Республики казахстан



жүктеу 5.14 Kb.
Pdf просмотр
бет27/44
Дата09.01.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44
частью  сериала,  где  произведения  связаны  между  собой  сюжетно  и  являются 
прямым продолжением друг друга. 
Фэнтези  как  литературное  течение  прежде  всего  относится  к  эпосу,  и 
представлено по большей части в эпических жанрах. В нашем случае это роман. 
Главный  принцип,  которым  руководствуются  авторы  фэнтези  -  фантазия. 
Фантазия  в  фэнтези  имеет  гораздо  больше  значения,  чем  во  всех  остальных 
направлениях.  Она  является  главным  приёмом  в  создании  произведения,  главным 
критерием отбора художественных образов и средств. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
220 
Таким  образом,  особенностями  концептосферы  романа  Роберта  Асприна 
являются:  вторичный  мир,  его  культурно-исторически-географического  фон, 
заимствованные  из  реальных  мифологических  систем  персонажи,  полностью 
вымышленные 
существа, 
исторические 
события 
вымышленного 
мира, 
сконструированная  специфическая  культура,  социальное  устройство,  уровень 
научно-технического  прогресса,  своеобразный  сленг  героев,  характерные  типы 
главных героев. 
Литература:  
1.
 
Лихачев  Д.  С.  Концептосфера  русского  языка  //  Русская  словесность:  от 
теории  словесности  к  структуре  текста:  Антология  /  Ин-т  народов  России, 
Общество  любителей  российской  словесности  /  Под  общ.  ред.  В.П.  Нерознака.  – 
М.: Academia, 1997. – С. 280–287. 
2.
 
Никитина  С.Е.  О  концептуальном  анализе  в  народной  культуре  // 
Логический анализ языка. Культурные концепты. – М.: Наука, 1991. – С. 117-123. 
3.
 
Кубрякова Е.С. Начальные этапы становления когнитивизма: лингвистика 
– психология – когнитивная наука // Вопросы языкознания.  – 1994. – № 4. – С. 26–
34. 
4.
 
Шамякина  С.В.  Литература  фэнтези:  дифференциация  понятия  и 
жанровая характеристика. – Харьков, 2010. – 120 с. 
5.
 
Асприн  Р.  Другой  отличный  миф.  Иначе  это  миф.  Утверждение  мифа. 
Сборник фантастики: том шестой. – Кишинев: Axul-Z, 1993. – 400 с. 
 
Утегенова К.Т., Джиреншиева Г. 
Фэнтези жанры концептосферасының өзгешеліктері (Р. Асприна 
шығармашылығының мысалында) 
Роберт  Аспринның  «Тағы  бір  тамаша  миф»  атты  романының 
концептосферасы  қарастырылған.  Нақты  мысалдар  қолдана  отырып,  роман 
концептосферысының өзгешеліктері ашылған. 
Тірек  сөздер:  Концептуалды  шеңбер,  фэнтези,  концепт,  мәдениет,  тіл, 
роман. 
 
Utegenova K.T. Dzhirenshieva G. 
Kontseptosfera's features of the genre of the fantasy on the example of R. 
Asprin's creativity 
It  is  considered  a  kontseptosfer  of  the  novel  of  Robert  Asprin  “One  more 
magnificent myth». On the basis of concrete examples features kontseptosfer of the novel 
are opened. 
Keywords: Conceptual sphere, fantasy, concept, culture, language, novel.  
 
*** 
 
ӘОЖ: 802/809-54(5қ)                                                        
Алтаева А.К. – филология ғылымдарының докторы, 
доцент, «Тұран» университеті  
E-mail: ak.alma@mail.ru 
 
ШАРТ МӘНДІ ЖАРТЫЛАЙ ПРЕДИКАТИВТІ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ 
СЕМАНТИКАСЫ 
 
Аннотация.  Қазақ  тіл  біліміндегі  құрмалас  сөйлем  синтаксисіне  арналған 
еңбектерде  шартты  рай  формасының  қатысуымен  жасалған  сөйлемдер  жөнінде 
тек  құрылымдық-семантикалық  аспектіде  және  ауызекі  сөйлеу  синтаксисіне 
қатысты зерттеулерде ғана айтылып келген. Осымен байланысты бір ғана тілдік 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
221 
құрал  –  шартты  рай  формасының  қатысуымен  жасалған  сөйлемдер  қазіргі  қазақ 
тіл  білімінде  өзекті  мәселе  әрі  кешенді  зерттеудің  нысаны  болып  отыр.  Шарт 
мәнді  сөйлемнің  тілдік  жүйеде  потенциалды  қызметтен  нәтижелі  қызметке 
ауысуы  категориалдық  жағдаят  арқылы  жүзеге  асады.  Кешенді  зерттеу 
«мағынадан - формаға», «қызметтен - құралға» қарай жүргізілді.             
Тірек  сөздер:  шарттық  тәуелді  сөйлемдер,  шарттық  негіздеу  сөйлемдері, 
объективтік  шындық,  субъективтік  көзқарас,  білу  модальділігі,  болжам 
модальділігі, эксплицитті жұмсалым, имплицитті жұмсалым.     
 
Шартты  рай  формасының  қатысуымен  жасалған  сөйлемдердің  семантикалық 
сипатын беру үшін шарт мәнді жартылай предикативтік құрылымдардың мағыналық 
тұрғыдан ұйымдасуын назарға алған дұрыс. Осы түрғыдан қарағанда, оларды нақты 
шарт мәнді (собственно-условные ППК) және нақты емес шарт мәнді (несобственно-
условные  ППК)  деп,  оппозиция  түрінде  қарастырамыз.  Сонда  екі  үлкен 
семантикалық топ қалыптасады: шарттық тәуелді және шарттық негіздеу сөйлемдері. 
Бұл терминдер осыған дейінгі еңбектерде де кездеседі. Атап айтқанда, «предметное 
условие;  условное  обоснование»  [1,  11  б.],  «ППК  со  значением  причинной 
зависимости;  ППК  причинного  обоснования»  [2,  9  б.],  «себептік  тәуелді;  себептік 
негіздеу  сөйлемдері»  [3,  10  б.].  Біз  де  осы  терминдерді  басшылыққа  ала  отырып, 
«шарттық тәуелді» және «шарттық негіздеу» терминдерін қолданамыз.  
Шарттық  тәуелді  сөйлемдерде  бағыныңқы  предикативтік  құрылым  басыңқы 
предикативтік құрылымдағы ақпараттың шартын хабарлайды. Сөйлемнің бұл түрінде 
сөйлеушінің оқиға шартына қатысты көзқарасының болуы шарт емес. Яғни, шарттық 
тәуелді  сөйлемдерде  бір  құбылыс  екінші  құбылыстың  шарты  болып  келетін 
объективтік  шындық  басты  семантикалық  белгі  болады.  Мысалы:  Егер  де  сендер 
арланып,  қастық  етпейтін  болсаңдар,  мен  сендерді  хан  алдында  құтқарып  алам,  – 
деді (Қазақ ертегілері). Сөйлемде сөйлеушінің шарты, талабы ғана айтылған. Демек, 
оған тек диктумдық қатынас тән болып тұр.  
Жұмысқа бірігіп кіріскенде, мысалы,  соқа айдаса  – Андрей тұтқасын ұстады, 
шөп үйсе – төбесіне шықты, бидай соқса – веялканың құлағын айналдырды, қапшық 
көтерсе  –  түбін  ұстатты  (С.  Мұқанов).  Сөйлемде  істің  шарты  мен  нәтижесі  ғана 
хабарланған,  ал  оған  байланысты  субъектінің  көзқарасы  айтылмайды.  Демек, 
шарттық тәуелді сөйлемдердегі басты семантикалық меже – объективтік шындық. 
Шарттық  тәуелді  сөйлемдердегі  тағы  бір  ерекшелік:  басыңқы  компоненттегі 
нәтиже, құбылыспен бағыныңқы компоненттің шарты бір  уақыттың бойында жүріп 
отырады.  Мәселен,  жоғарыда  талданған  сөйлемдегі  уақыт  үзіндісіне  назар 
аударайық.  Егер  де  сендер  арланып,  қастық  етпейтін  болсаңдар,  мен  сендерді  хан 
алдында құтқарып алам, – деді. Амалдың шарты да, шарттың нәтижесі де ауыспалы 
келер  шақпен  берілген.  Келесі  мысал:  Жұмысқа  бірігіп  кіріскенде,  мысалы,  соқа 
айдаса  –  Андрей  тұтқасын  ұстады,  шөп  үйсе  –  төбесіне  шықты,  бидай  соқса  – 
веялканың  құлағын  айналдырды,  қапшық  көтерсе  –  түбін  ұстатты  (С.  Мұқанов). 
Шарт  та,  салдар  да  өткен  шақтық  формада  берілген.  Демек,  шарттық  тәуелді 
сөйлемдер  шарттық  негіздеу  сөйлемдерінен  шақтық  локальділігі  арқылы  да 
ерекшеленеді.  
Шарттық  негіздеу  сөйлемдерінде  басыңқы  предикативтік  құрылымдағы 
ақпаратқа  байланысты  сөйлеушінің  қорытқан  ойы,  болжамы,  бағасы  басты  орынға 
шығады. Олай болса, шарттық негіздеу сөйлемдеріндегі басты семантикалық белгі  – 
субъектінің көзқарасы болуының қажеттілігі. Мысалы: Ендігі қаупі біреу-ақ: Жұмаш 
пен  Әсем  арасынан  оқиға  туып  кетпесе  болғаны  (Қ.Жұмаділов).  Сөйлемге  сұрақ 
қояр  болсақ,  модустық  бөлікке  қоямыз.  Екінші  компонентте  сөйлеушінің  күдікті 
пікірі берілген. Күндізден гөрі түндерді өте жақсы көріп шаттыққа бөленетінім сол: 
түс болса да көре алу бақыты (О. Бөкеев). Субъектінің қалауымен байланысты ойы 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
222 
екінші  компонентте  айтылған.  Сөйлемнің  семантикасында  объективтік  шындықтан 
гөрі субъектінің ойы, көзқарасы басым түсіп тұр.  
 –  Қызық  екен!...  Біз  сені  Құрмановтың  қарауына  барды,  енді  өсетін  шығар 
деп,  жаңа  бір  биіктен  күтіп  жүрсек  (Қ.Жұмаділов).  Сөйлемде  диктум-модустық 
қатынас орнатылған. Қызық екен! – диктум; Біз сені Құрмановтың қарауына барды, 
енді өсетін шығар деп, жаңа бір биіктен күтіп жүрсек – модус. Олай болса, шарттық 
негіздеу  сөйлемдерінде  сөйлеушінің  объективтік  шындыққа  қатысты  көзқарасы 
басты  семантикалық  меже  болады  екен.  Сонымен  қатар,  шарттық  негіздеу 
сөйлемдерінде  шарттық  тәуелді  сөйлемдердегідей,  шақтық  локальділіктің  қатысы 
маңызды  емес.  Оның  себебі  сөйлеуші  көзқарасының  семантикалық  үлесінің  басым 
болуында.            
Кейде  құрмалас  сөйлемдегі  шарттың  нәтижесі,  салдары  әрекеттің  шартына 
жауап ретінде танылатын амал-әрекетті білдіріп, эмоционалдық реакцияны білдіретін 
сөйлемдер  болып  есептеледі.  Мысалы:  –  Екеуің  неге  ұрыса  бересіңдер  осы?  Сен 
жақсы  болсаң,  ол  неге  жаман  болсын?  (Д.  Исабеков).  Кейде  сөйлем  бірыңғай 
эмоцияға  құрылады:  Енді  сөйтіп  Бәкен  бүгін  Раушанды  арбасына  салып  алып,  ел 
қыдырып  барады.  Басқа  жерге  барса  да  бір  сәрі-ау,  «болыстың  аулына  бара 
жатыр!» (Б. Майлин). Алдыңғы сөйлемнен наразылық байқалса, кейінгі сөйлемдегі 
сөйлеушінің сөзінен кекесін аңғарылады. 
Шарттық тәуелді  сөйлем мен шарттық негіздеу сөйлемдерінің семантикасына 
модальділіктің қатысы біркелкі болмайды. Айталық, шарттық тәуелді сөйлемдерге 
«білу модальділігінің» семантикалық компоненті тән болып келеді. Оның эксплицитті 
түрін  біл  сөзі  бере  алады.  Бірімізбен-біріміз  сөйлеспесек  те,  біріміздің 
ойлағанымызды  екіншіміз  біліп  келеміз  (Б.  Майлин).  Л.Л.  Бабалованың  сөзіне 
жүгінсек:  «Басыңқы  предикативтік  сыңарда  мойындау,  мақсат  семасы  болған 
жағдайда «білу модальділігі» семантикалық компоненті анық байқалады» [4, 21 б.]. 
Келесі  сөйлемге  мойындау  семасы  тән:  Машановтың  өзін  де  сырттай  білгені 
болмаса, араласпаған адамы (Қ.Жұмаділов).  
Білу  модальділігі  имплицитті  түрде  де  жұмсалады.  Оны  сөйлеуші  сөзінің 
астарынан  ұғынуға  болады.  Мысалы:  Иосиф  Татаевич.  Қадырын  білген  адамға 
тамадалық та осал қызмет емес.  
Гүлжан. Қызықсаң, қидым саған. 
Иосиф  Татаевич.  Ойбай,  о  не  дегенің,  төреңізге  құлдық,  бас  шұлғимыз  да 
отырамыз (Қ. Мұхамеджанов). Сөйлеуші Гүлжанның сөзінен мынаны ұғуға болады: 
«Тамадалық қызметті жек көрмейтініңді, тамада болуға қызығатыныңды білдім».    
Шарттық негіздеу сөйлемдеріне «болжам модальділігінің» семасы тән болып 
келеді.  Оның  құрылымдық  ерекшеліктері  –  секілді,  сияқты,  шығар  модальдік 
предикаттары  мен  -са  керек  предикаттық  бірлігі.  Әйткенмен  о  баста  бір  ұнатқан 
көңілі  тез  суи  қоя  ма,  бетіне  тура  қараса,  Зейнештің  еркі  кететін  секілді  (Б. 
Майлин).  Ұлтуған  оның  бұл  ұйғарымын  бұрын  да  талай  естіп  жүрсе  керек: 
таңданған  жоқ,  қарсылық  та  білдірмеді  (Қ.  Жұмаділов).  Ол  өтіп  кетті.  Жаңағы 
ұрысқақ Бәтиқаның қасына барса керек, сыпайы бірдеңе деп жатты (Ш. Құмарова). 
Бұл  сөйлемдердің  бәрінен  сөйлеушінің  амал-әрекетті  жобалауы,  топшылауы 
эксплицитті болжаммен берілген.        
Болжам  модальділігіне  имплицитті  түрде  жұмсалу  да  тән  болып  келеді. 
Мысалы:  Кешіріңіздер,  сол  «үстірт  қабылдаудың  себебі  неде?»  деп,  терең 
ойласаңыздар,  сонда  сіздер  бір  ұйымға  бірігуге  шын  мәнінде  қарсы  боласыздар 
(«Айқын»).  Сөйлем  сырт  қарағанда  амал-әрекет  туралы  ақпаратты  хабарлау  болып 
көрінгенмен, сөйлеушінің сөзі түгел дерлік өзінің көзқарасын жеткізуге бағытталған. 
Яғни, сөйлеуші ұйымға бірігуге қарсы, айналасының да ұйымға бірігуді құптағанын 
қаламайды, алайда сөзін астарлап, жай ғана хабардар етіп жеткізген.  
Қыстырма сөздердің қоса жұмсалуы субъектінің еркінен тыс болған салдарды, 
субъектінің  күмәнін,  болжамын  білдіруге  қатысады.  Мысалы:  Ұмытпасам,  бұдан 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
223 
табандатқан  14-15  жылдар  бұрын  болса  керек:  Қаржасбайдың  аңыраған  қонақ 
үйінде  жиырмаға  тарта  баланы  алқа  қотан  отырғызып,  Мәжит  қожаның  азан-қазан 
қып  оқытып  жататыны  (Ж.  Аймауытов).  Ұмытпасам  қыстырма  сөзі  субъектінің 
әрекеттің мезгілін дәл айтуға күмәнді екенін жеткізіп тұр. Ал мына сөйлемдегі  не де 
болса  қыстырма  сөзі  субъектінің  көзқарасын  білдіріп  тұр:  Әй,  не  де  болса,  сол  өсе 
келе толысатын, сұлу болатын шағыма тезірек жетсемші! Қайда, мен оған жеткенше 
де Қадіржанды біреу қағып әкетеді-ау! (Ш. Құмарова). Келесі сөйлемдегі субъектінің 
жеке пікірін білдіру үшін де қыстырма сөздер жұмсалған: Біріншіден, жұмысқа шын 
берілген, іскер адам ретінде көзге түссе, екіншіден, сол күні оны ешкім де іздемейді 
(Қ.  Жұмаділов).  Амал  жоқ  қыстырма  сөзі  субъектінің  еркінен  тыс  болған  әрекетті 
түсіндіру үшін жұмсалған:  Қанша ойланса да,  амал жоқ,  бармасқа болмады, барды 
(Ж.Аймауытов). 
Шартты  рай  формасының  қатысуымен  жасалған  сөйлемдердің  актуалды 
мүшеленуі  сол  сөйлемнің  шеңберінде  ғана  қаралмайды,  оны  одан  гөрі  әлдеқайда 
ауқымдырақ,  контекст  көлемінде  талдап  көрген  дұрыс.  Оның  себебі:  актуалды 
мүшеленудің  сипатын  ашу  үшін  сөйлемнің  синтаксисінен  мәтіннің  синтаксисіне 
қарай  бет  бұру  қажеттілігі  туындайды.  Бұл  ойдың  белгіліден  белгісізге  қарай 
жылжып  отыратын  динамикалық  сипатымен  байланысты.  Тіл  –  мән,  сөйлеу  – 
құбылыс  болса,  бұл  тұжырым  құбылыстың  ерекшеліктеріне  көбірек  жақын.  Мәнге 
қарағанда құбылыс ауқымды әрі жылжымалы.  
 Сөйлеудегі  сипатына  қарай  шарт  бірыңғай  шарт  түрінде  келе  бермейді. 
Қарым-қатынас  барысындағы  сөйлеушінің  мақсатын  басты  бағдарға  алғанда,  тілдік 
тұрғыдағы сөйлем предикатының морфологиялық тұлғасы негізгі мақсат  болмайды, 
сөйлеу жағдаяты басты назарда болмақ. Шартты рай формасымен жұмсалған сөйлеу 
актісі  ықпал  етуші  күштердің  әсеріне  қарай,  тыңдаушы  мен  сөйлеушінің  ниет  етуі, 
қалауы, өтініші, ұсынысы, ескертуі, наразылығы, таңданысы т.б. түрінде жұмсалады. 
Бұндай  сөйлеу  актілерінің  потенциалдық  мүмкіндігін  оның  прагматикалық  және 
коммуникативтік контексінің типтерін анықтай отырып біле аламыз. Айтылымда бұл 
модальділік  арқылы  байқалады.  Модальділік  сөйлемнің  айтылу  мақсатына  қарай 
бөлінетін 4 түріне де (хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті) тән болып келеді. 
Жанама сөйлеу актілерінде шартты рай формасының құрылымдық-мазмұндық 
үлесі  шешуші  рөл  атқармайды.  Бұл  форма  сол  құрылым  мен  мазмұнның  негізінде 
өзге мақсаттарда жұмсалады. Сөйлесім жағдаяты, сөйлесімге қатысушылармен қатар, 
тілдік  емес  (экстралингвистикалық  факторлар)  да  маңызды  болып  келеді.  Бұл  – 
коммуниканттардың  рөлдік  қарым-қатынастары,  жас  ерекшеліктері,  әлеуметтік-
психологиялық ара қашықтықтары. 
 Эмоциялық пен модальділік – қатар жүретін ұғымдар. Кейде екі категорияның 
тығыз  байланысы  екеуінің  арнайы  грамматикалық  формалары  болуына  қарамастан, 
бір лексика-грамматикалық бірліктер арқылы бір мезгілде беріліп жатады. Мысалы, 
жұрнақтар,  модаль  сөздер  мен  демеуліктер  арқылы.  Бұл,  бір  жағынан,  екі 
категорияның  өзара  байланысынан  болса,  екінші  жағынан,  екеуі  бір  мезгілде  қатар 
жұмсалуына  қарамастан,  алдымен  бағалауыштық  тұрғыда  модальдік  қатынас 
қабылдануы керек. Содан кейін ғана ақиқат болмыстағы құбылыстарға адам сезімінің 
көрінісі  ретінде  эмоциялық,  экспрессивтік  жұмсалады.  Сол  себепті  олар  қатар 
келгенмен,  әр  түрлі  қабаттарда  өтеді.  Біз  бұндай  сөйлеу  актілерін  жағымды 
бағалауыштық экспрессивтер және жағымсыз бағалауыштық экспрессивтер деп екіге 
бөліп  қараймыз.  Жалпы  бағалауыштықтың  өзі  тыңдаушыға  әсер  етуде 
прагматикалық қызмет  атқара алуымен ерекшеленеді. Эмоция бағаның негізі болып 
табылады,  басқаша  айтқанда,  бағалаудың  негізінде  эмоция  жатыр.  Эмоция 
когнитивтік қызметтен туындайды, себебі қоршаған ортаны, әлемді қабылдау, танып 
білу  когнитивтік  үдеріс,  осы  үдеріс  барысында  туындайды.  Реакция  жағымды-
жағымсыз  болады.  Бағалауыштық  экспрессивтер  де  сонымен  байланысты 
сипатталады.  

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
224 
Сөйлеуші  тыңдаушыға  ақпаратты  хабарлау  барысында  оған  қатысты 
эмоциясын да қоса білдіреді. Эмоция-психикалық құбылыс. Оның тілде көрінуіне екі 
түрлі себеп бар деп көрсетеді орыс ғалымдары. Бірі-болмыстан алған әсерді білдіру, 
тыңдаушыға  жеткізу  болса,  екіншісі  –  тыңдаушы  немесе        3-жақты  бір  іске 
жұмылдыру  үшін  әсер  ету.  Р.  Әмір  эмоциялық  форма  интеллектілік  мағына  мен 
эмоциялық  қатар  жүретіндіктен,  ол  жай  хабарлаушы  баяндауыштарға  да,  бұйрық 
мағыналы  баяндауыштарға  да  тән  дейді.  Интонациямен  астасып  келген  жіктік 
формалы  шартты  рай  баяндауыш  пен  одағай  сөздің  қатар  қолданылуы  айтылымға 
ерекше эмоциялық өң береді..  
Тілде  модальділік  пен  эмоциялық,  экспрессивтіктің  ара  қатынасы 
нақтыланбаған.  Кей  зерттеушілер  адамның  ақиқат  болмыстағы  оқиға  мен 
құбылыстарға 
эмоциялық, 
экспрессивтік 
қарым-қатынасын 
модальділіктің 
қатарында,  екеуін  бөлмей,  бірге  қарастырады.  В.В.  Виноградов  сөйлеудегі  бұл  екі 
түрлі  қабат  адам  санасындағы  тығыз  байланысына  қарамастан,  екі  түрлі  сипатта 
өтеді дейді. Ақиқатқа адамның сезім арқылы реакция білдіруі мен ақиқатқа қатысты 
пікірдің модальдік бағасын ажыратып қарау керектігі туралы айтады. Өзін қоршаған 
ақиқат,  болмысқа  өзінің  көзқарасын  білдіру  үшін  адам  танымды  эмоция  арқылы 
қабылдайтыны  рас.  Алайда  эмоциясыз  оның  ақиқатты  іздеуі  де  мүмкін  емес.  Олай 
болса,  эмоциялық  пен  модальділік  қатар  жүретін  ұғымдар.  Кейде  екі  категорияның 
тығыз  байланысы  екеуінің  арнайы  грамматикалық  формалары  болуына  қарамастан, 
бір лексика-грамматикалық бірліктер арқылы бір мезгілде беріліп жатады. Мысалы, 
жұрнақтар,  модаль  сөздер  мен  демеуліктер  арқылы.  Бұл,  бір  жағынан,  екі 
категорияның  өзара  байланысынан  болса,  екінші  жағынан,  екеуі  бір  мезгілде  қатар 
жұмсалуына  қарамастан,  алдымен  бағалауыштық  тұрғыда  модальдік  қатынас 
қабылдануы керек. Содан кейін ғана ақиқат болмыстағы құбылыстарға адам сезімінің 
көрінісі  ретінде  эмоциялық,  экспрессивтік  жұмсалады.  Сол  себепті  олар  қатар 
келгенмен, әр түрлі қабаттарда өтеді.  
Біз  бұндай  сөйлеу  актілерін  жағымды  бағалауыштық  экспрессивтер  және 
жағымсыз  бағалауыштық  экспрессивтер  деп  екіге  бөліп  қараймыз.  Жалпы 
бағалауыштықтың өзі тыңдаушыға әсер етуде прагматикалық қызмет атқара алуымен 
ерекшеленеді.  Объектіге  баға  беру  субъектіге  байланысты,  субъект  объектінің 
сапасын,  қасиеттерін,  мінез-құлқын,  іс-әрекетін  қалай  қабылдайды,  берілетін  баға 
соған байланысты болады. М. Монтень бұл туралы мынандай пікір айтқан:  “Важно 
не  только  то,  что  мы  видим,  но  и  как  мы  его  видим”  [5,  348  б.].  Бұл  пікір  бағалау 
сөзін таңдаудың механизмін көрсетеді. Сөзбен біз тек заттар, нәрселер, құбылыстар 
мен адамның іс-әрекеттерін ғана білдіріп қоймаймыз, сонымен қатар сол заттар мен 
құбылыстарды, іс-әрекеттерді біз қалай қабылдайтындығымызды көрсетеміз. 
Газет  тіліндегі  бағалауыштыққа  қатысты  еңбек  жазған  Қ.  Есенованың  ойы 
мынандай: 
«Бағалауыштық 
категориясы 
субъекті 
мен 
объектіні 
тығыз 
байланыстырып тұратын бағалаушы предикат қамтылатын күрделі құрылым ретінде 
анықталды. Осындағы бағалау субъектісі мәтінде эксплицитті және имплицитті түрде 
көрініп, 
контекстегі 
автордың 
прагматикалық 
ұстанымына 
байланысты 
қарастырылады.  Бағалаудың  өзі  кесімді  немесе  салыстырмалы  сипатта  беріледі.  Ол 
жағымды,  жағымсыз  және  жанама  түрде  көрініс  табады.  Бұл  үшеуінің  қайсысына 
басымдық берілуі автордың аудиторияға және мақала кейіпкеріне әсер ету мақсатына 
байланысты болады» [6, 24-25 бб.]. 
Эмоция  бағаның  негізі  болып  табылады,басқаша  айтқанда,  бағалаудың 
негізінде эмоция жатыр. Эмоция когнитивтік қызметтен туындайды, себебі қоршаған 
ортаны,  әлемді  қабылдау,  танып  білу  когнитивтік  үдеріс,  осы  үдеріс  барысында 
туындайды.  Реакция  жағымды-жағымсыз  болады.  Индивидтің  қажет  етушілігімен 
заттың  шын  болмысының  сәйкес  келуі,  басқаша  айтқанда,  зат,  құбылыс  адамның 
қалағанындай болса, адамның қалауымен, қажет етушілігімен заттың шын болмысы 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
225 
сай  келмесе,  онда  адамда  жағымсыз  эмоционалдық  реакция  болады.  Бұл 
эмоционалдық реакцияның екеуі де тілде көрініс табады. 
Эмоцияның  негізгі  таза  белгілері  одағай  болып  табылады.  Одағайлар 
лексиканың  айтарлықтай  ерекше  қабатын  құрайды.  Оларда  заттық-логикалық  мән 
болмайды. 
Тыңдаушыға жағымды әсер беру мақсатында жұмсалатын лепті сөйлемдердің 
сипаты мынандай болып келеді:      
Шіркін сөзінің қатысуымен сөйлеушінің көксеген арманын білдіру мақсатында 
жұмсалады.  Мысалы:  –Ух,  шіркін,  сондай  семсерім  боп  мен  де  соғысқа  барсам, 
фашистерді тура бауша қияр едім, – деп тістенетін Есікбай.     –Ал мен бар ғой, тек 
бастарынан  ғана  шабар  едім,  –  дейтін  Садық  арман  еткендей  даусын  соза  сөйлеп, 
құшырланып.  –  Көк  семсерді  жарқ-жұрқ  еткізіп  келе  жатқанымда,  алдымнан  көкем 
шыға  келсе...  ой,  керемет  болар  еді-ау,  ә!(С.Мұратбеков).  Сөйлеушінің  арманын 
тыңдаушыға  айрықша  етіп  жеткізуде  интонацияның  рөлі  зор.  Оған  келесі  сөйлеу 
актісі  куә  бола  алады:  –  Ал  мен  болсам...  ең  алдымен  Сұлужанды  биге  үйретемін. 
Сұлужан нағыз профессионал балеринаша мінсіз билей алатын болады. Оған астана 
жұртшылығы  алақанының  ауырғанына  қарамастан  қол  соғады.  Сұлужан  аты 
газетіңді кәдімгідей ерттеп мінеді әлі.  Алматы барсаң – Сұлужан! Москва барсаң – 
Сұлужан!.. Ал, сосын... Содан кейін Сұлужан екеуміз қосыламыз! (С. Шаймерденов).  
Қолыма  алып  ашып  кеп  жіберсем,  тәңір-ау,  менің  өз  дәптерлерім  (Ә. 
Нұршайықов). Одағай сөздер сөйлеушінің таңданысын жеткізуге қатысып тұр.  
Субъектіге тән сапаны айтып тамсану мақсатында мықты десе мықты тәрізді 
құралған  баяндауыштар  да  кездеседі.  Шұға  десе  Шұға,  Шұға,  өй,  шіркіннің  өзі  де 
келбетті еді-ақ... ақ құба, талдырмаш, көзі қап-қара, осы, үріп ауызға салғандай еді. 
Ажары қандай болса, ақылы да сондай  (Б. Майлин). Бауыржандай адамның қыбын 
тауып  қызмет  ету  оңай  іс  емес-ау.  Оған  қаншама  күш,  қайрат,  сезімталдық  керек 
десеңші.  Берік  десе  берік,  мықты  десе  мықтысың-ау,  әйел  заты,  деп  ойладым 
ішімнен (Ә. Нұршайықов). 
Жанама  сөйлеу  актілерінде  жұмсалуына  қарай  не,  неге  сұрау  есімдіктері 
сөйлеушінің құптамауын, қызығуын, мақтаныш сезімін білдіреді. Мысалы: Сұлужан. 
...Танылмай жүрген Шаляпин шығарсың, кім біледі?  Темір. Танылған Ермек болсам 
да,  жаман  болмас  еді-ау!  (С.  Шаймерденов).  Сөйлеуші  Ермектей  әнші  болғысы 
келетінін жасырмайды. Қолдан келсе, көңіл алаңсыз болғанға не жетсін (Т. Ахтанов). 
Сөйлеуші  тыңдаушыға  өзінің  көңілі  ешбір  алаңсыз  жандарға  қызығу  сезімін 
жеткізеді.  Арпалыс  сәтте  алғы  шепке  келіп  сүйікті  командирі  алғыс  айтса, 
солдатқа  одан  қымбат  не  болушы  еді!  Солдатқа  сол  сәттегі  командирдің  бір  ауыз 
жылы  сөзінен  жоғары  не  награда  болушы  еді!       (Ә.  Нұршайықов).  Прагматикалық 
мақсат сөйлеушінің мадақтау сезімін жеткізуіне жұмсалған.  
Сөйлеушінің қуанышты сәтін әсірелеп жеткізуде де лепті сөйлемдерде шартты 
рай формасы кездеседі:  – Дүниеде құрығанда үйі  құрысын, дүниесі  құрысын. Он екі 
жыл тұрған үйшігіме қайтып баруға бармын. Тек қасымда Болатым болса жетті! 
(С.  Шаймерденов).  Сонымен,  тыңдаушыға  сөйлеушінің  арманын,  қуанышын, 
қызығушылығын,  мадақтау  сезімін,  тамсануын,  таңданысын  білдіру  мақсатында 
жұмсалатын  сөйлеу  актілері  жағымды  бағалауыштық  экспрессивтер  қатарына 
топтастырылады.      
Бағалауыш  лексиканың  мағынасы  екі  оксиологиялық  полюсті  “жақсы  / 
жаманды”  қарсы  қоюға  негізделеді.  Демек,  жоғарыда  айтылған  жағымды 
бағалауыштық  экспрессивтерге  қарсы  мағынадағы  жағымсыз  бағалауыштық 
экспрессивтердің болуы да заңды. Мысалы: Ақбала сыртқа шығып, сері жігітті аттан 
түсірді. Ал екеуінің қалай көріскенін көрсең... Масқара-ай!.. Бетім-ай!.. О, жүзі қара!.. 
О,  қара  бет!  (Ә.  Нұрпейісов).  Сөйлеуші  тыңдаушыға  әлдебір  өрескел  әрекетті 
құптамайтынын жеткізген.  

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
226 
Аянды  ортаға  алып,  енді  жайғасып  отыра  бергенімізде,  есік  ашылып  сыртқа 
Бапайдың кемпірі шықты да: 
 – Үйбай, бетім-ай, бұ дүбірлеген не десем, мыналар екен ғой. Аулақ жүріңдер 
әрі,  өй,  өңшең  топырлаған  немелер!..  –  деп  қуып  жіберді  (С.  Мұратбеков).  Оқшау 
сөзбен  келген  лепті  сөйлемнің  алғашқы  сыңары  (Үйбай,  бетім-ай,  бұ  дүбірлеген  не 
десем)  іс-жайды  хабарласа,  екінші  сыңары  (мыналар  екен  ғой)  сөйлеушінің  сол  іс-
жайға реакциясын білдіріп тұр. Мыналар екен ғой – сөйлеушінің әлдекімді жаратпай, 
қомсынуын  танытады.  Одан  кейінгі  айтылымнан  (өңшең  топырлаған  немелер
тыңдаушының жас балалар екені түсінікті болады.   
 – Неғыл дейсің, жалаңаяқ келсе, маған десе неге өліп қалмайды! Сен сол үшін 
ұрыстың ба онымен? (Д. Исабеков). Бұнда сөйлеушінің наразылығы байқалады. 
Демеуліктердің  қосылуы  сөйлеушінің  тарапынан  қомсынуды  білдіру  үшін 
жұмсалады.  Мысалы:  Енді  сөйтіп  Бәкен  бүгін  Раушанды  арбасына  салып  алып,  ел 
қыдырып  барады.  Басқа  жерге  барса  да  бір  сәрі-ау,  «болыстың  аулына  бара 
жатыр!»  (Б.  Майлин).  –  Ақбаланы  айтам-ау...  Күйеуінің  көзі  тірісінде,  тапа-тал 
түсте  жігіт  күтіп  алып...  Сонда,  ол  сорлы  еркектің  кәдесіне  жараса  екен-ау!  (Ә. 
Нұрпейісов). Лексика-грамматикалық тұрғыдан -ау демеулігі болжалдық, күшейткіш, 
мақұлдау,  қолдау  мәндерін  үстейтіні  белгілі.  Бұл  демеуліктің  қомсыну  мәнінде 
жұмсалғаны  тыңдаушының  сөйлеуді  бағалауымен,  қалай  қабылдауымен  де 
байланысты.  Жоғарыдағы  айтылымдар  белгілі  бір  контексте,  белгілі  бір  тілдік 
жағдаятта  және  мәдени  ортада  тиісті  ұғымды  білдіріп  тұр.  Онсыз  бұл  айтылымдар 
коммуникативтік ұғым бере алмайды. Алдыңғы контекст арқылы сөйлеуші (жазушы) 
Бәкеннің  әйелін  арбаға  салып  алып,  болыс  аулына  бара  жатқанына  сол  ортаның 
жағымсыз баға бергенін жеткізген.  Тыңдаушы (оқушы) сөйлеудің мақсатын жазбай 
түсінеді. Оның себебі – сол ортаның сөйлеушіге де, тыңдаушыға да ортақ, екеуінің де 
өскен  ортасы  болуымен  байланысты.  Ал  екінші  контекстен  тыңдаушы  Ақбаланың 
айы-күні жетіп отырған некелі әйел екенін тез ұғынады.   
Сонымен,  сөйлеушінің  қынжылуын,  әрекетті  құптамауын,  қомсынуын, 
наразылық  білдіруін  т.б.  білдіріп  жұмсалатын  сөйлеу  актілері  айтылымдағы 
жағымсыз  бағалауыштық  экспрессивтердің  үлгісі  болады.  Тыңдаушыға  қандай  да 
бір  ақпаратты  жеткізуімен  емес,  оның  эмоциясына  әсер  етуіне  негізделген 
бағалауыштығымен, экспрессивтілігімен құнды.  
Экспрессивтік мәнді білдіретін тілдік құралдар әрбір ұлт тілінің өз табиғатына 
байланысты  қалыптасады.  Тілдің  өмірмен,  жеке  адамның  және  сол  ұлттың 
психологиясымен байланысы бағалау мәнінде  айқын көрінеді. Баға тек сөйлеушінің 
жеке  көзқарасын,  пікірін,  талғамын  ғана  білдірмейді,  сөйлеушінің  ұлтының  ой-
пікірін  көрсетеді.  Баға  және  ұлттық  сана,  ұлттық  дүние  бейнесі  сөйлеу  актісінің 
коммуникативтік мақсатымен тығыз байланысты.  
Шарт  мәнді  жартылай  предикативтік  құрылымдар  семантикасына  қарай 
шарттық  тәуелді  және  шарттық  негіздеу  сөйлемдері  болып  екі  топқа  бөлінеді. 
Шарттық тәуелді сөйлемдерде бір құбылыс екінші құбылыстың шарты болып келетін 
объективтік  шындық  басты  семантикалық  белгі  болады.  Шарттық  тәуелді 
сөйлемдердегі  тағы  бір  ерекшелік:  басыңқы  компоненттегі  нәтиже,  құбылыспен 
бағыныңқы  компоненттің  шарты  бір  уақыттың  бойында  жүріп  отырады.  Бұл 
сөйлемдерге  диктумдық  қатынас  тән  болып  келеді.  Шарттық  негіздеу 
сөйлемдеріндегі  басты  семантикалық  белгі  –  субъектінің  көзқарасы  болуының 
қажеттілігі.  Шарттық  негіздеу  сөйлемдерінде  шарттық  тәуелді  сөйлемдердегідей, 
шақтық  локальділіктің  қатысы  маңызды  емес.  Оның  себебі  сөйлеуші  көзқарасының 
семантикалық үлесінің басым болуында. Бұл сөйлемдерде диктум-модустық қатынас 
орнайды.  
 Шарт  мәнді  сөйлемдер  эмоционалдық  реакцияны  білдіретін  сөйлемдер 
түрінде де жұмсалады. Бұл сөйлемдерге модальділіктің қатысуы біркелкі болмайды. 
Шарттық  тәуелді  сөйлемдерде  білу  модальділігінің  семантикалық  үлесі  болса, 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
227 
шарттық негіздеу  сөйлемдерінде болжам модальділігінің семантикалық үлесі басым 
болады.  Модальділік  эксплицитті  түрде  де,  имплицитті  түрде  де  жұмсала  береді. 
Субъектінің амал-әрекетке көзқарасын таныту үшін жұмсалуда қыстырма сөздердің 
де үлесі бар. 
Әдебиеттер: 
1.  Теремова  Р.М.  Функционально-грамматическая  типология  конструкций 
обусловленности в современном русском  языке /  Автореф. дис.  д-ра филол. наук.  – 
Ленинград, 1988. – 50 с. 
2. Алина Г.М. Каузальные отношения в системе русского и казахского языков / 
Дис. канд. филол. наук. – Алматы, 1999. – 137 с. 
3.  Төлеуова  М.М.  Қазіргі  қазақ  тіл  біліміндегі  себеп-салдарлықтың 
функционалдық аспектісі / Филол. ғыл. канд. дис. – Алматы, 2002. – 148 б. 
4.  Бабалова  Л.Л.  Семантические  разновидности  причинных  и  условных 
предложений  в  современном  русском  языке:  автореф.  дис.  канд.  филол.  наук.  – М., 
1974. – 25 с. 
5. Монтень М. Избранное. – М.: Сов. Россия, 1988. – 410 с. 
6.  Есенова  Қ.  Қазақ  медиамәтінінің  прагматикалық  аспектісі  / 
Филол.ғыл.докт.дисс. – Алматы, 2009. – 300 б. 
Алтаева А.К. 
Семантика полупредикативных конструкций с условным значением 
В  трудах  казахского  языкознания,  посвященных  синтаксису  сложного 
предложения,  о  предложениях,  образованных  с  помощью    формы  условного 
наклонения, говорится лишь в общих понятиях, проблемы, касающиеся этой формы, 
рассматриваются только в структурно-семантическом аспекте и в исследованиях, 
относящихся  синтаксису диалогической речи. В связи с этим только одно языковое 
средство  –    предложения,  образованные  с  помощью  формы  условного  наклонения, 
будучи специальным объектом для комплексного исследования, являются  насущной 
проблемой в современном казахском языкознании. Причиной осуществления перехода 
условного  предложения  в  языковой  среде  от  потенциальной  функции  к 
результативной  функции  является  категориальная  ситуация.  Комплексное 
исследование  было  проведено  в  форме  «от  значения  -  к  форме»,  «  от  функции  -  к 
средству». 
Ключевые  слова:  предложения  со  значением  условной  зависимости, 
предложения условного обоснования, объективная действительность, субъективное 
мнение,  модальность  знания,  модальность  предположения,  эксплицитное 
применение, имплицитное применение.     
Altayeva A.K. 
Semantica of half-predicative designs with conditional meaning 
In the  works of Kazakh linguistics dedicated to  the syntax of complicated sentence, 
sentences formed  with the help  of conditional mood form, are mentioned only in  common 
conceptions,  problems  dealing  with  this  form  are  considered  only  in  structure-significant 
aspects and in researches related to the syntax of dialogue speech. However, in this works 
sentences formed with the help of conditional mood have not been researched specially. In 
accordance  with  this  only  one  linguistic  mean  –  sentences  formed  with  the  help  of 
conditional mood forms being the special object for complex research are urgent problem 
in  modern  Kazakh  linguistics.  The  reason  of  realization  of  transmission  conditional 
sentence in linguistic sphere from potensial functions to resultive funstions are situational 
category. The complex research were held in the form of “from meaning-to form”, “from 
function-to  means”,  during  the  whole  examination  of  function  situative  category  in 
linguistic system determined as the base of maltistaged structure “condition”, in speech as 
functional-semantic base of the modality. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
228 
Keywords: sentences with conditional addiction, conditional justification sentences, 
outness,  subjective  opinion,  modality  of  knowledge,  modality  assumptions,  explicit  use, 
implicit use.     
*** 
 
УДК: 81ꞌ367.622:81ꞌ37 
Жигалин Н.С. – кандидат филологических наук, доцент, 
 ЗКГУ им. М. Утемисова 
Седова Е.А. – магистрант ЗКГУ им. М. Утемисова 
E-mail: E_l_e_n_a9@inbox.ru 
 

жүктеу 5.14 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет