Республики казахстан


Абуханова А.Г., Ташенова Г.Ж



жүктеу 5.14 Kb.
Pdf просмотр
бет31/44
Дата09.01.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44

 
Абуханова А.Г., Ташенова Г.Ж. 
Қазақ авторлардың шығармаларындағы Отан концептісі 
Мақалада авторлар Ю.В.Суржанскаяның концепт туралы философиялық көз 
қарасын  саралай  отырып  Отан  концептісінің  ұлттық  сипатын  және  болмыстың 
деңгейлерінін  бірін  –  авторлық  мәтінің  туралы  талқылайды.  Қазақ  поэттерінің 
шығармаларын  саралай  отырып  ақындардың  жеке  концептілері  ұжымдық  игілігі 
болуын және қазақ ұлттық мәдениетін байытатынын көрсетеді. 
Тірек сөздер: Отан концептісі, авторлық мәтін, ұлттық сипаты, концептің 
болмыстың деңгейі. 
 
Abukhanova A.G., TashenovaG.Zh. 
The concept of Motherland in Kazakh poets’ works 
On the basis ofY.Surzhanskaya’s philosophical view the authors reveal the national 
character of the concept Motherland and one of the concept existence level – the author’s 
text.  On  the  basis  of  analysis  of  Kazakh  poets’  works  the  authors  show  how  individual 
concepts  of  poets  become  collective  property  and  are  included  into  Kazakh  national 
culture, enriching and consolidating it. 
Keywords: concept Motherland, author’s text, national character, the concept estate 
level. 
 
*** 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
248 
 
 
ӘОЖ: 82-31 (574) 
Сұлтанғалиева Р.Б. – филология ғылымдарының  кандидаты,  
қауымдастырылған профессор,  М.Өтемісов атындағы БҚМУ  
Мұханбетова Ж.Ө. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты 
 
E-mail: r.sultangalieva@mail.ru 
 
С. ЕЛУБАЙДЫҢ «ЖАЛҒАН ДҮНИЕ» РОМАНЫНЫҢ МАЗМҰНДЫҚ 
ӨРІСІ МЕН ИДЕЯЛЫҚ-КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: ҚОҒАМ БЕЙНЕСІ 
МЕН ҰЛТ БОЛМЫСЫ 
 
Аннотация.  Бұл  мақалада  шығармалары  арқылы  өмірлік  тәжірибелерімен 
қатар  деректі  материалдарды  өнегесі  мол  көркемдік  шындыққа  айналдырған 
жазушылардың бірі Смағұл Елубайдың «Жалған дүние» романының негізгі көтерген 
проблемасы,  тақырыптық  ерекшеліктері,  көркем  прозадағы  кейіпкердің  ішкі  жан 
сезімін  беру  тәсілдері  талданады.  Тоқырау  заманындағы  шырғалаңға  тап  болған 
қоғам  бейнесін,  рухани  азғындаған  заман  көріністерін  суреттеу  ерекшеліктерін 
талдау  арқылы,  жазушының  қазақ  көркем  прозасындағы  өзіндік  алатын  орнына, 
көркемдік-идеялық  жаңашыл  ізденістеріне  көз  жеткізіледі.  Шығарманың  өн 
бойында  шебер,  әрі  шынайы  сомдалған  Едіге,  Хансұлу,  Түгелхан  сынды 
кейіпкерлердің іс-әрекеті, ішкі жан-дүниесі, болмысы айқындалады. 
Тірек сөздер: көркем проза,тоқырау кезеңі, рухани азғындау, ұлттық болмыс, 
тарихи шындық, көркемдік шешім. 
 
«Тарихты керек етпейтін адамдар, болашаққада еш пайда бере алмайды»-деген 
сөз  бар.  Өткеннің  тәжірибесін  білмей,  жаңаны  жасауға  болмайтындығы  да  айқын. 
Осы  тұрғыда,  айтылмаған  ақиқатты,  жазылмаған    тарихи    шындықты 
шығармаларына  арқау  етіп,  кейінгі  ұрпақтың  жан-дүниесіне  жеткізе  білуді  мақсат 
тұтқан, өзіндік жазушылық үнімен, ұлт тарихының қилы кезең көріністерін, ұлттық 
болмысты, ұлттық кейіпкерді  шебер сомдауымендараланып, қазақ көркем прозасына 
көркемдік-идеялық жаңашылдық әкелгенқаламы үшкір қаламгерлердің бірі – Смағұл 
Елубай.  
Смағұл  Елубай  халқымыздың  кеңестік  дәуірде  бастан  кешкен  қиын 
кезеңдерін,ашаршылыққа  ұшыраған  халықтың  хал-ахуалын,  асыра  сілтеп,    ел  ішін 
әуре-сарсаңға салған ел басқарып отырғандардың қылықтарын, пасықтығын әшкере 
етіп,  небір  зұлмат  күндерді,  аласапыран  түндерді  басынан  кешіп,  қиындықтың  сан 
түрін  көрсе  де,туған  еліне  деген  сүйіспеншіліктерін,  атақонысқа  деген  қимастық 
сезімдерін жоғалтпаған халықтың мұң-мұқтажын  қамтыған «Ақ боз үй», «Мінәжат» 
романдарын  өзінің  арман-мақсатын  ел  тілегімен  ұштастыра  отырып  жазады.  Осы 
романдардың  жалғасы  ретінде,  «тоқырау  заманы»  кезеңіне  арналған,  XX  ғасырдың 
80  жылдарындағы  қоғамға  жат  құбылыстар  өршіген,  ел  шырғалаңға  түскен,  халық 
рухани  азғындаған  заманды  ашына  суреттеген  «Жалған  дүние»  романын  жарыққа 
шығарады. Жазушының бұл еңбектеріне ұлы академик, жазушы Зейнолла Қабдолов: 
«Талантқа ең керегі екі нәрсе: еңбек және батылдық. Смағұл Елубаевта осының екеуі 
де түгел тұтас... Смағұл аз жылдар ішінде үш роман жазды. Бұлар  – күн демей, түн 
демей, ұзақ сарылған үлкен еңбектің жемістері. Ал батылдыққа келсек, үш роман да 
(«Ақ боз үй», «Мінәжат», «Жалған дүние») қаламгердің қайсар батылдығынан, керек 
десеңіз,  тіпті,  батырлығынан  туған.  Алғашқы  екі  шығарма  кеңес  кезіндегі  қазақ 
атаулыны  шыбынша  қырып  кеткен  аштыққа,  қуғын-сүргінге,  ату-асуға  арналған. 
Тоталитаризм  тұсында  бұл  тақырыпқа  бару  біздің  жазушылардың  ішінде,  жас  та 
болса,  тек  Смағұлдың  ғана  қолынан  келді.  Николай  Гаврилович  Чернышевский 
жазушыдан  оның  шығармаларында  суреттелген  өмір  құбылыстарына  «үкім 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
249 
шығаруды» талап еткен, «Жалған дүниеде» сол талап бұлжымай орындалған. Бұл  – 
кешегі өткен қатыгез жүйеге шығарылған қатал үкім»[1] - деп баға береді. 
«Жалған дүние»туындысы жөнінде қарымды қаламгер Смағұл Елубай: «Содан 
кейін тағы сол ауылдың дамыған социализм деп аталған Брежнев заманындағы, яғни 
тоқырау жылдарындағы ақ жаулықты аналар  мен ақ сақалды қарияларға дейін арақ 
ішіп,  той  тойлайтын  елдің  бір  рухани  азғындаған,  діннен  безген  кезі  туралы  кітап 
жазылды.  Мектептер  жабылып,  ұлттық  дәстүрлерден  ажырап,  халқымыз  түгелдей 
орыстануға бет  бұрған 80-ші жылдардағы рухани тоқырау туралы шетелде  Азаттық 
радиосында жұмыстың арасында жүріп жазған үшінші кітабым «Жалған дүние» деп 
аталды. Бұл 2000 жылы жарыққа шықты» [2] - дейді бір сұхбатында. 
Жазушы  бұл  романында  өткен  ғасырдың  отызыншы-қырқыншы  жылдарында 
ашаршылықты,  зорлық,  зобалаңды  басынан  кешкен  қарапайым  халықтың 
ұрпақтарының  сексенінші  жылдардағы  жай-күйінен  хабардар  етеді.  «Ақ  боз  үй», 
«Мінәжат» романдарында асқан шеберлікпен суреттелгенАққұм ауылының тұрғыны, 
кезінде ақ боз үйде сыланып бой жеткен, Пахраддин байдың қызы Хансұлу, «Жалған 
дүние»  романында  жасы  жетпіске  жетіп,  самайын  ақ  шалған,  қарақаттай  жанарын 
мұң  торлаған  кәрі  бейне.  Хансұлудың  Құдай  қосқан  қосағы,  бұрынғы  коммунист, 
кінәсіз Шеге Қаспақов 1944 жылы «халық жауы» болып үшінші рет ұсталған  кезде, 
балалары Түгелханы он үште, Үміті сегізде еді.  
«Шеге  кетерде  артында  қалған  қос  қарашығы  бүгінде  өсті,  өнді,  жетілді. 
Түгелхан  астына  машина  мінген,  бала-шағасымен  сонау  Алматыда  тұратын  дардай 
бастық.  Тірі  жесір  Хансұлудың  баласы  сондай  үлкен  дәрежеге  жетті.  Жалғыз-ақ 
Үмітінің  бағы жанбады. Байғұстың бас қосқаны араққа  салынып, өзін де, өзгені де, 
қажытып жүріп,  ақыры,  өз  мойнына  өзі  жіп  салып,  асылып  өлді.  Бұндай  сұмдықты 
кім  көрген?!    Адамның  өз-өзіне  қол  жұмсауы  дегенді  о  заман  да  бұ  заман  кім 
естіген?! Бүгінде осы бір ғана, алақандай Аққұмның өзінде, ойлап қараса, Тоқтасын 
сияқты  үш  бала  өз-өзіне  қол  жұмсапты»  [3,  405  б.].  Бұл  да  халықтың  рухани 
азғындыққа  ұшыраған  заманының  бір  көрінісі.  Адамның  өзгеге  емес,  өз-өзіне 
қастандық жасауының айқын бір дәлелі.  
«Тоқтасын, бір қызығы, ішсе де құлап жату дегенді білмейтін. Ішсе болды «екі 
иығын  жұлып  жеп»,  жан-жағына  ұрынып,  құтырынып  кететін.  Адамға  күш 
бермейтін. Мастығы тарқаса болды, әп-әдемі, тымпиған, ұялшақ қара бала. Құдай-ай, 
осы «жынды суды» кім ойлап тапты екен деп, үйде отырып Хансұлу күйінеді. Қалай 
күйінбесін?! Осы алақандай ауылда еркек кіндіктің арақ дегенде өлімін сатпайтыны 
жоқ. Тірліктері жұмыстан кейін бір үйге жиналып алып арақ ішу.  Карта ойнау. Бұл 
өмірде  өзге  талап  қалмағандай»[3,425б.].  Осы  алақандай  ауылда  шайқалған 
шаңырақтардың,қиылған  тағдырлардың,  үзілген  үміттердің  де  көбісі  тентек  судың 
кесірінен болып жатқандығы айқын көрінеді.  
Тоқтасынның  қазасы  алдында  орын  алған  мына  бір  оқиға  Аққұм  ауылының 
жантүршігерлік аңызына айналып кеткен еді. Түс кезінде Тоқтасын мен Үміттің тілі 
енді  ғана  былдырлап  шығып жүрген  кішкентай  Бөпенайы  «әже-әжелеп»  балапанша 
шырылдап  Хансұлуға  барады.  Хансұлудың  жүрегі  бір  жағдайдың  болғанын  сезіп, 
Үмітінің  үйіне  қарай  зымырай  жөнеледі.  Іштен  қызының  ыңырсыған  үнін  естіп, 
жүрегі аузына тығылған Хансұлу терезеге үңілсе, көзі қанталап кеткен Тоқтасынды, 
аяқ  қолы  байлаулы,  ауызы  сүлгімен  тығындалған, түсі  көгеріп,  жаны жоқтай  былқ-
сылқ  болып  жатқан  Үмітін  көреді.  Тоқтасын  есікті  теуіп  ашып,  тұра  қашады,  сол 
кеткеннен  келесі  күні  Тоқтасынның  мәйіті  ғана  оралады.  Осы  бір  оқиғадан  рухани 
тоқырауға ұшыраған заманда өзімен қоса отбасын құртып жіберуде еш ойланбаған, 
санасы  уланған азаматты байқаймыз. Бұл  – Тоқтасынның отбасындағы ғана жағдай 
емес, сол кездегі көптеген отбасылардың негізгі проблемасы. 
Хансұлу  Шегеден  айырылғалы  небір  сұрапыл  күндерді  басынан  өткізсе  де, 
жесірдің  басына түскен талай қиыншылыққа мойымай, көзінің ағы мен қарасындай 
Түгелханы  мен  Үмітін  қанаттыға  қақтырмай,  тұмсықтыға  шоқыттырмай  өсіреді. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
250 
Ендігі  уақытта  өлімнен  де  қорықпай,  алдымнан  шыққан  Шегеме  қос  қызығымның 
қандай  боп  ер  жеткенін  айтам-ау  деп  жүрген  кезде,  Хансұлудың  осы  ойының  быт-
шытын шығарған тағы бір оқиға орын алады.  
«Сонау  түстік  түс  ауыл  алдындағы  сары  жазықты  көлденең  кесіп  өтіп, 
қайыстай созылған «Алматы - Қарағанды» тас жолының бері жағында ауылға қарай 
бейуақта  біреу  келе  жатты,  жалғыз  шошайып.  Қолында  –  шабаданы.  Жолаушы  сол 
Хансұлудың  үйін  тура  бетке  алып  келеді.  Аулада,  тас  ошақ  маңында,  қазанда 
қайнаған сүтті сапырып Хансұлу тұрған. Жүрегі су  ете түсті.  «Әй, мынау Түгелхан 
ғой!»  деп.  «Әй,  ол  бүйтіп  ауылға  жаяу  келмейтін  еді  ғой!  Бастық  баласы  ылғи  есік 
пен  төрдей  «Волга»  мініп  келуші  еді  ғой!»...  Сөйтсе,  дәл  өзі!  Түгелхан!  Қолында  – 
шабадан»[3,  404  б.].  Жасы  елуге  таяған,  бастық  болғалы  бері  қысы-жазы  иығынан 
костюмі,  мойынынан  галстугі  түспеген  Түгелханының  мына  күйі  Хансұлудың  ішін 
қан жылатады. «Бұ жолы... Бұ жолы соның біреуі де жоқ. Үстінде шолақ, жеңсіз боз 
жейде. Шалбары да мыж-мыж тәрізді... Түгелхан  ішіп алыпты»[3, 404 б.].  Хансұлу 
мен  Үміт,  өздеріне,  жырақта  жүрген  немерелеріне  «тірек  болар  азамат»  деп  арқа 
сүйеп отырған, Түгелханының басына мұндай дәурен туады деп ойламаған еді.  
Үйіне  оралған  сәттен  бастап,  Түгелхан  неше  түрлі  жат  қылықтарды  шығара 
бастайды.  Ішкі  бөлмеге  жасырынып  алып,  арақ  сұрап  анасы  мен  қарындасының 
мазасын  қашырады,  кеш  түсе  сала  жалғыз  өзі  дала  шарлап,  қаңғып  кететінді 
шығарады,  қауын-қарбыз  егетін  Югай  атты  кәрістің  егінжайындағы    «бичтерге» 
қосылып    жұмыс  істеп,  кешкісін  сол  жерде  ащы  суға  қанып  алып,  әлдекімдермен 
жаға жыртысып үйіне қайтады.  
Хансұлудың көкірегі қарс айырылады, өмірден өтіп жатсам, «артымдағы азын-
аулақ ұрпағыма қорған болар» деп жүрген азаматының, арқа сүйер, пана болар ерінің 
қор  болған  түрін  көріп,  сонау  жылдардағы  Голощекин  басқарған  Қазақстан 
Коммунистер  партиясының  көрсеткен  қысымынан,  ашаршылық  жылдарындағы 
бұратылған күндерден, одан кейінгі соғыс жылдарындағы сұрапыл түндерден қинала 
күресіп,  енді  ғана  тоқшылық  көріп,  тыныш  дәуренді  сүрмек  болып  жатқан  кезде 
шаңырағының шайқалып, ортасына түскелі тұрғанына қайғырады.  
Қаламгер  шығармадағы  бас  қаһармандарына  өткен  күндерін  ойға  оралтып, 
бастан  кешкен  кезеңдеріне  шегініс  жасату  арқылы,  оқырманның  ішкі  сезіміне  әсер 
етуді көздеген. 
Хансұлу көзін жұмып, өткенге ой жүгіртсе болды, сонау көшпелі ауыл көрінісі, 
сәби  шағы  көз  алдына  келе  қалады,  тұрса  есінен,  жатса  түсінен  кетпейтін  сол  бір 
балалық  шағының  жанға  жайлы,  жақсы  мекені  көзіне  оттай  басылады.  Аспанмен 
таласқан хан сарайындай ақ боз үйі, кең ақ орданың оң жағында миық күлкісі шуақ 
шашып,  кербездене  қараған  шешесі  Сырға,  үй  төрінде  сабырлы,  иман  жүзді,  мол 
денелі, өздері пайғамбардай көретін көкесі Пахраддин  отырғандай сезімге бөленеді. 
Жұрттың  бәрі  «ашаршылық»  деген  ойдан  аулақ,  «кәмпеске»  дегенді  білмеген, 
«қуғын-сүргін» дегенді әлі көрмеген заманды көз алдына елестетеді.  
Осылайша тәтті түс құшағында жатқан Хансұлудың ойын бөліп, баяғы Бұлыш 
мерген мен Балқия сұлудан қалған жалғыз тұяқ, өзі  «Палуан»  деп атайтын жазушы 
қайнысы  Едіге келеді. Шығармадағы бас қаһарман ретінде көрінетін Едігенің сонау 
бала  кезінен  Хансұлуға  қорған  болар  азамат,  қолғабысын  тигізер  жәрдемші 
болғандығына  жазушының  «Мінәжат»  романынан  көз  жеткізуге  болады.  «Ер-
азаматтар майданға аттанып, Хансұлу тәрізді жас келіншектердің бәрі малға шыққан. 
Малға шықпағандарын жан-жаққа қара жұмысқа айдап жатыр. Еңбекке жарап қалған 
балаларды  да  мектептен  алып,  жұмысқа  салып  жатыр.  Бір  отар  колхоз  малы 
мойныңда: өлтірсең, жоғалтсаң – сотталасың. Өстіп шыбын жанын шүберекке түйіп 
жүргенде,  көмекке  осы  бала  Едіге  келді.  Қалай  қуанбасын  Хансұлу.  Арқасын  тауға 
сүйегендей  болып  қалды»[4,  161  б.].  Ал  бүгінде  жазушы  қайнысы  4-5  жылдан  бері 
баяғы қазақ қырылған ашаршылық туралы деректер жинап, кітап жазып жүрген еді.  
Сол бір сұрапыл заманның сұсты күндері, халықтың ауыр тұрмысы, ашаршылықтың 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
251 
зардабы  жайлы  сол заманды көзбен көрген Хансұлу секілді көненің көздерімен сыр 
шертісіп, айтқан әңгімелерінен керектісін көкейге тоқып, жазып алып отырады. 
 Құлын-тайдай  тебісіп  бала  кезден  қатар  өскен  Түгелханның  басына  түскен 
мына  бір  қиын  жағдайға  Едіге  де  сенгісі  келмейді,  тап  болған  сәтсіздіктің  себебін 
білгісі келіп, Түгелханды әңгімеге тартады. Түгелхан да өзі мүлтіксіз сенген Едігеге 
өз мұңын ақтарып салады.  
«Осы...  айдың  басында...  Табан  астынан  командировкаға  жүретін  болдым. 
Мәскеуге.  Үйден  жиналып  шығып,  бала-шағаммен  қоштасып,  кештетіп  аэропортқа 
келсем,  самолетім  бір  жарым  сағатқа  кешігіп  тұр.  Болған  жағдайды  хабарлай 
салайыншы  деп,  «телефон-автоматтан  үйдің  нөмірін  тердім.  Телефон  үйге  түсті. 
Бірақ линияда екі адам сөйлесіп тұр. Бірі – Аида. Екіншісі – бір бөгде еркек... – Кешкі 
сағат тоғыздан кешікпеспіз,- деді майда қоңыр еркек дауысы. Сонда барып таныдым. 
Тастан  Арыновичтің  дауысы.  Өзіміздің  кәдімгі,  Республикалық  басқармамыздың 
бастығы  –  Тастан  Арынович!  Мені  Мәскеуге  жіберіп  отырған  да  сол...»  [3,  417  б.].  
Отауынан алысқа ұзап шығар-шықпастан,белден бір-ақ аттап, өзгемен емес, алдында 
жайылып  жастық,  иіліп  төсек  болып  жүрген  өзінің  бастығымен  көңіл  жарастырып 
отырған  әйелінің  бұл  қылығы  Түгелханның  қанын  басына  шығарады.Бұл  оқиғадан 
соң  іші  алай-дүлей  болған  Түгелханның  әлгілер  жолығамыз  деп  келіскен 
жағалауларына  барып  абыройлары  айрандай  төгілген  шақтарын  көзбен  көруден 
басқа  амалы  қалмайды.  Бар  жағдайға  куә  болғанТүгелханның  іші  қан  жылайды, 
зығырданы қайнайды, әлем қапырық күйге еніп тұншыға жаздайды.
 
Еш  ойланбастан  әйелімен  ажырасатындығы  туралы  арыз  жазып  сотқа 
тапсырады,  Аида  тарапынан  да  еш  қарсылық  болмайды.  Олар  ажырасқан  бойда 
Түгелханның жұмысына ҚМҰҚБ-дан (қоғам меншігін ұрлауға қарсы бөлім) екі жігіт 
келіп,жұмысынан жалған болса да кінәрат тауып, ісін сотқа беретін болып, ақырында 
жұмысынан шығарып тынады.  
«Со  күннің  ертесіне  Тастан  Арынович  бұйрыққа  қол  қойды.  Жұмыстан 
шығарды.  Соның  арасынша  баяғы  екі  жылпос  жылт  етіп  тағы  жетіп  келді. 
Құлқындарын түсіне қойдым. Әрқайсысының көмейіне бір-бір мыңнан тықтым. Олар 
істі  жапты.  Сотқа  бермейтін  болды»  [3,  417  б.]  -  деп  аяқтайды  әңгімесін  Түгелхан. 
Орын  алып отырған  бұл оқиғадан  қазіргі  заманда  кең  етек  алып,  өзекті  проблемаға 
айналған парақорлықтың да бір ұшқынын байқаймыз. 
Романда  орын  алған  келесі  бір  оқиға,  романның  өн  бойында  өріліп,ерке,  наз 
қылығы  мен  тік  мінезін  қатар,  үйлесімді  ұстай  білген,  керемет  сомдалған  образ, 
жалпақ  елге  «кербез  келіншек»  деген  аты  шыққан,  иманды,  өмір  сергелдеңіне 
қаймықпай  қарсы  тұрып,  қиындықпен  бел  шеше  күресе  білген  батыл  әрі  батыр  ана 
Хансұлудың бақилық сапарға аттануы еді.  
Хансұлудың  таңға  жақын  көзі  ілініп  кетіп,  түсінде  қалада  студент  болып 
жүрген Бөпенайын көреді. Қаланың қарақұрым халық жиналған бір алаңында жастар 
қатысқан  ойын-сауық  өтіп  жатады.  Солардың  арасынан  өрімтал  жастармен  қол 
ұстаса дөңгелене билеп жүрген Бөпенайын көргенде Хансұлудың жүрегі жарылардай 
қуанады.  Бірақ  қуанышы  ұзаққа  созылмайды.  Ойын-сауық  құрып  жатқан  жастар 
салтанатының  әп  сәтте  тас-талқаны  шығады.  Қарулы  топ  әлгі  жастарды  шетінен 
ұстап,  қолдарын  қайырып,  сүйрелеп  әлдеқайда  әкетіп  жатады.  Хансұлудың  екі  көзі 
Бөпенайында, жаны мұрнының ұшына тығылып тұрған кезінде екі милиция қызының 
екі  қолтығынан  шап  беріп  ұстап  алып,  дырылдатып  сүйрей  жөнеледі.  Қызының 
«әже!!!» деп шырқыраған үні естілген кезде, Хансұлу ышқына ұмтылады.«Екі қолын 
ербеңдетіп  алға  созған  қалпы,  төсегінен  жартылай  шығып  барып  «дүрс»  етіп 
етпетінен  түсті.  Сол-ақ  екен,  көз  алды  лап  етіп  аппақ  жалын шашты.  Не  болып,  не 
қойғанын түсіне алмады. Жаны балдай шырын ләззат  күйін татқандай болды. Ащы 
ішектей  шұбатылған  қараңғы  қуысқа  зымырап  түсіп  алып,  өзінің  бір  шоқ  сәулеге 
айналып ағып бара жатқанын байқады» [3, 445 б.].  Осылайша, ауру-сырқат, қайғы-

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
252 
қасірет  мүжіп,  кеміріп,  әбден  ит  жыртқан  терідей  тозығы  жеткен  байғұс  денесі 
тыныштық тауып, жаны тазарып, әдемі сезімге бөленеді. 
«Шыбын  жаны  шымшықша  құлдырап,  азат  кеңістікті  бойлай  ұшып,  әуелеп 
барады.  Жер  бетінің  бұйығы  таң  қараңғысын  артқа  салған  шыбын  жан,  қырмызы 
шапақ керелеген таңғажайып нұр мұхитын парлап кезеді. Бұрын-соңды болмаған бір 
мамыражай ләззат күй кешеді. Рас, бұндай жеңілдікті, бұндай жан толған шаттықты 
Хансұлу Хансұлу болғалы Жер бетінде бастан кешкен емес» [3, 446 б.]. Көп  ұзамай 
Хансұлудың  ақ  кебінге  оранған  мәйіті  жерге  беріледі.  Сөйтіп,  Хансұлудай  кербез 
жанның да өмір сапарының соңғы нүктесі қойылады. 
Жазушы романды әрі қарай Едіге мен Өктем үннің диалогы арқылы өрбітеді. 
Едіге осы бір қым-қуыт тіршіліктен көңілі қалып, өмірден түңіліп кеткен еді. Оның 
ойына  орыс  жазушысы  Леонид  Андреевтың  жазғаны  оралады:  «...Лағнет  деймін... 
пешенеме жазылған ырзық, саған! Мен өмірге келген күн... мен өмірден өтер  күн... 
сені  қарғыс  атсын!  Мен  кешкен  өмір...  сен  де  бүкіл  қуаныш-ренішіңмен...  қарғыс 
атсын! Тағдыр! Сен берген сыбағаңның бәрін жиып-теріп бетіңе былш еткізіп ұрдым, 
тағдыр!»  [3,  463  б.].  Осылайша  тағдырға  өкпе  айтып  отырған  Едігенің  әп  сәтте 
тынысы  тарылып,  аузыменен  ауа  қармап,  ауаның  құдіретін  сонда  ғана  түсініп, 
өмірдің маңызды екендігін біле қояды.  
«Осы  арада  Өктем  үн  сөз  алады.  –  Ие,  Едіге!  Сен...  әлгінде  ғана  Жаратқан 
Иеңнің  өзіңе  берген  жалғыз  сыйы  –  өмірге  топырақ  шаштың!  Енді  бұның  қалай, 
араға минут салмай жатып құбылғаның?! Азғана ауа жұта алмай қалғанда тірлік үшін 
соншалықты  аласұрғаның!  Аузыңды  бақадай  ашып,  бір  жұтым  ауаға  сонша  зар 
болғаның!  Бір  жұтым  ауадан  асқан  байлық  жоқ  екен  деп  пәлсапа  соққаның.  Сол 
ауаны  ғой  сен...  өмір  бойы  емін-еркін  жұтумен  келесің!!!  Осы  сыйы  үшін-ақ  сен 
Тәңірге мың тәубе етпейсің бе?!» [3, 464 б.].  
«Өлім  келмей  тұрып  өмірдің  қадірін  біліңдер»-  демей  ме?!  Едігеге  айту 
арқылы барша адамзатқа Өктем үннің де жеткізгісі келіп тұрғаны осы бір ой. Өктем 
үн одан сайын күшейе түсіп, Едігенің жасаған қателіктерін бетіне басады.  
«Біріншіден,  Жаратқан  Ие  қанша  сый  берсе  де,  олардың  біріне  де  қанағат 
қылмадың.  Егер  қанағат  етіп,  барға  шүкіршілік  етсең,  өмірден  еш  түңілмес  едің, 
«қағанағың қарқ, сағанағың сарқ» жүрер едің» -деп тілдейді. 
«Екіншіден,  сен  емес  пе  ең,  беті  жылтыр  қыз-келіншек  көрсең  қырғидай 
тиетін!  Әлі  күнге  дейін  сұлу  ұрғашы  көрсең,  сұқтана  қаласың.  Сол  махаббат 
жырларыңның  біреуін  ғана,  соңғы  кейіпкерін  Назыкенді  еске  алайықшы»  -  дейді 
Өктем үн, «... түзу борбай, тар шалбар киген қызды бірден ұнаттың. Екі беті бал-бұл 
жанып тұрған, жиырманың о жақ, бұ жағындағы уыз жас қыздың қолдан құйғандай 
құлын  мүсіні,  иығына  түскен  келте  мойыл  шашы,  түзу  борбайы,  тар  блузка-
жеңсізінің  өңірін  толтыра  тіреп  тұрған  толық  қос  алмасы,  биязы  сөйлеп,  баппен 
қозғалған  жүріс-тұрысы,  қысқасы,  бар  болмысы  сені  көрген  жерден  бір-ақ  баурап 
алды».  Үйінде  Құдай  қосқан  қосағы  бола  тұра,  жас  арудың  қылығына  мас  болған, 
отбасын,  балаларын  ұмытқан  Едігенің  бұл  қылығын  Өктем  үн  ызалана  сынайды. 
Алматының қақ ортасындағы «Алматы» қонақ үйінің 8-ші қабатының бір бөлмесінде 
болған оқиғаны есіне түсіреді, бұл жолғы кездесулері де бір-бірін сағына қауышқан 
жандардың  қуаныш-қызығы  мол,  ыстық  та  ынтық  құшақ,  аймаласулармен 
басталғанын,  Назыкеннің  бойына  бала  біткені  туралы  айтқан  суыт  жаңалығын, 
Едігенің  жағы  қарысқандай  дыбыс  шығармай  үнсіз  қалғанын,  сол  кездегі 
пасықтығын  бетіне  басады.  «Есуас!  Ләззатын  алғанда  жақсысың  бұл  тірліктің,  енді 
оның зәрін жұтудан неге қашасың?! Жұт! Жұт  енді  у мен зәрді!!!» [3, 488 б.]  – деп 
Өктем  үн  зірк-зірк  етті.  Едігенің  баланы  алдыртуың  керек,  болашағыңды  ойлауың, 
басың жас кезінде үй болуың керек дегендерін  құлаққа да ілмейді Назыкен. Тұрмыс 
құрғысы келмейтіндігін, жалғыз өзі баласымен бірге өмір сүргісі келетіндігін айтып 
бағады, бірақ оның арты не боларын өзі де болжай алмайды.  

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
253 
«Өмірге ризамын!-дейді Өктем үн. Менде бәрі бар. Қызмет те бар. Абырой да 
бар.  Ақша  да  жетеді.  Ел  тыныш.  Жұрт  аман. Не  керек  осыдан  артық?!  Мен  кешегі 
соғысты  бастан  кешкен  ұрпақ  өкілімін.  Жоқшылық,  жетім-жесірлік  дегенді  біз  де 
көрудей-ақ  көргенбіз.  Ал,  енді  бүгін  төңірегіңе  айналып  қарашы!  Әр  үйде  бір-бір 
машина.  Апта  сайын  той.  Ата-бабамыз  армандаумен  өткен  «қой  үстіне  бозторғай 
жұмыртқалаған  заман»  осы  емес  пе?!  Мен  сол  үшін  разымын  өміріме»  [3,  508  б.].  
Едіге  ызаға  булығады,  халықтың  түбіне  жеткен    «ішкенге  мәз,  жегенге  тоқ»  болып 
жүрген  Өктем  үн  секілділер  екендігін  айтады,  кімнің  қолында  тары  болса,  соның 
артында  қыт-қыттап  жүретін  тауыққа  ұқсатады,  құрдымға  кетіп  бара  жатқан 
қазақтың тілі мен дінінежанашырлық етер азаматтың жоғына қынжылады. Осылайша 
елінің  болашағын,  ұрпағының  келешегін  ойлап  жан  ауыртқан  Едігенің  де  дәм-
тұзының таусылар уақыты жақындап қалған еді.  
«Кете  берді  Едіге.  Осы  кеткені  кеткен.  Кейін  қайтпақ  емес.  Біржола  кетеді. 
Мына  заман,  мына  қоғам,  мына  тозақ  тірліктен  өстіп,  қашып  құтылады.  Қашып 
барады Едіге... Жоғалады. Сөйтіп, тағы бір Жер бетіндегі проблема бітеді. Сталиннің 
айтқаны  келсін.  «Адам  бар  ма  –  проблема  бар,  адам  жоқ  па  –  проблема  да  жоқ» 
деген...  Едігемен  ұстасқан,  Едігемен  тістескен  заман!!!  Кер  заман!!!  Мен  жеңілдім. 
Сен жеңдің. Мен жалғыз да, сен – көпсің. Сен қал! Мен кеттім! Қарамды батырдым. 
Қош..... Дүниеден осылай өтті Едіге» [3, 511 б.]. 
Жазушы  Смағұл  Елубайдың  бұл  романындаXX  ғасырдың  80  жылдарындағы 
қоғамға  жат  іс-әрекеттер  белең  алған  заманда  рухани  тоқырауға  ұшыраған,  жаппай 
шырғалаңға  түскен,рухани  азғындаған  халық  өмірі  шынайы  суреттеледі.  Автор 
тоқырау  кезеңінің  дүрбелең  құбылыстарын  өз  романында  реалистік  сипатта 
шынайылықпен  бейнелеп,  оқырманның  жан-дүниесіне  жеткізе  білуді  көздесе, 
жазушының  «Жалған  дүние»  романы  қаламгердің  алға  қойған  осы  бірмақсатын 
толық  орындап  шыққандығы  айқын.  «Смағұл  Елубаевтың  «Жалған  дүниесі»  -  тек 
психологиялық  пландағы  емес,  философиялық  сипаты  да  көрініп  тұрған,  заманауи 
көркем ойдың өзгерістеріне ілесе білген роман» [5, 130 б.]. 
 
Әдебиеттер: 
1.  Қабдолов  З..  Мақалада:  Ж.Шыныбеков.  «Ақ  боз  үй»  //  Алматы  ақшамы. 
2015 жыл. 27 қаңтар. 
2.  С.Елубайдың  Азаттық  радиосына  берген  сұхбаты.  –  www.azattyq.org. 
Пайдаланған уақыты: 05.01.2016 ж. 
3. Жалған  дүние. Кітапта: С.Елубай. Ақ боз үй: Роман-трилогия.  – Алматы: 
Атамұра, 2008. – 520 б. 
4. Елубай С.. Мінәжат: роман – Алматы: «Шабыт», 1993. – 347 б. 
5. ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті (2001-2011жж.). – Алматы: «Арда», 2011. – 
640 б. 
 
Султангалиева Р.Б.,Муханбетова Ж.У. 
Обширное содержание и художественно-идейные особенности в романе 
Смагула Елубая "Жалган дуние" ("Бренный мир") 
В  этой  статье  представлены  не  только  факты  из  жизни  писателя,  но  и 
творческий  подход,  проблемы  того  времени,  сюжетные  особенности  развитие 
главного  персонажа  все  это  рассказывается  в  романе  С.Елубая  "Жалган  дуние" 
("Бренный мир"). Общество которое потерпело крах, духовность  все эти аспекты 
автор  показывает  с  особым  мастерством.  Такие  персонажи  как  Едиге,  Ханслу, 
Тугелхан они показывают всю сущность человеческих отношений.  
Ключевые  слова:  художественная  проза,  застойные  времена,  аморальность, 
национальный калорит, историческая правда, художественное заключение. 
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
254 
Sultangalyeva R.B., Mukhanbetova Zh.U. 
Extensive content and artistic ideological features in the novel ofSmagulElubay 
"Zhalganduniye" ("Mortal world") 
In  this  article  not  only  facts  represent,but  there're  creativity,  problems  of  that 
time,plot features, development of main character,that's all are told in the novel of S.Elubay 
"Zhalganduniye"("Mortal world").Society which was collapsed,spirituality,all these aspects 
author tell  with  special skills. Such characters Edige,Khansulu,Tugelkhanshow essence of 
humans relationships. 
Keywords:  fiction,  stagnant  time,  immorality,  national  calories,  historical  truth, 
artistic conclusion. 

жүктеу 5.14 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет