Республики казахстан


а) Тюнен моделімен таныстыру



жүктеу 5.14 Kb.
Pdf просмотр
бет24/44
Дата09.01.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44

а) Тюнен моделімен таныстыру. 
Тюнен моделі географияда қолданылған алғашқы модельдердің бірі. Ғылымда 
модельдеу  әдісін  қолдану  сол  ғылымның  даму  деңгейін  көрсетеді,  сондықтан  да, 
география  ғылымы  қарапайым  сипаттау,  суреттеу,  классификациялау  әдістерінен 
күрделі  математикалық  талдауды  қажет  ететін  модельдеуге  көшуі,  ғылымды 
теориялық-әдіснамалық тұрғыда дамытты. Тюнен ұсынған моделден соң, соған ұқсас 
Алонсо моделі пайда болды.  
И.Тюненнің  «Оқшауланған  мемлекеті»  Мекленбургтің  ХІХ  ғасырдағы  ауыл 
шаруашылық  құрылымын  бейнелейді.  Жерді  пайдаланудың  негізгі  сызбанұсқасы  1 
суретте  көрсетілген.  Сызбанұсқа  ені  әртүрлі  тығыз  шоғырланған  зоналадан  тұрады: 
алдымен  жіңішке  зона,  бұл  қарқынды  орналасқан  орман  және  ауылшаруашылық 
аймақтары,  келесі  жуан  зоналар  -бос  жерлермен  қоршалған,  экстенсивті  және 
жайылымды  мал  шаруашылығы.  Кеңістіктік  құрылымның  нысанын  түсіну  үшін 
И.Тюненнің 6 негізгі тұжырымын қарастырайық:  
1.
 
Мемлекет басқа әлем бөліктерінен оқшауланған. 
2.
 
Аталған мемлекетте нарық орталығы болып табылатын жалғыз ірі қала бар. 
3.
 
Бұл  қала  құнарлығы  бірдей  және  қатынауға  ыңғайлы  үлкен  бірыңғай 
жазықтықта  орналасқан.  Сондықтан  да,оның  кез  келген  нүктесінің  транспорттық 
және өндірістік шығымдары бірдей.  
4.
 
Қаланы ауылшаруашылық өнімдерімен фермерлер қамтамасыз етеді.  
5.
 
Барлық  фермерлер  өнімдерді  қаланың  орталық  бөлігіне  сапасы  бірдей  жол 
тораптарын пайдалану арқылы өздері тасымалдайды. Сондықта да, тасымалдау құны 
қашықтыққа тікелей пропорционалды болады. 
6.
 
Тұтынушылардың  қажеттіліктерін  ескеріп,  шығарылатын  өнім  көлемін 
реттеп отыратын фермерлердің табысы барынша көбейеді.  
И.Тюнен 6 қағиданы негізге ала отырып, қаланың ішіндегі жер бағасы сияқты, 
ауылдық  жер  телімдерінің  құны  орталық  қаладан  алшақтаған  сайын  төмендейтінін 
көрнекі бейнеледі [1, 162 б.].  

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
184 
 
Сурет 1. Оқшауланған мемлекетті аймақтандыру [2, 167 б.] 
 
1.
 
Бау-бақша шаруашылығы 2. Орман шаруашылығы 3.Қарқынды егіншілік 
аймағы 4.Сүтті мал шаруашылығы 5. Экстенсивті астық шаруашылығы 6.Экстенсивті 
мал шаруашылығы  
b)
 
Моделдің Орал қаласы мысалында тәжірибелік қолданбалылығын 
анықтау.  
Батыс  Қазақстан  облысына  Тюнен  моделін  өзгертулерсіз  жаппай  қолдану 
барысында бірнеше мәселелерге келіп тоқталамыз. Себебі Тюнен өз еңбегінде белгілі 
бір  табиғи  ерекшеліктері  бар  оқшау  мемлекетті  мысалға  алады.  Яғни  БҚО  мен 
Тюненнің  оқшау  мемлекеті  арасында  бірнеше  ұқсатықтары  мен  айырмашылықтары 
бар.  Сол  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтарын  студенттер  сабақ  барысында 
интерактивті  тақтада  ұсынылған  сызбанұсқаны  пайдалану  арқылы  айқындаулары 
қажет. 
Ұқсастықтары: 
-
 
Тюнен  моделінің  оқшау  мемлекетінде  негізгі  ірі  тұтынушысы  ретінде 
бір  ғана  қала  бар.  Батыс  Қазақстан  облысында  да,  ірі  тұтыну  орталығы  –  Орал 
қаласы. 
-
 
БҚО  модельде  ұсынылған  мемлекеттей  бірыңғай  жазықты  жерде 
орналасқан. 
-
 
Фермерлер екі жағдайда да өз тауарларын қалаға өздері жеткізеді.  
-
 
Тюнен  моделіндегі  қала  мен  Орал  қаласына  фермерлер  өнімді 
сұранысқа сай, тұтынушыларды қажет ететін көлемін ғана алып келеді. 
Айырмашылықтары: 
-
 
Тюнен моделінде мемлекет  басқа әлемнен оқшауланған. Ал БҚО басқа 
аймақтармен, яғни облыстармен тығыз қарым қатынаста.  
-
 
Модельде аймақтың барлық территориясының топырағы құнарлы болып 
келеді.  Ал  біздің  облысымыздың  жерінің  құнарлығы  бірдей  деңгейде  емес.  Яғни, 
солтүстіктен оңтүстікке қарай қуаңшылық артады. 
-
 
Тюненнің  моделінде  кез  -  келген  аймақтан  қалаға  дейінгі  жолдардың 
сапасы  бірдей,  яғни  жақсы  қамтамасыз  етілгендіктен,  барлық  фермерлердің  өнімді 
тасымалдауға  кететін  бағасы  бірдей  деп  көрсетіледі.  Біздің  облысымызда 
фермерлердің  әр  аймақтардан  қалаға  қатынауы  жол  тораптарының  әр  түрлі 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
185 
деңгейдегі  сапасына  байланысты,  үлкен  қиындықтарға  алып  келеді.  Сондықтан  да, 
қаладан алшақ орналасқан аймақтары өз өнімдерін алып келуге жоғары баға төлейді.  
-
 
БҚО  аумағының  орталығынан  Жайық  өзені  ағып  жатыр.  Ал  Тюненнің 
моделінде өзен - көлдер қарастырылмаған.  
Тюнен 
моделіндегі 
оқшауланған 
мемлекетпен 
БҚО 
арасындағы 
ұқсастықтарымен  айырмашылықтарын  анықтау  барысында,моделді  Орал  қаласына 
қолдану шектеулері ескерілді. 
c)
 
Нақты  мәліметтер  негізінде  Орал  қаласын  мысалға  ала  отырып 
студенттермен бірге Тюнен моделін құрастыру.   
Студенттерге  қажетті  мәліметтер  ұсынылып,  есептеу  жұмыстарын  жүргізуге 
тапсырма беріледі. БҚО үшін Тюнен моделін құруға көпжылдық орташа мәліметтер 
алуымыз  қажет.  Қала  және  облыс  тұрғындарының  азық-түлік  ресурстарына 
қажеттілігін  анықтау  үшін,  біз,  негізгі  тұтынысқа  ие  азық-түліктің  физиологиялық 
нормасын  қолданамыз.  Бұл  норма  адам  ағзасына  керекті  орташа  тәуліктік 
қажеттілігін ескереді, ол біздің жағдайда 2800 ккал құрайды. Егер 2800 ккал-дан аз 
тамақтанса,  адам  ағзасы  нашарлай  бастайды.  Бұл  нормадан  жылына  бір  адамға 
қажетті азық-түлік ресурстарының көлемін көруге болады [2, 166 б.]. 
Бүгінгі күнде Орал қаласының тұрғындары 230738 адам (2015 жылдың басы). 
Орал  қаласының  тұрғындарына  тиісті,  минималды  азық-түлік  ресурстарымен 
қамтамасыз  етуге  қажетті,  азық-түлік  ресурстарының  санын  анықтау  үшін,  бір 
адамның  тұтынуындағы  азық-түлік  ресурстарының    орташа    жылдық  нормасына 
Орал қаласы тұрғындарының санына көбейтуіміз керек. 
И.Тюнен моделін жасау барысында, келесі амалдар орындалды: 
1.
 
БҚО  жергілікті  халқының  жастық жыныстық және  табиғат  ерекшеліктеріне 
сәйкес  келетін  минималды  тұтыну  нормаларын  негізге  ала  отырып,  Орал  қаласы 
тұрғындарының негізгі ауыл шаруашылық өнімдеріне қажеттіліктері анықталды.  
2.
 
Қажетті  көлемдегі  өнімді  шығаруға  қажетті  ауыл  шаруышылық  жерлерінің 
көлемі мен  жұмыс ресурстарының саны есептелінді.  
3.
 
Қаладан  қашықтығымен    ауылшаруашылық  өнімдерінің  тасымалдану 
деңгейін есеспке ала отырып,ауыл шаруашылық түрлері аймақтарға топтастырылды. 
4.
 
Алынған мәліметтердің негізінде И.Тюнен моделі құрастырылды. 
5.
 
Моделді  түп  нұсқаға  жақындату  әдістерін  қолдану  барысында  БҚО  ауыл 
шаруашылығы  жерлерінің  территориялық  дифференциясының  оптимальды  сызба 
нұсқасы алынды.  
Ауыл  шаруашылық  өнімдерінің  түсімі  мен  малдың  өнімділігінің  көпжылдық 
орташа  көрсеткіші  мен  аталған  нормаларды  есепке  ала  отырып,  мал  басының  саны 
мен  құрылымын  егіншілік  пен  мал  шаруашылығында  еңбек  ресурстарының  санын 
және өнделіп жатқан жер көлемі есептелінді. Моделдің келесі кезеніңде азық көлемін 
алуға қажетті жер көлемі мен ауыл шаруашылығындағы еңбек ресурстарының санын 
анықтау  болды.  Қала  орталығына  тауарды    тасымалдауға  кететін  жанармай  көлемі 
мен  транспортты  оңдауға  қажетті  құралдарды  және  т.б.  шығындарды  есептей 
отырып,  ауыл  шаруашылық  өнімдерінің  өзіндік  бағасы  анықталды.  Аталған 
ерекшеліктерді  ескере  отырып,  қала  тұрғындары  мен  ауылдық  елді  мекен  халқына  
керекті  азық  -  түлік  түрлерінің  минимальды  көлемін  есептеп,  қажетті  ауыл 
шаруашылық жерлерінің көлеміне өзгертулер енгізілді. 
Алынған мәліметтерді ескере отырып, математикалық есептеу әдісінін қолдану 
арқылы  ауылшаруашылық  өнімдерінің  түрлерін,  өндіретін  орындары  мен 
ауылшаруашылық  жерлерін  пайдалану  құрылымы  анықталды.  Облыс  көлемінің 
масштабын  доға  түрінде  бейнелеп,  оның  орталығына  қала  енгізіледі.  Ал  орталық 
нүктенің  айналасына  ауылшаруашылық  өнім  түрлерін  өндіруде  оптималды  болып 
есептелетін,  доға  зоналары  орналастырылды(2  сурет).Алынған  модель,  облыс 
жерлерінің  көп  бөлігіне  сұраныс  жоқтығын  көрсетті.  Кейін  бірнеше  кезеңдерден 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
186 
өткеннен соң, яғни облыстың нақты контуры мен транспорттық желісі ескерілгеннен 
кейін, модель түпнұсқаға жақындатылды. 
Кесте 1. 
Орал қаласын ең төменгі азық-түлік ресурстарымен қамтамасыз етуге қажетті өнімдер 
Өнім 
Бір адамға 
қажетті көлемі 
кг/жыл
1
 
Орал 
қаласының 
қажеттілігі 
(кг, дана)

Өнімнің БҚО 
орташа 
шығымдылығы  
(ц/га, дана, кг)
2
 
Өнімді 
жеткілікті 
деңгейде 
өндіруге 
қажетті 
аумақтың 
ауданы (га)
3
 
Өнімнің 
орташа 
құны 
кг/тг
2
 
Астық 
245 
 
 
 
 
Жарма 
9,1 
 
 
 
 
Бұршақ дақылдары 
1,8 
 
 
 
 
Көкөністер  
164,3 
 
 
 
 
Жеміс- жидектер 
80,3 
 
 
 
 
Қант қызылшасы 
188 
 
 
 
 
Өсімдік майы және 
одан дайындалған 
өнімдер 
13,2 
 
 
 
 
Сүт және сүт 
өнімдері 
362 
 
 
 
 
Ет және ет өнімдері 
70 
 
 
 
 
Балық және балық 
өнімдері 
13 
 
 
 
 
Жұмыртқа 
243 дана 
 
 
 
 
 
1-деректер алдын - ала беріледі 
2-статистикалық мәлімет көздері бойынша анықталады 
3-тапсырманы орындау барысында есептеледі 
Кестемен 
жұмыстану 
үшін 
студенттерге 
2007 
жылы 
өткізілген 
ауылшаруашылық  санақ  деректері,  БҚО  аудандары  бойынша  статистикалық 
жылнамалық, азық-түлік өнімдерінің нарықтық бағасы деректері қажет болады.  
Аталған азық-түлік өнім түрлері [3, 83 б.] авторлары ұсынған келесі топтарға 
біріктіріледі:  
1.
 
Көкөніс, 
сүтті 
мал 
шаруашылығы  мен  құс  шаруашылығы.  2.  Қант  қызылшасы,  күнбағыс,  бау-бақша 
өсіру  аймағы.  3.  Егіншілік  аймағы.  4.Етті  мал  шаруашылығы.  5.  Қой  өсіру 
шаруашылығы.  
Келесі  кезеңде  оқытушы  мен  студенттер  ауылшаруашылық  зоналардың  ретін 
анықтау қажет.  
Есептеулердің дұрыстығын тексеру үшін [3, 83б.] авторлары ұсынған төменде 
көрсетілген карта сұлбасын ұсынуға болады.  

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
187 
 
Сурет 2. Батыс Қазақстан облысына арналған Тюнен моделі (доға ретінде) [3, 
83 б.]. 
 
 
Сурет 3. Батыс Қазақстан облысына арналған Тюнен моделі [3, 83 б.]. 
 
1.Көкөніс,  сүтті  мал  шаруашылығы  мен  құс  шаруашылығы.  2.Қант 
қызылшасы,  күнбағыс,  бау-бақша  өсіру  аймағы.  3.Егіншілік  аймағы.  4.Етті  мал 
шаруашылығы. 5. Қой өсіру шаруашылығы.  
V.  Үйге  тапсырма.  Анкетаны  пайдалану  арқылы  базардан  немесе 
оқушылардың  ауласына  келетін  сатушылардан  ауылшаруашылық  өнімдер  қаладан 
қанша  қашықтықта,  қай  жерде  өндірілетінін  және  қаланың  қай  аумақтарында 
сататынын анықтауы қажет. 
Анкета 
1.
 
Жынысы ________________ 
2.
 
Жасы __________________ 
3.
 
Шаруашылықтың қай түрімен айналысасыз:  
Бау бақша өсірумен_____    Егіншілікпен______    Мал 
шаруашылығымен______ 
4.
 
Өнімдерді қандай елді мекеннен алып келесіз? 
________________________ 
5.
 
Тауарды тасымалдау барысында көліктің қандай түрін пайдаланасыз: 
Жеке_________      Қоғамдық____________ 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
188 
6.
 
Өнімді қаладан қанша шақырым жерден алып келесіз: 
________________________ 
7.
 
Өзініздің жеке жер теліміңіз бар ма, әлде жерді жалға алып отырсыз ба?  
Иә________    Жоқ_________ 
8.
 
Тыңайтқыштарды пайдаланасыз ба:  
Иә________     Жоқ_________ 
9.
 
Мал шаруашылығымен айналысатын болсаныз, малдың қандай түрін 
көп өсіресіз? 
Кесте 2 
Мал түрі 
1-5 бас 
5-10 бас 
10-15 бас 
15 және одна 
да көп 
Ірі қара 
 
 
 
 
Жылқы 
 
 
 
 
Түйе 
 
 
 
 
Қой мен ешкі 
 
 
 
 
Шошқа 
 
 
 
 
Құс 
 
 
 
 
 
10.
 
Өнімді шығару барысында қосымша еңбек күшін жалдайсыз ба? 
Иә_________   Жоқ________ 
11.
 
Тауарды Орал қаласынан басқа қандай аймақтарда сатасыз? 
Ауылда_______   Аудан орталығында________   Облыстан тыс 
аймақтарда________ 
12.
 
Өнімді қаланың қандай аймақтарында сатасыз?  
13.
 
Тауарды үздіксіз сатумен айналысасыз ба? 
Үздіксіз______  Мезгілге байланысты: Күз______ Қыс______ Көктем______ 
Жаз______ 
 
Қорытынды. Модель- зерттеу барысында түпнұсқа объект туралы жаңа білім 
беріп,  оның  орнын  алмастыратын  объекттің  материалдық  және  ойша  ұсынылуы. 
Үлгілеу  дегеніміз,  үлгіні  құру,  зерттеу  және  пайдалану  үрдісі.  Ол  абстракция, 
аналогия, гипотеза сияқты ұғымдармен тығыз байланысты. Үлгілеу барысы міндетті 
түрде  абстракцияны  құрастыру,  аналогия  бойынша  ой  тұжырымдау  және  ғылыми 
гипотезаларды  құрылымдау  үдерістерін  қамтиды.  Модельдеу  бұл  -  объектілердің 
құбылыстарын,  үдерістері  мен  жүйелерінмоделдерді  құрастыру  арқылы  зерттейтін, 
ғылыми танымның негізгі әдісі болып табылады.  
Тюнен  моделін  жоғары  оқу  орындарында  оқытылуы  студенттердің  есептеу 
жұмысарын  жүргізу  арқылы  кез-келген  аймақтың  ауылшаруашылығын  зерттеп, 
өнеркәсіп орындарын тиімді орналастыру заңдылықтарымен таныстырады. Сонымен 
қатар,  оларға  картамен  және  статистиалық  мәліметтермен  жұмыс  жасап,  зерттелу 
аймағының  картографиялық  моделін  жасауға  үйретеді.  Яғни,  студенттердің 
білімділік, ізденушілік дағдыларын қалыптастырады.  
   
Әдебиеттер: 
1.
 
Амельченко  В.И.  Использование  модели  И.Тюнена  в  прогнозировании 
размещения  сельского  хозяйства  Западно-Казахстанской  области  //  Регион  и 
география:  Тезисы  докладов  междунар  научно-практ.  конф.  Ч.  1,  Вып.  2.  –  Пермь, 
1995. – С.162-163.  
2.
 
Гатауов  Н.Х.  Модель  Тюнена  для  Западно–Казахстанской  области  // 
География в современном мире: Сборник научных статей6 посвященных 100 летию 
со  дня  рождения  С.А.  Ковалева  и  65-летию  Западно-Казахстанского  
географического  общества.  –  Уральск:  Издательский  им.  М.Утемисова,  2012.  – 
С.166-167.  

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
189 
3.
 
Амельченко  В.И.  Использование  модели  И.Тюнена  для  изучения  сельского 
хозяйства  Западно-Казахстанской  области  //  География  общества:  Сборник 
географов. – Уральск: Издат. центр ЗКГУ им. М.Утемисова, 2008. – С. 83-84.  
 
Искалиев Д.Ж., Агалиева С.Е., Қуаныш Б.Е. 
Метод изучения модели Тюнена (на примере города Уральска) в высших 
учебных заведениях 
В  статье  рассматривается  методика  изучения  в  высшей  школе  модели 
Тюнена,  являющаяся  наглядным  примером  работы  экономических  законов  в 
географическом пространстве.  
Ключевые  слова:  Модель  Тюнена,  Модель  Алонсо,  поурочный  план, 
сельскоехозяйство, практическая работа, анкета, самостоятельная работа. 
 
Iskaliyev D.Zh, Agaliyeva S.E., Kuanysh B.E. 
Study method of Tunen model (Uralsk as an example) in universities  
The article contains a study method of Tunen model in higher education institutions, 
which shows the functioning of economical laws in geographical environment.  
Keywords:  Tunen  model,  Alonso  model,  class  plan,  agriculture,  practical  work, 
questionnaire, individual project. 
 
*** 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
190 
 
                                       
 ФИЛОЛОГИЯ 
                          ФИЛОЛОГИЯ 
                           PHILOLOGY 
 
 
ӘОЖ:  81'373 
Исакова С.С. – филология ғылымдарының докторы, профессор, 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті  
E-mail: sabira-i@yandex.ru 
 
ҚҰРЫЛЫСЫ ӘР ТҮРЛІ ТІЛДЕРДЕГІ ӘКЕ/ОТЕЦ/PÈRE БЕЙНЕСІНІҢ 
СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ  
(ҚАЗАҚ, ОРЫС, ФРАНЦУЗ  МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІ БОЙЫНША) 
 
Аннотация.  Мақалада  құрылысы  әр  түрлі  тілдердегі  әке/отец/père 
бейнесінің  семантикалық  сипатына  талдау  жасалынады.  Әке/отец/père  бейнесінің 
қазақ,  орыс,  француз  мақал-мәтелдеріндегі    лингвомәдени  өрісі  қарастырылады. 
Мақалада  топтастыру  әдісі,  түсініктеме  әдісі,  салғастырмалы-тарихи  әдіс, 
лексикографиялық  әдіс,  когнитивті-лингвомәдениеттанымдық  әдістер  жиынтығы 
қолданылды.  Тілдерді  салғастырмалы  зерттеу  ұлттық  менталитетті,  ұлттық 
сананы,  ұлттық  көзқарасты  және  этнос  мәдениетін  терең  түсінуге  ықпал 
ететіндігі туралы тұжырымдар жасалады. 
Тірек  сөздер:  Құрылысы  әр  түрлі  тілдер,  концепт,  лингвомәдени  өріс, 
ұлттық менталитет, ұлттық сана, салғастырмалы-тарихи әдіс. 
 
Соңғы  жылдары  тіл  білімінде  адам  мен  тілдің  өзара  байланысын  басты 
назарға  алатын  антропоцентрлік  парадигма  өмірге  келді.  Аталған  жаңа  зерттеу 
бағыты бойынша құрылысы әр түрлі тілдердегі мақал-мәтелдерді салғастыра зерттеу 
өзекті болып отыр.  Бұл тұрғыдан бірқатар ғылыми еңбектер жарық көрді. Мәселен, 
мақал-мәтелдердің  тілдік  табиғаты,  олардың  басқа  тұрақты  тіркестермен 
ұқсастықтары  мен  ерекшеліктері  А.Байтұрсынов,  Ш.Кеңесбаев,  Б.Адамбаев, 
Ә.Қайдар,  салыстырмалы-салғастырмалы  тұрғыдан  А.Нұрмаханов,  Э.Мұқышева, 
А.Донбаева, 
Д.Бегалы, 
К.Керімбекова, 
С.Исакова, 
т.б. 
жұмыстарында 
қарастырылған. Жалпы және орыс тіл білімінде В.Виноградов, Н.Амосова, М.Тагаев, 
Н.Шанский,  Г.Пермяков,  Л.Булаховский  сынды  ғалымдар  нақты  теориялық 
тұжырымдарымен белгілі.   Зерттеу жұмыста қазақ, орыс, француз тілдерінің мақал-
мәтелдеріндегі  ӘКЕ/ОТЕЦ/PÈRE  бейнесін  салғастыра  зерттей  отырып,  олардың 
мазмұн  межесіндегі  ұқсастықтары  мен    ұлттық  сипатын  ашу.  Аталған  тілдік 
бірліктердің  семантикалық  құрамындағы  ортақ  тұстары  мен  ерекшеліктерін  және 
олардың себеп-салдарларын айқындау мақсат етіледі.  
 
Қазақ тілінде әке, ата бейнесіне қатысты мақал-мәтелдер жиі кездеседі.  
Әке, ата сөздеріне байланысты мақал-мәтелдер, нақыл сөздер қатары: 
Аталар сөзі – ақылдың кені (көзі) [1, 13 б.]; Ата үйім – алтын бесік, кірсем шықсам 
сипалар  [1,  17  б.];  Ата-анаңды  құрметтесең,  сен  де  сондай  игілік  көресің  [1,  21  б.]; 
Әке сөзі – оқ, шеше сөзі – боқ [1, 29 б.]; Әкесіз жетім – гүл жетім, шешесіз жетім – 
сұм  жетім  [1,  30  б.];  Байлықтың  атасы  –  еңбек,  анасы  –  жер  [1,  32  б.];  Әке  балаға 
қарыз, бала далаға қарыз [1, 30 б.]; Елің – ата, жерің – ана [1, 55 б.]; Жер байлықтың 
анасы болса, әкесі – еңбек [1, 73 б.]; Ата – балаға сыншы [2, 62 б.]; Атаңа не қылсаң, 
алдыңа  сол  келер  [3,  152  б.];    Атадан  жақсы  ұл  туса,  ата  жолын  қуса  игі,  Балаңды 
жұрт  мақтаса,  бәрінен  де  сол  сүйгі  [4,  64  б.];  Ата  баласының  ат  меңіндей  белгісі 
болады [5, 55 б.]; Бата баласы азарында – асық ойнайды [2, 62 б.]; Өзіңді көрген өлсе 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
191 
өлсін,  атаңды  көрген  өлмесін  [2,  62  б.];  Әкесі  құрдастың,  баласы  құрдас  [2,  62  б.]; 
Әкенің жақсылығы жездедей-ақ [5, 55 б.]; Бала атадан батпан артық туады [5, 55 б.]; 
Баланың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге [2, 62 б.]; Атаның жаман ұлы малға ортақ, 
әрі  үйлі  жанға  ортақ  [2,  62  б.];  Атадан  жақсы  ұл  туса,  есіктегі  басын  төрге  сүйрер, 
Атадан жаман ұл туса, төрдегі басын жерге сүйрер [2, 62 б.]; Ата  – бәйтерек, бала – 
жапырақ  [5,  55  б.];  Аталы  ұл  –  қожалы  құл  [2,  62  б.];  Әкелі  жетім  –  анық  жетім, 
шешелі  жетім  –  анық  жетім  [2,  62  б.];  Атасыз  ұлдың  аузы  үлкен  [2,  62  б.];  Атадан 
жақсы ұл туса, елінің қамын жейді,  Атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді [3, 64 
б.]; Атадан жақсы ұл туса, қар үстінде от жанар Атадан жаман ұл туса, ат үстінен ит 
қабар [3, 64 б.]; Ата өліп бала қалса, мұратына жеткені, Бала өліп ата қалса, арманы 
іште кеткені [2, 62 б.]; Әке – асқар тау, ана – жағасындағы бұлақ, бала – жағасындағы 
құрақ [5, 127 б.]; «Ата» деген жігітті жаным десе болмас па [4, 64 б.]; Ата тұрып бала 
сөйлесе,  шіркіндігі,  аға  тұрып  іні  сөйлесе,  еркіндігі  [4,  64  б.];  Ата  тұрып  ұл 
сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без [4, 64 б.];  Ата тілін алмаған ұлдан 
без, ана тілін алмаған қыздан без [4, 64 б.]; Ата тілін алмаған аман болып көп жүрмес 
[4,  64  б.];  Атаның  көңілі  балада,  баланың  көңілі  далада  [4,  64  б.];  Атаға  қарап  ұл 
тумас, анаға қарап қыз тумас [4, 64 б.]; Жеті атасын білмеген – жетімдіктің белгісі [5, 
58 б.];  Атадан алтау туса да, басына түсер  бір жалғыздық [4, 64 б.]; Әкенің  қадірін 
балалы болғанда білерсің [5, 167 б.]; Әке – тірегің, ана – жүрегің; Әкеден асқан пірің 
жоқ, шешеден асқан нұрың жоқ; Ата-ана  - өмірдегі қымбаты;  Ата-ана  – отбасының 
ажары;  Ата-анасын  қорғағанды  тәңірі  қолдайды,  Ата-анасын  қорлағанды  тәңірі 
қарғайды; Ана – құдырет, табынарың, әке – дәулет, қара нарың; Ата сөзі – оқпен тең, 
ана сөзі – отпен тең; Ана тілің – ақ сүтің, ата дәстүр – сана құтың; Анаңның ақ сүтін 
ақта,  бабаңның  құтын  сақта    [6,  28  б.];  Әкелі  болу  –  шын  бақыт,  оны  ақтау  –  мың 
бақыт; Әкеге баланың алалығы жоқ [4, 64 б.]; Бір бала әкесіне жете туады,  Бір бала 
әкесінен өте туады, Бір бала кері кете туады [4, 64 б.]; Баласы әкесіне үйретпес [4, 64 
б.];  Атадан  ұл  қалса,  өзі  қалғаны,  қыз  қалса,  ізі  қалғаны  [4,  64  б.];  Шешесін  көріп, 
қызың  ал,  әкесін  көріп  қызың  бер;  Атасы  басқа  аттан  түс;  Аталы  сөзді  арсыз 
қайырады [5, 176 б.]; Атасы достың баласы дос; Қыз бала әкесіне жұлдыз, шешесіне 
–  күн [1, 100 б.];  Мақал атасы  – сөз, мата   атасы  – бөз [1, 105 б.];  Ықпалсыз болса 
ұлына ата сөзі, беделсіз болғаны ғой оның өзі [1, 144 б.]; Атасыз үй – батасыз, анасыз  
үй  –  панасыз;  Ата  көрген  оқ  жонар,  ана  көрген  тон  пішер  [5,  30  б.];  Ата-анаң  бар 
болсын, бала кезде жар болсын [5, 56 б.]; Аталы жетім – арсыз жетім, аналы жетім – 
ерке жетім [2, 62 б.]; Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық; Әкені көріп ұл өсер, 
шешені  көріп  қыз  өсер;  Әкесі  қой  баға  білмегеннің  баласы  қозы  баға  білмейді; 
Ананың ізін қыз басар, әкенің ізін ұл басар; Мақтаның анасы – жер, атасы – су; Ата 
өнері – балаға мұра; Сөз атасы – құлақ, жол атасы – тұяқ, су атасы – бұлақ [5, 44 б.]; 
Ақ қалпақты көрінсе, атекем менің демеймін бе, Ақ жаулықты көрінсе, енекем менің 
демеймін бе [5, 126 б.]; Жақсыдан жаман туған бала болса,  Атаға үйде жатқан сөз 
келтірер  (Шал  ақын)  [7,  102  б.];  Ата-ананың  ақылы  –  қазулы  қара  жолмен  тең 
(Д.Бабатайұлы) [7, 53 б.]; Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер (М.Қашқари) 
[7,  63  б.];  Ата  тұрып  ұл  сөйлесе  –  ер  жеткені  болар,    Ана  тұрып  қыз  сөйлесе  – 
бойжеткені болар (Сырым Датұлы) [7, 65 б.]; Әкелі бала жау жүрек (Бұқар жырау) [7, 
64 б.]; Атасының атын шығармаған жігерсіз ұлдың  туғанынан тумағаны игі (Қорқыт 
ата) [8, 220 б.]; Асқар тауың – әкең қымбет, туып-өскен – елің қымбат (Қазыбек би) 
[7,  10  б.];  Атадан  жақсы  ұл  туса,  елдің  туы  болады,  Атадан  жаман  ұл  туса,  соры 
болады[7, 10]; Әкесі ұрысса балаға – ол да достық, Баласы ұрысса әкеге – жараса ма?! 
(Абай) [8, 144 б.]. 
Орыс тіліндегі отец сөзі қатысқан мақал-мәтелдер, нақыл сөздер: 
Все купишь, а отца и матери не купишь[9, 182 б.]; Птичьего молока хоть в 
сказке  найдешь,    а  другого  отца-матери  и  в  сказке  не  найдешь  [9,  182  б.];    Отец 
наказывает,  отец  и  хвалит  [9,  143  б.];  Про  нашего  батьку  много  молвы,  да  мало 
доброго [9, 143 б.]; На свете все найдешь, кроме отца и матери [9, 143 б.]; Отец рыбак 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
192 
– и дети в воду смотрят [9, 143 б.]; Отец про походы, а мать про расходы [9, 143 б.]; 
Какого дерево, таков и клин, каков батька, таков и сын  [9, 143 б.]; Прежде батьки в 
петлю  не  поспевай  (не  лезь,  не  суйся)  [10,  33  б.];  Отец  с  сыном  и  сам  царь  не 
рассудит; Муж жене отец, жена мужу венец [10, 314 б.]; Отец сына не на худо учит; 
Не слушался отца и матери, послушайся теперь барабанной шкуры; На что отец, коли 
сам  молодец;  Не  оставляй  отца  и  матери  на  старости  лет,  и  Бог  тебя  не  оставит; 
Почитающий отца будет иметь радость от своих детей; Не тот отец, кто родил, а тот, 
кто вспоил, вскормил, да добру научил; Не женит отец – ин хоть словом потешит [11, 
215 б.]; Не за отца отдать, а  за молодца отдать [11, 215 б.]; Без отца  – полсироты, а 
без матери и вся сирота [11, 216 б.]; Бел лицом, да худ отцом [11, 216 б.]; Блудный 
сын – ранняя могила отцу [11, 216 б.]; Бывает добрая овца и от беспутного отца [11, 
216 б.]; В глупом сыне и отец не волен [11, 216 б.]; В дороге и отец сыну товарищ 
[11, 216 б.]; Дети отца бьют, на себя запас посут [11, 216 б.]; Деткипоспели  – отца-
мать до веку доспели [11, 217 б.]; Детки  хороши  – отцу-матери венец; худы  – отцу 
матери конец [11, 217 б.]; Дитя  хоть криво, до отцу-матери мило [11, 217 б.]; Дитя 
худенько,  а  отцу-матери  миленько  [11,  217  б.];  Дочь  отцу-матери  не  корысть  (не 
кормилица) [11, 217 б.]; Жаль батьки, да вести не погост [11, 217 б.]; Живы родители 
– почитай, померли – поминай! [11, 217 б.]; И от доброго отца родится бешена овца  
[11, 217 б.]; Масляная головка отцу-матери не кормилец [11, 218 б.]; Ненаказанный 
отец  –  бесчестие  отцу  [11,  218  б.];  Один  отец,  один  и  норовец  [11,  219  б.];  От 
матушки оттопочки, от батюшки ошметочки – и то почти за подорочек [11, 219 б.]; 
Отец был Флор, а детки Петрович [11, 219 б.]; Отца и материна всю жизнь на хватит 
[11, 219 б.]; Отцов много, а мать одна [11, 219 б.]; Отцы ели клюкву, а у детей будет 
осколина на зубах [11, 219 б.]; Сын отца глупее – жалость, сын отца умнее – радость, 
а  брат  умнее  –  зависть  [11,  219  б.];  У  кого  девка  хороша?  –  У  матки,  У  кого  сын 
умен?  - У батьки [11, 219 б.]; Кто родителей почитает, тот вовеки не погибает [11, 
216 б.]. 
Француз тіліндегі мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер қатары:  
Tel père tel fils (әкесі қандай болса, баласы сондай); Tel arbre tel fruit (ағашы 
қандай болса, жемісі сондай); Bon sang  ne peut mentir (жақсы қан алдамайды); Celui 
est  bien  père  qui  nourrit  (асырап  баққан  әке  жақсы  әке);   Bonne  terre  à  besoin  de  bon 
cultivaneur aussi bonne maison de bon administrateur (жақсы жер жақсы егіншіге, жақсы 
үй жақсы басшыға мұқтаж); Á père avare, fils prodigue (әкесі сараңның баласы сараң);  
Cet homme est père des difficultés -  (қыңыр, қиын әке мағынасында); Il veut montrer á 
son  père á faire des  enfants (бала әкені үйретпес); Les pères ont  mangé des raisins verts 
et les enfants ont eu mal aux dents ( әкесінің күнәсін баласы тартады) [12, 477 б.]; De 
bon  père  et  de  bonne  mère,  ne  sort  enfant  vicieuх  (жақсы  әке-шешеден  жаман  бала 
тумас);  De père amasseur, enfant gaspilleur (үнемшіл әкеден, мал шашқыш бала); De 
père  saintelot  enfant  diablot  (әулие  әкеден  шайтан  бала);  Des  sept  qualités  d'un  enfant, 
l'une  vient toujours  de  son  parrain  (баланың  жеті  мінезінің  бірі  кіндік  әкеден);  Le  bon 
père  ne  donnera  pas  chose  mauvaise  a  son  enfant  (жақсы  әке  баласына  жаман  нәрсе 
бермейді);  Le  bon  père  peut  deshériter  son  enfant  (жақсы  әке  баласын  мұрагерліктен 
қағуы мүмкін); Le feu fait du bien à la  mère comme à l'enfant (жылу балаға да шешеге 
де жақсы); Le père trop gentil rend  l'enfant trop hardi (өте ақылды әке баласын батыр 
қылар);  Père  gaigneur,  enfant  gaspilleur  (мал  тапқыш  әкенің  баласы,  мал  шашқыш 
болады); Quand l'enfant est baptise, les parrains et les marraines ne manquent pas; Quand 
l'enfant est baptise,  les parrains ne  manquent pas (баланы шоқындырғада кіндік әкелер 
мен кіндік шешелер қалмайды);  Qui a père et mère est tousjours enfant (әке-шешесі бар 
адам үнемі бала); Un enfant qui cherche occasion de pleurer, se met a tirer la barbe a son 
pere  (жылағысы келген бала, әкесінің сақалын тартады) [13]. 
Қазақ,  орыс  және  француз  тілдерінің  мақал-мәтелдеріндегі  әке/отец/père 
концептісін  салғастыра  зерттеу  бірқатар  қызық  деректерді  алуға  мүмкіндік  берді. 
Салғастырып  отырған  тілдердегі  әке/отец/père  бейнесінің  семантикалық  мазмұн 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
193 
межесіндегі  ұқсастықтар  мен  айырмашылықтар  анықталды.  Атап  айтар  болсақ,  үш 
тілдегі  мақал-мәтелдер,  негізінен,  әкенің  отбасы  тірегі,  ұйтқысы,  ұрпақ 
жалғастырушысы,  отбасылық  билік,  ата-анаға  қамқорлық,  құрмет  көрсету,  әке 
тәрбиесі,    әке  мен  баланың  қатым-қатынасын,  әке  –  балаға  сыншы,  баланың  әке-
шеше, әке-шешенің бала өмірінде алатын орны т.с.с. төмендегі 1-кестеде көрсетіледі: 
 

жүктеу 5.14 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет