Республики казахстан



жүктеу 5.14 Kb.

бет19/44
Дата09.01.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44

 
*** 
 
ӘОЖ: 159.924.7 
Муханбетчина А.Г. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
Кубашева Г.К.  М. Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты 
E-mail: kgulmira76@mail.ru 
 
ОТБАСЫ ЖӘНЕ ТОЛЫҚ ЕМЕС ОТБАСЫ ЖӨНІНДЕ 
ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР 
 
Аннотация. Бұл мақалада отбасы жүйесі, үлгілері және толық емес отбасы 
мәселелері  жөнінде  теориялық  зерттеулер  қарастырылады.  Мақала  мазмұнында 
отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектеріне талдау жасалынған. 
Тірек  сөздер:  Отбасы,  толық  емес  отбасы,  ата  –  ана,  бала,  тұлға,қарым  – 
қатынас, әлеуметтік орта, тәрбие, отбасы тәрбиесі. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
135 
 
Жас  ұрпаққа саналы  тәлім-тәрбие  беру  оларды  заман  талабына  сай,  жан-
жақты  дамып  жетілген,  жаңашыл  көзқарастағы  азамат  етіп    қалыптастыру,    кең  
көлемді    және    сан    тармақты    іс    десек,  осыған    жету    баспалдағының  алғашқы 
қадамы  оның  отбасындағы  алатын  тәрбиесіне    байланысты    болады.    Себебі, 
отбасында  жеке  тұлғаның  сапалары  мен  ішкі  жан  дүниесі  қалыптасып,  болашақ 
қабілеттерінің дамуы бастау алады.  
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан-2050» 
стратегиясы  қалыптасқан мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына 
Жолдауында «Жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде 
ана мен баланы қорғауды жариялаймын... Мемлекет үшін және менің жеке өзім үшін 
де ананы қорғау - ерекше мәселе», - деп атап көрсеткен болатын [1].  
Тұрақты  дамитын  және  бәсекелесуге  қабілетті  мемлекет  құра  отырып, 
Қазақстан  Республикасында  балалар  өмірінің  сапасын  қамтамасыз  ету  бойынша 
жұмыстар  үнемі  жүріп  жатыр.  Балалыққа  қатысты  саясаттың  тиімділігін  арттыру 
мақсатымен  соңғы  жылдары  Қазақстан  Республикасы  балалар  құқығын  қорғайтын 
халықаралық ұйымдармен қызметтестік тәртіпте жұмыс атқарып жатыр. 1994 жылды 
БҰҰ Халықаралық отбасы жылы деп белгілеп әлемдік қауымдастықтың бұл мәселеге 
мән  беруін  көздеген  еді.  Осы  шараның  нәтижесі  ретінде  қазіргі  күні  Қазақстанда 
«Отбасы және демография», «Отбасын әлеуметтік қамсыздандыру қоры», «Ана және 
бала денсаулығы», «Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы» секілді ұйымдар қызмет 
етуде.«Отбасы»  деген  сөз  әлеуметтік  өмірімізде  ертеден  орын  алса  да  «семья», 
«жанұя»,  «үйелмен»  деген  сөздер  оның  орнын  алмастырып  жүр.  Өйткені  олардың 
түпкі  мағынасы  –  әке  мен  шешенің  және  қандас  адамдардың  тіршілік  ету  кезіндегі 
бірлігі, одағы. Әйтсе де «отбасы» деген түсініктің өзіндік мағынасы бар. Себебі адам 
тіршілік  барысында  қажеттілігіне  байланысты  от  жағып,  үй  салады,  жұптасып 
отбасын  құрады,  ұрпақ  сүйіп,  өмірін  ұрпақтан  –  ұрпаққа  жалғастырады.  Отбасы 
сөзінің  мағынасы  тереңде,  ол  адамның  әлеуметтік  өмірін  айқындайды.  Отбасы 
тәрбиесі  -  барлық  тәрбиенің  негізі.Өйткені  балалардың  туған  кезінен  бастап, 
есейгенге  дейінгі  уақыт  аралығында  өміріне  арқау  болатын  тәлім  –  тәрбие  отбасы 
мүшелері  (ата,  әже,  әке,  шеше,  аға,  апа,  іні,  қарындас  және  т.б.)  арқылы  беріледі. 
Олар баланы ата – бабаның өміріндегі еңбек және қоғамдық іс – әрекеттің барысында 
ғасырлар  бойы  жинақтаған  тәжірибесінен  өнеге  алып,  оны  құрметтеуге,  жаманнан 
жиреніп,  жақсыға  ұмтылуға,  қоршаған  ортасын  танып,  онымен  қарым  –  қатынас 
жасауға және баланы өз бетімен әрекет етуге бейімдеп отырған [2, 36-37  бб.]. 
Отбасында 
балалар 
табиғи 
түрде 
өмірге 
бейімделіп, 
моральдық 
құндылықтарды,  әлеуметтік  қалыпты,  қоғамның  мәдени  дәстүрлерін  меңгереді. 
Отбасы–қарым-  қатынастың  алғашқы  мектебі.  Отбасылық  тәрбие  «жеке  тұлғаны 
қалыптастыруға  қажетті  әлеуметтік  әсердің  барлық  үлгісін  қамтитын,  танымға, 
еңбекке  және  айналадағылардың  жеке  қарым-қатынасына,  шынайы  мінез-
құлықтарын  бағалауға,  мадақтау  мен  жазалауға  негізделген  кең  көлемді  іскер 
тәжірибені бойына жинақтаған тәрбие» [3, 120 б.]. 
Психологиялық-педагогикалық  сөздікте  «отбасы»  –  баланы  әлеуметтендіру 
мен  тәрбиелеудің  бастапқы  және  маңызды  институты,  оның  микроортасының 
элементі, - деп анықтама берілген. Ата-ана - алғашқы тәрбиеші балаға ең үлкен әсер 
етушілер.  Ж.Ж.  Руссо:  “Балаға  соңғы  тәрбиешінің  әсерінен  гөрі  алдыңғысынікі 
көбірек”  –  деп  тұжырымдаған.  Отбасы  тәрбиесіне  қатысты  тәлім-тәрбиелік  идеялар 
қазақтың  халық  педагогикасында  Қорқыт  ата  кітабында,  Әбу  Насыр  әл-Фараби 
еңбектерінде,  Жүсіп  Баласағұни,  Сайф  Сараи  шығармаларында,  хандық  дәуірдегі 
ақын-жыраулар  мұраларында,  Ы.Алтынсарин,  Абай  Құнанбаев,  А.Байтұрсынов, 
Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев құнды мұраларында айырықша орын алған. Кейінгі  

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
136 
кездерде  отбасы  тәрбиесіне  қатысты  Х.Арғынбаев,  Г.Уманов,  К.Оразбекова, 
Ж.Қоянбаев, З.Әбілова және т.б. ғылыми еңбектерінде қарастырылған. 
Отбасы  ұғымына  анықтама  беру,  оның  атқаратын  қызметтерін  нақтылау, 
отбасындағы тәрбие мәселелерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған.  
Мәселен  А.И.  Шужебева  өз  зерттеу  жұмысында  «Отбасының  тәрбие 
институты  ретінде  маңызы онда  бала  өз  өмірінің  маңызды  бөліктерін  өткізеді  және 
тұлға  ретінде  қалыптасуына  ықпал  ету  ұзақтығы  жағынан  басқа  тәрбие 
институттарына  бой  бермейді»,  -  деп  көрсетті.  Отбасылық  қатынастың 
ерекшеліктерін  А.И.  Захаров,  А.С.  Спиваковская,  А.Я.  Варга,  Э.Г.  Эйдемиллер, 
Ю.Гиппенрейтер, М.Буянов, З.Матейчик, Г.Хаментаускас, А.Фром, Р.Снайдер, және 
т.б. ғалымдар зерттеген. 
Ал,  А.К.  Шарафаддинов  отбасын  «өмірге  қабілетті  ұрпақты  тәрбиелеудің 
алғашқы  және  қажет  жағдайы,  ол  эмоционалды  қалыптасқан,  өзін  реттей  алатын 
және  өздігінен  жаңғыратын  функционалды  жүйе,  ерлер  мен  әйелдердің  әлеуметтік 
рөлдерінің  комплементарлығымен  сипатталады;  адамның  базалық  қажеттіліктерін 
тиімді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін өмір салты» ретінде қарастырады [4, 8 б.]. 
Отбасы  –  неке  негізінде  немесе  қан  жағынан  туыстас  шағын  топ,  олар  өзара 
көмек  көрсету,  жауапкершілік  алу  және  тұрмыстық  жалпылылықта  байланысады 
(Эйдемиллер, Э.Г. Юстицкий В.В., 1990). Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық 
өмірге жетелейді. Бүгінгі таңда отбасылық дағдарыстардың шиеленісуі, оның ішінде 
әке  мен  баланың,  анасы  мен  қызының  тіл  табыса  алмау  мәселелері,  нәтижелерінде 
қақтығыстардың,  үйден  кету  жағдайлардың  мысалдарына  жиі  кезігіп  жүрміз.  Оның 
зардаптары,  жалпы  қоғамымыз  үшін,  айқын  көрінуде.  Оған  себеп,  отбасылық 
жылулыққа,  татулыққа  деген  саналы  көзқарастың  жетіспеушілігі,  мәдениеттің 
төмендігі.  Мұның  өзі  уақыт  талабына  сай  ізгіліктік  негізінде  отбасылық  жағымды 
қарым-қатынасты  қалыптастыру  қажеттілігі  мен  психология  практикасында  бұл 
мәселенің жеткілікті зерттелмеуі арасында қарама-қайшылықты тудырады. 
Отандық  және  шетелдік  психологияда  Л.С.  Выготский,  Л.И.  Божович,                   
И.В.  Дубровина,  М.И.  Лисина,  А.С.  Макаренко,  Д.Б.  Эльконин,  А.Валлон,  П.М. 
Якобсон,  А.Адлер,  К.Хорни,  т.б.  ғылыми    еңбектерінде  баланың  психологиялық 
дамуындағы отбасылық ортаның маңыздылығы жан-жақты зерттеліп қарастырылған. 
Мәселен,  К.Хорни  «жеке  тұлғалық  дамудың  шешуші  факторы  ата-ана  мен  бала 
арасындағы әлеуметтік байланыс болып табылады»,- деп тұжырымдайды [5, 256 б.]. 
Л.Г.  Морганның  пікірінше:  отбасы  қоғамның  төменнен  жоғары  сатыға 
дамитыны  сияқты  төменгі  сатыдан  жоғары  қарай  көшіп  отырады,  яғни,  отбасылық 
орта да ешқашан өзгеріссіз қалмайды (әлеуметтік қырынан қарағанда) әрбір мәдениет 
(жеке мәдени субъект) отбасының қалыпты, әрі нақты моделін жасақтайды. Қалыпты 
отбасы  құрылымына:  отбасы  мүшелері,  олардың  өзара  қарым-қатынасы, 
жауапкершілігі, өзара  әрекетесу, сондай-ақ, даму қабілеті сияқты элементтер енеді. 
Қоғамдағы шынайы отбасының нормативтік үлгісі оның құрылымын айқындайды.   
Қалыпты  отбасы  деген  түсінік  өте  күрделі  әрі  шартты.  В.Н.  Дружининнің 
пайымдауы бойынша, балалардың физикалық және психологиялық дамуына оң әсер 
ететін,  баланы  әлеуметтендіру  үшін  жағдай  жасайтын,  отбасы  мүшелерінің 
әлеуметтік  қорғалуын  қамтамасыздандыратын  қажетті  тұрмыс  деңгейін  талапқа  сай 
ұйымдастыратын  отбасы,  қалыпты  деп  саналады.  Қоғамның  адамгершілік 
құндылықтары  жағынан  қарағанда,  адами  мәдениетте,  әлеуметтік  өлшемде 
отбасының  идеалдық,  нормативтік  анықтамасы  түзіледі,  әйтсе  де  қалыпты  отбасы 
әлеуметтік  мәдени  нормаларға  сай  идеалды  болып  саналмауы  да  мүмкін,  өйткені, 
отбасы  әртүрлі  деңгейдегі  адамдар  қауымдастығынан  құралады.  Шынайы  өмірде 
үлгілі  отбасылар  ғана  емес  басқа  да  отбасылар  құрылып  немесе  ажырасып  жатады   
[6, 29 б.].  

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
137 
Сондай-ақ  отбасы  туралы  көзқарас  А.И.  Захаровтың  пікірлерінде  жазылған. 
«Әлеуметтік  психологияда  «Бастапқы  топ»  деген  түсінік  бар.  Бұл  топтағы 
байланыстар  топ  ісіне  оның  мүшелерінің  тікелей  келісімдеріне,  эмоционалдық 
әсерлерінен  құрылады,  оның  қатысушыларының  жоғары  дәрежедегі  бірігуін 
қамтамасыз  етеді.  Мұндай  бастапқы  топ  отбасы  болып  табылады,  ол  жаңа 
мүшелердің  сырттай  «тәсілдерінің»  арасында  емес,  балалардың  дүниеге  келуі 
арасында көбейіп, өсетін жалғыз топ». 
Отбасы  қатынасының  категорияларына  құрылған  отбасы  анықтамаларының 
ішінде  А.Г.  Харчев  берген  анықтама  ерекшеленеді:  «Отбасы  –  бұл  кішкентай  топ 
ретінде  ата-аналар  мен  балалар  арасындағы  өзара  қарым-қатынастың  нақты  тарихи 
жүйесі,  оның  мүшелері  некелік  немесе  туысқандық  қатынаспен,  тұрмысының 
ортақтығымен және өзара моральдық жауапкершілікпен байланысқан және халықтың 
рухани туындыларымен қоғам сұранысына негізделген әлеуметтік қажеттілік». 
А.И.  Антонов  отбасын  «адамдардың  біріккен  жалпы  отбасылық  ортақ 
әрекетіне негізделіп, ата-ана-туысқандық желілермен байланысқан және балалардың 
өсіп-жетілуі мен отбасы мүшелерінің өмір сүруін қолдау», – деп түсіндіреді. 
А.Я. Варга өз тарапынан отбасының келесідей үлгісін ұсынады: 
1.  Өмір  ағымының  алғашқы  сатысы  -  бұл  ересек  балаларымен  ата-аналық 
отбасы. Жастар өз бетімен тәуелсіз өмір сүру тәжірибесін жинақтай алмайды. Ол өз 
отбасының  бір  бөлшегі,  сол  отбасының  ережесін  орындаушы,  өз  ата-анасының 
баласы және оның өз отбасы үшін жеке жауапкершілігі жетпейді. 
2. Өмір ағымының екінші сатысында жастар бір-бірімен танысып, үйленіп үйге 
жас  жұбайын  алып  келеді.  Бұл  отбасы  ережесіне  жаңалық  енгізеді.  Міндет  -  үлкен 
отбасы  ішінде  жас  отбасын  тәрбиелеу.  Жастар  өзара  бір-бірімен  келісімділік 
жасаудың  сыртында  олармен  бірге  тұратын  отбасы  ережесін  қабылдап,  өзара 
әрекеттестіктің жаңа ережесін жасақтауға тиіс. Ереже бойынша үйге енген жас адам 
үлкен отбасының тағы бір баласы есебінде болады. 
3.  Өмір  ағымының  үшінші  сатысы  отбасында  жас  сәбидің  дүниеге  келумен 
байланысты.  Бұл  сол  отбасылық  жүйеге  өзінше  дағдарыс  кезеңі  болып  табылады. 
Өйткені,  сәбидің  пайда  болуы  қалыптасқан  ережені  бұзып,  отбасы  мүшелерінің  
қызметтік міндеттерінің ауысуына тура келеді.  
4. Төртінші кезеңде отбасында екінші бала дүниеге келеді. Бұл кезең алғашқы 
кезеңнен  іс-тәжірибе  алғандықтан  онша  қиындық  келтірмейді.  Балалардың  өзара 
қызғанышы болмаса, отбасында айтқандай өзгеріс бола қоймайды. 
5.  Өмір  ағымының  бесінші  сатысында  үлкен  ата-ана,  ата-әже  қартаяды, 
қариялар  орта  буынға  тәуелді  болып  қалады.  Бір  айырмашылығы  олар  бала  болған 
шағында кішкене  балаларға  берілетін мейірімге бөлене алмайды. Жиі кикілжің мен 
келіспеушілік туындайды. Бұл өз алдына отбасы үшін үлкен мәселе болып табылады. 
6. Алтыншы кезең алғашқыны қайталайды. Қариялар өмірден өтіп, отбасында 
есейген  балалары  бар  жұбайлар  қалады.  Бұл  өзіндік  ерекшелігімен  сипатталады                 
[7, 27 б.].  
Э.Эйдемиллер  мен  В.Юстицкистің  пайымдауынша,  отбасының  басты  сипаты 
оның  құрылымы,  отбасы  мүшелерінің  құрамы,  қызметі,  өсуі  мен  өзара  қарым-
қатынасы болып саналады. 
Белгілі  психиатр  А.Е.  Личко  отбасы  толық  жүйесін  төмендегідей  нұсқада 
ұсынды.  
1. Құрылымдық құрам: толыққанды отбасы (анасы мен әкесі бар); толық емес 
отбасы (жалғыз анасы не әкесі); құрамы бұзылған (өгей әкесі не өгей шешесі). 
2. Функциональдық ерекшелігі: үйлесімді отбасы; үйлесімсіз отбасы. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
138 
А.Е.  Личконың  ойынша  үйлесімсіз  отбасы  әртүрлі  болады,  оның  болу 
себептері: 
- ата-аналар арасындағы серіктестіктің жоқтығы (яғни, бірі бұйырады, екіншісі 
бағынады); 
  -  отбасы  мүшелерінің  өзара  түсінушілігі  жоқ,  бір-біріне  сезімталдық 
жақындығы,  ынтымақтастығы  жоқ,  ортақ  өмірлік  мәселелерге  жауапкершіліктің 
біртекті еместігі; 
-  үнемі жанжалдасудың болуы (жоғары ажырасу қаупі бар отбасы); 
-  отбасының  бір  мүшесіне  басқалардың  шектен  асқан  тәуелділігі,  отбасылық 
өмірдің  қатаң  тәртібі,  екі  жақты  эмоционалдық  жылудың  жоқтығы,  отбасы 
мүшелерінің  жан  дүниесі  әлеміне  әміршілік  қысымның  көрсетілуі  (ригидтік 
псевдоәлеуметтік отбасы) [8, 145 б.]. 
Г.П. Бочкарева қалыпты емес отбасы түрлерін төмендегіше бөліп көрсетті: 
1. Қолайсыз отбасында ата-аналар балалары үшін алаңдау былай тұрсын, олар 
өрескел  қатал,  өз  балаларының  құқықтарын  сыйламайды,  еріктеріне  қысым 
көрсетеді. 
2.  Сезімталдық  байланысы  жоқ  отбасы  мүшелеріне  баланың  қажеттілігін 
ескеру  тән  емес,  олар  баламен  өзара  қалыпты  қатынас  құра  алмайды.  Мұндай 
жағдайда бала сезімталдық мәні бар байланыс іздейді. 
3.  Балаға  қызығушылық  тудырмайтын,  өз  талғамы  мен  тілегіне  сай  емес 
талаптар  қойылатын  салауатты  адамгершілік  қарым-қатынасы  төмен  отбасыларда 
балалар тәртіпсіздікке бой ұрады. 
Толық  емес  отбасының  психологиялық  ахуалы  ата-ананың  біреуін  жоғалтуға 
байланысты  ауыр  толқулармен  анықталады.Толық  емес  отбасылардың  көпшілігі 
әкенің  отбасынан  кетуіне  орай  пайда  болып  жатады.  Анаға  оған  атысты  ашуын 
жасыру  немесе  өзін-өзі  ұстау  қиынға  соғады;  оның  ашуы  мен  түңілуі  ойланбастан 
олардың  ортақ  балаларына  беріліп  жатады.  Кейде  мынандай  жағдаят  та  болуы 
мүмкін:  ана  баланы  жазықсыз  құрбан  ретінде  көрсетеді.  Сөйтіп  ол  ата-ана 
қамқорлығының  жетіспеуін  артығымен  толтыруға  талпынып,  барлық  ақылға  сияр 
шектерден  шығады:  баланы  тым  аса  еркелетіп,  шамадан  тыс  қамқорлық  жасайды. 
Осындай  жағдайлардың  барлығында  отбасының  тәрбиелік  жағдайы  бұрмаланады 
және бала тұлғасының қалыптасуына теріс ықпалын тигізеді. 
Толық  емес  отбасы  әртүрлі  себептер  салдарынан  пайда  болады:  баланың 
некеден тыс  дүниеге келуі, ата-анасының біреуінің қайтыс  болуы, некенің  бұзылуы 
немесе ата-ананың бөлек тұру салдары. 
Неке  құруға  және  елеулі  қарым-қатынас  жасауға  талпынбайтын  адамдардың 
санының  ұлғаюы,  патронат  отбасы  институттарын  дамыту,  бір  ғана  ата-анасы  бар 
отбасыларына  материалдық  көмектің  күшейтілуі,  бүкіл  әлемде  көші-қон  үдерісінің 
нығаюы  сияқты  отбасы  институттарының  дамуының  қазіргі  заманға  сай  үрдістерін 
ескерсек,  толық  емес  отбасыларының  пайда  болуының  тағы  да  келесідей  қосымша 
себептерін бөліп көрсетуге болады. Олар баланы тұрақты серіктесі жоқ адамдардың 
асырап  алуы  мен  әкесі  немесе  анасының  жұмыс  бабымен  немесе  тұрақты  тұруға 
басқа қалаға немесе басқа елге кетуі, бұл жағдайда отбасы екіге бөлінеді.  
Пайда  болудың  негізгі  себептеріне  сай  толық  емес  отбасылардың  келесідей 
негізгі түрлерін анықтауға болады: некеден тыс, жетім қалған, ажырасқан. Сондай-ақ, 
аналық  және  әкелік  отбасыларды  бөледі,  толық  емес  отбасылардың  көпшілігін 
осылар құрайды. 
Х.  Миллар  мен  С.  Баррон  (J.  Millar,  1994,  S.  Barron  Lopez,  2002)  толық  емес 
отбасыларды ата-анасының біреуі болуының ұзақтығына қарай, яғни қысқа мерізімді 
(уақытша толық емес) немесе ұзақ мерзімді деп бөлуді ұсынады. Бұл жағдайда қысқа 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
139 
мерізімді  толық  емес  отбасылар  қатарына  ата-анасының  біреуінен  оның 
эмиграциялануына,  ұзақ  уақытқа  іс  сапарға  кетуімен,  бас  бостандығынан 
айырылуымен  және  т.б.  себептермен  байланысты  айырылған  отбасылар,  ал  ұзақ 
мерзімділерге ата-ананың қайта оралуы, ажырасу немесе қайтыс болу себебіне орай 
мүмкін емес болатын отбасылар жатады [9, 13-30 бб.]. 
Отбасында балаға арнайы ұйымдастырылған мақсаты бар әсер жасалады, бұл – 
тәрбие. Ата-ана тәрбие үрдісінің бағытын таңдап, жүзеге асыруына бірнеше жекелей 
факторлар  әсер  етеді.  Оларға,  мысалы,  ата-ананың  тәрбиелі  тұлға  жөніндегі  іштей 
елестететін үлгісі - көбіне ата-ана балаларын өздерінің бұрынғы балалық шағындағы 
отбасындағы  алған  тәбиесі  үлгісімен  өсіреді;  ата-ана  қарым-қатынасының 
педагогикалық  мәдениеті  -  ата-ана  белгілі  мінез-құлық  формаларының  балаларға 
әсерінің  психологиялық-педагогикалық  салдарларын  болжай  алуы  және  білуі; 
баланың дүниеге келуінің мотивтері - әрбір қалыпты отбасы ерте ме, әлде кеш пе бір 
немесе бірнеше баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелейді.  
  В.С.  Мухинаның  пайымдауы  бойынша,  тұтастай  алғанда  толық  емес 
отбасыларында  бала  тәрбиелеудің  бірнеше  ерекшеліктері  бар.  Тәрбие  беру  дегенді 
біз «қоғамда өмір сүруге қажет әлеуметтік тәжірибе жинақтау және қоғамға қолайлы 
құндылықтар  жүйесін  қалыптастыру  болып  табылатын,  тұлғаға  ықпал  етудің 
мақсатты үдерісі», – деп түсінеміз [10, 66 б.].  
  Толық емес отбасыларында тәрбие үдерісіне ата мен әженің  белсенді түрде 
араласуына  байланысты  иерархия  өзгеруі  мүмкін.  Іс  түрінде,  бұндай  жағдайда 
қарым-қатынастағы  шиеленісті  шешу  үшін  рөлдерді  араластыру  орын  алады.  Бір 
жағынан, бала анасына бағыну керек, ал  екінші жағынан   - оның орнын көбіне әже 
басады, өйткені толық емес отбасында ана өз белсенділігін жұмысқа және отбасына 
табыс әкелуге бағыттап, көбіне әкенің қызметін қоса атқарады. Сондай-ақ толық емес 
отбасына қатал, әрі ашық ішкі шекаралар арасында теп-теңдікті сақтап қалу қиындау 
болып келеді.  Ата-ананың біреуінің болмауы, қалған ата-анаға отбасындағы барлық 
материалдық және тұрмыстық мәселелердің шешімін табу жауапкершілігін жүктейді. 
Сонымен  қатар  ол  балаға  жетіспей  жататын  тәрбиелік  ықпалдың  орнын  толтыруы 
қажет.  
Қандай  да  болмасын  жолдың  алғашқы  қадамынан  басталатыны  сияқты, 
адамның  жеке  тұлғасының  қалыптасуы  да  өз  отбасынан  басталады.  Отбасы  -  бұл 
адамға  өмірлік  құндылықтар  жайында  түсінік  беретін  алғашқы  ұжым.  Адам  қандай 
дәрежеге  жетеді,  жалғыз  тұлға  бола  ма  немесе  адамгершілік  тұрғыдан  кеміс  болып 
қалыптасады  ма,  мұның  бәрі  көбіне  ол  адамның  балалық  шағында  қаншалықты 
дұрыс  ата-аналық  тәрбие  алғанымен  байланысты.Отбасы  қарым-қатынасында, 
олардың  ішінен  келісім,  өзара  түсіністік,  бірінің  екіншісіне  бой  сынуы,  бірінің 
екіншісін  құптауы секілді  қарым-қатынасының қазіргі  кездегі басты ерекшелігі  - әр 
тұлғаның  мейлі  балалары,  мейлі  ересектері  болсын,  ақпарат  байлығы  болып,  өзара 
қарым-қатынас осы ақпарат алмасу кезінде өте тығыз орнығуы ықтимал.     
Ғалымдардың  пікірінше  балаға  әке-шешесінің  қарым-қатынасы  мен  олардың 
берген  тәрбиесіне  жететін  өмір  жоқ.  Балалардың  дұрыс  қалыптасуы  олардың 
отбасындағы 
сүйіспеншілік, 
кішіпейілділік, 
сыйластық, 
жауапкершілік, 
қайырымдылық,  сезімталдық,  адамгершілік  қасиеттерінің  даму  негізіне  байланысты 
болады. Сонымен отбасының өзіндік даму тарихы бар. Отбасы - кішігірім мемлекет, 
әлеуметтік топ. Ол алғашқы адам баласы пайда болған кезеңнен бері қарай дамуда. 
Бүгінде  отбасыға  мынадай  анықтама  беруге  болады:  қазіргі  заманғы  отбасы  –  ерлі-
зайыпты  екі  адамның  арасындағы  некеге  құрылған негізгі  әлеуметтік  топ, отбасыға 
сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді. Отбасының функциясы бала тауып, 
тәрбиелеп  өсіру,  ерлі-зайыптылардың  жыныстық,  эмоциялық  сезімдерін  және  басқа 
(әлеуметтік,  экономикалық)  қажеттерін  өтеу.Отбасы  нақты  қоғамда  өмір  сүреді, 
сондықтан  отбасының  жалпы  сыйпатымен  қатар  өзі  өмір  сүретін  қоғамдық 
қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше белгілері де болатыны түсінікті. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
140 
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. 
«Отбасының   тәрбиесінің  басты  мақсаты  –  бала  тәрбиесі.  Бала  тәрбиесіндегі  басты 
мектеп  ол  ата-ананың  қарым-қатынасы»,  –  деп  В.А.Сухомлинский  атап 
көрсеткендей, онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын 
игереді. Сондықтан отбасылық өмір – жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Ол 
адам  үшін  ең  жақын  әлеуметтік  орта.Отбасы  –  оқыту  мен  тәрбие  жұмысындағы 
мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды 
өте  жақсы  түсінеді.  Ал  бала  тәрбиесінің  отбасы  мен  мектепте  нәтижелі  болуы 
ынтымақтастыққа негізделеді.     
Сонымен  қорыта  келе,  отбасы  тәрбиесі  үш  түрлі  бағытта  жүретінін  байқауға 
болады.  
Біріншіден,  отбасы  тәрбиесінің  басымдығын  мойындау.  Баланың  болашақ 
өмірге  дайындығы  отбасында  қаланатыны  осы  бағытта  айқын  білінеді.Екіншіден, 
отбасы  тәрбиесінің  мүмкіндігін  жете  бағаламау.  Бұл  бағыт  бойынша  әр  тарихи 
кезеңдердегі  әр  түрлі  әлеуметтік,  саяси  және  мәдени  жағдайларға  байланысты 
шыққан отбасылық қарама – қайшылықтардың үдеуі адамның табиғи тәрбие ортасы 
ретіндегі отбасының беделін төмендетеді.Үшіншіден, қоғам мен отбасы тек бірлікте 
болған  жағдайда  ғана  өзінің  міндеттерін  орындай  алады.  Бала  тәрбиелеу  әр  ата  – 
ананың жеке ісі ғана емес, азаматтық міндеті болып саналады. 
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан-
2050»  стратегиясы  -  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты 
Қазақстан халқына Жолдауы // Орал өңірі. 2012 ж. 15 желтоқсан. 
2.
 
Жүндібаева  Т.Н.  Отбасы  педагогикасы.  –  Алматы:  Экономика,  2014.  – 
312 б. 
3.
 
Харчев А.Г. Брак и семья в СССР. – М.: Мысль, 1979. – 367 с. 
4.
 
Шарафаддинов  А.К.  Отбасында  ата-ананың  балаға  тәрбиелік  ықпалын 
арттырудың  педагогикалық  шарттары  /  Канд.  дисс.  автореф.  –  Алматы,  2005.  –   
25 б. 
5.
 
Хьелл Л., Зиглер Д. Теории личности. – СПб.: Питер, 1998. – 606 с. 
6.
 
Дружинин В.Н. Психология семьи. – М.: Психология, 1992. – 192 с. 
7.
 
Варга А.Я. Структура и типы родительского отношения / Дисс. на соис. 
канд. психол. наук. – М., 1986. – 209 с. 
8.
 
Личко  А.Е.  Психопатии  и  акцентуации  характера  у  подростков.  –  М.: 
МГУ, 1983. – 202 с. 
9.
 
Barron  Lopez  S.  Familias  monoparentales:  un  ejercicio  de  clarificacion 
conceptual  y  sociologica  //  Revista  del  Ministerio  de  trabajo  y  asuntos  sociales.  –2002.  – 
№40. – P. 13-30. 
10.
 
Мухина  В.С.  Лишенные  родительского  попечительства:  хрестоматия.  / 
Ред. сост. В.С. Мухина. – М.: Просвещение, 1991. – 223 с. 
 
Муханбетчина А.Г.,  Кубашева Г.К. 
Теоретические и исследования семьи и неполных семей 
В  данной  статье  рассматривается  система,  виды  семей  и  теоретические 
исследования проблемы в неполных семьях. В статье анализируются научные труды 
отечественных и зарубежных ученых о семье. 
Ключевые  слова:  семья,  неполная  семья,  родители,  ребенок,  личность, 
взаимоотношения, социальная среда, воспитание, семейное воспитание.  
 
MukhanbetchinaA.G., KubashevaG.K. 
Theoretical researches of family and incomplete families 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
141 
 
The article considers the system, the kinds of families and theoretical researches 
of  problem  in  incomplete families.  The  article  analyzes  the  scientific  works  of  native  and 
foreign scientists about family. 
Keywords:  family,  incomplete  family,  parents,  child,  personality,  relationships, 
social environment, education, family education. 
 
*** 
ӘОЖ: 378.2 

1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал