Республики казахстан


МӘШҺҮР ЖҮСІП ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ СӨЗ-СИМВОЛДАР



жүктеу 5.14 Kb.
Pdf просмотр
бет33/44
Дата09.01.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44

МӘШҺҮР ЖҮСІП ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ СӨЗ-СИМВОЛДАР 
ҚОЛДАНЫСЫ 
 
Аннотация.  Бұл  мақалада  Мәшһүр  Жүсіп  поэзиясындағы  сөз-символдар 
қатарына  жататын  ай,  күн,  жұлдыз  сөздерінің  қолданысының  мәні 
қарастырылады.  «Ай»,  «Күн»,  «Жұлдыз»  концептілеріндегі  ұлттық  көзқарастың 
сипаты  көрсетіледі.  Ай,  күн,  жұлдыздың  мифологиялық  моделі  астрономиялық 
көзқарастардың негізінде бейнеленеді. Халық танымында ай, күн, жұлдыз, сұлулық, 
ізгілік,  махаббат  нышандары  ретінде  танылып,  М.  Жүсіп  шығармаларында 
авторлық көзқарас негізінде көрініс табады. 
Тірек  сөздер:  сөз-символ,  символдық  мән,  концепті,  мифологиялық  таным, 
мифологиялық мағына, модель, ассоциациялық өріс. 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
262 
Ақынның суреткерлік қырын танытатын көркем мәтін мазмұнын бейнелеуге 
қатысты сөз қолданыстың бір түрі  – оқиғаның сырын тұспалдап ашатын, ишарамен 
білдіретін  –  сөз-символдарды  шеберлікен    қиыстыра  жұмсау.  Ақын  поэзиясындағы 
сөз-символдар көркем мәтіннің идеялық мазмұнын арқалап, ойды астарлап жеткізеді. 
Символ – сөздің мағынасы кейде бір сөйлем немесе абзац, әйтпесе тіпті бүкіл мәтін 
көлемінде  ғана  танылады.  Сөз-символдар  көп  мағыналы  болып  келеді.  Сондықтан 
сөз-символдың символдық мағынасын кейде шығарманы толық оқығанда ғана түсіне 
аламыз.  Ақын  сөзді  символдық  мәнде  қолданғанда,  белгілі  бір  стильдік  мақсатты 
көздейді. Сөз-символ поэзияның бейнелілігін арттыруда маңызды. Символдың жеке 
автор қолданысындағы мәнін ашу, мағынасын тану ерекше қабілет пен көкірек көзін 
қажет  етеді.  Қазақ  халқында  қоршаған  орта  символдық  мәнге  толы.  Мысалы, 
Мәшһүр Жүсіп поэзиясындағы сөз-символдар қатарына  ай, күн, жұлдызды жатқыза 
аламыз. Жалпы олар құдіретті саналған. Ертеде халық ол жерге жарық, жылу беруші 
ғана емес жақсылық әкелетін құдіретті  күш деп санаған, сондықтан оның мейірімін 
өзіне  аудару  үшін  табынып,  құрбандық  шалған.  Т.Жанұзақов:  «Ай  ертеден,  көне 
заманнан-ақ  әдемілік  пен  сұлулық-көркемдік  символы  болған,  оған  жұрт  табынған, 
қасиет  тұтқан.  Ежелгі  түркі  тайпаларының  аспанды,  ай  мен  күнді  «қасиетті», 
«құдіретті»,  «тәңірі»  санап,  оларға  табынғаны  тарихтан  белгілі  [1,  31  б.].  Академик 
Ә.Марғұлан    «Қорқыт  ата  күйші»  еңбегінде  ерте  заманда  қазақ  пен  маңғол 
халықтарына ортақ символ сөздердің мағынасын келтіреді: 
1)  Күн  –  махаббат,  әділет,  ғашықтықтың  белгісі.  «Күнім»  деу  махаббаттың,  сәби 
тазалықтың күшті түрі саналған.  
2) Ай – сұлулық, сана ишарасы болған. 
3) Жұлдыз – мереке, ойын-сауық, жастықтың белгісі болған» [2, 46 б.].   
«Сұлулықтың,  сұлу  қыздың  бейнесін  халық  поэзиясында  күн,  ай,  таң,  нұр 
образымен беру қалыптасқан дәстүр», - дей келе, Р.Сыздықова Дулат ақынның 
Қараса көз тойғандай 
Топты ортадан ойғандай 
Бұтағына шынардың 
Күнді әкеп іліп қойғандай, 
Сәндісің, жаным, сәндісің!- 
деген өлең жолдарын өзінше өрнек, «мұнда да сәнділік, сұлулық образы күн арқылы 
берілген», – деп көрсетеді [3, 80 б.]. Жоғарыда ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, 
біз күннің – ізгілік, айдың – сұлулық, жұлдыздың – қуаныш, береке, символы болған 
деп  есептейміз.  Қазақ  халқының  таным  түсініктерін  астрономиялық  көзқарастарда 
бейнеленуі,  оның  тілдік  көрінісі  мифтік  баяндар  қазақтардың  астрономиялық 
көзқарастарының  негізі  болып  табылады.  Олар  қай  жұлдыз  қай  уақытта  пайда 
болғандығын түсіндіреді. 
Жұлдыздардың  қазақ  дүниетанымында  рөлі  маңызды,    мәнісі  аса  зор. 
Қазақтардың  өмір  сүру  тәсілі  жұлдыздардың  бағытымен,  аспанға  шығатын  
уақытымен  сәйкестенген.  Көшпелі  қазақтар  үшін  түздегі  нақты  нысана  аспан 
жұлдыздары. Сол жұлдыздарға қарап түн мезгілін, ай, жыл уақытын айнытпай айта 
алған.  Олар  жылдың,  айдың,  түннің  қай  мезгілінде    қандай  жұлдыз  болатынын 
байқап, айтып отырған. Жылқы баққан, қой күзеткен малшылар  жұлдыздарға қарап 
кезектескен.  Жұлдыздарға  қазақтар    атты  да  өз  тұрмысына,  көшпелі  мал 
шаруашылығына қарай ұқсатып қойған. «Темірқазық», «Ақ боз ат», «Көк боз ат» т.б. 
қазақтар  үшін  «Темірқазық»  түнде  жол  жүргенде  бет  алысын  бағдарлайтын 
астрономиялық  компасы  болуымен  қатар,  астрономиялық  сағат  та  болады. 
Темірқазыққа қарап, қазақтар уақыт мөлшерін айырған.  
Жұлдызды  қазақ  дүниетанымының  кілтті  ұғымы  деп  қарастыруға  болады. 
Себебі бұл ментальды-мәдени жасалымы қазақтардың ұлттық мәдениетінің іргетасы 
болған  құндылықтық  бағдарларды,  көзқарастарды  жүзеге  асырады.  Мысалдар 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
263 
арқылы  саралап  көретін  болсақ,  қазақ  фольклорында,  әсіресе,  жұлдыздарға 
байланысты аңыз сюжеттер кең орын алады. 
«Ай»  да  қазақ  танымында  ерекше  орын  алатын,  аспан  денелерінің  ішінде 
ерекше  назар  аударып,  түсініктеріне  ай  құпиясын  ашуға  ұмтылыстары  ғасырлар 
бойы  жинақталған  ауыз  әдебиеті  үлгілерінен  де,  қазақ  халқының  теңеулерінен, 
мақал-мәтел,  фразеологизмдерінен  де  байқаймыз.  Әлем  халқы  ежелден-ақ  уақыт 
өлшемін  Аймен,  Күнмен  белгілеген.  Айға  байланысты  уақыт  өлшемдері,  ауа-райын 
болжаулары,  салт-дәстүр,  ырым-сенім,  мақал-мәтелдері  көп.  Ай  –  нәзіктіктің, 
сұлулықтың символы. Халқымыз ажарлы ару қыздарды «Он төртінде туған айдай», 
«Ай десе – аузы, күн десе – көзі бар», – деп суреттейді.  
«Күн»,  «Ай»,  «Жұлдыз»  лексемаларының  символдық  мағынасы  ақын-
жазушылар  шығармаларынан  да  көрінеді.  Мысалы,  Мәшһүр  Жүсіпте  халықтың 
мифтік  дүниетаным,  наным-сенімдерінің,  астрономиялық  көзқарастарының  тілдегі 
бейнелері  сипатталады.  Мәшһүр  Жүсіп  шығармаларындағы  «күн»,  «ай»,  «жұлдыз» 
концептілері  шаманизм,  ислам  мәдениетіне  дейінгі  яғни  тәңірлік  дәуірдегі  және 
ислам дәуіріндегі ұлттық көзқарастың сипатын танытады. 
Мәшһүр  Жүсіп  шығармаларынан  халықтың  мифтік  дүниетаным,    наным-
сенімдерінің, астрономиялық көзқарастарының тілдегі бейнелері көрініс тапқан. Тіл 
–  мифологиялық  танымның  көзі.  Тілде  мифологиялық  жүйенің  әртүрлі  моделдері 
бейнеленеді.  Сөздің  мифологиялық  мағынасы  тұрақты  тіркестерде,  идиомдарда 
бейнелі  түрде  түсіндіріледі.  Ол  қазақ  халқының  дүниетанымының  негізін  қалайды. 
Ай,  күн,  жұлдыздың  мифологиялық  моделі  Мәшһүр  Жүсіп  шығармаларында 
кездеседі.  
Мешкей жоқ, көріп тұрсаң Күн мен Айдан, 
Жақсылық, бойдан шықпас, келер қайдан?! 
Міне, сол құтылудың бір хайласы- 
Дүниеге адамдарға тисе пайдаң! [4, 191 б.] 
Тілімді алсаң, әне, алмасаң да 
Бұл сөзді нансаң да, айттым, нанбасаң да! 
Баруың Тәңір алдына Күннен жарық, 
Ентелеп өз еркіңмен бармасаң да! [4, 183 б.]. 
«Ай»  концептісі  көркем  дискурс  шеңберінде  әрбір  нақты  семантикалық-
психологиялық,  эмоционалдық-эстетикалық  түрде  жүзеге  асуы  тұлғаның  тілдік 
санасының  ерекшелігімен  айқындалады.  Ақын  поэзиясында  «Ай»  мен  «Күн»  өзінің 
жаны бар, көзі бар тек тілі жоқ деп танылады. 
Ай басын қосар екен қай күн бізбен?! 
Телеграмма, телефоным көзге-көзбен! 
Айда – бас бар, ауыз бен тіл болар ма? 
Өз тілің өзіңе жау ел (зіл) бола ма? 
Қазақ халқының  алғашқы сенімдері шаман дінімен байланысты. Ол дін көк 
аспанға,  айға,  күнге,  суға,  жерге,  ата-бабалар  рухына    сыйынады.  Мысалы,  «Күнің 
болайын», «Айың болайын», «Күнің оңынан тусын», «Айды аспанға шығарды» т.б. 
бейнеленген. Шартты түрде алғанда сөздің ассоциациялық өрісінде сол нысан туралы 
адам санасындағы түсінік, ұғым жиынтығы көрініс табады. Ассоциациялық өріс тіл 
қолданушы  ортаның  тілдік  бірліктердің  мағынасын  тілдік  қолданыста,  жалпы 
қабылдаудағы  түсініктерге  негізделеді.  «Күн»  концептісі  Мәшһүр  Жүсіп 
шығармаларында  білім,    біліктілік  деген  мағынада  да  жұмсалғандығын  көреміз. 
Мысалы, «Нанайын ба?!» деген шығармасында күнді жарық бейне ретінде алады.  
Қараңғы түннің жарық таңы атар ма? 
Күннің қызу сәулесі оятар ма?! 
Ақын күн сәулесін бейбіт өмір, тыныштық бола ма деген ойды меңзеу үшін 
қолданғандығын өлеңді толық оқығанда аңғарамыз.  
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
264 
Көңілі – тар, көзі соқыр – сұм заманда, 
Тұйғындар торғай құрлы құны жоқтан 
Қор болды-ау уқаланып құр табанда! 
Қолда бар дүниенің қадірін білмеу жайын айтса, залымдар түн бүркенген күн 
шыққанын  ұнатар  ма  деп  қынжылады.  Тіл  әлеуметтік  құбылыс  болғандықтан,  ол 
тілдік ортамен және де жеке адамның танымымен байланысты. Мысалы, ақын: 
Телміріп Ай бетіне қарауменен. 
Онан басқа нәрседен көзім тайды. 
Ай аспанда, мен жерде болдым құмар, 
Құмарлықпен емеспін көзді жұмар 
Түн болса, ұйқым қашқан соң, ұйықтататын –  
Кітап қарап, ақтарып, тақтым тұмар 
Анда-санда көрініп қалады Ай, 
Ай көрінсе болады көңілім жай [4, 189 б.], – дейді. 
Ақын ғашық көзбен қараса, ай басқадай, ал қарапайым көңілмен қарағандағы 
айдың өзгеше болып көрінуі арқылы ғашықтық көзі кемшілікті көре алмайды деген 
халық ұғымын береді. 
...Шығармаймын сыртыма, біледі ішім –  
Айдың көңілі, қалты жоқ, анық менде 
Анық байқап қарасаң, Айда жүз бар, 
Кәдуілгі адамдай екі көз бар. 
Тіл мен ауыз бар-жоғы есеп емес 
Көңілден-көңілдерге тілсіз сөз бар. 
Екі көңіл арасы – қара жол-ды 
Күндіз-түн қатынасады оңды-солды 
Болған үшін басында мұң менен зар 
Бір күн қылдай жіңішке, бір күн толды. 
Мұнда отырып мен толсам, Ай солады. 
Екі басы иіліп жай болады. 
...Ай толып аспандағы шараланып, 
Көркейер он төртінен толған Айдай. 
Адамды қоршаған шынайы болмыс нысандары өзара байланыста, үйлесімде 
немесе  өзгешелікке  құрылған.  Осы  байланыстарды  бақылаушы  да,  танушы  да, 
зерттеуші  де,  бағалаушы  да  ең  алдымен  адам болғандықтан, олардың  көрінісі  тілде 
бейнеленеді.  Осы  ретте,  адам  санасының,  ойының  ең  бір  күрделі  процесі  ретінде 
метафоралы ойлау  қабілетін  айтуға  болады.  Адам  көңілінің  биіктігі  көрініс  табады. 
Қолға  түспейтін  дүниеге  құмартуы,  ұмтылуы,  ғашық  болуы.  Қолынан  келмейтін 
дүниенің сырын түсінуге, армандауға адам баласының құмар болуы бейнелеген. Ал 
төмендегі шумақта ақын қолдан келмеске бос ұмтылғаннан пайда жоқтығы жөнінде 
философиялық ой түйіндейді. 
...Бұлт бар өркеш-өркеш мұнарланған 
Көңіл бар көктегі Айға құмарланған 
Меңдей бұлт, көрінбей бетін басса, 
Түлкідей бүркіт алған, жұмарланған. 
Не түсер, көктегі Айды, алғанменен 
Шын болмас, айланбан, жалғанменен 
Күдер үзіп, түңілу жоқ қой менде 
Ала алмай оны тағы қалғанменен 
Телмірдім тек күн батыс Айға қарап 
Мен Айға телмірмеймін жайға қарап. 
Асық ойнап пай салам, Ай болсаң да, 
Алатұғын отырмын айға қарап. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
265 
Қазақ  халқының  білімділігінің  астрономиялық  көзқарастарда  бейнеленуі 
және оның тілдік көрінісі – қазақтардың ежелгі танымының белгісі. 
Аспанда: Күн күректеп, Ай айырлап, 
Алмастан ешбір дамыл ол байырлап 
Бидайдай желге ұшырып өміріңді, 
Екеуі тауысуда, біл байымдап! 
Ойласам, осы бір сөз дұрыс екен, 
Деп айтпас миы бар жан: «Бұрыс екен!» 
Бірі – күндіз, біреуі түнде жортқан- 
Ай менен күн – өмірдің ұрысы екен. 
Жұлдыздардың  қазақ  дүниетанымындағы  рөлі  маңызды,  мәнісі  зор  болған. 
Көшпелі  қазақтар  үшін  түздегі  нақты  нысана  аспан  жұлдыздары.  Сол  жұлдыздарға 
қарап  түн  мезгілін,  түннің  қай  мезгілінде,  қандай  жұлдыз  пайда  болатындығын 
байқап,  айтып  отырған.  Олар  жылдың,  айдың,  түннің,  қай  мезгілінде  уақытты 
айнытпай  айта  алған.  «Жұлдыз»  концептісін  қазақ  дүниетанымының  кілтті  ұғымы 
деп  қарастыруға  болады.  Себебі,  бұл  ментальды-мәдени  жасалым  қазақтардың 
ұлттық  мәдениетінің  іргетасы  болған  құндылықтық  бағдарларды,  көзқарастарды 
жүзеге асырады.  
«Жұлдыз» концептісінің құрылымы күрделі:  
Аспан биік болғанда Жер - аласа, 
Таулар зор, дариялар мол – көз қараса 
Ай мен Күндей жарық, жұлдыздар көп 
Жаралған бәрі оңды боп бір тамаша. 
Берілген  шумақта  ақын  жұлдыз  ұғымын  тура  мағынасында  қолданған.  Бұл 
компонент «жұлдыз» сөзінің мағыналарын айқындайды: жұлдыз, ақпа, метеор т.б. 
Күн шықты, жұлдыз біткен өртке күйді, 
Күймесе, қайда кетті, не жау тиді. 
Жел қатайды, еңсе бір көтерілді, 
Ғайыптан бір қыз келіп беттен сүйді. 
Ақын  шығармаларында  да  жұлдыз  концептісі  белгілі  ұғымдардың  көрінісі  ретінде 
жұмсалғандығын аңғарамыз. 
Сонда жарлық түсірді Көк пен Жерге: 
-Тауға қаһар, алдыма кел,-деп-бірге, 
-Ай, Күн, Жұлдыз, ағаш, шөп,-шашбауыңмен 
Ажарланып, көркейіп кір,-деп түрге! 
Ерік, ықтияр өзіңде, көкпенен жер, 
Ай мен күн, бұл кеңеске сенде кір 
Тау мен тас, шалқып жатқан дария сулар, 
Көрермін алаламай бәріңді бір. 
...Сейсенбі, сәрсенбі күн көкті қылды 
Құдіретпен қылған ісін неше бөлді. 
Көкті жерге пар қылып үйлестіріп, 
Ай мен күн жұлдыздардан перде құрды. 
Мәшһүр  Жүсіп  шығармаларындағы  «күн»,  «ай»,  «жұлдыз»  концептілері 
шаманизм, ислам мәдениетіне дейінгі яғни тәңірлік дәуірдегі сипатын білдірген. Жер 
жаһанды  жаратушы  жұлдыздарды  әсемдік  үшін  жаратты  деген  ұғымды  аңғартады. 
Ишарат  өлеңдерінде  ақын  ай  мен  күнді  көргенімен  ешнәрседен  хабарсыз, 
қараңғылықта  қалған,  яғни  оқып-тоқымаған  жан  туралы  тұспалдап  отыр.  Күн  мен 
айды  көргенімен  қараңғылықта  қалғандықтан  қолдан  келері  жоқ  дүниені  меңзеп 
отыр.    Мәшһүр  Жүсіп  шығармаларындағыдай  күн  мен  ай,  жұлдыздың  қазақ 
әдебиетінен  де  символдық  мәнін  көреміз.  Мысалы,  ақын-жырау  шығармаларын 
қарастырсақ,  аталған  сөздердің  символ  ретінде  қолданғандығын  бірден  аңғаруға 
болады. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
266 
Нұрыңнпан нұр алып, 
Аспанда жарық ай, 
Келеді қозғалып, 
Жақындап бері қарай 
Күн батып жоғалды 
Ақын сұлулықты, махаббатты, сүйіспеншілікті білдіруде халық ұғымындағы 
қалыптасқан  танымға  (күн,  ай,  жұлдыз  –  сұлулық  символы)  басқаша  жағдайды 
қолданған. Яғни әлемдегі барлық құбылыс сұлуға таңдана қарайды. Сүйгеніне деген 
терең сүйіспеншілік, шексіз махаббатты білдіруді Мағжан өлеңдерінен оқимыз. 
Келші, көзім, күн бетіңді көрейін 
Сүйші, сәулем, тұншығып мен өлейін 
Жет, жұлдызым, жылжып қана жібектей. 
Жұлдызды – жүзік, 
Айды алқа ғып берейін! 
Ай,  күн,  жұлдыз  ғашықтық  сезім  күйлерін  ғана  емес,  барша  адам 
атауларының бір-біріне деген сүйіспеншілігін көрсетеді. 
Б.Күлеевте: 
Сен хорсың, періштемсің, алламсың сен, 
Мен үшін сенің көркің тәңірмен тең. 
Көркің күн, жүзің жарқын, ажарың ай, 
Тізе бүктім, «тәңірі» дедім алдыңда мен. 
Жүрсең – жер, күлгенде – көк сүйінеді, 
Ағаш-шөп сәжде қылып иіледі. 
Аспанның ажарлысы Ай менен күн. 
Көркіңді көріп таң боп күйінеді. 
Алдыңан әлдеқашан бұлт қашқан, 
Құлдықта қол қусырып жер мен аспан. 
Айнадай ай жүзіңнің ажарынан. 
Ұялып жұлдыз біткен бетін басқан. 
Демек,  ай  мен  күн  –  өмір  өзегі  –  биік  махаббат,  терең  сүйіспеншілік,  асқан 
сұлулық  символы  болса,  жұлдызды  аспан  –  қос  ғашықтың  махаббатының  куәсі. 
Қазақ халқы ай, күн, жұлдыз сөздерінің символдық белгісіне байланысты: айдай сұлу, 
жаңа  туған  айдай,  ай  қабақ,  он  төртінде  туған  айдай  десе,  күнге  байланысты 
күндей  көрік,  күндей  нұрлы,  күндей  балқу  т.б.  кейде  ай  мен  күнді  қосарлана 
қолданып, мінсіз әдемілікті меңзейді: ай десе аузы, күн десе көзі, айдай мінсіз т.б. 
Қазақ халқы үшін күн – мәңгілік өмірдің символы.  
Оңынан айым, күнім туып сол жақтан, 
Алашыма айнадай сәуле бере ме? 
Халық тілінде күн сөзінің символдық мәніне қатысты төмендегідей тұрақты 
тіркестер бар:  күн  көру, күнелту, күні  туды, күні  таусылды, күні  жақындады, күні 
өшті, күні бітті т.б.  
О, менің тірлігім, қуатым! 
Неге сен батасың шуақ-күн? 
Сақшысы бол-дағы өмірімнің 
Төбемде мәңгілік тұр көріп. 
Батпа сен! 
Бермеші түнге ерік! 
Төбемнен ұзама жүз қадам, 
Жылыта бер денемді мұздаған, 
Зәредей сәулеңді мен сенің 
Некелі жарымдай қызғанам. 
Сонымен, аспан шырақтары  –  Күн, Ай, Жұлдыз халық танымында сұлулық, 
ізгілік,  махаббат  нышандары  ретінде  танылып,  тіл  жүйесінде  өз  өрнегін  салған. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
267 
«Дойбының  ойыны»  өлеңінде  Мәшһүр  Жүсіп  ойын  туралы  айтып  отырған  сияқты 
көрінгенмен,  өмірді  тұспалдап  отыр.  Өмірде  сараң  болма,  сараң  болсаң,  халықтан 
байлығыңды  тығып,  тарылсаң  бәрі  босқа  қалады  деген  ойды  тышқанның  інге 
тыққаны  ертең  мысыққа  ұсталып,  жем  болса,  тыққан,  жиған  тергенінің  босқа 
қалатындығын айту арқылы жомарт болуды меңзейді. «Ай» болсаң да, «Күн» болсаң 
да  мәңгі  жарқырап  тұра  алмайсың,  олар  да  батады  деген  философиялық  түйін 
тастайды. 
Бір жарық түн басынан таң атады, 
Мейлің – Ай, мейлің Күн бол, – бір батады 
Дарияның толқынындай дүние жүзі 
Толқында тауып тыныштық кім жатады? 
Астыңа – жер, үстіңе көкті жайды: 
«Күндіз Күнді көр-деумен, түн болса, Айды!» 
Мұның бәрін бекерге жаратқан жоқ, 
Білмей қалсаң, мойныңа бұл бір пайды! 
Дойбының тақтайындай қылды көкті, 
Ай мен Күн, жұлдыздан – тасын тікті. 
«Күндіз, түнмен ұтысып, ойнап қал!»-деп, 
Күн де бес жылда бір айды артты жүкті. 
Өзге ойынның бұл ойын басы болды, 
Ойнай мұны білмеген – ғасы болды. 
Жыл да – он-екі ай болғанда, ай да он екі, 
Жиырма төрт дойбының тасы болды. 
Өзің қимай, ала алмай, құр(ы) қаласың қаласың(қалсаң құры) 
«Бермеді!» [4, 199 б.], – деп, Құдайға жұқтырма кір. 
Өзің  мақсатыңа  қол  жеткізбесең,  біреуді  кінәлап,  қаралама  деген  ойды 
тұжырымдайды.  Еңбектен,  талмай  еңбек  ет,  бірақ  құр  жинай  бермей  халыққа  де 
көмектес  деген  ой  тұспалмен  берілген.  Тышқанның  талмай  күні-түні  еңбектенгені 
мысыққа  ұсталған  күні  жер  астында  қалатындығы  арқылы  жиған  тергеніңді  аясаң, 
көпке септігің тимесе ол да босқа қалады деген ой астарлап берілген. 
Ін қазып, үйден-үйге жаса тесік, 
Тар болсын, кіре алмастай, кедейге есік. 
Жалғыз тал шөп көрінсе, тастамай жи, 
«Болды-деп, – заман жайы әлденешік?!» 
Сараңдықты  мысқылдап  тұр.  Ақын  ешкімнің  қолы  жетпестей  жина  тер, 
дүние жи деп тұрған тәрізді. Сол еңбегіңді аяп, кедейге көмектеспесең, босқа қалады 
деген ой мына жолдарда аңғарылады: 
Қалады жер астында жиған дүниең, 
Бас салса, бір тесіктен, аңдап мысық. 
Енді бірде ақын жылан бол, алтын жый, күміс жый көңілің тоқ болады дейді. 
Бірақ бұл жерде де сатира бар, өткір шенеу бар. Өзінен өзі аяп қалтақтаған өмірден өз 
орнын  табуы  екі  талай.  Сараң  болмай  әр  нәрсені  жомарттықпен  шешкен  адам 
өмірден  өз  орнын  табады  деген  ой  беріледі.  Яғни,  әр  нәрсені  дойбы  ойнағандай 
өмірде  де  тарылмай,  ойланып,  ақылмен  шешу  керек  деген  тұжырым  бар.  Өмір 
дойбының ойны сияқты,  надан болмай, сараң болмай, тасты ұтқызса да жеңіске қол 
жеткізуге болады деген тұжырым арқылы, өмірдегі құбылысты бейнелейді.  
 
Әдебиеттер: 
  1.  Джанузаков  Т.Д.  Основные  проблемы  ономастики  казахского  языка  / 
Автореф. док. филологич. наук. – Алматы, 1976. – 100 с. 
  2.  Маргулан  А.  Из  истории  городов  и  строительство  исскуство  древнего 
каз. – Алматы, 1950. – 237 б. 
  3. Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы, 2005. – 272 б. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
268 
  4.  Мәшһүр-Жүсіп  Көпейұлы  Шығармалары.  1-том.  –  Павлодар,  2010.  –                      
310 б. 
 
Абикенов М.Т., Карипжанова Г.Т., Кадыров Ж.Т. 
Использование слов-символов в произведениях Машхур Жусипа  
В  данной  статье  рассматривается  значимость  слов  месяц,  солнце,  звезда, 
которые  в  поэзии  Машхур  Жусипа  используются  как  слова-символы.  В  концепте 
«Месяц», «Солнце», «Звезда» отражается национальный колорит. Мифологическая 
модель месяца, солнца, звезды описывается на основе астрономического контекста. 
В  народе  понятия    месяц,  солнце,  звезда  используются  как  символ  красоты, 
вежливости и любви, а в прозведениях М.Жусипа выражено авторское видение этих 
понятий. 
Ключевые 
слова: 
слово-символ, 
символическое 
значение, 
концепт, 
мифологическое  видение,  мифологическое  значение,  модель,  ассоциациативное 
понимание.  
 
Abikenov М.Т., Karipzhanova G.Т., Kadyrov Zh.T.  
Application of symbol words in Mashkhur Zhussip’s works 
The given article deals  with the scrutiny of the significance of  such lexical units as 
“the  moon”,  “the  sun”,  and  “the  star”  that  are  used  in  Mashkhur  Zhussip’s  poetry  as 
symbol words. The concepts “the moon”, “the sun” and “the star” reflect some national 
peculiarities. The mythological models of the given concepts are constructed on the basis of 
the  astronomic  context.  It  is  a  popular  belief  that  these  notions  are  generally  applied  to 
signify  the  symbolic  semantic  particularities  of  beauty,  politeness  and  love.  Thus,  in  M. 
Zhussip’s works these concepts are chiefly viewed from the author’s unique standpoint that 
is closely connected with the general national comprehension of figurative language. 
Keywords:  symbol  word,  symbolic  meaning,  concept,  mythological  visualization, 
mythological meaning, model, associative comprehension. 
 
*** 
 
 
УДК: 82- 3(574)
 
Умарова Г.С. – кандидат филологических наук, доцент,  
ЗКГУ им. М.Утемисова  
Ыбраева Р. – магистрант ЗКГУ им. М.Утемисова 
E-mail: umarova_1959@mail.ru 
 

жүктеу 5.14 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет