемдеу 
көрініп  жатады.  Бұл  түсінікті  жайт.  Өйткені,  «Әр  елдің  мәдениетінде  сол  ұлттың 
өзіне  ғана  ұғынықты  болатын,  өзге  ұлт  өкілдеріне  интерпретациялап  жеткізбесе, 
түсініксіз болатын ұғым-түсініктер болады. Ғылым тілінде мұны «лакуна» [2, 146 б.]. 
деп  атайды.  Ахмет  Арифтің  поэзиясы  да  лакунаға  бай.  Сондай-ақ,  қазақ  өлеңі 
ұйқасқа  негізделген  себепті,  біз  өлеңнің  ұйқасына  ерекше  мән  береміз.  Бір  буыны 
кем  болса,  қазақ  өлеңі    олқы  тартып  шыға  келеді.  Ал  түрік  поэзиясы  көбіне  аруз 
өлшемімен  жазылатындықтан,  ұйқас,  буын  дәлдігі  алдыңғы  орында  емес.  Түрік 
ақындары үшін бастысы– ақын философиясы. 
  Мұқағали 
ақын  қазақтың  салт-дәстүрлерінің  поэзиясындағы  тұтас 
галереясын  жасады  деуге  де  толық  негіз  бар.  Мұқағали  жырлары  –  қазақи  болмыс 
тіршілігіміздің, атадан балаға дарып келе жатқан асыл салт-дәстүріміздің де айнасы 
бола  білді.  Сол  себепті  ақын  поэзиясында  қазаққа  ғана  түсінікті  болар  сөздер 
кездеседі. Мысалы: 
Бұл жерге сен болмасан, келмес едім. 
Кіндігімді байлаған қазығым-ай, 
...Сен болмасаң, бұл маңды көрмес едім. 
Жат көзімен қарайды адамдарың, 
Жақын тартар құрбы да таба алмадым. 
Жас отаудың есігін ашып қалып, 
 ...Жасыра алмай, ініңнің отауынан, 
Ыстық маған атаның шаңырағы ... 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
279 
...Әже, сен бірге жүрсің меніменен, 
Өліге мен өзіңді телімегем. 
Ақ кимешек киген бір кемпір көрсем, 
Ақ кимешек астынан сені көрем... 
 
...Махаңдар жоқ, 
Махаңдардың  сарқыты  –  Мұқағали  Мақатаев  бар  мұнда!  [3,  117  б.]  ,  –  деген 
үзінділердегі «кіндігін байлаған», «отау», «қара шаңырақ», «ақ кимешек», «Махаңдар 
сарқыты»  сияқты сөздер қазақтан  басқа ұлт өкілдері үшін  лакуна. Егер мұны түрік 
тіліне аударсақ, түрік оқырманының осы жырларды  дәл қазақтай тебіреніп оқымасы 
анық.  
Сол  сияқты  түрік  ақыны  Ахмет  Ариф  өлеңдеріндегі  ұлттық  лакуна  ретінде 
мына бір жолды назарларыңызға ұсынамыз:  
"Akşam  Erken  iner  Mapushaneye"  («Абақтыға  қараңғылық  ерте  түседі») 
өлеңіндегі лакуна:  
 
Aynı korkunç sevdadadır 
Gökte bulut, dalda kaysı. 
Başlar koymağa hapislik. 
Karanlık can sıkıntısı... 
 
"Kürdün Gelini"ni söyler maltada biri... 
  
 Бір қорқыныш сүйгендерде 
Көкте бұлт, ағашта өрік.   
 Қапас  күндер басталады, 
Қараңғылық жан кеміртіп 
«Күрдтің келініне» салар бірі Мальтада....(аударған Б. К.). 
 Мұндағы «Күрдтің келіні» деп отырғаны түріктерге кеңінен таныс ән.  Мұны 
өзге  тілге  аударғанда  қосымша  түсініктеме  бермесе, оқырманға  ұғынықсыз  болады.  
демек,  бір  елдің  поэзиясын  тану  дегеніміз  –  оның  бүкіл  дүниетанымын  тану  деген 
сөз.  Ахмет  Арифтің  1955  жылдың    6  қыркүйек  күні    жазылған  хатында    «Күрдтің 
келіні»  атты  роман  жазғанын  айтады.  «Күрдтің  келіні»  деген  роман  жаздым. 
Байқасым тым трагедия. Жырттым, тастадым. Жаңадан бір дүние жазам» дейді.  
Қазақ-түрік  ақындарының  өлеңдерін  салыстыра  қарағанда  ерекше  назар 
аудатрқан  мәселенің  бірі  –    суреткердің  шығармашылық  қабілетіне  оның  өскен, 
қоршаған    ортасының  белгілі  бір  мөлшерде  әсері  болатындығы.  Мұны  Поэзиядағы 
детерминизм  ретінде  қарастырып  көрдік.  «Детерминизм  (лат.determinare  – 
анықтаймын) дегеніміз –  тұрмыс құбылыстарының жалпыға ортақ себепті-салдарлы 
анықтылығы жәніндегі ілім. Детерминизм идеясы ежелгі дүниеде пайда болып, одан 
бергі  барлық  жаратылыстанулық-ғылыми  және  философиялық  оймен  бірге  келеді» 
[4, 201 б.].  
Мұқағали  поэзиясында    Тау,  Тас,    Хантәңірі,    Дала  сөздері    түрлі  контексте  
қолданыста  өте  жиі  кездеседі.  Ал,  Ахмет  Ариф  поэзиясында  Теңіз,  Қала,  Көше, 
Балкон сөздері көптеп қолданылған. Әрине, Мұқағали қазақтың кең даласында еркін 
өсіп,  Хантәңірдей  биікке  ұмтылған  ақын  болса,  Ахмет  Ариф  қала  мәдениетіне 
жастайынан  қанық,  қалалар  мен  көшелерде  балалығы  өткен  ақын.  Олай  болса, 
ақынның  көргені,  сезінгені,  жұтқан  ауасына  дейін  өлеңінен  аңғарылмауы  мүмкін 
емес.  
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,  
Бұдан артық рахат табылмайды.  
Бұлдырасын өткен күн сағымдай бір, 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
280 
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы, – деген  Мұқағалидың «Ауыл түні», «Айхай, 
далам»,  «Ауыл  жатыр  той  жасап»,  «Қайран,  Қарасазым-ай»,  т.б.  өлеңдерінде  дала 
баласы, дала жоқшысы, дала перзенті ретінде сөйлейді.  
Ахмет  Ариф  поэзиясында  қала,  көше,  балкон,  асфальт,  тротуар,  т.б.  сынды 
қала тіршілігін аңғартатын сөздер түрлі образдық, симфолдық мәнде қолданысқа ие 
болған. Атап айтсақ,  «Karanfil sokagi» («Қалампыр көшесі») өлеңінде ақын: 
...Kavuşmak ilmindeyiz bütün fasıllar 
Ray, asfalt, şose, makadam 
Benim sarp yolum, patikam 
Toros, Anti-toros ve âsi Fırat 
  
Қауышпақ бүтіндер бөлінген,  
Рельс, асфальт, шоссе, тротуар. 
Мен салған сара  жол,  сүрлеуім 
Торос,  Анти-торос  һәм    дауылды  Фырат,  –  деп  далада  кездесе  бермейтін, 
қалаға тән құбылыстардың ұсақ-түйегіне дейін мән бере суреттеген.  
... Dumanlı havayı kurt sevsin 
Asfalttan yürüsün Aralık, 
Sevmem, netameli aydır. 
 
Тұманды ауаны  бөрі- ақ   сүйсін 
Асфальтте  жүрсін  желтоқсан, 
Сүймеймін  осы  бір  қатерлі    айды...      (Аударған:  Б.  К.),  –  деген  осы  бір 
жолдарда  да  Ахмет  Ариф    жолдың  жәй  ғана  жол  емес,  асфальт  екендігіне    екпін 
түсіріп тұр. Бұл да ұлттық ойлаудағы детерминизм әсерін байқатса керек.  
Ахмет Арифтің  алғаш қазақ даласында   «Sevdan beni»  атты  өлеңін Жұмекен 
Нәжімеденов «Сенің махаббатың» деп орыс тілінен сатылы аударма жасаған екен.    
Terketmedi sevdan beni, 
Açkaldım, susuzkaldım, 
Hayın karanlıktı gece, 
Can garip, can suskun, 
Can paramparça... 
Veelleri m kelepçede, 
Tütünsüz, uykusuzkaldım, 
Terketmedisevdanbeni…   
 
Маған деген махаббатың суымады, 
Көрдім көпті, 
Таусылмапты татар дәмім, суым әлі. 
Түн емес еді-түнек еді, 
Соны ойласам әлі күнге көз-тамырым суырады.  
Аяқтағы бұлғауымды кім батыл боп сындырады? 
Жатсам-ұйқым, тартсам шылым жөн еді онда, 
 Сол  бір түні , сол бір қара зобалаңда. 
Аман қалдым мен одан да,  
Әлі күнге  аман келем, 
 Сақтап жүрген сенің осы 
Махаббатың маған деген» [5,  298 б.]. 
Ахмет  Ариф  те  қазақтың  Мұқағили  ақыны  сияқты    өлеңдерінен  өмірбаяны 
анық  көрініп  тұратын  ақындардың  бірі.  1947  жылдың  күзінде  Ахмед  Ариф  жоғары 
білім  алу  үшін  Анкараға  келеді.  Тіл  және  тарих  география  факультетінің  пәлсапа 
бөліміне түседі.  1949 жылдан  бастап  Ахмед  Арифтің өлеңдері  университет  ішінде,  
студенттер арасында  қолдан-қолға тез тарады.  Алайда,  ақынға  «солшыл» деген  ат 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
281 
тағылып,  абақтыға  жабылады.  Ақынмен  бірге  Анкара,  Стамбулдан  184  кісі 
тұтқындалады.  Барлығы  38  ай  түрмеде  отырған  Ахмед  Ариф,  1954  жылы 
бостандықққа  шығады»  [6,  4  б.].  Содан  болса  керек,  Ахметтің  көп  өлеңдерінде 
торығу, зарығу секілді  пессимистік ноталар басым. 
Ахмет  Арифтің  тұтқындалғандықтан кейінгі өлеңдерінен өзін  шын мәніндегі 
құқысыз  тұтқын  сезіну    байқалады.    Сөздің  қолданыстары  өзгереді.    «Қанішер», 
«соқыр», «сарышаян», «атом бомбасы» деген сөздерді көп қолданады. Осы жылдары 
жазылған  өлеңдерінде  «түрме»  тақырыбындағы  «Абақты  жырлар»  циклы  дүниеге 
келген.  "Akşam  Erken  iner  Mapushaneye"  («Абақтыға  қараңғылық  ерте  түседі») 
өлеңінде  түрме  қабырғасындағы  жағдай,    ұйықтар  алдындағы  жалғыздық,  әр  түрлі 
ауыр ойлар, ғаріптік халі суреттеледі. 
Түрік  ақыны  Ахмет  Арифтің  шығармашылығына  түрме  белгілі  бір  дәрежеде 
ықпал етсе,  қазақ ақыны Мұқағали ақынның көптеген өлеңдері аурухана төсегінде 
жатып  жазылғаны  мәлім.  Мұқағали  ақынның  «Емхана  жырлар  циклы»    жеке 
зерттеуді қажет етеді. Себебі, ақынның жаны мен тәні қоса дертті болған кездер ақын 
қаламына  алға  сүйреген  қандай  күш?  Міне  бұл  –  өте  маңызды.    Бұл  турасында 
ақынның өлеңдері былай дейді:  
 ...Дәрігерім, рақмет! 
Meн әзірге өлмеймін! 
Кешіре гөр! 
Жүрегімді пышағыңа бермеймін. 
 *** 
He істемекпін? 
Жаным-ай, саған шипа істемек кім?! 
Жаралғанда бүтін ем, үш бөлекпін: 
Жүрегім  –  Африка, бауырым  –  Кипр, 
Миым  –  Мұзды мұхиттай... 
He істемекпін?.. [3, 87 б.].  Мұқағали ақынның емхана жырларында да ақын тағдырға 
бойұсынбай, өмірден күдер үзбей оптимист қалпын сақтаған.  
Ахмет Арифтің  мол мұрасының бірі – оның сүйгені әрі рухани сырласы Лейла 
Ербилеге  жазған  хаттары.  Ол  хаттар  толассыз  1954-1959  жылдар  аралығында 
жазылып  тұрған.    1977  жылы  ақынның  соңғы    хаты  жазылған.  А.  Арифтің  Л. 
Ербилеге  жазған  хаттары  ақынның  шығармашылық  лабораториясын  зерттеуге 
мүмкіндік  беретін      маңызды  құралдардың  бірі.  Ахмет  Ариф  хаттары    –    ақынның  
айдаудағы  жылдары  мен    саяси  көзқарасынан,    әдебиет  әлемінен  сыр  беретін  бас  -
аяғы бүтін   дүние.  
 Leylim – leylim, 
Dünyamızın yarısı 
Al - yeşil bahar, 
Yarısı kar olanda... 
 
... ...Ләйлім- Ләйлім 
Ғұмырымыздың жартысы 
Жап-жасыл көктем 
Жартысы қар болғанда... 
 
            ...Leylim - leylim 
Ayvalar, nar olanda 
Sen bana yâr olanda 
Belâlı başımıza 
           Dünyalar dar olanda. [7, 95 б.]. 
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
282 
 ...Ләйлім- Ләйлім 
Айвалар анар болғанда 
Сен маған жар болғанда 
Бәлелі басымызға 
Дүние тар болғанда.  
Ахмед  Арифтің  өлеңдеріндегі  «Лейла»  – ақын поэзиясының лейтмотиві 
іспеттес.  Лейла –  А. Ариф өлеңдеріндегі бірден–бір рухани код. 
Ақынның жоғарда келтірілген өлеңі мен Мұқағалидың: 
...Қараша келген шақтарда 
Құлазып тұрған бақтарда 
Жапырақ жайрап жатқанда 
Құрайлар сыңси қаққанда, – дейтін «Есіңе мені алғайсың» өлеңімен ырғақтық 
үндестік бардай сезіледі бізге.  
Көп  жылдардар  өткен  соң  Лейла  ханым  мен  ақынның  ұлы  Филинта  Өнал  
баспаханада  танысады.    Әңгіме  барысында  А.  Арифтің  Лейла    ханымға  жазған 
хаттары, оларды жариялау, жарияламау туралы әңгіме болғанда, ақынның  ұлы бұл 
хаттары  жариялау  керектігін  айтты.  Өз  сөзінде  Филинта:  «Сіз  бен  менің  әкем 
әдебиетіміздің  бағалы  тұлғасысыздар,  әдебиетте  бұл  хаттарды  жариялау  керек» 
дейді. Осылайша хаттар кітап болып жарыққа шығады. Ахмет Ариф бірінші шыққан 
жыр  кітабы  туралы  Лейла  ханымға  былай  деп  жазады:  «Сүйіктім,  жаным,  аяқ 
астынан  бірдеңе  болса,  бұл  кітабым  сенде  болсын.  Айтқым  келген  бір  нәрсе  бар. 
Мәжбүрмін енді оны айтуға.... Кітабымды саған арнадым» [7, 97 б.]. 1990 жылы түрік 
зерттеушісі  Рефик  Дурбаш  А.  Ариф  секілді  әдебиетшілердің  хаттарын  жариялау 
туралы былай деген болатын:  «...Мүмкін халық үшін, оқырман үшін бұл  хаттардың 
аса  маңызы  бола  қоймас. Бірақ  әдебиет  тарихшылары  үшін,  сын  үшін  керек  дүние. 
Түркияда  бұндай  дәстүр  жоқ.  Бірақ  ол  күнде  келер.  Мысалы,  Виктор  Гюгоның 
сүйіктісіне  жазғаны,  Бауделаэрдің  қызметшісіне  жазған  хаттар  бүгінде  Францияда 
өте  маңызды  саналады.  Әлбетте,  халықтың  мәдениеті  осыдан  көрінеді».  Ахмет 
Арифтің  Лейла  Ербилеге  жазған  хаттары  да  түрік  халқы  үшін,  түрік  әдебиеті  үшін 
бағалы дүние дер едік» [8, 37 б].  
Ахмет 
Арифтің 
хатындай 
ғашықтық 
мазмұнда 
болмағанымен,                                  
М.  Мақатаевтың  да  артында  көптеген  хаттары,  күнделіктері  қалды.  Әсіресе,  соның 
ішінде  өлеңмен  жазылған  «Фариза,  Фаризажан,  Фариза  қыз»  атты  өлең-хатының 
орны  ерекше.  Мұнда  ақынның  адами    сезімдері  ғана  емес,  сол    кезеңдегі  зиялы 
қауымның қоғамдағы орны анық байқалады. 
  
Әдебиеттер: 
1.
 
 Arif  А.  Hasretinden Prangalar eskittim. –  Ankara, 2008. – 264 p. 
2.
 
Сабитова З. Лингвокультурология. – М.: Флинт, 2013. – 371 с. 
3.
 
Мақатаев М.  Жүрек арызы. – Алматы: Жазушы, 2012. – 412 б. 
4.
 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / Ред. бас. І. Кеңесбаев. – Алматы: Ғылым, 
1979. – Т 10. – 145 б. 
5.
 
Нәжімеденов Ж. Аудармалары // Қазақ әдебиеті газеті. 1960, 18-наурыз. 
6.
 
Koç M. Hasretinden prangalar eskiten, korkusuz bir şair A. Arif. – Istanbul, 2001. 
– 235 p. 
7.
 
Ahmed Arif’tan Leyla Erbil’e mektuplar. – Ankara, 2002. – 114 p. 
8.
 
Yılmaz Odabaşı A. Arifın şiirlerinin yapısı. – Ankara, 2010. – 308 p. 
9.
 
 Түрік поэзиясы. – Алматы: Аударма. 2012. – 318 б. 
10.
 
 Қайдар Ә. Қазақтар ана тілі әлемінде. 2-том. – Алматы: Сардар, 2013. – 
447 б. 
11.
 
Сүтжанов  С.  Түркішілдік  негіздегі  концепция  //  ҚР  ҰҒА  хабарлары.  Тiл, 
әдебиет сериясы. 2005 .– № 36. – Б. 48-58.  
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
283 
Керимбекова Б.Д., Сейлхан Х. 
Общие мотивы и познавательные особенности  поэзии Мукагали 
Макатаева  и турецкого поэта  Ахмет Арифа 
В  данной  статье  рассматриваются  общие  мотивы  и  познавательные 
особенности  казахского поэта М.Макатаева и турецкого поэта А.АрифаАвторы 
раскрывают  сущность  понятий:  «культурный  код»  и  «предметный  код», 
«детерминизм» в контексте казахско-турецкой поэзий.   
Ключевые  слова:  казахско-турецкая  поэзия,  общие  мотивы,  духовно- 
культурные коды, познавательные особенности.  
 
Kerimbekova B., Seilkhan Kh. 
Kazakh poet Mukagali Makatayev`s and Turkish poet AhmetArif`s poetry spiritual 
and common motif 
This  article  is  Kazakh  poet  Mukagali  and  Turkish  poet  AhmetArif  intended  to 
determine  the  motives  and  cognitive  features  that  are  common  to  the  poetry.  Kazakh-
Turkish  poets  characteristic  attention.  As  their  Turkic  poets  tone,  commons  each  of  the 
features of traditional poetry. Kazakh-Turkish cultural and spiritual poetry, an attempt was 
made  to  determine  the  real  codes.  Songs  of  the  Turkish  poet  Ahmet  Arif  in  prison  and                  
M. Makatayev clinics poems, letters will be comparable. 
Keywords:  poetry  of  the  Kazakh-Turkish  central  motif,  spiritual  and  cultural  code, 
and cognitive features. 
 
*** 
 
ӘОЖ: 81’373 
 
Шамғонова Р.Ғ. – магистр, аға оқытушы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
Нұрқашева Ф.Р. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенті 
E-mail: raisa-shamgonova@mail.ru 
 

жүктеу 5.14 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   44




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет