Республики казахстан


МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ



жүктеу 5.14 Kb.
Pdf просмотр
бет12/44
Дата09.01.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44

 
МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ 
ДЕҢГЕЙЛЕРІ 
 
Аннотация.  Мақалада  қазіргі  кездері  оқытудың  дәстүрлі  ақпараттық–
иллюстрациялық әдісінің, негізін оқушының өз бетінше оқуы құрайтын қызметтік–
практикалық әдіспен алмастырылу себептері айқындалады. П.Я. Гальпериннің ұғым 
мен  ақыл-ой іс-әрекетін кезеңдермен  қалыптастыру теориясы негізінде  мұғалімнің 
кәсіби  құзіреттілігін  қалыптастыру  ерекшеліктері,  құзіреттілік  қалыптасуының 
төрт деңгейі көрсетіледі. 
Тірек  сөздер:  құзыреттілік,  қалыптасу,  информация,  информациялық 
технологиялар, қалыптасу деңгейі, ұғым, ақыл-ой, іс-әрекет, мұғалім. 
 
ХХI  ғасырда    –  информациялық  қоғам,  информациялық  технологиялар 
дәуiрiнде  информатика    қуатты  өндiрiстiк  күшке  айналып  отыр.  Қазіргі 
микроэлектроника,  компьютерлер,  дыбысты-бейнелік  жүйелер  мен  информациялық 
технологиялар,  өндіріс  саласында  таң  қаларлық  жетістіктерге  қол  жеткізуде.  Ол 
қолайлылықты күшейтті, тамаша кеңселер құруға мүмкіндік жасады, информацияны 
жер шарының кез-келген нүктесінен алуды мүмкін етті. 
Қазіргі  кезде  информация  түйiндi  ұғымға,  қоғамның  стратегиялық  қуатына 
айналып,  бiлiмнiң  ақиқаттық,  толық  қамтушы  және  алдын  алушы  рөлi  күшейе 
түсуде.  Интернет  технологиялардың  қазiргi  даму  деңгейi  үлкен  көлемдегi 
информациялық  кеңiстiк  құруға,  бүкiл  әлемдiк  білім  қорын  құрып  пайдалануға 
мүмкiндік  беруде.  Осыған  байланысты,  өмiрдiң  барлық  саласына  информацияны 
өңдеу жылдамдығы барынша жоғарылауда. 
Алайда, адам қызметiнiң барлық саласында информациялық технологиялардың 
кiрiгiп,  қуатты  өндiрiстiк  күшке  айналуы  адамды  құндылықтан  –  құралға,  “бірінші 
өндірістік  күшке”  айналдыруда.  Құралдың  –  мақсатпен,  дербес  мақсаттың  – 
мағынамен  және  жалпыадамдық  құндылықтармен,  таңбаның  –  шындықпен, 
техниканың  –  адам  мен  оның  руханилығымен  салыстырғанда  маңызды  рөл 
атқаруына байланысты, бір сәттік мұқтаждықтар байыптылықты, даналықты, ұят пен 
өнегелілікті,  адамдық  сезім  мен  қадыр-қасиетті,  мәдениетті  шетке  ысыруда.    Пайда 
болған  технократтық  ойлау  адам  мен  оның  болмысын  санадан  барынша  шеттеуде.  
Нәтижеде  сөз  бен  істің  бір-бірінен  ажырауы,  мінез-құлықтың  биологиялық  және 
техникалық актіге дейін құлдырауы күнделікті көрініске айналуда. 
Қазіргі қоғамның келесі бір басты ерекшелігі – информацияның адам өмірінің 
барлық  саласындағы  ең  құнды  тауарға  айналуында.  Теледидар  мен  интернет 
сайттарын  жаулап  алған  бейрухани  компьютерлік  өнімдер,  тұлға  аралық  қарым-
қатынаста  дене  және  қару  күшімен  басымдыққа  оңай  жетуге  болатындығы  туралы 
елес  қалыптастырып,  әсіресе,  жас  ұрпаққа  кері  әсер  етуде.  Олардың  арасында 
қатыгездік белең алуда. 
Олай болса, кез келген елдің, жалпы адамзаттың әрмен қарайғы прогрессивті 
дамуының  негізі,  қоғамды  информатикаландырудың  түпкі  мақсаты  әлемдегі  ең 
басты құндылық ретіндегі Адамның өзінің дамытылуы және оның дербес дамуына 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
84 
жағдай  жасау  болуы  тиіс.  Осылайша,  білім  саласы  алдында  өте  ауқымды  мәселе: 
адамды  адам  ету,  яғни,  оны  құралдар  кеңістігінен,  ойлау  және  іс-әрекеттер 
кеңістігіне  қайтару,  басқаша  айтқанда,  білім  саласын  қайта  құру,  мәселесі  пайда 
болып отыр. 
Әрине,  мұндай  ауқымды  мәселені  іске  асыру  үшін,  “Қазіргі  білім  саласында,  
дәстүрлі    ахуалмен  салыстырғанда,  не  өзгерді?”  –  соны  айқындау  қажет.  Осы 
мақсатта төмендегідей негізгі үш фактіні атауға болады. 
Біріншіден, қазіргі кездегі түрлі, әсіресе, ғылыми және мәдени үдерістердің өту 
жылдамдығы  өте  жоғары.  Әлемдегі  ешбір  білім  саласы  пайда  болған  жаңа  білім 
жиынтығын дер кезінде жаңғыртуға үлгере алмайды. Яғни, білім мазмұнын адамның 
қалыптасқан қызметін жаңғырту деп түсінетін дәстүрлі көзқарастың өзі ескірді. 
Екіншіден,  информация  көлемі  әрбір  үш-төрт  жылда  екі  еселеніп  отырады. 
Оқушы  мектепте  болатын  10,  11  жыл  аралығында  информация  көлмі  төрт-бес  есе 
артады. Сондықтан ешқандай мектеп мұндай мазмұнды бере алмайды. 
Үшіншіден,  білім  бірлігі  туралы  түсінік  өзгерді.  Білім  адамның 
дүниетанымынан өткен ой қорыту мен қарым-қатынас сипаттамасы. 
Осыған  байланысты,  дәстүрлі,    білім  –  біліктілік  –  дағды  парадигмасының, 
ғылыми  педагогика  тұрғысынан  алып  қарағанда,  бүкіл  әлемдік  қоғамды 
қанағаттандыра  алмауы  себебінен  оқытудың  дәстүрлі  ақпараттық-иллюстрациялық 
әдісін,  негізін  оқушының  өзбетінше  оқуы  құрайтын  қызметтік-практиалық  әдіс 
алмастыруда.  Қазіргі  кезде,  тек    қана  уақыт  талабы  мен  өмірлік  шындыққа  сай 
мұғалімі мен мектебі бар ел ғана  алға шыға алады. Сондықтан дәстүрлі “кәсібилік” 
ұғымы, “білімділік”, “кәсіби құзіреттілік” немесе “құзіреттілік деңгейі” ұғымдарына 
жол  бере  бастады  [1].  Мұнда  кәсіби  құзіреттілік  деп  мұғалімнің  кәсіби  қызметі  
барысында  өз  бетінше  іс-әрекет  жасауына  жағдай  жасайтын  психологиялық  және 
тұлғалық  сапалар  мен  психологиялық  және  тұлғалық  ахуалдың  үйлесімділігі 
айтылып отыр [2]. 
Мұғалімді  сипаттаушы  негізгі  индикаторлардың  бірі  –  кәсіби  қызмет. 
Мұғалімнің  кәсіби  қызметі  деп  білім  саласы  мекемесіндегі  қоршаған  орта  мен 
мұғалім  арасында  психикалық  контакт  пайда  болатын  және  өзара  әсерден,  өзара 
түсіністіктен,  өзара  күйзелістен  көрінетін  іс-әректтер  жүйесі  айтылады.  Оның 
мақсаты  –  қоршаған  орта  мен  адам  арасындағы  қатынас  сипатын  өзгерту,  сезімге 
және  де  басқа  психикалық,  тұлғалық  сипаттамаларға  әсер  ету.  Ал  құралы  – 
мұғалімнің  нысанды  іс-әрекет  жасау  немесе  сөйлеу  арқылы  өзін-өзі  танытуы. 
Мұғалімнің өзін-өзі танытуы – оның бар болуының қажетті шарты. 
Кәсіби қызмет құзіреттілігінің қалыптасуы – өте күрделі де, ұзақ үдеріс. Оның 
нәтижелілігі  –  мұғалімнің  дүниетанымына  және    саналы  мұқтаждығына  түрткі 
болатындай,  яғни  қалыптасатын  құзіреттіліктің  мұғалімнің  жеке  игілігіне 
айналатындай болуын  қалай ұйымдастыруға да байланысты. 
Қалыптасу  –  педагогикалық  үдеріске  арнайы,  қалыптастырушы  сипат  беру 
үшін мақсатты түрде ұйымдастырылатын жасанды, жүйелі және кешенді іс-әрекеттер 
нәтижесі.  Ол  педагогикалық  үдеріс  барысында  пайдаланылатын  процедуралардың, 
технологиялардың  жемісі.  Технологиялар  мен  процедуралар,  кәсіби  қызмет 
құзіреттілігінің қалыптасу шарттары орындалуы үшін не істелінуі қажет екенін, яғни 
қалыптастырушы  үдерістің  қалай,  қандай  құралдар  арқылы    ұйымдастырылатынын 
білдіреді. Олай болса құзіреттілік өз бетінше қалыптаспайды, ол қалыптастырылады. 
Келтірілген  тұжырым  П.Я.  Гальпериннің  ұғым  мен  ақыл-ой  іс-әрекетін 
кезеңдермен  қалыптастыру  теориясының  мазмұнын  құрайды  [3].  Аталған  теорияға 
сай,    адам  психикасы  өзінің  өмірлік  функциясын,  яғни  субъектінің  кәсіби  қызметін 
бағдарлауды 
іске 
асыруы 
үшін, 
психика 
құрамына, 
міндетті 
түрде, 
қалыптастырылатын  құзіреттілік  көрініс  табатын  бейнелер  кіруі  тиіс.  Бұл  бейнелер 
арқылы, мұғалім атқаратын кәсіби қызмет өрісі болып табылатын сыртқы нысандар 
анықталады.
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
85 
Алайда,  бейнелердің  бар  болуымен  ғана  шектелген  психикалық  өмір, 
шығармашыл  қызметке  даярлықтың  қалыптасуы  үшін  пайдасыз  болған  болар  еді. 
Өйткені,  нақты  өмірдегі  нысандар  –  еш  нәрседен  тәуелсіз,  өз  бетінше  өмір 
сүргенімен,  олар  тектен  тек  өмір  сүрмейді.  Адам  нақты  құралдармен  жасалынатын 
материалданған  іс-әрекеттер  арқылы  оларды  өзгертеді,  түрлендіреді.  Олай  болса, 
сыртқы  ортаның  психикалық  бейнесі  ретіндегі  бейнелермен  де,  мысалы,    бұрынғы 
пәндік  іс-әрекетті  жаңа  ахуалға  көшіру  жолдарын  ойластыру  түріндегі,  ақыл-ой  іс-
әрекетін жасауға болады. Сондықтан, адам психикасына кіретін бейнелер, ойлаусыз 
өз функциясын атқара алмайды. 
Жалпы  қалыптасу  деп,  сыртқы  мазмұн  мен  кәсіби  қызметтің  педагогикалық 
үдеріс  барысында  ішкі  нысанға  өту  үдерісінің  айтылатыны  белгілі.  Қалыптасу 
кезінде  сыртқы  мазмұн  мен  кәсіби  қызмет  өзіндік  өзгерістерге  ұшырайды. 
Жалпыланады,  ықшамдалады  және,  ең  бастысы,  сыртқы  нысан  шеңберінен  шығып 
кетіп, әрмен қарайғы даму қабілетіне ие болады. 
П.Я.  Гальпериннің  жоғарыда  аталған  теориясына  сай,  мұғалімнің  кәсіби 
қызмет  құзіреттілігін  қалыптастыру  үдерісі,  “кезеңдермен  қалыптастыру  шкаласы” 
деп аталатын, келесі кезеңдерді қамтиды: 
-
 
кәсіби қызметтің мүдделенуін қамтамасыз ететін негіз жасау; 
-
 
кәсіби  қызметтің  толық  бағдарлық  негіздерін  жасау,  жасалынған  негізді 
адамның түсінуі; 
-
 
материалданған іс-әрекеттер жүйесін жасақтау; 
-
 
мазмұн  мен  материалданған  іс-әрекеттер  жүйесінің  табиғи  тілдегі 
сипаттамасын, пікірлесу арқылы қалыптастыру; 
-
 
мазмұн мен материалданған қарым-қатынастың табиғи тілдегі сипаттамасын, 
ой елегінен өткізу арқылы қалыптастыру; 
-
 
мазмұн мен материалданған іс-әрекеттер жүйесінің ішкі іс-әрекетке айналуы. 
Келтірілген  ой  қорытулардан,  мұғалімнің  кәсіби  қызмет  құзіреттілігін 
қалыптастырудың келесі үш мәселені шешуге келіп тірелетінін көруге болады: 
-
 
қалыптастырылатын  құзіреттіліктің  ең  соңғы,  қалыптасатын  түрін,  оның 
құрылымдық  компоненттерін  анықтау  мақсатында  мазмұндық,  яғни  эмпирикалық 
талдау; 
-
 
әдетте  қалыптастырылатын  құзіреттіліктің  “клеткасы”  деп  аталатын  ең 
қарапайым,  генетикалық  тұрғыдан  алып  қарағанда  ең  бастапқы,  құрылымын  тауып 
анықтау; 
-
 
бастапқы  құрылымның  құзіреттіліктің  барлық  компененттерін  қамтитын 
күрделі құрылымға айналу заңдылықтарын табу. 
Бұл  мәселелердің  шешілуі,  құзіреттіліктің  қалыптасуын  қамтамасыз  ететін, 
кезеңмен  қалыптастыру  жүйесі  деп  аталатын,  келесі  үш  процедуралар  жүйесінен 
тұрады: 
1. 
Мұғалімнің  кәсіби  қызмет  құзіреттілігінің  дұрыс  қалыптасуын 
қамтамасыз ету процедуралары. 
Шындығында, қалыптастыру үдерісі жоқ жерден басталмайды. Құзіреттіліктің 
кейбір  элементтері  бұған  дейін  қалыптасады,  яғни  мұғалім  құзіреттіліктің  кейбір 
операцияларын  орындай  алады.  Сондықтан,  құзіреттіліктің  жаңа  сапада 
қалыптасуының  қай  деңгейден  басталатынын  білу  үшін  адамның  жеке 
ерекшеліктерін алдын-ала анықтау қажет. 
П.Я. Гальперин теориясы бойынша, құзіреттілік дұрыс әрі сапалы болуы үшін, 
осыған  сай  бағдарлық  негіздермен  қамтамасыз  етілуі  тиіс.  Өйткені  құзіреттілік 
сапасы  бағдарлық  негіздерге  тәуелді.  Екіншіден,  бағдарлық  бөліктің  өзі, 
қалыптастырылатын  құзіреттілік  ескеріле  отырып  жасалынады.  Бағдарлық  бөлікте 
құзіреттіліктің  үлгісі,  кәсіби  қызмет  жолдары  жіктелініп,  толық  көрсетіледі.  Бағдар 
көмегімен  кәсіби  қызмет  қадамдарының  дұрыс  болуы  тексеріледі.  Мұғалімнің 
жіберген  әрбір  қатесі  –  кәсіби  қызметтің  бағдарлық  негіздерінің  толық  еместігінің 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
86 
куәсі.  Ал  керісінше,  қателердің  болмауы,  бағдарлық  негіздердің  толықтығының 
басты және маңызды көрсеткіші. 
Сондықтан  адам  жіберген  әрбір  қате    келешекте  мұндай  қате  жіберілмейтін 
жаңа  бағдар,  тірек  табу  мәселесін  қойып  отырады.  Олай  болса,  құзіреттілікті 
қалыптастырушы толық бағдарлық негіз жасау қажет. 
Әрине,  толық  бағдарлық  негіздің  болуы,  құзіреттіліктің  сұранысқа  сай 
қалыптасуы  үшін  жеткіліксіз  екендігі  түсінікті.  Қалыптасу  сұранысқа  сай  болуы 
үшін, адамның педагогикалық үдеріс мақсатына сай, алға қарай еркін және табысты 
жылжу мүмкіндігі болуы тиіс. Олай болса, қалыптастырушы үдеріс құзырлылықтың 
қалыптасу кезеңдеріне сай жүргізілуі тиіс. 
Екіншіден,  бағдарлық  негіздер  адамның  психологиялық,  педагогикалық  және 
физиологиялық  ерекшеліктеріне  сай  құрастырылатындықтан,  қалыптастырушы 
үдеріс  дараландырылуы  тиіс.  Ал  дараландыруды,    адамдардың  жеке  ерекшеліктері 
сан  алуан  болуы  себебінен,  компьютерсіз  іске  асыру  мүмкін  емес.  Демек,  
құзіреттілікті  қалыптастырушы  үдеріс  компьютерлік  программалар  кешенімен 
қамтамасыз етілуі керек. Бұл программалар кешені, құзырлылықтың қалыптасуы мен 
олардың қалыптасу деңгейін бақылаудың беттесіп, бірігіп кетуін қамтамасыз етеді. 
2. Мұғалімнің кәсіби қызмет құзіреттілігінің жоспарланған қажетті сапасын 
қамтамасыз ету процедуралары. 
Бұл  мәселелердің  шешілуі,  қарым-қатынастың  қалыптасуын  жоспарлау 
барысында  адам  ерекшелігіне  педагогикалық  үдеріс  заңдылықтары  мен 
принциптеріне  сүйене  отырып,  ең  оңтайлы  нұсқа  мен  процедураны  таңдап  алуды 
білдіреді.  Ал  мұндай  нұсқа  мен  процедура,  қалыптастыру  үдерісінің  барлық 
мөлшерлік  және  сапалық  көрсеткіштерін  қамтитын  процедураларды  қарастыру 
арқылы ғана іске асырылады. 
3.  Қалыптастырылатын  кәсіби  қызмет  құзіреттілігінің  құрамына  енетін 
операциялардың  сенімді  де  толық  орындалуын,  жаңа  ахуалдарға  көшірілуін 
қамтамасыз ету процедуралары. 
Шындығына  келгенде,  қалыптастыру  үдерісі,  осы  үдеріске  талаптарды 
анықтап, қоюдан басталады. Бұл әрі конструктивті, әрі эмпирикалық түрдегі жұмыс. 
Жұмыс қалыптастырылатын құзіреттілікті мазмұндық және сапалық талдау кезеңіне 
сай  келетіндіктен,  бақылау,  өлшеу  және  эксперимент  тәсілдерімен  бірге,  адам 
жөніндегі психологиялық мәліметтер, яғни адамның жеке ерекшелік  сипаттамалары 
пайдаланылады.  Ал  қалыптастыру  үдерісі,  адамдарға  арнайы  таңдап  алынған 
қалыптастырушы  тапсырмалар  беріп,  олардың  орындалу  нәтижелерін  ретімен 
бақылап  отыру,  сапалық  көрсеткіштері  арқылы  берілген  қарым-қатынасты 
құрылымдық жаңғырту барысында іске асырылады. 
Енді  мұғалімнің  кәсіби  қызмет  құзіреттілігінің  қалыптасу  деңгейлеріне 
көшелік. 
Қалыптастыру үдерісі бір типті ұғым мен іс-әрекет үлгілерін көрсетіп, баяндау 
негізінде ұйымдастыру, оқыту деп, ал танымдық үдеріс оқу деп аталады. Оқыту оқу 
үдерісінің бастапқы, орта және жоғарғы сатыларында пайдаланылған жағдайда, дене 
еңбегі  саласындағы  әлеуметтік  тәжірибені  игерген,  осы  саладағы  маман  ретінде 
жемісті  еңбек  ете  алатын,  оқыған  мұғалім  қалыптасады.  Оқыған  адамның  білімі 
әлеуметтік  тәжірибенің,  негізінен,  жатталынып  есте  сақталынуынан  жүйеленбеген, 
бөлігін құрайтындықтан кәсіби қызмет өзгермейтін догма түрінде болып келеді. 
Қалыптастыру  үдерісі  әлеуметтік  тәжірибені  талдау  немесе  синтездеу 
деңгейінде  ұйымдастырылған  жағдайда,  білімі  өмірлік  тәжірибе  деңгейінде 
жүйеленген, кәсіби қызмет орнықсыз, тәжірибелі мұғалім қалыптасады.  Тәжірибелі 
адам    –  құндылықтар  мен  құбылыстарды,  оқиғаларды  өзінің    өмірлік  тәжірибесі 
негізінде  қалыптасқан  субъективті  дүниетанымы  тұрғысынан  түсініп,  бағалайтын 
мұғалім. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
87 
Ал  қалыптастыру  үдерісі  әлеуметтік  тәжірибені  талдау  мен  синтездеу 
деңгейінде ұйымдастырылғанда, білімі түсініліп жүйеленген, кәсіби қызмет орнықты 
және    догмалықтан  таза  байыпты  адам  қалыптасады.    Байыпты  мұғалім  – 
педагогикалық  үдеріс 
барысындағы  тұлғалық-мәнділік 
құндылықтар  мен 
құбылыстарды, оқиғаларды түсіну мен бағалауда өзінің объективті  дүниетанымына 
сай  логикалық  заңдылықтарын  қабылдап,  қажетті  логикалық  әдістерді  өз  бетінше 
таңдай отырып, шығармашылықпен түрлендіру қабілетіне ие мұғалім. 
Қалыптастыру  үдерісі  әлеуметтік  тәжірибені  талдау-синтездеу  деңгейінде 
ұйымдастырылған  жағдайда,  білімі  үйлесімділік  деңгейінде  жүйеленген,  қарым-
қатынасы  орнықты,  саналы  адам  қалыптасады.    Саналы  адам    –  құндылықтар  мен 
құбылыстарды, оқиғаларды қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынас тұрғысынан 
түсініп, бағалайтын адам. 
Әрине  оқығандық,  тәжірибелілік  пен  байыптылық,  адамның  білімді  еместігін 
білдірмейді.  Алайда  бұл  жағдайдағы  білімділік,  оқыту  нәтижесі  емес.  Ол  –  оқыған, 
тәжірибелі немесе байыпты адамның өз бетінше білім алу нәтижесі. 
Сонымен,  мұғалімнің  кәсіби  қызмет  құзіреттілігі  оқыған,  тәжірибелі, 
байыпты және саналы мұғалім деңгейлерінде қалыптасады
Оқығандық  –  мемлекеттік  стандарт  талаптарына  сай  функциональдық 
сауаттылық  қалыптасқанын  білдірсе,  тәжірибелілік  –  құндылықтар  мен 
құбылыстарды,  оқиғаларды  өзінің    өмірлік  тәжірибесі  негізінде  қалыптасқан 
субъективті  дүниетанымы  тұрғысынан  түсініп,  бағалауды  білдіреді.  Байыптылық  – 
дүниені танып-білумен қатар, оны тұлғаның объективті құндылықтарына, қисынына 
сай  түсініп  пайдалануды  білдіреді.  Ал  саналылық  –  дүниені  танып-білумен  қатар, 
оны  тұлғаның  субъективті  құндылықтарына,  үйлесімділікке  сай  түсініп  пайдалану. 
Саналылық дүниенің көп бейнелілігін мойындаса, басқалары оны мойындамайды. 
Келтірілген тұжырымдар негізінде, құзіреттілік дамуына қойылатын талаптар: 
-
 
адамды саналы адамға айналдыру үшін, онымен саналы адам ретінде қарым-
қатынас жасау; 
-
 
адамның жеке-дара ерекшеліктерін тұрақты түрде танып-білу және ескеру; 
-
 
жеке-дара  ерекшеліктер  қалыптасқандығының  нақты  деңгейін  айқындай 
білу; 
-
 
әрбір  адамды,  тұлғаның  дамуын  қамтамасыз  ететіндей  түрде  қиындығы 
жоғарылап  отыратын  және  оның  шамасы  келетін  іс-әрекетке  тұрақты  түрде 
жұмылдыру; 
-
 
мақсатқа  жетуге  кедергі  келтіретін  себептерді  өз  уақытында  анықтап  жою, 
егерде  мұндай  себептерді  өз  уақытында  анықтап  жою  мүмкін  болмаса,  онда  жаңа 
шарттармен ахуалдарға байланысты дамыту тактикасын тез арада өзгерту; 
-
 
адамның өз белсенділігіне, мүмкіндіктері мен қабілеттеріне барынша сүйену; 
-
 
кәсіби  қызметке  көп  деңгейлі,  иерархиялық,  динамикалық,  дербес 
ұйымдасушы, дамушы, диалектикалық жүйе ретінде қарау. 
Кәсіби  қызмет  диалектикасы,  оның  ішкі  және  сыртқы  қарама-
қайшылықтарынан  көрінеді.  Адам  дамуының  барлық  кезеңдерінде  көрінетін  негізгі 
ішкі  қарама-қайшылықтардың  бірі  –  пайда  болған  жаңа  мұқтаждық  пен  оны 
қанағаттандыру  құралдары  (жолдары)  арасындағы,  тұлға  мен  мағына  арасындағы 
қарама-қайшылық.  Бұл  кездегі  пайда  болатын  үйлесімсіздік,  адамды  өз  тәжірибесін 
толықтыруға,  кеңейтуге,  жаңа  білім  алуға,  мінез-құлықтың  жаңа  құралдарымен 
түрлерін алуға,  нормалар мен ережелерді игеруге итермелейді. 
Адамдар  үшін  кәсіби  қызметті  игерудің  объективті  заңдылықтарын    түсіну  – 
осы  саладағы      ережелерді,  анықтамаларды,  тұжырымдарды  жақсы  игеруі  үшін  не 
істеу 
керектігін 
“қайтадан 
ашып” 
отыру 
орынына, 
қарым-қатынасты 
ұйымдастырудың  мақсатқа  сай  оңтайлы  жолдарын  іздестіру.    Н.Ф.  Талызинаның  
пікірі  бойынша  мұндай  жол,  қалыптасу  үрдісін  ақыл-ой  іс-әрекетін  кезеңдермен 
қалыптастыру теориясының тұжырымдарына сай ұйымдастырып жүргізу [4]. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
88 
Егер,  игерілуі  тиісті  теориялық  материал,  тапсырма  орындау  кезінде 
пайдалануға  болатындай  етіліп  даярланса,  ал  тапсырманың  орындалуы,  оның  әрбір 
қадамы  бақыланатындай,  сонан  соң  біртіндеп  өзіндік  бақылауға  көшуге  мүмкіндік 
беретіндей  етіліп  ұйымдастырылса,  онда  тапсырма  орындау  барысында  әрбір 
адамның  теориялық  материалды  игеруіне  кепілдік  берілетінін  кеңестік  дәуір 
психологтары  П.Я.  Гальперин  мен  Н.Ф.  Талызина  дәлелдеп  берген  болатын.  Олай 
болса,  теориялық  материал  игерілмей  тұрып,  тапсырма  орындауды  ұйымдастыруға 
болады. 
Бұл  бағыттағы  ең  басты  тұжырымды  Л.С.  Выготский  берген  болатын: 
әлеуметтік  тәжірибе  адамның  осы  тәжірибемен  өзі  жасаған  жұмысы  арқылы  ғана 
игеріледі [5]. А.Н.Леонтьев бұл фундаментальді жағдаятты келесі түрде нақтылады: 
адамның жаңа материалды игеруіне кепілдік беру үшін кез-келген жұмыс емес, қатаң 
түрде  анықталған,  яғни,  оқып-үйренілетін  материалға  сәйкес,  оған  эквивалентті, 
яғни, материалды  игерген білімді адам орындайтын жұмыс жасалынуы қажет. 
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Мошкова  Г.  Алгоритм  перехода    образовательного    учереждения  к 
компетентностному подходу: практическое пособие. – М.: АРКТИ, 2006. – 64 с. 
2.
 
Волынкин В.И. Педагогика в схемах и таблицах: учбное пособие.  –Ростов –
на- Дону: Высшее образование, ООО Феникс, 2008. – 282 с. 
3.
 
Гальперин  П.Я.  Общий  взгляд  на  учение  о  так  называемом  поэтапном 
формировании  умственных  действий,  представлений  и  понятий  /  Подг.  К  печати 
М.А. Степановой // Вестник Моск. ун-та. Сер. 14. Психология. – 1988. – №2. – С .3-8. 
4.
 
Талызина  Н.Ф.  Управление  процессом  усвоения  знаний.  –  М.:  МГУ,  1975.  – 
343 с. 
5.
 
Выготский Л.С. Педагогическая психология / Под ред. В.В. Давыдова.  – М.: 
Педагогика, 1991. – 480 с. 
 
Кадирбаева Р.І., Амирбекулы А., Адылбекова Э.Т. 
Профессиональная компетентность учителя и уровни ее формирования 
В  статье  раскрываются  причины  замены  традиционногой  информационно-
иллюстративного метода обучения деятельностно-практическим  методом, основу 
которого  составляет  самостоятельная  учеба  обучаемого.  Указаны  особенноси 
формирования  профессиональной  компетентности  учителя,  основанные  на 
теорииформирования понятий и умственного действия  П.Я. Гальперина и  четыре 
уровня сформированности компотенций. 
Ключевые 
слова: 
компетентность, 
формирование, 
информация, 
информационная  технология,  уровень  формирования,  понятие,  ум,  действие, 
учитель. 
 
Kadyrbaeva R.І., Amirbekuly A., Adylbekova E.T. 
Professional competence of teachers and the levels of its formation 
The  article  reveals  the  reasons  for  changing  the  traditional  information  and 
illustrative  teaching  method,  activity-practical  method,  which  is  based  on  self-study 
student.  Shown  singularities  kompotentnosti  formation  of  professional  teachers  based 
theories  of  the  formation  of  concepts  and  mental  action  P.Y.  Halperin  and  four  levels  of 
formation kompotentsy. 
Keywords:  Competence,  formation,  information,  information  technology, formation 
level, concept, mind, action, teacher. 
 
*** 
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
89 
UDC: 81’243 
Kismetova G.N. – Candidate of  Pedagogical Science,  
Associate Professor, WKSU after M.Utemissov  
E-mail: galiya-1969@mail.ru 
          Utegaliyeva L.M. – Master’s student, WKSU after M.Utemissov  
E-mail: laurka_14@mail.ru 

жүктеу 5.14 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет