Республики казахстан



жүктеу 5.14 Kb.

бет20/44
Дата09.01.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44

 
КисметовК.Л. – Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік  
университетінің аспиранты 
Куаншалиева Р.Ж. – оқытушы, магистр,  
М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
E-mail: kuaka090677@mail.ru 
 
ҚҰЗЫРЛЫ ЖОҒАРЫ МАМАН ДАЙЫНДАУ - ЖАҢА ЗАМАННЫҢ 
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ БІРІ 
 
Аннотация.  Мақалада  оқыту  үдерісіне  қазіргі  заманғы  әдістемелер  мен 
педагогикалық  технологияларды  енгізу,  педагогтар  құрамының  сапасын  арттыру 
жағдайы,  сондай-ақ  музыка  мұғалімдерінің    кәсіби  шығармашылығын, 
педагогикалық  қызметке  қызығушылығын  ,  дүниетанымдық  көзқарастарын 
арттыру жолдары қарастырылған.  
Тірек 
сөздер: 
Музыка, 
құзыреттілік, 
құзырлылық, 
технология, 
дүниетанымдық көзқарас, шығармашылық, тұлға. 
 
«Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет 
 болу үшін біз сауаттылығы жоғары  
елге айналуымыз керек.  
Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас  
ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың  
тағдыры –ұстаздардың қолында». 
Н.Ә. Назарбаев 
 
Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 
араналған  мемлекеттік  бағдарламасында  педагогтардың  кәсіптік  құзыреттілігін 
дамыту  қажеттілігі  айқын  көрсетілген  болатын  [1].  Сондай-ақ  Қазақстан 
Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту 
- Қазақстан дамуының басты бағыты» – атты Қазақстан халқына Жолдауында «Білім 
беру  жүйесін  жаңғырту  барысында  біз  үшін  келесі  іс-шараларды  жүзеге  асырудың 
маңызы зор" – деген болатын [2].  
 
 
 
 
 
 
Міне, білім беру саласының басты мәселесі оқыту үдерісіне қазіргі заманғы 
әдістемелер  мен  педагогикалық  технологияларды  енгізу  болып  табылса,  ал,  екінші 
басты  мәселелердің  бірі  педагогтар  құрамының  сапасын  арттыру  болып  табылады. 
Яғни  жаңа  дәуірдегі  жаһандану  үдерісіне  төтеп  бере  алатын  болашақтың  зиялы 
ұрпақтарын тәрбиелеу,   біздің мемлекеттің өзекті мәселесі болып отыр. 
ХХІ 
ғасырда 
Қазақстан 
Республикасындағы 
білім 
беру 
жүйесін 
реформалаудағы  стратегиялық  міндеті  –  экономиканың  орнықты  дамуы  үшін  әрбір 
Қазақстан  азаматының  сапалы  білімге  қолжетімділігін  қамтамасыз  етіп,  білімді 
ұрпақты  бәсекеге  қабілетті  етіп  тәрбиелеу  білім  талабы  болып  отыр.  Білім  беру 
жолында  оқушылар  мен  мұғалімдердің  құзыреттігін  қалыптастыру  мәселелерін 
еліміздің  ғалымдары  Ш.Х.  Құрманалина,  Ә.М.  Мұханбетжанова  т.б.  еңбектерінде 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
142 
жан  –  жақты  қарастыруда  [3;  4].    Қазіргі  кезде  кәсіби  құзыреттілікті 
қалыптастырудың  теориялық  және  практикалық  аспектілері  көптеген  ғалымдардың 
зерттеу нысаны болып келеді.  
Б.Т.Кенжебеков  жоғары  оқу  орны  жүйесінде  болашақ  мамандардың  кәсіби 
құзіреттілігін  зерттеу  барысында  кәсіби  құзыреттілік  ұғымына  мынадай  анықтама 
береді:  «кәсіби  құзыреттілік-бұл  кіріктірілген  іргелі  білімдер,  адамның  қабілеттері 
мен  жинақталған  біліктіліктерінің,  оның  кәсіби  маңызды  сапаларының, 
технологияны  жоғары  деңгейде  меңгеруінің,  мәдениеті  мен  шеберлігінің, 
ұйымдастырудағы  шығармашылық  әрекетінің,  өзін-өзі  дамытуға  дайындығының 
бірігуі» [5]. 
 
 
 
 
Г.Ж.  Меңдібекова  болашақ  мұғалімнің  әлеуметтік 
құзыреттілігінің 
қалыптасуына үлкен мән береді. Оның пікірінше, әлеуметтік құзыреттілік  - адамның 
әлеуметтік  шындықты  құндылық  ретінде  түсінуінің,  әрекетті  басқарудағы  нақты 
әлеуметтік  білімінің,  өзін  анықтаудағы  субъективтік  қабілетінің,  әлеуметтік 
технологияны  жүзеге  асыру  біліктілігінің  бірігуі  ретіндегі  кіріктірілген  сапалық 
қасиеттері [6].   Бүгінгі  педагогика  ғылымындағы  жаңа  көзқарас  бойынша  тұлғаға 
бағдарлы үлгі балаларға білім негіздерін беруді емес, оқу және өмірлік жағдаяттарда 
алған 
білімдерін 
шығармашылықпен 
қолдануына, 
түйінді 
және 
пәндік 
құзыреттіліктерді 
қалыптастыру 
арқылы 
өзін-өзі 
дамытуына, 
қоршаған 
шынайылықты түйсінуге, өзінің даралығын сезінуге, негізгі оқу және айналасындағы 
адамдармен өзара әрекеттесу дағдыларын игеруге, өзінің оқу іс-әрекетін ой елегінен 
өткізуге жағдай жасауды мақсат етеді.   Музыкалық 
білім 
мамандығының 
студенттеріне музыканың құдіреттілігін ұғындыруда, музыка арқылы мұғалімдердің 
құзыреттілігін 
жан 
– 
жақты 
дамытып 
жүрген 
ғалым 
– 
педагогтар                                        
Р.Р. Джардемалиева, С. Ұзақбаева, М.Х. Балтабаев т.б. ғылыми зерттеу жұмыстарын, 
іс  тәжірибелерін  қолданып,  құзырлы  ұрпақ  тәрбиелеуде  сапалы  білім  беріп  қана 
қоймай, маңызды іс шаралар ұйымдастыруымыз керек екенін дәлелдеген болатын.  
Бүгінгі  құзыретті  маман  –  ертеңіміздің  құзырлы  тұлғасы.  Сондықтан  да  біз 
тәрбиелеп  жатқан  болашақ  музыка  мұғалімдерінің    кәсіби  шығармашылығын, 
педагогикалық қызметке деген суйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру  және жан 
–  жақты,  дүниетанымдық  көзқарастары  кең,  құзіретті  маман  дайындау  біздің 
міндетіміз.  Осы  міндеттерді  алдыға  қойып,  мектептің  музыка    пәні  мұғалімдерін 
дайындауда,    өз  мамандығын  жетік  меңгерген,  жан  -  жақты  жаңа  технологиямен 
қаруланған  білімді  де,  білікті    құзыретті  тұлға  қалыптастыруды  негізге  алып 
отырмыз. Бүгінгі студент оқу бітіргеннен кейін «төрт жыл бойы алған білімін осымен 
жарайды»  деген  ойлардан  алыс  болып,    мектеп  мұғалімі  атанған  күннен  бастап  
кәсіби шеберлігін үнемі  ізденіспен толықтырып, педагогикалық іс-әрекетін басынан 
қызықты  етіп  ұйымдастыруға  дағдыланып,  бірінен  кейін  бірі  қадам  басып  келе 
жатырған  білім  берудің  жаңа  кезеңін  түсіністікпен  қабылдап,  үнемі  білімін 
жетілдіріп  отыруы  керек.    Себебі  қазіргі  ұрпақты  тәрбиелеуде  мектепке  ойшыл, 
жаттандылықтан аулақ, зерттеуші, ізденімпаз, іскер мұғалім қажет етеді. Сонда ғана 
қоғамды    дамытатын    жас  азаматтың      жеке  тұлғасы  жан-жақты  жетілген,    іскер,  
белгілі  бір  дәрежеде  ғылыми    білім  жүйесін,  ана    тілін,  дінін,  тарихын  меңгерген, 
әртүрлі    жағдайда  алған  білімін  өз  қажетіне  жұмсап,  өздігінен  түсініп,  қабылдап, 
бағалай,  талдай    алады.    Сондықтан      болашақ  музыка  мамандарына  кәсіби  білім 
бергенде,  білім    мазмұнын    қазіргі    ғылым  құрылымына  сәйкестендіріп,  оқу 
тәрбиесінде  шығармашылық  ойлау,  жалпы    азаматтық      мәдениетті,  музыкалық 
талғамды бойына дарыту көзделіп отыр. 
Музыка  мұғалімі  оқушылардың    музыка  өнері  жөніндегі  түсінігін  кеңейтуде, 
ой-өрісін  дамытуда  заман  талабына  сай  құрылған  музыка  сабағын  жүргізуден 
бастайды.  Мұғалім  музыка  сабағында  оқушыларды  әсемдік  әдемінің  таңғажайып 
сырын  терең  түсіндіріп,  көркемдік  атаулыны  шынайы  сезінуге,  одан  рухани  ләззат, 
әсер  алуға,  өмір  жайлы  ой  толғауға,  ізгілікті  мұрат-мақсаттарға  жетелеп,  өнегелі 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
143 
істерге  баулиды.  Осы  маңызды  міндеттерді  орындау  үшін  баланың  бойындағы 
қабілеттілікті  дамыту  керек.  Ал,  жалпы    музыкалық  қабілетті  дамыту  үшін  музыка 
пәнінің мұғалімі  «сегіз қырлы, бір сырлы» болуы қажет. Ол – әнші, музыкант, актер, 
әдебиетші,  тарихшы  қысқасы,  ғылымның  әр  саласынан  хабардар  болғанда  ғана, 
бүгінгі  күн  талабына  сай  ұстаз  бола  алады.  Музыка  мұғалімінің  алдында  үлкен 
жауапкершілік  тұратындықтан, ол  әр  сабақты  асқан  ұқыптылықпен,  терең  біліммен 
жан-жақты  дайындықпен  өткізуге  міндетті.  Қазіргі  заман  оқушыларының  өнерге 
деген  сүйіспеншілігі,  өмірге  деген  құштарлығы,  еңбекке,  іскерлікке  деген  ынтасы 
жоғары.  Міне,  сондықтан  оқушылардың  ата  аналары  мұғалімнен    сапалы  білім 
берумен,  сабақты  жүйелі  ұйымдастыруды  талап  етеді.  Дұрыс  ұйымдастырылған 
музыка  сабақтары,  оқушылардың  бойында  адамгершілікті,  жоғары  мәдениетті, 
саналықты,  тәртіптілікті,  терең  ақылдылықты  қалыптастыратыны  сөзсіз.  Музыка  - 
өнер сабағы.  Мектепте музыка сабағында:  шешендік айтыс, суырып салма ақындық 
өнері,  ән  айту,  жыр-терме,  театр  өнерлері  туралы  және  басқада  өнер  түрлерін 
музыкамен  тығыз  байланыстыра  отыра  толық  мағлұмат  беріледі.  Сонымен  қатар, 
ұлттық өнерге  оқушыларды жастайынан баулу, олардың адамгершілік, эстетикалық 
қасиеттерін  дұрыс  қалыптастыруына,  мәдени  дәстүріне  деген  сыйластық  сезімін 
дамытуға  әсерін  тигізді.  Оқу-тәрбие  процесінің  сапасын  арттырды.  Оқушылардың 
әсемдікті түсіне білу қабілетін дамытады [7].  
 
Музыка  сабағының  айырмашылығы  оның  өнер  сабағы  екендігінде.  Музыка 
өнері  –  өмір  шындығын  айрықша  бейнелеп,  онда  көңіл-күй,  сезім  сияқты  негізгі 
қызметтерді  атқарады.  Музыкаға  оқыту  процесінде  тек  ойлау  арқылы  түсініп  қана 
қоймай, сондай-ақ ақыл мен көңіл-күйдің, сана мен сезімнің бірігуін талап етеді.  
Музыка сабағы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру ісінің мазмұнды, деректі, 
ұғынықты  келуі,  әрі  ән  мен  күйдің  көкейге  қонымды,  әсерлі  болуын  қажет  етеді.   
Яғни музыкадағы осындай құнды дүниелерді оқушының санасына жеткізетін, әрине 
құзырлығы жоғары музыка маманы.  
Музыка  сабағы  бірнеше  музыкалық  қызмет  түрлерінен  тұрады:  ән  айту, 
музыка тыңдау, музыка сауаты және музыкалық ырғақтық қимылдар. Осы негізгі іс-
әрекеттерді  жүзеге  асыру  үшін,  қосымша  дауыс  жаттықтыру,  шығармашылық 
тапсырмалар,  музыкалық-  дидактикалық  ойындар  қолданылады.  Әр    іс-әрекетті 
ұйымдастыру  барысында  кіріспе  әңгімелер,  талдау,  жұмыстарын  бір-бірімен  тығыз 
байланыстыра  отырып,  сабақтың  негізгі  тақырыбына  сай  біртұтас  етіп  өткізуге 
болады.  Музыка  сабағының  кәсіби  ерекшелігінің  өзі,  осы  бірнеше  іс-әрекеттердің 
мазмұнын бір тақырыпқа жинақтауында. Мысалы, сабақтың тақырыбы «Әнім сенсің 
туған  жер»  болса,  тыңдалатын  шығарма  да,  үйретілер  ән  де,  осы  тақырыпқа  сай 
болуы  керек.    Музыка  сабағының  кәсіби  ерекшелігінің  тағы  бірі,  жеке  дара  пән 
болып  қана  қала  бермей,  көптеген  басқа  пәндермен  пәнаралық  байланыста  болады. 
Музыка сабағы басқа пәндердерге қарағанда, көбінесе  практикалық түрде өткізіліп, 
оқушылардың  есту,  логикалық  ойлау  қабілетінің  негізігінде  өткізіледі.  Сабақтың 
барысы  көбіне  музыка  тыңдау,  ән  айту,  тез  ойлау,  әңгімелесу  және  әңгімелеу 
тәсілдері  арқылы  жүргізіледі.  Музыка  сабағынан  басқа  өскелең  ұрпаққа  музыкалық 
тәрбие  музыкалық  тәрбие  жұмысын  ұйымдастыру  мақсатында,    педагогикалық 
үйірмелер,  тақырыптық  кештер,  концерттер,  кездесулер,  айтыстар,  музыкалық  flash 
mob, т.б. шараларды құзыретті оқытушы ғана ұйымдастыра алады.  
Сонымен,  
оқыту      процесін  оқушылардың    белсенді  ақыл-  ой    еңбегі,    саналы    іс-әрекеті   
негізінде      ұйымдастырып,    тәрбиелеу      ісін    қоғам  талабына  лайықты    ғылыми- 
тәжірибелік    бағытта,    ұлттық    психология,      сана-  сезімі    мен    мінез-құлқын 
қалыптастыру  негізінде    ұйымдастырса,   жұмыс нәтижелі  болады. 
Мысалы: 
жас ұрпаққа тек тәрбие объектісі ретінде  ғана емес,  өзіндік  ақыл-ойы,  талап-тілегі,  
қажеті   бар субъекті ретінде  қарап, бойындағы  туа біткен, табиғи  мүмкіндіктерін  
дамыту, бағалау, сенім, үлгі  көрсету, талап  ету арқылы жауапкершілігін жетілдіру,   

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
144 
ынтымақтастық   педагогикасын  қолданып,  оқу-тәрбие   жұмысын  жүргізу  арқылы  
жеке   тұлғаны   қалыптастыруға жол  ашылады.   
Музыка  мұғалімі  музыкалық  шығармалар  арқылы  жас  ұрпақты    өмірдегі, 
күнделікті  тұрмыстағы, еңбектегі, табиғаттағы және әдебиет пен өнердегі  әсемдікті, 
сұлулықты,  адамгершілікті  дұрыс  қабылдап,  түсініп,  бойына  сіңіре    білуге,  әділ 
бағалауға,  тіршілікте  іске  асырып      отыруға  баулу,  әсемдікті    тани,  жасай  білуге 
үйретеді.  Ол  –  әр  оқушының    ақыл-ойын,    әсемдік  жөніндегі  сауаттылығын 
арттырып,  мінез-  құлқының,  тән  мен  жанның  қалыптасуына  ықпал  етеді. 
Жасампаздықты  мұрат  тұтып, өзінің   тұрмысын, мінез-құлқын, адамдармен  қарым 
-    қатынасын,  ұйымдастыра    білу  қабілетін,    қиялын,    эстетикалық  талғамын 
дамытады. 
Міне, құзыретті маман дайындау еліміздің жоғары оқу орындарының көздеген 
басты  мәселесі,  оқу  нәтижесінде  меңгерген  білім  мен  дағдыны  тәжірибеде  қолдана 
алу,  алдына  кезіккен  проблеманы  шеше  алу,  яғни  оқушы  дайындығының  сапасын 
сипаттайтын жаңа сапалық белгісі ретінде қаралады.  ЖОО-ның білім берудегі негізгі 
нәтижесі  -  мектеп  түлегі  оқушыда.  Ал,  мектеп  бітірген  оқушы  құзыретті 
оқытушының  берген  білімінің  арқасында    төмендегі  құзыреттіліктерге  ие    болуы 
тиіс: 

 
Құндылықтарды бағалау құзыреттілігі; 

 
Коммуникативті құзыреттілігі; 

 
Мәдениеттану құзыреттілігі; 

 
Оқу-танымдық құзыреттілігі; 

 
Әлеуметтік еңбек құзыреттілігі; 

 
Тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттілігі; 

 
Ақпараттық – технологиялық құзыреттілігі. 
Құндылықтарды  бағалау  құзыреттілігі  –  жаңа  қоғам  өмірінде  өз  ролін  таба 
білу, біліктілігі, азаматтық белсенділігі, саяси жүйені түсіну, ең алдымен өз жерінің, 
Отанының патриоты болу. 
Мәдениеттану құзыреттілігі – өз халқының және әлем елдерінің мәдениетін 
түсіну,  білу,  бағалау,  жалпы  адамзаттық  мәдениеттің  жетістіктері  мен  этномәдени 
құбылыстарды тану. 
Оқу-танымдық құзыреттілігі – оқушының әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық 
процесін  қамтамасыз  ететін  кешенді  құзырлылық.  Әлемдік  ғылымның  бағытын 
ізденушілік – зерттеушілік әрекет арқылы игеру. 
Коммуникативті  құзыреттілігі  –  адамдар  мен  өзара  іс-әрекет  және  қарым-
қатынас жасау тәсілдерін білу, түрлі әлеуметтік топтармен жұмыс істеу. 
Ақпараттық-технологиялық  құзыреттілігі  –  өз  бетінше  іздей  білу,  талдау, 
таңдап алып өзгерте білу, ақпараттық технологияны игеру. 
Әлеуметтік  еңбек  құзыреттілігі  –  жанұяда,  еңбекте,  экономикада,  саяси, 
қоғамдық  азаматтық  тәжірибе  мен  білімге  ие  болу.  Әлеуметтік-  қоғамдық 
жағдайларға нақты талдау жасап, шешім қабылдай білу. 
Тұлғаның  өзін-өзі  дамыту  құзыреттілігі  –  өзіндік  қадір  –  қасиет  сезімін 
ұйымдастыра білу, өз мүмкіндігін нақты даму жоспарларымен салыстыра білу. Міне 
осындай  құзыреттіліктер  мектеп  бітірген  оқушылардың  бойында  болса,  ЖОО-
студентті атанған күннен бастап өз мамандығына деген қызығушылығы арта түседі. 
Әрбір  музыка  пәнінің  оқытушысы,  міндетті  түрде    педагогикалық  қызметтің 
ерекшеліктерін білулері қажет. 
Олар:  мұғалімі  қызметінің  ерекшелігі;  ұйымдастырушылық,  танымдық, 
эмоционалдық, ізденушілік, т.б. бірнеше бағытта жүргізіледі: Ұйымдастырушылық 
бағыт  мұғалімнің  оқыту,  тәрбиелеу  процессін  жоспарлау  және  ұйымдастырудан 
құрылады.  Бұл  оқу  материалын  іріктеу,  оқу  және  тәрбие  жұмыстарының  түрлі 
формаларын,  сабақ  барысын  ұйымдастыру,  т.б.  Бұл  үшін  мұғалім  мынадай 
заңдылықтарды білуге тиіс:  

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
145 
-
 
мектептегі музыкалық қызметті ұйымадастырудың негізгі формаларын;  
-
 
ұлттық  бағдарламаның  мазмұнын,  оның  идеялық,  теориялық  негізін, 
дидактикалық принциптері мен әдістерін; 
-
 
музыкалық шығарманың көркемдік және тәрбиелік мәнін; 
-
 
оқушылардың жас ерекшеліктерін; 
-
 
оқыту  -тәрбиелеу  процессін  ұйымдастырудың  формалары  мен  әдістерін  әр 
сынып деңгейіне байланысты таңдай білу. 
Танымдық  бағыт  мұғалімнің  оқушылардың  ой  қызметін  басқаруына 
байланысты құрылады.  Бұл үшін мұғалім:  
-
 
ғылыми  теорияның  методологиялық  және  психологиялық-педагогикалық 
негіздерін білуге; 
-
 
білім 
мен 
дағдының 
дидактикалық 
принциптерінің 
қалыптасуын 
қадағалауға; 
-
 
танымдық  процесстердің  мүмкіншіліктерін  және  ақыл-ой  қызметін  бірте-
бірте жетілдіру арқылы басқаруға; 
-
 
оқытуды анық логикалық түсініктемелер арқылы құра білу; 
-
 
пәнаралық байланысты қолана отырып, жүйелі білім беруге; 
-
 
өткен  материал  мен  өтілетін  материалды  байланыстыра отырып,  логикалық 
шешемдерді жасауға; 
-
 
оқушы бойында музыкалық  білім алуға өз еркімен ұмтылысын тәрбиелеуге 
міндетті. 
Эмоцианалдық  бағыт  мұғалімнің  музыка  өнеріне  деген  көзқарасына  және 
оның  оқушылардың  әсемдікті  сезіну  қабілетін  қалыптастыруына  байланысты 
анықталады. 
Бұл үшін музыка мұғалімі мынаны ескеру қажет: 
-
 
мектептегі музыкалық тәрбие жұмысының қоғамдық тәрбиедегі ролін; 
-
 
эмоцианалдық  тәрбиенің  жеке  адамның  жан-жақты  қалыптасуындағы 
маңызын; 
-
 
музыка өнерінің адамға тигізер әсерінің ерекшеліктерін. 
Сонымен  қатар  музыка  маманы  бала  бойында  музыкаға  эмоцианалдық 
көзқарасты  тәрбиелеуге,  эстетикалық  қажеттілікті  дамытуды  бағыттауға,  әсемдікті 
музыкалық  форманың  ең  жетілген  түрлері  мен  идеялық-образдық  мазмұнының 
бірлігі  арқылы  қалыптастыруға  міндетті.  Және  музыка  өнері  арқылы  патриотизм, 
интернациолизм сезімін тәрбиелеуге, музыкалық материалды толық игеру үшін сабақ 
барысында  эмоцианалдық  қалыпты  сақтауға,  оқушылардың  музыка  өнерін  терең 
ұғынуы  үшін  эстетикалық  толғаныс  әлемін  байыту,  кеңейту  үшін  жұмыстануға 
міндетті.  Ізденушілік бағыт мұғалімнің оқу процессін жетілдіру арқылы және кәсіби 
шеберлігін  көтеру  арқылы  көрінеді.  Бұл  мұғалімнің  өзінің  музыкалық- 
педагогикалық  қызметін  талдау  мен  және  озық  педагогтар  тәжірибесін,  жаңа 
әдістерді  педагогикалық  қызметке  енгізуімен  ұштастырылады.  Мұғалімнің  кәсіби-
педагогикалық    қызметінің  өзіндік  ерекшелігі  ғылыми  зерттеулердің  теориялық 
негізін және зерттеу жұмысын өткізу әдістемесін білуде.  
Сонымен қатар педагогикалық кәсіби шеберлігіне мына талаптар қойылады: 
-
 
оқу процессін бақылауға және талдауға; 
-
 
педагогикалық фактілерді бір жүйеге келтіруге; 
-
 
кез  келген  педагогикалық  оқиғаға  музыкалық  білімін,  педагогикалық 
біліктілігін қолдана білуге; 
-
 
музыка  сабағының  құрылымына  жаңа  формалар,  әдістер  қолдану  жолында 
үнемі ізденіс үстінде болуға; 
-
 
сабақтың  тақырыбын  ашу  мақсатына  сәйкес  қосымша  материалдар 
қолдануға; 
-
 
өз еңбегінің жемісін болжай білуге; 
-
 
оқушылардың музыкалық даму деңгейін білуге; 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
146 
-
 
үнемі  білімін  жетілдіруге,  орындаушылық  тәжірибесін,  музыкалық 
репертуарын  толықтыруға,  оқышулармен    сөздік  байланыс  шеберлігін  жетілдіруге 
міндетті.  
Осындай мақсаттағы кең көлемді  жұмыстар өз кезегінде  оқу- тәрбие процесін 
жүргізуге үлкен өзгерістер енгізіп, болашақ мектеп мұғалімдері қызметінің ауқымын 
арттырып,  олардың  ұстаздық  шеберлік  деңгейінің  аса  жоғары  болуын  талап  етеді. 
Музыка  өнері  тек  эстетикалық    тәрбие  құралы  ғана  емес,  оның  ұлттық  болмыс, 
мазмұн,  сипат  сияқты  жақтары  да  бар.  Сондықтан  да  жастардың  музыкалық 
тәрбиесіне  ықпал  ететіндей  жаңаша  түрін  іздеутіру  арқылы,  атқаратын  әр  түрлі 
қызмет түрлерін анықтай аламыз: 
-  Қатынастық  қызмет. 
-  Кәсіби бағытпен тікелей байланыста музыканы дамыту. 
-  Жастар  ойын,  олардың    жалпы  білімдік    деңгейін    мамандыққа  сәйкес 
дамыту. 
-  Мамандыққа  сәйкес тәрбиелік  қызмет т.б. 
Осыларды негізге ала отырып жүзеге асыратын міндетіміз: 
- қазақтың ұлттық мәдениетінің жай-күйін зерттеу; 
- жастар арасындағы мәдени-рухани байлықтарды кеңейту; 
- музыка саласындағы жетістіктерін насихаттау; 
- жас ұрпақтың эстетикалық тәрбиесіне мейлінше көңіл бөлу. 
Музыкалық білім мен тәрбие берудің негізі- ұлттық дәстүрде. Қазақ халқының 
мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін зерттеу мәселесі де жас ұрпақ тәрбиесінде ерекше 
маңызға  ие  болды.  Кез  келген  музыкалық  шығарма  мінездемесі,  құрылымы, 
мазмұны,  жанры,  стилі,  шығу  тарихы  жағынан  бірінші  кезеңде  тұтастық  талдау 
әдісіне  бағынышты.  Екінші  кезеңдегі  бөлшектеп  талдау  әдісі  музыканы  өңдеу, 
әуенді  музыкалық  құралдардың  айқындылығын  меңгеруді  тереңдетеді.  Ал,  үшінші 
кезеңдегі тұтас талдау әдісі  өнердің  бір-біріне жақын түрлерін біріктіреді. Жоғары 
оқу орындарында «Музыкалық білім беру»  мамандығы бойынша  «Музыкалық білім 
берудің  әдістемесі»-  болашақ  маман    музыка  пән  мұғалімін  кәсіби-педагог  ретінде 
дайындауға бағытталған оқу пәндер циклында  негізгі және  интегралданған пән. Осы 
пәнді оқытуда  түрлі әдіс-тәсілдерді  қолдануға болады. Мысалы: 
-  таңдаулы  мұғалімдердің  сабақтарын  көрсетіп,  сол мұғалімнің  көзге  түсерлік 
қыры мен сырын аңғартып жазбаша талдау жасатқызу; 
-  өз  аумағымыздағы  мәдени  өзгешілікпен  таныстырып,  болашақ  мамандарды 
кітап оқу арқылы ғана емес, әр түрлі экскурсиялар, жорықтар, көрмелерге, театрларға  
бару  арқылы баулу; 
-  өзін-өзі  жаттықтыруға  оқу  теледидарын  және  аутогендік  жаттығулар  әдісін 
қолдану ( өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау); 
Іздемпаздыққа тәрбиелеу  үшін   оқытушы тағы да бір тәсілдерді үйрете алады. 
- өз бетінше іс басқару, өзгеге жалтақтамау, тыңнан жол салуға баулу; 
- тәуекелге бел байлау; 
- белсенділік, әуесқойлық, іздену жолындағы жігерлік; 
-  қалыптасқан  дәстүрге  сын  көзбен  қарау,  ұнамаған  әдіс-тәсілдерді  өзгерту 
жолында жаңа ойлай білу; 
- өзге тұлғалармен араласып, өз ойларымен бөлісе білу. 
Болашақ  музыка  пәні  мұғалімінің  бірнеше  кезеңнен  тұратын оқу  процессінде 
оның  алдына  қойылатын  міндеттерді  көрсете  отырып,  музыка  өнеріне  деген 
қызығушылығын  ояту,  музыканы  қабылдау  қабілетін  дамытуды  жүйелі  түрде 
ұйымдастыру  және  халықтық  мұра  –  орындаушылықты  насихаттау  сияқтыларға 
тоқталу  музыка  мұғалімі  қызметін  ашатын  басты  мәселелердің  бірі. Сондықтан 
музыка  пәні  мұғалімі  үнемі  өз  білімін  жетілдіріп,  білімімен  біліктілігін  арттыру 
жолында аянбай еңбек етуге міндетті [8]. Міне , жоғарыда қозғалған өзекті мәселелер 

1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал