Республики казахстан



жүктеу 5.14 Kb.
Pdf просмотр
бет10/44
Дата09.01.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44

Телеконференциялар 
Әлеуеті:  логикалық  ойлау,  мақсаткерлік,  міндет  қойып, 
оны  орындау,  субъектілікті,  ғылыми  көзқарастарды 
қалыптастыру, 
қарым- 
қатынасты 
қалыптастыру, 
халықаралық мәдениетпен алмасу 
Онлайн режиміндегі дәрістер, пікір алмасулар, 
форумдар 
Әлеуеті: басқарушылық қабілеттерді, эмоцияны дамыту, 
сөйлеу мәдениетін, түйін жасауды, шешендікті 
қалыптастыру 
Мультимедиялық презентациялар дайындау 
Әлеуеті: шығармашылық ойлауды, жобалаушылық 
негізінде 
Өзін- өзі білімдендіру, өзін- өзі жетілдіру, ойлаудың 
тереңдігін дамыту 
Электрондық оқулықтар жасау, пайдалану 
Әлеуеті:қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру арқылы өз  
бетінше білім алу, танымдық белсенділікті арттыру, білім 
сапасын арттыру, функционалдық сауаттылықты дамыту. 
 
Электрондық портфолио 
Әлеуеті: қызығушылықты, сыни ойлау, пайымдау, 
шешім қабылдау, талдау, жинақтау арқылы білім сапасын 
арттыру, ерік -жігерді өзіндік реттеу 
 
Электрондық журналдар 
Әлеуеті: сыни ойлауды дамыту, шығармашылық 
әрекеттің тәсілдерін меңгеру, өз бетінше іздену,  
дарындылықты, талантты ұштау, эстетикалық талғамды 
қалыптастыру 
 
Чат,web сайттар жасау, пайдалану 
Әлеуеті: дербестік, ойды, пікірді білдіру, зерттеушілік 
мәдениетті дамыту,жаңашылдықты ендіру 
 
Электрондық бағалау жүйелерін пайдалану  
Әлеуеті: сыни ойлау, рефлексиялау, өзін-өзі реттеу, 
түзету, мамандыққа деген сүйіспеншілік 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
69 
Әдебиеттер: 
1
 
Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру 
жағдайында дамыту: теория және тәжірибе. – Aлматы, 2005. – 174 б. 
2
 
Әбішева Л.П. Жоғары оқу орыны студенттерінің оқу іс-әрекетін компьютер 
көмегімен дараландыру / Пед.ғыл.канд.  ... дис. – Түркістан, 2007. – 160 б. 
3.  Жаңа  педагогикалық  технологиялар.Ақпарттық 
–  коммуникациялық 
технологиялар. 

2010//http://www.wiki.iteach.kz/images/a/a9/%D0%9B%D0%B5%D0%BA%D1%86%D0
%B8%D1%8F.pdf. Пайдалану уақыты: 11.01.2016 ж. 
4.  Тургунбаева  Б.А.,  Тихомирова  В.Т.  Педагогический  мониторинг  в  системе 
активного обучения учителей на курсах повышения квалификации. – Алматы, 2006. – 
88 б. 
 
Сардарова Ж.И., Кайыржанова Ж.Ш. 
Потенциальные возможности информационно-коммуникационных 
технологий в творческом саморазвитии студентов 
В  статье  обосновывается  роль  средств  информационно-коммуникационных 
технологий в  сегодняшнем информационном веке и их потенциальные возможности  
в творческом  саморазвитии студентов.   
Ключевые  слова:  процесс  образования,    студент,  преподаватель,  средства 
информационно-коммуникационных  технологий,    информационная  грамотность, 
традиционное обучение,   творческое саморазвитие. 
 
Sardarova Z.I., Kaiyrzhanova Z.S. 
Potential possibilities of informational communicative technologies in the creative 
self-development of students 
The  article  considers  the  role  of  means  of  informational  and  communicative 
technologies  in  today's  informational  century  and  their  potential  possibilities  in  creative 
self-development of students. 
Keywords:  process  of  education,  student,  teacher,  means  of  informational 
communicative  technologies,  informational  literacy,  traditional  teaching,  creative  self-
development. 
 
*** 
 
ӘОЖ: 371.385.5:373.31:004  
 
Жайлауова М.К. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,  
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
Сартаева Н.Т. – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық 
университетінің PhD докторанты 
 Е-mail: nazgul_88s@mail.ru 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-
ӘРЕКЕТІ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНІҢ КОМПОНЕНТІ РЕТІНДЕ 
 
Аннотация. Мақалада  зерттеушілік  іс-әрекеті  ұғымының  мағынасы 
қарастырылады. 
Зерттеушілік 
іс-әрекетінің 
оқу-зерттеушілік 
іс-әрекеті, 
зерттеушілік-жобалау  іс-әрекеті,    ғылыми-зерттеушілік  іс-әрекет,  зерттеу 
практикасы  сияқты  түрлеріне  анықтамалар  мен  сипаттамалар  ұсынылады. 
Зерттеушілік  іс-әрекетінің  басты  бағыттары  мен  оған  бастауыш  сынып 
оқушыларын тарту жолдары қарастырылады.  

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
70 
Тірек  сөздер:  зерттеу,  зерттеушілік  іс-әрекет,  танымдық  белсенділік, 
зерттеушілік  тәжірибе,  зерттеушілік  тәртіп,  оқу-зерттеушілік  іс-әрекеті, 
зерттеушілік-жобалау  іс-әрекеті,    ғылыми-зерттеушілік  іс-әрекет,  зерттеу 
практикасы, құзіреттілік. 
 
Бастауыш  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартының  «Білім 
беру  қызметіне  қойылатын  талаптар»  бөлімінде:  «Бастауыш  білім  берудің  мақсаты 
мынадай  кең  ауқымды  дағдылар  негіздерін  меңгерген  білім  алушы  тұлғасының 
үйлесімді  қалыптасуы  мен  дамуына  қолайлы  білім  беру  кеңістігін  жасау  болып 
табылады: 
1) білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдана білу; 
2) сын тұрғысынан ойлау; 
3) зерттеу жұмыстарын жүргізе білу; 
4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу; 
5) коммуникацияның түрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды меңгеру; 
6) топпен және жеке жұмыс істеу дағдылары», - деп көрсетілген [1].  
Бұдан  бүгінгі  күні  басты  мақсат  оқушыларды  біліммен  қаруландыру  емес, 
оларда  жалпы  оқу  біліктілігі  мен  дағды,  құзіреттіліктерді  қалыптастыру,    басты 
міндеті  оқушы тұлғасының жан-жақты, үйлесімді дамуы үшін жағдай туғызу деген 
түйін шығара аламыз. Ол үшін әрбір баланың қандай да бір өзіне тән  қабілетін ашу 
және дамыта түсу керек. Барлық баланың табиғатынан зерттеуші болуға, оқуға және 
өзін-өзі  жүзеге  асыруға    ұмтылысы  жоғары  болғандықтан,  бала  қабілетін  ашу  және 
дамыту  құралдарының  бірі,  біздің  ойымызша,  зерттеушілік  іс-әрекет  болып 
табылады. 
Зерттеу  дағдылары  мен  іскерлігі  ғылыми  жұмыспен  айналысатын  адамдарға 
ғана  емес,  әр  түрлі  қызмет  ететін  салалардағы  адамдардың  барлығына  да  қажет. 
Шығармашыл зерттеушілік ізденіс кез-келген мамандықтың ажырамас бөлігі. Қазіргі 
әлемдегі  зерттеушілік  мінез-құлық  ғылыми  қызметкерлердің  шағын  кәсіби  тобына 
тән мамандардың шағын тобының жұмысы ретінде қарастырылмайды, қазіргі заман 
адамының өмір салты ретінде қарастырылады. Баланы зерттеу жұмысына дайындау, 
оны  зерттеушілік  ізденіс  дағдылары  мен  іскерлігіне  үйрету  қазіргі  білім  берудің 
маңызды міндеті болып отыр.   
Уикипедиа ашық энциклопедиасында:  «зерттеу (тура алғанда «іштей іздеу») – 
кең мағынасында  –  фактілерді анықтау мақсатындағы жаңа білім  іздеу мен  жүйелі 
тексеру. Тар мағынасында – қандай да бір нәрсені зерттеудегі ғылыми әдіс (үдеріс)», 
- деп көрсетілген [2, 312 б.].   
А.В.Леонтович зерттеушілік іс-әрекетті алдын-ала шешімі белгісіз және ғылым 
саласындағы зерттеулерге тән мәселені қою, тақырыпты теориялық зерттеу, зерттеу 
әдістерін таңдау, практикада жүзеге асыру, өз бетінше ақпарат жинақтау, оны талдау 
және  қорытынды  шығару  сияқты  негізгі  кезеңдерден  тұруды  болжайтын 
шығармашылық,  зерттеушілік  міндетті  шешумен  байланысты  оқушылардың  іс-
әрекеті деп анықтайды       [3, 9 б.]. 
А.С.Обухов  зерттеушілік  іс-әрекетті  мәдени  құндылықтарды  тасымалдау 
арқылы  дүниетаным  қалыптастыруды  көздейтін,  белгісіз  шешімді  іздеу 
мақсатындағы  екі  субъектінің  бірлескен  әрекеті  жүзеге  асатын  шығармашылық 
үдеріс деп түсіндіреді         [4, 17 б.] 
А.И.Савенков  зерттеушілік  іс-әрекет  зерттеушілік  бағытында  құрылған  іздеу 
белсенділігі 
механизмдерінің 
қызмет 
етуі 
нәтижесінде 
жүзеге 
асатын 
интеллектуалды-шығармашылық әрекеттің ерекше түрі деп атайды [5,  14 б]. 
 
Бұл, біздің пікірімізше, оқу үдерісінде мұғалім үнемі  жүргізуі тиіс бірден-бір әрекет. 
Зерттеушілік  іс-әрекет  -  ортақ  мақсат,  келісілген  әдіс,  әрекет  тәсілдері  бар 
балалардың  бірлескен  оқу-танымдық,  шығармашылық  немесе  ойын  әрекеті. 
Бастауыш  сыныптардағы  зерттеушілік  іс-әрекетінің  мақсаты  –  бастауыш  мектеп 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
71 
жасындағы  баланың  зерттеушілік  тәртіп  пен  зерттеушілік  қабілеттерін  дамыту 
арқылы инттелектуалдық-шығармашылық әлеуетін дамыту [6]. 
Зерттеушілік  іс-әрекетке  бейім  оқушының  төмендегідей  сипаттамаларына 
көңіл бөліну керек: 
- жұмысты орындауға деген жоғары деңгейдегі талпыныс; 
- жаңа біліммен және білікпен қарулануға деген белсенді ұмтылыс; 
-  алынған  ақпаратты  талдауға,  жинақтауға,  қорытындылауға  және  өз  
қызметінде пайдалана отырып нәтиже шығаруға деген қабілеттілік; 
- өз көзқарасын басқаның пікірімен сәйкес келмесе де дәлелдеуге талпыну; 
- белгілі бір қызмет түрінде басқа балалармен сайысуға деген ұмтылыс  [7]. 
Бұдан шығатын қорытынды зерттеушілік іс-әрекет тек ақпарат іздеу, өңдеуден 
ғана  емес, оны  қорытындылап,  өз ойын түйіп,  нәтиже  алу  және  оны  өз ортасынада 
қорғай білу. 
Зерттеушілік  іс-әрекет  кезеңдерінің  тізбегі  зерттеушілік  іс-әрекетінің 
ажырамас  бөлігі  болып  табылады.  Оқушылардың  зерттеу  дағдысын  шындықты 
танудың  әмбебап  тәсілі    ретінде  меңгеруі,  зерттеушілік  типтегі  ойлау  қабілетін 
дамыту,  оқу  үдерісінде  субъективті,  яғни  оқушы  үшін  маңызды  және  жаңа  болып 
табылатын  білімді  өз  бетінше  игеруі  негізінде  тұлғалық  тұғырын  белсендіру 
зерттеушілік  құзіреттілігін  қалыптастырудың  негізі  болып  табылады  [8,  246  б.]. 
Зерттеушілік  құзіреттілік  басқа  да  құзіреттіліктердің  туындауына,  қалыптасуына 
себеп болады. Оны төменде қарастырамыз.   
Зерттеушілік іс-әрекеттің түрлері:   
1.
 
Оқу-зерттеушілік  іс-әрекеті  –  оқушының  тұлғалық  дамуы  жүзеге  асатын 
субъективті жаңа ғылыми білімнің ашылуы үдерісі жүретін зерттеушілік міндеттерді 
шешу  мен  зерттеушілік  біліктілігін  қалыптасыруға  бағытталатын  оқушылардың  өз 
бетінше шығармашылық іс-әрекеті. Оқу-зерттеушілік іс-әрекетінің мақсаты – жалпы 
білім беру ұйымдарында дайын білімді игеруден жаңа білімді өз бетінше алу  және 
алынған  ақпаратты  өңдеу  әдістерін  меңгеру  деңгейіне  өту.  Оқу-зерттеушілік  іс-
әрекеті  зерттелетін  ғылым  әдістеріне  сай  тәсілдерді  қолданатын,  жаңа  білімді 
игерумен шектелмейтін, шығармашылық үдеріске өзіндік шешімін қосатын, белгілі, 
кең  таралған  ақпарат  көздерінен  жаңа  сұрақ  туындататын  танымдық  әрекетті 
болжайды.  Мұндай  жағдайда  оқушылардың    зерттеушілік  іс-әрекеті  жалпы  білім 
беретін  ұйым  жағдайында  ғылымға  жақындайды,  бірақ  ерекше  белгілерін 
(тақырыптың жалпы білім  беру бағдарламаларына сай анықталуын, тек зерттеушіге 
ғана белгілі жаңалығы бар  сенімді нәтиже алудың болжануын) сақтайды. 
Зерттеушілік  іс-әрекетінің  басты  бағыттары:  танымдық,  шығармашылық, 
тәжірибелік-зерттеушілік  іс-әрекетке қызығушылығын қалыптастыру; оқушылардың 
әлеметтік  және  кәсіби  өзін-өзі  анықтауына  жағдай  жасау;  зерттеушілік  біліктілігін 
жүзеге асыру; шығармашылық қабілеті мен тұлғалық сапаларын дамыту. 
Оқу-зерттеушілік іс-әрекеті төмендегідей принциптерге сай болуы тиіс:  
- иерархиялық; 
- өзбетінше ұйымдастыру; 
- оқушы мен мұғалім ынтымақтастығы; 
- өнімділік; 
- жеке және топтық рефлексияның үйлесімі; 
- жеке даралық  және т.б. 
2.  Зерттеушілік  жобалау  іс-әрекеті  өнімі  зерттеушілік  еңбек:  реферат, 
баяндама,  мақала  және  т.б.  болып  табылады.  Зерттеушілік  жобалау  іс-әрекеті, 
біріншіден,  теорияны  практикамен  және  оқушылар  дайындығы  деңгейімен 
байланыстыруға,  екіншіден,  оқушылар  қызығушылығын  біріктіру,  үшіншіден,  оқу 
материалын  меңгерудің  жоғары  деңгейіне  жетуге  мүмкіндік  береді.  Іс-әрекет 
барысында  оқушылар  когнитивтік,  шығармашылық,  ұйымдастырушылық-іс-
әрекеттік  типтегі  әрекеттер  өнімін  жасап  шығарады.  Осылайша,  оқушылардың 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
72 
зерттеушілік 
жобалау 
іс-әрекеті 
зерттеушілік 
іс-әрекетке 
мотвациясын 
қалыптастырудың перспективті тәсілі болып табылады.  
3. 
Ғылыми-зерттеушілік 
іс-әрекеті 
– 
тақырыпты 
өз 
бетінше 
шығарамышылықпен  зерттеу  жұмысы.  В.Н.  Борздун  ғылыми-зерттеу  жұмысы 
жалпылай  көпшілік  сипаттамаға  ие  бола  алмайды  және  неғұрлым  қызығушылығы 
жоғары,  қабілетті  және  дайындығы  бар  балалармен  жүргізіледі  дейді  [9,  48  б.]. 
Балалар шектен тыс білуге құмарлығы және зерттеушілік іс-әрекетке ұмтылысы жас 
ерекшелігі не басқа да жағынан шектелмеуі тиіс; дарынды балалармен жұмыс қажет, 
бірақ  басқа  балалар  да  ғылыми-зерттеу  жұмысында  өз  мүмкіндігін  байқап  көруі 
қажет.  Оның  үстіне,  И.П.  Павлов  тамақтану,  жыныстық,  қорғану  сияқты  шартсыз 
рефлекстермен қатар, бағдарлану-зерттеушілік рефлекстің те болатынын баса айтып 
өтеді.    Сонымен  бірге  ол  аталған  рефлекс  зерттеушілік  тәртіпке  ие  құбылыс 
туғызатын ізденушілік белсенділік қалыптасатын негіз болып табылатынын айтқан.  
Ғылыми-зерттеушілік  іс-әрекет  –  оқушылардың  шығармашылық  сапаларын 
тереңдетуге  бағытталған  өзбетінділік,  өз  қалауымен  қатысуы,  қызығушылық 
танытуы  принциптеріне  негізделген  ғылыми  жұмыстың  сабақтан  тыс  формасына 
қатысуының кешенді жүйесі.   
4.  Зерттеу  практикасы  –  оқушылардың  зерттеушілік  қатынасты  қажет  ететін 
орта  жағдайындағы  іс-әрекеті.  Оның  мақсаты  –  қоғамдық  маңызды  мәселені 
шешудегі  зерттеушілік  біліктілігі  мен  дағдысын  қалыптастыру.  Міндеті  –  тұлғаның 
білім берушілік, мәдени, әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруды көздеген орта 
жағдайында  зерттеушілік  іс-әрекетті  ұйымдастыру,  түрлі  әлеуметтік  өзара  әрекетті 
жүзеге  асыру  үдерісінде  зерттеушілік  мәдениеттің  практикалық  біліктілігін  игеру, 
жеке  зерттеушілік  тәртіп  үлгілерін  қалыптастыру,  зерттеушілік  қатынасты  талаап 
ететін мәселені шешу, нақты зерттеушілік жағдаятта теориялық білімін қолдана алу  
дағдысын  меңгеру  [10].  Біз  жалпы  білім  беру  ұйымдарының  зерттеушілік  іс-әрекет 
тұрғысындағы  мүмкіндіктері  мен  қосымша  білім  берудің  кең  спектрін    біріктіре 
отырып,  оқушыларды  барлық  оқыту  сатыларында  зерттеушілік  іс-әрекетке 
қатыстыруға мүмкіндіктер жасалуда деп айта аламыз.  
Мемлекеттік  білім  беру  стандарты  жалпы  білім  берудің  бастауыш  сатысында 
мұғалімдерді  оқушыларды  зерттеушілік  іс-әрекетке  бастауыш  сыныптан  бастауды 
міндеттейді:  1-2 сыныпта – қолжетімді шығармашылық тапсырмалар; 3-4 сыныпта – 
әлдеқайда  күрделі  жеке  және  топтық  зерттеулерді  үлкен  қызығушылықпен 
орындайды.  Мұғалімнің  міндеті:    ұйымдастыршылық,  ықпал  етушілік,  түзетушілік 
рөл атқару, яғни балаларды зерттеу пәніне қызықтыру, тарту, оларға зерттеушілік іс-
әрекетінің  маңызын  түсіндіру,  зерттеушілік  іс-әрекет  балаларға  өз  жеке 
ерекшеліктерін көрсетіп, өз білімін зерттеу барысынды жүзеге асыру, қол жеткізген 
жетістігін баршаға көрсетуге талпындыру [1].  
Оқушының зерттеу жұмысының процесін төмендегідей көрсетуге болады. 
1.     Проблеманы  өзектендіру  (проблеманы  табу  және  болашақ  жобаның 
бағытын белгілеу). 
2.     Зерттеу  тақырыбын  таңдау  және  саласын  белгілеу  (зерттеу  шекараларын 
белгілеу). 
3.     Болжамды тұжырымдау (болжам немесе болжамдар жасау, сонымен қатар 
болуы мүмкін емес, провокациялық идеялар да болуы мүмкін). 
4.     Зерттеу әдістемесін таңдау. 
5.     Ақпаратты жинау және өңдеу. 
6.     Зерттеу жүргізу. 
7.     Алынған материалдарды талдау және қорыту (белгілі логикалық ережелер 
мен тәсілдерді пайдалана отырып, алынған материалды құрылымдау). 
8.     Шешімдер.  Есеп  дайындау  (негізгі  түсініктерге  анықтама  беру,  зерттеу 
нәтижелері бойынша хабарлама дайындау және т.б.). 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
73 
9.     Көптің  алдында  таныстыру  (құрбыларыңның,  ересектердің  алдында 
қорғау, сұрақтарына жауап беру). 
10.     Аяқталған жұмысты талқылау. Рефлексия. 
Зерттеушілік  іс-әрекеттің  бастауыш  оқу  үдерісіндегі  бір  қажеттілігі  –  оның 
оқушылардыа танымдық белсенділікті тудыруы. Зерттеу тақырыбына қызығушылық 
тууына байланысты оқушыларда тақырыпты тануға деген белсенділік пайда болады. 
Танымдық  белсенділік  дегеніміз  –  оқушының  оқуға,  білімге  деген  ынта  – 
ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған 
материалын  түсіну  үшін,  оқушының  оны  зейін  қойып  тыңдауы,  алған  білімін 
кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу 
сияқты  жұмыстар  істеуі  керек.  Өйткені  өтілген  материалды  саналы  қайталауда, 
жаңадан  білім  алуда,  оның  жолдары  мен  дағдыларына  үйренуде  белсенділіксіз 
мүмкін емес. 
Танымдық 
әрекеттің 
негізінде 
оқушыларда 
танымдық 
белсенділік 
қалыптасады.  Сабақ  барысында  оқушының  бойында  танымдық  белсенділік  пайда 
болса,  оқушылардың  ақыл  –  ой  қабілеттерінің  мынадай  элементтері  дамиды: 
зеректілік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б. Оқушылардың танымдық 
белсенділігін  дамыту  және  қалыптастыру  мәселесіне  зерттеушілер,  педагогтардың, 
әдіскерлердің  көптеген  еңбектері  арналған.  Мектептің  ғасырлар  бойғы  даму 
тарихында  алдыңғы  қатарлы  педагогикалық  ой  өкілдерінің  танымдық  әрекетке 
қатысты,  әсіресе,  танымдық  белсенділікті  дамыту  идеялары  аса  маңыздылықпен 
қолданылуда.  
Танымдық әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл – ой әрекеті. Ол 
танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың 
тәсіл  –  амалдарынан  тұрады.  Танымдық  белсенділікті  бір  ғана  белгімен  көрсетуге 
болмайтын  ұғым,  оның  алуан  қырлы  сипатын  айқын  көреміз.  Сондықтан  оқу 
барысында оқушының таным белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше танымдық 
ықылас  –  ынтасын  шығармашылық  әрекетін  дамытатындай  етіп  ұйымдастырады. 
Шәкірттің  қабылдауы  негізінен,  мүғалімнің  сабақты  жүйелі  түрде  жүргізуіне 
байланысты.  Оқушылардың  жаңа  материалдарды  қабылдауына  негіз  болатындай 
даярлық  жұмыстары  жүргізіледі.  Оқушылардың  оқу-танымдық  қызметін  арттыру 
дұрыс  әрі  нақты  әрекеттер  негізінде  іске  асады.  Оның  нәтижесі  –  зерттеушілік 
әрекетінің  жоғары  деңгейде  орындалуы  деп  ойлаймыз.  Ол  үшін  түрлі  формадағы 
сыныптық  және  сыныптан  тыс  жұмыстар  жүргізуге  болады.  Яғни  танымдық 
белсенділікті  қалыптастыру  мен  зерттеушілік  іс-әрекетті  жүзеге  асыру  бір-біріне 
селбесе, үйлесімді орындалатын әрекеттер жүйесі деген қорытынды жасай аламыз.  
 Оқушылардың  зерттеушілік  іс-әрекетін  ұйымдастыру  қазіргі  жалпы  білім 
беретін ұйымдарда төмендегідей шарттарды жүзеге асырса тиімді жүргізіледі: мақсат 
көзделген және жүйелі түрде оқушылардың түрлі сабақтық және сабақтан тыс жұмыс 
формалары  арқылы  зерттеушілік  іс-әрекетке  қатысуы;  оқушылар  іс-әрекетін 
мотивациялау;  жасерекшеліктерін  ескеру;  жұмыс  барысында  оқушы  іс-әрекетіне 
үнемі  педагогикалық  жетекшілік  ету  деңгейін  көтеру;  педагог  қызметкерлер,  жас 
зерттеушілер мен олардың ата-аналары арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру.  
Жалпы  білім  берудің  бастауыш  сатысында  оқушылардың  зерттеушілік  іс-
әрекетін  зерттеу 
әдіснамасына  сәйкес  ұйымдастыру 
керек.  Мұғалімнің 
басшылығымен  бала  зерттеу  мәселесін  анықтайды  және  оны  шешу  жолдарын 
болжайды.  Қойылған  мәселе  мен  анықталған  тақырып  өзекті,  қызықты,  жас 
зерттеуші үшін тұлғалық маңызды болуы және көмекші материал, құрал-жабдықтар 
кешенімен міндетті түрде қамтыла отырып, баланың өз қалауымен орындалуы тиіс. 
Мұғалім оқушының ойы мен жұмысын бағыттап отырады, ал  бала өз бетінше жауап 
табуға, өз білімі арқылы оның дұрыстығы мен щынайылығын  тексеруі, қорытынды 
жасауға  тырысуы  керек.  Алынған  мәліметті  жас  зерттеуші  біріктіріп,  біртұтас  ете 
отырып,  жаңа  міндетті  шешуде  қолдана  алады.  Бірақ  бұл  іс-әрекет  нәтижесі 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
74 
бастауыш  сынып  оқушысының  даму  ерекшеліктеріне  сүйене  отырып,  мұғалімнің 
мұқият қадағалауы арқылы ғана нәтиже береді.  
Оқушыларды зерттеушілік  іс-әрекетке  қатыстыру үдерісінде мұғалім алдында 
оқушылардың  әр  түрлі  деңгейдегі  зерттеушілік  тәжірибелерін  ескере  отырып, 
біртұтас  зерттеушілік  міндетті  шешуді  ұйымдастыру  мәселесі  тұр.  Бұл  мәселені 
шешу  үшін  оқушылар  өз  жеке  зерттеушілік  тәжірибелерін  көрсете  және  байыта 
алатындай жұмыс тәсілдері мен формаларын таңдау қажет.  Зерттеушілік жұмыстың 
нәтижесі  және  жас  зерттеушілер  үшін  маңызды  кезек  –  конференцияға  шығу.  Ол 
оқушыларға  өз  көзқарасын  ұсынып,  өзгелерді  де  тыңдап,  түсініп,  конструктивті 
диалог  ұйымдастыра  алуға  үйретеді.  Ересектер  конференциясынан  ерекшелігі    - 
балалар конференциясында әрбір қатысушы үшін «сәттілік жағдаятын» жасау қажет. 
Әрбір  жұмыс  тактикалық  формада  ескерту  алғанына,  сапасын  қарамастан, 
балалардың  бұдан  ары  қарай  да    зерттеушілікпен  айналыса  түсуіне  ынталандыру 
мақсатында мақтауды қажет етеді.  
Оқушыларды    зерттеушілік  іс-әрекетке  тарту  –  баланың  жеке  зерттеушілік 
тәжірибесін  байытудың,  осының  нәтижесінде  оқушыларда  өте  маңызды 
құзіреттіліктердің  бірі  –  зерттеушілік  құзіреттілікті  қалыптастырудың  ең  тиімді 
жолы.  Ал  зерттеушілік  құзіреттілігі,  біздің  білуімізше,    өз  іс-әрекеті  мен  оның 
субъектісі  ретінде  өзіне  қатынасы  тұрғысынан  алғандағы  белсенді  зерттеушілік 
тұғырды алуға және білімі мен біліктілігі негізінде зерттеушілік міндетті өз бетінше 
және  шығармашылықпен  шешуге  дайындығынан  көрінетін  кіріккен  тұлғалық 
сипаттама.  Аталған  құзіреттілік  басқа  да  анағұрлым  нақты  пәндік-бағдарланған 
құзіреттіліктердің  дамуына  негіз  болып  табылады.  Әсіресе,  оқушылардың 
зерттеушілік құзіреттілігі бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін аса маңызға ие 
коммуникативтік құзіретілікті қалыптастыруда таптырмас тәсіл. Ол арқылы балалар 
зерттеу  тақырыбын  ашу  мақсатында  бірін-бірі  тыңдауға,  пікірлерімен  санасуға, 
өзгенің көзқарасын тыңдай және оғанөз ойын қоса алуға қабілетті болуға тырысады. 
Зерттеу  тақырыбын  бірнеше  балаға  ортақ  етіп  беруде  мұғалімнің  де  шеберлігі  аса 
қажет.  Бірінші  кезекте,  оқушылардың  жеке  бас  ерекшеліктері,  олардың 
құндылықтары, қызығушылықтар қоса ескерілуі керек. Көзқарастары кереғар келетін 
оқушыларды  да  біріге  жұмыс  жасауға  талпындыра  білуге  ұмтылуы  тиіс.  Себебі  ол 
оқушылардың  сол  уақытқа  дейін  байқалмай  келген  қырларын  ашуға,  тақырыпқа 
басқаша  көзқараспен  келуге,  ақырында  жұпта,  топта  жұмыс  жасауға  үйренген,  өз 
пікірін орта талқылауына ұсына білетін тұлға болып қалыптасады.  
Қорытындылар  болсақ,  балалардың  өз  зерттеулері  арқылы  жаңалық 
ашпайтыны белгілі, бірақ «өзі үшін жаңалық ашу» арқылы олардың белсенді өмірлік 
тұғыры  қалыптасады.  Зерттеушілік  іс-әрекет    жас  зерттеушілерді  түрлі  ақпарат 
көздерімен  жұмыс  жасап,  бақылаудағы  құбылыстарға  талдау  жасауына  көмектеседі 
және үйретеді. Оқушылар белсенді субъектілер ретінде танымдық үдеріске қатысады, 
зерттеу  мәселесін  құрылымдайды,  оны  шешу  жолдарын  жоспарлайды,  қажетті 
ақпараттарды жинайды және өңдейді, өз іс-әрекетін талдайды, қорытынды жасайды, 
жаңа білімге ие болады, зерттеу біліктілігі мен дағдылары қалыптасады. Зерттеушілік 
іс-әрекет  оқушылардың  танымдық  қажеттіліктерінен  туындауымен,    өзін-өзі 
басқарумен сипатталады және өзбетінділігінің жоғары деңгейде  көрінуіне мүмкіндік 
береді.    Оның  жетекші  сипаттамасы  –  бастамашылдығынан  байқалатын 
шығармашылық  белсенділігі.  Бастауыш  сынып  оқушысын  осы  деңгейге  жеткізу  – 
барша білім беру саласындағы қызметкерлер міндеті!  
 
Әдебиеттер: 
1.
 
Бастауыш  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты  ҚР 
МЖБС. – Астана. 2008. 
2.  Ожегов  С.,  Шведова  Н. Толковый  словарь  русского  языка.  –  М.:  ООО  «А 
ТЕМП»,  2006.  –  947  с.  3.  Леонтович А. В. Учебно-исследовательская  деятельность 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
75 
школьника как модель педагогической технологии // Народное образование. – 1999. – 
№ 10. – С.152-158 
4.   Обухов А. С. Проблема  оценки качества образования // Исследовательская 
работа школьников. – 2008. – № 2. – С.17–23. 
5.  Савенков А. И. Психологические  основы  исследовательского  обучения 
школьников // Физика: проблемы преподавания. – 2007. – № 3. – С.14–24. 
6. 
Цель  исследовательской  деятельности  в  начальной  школе.  –  
http://nikitovka.narod.ru/publikacii/20_11_11.pdf. Пайдаланған уақыты: 28.12.2015 ж. 
7.  Адамова  З.Х.  Зерттеушілік  іс-әрекет  оқушының  шығармашылық  іс-
әрекетін жүзеге асыру құралы. – http://collegy.ucoz.ru/publ/49-1-0-7072. Пайдаланған 
уақыты: 25.03.2016 ж. 
8.  Рассказова Ж. В. Исследовательская  деятельность  учащихся  в условиях 
общеобразовательной  школы:  функция  и виды  //  Актуальные  проблемы 
гуманитарных и естественных наук. – 2012. – № 6. – С. 246–247. 
9. Борздун В.Н. Исследовательская деятельность в школе: критерии оценки // 
Методист. Научно-методический журнал. – 2003. – № 6. – С.48–51.  
10.  Рассказова  Ж.В.  Исследовательская  деятельность  младших  школьников 
как  компонент  процесса  обучения  в  условиях  общеобразовательной  организации  // 
Молодой ученый. – 2014. – №4. – С. 1080-1082. 
 
Жайлауова М.К., Сартаева Н.Т. 
Исследовательская деятельность младших школьников как компонент 
учебного процесса 
В  статье  рассматривается  вопрос  понятия  сущности  исследовательской 
деятельности.  Дается  определение  и    характеристика  таким  видам 
исследовательской  деятельности,  как  учебно-исследовательская  деятельность, 
исследовательско-проектная 
деятельность, 
научно-исследовательская 
деятельность, исследовательская практика. 
Рассматриваются  основные  направления  исследовательской  деятельности  и  
способы вовлечения  в них младших школьников. 
Ключевые 
слова: 
исследование, 
исследовательская 
деятельность, 
познавательная 
активность, 
исследовательский 
опыт, 
исследовательское 
поведение,  учебно-исследовательская  деятельность,  исследовательско-проектная 
деятельность, 
научно-исследовательская 
деятельность, 
исследовательская 
практика, компетентность. 
 
Zhailauova M.K.,  Sartayeva N.T. 
Research activity of younger schoolboys as a component of the educational 
process 
The  article  discusses  the  concept  of  the  essence  of  research.  The  definition  and 
characteristics of this type of research, as a teaching and research activities , the research 
and  design  activities  ,  research  activities  ,  the  research  practice.  The  main  areas  of 
research and ways to drive them school children. 
Keywords:  research,  cognitive  activity,  research  experience,  conduct  research, 
teaching  and  research  activities,  the  research  and  design  activities,  research  activities, 
research practice, competence. 
 
 
*** 
 
 
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №1-2016ж.  
 
76 
ӘОЖ: 371.35 
Бимагамбетова Г.А. – биология ғылымдарының кандидаты,  
доцент, М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
Құрмекеш Ә.Д. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты 
Е-mail: Adok_92_22_12@mail.ru 

жүктеу 5.14 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет