Республики казахстан


-кесте. ӘКЕ/ОТЕЦ/PÈRE  концептісінің мақал-мәтелдердегі мағыналық өрісі



жүктеу 5.14 Kb.
Pdf просмотр
бет25/44
Дата09.01.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44

1-кесте. ӘКЕ/ОТЕЦ/PÈRE  концептісінің мақал-мәтелдердегі мағыналық өрісі 
 
ӘКЕ/ОТЕЦ/ PÈRE – отбасының тірегі,  ұйтқысы, ұрпақ  жалғастырушы; отбасының 
барлық жауапкершілігін көтеру 
Әке  –  асқар  тау,  ана  – 
жағасындағы  бұлақ,  бала  – 
жағасындағы құрақ;  
Әке  –  тірегің,  ана  –  жүрегің;  
Ата-ана – отбасының ажары; 
Әкелі  болу  –  шын  бақыт,  оны 
ақтау  –  мың  бақыт;  Әкеге 
баланың алалығы жоқ; 
Әке  балаға  қарыз,  бала  далаға 
қарыз; 
Ата  –  бәйтерек,  бала  – 
жапырақ; 
Аталы ұл – қожалы құл; 
Ата өліп бала қалса, мұратына 
жеткені,  Бала  өліп  ата  қалса, 
арманы іште кеткен; 
Атадан  ұл  қалса,  өзі  қалғаны, 
қыз қалса, ізі қалғаны; 
Атасы басқа аттан түс   
Отец  и  мать  –  священные 
слова; 
Валяй,  дети:  отец  в  ответе 
 
En (bon) père de famille 
ӘКЕ/ОТЕЦ/PÈRE – отбасылық тәртіп пен заңды сақтауға ықпал ететін билік, күш 
Әке сөзі – оқ, шеше сөзі – боқ; 
Ата  тұрып  бала  сөйлесе, 
шіркіндігі,  аға  тұрып  іні 
сөйлесе, еркіндігі; 
 Ата  тұрып  ұл  сөйлегеннен 
без, 
ана 
тұрып 
қыз 
сөйлегеннен без; 
 Ата  тілін  алмаған  ұлдан  без, 
ана тілін алмаған қыздан без;  
Ата  тілін  алмаған  аман  болып 
көп жүрмес; 
Әкеден  асқан  пірің  жоқ, 
шешеден асқан нұрың жоқ; 
Ата сөзі – оқпен тең, ана сөзі – 
отпен тең; 
 Ана  тілің  –  ақ  сүтің,  ата 
дәстүр – сана құтың; 
Баласы әкесіне үйретпес; 
Ықпалсыз  болса  ұлына  ата 
сөзі,  беделсіз  болғаны  ғой 
оның өзі; 
 Атасыз  үй  –  батасыз,  анасыз  
үй – панасыз; 
Ата-ананың  ақылы  –  қазулы 
қара 
жолмен 
тең 
(Д.Бабатайұлы) 
 
 
Отец  рыбак  –  и  дети  в  воду 
смотрят; 
Прежде  батьки  в  петлю  не 
поспевай (не лезь, не суйся); 
Муж  жене  отец,  жена  мужу 
венец; 
Для  дитяти  отец  всегда 
сильнее всех 
 Celui  est  bien  père  qui 
nourrit; 
Nourriture passe nature; 
Bonne  terre  à  besoin  de  bon 
cultivaneur 
aussi 
bonne 
maison 
de 
bon 
administrateur; 
L’exemple,  c'est  tout  ce 
qu’un père puet faire pour ses 
enfants  (Mot  de  Thomas 
Mann); 
Il  veut  montrer á son  père á 
faire des  enfants; 
Quand l'enfant est baptise, les 
parrains  et  les  marraines  ne 
manquent pas; 
Quand l'enfant est baptise, les 
parrains ne manquent pas 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
194 
 
ӘКЕ/ОТЕЦ/PÈRE – ата-ана жалғыз, оларды құрметтеу, қамқорлық жасау 
Ата-анаңды  құрметтесең,  сен 
де сондай игілік көресің; 
Атаңа  не  қылсаң,  алдыңа  сол 
келер; 
Әкенің 
қадірін 
балалы 
болғанда білерсің; 
Ата-ана – өмірдегі қымбатың; 
 Ата-ана – отбасының ажары; 
 Ата-анасын  қорғағанды  тәңірі 
қолдайды, 
 
Ата-анасын 
қорлағанды тәңірі қарғайды; 
 Ана  –  құдырет,  табынарың, 
әке – дәулет, қара нарың; 
Анаңның 
ақ 
сүтін 
ақта, 
бабаңның құтын сақта; 
Ата-анаң  бар  болсын,  бала 
кезде жар болсын; 
Ақ  қалпақты  көрінсе,  атекем 
менің 
демеймін 
бе, 
Ақ 
жаулықты  көрінсе,  енекем 
менің демеймін бе; 
Асқар  тауың  -  әкең  қымбат, 
туып-өскен  –  елің  қымбат 
(Қазыбек би) 
Все  купишь,  а  отца  и  матери 
не купишь; 
 Птичьего 
молока  хоть  в 
сказке  найдешь,    а  другого 
отца-матери  и  в  сказке  не 
найдешь; 
На  свете  все  найдешь,  кроме 
отца и матери; 
Не  оставляй  отца  и  матери  на 
старости  лет,  и  Бог  тебя  не 
оставит; 
 Почитающий 
отца 
будет 
иметь радость от своих детей; 
Дети отца бьют, на себя запас 
посут; 
 Детки поспели – отца-мать до 
веку доспели; 
Живы  родители  –  почитай, 
померли – поминай! 
Отца и материна всю жизнь на 
хватит; 
Кто  родителей  почитает,  тот 
вовеки не погибает 
Qui  a  père  et  mère  est 
tousjours enfant 
ӘКЕ/ОТЕЦ/PÈRE – әкелік тәрбие негіздері, әкелік ақыл, қамқорлық, әке мен бала 
қарым-қатынасы 
Аталар  сөзі  –  ақылдың  кені 
(көзі); 
 Ата үйім – алтын бесік, кірсем 
шықсам сипалар; 
Ата  баласының  ат  меңіндей 
белгісі болады; 
 Бата  баласы  азарында  –  асық 
ойнайды; 
Баланың  ұяты  әкеге,  қыздың 
ұяты шешеге; 
Атаның  жаман  ұлы  малға 
ортақ,  әрі  үйлі  жанға  ортақ; 
Атадан жақсы ұл туса, есіктегі 
басын  төрге  сүйрер,  Атадан 
жаман  ұл  туса,  төрдегі  басын 
жерге сүйрер; 
Атасыз ұлдың аузы үлкен; 
Атадан  жақсы  ұл  туса,  елінің 
қамын  жейді,    Атадан  жаман 
ұл туса, елінің малын жейді; 
Атадан  жақсы  ұл  туса,  қар 
үстінде от жанар  
Атадан  жаман  ұл  туса,  ат 
үстінен ит қабар; 
«Ата»  деген  жігітті  жаным 
десе болмас па; 
Атаның 
көңілі 
балада, 
баланың көңілі далада; 
Жеті  атасын  білмеген  – 
жетімдіктің белгісі; 
Шешесін  көріп,  қызың  ал, 
Какого  дерево,  таков  и  клин, 
каков батька, таков и сын; 
Отец  с  сыном  и  сам  царь  не 
рассудит; 
Отец сына не на худо учит; 
Не  слушался  отца  и  матери, 
послушайся 
теперь 
барабанной шкуры; 
На  что  отец,  коли  сам 
молодец; 
В  дороге  и  отец  сыну 
товарищ; 
Детки  хороши  –  отцу-матери 
венец;  худы  –  отцу  матери 
конец; 
Дочь  отцу-матери  не  корысть 
(не  кормилица);  Масляная 
головка 
отцу-матери 
не 
кормилец; 
Сын  отца  глупее  –  жалость, 
сын  отца  умнее  –  радость,  а 
брат умнее – зависть;  
У  кого  девка  хороша?  –  У 
матки,  У  кого  сын  умен?    -  У 
батьки 
Яблочко  от  яблони  недалеко 
падает;  
Дитя  хоть  криво,  до  отцу-
матери мило; 
 Дитя худенько, а отцу-матери 
миленько 
Tel père tel fils, 
 tel arbre tel fruit;  
Bon sang ne peut mentir; 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
195 
әкесін көріп қызың бер; 
Аталы сөздің арсыз қайырады; 
Қыз  бала  әкесіне  жұлдыз, 
шешесіне – күн; 
Ата  көрген  оқ  жонар,  ана 
көрген тон пішер; 
Жақсы  әке  жаман  балаға 
қырық жыл азық
 Әкені  көріп  ұл  өсер,  шешені 
көріп қыз өсер; 
 Әкесі  қой  баға  білмегеннің 
баласы  қозы  баға  білмейді; 
Ананың  ізін  қыз  басар,  әкенің 
ізін ұл басар;  
Ата өнері – балаға мұра; 
Атасынан ақыл алса, тентек ұл 
да жөнделер (М.Қашқари);  
Ата  тұрып  ұл  сөйлесе  –  ер 
жеткені болар,  Ана тұрып қыз 
сөйлесе  –  бойжеткені  болар 
(Сырым  Датұлы);  Әкелі  бала 
жау жүрек (Бұқар жырау) 
ӘКЕ/ОТЕЦ/PÈRE – әкенің жақсы қасиеттерінің балаға туа берілмейтіндігі, оның тәлім-
тәрбиемен, үлгі-өнегемен берілуі 
Бір  бала  әкесіне  жете  туады,  
Бір  бала  әкесінен  өте  туады, 
Бір бала кері кете туады; 
Атадан  жақсы  ұл  туса,  елдің 
туы  болады,  Атадан  жаман  ұл 
туса, соры болады; 
Атаға  қарап  ұл  тумас,  анаға 
қарап қыз тумас 
Не  тот  отец,  кто  родил,  а  тот, 
кто  вспоил,  вскормил,  да 
добру научил; 
Блудный сын – ранняя могила 
отцу; 
В  глупом  сыне  и  отец  не 
волен; 
И  от  доброго  отца  родится 
бешена овца; 
Бывает  добрая  овца  и  от 
беспутного отца; 
Сын-то  он  мой,  да  ум-то  у 
него свой
 
De  père  amasseur,  enfant 
gaspilleur; 
De  père  saintelot  enfant 
diablot; 
Des sept qualités d'un enfant, 
l'une  vient  toujours  de  son 
parrain; 
Père 
gaigneur, 
enfant 
gaspilleur 
ӘКЕ/ОТЕЦ/PÈRE – әкенің балаға көңілі толмауы, сын айтуы, жазалауы 
Әке- балаға сыншы; 
Әкесі  ұрысса  балаға  –  ол  да 
достық, Баласы ұрысса әкеге – 
жараса ма?! (Абай) 
Отец  наказывает,  отец  и 
хвалит 
Le  bon  père  peut  deshériter 
son enfant 
ӘКЕ/ОТЕЦ/PÈRE – әкенің жағымсыз бейнесі, отбасын тастап, өз баласын қабылдамаған 
әкелер бейнесі 
Әкенің  жақындығы  жездедей-
ақ; 
Әкесіз  жетім  –  гүл  жетім, 
шешесіз жетім – сұм жетім 
Про  нашего  батьку  много 
молвы, да мало доброго; 
Бел лицом, да худ отцом; 
Бывает  добрая  овца  и  от 
беспутного отца; 
Ненаказанный 
отец 
– 
бесчестие отцу; 
Отцы  ели  клюкву,  а  у  детей 
будет осколина на зубах; 
Отец  про  походы,  а  мать  про 
расходы; 
Без  отца  –  полсироты,  а  без 
матери и вся сирота; 
Отцов много, а мать одна 
Á père avare, fils prodigue; 
Cet  homme  est  père  des 
difficultés; 
Il  veut  montrer á son  père á 
faire des  enfants; 
Les  pères  ont    mange  des 
raisins verts et les enfants ont 
eu mal aux dents; 
« Il n’y a qu’un aventurier au 
monde,  et  cela  se  voit  très 
nottament  dans  le  monde 
moderne :  c'est  le  père  de 
famille ». 
(Ch. Péguy); 
« L’avenir  appartient  aux 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
196 
bâtards ». (A. Gide); 
« On  est  toujours  l’enfant  de 
quelqu’un ». 
(Beaumarchais); 
« Ne  pas  savoir  qui  est  son 
père, c'est ça qui guérit de la 
peur  de  lui  ressambler ». 
(A.Gide); 
 
Орыс  тілінің  мақал-мәтелдері  көбіне  ана  мен  баланың  сүйіспеншілігін 
жоғары  тұтып,  әке  мен  шешенің  махаббатының  ара  жігін  айыруға  бағытталған 
(«Отцов много, а мать одна», «Материна дочь – отцу падчерица» т.с.с.). Қазақ тілінде 
әке мен шешенің балаға деген махаббатын салыстыра отырып, шешенің балаға деген 
қамқорлығын асыра бағалағаны байқалады (Әкенің жақындығы жездедей-ақ; Әкесіз 
жетім  – гүл жетім, шешесіз жетім  –  сұм жетім). Француз тілінде ата-ананың балаға 
деген  сүйіспеншілігін  бөліп-жару  байқалмайды.  Қазақ  және  орыс  тілді  мақал-
мәтелдерде баланың қалыптасуындағы әке тұлғасы анық бейнеленген («Әке - балаға 
сыншы», «Отец наказывает, отец и хвалит», «Отец рыбак  – и дети в воду смотрят», 
«Какого дерево, таков и клин, каков батька, такого и сын»). 
Қазақ  тілінің  мақал-мәтелдеріндегі  әкенің  ұлды,  шешенің  қызды 
тәрбиелеудегі  рөлі  анық  көрінеді  («Ата  көрген  оқ  жонар,  шеше  көрген  тон  пішер», 
«Ата  тілін  алмаған  ұлдан  без,  шеше  тілін  алмаған  қыздан  без»,  «Ата  тұрып  қыз 
сөйлегеннен  без,  ана  тұрып  қыз  сөйлегеннен без»,  «Анасын  көріп  қызын  ал,  әкесін 
көріп қызың бер», «Ананың ізін қыз басар, әкенің ізін ұл басар»). Бұдан біздің қазақ 
қоғамымызда  бұрыннан  қалыптасқан  әке  мектебі,  ана  мектебі  болғандығын 
айтуымызға болады. Осы тұрғыдан келгенде орыс және француз  ұлттарында жалпы 
әке  мен  шешенің  бала  тәрбиесіндегі  рөлі,  орны,  ықпалы  болғанымен,  қазақ  ұлты 
сияқты ұл тәрбиесіне әке жауапты, қыз тәрбиесіне шеше жауапты деп бөліп, аражігі 
ажыратылмағанын көруге болады. Бұған жоғарыда келтірілген тілдік деректер дәлел 
болады.   
Қазақ  мақал-мәтелдеріндегі  бейнеленген  әкенің  рөлі  жоғары,  биік,  асқақ 
(«Елің – ата, жерің – ана», «Әке сөзі оқ, шеше сөзі – боқ», «Әке – асқар тау», «Ата – 
бәйтерек....», «Аталы сөзді  арсыз қайырады», «....Әке  –  дәулет, қара нарың», «...Ата 
дәстүр – сана құтың»,  «Әкелі болу – шын бақыт, оны ақтау – мың бақыт»). 
«Сонымен бірге,  әке  - балаға үлгі-өнеге, тәрбиеші, ұстаз. Бала ержетіп мал 
бағуға, елін салысуға жарасымен әкесі оны еңбекке баулиды, оған өзінің ата кәсібін 
үйретеді  және  баласының  еңбегін,  жұмысқа  қабілетін  байқайды».  «Ата  балаға 
сыншы», «Атасын көріп  қызың бер»,  «Ата  көрген оқ жонар» дейтін мақалдар соны 
көрсетеді» [14, 39-40 бб.]. 
Әкенің  жағымсыз  бейнесі  салғастырылып  отырған  үш  тілде  де  кездеседі. 
Бірақ  қазақ  тілінде  бірде  бір  мақал  не  мәтел  отбасын  тастап,  өз  баласын 
қабылдамаған,  қамқорлық  жасамаған  әкелер  туралы  кездеспеді.  Бұл  ежелгі  қазақ 
қоғамында  отбасы    тәрбиесінің    мықты,  берік  болғанын,  қазағымыздың  жетімін 
жылатпай,  әкелік  қамқорлық  жасағанынан  көруімізге  болады.    Керісінше  орыс, 
француз  лингвомәдени  кеңістігінде  мұндай  мақал-мәтелдер  саны  көбірек  екені 
анықталды.  
ӘКЕ/ОТЕЦ/PÈRE компонентті мақал-мәтелдерді құрылысы әр түрлі үш тілде 
салғастыра талдау нәтижесінде төмендегідей тұжырымдар жасалды: 
Үш тілге де тән сипаттар: қазақ, орыс, француз: 
1.
 
Отбасылық тәртіп,  отбасылық заңды сақтау,  ықпал ету, билік, күш. 
2.
 
Әкенің  жақсы  қасиеттерінің  балаға  туа  берілмейтіндігі,  оның  тәлім-
тәрбиемен, үлгі-өнегемен берілуі. 
3.
 
Әкенің балаға көңілі толмауы, сын айтуы, жазалауы. 
4.
 
Әкеден көргенді баланың  қайталауы. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
197 
5.
 
Әкенің жағымсыз бейнесі; 
Екі тілге тән сипаттар:  
қазақ, орыс: 
1.
 
Отбасының тірегі,  ұйтқысы, ұрпақ  жалғастырушы; отбасының барлық 
жауапкершілігін көтеру.  
2.
 
 Ата-ана жалғыз, оларды құрметтеу, қамқорлық жасау. 
3.
 
Әкелік  тәрбие  негіздері,  әкелік  ақыл,  қамқорлық,  әке  мен  бала  қарым-
қатынасы. 
орыс, француз: 
Отбасын тастап, өз баласын қабылдамаған әкелер бейнесі. 
Қорыта  айтқанда,  салғастырмалы  зерттеу  нәтижелері  қазақ  лингвомәдени 
өрісінде  әке  бейнесі  жан-жақты,  толық  бейнеленгенін,  орыс  халқында  әке  бейнесі 
ата-ананы  құрметтеу,  қамқорлық  жасау,  әке  тәрбиесі,  әкелік  ақыл,  әке  мен  бала 
қарым-қатынасы  рең  деректерінде  (коннотация)    тереңірек  бейнеленсе,  әке 
бейнесінің  рең  деректері  әлсіз  сипатталған  француз  лингвомәдени  өрісі  екені 
анықталды.   
Әдебиеттер: 
1.
 
«Ақылдың  көзі»  мақал-мәтелдер  /  Құраст.  Қ.Саттаров.  –  Алматы: 
Жазушы, 1990. – 160 б. 
2.
 
Қазақтың  мақал-мәтелдері  /  Құраст.  А.Т.  Смайлова.  –  Алматы: 
«Көшпенділер» баспасы, 2005. – 400 б. 
3.
 
Кішібайұлы С. Данасы бар елдің панасы бар. мақал-мәтелдер, нақылдар. 
– Алматы: Рауан, 1998. – 128 б. 
4.
 
Қазақтың  мақал-мәтелдері  /  Құраст.  А.Т.  Смайлова  –  Алматы: 
«Көшпенділер» баспасы, 2005. – 400 б. 
5.
 
Қазақ мақал-мәтелдері. – Алматы, Ана тілі, 1993. – 176 б. 
6.
 
Қазақ  мақал-мәтелдер  –  Казахские  пословицы  и  поговорки  /  Құраст. 
және ауд. М.Аққозин. – Алматы, 2000. – 212 б. 
7.
 
Ата-бабаларының  даналық  сөздері:  оқушылар  мен  студенттерге 
арналған. – Ақтөбе, 2001. – 128 б. 
8.
 
Қазақтар. көпшілікке арналған 9 томдық анықтамалық: ІV том. Асыл 
сөз – Мудрые изучения. – Алматы: Қазақстан даму институты, 1998. – 367 б. 
9.
 
Русские народные пословицы и поговорки.  – Алматы: ИД  «Кочевники», 
2003. – 280 с.  
10.
 
Даль В.И. Толковый словарь русского языка. Современная версия.  – М.: 
Изд-во ЭКСМО – Пресс, 2002. – 640 с. 
11.
 
Пословицы.  Поговорки.  Загадки  /  Сост.,  авт.  предис.  и  комент.                       
А.Н. Мартынова, В.В. Митрофанова. – М.: Современник, 1986. – 512 с.  
12.
 
Мурадова Л.А. Малый французско-русский фразеологический словарь.  – 
М.: Рус. яз. –Медиа; Дрофа, 2009. – 662 с. 
13.
 
Blogger. 
–  raf-proverbes.blogspot.ru/2009/.  Пайдаланған  уақыты: 
01.01.2016 ж 
14.
 
Адамбаев Б. Халық даналығы. Алматы: Рауан, 1996. – 160 б. 
 
Исакова С.С. 
Семантическая характеристика образа әке/отец/père в разноструктурных 
языках (на материале пословиц и поговорок казахского, русского,  французского 
языков) 
 
В   статье   подвергнуты  анализу  семантические  характеристики  
образа әке/отец/père  в  разноструктурных  языках.  Рассмотрены  лингвокультурные 
поля  образа әке/отец/père в   пословицах  и  поговорках  казахского,  русского  и 
французского  языков.   В  статье    были  использованы  следующие  методы 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
198 
исследования: 
объяснения 
и 
группировки, 
 сравнительно-исторический, 
лексикографический,  когнитивный  и   лингвокультурологический.  Исследование 
языков  в  сравнительном  отношении  позволяют  сделать  выводы  об  особенностях  
национального  видения  и  культуре  этносов,  видов  национального  сознания, 
глубинного понимания  национального менталитета.  
Ключевые  слова: разноструктурные  языки,  концепт,  лингвокультурное 
поле,  национальный   менталитет,  национальное  сознание,  сравнительно-
исторический метод. 
Isakova S.S. 
Semantic characteristics image әке/отец/père in different structure languages 
(based on proverbs and sayngs of the Kazakh, Russian, French) 
 
The  article  analyzed  the  characteristics    of  semantic  image  әке/отец/père  in  
different  structure  languages.  Considered  lingvokulturnye  field  image  әке/отец/père    in 
proverbs  and  sayings  of  the  Kazakh,  Russian  and  French. The  article  used  the  following 
methods: explanations and groups, comparative  historical, lexicographical, cognitive and 
ingvokulturologicheskij. Study languages  in comparative terms, allow to draw conclusions 
about the peculiarities of national vision and culture of ethnic groups and types of national 
consciousness, a deep understanding of the national mentality. 
Keywords: different structure languages, concept, lingvokulturnaja field, national 
mentality, national consciousness, comparative-historical method. 
 
*** 
 
 
ӘОЖ: 811.512.122 
Ержанова Ұ.Р. – филология ғылымдарының кандидаты, доцент,  
М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
Ашенова Р.Р. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты 
Е-mail: ranida_ashen@mail.ru 
 
ШЕШЕНДІК СӨЗДЕР ЖӘНЕ КІСІЛІК ҚАСИЕТ ӨЛШЕМДЕРІ 
 
  Аннотация.    Шешендік  сөздердің    мағынасын  түсіну  үшін  олардың 
жасалуына  негіз  болған  тіл  танымдық,  сөз  жасамдық  уәждерді  білу  маңызды. 
Мақалада қазақ халқының сөздік қорында кездесетін шешендік сөздерден мысалдар 
келтіріліп,  тілдік  құрылымын,  сөзжасамын,  лингвистикалық  қырларын  анықтауға 
бағытталған  және  адамгершілік  мәселесіне  жеке  тоқталып,  талдаулар 
жүргізілген. 
  Тірек  сөздер:  Шешендік  сөздер,  сөзжасамдық  уәждер,  тілдік  құрылым, 
кісілік қасиет. 
 
Шешендік  өнер  тиісті  адамгершілік  өлшемдерін,  кісілік  қасиеттерді  әр  қоғам 
мүшесінің  біліп,  өмірдің  түрлі  жағдайларында,  тұрмыс-тіршілікте  жүйелі  түрде 
пайдалануын  мақсат  тұтады.  Шешеннің  өз  шығармашылық    өнерінде  көздейтін 
эстетикалық  нысанасы  осы  мақсатқа  негізделеді.  Сонымен  бірге  шешендік  өнер 
үлгілері әр қоғам мүшесіне белгілі кісілік қасиеттерді бойына сіңіріп, ойына тоқуды 
күнделікті  өмірде  сол  қасиеттерді  бұлжытпай  басшылыққа  алып,  іс-тәжірибеде 
қолдануды  және  басқалар  тарапынан  да  осының  бәрінің  орындауын  қадағалауды 
міндеттеп,  соны  мақсат  тұтатыны  рас.  Бұл  ретте  әр  қоғам  мүшесінің  тиісті  кісілік 
қасиеттерді  бойына  сіңіруге  деген  талпынысын,  құлшынысын  туғызудың  қажеттігі, 
жұртты соған жұмылдырудың маңызы ерекше бағалы [1, 11 б.]. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
199 
Қазақ  шешендерінің  сөздерінде  адамгершілік,  кісілік  тағылымының  адам мен 
қоғам  арақатынасының  барлық  салаларының  әсер-ықпалы  арқылы  жүзеге  асатын 
күрделі процесс ретінде бағалануының маңызы зор. Бұл арақатынас ата-ана мен бала, 
адам мен адам, адам мен қоғам секілді бірнеше деңгейде қатар жүзеге асуы мүмкін. 
Оның үстіне шешендік сөздердің кісілік туралы тұжырымдалған қағидаларының бір 
сәттік,  белгілі  бір  жалпы  ұғым,  жеке  құбылыс  мазмұнын  ғана  қамтып  қоймай, 
халықтық  маңызы  мен  мәні  жоғары,  бір  күндік,  бір  сәттік  емес,  мәңгілік  асыл 
қасиеттер мен оқиғаларға, құбылыстарға негіздеуінде де үлкен мән, азаматтық тұрғы, 
эстетикалық нысана  бар [2, 25 б.]. 
Қазақ  шешендерінің  кісілік  кемелдік,  адамгершілік  тұрғы  туралы 
концептуалды ойлары олардың өмір сүрген дәуірінің, заманының мәдени-әлеуметтік, 
рухани  болмысына,  эстетикалық,  этикалық  тұрғысына  сай  қалыптасқан.  Бұл 
бағыттағы  ізденістер  өте  күрделі  әрі  тұтас  арнаға  ұласып  жататын  нақты  іс-
әрекеттерден,  кісінің  мінез-құлқын  белгілейтін  өзекті  қағидалар  жүйесінен  бастау 
алады. 
Торайғыр бидің сөзінде кісілік тағылым маңызды сипатымен ерекшеленеді: 
Қара жерді жамандама –  
Кіретұғын інің-ді. 
Қауым жұртты жамандама – 
Көп табады мініңді. 
Білгендерді жамандама – 
Басшы болар пірің-ді. 
Өзің білмесең, 
Білгендерден үйрен, 
Қырымнан іздеп барсаң да, 
Жалғыз ауыз білімді [3, 275 б.]. 
Жамандау,  даттау  тағылымы  асқан  кісінің  ісі  емес,  кісіліктің  де  ісі  емес.  Ал 
ненің  жақсы,  ненің  жаман  екенін  жете  білмей  тұрып,  біреулерді  немесе  белгілі  бір 
құбылыстарды  жамандау  –  адамның  кісілік  негіздерінің  жетіспеушілігінің  көрінісі. 
Қара жерді, қауым жұртты,  білгендерді жамандауға тыйым салу, одан сақтандырып 
отыру – шешендік сөздің, билер сөзінің басты көркемдік-тағылымдық міндеттерінің 
бірі.  Торайғыр  би  мына  сөзі  арқылы  айналасындағы  жұртты  кісілікке  шақырып, 
кісіліктің  көзі  білімде  жатқаны,  қанша  қиын,  қанша  алыс,  қанша  ауыр  болса  да 
“жалғыз  ауыз  білім”  алу  қажеттігі  туралы  салиқалы  тұжырымға  келеді.  Бұл 
тұжырымда  кісінің  адамгершілік  тұрғысының  нәтижелілігі,  кісілік  биік  қасиеттер 
біліммен, ақыл-ой байлығымен тығыз байланысты екендігі туралы үлкен идея жатыр. 
Шешеннің  әр  сөзі,  әр  ойы  мазмұны  жағынан  анық,  айқын,  түрі  жағынан 
қарапайым,  нақты  әрі  бейнелі.  Қара  жерді  кіретұғын  ін  ретінде  көрсету  – 
ауыстырудың бір түрі. Кісінің әйтеуір бір қара жердің қойнына кіретінінде сөз жоқ. 
Бұ  дүниеден  қайтқан  соң  кісіге  керегі  –  қара  жер  қойнынан  тиетін  “ін”.  Шешеннің 
айтып отырған “іні” – кісінің көрі. Бұл екі сөздің орнын ауыстырып, бірінің орнына 
екіншісін  қолдану  шешеннің  ойын  ажарлап,  ойлауының  суреттілігін,  бейнелілігін 
танытып  тұр.  Екінші,  жағынан  осындай  анық,  айқын  мағыналы,  әрі  нақты,  әрі 
бейнелі, суретті сөз кімнің де болса аптығын басып,  сабасына түсіретіндей ғажайып 
күшке  ие.  Сөздің  мәнін  ұғатындай  түсінігі  бар  кісі  бұған  бірден  жауапкершілікпен 
қарап,  артық  қылық  жасаудан,  ағат  мінез  көрсетуден  бірден  тыйылады.  Шешеннің 
сөзінің келесі бөліктері, ондағы әрбір тұжырымды ой, пікір  туралы да осыны айтқан 
дұрыс. Оларда да кісіге ықпал-әсер етуші, кісінің ойы мен сезімін қатар билеуші зор 
көркемдік-тағылымдық мән бар. 
Қазақ  халқының  шешендік  ойының,  әсіресе,  кісілік  саласындағы  эстетикалық 
көзқарастарының  дамуына  Бөлтірік  шешен  зор  еңбек  сіңірді.  Шешеннің  бұл 
бағыттағы  еңбегінің  маңызы  оның  қазақ  шешендік  өнерінің  дамуына  сіңірген 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
200 
еңбегімен  пара-пар  болмаса,  одан  еш  кем  емес.  Бөлтірік  шешеннің  кісілік  тағылым 
туралы идеялары ғана емес, жалпы қазақ шешендік өнерінің көркемдік-тағылымдық, 
қазақ шешендерінің эстетикалық көзқарастары әдебиеттану ғылымында күні бүгінге 
дейін  зерттелмей  келгені  рас.  Ұлттық  тағылым  көздерін,  халық  мәдениетінің, 
шешендік сөздердің адамгершілік негіздерін бүгінгі күн талаптарына сай зерттеудің 
ғылыми  және  практикалық  маңызының  жоғары  екендігі  ешқандай  күмән 
тудырмайды. 
Адамгершілік,  кісілік  қазақ  шешендік  өнерінің  мағыналық  өзегін  құрып  қана 
қоймайды,  қазақ  шешендерінің  дүниетанымының,  өмір  құбылыстарын  танып, 
көркемдік бағалау тұрғысының да бірден-бір асыл өзегі болып табылады. 
Бөлтірік  шешен  –  кісілік  тағылым  туралы  ой  толғаған  өткен  дәуірдегі  қазақ 
шешендерінің  ең  ұлыларының  бірі.  Бөлтірік  шешен  “Орынсыз  болса  сөзің  жау 
тартады”,  “Бәрінен  де  сол  дұрыс”,  “Саңылауы  жоқпен  сабақтас  болма”,  “Әкең  қапа 
болады”,  “Жаның  жеті  жаманнан  аман  болсын”,  “Өнерің  мен  өнегең  азбасын”, 
“Балаға ақыл” және басқа да сөздерінде баланы, кісіні жаман әдеттен сақтандырып, 
жақсы әдетке талпындырып сөйлейді. Мысалға, “Орынсыз болса, сөзің жау тартады” 
деген сөзге назар аударып көрейік: 
Кердең болса, аяғың жау тартады. 
Кесірден болса, таяғың жау тартады. 
Кіді болса, мінезің жау тартады. 
Ірі болса, білегің жау тартады. 
Міншіл болса, ақылың жау тартады. 
Сыншыл болса, талабың жау тартады. 
Жайсыз болса, жүрісің жау тартады. 
Қамсыз болса, түр-түсің жау тартады. 
Тойымсыз болса, көзің жау тартады. 
Орынсыз болса, сөзің жау тартады [2, 97-98 бб.]. 
Шешеннің  сөзінің  өзегінде  кісінің  басын  дауға  салып,  жауды  шақыратын 
мінез-құлық  пен  қылықтар  тобы  жатыр.  Оларды  шешен  өз  ойынан  ойлап  таппай, 
халықтың  дәстүрлі  мәдениеті,  байырғы  адамгершілік  нысана-тұрғысы  мен 
өлшемдері,  танымы  негізінде  даралап  сипаттайды.  Аяқтың  кердең  болуын,  кісінің 
кердең-кердең  басуын  оның  көңілінің  толуының,  мейманасы  тасуының, 
мастануының  сыртқы  көрінісі  ретінде  бағалау  дұрыс.  Халық  “Семіздікті  қой 
көтереді”,  “Жаман  атқа  жал  бітсе,  жанына  торсық  байлатпас”  және  басқа  қанатты 
сөздердің түпкі мағынасы бақ пен дәулетті көтере алмай, көзін шел басқан, құдайын 
ұмытып,  иманын  жоғалта  бастаған  жандардың  мінезін  мінеумен  сәйкес  келеді. 
Шешеннің  ойында  “кердең  болса”,  кісінің  “аяғының жау  тартатындығы”  ғана  емес, 
балаға  кердең  басып,  жау  шақырмау  туралы  ескерту,  сақтандыру  жатыр.  Ғибрат 
айтып қана қоймай, белгілі бір нақты сипаттағы мінез-құлықтан, қылықтан ескерту, 
солардан  сақтандыру  шешендік  сөз  өнерінің  көркемдік-тағылымдық  қызметінің 
нақты  нәтижелілігін  қамтамасыз  етуге  ықпалын  тигізеді.  Шешеннің  көздегені  де 
адамгершілік нысана-тұрғысының осындай нәтижелі сипат  алуы.  Шешен кісіге жау 
шақыратын  жайсыз  мінез-құлық  пен  қылықтарды  белгілі  бір  жалпыландырған, 
жинақталған  деңгейде  толық  қамтиды:  кердең  аяқ;  кесірлі  таяқ;  кіді  мінез;  жуан 
білек;  міншіл  ақыл;  сыншыл  талап;  жайсыз  жүріс;  қамсыз  түр-түс;  тойымсыз  көз; 
орынсыз сөз. Халық: “Жау қайда деме, жар астында”, – деп орынды айтқан. Жаудың 
қайдан келерін, қандай жаудың келерін алдын ала болжап, біліп отыру мүмкін емес. 
Алайда  жауды  шақыратын,  жауға  алдыратын  мінез-құлық  пен  қылықты  жинақтап 
айтуға, даралап анықтауға  болатынын Бөлтірік шешеннің сөзі толық көрсетіп отыр.  
Бұларды  белгілі  сипаттарына  қарай  бірнеше  топқа  бөлуге  болдаы:  1)  кісінің  түр-
түсіндегі бегілер мен нақты қылықтары; 2) кісінің мінез-құлқындағы ерекшеліктер; 3) 
кісінің  ақыл-ой  қызметінен  туындайтын  іс  сипаттары.  Аталған  топтар  жүйесінде 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
201 
кісінің басына дау, жанына жау шақыратын құбылыстар, оқиғалар түгел қамтылған. 
Мұның  өзі  шешеннің  адамгершілік  идеялары  мен  кісілік  тағылымға  қатысты  ой-
пікірлерінің  басты  бір  қырын,  көркемдік  жүйелі  ойларының  терең  бір  тағылымдық 
мәнін танытатын еді. Бір ғажабы, шешеннің биік көркемдік-эстетикалық нысанасына 
сай  айтылған  осы  бір  ғибратты  сақтандыру  шараларының  өмірлік  маңызы  бүгінгі 
заман  үшін  де  өте  жоғары  болып  табылады. Талаптың  тым  сыншылдығы,  ақылдың 
міншілдігі, мінездің кіділігі, көздің тойымсыздығы, сөздің орынсыздығы...  – осының 
бәрі  бүгінгі  заман  адамы  үшін  де  орынсыз,  оның  сау  басына  сақина  салатын,  жоқ 
жерден  жау  шақыратын  жайсыз  қылықтар  екені  даусыз.  Шешеннің  кісілік  тұрғы 
қалыптастыру  мақсатында  айтқан  сөздерінің  осыншалық  өміршеңдігі,  маңызы  мен 
мәнінің  жоғарылығы  оның  ұстанған  азаматтық  идеяларының,  эстетикалық 
көзқарастарының тереңдігінен туындап жатса керек. 
Күншілдік деген бар, содан сақтан, 
Кекшілдік деген бар, содан сақтан. 
Астамшылық деген бар, одан алыс жүр, 
Сараңдық деген бар, одан қалыс жүр. 
Қараулық деген бар, одан таза бол, 
Бәлеқорлық деген бар, одан ада бол, 
Ынсапсыздық деген бар, содан аман бол, – 
дегенде  де  Бөлтірік  шешен  жоғарыдағы  ойларын  басқа  қырынан  басқа 
деңгейде,  абстрактылы  ұғымдар  жүйесіне  көшіріп,  көркем  баяндайды.  Күншілдік, 
кекшілдік,  астамшылық,  сараңдық,  қараулық,  бәлеқорлық,  ынсапсыздық  –  адамның 
мінезін  бұзатын,  оның  адамгершілік  болмысын  жоятын  дұшпан  осылар  еді.  Кісіге 
дұшпан  бұл  қылықтардың  залалы,  кісі  болғысы  келетін  жанның  бұлардан  қашық 
болуы  туралы  пікірлер  құранда  да  көрініс  тапқан.  Қазақ  әдебиетінің  көне  дәуірі 
нұсқаларында,  орта  ғасыр  әдебиетінде  де  бұл  мәселелерге  ерекше  орын  берілген. 
Халық  мәдениеті  мен  шешендік  өнердің  осындай  байырғы  дәуірден  бері  жалғасып, 
сұрыпталып,  дәстүрге  айналған  бағалы,  көркемдік  және  тағылымдық  маңызы  зор 
ұғымдары  мен  өлшемдеріне  сүйене  отырып,  Бөлтірік  шешен  өз  эстетикалық 
көзқарастарының  тұтасқан  жүйесін  ұсынады.  Қайсыбір  тұстарда  оның  ойлары  мен 
Абайдың идеялары да үндесіп жатады. Оның үстіне шешен аталған жағымсыз мінез-
құлық  нышандарының  жалпы  кісі  бойында  емес,  өз  баласының  бойында  болмауын 
көздеп  сөйлеген.  Соған  қарамастан  бұл  сөздер  басқалар  үшін  де  ғибратты,  өйткені 
шешен санап айтып отырған жаман қылықтар бір адамның ғана емес, барша жұрттың 
жауы,  жалпы  адамгершілік  пен  кісіліктің  дұшпаны  қатарына  жатады.  Сондықтан 
шешеннің  көркемдік-тағылымдық  ойлары  да  жалпылықтық  мағынаға  ие  болып 
шыққан. 
Шешендік өнерде кісінің жеке басының жау тартатындай кемшіліктері осылай 
сарапталғанда,  оның жеке  басынан  тыс,  айналасындағы  жақындары мен  тұтынатын 
заттарының,  мал-мүлкінің  жамандығынан  пайда  болатын  жаулық  та  кеңінен 
көрсетіледі. 
Жаман болса, жақын – жау, 
Шайпау болса, қатын – жау, 
Шабан болса, атың – жау, 
Тартыншақ болса, түйең – жау, 
Тебеген болса, биең – жау, 
Күнде келсе, күйеу – жау, 
Жымысқы болса, жиен – жау, 
Тіл  алмаса, ұлың – жау, 
Арсыз болса, қызың – жау [4, 197 б.], – 
деген  Жанқұтты  шешеннің  сөзінде  кісінің  жақын  айналасынан  келетін 
жаулықтың  сыры  мен  сипаты  қатар  айтылған.  Бұл  да  өзінше  жеке  және  маңызды 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
202 
тақырып.  Б.  Адамбаев  осы  сөзге мазмұндық, идеялық  талдау  жасай  келіп,  мынадай 
пікір  түйеді:  “Бұл  сөзден,  біріншіден,  халықтың  бақылағыштығы  байқалса, 
екіншіден, барлық нәрсені өзінің пайдасына қарап бағалайтын феодалдық қоғамның 
өзімшілдік  көзқарасы  көрінеді.  Уақтылы  ұзатылмаған  баласын жауға  санау  –  сөзсіз 
соның салқыны” [1, 70 б.].  
Ахмет Байтұрсынов Қазыбек би айтқан бір сөзді Ыбырайұлы Шорман жинаған 
сөздердің  ішінен  алып  баяндайды.  Сөз  желісінде  Қаздауысты  Қазыбек  бидің 
жолдастарымен  жолаушылап  жүріп,  бір  үйге  түстенгені  баяндалады.  Үйде  отағасы 
жоқ екен. Әйел қонақтарын жақсылап күтеді. Әйелдің жақсылығын таныған би енді 
оның  ерін  көрмек  болыпты.  Жолдасы  келеді.  Ол  бір  қарапайым,  жұпынылау  кісі 
екен. Осыдан кейін Қазыбек қасындағы серіктеріне қарап, мына сөзді айтады: 
Жігіттер, бұл сөзімнің мәнісі бар, 
Мәнсіздің мәндіменен не ісі бар. 
Құданың құдіретін қарап тұрсаң, 
Жапалақ үйрек ілген бр ісі бар. 
Үй  иесінің  әйелі  Қазыбектің  сөзінің  мәнісін  түсініп,  сөз  ретіне  қарай  былай 
депті: 
Құдаеке, сөзіңіздің мәнісі бар, 
Мәндінің мәнсізбенен көп ісі бар. 
Жапалақ ілген құсын місе тұтпай, 
Тағы да қоңыр қаздан дәмесі бар. 
Сөзден сөз туады деген – осы. Әңгіме үй иесі келіншектің өз отбасына қатысты 
тұспалымен  айтылған  сөзді  ақылмен  аңдап,  тұспалға  тұспалмен  жауап  бере  білуі 
туралы.  Мұндай  жауап  сөз  айту  үшін  кісінің  ойы  алғыр,  ақылы  бай,  сөзге    шешен 
болуы шарт. Әйел осы шарттардың бәрін де қанағаттандыратын сөз айтқан. Әйелден 
мұндай алғырлық пен тапқырлықты, ақылдылық пен шешендікті күтпеген жолаушы 
қатты разы болады. Сол разылық көңілден мынадай кісілік сөзін айтып салады: 
Балаң жаман болса, 
Көрінгеннің мазағы. 
Атың жаман болса, 
Шыбын жанның азабы. 
Қатын жаман болса, 
Бұ жалғанның тозағы. 
Туған балаң жақсы болса, 
Екі көздің шырағы. 
Мінген атың жақсы болса, 
Бұл дүниенің пырағы. 
Алған жарың жақсы болса, 
Мейманыңның тұрағы [1, 247-248 бб.]. 
Шешендер  сөзге,  сөйлеуге  осынша  зор  мән  береді.  Оның  көркемдік 
танымының, эстетикалық ойларының жүйесінде, адамгершілік үлгі беру мақсатында 
айтқан шешендік сөздерінде әдепті сөйлеуге ерекше орын беріледі. Адамгершіліктің 
асыл  арқауын  да  ол  сөйлеу  әдебімен,  тәрбиелі  сөйлеумен  сабақтастырады.  Мұның 
өзі,  белгілі  дәрежеде,  халықтың:  “Аңдамай  сөйлеген  ауырмай  өледі”,  “Басқа  бәле 
тілден”  және  басқа  осы  секілді  даналық  пікірлермен  де  ұштасатыны  рас.  Скиф 
Анахарсистің: “Тіліңе, құлқыныңа, нәпсіңе ие бол” [5, 81 б.], – деген өиет сөзі де бұл 
ойдың  көне  замандағы  бір  көрінісі  іспетті.  Осы  бағыттағы  ғибратты,  тағылымды 
көркемдік ойлар басқа данышпандардың еңбектерінде де мол [5, 81-82 бб.]. Бөлтірік 
шешен  өзінің  сөз  хақындағы  әдеби,  эстетикалық  ойларын  олардан  гөрі  толық  және 
жүйелі,  шешендік  өнер  өнегесіне  сай  келістіріп  толғайды.  Бұл  жерде  шешендік 
өнердің  поэтикасына  тән  басты  ерекшеліктердің  бірі  ұғымдар  мен  ойлардың  және 
олардың  жүйесінің  бір-біріне  қарама-қарсы  қойылуы,  ол  қарама-қарсылықтардың 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
203 
көркемдік-эстетикалық  болмысы мен  қызметі  ерекше  маңызды.  Сөз  болып отырған 
қарама-қарсылықтар, негізінен, егіз болып келеді. Олар мынадай: 1) жаман сөз-жақсы 
сөз;  2)  жаманға  айтқан  сөз-жақсыға  айтқан  сөз;  3)  ойсыз  сөз-ойлы  сөз;  4)  ойсызға 
айтқан  сөз-ойлыға  айтқан  сөз;  5)  айтылып  қалған  сөз-айтылмай  қалған  сөз.  Шешен 
осы  жұп  қарама-қарсылықтардың  әр  сыңарына  сипаттама,  баға  бере  отырып,  сөз 
туралы,  сөйлеу  туралы  күрделі  әдеби,  эстетикалық  тұжырымдар  жүйесін  жасайды. 
Сөйтіп  сөзін  түзеген  шешен  тыңдаушысын  да  түзу  жолға,  адамгершілік  мұратқа 
бастайды. 
Сөздің  түйінделу  тәсілі  де  көркемдік  және  шығармашылық ой  мен ойлаудың 
байлығын, тереңдігін көрсетеді: 
Сөйлемес жерді білсең, 
Сөйлемес жерде сөйлемей қалуды білсең, 
Бәрінен де сол дұрыс. 
Олай болмаған жерде, 
Қанша асыл деме – 
Сөзіңнің алды, бұрыс, 
Арты – ұрыс [2, 104 б.]. 
Халық:  “Үндемеген  үйдей  бәледен  құтылады”,  –  дейді.  Онда  үлкен  шындық, 
үлкен тағылым, үлкен кісілік мән бар. Бірақ мұның мәнісін өз басынан өткен өмірлік 
тәжірибе арқылы тану бір басқа да, осы айтылған сөз арқылы ұғу бір басқа. Кейінгі 
жағдайда бұл сөздің мәнісін әркім дұрыс түсіне бермеуі мүмкін. Бөлтірік шешен өз 
сөзінің мағынасын бұдан гөрі нақты әрі затты, ұғымды да ұтымды баяндайды. Оның 
үстіне ол мүлде үндемеу  керек деген ой ұсынбайды. Үндемес жерде үндемеу керек 
деген  ой  ұсынбайды.  Үндемес  жерде  үндемеу  туралы  ой  тастайды.  Ал  үндемес, 
сөйлемес  жерді  білу  тағы    әркімнің  қолынан  келе  бермейді.  Ол  тіл  шешетін,  тіл 
аңғаратын, тіл танитын нәрсе емес. Үндемес, сөйлемес жерді білу – ақылдың қасиеті. 
Демек,  шешен  сөздің  еркін  тілге  емес,  ақылға,  кісілік  танымға  билету  қажет  деп 
біледі.  Сөйтіп  шешен  шешендік  сөз  негізін  ақыл  байлығымен,  білім  тереңдігімен 
байланыстырады.  Бұдан  шешеннің  көркемдік-эстетикалық  ойларының  түрлі 
салалары өзара бір-бірімен сабақтасып жатқанын аңғару қиын емес. 
Шешен  енді  бірде  сөзді,  ойды,  істі  өзара  ұштастыра  баяндап,  ойының 
көркемдік-эстетикалық,  әлеуметтік  мәнін  тереңдете  түседі.  “Ойың  ақ  болсын,  сөзің 
ақ  болсын,  Ісің  ақ  болсын”,-  деп,  тілек  қана  айтып  қоймай,  тікелей  талап  қояды. 
Мұны аталы сөз, ғибрат деп қана қоймай, әрі эстетикалық, әрі этикалық талап ретінде 
қабылдау дұрыс. Сонымен қатар бұл талаптың мағыналық тұрғыдан толықтығын да 
атап  көрсету  керек.  Егер  осы  үш  талаптың  бірі  айтылмаса,  онда  сөздің  де,  ондағы 
ойдың  да  танымдық-тағылымдық,  эстетикалық  мәні  әлсіреп  қоя  берер  еді.  Ой  ақ 
болмаса,  сөздің  ақтығы  мүмкін  болмас  еді.  Керісінше,  сөзі  ақ  болмайтын  кісінің 
ойының ақтығы тағы қиын. Ал ісі ақ болмаған кісінің ойы мен сөзінің ақ болуы және 
мүмкін  емес.  Ой  мен  сөздің,  істің  бірдей  ақ  болуы  ғана  кісінің  ақтығы,  адалдығы 
туралы  толық  ұғым  қалыптастырады.  Шешен,  осылайша,  кісінің  ақтығы,  адалдығы 
туралы  толық  түсінік,  толық  ұғым  қалыптастыратын  құбылыстар  тобын  дәл  тауып, 
өзінің  көркемдік-эстетикалық  ойының  мағынасын  тереңдетіп,  тағылымдық  қуатын 
арттыра түседі. Шешен мұнымен тоқтап қалмай, әрбір талабының мазмұнын түзетін 
сапалық қасиеттің бастау көзін, шығу тегін де анық көрсетеді: 
Ойыңның ақ болмағы – арыңнан, 
Сөзіңнің ақ болмағы – жаныңнан. 
Ісіңнің ақ болмағы – ақылдан [2, 101 б.]. 
Арлылық, жанның тазалығы, ақылдылық – шешендік сөзден туатын ойлардың 
мазмұнын  құрайтын  басты  категориялар  қатарына  жатады.  Ой  мен  сөздің,  істің 
ақтығы  туралы  да  осыны  айтуға  тура  келеді.  Шешен  сөзінде  де  бұл  категориялар, 
олармен  байланысты  ұғымдар  өзара  сабақтасып  қана  қоймайды,  өзара  сабақтаса 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
204 
отырып, сатылы түрде дамиды. Алғашқы үш ұғым кейінгі үш ұғымға ұласады. Бұдан 
шешеннің    ұғымдар  мен  құбылыстардың  арасындағы  байланыс  пен  сабақтастықты 
жете анықтап, оларды логикалық заңдылықтар трғысынан дұрыс топтастырып, биік 
көркемдік  деңгейде  жинақтай  білгенін  байқауға  болады.  Мұның  өзі  шешеннің 
шығармашылық  ойларының  неғұрлым  толық,  терең  әрі  көркем  ашылуын,  анық  та 
айқын сипат алуын қамтамасыз еткен. Өмірден түйген ойларының неғұрлым толық, 
терең,  көркем  өрнектелуі  шешеннің  басты  эстетикалық  және  шығармашыық 
нысанасы  болғанда, олардың  анық,  айқын,  сұлу  сипатталуы  негізгі  шығармашылық 
принцип жүйесіне ұласады. 
Шешендік  өнер  жүйесінде  жақсы  мен  жаман  туралы  ұғымдарға  негізделген 
ойлардың  маңызы  аса  зор.  Мұндай  ойлар  мен  көзқарастардың  қай-қайсысының  да 
жақсыға  үйретіп,  жаманнан  жирентуді  мақсат  тұтатынында  да  сөз  жоқ.  Дегенмен 
жақсы  мен  жаманның  парқын  арнайы  толғаған  шешендік  сөздерде  шешеннің  бұл 
бағыттағы  идеялары  айтарлықтай  кең  және  көркем  баяндалған.  Оларда  жақсы  мен 
жаман  бір-біріне  қарама-қарсы  ұғымдар  ретінде  мейлінше  түсінікті,  ұғымға  жеңіл, 
нақты әрі затты түрде сипатталады. Мысалы, мына сөздің жүйесін алып қарайық: 
(1)
 
            Жақсы деген кісінің 
 
 
Алды-арты бірдей жарық болар 
 
 
Жақсы деген ісіңнің 
 
 
Бас-аяғы бірдей анық болар. 
(2)
 
              Жаман деген кісінің 
 
 
Алды-арты бірдей жау болар. 
 
 
Жаман деген ісіңнің 
 
 
Бас-аяғы бірдей дау болар. [6, 19 б.]. 
Сөз бірнеше күрделі ұғымды қамтиды: а) жақсы деген кісі; ә) жақсы деген іс; 
б)  жаман  деген  кісі;  в)  жаман  деген  іс.  Шешен  адамның,  жалпы  халықтың  өмірі, 
тұмыс-тіршілігі  үшін  аса  маңызды  болып  табылатын  бірнеше  асыл  қасиеттерді 
таңдап  алып,  оларды  әдеби-эстетикалық  үлгіде  түсіндіреді.  Сөйтіп  “жақсы  кісі”, 
“жақсы  іс”,  “жаман  кісі”,  “жаман  іс”  туралы  өмірлік  маңызы  зор  пікір,  ұғым 
қалыптастырады. Бұл ұғымдардың сөз жүйесінде баяндалуы бейнелі, суретті. Жақсы 
кісінің  “алды-арты  бірдей  жарық”  болуы  –  осындай  бейнеліліктің,  суреттіліктің 
белгісі.  Мұндағы  жарық  күннің  немесе  шамның  жарығы  емес.  Мұндағы  жарықтың 
мәнісі  бөлек.  Онда  жақсы  кісінің  жақсылығы  өзгелерге  жақсылық,  игілік,  ізгілік 
болып таралатыны туралы ой, астарлы мағына бар. 
Өмір құбылыстарын бұлайша образды, бейнелі (метафоралық) күйде суреттеу 
арқылы сөзге ажар беріп қана қоймай, үлкен мән беру  – шығармашылық ойлаудың, 
көркем жинақтаудың ең бір келісті көрінісі. Сөздің құрылым жүйесінде де шынайы 
поэтикалық  сипат  бар.  Бірінші  шумақтың  мағыналық  құрылымы  екі  түрлі  ұғым 
арнасын  қамтиды.  Екі  ұғым  мағыналық  сипаты  жағынан  бір-бірімен  үндес  (жақсы 
кісі  –  жақсы  іс),  екеуі  де  “жақсы”.  Екінші  шумақтың  мағыналық  құрылымы  да  екі 
түрлі  ұғым  арнасын  қамтиды.  Бірақ  бұлар  алдыңғы  шумақтың  мағыналық 
құрылымын  түзетін  екі  түрлі  ұғымға  қарама-қарсы  ұғымдар  тобынан  (жаман  кісі  – 
жаман іс) құрылады. Осылайша жақсы кісі мен жақсы іске, жаман кісі мен жаман іске 
сипаттама берілген соң, шешен былайша үзілді-кесілді талап қояды: 
                         Жаман істі қостама, 
 
Жаман кісіні бастама. 
 
Жақсы істі тастама, 
 
Жақсы кісіні жасқама... [2, 101 б.]. 
Сөзің бірінші бөлімінде (бастақы екі шумақ) белгілі бір құбылыстар, ұғымдар 
тобына сипаттама, түсінік, баға  берілсе, мына бөлімде (беріліп отырған шумақ) сол 
сипаттама,  түсінік,  баға  негізінде  қойылған  үзілді-кесілді  талап,  тыйым  салу  бар. 
Өмірде  адам  үшін  бұл  талаптың  атқаратын  қызметі  зор.  Өйткені  бұл  –  кісілікке 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
205 
қойылатын  талап,  жамандыққа  салынатын  тыйым.  Шешеннің  шығармашылық  ойы 
мен ойлауының тереңдігі мен кеңдігін, өмірлік маңызы мен пайдасын сөздің келесі 
мағыналық бөлігінің мәнісі одан әрі арттыра түседі: 
(1)
 
       Жаман істі қостасаң, 
 
Қарың талады. 
 
Жаман кісіні бастасаң, 
 
Жағың талады. 
(2)
 
      Жақсы істі тастасаң, 
 
Өнерің азады. 
 
Жақсы кісіні жасқасаң, 
 
Өнегең азады [2, 101 б.]. 
Жоғарыда  көрсетілген  талапты,  тыйымды  бұзу  осындай  нәтижеге  әкеліп 
соғады.  Бұл  жерде  де  шешен  ойын  бейнелі,  көркемдік  тұрғыда  келісті  жеткізген. 
Тағы  да  көркемдік  бейнелеу  тәсілі  ретінде  ауыстыру  (метафора)  ерекше  қызмет 
атқарып тұр. “Қардың талуы”, “жақтың талуы”  – түгелдей ауыспалы мағына береді. 
“Өнердің азуы”, “өнегенің азуы” да осындай мағынасымен құнды. 
Сөз соңы былай бітеді: 
(3)
 
Қарың мен жағың талмасын 
Өнерің мен өнегең азбасын [2, 101 б.]. 
Бұл  –  сөздің    түйіні.  Ілгеріде,  сөздің  басқа  мағыналық  бөліктерінде  айтылған 
ойдың,  көркемдік-эстетикалық  толғаныстардың  қорытындысы,  “тобықтай  түйіні” 
осы  екі  тармақ  бата  сөзде  жинақталған.  Екі  тармақ  тілек  сөздің  алғашқысы  Сөздің 
төртінші  (4)  шумағында  айтылған  ойдан  туындайды.  Ал  бұл  шумақтағы  (4)  ой 
үшінші  (3)  шумақтың  алғашқы  екі  тармағындағы  ойдан  шығады.  Бұл  ой  сөздің 
екінші  (2)  шумағында  берілген  ойдан  бастау  алады.  Екі  тармақ  тілек  сөздің  екінші 
тармағының туу тарихында да осындай бірнеше саты бар. Осының бәрі сөз мәтінінің 
құрамдас  бөліктері  арасында  терең  сабақтастық,  белгілі  бір  тәртіпке,  өлшемге 
бағынған  байланыс  барын  көрсетеді.  Бұл  сабақтастық  пен  байланыстың  белгілі  бір 
тәртіпке,  өлшемге  бағындырылған  күрделі  жүйесі  сөздің  көркемдік-эстетикалық, 
поэтикалық  табиғатын  кемел  дәрежеге  көтерген.  Мұның  өзі,  айналып  келгенде, 
ондағы  мазмұн  мен  мағынаның,  эстетикалық  ойдың  бағалылығын,  құндылығын 
өлшеусіз  күшейткен  факторлар  қатарына  жатады.  Осы  жолмен  тыңдаушысының 
ойын қозғап, сезімін тербеп, бойын балқыта отырып, шешен өзінің басты мақсатына 
жетеді: тыңдаушысын өз дегеніне иландырады, көндіреді. 
Бөлтірік  шешен  жақсы  мен  жаман,  білімді  мен  надан  туралы  сөз  толғай 
отырып,  үлкен  ғибрат,  адамгершілік  тәлім  болатын  идеялық  ойлар  түйеді.  Балаға 
ғибрат  болсын  деген  мақсатта  айтылған  мұндай  сөздердің  танымдық,  көркемдік-
тағылымдық  маңызы  үлкен.  Бұл  сөздер  бір  балаға  емес,  тұтас  елге,  бүкіл  халыққа 
үлгі  көрсетіп,  кісілік  кемелдікке  шақыратын,  адамгершілік  байлыққа  бастайтын 
идеялар ұсынады. Осы ретте шешеннің мына бір сөзіне көңіл аударып көрейік: 
Жақсы мен жаманның парқын 
Жаман емес, жақсы біледі, 
Жаман нені біледі. 
Кім жақсы болса, саған сол жақын. 
Надан емес, білімді біледі, 
Надан нені біледі. 
Кім білімді болса, саған сол жақын [5, 180 б.]. 
Жақсы мен білімді туралы ойларын толғай келіп, шешен баласына жақсының, 
білімдінің  ғана  жақын  бола  алатынын  ескертеді,  жаман  мен  наданнан  үміт  күтуге 
болмайтынын  аңғартады.  Жаман  мен  наданнан  баласын  алыс  ұстау  мақсатында, 
оның  ойында,  жаман  мен  надан  туралы  қажетті  ұғым  қалыптастыру  мақсатында 
шешен әлеуметтік-эстетикалық мәні үлкен даналық сөз айтады: 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
206 
 
 
Жаманның көңілі лас, 
Наданның көңілі нас. 
Бірі тазармайды, 
Бірі ағармайды [5, 180 б.]. 
Жаман мен надан туралы, олардың көкірек-көңілі туралы бұдан артық әсерлі, 
бұдан  артық  көрікті  айту  қиын.  Өйткені  мұнда  көзбен  көріп  тұрғандай  нақты 
шындық  жатыр.  Шындық  құбылысты  бұлайша  шырайландырып,  үлкен  кісілік 
идеяның  негізі  етіп  жинақтау  –  шешеннің  сөз  өнеріне  жетік  шеберлігі  мен  өмір 
сырына қанық даналығын бірдей білдіретін қасиет. 
Ізбасты  шешеннің  мына  сөзінде  кісілік,  кісілік  қасиет  туралы  қазақ 
шешендерінің шығармпашылығына тән тақырыптық арна көркемдік жағынан келісті 
түрде таратылады: 
Арғымақ аттың құйрығы – 
Сатса – жібек, кессе – қыл. 
Жақсы жігіт белгісі – 
Түзде мырза, үйде құл [7, 79 б.]. 
Шешеннің  сөзінің  бірінші  жартысы  бір  мағынаны  білдіреді,  екінші  жартысы 
мүлде басқа ұғымды ұсынады. Шешеннің айтайын деп отырған негізгі ойы, ойының 
түйіні сөздің екінші жартысында көрініс тапқан. Алайда шешен сөзін осы деңгейде, 
осы құрылымда айтып қоя қоятын болса, онда оның ойының қуаты, көркемдік әсері 
айшықты ашылмаған болар еді. Тыңдаушы жұрт оның мәніне, идеяның өзегіне жете 
бойлай алмаған болар еді. Өйткені бұлай болғанда шешен тыңдаушыларын өз ойын 
қабылдауға алдын ала дайындамай, бірден айтып салған болып шығады. Шешендік 
өнерде  бұлай  жасауға  болмайды.  Бұлайша  сөз  айту  шешеннің  сөзінің  көркемдік 
деңгейін  түсіреді,  өткірлігін  жояды.  Ізбасты  шешеннің  сөзінің  бірінші  бөлімі 
шешеннің  негізгі  ойына  тікелей  қатыссыз  болғанмен,  тыңдаушы  жұртты  сол  ойды 
лайықты  қабылдауға  алдын  ала  дайындайды:  тыңдаушылардың  назарын  өзіне 
аударады;  олардың  көңіліне  жол  табады.  Осы  ретте  шешеннің  қолданып  отырған 
сөздері,  ұсынып  отырған  ұғымдары  барынша  оңтайлы  көркемдік  қызмет  атқарады. 
Өйткені  дәстүрлі  қазақ  қоғамында  арғымақ  аттың  орны  да,  қызметі  де  айрықша 
үлкен.  Ол  туралы  айтылатын  ойды  да,  сөзді  де  жұрт  құлықсыз  тыңдай  алмайды. 
Оның үстіне арғымақ аттың құйрығының тұрмыстағы пайдасы да үлкен: сатса, жібек 
болады;  кессе,  қыл  болады.  Екеуінің  де  тұрмыстық  мәні  зор.  Міне,  осындай 
жайларды,  сөз  тыңдаушы  халықтың  тұрмыс-тіршілігі,  өмірі  үшін  аса  маңызды 
құбылыстарды  суреттеу,  олардың  адам  өмірі  үшін  пайдасын  шеберлікпен  суреттей 
отырып,  шешен  айтарлықтай  маңызды  шығармашылық  қадам  жасайды:  тыңдаушы 
жұрттың  назарын,  ықыласын  өзіне,  өзінің  сөзіне  аударып  алады.  Сонан  соң  ғана 
жұртқа айтайын деген ойының желісіне көшеді. Соның нәтижесінде шешеннің тұтас 
сөзі,  айтқан  ойы  тыңдаушы  жұрттың  көкейіне  қона  кетеді.  Әрі  айтылған  сөздің 
бірінші бөлімі мен келесі бөлімі өзара үйлесіп, біріне екіншісі байланып, бір-бірімен 
сабақтасып,  бірі  екіншісін  еске  түсіріп,  шақырып  тұратын  болады.  Бұл  –  сөздің 
композициясына тән ерекше поэтикалық құндылық шешеннің көркемдік ойлауының 
шығармашылық даралығын танытады. [8, 18 б.]. 
Шешендік сөз түрлерін А. Байтұрсынов мынадай бес түрге бөлгені белгілі:  
1)саясат  шешен  сөзі;  2)билік  шешен  сөзі;  3)  қошемет  шешен  сөзі;  4)  білімір 
шешен сөзі; 5) уағыз сөз [9, 222-223 бб.]. 
Б.  Адамбаев  шешендік  сөздерді  мазмұнына  қарай  үшке  бөледі:  а)  шешендік 
арнау; ә) шешендік толғау; б) шешендік дау [9, 69 б.].  
Бүгінгі күннің әдеби ойлары тұрғысынан алып қарағанда, шешендік сөздерді а) 
ділмәр  сөз,  ә)  билік  сөз,  б)  нақыл  сөз  деп  едәуір  жалпыландырып  топтастырған 
орынды болмақ [9, 137 б.]. Қазақ шешендік сөздерінің байырғы үлгілеріне осы тұрғы 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
207 
сәйкес  келеді.  Бұл  тұрғыдан  келгенде,  ділмәр  сөз  тек  афоризм  ғана  емес.  Ділмәр 
сөздің  аясы  одан  кеңірек.  Жоғарыда  айтылған  сөздің  алғашқы  бөлімі  ділмәр  сөз 
талаптарына  сай  болғанда,  кейінгі  бөлімі  нақыл  сөз  талаптарына  сай  келеді.  Бұл  – 
Қазыбек бидің белгілі ахуал аясында өмірдің бір шындық оқиғасынан алған ғибраты 
негізінде  туған  нақыл  сөз.  Онда  кісілік  қасиеттер,  өмірдегі  қадірлі  құбылыстар 
ардақталады.  
Кісілік,  кісілік  өлшемдері  –  өмірдің  барлық  саласын  қамтитын  күрделі 
құбылыс. Кісілік өлшемдерін, кісілік қасиеттерін шешендік сөздер жүйесінде көркем 
суреттеу  аса  күрделі  шығармалық  процесс.  Бұл  процесс  барысында  көздеген 
мақсатқа  жету  жолында  ізденістер  бірнеше  нәтижеге  қатар  алып  келуі  мүмкін:  1) 
басты  мақсатты  нәтиже;  2)  қосалқы  нәтиже.  Аталған  нәтижелерге  жету  жолының 
сипаты  түрліше.  Олардың  негізгілері  мынадай:  а)  бірқалыпты;  ә)  аттамалы 
(секірмелі). Ақыл-ой мен ойлаудың қатысына орай бұл процесс нәтижелері тағы да 
іштей  жіктеле  түседі:  а)  саналы  түрде  жүзеге  асатын  процесс  нәтижесі;  ә)  саналы 
бақылаусыз  жүзеге  асатын  процесс  нәтижесі.  Бұл  нәтижелер  қандай  болғанда  да 
шешеннің  шығармашылық  ойы  мен  ойлау  қызметінің  нақты  өмірлік  тәжірибемен 
тығыз бірлігі арқылы ғана мүмкін  болмақ. Шешендік өнерде жинақталған кісілік а) 
іс-қимылдағы, жүріс-тұрыстағы дағды ретінде, ә) санаға сіңген, ақыл-ойды байытқан 
білім  мен  білік  ретінде  қалыптасады.  Шешендік  сөз  бұл  ретте  көркемдік-
эстетикалық, мәдени-қозғаушы күш қызметін атқарады. [10, 112 б.]. 
Қазақ  шешендерінің  сөздерінде  басты  тақырыптық  бағыттардың  бірі  кісілік 
қасиеттерге негізделеді. Кісілік қасиеттер, кісілік қасиет өлшемдері жайындағы терең 
толғаныстары мен шығармашылық тұжырымдар жүйесі арқылы шешендер қазақ сөз 
өнерінің мазмұн жағынан баюына, пішін, көркемдік түр жағынан кемелденуіне үлкен 
үлес қосты. 
Әдебиеттер: 
1.
 
 Адамбаев Б. Шешендік өнер. – Алматы: Ғылым, 1999. – 204 б. 
2.
 
Әлменұлы  Б.  Шешендік  сөздер  /  Құраст.,  түсініктемелерін  жазған  
Ж. Дәдебаев. – Алматы: Ғылым, 1993. – 144 б. 
3.
 
Сейфуллин С. Билер дәуірінің әдебиеті. – Қызылорда, 1932. – 129 б.  
4.
 
Төреқұлов  Н.  Даланың  дара  ділмарлары  –  Алматы:  ЖШС  “Қазақстан” 
баспа үйі, 2001. – 592 б. 
5.
 
Дәдебаев  Ж.  Бөлтірік  Әлменұлы  және  қазақ  шешендік  өнері.  –  Алматы: 
Қазақ университеті, 1996. – 180 б. 
6.
 
Ел  аузынан.  Шешендік  сөздер  /  Құраст.  Адамбаев  Б.,  Жарқынбекова  Т.  – 
Алматы: Жазушы, 1998. – 366 б. 
7.
 
Қазақтың  шешендік  сөздері  /Құраст.  Б.  Адамбаев.  –  Алматы:  Ана  тілі, 
1999. – 160 б. 
8.
 
Көпеев М.Ж. Қазақ билері // Жұлдыз. – 1992. – №8. – Б. 186-197. 
9.
 
Байтұрсынов  А.  Әдебиет  танытқыш  /    Байтұрсынов  А.  Шығармалары  / 
Құраст. 
Шәріпов Ә., Дәуітов С. – Алматы: Жазушы, 1989. – 298 б. 
10.
 
Мәметова Ә. Шешендік сөздер // Қазақ әдебиетінің тарихы. І т.  – 
Алматы, 1945. – 285 б. 
 
Ержанова У.Р., Ашенова Р.Р. 
Аспекты гуманности и красноречие 
 
В статье рассматриваются вопросы риторики, находчивости в красноречии. 
Даны  научные  выводы  исследования,  как  определение    ораторской  речи  с  позиции 
этнолингвистики 
производится 
на 
основе 
исследования 
языковой 
мотивированности. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
208 
Ключевые слова: ораторская речь, словообразование, лигвистический разбор, 
гуманизм. 
 
Erzhanova U.R., Ashenova R.R. 
Aspects of humaneness and eloquence 
 
  The  article  deals  with  oratorical  eloquence  in  speech.  There  are  given  scientific 
conclusions related to oratorical speech from the position of ethno-linguistics based on the 
language  motivation.  As  well  as  the  symbolic  function  of  proverbs  considered  from  the 
point of view of the expression plane and the content plane. 
  Keywords: derivation, linguistic analysis, oratorical speech, humaneness. 

жүктеу 5.14 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет